Қазақстан Республикасының Yкiметi жанындағы Дiни бiрлестiктермен байланыстар жөнiндегi кеңестiң ережесi мен құрамын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 27 шілде N 1140

Жаңартылған

     Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
     1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Yкiметi жанындағы Дiни бiрлестiктермен байланыстар жөнiндегi кеңестiң ережесi мен құрамы бекiтiлсiн.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. 

     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң         
2000 жылғы 27 шiлдедегi              
N 1140 қаулысымен                  
бекiтiлген                      

  Қазақстан Республикасының Yкiметi жанындағы Дiни
бiрлестiктермен байланыстар жөнiндегi кеңес туралы
ЕРЕЖЕ

  1. Жалпы ережелер

      1. Дiни бiрлестiктермен байланыстар жөнiндегi кеңес (бұдан әрi - Кеңес) Қазақстан Республикасының Yкiметi жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. 
      2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметiнiң кесiмдерiн, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерді, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. 
      3. Кеңес өз қызметiн республиканың мемлекеттiк органдарымен, дiни, өзге де қоғамдық бiрлестiктерiмен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимылда жүзеге асырады. 
      4. Кеңестiң шешімдерi ұсынымдық сипатқа ие. 

  2. Кеңестiң мақсаты, мiндеттерi мен функциялары 

      5. Кеңестiң мақсаты - Қазақстан Республикасы азаматтарының дiн ұстану бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясат, қоғамдағы дiни келiсiмдi нығайту және конфессияаралық қатынастар үндестiгi мәселелерi жөнiнде ұсыныстар мен ұсынымдар әзiрлеу болып табылады. 
      6. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi мыналар: 
      1) елдегi дiни жағдайды және оның даму тенденцияларын жан-жақты және әдiл зерттеу, жинақтап қорыту және талдау; 
      2) азаматтардың дiн ұстану бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу; 
      3) республикадағы дiни жағдайдың жай-күйi және дiн ұстану бостандығы туралы заңнаманың сақталуы туралы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарын хабардар ету; 
      4) дiни бiрлестiктермен байланыстар жөнiндегi аймақтық кеңестер жұмысын үйлестiру; 
      5)  алынып тасталды
      6) дiни бiрлестiктер арасындағы өзара түсiнiстiк пен төзiмдiлiктi нығайту және оларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес консультативтiк көмек көрсету болып табылады. 
       Ескерту. 5)-тармақша алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.09.15. N  871  қаулысымен.
      7. Кеңес өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес заңнамада белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады: 
      1) азаматтардың дiн ұстану бостандығына және дiни бiрлестiктермен өзара iс-қимылына құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын қалыптастыруға қатысады; 
      2)  алынып тасталды  
      3)  алынып тасталды
      4) азаматтардың дiн ұстану бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерiн реттейтiн заңнаманы жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлейдi; 
      5)  алынып тасталды
      6) азаматтардың дiн ұстану бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясат мәселелерi жөнiндегi консультативтiк жұмысты жүргiзедi; 
      7) шет мемлекеттердiң тиiстi ұйымдарымен халықаралық байланыстар орнатады және жолға қояды; 
      8)  алынып тасталды
       Ескерту. 2),3),5),8)-тармақшалар алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.09.15. N  871  қаулысымен.  

  3. Кеңестiң қызметiн ұйымдастыру және жұмыс тәртiбi 

      8. Кеңестi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мүшесi басқарады.
       Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.09.15. N  871  қаулысымен.   
      9. Кеңестiң мәжiлiстерi жарты жылда кемiнде бiр мәрте өткiзіледi. Кеңестiң кезектен тыс мәжiлiсi Кеңес төрағасының жеке бастамасы бойынша немесе Кеңес мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен бiрiнiң өтiнiшi бойынша шақырылады. 
       Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.09.15. N  871  қаулысымен.
      10. Кеңес мәжiлiсi, егер оның жұмысына кеңес мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысса, заңды болып есептеледi. Кеңестiң шешiмдерi мәжiлiске қатысқан Кеңес мүшелерi жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданады. Дауыстар тепе-теңдiгi кезiнде Кеңес төрағасының дауысы шешушi болып табылады. 
      11. Мәселелердi пысықтау, мәжiлiстердi дайындау, сараптау және талдау жұмыстарын жүргiзу үшiн Кеңес өз мүшелерi бiрiнiң жетекшiлiгiмен iс-қимыл жасайтын жұмыс топтарын құра алады. 
      12. Кеңес өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен мыналарға: 
      1) мемлекеттiк органдардан, дiни ұйымдар мен жеке адамдардан Кеңес құзыретiне жататын мәселелер бойынша қажеттi ақпарат сұратуға; 
      2) орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың Кеңес құзыретiне қатысты ақпараттық деректер банкiн пайдалануға; 
      3) Кеңестiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен ұйымдарының өкiлдерiн Кеңестің отырыстарына шақыруға;
      4) заңнаманы жетiлдiру және азаматтардың дiн ұстану бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы республика заңнамасын бұзған дiни бiрлестiктер мен шетелдiк миссионерлердiң қызметiне тыйым салу жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
      5) Кеңес құзыретiндегi мәселелерге қатысты нормативтiк құқықтық кесiмдер жобаларын әзiрлеуге қатысуға;
      6)  алынып тасталды
      7) заңнамаға сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыруға құқылы.
       Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.09.15. N  871  қаулысымен.

