Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынудың және оларды тапсырудың тәртібі туралы нұсқаулықты, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары құжаттарының үлгілерін және Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары белгілерінің сипаттамасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі 1999 жылғы 8 қараша N 90.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабына сәйкес және Қазақстанның мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынуды, оларды есепке алу мен сақтауды ретке келтіру мақсатында:

      1. Ұсынылып отырған:

      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынудың және оларды тапсырудың тәртібі туралы нұсқаулық (N 1 қосымша);

      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары құжаттарының үлгілері (N 2 қосымша);

      3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары белгілерінің сипаттамасы бекітілсін (N 3 қосымша).

      2. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын және олардың құжаттарын сатып алу, есепке алу мен сақтау тәртібі туралы нұсқаулықты әзірлеп, бекітсін.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2013 жылғы 28 мамырдағы № 205 өкімімен.

      3. Осы Жарлықтың 2-тармағында көзделген Нұсқаулықтың талаптары мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар үшін, өздеріне қатысты бөліктерінде, міндетті деп белгіленсін.

      Қазақстан Республикасының
Президенті

  N 1 қосымша
  Қазақстан Республикасы Президентінiң
1999 жылғы 8 қарашадағы N 90
өкiмiмен бекітілді

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынудың және
оларды тапсырудың тәртiбi туралы
Нұсқаулық

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынудың тәртібі

      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсыну "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

      Награданың түрі ең жоғары дәрежелі ерекшелік белгілері - "Алтын Қыран" орденінің, "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарының, ордендердің, медальдар мен құрметті атақтардың мәртебелері ескеріле отырып, наградтауға ұсынылатын адамның сіңірген еңбегінің сипаты мен дәрежесі негізінде айқындалады.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 01.12.2009 N 278; 26.07.2025 № 233 өкімдерімен.

      2. "Алтын Қыран" орденiмен наградтауға кандидатураларды Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.

      Өзге мемлекеттік наградалармен наградтау жөнiнде Қазақстан Республикасының Президентiне Қазақстан Республикасының Парламентi, Yкiметi, министрлiктер, агенттіктер, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдар, шығармашылық одақтар мен басқа да ұйымдар ұсыныстар бередi.

      Наградтауға кандидатураларды еңбек ұжымдары қарап, ұсына алады. Бұл жөнiнде награда қағазына жазылады.

      3. Дәрежелерi бар наградалардан басқа бiр наградаға екiншi рет қайталап ұсынуға жол берілмейді.

      Көп балалы аналарды наградтауды және қаһармандық ерлік жасауға, қиын-қыстау жағдаяттарға байланысты айрықша жағдайларды қоспағанда, кезекті наградаға бұдан бұрынғы наградтаудан кейiн кемiнде бес жыл өткен соң ғана ұсынуға болады.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2007.03.25. N 114; 20.10.2023 № 90; 26.07.2025 № 233 өкімдерімен.

      4. Мемлекеттік наградаға ұсынылушының әрқайсысына белгіленген үлгідегі награда қағазы жасалады (№ 1 және № 2 нысандар қоса беріліп отыр).

      Награда қағазында (№ 1 нысан) наградталушының жеке басын, саладағы және осы ұжымдағы жұмысының жалпы еңбек өтілін, сіңірген нақты еңбегін сипаттайтын деректер, жұмысының тиімділігі мен сапасы туралы мәліметтер баяндалады; өндірісте жұмыс істейтін адамдар үшін - жұмысының негізгі нәтижелері, сондай-ақ ол аталып өтуі мүмкін награда көрсетіледі.

      Қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды, сондай-ақ егер өзіне қатысты немесе оның балаларына қатысты қылмыстық іс қозғалған болса, "Алтын алқа" немесе "Күміс алқа" алқасын алуға үміткер көп балалы ананы наградтаудан бас тартылуы мүмкін. Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы ақпарат олардың жасалған мерзіміне қарамастан, барлық мән-жайлар егжей-тегжейлі көрсетіліп, міндетті түрде награда қағазында көрсетіледі. Егер қылмыстық құқық бұзушылық жасалған немесе қылмыстық іс жүргізу тоқтатылған кезден бастап 10 жыл өтпесе, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамға ішкі істер органдарынан мінездеме де награда қағазына қоса беріледі.

      Награда қағазына ұйым басшысы қол қояды.

      Бірінші басшыға берілетін награда қағазына жоғары тұрған органның басшылығы қол қояды.

      Награда қағаздары оларға басшылығы қол қойған ұйымдардың мөрлерімен бекемделеді. Тиісті наградаға ұсынылатын көп балалы анаға белгіленген үлгідегі награда қағазы (№ 2 нысан) толтырылады.

      Награда қағаздарын жұмыс істейтін аналарға - жұмыс орны, жеке-дара жұмыс істейтіндер мен жұмыс істемейтін аналарға жергілікті атқарушы органдар толтырады және олардың қойған қолымен және мөрімен олар куәландырылады.

      Награда қағазы (№ 2 нысан) ана мен балалардың жеке құжаттарының негізінде толтырылады, ал хабарсыз кеткен немесе "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" Заңның 28-бабында көрсетілген жағдайларда қаза тапқан балаларға тиісті органдардың анықтамалары немесе басқа да растайтын құжаттары ұсынылады. Егер көп балалы ананың баласы шет мемлекеттің азаматы болып табылса, награда қағазына оның құжаттарды жинау кезінде түсірілген 3x4 көлемді түрлі-түсті фотосуреті, ал ол 18 жасқа толған кезде шетелдіктің жеке басын куәландыратын құжаттың толық түрлі-түсті көшірмесі де қоса беріледі.

      Балалардың бар екендігін растайтын анықтамалар бір жыл бойы жарамды.

      Награда қағаздары компьютерлік техниканы қолданылып толтырылады.

      "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарын және құрметті атақтарды беруге ұсынылатындардың награда қағаздарына 3x4 көлемді екі фотосурет артқы жағына тегі мен аты-жөні көрсетіліп қоса беріледі.

      Дұрыс ресімделмеген және Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның отырысына дейін отыз күннен кем мерзімде келіп түскен награда құжаттары қарауға қабылданбайды.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 26.07.2025 № 233 өкімімен.

      5. Наградтауға кандидатураны еңбек ұжымы ұсынған жағдайда, награда қағазы мен наградтау туралы еңбек ұжымының өтiнiмi келiп түскен материалдарды қарап, ұсыным әзiрлейтiн тиісті атқарушы органдарға немесе министрліктерге, мемлекеттік комитеттерге, шығармашылық одақтарға, қоғамдық ұйымдарға, әскери ведомстволарға және басқа органдарға жiберiледi.

      6. Қазақстан Республикасы Президентiнiң атына:

      меншік нысандарына қарамастан ұйымдардың, жергілікті мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне, өңірлік қоғамдық бірлестіктердің өкілдеріне - облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері;

      облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың тексеру комиссияларының төрағаларына - Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасы;

      орталық мемлекеттiк органдардың, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретін органдардың, республикалық шығармашылық одақтар мен қоғамдық ұйымдардың қызметкерлерiне – осы ұйымдардың басшылары;

      орталық мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдардың бірінші басшыларына, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері мен мәслихаттарының төрағаларына Қазақстан Республикасының Парламенті мен Үкіметі ұсынымдар енгізеді.

      Наградтауға ұсынылғандардың әрқайсысына ұсыным жеке дайындалады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 11.01.2016 № 169 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 12.08.2023 № 51; 26.07.2025 № 233 өкімдерімен.

      7. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшілері мен қызметкерлерін, сондай-ақ осы органдардың азаматтық контингентін наградтау туралы өтінішхаттарды ұсыну тәртібін олардың басшылығы айқындайды.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 26.07.2025 № 233 өкімімен.

