Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 28 ақпандағы N 305 және 2002 жылғы 28 мамырдағы N 581 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 17 қазандағы N 1061 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 1239 Қаулысымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.05.24 № 377 Бұйрығымен.

      "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Халықтың декреттелген тобына міндетті түрде медициналық тексерулерді жүргізу ережесі бекітілсін.
      2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлері халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұйымдарды профилактикалық медициналық тексерулерді ұйымдастыру мен жүргізуді санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі, Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері А.А.Белоногқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр

Қазақстан Республикасы     
Денсаулық сақтау министрінің  
2003 жылғы 20 қазандағы    
Халықтың декреттелген тобына  
міндетті түрде профилактикалық 
медициналық тексерулерді   
жүргізу ережесін бекіту туралы"
N 766 бұйрығымен бекітілген  

Халықтың декреттелген тобына міндетті түрде медициналық тексерулерді жүргізу ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Халықтың декреттелген тобына міндетті түрде медициналық тексерулерді жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) Халықтың декреттелген тобына міндетті түрде медициналық тексерулерді жүргізудің және оларды жұмысқа жіберудің тәртібі мен мерзімділігін анықтайды. K090193

      2. Осы Ережеде мынадай терминдер пайдаланылады:
      1) мерзімдік медициналық тексерулер - денсаулық жағдайын, аурудың бастапқы белгілерінің дер кезінде айқындалуын үдемелі қадағалауды, жалпы, кәсіби, жұқпалы және паразиттік аурулардың алдын алу мен таралмауын қамтамасыз ету мақсатында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган белгілеген мерзімдерде жүргізілетін халықты тексерулер;
      2) халықтың декреттелген тобы - қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін, айналасындағыларға жұқпалы және паразиттік ауруларды жұқтыруы үшін барынша қауіп төндіретін адамдар;
      3) жеке медициналық кітапша - халықтың декреттелген тобы өкіліне берілетін, міндетті медициналық тексерулердің нәтижелері жазылатын дербес құжат;
      4) мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау - санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының халық денсаулығы мен тіршілік ету ортасын қорғау мақсатында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзудың алдын алу, анықтау, оған жол бермеу жөніндегі қызметі.

2. Міндетті медициналық тексерулерді жүргізудің тәртібі

      3. Міндетті профилактикалық медициналық тексерулерді, халықты санитарлық минимумға гигиеналық оқытуды, зертханалық зерттеулерді көрсетілген медициналық қызмет түрлеріне арналған мемлекеттік лицензиясы бар медициналық ұйымдар жүргізеді.

      4. Кезекті медициналық тексеруге рұқсатты профилактикалық медициналық тексерулерді жүргізу жөніндегі медициналық комиссияның (бұдан әрі - комиссия) төрағасы береді, жұмысқа рұқсатты тиісті аумақтағы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет береді.

      5. Комиссияның төрағасы осы Ереженің талаптарына қатаң сәйкес профилактикалық медициналық тексерулерді жүргізу жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыруға, тиісті аумақтағы ұйымдардың және мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органының басшылығын міндетті медициналық тексеруден өтпеген адамдар туралы ақпарат беруге тиіс.

      6. Комиссияның әрбір маманы тексерілушіні мұқият тексеруді және тиісті зертханалық зерттеу үшін материал алуды жүргізеді.

      7. Медициналық тексерудің барлық қажетті түрлері аяқталғаннан кейін комиссияның әрбір маманы пациент денсаулығының орындалатын (іріктелген) жұмысқа сәйкестігі немесе сәйкессіздігі туралы өзінің қорытындысын береді.

      8. Мамандардың профилактикалық медициналық тексерулерінің және зертханалық зерттеулердің нәтижелері бірыңғай үлгідегі жеке медициналық кітапшаларға жазылады.

      9. Жұқпалы немесе паразиттік аурулар диагностикаланған, сондай-ақ жұмысты орындауға (іріктеуге) берілетін рұқсатқа қарсы айғақ болып табылатын жұқпалы аурулар қоздырғыштарын тасымалдау анықталған жағдайда комиссияның төрағасы ол туралы тиісті аумақтағы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органына хабарлауға және науқасты емдеу үшін тұрақты мекені бойынша тиісті емдеу-алдын алу ұйымына жіберуге тиіс.

