Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестациядан өту ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 қыркүйектегі N 1235 Қаулысы

Жаңартылған

      " Нотариат туралы " 1997 жылғы 14 шілдедегі және " Адвокаттық қызмет туралы " 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестациядан өту ережесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      бірінші орынбасары

Қазақстан Республикасы    
Yкiметiнiң          
2001 жылғы 25 қыркүйектегi 
N 1235 қаулысымен бекітiлген

  Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткер адамдардың аттестациядан өту ережесi

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткер адамдардың аттестациядан өту ережесi (бұдан әрi - Ереже) " Нотариат туралы " 1997 жылғы 14 шiлдедегi және " Адвокаттық қызмет туралы " 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзiрленген және адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысуға үмiткер адамдардың аттестациядан өту тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi.
      2. Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткер адамдар Әдiлет министрлігі құратын және Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының, Қазақстан Республикасы Адвокаттар одағының, Республикалық нотариаттық палатаның өкiлдерiнен Қазақстан Республикасы Парламентi екi палатасының депутаттарынан және заңгер-ғалымдардан құрылатын Әдiлет аттестациялық комиссиясында (бұдан әрi - Комиссия) аттестациядан өтедi. 
      Қазақстан Республикасының Әдiлет бiлiктiлiк алқасында емтихан тапсырған адамдар, тұрақты судьялар және терiс қылықтар жасағаны және өз мiндеттерiн орындау кезiнде заңдылықты бұзғаны үшiн судья қызметiнен босатылған судьялардан басқа тұрақты судьялар болып жұмыс iстеген адамдар, сондай-ақ мемлекеттiк нотариалдық кеңселерде жұмыс iстейтiн нотариустар (мемлекеттiк нотариустар) аттестациядан өтпейдi.
      Сондай-ақ терiс себептер бойынша жұмыстан шығарылғандарды қоспағанда, прокуратура, тергеу және анықтау органдарында кемiнде он жыл жұмыс iстеген, адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алуға ниет білдiрген прокурорлар, тергеушiлер және анықтаушылар аттестациялауға жатпайды. 
      Әдiлет аттестациялық комиссиясының құрамы мен оның жұмыс регламентiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрі бекiтедi. 
       Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.03.21. N  347 , 2004.05.07. N  518 , 2004.10.28. N  1120 ,  2006.06.02. N  495 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) қаулыларымен.
      3. Аттестация екi кезеңнен тұрады:
      1) заңнаманы бiлуiне компьютерлiк тест тапсыру;
      2) үмiткердiң бiлiмiн емтихан билеттерi бойынша тексеру.
       Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2002.03.21. N  347 , өзгерту енгізілді - 2006.06.02. N  495 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) қаулыларымен.

  2. Аттестациядан өту үшiн құжаттарды қабылдау

      4. Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткер адам өзiн аттестацияға жiберу туралы өтiнiштi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетiнiң кеңсесi арқылы Комиссияға жолдайды. 
      Өтiнiшке мына құжаттар қоса берiлуi тиiс:
      1) фотосуретi бар жеке iс парағы;
      2)  алынып тасталды
      3) жоғары заң бiлiмi туралы дипломның нотариальды куәландырылған көшiрмесi;
      4)  алынып тасталды
      5)  алынып тасталды
      6) Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлiгiнiң немесе төлқұжатының көшiрмесi; 
      7) үмiткердiң тұрғылықты жерi бойынша берiлген наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден медициналық анықтамалар; 
      8) бүкіл республика бойынша мәліметтерді көрсете отырып, 
үміткердің тұрғылықты жері бойынша берілген соттылығы жоқ екендігі туралы анықтама. 
      1) тармақшада көрсетiлген адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткер адамның ұсынған құжаты Комиссия бекiткен құжаттарды тиiсiнше ресiмдеу туралы талаптарға сәйкес болуы тиiс. 
      Yмiткер Комиссия отырысына келген кезде оның жеке басын куәландыратын құжат (паспорт не жеке куәлiк) өзiнде болуы тиiс. 
       Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.01.19.  N 64 , 2002.03.21. N  347 , 2004.05.07. N  518 , 2004.10.28. N  1120 , 2006.06.02. N  495 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз), 2008.03.28  N 300 (қолданысқа енгізілу тәртібін  5-тармақтан   қараңыз) Қаулыларымен.
      5. Комиссияға келiп түскен материалдар олар келiп түскен күннен бастап бiр ай мерзiмнен кешiктiрiлмей қаралады.
      Осы Ереженiң 4-тармағында көзделген құжаттар берiлмеген не тиiстi ресiмделмеген жағдайда, үмiткердiң өтiнiшi қаралмайды және келiп түскен күннен бастап 5 күннен кешiктiрiлмей өтiнiш берушiге қайтарылады.

