Кейбір акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау жөніндегі ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамына беру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 17 қыркүйек N 1400

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 P990659_ қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулыға қосымшада:
      реттiк нөмiрi 43, 57 және 98-жолдар алынып тасталсын.
      2.
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2001.05.02. N 591
               қаулысымен. P010591_
      3. "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау жөнiндегі" жабық акционерлiк қоғамы "ТрансПетролеум" жабық акционерлiк қоғамының:
      1) "Травники-Қостанай-Аманқарағай" және "Петропавл-Көкшетау-Астана" магистралдық мұнай өнiмдерi құбырларындағы мұнай өнiмдерiн сумен ығыстырып шығаруды;
      2) "Травники", "Қостанай", "Петропавл", "Красноармейск", "Щучинск" аралық қайта айдау станцияларымен бiрге "Травники-Қостанай-Аманқарағай" және "Петропавл-Көкшетау-Астана" магистралдық мұнай өнiмдерi құбырларының желiлiк бөлiктерiн консервациялауды;
      3) жоғарыда көрсетiлген мұнай өнiмдерi құбырларының трассаның өн бойындағы жабдықтарын оның сақталуын қамтамасыз ете отырып монтаждап бұзуды және реттеп жинауды жүргiзуiн қамтамасыз етсiн.
      4. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда

 

министрлiгiнiң Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi комитетi

"ТрансПетролеум" жабық акционерлiк қоғамы жоғарыда көрсетiлген мұнай

өнiмдерi құбырларынан ығыстырып шығарған мұнай өнiмдерiнiң көлемiн

қабылдап алуды және сақтауды қамтамасыз етсiн.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


    Оқығандар:

   Қобдалиева Н.

   Қасымбеков Б.