  4. Кеңестiң қызметiн қамтамасыз ету

      13. Кеңес төрағасы оның қызметiне басшылық жасайды, отырыстарында төрағалық етедi, жұмысын жоспарлайды, шешiмдердiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады.
      Төраға болмаған кезде оның функциялары төрағаның орынбасарына жүктеледi.
       Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.09.15. N  871  қаулысымен.   
      14. Кеңес жұмысын ұйымдастыруды, тиiстi құжаттарын дайындауды және отырысының хаттамаларын ресiмдеудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Дiни iстер комитетi Кеңестiң жұмыс органы болып табылады.
      Отырысқа материалдар Кеңес мүшелерiне ол өткiзiлгенге дейiн кемiнде 3 күн бұрын жiберiледi.
       Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.09.15. N  871  қаулысымен.   
      15.  алынып тасталды
       Ескерту. 15-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.09.15. N  871  қаулысымен.
      16. Кеңес Қазақстан Республикасының жетекшi конфессиялар басшылары, дiнтанушы ғалымдар, мемлекеттiк басқару органдарының қызметкерлерi және қоғамдық қайраткерлер қатарынан жасақталады. Кеңес мүшелерi өз мiндеттерiн қоғамдық негiзде жүзеге асырады. 
      17. Кеңестiң құзыретiне қатысты қажеттi материалдарды әзiрлеу үшiн ұйымдар, сондай-ақ ғалымдар мен жоғары бiлiктi мамандар тартылуы мүмкiн.
       Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.09.15. N  871  қаулысымен.  
      18.  алынып тасталды
       Ескерту. 18-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.09.15. N  871  қаулысымен.

  5. Кеңестiң қызметiн тоқтату тәртiбi

     19. Кеңес өз қызметiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 16 наурыздағы N 247  қаулысымен  бекiтiлген, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдарды және жұмыс топтарын құру, қызметiн жүргiзу және тарату тәртiбi туралы нұсқаулығына сәйкес тоқтатады. 

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң     
2000 жылғы 27 шілдедегі          
N 1140 қаулысымен             
бекiтiлген                  

Қазақстан Республикасының Yкiметi жанындағы
Дiни бiрлестiктермен байланыстар жөнiндегi кеңестiң құрамы

Балиева                       - Қазақстан Республикасының Әдiлет
Зағипа Яхияқызы                 министрi, төрайым

Тоғжанов                      - Қазақстан Республикасы Әдiлет
Ералы Лұқпанұлы                 министрлiгi Дiни iстер комитетiнiң
                                төрағасы, төрайымның орынбасары

Төлесов                       - Қазақстан Республикасы Әдiлет
Қайрат Бақтыбайұлы              министрлiгiнiң Дiни iстер комитетi
                                төрағасының орынбасары, хатшы

Досжан                        - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Ардақ Дүкенбайұлы               Әкiмшiлiгi Әлеуметтiк-саяси
                                бөлiмiнiң меңгерушiсi

Бабақұмаров                   - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Ержан Жалбақұлы                 және ақпарат вице-министрi

Жошыбаев                      - Қазақстан Республикасының Сыртқы
Рәпiл Сейiтханұлы               iстер министрiнiң орынбасары

Шпекбаев                      - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер
Алик Жатқамбайұлы               вице-министрi

Байқадамов                    - Қазақстан Республикасындағы Адам
Болат Кенжекешұлы               құқықтары жөнiндегi уәкiлеттi өкiл

Мұхамеджанов                  - Қазақстан Республикасының
Төлеген Мұхамеджанұлы           Парламент Сенатының депутаты
                                  (келісім бойынша)

Дербiсәлi                     - Бас мүфти, Қазақстан мұсылмандары
Әбсаттар қажы                   дiни басқармасының төрағасы

Мефодий                       - Қазақстан Республикасындағы Орыс
(Немцов                         православие шiркеуi Митрополиттiк
Николай Федорович)              округiнiң басшысы, Астана және
                                Алматы Митрополитi

Нысанбаев                     - Қазақстан Республикасы Бiлiм және
Әбдiмәлiк Нысанбайұлы           ғылым министрлiгi "Философия және
                                саясаттану институты" республикалық
                                мемлекеттік қазыналық кәсiпорнының
                                директоры

Керiм Шамшәдин                - "Нұр-Мүбарак" Египет ислам
                                мәдениетi университетi" жеке
                                мекемесiнiң проректоры

Иванов                        - Алматы қаласы әкiмiнiң дiни
Владимир Александрович          бiрлестiктермен жұмыс мәселелерi
                                жөнiндегi бас инспекторы
 
Шәмшидинова                   - Қазақстан Республикасының
Күләш Ноғатайқызы               Білім және ғылым вице-министрі

Байкенжеев                    - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Ақылбек Спандиярұлы             қауіпсіздік комитетінің
                                Департаменті бастығының
                                орынбасары (келісім бойынша)

Әлиев                         - Қазақстан халықтары 
Жұматай Әлиұлы                  Ассамблеясы төрағасының
                                орынбасары - Хатшылықтың меңгерушісі
                                (келісім бойынша)

Аманшаев                      - Астана қаласы әкімінің
Ермек Әмірханұлы                орынбасары
       Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.09.15. N   871 , өзгерту енгізілді - 2007.10.05.  N 905  Қаулыларымен.