"Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу ережесi бекiтiлсiн.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:
бiр айлық мерзiмде жергiлiктi өкiлдi органдармен келiсiм бойынша Учаскелік комиссиялар туралы ереженi әзiрлесiн және бекiтсiн;
атаулы әлеуметтiк көмектi алу үшiн өтiнiш берушiнiң отбасының құрамы туралы мәлiметтi куәландыратын уәкiлеттi органды белгiленген тәртiппен анықтасын;
өтiнiш берушiлердің атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындату үшiн ұсынатын құжаттарын тегiн куәландыруды белгіленген тәртiппен қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күшi қосымшаға сәйкес жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2001 жылғы 24 желтоқсандағы
N 1685 қаулысымен
бекiтiлген
Мемлекеттiк атаулы әлеуметтік көмектi тағайындау және төлеу ережесi
Осы Ереже "Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес (бұдан әрi - Заң) мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi (бұдан әрi - атаулы әлеуметтiк көмек) тағайындау және төлеу тәртiбiн белгiлейдi.
1. Жалпы ережелер
1. Заңның 2-бабында көрсетiлген жеке адамдардың атаулы әлеуметтiк көмектi алуға құқығы бар.
2. Атаулы әлеуметтiк көмек жергiлiктi бюджеттердің қаражаты есебiнен ақшалай нысанда көрсетiледi.
3. Атаулы әлеуметтiк көмектi алу құқығы тоқсан сайын табысы туралы құжаттар ұсыну арқылы расталады.
2. Атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау тәртiбi
4. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін өтініш иесі өз атынан немесе отбасының атынан тұрғылықты жеріндегі уәкілетті органға немесе ол болмаса кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жүгінеді. Жүгінген кезде өтініш иесі осы Ережеге 1, 2, 3, 4-қосымшаларда белгіленген нысандар бойынша өтініш, өтініш иесінің отбасы құрамы, өтініш иесінің отбасы мүшелерінің табысы, жеке қосалқы шаруашылығының бар-жоғы туралы мәліметтердің бланкілерін (бұдан әрі – құжаттар) тегін алады.
Құжаттарды өтініш иесінің өзі толтырады және жеке басын куәландыратын құжатты, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысқан жағдайда – еңбекке жарамды жастағы отбасы мүшелеріне әлеуметтік келісімшарт көшірмелерін көрсете отырып, оларды уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне тапсырады.
Әлеуметтік келісімшарттың көшірмесін тапсыру өтініш иесінің және еңбекке жарамды жастағы отбасы мүшелерінің жүмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысқаннан алған табыстарына қарамай, оларға атаулы әлеуметтік көмек тағайындау құқығын береді.
Өтініш иесі келесі тоқсанға атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға қайта өтініш берген жағдайда, осы Ережеге 2, 3, 4-қосымшаларда қамтылған мәліметтерде өзгерістер болмаған кезде осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш бланкісі ғана толтырылады.
Осы Ережеде көзделмеген басқа құжаттарды ұсынуды талап етуге жол берілмейді.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.09.30 N 1123 (2012.01.01 қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 04.04.2014 N 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
5. Уәкілетті орган немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімі өтініш иесінен құжаттарды алғаннан кейін оларды бірден тіркейді және осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес құжаттардың қабылданғаны туралы растау қағазын береді.
Өтініш уәкілетті органда немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінде нөмірленген, тігілген және уәкілетті органның мөрімен бекітілген журналға тіркеледі.
Уәкілетті орган немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімі құжаттарды қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде қорытынды дайындау үшін оларды учаскелік комиссияларға береді.
Учаскелік комиссиялардың қызметі жергілікті өкілді органдармен келісілген және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ететін орталық атқарушы органның актісімен бекітілетін Учаскелік комиссиялар туралы үлгі ережеге сәйкес жергілікті атқарушы органдар бекітетін Учаскелік комиссиялар туралы ережелермен реттеледі.
Учаскелік комиссиялар уәкілетті органнан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды алған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар және (немесе) өтініш иесінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру (бұдан әрі – тексеру) нәтижелері негізінде қорытынды (6-қосымша) дайындайды және қорытынды дайындаған күні оны уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне береді.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.04.2014 N 322 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
5-1. Тексеру өтініш иесінің қатысуымен, ал ол болмаған жағдайда - отбасының кәмелетке толған іс-әрекетке қабілетті мүшелерінің бірінің қатысуымен жүргізіледі.
