"Күзет қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 5 сәуір N 407

Жаңартылған

      "Күзет қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған күзет қызметі субъектілері жұмыскерлерінің пайдалануына арналған арнаулы құралдардың тізбесі бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.06.2015 № 454 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.07.01 № 751 (2012.01.22 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      3. Жеке күзет ұйымының қызметкерлері санының мынадай нормативтері:
      1) стационарлық объектілерді күзету кезінде:
      бір тәуліктік күзет постына 4,5 күзетшісі аспайтын штат бірліктен;
      он екі сағаттық бір күзет постына 2,25-тен аспайтын штат күзет бірлігі;
      сегіз сағаттық бір күзет постына 1,5-тен аспайтын штат күзет бірлігі;
      күзетілетін объектілерден түсетін шақыруларға қызмет көрсететін жеке күзет ұйымының бір тәуліктік ұтқыр тобына (жедел ден қою тобына) 13,5-тен аспайтын штат күзет бірлігі;
      2) магистральдық құбырларды күзету кезінде:
      айланып өтетін жолдарды, жер бедерінің күрделілігін, трасса жолының бойын, елді мекендерден алыстықты, желілік бөлігін техникалық құралдармен қорғауды, ауданға төнетін қауіп пен криминалдық қауіп-қатерді талдауды ескере отырып, магистральдық мұнай құбырының желілік бөлігінің 40 - 80 километріне бір тәуліктік ұтқыр топ;
      күзетілетін магистральді газ құбырының желілік бөлігі трассасының 100 - 160 километріне бір тәуліктік ұтқыр топ бекітілсін;
      3) темір жол және автомобиль көлігімен тасымалданатын жүктерді күзету кезінде күзетшілердің саны стационарлық объектілерді күзету үшін орнатылған нормативтер шегінде шарт талаптарымен белгіленеді.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.10.13 N 1589 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен, өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2011.07.01 № 751 (2012.01.22 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
     4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2002 жылғы 5 сәуірдегі
№ 407 қаулысымен   
бекітілген     

Күзет қызметі субъектілері жұмыскерлерінің пайдалануына арналған арнаулы құралдардың тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.06.2015 № 454 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Резеңке таяқшалар.
      2. Инкассация мен құндылықтарды тасымалдауға арналған броньды машиналар.
      3. 1 - 5-қорғау сыныптарындағы қорғау кеудешелері.
      4. 1 - 3-қорғау сыныптарындағы қорғау шлемдері.
      5. Қол кісендері.
      6. Қаруларды, жарылғыш заттар мен құрылғыларды анықтайтын детекторлар.
      7. Радиоактивті, химиялық және өзге де улағыш заттарды анықтайтын детекторлар.
      8. Күзет, дабыл сигнализациясы жүйелері.
      9. Өтуді бақылау жүйесі.
      10. Қосарлы қолданылатын техникаға жатпайтын телевизиялық бейнебақылау және бейнекүзет жүйелері.
      11. Хабар беру, оның ішінде радиоарналар арқылы хабар беру жүйелері.
      Ескертпелер:
      1. Резеңке таяқшаларды қолдану кезінде олармен құқық бұзушылардың басына, мойнына және бұғана тұсына, іші мен жыныс органдарына соққы беруге тыйым салынады.
      2. Тізбе жеке күзет ұйымдарына ғана қолданылады.

Қазақстан Республикасы          
Үкiметiнiң                 
2002 жылғы 5 сәуiрдегi         
N 407 қаулысымен            
бекiтiлген               

Күзетші құжатының нысаны мен үлгісі

      Ескерту. Нысан мен үлгі алып тасталды - ҚР Үкіметінің 17.06.2015 № 454 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2002 жылғы 5 сәуірдегі
N 407 қаулысымен   
бекітілген     

Жеке күзет ұйымдарының басшыларын және күзетшілерін мамандандырылған оқу орталықтарында арнайы даярлау мазмұны, бағдарламасы және біліктілік талаптары

      Ескерту. Біліктілік талаптары алып тасталды - ҚР Үкіметінің 17.06.2015 № 454 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қазақстан Республикасы     
Үкiметiнiң          
2002 жылғы 5 сәуiрдегi     
N 407 қаулысымен         
бекiтiлген            

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
енгізiлетiн өзгертулер және толықтырулар 

