Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы N 1940 және 2000 жылғы 3 ақпандағы N 155 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 4 мамыр N 659

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің заңнамада белгіленген тәртіппен 2000 жылдың 11 мамырына дейінгі мерзімде "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің Отан соғысының мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпиталі" республикалық мемлекеттік мекемесін (бұдан әрі - Мекеме) Астана қаласына көшіру туралы ұсынысына келісім берілсін.
      2. Астана қаласы әкімінің "Қалалық денсаулық сақтау басқармасының N 3 қалалық ауруханасы" мемлекеттік мекемесінің үйлерін, ғимараттарын, медициналық жабдықтары мен жарақтарын (бұдан әрі - Мүлік) Мекемеге беру туралы ұсынысы қабылдансын.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және

 

жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен Астана қаласының

әкімімен келісім бойынша, Мекемені орналастыру үшін, Мүлікті Астана қаласы

әкімінің коммуналдық меншігінен республикалық меншікке қабылдау-беру

жөнінде қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі




    Оқығандар:

   Қобдалиева Н.М.

   Орынбекова Д.К.