"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы N 209 Кодексiне (Салық кодексi) сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу үшiн алым төлеу тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1996 жылғы 19 қарашадағы N 1405
қаулысы
(Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 47, 457-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 19 қарашадағы N 1405 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 19 тамыздағы N 1264
қаулысы
(Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1997 ж., N 37, 360-құжат);
3) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 19 қарашадағы N 1405 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 15 мамырдағы N 640
қаулысы
(Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 18, 226-құжат).
3. Осы қаулы 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
1. Заңды тұлғалардың құрылуын мемлекеттік тiркеу (есепке алу) кезiндегi мемлекеттiк тiркеу үшiн алым төлеу ставкалары:
1) заңды тұлғалардан, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiнен, осы тармақтың 2), 3), 4) тармақшаларымен көрсетiлгендердi қоспағанда, алым төленген күнге қолданылатын жиырма еселенген айлық есептiк көрсеткiштi құрайды;
2) бюджет қаражатынан қаржыландырылатын мекемелерден, қазыналық кәсiпорындардан және үй-жай (пәтер) иелерi кооперативтерiнен, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiнен алым төленген күнге қолданылатын бiр айлық есептiк көрсеткiштi құрайды;
3) балалар мен жастардың қоғамдық бiрлестiктерiнен, сондай-ақ мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінен, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiнен, республикалық және өңiрлiк ұлттық-мәдени қоғамдық бiрлестiктер филиалдарынан алым төленген күнге қолданылатын екi айлық есептiк көрсеткiштi құрайды; <*>
4) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғалардан, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiнен, алым төленген күнге қолданылатын бес еселенген айлық есептiк көрсеткiштi құрайды.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.01.15. N 18
қаулысымен
, 2005.03.10. N 221
қаулысымен
.
2. Осы қосымшаның 1-тармағында көрсетiлген заңды тұлғалардың, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiнен, мемлекеттiк қайта тiркеген (есепке алу) кезде заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу үшiн алым төлеу ставкасы, осы қосымшаның 1-тармағында белгiленген тиiстi ставканың елу пайызын құрайды.
3. Осы қосымшаның 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiне мемлекеттiк (есепке алу) тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң телнұсқасы берiлген жағдайда, заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу үшiн алым төлеу ставкасы осы қосымшаның 1-тармағында белгiленген тиiстi ставканың жиырма бес пайызын құрайды.