Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынудың және оларды тапсырудың тәртібі туралы нұсқаулықты, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары құжаттарының үлгілерін және Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары белгілерінің сипаттамасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі. 1999 жылғы 8 қараша N 90

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы"  Қазақстан Республикасы Заңының  3-бабына сәйкес және Қазақстанның мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынуды, оларды есепке алу мен сақтауды ретке келтіру мақсатында:

      1. Ұсынылып отырған:
      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынудың және оларды тапсырудың тәртібі туралы нұсқаулық (N 1 қосымша);
      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары құжаттарының үлгілері (N 2 қосымша);
      3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары белгілерінің сипаттамасы бекітілсін (N 3 қосымша).

      2. Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын және олардың құжаттарын есепке алу мен сақтау тәртібі туралы нұсқаулықты әзірлеп, бекітсін.

      3. Осы Жарлықтың 2-тармағында көзделген Нұсқаулықтың талаптары мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар үшін, өздеріне қатысты бөліктерінде, міндетті деп белгіленсін.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

N 1 қосымша          
Қазақстан Республикасы Президентінiң
1999 жылғы 8 қарашадағы N 90 
өкiмiмен бекітілді     

Қазақстан Республикасының мемлекеттік
наградаларымен наградтауға ұсынудың және
оларды тапсырудың тәртiбi туралы
Нұсқаулық

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен
наградтауға ұсынудың тәртібі

      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсыну "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына  сәйкес жүзеге асырылады.
      Награданың түрi наградтауға ұсынылған адамның сiңiрген еңбегiнiң сипаты мен дәрежесi, ең жоғары дәрежелi ерекшелiк белгiлерi - "Алтын Қыран" орденi мен "Халық қаhарманы" атағының, Қазақстан Республикасы ордендерiнiң, медальдарының, құрметті атақтары мен Құрмет грамотасының мәртебелерi ескерiле отырып белгіленедi.

      2. "Алтын Қыран" орденiмен наградтауға кандидатураларды Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.
      Өзге мемлекеттік наградалармен наградтау жөнiнде Қазақстан Республикасының Президентiне Қазақстан Республикасының Парламентi, Yкiметi, министрлiктер, агенттіктер, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдар, шығармашылық одақтар мен басқа да ұйымдар ұсыныстар бередi.
      Наградтауға кандидатураларды еңбек ұжымдары қарап, ұсына алады. Бұл жөнiнде награда қағазына жазылады.

      3. Дәрежелерi бар наградалардан басқа бiр наградаға екiншi рет қайталап ұсынуға жол берілмейді.
      Көп балалы аналарды наградтауды және ел мүдделерiн қорғауға байланысты айрықша жағдайларды қоспағанда, кезекті наградаға бұдан бұрынғы наградтаудан кейiн кемiнде бес жыл өткен соң ғана ұсынуға болады.