5-2. Тексерудің мақсаты өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын және өтініш иесінің атаулы әлеуметтік көмек үшін өтініш беруіне байланысты мән-жайларды зерделеу болып табылады.
5-3. Жүргізілген тексерудің нәтижелері бойынша учаскелік комиссия 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру актісін (бұдан әрі - тексеру актісі) жасайды оған комиссия мүшелері қол қояды.
5-4. Учаскелік комиссия өтініш берушіні, ал ол болмаған жағдайда - отбасының тексеру жүргізуге қатысқан, кәмелетке толған іс-әрекетке қабілетті мүшелерінің біріне актіні қол қойғызып таныстырады.
5-5. Өтініш иесінің, ал ол болмаған жағдайда - отбасының кәмелетке толған, іс-әрекетке қабілетті мүшелерінің бірінің тексеру жүргізуден бас тартуы учаскелік комиссияның барлық мүшелерінің қолы қойылған хаттамаға тіркеледі.
Ескерту. 5-5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.09.30 N 1123(2012.01.01 қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
5-6. Өтініш иесі бір күнтізбелік жылдың ішінде қайта өтініш берген кезде тексеру жүргізу өтініш иесінің тұратын жері (бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде), оның (отбасының) құрамы мен табысы өзгерген жағдайда ғана және өтініш иесі ұсынған мәліметтерді нақтылау қажет болған кезде жүзеге асырылады.
Ескерту. 5-6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.09.30 N 1123(2012.01.01 қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
6. Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі өтініш иелерінен құжаттарды қабылдап алған күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей, өтініш иелерінің құжаттарын учаскелік комиссиялардың қорытындыларын қоса бере отырып, уәкілетті органға тапсырады.
Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі қабылданған құжаттарды ұсынған кезде уәкілетті орган оларды бірден тіркейді.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.04.2014 N 322 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
7. Уәкілетті орган құжаттарды өтініш иесінен немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды қабылдап алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен учаскелік комиссия қорытындысын қарайды және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдері бекітетін нысан бойынша атаулы әлеуметтік көмек тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Өтініш иесіне қабылданған шешім туралы жазбаша хабарлайды, бас тартылған жағдайда – тағайындаудан бас тартудың себебін көрсетеді.
Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау туралы немесе одан бас тарту туралы шешімге уәкілетті органның басшысы немесе оның міндетін атқарушы адам қол қояды.
Адамның (отбасының) атаулы әлеуметтік көмекті тағайындатуға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсан ішіндегі жиынтық табысын уәкілетті орган халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін орталық атқарушы орган белгілеген тәртіппен есептейді.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.09.30 N 1123(2012.01.01 қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 04.04.2014 N 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
8. Атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау оны алуға өтiнiш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанның соңына дейiнгi мерзiмге жүзеге асырылады.
Өтiнiш берген ай деп құжаттарын қосып өтiнiш берген ай есептеледi.
Қаражат жетiспеген кезде атаулы әлеуметтiк көмек өтiнiш тiркелген хронологиялық тәртiппен берiледi.
9. Атаулы әлеуметтiк көмектің айлық мөлшерiн уәкiлеттi орган отбасының әрбiр мүшесi бойынша немесе адамға жан басына шаққанда орташа табысы мен облыстарда, республикалық маңызы бар қалада, астанада белгiленген кедейлiк шегi арасындағы айырма түрiнде есептейдi.
Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.03.16. N 335 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
3. Атаулы әлеуметтiк көмектi төлеу тәртiбi
10. Атаулы әлеуметтiк көмектi төлеу алушының таңдауы бойынша екiншi деңгейдегi банк арқылы, өзi таңдаған екiншi деңгейдегі банктегi немесе банк операцияларының тиiстi түрiне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйымдағы жеке шотының деректерiн көрсете отырып берген өтiнiшi негiзiнде жүзеге асырылады.
11. Тағайындалған соманы алушылардың жеке шоттарына есептеу қаражаттың түсуiне қарай жүргiзiледi.