  3. Аттестацияны өткiзудiң тәртiбi мен шарттары 

      6. Аттестацияға " Адвокаттық қызмет туралы " не " Нотариат туралы " Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына (нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткерлер үшiн тағлымдамадан өту туралы талаптардан басқа) сай келетiн Қазақстан Республикасының азаматтары жiберiледi.
      Yмiткердiң заңнамалық кесiмдермен қойылатын талаптарға сәйкестігін немесе сәйкессiздiгiн тексеру мақсатында Комиссия төрағасының тапсырмасы бойынша Комиссия мүшелерiнiң бiрi аттестациялық iс материалдарын зерделейдi, Қорытынды жасайды және Комиссияға ұсынады.
      7. Аттестациялық iс материалдарын қарау қорытындылары бойынша Комиссия аттестацияға жiберу туралы не жiберуден бас тарту туралы уәждi шешiм шығарады.
      8. Егер үмiткер заңнамалық кесiмдермен белгiленген талаптарға сәйкес келмесе, аттестациялауға жiберуден бас тартылуы мүмкiн. 
      Аттестациялауға жiберуден бас тартылған жағдайда Комиссия азаматқа шешiм шығарылған күннен бастап 15 күннен кешiктiрмей заңнама нормаларына сiлтеме жасай отырып, уәждi шешiмдi беруге мiндеттi. 
      Аттестациялауға жiберуден бас тарту заңнамамен белгiленген тәртіппен сотқа шағымдалуы мүмкiн.
       Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.01.19.  N 64 қаулысымен.
      9. Аттестациялауға жiберiлген үмiткер аттестациялау өтетiн орын, күнi және уақыты туралы, оны өткiзгенге дейiн 10 күнтiзбелiк күннен кешiктiрiлмей, аумақтық әдiлет органдары арқылы хабардар етiледi. 
       Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2002.01.19.  N 64 қаулысымен.
      10. Комиссия аттестациялауды қажеттілiгiне қарай, бiрақ тоқсанына кемiне бiр рет жүргiзедi.
      Комиссия аттестациядан өткiзу жөнiндегi көшпелi отырыстар ұйымдастыруға құқылы. 
       Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.05.07. N  518 , 2006.06.02. N  495 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) қаулыларымен.
      11. Аттестацияға жiберiлген үмiткер қолданыстағы заңнаманы бiлуiне тестiлеуден өтедi. 
      Комиссия тестiлеудi өткiзудiң адалдығын, шарттарының, уақытының, қорытындыларын есептеудiң және мазмұнының стандарттылығын қамтамасыз етедi. 
      12. Тестiлеу барысында өзiнiң мазмұны және көлемi бойынша әр түрлi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бiлу тестiлерi адвокаттық және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткерлер үшiн бөлек қолданылады. 
      Комиссия тестiлеуге кiретiн сұрақтардың тiзбесiн құрастырады және бекiтедi. Yмiткерлердiң білімiн бағалауға арналған сұрақтар тиiстi кәсiби қызметтi жүзеге асыру үшiн бiлудi қажет ететiн құқық салалары мен пәндерiнiң тақырыптарына сәйкес келуi тиiс. Тест жауаптарының бiреуi дұрыс болатын кемiнде үш нұсқадан тұруы тиiс. 
      Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткерлердi тестiлеу бөлек жүргiзiледi. 
      13. Yмiткер өз қалауы бойынша тестiлеуден мемлекеттiк тiлде немесе орыс тiлiнде өтуге құқылы. 
      Бұл ретте үмiткер өз қалауын жазбаша растауы тиiс. 
       Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.01.19.  N 64 қаулысымен.
      14. Yмiткерлер аттестацияны өткiзу тәртiбiмен, үмiткерлердi iрiктеу рәсiмiнiң ұзақтығымен және мазмұнымен алдын ала таныстырылуы тиiс.
       Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.06.02. N  495 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
      15. Тестiлеу компьютер техникасы пайдалана отырып өткiзiледi. 
      16. Тестiленудiң алдында үмiткер тестiлеуден өту жөнiнде егжей-тегжейлi нұсқау алады. 
      Тестiлеуден өту кезiнде үмiткердiң анықтамалық, арнайы және өзге де әдебиетті, сондай-ақ қандай да бiр жазбаларды пайдалануына жол берiлмейдi. 
      Yмiткер көрсетiлген талаптарды бұзған жағдайда ол тестiлеуден аластатылады. 
       Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.03.21. N  347 қаулысымен.
      17. Тестiлеудiң дұрыс жауаптарын есептеу пайдаланылатын компьютерлiк бағдарламаның көмегiмен өздiгiнен жүргiзiледi. Тестiлеу нәтижелерi принтерде екi данада басылады және үмiткерге жеке қол қойдыру жолымен танысу үшін ұсынылады. 
      Тестiлеу нәтижелерi бар қағаздың бiр данасы үмiткерге тапсырылады, екiншiсi Комиссияға берiледi. 
      18. Егер дұрыс жауаптардың саны ұсынылған сұрақтардың жалпы санының 70 және одан жоғары пайызын құраса, үмiткер тестiлеуден өттi деп саналады және екiншi кезеңге жiберiледi. 
      Егер дұрыс жауаптардың саны ұсынылған сұрақтардың жалпы санының 70 пайызынан аз болса, үмiткер тестiлеуден өтпедi деп саналады.
       Ескерту. 18-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.01.19.  N 64 , 2002.03.21. N  347 , 2006.06.02. N  495 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) қаулыларымен.