      4. Мемлекеттiк наградаға ұсынылушының әрқайсысына белгіленген үлгідегі награда қағазы толтырылады (N 1 және N 2 нысандары қоса беріліп отыр).
      Награда қағазында (N 1 нысан) наградталушының жеке басын, оның жұмыс істеген саладағы және осы ұжымдағы жалпы еңбек өтiлiн, сiңiрген нақты еңбегін сипаттайтын деректер, жұмысының тиiмдiлiгi мен сапасы туралы мәлiметтер баяндалады; өндiрiсте еңбек ететiндерге - жұмысының негiзгi нәтижелерi, сондай-ақ ол аталып өтуi мүмкiн награда көрсетіледi.
      Награда қағазына ұйым басшысы қол қояды.
      Бiрiншi басшының награда қағазына жоғары тұрған органның басшылығы қол қояды.
      Награда қағаздары оларға басшылығы қол қойған ұйымдардың мөрлерiмен тиянақталады. Тиiстi наградаға ұсынылған көп балалы анаға белгiленген үлгiдегi награда қағазы (N 2 нысан) толтырылады.
      Награда қағаздарын: жұмыс iстейтiн аналарға жұмыс орны, ұжымнан тыс еңбек ететiндер мен жұмыс істемейтiн аналарға жергiлiктi атқарушы органдар толтырады және олардың қойған қолымен және мөрлерiмен куәландырылады.
      Награда қағаздары (N 2 нысан) ана мен балалардың жеке құжаттарының негізiнде толтырылады, ал хабарсыз кеткен немесе "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы" Заңның 28-бабында көрсетiлген жағдайларда қаза тапқан балаларға анықтамалар немесе тиiстi органдардың басқа да дәлелдейтiн құжаттары ұсынылады.
      Балаларды растайтын анықтамалар бiр жыл iшiнде жарамды.
      Награда қағаздары машинкамен бiр дана етiп бастырылады, бұларда барлық графалар дәл әрi анық толтырылуға тиiс.
      Наградаға ұсынылғандардың награда қағаздарымен бiрге:
      - "Халық қаhарманы" атағын беруге - 4х5 көлемдi;
      - құрметтi атақтар беруге - Зх4 көлемді екi фотосуретi қоса жiберілiп, олардың сыртқы бетiне тектерi мен аты-жөндерi көрсетiлуге тиiс.
      Дұрыс толтырылмаған награда материалдары қарауға қабылданбайды.

      5. Наградтауға кандидатураны еңбек ұжымы ұсынған жағдайда, награда қағазы мен наградтау туралы еңбек ұжымының өтiнiмi келiп түскен материалдарды қарап, ұсыным әзiрлейтiн тиісті атқарушы органдарға немесе министрліктерге, мемлекеттік комитеттерге, шығармашылық одақтарға, қоғамдық ұйымдарға, әскери ведомстволарға және басқа органдарға жiберiледi.

      6. Қазақстан Республикасы Президентiнiң атына:
      - меншiк нысандарына қарамастан ұйымдардың, жергiлiктi мемлекеттiк органдардың қызметкерлерiне, аймақтық қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерiне - облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi;
      - орталық мемлекеттiк органдардың, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретін органдардың, республикалық шығармашылық одақтар мен қоғамдық ұйымдардың қызметкерлерiне - осы ұйымдардың басшылары;
      - орталық мемлекеттiк органдардың, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн органдардың бiрiншi басшыларына, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi мен мәслихаттарының хатшыларына - Қазақстан Республикасының Парламентi мен Үкiметi ұсыныстар бередi;
      - наградтауға ұсынылғандардың әрқайсысына ұсыныс жеке дайындалады.

      7. Қорғаныс министрлiгiнiң, Iшкi iстер министрлiгiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Республикалық ұланның, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметінiң әскери қызметшілерi мен қызметкерлерiн, сондай-ақ осы органдардың азаматтық контингентiн наградтау туралы ұсыныс жасау тәртiбiн осы органдардың басшылығы белгiлейдi.

      8. Қазақстан Республикасының шет елдерде жұмыс істейтiн азаматтарын, сондай-ақ шетел азаматтарын және шет елдерде тұратын азаматтығы жоқ адамдарды наградтау туралы ұсынысты Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi немесе республиканың Сыртқы істер министрлiгiмен келiсе отырып, басқа да министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, өзге де орталық атқарушы органдар бередi.

      9. Республика аумағында тұратын шетел азаматтарын наградтауға ұсыну жалпы негiздерде жүргiзiледi.

      10. Наградтауды алдын ала қарап, ұсыныстар әзiрлеу үшiн Қазақстан Республикасы Президентінiң жанынан Мемлекеттiк наградалар жөнiндегi комиссия құрылады.
      Комиссияның наградтау жөнiндегi өтiнімдердi қарау нәтижелерi туралы кандидатураны ұсынған органға ауызша түрде хабарланады.
      Комиссияның наградтау немесе наградтамау жөнiндегi шешiмiне азаматтардың арыздары мен өтiнiштерi қаралмайды.

      11. Қазақстан Республикасы Президентiнiң мемлекеттiк наградалармен наградтау туралы Жарлықтары "Қазақстан Республикасының президентi мен Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң актiлер жинағында", республикалық және жергiлiктi баспасөзде жарияланып, теледидар мен радио арқылы беріледi.

