"Күзет қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 5 сәуір N 407

Қолданыстағы
      "Күзет қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Z000085_ Заңын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Мемлекеттiк органдардың күзет бөлiмшелерi және ведомстволық күзет бөлiмшелерi пайдаланатын арнаулы қорғау құралдары мен арнаулы техникалық құралдардың тiзбесi;
      2) Күзетшi мен жеке күзетшi құжаттарының нысандары мен үлгiлерi бекiтiлсiн.
      2. Жеке күзетшiлердi, жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалардың күзет бөлімшелерiндегi, мемлекеттік органдардың күзет бөлiмшелерiндегi күзетшi лауазымындағы қызметкерлердi даярлауды және қайта даярлауды (арнайы оқу курсы) жүзеге асыратын мамандандырылған оқу орталықтарының бiрi ретiнде Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң оқу орталықтары белгiленсiн.
      3. Жеке күзет ұйымының, жеке кәсiпкер мен заңды тұлға күзет

бөлiмшесiнiң, мемлекеттiк органның ведомстволық күзет бөлiмшесiнiң 
қызметкерлерi санының нормативi:
     бiр тәулiктiк бiр күзет постына 4,5 штат күзет бiрлiгі;
     он екi сағаттық бiр күзет постына 2,25 штат күзет бiрлiгi;
     сегiз сағаттық бiр күзет постына 1,5 штат күзет бiрлiгi болып 
бекiтiлсiн.
     4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір 
шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
                                           Қазақстан Республикасы
                                                 Үкiметiнiң
                                           2002 жылғы 5 сәуiрдегi
                                              N 407 қаулысымен
                                                 бекiтiлген
     
      Мемлекеттiк органдардың күзет бөлiмшелерi және ведомстволық
       күзет бөлiмшелерi пайдаланатын арнаулы қорғау құралдары
                 мен арнаулы техникалық құралдардың
                             ТIЗБЕСI
     1. Арнаулы қорғау құралдары:
     1) резина таяқшалары;
     2) инкассация мен құндылықтар тасымалдауға арналған бронды машиналар;
     3) 1 және 5 қорғау сыныбының қорғау жилеттерi;
     4) 1 және 3 қорғау сыныбының қорғау шлемдерi.
     2. Арнаулы техникалық құралдар:
     1) күзеттiк, дабылдық белгi беру жүйелерi;
     2) өтудi бақылау жүйесi;
     3) қосарлы қолдану техникасына жатпайтын теледидарлық байқаудың бейне 
бақылаулық және бейне күзеттiк жүйелерi;
     4) қаруларды, жарылғыш заттар мен құрылыстарды айқындайтын 
детекторлар;
     5) радиоактивтi, химикалық және басқа улағыш заттарды айқындайтын 
детекторлар;
     6) хабарландыруды беретiн жүйелер.
     Ескерту: 1. Резина таяқшаны қолдану кезiнде олармен құқық бұзушының 
              басынан мойнынан және бұғаналы жерлерiнен, iшi мен жыныс     
              органдарынан ұруға тыйым салынады.
              2. Республиканың аумағында қолданылатын техника қауiпсiздiк  
              жүйесiнiң арнайы жабдықтарының атауы Қазақстан Республикасы  
              IIМ жыл сайынғы бюллетенiмен айқындалады.
                                           Қазақстан Республикасы
                                                 Үкiметiнiң
                                           2002 жылғы 5 сәуiрдегi
                                              N 407 қаулысымен
                                                 бекiтiлген
        Күзет қызметi субъектiлерiнiң қызметкерлерi құжаттарының
                        нысандары мен үлгiлерi
     1. Жеке күзет ұйымының, заңды тұлға мен жеке кәсiпкердiң күзет 
бөлiмшесiнiң, мемлекеттiк органның ведомстволық күзет бөлiмшесiнiң 
қызметкерi құжатының нысаны мен үлгiсi.
     Куәлiктiң мұқабасы көк түстi теріден, лидериннен, винилдi немесе 
белокроннан дайындалады.
     Куәлiктiң ашылған түрдегi мөлшерi 210 х 70 мм. болады.
     Сыртында, бет жағында:
                             КУӘЛIК
                         УДОСТОВЕРЕНИЕ
деген жазу болады.