Ережеге 1-қосымша
Ескерту. 1-қосымшаға өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.03.16. N 335 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), 2007.04.30. N 352 (2010.08.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.09.30 N 1123 (2012.01.01 қолданысқа енгізіледі); 04.04.2014 N 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
______________________________________
(тұрғылықты жерi, облыстық, аудандық)
уәкiлетті органға
______________________________________
(тұрғылықты жері, ауданы)
______________________________________
(көшесi, үй және пәтер N, телефоны)
мекен-жайы бойынша тұратын
______________________________________
(Өтінiш иесiнiң аты, әкесінiң аты, тегi)
жеке басын куәландыратын құжаттың N
______________________________________
_________________ берген
берiлген күнi ________________________
ЖСН ________________________
жеке шотының № ________________________
Қызмет түрі __________________
ӨТIНIШ
Менiң отбасыма атаулы әлеуметтiк көмек тағайындауыңызды өтiнемiн.
Менiң отбасым _____________ адамнан тұрады.
Өтінішке белгіленген үлгідегi құжаттарды ұсынамын - 3 данада 2-4 қосымшалар.
Мемлекеттiк атаулы әлеуметтік көмектi тағайындау үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
Өзгерiстер пайда болған жағдайда олар туралы он жұмыс күні ішінде хабарлауға мiндеттенемiн.
Жалған ақпарат және расталмаған (жасанды) құжаттарды ұсынғаны үшін жауапқа тартылатыным туралы ескертiлдім.
Менің (менің отбасымның) табысымды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының дерекқорымен салыстырып тексеруге келісемін.
20 __ ж. "___"_____________ _____________________
(өтiнiш иесінiң қолы)
Құжаттар қабылданды
20 __ ж. "___"_____________ _____________________
(құжаттарды қабылдаған адамның А.Ә.Т. және қолы)
_________ Отбасының тiркелу нөмiрi
Өтініш қоса беріліп отырған құжаттармен учаскелік комиссияға 20_ ж. "__" _________ берілді.
20_ж. "___"________ қабылданды
__________________________құжатты қабылдап алған учаскелік комиссия мүшесінің Т.А.Ә және қолы;
уәкілетті органның құжаттардың ауылдың, ауылдық округтің әкімінен қабылданған күні туралы белгісі 20__ж. «__» _______ құжатты қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы, қолы _________________________ ___________________________________________________________________
(қию сызығы)
Өзгерiстер пайда болған жағдайда олар туралы он жұмыс күні iшiнде хабарлауға мiндеттенемiн.
Жалған ақпарат және расталмаған (жасанды) құжаттарды ұсынғаны үшін жауапқа тартылатыным туралы ескертiлдiм.
Менің (менің отбасымның) табысымды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының дерекқорымен салыстырып тексеруге келісемін.
өтiнiш иесiнің қолы ___________________
Азамат _______________ қоса берiлiп отырған құжаттармен _____ дана, отбасының тiркелу нөмiрi _________ өтiніші 20 __ жылғы "___"_____________ қабылданды.
Құжаттарды қабылдаған адамның А.Ә.Т., лауазымы, қолы_________
Ережеге 2-қосымша
1-нысан
Отбасының тіркелу нөмірі ____________
Өтініш иесінің отбасы құрамы туралы мәліметтер
_________________________ _________________________
(Өтініш иесінің А.Ә.Т.) (мекен-жайы, тел.)
-------------------------------------------------------------------
N | Отбасы мүшелерінің | Өтініш иесіне туыстық | Туған
| А.Ә.Т. | жақындығы | жылы
-------------------------------------------------------------------
___|__________________________|_______________________|____________
___|__________________________|_______________________|____________
___|__________________________|_______________________|____________
___|__________________________|_______________________|____________
Өтініш иесінің қолы __________________ Күні ______________
Отбасының құрамы туралы М.О.
мәліметті растауға уәкілетті
органның лауазымды адамының А.Ә.Т. _____________________
(қолы)
Ережеге 3-қосымша
Ескерту. 3-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.09.30 N 1123 (2012.01.01 қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
2-нысан
Отбасының тіркелу нөмірі ____________
Өтініш иесінің отбасы мүшелерінің 20__ жылғы ___ тоқсанда тапқан табысы
туралы мәліметтер
____________________________ _______________________________
(А.Ә.Т.) (мекен-жайы, телефон)
N|Отбасы|Жұмыс орны, оқу| Құжаттармен |Басқа да мәлімделген табыстар |
Өтініш иесінің қолы ____________________________
Күні ________________________________
Ережеге 4-қосымша
Ескерту. 4-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.03.16. N 335 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
3-нысан
Отбасының тіркелу нөмірі ____________
Жеке қосалқы шаруашылығының болуы туралы мәліметтер
____________________________ ____________________________
(А.Ә.Т.) (мекен-жайы, тел.)
