Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 5 ақпан N 165

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. <*>
      Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.09.20. N 1042
қаулысымен .
      Ескерту. 1-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2004.01.21. N 62 қаулысымен .
      2. Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі міндетінен босатылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 5 қарашадағы N 1661  қаулысына:
      1-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Қаржы министрі" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы N 1566
қаулысына :
      1-тармақ алынып тасталсын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.    

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі