Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 5 ақпан N 165

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Павлов Александр Сергеевич Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі болып тағайындалсын.
      2. Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі міндетінен босатылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің

1999 жылғы 5 қарашадағы N 1661  

P991661_

  қаулысына:
     1-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Қаржы министрі" деген сөздер 
"Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрі" деген сөздермен 
ауыстырылсын;
     2) "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасындағы Қазақстан 
Республикасы Үкіметінің өкілдері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
2001 жылғы 4 желтоқсандағы N 1566  

P011566_

  қаулысына:
     1-тармақ алынып тасталсын.
     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.