Саны/ |
Үй жануарлары |
Жасы |
Мал |
|
Саяжай |
Ірі қара малы: |
|||
Бақша |
Жылқы: |
|||
Жер учаскесі, соның ішінде үй іргесіндегі учаске |
Түйе |
|||
Шартты жер үлесі |
Қой, ешкі |
|||
Мүліктік үлестік |
Тауық, үйрек, қаздар |
|||
Шошқа |
Өтініш иесінің қолы _____________________________
Күні ______________________
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті
тағайындау және төлеу ережесіне
5-қосымша
Ескерту. 5-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2009.03.16. N 335 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен, өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.09.30 N 1123 (2012.01.01 қолданысқа енгізіледі); 04.04.2014 N 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
___________________________________________
(елді мекен, аудан, облыс)
уәкілетті органына
___________________________________________
(елді мекен, аудан) ___________________________________________
(көшесі, үй және пәтер N, телефоны)
мекен-жайы бойынша тұратын
___________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)
жеке куәлігінің N ______________
______________________________берген
берілген күні ______________________
ЖСН ________________
жеке шотының № __________
қызмет түрі_________________________
Өтініш
(Ереженің 4-тармағының 3 абзацында көзделген жағдайларда)
Менің отбасыма атаулы әлеуметтік көмек тағайындауыңызды өтінемін.
Менің отбасым____________ адамнан тұрады.
Мемлекеттiк атаулы әлеуметтік көмектi тағайындау үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
Мен бұрын Ережеге 2-4-қосымшаларда көрсеткен мәліметтерде өткен тоқсанда өзгерістер болған жоқ.
Өзгерістер пайда болған жағдайда олар туралы он жұмыс күні ішінде хабарлауға міндеттенемін.
Жалған ақпарат және расталмаған (жасанды) құжаттарды ұсынғаны үшін жауапқа тартылатыным туралы ескерту жасалды.
Менің (менің отбасымның) табысымды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының дерекқорымен салыстырып тексеруге келісемін.
20___ ж. "____" _____________ ______________________
(өтініш берушінің қолы)
Құжаттар қабылданды
20___ ж. "___" ____________ ______________________
(құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә. және қолы)
_______________________________Отбасының тіркелу нөмірі
Өтініш учаскелік комиссияға
20___ж. "___"_________ берілді.
20____ж. "___"___________ қабылданды
_______________________________құжаттарды қабылдаған учаскелік комиссия мүшесінің Т.А.Ә. және қолы;
уәкілетті органның ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды қабылдаған күні туралы 20_ «__» _______ белгі, құжаттарды қабылдаған адамның лауазымы, қолы _______________________;
____________________________________________________________________
(қию сызығы)
Мен бұрын Ережеге 2-4-қосымшаларда көрсеткен мәліметтерде өткен тоқсанда өзгерістер болған жоқ.
Өзгерістер туындаған жағдайда олар туралы он жұмыс күні ішінде хабарлауға міндеттенемін.
Жалған ақпарат және расталмаған (жасанды) құжаттарды ұсынғаны үшін жауапқа тартылатыным туралы ескерту жасалды.
Менің (менің отбасымның) табысымды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының дерекқорымен салыстырып тексеруге келісемін.
Өтініш берушінің қолы______________________
Отбасының тіркелу нөмірі_________ азамат____________ өтініші 20__ жылғы "___" _____________ қабылданды.
Құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы, қолы_________
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті
тағайындау және төлеу ережесіне
6-қосымша
Ескерту. 6-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2009.03.16. N 335 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен, өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.09.30 N 1123 (2012.01.01 қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Учаскелік комиссияның N__қорытындысы
___ ______20__ж.
Учаскелік комиссия "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес отбасының (өтініш берушінің)___________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
өтініш және оған қоса берілген құжаттарды қарап,
_____________________________________________________________________ (ұсынылған құжаттар және (немесе) өтініш берушінің
материалдық жағдайын тексеру нәтижелерінің)
негізінде отбасына (тұлғаға) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек берудің_____________________________________________________ туралы
(қажеттілігі, қажеттіліктің жоқтығы)
қорытынды шығарады
Комиссия төрағасы: __________________ _______________________
Комиссия мүшелері: __________________ _______________________
__________________ _______________________
__________________ _______________________
___________________ ______________________
(қолдары) (Т.А.Ә.)