      10. Гельминттер табылған кезде медициналық ұйымдарда міндетті дегельминтизация жүргізіледі.

      11. Міндетті профилактикалық медициналық тексерулерге жататын адамдар тек жұмыс істеуге берілетін рұқсатты алғаннан кейін ғана жұмыс істеуге жіберіледі.

      12. Жұмыскерлердің жеке медициналық кітапшалары жұмыс орнында сақталуға тиіс. Тұрақты стационарлық жұмыс орны жоқ адамдардың жеке медициналық кітапшасы өзінде болу керек.

      13. Міндетті медициналық тексерулерді жүзеге асыратын медициналық ұйымдар тиісті аумақтағы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органына рұқсат берілген медициналық қызмет түрлеріне арналған мемлекеттік лицензияның көшірмесін және оған қосымшаны, сондай-ақ жеке мөрі (мөр таңбасы) басылған, өзінің қолы, медициналық ұйымның мөрі мен мөр таңбасы бар комиссия мамандарының тізімін ұсынуға тиіс.

      14. Тікелей объектілерде, тиісті ұйым мен дәрігерлік құрамға да, сол сияқты тексерілушілерге де тиісті жағдай жасалмаған кезде, сондай-ақ дәрігерлік комиссияның құрамы толық болмаған (қысқартылған) кезде профилактикалық медициналық тексерулерді жүргізуге тыйым салынады.

      15. Комиссия мен зертхананың мамандары медициналық тексерудің, зертханалық зерттеудің растығы мен сапасын, сондай-ақ жұқпалы, паразиттік аурулар мен бактерия тасымалдау диагнозы қойылған жағдайда тиісті аумақтағы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органына шұғыл хабарлама жіберуді қамтамасыз етуге тиіс.

      16. Тиісті аумақтағы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары міндетті медициналық тексерулерді жүргізетін медициналық ұйымдарды жүргізілген дәрігерлік және зертханалық тексерулердің толықтығы мен дұрыстығының сақталуына қатысты мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды.

      17. Нақты бір әкімшілік аумақта эпидемиологиялық айғақтар болған кезде кәсіптер мен халық топтарының тізбесі, сондай-ақ міндетті медициналық тексерулердің көлемі мен жиілігі Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің келісуінен кейін тиісті аумақтағы бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысы бойынша уақытша толықтырылуы мүмкін.

3. Декреттелген халық тобының тізбесі мен қажетті
зертханалық және функциялық зерттеулердің жиілігі мен көлемі

      18. Міндетті медициналық тексерулерге осы Ережеге қосымшада көрсетілген адамдар жатады.

      19. Міндетті медициналық тексерулер мыналарды қамтиды:
      1) терапевт, дермато-венеролог, гинеколог дәрігерлердің қарауын;
      2) мынадай зертханалық зерттеулерді:
      туберкулезге (флюорография арқылы көкірек қуысын тексеру);
      ішек жұқпалы ауруларының қоздырғыштарын тасымалдауға бактериологиялық тексеру;
      гельминттердің болуына тексеру;
      сифилиске (шұғыл әдіс), гонореяға тексеру;
      патогендік стафилококты тасымалдауға таңдай мен мұрыннан жағынды алу.

      20. Қажетті зертханалық және функциялық зерттеулердің жиілігі мен көлемі осы Ережеге қосымшаға сәйкес жасалады.

      21. Зертханалық зерттеулерді жүргізу әдістемесі:
      1) сифилиске тексеру тек шұғыл әдіс пен саусақтан қан алумен ғана жүргізіледі. Тамырдан қан алуға тыйым салынады;
      2) гонореяға тексеру кезінде зәр шығару жолдары мен жатырдан алынған және метилді көк немесе бриллиант жасыл түске боялған әрі қажетіне қарай Грамм бойынша алынған екі жағындының бактериоскопиясы жасалады;
      3) гельминтозға тексеруді копровоскопия жолымен және перианальдық тәсілмен жүргізген жөн;
      4) іш сүзегіне серологиялық әсерді бақылау үшін медициналық тексеруді жүзеге асыратын медициналық ұйым саусақтан қан алуды жүргізеді.

4. Жұмысқа берілетін рұқсатқа қарсы медициналық
айғақтың тізбесі

      22. Мынадай жай-күйлер анықталған жұмыскерлердің жұмыс істеуіне рұқсат етілмейді:
      1) жұқпалы аурулармен ауырып жүрген;
      2) іш сүзегі, қылау, сальмонеллез, дизентерия аурулары қоздырғыштары бактериясын тасымалдаушы;
      3) гельминттер қабыршақтарын тасымалдаушы;
      4) гонорея;
      5) сифилис;
      6) жұқпалы тері аурулары;
      7) өкпе туберкулезінің жұқпалы нысаны, жыланкөзі, бакриуриясы бар өкпеден тыс туберкулез нысаны, бет пен қолдың туберкулезді қызыл жегісі;
      8) өкпедегі белсенді емес туберкулезді өзгерістер - перзентханаларда, балалар ауруханаларында (бөлімшелерінде), мектепке дейінгі ұйымда;
      9) іріңді аурулар - акушерлік және хирургиялық стационарларда, жаңа туған балалар, күні жетпей туған балалар патологиясы бөлімшелерінде, сүтханаларда, сондай-ақ крем-кондитерлік және басқа да тамақ өнімдерін әзірлеу мен сату жөніндегі ұйымдарда;
      10) жұқпалы емес тері аурулары (псориаз, экзема, аллергиялық дерматиттер және басқалар) бар науқастарға жұмыс істеуге рұқсат беру науқастың ауруы жағдайына және жұмыс орнына қарай жеке шешіледі.

Халықтың декреттелген тобына
міндетті профилактикалық  
медициналық тексерулерді  
жүргізу ережесіне     
қосымша          

Міндетті алдын ала және мерзімдік профилактикалық
медициналық тексерулерге жататын адамдар, қажетті зертханалық және функциялық зерттеулердің жиілігі мен көлемі

____________________________________________________________________
  Орындалатын     |Алдын ала медициналық|    Мерзімдік медициналық
  жұмыстардың     |    тексерулер       |         тексерулер
    тізбесі       |_________________________________________________
                  |  Зертханалық және   |Мерзімдік|Зертханалық және
                  |     функциялық      | тексеру.|   функциялық
                  |     зерттеулер      |   лер   |   зерттеулер
____________________________________________________________________
1. Азық-түлік       Флюорография.          Әрбір    Әрбір 12 айдан
сауда объектіле.    Мыналарға тексеру:    6 айдан   кейін:
рінің; қоғамдық     гелминттер             кейін    Флюорография,
тамақтану           қабыршақтарына;                 гельминттер
объектілерінің;     сифилиске және                  қабыршақтарын,
крем-кондитерлік    гонореяға;                      ішек жұқпалы
өндірістердің,      ішек жұқпалы                    ауруларын
сүтханалардың;      аурулары қоздырғыш.             жұқтыруға.
өнеркәсіптертің     тарын тасымалдауға.
тамақтану саласы    Крем-кондитерлік
ұйымдарының,        өндіріс және
азық-түлік тауар.   сүтханалар жұмыс.               Әрбір 12 айдан
ларын сақтау мен    керлері -  қосымша              кейін:
сатуға арналған     патогендік                      сифилис пен
базалар мен         стафилококк                     гонореяға
қоймалардың;        жұқпасына.
азық-түлік
базарларының;
шөлмекте су
шығару жөніндегі
ұйымдардың
жұмыскерлері.

2. Көлік ұйымдары.  Флюорография.          Әрбір    Әрбір 12 айдан
ның жұмыскерлері    Мыналарға тексеру:    6 айдан   кейін:
мен өндірістік      Гелминттер қабыршақ.   кейін    Флюорография,
тұмшалау қаттамасы  тарына;                         гельминттер
жоқ азық-түлік      сифилиске және                  қабыршақтарын,
тауарларын тасымал. гонореяға;                      ішек жұқпалы
даумен шұғылдана.   ішек жұқпалы                    ауруларын
тын жеке тұлғалар.  аурулары қоздырғыш.             жұқтыруға.
                    тарын тасымалдауға.             Әрбір 6 айдан
                                                    кейін:
                                                    сифилис пен
                                                    гонореяға

3. Көлік ұйымдары.  Флюорография.          Әрбір    Әрбір 12 айдан
ның жұмыскерлері                          12 айдан  кейін:
мен жолаушыларды                           кейін    Флюорография
тасымалдаумен
шұғылданатын
жеке тұлғалар.

