Аз қамтылған азаматтарға жергiлiктi (аймақтық) деңгейде арнайы әлеуметтiк көмек ұйымдастырудың тәртiбi туралы Үлгi ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 22 ақпандағы N 188. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001.12.24 N 1695 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Аз қамтылған азаматтарға жергiлiктi (аймақтық) деңгейде

 

арнайы әлеуметтiк көмек ұйымдастырудың тәртiбi туралы қоса берiлiп

отырған Үлгi ереже бекiтiлсiн.

     2. Облыстардың, қалалардың, аудандардың, поселкелердiң,

ауылдардың (селолардың) әкiмдерiне Үлгi ереженiң негiзiнде өз

ережелерiн әзiрлеп, бекiту ұсынылсын, сондай-ақ аз қамтылған

азаматтарға жергiлiктi (аймақтық) деңгейде арнайы көмек ұйымдастыру

жөнiнде шараларды қабылдайтын болсын.



     ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгертiлдi - ҚР Үкіметінiң 1998.05.29. N 490

              қаулысымен. 


P980490_





     Қазақстан Республикасының

          Премьер-министрi

                                       Қазақстан Республикасы

                                       Министрлер Кабинетiнiң

                                       1995 жылғы 22 ақпандағы

                                          N 188 қаулысымен

                                                бекiтiлген


             Аз қамтылған азаматтарға жергiлiктi (аймақтық)

             деңгейде арнайы әлеуметтiк көмек ұйымдастырудың

                         тәртiбi туралы

                            ҮЛГI ЕРЕЖЕ



 
       1. Осы Үлгi ереже аз қамтылған мұқтаж азаматтарға жергiлiктi (аймақтық) деңгейде көмек ұйымдастырудың тәртiбiн реттейдi.
      2. Аймақтық деңгейде әлеуметтiк көмек ұйымдастыру үшiн облыстардың, қалалардың, аудандардың, поселкелердiң, ауылдардың (селолардың) әкiмдерiнiң жанынан олардың құрамына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Жылжымайтын мүлiк пен заңды тұлғаларды тiркеу жөнiндегi агенттiгiне ведомстволық бағыныстағы ұйымдардан мүлiктi бағалау жөнiндегi мамандарды кiргiзу арқылы жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың өкiлдерiнен арнаулы комиссия құрылады.

 

     ЕСКЕРТУ. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінiң 1998.05.29. N 490

              қаулысымен. 


P980490_




     3. Аудандық, қалалық қаладағы аудандық, поселкелiк, ауылдық

(селолық) комиссиялар;

     азаматтардың әлеуметтiк көмек көрсету туралы өтiнiштерiн

қарастырады;

     көмек сұраған отбасының әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайын және

қамтамасыз етiлу деңгейiн тексередi;

     әлеуметтiк көмек белгiлеу және оны жою жөнiнде шешiм

қабылдайды;

     пайда болған түрлi даулар мен жанжалдарды шешедi;

     әлеуметтiк көмектiң квоталары мен лимитiн белгiлейдi.

     4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және

астананың комиссиялары төменгi деңгейдегi комиссиялардың қызметiн

үйлестiредi, оларды бақылайды және қажет болған жағдайда даулы

мәселелердi қарастырады.



     ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгертiлдi - ҚР Үкіметінiң 1998.05.29. N 490

              қаулысымен. 


P980490_




     5. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн отбасының жиынтық табысы

негiзiнде алынады.

     Соңғысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес есептеледi.



     ЕСКЕРТУ. 5-тармақтың 2 абзацы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінiң        


              1998.05.29. N 490 қаулысымен. 


P980490_





 
       6. Жергiлiктi (аймақтық) деңгейде әлеуметтiк көмек алуға жұмыс iстемейтiн адамдары бар отбасылар, соның iшiнде зейнеткерлер, мүгедектер, кәмелетке толмаған балалар, еңбек етуге қабiлетi жоқ адамдар және еңбек ету биржасында ресми тiркелген жұмыссыздар және жалпы табысы отбасы мүшесiнiң әрқайсысына шаққанда жергiлiктi (аймақтық) деңгейдегi мөлшерден кем болуы себептi әлеуметтiк көмекке мұқтаж отбасылар құқылы. Соңғысы тиiстi республикалық көрсеткiштен төмен болмауы тиiс.
      Бұған қоса, бұл құқық жеке тұратын жалғыз басты зейнеткерлерге, сондай-ақ жоғары оқу орындарында, арнаулы оқу орындары кәсiптiк-техникалық мектептер мен колледждерде оқитын жетiм балаларға берiледi.
      ЕСКЕРТУ. 6-тармақ өзгертiлдi - ҚР Үкіметінiң 1998.05.29. N 490
               қаулысымен. P980490_
 
