"Қазатомөнеркәсiп" Ұлттық атом компаниясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 14 шiлдедегi N 3593 Жарлығын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының уранды барлау, өндiру, қайта өңдеу және сату, атом энергетикасы станциялары үшiн ядролық отын өндiру мәселелерiндегi мүддесiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментi заңдарда белгiленген тәртiппен:
Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгiмен, Әдiлет министрлiгiмен бiрлесiп бiр ай мерзiм iшiнде "Қазатомөнеркәсiп" ашық акционерлiк қоғамын мемлекеттiң жүз проценттiк үлесi бар жабық акционерлiк қоғам нысанындағы "Қазатомөнеркәсiп" Ұлттық атом компаниясы (бұдан әрi - Компания) етiп қайта құрсын, құрылтай құжаттарын бекiтсiн және мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн;
Компанияның жарғылық қорына 1-қосымшаға сәйкес акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакетiн, сондай-ақ 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттiк кәсiпорындардың мүлiктiк кешендерiн берсiн;
Компанияға 3-қосымшаға сәйкес "Инкай" және "Катко" шаруашылық серiктестiктерiнiң жарғылық қорларындағы заңды тұлғалардың үлестерiне иелiк ету, оларды пайдалану және басқару құқықтарын беру туралы мәселенi қарасын;
Шығыс Қазақстан облысының әкiмiмен және Компаниямен бiрлесiп "Үлбi металлургия заводы" акционерлiк қоғамының тантал өндiрiсiн мүлiктiк жалға беру мүмкiншiлiгiн қарасын;
"Қазатомөнеркәсiп" Ұлттық атом компаниясы" жабық үлгiдегi акционерлiк қоғамының басқармасын Алматы қаласында орналастыру туралы ұсынысқа келiсiм берiлсiн және Компанияны Алматы қаласында қажеттi қызметтiк үй-жайлармен қамтамасыз етсiн.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінiң
1998.04.17. N 347 қаулысымен.
2. Компания "Қазатомөнеркәсiп" ашық акционерлiк қоғамының құқықтық мұрагерi болып табылады деп белгiленсiн.
3. Компанияның негiзгi мiндеттерi (мемлекеттiк мүдделердi қамтамасыз етуi кезiнде):
уран мен оның құрамаларын сирек кездесетiн металдарды барлауды, өндiрудi, қайта өңдеудi;
сирек кездесетiн металдардың экспортын және импортын;
уранды, оның құрамаларын және сирек кездесетiн металдарды өндiру процесiн сумен қамтамасыз ету үшiн жер асты суларын барлауды және өндiрудi;
атом энергетикасы станциялары үшiн ядролық отын өндiрудi;
атом-энергетика кешенiнiң өнiмдерiн дүниежүзiлiк рынокта сатуды;
ядролық материалдардың мемлекеттiк резервiн ұстауды және оған қызмет көрсетудi;
деректер банкiн пайдалану және оларды "Волковгеология" және "Степгеология" акционерлiк қоғамдарында орналастыру арқылы аймақтық орталықтар құру жолымен республиканың уран кен орындары жөнiндегi геологиялық ақпараттың мониторингiне және оның сақталуы мен таратылуына бақылау жасауға жәрдем көрсетудi;
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Америка Құрама Штаттары Сауда министрлiгiнiң арасында жасалған 1996 жылғы 16 қыркүйектегi "Қазақстаннан уран бойынша антидемпингтiк тексерудi тоқтата тұру туралы келiсiмнiң" және оған барлық толықтырулардың атқарылуына, сондай-ақ қазақстандық уранды АҚШ рыногына беру жөнiндегi квоталардың пайдаланылуына бақылау жасауды жүзеге асыру болып айқындалсын.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.06.06. N 514 қаулысымен.
4. Қазақстан Республикасы Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгiнiң Геология, жер қойнауын қорғау және пайдалану комитетi:
заңдарда белгiленген тәртiппен Инкай-Мыңқұдық кен алқабы бойынша уранды барлауға және өндiруге арналған лицензияларды оған кен орнын бiрлесiп игеру жөнiндегi әрiптестiктi таңдау құқығын ұсына отырып Компанияға қайта ресiмдеу туралы ұсыныс енгiзсiн;
Компанияны ураны бар материалдарды барлауға өндiруге және қайта өңдеуге арналған лицензияларды беру туралы мәселелердi қараған кезде сараптама жасау үшiн мiндеттi түрде тартсын.
5. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi, Сыртқы iстер министрлiгi компаниямен бiрлесiп 1997 жылдың 10 тамызына дейiн Уран мен оның құрамаларының, атом энергетикасы станцияларына арналған ядролық отынның, арнаулы жабдықтар мен технологиялардың, қос қолданысты материалдардың экспорты мен импорты жөнiндегi ұлттық оператор туралы ереженiң жобасын әзiрлесiн және оны Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне енгiзсiн.
6. алынып тасталды
Ескерту. 6-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінiң 1998.02.18. N 116 қаулысымен.
7. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Компаниямен бiрлесiп Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулымен сәйкес келтiру туралы ұсыныс енгiзсiн.
8. Компания Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментiмен бiрлесiп тиiстi шешiмнiң жобасын Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыну арқылы Компанияға берiлетiн жекелеген кәсiпорындарды қаржылық сауықтырудың жолдары туралы ұсыныс әзiрлесiн.
9. Компания Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бухгалтерлiк есеп және аудит методологиясы департаментiмен, сондай-ақ Салық комитетiмен бiрлесiп "Үлбi металлургия заводы" акционерлiк қоғамында жинақталған ядролық-отындық материалдардың қоймалық қорларын өзiнiң айналымдық қаражатын арттыруға бағыттайтын бағалауға дейiнгi сомаларды салық салынбайтын кiрiске енгiзе отырып iс жүзiнде қалыптасқан нарықтық бағалардың деңгейiнде қайта бағалауды жүзеге асырсын.
10. Қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгiне жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрiнiң
бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 22 шiлдедегi
N 1148 қаулысына
1-қосымша
Атом-энергетика өндiрiсi кешенiнде қызметiн
жүзеге асыратын, акцияларының мемлекеттiк пакетi
"Қазатомөнеркәсiп" Ұлттық атом компаниясының
жарғылық қорына берiлетiн акционерлiк қоғамдардың
ТIЗБЕСI
____________________________________________________________________
Акционерлiк қоғамның атауы және | Акциялардың мемлекеттiк
оның орналасқан жерi | пакетiнiң шамасы,
| проценттерде
______________________________________|_____________________________
"Волковгеология" АҚ, Алматы қаласы 90
"Үлбi металлургия заводы" АҚ,
Өскемен қаласы 90
"КАТЭП" АҚ, Алматы қаласы 51
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 22 шiлдедегi
N 1148 қаулысына
2-қосымша
Атом-энергетика өндiрiсi кешенiнде қызметiн
жүзеге асыратын, мүлiктiк кешенi "Қазатомөнеркәсiп"
Ұлттық атом компаниясының жарғылық қорына берiлетiн
мемлекеттiк кәсiпорындардың
ТIЗБЕСI
Қызылорда облысының Шиелi поселкесiндегi N 6 кен басқармасы
Оңтүстiк Қазақстан облысы Созақ ауданының Таукент
поселкесiндегi Орталық кен басқармасы
Оңтүстiк Қазақстан облысы Созақ ауданының Степной поселкесiндегi Степной кен басқармасы
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 22 шiлдедегi
N 1148 қаулысына
3-қосымша
"Инкай" және "Катко" шаруашылық серiктестiктерiнiң
жарғылық қорларындағы үлестерiне иелiк ету, оларды
пайдалану және басқару құқықтары "Қазатомөнеркәсiп"
Ұлттық атом компаниясына берiлетiн заңды тұлғалардың
ТIЗБЕСI
____________________________________________________________________
Шаруашылық серiктестiгiнiң атауы,| Жарғылық қордағы заңды
оның орналасқан жерi | тұлғаның үлесi (%-те)
______________________________________|_____________________________
"Инкай" ЖШС, Алматы қаласы "КАТЭП" АҚ - 33,33
"Катко" ЖШС, Оңтүстiк Қазақстан
облысы Созақ ауданының Таукент
поселкесi "КАТЭП" АҚ - 36
"Волковгеология" АҚ - 7
Орталық
кен басқармасы - 2
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 22 шiлдедегi
N 1148 қаулысына
4-қосымша
Ескерту. Қосымша алынып тасталды - ҚР Үкіметінiң 1998.02.18. N 116 қаулысымен.