4. Алыс жол         Флюорография.          Әрбір    Әрбір 12 айдан
сапарларындағы      Мыналарға тексеру:    6 айдан   кейін:
жолаушы поездары.   гелминттер             кейін    Флюорография,
ның, өзен, теңіз    қабыршақтарына;                 гельминттер
көліктерінің        сифилиске және                  қабыршақтарын,
жолсеріктері мен    гонореяға;                      ішек жұқпалы
авиакөліктердің     ішек жұқпалы                    ауруларын
стюарттары          аурулары қоздырғыш.             жұқтыруға.
                    тарын тасымалдауға.             Әрбір 6 айдан
                                                    кейін:
                                                    сифилис пен
                                                    гонореяға

5. Жалпы кәсіптік   Флюорография.          Әрбір    Әрбір 12 айдан
орта, бастауыш,                           12 айдан  кейін:
орта кәсіптік                              кейін    Флюорография
білім беру оқу
орындарының
жұмыскерлері

6. Маусымдық        Флюорография.          Әрбір    Әрбір 12 айдан
балалар және                              12 айдан  кейін:
жасөспірімдер                              кейін    Флюорография
сауықтыру ұйым.
дарының жұмыс.
керлері

7. Мектепке         Флюорография.           Әрбір   Әрбір 12 айдан
дейінгі ұйымдар.    Мыналарға тексеру:     6 айдан  кейін:
дың (ясли,          гелминттер              кейін   Флюорография,
балабақша,          қабыршақтарына;                 гельминттер
ясли-балабақша,     сифилиске және                  қабыршақтарын,
сәбилері үйі        гонореяға; ішек                 ішек жұқпалы
мен басқалар),      жұқпалы аурулары                ауруларын
мектеп-интернат.    қоздырғыштарын                  жұқтыруға.
тарының, балалар    тасымалдауға.                   Әрбір 6 айдан
санаторлық жыл                                      кейін:
бойғы сауықтыру                                     сифилис пен
ұйымдарының,                                        гонореяға
балалар үйлері.
нің жұмыскерлері.

8. Перзентхана.     Флюорография.          Әрбір    Әрбір 12 айдан
лардың (бөлімше.    Мыналарға тексеру:    6 айдан   кейін:
лердің), балалар    гелминттер             кейін    Флюорография,
ауруханаларының     қабыршақтарына;                 гельминттер
(бөлімшелерінің),   сифилиске және                  қабыршақтарын,
жаңа туған          гонореяға;                      ішек жұқпалы
нәрестелер          ішек жұқпалы                    ауруларын
патологиясы         аурулары қоздырғыш.             жұқтыруға.
бөлімшелерінің,     тарын тасымалдауға.             Әрбір 6 айдан
күні жетпей                                         кейін:
туғандар бөлімше.                                   сифилис пен
лерінің, хирургия                                   гонореяға
бөлімшелерінің
және стационарлар.
дың медицина
қызметкерлері.

9. Меншік нысанына  Флюорография.          Әрбір    Әрбір 12 айдан
қарамастан,                              12 айдан   кейін:
медицина ұйымдары.                         кейін    Флюорография
ның медицина
қызметкерлері
(осы қосымшаның
8-тармақта
көрсетілген
контингенттен
басқа)

10. Санаторийлер,   Флюорография.           Әрбір   Әрбір 12 айдан
демалыс үйлері,     Мыналарға тексеру:     6 айдан  кейін:
пансионаттар,       гелминттер              кейін   Флюорография,
интернаттар мен     қабыршақтарына;                 гельминттер
мүгедектер мен      сифилиске және                  қабыршақтарын,
қарттарға арналған  гонореяға;                      ішек жұқпалы
үйлердің жұмыскер.  ішек жұқпалы                    ауруларын
лері                аурулары                        жұқтыруға.
                    қоздырғыштарын                  Әрбір 6 айдан
                    тасымалдауға.                   кейін:
                                                    сифилис пен
                                                    гонореяға

