Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен монументтердiң жоғары идеялық және көркемдiк деңгейiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен монументтер жөнiндегi мемлекеттік комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын.
3. Қазақстан Республикасының Yкiметi ескерткiштер мен монументтер орнату туралы шешімдерді Комиссияның ұсынысын ескере отырып қабылдайды деп белгіленсін.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.07.30. N 807
қаулысымен
.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен
монументтер жөнiндегi мемлекеттiк комиссия туралы
ереже
1. Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен монументтер жөнiндегi мемлекеттік комиссия орнатылатын ескерткiштер мен монументтердiң жоғары идеялық және көркемдiк деңгейiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
2. Комиссия өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамаларына, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комиссия жергіліктi атқарушы органдардың, шығармашылық одақтардың және қоғамдық ұйымдардың ескерткіштер мен монументтер орнату туралы ұсыныстарын қарайды және: <*>
1) ескерткiштiң немесе монументтiң ең таңдаулы жобасына конкурстар өткiзу;
2) конкурсқа ұсынылған ескерткiштер мен монументтер жобаларының конкурс шарттарында белгiленген талаптарға сәйкестiгiн тексеру;
3) ең үздiк жобаларға сыйлықтар және көтермелеудің басқа да түрлерiн беру;
4) конкурс қорытындылары негiзiнде жобалық құжаттарды одан әрi әзiрлеу;
5) ескерткiш немесе монументтiң эскиздiк жобасын, мүсiннiң жұмыс моделiн, тұғырдың сызбаларын, жұмсақ материалда жасалған құрылыс мөлшерiндегi мүсiн моделiн, құрылыс материалында (қола, гранит және т.б.) жасалған мүсiндi, жасалған және төңiрегiндегi аумақтың көркейтiлуi аяқтала отырып орнатылған ескерткiш немесе монумент құрылысын қабылдау жөнiнде ұсынымдар бередi.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.11.21. N 1235
қаулысымен
.
4. Комиссия белгiленген тәртiппен және өз құзыретiне енетiн мәселелер бойынша:
1) республикада ескерткiштер мен монументтер орнату мәселелерiн реттеу жөнiнде ұсынымдар әзiрлеуге;
2) Комиссия құрамына өзгерiс туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар енгiзуге;
<*>
3) ескерткiштердi немесе монументтердi жобалау және құрылысы процесiнде авторлармен консультативтiк жұмыс жүргiзуге;
4) ескерткiштер мен монументтер жобаларын дайындау және iске асыру жөнiнде уақытша және тұрақты жұмыс істейтiн сараптамалық және жұмыс топтарын ұйымдастыру бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар енгiзуге;
<*>
5) ескерткiштер мен монументтер жобаларын бағалау, басым жобаларды таңдау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу мен енгiзу үшiн Қазақстан Республикасының мүдделi мемлекеттiк органдары мен ұйымдарының мамандарын және консультанттарды тартуға;
6) Комиссия құзыретіне жататын мәселелер бойынша заңды тұлғалардан қажеттi ақпарат сұратуға;
7) Комиссия мүшелерінің мәжiлiстерiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен ұйымдарының жауапты өкiлдерiн, сараптама және жұмыс топтары жетекшiлерiн тыңдауға;
8) ескерткiш және монумент құрылысына арналған гранттар мен техникалық көмек түрінде қаржыландыру тарту туралы ұсыныстар енгiзуге;
9) Комиссия мүшелерiн ескерткіштер мен монументтер жобаланатын және орнатылатын жерлерге iссапарға жiберу туралы ұсыныстар енгізуге құқылы.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.07.30. N 807
қаулысымен
.
5. Комиссияның мәжiлiсi қажеттiлiгiне қарай тоқсанына кемінде бір рет өткiзiледi және егер оған оның мүшелерінің жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысса, құқылы деп саналады.
Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.11.21. N 1235
қаулысымен
.
5-1. Комиссия құрамына жетекші сәулетшілер мен мүсіншілер, өнертанушылар, мемлекеттік органдардың, ғылым және мәдениет мекемелерінің, шығармашылық одақтардың және басқа да мүдделі ұйымдар мен мекемелердің өкілдері кіреді.
