Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы N 209-II Кодексі

Жаңартылған

      ҚОЛДАНУШЫЛАР НАЗАРЫНА!

      Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен Салық кодексіне енгізілген өзгерістер әртүрлі уақытта қолданысқа  енгізілген (3-бапты қараңыз). Қажет болған жағдайда "Заң" Деректер
базасының 5 версиясының алдыңғы редакцияларын қараңыз.

      Ескерту. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы N 210-ІІ "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексін) қолданысқа енгізу туралы" Заңын  қараңыз.

      Ескерту. Кодекстiң бүкіл мәтiнi бойынша "акциз алымы маркалары", "акциз алымы маркаларының", "акциз алымы маркаларын", "акциздiк алымы маркаларын", "акциз алымының (бүлiнген немесе жоғалған (оның iшiнде ұрланған) маркалары", "акциз алымының бүлінген немесе жоғалған маркалары", "акциз алымының бүлінген маркаларын" деген сөздер тиiсiнше "акциздiк маркалар", "акциздiк маркалардың", "акциздiк маркаларды", "бүлінген немесе жоғалған (оның iшiнде ұрланған) акциздiк маркалар", "бүлiнген немеce жоғалған акциздiк маркалар", "бүлінген акциздiк маркаларды" деген сөздермен ауыстырылды - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен  (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).                  

1. Жалпы бөлім

1-бөлім. Жалпы ережелер

1-тарау. Негізгі ережелер

      1-бап. Осы Кодекспен реттелетiн қатынастар

      Осы Кодекс салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртiбi жөніндегі билiк қатынастарын, сондай-ақ мемлекет пен салық төлеуші арасындағы салық міндеттемелерін орындауға байланысты қатынастарды реттейдi.

      2-бап. Қазақстан Республикасының салық заңдары

      1. Қазақстан Республикасының салық заңдары осы Кодекстен, сондай-ақ қабылдануы осы Кодексте көзделген нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.
      2. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу жөніндегі осы Кодексте көзделмеген мiндет ешкiмге жүктелуге тиiс емес.
      3. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер осы Кодексте белгiленген тәртiпте және жағдайларда белгіленедi, енгiзiледi, өзгертiледi немесе күшiн жояды.
      4. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерiнiң арасында қайшылықтар болған кезде, салық салу мақсатында осы Кодекстiң нормалары қолданылады. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, салық қатынастарын реттейтiн нормаларды салықтық емес заңдарға енгiзуге тыйым салынады.
      5. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартпен осы Кодекстегіден өзге ережелер белгiленсе, аталған шарттың ережелерi қолданылады.

      3-бап. Салық заңдарының қолданылуы

      1. Салық заңдары Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында қолданылады және жеке тұлғаларға, заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлiмшелерiне қолданылады.
      2. Осы Кодекске жаңа салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер белгiлеу, қолданыстағы салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер ставкалары мен салық базасын өзгерту бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзетін Қазақстан Республикасының заң актілері ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірілмей қабылдануы және олар қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қана қолданысқа енгізiлуi мүмкін.

      4-бап. Қазақстан Республикасындағы салық салу
             принциптері

      1. Қазақстан Республикасының салық заңдары салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді төлеудің міндеттілігі, салық салудың айқындығы, әділдігі, салық жүйесінің біртұтастығы және салық заңдарының жариялылығы принциптеріне негізделеді.
      2. Қазақстан Республикасының салық заңдарының ережелері осы Кодексте белгіленген салық салу принциптеріне қайшы келмеуге тиіс.

      5-бап. Салық салудың міндеттілігі принципі

      Салық төлеуші салық заңдарына сәйкес салық міндеттемелерін толық көлемінде және белгіленген мерзімдерде орындауға міндетті.

      6-бап. Салық салудың айқындығы принципі

      Қазақстан Республикасының салықтары және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерi айқын болуға тиіс. Салық салу айқындығы салық төлеушінің салық міндеттемелері туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібін салық заңдарында белгілеу мүмкіндігін білдіреді.

      7-бап. Салық салудың әдiлдiгi принципi

      1. Қазақстан Республикасында салық салу жалпыға бiрдей және мiндеттi болып табылады.
      2. Жеке сипаттағы салық жеңiлдiктерiн беруге тыйым салынады.

      8-бап. Салық жүйесiнiң бiртұтастығы принципi

      Қазақстан Республикасының салық жүйесi Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында барлық салық төлеушiлерге қатысты бiртұтас болып табылады.

      9-бап. Салық заңдарының жариялылығы принципi

      Салық салу мәселелерiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер ресми басылымдарда мiндеттi түрде жариялануға тиiс.

      10-бап. Осы Кодексте қолданылатын негiзгi ұғымдар

      1. Салық салу мақсатында осы Кодексте қолданылатын негiзгi ұғымдар:
      1) қайырымдылық көмек  - жеке тұлғаларға әлеуметтiк қолдау көрсету мақсатында, коммерциялық ұйымдарға, сондай-ақ қызметiн әлеуметтiк салада жүзеге асыратын ұйымдарға олардың жарғылық қызметiн қолдау мақсатында өтеусiз негiзде берiлетiн мүлiк; <*>
      2) сыйақы  - кредиттер үшiн; қаржы лизингi бойынша Қазақстан Республикасының қаржы лизингiнiң мәселелерiн реттейтiн заң актiлерiне сәйкес сыйақы түрiнде берiлген (алынған) мүлiк үшiн; салымдар (депозиттер) бойынша; жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша; жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша; борыштық бағалы қағаздар бойынша төлемдер - дисконт не купон (бастапқы орналастыру құнынан және (немесе) сатып алу құнынан дисконтты не сыйлықақыны ескере отырып); <*>
      3) ұтыстар  - конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда), фестивальдарда, лотереялар бойынша, салымдар мен борыштық бағалы қағаздар бойынша ойындарды қоса, ұтыс ойындары бойынша салық төлеушiлер алатын заттай және ақшалай түрдегi табыстардың кез келген түрлерi;
      4) грант  - мемлекеттер, мемлекеттердiң үкiметтерi, халықаралық және мемлекеттiк ұйымдар, қызметi қайырымдылық және халықаралық сипатта болатын және Қазақстан Республикасының Конституциясына  қайшы келмейтiн, мемлекеттiк органдардың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тiзбеге енгiзiлген шетелдiк үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдар мен қорлар - Қазақстан Республикасына, Қазақстан Республикасының Үкiметiне, заңды тұлғаларға, сондай-ақ жеке адамдарға; шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар - Қазақстан Республикасына және Қазақстан Республикасының Үкiметiне белгiлi бiр мақсаттарға (мiндеттерге) жету үшiн өтеусiз негiзде беретiн мүлiк;
      5) iзгілік көмек  - халықтың өмiрi мен тұрмыс жағдайларын жақсарту үшiн, сондай-ақ әскери, экологиялық, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою үшiн шет елдерден және халықаралық ұйымдардан жiберiлген азық-түлiк, халық тұтынатын тауарлар, техника, құрал-жарақтар, жабдықтар, медициналық құралдар және дәрi-дәрмектер, өзге де заттар түрiнде Қазақстан Республикасына өтеусiз берiлетiн, Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттi ұйымдар арқылы бөлетiн мүлiк;
      6) дивидендтер  - акциялар бойынша төленуге тиiстi табыс; заңды тұлға өз қатысушылары, құрылтайшылары арасында бөлетiн таза табыстың бiр бөлiгi; заңды тұлғаны тарату кезiнде, сондай-ақ құрылтайшының, қатысушының заңды тұлғаға қатысу үлесiн алып қойған кезде, құрылтайшының, қатысушының жарғылық капиталға салым ретiнде енгiзген мүлкiн қоспағанда, мүлiктi бөлуден түсетiн табыстар;
      7) борыштық бағалы қағаздар бойынша дисконт  - борыштық бағалы қағаздардың номиналдық құны мен бастапқы орналастырылу (купон есепке алынбаған) құны немесе оларды сатып алу (купон есепке алынбаған) құны арасындағы айырма; <*>
      8) борыштық бағалы қағаздар  - заем қатынастарын куәландыратын қаржы құралдары. Борыштық бағалы қағаздарға мемлекеттiк бағалы қағаздар, облигациялар және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес борыштық бағалы қағаздар деп танылған басқа да бағалы қағаздар жатады;
      9) қатысу үлесi  - жеке және заңды тұлғалардың бiрлесiп құратын ұйымдарға, консорциумдарға, акционерлiк қоғамдарды қоспағанда, мүлкiмен қатысу үлесi;
      10) басқа да мiндеттi төлемдер  - бюджетке белгiлi бiр мөлшерде жүргiзiлетiн мiндеттi ақша аударымдары (алымдар, баждар, төлемақылар мен төлемдер);
      11) жеке кәсiпкер  - заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметiн жүзеге асыратын резидент немесе резидент емес жеке тұлға;
      11-1) инжинирингтiк қызметтер көрсету  - инженерлiк-консультациялық қызметтер көрсету, зерттеу, жобалау-конструкторлық, есептеу-талдау сипатындағы жұмыстар, жобалардың техникалық-экономикалық негiздемелерiн даярлау, өндiрiстi ұйымдастыру және басқару, өнімдердi сату саласындағы ұсынымдарды әзiрлеу; <*>
      12) <*>
      13) бағамдық айырма (оң, терiс)  - шетелдiк валютамен
жасалатын операциялар бойынша туындайтын айырма; <*>
      14) борыштық бағалы қағаздар бойынша купон (бұдан әрі - купон) -  эмитенттiң шығарылым шарттарына сәйкес борыштық бағалы қағаздардың номиналдық құнынан тыс төлейтiн (төлеуге тиiс) сомасы;
      15) тұлға  - жеке тұлға және заңды тұлға; жеке тұлға - Қазақстан Республикасының азаматы, шет мемлекеттің азаматы, азаматтығы жоқ адам; заңды тұлға - Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттiң заңдарына сәйкес құрылған ұйым (шетелдiк заңды тұлға). Шет мемлекеттің заңдарына сәйкес құрылған компания, ұйым немесе басқа да корпорациялық құралым осы Кодекстiң мақсаттары үшiн олар құрылған шет мемлекеттің заңды тұлғасы мәртебесiне ие ме, жоқ па - оған қарамастан дербес заңды тұлғалар ретiнде қарастырылады;
      16) есептеу әдiсi  - салық есебiнің әдiсi, оған сәйкес табыстар мен шығыстарды төлеу уақытына қарамастан жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарларды өткiзу және мүлікті кірiске алу мақсатымен тиеп жiберу кезiнен бастап есептеледi;
      17) салықтар  - мемлекет бiржақты тәртiппен заң жүзiнде белгiлеген, белгiлi бiр мөлшерде жүргiзетiн, қайтарымсыз және өтеусiз сипатта болатын бюджетке төленетiн мiндеттi ақшалай төлемдер;
      18) салық берешегi  - бересi сомасы, сондай-ақ өсiмпұлдар мен айыппұлдардың төленбеген сомалары;
      19) салық төлеушi  - салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеушi болып табылатын тұлға;
      20) салық агентi  - осы Кодекске сәйкес төлем көзiнен ұсталатын салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөнiндегi мiндет жүктелген жеке кәсiпкер, жеке нотариус, адвокат, заңды тұлға, оның iшiнде Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме, филиал, өкiлдiк арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға; <*>
      21) салық режимi  - осы Кодексте белгiленген салықтарды және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу жөнiндегi барлық салық мiндеттемелерiн есептеу кезiнде салық төлеушi қолданатын салық заңдары нормаларының жиынтығы;
      22) бересi  - есептелген және мерзiмiнде төленбеген салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомалары;
      22-1) жер қойнауын пайдаланушылар - Қазақстан Республикасының аумағында, мұнай операцияларын қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды Қазақстан Республикасының заң актілерiне сәйкес жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар; <*>
      23) <*>
      24) борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы  - шығарылым шарттары бойынша купон төлеу көзделетiн борыштық бағалы қағаздардың бастапқы орналастыру (купон есепке алынбаған) құны немесе сатып алу (купон есепке алынбаған) құны мен номиналдық құнының арасындағы айырма; <*>
      25) туынды бағалы қағаздар  - осы туынды бағалы қағаздардың базалық активiне қатысты құқықты куәландыратын бағалы қағаздар. Туынды бағалы қағаздарға опциондар, своптар, форвардтар, фьючерстер, депозитарийлiк қолхаттар, варранттар және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес туынды бағалы қағаздар деп танылған басқа да бағалы қағаздар жатады. Тауарлардың стандартталған партиялары, бағалы қағаздар, валюта және қаржы құралдары базалық активтер болуы мүмкiн; <*>
      25-1) қызметкер  - жұмыс берушiмен еңбек қатынастарында тұратын және жеке еңбек (ұжымдық) шарты бойынша тiкелей жұмыс атқаратын жеке адам; мемлекеттiк қызметшiлердi қоспағанда, акционерлiк қоғамның директорлар кеңесiнiң мүшесi; <*>
      26) өткiзу  - сату, айырбастау, өтеусiз беру мақсатында тауарларды тиеп жiберу, жұмыстарды орындау және қызметтер ұсыну, сондай-ақ кепiлге берiлген тауарларды кепiл ұстаушыға беру;
      27) роялти  - мыналар үшiн:
      пайдалы қазбаларды өндiру және техногендiк құралымдарды қайта өңдеу процесінде жер қойнауын пайдалану құқығы үшін;
      авторлық құқықтарды, бағдарламалық қамтамасыз етудi, патенттердi, сызбаларды немесе модельдердi, тауар белгiлерiн немесе басқа да осыған ұқсас құқық түрлерiн пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшiн; өнеркәсiп, сауда немесе ғылыми-зерттеу жабдықтарын пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшiн; "ноу-хауды" пайдаланғаны үшiн; кинофильмдердi, бейнефильмдердi, дыбыс жазу немесе өзге де жазу құралдарын пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшiн төленетiн төлем. Бербоут-чартер немесе димайз-чартер шарттары бойынша жалға алынатын теңiз және әуе кемелерi өнеркәсiптiк жабдыққа жатады; <*>
      27-1) валюта айырбастаудың нарықтық бағамы  - қазақстандық қор биржасының негiзгі сессиясында қалыптасқан және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiмен бiрлесiп белгiлеген тәртiппен анықталған теңгенiң шетел валютасына орташа салыстырылған биржалық бағамы;
      теңгенiң қазақстандық қор биржасында сауда-саттық жүргiзiлмейтiн шетел валютасына бағамы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесiп белгiлейтiн тәртiппен кросс-бағамдар пайдаланыла отырып есептеледi; <*> 
      28) арнаулы салық режимi  - салық төлеушiлердің жекелеген санаттары үшiн белгiленетiн және жекелеген салық түрлерiн есептеу мен төлеудiң және жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн ақы төлеудiң, сондай-ақ олар бойынша салық есептiлiгiн берудiң оңайлатылған тәртiбiн қолдануды көздейтiн бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртiбi; <*>
      29) заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi  - филиал, өкiлдiк;<*>
      30) сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасы  - тауар сыныптамасының тауарларды сипаттау мен олардың кодын белгiлеудiң үйлестiрiлген жүйесiне негiзделген кодтары жүйесi;
      31) уәкiлеттi мемлекеттiк орган  - мемлекет алдындағы салық мiндеттемелерiнiң орындалуына салық бақылауын қамтамасыз ететiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы;
      32) уәкiлеттi органдар  - бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдердi есептеудi және (немесе) жинауды жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Yкiметi уәкiлеттiк берген салық органдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары;
      32-1) ақпараттарды өңдеу жөнiндегi қызметтер көрсету  - ақпараттық массивтердi жинау мен қорытуды, жүйеге келтiрудi жүзеге асыру және осы ақпаратты өңдеу нәтижелерін пайдаланушының иеленуiне беру жөнiндегi қызметтер; <*>
      33) салық төлеушiнiң электрондық құжаты  - белгiленген электрондық форматта берiлген, ол қабылданып және бiрдейлiгi расталғаннан кейiн салық төлеушiнiң электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат; <*>
      34) салық төлеушiнiң электрондық цифрлық қолтаңбасы  - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарынан жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның салық төлеушiге тиесiлiгiн және мазмұнының өзгермейтiнiн растайтын электрондық цифрлық нышандардың реттiлiгi; <*>
      35) бағалы қағаздар  - акциялар, борыштық бағалы қағаздар, туынды бағалы қағаздар және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағалы қағаздар деп танылған мүлiктiк құқықтың өзге де объектiлерi.
      2. Салық заңдарының басқа арнаулы ұғымдары мен терминдерi осы Кодекстiң тиiстi баптарында айқындалатын мағынада пайдаланылады.
      3. Осы Кодексте пайдаланылатын Қазақстан Республикасының азаматтық және басқа да заңдары салаларындағы ұғымдар, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, заңдардың сол салаларында пайдаланылатын мағынада қолданылады.
      Ескерту. 10-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен. (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді)
      Ескерту. 10-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2003.07.04. N 475 Заңымен. (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
      Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен  (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

2-тарау. Салық төлеушінің және салық
агентінің құқықтары мен міндеттері. Салық
қатынастарындағы өкілдік

      11-бап. Салық төлеушiнiң құқықтары

      1. Салық төлеушi:
      1) қолданылып жүрген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы, салық заңдарындағы өзгерiстер туралы салық қызметi органдарынан ақпарат алуға;
      2) салық қатынастары мәселелерi бойынша өз мүдделерiн жеке өзi не өз өкiлi арқылы немесе салық консультантының қатысуымен бiлдiруге; <*>
      3) салық бақылауы нәтижелерiн алуға;
      4) салық бақылауы нәтижелерi бойынша салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеу мен төлеу жөнiнде салық қызметi органдарына түсiндiрме табыс етуге;
      5) жеке шотынан салық мiндеттемелерiнiң орындалуы бойынша бюджетпен есеп айырысудың жай-күйi туралы көшiрме алуға;
      6) осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен салықтық тексеру актiлерi бойынша хабарламаға және салық қызметi органдары лауазымды адамдарының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасауға;
      7) салық құпиясының сақталуын талап етуге;
      8) салық салуға қатысы жоқ ақпарат пен құжаттар табыс етпеуге құқылы.
      2. Салық төлеушiнiң Қазақстан Республикасының салық заңдарында көзделген өзге де құқықтары бар.
      Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен  (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      12-бап. Салық төлеушiнiң мiндеттерi

      1. Салық төлеушi:
      1) осы Кодекске сәйкес салық мiндеттемелерiн дер кезiнде және толық көлемiнде орындауға;
      2) салық қызметi органдарының анықталған салық заңдарын бұзушылықтарды жою туралы заңды талаптарын орындауға, сондай-ақ қызметтiк мiндеттерiн атқаруы кезiндегi заңды қызметiне кедергi жасамауға;
      3) нұсқама негiзiнде салық қызметi органдары лауазымды адамдарының салық салу объектiсi және салық салумен байланысты объект болып табылатын мүлiктi тексеруiне жол беруге;
      4) салық есептiлiгi мен құжаттарды осы Кодексте көзделген тәртiппен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының трансферттiк бағаларды қолдану кезiнде мемлекеттiк бақылау мәселелерiн реттейтiн заңдарында көзделген ақпарат пен құжаттарды табыс етуге; <*>
      5) осы Кодекске сәйкес қолма-қол ақшамен, төлемдiк банк карточкаларымен, чектермен сауда операцияларын жасаған немесе қызметтер көрсеткен кезде тұтынушылармен ақшалай есеп айырысуды фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын мiндеттi түрде пайдалана және тұтынушының қолына бақылау чегiн бере отырып жүргiзуге;
       6) заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуына (осы Кодекстiң 69-бабы 7-тармағының бесiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды  қоспағанда) және (немесе) таратылуына байланысты құжаттық тексерудi жүргiзу туралы салық органына өтiнiш беруге мiндеттi. <*>
      2. Салық төлеушi осы Кодексте көзделген өзге де мiндеттердi орындайды.
      Ескерту. 12-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен. (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді)
      Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен  (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      13-бап. Салық агентiнiң құқықтары мен мiндеттерi

      1. Салық агентiнiң, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, салық төлеушi сияқты құқықтары бар және сондай мiндеттерi болады.
      2. Салық агентi сондай-ақ:
      1) осы Кодекстiң ерекше бөлiмiне сәйкес төлем көзiнен ұсталатын салықтарды дұрыс және дер кезiнде есептеуге;
      2) салық төлеушiден тиiстi салықтарды ұстап қалуға және осы Кодексте көзделген тәртiппен және мерзiмде оларды бюджетке аударуға;
      3) салық төлеушiлерге төленген табыстардың, сондай-ақ ұсталған және бюджетке аударылған салықтар сомасының есебiн, соның iшiнде әрбiр салық төлеушi бойынша жеке-жеке жүргiзуге;
      4) тiркеу есебiнде тұрған жерi бойынша салық органына осы Кодекстiң ерекше бөлiмiнде белгiленген тәртiппен салық есептiлiгiн табыс етуге;
      5) осы Кодекстiң 177-бабының 6-1-тармағының ережелерiн қолдануға мiндеттi. <*>
      Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен  (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      14-бап. Осы Кодекспен реттелетiн салық қатынастарындағы
              өкiлдiк

      1. Салық төлеушi салық заңдарымен реттелетiн қатынастарға заңды немесе уәкiлеттi өкiлi арқылы қатысуға құқылы.
      2. Салық төлеушiнiң атынан заң негiзiнде уәкiлеттi болатын тұлға салық төлеушiнiң заңды өкiлi болып танылады.
      3. Салық төлеушi салық қызметi органдарымен қатынастарда өз мүдделерiн бiлдiруге уәкiлеттi болатын жеке немесе заңды тұлға салық төлеушiнің уәкiлеттi өкiлi болып танылады. Салық төлеушiнiң уәкiлеттi өкілi салық төлеушi беретiн сенiмхат (құрылтай құжаттары) негiзiнде әрекет етедi, сенiмхатта оның өкiлеттiктерiнің нақты тiзбесi көрсетiледi.
      4. Салық заңдарымен реттелетiн қатынастарға салық төлеушiнiң өзiнiң қатысуы оны өкiл алу құқығынан айырмайды, сол сияқты өкiлдiң қатысуы салық төлеушiнi аталған қатынастарға өзiнiң қатысу құқығынан айырмайды.
      5. Салық төлеушi өкiлдерiнiң салық заңдарымен реттелетiн қатынастарға сол салық төлеушiнiң қатысуына байланысты жасаған әрекеттерi (әрекетсiздiгi) салық төлеушiнiң әрекеттерi (әрекетсiздiгi) болып танылады.