      Куәлiктiң iшкi жағына ақ түстi жапсырма қағаз жапсырылады. Куәлiктiң жапсырмасы баспаханалық офсеттiк тәсiлмен орындалған. Куәлiктiң жапсырмасы әр қайсысы 95 х 65 мм. екi жартыдан - сол және оң бөлiктен тұрады.
      Жапсырманың сол бөлiгiнде мөлшерi 3,5 х 4,5 см. фото сурет жапсыруға

арналған орын болады. Куәлiктi дайындау кезiнде мемлекеттiк рәмiздердi 
пайдалануға тыйым салынады (оның iшiнде сутаңба белгiлермен) куәлiктердiң 
саны және қорғалу дәрежесi Қазақстан Республикасы IIМ-мен келiсiледi.
     2. Жеке күзетші құжатының нысаны мен үлгісі
     
     Куәліктің екі жағында жазулары бар көлемі 105 х 75 мм. бланкіге 
баспаханалық тәсілмен көк түсті бланкіде орындалады. Жапсырылатын 
фотосуреттің көлемі 3,5 х 4,5 см. құрайды.
     
     Жеке күзетші                                  ЛИЦЕНЗИЯ  
     УДОСТОВЕРЕНИЕ                               
     КУӘЛІГІ     частного охранника        Серия ____   N __
          Серия АА N000001                 Берілген уақыты
                                           Дата выдачи "___"________
     Тегі/Фамилия___________________
     Аты/Имя _______________________       На занятие ______________
     Әкесінің/Отчество______________                  (көрсетілген
     аты                                   _________________________
                                                қызметтің түрі
                                             вид оказываемых услуг)
     
     фото
     Бастық/Начальник ______________       Аймағында күзет ісімен
                       (уәкілетті          Айналысуға құқығы бар
                       наименование        Имеет право заниматься 
     ______________________________        охранной деятельностью 
              органның атауы               на территории ___________
          уполномоченного органа)          _________________________
                                           _________________________
     Қолы/Подпись _________________        
                                           Действительно до 
                                           "____"___________________
     М.о.        Берілген уақыты           Дейін күшінде
     М.п.        Дата выдачи 
     _______________________
     "____"_________________
     
     ________________________________
     !Күзет қызметін жүргізуші      ! 
     !субъектінің атауы             !
     !                              !
     !____________________          !
     !______________________________!
     !_____                         !
                                    !
     !Мекен-жайы                    !
     !______________________________!
     !2000 ж. "___"_______          !
     !Лицензия N _____              !
     !______________________________!
     !       N ______ КУӘЛІК        !
     !                              !
     !Т.А.Ә. _______________________!
     !______________________________!
     !______________________________!
     !М.о.  __________ лауазымында  !
     !      Бастық _____________    !
     !______________________________!
     
      
     __________________________
     !         КУӘЛІК         !
     !      УДОСТОВЕРЕНИЕ     !
     !                        !
     !                        !
     __________________________
     
                                           Қазақстан Республикасы
                                                 Үкiметiнiң
                                           2002 жылғы 5 сәуiрдегi
                                              N 407 қаулысымен
                                                 бекiтiлген
            Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
                 енгізiлетiн өзгертулер және толықтырулар


      1. "Күзет қызметiн көрсету саласында мемлекеттiк лицензиялар беру жөнiндегi қызметтi реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 30 қыркүйектегi N 1507 P991507_ қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 48, 461-құжат):
      кiрiспеде "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы N 2200 заң күшi бар Жарлығына деген сөздер "Лицензиялау туралы" "Қазақстан Республикасының 1995 жылғы N 2200 Заңына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Заңды және жеке тұлғалардың күзет қызметiн жүзеге асыруына лицензиялар берудiң тәртiбiне:
      5-тармақта "күзет қызметтерiн көрсету" деген сөздерден кейiн ", соның iшiнде оны тасымалдау кезiнде күзеттiң және құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан заңды түрде қорғаудың тәсiлдерi жөнiнде консультациялар беру және ұсынымдар дайындау" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. "Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы "Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 3 тамыздағы N 1176 P001176_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы 2000 ж., N 32-33, 399-құжат):
      1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесiне:
      көрсетiлген Ережеге 1-қосымша алынып тасталсын;
      көрсетiлген Ережеге 4-қосымша мынадай редакцияда жазылсын:
      "Күзет қызметi субъектiлерiнiң қызметкерлерi пайдаланатын азаматтық және қызметтiк қарулардың және оларға патрондардың үлгiлерi, моделдерi және саны
      1. Жеке күзетшiлердiң, жеке күзет ұйымдары, жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалардың күзет бөлiмшелерi, мемлекеттiк органдардың ведомстволық күзет бөлiмшелерi қызметкерлерiнiң қару-жарағы.
      Жеке күзетшiлер, жеке күзет ұйымдарының, жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар күзет бөлiмшелерiнiң, мемлекеттiк органдар ведомстволық күзет бөлiмшелерiнiң қызметкерлерi 1 постыға 1 қару бiрлiгi есебiнен қаруланады.
      Сыртқы постыдағы күзетшi ұзын ұңғылы тегiс ұңғылы оқпен атылатын қарумен қаруланады.
      Iшкi постыдағы күзетшi қысқа ұңғылы тегiс ұңғылы оқпен атылатын қарумен қаруланады.
      Күзеттiң барлық түрлерi үшiн қарудың резервi - әр 10 бiрлiкке қарулануда бар 1 қару бiрлiгi.
      Тегiс ұңғылы қаруға арналған патрондар N 7, 8 бытырамен оқталады немесе азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкілеттi орталық атқарушы органының нормаларына сәйкес келетiн жарақаттық әрекеттегi патрондар пайдаланылуы мүмкiн.
      Ауысымға шыққан жеке құрамға әр қару бiрлiгiне 10 патроннан берiледi.
      2. Жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалардың өндiру, қайта өңдеу, сақтау