      8. Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды наградтау туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі не Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен келісу бойынша басқа да министрліктер, мемлекеттік комитеттер, өзге де орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар береді.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 26.07.2025 № 233 өкімімен.

      9. Қаһармандық ерлік жасауға, қиын-қыстау жағдайларға, төтенше жағдайлардың салдарын жоюға байланысты айрықша жағдайларда орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар өздерінің бірінші басшыларының жазбаша келісімін алғаннан кейін өзге де орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың жұмыскерлерін наградтау туралы ұсынымдар енгізе алады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 26.07.2025 № 233 өкімімен.

      10. Наградтауды алдын ала қарап, ұсыныстар әзiрлеу үшiн Қазақстан Республикасы Президентінiң жанынан Мемлекеттiк наградалар жөнiндегi комиссия құрылады.

      Комиссияның наградтау жөнiндегi өтiнімдердi қарау нәтижелерi туралы кандидатураны ұсынған органға ауызша түрде хабарланады.

      Комиссияның наградтау немесе наградтамау жөнiндегi шешiмiне азаматтардың арыздары мен өтiнiштерi қаралмайды.

      Комиссияның шешімдеріне түсіндірме берілмейді.

      Наградталғандардың тізімдері мен олардың санын қоса алғанда, мемлекеттік наградалармен наградтау туралы ақпарат, сондай-ақ наградталғандардың награда қағаздары жеке және заңды тұлғалардың сұрау салулары бойынша берілмейді.

      Мұндай ақпарат пен награда қағаздары айрықша жағдай ретінде:

      наградталған адамның наградталуына қатысты тікелей өзіне;

      өзінің қорғауындағы адамға қатысты адвокаттық сұрау салу бойынша адвокаттарға;

      сотталғандарды мемлекеттік наградаларынан айыру туралы ұсынымдарды кейіннен дайындау үшін сотқа;

      құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдар жүргізетін сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде осы органдарға;

      адамды наградтауға тікелей ұсынған мемлекеттік органдар мен ұйымдарға берілуі мүмкін.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 26.07.2025 № 233 өкімімен.

      11. Қазақстан Республикасы Президентiнiң мемлекеттiк наградалармен наградтау туралы Жарлықтары "Қазақстан Республикасының президентi мен Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң актiлер жинағында", республикалық және жергiлiктi баспасөзде жарияланып, теледидар мен радио арқылы беріледi.

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларын тапсыру тәртiбi

      12. Мемлекеттiк наградаларды тапсыру салтанатты және жария жағдайда, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы күшiне енгеннен бастап екi ай мерзiмнен кешiктірмей жүргізіледі.

      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларын Қазақстан Республикасының Президентi тапсырады.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң тапсыруы бойынша мемлекеттiк наградаларды сондай-ақ:

      - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі;

      - облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері, министрлер, Қазақстан Республикасының елшілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті осыған уәкілеттік берген тапсыра алады.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 12.08.2023 № 51; 26.07.2025 № 233 өкімдерімен.

      13. Наградаларды тапсыру Қазақстан Республикасы Президентiнiң Резиденциясында, республикалық, облыстық, қалалық атқарушы органдарында, еңбек ұжымдарының жиналыстарында, сондай-ақ әскери бөлiмдер мен бөлiмшелерде жүргiзiледi.

      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградасы наградталушының жеке өзiне тапсырылады. Награда тапсырылар алдында Қазақстан Республикасы Президентiнiң наградтау туралы Жарлығы жария етiледi.

      13-1. Қазақстан Республикасының құрметті атақтарына ие болған адамдарға белгіленген үлгідегі төсбелгі тапсырылады.

      Ескерту. 13-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Президентінің 26.07.2025 № 233 өкімімен.

