Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 5 ақпан N 165

Жаңартылған
      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Павлов Александр Сергеевич Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі болып тағайындалсын. <*>
      Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.09.20. N 1042 P021042_
               қаулысымен.
      2. Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі міндетінен босатылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің

1999 жылғы 5 қарашадағы N 1661  

P991661_

  қаулысына:
     1-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Қаржы министрі" деген сөздер 
"Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрі" деген сөздермен 
ауыстырылсын;
     2) "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасындағы Қазақстан 
Республикасы Үкіметінің өкілдері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
2001 жылғы 4 желтоқсандағы N 1566  

P011566_

  қаулысына:
     1-тармақ алынып тасталсын.
     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.