"Мұнай және газ көлiгi" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 2 мамыр N 591

Жаңартылған

      Мұнай-газ саласының жұмысын жүйелеу және магистральдық құбыр желiлерiн басқарудың бiрыңғай жүйесiн құру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Оның жарғылық капиталына мемлекеттiң 100 пайыз қатысуымен "Мұнай және газ көлiгi" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) құрылсын.
      2.
      Ескерту. 2-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.09.25. N 1051
               қаулысымен. P021051_
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiмен (бұдан әрi - Министрлiк) бірлесіп 1-қосымшаға сәйкес акционерлік қоғамдардың акцияларының бұдан бұрын берілген мемлекеттік пакеттерін "ҚазТрансойл" мұнай тасымалдау жөнiндегi ұлттық компания" (бұдан әрi - ҰМТК) жабық акционерлiк қоғамының мүлкi (активтерi) құрамынан шығаруды және осы акциялар пакеттерiн беру арқылы Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды;
      2) Қоғамның жарғысын бекiтудi және оның мемлекеттiк тiркелуiн;
      3) Министрлiкпен бiрлесiп ҰМТК-ның "ҚазТрансОйл" жабық акционерлiк қоғамы болып қайта аталуын және Қоғамның жарғылық капиталына "ҚазТрансОйл" жабық акционерлiк қоғамының 100 (жүз) пайыз мөлшерiнде акцияларының мемлекеттiк пакетi берiлуiн;
      4) Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiмен бiрлесiп Қоғамның жарғылық капиталына "Қазтеңiзкөлiкфлот" ұлттық теңiз кеме компаниясы" жабық акционерлiк қоғамының 50 (елу) пайыз мөлшерiнде акцияларының мемлекеттiк пакетiнiң берiлуiн;
      5)
      6) осы қаулыны iске асыру үшiн қажеттi өзге де шаралардың қабылдануын

 

қамтамасыз етсiн.

     Ескерту. 3-тармақтың 5)тармақшасы алып тасталды - ҚР Үкіметінің      

              2002.09.25. N 1051 қаулысымен. 


P021051_
 


     4. 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр

шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер бекiтiлсiн.

     5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары Д.К. Ахметовке жүктелсiн.

     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі

                                     Қазақстан Республикасы Үкіметінің

                                          2001 жылғы 2 мамырдағы

                                             N 591 қаулысына

                                                1-қосымша


         Акцияларының пакеттері "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау

     жөніндегі ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамы мүлкінің       

    (активтерінің) құрамынан шығарылатын және "Мұнай және газ көлігі"

    ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамының жарғылық капиталына    

                   берілетін акционерлік қоғамдардың

                               Тізбесі


1. "Ақтөбемұнайбайланыс" ААҚ (90 %);

2. "Байланыс" ААҚ (3,5 %);    

3. "Мұнай-Импэкс" ЖАҚ (99 %);    

4. "ҚазТрансГаз" ЖАҚ (100 %);    

5. "ҚазТрансБайланыс" (90 %);    

6. "Атырау халықаралық әуежайы" ААҚ (100 %);    

7. "Еуро-Азия Эйр" тікұшақ авиакомпаниясы" ААҚ (100 %).

                                     Қазақстан Республикасы Үкіметінің

                                          2001 жылғы 2 мамырдағы

                                             N 591 қаулысына

                                                2-қосымша


              "Мұнай және газ көлігі" ұлттық компаниясы"

         жабық акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы


     Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика

және минералдық ресурстар вице-министрі, төраға;

     Сафинов Қанатбек Бейсенбекұлы - Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің Кеңсесі Заң бөлімінің меңгерушісі;

     Андрющенко Александр Иванович - Қазақстан Республикасының Экономика

және сауда вице-министрі;

     Раханов Мақсұтбек Смағұлұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы

министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы;

     Құлыбаев Тимур Асқарұлы.

                                     Қазақстан Республикасы Үкіметінің

                                          2001 жылғы 2 мамырдағы

                                             N 591 қаулысына

                                                3-қосымша


                 Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң

            кейбiр шешімдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер


 
       1. "Құбыр желiсi көлiгiн дамыту мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 24 шiлдедегi N 1176 P971176_ қаулысында:
      1-тармақтағы ", сондай-ақ барлық жаңа халықаралық құбыр желiсi жобаларында" деген сөздер алынып тасталсын.
      2. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншіктің түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 P990405_ қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада:
      "Алматы қаласы" деген бөлiмде:
      реттiк нөмiрi 100-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "100 "Мұнай және газ көлiгi" ұлттық компаниясы" ЖАҚ";
      "Ақтөбе облысы" деген бөлiмде реттiк нөмiрi 125-жол алынып тасталсын;
      "Атырау облысы" деген бөлiмде реттiк нөмiрi 139, 141-жолдар алынып тасталсын;
      "Павлодар облысы" деген бөлiмде реттiк нөмiрi 261-жол алынып тасталсын.
      3. "Құбыр желiсi көлiгiн дамыту жөнiндегi жекелеген мәселелер" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 29 сәуiрдегi N 513 P990513_ қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 16, 166-құжат):
      1-тармақ алынып тасталсын.
      4. "Республикалық меншіктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестеріне иелік ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 P990659_ қаулысында:
      көрсетiлген қаулыға қосымшада:
      "Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiне" деген бөлiмде реттiк нөмiрi 17-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "17 "Мұнай және газ көлiгi" ұлттық компаниясы" ЖАҚ".
      5. "Кейбiр акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау жөнiндегi ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамына беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 17 қыркүйектегi N 1400 P991400_ қаулысында:
      2-тармақ алынып тасталсын.
      6. "Мұнайгаз секторының кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 22 қаңтардағы N 113 P000113_ қаулысында:
      1-тармақтың 2) және 3) тармақшалары алынып тасталсын.
      7. "ҚазТрансГаз" жабық акционерлiк қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 5 ақпандағы N 173 P000173_ қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 5-6, 68-құжат):
      2-тармақтың 3) және 4) тармақшалары алынып тасталсын;
      3-тармақ алынып тасталсын.
      8. "Евро-Азия Эйр" тiкұшақ авиакомпаниясы" ашық акционерлiк қоғамы

 

акцияларының мемлекеттiк пакетiн "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау жөнiндегi

ұлттық компания" жабық акционерлiк қоғамына беру туралы" Қазақстан

Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 25 мамырдағы N 785 


P000785_
 

  қаулысында:

     1-тармақ алынып тасталсын.

     9. "Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектiлерiнiң

тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 24 қазандағы

N 1587 


P001587_
 

  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N

43, 513-құжат):

     көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада:

     реттiк нөмiрi 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

     "2. "Мұнай және газ көлігі" ұлттық компаниясы" ЖАҚ (Алматы қаласы)

100%";

     реттiк нөмiрi 5-жолдағы "100%" деген сан "50%" деген санмен

ауыстырылсын.

     10. "Азаматтық авиация қызметiнiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан

Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 2 қарашадағы N 1659 


P001659_
 

  қаулысында:

     1-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;

     2-тармақ алынып тасталсын.

     11. "Кейбiр акционерлiк қоғамдар мен республикалық мемлекеттiк

кәсiпорындардың (ұлттық компаниялардың) қызметiн тиiмдi басқару мен

бақылауды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң 2001 жылғы 28 ақпандағы N 290 


P010290_
 

  қаулысында:

     көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:

     реттiк нөмiрi 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

     "2. "Мұнай және газ көлiгi" ұлттық компаниясы" ЖАҚ".



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.