      14. Наградталушының әрқайсысына мемлекеттiк награда табыс етiлуiмен бiр мезгiлде наградталғандығы туралы мынадай құжаттар да:

      - "Алтын Қыран" орденiмен наградталған адамға - орден кiтапшасы;

      - "Халық қаhарманы" атағы берiлген адамға - "Халық қаhарманының" кiтапшасы мен куәлігі;

      - "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы берілген адамға - "Қазақстанның Еңбек Ерінің" кітапшасы мен куәлігі;

      - орденмен наградталған адамға және "Алтын алқа" немесе "Күміс алқа" алқасымен наградталған көп балалы анаға — орден кітапшасы;

      - медальмен наградталған адамға - медальдiң куәлiгi;

      - құрметтi атақ берiлген адамға - құрметтi атақтың куәлiгi берiледi.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2009.12.01. N 278; 15.02.2019 № 278; 26.07.2025 № 233 өкімдерімен.

      15. Наградтау туралы барлық құжаттар Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде толтырылады.

      Наградтау туралы құжаттардың белгіленген мерзімі болмайды. Наградтау туралы құжаттарға қандай да бір түзетулер енгізуге жол берілмейді.

      "Халық қаһарманының", "Қазақстанның Еңбек Ерінің" куәліктеріне және құрметтi атақтардың куәлiктерiне наградталушылардың фотосуреттерi жапсырылып, олар мөрмен куәландырылады.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2007.03.25. N 114, 2009.12.01. N 278; 15.02.2019 № 278; 26.07.2025 № 233 өкімдерімен.

      16. Мемлекеттік награда тапсырылғанға дейін награда тапсырылатын жерде наградталғандардың тізім (N 3 нысан) толтырылады, оған награда тапсырылғаннан кейін оны алғаны туралы наградталушы жеке өзі қол қояды.

      Тізім награданы тапсырған адамның қойған қолымен және оны тапсырған органның мөрімен бекітіледі.

      Наградталушының тегін, атын, әкесiнiң атын жазуда әрiп айырмашылығы байқалған жағдайда түзету актiсi (N 6 нысан) жасалып, оған жергiлiктi атқарушы орган басшысының қолы қойылып, тапсыру хаттамасына тiркеледi.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2007.03.25. N 114 өкімімен.

      17. Мемлекеттiк награда тапсырылып болғаннан кейiн тапсыру хаттамасы (N 4 нысан) жасалып, ол награда тапсырған адамның қойған қолымен, тапсырған органның мөрiмен бекiтiледi.

      Наградталушы қайтыс болып, мемлекеттік награда оған тiрi кезiнде тапсырылмаған жағдайда немесе ол қайтыс болғаннан кейiн наградталса, награда мен оның құжаттары естелiк ретінде сақтау үшiн наградталушының отбасына берiледi. Бұл жөнiнде хаттама рәсiмделiп (N 5 нысан), ол Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгіне жiберiледi.

      Егер наградталушы сырқаттығына, мүгедектiгіне байланысты тапсыруға келе алмаған жағдайда оған награда оның үйiнде немесе ол емделiп жатқан мекемеде тапсырылуы мүмкiн.

      Наградталушының мекен-жайы өзгерген жағдайда (облыстан, республикадан тысқары жерге кетуiне байланысты) жергiлiктi жерлерде награда тапсырудың мүмкiндiгі болмаған наградталушылардың тiзiмi жасалып (N 7 нысан), Қазақстан Республикасы Президентінiң Әкiмшiлiгіне жiберiледi.

      18. Мемлекеттік наградаларды жергілікті жерлерде тапсыруды ұйымдастыру мен өткізу үшін жауаптылық облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының атқарушы органдарына жүктеледі.

      Қоғамдық бірлестіктердің мемлекеттік наградаларды тапсыруы жергілікті атқарушы орган өкілінің қатысуымен жүзеге асырылады. Өкіл өзінің деректерін: лауазымын, тегін, атын және әкесінің атын көрсетіп, тапсыру хаттамасына виза қояды.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 26.07.2025 № 233 өкімімен.