      19. <*>
       Ескерту. 19-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.03.21. N  347 қаулысымен.
       19-1. Yмiткердiң бiлiмiн емтихан билеттерi бойынша тексерген кезде өзiнiң мазмұны бойынша әр түрлi билеттер, адвокаттық және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткерлер үшiн жеке-жеке пайдаланылады.
      Комиссия билеттердi құрастырады және бекiтедi. Yмiткерлердiң бiлiмiн бағалауға арналған сұрақтар тиiстi кәсiби қызметтi жүзеге асыру үшiн бiлудi қажет ететiн құқық салалары мен пәндерiнiң тақырыбына сәйкес келуге тиiс. Билеттерде үш сұрақтан болуға тиiс. 
      Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткерлер үшiн емтихан билеттерi бойынша бiлiмiн тексеру бөлек жүргiзiледi.
       Ескерту. 19-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2006.06.02. N  495 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
      19-2. Аттестациялау билеттерi Әдiлет министрлiгiнiң мөрiмен бекiтiлетiн конверттерге салынады.
      Аттестациялау билеттерi салынған конверттердi Әдiлет аттестациялау комиссиясының төрағасы аттестацияда аттестацияланушылардың және Әдiлет аттестациялау комиссиясы мүшелерiнiң қатысуымен ашуға тиiс.
       Ескерту. 19-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2006.06.02. N  495 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
      19-3. Емтихан билеттерiнiң сұрақтарына жауап беру үшiн аттестацияланушының дайындалуына 10 минуттан аспайтын уақыт берiледi.
      Аттестацияланушы ауызша айтқан баяндаған және түсiнiктеме берген сұрақтарға аттестацияланушының берген жауаптарының дұрыстығын Комиссия мүшелерi бес баллдық жүйе бойынша бағалайды. Комиссияның әрбiр мүшесi аттестацияланушының (басқалардан тәуелсiз) жауаптарын бағалайды.
      Екiншi кезеңнiң қорытындылары бойынша төрағалық етушi Комиссия мүшелерi ұсынған нәтижелердi есептейдi, содан кейiн жинақталады және Комиссияның барлық қатысушы мүшелерiнiң санына бөлiнедi.
      Комиссия мүшелерiнiң бағалары, сондай-ақ аттестацияланушының билет сұрақтары бойынша жинаған орташа баллдары Комиссияның хаттамасында көрсетiледi.
       Ескерту. 19-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2006.06.02. N  495 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
      19-4. Егер жалпы орташа баллы кемiнде төрт баллды құраған үмiткер аттестациядан өттi деп саналады.
      Сұрақтар бойынша төрт баллдан аз жинаған үмiткер аттестациядан өтпедi деп саналады.
       Ескерту. 19-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2006.06.02. N  495 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
      20. Тестiлеу және/немесе емтихан сұрақтарына жауабының нәтижелерi бойынша Комиссия осы Ережеге 1, 2-қосымшаларда белгiленген нысандар бойынша аттестациялау туралы не аттестацияламау туралы уәждi шешiмдi аттестация өткен күннен кейiнгі күннен кешiктірмей шығарады.
       Ескерту. 20-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.03.21. N  347 , 2006.06.02. N  495 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) қаулыларымен.
      21. Комиссияның шешiмi екi данада жасалады, олардың бiреуi аттестациялық iсте қалады, екiншiсi - шешiм шығарылған күнi үміткердің талабы бойынша берiледi.
      Комиссияның отырысында мiндеттi түрде хаттама жүргiзiледi, онда отырыстың күнi, уақыты мен өткiзiлетiн жерi, аттестацияланушының тегi, аты, әкесiнiң аты, тестiлеу нәтижесi, емтихан билетiнiң нөмiрi мен мазмұны, аттестацияланушының жауаптары, билет сұрақтары бойынша Комиссия мүшелерiнiң қойған бағалары және орташа баллдары, сондай-ақ Комиссияның шешiмi көрсетiледi.
      Комиссияның хаттамасына аттестацияға қатысқан барлық мүшелерi қол қояды.
       Ескерту. 21-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.01.19.  N 64 , 2006.06.02. N  495 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) қаулыларымен.
      Комиссияның шешiмi заңнамамен белгiленген тәртiппен шағымдалуы мүмкін.
      22. Комиссияда аттестациядан өтпеген өтпеген адам үш айдан ерте емес аттестацияға жiберу туралы өтiнiшпен Комиссияға қайта жүгінуге құқылы. 
       Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2002.01.19. N  N 64 , өзгерту енгізілді - 2002.03.21. N  347 , 2006.06.02. N  495 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) қаулыларымен.
      23. Дәлелдi себептер бойынша аттестацияға келмеген үмiткер, осы Ереженiң 9-тармағында көзделген тәртiппен, Комиссияның келесi отырысына шақырылады.
      Үмiткер қайтадан келмей қалған жағдайда,оның өтiнiшi қараусыз қалдырылады және оның ұсынған құжаттарымен бiрге қайтарылады. 
       Ескерту. 23-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.01.19.  N 64 қаулысымен.

