Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 25 қыркүйектегі N 1235 қаулысына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 қаңтардағы N 64 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 мамырдағы № 653 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күшi бар Жарлығынасәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi Құрылыс істерi жөнiндегi комитетiнiң "Мембағалау" жылжымайтын мүлiктi бағалау жөнiндегi республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) таратылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
      2) "2000-2001 жылдары жекешелендiрiлуге жататын республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердiң тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 17 маусымдағы N 912 қаулысына(Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 27, 312-құжат): 
      көрсетiлген қаулымен бекітілген 2000-2001 жылдары жекешелендiрiлуге жататын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердiң тiзбесіндегі реттік нөмірі 30-жол алынып тасталсын.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі