Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін алым төлеу ставкаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 19 желтоқсан N 1660

Қолданыстағы
      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы N 209 K010209_ Кодексiне (Салық кодексi) сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса берiлiп отырған заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу үшiн алым төлеу ставкалары бекiтiлсiн.
      2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
      1) "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу үшiн алым төлеу тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1996 жылғы 19 қарашадағы N 1405 P961405_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 47, 457-құжат);
      2) "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 19 қарашадағы N 1405 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 19 тамыздағы N 1264 P971264_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1997 ж., N 37, 360-құжат);
      3) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 19 қарашадағы N 1405

қаулысына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 
2001 жылғы 15 мамырдағы N 640  

P010640_

  қаулысы (Қазақстан Республикасының 
ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 18, 226-құжат).
     3. Осы қаулы 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енедi.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
     
                                          Қазақстан Республикасы
                                          Yкiметiнiң
                                          2001 жылғы 19 желтоқсандағы
                                          N 1660 қаулысымен
                                          бекiтiлген
     
          Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу үшiн
                 алым төлеу ставкалары
     


      1. Заңды тұлғалардың құрылуын мемлекеттік тiркеу (есепке алу) кезiндегi мемлекеттiк тiркеу үшiн алым төлеу ставкалары:
      1) заңды тұлғалардан, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiнен, осы тармақтың 2), 3), 4) тармақшаларымен көрсетiлгендердi қоспағанда, алым төленген күнге қолданылатын жиырма еселенген айлық есептiк көрсеткiштi құрайды;
      2) бюджет қаражатынан қаржыландырылатын мекемелерден, қазыналық кәсiпорындардан және үй-жай (пәтер) иелерi кооперативтерiнен, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiнен алым төленген күнге қолданылатын бiр айлық есептiк көрсеткiштi құрайды;
      3) балалар мен жастардың қоғамдық бiрлестiктерiнен, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiнен, алым төленген күнге қолданылатын екi айлық есептiк көрсеткiштi құрайды;
      4) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғалардан, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiнен, алым төленген күнге қолданылатын бес еселенген айлық есептiк көрсеткiштi құрайды.
      2. Осы қосымшаның 1-тармағында көрсетiлген заңды тұлғалардың, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiнен, мемлекеттiк қайта тiркеген (есепке алу) кезде заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу үшiн алым төлеу ставкасы, осы қосымшаның 1-тармағында белгiленген тиiстi ставканың елу пайызын құрайды.
      3. Осы қосымшаның 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғаларға, олардың

филиалдары мен өкiлдiктерiне мемлекеттiк (есепке алу) тiркеу (қайта 
тiркеу) туралы куәлiктiң телнұсқасы берiлген жағдайда, заңды тұлғаларды 
мемлекеттік тiркеу үшiн алым төлеу ставкасы осы қосымшаның 1-тармағында 
белгiленген тиiстi ставканың жиырма бес пайызын құрайды.
     4. Заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi қызметiн 
тоқтатқан жағдайда, заңды тұлғалардан мемлекеттiк тіркеу үшiн алым төлеу 
ставкасы төленген күнге қолданылатын бiр айлық есептiк көрсеткiштi құрайды.
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.