Кейбір акционерлік қоғамдардың жекелеген мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 6 наурыз N 308. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.02.28. N 290 қаулысымен. ~P010290

      "Астық сатып алу және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қазандағы N 998 P980998_ қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 35, 319-құжат) көзделген астықты сатып алуға бағытталған қаражатты қайтару мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамына және Ведомствоаралық комиссияның шешімінің негізінде 1997/1998 жылғы егіннің астығын сатып алуға қатысқан астық компанияларына, 1999 жылдың 1 сәуірінен, жоғарыда көрсетілген қаулыға сәйкес мемлекеттік ресурстарға сатып алған астықты сатуды бастауға рұқсат етілсін.
      1-1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Мемлекеттік кіріс министрлігі және Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекені қорғау жөніндегі агенттігімен бірлесіп екі апта мерзімде, қолданылып жүрген заңдарды сақтай отырып, астық бағасына демпингті болдырмау жөнінде келісілген шараларды әзірлесін. <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚРҮ-нің 1999.04.29. N 507

               

P990507_

 
     2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан 
Республикасындағы астық қорының есебін қамтамасыз етсін.
     3. Осы қаулының атқарылуын бақылау Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Ж.С.Кәрібжановқа 
жүктелсін.
     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі

   Оқығандар:
   Қобдалиева Н.
   Омарбекова А.