Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 20 қыркүйек N 1042

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1.<*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 02 шілдедегі N 643 қаулысымен.
      2. Мәжит Төлеубекұлы Есенбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі міндетінен босатылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 5 ақпандағы N 165 қаулысына:
     1-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары" деген сөздермен ауыстырылсын;
     2) "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 5 қарашадағы N 1661 қаулысына:
     1-тармақ алынып тасталсын.
     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі