"Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу ережесi бекiтiлсiн.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:
бiр айлық мерзiмде жергiлiктi өкiлдi органдармен келiсiм бойынша Учаскелік комиссиялар туралы ереженi әзiрлесiн және бекiтсiн;
атаулы әлеуметтiк көмектi алу үшiн өтiнiш берушiнiң отбасының құрамы туралы мәлiметтi куәландыратын уәкiлеттi органды белгiленген тәртiппен анықтасын;
өтiнiш берушiлердің атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындату үшiн ұсынатын құжаттарын тегiн куәландыруды белгіленген тәртiппен қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күшi қосымшаға сәйкес жойылды деп танылсын.
Мемлекеттiк атаулы әлеуметтік көмектi тағайындау және төлеу ережесi
Осы Ереже "Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес (бұдан әрi - Заң) мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi (бұдан әрi - атаулы әлеуметтiк көмек) тағайындау және төлеу тәртiбiн белгiлейдi.
2. Атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау тәртiбi
Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізіледі - ҚР Үкіметінің 2007.04.30. N 352 (2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
4. Атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындату үшiн өтiнiш иесi өз атынан немесе отбасының атынан тұрғылықты жерiндегi уәкiлеттi органға немесе ол болмаған ретте кент, ауыл (село) әкiмiне барып, осы Ереженiң 1-4-қосымшаларына сәйкес белгiленген үлгiдегi өтiнiш және басқа да құжаттар бланкiлерiн (бұдан әрi - құжаттар) тегiн алады.
Құжаттарды өтiнiш берушінің өзi толтырады және жеке басының куәлiгi мен әлеуметтiк жеке код (ӘЖК) берiлгендiгi туралы куәлiгiн көрсете отырып, оларды уәкiлеттi органға немесе кент, ауыл (село) әкiмiне тапсырады.
Осы Ережеде көзделмеген басқа құжаттарды ұсынуды талап етуге жол берiлмейдi.
5. Уәкiлеттi орган немесе кент, ауыл (село) әкiмi құжаттарды тiркейдi және өтiнiш иесiне құжаттарды қабылдағаны туралы осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес растау қағазын бередi.
Уәкiлетті орган немесе кент, ауыл (село) әкiмi құжаттарды қабылдағаннан кейiн учаскелiк комиссияларға атаулы әлеуметтiк көмек беру қажеттiгi туралы қорытындылар дайындауды және қажет болған ретте өтiнiш берушiлер мен олардың отбасыларының материалдық жағдайына тексеру жүргiзудi тапсырады.
Учаскелiк комиссиялар атаулы әлеуметтiк көмек беру қажеттiгi туралы қорытындыны (бұдан әрi - қорытынды) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi бекiтетiн нысан бойынша дайындайды, қажет болған ретте уәкiлетті орган немесе кент, ауыл (село) әкiмi тапсырған күннен бастап бес күн мерзiмде өтiнiш берушiлер мен олардың отбасыларының материалдық жағдайына тексеру жүргiзедi және қорытындыны уәкiлетті органға немесе кент, ауыл (село) әкiмiне бередi.
6. Кент, ауыл (село) әкiмi өтiнiш берушiлерден құжаттарды қабылдап алған күннен бастап жиырма күннен кешiктiрмей, өтiнiш берушiлердің құжаттарын учаскелiк комиссиялардың қорытындыларымен қоса уәкiлеттi органға тапсырады. <*>
Уәкiлеттi орган кент, ауыл (село) әкiмiнен алған өтiнiш берушiлердiң құжаттарын тiркейдi.
Ескерту. 6-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.12.29 N 1440
қаулысымен.
7. Уәкiлеттi орган құжаттарды өтiнiш берушiден немесе кент, ауыл (село) әкiмiнен қабылдап алған күннен бастап он күн iшiнде оларды қарайды және атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешiмдi облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi бекiтетiн нысан бойынша шығарады, бұл туралы өтiнiш берушiге жазбаша хабарлайды, бас тартқан жағдайда оның себебiн көрсетедi.
Атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау туралы немесе одан бас тарту туралы шешiмге уәкiлеттi органның басшысы немесе оның мiндетiн атқарушы адам қол қояды.
Адамның (отбасының) атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындатуға өтiнiш берген тоқсанның алдындағы тоқсан iшiндегi жиынтық табысын уәкiлеттi орган халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз ететiн орталық атқарушы орган белгiлеген тәртiппен есептейдi.
8. Атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау оны алуға өтiнiш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанның соңына дейiнгi мерзiмге жүзеге асырылады.
Өтiнiш берген ай деп құжаттарын қосып өтiнiш берген ай есептеледi.
Қаражат жетiспеген кезде атаулы әлеуметтiк көмек өтiнiш тiркелген хронологиялық тәртiппен берiледi.
9. Атаулы әлеуметтiк көмектің айлық мөлшерiн уәкiлеттi орган отбасының әрбiр мүшесi бойынша немесе адамға жан басына шаққанда орташа табысы мен облыстарда, Астана және Алматы қалаларында белгiленген кедейлiк шегi арасындағы айырма түрiнде есептейдi.
10. Атаулы әлеуметтiк көмектi төлеу алушының таңдауы бойынша екiншi деңгейдегi банк арқылы, өзi таңдаған екiншi деңгейдегі банктегi немесе банк операцияларының тиiстi түрiне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйымдағы жеке шотының деректерiн көрсете отырып берген өтiнiшi негiзiнде жүзеге асырылады.
Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгізіледі - ҚР Үкіметінің 2007.04.30.