      19. Қазақстан Республикасының ордендерiн, медальдарын және басқа да ерекшелiк белгiлерiн тағып жүрудiң тәртiбi "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 32 және 33-баптарының шарттарымен реттеледi.

      Наградталушыда бұрынғы КСРО мен басқа шет мемлекеттердiң мемлекеттік наградалары бар болған жағдайда, КСРО мен шет мемлекеттердiң наградалары Қазақстан Республикасының наградаларынан кейiн, жоғарыда аталған Заңның 11 және 18-баптарында белгiленген ретпен орналастырылады.

      Наградталған адамдар ордендер мен медальдардың орнына наградалардың белгіленген үлгiдегi символдарын таға алады.

      20. Қажет болған жағдайда наградаға құқықтарды қалпына келтіру растайтын құжаттар (тиісті сот актісінің көшірмелері және мемлекеттік наградаға құқығы қалпына келтірілетін адамның өтініші) қоса беріліп, наградтауға ұсыным енгізуге құқығы бар органдардың өтінішхаты бойынша жүзеге асырылады.

      Мемлекеттiк наградалар мен олардың құжаттарының көшiрмелерiн беру тәртiбi "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабының шарттарымен реттеледi. Қажет болған жағдайда наградталушы жоғалғандарының орнына наградалар мен олардың құжаттарының көшiрмелерiн беру жөнiнде жергiлiктi атқарушы органға өтініш беруiне болады. Өтiнiшке наградталғандығы туралы құжат, жоғалу жағдаяттары жөнiндегi мемлекеттiк органның немесе мекеменiң құжаты қоса тiркеледi. Жергілiктi атқарушы орган өтiнiштi қарағаннан кейiн, өз шешiмiн, наградталушының өтiнiшi мен оған тiркелген құжаттарды қарап, Мемлекеттiк наградалар жөнiндегi комиссияға ұсыныс беру үшiн облыстық атқарушы органға жiбередi.

      Наградтау туралы құжаттың көшiрмесi қолданылып жүрген бланкiге толтырылып, оған "көшiрме" деген сөз жазылады.

      Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 26.07.2025 № 233 өкімімен.

      20-1. Мемлекеттік наградалардың телнұсқаларын дайындау кезінде қымбат бағалы металдар пайдаланылмайды.

      Ескерту. 20-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Президентінің 26.07.2025 № 233 өкімімен.

      21. Жарамсыз күйге түскен мемлекеттік наградалар мен наградтау туралы құжаттарды айырбастау айрықша жағдайларда ғана, бүлiнген белгі мен оның құжаты қоса жiберiлген, наградталушының өтiнiшi және жергілiктi атқарушы органның өтiнiмi бойынша Мемлекеттiк наградалар жөнiндегi комиссияның шешімімен жүргізілуі мүмкін.

  N 1 нысан
  Қазақстан Республикасы
  ____________________
  (облысы)

НАГРАДА ҚАҒАЗЫ

      Ескерту. 1-нысан жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2013 жылғы 28 мамырдағы № 205 өкімімен.

      1. Тегі, аты, әкесінің аты

      _____________________________________________________________________

      2. Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) __________________________________

      3. Лауазымы, жұмыс, қызмет орны (кәсіпорын, мекеме, ұйым бөлімшесінің атауы дәл көрсетілуі керек)

      _____________________________________________________________________

      4. Жынысы ___________ 5. Туған жылы мен туған жері __________________

      6. Ұлты _____________________________________________________________

      7. Білімі ___________________________________________________________

      8. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы ____________________________________

      9. Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік наградаларымен наградталған және наградталған уақыты:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      10. Үйінің мекенжай _________________________________________________

      11. Жалпы жұмыс өтілі ___________ 12. Саладағы жұмыс өтілі___________

      13. Осы еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі ________________________________

      14. Наградталушының нақты айрықша еңбегін сипаттайтын мінездеме:

      Кандидатура

      _____________________________________________________________________

      (кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның атауы

      _____________________________________________________________________

      талқылау болған уақыт, хаттаманың №)_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ талқыланып, ұсынылған.