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.08.10. N 686 (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. "Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы "Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 3 тамыздағы N 1176 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы 2000 ж., N 32-33, 399-құжат): 
      1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесiне: 
      көрсетiлген Ережеге 1-қосымша алынып тасталсын; 
      көрсетiлген Ережеге 4-қосымша мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Күзет қызметi субъектiлерiнiң қызметкерлерi пайдаланатын азаматтық және қызметтiк қарулардың және оларға патрондардың үлгiлерi, моделдерi және саны 
      1. Жеке күзетшiлердiң, жеке күзет ұйымдары, жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалардың күзет бөлiмшелерi, мемлекеттiк органдардың ведомстволық күзет бөлiмшелерi қызметкерлерiнiң қару-жарағы. 
      Жеке күзетшiлер, жеке күзет ұйымдарының, жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар күзет бөлiмшелерiнiң, мемлекеттiк органдар ведомстволық күзет бөлiмшелерiнiң қызметкерлерi 1 постыға 1 қару бiрлiгi есебiнен қаруланады. 
      Сыртқы постыдағы күзетшi ұзын ұңғылы тегiс ұңғылы оқпен атылатын қарумен қаруланады. 
      Iшкi постыдағы күзетшi қысқа ұңғылы тегiс ұңғылы оқпен атылатын қарумен қаруланады. 
      Күзеттiң барлық түрлерi үшiн қарудың резервi - әр 10 бiрлiкке қарулануда бар 1 қару бiрлiгi. 
      Тегiс ұңғылы қаруға арналған патрондар N 7, 8 бытырамен оқталады немесе азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкілеттi орталық атқарушы органының нормаларына сәйкес келетiн жарақаттық әрекеттегi патрондар пайдаланылуы мүмкiн. 
      Ауысымға шыққан жеке құрамға әр қару бiрлiгiне 10 патроннан берiледi. 
      2. Жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалардың өндiру, қайта өңдеу, сақтау және тасымалдау процесiнде қымбат бағалы металлдар мен алмастардың сақталуы, темiр жол және әуе көлiгiн бағалы және қауiптi жүктердi тасымалдау кезiнде, электр станцияларын, жылу электр орталықтарын және электр беру желiлерiн, жарылғыш және улы заттар, радиоактивтi материалдар қоймаларын (сақтау орны), мемлекеттiк материалды резервтер қоймаларын (сақтау орны) күзету жөнiндегi мiндеттердi орындайтын күзет бөлiмшелерi қызметкерлерiнiң қару-жарағы.

                 Қару-жарақтың нормалары

--------------------------------------------------------------------
  Күзет бөлiмшесiнiң қызметкерлерi      !         Қарудың түрі
                                        !---------------------------
                                        !  винтовка,  !  тапанша,
                                        !  карабин    !  револьвер
--------------------------------------------------------------------
Аумақтық бөлiмнiң, бiрiктiрiлген              -               1
жасақтың, күзет бөлiмшесiнiң жеке
командасының, жасақтың бастығы
(аталған басшылардың орынбасарлары), 
жасақтың құрамындағы команданың бастығы 

Топ бастығы, бөлiмше командирi                -               1
(қарауыл бастығының мiндеттерiн
атқаруы кезiнде)

Өткiзу бюросының бастығы                      -               1
Iшкi постыдағы немесе бақылау-өткiзу          -               1
пунктiндегi күзетшi

Сыртқы постыдағы күзетшi                      1               -

Қызмет иттерiн жетектеушi,                    -               1
патрульдiк-iздестiру иттерiн жолға
салушы
--------------------------------------------------------------------
 

               Қару-жараққа патрондардың нормалары
--------------------------------------------------------------------
Қарудың     !   Қарауылға  !   Қару      !     Патрондарды бiр жылда
түрi        !    нарядқа   ! бiрлiгiне   !            жұмсау
            ! тұрған күзет !патрондардың !--------------------------
            ! бөлiмшесiнiң !азайтылмайтын!  1 қызметкерге  ! 1 ұңғы
            ! жеке құрамы  !   қоры      !   оқу мақсаты   ! қарудың
            !  қамтамасыз  !             !      үшін       ! атылуын
            !    етiледi   !             !                 !тексеру
            !              !             !                 ! үшiн
--------------------------------------------------------------------
Винтовкаға      15 патрон       60              10                8
(1938/44 ж.ж.   (оқпанда)
үлгiдегi
карабин    

