"Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 24 желтоқсан N 1685

Қолданыстағы
      "Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шiлдедегi Z010246_ Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу ережесi бекiтiлсiн.
      2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:
      бiр айлық мерзiмде жергiлiктi өкiлдi органдармен келiсiм бойынша Учаскелік комиссиялар туралы ереженi әзiрлесiн және бекiтсiн;
      атаулы әлеуметтiк көмектi алу үшiн өтiнiш берушiнiң отбасының құрамы

туралы мәлiметтi куәландыратын уәкiлеттi органды белгiленген тәртiппен 
анықтасын;
     өтiнiш берушiлердің атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындату үшiн 
ұсынатын құжаттарын тегiн куәландыруды белгіленген тәртiппен қамтамасыз 
етсiн.
     3. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күшi 
қосымшаға сәйкес жойылды деп танылсын.
     4. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
                                               Қазақстан Республикасы
                                                     Үкiметiнiң
                                            2001 жылғы 24 желтоқсандағы
                                                 N 1685 қаулысымен
                                                     бекiтiлген

                 Мемлекеттiк атаулы әлеуметтік көмектi
                        тағайындау және төлеу
                               ережесi



      Осы Ереже "Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес (бұдан әрi - Заң) мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi (бұдан әрi - атаулы әлеуметтiк көмек) тағайындау және төлеу тәртiбiн белгiлейдi.

                           1. Жалпы ережелер

      1. Заңның 2-бабында көрсетiлген жеке адамдардың атаулы әлеуметтiк көмектi алуға құқығы бар.
      2. Атаулы әлеуметтiк көмек жергiлiктi бюджеттердің қаражаты есебiнен ақшалай нысанда көрсетiледi.
      3. Атаулы әлеуметтiк көмектi алу құқығы тоқсан сайын табысы туралы құжаттар ұсыну арқылы расталады.

           2. Атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау тәртiбi

      4. Атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындату үшiн өтiнiш иесi өз атынан немесе отбасының атынан тұрғылықты жерiндегi уәкiлеттi органға немесе ол болмаған ретте кент, ауыл (село) әкiмiне барып, осы Ереженiң 1-4-қосымшаларына сәйкес белгiленген үлгiдегi өтiнiш және басқа да құжаттар бланкiлерiн (бұдан әрi - құжаттар) тегiн алады.
      Құжаттарды өтiнiш берушінің өзi толтырады және жеке басының куәлiгi мен әлеуметтiк жеке код (ӘЖК) берiлгендiгi туралы куәлiгiн көрсете отырып, оларды уәкiлеттi органға немесе кент, ауыл (село) әкiмiне тапсырады.
      Осы Ережеде көзделмеген басқа құжаттарды ұсынуды талап етуге жол берiлмейдi.
      5. Уәкiлеттi орган немесе кент, ауыл (село) әкiмi құжаттарды тiркейдi және өтiнiш иесiне құжаттарды қабылдағаны туралы осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес растау қағазын бередi.
      Уәкiлетті орган немесе кент, ауыл (село) әкiмi құжаттарды қабылдағаннан кейiн учаскелiк комиссияларға атаулы әлеуметтiк көмек беру қажеттiгi туралы қорытындылар дайындауды және қажет болған ретте өтiнiш берушiлер мен олардың отбасыларының материалдық жағдайына тексеру жүргiзудi тапсырады.
      Учаскелiк комиссиялар атаулы әлеуметтiк көмек беру қажеттiгi туралы қорытындыны (бұдан әрi - қорытынды) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi бекiтетiн нысан бойынша дайындайды, қажет болған ретте уәкiлетті орган немесе кент, ауыл (село) әкiмi тапсырған күннен бастап бес күн мерзiмде өтiнiш берушiлер мен олардың отбасыларының материалдық жағдайына тексеру жүргiзедi және қорытындыны уәкiлетті органға немесе кент, ауыл (село) әкiмiне бередi.
      6. Кент, ауыл (село) әкiмi өтiнiш берушiлерден құжаттарды қабылдап алған күннен бастап жетi күннен кешiктiрмей, өтiнiш берушiлердің құжаттарын учаскелiк комиссиялардың қорытындыларымен қоса уәкiлеттi органға тапсырады.
      Уәкiлеттi орган кент, ауыл (село) әкiмiнен алған өтiнiш берушiлердiң құжаттарын тiркейдi.
      7. Уәкiлеттi орган құжаттарды өтiнiш берушiден немесе кент, ауыл (село) әкiмiнен қабылдап алған күннен бастап он күн iшiнде оларды қарайды және атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешiмдi облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi бекiтетiн нысан бойынша шығарады, бұл туралы өтiнiш берушiге жазбаша хабарлайды, бас тартқан жағдайда оның себебiн көрсетедi.
      Атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау туралы немесе одан бас тарту туралы шешiмге уәкiлеттi органның басшысы немесе оның мiндетiн атқарушы адам қол қояды.
      Адамның (отбасының) атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындатуға өтiнiш берген тоқсанның алдындағы тоқсан iшiндегi жиынтық табысын уәкiлеттi орган халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз ететiн орталық атқарушы орган белгiлеген тәртiппен есептейдi.
      8. Атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау оны алуға өтiнiш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанның соңына дейiнгi мерзiмге жүзеге асырылады.
      Өтiнiш берген ай деп құжаттарын қосып өтiнiш берген ай есептеледi.
      Қаражат жетiспеген кезде атаулы әлеуметтiк көмек өтiнiш тiркелген хронологиялық тәртiппен берiледi.
      9. Атаулы әлеуметтiк көмектің айлық мөлшерiн уәкiлеттi орган

