Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен монументтердiң жоғары идеялық және көркемдiк деңгейiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен монументтер жөнiндегi мемлекеттік комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған:
Комиссия туралы ереже;
Комиссия құрамы бекiтiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Yкiметi ескерткiштер мен монументтер орнату туралы шешімдерді Комиссияның ұсынысын ескере отырып қабылдайды деп белгіленсін.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.07.30. N 807 қаулысымен.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2001 жылғы 1 наурыздағы
N 311 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен
монументтер жөнiндегi мемлекеттiк комиссия туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен монументтер жөнiндегi мемлекеттік комиссия орнатылатын ескерткiштер мен монументтердiң жоғары идеялық және көркемдiк деңгейiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
2. Комиссия өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамаларына, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
2. Комиссияның негiзгі функциялары мен
өкілеттіктерi
3. Комиссия жергіліктi атқарушы органдардың, шығармашылық одақтардың және қоғамдық ұйымдардың ескерткіштер мен монументтер орнату туралы ұсыныстарын қарайды және: <*>
1) ескерткiштiң немесе монументтiң ең таңдаулы жобасына конкурстар өткiзу;
2) конкурсқа ұсынылған ескерткiштер мен монументтер жобаларының конкурс шарттарында белгiленген талаптарға сәйкестiгiн тексеру;
3) ең үздiк жобаларға сыйлықтар және көтермелеудің басқа да түрлерiн беру;
4) конкурс қорытындылары негiзiнде жобалық құжаттарды одан әрi әзiрлеу;
5) ескерткiш немесе монументтiң эскиздiк жобасын, мүсiннiң жұмыс моделiн, тұғырдың сызбаларын, жұмсақ материалда жасалған құрылыс мөлшерiндегi мүсiн моделiн, құрылыс материалында (қола, гранит және т.б.) жасалған мүсiндi, жасалған және төңiрегiндегi аумақтың көркейтiлуi аяқтала отырып орнатылған ескерткiш немесе монумент құрылысын қабылдау жөнiнде ұсынымдар бередi.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.11.21. N 1235 қаулысымен.
4. Комиссия белгiленген тәртiппен және өз құзыретiне енетiн мәселелер бойынша:
1) республикада ескерткiштер мен монументтер орнату мәселелерiн реттеу жөнiнде ұсынымдар әзiрлеуге;
2) Комиссия құрамына өзгерiс туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар енгiзуге; <*>
3) ескерткiштердi немесе монументтердi жобалау және құрылысы процесiнде авторлармен консультативтiк жұмыс жүргiзуге;
4) ескерткiштер мен монументтер жобаларын дайындау және iске асыру жөнiнде уақытша және тұрақты жұмыс істейтiн сараптамалық және жұмыс топтарын ұйымдастыру бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар енгiзуге; <*>
5) ескерткiштер мен монументтер жобаларын бағалау, басым жобаларды таңдау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу мен енгiзу үшiн Қазақстан Республикасының мүдделi мемлекеттiк органдары мен ұйымдарының мамандарын және консультанттарды тартуға;
6) Комиссия құзыретіне жататын мәселелер бойынша заңды тұлғалардан қажеттi ақпарат сұратуға;
7) Комиссия мүшелерінің мәжiлiстерiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен ұйымдарының жауапты өкiлдерiн, сараптама және жұмыс топтары жетекшiлерiн тыңдауға;
8) ескерткiш және монумент құрылысына арналған гранттар мен техникалық көмек түрінде қаржыландыру тарту туралы ұсыныстар енгiзуге;
9) Комиссия мүшелерiн ескерткіштер мен монументтер жобаланатын және орнатылатын жерлерге iссапарға жiберу туралы ұсыныстар енгізуге құқылы.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.07.30. N 807 қаулысымен.
3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
5. Комиссияның мәжiлiсi қажеттiлiгiне қарай тоқсанына кемінде бір рет өткiзiледi және егер оған оның мүшелерінің жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысса, құқылы деп саналады.
Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.11.21. N 1235 қаулысымен.
5-1. Комиссия құрамына жетекші сәулетшілер мен мүсіншілер, өнертанушылар, мемлекеттік органдардың, ғылым және мәдениет мекемелерінің, шығармашылық одақтардың және басқа да мүдделі ұйымдар мен мекемелердің өкілдері кіреді.
Ескерту. 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2002.11.21. N 1235 қаулысымен.
5-2. Комиссияның қарауына ұсынылатын мәселелердің тізбесін түсуіне қарай жергілікті атқарушы органдардың, шығармашылық одақтардың және қоғамдық ұйымдардың ұсыныстары бойынша Комиссияның жұмыс органы жасайды.
Ескерту. 5-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2002.11.21. N 1235 қаулысымен.