және тасымалдау процесiнде қымбат бағалы металлдар мен алмастардың 
сақталуы, темiр жол және әуе көлiгiн бағалы және қауiптi жүктердi 
тасымалдау кезiнде, электр станцияларын, жылу электр орталықтарын және 
электр беру желiлерiн, жарылғыш және улы заттар, радиоактивтi материалдар 
қоймаларын (сақтау орны), мемлекеттiк материалды резервтер қоймаларын 
(сақтау орны) күзету жөнiндегi мiндеттердi орындайтын күзет бөлiмшелерi 
қызметкерлерiнiң қару-жарағы.
                         Қару-жарақтың нормалары
---------------------------------------------------------------------------
     Күзет бөлiмшесiнiң қызметкерлерi      !         Қарудың түрі
                                           !-------------------------------
                                           !  винтовка,      !  тапанша,
                                           !  карабин        !  револьвер
---------------------------------------------------------------------------
Аумақтық бөлiмнiң, бiрiктiрiлген                   -               1
жасақтың, күзет бөлiмшесiнiң жеке
командасының, жасақтың бастығы
(аталған басшылардың орынбасарлары), 
жасақтың құрамындағы команданың бастығы
Топ бастығы, бөлiмше командирi                     -               1
(қарауыл бастығының мiндеттерiн
атқаруы кезiнде)
     
Өткiзу бюросының бастығы                           -               1
Iшкi постыдағы немесе бақылау-өткiзу               -               1
пунктiндегi күзетшi
     
Сыртқы постыдағы күзетшi                           1               -
     
Қызмет иттерiн жетектеушi,                         -               1
патрульдiк-iздестiру иттерiн жолға
салушы
---------------------------------------------------------------------------
     
                Қару-жараққа патрондардың нормалары
---------------------------------------------------------------------------
Қарудың     !   Қарауылға  !   Қару      !     Патрондарды бiр жылда
түрi        !    нарядқа   ! бiрлiгiне   !            жұмсау
            ! тұрған күзет !патрондардың !---------------------------------
            ! бөлiмшесiнiң !азайтылмайтын!  1 қызметкерге  !    1 ұңғы
            ! жеке құрамы  !   қоры      !   оқу мақсаты   !    қарудың
            !  қамтамасыз  !             !      үшін       !    атылуын
            !    етiледi   !             !                 ! тексеру үшiн
---------------------------------------------------------------------------
Винтовкаға      15 патрон       60              10                8
(1938/44 ж.ж.   (оқпанда)
үлгiдегi
карабин    
Тапаншаға       2 магазинде     32              12                8
                16 патрон
Револьверге     14 патрон       28              12                8
                (қорапта)   
---------------------------------------------------------------------------
     
     Ескерту:
     1. Қарудың атылуын тексеруге көзделген патрондарды басқа мақсаттарға 
жұмсауға тыйым салынады.


      2. Қарудың атылуын тексерудi жүргiзудiң қажеттiгiн жылына екi рет ведомстволық күзет бөлiмшесiнiң бастығы белгiлейдi.
      3. Тегiс ұңғылы мылтықтарға арналған патрондар N 7, 8 бытырамен оқталады.
      4. Күзеттiң барлық түрлерi үшiн қарудың резервi - әр 10 бiрлiкке қарулануда бар 1 бiрлiк.
      5. Оқу мақсаттары мен жаттығулық атуларды өткiзу үшiн командаға (отрядқа) 2 оқу винтовкасына, 2 шағын калибрлi винтовкаға және 2 шағын калибрлi тапаншаға рұқсат етiледi.
      6. Қазақстан Республикасының екiншi дәрежелi банк мекемелерiнiң