отбасының әрбiр мүшесi бойынша немесе адамға жан басына шаққанда орташа 
табысы мен облыстарда, Астана және Алматы қалаларында белгiленген кедейлiк 
шегi арасындағы айырма түрiнде есептейдi.

                  3. Атаулы әлеуметтiк көмектi төлеу тәртiбi

     10. Атаулы әлеуметтiк көмектi төлеу алушының таңдауы бойынша екiншi 
деңгейдегi банк арқылы, өзi таңдаған екiншi деңгейдегі банктегi немесе 
банк операцияларының тиiстi түрiне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң 
лицензиясы бар ұйымдағы жеке шотының деректерiн көрсете отырып берген 
өтiнiшi негiзiнде жүзеге асырылады.
     11. Тағайындалған соманы алушылардың жеке шоттарына есептеу 
қаражаттың түсуiне қарай жүргiзiледi.

                                                  Ережеге 1-қосымша
                                    ______________________________________
                                     (тұрғылықты жерi, облыстық, аудандық)
                                         Еңбек және халықты әлеуметтiк
                                      қорғау жөнiндегi уәкiлетті органға
                                    ______________________________________
                                          (тұрғылықты жері, ауданы)       
                                    ______________________________________ 
                                      (көшесi, үй және пәтер N, телефоны)
                                          мекен-жайы бойынша тұратын
                                    ______________________________________ 
                                   (Өтінiш иесiнiң аты, әкесінiң аты, тегi)
                                       жеке куәлiгiнiң N ________________
                                                  _________________ берген
                                    берiлген күнi ________________________
                                            ӘЖК N ________________________
                                            Қызмет түрі __________________
     
                             ӨТIНIШ

     Менiң отбасыма атаулы әлеуметтiк көмек тағайындауыңызды өтiнемiн.
     Менiң отбасым _____________ адамнан тұрады.
     Өтінішке белгіленген үлгідегi құжаттарды ұсынамын - 3 данада 2-4
қосымшалар.
     Өзгерiстер пайда болған жағдайда олар туралы 15 күн ішінде хабарлауға 
мiндеттенемiн.
     Жалған ақпарат және расталмаған (жасанды) құжаттарды ұсынғаны үшін 
жауапқа тартылатыным туралы ескертiлдім.
     200 __ ж. "___"_____________   _____________________
                                    (өтiнiш иесінiң қолы)
     Құжаттар қабылданды
     200 __ ж. "___"_____________   _____________________
                       (құжаттарды қабылдаған адамның А.Ә.Т. және қолы)

     _________   Отбасының тiркелу нөмiрi

___________________________________________________________________________
                              (қию сызығы)            

     Өзгерiстер пайда болған жағдайда олар туралы 15 күн iшiнде хабарлауға 
мiндеттенемiн.
     Жалған ақпарат және расталмаған (жасанды) құжаттарды ұсынғаны үшін 
жауапқа тартылатыным туралы ескертiлдiм
     өтiнiш иесiнің қолы ___________________
     Азамат _______________ қоса берiлiп отырған құжаттармен _____ дана, 
отбасының тiркелу нөмiрi _________ өтiніші 200 __ жылғы "___"_____________ 
қабылданды
     Құжаттарды қабылдаған адамның А.Ә.Т., лауазымы, қолы _________________
     
                                                Ережеге 2-қосымша
     
                                                          1-нысан
     Отбасының тіркелу нөмірі ____________
     
               Өтініш иесінің отбасы құрамы туралы мәліметтер
     _________________________                   _________________________
      (Өтініш иесінің А.Ә.Т.)                        (мекен-жайы, тел.)
     ---------------------------------------------------------------------
     | N |     Отбасы мүшелерінің   | Өтініш иесіне туыстық |    Туған   |
     |   |          А.Ә.Т.          |     жақындығы         |    жылы    |
     ---------------------------------------------------------------------
     |___|__________________________|_______________________|____________|
     |___|__________________________|_______________________|____________|
     |___|__________________________|_______________________|____________|
     |___|__________________________|_______________________|____________|
     