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк
наградаларын тапсыру тәртiбi

      12. Мемлекеттiк наградаларды тапсыру салтанатты және жария жағдайда, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы күшiне енгеннен бастап екi ай мерзiмнен кешiктірмей жүргізіледі.
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларын Қазақстан Республикасының Президентi тапсырады.
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң тапсыруы бойынша мемлекеттiк наградаларды сондай-ақ:
      - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы;
      - облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi, министрлер, Қазақстан Республикасының елшiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентi соған уәкiлдiк берген басқа адамдар тапсыра алады.

      13. Наградаларды тапсыру Қазақстан Республикасы Президентiнiң Резиденциясында, республикалық, облыстық, қалалық атқарушы органдарында, еңбек ұжымдарының жиналыстарында, сондай-ақ әскери бөлiмдер мен бөлiмшелерде жүргiзiледi.
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградасы наградталушының жеке өзiне тапсырылады. Награда тапсырылар алдында Қазақстан Республикасы Президентiнiң наградтау туралы Жарлығы жария етiледi.

      14. Наградталушының әрқайсысына мемлекеттiк награда табыс етiлуiмен бiр мезгiлде наградталғандығы туралы мынадай құжаттар да:
      - "Алтын Қыран" орденiмен наградталған адамға - орден кiтапшасы;
      - "Халық қаhарманы" атағы берiлген адамға - "Халық қаhарманының" кiтапшасы;
      - орденмен наградталған адамға - орден кiтапшасы;
      - медальмен наградталған адамға - медальдiң куәлiгi;
      - құрметтi атақ берiлген адамға - құрметтi атақтың куәлiгi берiледi.
      Көп балалы анаға наградамен бiрге орден кiтапшасы табыс етiледі.

      15. "Алтын Қыран" орденiнiң кiтапшасы, "Халық қаhарманының" кiтапшасы, орден кiтапшалары, медальдардың және құрметтi атақтардың куәлiктерi, грамоталар мен "Алтын алқа" алқасының орден кiтапшасы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгiнде, ал "Күмiс алқа" алқасының орден кiтапшасы награда тапсырылатын жерде толтырылады.
      Наградтау туралы құжаттар мерзiмсiз болып табылады. Наградтау туралы құжатқа қандай да бiр түзету енгiзуге болмайды. Наградталушының тегi, аты, әкесiнiң аты өзгеруiне байланысты наградтау туралы құжат айырбастауға жатпайды.
      "Халық қаhарманының" кiтапшасына және құрметтi атақтардың куәлiктерiне наградталушылардың фотосуреттерi жапсырылып, олар мөрмен куәландырылады.

      16. Мемлекеттiк награда тапсырылғанға дейiн наградталушының әрқайсысына есеп карточкасы толтырылады.
      Наградталушының есеп карточкасы (N 3 нысан) оның жеке басын куәландыратын құжаттардың негiзiнде награда тапсырылатын жерде (жазу машинкасымен) толтырылады.
      Есеп карточкасына наградталушының жеке өзi қолын қояды, оны рәсiмдеуге жауапты адамның қойған қолымен куәландырылып, мөрмен бекiтiледi.
      Есеп карточкасы толтырылғаннан кейiн ол наградтау туралы Жарлықпен немесе оның көшiрмесiмен мұқият салыстырылады.
      Наградталушының тегін, атын, әкесiнiң атын жазуда әрiп айырмашылығы байқалған жағдайда түзету актiсi (N 6 нысан) жасалып, оған жергiлiктi атқарушы орган басшысының қолы қойылып, тапсыру хаттамасына тiркеледi.