      Мына наградаға ұсынылады ____________________________________________

      (награданың түрі)

      Кәсіпорынның, мекеменің, Облыстық, республикалық

      ұйымның басшысы атқарушы органның басшысы

      ___________________________ _______________________________

      (тегі, аты-жөні) (тегі, аты-жөні)

      ___________________________ _______________________________

      (қолы) (қолы)

      М.О. М.О.

      ________ жылғы "______" ___________

      (толтырылған айы, күні)

      Ескертпе: наградталушының тегі, аты және әкесінің аты жеке басының куәлігі бойынша толтырылып, қазақ және орыс тілдеріндегі транскрипциясы міндетті түрде көрсетіледі.

  N 2 нысан
  Қазақстан Республикасы
  ______________________
  (облысы)

Мемлекеттік наградаға ұсынылған көп балалы
анаға арналған

      Ескерту. 2-нысан жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2013 жылғы 28 мамырдағы № 205 өкімімен.

НАГРАДА ҚАҒАЗЫ

      1. Тегі, аты, әкесінің аты

      _____________________________________________________________________

      2. Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)___________________________________

      3. Туған жылы ___________ Туған жері_________________________________

      4. Ұлты _____________________________________________________________

      5. Лауазымы мен жұмыс орны __________________________________________

      6. Көп бала тәрбиелеп өсіргені үшін бұрын қандай наградалармен

      наградталды

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      7. Ананың балалары жөніндегі мәліметтер:

N N

р/с

Тегі

Аты

Әкесінің аты

Туған жылы

Балалары қазір қайда тұрады


      1.

      2.

      3.

      4.

      5.

      6.

      7.

      8. Соңғы баланың туған жылы мен айы _________________________________

      9. Ананың үйінің мекенжайы __________________________________________

      10. _______________________________________________________ ұсынылады

      (награданың түрі)

Көп балалы ананың отбасы мен балаларына
ҚЫСҚАША МІНЕЗДЕМЕ

      ________________________________ _______________________

      Кәсіпорын, мекеме, жергілікті (тегі, аты-жөні)

      атқарушы орган басшысының қолы М.О.

      (қатыстылығына қарай)

      Атқарушы органның шешімі ____________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      ___________________________ __________________________

      Аудандық (қалалық) атқарушы (тегі, аты-жөні)

      орган басшысының қолы М.О.

      ________ жылғы "______" ___________

      (толтырылған айы, күні)

      Ескертпе: наградталушының тегі, аты және әкесінің аты жеке басының куәлігі бойынша толтырылып, қазақ және орыс тілдеріндегі транскрипциясы міндетті түрде көрсетіледі.

  N 3 Нысан
  Қазақстан Республикасы
  _____________________
  облысы

      Ескерту. 3-нысан жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2007.03.25. N 114 өкімімен.

      __________________________ ___________________________

      награда тапсырылған орын награда тапсырылған уақыт

      (облыс, қала, аудан)

      Қазақстан Республикасы Президентінің

      200 __ жылғы ___________ N ____ Жарлығы бойынша

      НАГРАДТАЛҒАНДАРДЫҢ ТІЗІМІ

р/с

N

Тегі,

аты,

әкесі-

нің аты

Награ-

даның

түрі

Орденнің,

Алтын

жұлдыздың

нөмірі

Орден кітапшасы-

ның, медаль, құр-

метті атақ куә-

лігінің нөмірі

Наград-

талушы-

ның

қолы

1

2

3

4

5

6


      Мәліметтердің дұрыстығын және наградталушының

      қойған қолын растаймын

      ______________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)

      ______________________________________________

      (қолы)

      М.О.