Тапаншаға       2 магазинде     32              12                8
                16 патрон
 
  Револьверге     14 патрон       28              12                8
                (қорапта)   
--------------------------------------------------------------------

      Ескерту:
      1. Қарудың атылуын тексеруге көзделген патрондарды басқа мақсаттарға жұмсауға тыйым салынады.
      2. Қарудың атылуын тексерудi жүргiзудiң қажеттiгiн жылына екi рет ведомстволық күзет бөлiмшесiнiң бастығы белгiлейдi. 
      3. Тегiс ұңғылы мылтықтарға арналған патрондар N 7, 8 бытырамен оқталады. 
      4. Күзеттiң барлық түрлерi үшiн қарудың резервi - әр 10 бiрлiкке қарулануда бар 1 бiрлiк. 
      5. Оқу мақсаттары мен жаттығулық атуларды өткiзу үшiн командаға (отрядқа) 2 оқу винтовкасына, 2 шағын калибрлi винтовкаға және 2 шағын калибрлi тапаншаға рұқсат етiледi. 
      6. Қазақстан Республикасының екiншi дәрежелi банк мекемелерiнiң мамандандырылған күзет бөлiмшелерi қызметкерлерiнiң қару-жарағы.
      Екiншi дәрежелi банк мекемелерiнiң күзетiн жүзеге асыратын, күзет бөлiмшелерiнiң қызметкерлерi әр қызметкерге 1 қару бiрлiгi есебiнен қаруланады.
      Сыртқы постыдағы қызметкерлер ойықты оқпен атылатын қарумен (карабин, винтовка) қаруланады.
      Iшкi постыдағы қызметкерлер қысқа ұңғылы ойықты оқпен атылатын қарумен (тапанша, револьвер) қаруланады. 

                     Қару-жарақтың нормалары 

--------------------------------------------------------------------
Р/с!      Екiншi дәрежелi банк күзет      !          Қарудың түрі
NN !     бөлiмшелерiнiң қызметкерлерi     !-------------------------
   !                                      !  винтовка,   ! тапанша,
   !                                      !  карабин     ! револьвер
--------------------------------------------------------------------
1.   Бөлiмшенiң бастығы                        -                1
2.   Бөлiмше бастығының орынбасары             -                1
3.   Бөлiмше командирi                         -                1
4.   Iшкi постыдағы немесе бақылау-өткiзу      -                1
     пунктiндегi қызметкер
5.   Сыртқы постыдағы қызметкер              
6.   Бағалы заттарды тасымалдауға              1                1
     арналған арнайы автокөлiктердiң
     жүргiзушiсi
--------------------------------------------------------------------

                   Қаруға патрондардың нормалары
--------------------------------------------------------------------
Р/с! Қарудың!   Қарауылға  !   Қару      !     Патрондарды бiр жылда
NN ! түрлері!    нарядқа   ! бiрлiгiне   !            жұмсау
   !        ! тұрған екінші!патрондардың !--------------------------
   !        ! дәрежелі банк!азайтылмайтын! 1 қызметкерге ! 1 ұңғы
   !        ! күзет бөлім. !   қоры      ! оқу мақсаты   ! қарудың
   !        ! шесінің жеке !             !    үшін       ! атылуын
   !        ! құрамы қам.  !             !               ! тексеру
   !        !тамасыз етіледі             !               !   үшiн
--------------------------------------------------------------------
1  Винтовкаға    15 патрон       60              10                8
   (1938/44 ж.ж. (оқпанда)
   үлгiдегi
   карабин)    
2  Тапаншаға     2 магазинде     32              12                8
                 16 патрон

3  Револьверге   14 патрон       28              12                8
                 (қорапта)   
--------------------------------------------------------------------
      Ескертулер:
 

      1. Қарудың атылуын тексеруге көзделген патрондарды басқа мақсаттарға жұмсауға тыйым салынады.
 

      2. Қарудың атылуын тексерудi жүргiзудiң қажеттiгiн жылына екi рет екiншi дәрежелi банк күзет бөлiмшесiнiң бастығы белгiлейдi. 
 

      3. Күзеттiң барлық түрi үшiн қарудың резервi - әр 10 бiрлiкке қарулануда бар 1 бiрлiк. 
 