мамандандырылған күзет бөлiмшелерi қызметкерлерiнiң қару-жарағы.
     Екiншi дәрежелi банк мекемелерiнiң күзетiн жүзеге асыратын, күзет 
бөлiмшелерiнiң қызметкерлерi әр қызметкерге 1 қару бiрлiгi есебiнен 
қаруланады.
     Сыртқы постыдағы қызметкерлер ойықты оқпен атылатын қарумен (карабин, 
винтовка) қаруланады.
     Iшкi постыдағы қызметкерлер қысқа ұңғылы ойықты оқпен атылатын 
қарумен (тапанша, револьвер) қаруланады.
                     Қару-жарақтың нормалары
---------------------------------------------------------------------------
Р/с!      Екiншi дәрежелi банк күзет      !          Қарудың түрі
NN !     бөлiмшелерiнiң қызметкерлерi     !--------------------------------
   !                                      !    винтовка,    ! тапанша,
   !                                      !    карабин      ! револьвер
---------------------------------------------------------------------------
1.   Бөлiмшенiң бастығы                           -                1
2.   Бөлiмше бастығының орынбасары                -                1
3.   Бөлiмше командирi                            -                1
4.   Iшкi постыдағы немесе бақылау-өткiзу         -                1
     пунктiндегi қызметкер
5.   Сыртқы постыдағы қызметкер              
6.   Бағалы заттарды тасымалдауға                 1                1
     арналған арнайы автокөлiктердiң
     жүргiзушiсi
---------------------------------------------------------------------------
     
                   Қаруға патрондардың нормалары
---------------------------------------------------------------------------
Р/с! Қарудың!   Қарауылға  !   Қару      !     Патрондарды бiр жылда
NN ! түрлері!    нарядқа   ! бiрлiгiне   !            жұмсау
   !        ! тұрған екінші!патрондардың !---------------------------------
   !        ! дәрежелі банк!азайтылмайтын!  1 қызметкерге  !    1 ұңғы
   !        ! күзет бөлім. !   қоры      !   оқу мақсаты   !    қарудың
   !        ! шесінің жеке !             !      үшін       !    атылуын
   !        ! құрамы қам.  !             !                 ! тексеру үшiн
   !        !тамасыз етіледі             !                 !
---------------------------------------------------------------------------
1  Винтовкаға    15 патрон       60              10                8
   (1938/44 ж.ж. (оқпанда)
   үлгiдегi
   карабин)    
2  Тапаншаға     2 магазинде     32              12                8
                 16 патрон
3  Револьверге   14 патрон       28              12                8
                 (қорапта)   
---------------------------------------------------------------------------
     Ескертулер:
     1. Қарудың атылуын тексеруге көзделген патрондарды басқа мақсаттарға 
жұмсауға тыйым салынады.


      2. Қарудың атылуын тексерудi жүргiзудiң қажеттiгiн жылына екi рет екiншi дәрежелi банк күзет бөлiмшесiнiң бастығы белгiлейдi.
      3. Күзеттiң барлық түрi үшiн қарудың резервi - әр 10 бiрлiкке қарулануда бар 1 бiрлiк.
      4. Оқу мақсаттары мен жаттығулық атуларды өткiзу үшiн жасаққа 2 оқу винтовкасына, 2 шағын калибрлi винтовкаға және 2 шағын калибрлi тапаншаға рұқсат етiледi;
      2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген "Қару иелерi мен пайдаланушыларының бастапқы даярлығын ұйымдастырудың ережесiнде":
      "Қару иелерi мен пайдаланушыларының даярлаудың оқу жоспарына түсiндiрмелер" және "Оқу жоспары" деген бөлiмдерi мынадай редакцияда жазылсын:

      "Күзетшiлердi мамандандырылған оқу орталықтарында арнайы даярлау
          жөнiндегi бағдарлама, оның мазмұны мен біліктiлiк талаптары