      "___"_______________ __ж.

  N 4 Нысан
  Қазақстан Республикасы
  _____________________
  облысы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік
наградаларын тапсырудың
Хаттамасы

      ___________________ _____________________

      тапсырылған орны тапсырылған уақыты

      Мен, ________________________________________________________

      тапсырушының қызметі, тегі, аты-жөні

      _________________________________________________________________

      Қазақстан Республикасы Президентінің атынан наградталғандарға

      мемлекеттік наградаларды тапсырдым:

      Қазақстан Республикасы Президентінің

      __________________________ Жарлығы

      бойынша

      награданың түрі

      ________________________________ _______________________

      Тегі, аты-жөні (Жарлық бойынша) қызметі (Жарлық бойынша)

      М.О.

      ___________________________

      (тапсырушының қолы)

  N 5 Нысан
  Қазақстан Республикасы
  ____________________
  (облысы)

Қайтыс болған наградталушының отбасына мемлекеттік награданы
табыс етудің (қайтыс болғаннан кейін)
Хаттамасы

      _____________________________

      тапсырылған күні

      Мен,__________________________________________________________

      (табыс етушінің қызметі, тегі мен аты-жөні)

      _________________________________________________________________

      Қазақстан Республикасы Президентінің ______ жылғы "____"_____

      Жарлығы бойынша марқұм (қайтыс болғаннан кейін) _____________

      ___________________________________________________________________

      наградталушының тегі, аты, әкесінің аты

      ___________________________________________________________________

      награданың, құжаттың түрі

      оның ____________________________________________________________

      еріне, әйеліне, ұлына, қызына, асыраушысына, қамқоршысына,

      _________________________________________________________________

      әкесіне, анасына, ағасына, інісіне, әпкесіне, қарындасына

      _________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты

      табыс еттім.

      ____________________

      (табыс етушінің қолы)

      М.О.

  N 6 Нысан
  Қазақстан Республикасы
  _____________________
  (облысы)

Наградталушылардың тектеріне, аттары мен әкесінің
аттарына түзетулер енгізу туралы
Акт

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын тапсыруға әзірлік кезінде мынадай айырмашылықтар анықталды:

      Қазақстан Республикасы

      Президентінің

      _____________________ Жарлығы

      награданың түрі

      Былай болып кеткен: Былай болуға тиіс:

      ______________________

      Әкім

  N 7 Нысан
  Қазақстан Республикасы
  ______________________
  (облысы)

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарымен
наградталып, бірақ мемлекеттік наградаларды тапсырудың
мүмкіндігі болмаған адамдардың
Тізімі

      _________________________________________________________________

      NN Наградталушының Жарлықтың Награданың Тапсырылмау себептері

      р/с тегі, аты-жөні шыққан түрі мен жаңа мекен-жайы

      уақыты мен

      нөмірі _________________________________________________________________

      Кеткен жері

      (мекен-жайы)

      Қайтыс болған (туыстары жоқ)

      Шетелге іссапарға кеткен

      (оралу мерзімі)

      Әскери қызметке шақырылған

      _________________________________________________________________

      Көрсетілген наградаларды ___________________________________

      (облысы)

      облысының есебінен шығаруды сұраймыз.

      Әкім

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары құжаттарының үлгілері (2-қосымша) осы өкіммен қоса берілмеген.
      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР Президентінің 15.02.2019 № 278 өкімімен.
      РҚАО-ның ескертуі!
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік наградалары белгілерінің сипаттамасы (3-қосымша) осы өкіммен қоса берілмеген.
      Ескерту. 3-қосымшаға өзгерістер енгізу көзделген - ҚР Президентінің 2009.12.01 N 278, 2010.09.08 N 436; 31.03.2015 N 353; 28.05.2015 № 4; 25.05.2020 № 109; 12.08.2023 № 51; 20.10.2023 № 90 өкімімен.