      17. Мемлекеттiк награда тапсырылып болғаннан кейiн тапсыру хаттамасы (N 4 нысан) жасалып, ол награда тапсырған адамның қойған қолымен, тапсырған органның мөрiмен бекiтiледi.
      Наградталушы қайтыс болып, мемлекеттік награда оған тiрi кезiнде тапсырылмаған жағдайда немесе ол қайтыс болғаннан кейiн наградталса, награда мен оның құжаттары естелiк ретінде сақтау үшiн наградталушының отбасына берiледi. Бұл жөнiнде хаттама рәсiмделiп (N 5 нысан), ол Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгіне жiберiледi.
      Егер наградталушы сырқаттығына, мүгедектiгіне байланысты тапсыруға келе алмаған жағдайда оған награда оның үйiнде немесе ол емделiп жатқан мекемеде тапсырылуы мүмкiн.
      Наградталушының мекен-жайы өзгерген жағдайда (облыстан, республикадан тысқары жерге кетуiне байланысты) жергiлiктi жерлерде награда тапсырудың мүмкiндiгі болмаған наградталушылардың тiзiмi жасалып (N 7 нысан), Қазақстан Республикасы Президентінiң Әкiмшiлiгіне жiберiледi.

      18. Мемлекеттік наградаларды жергілікті жерде тапсыруды ұйымдастыру мен өткiзу жауапкершiлiгi облыстық, Астана және Алматы қалаларының атқарушы органдарына жүктеледi.

      19. Қазақстан Республикасының ордендерiн, медальдарын және басқа да ерекшелiк белгiлерiн тағып жүрудiң тәртiбi "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 32 және 33-баптарының шарттарымен реттеледi.
      Наградталушыда бұрынғы КСРО мен басқа шет мемлекеттердiң мемлекеттік наградалары бар болған жағдайда, КСРО мен шет мемлекеттердiң наградалары Қазақстан Республикасының наградаларынан кейiн, жоғарыда аталған Заңның 11 және 18-баптарында белгiленген ретпен орналастырылады.
      Наградталған адамдар ордендер мен медальдардың орнына наградалардың белгіленген үлгiдегi символдарын таға алады.

      20. Қажет болған жағдайда наградаға құқықты қалпына келтiру наградтауға ұсыныс беруге құқылы органдардың өтiнiмi бойынша жүзеге асырылады.
      Мемлекеттiк наградалар мен олардың құжаттарының көшiрмелерiн беру тәртiбi "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  38-бабының шарттарымен реттеледi. Қажет болған жағдайда наградталушы жоғалғандарының орнына наградалар мен олардың құжаттарының көшiрмелерiн беру жөнiнде жергiлiктi атқарушы органға өтініш беруiне болады. Өтiнiшке наградталғандығы туралы құжат, жоғалу жағдаяттары жөнiндегi мемлекеттiк органның немесе мекеменiң құжаты қоса тiркеледi. Жергілiктi атқарушы орган өтiнiштi қарағаннан кейiн, өз шешiмiн, наградталушының өтiнiшi мен оған тiркелген құжаттарды қарап, Мемлекеттiк наградалар жөнiндегi комиссияға ұсыныс беру үшiн облыстық атқарушы органға жiбередi.
      Наградтау туралы құжаттың көшiрмесi қолданылып жүрген бланкiге толтырылып, оған "көшiрме" деген сөз жазылады.

      21. Жарамсыз күйге түскен мемлекеттік наградалар мен наградтау туралы құжаттарды айырбастау айрықша жағдайларда ғана, бүлiнген белгі мен оның құжаты қоса жiберiлген, наградталушының өтiнiшi және жергілiктi атқарушы органның өтiнiмi бойынша Мемлекеттiк наградалар жөнiндегi комиссияның шешімімен жүргізілуі мүмкін.

N 1 нысан    
Қазақстан Республикасы
 ____________________ 
  (облысы)       

Награда қағазы

      1. Тегі, аты, әкесінің аты ________________________
 _________________________________________________________________
      2. Қызметі, жұмыс не қызмет орны (кәсіпорынның, мекеменің,
ұйымның, министрліктің, мемлекеттік комитеттің бөлімшесінің атауы
дәл көрсетілуі керек)
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
      3. Жынысы____________________ 4. Туған жылы мен туған жері
_________________________________________________________________