3-тарау. Салық қызметі органдары. Кеден органдары.
Салық қызметі органдарының басқа мемлекеттік
органдармен өзара іс-қимылы

      15-бап. Салық қызметi органдарының мiндеттерi мен
              құрылымы

      1. Салық қызметi органдарына салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердің толық түсуiн, мiндеттi зейнетақы жарналарының және Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдардың толық және дер кезiнде аударылуын қамтамасыз ету жөнiндегi, сондай-ақ салық төлеушiлердiң салық мiндеттемелерiн орындауына салық бақылауын жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттер жүктеледi. <*>
      2. Салық қызметi органдары уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен салық органдарынан тұрады.
      3. Салық органдарына аймақаралық салық комитеттерi, облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық комитеттерi, ауданаралық салық комитеттерi, аудандар, балалар және қалалардағы аудандар бойынша салық комитеттерi жатады. Арнайы экономикалық аймақтар құрылған жағдайда бұл аймақтардың аумағында салық комитеттері құрылуы мүмкін. <*>
      4. Салық органдары тиiстi жоғары тұрған салық қызметi органына төменнен жоғары қарай тiкелей бағынады және жергiлiктi атқарушы органдарға жатпайды.
      5. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган салық органдарына басшылық жасауды жүзеге асырады.
      6. Салық органдарының бiрiншi басшыларын қызметке уәкiлеттi мемлекеттiк органның бiрiншi басшысы тағайындайды.
      Ескерту. 15-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2002.03.21. N 312 Заңымен.
      Ескерту. 15-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен. (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді)
      Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен  (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      16-бап. Салық қызметi органдарының құқықтары

      1. Салық қызметi органдары:
      1) осы Кодексте көзделген нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеуге және бекiтуге;
      2) өз құзыретi шегiнде салық мiндеттемелерiнiң туындауы, орындалуы мен тоқтатылуы жөнiнде түсіндiрудi жүзеге асыруға және түсiнiктеме беруге;
      3) осы Кодексте белгiленген тәртiппен салық бақылауын жүзеге асыруға;
      4) салық төлеушiнің ақша құжаттарына, бухгалтерлiк кiтаптарына, есептерiне, сметаларына, ақшасының бар-жоғына, бағалы қағаздарына, есеп айырысуларына, декларацияларына және салық мiндеттемелерiн орындауға байланысты өзге де құжаттарына Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленген талаптарды сақтай отырып, тексеру жүргiзуге;
      5) салық төлеушiден уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысандар бойынша салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеу мен төлеу (ұстау мен аудару) жөнiнде құжаттар, оларды толтыру жөнiнде түсiндiрмелер, сондай-ақ салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарының және Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдардың дұрыс есептелгендiгiн және дер кезiнде төленгендiгiн (ұсталғандығын және аударылғандығын) растайтын құжаттар берудi талап етуге; <*>
      6) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен салық тексеруiн жүзеге асыру барысында салықтық құқық бұзушылықтар жасалғанын айғақтайтын құжаттарды салық төлеушiден алып қоюға;
      7) орналасқан жерiне қарамастан табыс табу үшiн пайдаланылатын кез келген салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердi тексеруге, салық төлеушiнiң мүлiктерiне (тұрғын үй-жайлардан басқа) түгендеу жүргiзуге;
      8) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тiзбе бойынша уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен салық төлеушiден электрондық құжаттар түрiндегi ақпарат алуға;
      9) тексерiлетiн салық төлеушiге - заңды тұлға мен жеке кәсiпкерге салық салуға байланысты мәселелер бойынша коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленген талаптарды сақтай отырып, банктерден немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен оның банк лоттарының бар-жоғы және олардың нөмiрлерi туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы мәлiметтер алуға;
      10) осы Кодекстiң ерекше бөлiмiнде көзделген жағдайларда салық төлеушiнің салық мiндеттемесiн жанама әдiспен айқындауға;
      10-1) салық тексерулерiне басқа да мемлекеттiк органдардың мамандарын тартуға; <*>
      11) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес соттарға талаптар қоюға құқылы;
      12) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 49-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген негiздер бойынша заңды тұлғаны тарату туралы сотқа талап-арыз беруге құқылы. <*>
      2. Салық қызметi органдарының Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен көзделген өзге де құқықтары бар.
       Ескерту. 16-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен. (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді)
      Ескерту. 16-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2003.07.10. N 483 Заңымен.
      Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен  (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      17-бап. Салық қызметi органдарының мiндеттерi

      1. Салық қызметi органдары:
      1) салық төлеушiнiң құқықтарын сақтауға;
      2) мемлекеттiң мүдделерiн қорғауға;
      3) салық төлеушiнiң салық мiндеттемелерiн орындауына, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдардың толық есептелуiне және уақтылы төленуiне, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарының дер кезiнде ұсталуына және аударылуына салық бақылауын жүзеге асыруға; <*>
      4) салық төлеушiлердiң, салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердің есебiн, есептелген және төленген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң есебiн белгiленген тәртiппен жүргiзуге;
      5) белгiленген салық есептiлiгiнiң нысандарын толтыру тәртiбiн түсiндiруге;
      6) салық тексеруiн қатаң нұсқамалар бойынша жүргiзуге;
      7) осы Кодекс ережелерiне сәйкес салық құпиясын сақтауға;
      8) осы Кодексте көзделген мерзiмдер мен жағдайларда салық төлеушiге салық мiндеттемелерiнiң орындалуы жөнiнде хабарлама тапсыруға;
      9) салық төлеушiнiң өтiнiшi бойынша үш күн мерзiмнен кешiктiрмей салық мiндеттемелерiн орындауы жөнiндегi бюджетпен есеп айырысуларының жай-күйi туралы оның жеке шотынан көшiрменi беруге;
      10) салық төлеушiге берiлетiн, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша салық мiндеттемелерiнің орындалу фактiсiн растайтын квитанциялар көшiрмесiнiң бес жыл бойы сақталуын қамтамасыз етуге;
      11) мемлекет меншiгiне айналған мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және өткiзу тәртiбiнiң сақталуын, оның Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиiстi уәкiлеттi органға толық және уақтылы тапсырылуын, сондай-ақ оны сатудан түскен ақшаның бюджетке толық және дер кезiнде түсуiн бақылауды жүзеге асыруға;<*>
      12) салық мiндеттемелерiнің орындалуын қамтамасыз ету тәсiлдерiн қолдануға және салық төлеушiден салық берешегiн осы Кодекске сәйкес мәжбүрлеп өндiрiп алуға;
      13) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне  сәйкес салық төлеушiге әкiмшiлiк айыппұлдар салуға мiндеттi.
      2. Салық тексеруi барысында салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуден қасақана жалтару фактiлерi, сондай-ақ қылмыс белгiлерiн көрсететiн әдейi, жалған банкроттық фактiлерi анықталған кезде, салық органдары Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес iс жүргiзу шешiмiн қабылдау үшiн тиiстi құқық қорғау органдарының тергеуiне жататын материалдарды жiбередi.
      3. Салық қызметi органдары Қазақстан Республикасының салық заңдарымен көзделген өзге де мiндеттердi орындайды.
      Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен  (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      18-бап. Мүдделер қақтығысы

      Салық қызметi органдары лауазымды адамдарының жақын туысы (ата-анасы, жұбайы (зайыбы), аға-iнiлерi, апа-қарындастары, балалары) немесе жекжаты (ерлi-зайыптылардың аға-iнiлерi, апа-қарындастары, ата-анасы мен балалары) болып табылатын және (немесе) қаржылық жағынан тiкелей немесе жанама мүдделiлiгi бар салық төлеушiге қатысты мұндай лауазымды адамның қызметтiк мiндеттерiн жүзеге асыруына тыйым салынады.

      19-бап. Кеден органдарының салықтар алу жөнiндегi
              өкiлеттiгi

      Кеден органдары, Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан тауарлар өткiзiлген кезде, осы Кодекске және Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi алуды жүзеге асырады.

      20-бап. Уәкiлеттi органдардың өкiлеттiктерi

      Уәкiлеттi органдардың бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдердi алу жөнiндегi өкiлеттiктерi осы Кодекстiң ерекше бөлiмiнде айқындалады.    

      21-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың өкiлеттiктерi

      1. Жергiлiктi атқарушы органдар салық төлеушi - жеке тұлға төлейтiн мүлiк, көлiк құралдары салықтары мен жер салығын жинауды жүзеге асыра алады.
      2. Жергiлiктi атқарушы органдар аталған салықтарды жинауды уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлеген қатаң есептiлiк құжаты болып табылатын квитанция негiзiнде жүзеге асырады.
      3. Жергiлiктi атқарушы органдар:
      1) салық төлеушi жеке тұлғаға салықты төлеу фактiсiн растайтын квитанция беруге;
      2) төленген салық сомаларын растайтын квитанция берiлген күннен кейiнгi келесi күннен кешiктiрмей оларды дер кезiнде және толық көлемде банкке енгiзуге, ал елдi мекенде банк болмаған жағдайда үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей, оларды жергiлiктi бюджетке енгiзуге;
      3) квитанциялардың дұрыс толтырылуы мен сақталуын қамтамасыз етуге;
      4) уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен және мерзiмдерде салық органына квитанциялардың пайдаланылуы, сондай-ақ банкке (жергiлiктi бюджетке) салық сомаларының енгiзiлуi туралы есептi табыс етуге мiндеттi.
      4. Жергiлiктi атқарушы органдар бiржолғы талондардың берiлуiн ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. <*>
      Ескерту. 21-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен. (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді)

      22-бап. Салық қызметi органдарының басқа мемлекеттiк
              органдармен өзара iс-әрекетi

      1. Салық қызметi органдары орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдармен өзара iс-әрекет жасайды, бiрлескен бақылау шараларын қолданады, өзара ақпарат алмасуды қамтамасыз етедi.
      2. Мемлекеттiк органдар салық заңдарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттердi орындауда салық қызметi органдарына жәрдемдесуге мiндеттi.
      3. Салық қызметi органдары мен кеден органдары өздерiне жүктелген салық бақылауын жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттердi өзара iс-әрекет жасау арқылы орындайды.
      4. Салық қызметi органдары мен жергiлiктi атқарушы органдар салық жинауды жүзеге асыру бойынша бiр-бiрiмен өзара iс-әрекет жасайды.

      23-бап. Салық қызметi органдарының лауазымды адамдарын
               құқықтық және әлеуметтiк қорғау

      1. Салық қызметi органдарының лауазымды адамдары қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде заңмен қорғалады.
      2. Қызметтегi жұмысын жүзеге асыруына байланысты салық қызметi органдарының лауазымды адамының денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келген жағдайда, оған республикалық бюджет қаражатынан бес айлық жалақы мөлшерiнде бiржолғы өтемақы төленедi, кейiн бұл сома Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кiнәлi адамдардан өндiрiп алынады.
      3. Қызметтегi жұмысын жүзеге асыруына байланысты салық қызметi органдарының лауазымды адамының денсаулығына кәсiби қызметiмен одан әрi айналысуына мүмкiндiк бермейтiн ауыр зиян келген жағдайда, оған республикалық бюджет қаражатынан, кiнәлi адамдардан кейiн сомасы өндiрiп алынатын, бес жылдық ақшалай табысы мөлшерiнде бiржолғы өтемақы, сондай-ақ оның лауазымдық жалақысы мен зейнетақысының мөлшерi арасындағы айырма (өмiр бойы) төленедi.
      4. Салық қызметi органдарының лауазымды адамы қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде қайтыс болған жағдайда қаза тапқан (қайтыс болған) адамның отбасына немесе оның асырауындағы адамдарға (мұрагерлерiне):
      1) қаза тапқан (қайтыс болған) адамның соңғы лауазымы бойынша республикалық бюджет қаражатынан он жылдық ақшалай табысы мөлшерiнде бiржолғы жәрдемақы төленедi;
      2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде және тәртiппен асыраушысынан айрылуына байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы тағайындалады.
      5. Қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты салық қызметi органдары лауазымды адамдарының денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген зиян, сондай-ақ салық қызметi органдары лауазымды адамдарының отбасы мүшелерi мен жақын туыстарының денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген зиян, осы сома кейiн кiнәлi адамдардан өндiрiп алына отырып, республикалық бюджет қаражатынан толық көлемiнде өтеледi.

2-бөлім. Салық міндеттемесі

4-тарау. Жалпы ережелер

      24-бап. Салық мiндеттемесi

      1. Салық төлеушiнiң салық заңдарына сәйкес мемлекет алдында туындаған мiндеттемесi салық мiндеттемесi деп танылады, оған сәйкес салық төлеушi салық органына тiркеу есебiне тұруға, салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердi айқындауға, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеуге, салық есептiлiгiн жасауға, оны белгiленген мерзiмде табыс етуге, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуге мiндеттi.
      2. Мемлекет салық қызметi органы арқылы салық төлеушiден - оның салық мiндеттемелерiн толық көлемiнде орындауын талап етуге, ал олар орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған жағдайда оларды қамтамасыз ету жөнiндегi тәсiлдердi және осы Кодексте көзделген тәртiппен мәжбүрлеп орындату шараларын қолдануға құқылы.

      25-бап. Салық салу объектiлерi мен салық салуға
              байланысты объектiлер

      Мүлiк пен iс-әрекеттер салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлер болып табылады, олардың болуына байланысты салық төлеушiнің салық мiндеттемесi туындайды.
      Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемнiң әрбiр түрi бойынша салық салу объектiсi мен салық салуға байланысты объект осы Кодекстiң ерекше бөлiмiне сәйкес айқындалады.

      26-бап. Салық базасы

      Салық базасы дегенiмiз салық салу объектiсi мен салық салуға байланысты объектiнiң құн, физикалық немесе өзге де сипаттамалары, олардың негiзiнде бюджетке төленуге тиiс салық және басқа да мiндеттi төлемдер сомасы айқындалады.

      27-бап. Салық ставкасы

      1. Салық ставкасы салық базасының өлшем бiрлiгiне салық есептеулерiнің шамасын бiлдiредi.
      2. Салық ставкасы салық базасының өлшем бiрлiгiне процентпен немесе абсолюттi сомамен белгiленедi.

      28-бап. Салық кезеңi

      Осы Кодекстiң ерекше бөлiмiне сәйкес жекелеген салықтар мен басқа да мiндеттi төлемдерге қатысты белгiленген уақыт кезеңi салық кезеңi деп түсiнiледi, ол аяқталған соң салық базасы айқындалады және бюджетке төленуге тиiс салық және басқа да мiндеттi төлемдер сомасы есептеледi.

5-тарау. Салық міндеттемесін орындау

      29-бап. Салық мiндеттемесiн орындау

      1. Егер осы Кодексте өзгеше белгiленбесе, салық төлеушi салық мiндеттемесiн орындауды дербес жүзеге асырады.
      2. Салық төлеушi салық мiндеттемесiн орындау үшiн мынадай iс-әрекеттер жасайды:
      1) салық органына тiркеу есебiне тұрады;
      2) салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердiң есебiн жүргiзедi;
      3) салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердi, салық базалары мен салық ставкаларын негiзге ала отырып, бюджетке төленуге тиiстi салық және басқа да мiндеттi төлемдер сомасын есептейдi;
      4) салық есептiлiгiн жасайды және оны белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде салық қызметi органдарына табыс етедi;
      5) салық заңдарында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң есептеп шығарылған және есептелген сомаларын, сондай-ақ салық мiндеттемесi орындалмаған жағдайларда, салық өсiмпұлдары мен айыппұлдарын төлейдi.
      Салық төлеушi салық мiндеттемесiн осы Кодексте белгiленген тәртіппен және мерзiмдерде орындауы тиiс.
      3. Салық төлеушi салық мiндеттемесiн мерзiмiнен бұрын орындауға құқылы.
      4. Салық төлеушiнiң қолма-қол ақшасыз төлеу нысанында орындалатын салық мiндеттемесi банктен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымнан салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомасына төлем тапсырмасы акцептiң алған күннен бастап, ал қолма-қол ақша нысанында - салық төлеушi аталған соманы банкке немесе уәкiлеттi органға төлеген кезден бастап орындалды деп есептеледi.
      5. Салық төлеушiнiң салық агентi орындайтын салық төлеу жөнiндегi салық мiндеттемесi оны ұстап қалған күннен бастап орындалды деп есептеледi.
      6. Салықтар төлеу жөнiндегi салық мiндеттемесi осы Кодекстiң 39-бабында белгiленген тәртiппен есепке жатқызу жолымен орындалуы мүмкін.
      7. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер жөнiндегi салық мiндеттемесi, Қазақстан Республикасының акционерлiк қоғамдардың қызметiн реттейтiн заң актілерiнде көзделген жағдайларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен және жер қойнауын пайдалануға жасалған келiсiм-шарттардың ережелерiмен заттай нысанда төлеу немесе шетелдiк валютамен төлеу көзделген жағдайларды қоспағанда, теңгемен орындалады. <*>
      Ескерту. 29-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).    

      30-бап. Салық мiндеттемесiн орындау кезiнде салық
              және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi
              төлемдердi есептеу ерекшелiктерi

      1. Төлем көзiнен ұсталатын салық сомаларын есептеудi салық агентi жүзеге асырады.
      2. Осы Кодекстiң ерекше бөлiмiнде көзделген жағдайларда салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң жекелеген түрлерiнiң сомасын есептеу жөнiндегi мiндет салық органына және уәкiлеттi органдарға жүктелуi мүмкiн.

      31-бап. Салық қызметi органдарының салық мiндеттемесiн
              орындау жөнiндегi хабарламасы

      1. Салық төлеушiнiң салық мiндеттемесiн орындау қажеттiгi туралы салық қызметi органының оған жiберген жазбаша хабары хабарлама деп танылады.
      2. Хабарлама түрлерi төменде аталған түрлермен шектеледi және олар салық төлеушiге мынадай мерзiмдерде:
      1) салық органы осы Кодекстiң 30-бабының 2-тармағына сәйкес есептеген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң сомасы туралы - есептеп шығарылған күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей;
      2) салық тексеруi нәтижелерi бойынша салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердің, өсiмпұлдар мен айыппұлдардың есептелген сомасы туралы - салық тексеруi актiсiн табыс еткен күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей; <*>
      3) <*>
      4) мерзiмiнде орындалмаған салық мiндеттемесiнiң орындалуын қамтамасыз ету жөнiнде қолданылатын шаралар туралы, осы Кодекстiң 45-бабының 1) тармақшасында белгiленген жағдайды қоспағанда, - осы Кодекстiң 47-бабының 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында және 48-бабының 1-тармағында көрсетiлген мерзiмдер аяқталғаннан кейiн; <*>
      5) салық берешегiн мәжбүрлеп өндiрiп алудың қолданылатын шаралары туралы - мәжбүрлеп өндiрiп алу шаралары қолданылғанға дейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей;
      6) дебиторлардың банк шоттарындағы ақшадан өндiрiп алу туралы - өндiрiп алуға дейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей;
      7) камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы - салық есептiлiгiнде бұзушылық анықталған күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей;
      8) салық төлеушiнiң шағымын қарау нәтижелерi бойынша салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, өсiмпұлдар мен айыппұлдардың есептелген сомалары туралы - шағым бойынша шешiм қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей;
      9) салық заңдарын бұзушылықты жою туралы - оларды анықтаған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей жiберiледi.
      3. Хабарламада салық төлеушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты немесе толық атауы; салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi; хабардар етiлген күн; Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда салық мiндеттемесiнiң сомасы; салық мiндеттемесiн орындау туралы талап; хабарлама жiберу үшiн негiздеме; шағымдану тәртiбi көрсетiледi. <*>
      Хабарламалардың нысанын уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.
      4. Хабарлама салық төлеушiнің (өкiлiнің) жеке өзiне қол қойдырылып немесе жөнелту мен алу фактiсiн растайтын өзге де тәсiлмен тапсырылуға тиiс.
      4-1. Осы баптың 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген хабарламаны салық төлеушi өзiне хабарлама тапсырылған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде орындауға тиiс. <*>
      5. Осы бапта көзделген ережелер салық агентiне жiберiлетiн хабарламаға қатысты да қолданылады.
      Ескерту. 31-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен. (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді)

      32-бап. Салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерi

      1. Салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерi осы Кодекспен белгiленедi. Бұл ретте, осы Кодексте белгiленген мерзiмнiң өтуi оның басталуы айқындалған нақты оқиғадан немесе заңды iс-әрекеттен кейiн келесi күнi басталады. Мерзiм осы Кодексте белгiленген кезең аяқталған күнiнiң соңында бiтедi. Егер мерзiмнің соңғы күнi жұмыс күнi болмаса, мерзiм келесi жұмыс күнiнiң соңында аяқталады.
      2. Салық органдары салық бақылауы нәтижелерi бойынша салықтар, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер, өсiмпұлдар мен айыппұлдардың есептелген сомалары туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық заңдарын бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жiберген жағдайда, салық мiндеттемесi салық төлеушiге хабарлама тапсырылған күннен кейiнгi он жұмыс күнi iшiнде орындалуға тиiс. <*>
      3. Салық тексеруi нәтижелерi бойынша салық органдарының хабарламасында көрсетiлген салықтар, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер, өсiмпұлдар мен айыппұлдар есептелген сомаларымен (төлем көздерiнен ұсталатын акциздердің және салықтардың есептелген сомаларынан басқа) салық төлеушi келiскен жағдайда, салық төлеушiнiң өтiнiшi бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмi алпыс жұмыс күнiне ұзартылуы мүмкiн. Бұл ретте көрсетiлген сома төлеу мерзiмi ұзартылған әрбiр күнге өсiмпұл есептеле отырып, осы кезеңнiң әрбiр он бес жұмыс күнi сайын тең үлеспен бюджетке төленуге тиiс.
      4. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлiк қоғамдардың салық берешегi сомаларын жабу үшiн соттың шешiмiмен жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару жүргiзiлетiн салық берешек сомаларын төлеу жөнiндегi мiндеттемелерiн орындау мерзімдерi жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы сот шешiмi күшiне енген кезден бастап оларды орналастыру (өткiзу) аяқталғанға дейiн тоқтатыла тұрады. <*>
      Ескерту. 32-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен. (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді)
      Ескерту. 32-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      33-бап. Салық төлеушiнің салық берешегiн өтеу тәртiбi

      Салық берешегiн өтеу мынадай тәртiппен жүргiзiледi:
      1) есептелген өсiмпұлдар;
      2) есептелген айыппұлдар;
      3) бересi сомасы.
      Ескерту. 33-бабының қолданылуы 2004 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын - Қазақстан Республикасының 2001.06.12. N 210 Заңымен .

     34-бап. Таратылатын заңды тұлғаның салық мiндеттемесiн
             орындауы

      1. Таратылатын заңды тұлғаның салық берешегi аталған заңды тұлғаның ақшасы, соның iшiнде оның мүлкiн сатудан алынған ақша есебінен Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген кезектiлiк тәртiбiмен өтеледi. Бұл ретте таратылатын заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерiнiң салық берешегi де өтеледi. Тарату кезеңiнде туындайтын салық мiндеттемесi туындауына орай, Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген мерзiмде және тәртiппен орындалады.
      2. Егер таратылатын заңды тұлғаның мүлкi салық берешегiн толық сөйлемде өтеу үшiн жеткiлiксiз болса, салық берешегiнiң қалған бөлiгiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгіленген жағдайларда, таратылатын заңды тұлғаның құрылтайшылары (қатысушылары) өтейдi.
      3. Егер таратылатын заңды тұлғада салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң артық төленген сомалары бар болса, онда көрсетiлген сомалар осы Кодекстiң 39-бабында белгiленген тәртiппен таратылатын заңды тұлғаның салық берешегiн өтеу есебiне есептеуге жатқызылады.
      Таратылатын заңды тұлғада салық берешегi болмаған жағдайда, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң артық төленген сомасы осы заңды тұлғаға қайтарылуға тиiс.

      35-бап. Заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде салық
              мiндеттемесiн орындау

      1. Қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның салық мiндеттемесiн орындау оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) жүктеледi.
      2. Қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқық мирасқорын (құқық мирасқорларын), сондай-ақ құқық мирасқорларының салық берешегiн өтеуге қатысу үлесiн белгiлеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы осы заңды тұлғаның құқық мирасқорының (құқық мирасқорларының) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу жөнiндегi оның салық мiндеттемелерiн орындау мерзiмдерiн өзгертуге негiз болып табылмайды.
      4. Заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылғанға дейiн артық төлеген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерiнiң сомасын салық органы қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның салық берешегін өтеу есебiне есептеуге жатқызады.
      5. Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның салық берешегi болмаған жағдайда, осы заңды тұлғаның артық төлеген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомасы оның құқық мирасқорына қайтарылуы тиiс.

      36-бап. Қайтыс болған жеке тұлғаның салық берешегiн
             өтеу

      1. Қайтыс болған жеке тұлғаның ол қайтыс болған күнiнде жиналып қалған салық берешегiн оның мұрагерi (мұрагерлерi) мұраға қалдырылған мүлік құны шегiнде және мұраны алған күнгі ондағы үлесiне барабар өтейдi.
      2. Жеке тұлғаның мұрагерi болмаған жағдайда, ол қайтыс болған күнiнде жиналып қалған салық берешегi өтелдi деп есептеледi.

      37-бап. Сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған жеке
              тұлғаның салық мiндеттемесiн орындау

      1. Жеке тұлғаны сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған жағдайда, мұндай жеке тұлғаға қатысты салық мiндеттемесi шешiм шығарылған күннен бастап тоқтатыла тұрады.
      2. Сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған жеке тұлғаның салық берешегiн хабар-ошарсыз кеткен адамның мүлкiн басқаруға қорғаншы орган уәкiлеттiк берген адам өтейдi.
      3. Егер белгiленген тәртiппен хабар-ошарсыз кеттi деп танылған адамның мүлкi салық берешегiн өтеу үшiн жеткiлiксiз болса, онда хабар-ошарсыз кеткен адамның салық берешегiнiң өтелмеген бөлiгiн салық органы мүлiктің жеткiлiксiздiгi туралы сот шешiмi негiзiнде есептен шығарады.
      4. Сот адамды хабар-ошарсыз кеттi деп тану туралы шешiмнің күшiн жойған жағдайда, салық мiндеттемесi бойынша белгiленген талап қою мерзiмiне қарамастан, бұрын салық органы есептен шығарған салық берешегiнiң күшi қайта басталады.