     Өтініш иесінің қолы __________________    Күні ______________
     
     Отбасының құрамы туралы                   М.О.
     мәліметті растауға уәкілетті
     органның лауазымды адамының А.Ә.Т.      _____________________
                                                   (қолы)

                                                Ережеге 3-қосымша
     
                                                          2-нысан
     Отбасының тіркелу нөмірі ____________
     
             Өтініш иесінің отбасы мүшелерінің 200__ жылғы
              ___ тоқсанда тапқан табысы туралы мәліметтер

     ____________________________           _______________________________
               (А.Ә.Т.)                          (мекен-жайы, телефон)
     
--------------------------------------------------------------------------
N|Отбасы |Жұмыс орны, оқу| Құжаттармен    |Басқа да мәлімделген табыстар |
 |мүшеле.|орны (жұмыссыз.|расталған табыс.|------------------------------|
 |рінің  |дар жұмыспен   |тар сомасы      |кәсіп.  |шәкірт.|алимен.|та.  |
 |Т.Ә.А. |қамту жөніндегі|----------------|керлік  |ақы    |ттер   |быс. |
 |       |уәкілетті ор.  | еңбек  |зейне. |қызмет. |       |       |тың  |
 |       |ганның анықта. |қызметі.|тақы,  |тен     |       |       |өзге |
 |       |масымен тіркел.|нен     |жәрдем.|        |       |       |түр. |
 |       |ген фактісін   |        |ақы    |        |       |       |лері |
 |       |растайды)      |        |       |        |       |       |     |
-------------------------------------------------------------------------|
_|_______|_______________|________|_______|________|_______|_______|_____|
_|_______|_______________|________|_______|________|_______|_______|_____|
_|_______|_______________|________|_______|________|_______|_______|_____|
     
     Өтініш иесінің қолы ____________________________
     Күні ________________________________
     
                                                Ережеге 4-қосымша
     
                                                          3-нысан
     Отбасының тіркелу нөмірі ____________

             Жеке қосалқы шаруашылығының болуы туралы мәліметтер
     ____________________________           ____________________________
               (А.Ә.Т.)                          (мекен-жайы, тел.)
--------------------------------------------------------------------------
                          |Саны/   |     Үй жануарлары           |Мал ба.|
                          |өлшем   |                             |сының  |
                          |бірлігі |                             |саны   |
-------------------------------------------------------------------------|
Саяжай                    |        |Ірі қара малы:               | 
                          |        |                   сиыр      |       |
                          |        |                   бұқа      |       |
Бақша                     |        |Жылқы:                       |       |
                          |        |                   бие       |       |
                          |        |                   айғыр     |       |
Жер учаскесі, соның       |        |Түйе                         |       |
ішінде үй іргесіндегі     |        |Іңген                        |       |
учаске                    |        |                             |       |
                          |        |                             |       |
Шартты жер үлесі          |        |Қой, ешкі                    |       |
                          |        |                             |       | 
Мүліктік үлестік          |        |Тауық, үйрек, қаздар         |       |
жарна (берілген жылы)     |        |                             |       |
                          |        |                             |       | 
                          |        |Шошқа                        |       |
--------------------------------------------------------------------------
     
     Өтініш иесінің қолы _____________________________
     Күні ______________________
     
                       
                                              Қазақстан Республикасы
                                                   Үкіметінің
                                           2001 жылғы 24 желтоқсандағы
                                                 N 1685 қаулысына
                                                     қосымша
     
             Қазақстан Республикасы Үкіметінің күшін жойған 
                      кейбір шешімдерінің тізбесі
     


      1. "Аз қамтылған азаматтарға жергiлiктi (аймақтық) деңгейде арнайы әлеуметтiк көмек ұйымдастырудың тәртiбi туралы Үлгi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 22 ақпандағы N 188 P950188_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 7, 77-құжат);
      2. "Мұқтаж отбасыларына әлеуметтiк көмек көрсету кезiнде отбасы мүшесiнiң жиынтық табысына есептелетiн табыс түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 15 мамырдағы N 604 P960604_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 21, 185-құжат);
      3. "Балалы отбасыларына әлеуметтiк көмек көрсету туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 21 наурыздағы N 382 P970382_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 13, 91-құжат);
      4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 15 мамырдағы N 604 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 22 сәуірдегі N 604 P970604_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 16, 136-құжат);
      5. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 21 наурыздағы N 382 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 7 сәуірдегі N 292 P980292_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 10, 80-құжат);
      6. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 22

ақпандағы N 188 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң 1998 жылғы 29 мамырдағы N 490  

P980490_

  қаулысы (Қазақстан 
Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 16, 142-құжат);
     7. "Атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің уақытша тәртібін бекіту 
туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 22 шілдедегі N 1036 
 

P991036_

  қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 38, 
322-құжат).
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.