      Күзет қызметкерлерiн даярлаудың және қайта даярлаудың мақсаты олардың қызметтік мiндеттердi орындауы үшiн қажетті теориялық бiлiм мен практикалық дағдылар алуы болып табылады.
      Оқу орнының педагогикалық ұжымына жергiлiктi жағдайларға қарай осы Арнайы курстың бағдарламасы шеңберiнде тақырыптық жоспарлар мен тақырыптардың мазмұнын жасау, теориялық және практикалық сабақтардың арасындағы оқу сағаттарының ара қатынасын өзгерту құқығы берiледi.
      Бiр оқыту курсының ұзақтығы күзетшiнi арнаулы даярлау үшiн 96 оқу сағаты және күзетшiнi қайта даярлау үшiн 36 оқу сағаты. Күзетшiнi қайта даярлау жыл сайын лауазымдағы үзiлiссiз жұмыс стажы жағдайында және жұмысқа жаңадан қабылдау кезiнде жүргiзiледi.
      Күзетшiнi даярлау және қайта даярлау жөнiндегi курс аяқталғаннан кейiн оқу орынында өтiлген тақырыптар бойынша емтихандар алынады. Емтихандарды күзет қызметiнiң барлық субъектiлерiнiң бiрыңғай есебiн жүргiзудi жүзеге асыратын бөлiмшенiң уәкiлеттi органының өкiлi төрағасы болып табылатын құрамында кемiнде 3 адам бар комиссия өткiзедi. Күзетшiнiң емтиханды қайталап тапсыруын комиссия бастапқы емтихан тапсырудан кейiн кемiнде екi аптадан соң өткiзуi мүмкiн.
      Емтихандарды жақсы тапсырған адамдарға оқу орнының басшысы мен емтихандық комиссияның барлық мүшелерi қол қойған оқу орнының өткiзiлген оқыту курсы туралы куәлiгi берiледi. Комиссия мүшесiнiң қолының болмауы берiлген оқу курсын бiтiргенi туралы куәлiктiң жарамсыздығына әкеп соғады.
      Күзетшiнi оқыту арнаулы курсының бағдарламасына мынадай пәндер:
      - құқықтық бiлiмдердiң негiзi - 10 сағат;
      - қызметтiк даярлау - 16 сағат;
      - арнаулы техника мен байланыстың негiздерi - 4 сағат;
      - криминалистика - 4 сағат;
      - оқ ату даярлығы - 26 сағат;
      - арнаулы дене шынықтыру даярлығы - 32 сағат;
      - медициналық даярлық - 4 сағат, кiруi тиiс.
      Күзетшiлердi даярлау және қайта даярлау жөнiндегi оқу орындарына

қойылатын бiлiктiлiк талаптары, сондай-ақ мынадай негiзгi талаптарға жауап 
беретiн тиiстi оқу-материалдық базасының болуы:
     - тиiстi санитарлық нормаларға сай сабақтарды жүргiзуге арналған 
үй-жайлардың болуы;
     - оқыту бағдарламасында көзделген арнаулы және техникалық құралдардың 
болуы;
     - оқ ату даярлығы жөнiндегi сабақтарды өткiзу үшiн арнайы 
жабдықталған атыс тирiнiң болуы;
     - оқытылатын пәнге сәйкес бiлiктiлiгi мен бiлiм беру деңгейi бар 
оқытушылар құрамының болуы болып табылады.
            Күзет қызметi субъектiлерiнiң қызметкерлерiн арнайы
                          даярлаудың оқу жоспары
---------------------------------------------------------------------------
Р/с!     Бөлiмнiң атауы       !  Барлық  !        Олардың iшiнде
 N !                          !  сағат   !---------------------------------
   !                          !          !    Дәрiстер    !   Практикалық
   !                          !          !                !    сабақтар
---------------------------------------------------------------------------
1.  Қылмыстық-құқықтық             10            10               -
    бiлiм негiздерi
     
2.  Қызметтiк (кәсiби даярлық)     16            12               4
     
3.  Арнаулы техника мен            4             3                1
    байланыс құралдарының
    негiздерi
     
4.  Оқ ату даярлығы                26            10               16
     
5.  Арнайы дене шынықтыру          32            10               22
    даярлығы
     
6.  Медициналық даярлық            4             3                1
     
7.  Криминалистика                 4             3                1
    Жиыны:                         96            51               45
---------------------------------------------------------------------------
     
                      1. Құқықтық бiлiм негiздерi
---------------------------------------------------------------------------
Р/с!   Тақырыптың атауы       !  Барлық  !        Оның ішінде    
 N !                          !  сағат   !---------------------------------
   !                          !          !    Дәрiстер    !   Практикалық
   !                          !          !                !    сабақтар
---------------------------------------------------------------------------
1.   Қылмыс, қылмыстың құрамы      2             2                -
     ұғымы.
     Қылмыстық жаза және оның
     мақсаттары ұғымы
2.   Қажеттi қорғаныс.             2             2                -
     Қастандық жасаған адамды 
     ұстау.
     Аса қажеттiлiк
     
3.   Әкiмшiлiк тәртiп              2             2                -
     бұзушылық ұғымы. 
     Әкiмшiлiк жауапкершiлiк 
     және оның негiздерi
4.   Қаруды қолданудың             2             2                -
     құқықтық негiздерi
5.   Жеке күзет қызметтерi         2             2                -
     қызметшiлерiнiң 
     өкiлеттiктерiн асыра 
     пайдалануы
     БАРЛЫҒЫ:                      10            10               -
---------------------------------------------------------------------------
     