      7. Азаматтарды әлеуметтiк қолдауға мұқтаж адамдардың санына жатқызу критерийлерiн облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкiмдерi белгiлейдi.
      ЕСКЕРТУ. 7-тармақ өзгертiлдi - ҚР Үкіметінiң 1998.05.29. N 490
               қаулысымен. P980490_
 
      8. Аудандардың, қалалардың, қаладағы аудандардың, поселкелердiң, ауылдардың (селолардың) әкiмдерi аз қамтылған азаматтарға жергiлiктi деңгейде әлеуметтiк көмек беру жөнiндегi шараларды тiкелей жүзеге асырады.
      ЕСКЕРТУ. 8-тармақтың мәтiнi өзгермеген - ҚР Үкіметінiң 1998.05.29.
               N 490 қаулысымен. P980490_
 
      9. Әлеуметтiк көмек көрсету туралы өтiнiш жергiлiктi атқарушы органның комиссиясына берiледi. Өтiнiшке отбасының құрамы мен алдыңғы тоқсандағы алған табысының мөлшерi туралы тоқсан сайын жаңартылып отыратын анықтамалар қоса берiледi.
      ЕСКЕРТУ. 9-тармақ өзгертiлдi - ҚР Үкіметінiң 1998.05.29. N 490
               қаулысымен. P980490_
 
      10. Өтiнiш берген азаматтар берген ақпараттарының растығы үшiн толық жауап бередi. Төлем жасалғаннан кейiн қандай да бiр тәртiп бұзушылық немесе деректердiң жалғандығы анықталған жағдайда, заңсыз төленген сома қолданылып жүрген заңға сәйкес кiнәлi адамдардан өндiрiлiп алынады.
      11. Жергiлiктi жердегi әлеуметтiк көмек өтiнiш нысанында болады және ол мынадай түрде көрсетiледi:
      ақшалай жәрдем беру (мемлекеттiк деңгейде белгiленген зейнетақыға, жәрдемақыға, стипендия мен өтемдерге қосымша төлем жасау арқылы);
      отбасының нақтылы қажеттiлiгiн өтеуге жұмсалатын нысаналы жәрдемақылар (киiм, үйге керек-жарақ, отын, дәрi-дәрмек және т.б. сатып алу);
      тұрғын үйдi ұстауға, коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге арналған жәрдемақыларға қосымша төлемдер;
      көлiк қызметiне, мысалы, қоғамдық көлiкке ақы төлеу үшiн бензинге, емдеуге бару жол ақысын төлеуге арналған жәрдемақы;
      жол-жоралғылық қызмет көрсетуге арналған жәрдемақы;
      жұмыссыздардың жұмысқа орналасуына немесе олардың кәсiби даярлауына және қайта даярлауына мүмкiндiк беру.
      ЕСКЕРТУ. 11-тармақтың 4 абзацы өзгертiлдi - ҚР Үкіметінiң 1998.05.29.
               N 490 қаулысымен. P980490_
 
      12. Ақшалай жәрдем кем дегенде бiр тоқсандық мерзiмге белгiленедi және отбасы мүшелерiнiң бiреуiне ғана төленедi.
      13. Жергiлiктi (аймақтық) жерде әлеуметтiк көмек көрсету жөнiндегi шығыстарды қаржыландыру аймақтың мүмкiндiгiне қарай, тиiстi жылға мекемелер мен жергiлiктi бюджеттiк шараларды қаржыландыруға көзделген қаражаттан басқа жергiлiктi бюджет пен

 

бюджеттен тыс көздердiң, қайырымдылық қорларының есебiнен

жүргiзiледi.

     14. Жергiлiктi (аймақтық) деңгейдегi әлеуметтiк көмектi

төлеу, оған есеп жүргiзу, бақылау жасау және есеп беру тәртiбiн

облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың

әкiмдерi белгiлейдi.



     ЕСКЕРТУ. 14-тармақ өзгертiлдi - ҚР Үкіметінiң 1998.05.29. N 490

              қаулысымен. 


P980490_