      5. Ұлты ____________________
      6. Білімі________________________________
      7. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы ___________________________
_________________________________________________________________
      8. Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік наградаларымен       
      наградталған және наградталған уақыты: ____________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
      9. Үйінің мекен-жайы: ______________________________________

_________________________________________________________________
      10. Жалпы жұмыс өтілі _______  11. Саладағы жұмыс өтілі_____
      12. Осы еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі ________________________
      13. Наградталушының нақты айрықша еңбегін сипаттайтын
мінездеме:
      Кандидатура________________________________________________
_________________________________________________________________
      (кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның атауы,
_________________________________________________________________
      талқылау болған уақыт, хаттаманың N)
____________________________________ талқыланып, ұсынылған.
      Мына наградаға ұсынылады ___________________________________
                                     (награданың түрі)    

      Кәсіпорынның, мекеменің,         Республикалық органның
         ұйымның басшысы            облыстық атқарушы органның
                                             басшысы
     _______________________        ____________________
           (қолы)                          (қолы)
     _______________________        ____________________
        (тегі, аты-жөні)              (тегі, аты-жөні)
 
        М.О.                               М.О.

          ________ жылғы "____"____________________________                                         (толтырылған айы, күні)

      Ескерту. Наградталушының тегі, аты және әкесінің аты жеке басының куәлігі бойынша толтырылып, қазақ және орыс тілдеріндегі  транскрипциясы міндетті түрде көрсетіледі .    

N 2 нысан      
Қазақстан Республикасы
______________________
   (облысы)       

Мемлекеттік наградаға ұсынылған көп балалы
анаға арналған

Награда қағазы

      1. Тегі, аты, әкесінің аты
______________________________________
      2. Туған жылы ______________ Туған жері ____________________
      3. Ұлты ____________________________________________________
      4. Кәсібі немесе қызметі мен жұмыс орны_____________________
      5. Көп бала тәрбиелеп өсіргені үшін бұрын қандай наградалармен
      наградталды _________________________________________________
___________________________________________________________________
      6. Ананың балалары жөніндегі мәліметтер:

____________________________________________________________________
      NN     Тегі  Аты      Әкесінің  Туған     Балалары
      р/с                     аты      жылы     қазір қайда
                                                тұрады
_________________________________________________________________
      1.
      2.
      3.
      4.
      5.
      6.
      7.
      8.
      9.
      10.
      11.
      7. Соңғы баланың туған жылы мен айы_________________________
      8. Ананың үйінің мекен-жайы ________________________________
      9. _______________________________________________ ұсынылады
                      (награданың түрі)

Көп балалы ананың отбасы мен балаларына
Қысқаша мінездеме

      Кәсіпорын, мекеме, жергілікті
      атқару органы басшысының қолы
      (қатыстылығына қарай)

      М.О.

     Атқарушы органның шешімі_____________________________________
  ________________________________________________________________
  ________________________________________________________________

      М.О.
________________________________________________________________
                          (ауданның, қаланың)
________________________________________________________________
                                   қолы

     _______жылғы "_____"________________

________________________________________________________________

  N 3 нысан                
(жазу машинкасымен түзетусіз толтырылады)
 ______________________________________  
    награда тапсырылған мерзім       
______________________________________  
  тапсыру орны - облыс, қала, аудан      

Наградталушының есеп карточкасы

      1. Тегі__________________________________________________
      2. Аты, әкесінің аты_____________________________________
      3. Ұлты _________________________ 4. Жынысы______________
      5. Туған жылы __________________ 6. Туған жері __________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
      7. Білімі:  жоғары, аяқталмаған жоғары, арнаулы орта, орта,
      бастауыш (керектісінің асты сызылсын)
      8. Қызметі, әскери атағы (әскери қызметшілер үшін),
наградталған     
      кездегі жұмыс не қызмет орны
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
      9. Наградталушының мекен-жайы______________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________

N 3 нысан      
(сыртқы беті)     

