"Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынудың және оларды тапсырудың тәртібі туралы нұсқаулықты, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары құжаттарының үлгілерін және Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары б

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 353 өкімі

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес, Күршім ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2015 жылғы 23 ақпандағы № 79 ұсынысы негізінде, Қалғұты ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:
      1. Күршім ауданының Қалғұты ауылдық округінің Қаратоғай ауылына қарасты "Бабатілеу" учаскесінде ірі қара малға ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізіліп, қарасан ауруының ошағының жойылуына байланысты карантин аймағындағы ветеринариялық режим тоқтатылсын.
      2. 2015 жылғы 11 ақпандағы "Күршім ауданының Қалғұты ауылдық округінің Қаратоғай ауылына қарасты "Бабатілеу" учаскесінде карантин аймағына ветеринариялық режим белгілеу туралы" №2 шешімінің күші (аудандық Рауан-Заря газетінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №23 нөмірінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3746 16 наурыз 2015 жылы болып тіркелінген) жойылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
      Қалғұты ауылдық округінің әкімі Т.Хамитов