__дана қоса берілген құжаттармен қорытынды
20__ж. "__" ___ қабылданды
Құжаттарды қабылдаған кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің немесе уәкілетті орган қызметкерінің Т.А.Ә., лауазымы, қолы __________________
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті
тағайындау және төлеу ережесіне
7-қосымша
Ескерту. 7-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2009.03.16. N 335 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен, өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.09.30 N 1123 (2012.01.01 қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру
АКТІСІ
20__ж."___" _______
___________________
(елді мекен)
1. Өтініш берушінің Т.А.Ә.____________________________________
2. Тұратын мекен-жайы ________________________________________
____________________________________________________________________
3. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі) ______ адам, оның ішінде
N |
Т.А.Ә. |
Туған күні |
Өтініш берушіге туыстық қатысы |
Білімі |
Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны) |
Өзін-өз жұмыс пен қамтуы |
Жұмыс пен қамтылмауының себебі |
Жұмыс пен қамту орган дарында жұмыссыз ретінде тіркелуі туралы деректер |
Қоғамдық жұмыстарға, кәсіптік даярлауға (қайта даярлауға, біліктігін арттыруға) немесе жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуы туралы мәліметтер |
Барлық еңбекке қабілеттілері_______адам.
Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері _____ адам.
"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңның 2-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген себептер бойынша жұмыспен қамтылмағандары _____адам
Жұмыспен қамтылмаудың басқа да себептері (іздеуде, бас бостандығынан айыру орындарында) ______ адам.
Кәмілетке толмаған балалардың саны _____ адам, оның ішінде:
толықтай мемлекеттік қамсыздандырудағы оқитындар ________адам;
жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар ____ адам, жылына оқу құны ______ теңге.
4. Өмір сүру жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзге де - көрсету керек)
___________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Бөлме саны____________________________________________________
Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар_________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Отбасының табысы:
N |
Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің) Т.А.Ә. |
Табыс түрі |
Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге) |
Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер |
|
бір айда |
бір тоқсанда |
||||
5. Мыналардың:
автокөлігінің болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін құжат, оны пайдаланғаннан түсетін табыс)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
қазіргі уақытта өздері тұрып жатқаннан бөлек өзге де тұрғын үйдің болуы (оны пайдаланғаннан түсетін табыс)______________________
____________________________________________________________________
6. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
7. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі):
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
8. Ата-аналардың балалар тәрбиесіне қатысуы:
мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз етілу_______________________________________________________________
____________________________________________________________________
тұратын санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы_________________________
____________________________________________________________________
Комиссия төрағасы: ________________________
Комиссия мүшелері: _________________________
_______________________ ________________________
_______________________ ________________________
_______________________ ________________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Жасалған актімен таныстым:
____________________________________________________________________
Өтініш берушінің Т.А.Ә. және қолы
Тексеру жүргізуден бас тартамын___________Т.А.Ә. және өтініш берушінің (немесе отбасының мүшелерінің бірінің) қолы, күні
_____________________________________________________________________
(өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 24 желтоқсандағы
N 1685 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күшін жойған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Аз қамтылған азаматтарға жергiлiктi (аймақтық) деңгейде арнайы әлеуметтiк көмек ұйымдастырудың тәртiбi туралы Үлгi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 22 ақпандағы N 188 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 7, 77-құжат).
2. "Мұқтаж отбасыларына әлеуметтiк көмек көрсету кезiнде отбасы мүшесiнiң жиынтық табысына есептелетiн табыс түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 15 мамырдағы N 604 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 21, 185-құжат).
3. "Балалы отбасыларына әлеуметтiк көмек көрсету туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 21 наурыздағы N 382 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 13, 91-құжат).
4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 15 мамырдағы N 604 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 22 сәуірдегі N 604 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 16, 136-құжат).
5. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 21 наурыздағы N 382 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 7 сәуірдегі N 292 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 10, 80-құжат).
6. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 22 ақпандағы N 188 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 29 мамырдағы N 490 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 16, 142-құжат).
7. "Атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің уақытша тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 22 шілдедегі N 1036 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 38, 322-құжат).