Ескерту. 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2002.11.21. N 1235
қаулысымен
.
5-2. Комиссияның қарауына ұсынылатын мәселелердің тізбесін түсуіне қарай жергілікті атқарушы органдардың, шығармашылық одақтардың және қоғамдық ұйымдардың ұсыныстары бойынша Комиссияның жұмыс органы жасайды.
Ескерту. 5-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2002.11.21. N 1235
қаулысымен
.
5-3. Құрылысы аяқталған, эскиздері мен модельдері мәжілістерде алдын ала қаралмаған ескерткіштер мен монументтер жөніндегі ұсыныстар Комиссияның қарауына қабылданбайды.
Ескерту. 5-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2002.11.21. N 1235
қаулысымен
.
6. Комиссия шешiмдерi ашық дауыс берумен қабылданады және егер олар үшiн комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшілігi дауыс берсе, қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады. Комиссия мүшелерi ерекше пiкiрге құқылы, ол айтылған жағдайда жазбаша түрде баяндалуы тиiс.
Комиссия мәжілістерінің нәтижелерi бойынша, оған қатысушы мүшелер қол қойған хаттама жасалады. Оған осы мәжiлiсте қаралған ескерткiш немесе монумент жобасының сол сатыдағы фотосуреттерi қосымша берiледi.
7. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.07.30. N 807
қаулысымен
, 2005.02.28.
N 173
қаулысымен.
Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен
монументтер жөнiндегi мемлекеттік комиссия құрамы
Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.04.03. N 397
қаулысымен
, 2002.11.21. N 1235
қаулысымен
, 2003.10.31. N 1083
қаулысымен
, 2004.07.30. N 807
қаулысымен
, 2005.02.28.
N 173
, 2006.06.27. N
588
, 2006.09.13. N
863
қаулысымен.
Ертiсбаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Ермұхамет Қабиденұлы және ақпарат министрi, төраға
Әлиев - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Арыстанбек Мұхамедиұлы және ақпарат вице-министрi, төрағаның
орынбасары
Шәймерден - Қазақстан Республикасы Мәдениет және
Ербол Шәймерденұлы ақпарат министрлiгi Тарихи-мәдени
мұра департаментiнiң директоры,
хатшы
Қойгелдиев - Қазақстан Республикасының Бiлiм
Мәмбет Құлжабайұлы және ғылым министрлiгі
Ш.Уәлиханов атындағы тарих және
этнология институтының директоры
Есдәулет - "Қазақ әдебиеті" газетінің
Ұлықбек Оразбайұлы бас редакторы
Әбiшев Бақытжан - мүсiншi, Қазақстан Ленин
Әлiмбайұлы комсомолы сыйлығының лауреаты
(келiсiм бойынша)
Байпақов Карл - Қазақстан Республикасының Бiлiм
Молдахметұлы және ғылым министрлiгi
Ә. Марғұлан атындағы Археология
институтының директоры
Кацев Владимир Зеликович - Қазақстан Республикасының еңбек
сiңiрген сәулетшiсi (келiсiм
бойынша)
Ли Камилла Витальевна - өнертанушы (келiсiм бойынша)
Мергенов Еркiн Тiлекұлы - мүсiншi, Қазақстан Суретшiлер
одағы басқармасының төрағасы
(келiсiм бойынша)
Нысанбаев - Қазақстан Республикасының Бiлiм және
Әбдiмәлiк Нысанбайұлы ғылым министрлiгi Философия және
саясаттану институтының директоры,
Қазақстан Республикасы академиясының
корреспондент-мүшесi
Рүстембеков Ақмырза - Қазақстан Сәулетшiлер одағының
Исаұлы президентi (келiсiм бойынша)
Сергебаев Ескен - мүсiншi, Қазақстанның еңбек
Аманжолұлы сiңiрген өнер қайраткерi
(келiсiм бойынша)
Өмiрбеков Байтұрсын - Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттiк
Есжанұлы өнер мұражайының директоры
(келiсiм бойынша)
Ерғалиева - Т.Жүргенов атындағы Өнер
Райхан Әбдешқызы академиясының кафедра меңгерушісі,
өнертану докторы (келісім бойынша)