1. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін алым төлеу тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 19 қарашадағы N 1405 P961405_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 47, 457-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін алым төлеу тәртібі туралы ережеде:
6-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"балалар мен жастардың қоғамдық бірлестіктерін, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік (есепті) тіркеу үшін алым, оны төлеген күнгі қолданылған есеп көрсеткіштің екі еселенген мөлшерінде алынады";
7-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Балалар мен жастардың қоғамдық бірлестіктерін, олардың филиалдары
мен өкілдіктерін мемлекеттік (есепті) қайта тіркеу үшін алым 50 пайыз, ал
оларға мемлекеттік (есепті) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің
көшірмесі берілген жағдайда - Ереженің 6-тармағының үшінші абзацында
көзделген ставканың 25 пайызы мөлшерінде алынады".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.