      38-бап. Салық мiндеттемесi бойынша талап қою мерзiмi

      1. Салық қызметi органы, осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, салық кезеңi аяқталғаннан кейiн бес жыл iшiнде салықтарды және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеуге немеce олардың есептелген сомасын қайта қарауға құқылы.<*>
      1-1. Қызметiн жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шартқа сәйкес жүзеге асыратын салық төлеушiлер бойынша салық қызметi органы жер қойнауын пайдалануға келiсiм-шарттың қолданылу мерзімi аяқталғаннан кейiн бес жыл iшiнде салық және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдер сомасын есептеуге немесе олардың есептелген сомасын қайта қарауға құқылы, оларды есептеу әдiстемесiнде рентабельдiлiктiң iшкi нормасының (РIН) және R-фактордың (табыс көрсеткiшiнiң) көрсеткiштерi қолданылады. <*>
      2. Салық төлеушi салықтың артық төленген сомасын салық кезеңi аяқталғаннан кейiн бес жыл iшiнде есепке жатқызуды немесе салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң артық төленген сомасын қайтаруды талап етуге құқылы.
      Ескерту. 38-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

6-тарау. Салық міндеттемесін орындау бойынша
бюджетпен есеп айырысу кезінде салық және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдердің артық
төленген сомаларын есепке жатқызу және қайтару

      39-бап. Салық мiндеттемесiн орындау бойынша бюджетпен
              есеп айырысу кезiнде салық төлеушiнiң артық
              төлеген салық сомаларын есепке жатқызу

      1. Өткен салық кезеңдерiндегi салықтың осы түрi бойынша мiндеттемелер ескерiле отырып, салық кезеңiнде бюджетке төленген және есептелген салық сомалары арасындағы айырма артық төленген салық сомасы болып танылады.
      Осы Кодекстiң 198-1-бабына сәйкес резидент емес салық төлеушiге қайтарылуға тиiс төленген салық сомасы да артық төленген салық сомасы болып танылады. <*>
      2. Бюджетке артық төленген салық сомасы салық төлеушiнiң өтiнiшi бойынша салық төлеушi өтiнiш берген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде мынадай тәртiппен салық берешегiн мiндеттi өтеу есебiне жатады: <*>
      1) салықтың осы түрi бойынша өсiмпұлдар мен айыппұлдарды өтеу есебiне;
      2) салықтың басқа түрлерi бойынша өсiмпұлдар мен айыппұлдарды өтеу есебiне;
      3) салықтың басқа түрлерi бойынша бересiнi өтеу есебiне;
      4) салықтың осы және басқа да түрлерi бойынша алдағы төлемдер есебiне есепке жатқызылуға тиiс.
      2-1. Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарларды өткiзген кезде кеден органдары алатын салықтардың бюджетке артық төленген сомасы салық төлеушiнiң өтiнiшi бойынша, салықтардың артық төленген сомаларының бар екендiгi туралы кеден органының растамасымен қоса, өтiнiш берiлген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде осы бапта белгiленген тәртiппен салық берешегiн жабу есебiне есептеуге жатады. <*>
      3. Артық төленген салық сомасын есепке жатқызуды, егер осы Кодексте өзгеше белгiленбесе, осы бапта белгiленген тәртiппен бюджетке салық төлейтiн жердегi салық органы жүргiзедi.
      3-1. Осы баптың 2-тармағында белгiленген мерзiм бұзылған жағдайда, есепке алу мерзiмi бұзылған әр күн үшiн, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 2 еселенген мөлшерiнде өсiмпұл есептеледi. <*>
      4. Бюджетке артық төленген салық сомасы басқа салық төлеушiнiң салық мiндеттемесi бойынша берешегiн өтеу есебiне есепке жатқызылмауға тиiс.
       Ескерту. 39-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен. (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді)
      Ескерту. 39-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен  (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      40-бап. Салық мiндеттемесiн орындаған кезде салық
              және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi
              төлемдердiң артық төленген сомаларын қайтару

      1. Салықтың артық төленген сомасы осы Кодекстiң 39-бабында көзделген есепке жатқызуларды жүргiзгеннен кейiн салық төлеушiнiң өтiнiшi бойынша оның банк шотына аударылуға тиiс.
      2. Егер осы Кодексте өзгеше белгiленбесе, салықтың артық төленген сомасын қайтару салық төлейтiн жер бойынша қайтару туралы өтiнiш берiлген күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде жүргiзiледi.
      2-1. Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан тауарларды өткiзген кезде кеден органдары алатын салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң артық төленген сомаларын қайтару, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң артық төленген сомаларының бар екендiгі туралы кеден органының растамасымен қоса, қайтару туралы өтiнiш берiлген күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде төленген жерi бойынша жүргiзiледi. <*>
      3. Осы баптың 2-тармағында белгiленген мерзiм бұзылған жағдайда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 2 еселенген мөлшерiнде, қайтару мерзiмiнiң әрбiр бұзылған күнi үшiн өсiмпұл есептеледi. <*>
      4. Егер осы Кодексте өзгеше белгiленбесе, бюджетке төленген басқа мiндеттi төлемдердiң артық төленген сомасын қайтару осы бапқа сәйкес жүргiзiледi.
      Ескерту. 40-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен. (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді)
      Ескерту. 40-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен  (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

7-тарау. Салықтарды төлеу жөніндегі салық
міндеттемесін орындау мерзімдерінің өзгертілуі

      41-бап. Салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн
              орындау мерзiмдерiнiң өзгертiлу ұғымы және
              оның жалпы шарттары

      1. Салықтарды (төлем көзiнен ұсталатын салықтар мен акциздерден басқа) төлеудiң осы Кодекспен белгiленген мерзiмiн салық төлеушiнiң негiзделген өтiнiшi негiзiнде, неғұрлым кеш мерзiмге, бiрақ күнтiзбелiк жылдың он айынан асырмай ауыстыру салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту деп танылады.
      2. Өзгертiлген мерзiм бойынша салық мiндеттемесiн орындау құқығы басқаға берiлуге тиiс емес.
      3. Салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту, осы Кодекстiң ерекше бөлiмiнде белгiленген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушiнi осы Кодекстiң 46-бабына сәйкес салықтар сомаларын дер кезiнде төлемегенi үшiн өсiмпұл төлеуден босатпайды.
      4. Салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту, осы Кодекстiң ерекше бөлiмiнде белгiленген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушiнің мүлкiн кепiлге алу немесе банк кепiлдiгi арқылы жүргiзiледi.
      5. Салық төлеушiнiң мүлкiн кепiлге алу және банк кепiлдiгi арқылы салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

      42-бап. Салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн
              орындау мерзiмiн өзгерту туралы шешiм
              қабылдауға уәкiлеттi орган

      1. Республикалық бюджетке келiп түсетiн, сондай-ақ республикалық және жергiлiктi бюджеттер арасында бөлiнетiн салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту туралы шешiмдi уәкiлеттi мемлекеттiк орган , осы Кодекстiң 249-бабында белгiленген жағдайларды қоспағанда, қабылдайды. <*>
      2. Жергiлiктi бюджетке толық көлемiнде келiп түсетiн салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту туралы шешiмдi салық төлеушiнi тiркеу есебiне алу орны бойынша салық органы жергiлiктi атқарушы органмен келiсе отырып қабылдайды.
      Ескерту. 42-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен. (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді)

      43-бап. Салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн
              орындау мерзiмдерiн өзгерту туралы шешiмдердің
              қолданылуын тоқтату

      1. Салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту туралы шешiмнiң қолданылуы онда белгiленген қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiн тоқтатылады.
      2. Салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту туралы шешiмнiң қолданылуы салық төлеушi салықтардың бүкiл сомасын шешiмде белгiленген мерзiм аяқталғанға дейiн төлеген жағдайда немесе салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау шарттарын бұзған жағдайда мерзiмiнен бұрын тоқтатылады.

      44-бап. Салық төлеушiнiң кепiлге салынған мүлкiнен
              өндiрiп алу және оны өткiзу тәртiбi

      1. Кепiлмен (банк кепiлдiгiмен) қамтамасыз етiлген салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгертудiң шарттары орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған жағдайда, салық қызметi органдары салық төлеушiнің кепiлге салынған мүлкiн өндiрiп алуға не банк кепiлдiгiнiң орындалуын талап етуге құқылы.
      2. Салық төлеушiнiң кепiлге салған мүлкiн өткiзу Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген тәртiпке сәйкес жүргiзiледi.

8-тарау. Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін
орындауды қамтамасыз ету тәсілдері

      45-бап. Мерзiмiнде орындалмаған салық мiндеттемесiн
              орындауды қамтамасыз ету тәсілдерi

      Салық төлеушiнiң белгiленген мерзiмде орындалмаған салық мiндеттемесiн орындау:
      1) төленбеген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомасына өсiмпұл есептеу;
      2) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;
      3) салық төлеушiнің салық берешегi есебiне мүлiкке билiк етуiн шектеу тәсiлдерімен қамтамасыз етілуi мүмкiн.    

      46-бап. Салық және бюджетке төленетiн басқа да
              мiндеттi төлемдердiң мерзiмiнде төленбеген
              сомасына өсiмпұл

      1. Мерзiмi өткен салық мiндеттемесiнiң сомасына есептелетiн осы баптың 3-тармағында белгiленген мөлшер өсiмпұл болып танылады.
      2. Өсiмпұл сомасы салық берешегiн өтеу бойынша салық мiндеттемесiн мәжбүрлеп орындату шараларын, сондай-ақ салық заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылықтың өзге де шараларын қолдануға қарамастан есептеледi және төленедi.
      3. Өсiмпұл салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер төлеу мерзiмi күнiнен кейiнгi күннен бастап, өткен әрбiр күн үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландыру ресми ставкасының 2 еселенген мөлшерiнде бюджетке төлеген күндi қоса алғанда, мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн есептеледi. <*>
      4. Салық және басқа да мiндеттi төлемдердiң, өсiмпұлдардың, айыппұлдардың сомаларын банк шоттарының есебiнен шығару кезектiлiгiн сақтамағаны үшiн, сондай-ақ салық төлеушiлердiң банк шоттары есебiнен шығарылған және банктердiң немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың кассаларының салық және басқа да мiндеттi төлемдердi, өсiмпұлдарды, айыппұлдарды төлеу шотына қабылданған қолма-қол ақшаны бюджетке аударуды (есептеудi) кешiктiргенi үшiн банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға өсiмпұл есептеледi. <*>
      5. Салық төлеушiнi банкрот деп таныған сот шешiмi қабылданғанда не оған қатысты мәжбүрлеп тарату туралы шешiм қабылданғанда, не оңалту рәсiмiн қолдану туралы ұйғарым қабылданғанда, осындай шешiм немесе ұйғарым күшiне енген күннен бастап, жиналған бересi сомасына өсiмпұл есептелмейдi. <*>
      6. Бересiнің жиналып қалуының бiрден бiр себебi қызмет көрсететiн банктің таратылуы болып табылған жағдайда, мәжбүрлеп таратылған банктердiң кредит берушiлерiне бересi сомаларын дер кезiнде өтемегенi үшiн өсiмпұл банктi мәжбүрлеп тарату туралы шешiм күшiне енген кезден бастап есептелмейдi.
      7. Бересiнi өтеу үшiн сот шешiмiмен жарияланған акциялар мәжбүрлеп шығарылғанда, жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы сот шешiмi күшiне енгiзiлген кезден бастап оларды орналастыру аяқталғанға дейiн бересi сомасына өсiмпұл есептелмейдi.<*>
      8. Жеке тұлға хабар-ошарсыз кеттi деп тану туралы сот шешiмi күшiне енген кезден бастап, оның күшi жойылғанға дейiн бересi сомасына өсiмпұл есептелмейдi.
      9. Салықтың артық төленген сомасы расталған жағдайда, осы Кодекстiң 39-бабының 2-тармағында белгiленген есепке алуды жүргiзу мерзiмi бұзылған ретте салық төлеушiнiң артық төленген салық сомасын есепке алуды жүргiзуге берген өтiнiшiнде көрсетiлген артық төленген салық сомасына барабар бересi сомасына өсiмпұл есептелмейдi.
      Аталған ереже осы Кодекспен белгiленген жағдайларға қолданылмайды. <*>
      Ескерту. 46-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен. (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді)
      Ескерту. 46-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      47-бап. Салық төлеушiнiң банк шоттары бойынша шығыс
              операцияларын тоқтата тұру

      1. Заңды тұлғаның және жеке кәсiпкердiң банк шоттары (корреспонденциялық шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен:
      1) салық төлеушi салық есептiлiгiн тапсыру мерзiмi аяқталғаннан кейiн он жұмыс күнi iшiнде оны табыс етпеген;
      2) белгiленген төлеу мерзiмi күнiнен бастап отыз жұмыс күнi өткеннен кейiн салық берешегiн өтемеген;
      3) салық қызметi органының лауазымды адамдарының, осы Кодексте белгiленген салық тексеруiн жүргiзу тәртiбiн бұзған жағдайлардан басқа реттерде, салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердi салық тексеруiне, қарауына жол бермеген жағдайларда жүргiзiледi.
      Банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру осы Кодекстiң 31-бабында белгiленген мерзiмдерде салық төлеушiге хабарлай отырып жүргiзiледi және салық берешегiн өтеу жөнiндегi операциялардан басқа, салық төлеушiнiң барлық шығыс операцияларына қолданылады.
      2. Салық төлеушiнің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органының өкiмi уәкiлеттi мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесе отырып белгiлеген нысан бойынша шығарылады және банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым оны алған күннен бастап күшiне енедi.
      3. Салық төлеушiнiң банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органының өкiмiн банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар сөзсiз орындауға тиiс.
      4. Шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкiм шығарған салық органы банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру себебi жойылған күннен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей, банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкiмнiң күшiн жояды.
      Салық төлеушiнiң банк шоты жабылған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банк тиiстi салық органына салық төлеушiнiң банк шотының жабылғаны туралы хабарламамен бiрге шот бойынша шығыс операцияларының тоқтатыла тұратыны туралы өкiмдi қайтарады. <*>
      5. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, салық тексеруi нәтижесi бойынша өсiмпұл мен айыппұлдардың есептелген сомасы туралы хабарламаға шағым жасалған жағдайда, банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру жүргiзiлмейдi.
      Ескерту. 47-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен. (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді)

      48-бап. Салық төлеушiнiң салық берешегi есебiне мүлiкке
              билiк етуiн шектеу туралы шешiм шығару

      1. Салық төлеушiнiң банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешiм шығарылған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде салық берешегi өтелмеген жағдайда, салық берешегi есебiне мүлiкке билiк етудi шектеу жүргiзiледi. Бұл ретте салық төлеушiге осы Кодекстiң 31-бабында белгiленген мерзiмде хабарлама жiберiледi.
      Мүлiкке иелiктi шектеу туралы шешiм уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша шығарылады.
      Жылжымайтын мүлiкке құқықтардың ауыртпалығын тiркеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi. <*>
      2. Салық төлеушiнiң мүлкiне билiк етуiн шектеу туралы шешiм меншiк құқығындағы немесе шаруашылық жүргiзу құқығындағы (мүлiктi шаруашылық жүргiзуге беру туралы шартта оны иелiктен айыруға тыйым салу көзделген жағдайлардан басқа реттерде) мүлiкке қатысты шығарылады.
      Салық төлеушiнiң қаржы лизингiне және (немесе) кепiлге берiлген мүлкiне билiк етуiн шектеу туралы шешiм шығарған кезде, салық органы осы мүлiкке қатысты шешiм шығарған кезден бастап, оның күшi жойылғанға дейiн осы мүлiктi алып қоюға және шарттың талаптарын өзгертуге тыйым салынады.
      3. Мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешiмдi салық органы салық төлеушiнiң жеке шотында бар салық берешегi сомасы туралы деректердiң негiзiнде қабылдайды.
      4. Мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешiмнiң негiзiнде салық төлеушiге мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету шарттарын бұзғаны үшiн жауаптылық туралы ескертiле отырып, салық берешегi сомасына мүлiк тiзiмдемесiнiң актiсiн жасау жүргiзiледi.
      Билiк ету шектелген мүлiк тiзiмдемесi салық төлеушiнiң бухгалтерлiк есебi деректерiнiң негiзiнде айқындалатын оның бағасы көрсетiле отырып немесе Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы заң актiсiне сәйкес жүргiзiлетiн тәуелсiз бағалау негізiнде жүргiзiледi және уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысанда және тәртiппен екi дана етiп жасалатын актiмен ресiмделедi.
      Салық органы мүлiкке билiк етудi шектеу кезiнде қатысқан салық төлеушiге мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешiмдi және мүлiк тiзiмдемесi актiсiнiң бiр данасын тапсыруға мiндеттi.
      5. Салық төлеушi салық берешегi сомаларын өтегеннен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей салық органы мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешімнің күшін жояды.
      Ескерту. 48-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2003.07.04. N 475 Заңымен. (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)    

9-тарау. Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп
алу шаралары

      49-бап. Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары

      Салық тексеруі актісі бойынша хабарламаға шағым жасау жағдайларын қоспағанда, салық органдары мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдануға құқылы. Мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану осы Кодекстің 31-бабына сәйкес салық төлеушіге жіберілген хабарлама негізінде жүргізіледі. Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу мынадай тәртіппен: <*>
      1) банк шоттарындағы ақшасының есебінен;
      2) қолма-қол ақшасының есебінен;
      3) дебиторларының шоттарынан;
      4) билік ету шектелген мүлкін өткізу есебінен;
      5) жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару арқылы жүргiзiледi.<*>
      Ескерту. 49-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен. (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді)
      Ескерту. 49-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен.

      50-бап. Салық берешегін банк шоттарындағы ақша
              есебінен өндіріп алу

      1. Салық төлеушi декларациялар және (немесе) есеп айырысулар бойынша, сондай-ақ салық тексерулерi нәтижелерi бойынша есептеген салық берешегi сомалары төленбеген немесе толық төленбеген жағдайда, салық органы салық берешегiнiң сомасын салық төлеушiнің және (немесе) дербес салық төлеушi болып табылмайтын оның құрылымдық бөлiмшелерінің банк шоттарынан олардың келiсiмiнсiз мәжбүрлеу тәртiбiмен өндiрiп алуға құқылы.
      Осы тармақтың ережелерi Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң актiсiне сәйкес өндiрiп алуға жол берiлмейтiн банк шоттарына қолданылмайды. <*>
      2. Салық төлеушінің банк шоттарынан салық берешегі сомасын өндіріп алу салық органының инкассолық өкімі негізінде жүргізіледі.
      3. Банк салық төлеушінің бір банктік шотынан салық берешегін өндіріп алу туралы салық органының инкассолық өкімін орындаған кезде, банк салық органына салық төлеушінің аталған банкте ашқан басқа банк шоттарына салық органы шығарған инкассолық өкімдерді, егер салық органы мұндай инкассолық өкімдерді сол сомаға, берешектің сол түрі бойынша, сол есепті кезең үшін ұсынса, салық органының инкассолық өкімдердің орындалғандығын растайтын төлем құжатын қоса тіркеп, салық органына орындаусыз қайтарады.
      4. Инкассолық өкім Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілермен белгіленген нысан бойынша ұсынылады және онда салық төлеушінің немесе салық агентінің салық берешегi сомаларын өндiрiп алу жүргiзiлетiн банк шоты көрсетiледi.
      5. Салық төлеушiнiң теңгемен жүргiзiлетiн банк шоттарында ақша болмаған жағдайда, салық берешегi салық төлеушiнiң шетел валютасымен жүргiзiлетiн банк шоттарынан салық органдары теңгемен ұсынған инкассолық өкiмдерi негiзiнде өндiрiп алынады.<*>
      6. Клиентке қойылған талаптардың бәрiн қанағаттандыру үшiн клиенттiң банктегi ақшасы жеткiлiктi болған жағдайда, салық берешегiн өндiрiп алуға инкассалық өкiмдi банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым бiрiншi кезекте және аталған өкiмдi алған күннен кейiнгi бiр операциялық күннен кешiктiрмей, банк шотында бар сомалар шегiнде орындайды. <*>
      7. Салық төлеушiнiң банк шотында ақшасы жеткiлiксiз немесе жоқ болып, клиентке бiрнеше талаптар қойылған жағдайда, банк осы шотқа ақша түсуiне қарай мынадай кезектiлiкпен:
      1) бiрiншi кезекте өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянның орнын толтыру талаптарын, сондай-ақ алименттердi өндiрiп алу жөнiндегi талаптарды қанағаттандыруды көздейтiн атқарушылық құжаттар бойынша;
      2) екiншi кезекте клиенттiң жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару жөнiндегi мiндеттемелерi бойынша еңбек келiсiмi, соның iшiнде келiсiм-шарт бойынша жұмыс iстеп жүрген адамдарға демалыс жәрдемақысы мен еңбегiне ақы төлеу жөнiнде, авторлық шарт бойынша сыйақы төлеу жөнiнде есеп айырысу үшiн aқшa алу көзделетiн атқарушылық құжаттар бойынша; <*>
      3) үшiншi кезекте клиенттiң бюджет алдындағы мiндеттемелерi бойынша клиенттiң ақшасын алуды жүргiзедi. <*>
      8. Салық органы салық берешегiн өндiрiп алу туралы инкассолық өкiм шығарған салық төлеушiнiң банк шотында ақша болмаған жағдайда, инкассолық өкiмдi орындауға қабылдаған банк заңдарға сәйкес салық төлеушiнің банк шоты жабылған кезде аталған инкассолық өкiмдi салық төлеушiнің банк шотының жабылуы туралы хабарламамен бiрге тиiстi салық органына қайтарады.
      Ескерту. 50-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен. (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді)
      Ескерту. 50-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      51-бап. Салық берешегi сомасын қолма-қол ақша
              есебiнен өндiрiп алу

      1. Салық берешегi сомасын қолма-қол ақша есебiнен өндiрiп алу банк шотында ақша болмаған жағдайда жүргiзiледi.
      2. Бухгалтерлiк (кассалық) құжаттар бойынша көрсетiлген салық төлеушiнiң қолма-қол ақшасын (соның iшiнде шетелдiк валютамен) салық органының алып қоюы салық берешегi сомасын қолма-қол ақша есебiнен өндiрiп алу деп танылады.
      Салық төлеушiнiң қолма-қол ақшасы есебiнен салық берешегi сомасын өндiрiп алуды салық берешегiн өтеу бойынша салық мiндеттемесiн мәжбүрлеп орындату шараларын қолдану туралы хабарламаның негiзiнде салық органы жүргiзедi.
      3. Қолма-қол ақшаны алып қою уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен нысан бойынша алып қою туралы актiмен ресiмделедi.
      4. Салық төлеушiден алынған қолма-қол ақша алып қойылған күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей, кейiннен бюджетке аударатындай етiп салық төлеушiнiң банк шоттарына есептеу үшiн банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға тапсырылуға тиiс. Банк шоттары болмаған жағдайда, салық төлеушiден алынған қолма-қол ақша өндiрiп алынған күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей бюджет есебiне алынуға тиiс.

      52-бап. Салық төлеушiнiң салық берешегi сомасын оның
              дебиторларының шоттарынан өндiрiп алу

      1. Салық төлеушiнiң банк шоттарында ақшасы және қолма-қол ақшасы болмаған жағдайда, салық органы жиналып қалған салық берешегi шегiнде салық төлеушiге берешегi бар үшiншi бiр тұлғалардың (бұдан әрi - дебиторлардың) банк шоттарындағы ақшадан өндiрiп алуға құқығы бар. Бұл ретте дебиторлар салық төлеушiнiң алдында шартқа сәйкес ағымдағы кездегi дебиторлық берешек сомасы ретiнде таныған сома шегiнде салық төлеушiнiң салық берешегiн өтеу есебiне дебиторлардың банк шоттарындағы ақшадан өндiрiп алу туралы хабарлама дебиторларға жiберiледi.
      Дебитор хабарлама алған кезден бастап жиырма жұмыс күнiнен кешiктiрмей, хабарлама жiберушi салық органына хабарлама алған күнге салық төлеушiмен бiрлесiп жасалған өзара есеп айырысудың салыстыру актiсiн табыс етедi.
      2. Салық төлеушi мен оның дебиторының арасындағы өзара есеп айырысуды салыстыру актiсiнде мынадай мәлiметтер болуға тиiс:
      1) салық төлеушi мен оның дебиторының атауы, олардың тiркеу нөмiрлерi;
      2) салық төлеушi мен оның дебиторы тiркеу есебiнде тұрған салық органының атауы;
      3) салық төлеушi мен оның дебиторының банк шоттарының деректемелерi;
      4) дебитордың салық төлеушiге берешек сомасы;
      5) салық төлеушi мен оның дебиторының заңды деректемелерi, мөрi және қойылған қолдары;
      6) салыстыру актiсiнiң жасалған күнi.
      3. Өзара есеп айырысуды салыстыру актiсiнiң негiзiнде салық органы салық төлеушiнiң салық берешегi сомасын өндiрiп алу туралы инкассолық өкiмдi дебитордың банк шотына ұсынады.
      4. Салық төлеушi дебиторының банкi немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымы осы Кодекстiң 50-бабында белгiленген талаптарға сәйкес салық төлеушiнiң салық берешегi сомасын өндiрiп алу туралы салық органы ұсынған инкассолық өкiмдi орындауға мiндеттi.
      5. Осы баптың ережелерiне сәйкес өзара есеп айырысуды салыстыру актiсi бола отырып салық органының хабарламасын табыс еткен кезден бастап тоқсан жұмыс күнi iшiнде салық төлеушiнiң пайдасына дебитор төлем жүргiзген жағдайда, салық органы жүргiзiлген төлемдер сомасы шегінде салық төлеушінің салық берешегі сомасын өндіріп алу туралы инкассолық өкімін дебитордың банк шотына ұсынуға құқылы.

      53-бап. Салық төлеушінің билік ету шектелген мүлкін
              өткізу есебінен салық берешегі есебінен
              өндіріп алу

      1. Салық төлеушінің - заңды тұлғаның және жеке кәсіпкердің банк шоттарында ақшасы, қолма-қол ақшасы және дебиторларының банк шоттарында ақшасы болмаған жағдайларда салық органдары оның келісімінсіз салық берешегінің сомасы шегінде салық төлеушінің билік ету шектелген мүлкінен өндіріп алуды жүргізуге құқылы.
      2. Салық төлеуші билік ету шектелген мүліктің шектеу алып тасталғанға дейін сақталуын және тиісінше күтіп-ұсталуын қамтамасыз етуге міндетті. Ол орындалмаған жағдайда, салық төлеуші билік ету шектелген мүлікті аукционға дайындау жөніндегі шығындарды өтеуге міндетті және аталған мүлікке қатысты заңсыз әрекеттері үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады. <*>
      Ескерту. 53-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен. (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді)   

      54-бап. Салық төлеушінің билік ету шектелген мүлкін
              салық берешегі есебіне өткізу тәртібі

      Билік ету шектелген мүлікті өткізу мамандандырылған аукционда жүзеге асырылады, оның жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.    

55-бап. Салық төлеушінің-жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлiк қоғамның жарияланған акцияларын мәжбүрлеп шығару

      Осы Кодекстiң 49-бабының 1)-4) тармақшаларында көзделген барлық шаралар қолданылғаннан кейін салық төлеуші-жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік қоғам салық берешегі сомаларын өтемеген жағдайда, уәкілеттi мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен, сотқа жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы талап-арызбен жүгiнуге құқылы.           Ескерту. 55-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен.
      Ескерту. 55-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

       56-бап. Салық төлеушіні банкрот деп тану

      1. Осы Кодекстің 49-бабында көзделген барлық шаралар қолданылғаннан кейін салық берешегі сомасын заңды тұлға, жеке кәсіпкер өтемеген жағдайда, салық органы Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес оны банкрот деп тану жөнінде шаралар қолдануға құқылы.
      2. Банкрот деп танылған заңды тұлғаны тарату тәртiбi Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.    

10-тарау. Салық міндеттемесін тоқтатудың негіздері

      57-бап. Жеке тұлғаның салық мiндеттемесiн тоқтату

      Жеке тұлғаның салық мiндеттемесi:
      1) қайтыс болғанда;
      2) оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешiмi күшiне енгенде тоқтатылады.