                        2. Қызметтiк дайындық
---------------------------------------------------------------------------
Р/с!   Тақырыптың атауы       !  Барлық  !        Оның ішінде    
 N !                          !  сағат   !---------------------------------
   !                          !          !    Дәрiстер    !   Практикалық
   !                          !          !                !    сабақтар
---------------------------------------------------------------------------
1.  Мемлекеттiк емес күзет         1             1                -
    қызметiн ұйымдастыру,
    оның мiндеттерi мен
    негiзгi бағыттары
2.  Күзет қызметкерлерiнiң         2             2                -
    құқықтары мен мiндеттерi.
    Күзет қызметкерлерiнiң
    құқықтық жағдайы,
    әлеуметтiк қорғалуы мен
    жауапкершiлiгi
3.  Күзетiлетiн объектiлердегi     2             -                2
    өткiзу және объект 
    iшiндегi режимдi 
    ұйымдастыру мен жүзеге 
    асыру. Қарау жүргiзудiң 
    негiздерi мен тәртiбi
4.  Күзет қызметкерлерiнiң         2             2                -
    өрт шыққан жағдайдағы
    iс-қимылдары. Құтқару
    қызметтерiн шақыру және
    оларды объектiге кiргiзу
    тәртiбi. Өрт сөндiрудiң
    бастапқы құралдарын
    қолдану жұмысы
5.  Тұрақты күзетілетiн            2             -                2
    объектiлерде қызмет
    өткерудiң тәртiбi
6.  Қызметтi ұйымдастыру           2             2                -
    және оны өткерудiң
    негiздерi: а) банктерде
    және басқа да зор
    материалдық құндылықтар
    сақталатын орындарда; 
    б) сауда мекемелерiнде
     
7.  Оқиға болған жердi             2             2                -
    күзетудi ұйымдастыру.
    Iздердi және заттай
    айғақтарды сақтау
     
8.  Ерекше жағдайлар.              2             2                -
    Жағдайға баға беру
    психологиясы. Ерекше
    жағдайдың дамуын болжау.
    Өзiн-өзi ұстай бiлу.
9.  Кәсiптiк мәдениет пен          1             1                -
    әдеп
    БАРЛЫҒЫ:                       16            12               4
---------------------------------------------------------------------------
     
          3. Арнаулы техника мен байланыс құралдарының негiздерi
---------------------------------------------------------------------------
Р/с!       Тақырыптың атауы       !  Барлық  !        Оның ішінде
 N !                              !  сағат   !-----------------------------
   !                              !          !   Дәрiстер   ! Практикалық
   !                              !          !              !   сабақтар
---------------------------------------------------------------------------
1.  Қазiргi заманғы белгi беру         1            1              -
    құралдарының мақсаты, оларды
    объектiлерде орналастыру 
    орындары.
    Бөгде адамдар енген жағдайда 
    iске қосылуының белгiлерi
     
2.  ОБП және дербес белгi беру         1            1              -
    құралдары арқылы объектiлердiң 
    күзетiлуiн ұйымдастыру 
    ерекшелiктерi.
    Көп шептi белгi беру
    құралдарын құру арқылы аса
    маңызды объектiлердi қорғау
    қағидаттары
3.  Күзетте қолданылатын сымды         1            1              -
    және радиобайланыс құралдары
4.  Күзет-өрт дабылы                   1            1              1
    құралдарының объектiлер
    күзетiн қамтамасыз етудегi
    рөлi мен маңызы
     
    БАРЛЫҒЫ:                           4            3              1
---------------------------------------------------------------------------
     
                           4. Атыс дайындығы
---------------------------------------------------------------------------
Р/с!       Тақырыптың атауы       !  Барлық  !        Оның ішінде
 N !                              !  сағат   !-----------------------------
   !                              !          !   Дәрiстер   ! Практикалық
   !                              !          !              !   сабақтар
---------------------------------------------------------------------------
1.   Атыс негiздерi. Баллистика        2            2              -
     
2.   Қару мен арнайы құралдарды        4            4              -
     қолданудың құқықты негiздерi 
     мен тәртiбi
     
3.   Ойықты, тегiс ұңғылы және         4            2              -
     газды қарудың мақсаты,
     ұрыстағы қасиетi, құрылысы
     
4.   Атыс қаруының (ойықты,            4            -              2
     тегiс ұңғылы, газды)
     материалдық бөлiгi
5.   Атыс жүргiзу кезiндегi            2            -              4
     қаруды қауiпсiз қолдану
     ережелерi
6.   Қарудан оқ ату тәсiлдерi          2            -              2
     мен ережелерi
7.   Ойықты, тегiс ұңғылы              2            -              2
     және газды қаруды ұстау
     кезiндегi қауiпсiздiк
     шаралары
8.   Тапаншадан, автоматтан            2            -              2
     және винчестерден оқ
     атуға арналған жаттығуларды 
     орындау тәртiбi
     