11. Меншік нысанына Флюорография.          Әрбір    Әрбір 12 айдан
қарамастан халыққа  Мыналарға тексеру:    6 айдан   кейін:
санитарлық-гигиена. гелминттер             кейін    Флюорография,
лық қызмет көрсету  қабыршақтарына;                 гельминттер
жөніндегі ұйымдар.  сифилиске және                  қабыршақтарын,
дың (монша, душ,    гонореяға;                      ішек жұқпалы
сауна, шаштараз,    ішек жұқпалы                    ауруларын
косметологиялық     аурулары                        жұқтыруға.
салондар, кір       қоздырғыштарын                  Әрбір 6 айдан
жуу, химтазарту)    тасымалдауға.                   кейін:
жұмыскерлері                                        сифилис пен
                                                    гонореяға

12. Менеджерлер,    Флюорография.          Әрбір    Әрбір 12 айдан
үй тазалаушылар,    Мыналарға тексеру:   12 айдан   кейін:
әкімгерлер,         гелминттер             кейін    Флюорография,
қонақ үй, мотель.   қабыршақтарына;                 гельминттер
дер, жатақханалар,  сифилиске және                  қабыршақтарын,
кемпингтер қабат.   гонореяға;                      ішек жұқпалы
тарын меңгерушілер  ішек жұқпалы                    ауруларын
                    аурулары                        жұқтыруға;
                    қоздырғыштарын                  сифилис пен
                    тасымалдауға.                   гонореяға

13. Бассейндер мен  Флюорография.          Әрбір    Әрбір 12 айдан
сумен емдеу орын.   Мыналарға тексеру:    6 айдан   кейін:
дарының, балшықпен  гелминттер             кейін    Флюорография,
емдеу орындарының,  қабыршақтарына;                 гельминттер
спорт-сауықтыру     сифилиске және                  қабыршақтарын,
ұйымдарының         гонореяға;                      ішек жұқпалы
жұмыскерлері        ішек жұқпалы                    ауруларын
                    аурулары                        жұқтыруға.
                    қоздырғыштарын                  Әрбір 6 айдан
                    тасымалдауға.                   кейін:
                                                    сифилис пен
                                                    гонореяға

14. Дәріханалар.    Флюорография.          Әрбір    Әрбір 12 айдан
дың, фармацевти.                         12 айдан   кейін:
калық ұйымдардың                           кейін    Флюорография
(зауыттар,
фабрикалар және
басқалар) дәрілік
заттарды әзірлеу.
мен, қаттаумен
және сатумен
шұғылданатын
жұмыскерлері

15. Су әзірлеуге    Флюорография.          Әрбір    Әрбір 12 айдан
тікелей қатысы      Мыналарға тексеру:    6 айдан   кейін:
бар су құбырлары    гелминттер             кейін    Флюорография,
құрылыстарының      қабыршақтарына;                 гельминттер
жұмыскерлері,       сифилиске және                  қабыршақтарын,
сондай-ақ су        гонореяға;                      ішек жұқпалы
құбырлары қызме.    ішек жұқпалы                    ауруларын
тін көрсететін      аурулары                        жұқтыруға.
адамдар             қоздырғыштарын                  Әрбір 6 айдан
                    тасымалдауға.                   кейін:
                                                    сифилис пен
                                                    гонореяға

16. Оқу басталар    Практика өтетін       Практика  Практика өтетін
алдында орта,       ұйымның санатына       өтетін   ұйымның санатына
арнаулы жалпы       сәйкес зертхана.      ұйымның   сәйкес зертхана.
білім беру          лық және              санатына  лық және
мектептерінің       функциялық             сәйкес   функциялық
оқушылары және      зерттеулер                      зерттеулер
жұмыскерлері        жүргізіледі.                    жүргізіледі
міндетті медицина.
лық тексерулерге
жататын ұйымдарда
практикадан өту
кезеңінде жоғары
оқу орындарының
студенттері
____________________________________________________________________