      4. Оқу мақсаттары мен жаттығулық атуларды өткiзу үшiн жасаққа 2 оқу винтовкасына, 2 шағын калибрлi винтовкаға және 2 шағын калибрлi тапаншаға рұқсат етiледi; 
 

      2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген "Қару иелерi мен пайдаланушыларының бастапқы даярлығын ұйымдастырудың ережесiнде": 
      "Қару иелерi мен пайдаланушыларының даярлаудың оқу жоспарына түсiндiрмелер" және "Оқу жоспары" деген бөлiмдерi мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Күзетшiлердi мамандандырылған оқу орталықтарында арнайы даярлау жөнiндегi бағдарлама, оның мазмұны мен біліктiлiк талаптары 
      Күзет қызметкерлерiн даярлаудың және қайта даярлаудың мақсаты олардың қызметтік мiндеттердi орындауы үшiн қажетті теориялық бiлiм мен практикалық дағдылар алуы болып табылады. 
      Оқу орнының педагогикалық ұжымына жергiлiктi жағдайларға қарай осы Арнайы курстың бағдарламасы шеңберiнде тақырыптық жоспарлар мен тақырыптардың мазмұнын жасау, теориялық және практикалық сабақтардың арасындағы оқу сағаттарының ара қатынасын өзгерту құқығы берiледi. 
      Бiр оқыту курсының ұзақтығы күзетшiнi арнаулы даярлау үшiн 96 оқу сағаты және күзетшiнi қайта даярлау үшiн 36 оқу сағаты. Күзетшiнi қайта даярлау жыл сайын лауазымдағы үзiлiссiз жұмыс стажы жағдайында және жұмысқа жаңадан қабылдау кезiнде жүргiзiледi. 
      Күзетшiнi даярлау және қайта даярлау жөнiндегi курс аяқталғаннан кейiн оқу орынында өтiлген тақырыптар бойынша емтихандар алынады. Емтихандарды күзет қызметiнiң барлық субъектiлерiнiң бiрыңғай есебiн жүргiзудi жүзеге асыратын бөлiмшенiң уәкiлеттi органының өкiлi төрағасы болып табылатын құрамында кемiнде 3 адам бар комиссия өткiзедi. Күзетшiнiң емтиханды қайталап тапсыруын комиссия бастапқы емтихан тапсырудан кейiн кемiнде екi аптадан соң өткiзуi мүмкiн. 
      Емтихандарды жақсы тапсырған адамдарға оқу орнының басшысы мен емтихандық комиссияның барлық мүшелерi қол қойған оқу орнының өткiзiлген оқыту курсы туралы куәлiгi берiледi. Комиссия мүшесiнiң қолының болмауы берiлген оқу курсын бiтiргенi туралы куәлiктiң жарамсыздығына әкеп соғады. 
      Күзетшiнi оқыту арнаулы курсының бағдарламасына мынадай пәндер: 
      - құқықтық бiлiмдердiң негiзi - 10 сағат; 
      - қызметтiк даярлау - 16 сағат; 
      - арнаулы техника мен байланыстың негiздерi - 4 сағат; 
      - криминалистика - 4 сағат; 
      - оқ ату даярлығы - 26 сағат; 
      - арнаулы дене шынықтыру даярлығы - 32 сағат; 
      - медициналық даярлық - 4 сағат, кiруi тиiс. 
      Күзетшiлердi даярлау және қайта даярлау жөнiндегi оқу орындарына қойылатын бiлiктiлiк талаптары, сондай-ақ мынадай негiзгi талаптарға жауап беретiн тиiстi оқу-материалдық базасының болуы:
     - тиiстi санитарлық нормаларға сай сабақтарды жүргiзуге арналған үй-жайлардың болуы;
     - оқыту бағдарламасында көзделген арнаулы және техникалық құралдардың болуы;
     - оқ ату даярлығы жөнiндегi сабақтарды өткiзу үшiн арнайы жабдықталған атыс тирiнiң болуы;
     - оқытылатын пәнге сәйкес бiлiктiлiгi мен бiлiм беру деңгейi бар оқытушылар құрамының болуы болып табылады. 