N 352
(2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
______________________________________
(тұрғылықты жерi, облыстық, аудандық)
Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау жөнiндегi уәкiлетті органға
______________________________________
(тұрғылықты жері, ауданы)
______________________________________
(көшесi, үй және пәтер N, телефоны)
мекен-жайы бойынша тұратын
______________________________________
(Өтінiш иесiнiң аты, әкесінiң аты, тегi)
жеке куәлiгiнiң N ________________
_________________ берген
берiлген күнi ________________________
ӘЖК N ________________________
Қызмет түрі __________________
ӨТIНIШ
Менiң отбасыма атаулы әлеуметтiк көмек тағайындауыңызды өтiнемiн.
Менiң отбасым _____________ адамнан тұрады.
Өтінішке белгіленген үлгідегi құжаттарды ұсынамын - 3 данада 2-4 қосымшалар.
Өзгерiстер пайда болған жағдайда олар туралы 15 күн ішінде хабарлауға мiндеттенемiн.
Жалған ақпарат және расталмаған (жасанды) құжаттарды ұсынғаны үшін жауапқа тартылатыным туралы ескертiлдім.
200 __ ж. "___"_____________ _____________________
(өтiнiш иесінiң қолы)
Құжаттар қабылданды
200 __ ж. "___"_____________ _____________________
(құжаттарды қабылдаған адамның А.Ә.Т. және қолы)
_________ Отбасының тiркелу нөмiрi ___________________________________________________________________
(қию сызығы)
Өзгерiстер пайда болған жағдайда олар туралы 15 күн iшiнде хабарлауға мiндеттенемiн.
Жалған ақпарат және расталмаған (жасанды) құжаттарды ұсынғаны үшін жауапқа тартылатыным туралы ескертiлдiм
өтiнiш иесiнің қолы ___________________
Азамат _______________ қоса берiлiп отырған құжаттармен _____ дана, отбасының тiркелу нөмiрi _________ өтiніші 200 __ жылғы "___"_____________ қабылданды.
Құжаттарды қабылдаған адамның А.Ә.Т., лауазымы, қолы_________
1-нысан
Отбасының тіркелу нөмірі ____________
Өтініш иесінің отбасы құрамы туралы мәліметтер
_________________________ _________________________
(Өтініш иесінің А.Ә.Т.) (мекен-жайы, тел.)
-------------------------------------------------------------------
N | Отбасы мүшелерінің | Өтініш иесіне туыстық | Туған
| А.Ә.Т. | жақындығы | жылы
-------------------------------------------------------------------
___|__________________________|_______________________|____________
___|__________________________|_______________________|____________
___|__________________________|_______________________|____________
___|__________________________|_______________________|____________
Өтініш иесінің қолы __________________ Күні ______________
Отбасының құрамы туралы М.О.
мәліметті растауға уәкілетті
органның лауазымды адамының А.Ә.Т. _____________________
(қолы)
2-нысан
Отбасының тіркелу нөмірі ____________
Өтініш иесінің отбасы мүшелерінің 200__ жылғы ___ тоқсанда тапқан табысы
туралы мәліметтер
____________________________ _______________________________
(А.Ә.Т.) (мекен-жайы, телефон)
N|Отбасы |Жұмыс орны, оқу| Құжаттармен |Басқа да мәлімделген табыстар
|
Өтініш иесінің қолы ____________________________
Күні ________________________________
3-нысан
Отбасының тіркелу нөмірі ____________
Жеке қосалқы шаруашылығының болуы туралы мәліметтер
____________________________ ____________________________
(А.Ә.Т.) (мекен-жайы, тел.)
--------------------------------------------------------------------------
|Саны/ | Үй жануарлары |Мал ба.
|өлшем | |сының
|бірлігі | |саны
-------------------------------------------------------------------------
Саяжай | |Ірі қара малы: |
| | сиыр |
| | бұқа |
Бақша | |Жылқы: |
| | бие |
| | айғыр |
Жер учаскесі, соның | |Түйе |
ішінде үй іргесіндегі | |Іңген |
учаске | | |
| | |
Шартты жер үлесі | |Қой, ешкі |
| | |
Мүліктік үлестік | |Тауық, үйрек, қаздар |
жарна (берілген жылы) | | |
| | |
| |Шошқа |
--------------------------------------------------------------------------
Өтініш иесінің қолы _____________________________
Күні ______________________
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 24 желтоқсандағы
N 1685 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күшін жойған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Аз қамтылған азаматтарға жергiлiктi (аймақтық) деңгейде арнайы әлеуметтiк көмек ұйымдастырудың тәртiбi туралы Үлгi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 22 ақпандағы N 188
қаулысы
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 7, 77-құжат).
2. "Мұқтаж отбасыларына әлеуметтiк көмек көрсету кезiнде отбасы мүшесiнiң жиынтық табысына есептелетiн табыс түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 15 мамырдағы N 604
қаулысы
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 21, 185-құжат).
3. "Балалы отбасыларына әлеуметтiк көмек көрсету туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 21 наурыздағы N 382
қаулысы
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 13, 91-құжат).
4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 15 мамырдағы N 604 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 22 сәуірдегі N 604
қаулысы
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 16, 136-құжат).
5. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 21 наурыздағы N 382 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 7 сәуірдегі N 292
қаулысы
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 10, 80-құжат).
6. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 22 ақпандағы N 188 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 29 мамырдағы N 490
қаулысы
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 16, 142-құжат).
7. "Атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің уақытша тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 22 шілдедегі N 1036
қаулысы
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 38, 322-құжат).