9.   Ойықты, тегiс ұңғылы              -            -              -
     және газды қаруды теориялық 
     жағынан және оның материалдық
     базасын бiлу жөнiндегi сынақ
10.  Практикалық атыстар               4            -              4
     БАРЛЫҒЫ:                          26           10             16
---------------------------------------------------------------------------
     
                     5. Арнаулы дене шынықтыру даярлығы
---------------------------------------------------------------------------
Р/с!       Тақырыптың атауы       !  Барлық  !        Оның ішінде
 N !                              !  сағат   !-----------------------------
   !                              !          !   Дәрiстер   ! Практикалық
   !                              !          !              !   сабақтар
---------------------------------------------------------------------------
1.  Қоян-қолтық ұрыс тәсiлдерiн,       2            2              -
    белсендi қорғаныс құралдары 
    мен кiсендердi қолданудың 
    құқықтық негiздерi
2.  Күзет қызметтерi қызметкерлер.     4            2              2
    iнiң қоян-қолтық ұрыс 
    тәсiлдерiн, белсендi қорғаныс 
    құралдарын, кiсендердi    
    қызметтiк iстер қолдануының 
    негiздерi
     
3.  Қоян-қолтық ұрыс тәсiлдерiн        2            2              -
    қолданушы қызметкерлердiң 
    құқықтары мен жауапкершiлiгi
4.  Сырттай қарау амалдары.            4            2              2
    Қауiпсiздiк шаралары
5.  Қоян-қолтық ұрыс элементтерi       4            -              4
    бар соққылар және ондай 
    соққылардан қорғану. 
    Резеңке таяқпен соғу және 
    қорғану
     
6.  Әртүрлi қапсырып-құшақтап          2            -              2
    ұстаулардан босау
     
7.  Қаруланған адамның суық            4            -              4
    қарумен немесе қару ретiнде 
    пайдаланылатын басқа да 
    заттармен соққы беруiнен 
    қорғану
8.  Қарумен қауiп төндiруден          4            -              4
    және қаруды алып қою
    әрекетiнен қорғану,
    қылмыскерлердi қауiпсiздендiру
     
9.  Қылмыскерлердiң босатылуы,        6            2              4
    оларды ұстау және қуалау 
    кезiнде әріптесiне көмектесу
     
10. Сынақтар тапсыру арқылы           6            2              4
    бақылау сабақтарын өткiзу
     
    Барлығы:                          32           10             22
---------------------------------------------------------------------------
     
                    6. Медициналық даярлық
---------------------------------------------------------------------------
Р/с!       Тақырыптың атауы       !  Барлық  !        Оның ішінде
 N !                              !  сағат   !-----------------------------
   !                              !          !   Дәрiстер   ! Практикалық
   !                              !          !              !   сабақтар
---------------------------------------------------------------------------
1.   Жарақаттанулар, сүйектiң          1             -             1
     шығуы, бас сүйек-ми
     жарақаттары, сынулар кезiнде 
     дәрiгерге дейiнгi көмек 
     көрсету
2.   Қан кету оның түрлерi             1             1             -
     мен белгiлерi. Жараны таңу
     
3.   Атыс қаруынан жаралану            1             1             -
     және басқа да ауыр дене
     жарақаттарын алған кездегi 
     алғашқы медициналық көмек
     
4.   Адамның тiршiлiгi мен             1             1             - 
     өлiмiнiң нышандары
     Барлығы:                          4             3             1
---------------------------------------------------------------------------
     
                         7. Криминалистика
---------------------------------------------------------------------------
Р/с!       Тақырыптың атауы       !  Барлық  !        Оның ішінде
 N !                              !  сағат   !-----------------------------
   !                              !          !   Дәрiстер   ! Практикалық
   !                              !          !              !   сабақтар
---------------------------------------------------------------------------
1.   Оқиға болған жердi қарау          2            2             -
     әдiстемесi, қылмыскерлердiң 
     iздерiн, оның iшiнде
     саусақ iздерiнiң сақталуы
     
2.   Жалған құжат жасау,               1            1             -
     фотосуреттi ауыстыру және
     оларды анықтаудың тәсiлдерi
     
3.   Ауызша суреттелген                1            1             -
     сипаттаманы iздестiру
     мақсатында пайдалану
     
     БАРЛЫҒЫ:                          4            4             1
---------------------------------------------------------------------------
     
     Ескерту:
     - Арнаулы оқу курсын тәмәмдағаны туралы куәлiк жасыл түстi баспалық 
офсеттiк тәсiлмен жасалған, 115 х 75 мм көлемiнде дайындалады. Куәлiктi 
дайындау кезiнде мемлекеттiк рәмiздердi қолдануға тыйым салынады, 
куәлiктердiң саны және қорғалу дәрежесi Қазақстан Республикасының IIМ-мен 
келiсiледi.
     Арнаулы оқу орталығының атауы: ___________________
     __________________________________________________
     Мекен-жайы: ______________________________________
     200 __ жылғы _____________ N _________ лицензияға
     
                          КУӘЛІК
     
     Осы куәлік
     ______________________________________
     __________________ берілді, 200__ жылғы "___"_____
     200__ жылғы "___"_____ дейін _____________________
     ____________________________________________ оқыды
              (арнайы оқу орталығының атауы)
     
     Оқу Орталығы комиссиясының 200__ жылғы "___"_____
     N ______ шешімімен "КҮЗЕТШІ" білігі берілді.
     