      58-бап. Заңды тұлғаның салық мiндеттемесiн тоқтату

      Заңды тұлғаның салық мiндеттемесi:
      1) толық таратылғаннан кейiн;
      2) қосылу (қосылған заңды тұлғаға қатысты), бiрiгу, бөлiну және қайта құрылу жолымен толық қайта ұйымдастырылғаннан кейiн тоқтатылады.

2. Ерекше бөлім

3-бөлім. Жалпы ережелер

11-тарау. Салық және бюджетке төленетін басқа да
міндетті төлемдердің түрлері

      59-бап. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасында осы Кодексте белгiленген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер қолданылады.
      2. Салықтар тiкелей және жанама болып бөлiнедi. Жанама салықтарға қосылған құн салығы мен акциз жатады.
      3. Салық және басқа да мiндеттi төлемдердiң сомалары "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына  және тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы заңдарда белгiленген тәртіппен тиiстi бюджеттердiң кiрiсiне түседi.

      60-бап. Салықтар

      1. Корпорациялық табыс салығы.
      2. Жеке табыс салығы.
      3. Қосылған құн салығы.
      4. Акциздер.
      5. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдерi.
      6. Әлеуметтiк салық.
      7. Жер салығы.
      8. Көлiк құралдары салығы.
      9. Мүлiк салығы.

      61-бап. Алымдар

      1. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым.
      2. Жеке кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым.
      3. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және олармен жасалған мәмiлелердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым.
      4. Радиоэлектрондық құралдарды және жиiлiгi жоғары құрылғыларды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым.
      5. Механикалық көлiк құралдары мен тiркемелердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым.
      6. Теңiз, өзен кемелерi мен шағын көлемдi кемелердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым.
      7. Азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым.
      8. Дәрi-дәрмек құралдарын мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым.
      9. Автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру алымы.
      10. Аукциондардан алынатын алым.
      11. <*>
      12. Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым.
      13. Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат беру үшiн алым.
      Ескерту. 61-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2003.07.04. N 475 Заңымен. (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

      62-бап. Төлемақылар

      1. Жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемақы.
      2. Жер бетiндегi көздердiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы.
      3. Қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемақы.
      4. Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы.
      5. Орманды пайдаланғаны үшiн төлемақы.
      6. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төлемақы.
      7. Радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төлемақы.
      8. Кеме жүретiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы.
      9. Сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастырғаны үшiн төлемақы.

      63-бап. Мемлекеттiк баж
 
      Мемлекеттiк баж

      64-бап. Кеден төлемдерi

      1. Кеден бажы.
      2. Кеден алымдары.
      3. Алдын ала шешiм қабылдағаны үшiн төлемақы. <*>
      4. Алымдар.
      Ескерту. 64-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2003.07.04. N 475 Заңымен. (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)    

12-тарау. Салық есебінің ережелері және салық
есептілігі

      65-бап. Салық есебiнiң ережелерi

      1. Салық төлеушiлер салық салу объектілерi мен салық салуға байланысты объектiлердi осы Кодексте белгiленген тәртiп пен шарттар бойынша есептеу әдiсiмен айқындайды.
      2. Шетел валютасымен жасалатын операция салық салу мақсатында операция (төлем) жасалған күнгi валюта айырбастаудың рыноктық бағамы қолданыла отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгемен қайта есептеледi. <*>
      3. Салық мақсаттары үшiн тауар-материалдық қорлар есебi бухгалтерлiк есеп жөнiндегi ережелерге сәйкес жүргiзiледi.
      4. Барлық салықтарға қатысты баспа-бас айырбас операциялар осы операцияларды шот-фактуралармен мiндеттi түрде ресiмдей отырып қолданылатын бағалар бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткiзу ретiнде қарастырылады.
       Ескерту. 65-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен. (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді)

      66-бап. Есеп құжаттамасын жасау және сақтау

      1. Салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердi айқындау үшiн, сондай-ақ салық мiндеттемелерiн есептеу үшiн негiз болатын бастапқы құжаттар, бухгалтерлiк есептiң тiркелiмдерi және өзге де құжаттар есеп құжаттамасы болып табылады.
      2. Есеп құжаттамасы қағазда және (немесе) электрондық көздерде жасалады және осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, есеп құжаттамасы жасалған кезеңнен кейiнгi салық кезеңiнен бастап, осындай құжаттама қатысты болатын әрбiр салық түрi немесе басқа да мiндеттi төлем үшiн осы Кодексте белгiленген талап қою мерзiмi өткенге дейiн сақталады.
      3. Қызметiн жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарға сәйкес жүзеге асыратын салық төлеушiлердің есеп құжаттамасы келiсiм-шарттың қолданылуы аяқталған кезеңнен кейiнгi салық кезеңi үшiн осы Кодексте белгiленген талап қою мерзiмi өткенге дейiн сақталады.
      4. Тiркелген активтердiң, соның iшiнде қаржы лизингi бойынша берiлген (алынған) активтердің құнын растайтын есеп құжаттамасы осындай актив бойынша амортизациялық аударымдар есептелетiн соңғы салық кезеңi үшiн осы Кодексте белгiленген талап қою мерзiмi өткенге дейiн сақталады. Амортизациялауға жатпайтын тiркелген активтердің құнын растайтын есеп құжаттамасы салық салу мақсатында осындай активтер өткiзiлген салық кезеңi үшiн осы Кодексте белгiленген талап қою мерзiмi өткенге дейiн сақталады.
      5. Бастапқы құжаттарды және бухгалтерлiк есеп тiркелiмдерiн салық төлеушi мемлекеттiк тiлде немесе орыс тiлiнде жасайды.
      Шет тiлдерде жасалған жекелеген құжаттар болған кезде салық органы олардың мемлекеттiк тiлге немесе орыс тілiне аударылуын талап етуге құқылы.
      6. Есеп құжаттамасы электрондық көздерде жасалған кезде салық төлеушi мониторинг кезiнде және тексеру барысында салық органдарының талап етуi бойынша мұндай құжаттардың қағазға түсiрiлген көшiрмелерiн беруге мiндеттi.

      67-бап. Бөлек есеп және оны жүргiзу тәртiбi

      1. Осы Кодексте салық салудың әртүрлi шарттары көзделген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушiлер салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердің бөлек есебiн жүргiзуге мiндеттi.
      2. Салық төлеушiлер бөлек есептi бухгалтерлiк есеп деректерi негiзiнде есеп-қисапты жүзеге асыру арқылы жүргiзедi. Осы есеп-қисаптар әрбiр қызмет түрi бойынша (егер жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шартта өзгеше көзделмесе, жер қойнауын пайдаланушылар үшiн - әрбiр кен орны бойынша) бөлек жүргiзiледi.
      3. Белгiлi бiр қызмет түрiне жатқызылған барлық кiрiстер мен шығыстар тиiстi есеп құжаттамасымен расталуға тиiс.

      68-бап. Салық есептiлiгi

      1. Салық есептiлiгi дегенiмiз салық төлеушi, салық агентi салық органдарына табыс ететiн, салық мiндеттемелерiн есептеу туралы ақпараты бар құжаттама. <*>
      2. Салық есептiлiгiне осы тармақта көрсетiлген мынадай құжаттар, сондай-ақ олардың қосымшалары мен қосымша нысандары кiредi: <*>
      салықтың әрбiр түрi және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналары және Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша салық төлеушi жасайтын салық декларациялары, есеп-қисабы; <*>
       резидент емес жеке тұлғаға салынатын жеке табыс салығының болжанған сомасы туралы өтiнiш; <*>
      арнаулы салық режимдерiн қолдануға патент алуға өтiнiштер;
      осы Кодекстiң 397 және 531-баптарына сәйкес салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердi есепке алуды тiркеу карточкаларын алуға өтiнiштер;
      қосылған құн салығын бюджеттен қайтарып алуға өтiнiштер;
      қосарланған салық салуды болғызбау туралы халықаралық шарттар нормаларын қолдануға берiлген өтiнiштер; <*>
      шот-фактуралар тiзiлiмi; <*>
      осы Кодекске сәйкес электрондық мониторингке жататын, салық төлеушiлер табыс ететiн құжаттама.
      3. Салық есептiлiгi - салық төлеушiнiң, салық агентiнiң осы Кодексте белгiленген тәртiпке сәйкес салық органдарына берiлген жазбаша өтiнiшi және (немесе) электрондық құжаты, онда салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлер туралы, сондай-ақ салық мiндеттемелерiн есептеу мен салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеу мен төлеуге байланысты басқа да деректер туралы мәлiметтер болуға тиiс. <*>
      4. Салық декларациясы мен есеп-қисабында көрсетiлуге тиiстi белгiлi бiр деректер болмаған жағдайда, оған уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тиiстi қосымшалар табыс етiлмейдi.
      Ескерту. 68-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен. (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді)
      Ескерту. 68-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).    

      69-бап. Салық есептiлiгiн жасау мен табыс ету тәртiбi

      1. Салық есептiлiгiн салық төлеушi, салық агентi не олардың өкiлдерi осы Кодекске сәйкес уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен және нысандар бойынша дербес жасайды. <*>
      2. Салық есептiлiгi қағазда және (немесе) электрондық көздерде мемлекеттiк тiлде немесе орыс тiлiнде жасалады. Салық есептiлiгi электрондық көздерде жасалған кезде салық төлеушi, салық агентi салық органдарының талап етуi бойынша осындай құжаттардың қағазға түсiрiлген көшiрмелерiн табыс етуге мiндеттi.
      3. Қағазға түсiрiлген салық есептiлiгiне салық төлеушi, салық агентi (басшы және бас бухгалтер) қол қоюға, сондай-ақ ол салық төлеушiнiң, салық агентiнiң мөрiмен расталуға тиiс. Салық есептiлiгi электронды түрде жасалған кезде электрондық құжат салық төлеушiнiң электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылуға тиiс. Салық төлеушi - жеке тұлғаның өзi болмаған не ол iс-әрекетке қабiлетсiз болған жағдайда салық есептiлiгiне оның өкiлi қол қойып, куәландырады. <*>
      4. <*>
      5. Салық төлеушi, салық агентi салық есептiлiгiн жасаған кезде, оның iшiнде мұндай есептiлiктi оның өкiлi жасаған жағдайда, салық есептiлiгiнде көрсетiлген деректердiң дұрыстығы үшiн жауаптылық салық төлеушіге, салық агентiне жүктеледі.
      6. Салық төлеушi, салық агентi салық есептiлiгiн тиiстi салық органдарына осы Кодексте белгiленген тәртiппен және мерзiмде табыс етедi.
      7. Салық төлеушi қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешiм қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде ол туралы салық органына жазбаша хабарлайды.
      Салық төлеушiнi (заңды тұлғаны) қосу, бiрiктiру, бөлу жолымен қайта ұйымдастырған немесе таратқан кезде қайта ұйымдастырылған немесе таратылған әрбiр салық төлеушiге салық кезеңi басталғаннан қайта ұйымдастыру немесе тарату аяқталған күнге дейiн өткiзу актiсiнiң, тиiсiнше бөлу немесе тарату балансының негiзiнде бөлек салық есептiлiгi жасалады.
      Осы тармақта көрсетiлген есептiлiк заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуына немесе таратылуына байланысты құжаттық тексерудi жүргiзу туралы өтiнiшпен бір уақытта өткiзу актiсiн, бөлу немесе тарату балансын бекiткен күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде тапсырылады.
      Заңды тұлғаны бөлiп шығару жолымен қайта ұйымдастыруға байланысты құжаттық тексерудi жүргiзу туралы өтiнiш бөлу балансын бекiткен күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде тапсырылады.
      Осы тармақтың ережелерi қайта құру, сондай-ақ басқа заңды тұлғаны бiрiктiру жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаларға қолданылмайды. <*>
      8. Салық төлеушiлер, салық агенттерi салық есептiлiгiн өз қалауы бойынша:
      1) өзi келу тәртiбiмен;
      2) хабарланатын етiп почта арқылы тапсырыстық хатпен;
      3) уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген жағдайларда ақпаратты компьютерлiк өңдеуге болатын электронды түрде табыс етуге құқылы.
      9. Құжаттарды салық органы қабылдаған күн немесе есептiлiк жөнелтiлiмi электрондық почта арқылы жеткiзiлгендiгi туралы хабарланған күн салық есептiлiгi салық органына табыс етiлген күн болып табылады.
      Почта ұйымына немесе өзге де байланыс ұйымына осы Кодексте белгiленген мерзiмнiң соңғы күнiнде сағат жиырма төртке дейiн тапсырылған салық есептiлiгi почта немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдаған уақыты мен күнi қойылған белгiсi болса, мерзiмiнде табыс етiлген деп саналады.
      10. Салық есептiлiгi алдын ала камералдық бақылаусыз қабылданады.
      Егер салық есептiлiгiнде:
      1) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi көрсетiлмесе не дұрыс көрсетiлмесе;
      2) салық кезеңi көрсетiлмесе;
      3) осы баптың қолтаңба мен салық есептiлiгiн куәландыруға қатысты талаптары бұзылса. <*>
      4) уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген электрондық пiшiмнiң құрылымы бұзылса, салық есептiлiгi салық органына берiлмеген болып есептеледi. <*>
       Ескерту. 69-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен. (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді)
      Ескерту. 69-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2003.07.04. N 475 Заңымен. (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
      Ескерту. 69-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      70-бап. Салық декларациясын табыс ету мерзiмiн ұзарту

      1. Салық төлеушiден салық декларациясын табыс етудiң осы Кодексте белгiленген мерзiмiне дейiн жазбаша өтiнiш алынған жағдайда, уәкiлеттi мемлекеттiк орган салық декларациясын табыс ету мерзiмiн үш айдан аспайтын мерзiмге ұзартуға құқылы.
      2. Осы бапқа сәйкес салық декларациясын табыс ету мерзiмiн ұзарту салық төлеу мерзiмiн өзгертпейдi.

      71-бап. Салық есептiлiгiне өзгерiстер мен толықтырулар
              енгiзу

      1. Салық декларациясына, есеп-қисабына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге осы Кодексте көзделген талап қою мерзiмi iшiнде жол берiледi.
      2. Салық төлеушiнің салық декларациясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi және (немесе) есеп-қисапты осы өзгерiстер мен толықтырулар жатқызылатын салық кезеңi үшiн қосымша салық декларациясын және (немесе) есеп-қисап жасау жолымен жүргiзедi.
      3. Қосымша салық декларациясындағы және (немесе) есеп-қисаптағы тиiстi жолдарда бұрын табыс етiлген салық декларациясымен және (немесе) есеп-қисаппен салыстырғанда анықталған айырманың сомасы ғана көрсетiледi.
      4. Тексеру басталғанға дейiн қосымша салық декларациясын және (немесе) есеп-қисап табыс еткен кезде, салық төлеушi анықтаған салық және басқа да мiндеттi төлемдер сомасы бюджетке айыппұл есептелмей енгiзiлуге тиiс.

      72-бап. Салық есептiлiгiн сақтау мерзiмi

      1. Салық есептiлiгi осы Кодексте белгiленген талап қою мерзiмi iшiнде салық төлеушiлерде, салық агенттерiнде және салық органдарында сақталады.
      2. Салық төлеушi, салық агентi - заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде қайта ұйымдастырылған тұлғаның қызмет кезеңi үшiн салық есептiлiгiн сақтау жөнiндегi мiндеттемелер оның құқық мирасқорына жүктеледi.    

13-тарау. Операциялардың жекелеген түрлерінің
салық есебінің ерекшеліктері

Параграф 1. Трансферттiк бағаларды қолдану кезiндегi
салық салу ерекшелiктерi

      73-бап. Трансферттiк бағаларды қолдану кезiндегi бақылау

      Салық қызметi органдары мәмiлелер бойынша бағалардың дұрыс қолданылуына Қазақстан Республикасының трансферттiк бағалардың қолданылуын мемлекеттiк бақылау мәселелерiн реттейтiн заң актiсiнде көзделген тәртiппен және жағдайларда бақылау жасайды.
      Мәмiле бағасының нарықтық бағадан ауытқу фактiсi анықталған жағдайда, салық органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салық салу объектiлерi мен салық мiндеттемесiне түзету енгiзедi.

Параграф 2. Басқа жағдайларда салық салу ерекшелiктерi

      74-бап. Қаржы лизингi

      1. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалған лизинг шарты бойынша амортизациялауға жататын негiзгi құралдарды үш жылдан астам мерзiмге беру, егер ол мынадай талаптардың бiрiне сай келсе:
      1) негiзгi құралдарды лизинг алушының меншiгiне беру және (немесе) лизинг алушыға негiзгi құралдарды тiркелген бағамен сатып алу жөнiнде құқық беру лизинг шартында белгiленсе;
      2) қаржы лизингiнiң мерзiмi негiзгi құралдардың пайдалы қызметi мерзiмiнiң жетпiс бес процентiнен acca;
      3) қаржы лизингiнiң барлық мерзiмi үшiн лизинг төлемдерiнің ағымдағы (дисконтталған) құны қаржы лизингi бойынша берілетiн негiзгі құралдар құнының тоқсан процентiнен асса, ол қаржы лизингi болып табылады.
      Қаржы лизингiне (лизинг бойынша) берiлген (алынған) негiзгi құралдардың құны лизинг шарты жасалған кезiне айқындалады.
      Салық салу мақсатында мұндай мәмiле лизинг алушының негiзгi құралдарды сатып алуы ретiнде қарастырылады. Бұл ретте лизинг алушы негiзгi құралдардың иесi ретiнде, ал лизинг төлемдерi лизинг алушыға берiлген кредит бойынша төлемдер ретiнде қарастырылады. <*>
      2. Осы баптың мақсаты үшiн қаржы лизингiнің мерзiмi лизинг алушының шартқа сәйкес қаржы лизингiн ұзартуға құқығы бар қосымша мерзiмдi қамтиды.
      Ескерту. 74-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен. (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді)
      Ескерту. 74-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).  

      75-бап. Ортақ үлестiк меншiк

      Ортақ үлестiк меншiк немесе кәсіпкерлiк қызметтi бiрлесiп жүргiзу туралы уағдаластық не заңды тұлға құрмай, екі және одан да көп иеленушi болуын көздейтiн өзге де уағдаластық болған жағдайда, салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлер осы Кодексте белгiленген тәртіппен тиiсiнше әрбiр иеленушiде есепке алынып, салық салынады.

      76-бап. Жекелеген жағдайларда салық салу объектiлерiн
              анықтау тәртiбi

      1. Есеп жүргiзу тәртiбi бұзылған жағдайда, дүлей күштiң салдарынан есеп құжаттамалары жоғалған немесе жойылған кезде салық қызметi органдары салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердi жанама әдiстер (активтер, мiндеттемелер, айналымдар, шығындар, шығыстар) негiзiнде айқындайды.
      1-1. Салық агентi қызметкердiң толық жұмыс күні үшiн табысын Қазақстан Республикасының тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңында белгiленген жалақының ең төменгi мөлшерiнен төмен мөлшерде есептеген жағдайда, салық органдары әлеуметтiк салық салу объектiсiн ең төменгi жалақының аталған мөлшерiне қарай белгiлейдi. <*>
      2. Егер жеке тұлға өзiнiң тұтынуына, соның iшiнде мүлiк сатып алуына жұмсаған шығыстарына сәйкес келмейтiн табысты көрсетсе, салық органдары өткен кезеңдердiң табыстарын есептей отырып, олардың жасаған шығыстары негiзiнде табысы мен салығын айқындайды.
      3. Басқа да тұлғалар мен органдар аталған табысты алудың заңдылығына талас тудырған жағдайларда да, табысқа салық салынуға тиiс.
      4. Егер сот шешiмi бойынша табыс Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда бюджетке алып қоюға жатса, аталған табыс оған төленген салық сомасы шегерiле отырып алынады.
      Ескерту. 76-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен. (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді)

4-бөлім. Корпорациялық табыс салығы

14-тарау. Жалпы ережелер

      77-бап. Төлеушiлер

      1. Корпорациялық табыс салығын төлеушiлерге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикасындағы көздерден табыс алатын резидент емес заңды тұлғалар (бұдан әрi бөлiм бойынша - салық төлеушiлер) жатады.
      2. Арнайы салық режимiн қолданушы заңды тұлғалар корпорациялық табыс салығын осы Кодекстiң 368-377, 385-397-баптарына сәйкес төлейдi.    

      78-бап. Салық салу объектiлерi

      Мыналар:
      1) салық салынатын табыс;
      2) төлем көзiнен салық салынатын табыс;
      3) Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табысы корпорациялық табыс салығы салынатын объектiлер болып табылады.

15-тарау. Салық салынатын табыс

      79-бап. Салық салынатын табыс

      Салық салынатын табыс жылдық жиынтық табыс пен осы Кодекстiң 122-бабына сәйкес жасалған түзетулердi ескере отырып осы Кодекстiң 80-103, 105-114-баптарында көзделген шегерiмдер арасындағы айырма ретiнде айқындалады. Жылдық жиынтық табыс осы Кодекстiң 91-бабына сәйкес түзетiлуге тиiс.

Параграф 1. Жылдық жиынтық табыс

      80-бап. Жылдық жиынтық табыс

      1. Резидент заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы салық кезеңi iшiнде Қазақстан Республикасы мен одан тыс жерлерден алынуға тиiс (алынған) табыстардан тұрады.
      Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы осы Кодекстiң 184-бабына сәйкес анықталады.
      2. Жылдық жиынтық табыста салық төлеушi табыстарының барлық түрлерi, соның iшiнде:
      1) тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетудi) өткiзуден түсетiн табыс;
      2) үйлердi, ғимараттарды, құрылыстарды, сондай-ақ амортизациялауға жатпайтын активтердi өткiзу кезiндегi құн өсiмiнен түсетiн табыс;
      3) мiндеттемелердi есептен шығарудан түсетiн табыстар;
      4) күмәндi мiндеттемелер бойынша түсетiн табыстар;
      5) мүлiктi жалға беруден түсетiн табыстар;
      6) Қазақстан Республикасының заңдарымен провизиялар жасауға рұқсат етiлген банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар жасаған провизиялардың мөлшерiн азайтудан түсетiн табыстар;
      7) борышты талап етудi басқаға беруден түсетiн табыстар;
      8) кәсiпкерлiк қызметтi шектеуге немесе тоқтатуға келiсiм үшiн алынған табыстар;
      9) шығып қалған тiркелген активтер құнының iшкi топтың құн балансынан асып түсуiнен алынатын табыстар;
      10) кен орындарын игеру зардаптарын жою жөнiндегi нақты шығыстар сомасынан кен орындарын игеру зардаптарын жою қорына аударылған соманың асып түсуiнен алынатын табыстар;
      11) ортақ үлестiк меншiктен түсетiн табысты бөлу кезiнде алынатын табыстар;
      12) бұрын негiзсiз ұсталып, бюджеттен қайтарылған айыппұлдардан басқа, борышкерге салынған немесе ол мойындаған айыппұлдар, өсiмпұлдар және санкциялардың басқа да түрлерi, егер осы сомалар бұрын шегерiп  тасталмаған болса;
      13) бұрын жүргiзiлген шегерiмдер бойынша алынған өтемақылар;
      14) өтеусiз алынған мүлiк, орындалған жұмыстар, көрсетiлген қызметтер;
      15) дивидендтер;
      16) сыйақылар;
      17) оң бағамдық айырма сомасының терiс бағамдық айырма сомасынан асып кетуi; <*>
      18) ұтыстар;
      19) роялти;
      20) әлеуметтiк сала объектiлерiн пайдалану кезiнде алынған табыстардың шығыстардан артығы қамтылады.
      Ескерту. 80-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2003.07.04. N 475 Заңымен. (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

      81-бап. Тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi)
              өткiзуден түсетiн табыс

      1. Егер Қазақстан Республикасының трансферттiк бағаларды қолдану кезiнде мемлекеттiк бақылау жасау мәселелерi жөнiндегi заңдарында өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығы мен акциздi қоспағанда, өткiзiлген тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердiң құны тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткiзуден түскен табыс болып табылады.
      2. Тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткiзуден түскен табыс:
      1) тауарлар толық немесе iшiнара қайтарылған;
      2) мәмiле шарттары өзгерген;
      3) өткiзiлген тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн бағалар, өтемдер өзгерген; <*>
      4) теңгемен төлеген кезде өткiзiлген тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) құнындағы айырма алынған жағдайларда түзетiлуге тиiс.
      Табысты түзету аталған өзгерiстер болған салық кезеңiнiң қорытындысы бойынша жүргiзiледi.
      Ескерту. 81-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен .

      82-бап. Үйлердi, ғимараттарды, құрылыстарды, сондай-ақ
              амортизациялауға жатпайтын активтердi өткiзу
              кезiндегi құн өсiмiнен түсетiн табыс

      1. Құн өсiмiнен түсетiн табыс үйлердi, ғимараттарды, құрылыстарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк қажеттiлiктер үшiн сатып алынған активтердi қоспағанда, амортизациялауға жатпайтын басқа да активтердi өткiзу кезiнде құралады. Амортизациялауға жатпайтын активтерге: <*>
      1) жер учаскелерi;
      2) құрылысы аяқталмаған объектiлер;
      3) орнатылмаған жабдық;
      4) салық төлеушi тауарларды өндiруде, жұмыстарды орындауда, қызметтер көрсетуде пайдаланбайтын негiзгi құралдар мен материалдық емес активтер;
      5) бағалы қағаздар;
      6) кез келген ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлғаға, консорциумдарға қатысу үлесi; <*>
      7) Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданылған салық заңдарына сәйкес бұрын құны толық шегерiмге жатқызылған негiзгi құралдар;
      8) осы Кодекстiң 138-140-баптарына сәйкес құны шегерiмге жатқызылған, инвестициялық жоба шеңберiнде пайдалануға берiлген тiркелген активтер жатады. <*>
      2. Осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, өсiм аталған активтердi сату құны мен олардың баланстық құнының арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
      Активтер өткiзiлген айдың бiрiншi күнiнде бухгалтерлiк баланста көрсетілген құны олардың баланстық құны болып табылады.
      3. Кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылатын үйлердi, ғимараттарды, құрылыстарды өткiзу кезiнде құн өсiмi (залал) өткiзу құны мен салық есебiнде айқындалатын қалдық құнның арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
      4. Бағалы қағаздарды өткiзу кезiндегi құн өсiмi мыналар:
      борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, бағалы қағаздар бойынша - өткiзу құны мен иемденiп алу құны арасындағы оң айырма;
      борыштық бағалы қағаздар бойынша - өткiзу күнiндегi дисконт амортизациясы және (немесе) сыйлықақы ескерiлген, өткiзу құны мен иемденiп алу құны арасындағы купон есепке алынбаған оң айырма.
      Ескерту. 82-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2003.07.04. N 475 Заңымен. (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
      Ескерту. 82-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      83-бап. Мiндеттемелердi есептен шығарудан түсетiн
              табыстар

      1. Мiндеттемелердi есептен шығарудан түсетiн табыстарға:
      1) салық төлеушiнiң мiндеттемелерiн оның кредиторының есептен шығаруы;
      2) осы Кодекске сәйкес күмәндi деп танылған мiндеттемелердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген талап қою мерзiмiнiң өтуiне байланысты мiндеттемелердi есептен шығару;
      3) сот шешiмi бойынша мiндеттемелердi есептен шығару жатады.
      2. Мiндеттемелердi есептен шығару нәтижесiнде алынған табыс сомасы есептен шығарылған кредиторлық берешек сомасына тең болады.

      84-бап. Күмәндi мiндеттемелер бойынша түсетiн табыстар

      Иемденiп алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша, сондай-ақ қызметкерлерге есептелген табыстар мен осы Кодекстiң 149-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалатын басқа да төлемдер бойынша туындаған және туындаған кезiнен бастап үш жыл iшiнде қанағаттандырылмаған мiндеттемелер күмәндi деп танылады және кредиторлық берешек туындаған кезде қабылданған ставка бойынша бюджетпен өзара есеп айырысуда қалпына келтiрiлуге тиiс қосылған құн салығын қоспағанда, салық төлеушiнiң жылдық жиынтық табысына қосылуға тиiс.

      85-бап. Банктер жасаған провизиялардың мөлшерiн
              азайтудан түсетiн табыстар

      Борышкер банктiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның талабын орындаған кезде бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизиялар сомалары жасалған провизиялардың мөлшерiн азайтудан түсетiн табыстар деп танылады. Бұл ретте, борышкер орындаған талап сомасына барабар мөлшердегi провизиялар сомасы табысқа енгiзiледi. Сондай-ақ цессия шартын жасасу жолымен жол беру туралы шарт, новация шарты, талап құқығын басқаға қайта беру негiзiнде және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негiздерде борышкерге талаптар мөлшерiн азайту кезiнде бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизиялар сомасы да табыстар деп танылады. Сонымен қатар талаптарды қайта сыныптау кезiнде бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизиялардың азайтылған сомасы табыстар деп танылады.    

      86-бап. Борышты талап етудi басқаға беруден түсетiн
              табыстар

      Салық төлеушiнiң негiзгi борышты талап етуi бойынша борышкер төлейтiн сома, ол негiзгi борыштан тыс төлейтiн соманы қоса және салық төлеушiнiң борышты иемденiп алу құны арасындағы оң айырма түрiнде айқындалатын табыстары борышты талап етудi басқаға беруден түсетiн табыстар болып табылады.

      87-бап. Шығып қалған тiркелген активтер құнының iшкi
              топтың құн балансынан асып түсуiнен алынатын
              табыстар

      Егер iшкi топтың шығып қалған тiркелген активтерiнiң құны салық кезеңiнiң басында iшкi топтың құн балансынан асып түссе, салық кезеңiнде келiп түскен тiркелген активтер құны есепке алына отырып, артық мөлшерi жылдық жиынтық табысқа енгiзiлуге тиiс. Осы iшкi топтың құн балансы салық кезеңiнiң аяғына қарай нөлге тең болады.

      88-бап. Кен орындарын игеру салдарын жою жөнiндегi
              нақты шығыстар сомасынан кен орындарын игеру
              салдарын жою қорына аударымдар сомасының асып
              түсуiнен алынатын табыстар

      1. Егер кен орындарын игеру салдарын жою жөнiндегi нақты шығыстар аталған қорға жасалған аударымдардан төмен болса, айырма жер қойнауын пайдаланушының жылдық жиынтық табысына енгiзiлуге тиiс.
      2. Егер жер қойнауын пайдаланушы тиiстi мемлекеттiк уәкiлеттi орган бекiткен кен орындарын игеру салдарын жою бағдарламасында көзделген кезеңде кен орындарын игеру салдарын жою жөнiндегi жұмысты жүргiзбеген жағдайда, шегерiмдерге жатқызылған, кен орындарын игеру салдарын жою қорына (резервтiк қор) аударымдар сомалары олар жүргiзiлуге тиiс салық кезеңiнiң жылдық жиынтық табысына енгiзiлуге тиiс.

      89-бап. Бұрын жасалған шегерiмдер бойынша алынған
              өтемдер

      1. Бұрын жасалған шегерiмдер бойынша өтем түрiнде алынған кiрiстерге:
      1) бұрын шегерiмдерге жатқызылған және кейiнгi салық кезеңдерiнде өтелген күмәндi деп танылған талаптардың сомалары;
      2) мемлекеттiк бюджет қаражатынан шығындарды (шығыстарды) жабуға арнап алынған сомалар;
      3) бұрын шегерiмдерге жатқызылған шығыстарды (залалдарды) өтеу бойынша алынған басқа да өтемдер жатады.
      Алынған өтем ол өтелген салық кезеңiнiң табысы болып табылады.
      2. Сақтандыру ұйымының сақтанушыға жинақтаушы емес сақтандыру шартының әрекетi аяқталғаннан кейiн немесе оны мерзiмiнен бұрын тоқтатқан жағдайда қайтаруға тиiс (қайтарылатын) және сақтанушы бұрын шегерiмге жатқызған сақтандыру сыйақыларының сомасы олар сақтанушыға қайтарылған (қайтарылуға тиiс) есептi салық кезеңiнiң жылдық жиынтық табысына жатқызылады, сақтандыру ұйымы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiп пен нысанда өзiнiң тiркелген жерi бойынша салық органдарын кiрiстiң пайда болуы туралы мiндеттi түрде хабардар етедi. <*>
      Ескерту. 89-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен. (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді)
      Ескерту. 89-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2003.07.04. N 475 Заңымен. (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

      90-бап. Өтеусiз алынған мүлiк

      1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салық төлеушi өтеусiз алған кез келген мүлiк, сондай-ақ жұмыстар мен қызмет көрсетулер оның табысы болып табылады.
      2. Мыналар:
      1) жарғылық капиталға салым ретiнде алынған мүлiк;
      2) мемлекеттiк бюджет қаражатынан алынған субсидиялар табыс ретiнде қаралмайды.

      91-бап. Жылдық жиынтық табысты түзету

      1. Салық төлеушiлердiң жылдық жиынтық табысынан:
      1) Қазақстан Республикасындағы төлем көзiнен бұрын салық салынған, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасынан алынған дивидендтер;
      2) эмитент өз акцияларын орналастыру кезiнде алған олардың құнының номиналдық құнынан асып кетуi және эмитенттiң өз акцияларын өткiзуi кезiндегi құн өсiмi; <*>
      3) қор биржасының "А" және "В" ресми тiзiмдерiнде өткiзу күнiнде тұрған акциялар мен облигацияларды өткiзу кезiнде құн өсiмiнен алынған табыс; <*>
      4) мемлекеттiк бағалы қағаздармен және агенттiк облигацияларымен жасалған операциялардан түскен табыстар; <*>
      5) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған ретте iзгiлiк көмек түрiнде алынған және мақсатты түрде пайдаланылған мүлiктiң құны;
      6) мемлекеттiк кәсiпорынның Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде мемлекеттiк органнан немесе республикалық  мемлекеттiк кәсiпорыннан өтеусiз негiзде алған негiзгi құрал-жабдықтарының құны; <*>
      7) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарына сәйкес алынған және жеке зейнетақы шоттарына жiберiлген инвестициялық табыстар;
      8) Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдарына сәйкес алынған және Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының активтерiн ұлғайтуға жiберiлген инвестициялық табыстар алып тасталуға тиiс. <*>
      2. Активтердi бағалаудың салық төлеушi осының алдындағы салық кезеңiнде қолданған әдiсiнен өзге әдiске ауысқан кезде салық төлеушiнiң жылдық жиынтық табысы бағалаудың жаңа әдiсiн қолдану нәтижесiнде алынған оң айырма сомасына ұлғайтылуға және терiс айырма сомасына азайтылуға тиiс.
      Активтердi бағалаудың өзге әдiсiне ауысуды салық төлеушi салық органына жазбаша хабарлап, салық кезеңiнің басынан бастап жүргiзедi.
      Ескерту. 91-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен. (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді)
      Ескерту. 91-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2003.07.04. N 475 Заңымен. (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
      Ескерту. 91-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

Параграф 2. Шегерiмдер

      92-бап. Шегерiмдер

      1. Осы Кодекске сәйкес шегерiмге жатпайтын шығыстарды қоспағанда, салық төлеушiнiң жылдық жиынтық табыс алуымен байланысты шығыстары салық салынатын табысты анықтау кезiнде шегерiлуге тиiс.
      2. Осы Кодексте шығыстарды нормалар шегiнде шегерiмдерге жатқызу жағдайлары айқындалған.
      Шегерiмдердi жылдық жиынтық табысты алуға байланысты шығыстарды растайтын құжаттары болған кезде салық төлеушi жүргiзедi. Бұл шығыстар болашақтағы кезеңдердің шығыстарын қоспағанда, олар нақты жүргiзiлген салық кезеңiнде шегерiлуге жатады. Болашақтағы кезеңдердiң шығыстары қай салық кезеңiне қатысты болса, сол кезеңде шегерiлуге тиiс.
      3. Табиғи монополистер шеккен залалдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiлеген нормалар шегiнде шегерiлуге жатады.
      4. Егер шығыстардың бiрнеше баптарында белгiлi бiр шығындар көзделсе, салық салынатын кiрiстi есептеу кезiнде көрсетiлген шығындар тек бiр рет шегерiледi.
      5. Мемлекеттiк бюджетке енгiзiлуге тиiстiлерiн қоспағанда, жылдық жиынтық табыс табуға байланысты салынған немесе танылған айыппұлдар, өсiмпұлдар, тұрақсыздық айыбы шегерiп тасталуға тиiс.

      93-бап. Қызмет бабындағы iссапарлар кезiндегi және
              өкiлдiк шығыстар бойынша өтемдер сомаларын
              шегеру

      1. Қызметтiк iссапарлар кезiндегi шегерiмге жататын өтемдерге:
      1) бронь үшiн шығыстар ақысын қоса алғанда, iссапарға баратын жерге жетуге және қайтуға нақты шыққан шығыстар;
      2) бронь үшiн шығыстар ақысын қоса алғанда, тұрғын үй-жайды жалдауға нақты шыққан шығыстар;
      3) Қазақстан Республикасының шегiнде iссапарда болған уақытында тәулігiне екi айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшерде төленетiн тәулiктiк ақы;
      4) Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде iссапарда болған кезде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген нормалар шегiнде төленетiн тәулiктiк ақы жатады.
      2. Салық төлеушiнiң өзара ынтымақтастық орнату немесе оны қолдау мақсатында адамдарды, акционерлердiң жалпы жиналысын өткiзуге, сондай-ақ директорлар кеңесiнiң отырысына келген қатысушыларды қабылдауға және оларға қызмет көрсетуге жұмсаған шығыстары өкiлдiк шығыстарға жатады. Аталған адамдарды ресми қабылдауды өткiзу, оларды көлiкпен қамтамасыз ету, келiссөз кезiнде дәмхана (фуршет) қызметiн көрсету, ұйым штатында тұрмайтын аудармашылардың қызметiне ақы төлеу жөнiндегі шығыстар өкiлдiк шығыстарға жатады. <*>
      Банкеттер, бос уақытта ойын-сауық немесе демалыстар ұйымдастыруға жұмсалған шығыстар өкiлдiк шығыстарға жатпайды және шегерiлмейдi.
      Өкiлдiк шығыстар Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген нормалар шегiнде шегерiмге жатқызылады.
      Ескерту. 93-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен.

      94-бап. Сыйақы бойынша шегерiмдер

      1. Мыналар сыйақылар бойынша шегерiмдер болып табылады:
      1) құрылысқа алынған және құрылыс кезеңiнде төленетiн кредиттер (қарыздар) бойынша сыйақыны қоспағанда, алынған кредиттер (қарыздар) бойынша, оның iшiнде қаржы лизингi түрiндегi сыйақы;
      2) <*>
      3) борыштық бағалы қағаздар иесiне оларды шығару және орналастыру шарттарына сәйкес эмитент төлейтiн дисконт не купон (дисконтты не сыйлықақыларды есепке ала отырып);
      4) салымдар (депозиттер) бойынша сыйақы. <*>
      Сыйақы бойынша шегерiм осы бапта белгiленген шекте жүргiзiледi. <*>
      2. Сыйақы бойынша шегерiм:
      салық кезеңi үшiн салық төлеушінің резидентке төлейтiн сыйақы сомасы
      қосу
      меншiктi капиталдың орташа жылдық сомасының мiндеттемелердiң орташа жылдық сомасына қатынасының, шектi коэффициент және салық кезеңi үшiн салық төлеушiнiң резидент емеске төлейтiн сыйақы сомасының көбейтiндiсi ретiнде есептелетiн сома түрiнде есептелетін сома шегiнде жүргiзiледi. <*>
      3. Осы баптың 2-тармағының мақсаттары үшiн:
      1) меншiктi капиталдың орташа жылдық сомасы есептi салық кезеңiнiң әрбiр айының соңындағы меншiктi капитал сомаларының орташа арифметикалық шамасына тең;
      2) мiндеттемелердің орташа жылдық сомасы есептi салық кезеңiнiң әрбiр айының iшiнде олар бойынша сыйақы төленетiн мiндеттемелердiң ең жоғары сомасының орташа арифметикалық шамасына тең;
      3) қаржы ұйымдары үшiн шектi коэффициент - 7-гe, өзге заңды тұлғалар үшiн 4-кe тең. <*>
      4. <*>
      Ескерту. 94-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен. (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді)
      Ескерту. 94-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2003.07.04. N 475 Заңымен. (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
      Ескерту. 94-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      95-бап. Төленген күмәндi мiндеттемелер бойынша
              шегерiмдер

      Егер салық төлеушi бұрын табыс деп танылған күмәндi мiндеттемелердi кредит берушiге төлеген жағдайда, жүргiзiлген төлемнiң шамасында шегерiм жасауға жол берiледi. Мұндай шегерiм төлем жасалған салық кезеңiнде табыстарға жатқызылған шама шегiнде жүргізіледі.
      Осы бапта көзделген шегерiмге жатқызу тәртiбi осы Кодекстің 83-бабына сәйкес бұрын табыс деп танылған мiндеттемелердi төлеу жағдайында да қолданылады. <*>
      Ескерту. 95-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      96-бап. Күмәндi талаптар бойынша шегерiмдер

      1. Күмәндi талаптар - Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары мен жеке кәсiпкерлерiне, сондай-ақ тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызметтi жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаларға тауарлар өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету нәтижесiнде туындаған және туындаған кезден бастап үш жыл ішiнде қанағаттандырылмаған талаптар; өткiзiлген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетiлген қызметтер бойынша туындаған және салық төлеушi-дебиторды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банкрот деп тануға байланысты қанағаттандырылмаған талаптар да күмәндi талаптар болып танылады.
      2. Осы Кодекске сәйкес күмәндi деп танылған талаптар шегерiмге жатады.
      Салық төлеушiнің күмәндi талаптарды шегерiмге жатқызуы мына шарттарды сақтағанда:
      1) шегерiмге жатқызған кезде олар бухгалтерлiк есепте көрсетілген жағдайда;
      2) белгiленген тәртiппен ресiмделген мына құжаттар: шот-фактуралар; салық төлеушiнiң тiркелген жерi бойынша салық органының осы шығыстарды шегерiмге жатқызу туралы жазбаша хабарламасы болған жағдайда жүргiзiледi.
      3. Дебитор банкрот деп танылған жағдайда, осы баптың 2-тармағында көрсетiлген құжаттардан басқа, дебиторды банкрот деп тану туралы сот шешiмi мен оны Мемлекеттiк тiркелiмнен шығару туралы әдiлет органдарының шешiмiн қосымша тапсыру қажет. Салық төлеушi жоғарыда аталған жағдайлар сақталған кезде, салық төлеушi-дебитор банкрот деп танылған салық кезеңiнiң қорытындылары бойынша күмәндi талаптың сомасын шегерiмге жатқызуға құқылы.
      4. <*>
      Ескерту. 96-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен. (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді)

      97-бап. Резервтiк қорларға аударымдар бойынша шегерiмдер

      1. Өзiнiң қызметiн заңдарға сәйкес жасалған келiсiм-шарт негiзiнде жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы кен орнында жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялардың аяқталуына байланысты сол кен орнын игеру салдарын жою қорына (резервтiк қорға) аударымдар сомаларын шегерiмге жатқызады.
      Кен орындарын игеру салдарын жою қорына аударымдардың мөлшерi мен тәртiбi жер қойнауын пайдалану келiсiм-шартымен белгiленедi.
      2. Аффилиирленген тұлғалардың пайдасына не аффилиирленген тұлғалардың мiндеттемелерi бойынша үшiншi тұлғаларға берiлген (кредиттiк серiктестiктердiң активтерi мен шарттық мiндеттемелерiнен басқа) активтер мен шарттық мiндеттемелердi қоспағанда, банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар төмендегi күмәндi және үмiтсiз активтерге, шартты мiндеттемелерге: басқа банктерде орналастырылған корреспонденттiк шоттардағы қалдықтарды қоса депозиттерге; басқа банктер мен клиенттерге берген кредиттерге (қаржы лизингiн қоспағанда); құжаттамалық есептер мен кепiлдiктер бойынша дебиторлық берешекке; шығарылған немесе кепiлдiктермен расталған өтелмеген аккредитивтер бойынша шартты мiндеттемелерге қарсы провизиялар (резервтер) жасау жөнiндегi шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар. Активтер мен шартты мiндеттемелердi күмәндi және үмiтсiз санатқа жатқызу тәртiбiн уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсе отырып қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган анықтайды. <*>
      Осы тармақтың мақсаттары үшiн:
      1) банктiң және (немесе) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның аффилиирленген тұлғасы;
      2) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлға;
      3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында аталған адамдардың жұбайы (зайыбы);
      4) осы тармақтың 1)-3) тармақшаларында аталған адамдар iрi қатысушы және (немесе) бiрiншi басшы болып табылатын заңды тұлға;
      5) iрi қатысушы және (немесе) бiрiншi басшы, осы тармақтың 1)-3) тармақшаларында аталған адамдардың жақын туысы, жұбайы (зайыбы) болып табылатын адам аффилиирленген тұлға болып танылады.<*>
      3. Осы бапта көзделген шегерiмдердi қоспағанда, резервтiк қорларға аударымдар бойынша шегерiмдер жасалмайды.
      Ескерту. 97-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен. (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді)
      Ескерту. 97-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2003.07.10. N 483 Заңымен.

      98-бап. Ғылыми-зерттеу, жобалау, iздену және
              тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарға жұмсалатын
              шығыстар бойынша шегерiмдер

      Негiзгi құралдарды сатып алуға, оларды орнатуға жұмсалатын шығыстарды және күрделi сипаттағы басқа да шығындарды қоспағанда, табыс алуға байланысты ғылыми-зерттеу, жобалау, iздену және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарына жұмсалатын шығыстар шегерімге жатады. Жобалау-сметалық құжаттама, орындалған жұмыстар актiсi және тиiстi ғылыми-зерттеу, жобалау, iздену және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстары жүргiзiлгенiн растайтын басқа да құжаттар осындай шығыстарды шегерiмге жатқызу үшiн негiз болып табылады.

      99-бап. Сақтандыру сыйлықақылары бойынша шығыстарды
              шегеру

      1. Жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықтарын қоспағанда, сақтанушының сақтандыру шарттары бойынша төленуге тиiстi (төленген) сақтандыру сыйлықтары сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсе отырып, белгiлеген шектерде сақтандыру сыныптары бойынша шегерiлуге тиiс.
      2. Жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерiн) ұжымдық кепiлдендiру (сақтандыру) жүйесiне қатысушы банктер жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерiн) кепiлдендiруге (сақтандыруға) байланысты аударылған мiндеттi күнтiзбелiк, қосымша және төтенше жарналарының сомаларын шегерiмге жатқызуға құқылы.

      100-бап. Әлеуметтiк төлемдерге жұмсалған шығыстарды
               шегеру

      1. Шегерiмге салық төлеушiнің Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалатын мөлшерде:
      1) қызметкерлердiң уақытша еңбекке жарамсыздығына ақы төлеуге есептелген;
      2) жүктiлігі мен босануы бойынша демалысына ақы төлеуге есептелген;
      3) өзiнің еңбек (қызмет) мiндеттерiн орындауына байланысты мертігуіне немесе денсаулығының өзге де зақымдануына байланысты қызметкерге (бұрынғы қызметкерге) келтiрiлген зиянды өтеуге бағытталған;
      4) Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша есептелген шығыстары жатады. <*>
      2. Салық төлеушінің зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен төлеген ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарында белгіленген шекте шегерімге жатады.
      Ескерту. 100-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен. (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді)
      Ескерту. 100-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республиксының 2003.03.13. N 394 Заңымен.
      Ескерту. 100-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      101-бап. Табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге және
               оларды өндiруге әзiрлiк жұмыстарына жұмсалған
               шығыстар бойынша шегерiмдер және жер қойнауын
               пайдаланушылардың басқа да шегерiмдерi

      1. Бағалау және абаттандыру кезеңiнде пайдалы қазбаларды геологиялық зерттеуге, барлауға және оларды өндiруге әзiрлiк жұмыстарын жүргiзуге жер қойнауын пайдаланушы жұмсаған шығыстар, жалпы әкiмшiлiк шығыстар, төленген қол қойылатын бонус пен коммерциялық табу бонусының сомалары жеке топты құрап, жер қойнауын пайдаланушының қалауы бойынша айқындалатын, бiрақ 25 процент мөлшерiндегі амортизацияның шектi нормасынан аспайтын нормалар бойынша пайдалы қазбаларды өндiру басталған кезден бергі амортизациялық аударымдар түрiнде жылдық жиынтық табыстан шегерiп тасталады.
      Жеке топ құрылғаннан кейiн болған осындай шығыстар оның ұлғаюына жатқызылады. <*>
      Осы шығыстар табиғи ресурстарға геологиялық зерттеу және оларды өндiруге әзiрлiк жұмыстарын жүргiзу кезеңiнде жасалған келiсiм-шарт шеңберiнде жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдаланушының қызметi бойынша алған табыстар сомасына оларды азайту жолымен түзетуге жатады, оған:
      1) пайдалы қазбаларды өткiзу кезiнде алынған табыстар;
      2) осы Кодекстің 91-бабына сәйкес жылдық жиынтық табыстан алып тасталуға тиiс табыстар қосылмайды.
      2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген тәртiп табиғи ресурстарды геологиялық зерттеу, игеру немесе пайдалану құқығын иеленуге байланысты салық төлеушiнiң материалдық емес активтерге жұмсаған шығыстарына да қолданылады.
      3. Жер қойнауын пайдаланушының қазақстандық кадрларды оқытуға және аймақтардың әлеуметтiк саласын дамытуға нақты жұмсаған шығыстары жер қойнауын пайдалану келiсiм-шарттарында белгіленген сомалар шегiнде шегерiмге жатады.
      Ескерту. 101-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

       102-бап. Терiс бағамдық айырма сомасының оң бағамдық
               айырма сомасынан асып кетуiнен шегерiм <*>

      Терiс бағамдық айырманың сомасы оң бағамдық айырманың сомасынан асып кеткен жағдайда асып кету шамасы шегерiмге жатады.
      Ескерту. 102-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республиксының 2003.07.04. N 475 Заңымен. (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
    

      103-бап. Салықтар шегерiмi

      1. Есептелген шектерде мемлекеттiк бюджетке төленген салықтар шегерiмге жатады, оларға:
      1) жылдық жиынтық табыс анықталғанға дейiн есептен шығарылатын салықтар;
      2) Қазақстан Республикасының аумағы мен басқа мемлекеттерде төленген корпорациялық табыс салығы мен табыс салығы;
      3) үстеме пайдаға салынатын салық қосылмайды.
      2. Өткен салық кезеңi үшiн ағымдағы салық кезеңiнде төленген салықтар төлем жүргiзiлген салық кезеңiнде шегерiмге жатады.    

      104-бап. Шегерiмге жатпайтын шығыстар

      Мыналар:
      1) жылдық жиынтық табыс алуға байланысты емес шығыстар;
      2) құрылысқа және тiркелген активтердi иемденiп алуға жұмсалған шығыстар мен күрделi сипаттағы басқа да шығыстар;
      3) мемлекеттiк бюджетке енгiзуге жататын (енгiзiлген) айыппұлдар мен өсiмпұлдар;
      4) шегерiмдерге жатқызудың осы Кодекспен белгiленген нормасынан асып түсетiн жылдық жиынтық табыс алуға байланысты шығыстар;
      5) Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген нормадан артық төленуге тиiс (төленген) бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомасы;
      6) кәсіпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын объектiлердi салу, пайдалану мен күтiп-ұстау жөнiндегi шығыстар;
      7) салық төлеушiнің өтеусiз негiзде берген мүлкiнің, орындаған жұмыстарының, көрсеткен қызметтерiнің құны шегерiмге жатпайды.

