Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 8 қарашадағы N 90 өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 25 наурыздағы N 114 Өкімі

      2007 жылғы 29 наурыз - 2 сәуiрде Астана қаласында Пәкiстан Ислам Республикасы "Пәкiстан мұсылман лигасы" басқару партиясының Вице-президентi Гохар Аюб Ханның Қазақстан Республикасына сапарын (бұдан әрi - сапар) дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi:
      сапарды дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз етсiн;
      делегация мүшелерiнің қонақ үйде тұруына ақы төлеуге 2007 жылға арналған республикалық бюджетте 006 "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен 346456 (үш жүз қырық алты мың төрт жүз елу алты) теңге сомасында қаражат бөлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi сапарды бұқаралық ақпарат құралдарында жария етудi қамтамасыз етсiн.

      3. Осы өкiмнiң iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiне жүктелсін.

       Премьер-Министр