Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Yкiметi жанындағы Дiни бiрлестiктермен байланыстар жөнiндегi кеңестiң ережесi мен құрамы бекiтiлсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 27 шiлдедегi N 1140 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Yкiметi жанындағы Дiни бiрлестiктермен байланыстар жөнiндегi кеңес туралы ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер
1. Дiни бiрлестiктермен байланыстар жөнiндегi кеңес (бұдан әрi - Кеңес) Қазақстан Республикасының Yкiметi жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметiнiң кесiмдерiн, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерді, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
3. Кеңес өз қызметiн республиканың мемлекеттiк органдарымен, дiни, өзге де қоғамдық бiрлестiктерiмен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимылда жүзеге асырады.
4. Кеңестiң шешімдерi ұсынымдық сипатқа ие.
2. Кеңестiң мақсаты, мiндеттерi мен функциялары
5. Кеңестiң мақсаты - Қазақстан Республикасы азаматтарының дiн ұстану бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясат, қоғамдағы дiни келiсiмдi нығайту және конфессияаралық қатынастар үндестiгi мәселелерi жөнiнде ұсыныстар мен ұсынымдар әзiрлеу болып табылады.
6. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi мыналар:
1) елдегi дiни жағдайды және оның даму тенденцияларын жан-жақты және әдiл зерттеу, жинақтап қорыту және талдау;
2) азаматтардың дiн ұстану бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
3) республикадағы дiни жағдайдың жай-күйi және дiн ұстану бостандығы туралы заңнаманың сақталуы туралы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарын хабардар ету;
4) дiни бiрлестiктермен байланыстар жөнiндегi аймақтық кеңестер жұмысын үйлестiру;
5) Қазақстан Республикасында тiркелген дiни бiрлестiктер туралы ақпараттық деректер банкiн қалыптастыру;
6) дiни бiрлестiктер арасындағы өзара түсiнiстiк пен төзiмдiлiктi нығайту және оларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес консультативтiк көмек көрсету болып табылады.
7. Кеңес өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес заңнамада белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) азаматтардың дiн ұстану бостандығына және дiни бiрлестiктермен өзара iс-қимылына құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын қалыптастыруға қатысады;
2) республика аумағында құрылған дiни бiрлестiктердiң және шетел миссионерлерiнiң қызметiн зерделеудi жүзеге асырады, олар туралы деректер банкiн қалыптастырады;
3) ақпараттық-насихаттық iс-шараларды жүзеге асырады;
4) азаматтардың дiн ұстану бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерiн реттейтiн заңнаманы жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлейдi;
5) дiнтану сараптамаларын жүргiзудi қамтамасыз етедi, қажеттiлiгiне қарай бұл үшiн тиiстi мамандарды тартады;
6) азаматтардың дiн ұстану бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясат мәселелерi жөнiндегi консультативтiк жұмысты жүргiзедi;
7) шет мемлекеттердiң тиiстi ұйымдарымен халықаралық байланыстар орнатады және жолға қояды;
8) өзiне Қазақстан Республикасының заңнамасы мен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
3. Кеңестiң қызметiн ұйымдастыру және жұмыс тәртiбi
8. Кеңестi Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi орынбасарларының бiрi басқарады.
9. Кеңестiң мәжiлiстерi үш айда кемiнде бiр мәрте өткiзіледi. Кеңестiң кезектен тыс мәжiлiсi Кеңес төрағасының жеке бастамасы бойынша немесе Кеңес мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен бiрiнiң өтiнiшi бойынша шақырылады.
10. Кеңес мәжiлiсi, егер оның жұмысына кеңес мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысса, заңды болып есептеледi. Кеңестiң шешiмдерi мәжiлiске қатысқан Кеңес мүшелерi жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданады. Дауыстар тепе-теңдiгi кезiнде Кеңес төрағасының дауысы шешушi болып табылады.
11. Мәселелердi пысықтау, мәжiлiстердi дайындау, сараптау және талдау жұмыстарын жүргiзу үшiн Кеңес өз мүшелерi бiрiнiң жетекшiлiгiмен iс-қимыл жасайтын жұмыс топтарын құра алады.
12. Кеңес өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен мыналарға:
1) мемлекеттiк органдардан, дiни ұйымдар мен жеке адамдардан Кеңес құзыретiне жататын мәселелер бойынша қажеттi ақпарат сұратуға;
2) орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың ақпараттық деректер банкiн пайдалануға;
3) заңнамада белгiленген тәртiппен ғылыми ұйымдарды, тәуелсiз
сарапшылар мен мамандарды құжаттар әзiрлеуге тартуға; 4) азаматтардың дiн ұстану бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы республика заңнамасын бұзған дiни бiрлестiктер мен шетелдiк миссионерлердiң қызметiне тыйым салу жөнiнде ұсыныстар енгiзуге; 5) Кеңес құзыретiндегi мәселелерге қатысты нормативтiк құқықтық кесiмдер жобаларын әзiрлеуге қатысуға; 6) Кеңес құзыретiне қатысты мәселелер бойынша ресми түсiнiктемелер беруге; 7) заңнамаға сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыруға құқылы. 4. Кеңестiң қызметiн қамтамасыз ету 13. Кеңестiң төрағасын, оның орынбасарлары мен мүшелерiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi. 14. Төраға болмағанда оның функциялары төрағаның орынбасарына, Кеңес хатшылығының меңгерушiсiне жүктеледi.