Параграф 3. Тiркелген активтер бойынша шегерiмдер

      105-бап. Тiркелген активтер

      1. Тiркелген активтер - салық төлеушiнiң бухгалтерлiк балансында ескерілетiн және жылдық жиынтық табыс алу үшiн пайдаланылатын негiзгi құралдар мен материалдық емес активтер.
      1-1. Негiзгi құралдар - сатып алған кездегi құны тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген елу айлық есептiк көрсеткiштен астам болатын, жұмыс iстеген мерзiмi бiр жылдан артық материалдық активтер. <*>
      2. Материалдық емес активтер - жылдық жиынтық табыс алу үшiн ұзақ мерзiмдi (бiр жылдан артық) кезең iшiнде пайдаланылатын материалдық емес объектiлер.
      Ескерту. 105-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      106-бап. Тiркелген активтердің құны

      1. Негiзгi құралдардың бастапқы құнына оларды сатып алу, өндiру, салу, монтаждау және орнату жөнiндегi шығындар, сондай-ақ салық төлеушiнiң шегерiмге құқығы бар шығындардан басқа, олардың құнын арттыратын басқа да шығындар енгізiледi.
      2. Қатысушылар, құрылтайшылар негiзгi құралдарды жарғылық капиталға өздерiнiң салымы ретiнде енгiзген кезде Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес айқындалатын құн осы құралдардың бастапқы құны болып табылады.
      Негiзгi құралдарды өтеусiз алған кезде бастапқы құн аталған құралдарды қабылдау-беру актiсiнiң деректерi бойынша, бiрақ олардың нарықтық құнынан асырмай белгiленедi.
      3. Құрылысқа алынған және құрылыс жүргiзу кезеңiнде төленетiн (төленуге тиiс) кредиттер (қарыздар) үшiн сыйақы құрылыс объектiсiнiң құнына енгiзiледi.
      4. Қатысушылардың, құрылтайшылардың шығындарын қоса алғанда, материалдық емес активтердi сатып алу жөнiндегi шығындар олардың бастапқы құны болып табылады.
      5. Тiркелген активтердiң құны осы Кодексте белгiленген тәртiппен және шарттармен амортизациялық аударымдарды есептеп шығару арқылы шегерiмге жатқызылады.

      107-бап. Тiркелген активтер бойынша амортизациялық
               аударымдарды есептеу

      1. Тiркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдарды есептеу амортизациялық iшкi топтар бойынша жүргiзiледi. Амортизациялауға жатпайтын тiркелген активтерге:
      1) жер;
      2) өнiм беретiн мал;
      3) мұражай құндылықтары;
      4) сәулет және өнер ескерткiштерi;
      5) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары, жағажолдар, бульварлар, скверлер;
      6) аяқталмаған күрделi құрылыс;
      7) фильм қорына жататын объектiлер;
      8) Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданылған салық заңдарына сәйкес бұрын құны толығымен шегеруге жатқызылған негiзгi құралдар;
      9) инвестициялық жоба шеңберiнде пайдалануға берiлген тiркелген активтер жатады. <*>
      2. Әрбiр iшкi топ бойынша амортизациялық аударымдар салық кезеңiнiң соңында iшкi топтың құн балансына амортизация нормаларын, бiрақ осы Кодекстің 110-бабында белгiленген шектен асырмай, қолдану жолымен есептеледi.
      Салық төлеушi таратылған немесе қайта ұйымдастырылған жағдайда амортизациялық аударымдар салық кезеңiндегi қызмет кезеңiне сәйкес түзетiледi.
      3. Үйлер, құрылыстар мен ғимараттар бойынша амортизациялық аударымдар әрбiр объект бойынша жеке-жеке белгiленедi.
      Ескерту. 107-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2003.07.04. N 475 Заңымен. (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)    

      108-бап. Амортизациялық iшкi топтардың құн балансын
               анықтау

      1. Әрбiр амортизациялық iшкi топ бойынша салық кезеңiнiң басында iшкi топтың құн балансы деп аталатын қорытынды сомалар анықталады.
      2. Салық кезеңiнiң соңындағы iшкi топтың құн балансы:
      өткен салық кезеңiнде есептелген амортизациялық аударымдар сомасына азайтылған, сондай-ақ осы Кодекстiң 111-бабына және 113-бабының 2 және 6-тармақтарына сәйкес жасалған түзетулер ескерiлген өткен салық кезеңiнiң соңындағы iшкi топтың құн балансы ретiнде анықталатын салық кезеңiнің басындағы iшкi топтың құн балансы <*>
      қосу
      осы Кодекстің 109-бабына сәйкес белгiленген құн бойынша салық кезеңiнде келiп түскен тiркелген активтер
      алу
      осы Кодекстiң 109-бабына сәйкес белгiленген құн бойынша салық кезеңiнде шығып қалған тiркелген активтер ретiнде анықталады.
      Ескерту. 108-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      109-бап. Тiркелген активтердiң келiп түсуi және шығып
               қалуы

      1. Сатып алу, өтеусiз алу, жарғылық капиталға салым ретiнде алу кезiнде келiп түскен тiркелген активтер iшкi топтың құн балансын осы Кодекстің 106-бабына сәйкес белгiленетiн құнға арттырады.
      2. Шығып қалатын тiркелген активтер iшкi топтардың құн балансын:
      өткiзу, қаржы лизингiне беру кезiнде - өткiзу құнына;
      жарғылық капиталға салым ретiнде берген кезде - осы Кодекстің 106-бабына сәйкес анықталатын құн бойынша;
      тiркелген активтер сақтандырылған жағдайда олар есептен шығарылған, жоғалған, жойылған, бүлiнген, ысырап болған кезде сақтандыру ұйымы сақтанушыға сақтандыру шартына сәйкес төлейтiн сақтандыру төлемiнiң сомасын негiзге ала отырып, анықталатын құн бойынша;
      өтеусiз беру кезiнде - баланстық құны бойынша кемiтедi.
      3. Егер тiркелген активтiң бiр бөлiгi ғана өткiзiлсе, сату кезеңiнде тiркелген активтiң құны қалған және өткiзiлген бөлiктiң арасында бөлiнедi.

      110-бап. Тiркелген активтер амортизациясының шектi
               нормалары

      1. Амортизацияға жататын тіркелген активтер амортизацияның мынадай шекті нормаларымен топтарға және ішкі топтарға бөлінеді: <*>
      Ескерту. Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен "Амортизацияның шекті нормалары (%)" графасына енгізілген өзгерістер 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі(3-бапты қараңыз).

Топ!ішкі! Тiркелген активтердiң атауы               Амортизацияның
N  !топ !                                            шектi нормасы
   ! N  !                                                   (%)
__________________________________________________________________
I              Yйлер, құрылыстар
     1    Үйлер, құрылыстар                                    8
__________________________________________________________________
II        Ғимараттар
     1    Мұнай және газ скважиналары                          20
     2    Мұнай-газ қоймалары                                  10
     3    Кеме қатынайтын каналдар, су каналдары               10
     4    Көпiрлер                                              7
     5    Бөгендер, плотиналар                                  7
     6    Өзен және теңiз айлақтық құрылыстары                  7
     7    Кәсіпорындардың темір жолдары                         8
     8    Жағалауды бекiтетiн, жағалауды қорғайтын құрылыстар   7
     9    Резервуарлар, цистерналар, бактар және
          басқа да сауыттар                                     8
     10   Шаруашылық ішіндегі және шаруашылықаралық суару       7
          желiсi
     11   Жабық тоспа-кәріз желісі                              7
     12   Әуе кемелерiнiң ұшу-қону белдеулері, олар жүретін
          жолдар, тұратын орындар                               8
     13   Парктер мен хайуанаттар парктерінің ғимараттары       8
     14   Спорт-сауықтыру ғимараттары                          10
     15   Жылыжайлар мен көктемелер                            10
     16   Өзге құрылыстар                                       7

ІІІ       Беріліс құрылғылары
     1    Электр берiлiсі және байланыс құрылғылары мен        10
          желiлерi
     2    Ішкі газ құбырлары мен құбыр желілері                 8
     3    Су құбырлары, канализациялық және жылу желілері       7
     4    Өзгелер                                               7

ІV        Қуат машиналары мен жабдықтары
     1    Жылу-техникалық құрал-жабдықтар                      15
     2    Турбиналық жабдықтар мен газ турбиналық қондырғылар  15
     3    Электр двигательдерi мен дизель-генераторлар         10
     4    Кешенді қондырғылар                                   8
     5    Өзге де күш машиналары мен жабдықтары (икемді         7
          көліктен басқа)

V         Қызмет түрлерi бойынша жұмыс машиналары мен жабдықтары
          (икемдi көлiктен басқа)
     1    Қара, түстi металлургия машиналары мен жабдықтары    20
     2    Химия өнеркәсібі машиналары мен жабдықтары           20
     3    Мұнай өңдеу және мұнай-химия өнеркәсiбi машиналары   20
          мен құрал-жабдықтары
     4    Мұнай-газ өндiру машиналары мен құрал-жабдықтары     15
     5    Кен өндiру өнеркәсiбi машиналары мен
          құрал-жабдықтары, 40 тонна және одан да ауыр жүк
          көтеретін карьер                                     25
          автосамосвалдарын қоса алғанда
     6    Электронды өнеркәсіп құрал-жабдықтары                25
     7    Құрылыс материалдары өндiрісінің
          машиналары мен құрал-жабдықтары                      20
     8    Ағаш өңдеу, целлюлоза-қағаз өнеркәсiбi машиналары    20
          мен құрал-жабдықтары
     9    Полиграфия өнеркәсібі машиналары мен                 15
          құрал-жабдықтары
     10   Жеңіл өнеркәсiп машиналары мен құрал-жабдықтары      20
     11   Тамақ, балық, ет және сүт өнеркәсібі                 20
          құрал-жабдықтары
     12   Сауда және қоғамдық тамақтандыру машиналары мен
          құрал-жабдықтары                                     15
     13   Көлiк, машиналар мен механизмдер өндiрісіне арналған 20
          құрал-жабдықтар
     14   Ауыл шаруашылық тракторлары, машиналары мен
          құрал-жабдықтары                                     20
     15   Құю өндiрiсiне арналған машиналар мен                20
          құрал-жабдықтар, қажақ және алмас өндірiсiнiң
          құрал-жабдықтары
     16   Коммутациялардың және деректер берудiң цифрлы        25
          электрондық құрал-жабдықтары, цифрлы жүйелер, хабар
          беру құрал-жабдықтары, цифрлы өлшеуiш байланыс
          техникасы
     17   Спутниктiк, ұялы байланыс, радиотелефон, пейджинг    15
          және транкинг байланысы құрал-жабдықтары
     18   Хабар беру жүйесi коммутацияларының ұқсас
          құрал-жабдықтары                                     10
     19   Киностудиялардың мамандандырылған құрал-жабдықтары,  15
          медициналық және микробиология өнеркәсiбі
          құрал-жабдықтары
     20   Өзге салалардың машиналары мен құрал-жабдықтары      10

VІ        Басқа машиналар мен жабдықтар (икемдi көлiктен басқа)
     1    Өнеркәсiптiк тракторлар                              20
     2    Металл кесетін құрал-жабдықтар                       15
     3    Компрессорлық машиналар мен құрал-жабдықтар          15
     4    Ұста-пресс құрал-жабдықтары                          15
     5    Насостар                                             20
     6    Жүк көтеру-көлік, жүк тиеу-түсiру машиналары мен     15
          құрал-жабдықтары, жер, карьер және жол құрылысы
          жұмыстарына арналған машиналар мен құрал-жабдықтар
     7    Тірек қағу жұмыстарына арналған машиналар мен        20
          құрал-жабдықтар, ұнтақтау-үгу, сорттау, байыту
          құрал-жабдықтары
     8    Су асты техникалық жұмыстарына арналған машиналар    20
          мен құрал-жабдықтар
     9    Электрмен дәнекерлеуге және кесуге арналған          10
          машиналар мен құрал-жабдықтар
     10   Технологиялық процестерге арналған сауыттардың        8
          барлық түрi
     11   Тиын ақша жасауға арналған құрал-жабдықтар           20
     12   Өзге де машиналар мен құрал-жабдықтар                10

VІІ       Икемдік көлік
     1    Жылжымалы темір жол составы                          15
     2    Теңіз, өзен кемелері, балық өнеркәсiбi кемелерi      10
     3    Автомобиль көлiгiнiң жылжымалы составы, өндiрiстiк   15
          көлiк (жеңiл автомобильдер мен таксиден басқа)
     4    Жеңіл автомобильдер мен такси                        10
     5    Магистралды құбыр желілері                           15
     6    Коммуналдық көлік                                    10
     7    Әуе көлiгi                                           15
     8    Өзге де көлiк құралдары                               7

VІІІ      Компьютерлiк, перифериялық құрылғылар мен деректер
          өңдейтін құрал-жабдықтар
     1    Компьютерлер                                         30
     2    Перифериялық құрылғылар мен деректер өңдейтін        25
          құрал-жабдықтар

ІХ        Басқа топтарға енгізiлмеген тiркелген активтер
     1    Көпжылдық екпелер                                    10
     2    Материалдық емес активтер                            15
     3    Офис жиhазы                                          10
     4    Құрал-саймандар, өндірістік және шаруашылық          10
          саймандар мен заттар
     5    Көшіру-көбейту техникасы                             20
     6    Өлшеу және реттеу аспаптары мен құрылғылары,         15
          зертхана құрал-жабдықтары
     7    Басқалары                                            7

      2. Салық төлеушi Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға алғаш берiлген тiркелген активтер бойынша, осы тiркелген активтердi жылдық жиынтық табыс алу мақсатында кемiнде үш жыл пайдаланған жағдайда, пайдаланудың алғашқы салық кезеңiнде амортизациялық аударымдарды амортизацияның екi есе нормасы бойынша есептеуге құқылы. Осы тiркелген активтер пайдаланудың алғашқы салық кезеңiнде iшкi топтың құн балансынан бөлек есептеледi. Келесi салық кезеңiнде осы тiркелген активтер тиiстi iшкi топтың құн балансына енгiзiлуге тиiс. <*>
      Ескерту. 110-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен. (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді)
      Ескерту. 110-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      111-бап. Тiркелген активтер бойынша басқа да шегерiмдер

      1. Iшкi топтың барлық тiркелген активтерi шығып қалғаннан кейiн осы iшкi топтың құн балансы салық кезеңiнiң соңында шегерiмге жатады.
      2. Егер iшкi топтың құн балансының сомасы салық кезеңiнiң соңында 300 айлық есептiк көрсеткiштен кем болса, салық төлеушi iшкi топтың құн балансының көлемiн шегерiмге жатқызуға құқылы.
      3. Салық төлеушi тiркелген активтер бойынша осы Кодекстің 138-140-баптарына сәйкес қосымша шегерiмдер жасауға құқылы. <*>
      Ескерту. 111-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)(3-бапты қараңыз).

      112-бап. Қаржы лизингi шарттарымен берiлген (алынған)
               тiркелген активтер

      1. Қаржы лизингiне (қаржы лизингi бойынша) берiлген (алынған) тiркелген активтердiң құны лизинг алушының iшкi тобының құн балансында ескерiледi.
      2. Егер активтер оларды қаржы лизингiне бергенге дейiн iшкi топтың құн балансына енгiзiлген болса, лизинг берушiдегi тиiстi iшкi топтың құн балансы қаржы лизингiне берiлген тiркелген активтердің құнына азайтылуға тиiс.    

      113-бап. Жөндеуге жұмсалған шығыстар бойынша шегерiмдер

      1. Осы топқа енетiн негiзгi құралдарды жөндеуге салық төлеушi жұмсаған нақты шығыстар бойынша әрбiр топқа қатысты шегерiм жасауға рұқсат етiледi.
      2. Әрбiр топ бойынша негiзгi құралдарды жөндеуге арналған iс жүзiндегi шығыстар сомасы салық кезеңiнiң соңында топтың құндық балансынан белгiленген мынадай шектерде шегерiледi:

____________________________________________________________
Топ    Топтың атауы                     Шектi
N                                       нормасы
                                        (%)
____________________________________________________________
I      Үйлер, құрылыстар                15
II     Ғимараттар                       15
III    Беріліс құрылғылары              15
IV     Қуат машиналары мен жабдықтары   25
V      Қызмет түрлерi бойынша жұмыс
       машиналары мен жабдықтары
       (икемдi көлiктен басқа)          25
VI     Басқа машиналар мен жабдықтар
       (икемдi көлiктен басқа)          25
VII    Ұтқыр көлiк                      25
VIII   Компьютерлер, шеткерi құрылғылар
       мен деректердi өңдеу жабдығы     20
IX     Басқа топтарға енгiзiлмеген
       тiркелген активтер               15

      Көрсетiлген шектен асатын сома тиiстi кiшi топтың құндық балансын iс жүзiндегi шығыстарға тепе-тең арттырады. <*>
      3. Мемлекеттiк бюджеттен алынған субсидиялар есебiнен жөндеуге жұмсалған шығыстар шегерiмге жатпайды және топтардың құн балансын ұлғайтпайды.
      4. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген, жалдаушы жалға алынатын негiзгi құралдарға қатысты жүргізген және жалға берушi жалдау шартына сәйкес өтемеген шығыстар осы бапта айқындалған тәртiппен шегерiмге жатқызылуға тиiс. <*>
      5. Егер осы баптың 4-тармағында көрсетiлген шығыстар осы бапқа сәйкес шегерiмге жатқызылмаған жағдайда, мұндай шығыстар жалға алушыда тиiстi жекелеген амортизациялық кiшi топтар құрады және осы Кодекстің 107-бабында айқындалған тәртiппен жалдау шартының қолданылу мерзiмi iшiнде амортизациялық аударымдар түрінде жылдық жиынтық табыстан шегерiледi. Жалдау шартының қолданылу мерзiмi аяқталған соң жалға алушы тиiстi кiшi топтың құндық балансын шығарып тастайды. <*>
      6. Инвестициялық жобаның шеңберiнде пайдалануға берiлген негiзгi құралдарды жөндеуге арналған iс жүзiндегi шығыстардың сомасы кiшi топтың тиiстi құндық балансын ұлғайтады. <*>
      Ескерту. 113-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен. (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді)
      Ескерту. 113-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 113-баптың 2,4,5 тармақтары 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.(3-бапты қараңыз).  

Параграф 4. Ұзақ мерзiмдi келiсiм-шарттар бойынша
табыстар мен шегерiмдер

      114-бап. Ұзақ мерзiмдi келiсiм-шарттар бойынша табыстар
               мен шегерiмдер

      1. Ұзақ мерзімдi келiсiм-шарттарға қатысты табыстар мен шегерiмдер олардың нақты орындалу бөлiгiнде салық кезеңi iшiнде ескерiледi.
      Тауарларды тиеп жiберуге, жұмыстарды орындауға, қызмет көрсетуге жасалған, қолданылу мерзiмi бiр жылдан артық келiсiм-шарт (шарт) ұзақ мерзiмдi келiсiм-шарт болып табылады.
      2. Келiсiм-шарттың орындалу үлесi салық кезеңiнiң соңына дейiн жұмсалған шығыстар сомасын осы келiсiм-шарт бойынша жалпы шығыстар сомасымен салыстыру арқылы анықталады.    

16-тарау. Салық төлеушілердің кейбір санаттарына
салық салу жөніндегі жекелеген ережелер

Параграф 1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына
салық салу     

      115-бап. Салық салу объектiсi

      1. Сақтанушылар мен қайта сақтанушылардан салық кезеңi iшiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша алуға жатқызылған (алынған) сақтандыру сыйақыларының қайта сақтандыру шарты бойынша төленген сақтандыру сыйақыларына азайтылған сомасы түрiндегi табысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына олардың сақтандыру және қайта сақтандыру қызметiн жүзеге асыратын бөлiгiнде корпорациялық табыс салығын салу объектiсi болып табылады.
      Сақтандыру қызметiнiң мынадай кiрiс түрлерi:
      1) қайта сақтандыру шарттары бойынша алуға жататын (алынған) комиссиялық сыйақылар;
      2) инвестициялық кiрiстер, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерiн депозиттерге, бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына орналастырудан алуға жататын (алынған) бағам айырмасы жөнiндегi кiрiстер;
      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) шартына байланысты дебиторлық және кредиторлық берешектердi қайта бағалау жөнiндегi бағам айырмасы;
      4) қайта сақтандыру шартына сәйкес сақтандыру жағдайын реттеу жөнiндегi сақтандыру төлемдерi мен шығыстарындағы қайта сақтандырушының үлесi;
      5) сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша үшiншi тұлғалардан суброгация (регресс) тәртiбiмен қойылатын талаптар бойынша кiрiстер;
      6) 2002 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданылған Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес шегерiмдерге жатқызылған сақтандыру резервтерiне аударымдар сомаларын қоспағанда, салық кезеңi iшiндегi сақтандыру резервтерiнiң мөлшерiн азайту;
      7) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтанушыларға берiлген заемдар бойынша кiрiстер;
      8) шығыстары 2002 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданылған Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес шегерiмге жатқызылған күмәндi мiндеттемелердi қоспағанда, сақтандыру қызметiнен күмәндi мiндеттемелер бойынша алынатын кiрiстер;
      9) Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтанушысымен жасалған мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеу үшiн сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру жүйесiне қатысушы болып табылатын сақтандыру ұйымдарына беретiн өтемақы төлемдерi сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының салық салу объектiсi болып табылмайды. <*>
      2. Өзге қызметтен алуға жататын (алынған) жиынтық жылдық кiрiс пен осы тармақта белгiленген тәртiппен анықталатын шегерiмдер арасындағы айырма ретiнде есептелiп, салық салынатын кiрiс осы баптың 1-тармағында көрсетiлмеген өзге қызметтен алуға жататын (алынатын) кiрiстер бойынша корпорациялық табыс салығын салу объектiсi болып табылады.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзге қызмет бойынша шегерiмге жатқызуға жататын шығыстар сомасы, шығыстардың жалпы сомасында қайта сақтандыру шарттары бойынша төленген сақтандыру сыйақыларын қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жалпы кiрiстер сомасындағы өзге қызметтен алуға жататын (алынған) кiрiстерiнiң үлес салмағы негiзге алына отырып, барабар әдiспен белгiленедi. <*>
      Ескерту. 115-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен. (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді)
      Ескерту. 115-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен  (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      116-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының
               табыстары мен шығыстарының есебi

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары салық салу мақсатында сақтандыру сыйлықақыларын орналастыру қызметiн қоса алғанда, сақтандыру және қайта сақтандыру қызметін жүзеге асырудан алынатын табыстары бойынша және осы Кодекстiң 115-бабының 1-тармағында аталмаған өзге де қызметтiң табыстары, шығыстары бойынша бөлек есеп жүргiзуге мiндеттi.

      117-бап. Корпорациялық табыс салығының ставкалары

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша тiркелген аударымдар түрiнде корпорациялық табыс салығын:
      1) жинақтаушы емес сақтандыру (қайта сақтандыру) бойынша - алынуға жататын (алынған) сақтандыру сыйлықақылары сомасының 4 процентi;
      2) жинақтаушы сақтандыру (қайта сақтандыру) бойынша - алынуға жататын (алынған) сақтандыру сыйлықақылары сомасының 2 процентi мөлшерiнде төлейдi.
      2. Осы Кодекстің 115-бабының 2-тармағында аталған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары салық кезеңi iшiнде алуға жататын (алған) табыстарға осы Кодекстің 135-бабының 1-тармағында белгiленген ставка бойынша корпорациялық табыс салығы салынуға тиiс.

      118-бап. Корпорациялық табыс салығы бойынша декларация
               және есеп айырысу

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сақтандыру сыйлықақылары түрiндегi табыстар бойынша салық органдарына есептi айдан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей бiр ай iшiнде есептелген корпорациялық табыс салығы бойынша ай сайынғы есеп-қисапты табыс етедi.
      Осы Кодекстiң 115-бабының 2-тармағында көрсетiлген кiрiстер бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары аванстық төлем сомаларының есеп-қисабын осы Кодекстiң 126-бабында белгiленген тәртiппен ұсынады. <*>
      2. Салық кезеңiнің қорытындысы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары осы Кодекстiң 137-бабында белгiленген мерзiмде барлық табыстар жөнiнде декларация табыс етуге мiндеттi.
      3. Түпкiлiктi есеп айырысу мен корпорациялық табыс салығын төлеу осы Кодекстiң 127-бабында белгiленген мерзiмде жүргiзiледi.
       Ескерту. 118-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен. (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді)

      119-бап. Корпорациялық табыс салығын төлеу мерзiмдерi

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары негiзiнде сақтанушылар мен қайта сақтанушылардан алынуға жататын (алынған) сақтандыру сыйлықақылары түрiндегi табыстар бойынша корпорациялық табыс салығын есептi айдан кейiнгi айдың 15-iне дейiн төлейдi.
      2. Осы Кодекстiң 115-бабының 1-тармағында аталғандарды қоспағанда, салық кезеңi iшiнде алынуға жататын (алынған) табыстар бойынша осы Кодекстiң 126-бабында белгiленген тәртiппен аванстық төлемдер төленедi.

