Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 28 мамырдағы N 581 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 14 қарашадағы N 1209 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 1239 Қаулысымен

Республикалық баспасөзде 
мазмұны жариялануға   
тиіс          

      Демократияландыруды тереңдетуге бағытталған стратегиялық бағытқа сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1. Бір ай мерзімде құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелерін, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен басқа да мемлекеттік органдардың өкілдерін, саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары мен өзге де өкілдерін енгізе отырып, Азаматтық қоғамды одан әрі демократияландыру мен дамыту жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау бойынша тұрақты жұмыс істейтін кеңесті құратын болсын.

      2. Кеңес қызметі туралы жариялылықты және азаматтардың кеңінен хабардар болуын қамтамасыз етсін.

      3. Кеңес қызметін ұйымдастыру, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолдансын.

      4. Мемлекет басшысына жүйелі түрде Кеңес жұмысы туралы ақпарат табыс етіп отырсын.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті