Қазақстан Республикасының Yкiметi жанындағы Дiни бiрлестiктермен байланыстар жөнiндегi кеңестiң ережесi мен құрамын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 27 шілде N 1140

Жаңартылған

     Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
     1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Yкiметi жанындағы Дiни бiрлестiктермен байланыстар жөнiндегi кеңестiң ережесi мен құрамы бекiтiлсiн.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрі

    Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң    
2000 жылғы 27 шiлдедегi        
N 1140 қаулысымен            
бекiтiлген            

Қазақстан Республикасының Yкiметi жанындағы Дiни
бiрлестiктермен байланыстар жөнiндегi кеңес туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. Дiни бiрлестiктермен байланыстар жөнiндегi кеңес (бұдан әрi - Кеңес) Қазақстан Республикасының Yкiметi жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
      2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметiнiң кесiмдерiн, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерді, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
      3. Кеңес өз қызметiн республиканың мемлекеттiк органдарымен, дiни, өзге де қоғамдық бiрлестiктерiмен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимылда жүзеге асырады.
      4. Кеңестiң шешімдерi ұсынымдық сипатқа ие.

2. Кеңестiң мақсаты, мiндеттерi мен функциялары

      5. Кеңестiң мақсаты - Қазақстан Республикасы азаматтарының дiн ұстану бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясат, қоғамдағы дiни келiсiмдi нығайту және конфессияаралық қатынастар үндестiгi мәселелерi жөнiнде ұсыныстар мен ұсынымдар әзiрлеу болып табылады.
      6. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi мыналар:
      1) елдегi дiни жағдайды және оның даму тенденцияларын жан-жақты және әдiл зерттеу, жинақтап қорыту және талдау;
      2) азаматтардың дiн ұстану бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      3) республикадағы дiни жағдайдың жай-күйi және дiн ұстану бостандығы туралы заңнаманың сақталуы туралы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарын хабардар ету;
      4) дiни бiрлестiктермен байланыстар жөнiндегi аймақтық кеңестер жұмысын үйлестiру;
      5) алынып тасталды
      6) дiни бiрлестiктер арасындағы өзара түсiнiстiк пен төзiмдiлiктi нығайту және оларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес консультативтiк көмек көрсету болып табылады.
      Ескерту. 5)-тармақша алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.09.15. N 871 қаулысымен.
      7. Кеңес өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес заңнамада белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) азаматтардың дiн ұстану бостандығына және дiни бiрлестiктермен өзара iс-қимылына құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын қалыптастыруға қатысады;
      2) алынып тасталды
      3) алынып тасталды
      4) азаматтардың дiн ұстану бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерiн реттейтiн заңнаманы жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлейдi;
      5) алынып тасталды
      6) азаматтардың дiн ұстану бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясат мәселелерi жөнiндегi консультативтiк жұмысты жүргiзедi;
      7) шет мемлекеттердiң тиiстi ұйымдарымен халықаралық байланыстар орнатады және жолға қояды;
      8) алынып тасталды
      Ескерту. 2),3),5),8)-тармақшалар алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.09.15. N 871 қаулысымен.

  3. Кеңестiң қызметiн ұйымдастыру және жұмыс тәртiбi

      8. Кеңестi Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің төрағасы басқарады.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.09.15. N 871; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.01.17 № 86 Қаулыларымен
      9. Кеңестiң мәжiлiстерi жарты жылда кемiнде бiр мәрте өткiзіледi. Кеңестiң кезектен тыс мәжiлiсi Кеңес төрағасының жеке бастамасы бойынша немесе Кеңес мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен бiрiнiң өтiнiшi бойынша шақырылады.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.09.15. N 871 қаулысымен.
      10. Кеңес мәжiлiсi, егер оның жұмысына кеңес мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысса, заңды болып есептеледi. Кеңестiң шешiмдерi мәжiлiске қатысқан Кеңес мүшелерi жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданады. Дауыстар тепе-теңдiгi кезiнде Кеңес төрағасының дауысы шешушi болып табылады.
      11. Мәселелердi пысықтау, мәжiлiстердi дайындау, сараптау және талдау жұмыстарын жүргiзу үшiн Кеңес өз мүшелерi бiрiнiң жетекшiлiгiмен iс-қимыл жасайтын жұмыс топтарын құра алады.
      12. Кеңес өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен мыналарға:
      1) мемлекеттiк органдардан, дiни ұйымдар мен жеке адамдардан Кеңес құзыретiне жататын мәселелер бойынша қажеттi ақпарат сұратуға;
      2) орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың Кеңес құзыретiне қатысты ақпараттық деректер банкiн пайдалануға;
      3) Кеңестiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен ұйымдарының өкiлдерiн Кеңестің отырыстарына шақыруға;
      4) заңнаманы жетiлдiру және азаматтардың дiн ұстану бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы республика заңнамасын бұзған дiни бiрлестiктер мен шетелдiк миссионерлердiң қызметiне тыйым салу жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
      5) Кеңес құзыретiндегi мәселелерге қатысты нормативтiк құқықтық кесiмдер жобаларын әзiрлеуге қатысуға;
      6) алынып тасталды
      7) заңнамаға сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыруға құқылы.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.09.15. N 871 қаулысымен.

4. Кеңестiң қызметiн қамтамасыз ету

      13. Кеңес төрағасы оның қызметiне басшылық жасайды, отырыстарында төрағалық етедi, жұмысын жоспарлайды, шешiмдердiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады.
      Төраға болмаған кезде оның функциялары төрағаның орынбасарына жүктеледi.
      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.09.15. N 871 қаулысымен.
      14. Кеңес жұмысын ұйымдастыруды, тиiстi құжаттарын дайындауды және отырысының хаттамаларын ресiмдеудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Кеңестiң жұмыс органы болып табылады.
      Отырысқа материалдар Кеңес мүшелерiне ол өткiзiлгенге дейiн кемiнде 3 күн бұрын жiберiледi.
      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.09.15. N 871; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.01.17 № 86 Қаулыларымен.
      15. алынып тасталды
      Ескерту. 15-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.09.15. N 871 қаулысымен.
      16. Кеңес Қазақстан Республикасының жетекшi конфессиялар басшылары, дiнтанушы ғалымдар, мемлекеттiк басқару органдарының қызметкерлерi және қоғамдық қайраткерлер қатарынан жасақталады. Кеңес мүшелерi өз мiндеттерiн қоғамдық негiзде жүзеге асырады.
      17. Кеңестiң құзыретiне қатысты қажеттi материалдарды әзiрлеу үшiн ұйымдар, сондай-ақ ғалымдар мен жоғары бiлiктi мамандар тартылуы мүмкiн.
      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.09.15. N 871 қаулысымен.
      18. алынып тасталды
      Ескерту. 18-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.09.15. N 871 қаулысымен.

5. Кеңестiң қызметiн тоқтату тәртiбi

      19. Кеңес өз қызметiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 16 наурыздағы N 247 қаулысымен бекiтiлген, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдарды және жұмыс топтарын құру, қызметiн жүргiзу және тарату тәртiбi туралы нұсқаулығына сәйкес тоқтатады.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң    
2000 жылғы 27 шілдедегі         
N 1140 қаулысымен            
бекiтiлген                 

Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Діни
бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің құрамы

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.01.17 № 86 Қаулысымен.

Лама Шариф Қайрат Қайырбекұлы   - Қазақстан Республикасы Дін істері
                                  агенттігінің терағасы, төраға

Телебаев Ғазиз Тұрысбекұлы      - Қазақстан Республикасының Мәдениет
                                  вице-министрі, төрағаның орынбасары

Күлекеев Бахытжан Кеңесұлы      - Қазақстан Республикасы Дін істері
                                  агенттігі Конфессияаралық
                                  қатынастар департаментінің
                                  директоры, хатшы

Есім Ғарифолла                  - Қазақстан Республикасының
                                  Парламенті Сенатының депутаты
                                  (келісім бойынша)

Аманбаев Әмірхан Тапашұлы       - Қазақстан Республикасы Әділет
                                  министрінің орынбасары

Тыныбеков Қайрат Сағатханұлы    - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
                                  министрінің орынбасары

Сарыбеков Махметғали Нұрғалиұлы - Қазақстан Республикасының Білім
                                  және ғылым вице-министрі

Шәуенов Ербол Солтыбекұлы       - Қазақстан Республикасы
                                  Президентінің Әкімшілігі Ішкі
                                  саясат бөлімі меңгерушісінің
                                  орынбасары (келісім бойынша)

Прокопенко Леонид Андреевич     - Қазақстан Республикасы Президенті
                                  Әкімшілігінің Қазақстан халқы
                                  Ассамблеясы Хатшылығы
                                  меңгерушісінің орынбасары (келісім
                                  бойынша)

Қапақов Нұрлан Төлегенұлы       - Қазақстан Республикасы
                                  Премьер-Министрі Кеңсесінің
                                  Әлеуметтік-экономикалық бөлімі
                                  меңгерушісінің орынбасары

Калюжный Вячеслав Афанасьевич   - Адам құқықтары жөніндегі ұлттық
                                  орталықтың басшысы (келісім
                                  бойынша)