5-3. Құрылысы аяқталған, эскиздері мен модельдері мәжілістерде алдын ала қаралмаған ескерткіштер мен монументтер жөніндегі ұсыныстар Комиссияның қарауына қабылданбайды.
Ескерту. 5-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2002.11.21. N 1235 қаулысымен.
5-4. Комиссияның төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, отырыстарында төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады және Комиссия жүзеге асыратын қызметке дербес жауап береді. Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары атқарады.
Ескерту. 5-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2008.06.28 N 643 Қаулысымен.
5-5. Комиссияның хатшысы Комиссия мәжілісінің күн тәртібі жөніндегі ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды және Комиссия мәжілісінің хаттамаларын ресімдейді.
Хатшы Комиссияның мүшесі болып табылмайды.
Ескерту. 5-5-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2008.06.28 N 643 Қаулысымен.
6. Комиссия шешiмдерi ашық дауыс берумен қабылданады және егер олар үшiн комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшілігi дауыс берсе, қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады. Комиссия мүшелерi ерекше пiкiрге құқылы, ол айтылған жағдайда жазбаша түрде баяндалуы тиiс.
Комиссия мәжілістерінің нәтижелерi бойынша, оған қатысушы мүшелер қол қойған хаттама жасалады. Оған осы мәжiлiсте қаралған ескерткiш немесе монумент жобасының сол сатыдағы фотосуреттерi қосымша берiледi.
7. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігінің Мәдениет комитеті Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.07.30 N 807 қаулысымен, 2005.02.28 N 173, 2008.06.28 N 643, 2010.10.26 N 1113 Қаулыларымен.
8. Комиссия қызметінің ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз етілуін жұмыс органы қамтамасыз етеді.
Ескерту. 8-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2008.06.28 N 643 Қаулысымен.
9. Комиссия өзінің қызметін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде тоқтатады.
Ескерту. 9-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2008.06.28 N 643 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнің
2001 жылғы 1 наурыздағы
N 311 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен
монументтер жөнiндегi мемлекеттік комиссия құрамы
Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.04.03 N 397, 2002.11.21 N 1235, 2003.10.31 N 1083, 2004.07.30 N 807, 2005.02.28 N 173, 2006.06.27 N 588, 2006.09.13 N 863, 2008.06.28 N 643, 2009.11.13 N 1834, 2010.10.26 N 1113 Қаулыларымен.
Құл-Мұхаммед - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Мұхтар Абрарұлы министрі, төраға
Бөрібаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Асқар Исмайылұлы вице-министрі, төрағаның орынбасары
Әбілдинова - Қазақстан Республикасы Мәдениет
Әлия Сапабекқызы министрлігі Мәдениет комитеті
төрағасының орынбасары, хатшы
Абаев - Қазақстандық суретшілер қауымдастығы
Хасен Сейілханұлы басқармасының төрағасы, Қазақстан
Республикасының еңбек сіңірген өнер
қайраткері (келісім бойынша)
Досжан - мүсінші, Т. Жүргенов атындағы өнер
Болат Сапарұлы академиясының профессоры, Қазақстан
Республикасының еңбек сіңірген өнер
қайраткері (келісім бойынша)
Есім - Қазақстан Республикасының Парламенті
Ғарифолла Есімұлы Сенатының депутаты (келісім бойынша)
Қозыбаев - Қазақстан Республикасы Мәдениет
Ілияс Манашұлы министрлігі Мәдениет комитетінің
төрағасы
Қойгелдиев - "Қазақстан тарихшылар қоғамдастығы"
Мәмбет Құлжабайұлы қоғамдық ұйымының төрағасы, тарих
ғылымдарының докторы, профессср
(келісім бойынша)
Мансұров - мүсінші, Қазақ көркем қорының төрағасы
Мұрат Амангелдіұлы (келісім бойынша)
Нұразхан - "Қазақстан халқының рухани даму қоры"
Алмас Шайкенұлы акционерлік қоғамының президенті
(келісім бойынша)
Рүстембеков - Қазақстан Сәулетшілер одағы
Ақмырза Исаұлы басқармасының төрағасы (келісім бойынша)
Садықов - Қазақстан сәулетшілер одағының мүшесі,
Амангелді Зейноллаұлы Қазақстанның құрметті сәулетшісі
(келісім бойынша)
Сергебаев Ескен - мүсiншi, Қазақстанның еңбек
Аманжолұлы сiңiрген өнер қайраткерi
(келiсiм бойынша)
Өмірбеков - өнертанушы, Қазақстанның еңбек
Байтұрсын Есжанұлы сіңірген өнер қайраткері, профессор
(келісім бойынша)
Оразбекова - өнертанушы, Қазақстан Республикасы
Лаура Сакенқызы Көркемөнер академиясының президенті
(келісім бойынша)
Чиканаев - профессор, Астана қаласының еңбек
Аманжол Шаймерденұлы сіңірген сәулетшісі (келісім бойынша)