      Күзет қызметi субъектiлерiнiң қызметкерлерiн арнайы
                даярлаудың оқу жоспары
--------------------------------------------------------------------
Р/с!     Бөлiмнiң атауы       !  Барлық  !        Олардың iшiнде
N  !                          !  сағат   !--------------------------
   !                          !          !  Дәрiстер   ! Практикалық
   !                          !          !             ! сабақтар
--------------------------------------------------------------------
1.  Қылмыстық-құқықтық             10            10               -
    бiлiм негiздерi
2.  Қызметтiк (кәсiби даярлық)     16            12               4
3.  Арнаулы техника мен            4             3                1
    байланыс құралдарының
    негiздерi     
4.  Оқ ату даярлығы                26            10               16
5.  Арнайы дене шынықтыру          32            10               22
    даярлығы     
6.  Медициналық даярлық            4             3                1
7.  Криминалистика                 4             3                1
    Жиыны:                         96            51               45
--------------------------------------------------------------------

                       1. Құқықтық бiлiм негiздерi
--------------------------------------------------------------------
Р/с!   Тақырыптың атауы       !  Барлық  !        Оның ішінде    
N  !                          !  сағат   !--------------------------
   !                          !          ! Дәрiстер   !  Практикалық
   !                          !          !            !    сабақтар
--------------------------------------------------------------------
1.   Қылмыс, қылмыстың құрамы      2             2                -
     ұғымы.
     Қылмыстық жаза және оның
     мақсаттары ұғымы
2.   Қажеттi қорғаныс.             2             2                -
     Қастандық жасаған адамды 
     ұстау.
     Аса қажеттiлiк     

3.   Әкiмшiлiк тәртiп              2             2                -
     бұзушылық ұғымы. 
     Әкiмшiлiк жауапкершiлiк 
     және оның негiздерi 

4.   Қаруды қолданудың             2             2                -
     құқықтық негiздерi

5.   Жеке күзет қызметтерi         2             2                -
     қызметшiлерiнiң 
     өкiлеттiктерiн асыра 
     пайдалануы 

     БАРЛЫҒЫ:                      10            10               -
--------------------------------------------------------------------

                         2. Қызметтiк дайындық
--------------------------------------------------------------------
Р/с!   Тақырыптың атауы       !  Барлық  !        Оның ішінде    
N  !                          !  сағат   !--------------------------
   !                          !          !  Дәрiстер   ! Практикалық
   !                          !          !             ! сабақтар
--------------------------------------------------------------------
 

1.  Мемлекеттiк емес күзет         1             1                -
    қызметiн ұйымдастыру,
    оның мiндеттерi мен
    негiзгi бағыттары
 
 

  2.  Күзет қызметкерлерiнiң         2             2                -
    құқықтары мен мiндеттерi.
    Күзет қызметкерлерiнiң
    құқықтық жағдайы,
    әлеуметтiк қорғалуы мен
    жауапкершiлiгi

3.  Күзетiлетiн объектiлердегi     2             -                2
    өткiзу және объект 
    iшiндегi режимдi 
    ұйымдастыру мен жүзеге 
    асыру. Қарау жүргiзудiң 
    негiздерi мен тәртiбi

4.  Күзет қызметкерлерiнiң         2             2                -
    өрт шыққан жағдайдағы
    iс-қимылдары. Құтқару
    қызметтерiн шақыру және
    оларды объектiге кiргiзу
    тәртiбi. Өрт сөндiрудiң
    бастапқы құралдарын
    қолдану жұмысы 

5.  Тұрақты күзетілетiн            2             -                2
    объектiлерде қызмет
    өткерудiң тәртiбi 

6.  Қызметтi ұйымдастыру           2             2                -
    және оны өткерудiң
    негiздерi: а) банктерде
    және басқа да зор
    материалдық құндылықтар
    сақталатын орындарда; 
    б) сауда мекемелерiнде     

7.  Оқиға болған жердi             2             2                -
    күзетудi ұйымдастыру.
    Iздердi және заттай
    айғақтарды сақтау

8.  Ерекше жағдайлар.              2             2                -
    Жағдайға баға беру
    психологиясы. Ерекше
    жағдайдың дамуын болжау.
    Өзiн-өзi ұстай бiлу. 