     Комиссия төрағасы _______________________________
     Директор ________________________________________
     
     М.о.
     "___"__________ 200__ ж. Тіркеу N _______________
     


      Қару иелерінің бастапқы даярлығы бағдарламасына түсіндірме жазбада, мәтіннің тақырыбында "иелерінің" деген сөзден кейін "және пайдаланушыларының" деген сөздермен толықтырылсын;
      Ойықты және тегiс ұңғылы қару иелерiнiң бастапқы даярлығының (өзiн өзi қорғау үшін) бағдарламасында тақырыбында "иелерiнiң" деген сөзден кейiн "және пайдаланушыларының" деген сөздермен толықтырылсын;
      қару иелерiнiң (газды) бастапқы даярлық бағдарламасында мәтiннiң

тақырыбында "иелерiнiң" деген сөзден кейiн "және пайдаланушыларының" деген 
сөздермен толықтырылсын;
     3. "Қазақстан Республикасында өнiмнiң сәйкестiгiн бақылау туралы" 
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 29 қарашадағы N 1787  

P001787_

  
қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 2000 ж., N 51, 586-құжат):
     көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мiндеттi түрде сертификаттауға 
жататын өнiмдер мен қызмет көрсетулердiң тiзбесi мынадай мазмұндағы 
24-бөліммен толықтырылсын:
              "24. Күзеттiң арнайы техникалық құралдары
---------------------------------------------------------------------------
     СЭҚ ТН коды      !                 Өнімнің атауы
---------------------------------------------------------------------------
          І           !                     ІІ
---------------------------------------------------------------------------
8531 10 100             Қабылдау-бақылау приборлары (бақылау панельдерi,   
                        концентраторлар, бiр-екi шлейфтi қабылдау-бақылау  
                        приборлары) күзет және дабыл сигнализацияларының   
                        шлейфтерiнiң жағдайларын бақылау үшiн.
8531 10 200             Қоңыраулар, сиреналар, басқарудың индикаторлық     
                        панельдерi және iс-әрекетi әртүрлi сипаттағы,      
                        автомобильдерде қолданылатын: инфрақызыл,          
                        радиотолқынды, ультракүлгiн, оптикалық-электронды,
                        сейсмикалық, магниттi-түйiстiргіш, ауқымды,
                        пьезоэлектрлi, акустикалық, вибрациялық,
                        радиолокациялық күзет құлақтандырғыштары.
8531 10 300             Қоңыраулар, сиреналар, басқарудың индикаторлық     
                        панельдерi және iс-әрекетi әртүрлі сипаттағы,      
                        ғимараттарда қолданылатын: инфрақызыл,             
                        радиотолқынды, ультракүлгiн, оптико-электронды,    
                        сейсмикалық, магниттi-контактiлi, ауқымды,         
                        пьезоэлектрлi, акустикалық, вибрациялық,           
                        радиолокациялық күзет құлақтандырғыштары.
8531 10 800             Қоңыраулар, сиреналар, басқарудың индикаторлық     
                        панельдерi және iс-әрекетi әртүрлi сипаттағы,      
                        ғимараттардың сыртында қолданылатын: инфрақызыл,   
                        радиотолқынды, ультракүлгiн, оптикалық-электронды,
                        сейсмикалық, магниттi-түйiстiргiш, ауқымды,
                        пьезоэлектрлi, акустикалық, вибрациялық,
                        радиолокациялық күзет құлақтандырғыштары.
     
8537 10 990             Хабарламаларды беру құралдары (орталықтандырылған  
                        бақылау пульттерi, автоматтандырылған, күзет       
                        жүйесiнiң ақпараттық-басқару, физикалық, талшықты
                        оптикалық және радиорелелiк байланыс желiлерi      
                        бойынша мәлiметтер беру; күзеттiң радио жүйесi).
8538 10 000             Панельдер, күзетілетiн объектiлер мен
                        пәтерлердiң жай-күйiн бақылайтын пульттер,
                        бiрақ тиiстi аппаратурамен жинақталмаған.
---------------------------------------------------------------------------
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.