Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы N 290 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 9 сәуір N 482

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Кейбір акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың (ұлттық компаниялардың) қызметін тиімді басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы N 290 P010290_ қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 1-тармақта:
      6) тармақшадағы "10" деген сан "30" деген санмен ауыстырылсын;
      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "9) қоғамның директорлар кеңесі төрағасының (уәкілетті органның - РМК үшін) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бекіткен нысандар бойынша мынадай мерзімдерде:
      - 1, 2, 3-тоқсандардың нәтижелері бойынша есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 1-күнінен кешіктірмей;
      - 4-тоқсанның және жылдың нәтижелері бойынша есепті кезеңнен кейінгі төртінші айдың 1-күнінен кешіктірмей ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметі туралы тоқсандық және жылдық ақпаратты ұсынуын қамтамасыз ететін көрсетілген ұйымдардың жарғыларына өзгерістер мен/немесе толықтырулардың 2001 жылғы 31 наурызға дейін енгізілуін қамтамасыз етсін.";
      2) 2-тармақтағы "есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 20-күнінен

 

кешіктірмей" деген сөздер мынадай мерзімдерде:

     - 1, 2, 3-тоқсандардың нәтижелері бойынша есепті кезеңнен кейінгі

екінші айдың 10-күнінен кешіктірмей;

     - 4-тоқсанның және жылдың нәтижелері бойынша есепті кезеңнен кейінгі

төртінші айдың 15-күнінен кешіктірмей" деген сөздермен ауыстырылсын.

     3) көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:

     тақырыбындағы "Акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі" деген

сөздер алынып тасталсын;

     реттік нөмірі 13-жол алынып тасталсын;

     4) көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:

     9-тармақ алынып тасталсын;

     мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:

     "10-1. "Қазақстан Эксимбанкі" ЖАҚ:

     Досаев Ерболат Асқарбекұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы

вице-министрі, төраға;

     Андрющенко Александр Иванович - Қазақстан Республикасының Экономика

және сауда вице-министрі;


 
       Бейсембетов Ескендір Қалыбекұлы - Қазақстан Республикасының

 

Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің

меңгерушісі (келісім бойынша);

     Аманбаев Мұрат Ермұқанұлы - Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары;

     Ізтілеуов Бейсенбай Ізтілеуұлы - "Қазақстан Эксимбанкі" ЖАҚ

басқармасының төрағасы".

     2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір

шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасы

     Премьер-Министрінің

     бірінші орынбасары


                                  Қазақстан Республикасы Үкіметінің

                                       2001 жылғы 9 сәуірдегі

                                          N 482 қаулысына

                                              қосымша


            Қазақстан Республикасы Үкіметінің

        күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі



 
       1. "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлік қоғамының кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 мамырдағы N 586 P990586_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 19, 206-құжат).
      2. "Қазпочта" ашық акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 ақпандағы N 155 P000155_ қаулысы.
      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы N 1940 P991940_ және 2000 жылғы 3 ақпандағы N 155 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 4 мамырдағы N 659 P000659_ қаулысы 1-тармағының 2) тармақшасы.
      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 ақпандағы N 155

 

қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000

жылғы 29 қыркүйектегі N 1476 


P001476_


  қаулысы.

     5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 наурыздағы N 308



P990308_


  қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2001 жылғы 25 қаңтардағы N 138 


P010138_


  қаулысы (Қазақстан

Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 3, 40-құжат).


Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.