Әзілханов Марат Алмасұлы        - Қазақстан Республикасы Дін істері
                                  агенттігі төрағасының орынбасары

Берсебаев Болат Талапұлы        - Қазақстан Республикасы Байланыс
                                  және ақпарат министрлігі Ақпарат
                                  және мұрағат комитетінің төрағасы

Садықов Барлыбай Кәрімұлы       - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
                                  министрлігі Көпжақты ынтымақтастық
                                  департаментінің директоры

Қайыров Асылбек Қуандықұлы      - Қазақстан Республикасы Ұлттық
                                  қауіпсіздік комитеті департамент
                                  бастығының орынбасары (келісім
                                  бойынша)

Балаева Аида Ғалымқызы          - Астана қаласы әкімінің орынбасары

Сәкенов Қайыргелді Әнуарбекұлы  - Қазақстан Республикасы Бас
                                  прокуратурасы Қоғамдық бірлестіктер
                                  туралы заңдардың қолданылуын
                                  қадағалау бөлімінің бастығы
                                  (келісім бойынша)

Дербісәлі Әбсаттар қажы         - Бас мүфти, Қазақстан мұсылмандары
                                  діни басқармасының төрағасы
                                  (келісім бойынша)

Александр (Могилев Геннадий     - Қазақстан Республикасындағы Орыс
Викторович)                       Православ шіркеуі Митрополиттік
                                  округ басшысы, Астаналық және
                                  Қазақстандық Митрополит (келісім
                                  бойынша)

Керім Шамшәдин                  - «Нұр-Мүбарак» Египет ислам
                                  мәдениеті университеті» жеке
                                  мекемесінің проректоры (келісім
                                  бойынша)

Сыдықов Ерлан Баташұлы          - Қазақстан Республикасы Білім және
                                  ғылым министрлігі «Л.Н.Гумилев
                                  атындағы Еуразиялық ұлттық
                                  университеті» республикалық
                                  мемлекеттік кәсіпорнының ректоры,
                                  тарихи ғылымдарының докторы,
                                  профессор, Педагогикалық білім
                                  берудің халықаралық академиясының
                                  академигі

Шылымова Гүлнар Екпінқызы       - Қазақстан Республикасы Дін істері
                                  агенттігі «Дін мәселелері жөніндегі
                                  ғылыми-зерттеу және талдау
                                  орталығы» республикалық мемлекеттік
                                  мекемесінің директоры

Әбуов Айдар Парқұлұлы           - Қазақстан Республикасы Дін істері
                                  агенттігі «Мәдениеттер мен
                                  діндердің халықаралық орталығы»
                                  мемлекеттік мекемесінің директоры

Жолдасбеков                     - «Қазақстан Республикасы
Мырзатай Жолдасбекұлы             Президенттік мәдениет орталығы»
                                  мемлекеттік мекемесінің директоры

Айталы                          - «Қазақ гуманитарлық заң
Амангелді Әбдірахманұлы           университеті» акционерлік қоғамының
                                  әлеуметтік-психологиялық пәндер
                                  кафедрасының профессоры, философия
                                  ғылымдарының докторы (келісім
                                  бойынша)

Бәкір Әбдіжәлел Қошқарұлы       - «Қазақ гуманитарлық заң
                                  университеті» акционерлік қоғамының
                                  әлеуметтік-психологиялық пәндер
                                  кафедрасының профессоры, саяси
                                  ғылымдар докторы (келісім бойынша)

Мыңбаев Мұрат Тайкелтірұлы      - қоғам қайраткері, техника
                                  ғылымдарының докторы, профессор
                                  (келісім бойынша)

Бәшімов Марат Советұлы          - «Еуропа құқығы және адам құқықтары
                                  институты» қоғамдық бірлестігінің
                                  директоры, профессор, заң
                                  ғылымдарының докторы (келісім
                                  бойынша)

Мухамеджанова Әлия Гафурқызы    - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
                                  қызмет істері агенттігінің
                                  «Қазақстан Республикасының
                                  Президенті жанындағы Мемлекеттік
                                  басқару академиясы» республикалық
                                  мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының
                                  оқу жұмысы жөніндегі вице-ректоры,
                                  философия ғылымдарының докторы
                                  (келісім бойынша)

Онучко Марина Юрьевна           - Қазақстан Республикасы Білім және
                                  ғылым министрлігі «Л.Н. Гумилев
                                  атындағы Еуразия ұлттық
                                  университеті» республикалық
                                  қазыналык мемлекеттік кәсіпорнының
                                  доценті, саяси ғылымдар кандидаты