Қазақстан Республикасы    
Yкiметiнiң         
2001 жылғы 25 қыркүйектегi 
N 1235 қаулысына       
1-қосымша       

       Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.06.02. N  495 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

  Әдiлет аттестаттау комиссиясының адвокаттық (нотариаттық)
  қызметпен айналысу құқығына үмiткердi аттестаттау туралы
                           шешiмi

200 жылғы "____" ________                       __________ қаласы

      Адвокаттық (нотариаттық) қызметпен айналысу құқығына
аттестаттау нәтижелерi бойынша әдiлет аттестаттау комиссиясының
құрамында:

      Төраға

      Хатшы

      Мүшелерi

      шешiм шығарды
      ____________________________ аттестатталсын.
                (Т. А. Ә.)

       Комиссия төрағасы

       Комиссия хатшысы

Қазақстан Республикасы     
Yкiметiнiң          
2001 жылғы 25 қыркүйектегi  
N 1235 қаулысына        
2-қосымша        

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.06.02. N  495 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

  Әдiлет аттестаттау комиссиясының адвокаттық (нотариаттық)
қызметпен айналысу құқығына үмiткердiң аттестациядан өтпегенi
                         туралы шешiмi

200 жылғы "____" ________                          _________ қаласы

      Адвокаттық (нотариаттық) қызметпен айналысу құқығына
аттестаттау нәтижелерi бойынша әдiлет аттестаттау комиссиясының
құрамында:

      Төраға

      Хатшы

      Мүшелерi

      шешiм шығарды

      1. ________________ аттестациядан өтпедi деп саналсын.
             (Т. А. Ә.)

      2. _____________________ әдiлет аттестаттау комиссиясына
              (Т. А. Ә.)

      адвокаттық (нотариаттық) қызметпен айналысу құқығына
аттестаттаудан өту үшiн қайта жүгiнуге құқылы.

       Комиссия төрағасы

       Комиссия хатшысы