      10. награда тапсырылды:
_________________________________________________________________
Награданың түрі:     Орденнің,   "Алтын Қыранның",     Наградтау
"Алтын Қыран" ордені, Алтын       "Халық қаһарманы-    туралы
"Халық қаһарманының"   жұлдыздың   ның кітапшасының    Жарлықтың
Алтын жұлдызы, орден,  нөмірі      медаль, құрметті    шыққан
медаль, омырауға                   атақ куәлігінің     уақыты мен
тағатын белгі,                     нөмірі              нөмірі Құрмет грамотасы _________________________________________________________________

     Наградталушының қолы ____________________________________

     Мәліметтердің дұрыстығын және наградталушының қойған
     қолын растаймын ____________________________________________
_________________________________________________________________
                    (тегі, аты-жөні, қызметі)
_________________________________________________________________
                              (қолы)

     М.О.            _________ жылғы "_____"____________________

     11. Қосымша деректер_______________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________

N 4 Нысан       
Қазақстан Республикасы 
_____________________ 
     облысы          

Қазақстан Республикасының мемлекеттік
наградаларын тапсырудың
Хаттамасы

     ___________________         _____________________
      тапсырылған орны            тапсырылған уақыты

      Мен, ________________________________________________________
                        тапсырушының қызметі, тегі, аты-жөні
_________________________________________________________________
      Қазақстан Республикасы Президентінің атынан наградталғандарға
      мемлекеттік наградаларды тапсырдым:

Қазақстан Республикасы Президентінің      
__________________________ Жарлығы        
бойынша                           

                          награданың түрі

      ________________________________      _______________________
      Тегі, аты-жөні (Жарлық бойынша)       қызметі (Жарлық бойынша)

      М.О.
                               ___________________________
                                  (тапсырушының қолы)

N 5 Нысан      
Қазақстан Республикасы
____________________
 (облысы)         

Қайтыс болған наградталушының отбасына мемлекеттік награданы
табыс етудің (қайтыс болғаннан кейін)
Хаттамасы

      _____________________________
          тапсырылған күні

      Мен,__________________________________________________________
                  (табыс етушінің қызметі, тегі мен аты-жөні)
_________________________________________________________________

      Қазақстан Республикасы Президентінің ______ жылғы "____"_____
      Жарлығы бойынша марқұм (қайтыс болғаннан кейін) _____________
___________________________________________________________________
           наградталушының тегі, аты, әкесінің аты
___________________________________________________________________
                  награданың, құжаттың түрі
оның ____________________________________________________________
        еріне, әйеліне, ұлына, қызына, асыраушысына, қамқоршысына,
_________________________________________________________________
         әкесіне, анасына, ағасына, інісіне, әпкесіне, қарындасына
_________________________________________________________________
                   тегі, аты, әкесінің аты
     табыс еттім.

     ____________________
     (табыс етушінің қолы)

     М.О.

N 6 Нысан       
Қазақстан Республикасы 
_____________________ 
 (облысы)        

Наградталушылардың тектеріне, аттары мен әкесінің
аттарына түзетулер енгізу туралы
Акт

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын тапсыруға әзірлік кезінде мынадай айырмашылықтар анықталды:

Қазақстан Республикасы       
Президентінің                
_____________________ Жарлығы  

награданың түрі

      Былай болып кеткен:            Былай болуға тиіс:

                                  ______________________
                                        Әкім

N 7 Нысан        
Қазақстан Республикасы  
______________________   
(облысы)           

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарымен
наградталып, бірақ мемлекеттік наградаларды тапсырудың
мүмкіндігі болмаған адамдардың
Тізімі

_________________________________________________________________
NN  Наградталушының  Жарлықтың  Награданың  Тапсырылмау себептері
р/с  тегі, аты-жөні  шыққан     түрі        мен жаңа мекен-жайы
                     уақыты мен
                     нөмірі _________________________________________________________________

                                       Кеткен жері
                                      (мекен-жайы)
                                       Қайтыс болған (туыстары жоқ)
                                       Шетелге іссапарға кеткен
                                       (оралу мерзімі)
                                       Әскери қызметке шақырылған

_________________________________________________________________

     Көрсетілген наградаларды ___________________________________
                                        (облысы)
     облысының есебінен шығаруды сұраймыз.

                                         Әкім