9.  Кәсiптiк мәдениет пен          1             1                -
    әдеп

    БАРЛЫҒЫ:                       16            12               4
--------------------------------------------------------------------

           3. Арнаулы техника мен байланыс құралдарының
                           негiздерi
--------------------------------------------------------------------
Р/с!       Тақырыптың атауы       !  Барлық  !        Оның ішінде
N  !                              !  сағат   !----------------------
   !                              !          ! Дәрiстер !Практикалық
   !                              !          !          !сабақтар
--------------------------------------------------------------------
 

1.  Қазiргi заманғы белгi беру         1            1              -
    құралдарының мақсаты, оларды
    объектiлерде орналастыру 
    орындары.
    Бөгде адамдар енген жағдайда 
    iске қосылуының белгiлерi     

2.  ОБП және дербес белгi беру         1            1              -
    құралдары арқылы объектiлердiң 
    күзетiлуiн ұйымдастыру 
    ерекшелiктерi.
    Көп шептi белгi беру
    құралдарын құру арқылы аса
    маңызды объектiлердi қорғау
    қағидаттары 

3.  Күзетте қолданылатын сымды         1            1              -
    және радиобайланыс құралдары

4.  Күзет-өрт дабылы                   1            1              1
    құралдарының объектiлер
    күзетiн қамтамасыз етудегi
    рөлi мен маңызы     

    БАРЛЫҒЫ:                           4            3              1
--------------------------------------------------------------------
 

                            4. Атыс дайындығы
--------------------------------------------------------------------
Р/с!       Тақырыптың атауы       !  Барлық  !     Оның ішінде
N  !                              !  сағат   !----------------------
   !                              !          ! Дәрiстер !Практикалық
   !                              !          !          !сабақтар
--------------------------------------------------------------------
 

1.   Атыс негiздерi. Баллистика        2            2              -

2.   Қару мен арнайы құралдарды        4            4              -
     қолданудың құқықты негiздерi 
     мен тәртiбi

3.   Ойықты, тегiс ұңғылы және         4            2              -
     газды қарудың мақсаты,
     ұрыстағы қасиетi, құрылысы     

4.   Атыс қаруының (ойықты,            4            -              2
     тегiс ұңғылы, газды)
     материалдық бөлiгi

5.   Атыс жүргiзу кезiндегi            2            -              4
     қаруды қауiпсiз қолдану
     ережелерi 

6.   Қарудан оқ ату тәсiлдерi          2            -              2
     мен ережелерi

7.   Ойықты, тегiс ұңғылы              2            -              2
     және газды қаруды ұстау
     кезiндегi қауiпсiздiк
     шаралары 

8.   Тапаншадан, автоматтан            2            -              2
     және винчестерден оқ
     атуға арналған жаттығуларды 
     орындау тәртiбi     

9.   Ойықты, тегiс ұңғылы              -            -              -
     және газды қаруды теориялық 
     жағынан және оның материалдық
     базасын бiлу жөнiндегi сынақ 

10.  Практикалық атыстар               4            -              4
 
       БАРЛЫҒЫ:                          26           10            16
--------------------------------------------------------------------
 

            5. Арнаулы дене шынықтыру даярлығы
--------------------------------------------------------------------
Р/с!       Тақырыптың атауы       !  Барлық  !     Оның ішінде
N  !                              !  сағат   !----------------------
   !                              !          ! Дәрiстер !Практикалық
   !                              !          !          !сабақтар
--------------------------------------------------------------------
 

1.  Қоян-қолтық ұрыс тәсiлдерiн,       2            2              -
    белсендi қорғаныс құралдары 
    мен кiсендердi қолданудың 
    құқықтық негiздерi 

2.  Күзет қызметтерi қызметкерлер.     4            2              2
    iнiң қоян-қолтық ұрыс 
    тәсiлдерiн, белсендi қорғаныс 
    құралдарын, кiсендердi    
    қызметтiк iстер қолдануының 
    негiздерi     

3.  Қоян-қолтық ұрыс тәсiлдерiн        2            2              -
    қолданушы қызметкерлердiң 
    құқықтары мен жауапкершiлiгi 

4.  Сырттай қарау амалдары.            4            2              2
    Қауiпсiздiк шаралары 

5.  Қоян-қолтық ұрыс элементтерi       4            -              4
    бар соққылар және ондай 
    соққылардан қорғану. 
    Резеңке таяқпен соғу және 
    қорғану     

6.  Әртүрлi қапсырып-құшақтап          2            -              2
    ұстаулардан босау

7.  Қаруланған адамның суық            4            -              4
    қарумен немесе қару ретiнде 
    пайдаланылатын басқа да 
    заттармен соққы беруiнен 
    қорғану 