15. Кеңес төрағасының орынбасары, Кеңес хатшылығының меңгерушiсi Кеңес хатшылығы қызметiне басшылықты жүзеге асырады.
16. Кеңес Қазақстан Республикасының жетекшi конфессиялар басшылары, дiнтанушы ғалымдар, мемлекеттiк басқару органдарының қызметкерлерi және қоғамдық қайраткерлер қатарынан жасақталады. Кеңес мүшелерi өз мiндеттерiн қоғамдық негiзде жүзеге асырады.
17. Кеңес қызметiн ұйымдық-талдамалық қамтамасыз етудi оның жұмысшы органы және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң құрылымдық бөлiмшесi болып табылатын Кеңес хатшылығы жүзеге асырады.
18. Кеңес хатшылығы өзiне жүктелген мiндеттердi орындау үшiн
заңнамада белгiленген тәртiппен: 1) Кеңес қызметiн ұйымдастырушылық, ақпараттық-талдамалық, әдiстемелiк және өзге де қамтамасыз етудi жүзеге асырады; 2) Кеңес мәжiлiсiнде қабылданатын және оның төрағасы бекiтетiн жұмыс жоспары жөнiндегi ұсыныстарды Кеңестiң қарауына енгiзедi; 3) Кеңес мәжiлiстерiнiң күн тәртiбiн құрады; 4) Кеңестiң қызметi туралы есеп дайындайды; 5) Кеңес мәжiлiстерiнiң жұмысын дайындайды, Кеңес мүшелерiнiң өзара iс-қимылын ұйымдастырады, iстi жүргiзедi; 6) өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 5. Кеңестiң қызметiн тоқтату тәртiбi 19. Кеңес өз қызметiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 16 наурыздағы N 247 P990247_ қаулысымен бекiтiлген, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдарды және жұмыс топтарын құру, қызметiн жүргiзу және тарату тәртiбi туралы нұсқаулығына сәйкес тоқтатады. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 27 шілдедегі N 1140 қаулысымен бекiтiлген Дiни бiрлестiктермен байланыс жөнiндегi кеңестiң құрамы Мұхаметжанов - Қазақстан Республикасы Бауыржан Әлiмұлы Премьер-Министрiнiң орынбасары, төраға Құл-Мұхаммед - Қазақстан Республикасының Мұхтар Абрарұлы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрi, төрағаның орынбасары Мұқашев Аманбек Мұқашұлы - Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Дiни бiрлестiктермен байланыстар жөнiндегi кеңес Хатшылығының меңгерушiсi, Кеңес төрағасының орынбасары Кеңес мүшелері Қуанышев Дулат Оразбекұлы - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер вице-министрi Отто Иван Иванович - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер вице-министрi Алексий - Орыс православие шiркеуiнiң Астана-Алматы архиепископы, республикалық епархияаралық комиссияның төрағасы (келiсiм бойынша) Атрушкевич Павел Александрович - Қазақстан халықтары ассамблеясы төрағасының орынбасары, Парламент Сенатының депутаты, (келiсiм бойынша) Бондаренко Юрий Яковлевич - А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттiк университетінiң профессоры, философия ғылымының кандидаты (келiсiм бойынша) Дербiсәлиев Әбдiсаттар Бағысбайұлы - Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасының муфтиi (келiсiм бойынша) Жолдасбеков Мырзатай Жолдасбекұлы - Л. Гумилев атындағы Еуразия университетiнiң ректоры, филология ғылымының докторы Иванов Владимир Александрович - Алматы қаласы әкiмi аппараты дiни ұйымдармен байланыс жөнiндегi бөлiмiнiң меңгерушiсi, философия ғылымының кандидаты Мұхамеджанов Төлеген Мұхамеджанұлы - Астана қаласы әкiмiнiң орынбасары, "Рухани келiсiм конгресi" халықаралық қоғамдық қорының президентi Нысанбаев Әбдiмәлiк Нысанбайұлы - Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы Философия және саясаттану институтының директоры Байқадамов - Қазақстан Республикасы Болат Кенжекешұлы Президентiнiң Әкiмшiлiгi Қоғамдық-саяси бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары (келiсiм бойынша) Елекеев - Қазақстан Республикасының Ирак Қасымұлы Әдiлет вице-министрi Шәмшидинова - Қазақстан Республикасының Күләш Ноғайқызы Бiлiм және ғылым вице-министрi Жұмақанов - Қазақстан Республикасының Владимир Зейноллаұлы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң департаментi бастығы (келiсiм бойынша) Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.02.28. N 292 қаулысымен. P010292_ Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.04.03. N 397 қаулысымен. P020397_ Мамандар: Қобдалиева Н.М. Орынбекова Д.К.