"Күзет қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 5 сәуір N 407.

Жаңартылған

      "Күзет қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған күзет қызметі субъектілері жұмыскерлерінің пайдалануына арналған арнаулы құралдардың тізбесі бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.06.2015 № 454 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.07.01 № 751 (2012.01.22 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      3. Жеке күзет ұйымының қызметкерлері санының мынадай нормативтері:

      1) стационарлық объектілерді күзету кезінде:

      бір тәуліктік күзет постына 4,5 күзетшісі аспайтын штат бірліктен;

      он екі сағаттық бір күзет постына 2,25-тен аспайтын штат күзет бірлігі;

      сегіз сағаттық бір күзет постына 1,5-тен аспайтын штат күзет бірлігі;

      күзетілетін объектілерден түсетін шақыруларға қызмет көрсететін жеке күзет ұйымының бір тәуліктік ұтқыр тобына (жедел ден қою тобына) 13,5-тен аспайтын штат күзет бірлігі;

      2) магистральдық құбырларды күзету кезінде:

      айланып өтетін жолдарды, жер бедерінің күрделілігін, трасса жолының бойын, елді мекендерден алыстықты, желілік бөлігін техникалық құралдармен қорғауды, ауданға төнетін қауіп пен криминалдық қауіп-қатерді талдауды ескере отырып, магистральдық мұнай құбырының желілік бөлігінің 40 - 80 километріне бір тәуліктік ұтқыр топ;

      күзетілетін магистральді газ құбырының желілік бөлігі трассасының 100 - 160 километріне бір тәуліктік ұтқыр топ бекітілсін;

      3) темір жол және автомобиль көлігімен тасымалданатын жүктерді күзету кезінде күзетшілердің саны стационарлық объектілерді күзету үшін орнатылған нормативтер шегінде шарт талаптарымен белгіленеді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.10.13 N 1589 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен, өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2011.07.01 № 751 (2012.01.22 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 5 сәуірдегі
№ 407 қаулысымен
бекітілген

Күзет қызметі субъектілері жұмыскерлерінің пайдалануына арналған арнаулы құралдардың тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.06.2015 № 454 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Резеңке таяқшалар.

      2. Инкассация мен құндылықтарды тасымалдауға арналған броньды машиналар.

      3. 1 - 5-қорғау сыныптарындағы қорғау кеудешелері.

      4. 1 - 3-қорғау сыныптарындағы қорғау шлемдері.

      5. Қол кісендері.

      6. Қаруларды, жарылғыш заттар мен құрылғыларды анықтайтын детекторлар.

      7. Радиоактивті, химиялық және өзге де улағыш заттарды анықтайтын детекторлар.

      8. Күзет, дабыл сигнализациясы жүйелері.

      9. Өтуді бақылау жүйесі.

      10. Қосарлы қолданылатын техникаға жатпайтын телевизиялық бейнебақылау және бейнекүзет жүйелері.

      11. Хабар беру, оның ішінде радиоарналар арқылы хабар беру жүйелері.

      Ескертпелер:

      1. Резеңке таяқшаларды қолдану кезінде олармен құқық бұзушылардың басына, мойнына және бұғана тұсына, іші мен жыныс органдарына соққы беруге тыйым салынады.

      2. Тізбе жеке күзет ұйымдарына ғана қолданылады.

  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2002 жылғы 5 сәуiрдегi
N 407 қаулысымен
бекiтiлген

Күзетші құжатының нысаны мен үлгісі

      Ескерту. Нысан мен үлгі алып тасталды - ҚР Үкіметінің 17.06.2015 № 454 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 5 сәуірдегі
N 407 қаулысымен
бекітілген

Жеке күзет ұйымдарының басшыларын және күзетшілерін мамандандырылған оқу орталықтарында арнайы даярлау мазмұны, бағдарламасы және біліктілік талаптары

      Ескерту. Біліктілік талаптары алып тасталды - ҚР Үкіметінің 17.06.2015 № 454 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2002 жылғы 5 сәуiрдегi
N 407 қаулысымен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
енгізiлетiн өзгертулер және толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.08.10. N 686 (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2020 № 960 қаулысымен.
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.04.20 N 367 Қаулысымен.