8.  Қарумен қауiп төндiруден          4            -              4
    және қаруды алып қою
    әрекетiнен қорғану,
    қылмыскерлердi қауiпсiздендiру     

9.  Қылмыскерлердiң босатылуы,        6            2              4
    оларды ұстау және қуалау 
    кезiнде әріптесiне көмектесу

10. Сынақтар тапсыру арқылы           6            2              4
    бақылау сабақтарын өткiзу

    Барлығы:                          32           10             22
--------------------------------------------------------------------
 

                     6. Медициналық даярлық
--------------------------------------------------------------------
Р/с!       Тақырыптың атауы       !  Барлық  !        Оның ішінде
N  !                              !  сағат   !----------------------
   !                              !          ! Дәрiстер !Практикалық
   !                              !          !          !сабақтар
--------------------------------------------------------------------
 

1.   Жарақаттанулар, сүйектiң          1          -             1
     шығуы, бас сүйек-ми
     жарақаттары, сынулар кезiнде 
     дәрiгерге дейiнгi көмек 
     көрсету 

2.   Қан кету оның түрлерi             1          1             -
     мен белгiлерi. Жараны таңу     

3.   Атыс қаруынан жаралану            1          1             -
     және басқа да ауыр дене
     жарақаттарын алған кездегi 
     алғашқы медициналық көмек     

4.   Адамның тiршiлiгi мен             1          1             - 
     өлiмiнiң нышандары

     Барлығы:                          4          3             1
--------------------------------------------------------------------

                          7. Криминалистика
--------------------------------------------------------------------
Р/с!       Тақырыптың атауы       !  Барлық  !    Оның ішінде
N  !                              !  сағат   !----------------------
   !                              !          !Дәрiстер  !Практикалық
   !                              !          !          !сабақтар
--------------------------------------------------------------------
 

1.   Оқиға болған жердi қарау          2         2             -
     әдiстемесi, қылмыскерлердiң 
     iздерiн, оның iшiнде
     саусақ iздерiнiң сақталуы     

2.   Жалған құжат жасау,               1         1             -
     фотосуреттi ауыстыру және
     оларды анықтаудың тәсiлдерi

3.   Ауызша суреттелген                1         1             -
     сипаттаманы iздестiру
     мақсатында пайдалану

     БАРЛЫҒЫ:                          4         4             1
--------------------------------------------------------------------
     Ескерту:
     - Арнаулы оқу курсын тәмәмдағаны туралы куәлiк жасыл түстi баспалық офсеттiк тәсiлмен жасалған, 115 х 75 мм көлемiнде дайындалады. Куәлiктi дайындау кезiнде мемлекеттiк рәмiздердi қолдануға тыйым салынады, куәлiктердiң саны және қорғалу дәрежесi Қазақстан Республикасының IIМ-мен келiсiледi.

     Арнаулы оқу орталығының атауы: ___________________
     __________________________________________________
     Мекен-жайы: ______________________________________
     200 __ жылғы _____________ N _________ лицензияға
 

                                 КУӘЛІК02  

         Осы куәлік
     ______________________________________
     __________________ берілді, 200__ жылғы "___"_____
     200__ жылғы "___"_____ дейін _____________________
     ____________________________________________ оқыды
              (арнайы оқу орталығының атауы)

     Оқу Орталығы комиссиясының 200__ жылғы "___"_____
     N ______ шешімімен "КҮЗЕТШІ" білігі берілді.

     Комиссия төрағасы _______________________________
     Директор ________________________________________

     М.о.
     "___"__________ 200__ ж. Тіркеу N _______________
 
        Қару иелерінің бастапқы даярлығы бағдарламасына түсіндірме жазбада, мәтіннің тақырыбында "иелерінің" деген сөзден кейін "және пайдаланушыларының" деген сөздермен толықтырылсын; 
      Ойықты және тегiс ұңғылы қару иелерiнiң бастапқы даярлығының (өзiн өзi қорғау үшін) бағдарламасында тақырыбында "иелерiнiң" деген сөзден кейiн "және пайдаланушыларының" деген сөздермен толықтырылсын; 
      қару иелерiнiң (газды) бастапқы даярлық бағдарламасында мәтiннiң тақырыбында "иелерiнiң" деген сөзден кейiн "және пайдаланушыларының" деген сөздермен толықтырылсын;
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.04.20 N 367 Қаулысымен.