Параграф 2. Басқа санаттардағы салық төлеушiлерге
салық салу

     119-1-бап. Мұнай-химия өнеркәсiбiндегi қызметтi жүзеге асыратын жекелеген ұйымдарға салық салу <*>

      1. Осы баптың күші қолданылатын, мұнай-химия өнеркәсiбiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға бiр мезгiлде мынадай талаптарға сәйкес келетiн:
      1) 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап 2007 жылғы 31 желтоқсанды қамтитын аралықтағы кезеңде мемлекеттiк тiркеуден өткен;
      2) өндiрiстiк мақсаттағы (толық технологиялық циклi бар) объектiлерiн мемлекеттiк қабылдау комиссиялары осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген кезеңде пайдалануға қабылдаған;
      3) жылдық жиынтық табысының кемiнде 90 процентiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын қызмет түрлерi бойынша Қазақстан Республикасының жер қойнауынан өндiрiлетiн мұнай және (немесе) газ өнiмдерiн өңдеуге негiзделген жеке өндiрiсiнiң тауарларын өткiзуден алынуға тиiс (алынған) табыстар құрайтын;
      4) өндiрiстiк мақсаттағы объектiлерiне (осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген) инвестициялардың ең төменгi көлемi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген кемiнде бес миллион айлық есептiк көрсеткiштi құрайтын ұйымдар жатады.
      2. Осы баптың күші қолданылмайтын ұйымдарға:
      жер қойнауын пайдаланушылар;
      акцизделетiн тауарлар өндiретiн ұйымдар;
      арнаулы салық режимдерiн қолданатын ұйымдар жатады.
      3. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген ұйымдардың салықтарды есептер осы Кодексте белгiленген тәртiппен, осы баптың 4-тармағында көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып жүргiзiледi.
      4. Бюджетке төленуге тиiстi корпорациялық табыс салығының сомасын айқындау кезiнде осы Кодекстiң 125-бабына сәйкес есептелген корпорациялық табыс салығының сомасы жүз процентке азайтылады.
      Осы тармақта көзделген салық сомасының азайтылуы осы Кодекстiң 126-бабына сәйкес айқындалатын корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларын есептеу кезiнде де қолданылады.
      5. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген талаптар сақталмаған жағдайда, мұнай-химия өнеркәсiбiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың табыстарына жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен салық салынуға тиiс.
      6. Осы баптың 4-тармағында белгiленген тәртiптi мұнай-химия өнеркәсiбiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдар (осы баптың 1-тармағында көзделген талаптарды сақтаған кезде) мемлекеттiк қабылдау комиссиялары өндiрiстiк мақсаттағы объектiлердi пайдалануға қабылдаған күннен бастап бес жыл бойы қолданады.
      7. Салық кезеңi, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша салық есептілігiн табыс етудiң тәртiбi мен мерзiмдерi осы Кодекске сәйкес айқындалады.
      Ескерту. 119-1-баппен толықтырылды- Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      120-бап. Коммерциялық емес ұйымдарға салық салу

      1. Осы Кодекстiң мақсаттары үшiн акционерлiк қоғамдарды, мекемелердi және пәтер (үй-жайлар) иелерi кооперативтерiнен басқа тұтыну кооперативтерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес коммерциялық емес ұйым мәртебесi бар, өз қызметiн қоғамдық мүдденi көздеп жүзеге асыратын және мынадай шарттарға сай келетiн:
      1) осындай қызметiне орай табыс алу мақсаты жоқ;
      2) алынған таза табысты немесе мүлiктi қатысушылар арасында бөлмейтiн ұйым коммерциялық емес ұйым деп танылады. <*>
      2. Коммерциялық емес ұйымның депозиттер бойынша сыйақы, грант, кiру және мүшелiк жарналар, кондоминиумға қатысушылардың жарналары, қайырымдылық көмек, өтеусiз берiлген мүлiк, өтеусiз негiздегі аударымдар мен қайырмалдық түрiнде алған табысы, осы баптың 1-тармағында аталған шарттар сақталған жағдайда, салық салуға жатпайды. <*>
      3. Осы баптың 1-тармағында аталған шарттар сақталмаған жағдайда, коммерциялық емес ұйымның табыстарына жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен салық салынуға тиiс.
      4. Осы баптың 2-тармағында көрсетiлмеген табыстарға жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен салық салынуға тиiс.
      Бұл ретте коммерциялық емес ұйым осы бапқа сәйкес салық салудан босатылған табыстар бойынша және жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен салық салуға жататын табыстар бойынша бөлек-бөлек есеп жүргiзуге мiндеттi.
      5. Белгіленген тәртіппен салық салуға жататын табыстарды алған кезде шығыстардың жалпы сомасындағы коммерциялық емес ұйым шығыстарының шегерiмдерге жатқызылуға тиiс сомасы коммерциялық емес ұйым табыстарының жалпы сомасындағы осы баптың 2-тармағында көрсетiлмеген табыстардың үлес салмағын негiзге ала отырып, барабарлық әдiсi бойынша анықталады. <*>
      Ескерту. 120-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2003.07.04. N 475 Заңымен. (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
      Ескерту. 120-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      121-бап. Әлеуметтiк салада қызметiн жүзеге асыратын
               ұйымдарға салық салу

      1. Қызметiн әлеуметтік салада жүзеге асыратын ұйымдарға жылдық жиынтық табысының кем дегенде тоқсан процентiн грант, қайырымдылық көмек, өтеусiз берiлген мүлiк, өтеусiз негiздегi аударымдар мен қайырмалдықтар түрiнде алынған табыстар, сондай-ақ қызметтің мынадай түрлерiнен:
      1) косметологиялық қызметтердi қоспағанда, медициналық қызметтер көрсетуден;
      2) мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту; бастауыш, негiзгi, орта, қосымша жалпы бiлiм беру; бастауыш, орта, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм беру; қызметтiң осы түрлерiн жүргiзу құқығына тиiстi лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын қайта даярлау және бiлiктiлiктi арттыру саласында қызмет көрсетуден;
      3) ғылым, спорт (коммерциялық сипаттағы спорттық ойын-сауық шараларынан басқа), мәдениет (шоу-бизнестi қоспағанда) саласында қызмет, тарихи және мәдени мұраны, мұрағаттық құндылықтарды сақтау бойынша, сондай-ақ балаларды, қарттар мен мүгедектердi қорғау және оларды әлеуметтiк қамсыздандыру саласында қызмет көрсетуден;
      4) кiтапхана қызметiн көрсетуден алынуға тиiс (алынған) кiрiс құрайтын ұйымдар жатады. <*>
      2. Әлеуметтiк салада қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарға, мынадай шарттарға сай келетiн:
      салық кезеңiнде мүгедектердiң саны қызметкерлердiң жалпы санының кемiнде 51 процентi болатын;
      салық кезеңiнде мүгедектердiң еңбегiне ақы төлеу жөнiндегi шығыстар еңбекке ақы төлеу бойынша жалпы шығыстардың кемiнде 51 процентiн (есту, сөйлеу, сондай-ақ көру қабiлетiнен айрылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдарда - кемiнде 35 процент) құрайтын ұйымдар да жатады.
      Осы баптың ережелерi акцизделетiн тауарлар өндiру мен өткiзу жөнiндегi қызметтен және акцизделетiн қызмет түрлерiнен табыстар алатын ұйымдарға қатысты қолданылмайды.
      3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған ұйымдардың табыстары, сондай-ақ грант, қайырымдылық көмек, өтеусiз берiлген мүлiк, өтеусiз негiздегi аударымдар мен қайырмалдықтар түрiнде алынған қаражат аталған қызмет түрлерiн жүзеге асыруға жұмсалған кезде салық салуға жатпайды.
      4. Осы бапта көзделген шарттар бұзылған жағдайда, алынған табыстарға осы Кодексте белгiленген тәртiппен салық салынуға тиiс.
      Ескерту. 121-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен. (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді)
      Ескерту. 121-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

17-тарау. Салық салынатын табысты түзету

      122-бап. Салық салынатын табысты түзету

      1. Салық төлеушiнің салық салынатын табысынан салық салынатын табыстың екi процентi шегiнде мынадай шығыстар алып тасталуға тиiс:
      1) әлеуметтiк сала объектiлерiн ұстауға салық төлеушiнiң нақты жұмсаған шығыстары;
      2) коммерциялық емес ұйымдарға өтеусiз берiлген мүлiк;
      3) жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берiлген атаулы әлеуметтiк көмек.
      2. Мүгедектердiң еңбегiн пайдаланатын салық төлеушiлер салық салынатын табысты мүгедектердің еңбегiне ақы төлеуге шығарылған шығыстар сомаларынан 2 еселенген және мүгедектерге төленетiн жалақы мен басқа да төлемдердiң есептелген әлеуметтiк салық сомасынан 50 процент мөлшерiндегi соманы азайтуға құқығы бар.
      3. Салық төлеушiлер салық салынатын табысты үш жылдан артық мерзiмге берiлген негiзгi құралдардың қаржы лизингi бойынша алынған сыйақы сомасына, кейiннен оларды лизинг алушыға бере отырып, азайтады.
      4. Қызметiнiң айрықша түрi ауыл шаруашылығына кредит беру болып табылатын, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар салық салынатын табысты қызметтiң осындай түрiнен алынған табыс сомасына азайтады.
      4-1. Қызметінiң айрықша түрі ауыл шаруашылығы саласында микрокредит беру болып табылатын микрокредиттiк ұйымдар салық салынатын табысты қызметтiң осы түрiнен алынған табыстардың сомасына азайтады. <*>
      5. Салық төлеушiнiң амортизациялық аударымдарды есептеп шығаруы осы Кодекстiң 110-бабының 2-тармағына сәйкес жүргiзiлген, пайдалануға алғаш енгiзiлген тiркелген активтердi үш жылдық кезең аяқталғанға дейiн өткiзген жағдайда жасалған қосымша шегерiм сомасы салық төлеушiнiң тiркелген активтердi өткiзген салық кезеңiндегi салық салынатын табысын арттыруға қатысты болады.
      Ескерту. 122-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).    

18-тарау. Залалдар

      123-бап. Залал ұғымы

      1. Түзетiлген жиынтық жылдық табыстан шегерiмдердiң асып түсуі кәсіпкерлiк қызметтен шегетін залал деп танылады.
       2. Бағалы қағаздарды өткiзуден шегетiн залал мыналар:
       борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, бағалы қағаздар бойынша - өткiзу құны мен
иемденіп алу құны арасындағы терiс айырма;
       борыштық бағалы қағаздар бойынша - өткiзген күнгi дисконт амортизациясы мен (немесе) сыйлықақы есептегендегi өткiзу құны мен иемденiп алу құны арасындағы терiс айырма.

      124-бап. Залалдарды ауыстыру

      1. Кәсiпкерлiк қызметтен шегетiн залалдар, сондай-ақ салық төлеушiнiң кәсiпкерлiк қызметiнде пайдаланылған үйлердi, құрылыстарды, ғимараттарды өткiзуден шеккен залалдар кейiнгi салық кезеңдерiнiң салық салынатын табысы есебiнен өтеу үшiн үш жылға дейiнгi мерзiмге, үшiншi жылы қоса есептелiп, ауыстырылады.
      Жер қойнауын пайдалану келiсiм-шарттары бойынша жүзеге асырылатын қызметке байланысты туындайтын залалдар жетi жылға дейiнгi мерзiмге, жетiншi жылы қоса есептелiп, ауыстырылады.
      Салық төлеушi салық кезеңiнде осы Кодекстiң 110-бабының 2-тармағына сәйкес есептеп шығарылған амортизациялық аударымдарды шегерiмдерге жатқызу нәтижесiнде шеккен залалдарға осы баптың ережелерi қолданылмайды.
      2. Өткiзу күнiне қор биржасының "А" және "В" ресми тiзiмiндегi акциялар мен облигацияларды, мемлекеттiк бағалы қағаздар мен агенттiк облигацияларды өткiзуден шегетiн залалдарды қоспағанда, бағалы қағаздарды өткiзу кезiнде туындайтын залалдар өткiзу күнiне қор биржасының "А" және "В" ресми тiзiмiндегi акциялар мен облигацияларды, мемлекеттiк бағалы қағаздар мен агенттiк облигацияларды өткiзу кезiндегi құн өсiмiнен түскен табысты қоспағанда, басқа бағалы қағаздарды өткiзу кезiнде алынған құн өсiмiнен түскен табыс есебiнен өтеледi.
      Егер осы залалдар орын алған кезеңiнде өтеле алмайтын болса, олар алдағы уақытқа үш жылға дейiнгi мерзiмге ауыстырылып, өткiзу күнiне қор биржасының "А" және "В" ресми тiзiмiндегi акциялар мен облигацияларды, мемлекеттiк бағалы қағаздар мен агенттiк облигацияларды өткiзу кезiндегi құн өсiмiнен түскен табысты қоспағанда, басқа бағалы қағаздарды өткiзу кезiнде алынған құн өсiмiнен түскен табыс есебiнен өтелуге тиiс. <*>
       Ескерту. 124-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен. (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді)

19-тарау. Корпорациялық табыс салығын есептеп
шығару тәртібі мен оны төлеу мерзімдері

      125-бап. Корпорациялық табыс салығы сомасын есептеп
               шығару

      Корпорациялық табыс салығы салық кезеңi үшiн осы Кодекстің 135-бабының 1-тармағында белгiленген ставканы осы Кодекстiң 124-бабына сәйкес ауыстырылатын залалдар сомасына азайтылған салық салынатын табысқа осы Кодекстiң 122-бабына сәйкес жүргiзiлген түзетулердi ескере отырып қолдану жолымен есептеп шығарылады.

      126-бап. Аванстық төлемдер сомасын есептеп шығару

      1. Салық төлеушiлер осы Кодексте белгiленген тәртiппен аванстық төлемдердi енгiзу жолымен салық кезеңi iшiнде корпорациялық табыс салығын төлейдi.
      2. Салық кезеңi iшiнде төленетiн корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларын салық төлеушi ағымдағы салық кезеңi үшiн корпорациялық табыс салығының болжамды сомасын негiзге ала отырып, бiрақ егер осы бапта өзгеше көзделмесе, өткен салық кезеңi үшiн аванстық төлемдер сомаларының есебiндегi аванстық төлемдердің орташа айлық есептелген сомаларынан кем емес етiп есептеп шығарады. <*>
      3. Өткен салық кезеңi үшiн корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияда көрсетiлген iс жүзiндегi салық мiндеттемесiнiң сомасы өткен салық кезеңi үшiн аванстық төлемдер сомаларының есебiндегi аванстық төлемдер сомаларынан асып кеткен кезде, салық төлеушi өткен салық кезеңi үшiн корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияда көрсетiлген iс жүзiндегі салық мiндеттемесi мөлшерiн негiзге ала отырып, декларация тапсырғаннан кейiнгi кезең үшiн аванстық төлемдер сомаларын есептеуге мiндеттi. <*>
      4. Салық төлеушi төлеуге тиiс аванстық төлемдер сомалары салық кезеңi iшiнде тең үлестермен төленедi.
      5. Салық төлеушi корпорациялық табыс салығы бойынша декларация тапсырғанға дейiнгi кезең iшiнде төленуге тиiс аванстық төлемдер сомаларының есебiн жасап, есептi салық кезеңiнің 20 қаңтарына дейiн салық төлеушiнiң тiркелген орны бойынша салық органына табыс етедi. <*>
      6. Корпорациялық табыс салығы бойынша декларация тапсырылғаннан кейiн төленуге тиiс аванстық төлемдер сомаларының есебiн салық төлеушi декларацияны тапсырған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде, бiрақ есептiк салық кезеңiнiң 20 сәуiрiнен кешiктiрмей табыс етедi. <*>
      7. Салық кезеңiнiң қорытындысы бойынша залал шеккен немесе салық салынатын табысы жоқ салық төлеушiлер корпорациялық табыс салығы бойынша декларация тапсырған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде, сондай-ақ жаңадан құрылған салық төлеушілер құрылған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде салық кезеңi iшiнде төленуге тиiс аванстық төлемдердiң болжамды сомасының есебiн салық органына табыс етуге мiндеттi.
      8. Салық төлеушi салық кезеңi iшiнде, өткен салық кезеңi үшiн декларация тапсырғанға дейiн төленуге тиiс аванстық төлемдердiң сомаларын қоспағанда, түзетудің себептерiн жазбаша негiздей отырып, салық кезеңiнiң алдағы айлары үшiн аванстық төлемдер сомаларының түзетiлген есебiн беруге құқылы. <*>
      Ескерту. 126-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен. (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді)
      Ескерту. 126-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      127-бап. Корпорациялық табыс салығын төлеу мерзiмдерi
               мен тәртiбi

      1. Салық төлеушiлер корпорациялық табыс салығын төлеудi өзiнiң тұрып жатқан орны бойынша жүзеге асырады. <*>
      2. Салық төлеушiлер корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi бюджетке осы Кодекстің 136-бабында белгiленген салық кезеңi iшiнде, осы Кодекстiң 126-бабына сәйкес анықталған мөлшерде ағымдағы айдың 20-сынан кешiктiрмей ай сайын төлеп тұруға мiндеттi.
      3. Салық кезеңi iшiнде енгiзiлген аванстық төлемдер сомалары салық кезеңi үшiн корпорациялық табыс салығы жөнiндегi декларация бойынша есептеп шығарылған корпорациялық табыс салығын төлеу есебiне жатқызылады.
      4. Салық төлеушi салық кезеңiнің қорытындысы бойынша корпорациялық табыс салығы бойынша түпкiлiктi есеп айырысуды (төлемдi) декларация тапсыру үшiн белгiленген мерзiмнен кейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей жүзеге асырады.
      Ескерту. 127-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен. (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді)
      Ескерту. 127-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      128-бап. <*>
      Ескерту. 128-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      129-бап. Шетелдiк салықты есепке жатқызу

      1. Салық төлеушiнiң Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде төлеген табыс салығының және Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде алған кiрiстерi бойынша табысқа салынатын салық сомасы Қазақстан Республикасында корпорациялық табыс салығын төлеу кезiнде есепке жатқызылады.
      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген есепке жатқызылатын сомалардың мөлшерi салық төлеушiнiң әр мемлекетте алған табыстары бойынша нақты төлеген салық сомасы негiзге алына отырып, әр мемлекет бойынша жеке-жеке анықталады. Есепке жатқызылатын салық сомасының мөлшерi осы табыс бойынша Қазақстан Республикасында осы Кодекстiң 135-бабында белгiленген ставкамен есептелетiндей сомадан аспауға тиiс.
      3. Осы баптың 1-тармағы қосарланған салық салуды болғызбау және табыстар мен мүлiктерге салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы халықаралық шарт жасасқан мемлекетте Қазақстан Республикасының резидент болып табылатын жеке және заңды тұлғаларының табыстарынан немесе мүлiктерiнен ұсталған және (немесе) төленген салыққа қолданылмайды, оған осындай халықаралық шарттың ережелерiне сәйкес Қазақстан Республикасында салық салынуға тиiс. <*>
      Ескерту. 129-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      130-бап. Салық салуда жеңiлдiгi бар мемлекеттерде
               алынған табыс

      1. Егер резидентке резидент емес заңды тұлғаның жарғылық капиталының 10 және одан астам процентi тiкелей немесе жанама тиесiлi болса немесе ол салық салуда жеңiлдiгi бар мемлекетте табыс алатын осы резидент емес заңды тұлғаның дауыс беретiн акцияларының 10 және одан астам процентiне ие болса, онда заңды тұлға пайдасының резидентке қатысты бөлiгi оның салық салынатын табысына енгiзiледi. Бұл ереже резиденттiң заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызмет ұйымдастырудың басқа нысандарына қатысуына да қолданылады. <*>
      1-1. Жеңiлдетiлген салық салынатын елде орналасқан және (немесе) тiркелген резидент емес заңды тұлға пайдасының бiр бөлiгi Қазақстан Республикасы Президентiнiң салық салынатын табысына қосылатын осы пайданың жалпы сомасы резидент еместің шоғырландырылған қаржылық есептілігiмен расталуға тиiс. <*>
      2. Егер шет мемлекетте салық ставкасы осы Кодекске сәйкес айқындалатын салық ставкасының 1/3-iнен аспайтын болса немесе мүлiктің нақты иесi немесе табыстың нақты иесi туралы құпияны сақтауға мүмкiндiк беретiн қаржы ақпаратының немесе компаниялар туралы ақпараттың құпиялығы туралы заңдар болса, ол салық салуда жеңiлдiгi бар мемлекет ретiнде қаралады. <*>
      Ескерту. 130-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).  

20-тарау. Төлем көзінен ұсталатын салық

      131-бап. Төлем көзiнен салық салынатын табыстар

      1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, төлем көзiнен салық салынатын табыстарға: <*>
      1) дивидендтер;
      2) қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның лицензиялары бар банктердегi және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы жеке тұлғалардың салымдары бойынша оларға төленетiн сыйақыларды қоспағанда, депозиттер бойынша сыйақы; <*>
      3) ұтыстар;
      4) резидент емес тұлғалардың осы Кодекстiң 178-бабына сәйкес айқындалатын, Қазақстан Республикасындағы көздерден алған, осындай резидент еместердiң тұрақты мекемесiмен байланысы жоқ табыстары;
      5) уәкiлеттi органның лицензиясы негiзiнде заем операцияларын жүзеге асыратын ұйымдарға төленетiн кредиттер (заемдар) бойынша сыйақыны және резидент банктер мен лизинг берушiлерге төленетiн сыйақыны қоспағанда, заңды тұлғаларға борыштық бағалы қағаздар бойынша төленетiн сыйақыдан басқа сыйақы; <*>
      6) резидент-банктерге және жеке тұлғаларға төленетiн сыйақыны қоспағанда, эмитент борыштық бағалы қағаздар бойынша шығару шарттарына сәйкес төлейтiн купон түрiндегi сыйақы жатады. <*>
      1-1. Мыналар:
      1) мемлекеттiк бағалы қағаздар бойынша сыйақылар және агенттік облигациялар; <*>
      2) орналастырылған зейнетақы активтерi бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларына және орналастырылған активтер бойынша Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына төленетiн инвестициялық кiрiстер төлем көзiнен салық салуға жатпайды. <*>
      2. Ұтысты, сыйақыны төлеу кезiнде ұсталған салық сомасы осы салықтың төлем көзiнен ұсталғанын растайтын құжаттар болған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын, қызметiн әлеуметтiк салада жүзеге асыратын ұйымдарды және салымдар (депозиттер) жөнiндегi сыйақылар бойынша коммерциялық емес ұйымдарды қоспағанда, салық төлеушiнiң салық кезеңi iшiнде iшiнде есептелген корпорациялық табыс салығының есебiне жатқызылады. <*>
      Ескерту. 131-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен. (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді)
      Ескерту. 131-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2003.07.04. N 475 Заңымен. (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
      Ескерту. 131-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2003.07.10. N 483 Заңымен.
      Ескерту. 131-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      132-бап. Төлем көзiнен ұсталатын салықты есептеп шығару
               тәртiбi

      1. Салық сомасын салық агентi төлем көзiнен салық салынатын, төленiп отырған табыс сомасына осы Кодекстiң 135-бабының 2 немесе 3-тармақтарында белгiленген ставканы қолдану жолымен айқындайды.
      2. Салық агентi осы Кодекстiң 131-бабында көзделген табыстарды төлеу кезiнде төлем көзiнен ұсталатын салықты табыс төлеу нысаны мен орнына қарамастан ұстап қалуға мiндеттi.
      3. Депозитарлық қолхат бойынша кiрiстердi төлеу көзi осындай депозитарлық қолхаттың базалық активiнiң эмитентi болып табылады. <*>
      Ескерту. 132-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен. (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді)

      133-бап. Төлем көзiнен салықты аудару тәртiбi <*>

      1. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, салық агенттерi төлем жүзеге асырылған ай аяқталғаннан кейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей төлем көзiнен ұсталған салық сомаларын аударуға мiндеттi.
      2. Төлем көзiнен ұсталған салықтардың сомаларын аудару салық агентi орналасқан жер бойынша жүзеге асырылады.
      Ескерту. 133-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен. (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді)    

      134-бап. Төлем көзiнен ұсталған салық жөнiндегi
               есеп-қисап

      Салық агенттерi төлем көзiнен ұсталған салық сомалары бойынша есеп-қисапты тоқсаннан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей табыс етуге мiндеттi.    

21-тарау. Салық ставкалары

      135-бап. Салық ставкалары

      1. Салық төлеушiнiң осы Кодекстiң 122-бабына сәйкес жүргiзiлген түзетулер ескерiлген, осы Кодекстiң 124-бабында белгiленген тәртiппен шеккен залалдары сомасына азайтылған салық салынатын табысы 30 проценттiк ставка бойынша салық салуға жатады.
      Негiзгi өндiрiс құралы жер болып табылатын салық төлеушiнің осы Кодекстiң 122-бабына сәйкес жүргiзiлген түзетулер ескерiлген, осы Кодекстiң 124-бабында белгiленген тәртiппен шеккен залалдары сомасына азайтылған салық салынатын табысы 10 проценттiк ставка бойынша салық салуға жатады.
      2. Резидент еместердiң Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын табыстарын қоспағанда, төлем көзiнен салық салынатын табыстар төлем көзiнен 15 проценттiк ставка бойынша салық салуға жатады.
      3. Резидент еместердiң осы Кодекстің 178-бабына сәйкес айқындалатын Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын, осындай резидент еместердiң тұрақты мекемесiмен байланысы жоқ табыстарына осы Кодекстiң 180-бабында белгiленген ставкалар бойынша салық салынады. <*>
      4. Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметiн жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табысы корпорациялық табыс салығының үстiне осы Кодекстiң 185-бабында белгiленген тәртiппен 15 проценттiк ставка бойынша салық салуға жатады.
      Ескерту. 135-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

22-тарау. Салық кезеңі және салық декларациясы

      136-бап. Салық кезеңi

      1. Күнтiзбелiк жыл корпорациялық табыс салығы үшiн салық кезеңi болып табылады.
      2. Егер ұйым күнтiзбелiк жыл басталғаннан кейiн құрылса, оның құрылу күнiнен бастап күнтiзбелiк жылдың аяғына дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн бiрiншi салық кезеңi болып табылады.
      Бұл ретте ұйымның оның уәкiлеттi органда мемлекеттік тiркеуге алынған күнi оның құрылған күнi болып саналады.
      3. Егер ұйым күнтiзбелiк жылдың аяғына дейiн таратылса, қайта ұйымдастырылса, жыл басталғаннан бастап тарату, қайта ұйымдастыру аяқталған күнге дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн соңғы салық кезеңi болып табылады.
      4. Егер күнтiзбелiк жыл басталғаннан кейiн құрылған ұйым осы жылдың аяғына дейiн таратылса, қайта ұйымдастырылса, өзiнiң құрылған күнiнен бастап тарату, қайта ұйымдастыру аяқталған күнге дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн салық кезеңi болып табылады.

      137-бап. Салық декларациясы

      1. Осы Кодекстің 368-377, 385-397-баптарына сәйкес арнайы салық режимiн қолданатын заңды тұлғаларды және Қазақстан Республикасындағы төлем көздерiнен тек қана төлем көздерiнде салық салынуға тиiс табыс алатын және қызметiн Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместердi қоспағанда, корпорациялық табыс салығын төлеушiлер корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияны салық органдарына есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей табыс етедi. <*>
      2. Корпорациялық табыс салығы жөнiндегi декларация декларациядан және корпорациялық табыс салығы бойынша салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлер туралы ақпараттарды ашу жөнiндегi қосымшалардан тұрады.
      Ескерту. 137-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2003.07.04. N 475 Заңымен. (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

5-бөлім. Инвестициялық салық преференциялары

      138-бап. Инвестициялық салық преференциялары <*>

      Инвестициялық салық преференциялары корпорациялық табыс салығы, жер салығы және мүлiк салығы бойынша берiледi.
      Инвестициялық салық преференциялары дегенiмiз жаңа өндiрiстер құру, жұмыс істeп тұрғандарын кеңейту мен жаңарту мақсатында инвестициялық жобаларды жүзеге асыратын салық төлеушi заңды тұлғалардың жылдық жиынтық табысынан қосымша шегерiмдер жасауға құқық беру, мұндай салық төлеушiлердi жаңа өндiрiстер құру, жұмыс iстеп тұрғандарын кеңейту мен жаңарту мақсатында инвестициялық жоба шеңберiнде жаңадан пайдалануға берiлген тiркелген активтер бойынша мүлiк салығын төлеуден босату, сондай-ақ инвестициялық жобаны iске асыру үшiн иемденiп алынған және пайдаланылатын жер участкелерi бойынша жер салығын төлеуден босату. <*>
      Ескерту. 138-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республиксының 2003.01.08. N 375 Заңымен.
      Ескерту. 138-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2003.07.04. N 475 Заңымен. (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

      139-бап. Инвестициялық салық преференцияларын қолдану
               тәртiбi <*>

      1. Инвестициялық салық преференциялары (бұдан әрi - преференциялар) инвестициялық жобаларды жүзеге асыратын салық төлеушi заңды тұлғаларға берiледi. <*>
      2. Преференциялар салық төлеушiлерге преференцияларды қолданудың басталу күнiн белгiлейтiн келiсiм-шартқа (оның нотариалдық жолмен куәландырылған көшiрмесi салық төлеушiнiң тiркелген жерi бойынша салық органына берiледi) сәйкес мынадай мерзiмдерде:
      келісім-шартты жасасу кезiнде шаруашылық қызметтi жүзеге асыратын салық төлеушілер - тiркелген активтер пайдалануға берiлген жылдан, кейiнгi жылдың 1 қаңтарынан бастап; <*>
      жаңадан тiркелген салық төлеушiлерге - тiркелген активтер iске қосылған кезден бастап берiледi.
      Корпорациялық табыс салығы бойынша преференциялар салық төлеушіге жылдық жиынтық табыстан осы Кодекстiң 107-бабы 1-тармағының 1) - 8) тармақшаларында көрсетiлген, амортизацияға жатпайтын тiркелген активтердi қоспағанда, инвестициялық жобалар шеңберiнде пайдалануға берiлген тiркелген активтердiң құнын преференциялардың қолданылу мерзiмiне қарай тең үлестермен шегерiмге жатқызуға құқық бередi. <*>
      Преференциялар беру тәртiбi және жағдайлары Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңдарымен айқындалады.
      3. Корпорациялық табыс салығы бойынша преференцияларды қолдану үшiн салық төлеушi жаңадан iске қосылатын тiркелген активтер бойынша олардың құнын iшкi топтың құн балансына енгізбейдi және олар бойынша бөлек есеп жүргiзедi.
      4. Мүлiк салығы бойынша преференцияларды қолдану мерзiмi бiткеннен кейiн салық төлеушi осы Кодекстiң 351-360-баптарында белгiленген тәртiппен мүлiк салығын және 323-344-баптарында белгiленген тәртiппен жер салығын төлей бастайды.
      5. Преференцияларды қолдану мерзiмi тiркелген активтерге инвестициялардың көлемiне қарай әрбiр жекелеген жағдайда айқындалады, бiрақ ол осы баптың 2-тармағында аталған күннен бастап бес жылдан аспауға тиiс.
      Ескерту. 139-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республиксының 2003.01.08. N 375 Заңымен.
      Ескерту. 139-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2003.07.04. N 475 Заңымен. (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
      Ескерту. 139-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      140-бап. Преференциялардың қолданылуын тоқтату <*>

      1. Преференциялардың қолданылуы осы Кодекстiң 139-бабының 5-тармағын ескере отырып, келiсiм-шартта көрсетiлген мерзiмде тоқтатылады не мұндай мерзiм бiткенге дейiн тоқтатылуы мүмкін.
      Преференциялардың қолданылуын мерзiмiнен бұрын тоқтату тараптардың келiсiмi бойынша жүзеге асырылуы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңдарында белгiленген жағдайларда оны тараптардың әрқайсысы бiржақты тәртiппен жүзеге асыруы мүмкiн.
      2. Преференциялардың қолданылуы мерзiмiнен бұрын тоқтатылған кезде салық төлеушi салықтарды төлейдi және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауапты болады. <*>
      Ескерту. 140-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен. (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді)
      Ескерту. 140-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республиксының 2003.01.08. N 375 Заңымен.
     

      5-1-бөлiм. Салық төлеушiлердiң жекелеген санаттарына
                  салық салу ерекшелiктерi <*>

      Ескерту. 5-1-бөлiммен толықтырылды  - Қазақстан Республиксының 2003.07.04. N 475 Заңымен. (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

      22-1 тарау.Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында
                қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу

      140-1-бап. Жалпы ережелер

      1. Бiр мезгiлде мынадай шарттарға сай келетiн:
      1) арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарындағы салық органдарында тiркеу есебiнде тұратын;
      2) арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарынан тыс жерлерде құрылымдық бөлiмшелерi жоқ;
      3) арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсаттарына сәйкес келетiн мынадай қызмет түрлерiн жүзеге асыру:
      бағдарламалық қамтамасыз етудi, деректер базасын және аппараттық құралдарды жобалау, әзiрлеу, енгiзу және олардың тәжiрибелiк өндiрiсi мен өндiрiсi;
      және (немесе) жасанды иммундық және нейрондық жүйелер негiзiнде жаңа ақпараттық технологияларды жасау;
      және (немесе) ақпараттық технологиялар саласында жобаларды жасау және енгiзу бойынша ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды жүргiзу нәтижесiнде алуға жататын (алынған) табыстары жылдық жиынтық табысының кемiнде 90 процентiн құрайтын заңды тұлғалар, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, арнайы экономикалық aймақтардың аумақтарында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдар деп танылады. <*>
      Осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетiлген қызмет түрлерi бойынша жұмыстар мен қызмет көрсетулердiң нақты түрлерiнiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
      2. Алынған (алынуға жататын) табыстарды осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген қызмет түрлерiнен алынған табыстарға жатқызу арнаулы экономикалық аймақтардың аумақтарында құрылған атқарушы органның тиiстi өнеркәсiп саласын басқару мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен және нысанда уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсе отырып берген растауы негiзiнде жүзеге асырылады.
      Ескерту. 140-1-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      140-2 бап. Салықтарды есептеу, төлеу тәртiбi мен
                 мерзiмдерi

      1. Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды есептеуi осы баптың 2 және 4-тармақтарында көзделген ерекшелiктердi ескере отырып, осы Кодексте белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
      2. Бюджетке төленуге тиiстi корпорациялық табыс салығының сомасын айқындау кезiнде корпорациялық табыс салығының осы Кодекстiң 125-бабына сәйкес есептелген сомасы 50 процентке азайтылады.
      Осы тармақта көзделген салық сомасын кемiту осы Кодекстiң 126-бабына сәйкес айқындалатын корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларын есептеу кезiнде де қолданылады.
      3. Корпорациялық табыс салығын төлеу және аванстық төлемдердi енгiзу осы Кодекстiң 127-бабында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде жүзеге асырылады.
      4. Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында орналасқан және осы Кодекстiң 140-1-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын салық салу объектiлерi бойынша:
      1) жер салығын есептеу кезiнде тиiстi ставкаларға 0 коэффициентi;
      2) мүлiк салығын есептеу кезiнде салық салу объектiлерiнiң жылдық орташа құнына 0 проценттiк ставка қолданылады.
      5. Осы Кодекстiң 140-1-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында аталған қызмет көрсетулердi iске асыру жөнiндегi айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.

      140-3-бап. Салық кезеңi және салық есептiлiгi

      Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша салық кезеңi, салық есептiлiгiн беру тәртiбi мен мерзiмдерi осы Кодекске сәйкес айқындалады.

22-2-тарау. "Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу <*>

      Ескерту. 22-1-тараумен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      140-4-бап. Жалпы ережелер

      1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, "Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарға мынадай шарттарға бiр мезгiлде сәйкес келетiн:
      1) жиынтық жылдық табысының кемiнде тоқсан процентiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн қызметтiң басым түрлерiнiң тiзбесiне енгiзiлген қызметтiң мынадай түрлерi:
      химия өнеркәсiбi;
      резина және пластмасса бұйымдары өндiрiсi;
      өзге де металл емес минералдық өнiмдер өндiрiсi;
      металлургия өнеркәсiбi;
      дайын металл бұйымдары өндірісі;
      машиналар мен жабдықтар өндірісі бойынша құрылыс объектiлерiн сатуды қоса алғанда, өзi өндiретiн тауарларды сатудан алынуға тиiс (алынған) табыстар құрайтын;
      2) "Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағының аумағындағы салық органында тiркеу есебiнде тұратын;
      3) "Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағының аумағынан тыс жерлерде орналасқан жерi бойынша заңды тұлға функцияларының бір бөлiгiн орындайтын тұрақты жұмыс орындары жабдықталған құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық оқшауланған бөлiмшелерi жоқ ұйымдар жатады. Егер жұмыс орны бiр айдан артық мерзiмге құрылса, ол тұрақты болып табылады.
      2. "Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарға:
      жер қойнауын пайдаланушылар;
      акцизделетін тауарларды өндiретiн ұйымдар;
      арнайы салық режимдерiн қолданатын ұйымдар жатпайды.
      3. Алынған (алынуға тиiс) табыстарды осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген қызмет түрлерiнен алынатын табыстарға жатқызу өнеркәсiптiң тиiстi саласын басқару мәселелерi жөнiндегi және сәулет, қала құрылысы мен құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органдар уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша белгiлеген тәртiппен және нысанда берiлген, "Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағының аумағында орналасқан атқарушы органның растамасы негiзiнде жүзеге асырылады.

      140-5-бап. Салықты есептеу, төлеу тәртiбi мен мерзiмдерi

     1. "Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды есептеуi осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген ерекшелiктердi ескере отырып, осы Кодексте белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
      2. Бюджетке төленуге тиiстi корпорациялық табыс салығының сомасын айқындау кезiнде осы Кодекстiң 125-бабына сәйкес есептелген корпорациялық табыс салығының сомасы жүз процентке азайтылады.
      Осы тармақта көзделген салық сомасын азайту осы Кодекстiң 126-бабына сәйкес айқындалатын корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларын есептеу кезiнде де қолданылады.
      3. "Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағының аумағында орналасқан және осы Кодекстiң 140-4-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын салық салу oбъектiлерi бойынша:
      1) жер салығын есептеу кезiнде тиiстi ставкаларға 0 коэффициентi;
      2) мүлiк салығын есептеу кезiнде салық салу объектiлерiнiң жылдық орташа құнына 0 процент cтaвкa қолданылады.

      140-6-бап. Салық кезеңi және салық есептілігi

      Салық кезеңi, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша салық есептілiгін беру тәртiбi мен мерзiмдерi осы Кодекске сәйкес айқындалады.

            6-бөлім. Жеке табыс салығы

23-тарау. Жалпы ережелер

      141-бап. Төлеушiлер

      Осы Кодекстiң 143-бабына сәйкес айқындалатын салық салу объектiлерi бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушiлер (бөлiм бойынша бұдан әрi - салық төлеушiлер) болып табылады.    

      142-бап. Резидент емес жеке тұлғаларға салық салу
               ерекшелiктерi

      Резидент емес жеке тұлғалар осы Кодекстiң 187-192-баптарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, 141-174-баптарына сәйкес жеке табыс салығы бойынша салықты есептеп, төлейдi және жеке табыс салығы бойынша салық декларациясын табыс етедi.

      143-бап. Салық салу объектiлерi

      Осы Кодекстiң 144-бабында көрсетiлген табыстарды қоспағанда, жеке табыс салығы салынатын объектiлер мыналар:
      1) төлем көзiнен салық салынатын табыстар;
      2) төлем көзiнен салық салынбайтын табыстар.    

      144-бап. Салық салынуға жатпайтын табыстар

      Жеке тұлғалар табыстарының мынадай түрлерiне салық салынуға тиiс емес:
      1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен төленетiн атаулы әлеуметтiк көмек, жәрдемақылар мен өтемдер;
      2) балаларға және асырауындағы адамдарға алынған алименттер;
      3) жеке тұлғаның өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өтеу (жоғалтқан жалақысына қатысты өтеуден басқа); <*>
      4) жеке тұлғалардың қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның лицензиялары бар банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы салымдары бойынша оларға төленетiн сыйақылар және борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы;
      5) мемлекеттiк бағалы қағаздармен және агенттiк облигациялармен жасалған операциялардан түскен табыстар; <*>
      6) әскери қызмет мiндеттерiн атқарған кезде әскери қызметшiлерге, белгiленген тәртiппен арнайы атақ берiлген, оны қызметтiк мiндеттерiн атқаруына байланысты алған iшкi iстер органдарының, қылмыстық-атқару жүйесi органдары мен мекемелерiн
және мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң қызметкерлерiне берiлетiн төлемдердiң барлық түрі; <*>
      7) лотерея бойынша 5 айлық есептiк көрсеткiш шегiндегi ұтыстар;
      8) тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заң актiсiнде белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiнде мемлекеттiк бюджет және гранттар қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын қоғамдық жұмыстарды орындауға және кәсiби оқуларға байланысты төлемдер;
      9) гранттар қаражаты есебiнен төленетiн төлемдер (еңбекақы түрiндегi төлемдерден басқа);
      10) тұрақты жұмысы жолда өтетiн немесе жүрiп-тұру сипатында болатын не қызмет көрсететiн учаскелер шегiнде қызмет бабындағы сапарлармен байланысты жағдайларда Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде төленетiн төлемдер;
      11) экологиялық апат немесе ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төленетiн төлемдер;
      12) 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысушылардың және оларға теңестiрiлетiн адамдардың, I және II топтағы мүгедектердiң, сондай-ақ бала кезiнен мүгедек адамның ата-аналарының бiреуiнiң салық жылы iшiндегi айлық есептiк көрсеткiштiң 480 еселенген шегiндегi табыстары; III топтағы мүгедектердің бiр жыл iшiндегi - айлық есептiк көрсеткiштің 240 еселенген шегiндегi табысы;
      13) өткізілер күні қор биржасының "А" және "В" ресми тiзiмiнде тұратын акциялар мен облигацияларды өткiзу кезiндегi құн өсiмiнен алынатын табысы; <*>
      14) мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен төленетiн бiржолғы төлемдер (еңбекақы түрiндегi төлемдерден басқа);
      15) салық жылы iшiнде медициналық қызмет көрсетулердiң (косметологиялық қызмет көрсетулерден басқа) ақысын төлеу үшiн, бала туған кезде, жерлеу үшiн берiлетiн, құжатпен расталған, айлық есептiк көрсеткiштің 50 еселенген шегiндегi төлемдер; <*>
      16) қызметтiк iссапарлар кезiнде осы Кодекстiң 93-бабында белгiленген мөлшерде төленетiн өтемдер;
      17) қызметкер ұйымымен бiрге басқа жерге жұмысқа ауысқан не көшкен кездегi жол жүруi, мүлкiн көшiруi, үй-жай жалдауы бойынша құжатпен расталған шығындардың өтемдерi;
      18) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын дипломатиялық немесе консулдық қызметкерлердiң ресми табыстары;
      19) шет мемлекеттiң мемлекеттiк қызметiнде жүрген шетелдiк жеке тұлғалардың сол елде салық салынуға тиiс ресми табыстары;
      20) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын және Қазақстан Республикасының шет елдердегi дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктерiнде қызметте жүрген жеке тұлғалардың мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен шетелдiк валютамен төленетiн ресми табыстары;
      21) Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан берiлетiн зейнетақы төлемдерi;
      22) <*>
      22-1) жұмыс берушiнiң жиынтық жылдық табысты алуға байланысты емес және шегерiмдерге жатқызылмайтын, нақты жеке тұлғалардың табысы болып табылмайтын шығыстары; <*>
      23) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде дала жағдайында геологиялық-барлау, топографиялық-геодезиялық және iздестiру жұмыстарымен шұғылданатын қызметкерлердiң далалық жабдықталым ақшасы;
      24) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде республикалық бюджет қаражаты есебiнен төленетiн тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша сыйлықақылар (мемлекеттiң сыйлықақылары);
      25) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмыс берушiнiң қызметкерлердi өздерiнің өндiрiстiк қызметiне байланысты мамандық бойынша оқытуға және бiлiктiлiгiн арттыруға бағытталған шығыстары;
      26) жұмыс берушінің вахталық әдiспен жұмыс iстейтiн адамдарға өндiрiс объектiсiнде болу кезеңiнде жұмыстарды орындауы мен ауысымаралық демалысы үшiн жағдай жасай отырып, олардың тұрмыс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету үшiн тұрғын үй жалдауына және осы Кодекстiң 93-бабына сәйкес белгiленген тәулiкақы шегiнде тамақтануға арналған шығыстары; қызметкерлердi жұмыс орнына дейiн және керi қарай жеткiзуге байланысты шығыстар;
      26-1) Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдер; <*>
      27) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде, жүктi болғанда және босанғанда берiлетiн әлеуметтiк жәрдемақылар, сондай-ақ ұл бала немесе қыз бала асырап алған әйелдерге (еркектерге) берiлетiн әлеуметтiк жәрдемақылар;
      28) бiлiм беру ұйымдарында оқитындарға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мемлекеттiк стипендияларға арналған мөлшерде төленетiн стипендиялар;
      29) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген нормалар бойынша берiлген арнаулы киiмнiң, арнаулы аяқкиiмнiң, басқа да жеке қорғану және алғашқы медициналық көмек құралдарының, сабынның, зарарсыздандыру құралдарының, сүт немесе құндылығы соған тең басқа да емдеу-профилактикаға арналған азық-түлiк өнiмдерiнiң құны;
      30) өздерiнiң қызметiн жүзеге асыру мақсатында жеке кәсiпкер, жеке нотариус, адвокат алған мүлiктi қоспағанда, жеке тұлға басқа жеке тұлғадан сыйға немесе мұраға алған мүліктің құны; <*>
      31) iзгiлiк, қайырымдылық көмек түрiнде алынған мүлiктiң құны;
      31-1) он алты жасқа толмаған балалар үшiн балалар лагерiне жолдамалардың құны; <*>
      32) еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн орындау кезiнде қызметкердiң өмiрiне және денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнің жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерi;
      33) осы Кодекстiң 161-бабында көзделген табыстарды қоспағанда, шарттың қолданылу кезеңiндегi сақтандырудың кез келген түрi кезiнде төленетiн, сақтандыру оқиғасына байланысты сақтандыру төлемдерiнiң сомалары;
      34) өз қызметкерлерiн мiндеттi сақтандыру шарттары бойынша жұмыс берушi төлейтiн сақтандыру сыйлықақыларының сомалары;
      35) төлем көзiнен салық ұсталғандығын растайтын құжаттар болған жағдайда, бұрын төлем көзiнен салық салынған дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар сомалары;
      36) материалдық нұқсанның орнын толтырудың сот шешiмi бойынша тағайындалған сомалары;
      37) жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша жасасқан сақтандыру сыйлықақыларын (аннуитет) төлеу үшiн өмiрдi сақтандыру жөнiнде сақтандыру ұйымдарына жiберген зейнетақы жинағының сомалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен сақтандыру ұйымдарына бағытталған, зейнетақы аннуитетінің шарттары бойынша сатып алу сомалары; <*>
      38) сақтандырылушы қайтыс болған жағдайда жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша жүзеге асырылатын сақтандыру төлемдерi. <*>
      2. <*>
      Ескерту. 144-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен. (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді)
      Ескерту. 144-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2003.07.10. N 483 Заңымен.
      Ескерту. 144-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      145-бап. Салық ставкалары

      1. Осы баптың 1-1, 2 және 3-тармақтарында көрсетiлген табыстарды қоспағанда, салық төлеушiнiң салық жылы iшiндегi салық салынатын табыстарына мынадай ставкалар бойынша салық салынуға тиiс:
___________________________________________________________________
  Салық төлеушiнiң салық         |        Ставкасы
    салынатын табысы             |
___________________________________________________________________
15 еселенген жылдық есептiк         салық салынатын табыс
көрсеткiшке дейiн                   сомасынан 5 процент

15 еселенгеннен бастап 40           15 еселенген жылдық есептiк
еселенген жылдық есептiк            көрсеткiштен салық сомасы +
көрсеткiшке дейiн                   одан асатын сомадан 8 процент

40 еселенгеннен бастап 200          40 еселенген жылдық есептiк
еселенген жылдық есептiк            көрсеткiштен салық сомасы +
көрсеткiшке дейiн                   одан асатын сомадан 13 процент

200 еселенгеннен бастап 600         200 еселенген жылдық есептiк
еселенген жылдық есептiк            көрсеткiштен салық сомасы +
көрсеткiшке дейiн                   одан асатын сомадан 15 процент

600 еселенген жылдық есептiк        600 еселенген жылдық есептiк
көрсеткiштен бастап және одан       көрсеткiштен салық сомасы +
жоғары                              одан асатын сомадан 20 процент
___________________________________________________________________     
      1-1. Қызметкерлердiң Қазақстан Республикасының тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңында белгiленген, жылына ең төменгi жалақының 12 еселенген мөлшерiнен аспайтын жалақысының төлем көздерiнен салық салынатын кiрiстерiне, қызметкерлердiң тоқсан iшiндегi орташа айлық кiрiсi ең төменгi жалақы мөлшерiнен аспайтын жағдайда "0" ставкасы бойынша салық салынуға тиiс. <*>
      2. Дивидендтер, сыйақылар (жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сыйақыларды қоспағанда) мен ұтыстар түріндегі табыстарға 15 проценттік ставка бойынша салық салынады.
      3. Адвокаттардың және нотариустардың табыстарына 10 проценттік ставка бойынша салық салынады.
      Ескерту. 145-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен. (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді)
      Ескерту. 145-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2003.07.04. N 475 Заңымен. (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)   

24-тарау. Төлем көзінен салық салынатын табыстар

      146-бап. Салық төлеушінің төлем көзінен салық салынатын
               табыстары

      Салық төлеушінің төлем көзінен салық салынатын табыстарына:
      1) қызметкердің табысы;
      2) бiржолғы төлемдерден алынған табыс;
      3) жинақтаушы зейнетақы қорларынан берiлетiн зейнетақы төлемдерi;
      4) дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түрiндегi табыс;
      5) стипендиялар;
      6) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табысы жатады.

      147-бап. Салықты есептеу және төлеу

      1. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, салық агенттерi жеке табыс салығын есептеу мен ұстап қалуды төлем көзiнен салық салынатын табыс төленетiн күннен кешiктiрмей жүргізедi.
      2. Салық агенттерi, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, төленген кiрiстер бойынша салықты аударуды төлем төленетiн айдан кейiнгi айдың 5-iне дейiн өзiнiң орналасқан жерi бойынша жүзеге асырады. <*>
      2-1. Салық агенттерi тиiстi бюджеттерге құрылымдық бөлiмшелер бойынша салық төлеудi олардың орналасқан жерi бойынша жүзеге асырады. <*>
      3. Осы Кодекстiң 378-бабының 1-тармағында және 385-бабының 1-тармағында көрсетiлген қызмет түрлерi бойынша арнаулы салық режимдерiн қолданатын салық агенттерiнiң жеке табыс салығын төлеу тәртiбi мен мерзiмдерi осы Кодекстiң 383 және 390-баптарында белгiленген.
      4. Депозитарлық қолхат бойынша кiрiстер төлеу көзi осындай депозитарлық қолхаттың базалық активiнiң эмитентi болып табылады.<*>
      Ескерту. 147-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен. (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді)
      Ескерту. 147-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      148-бап. Жеке табыс салығы бойынша есеп-қисап

      1. Салық агенттерi жеке табыс салығы бойынша есеп-қисапты салық органына салық төленетiн жер бойынша есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-нен кешiктiрмей табыс етедi.
      Жеке табыс салығы бойынша есеп-қисапқа қосымшада, осы Кодекстiң 144-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында көрсетiлген кiрiстердi қоспағанда, жеке тұлғаның төленген кiрiстерi туралы мәлiметтер көрсетiледi. <*>
      2. Осы Кодекстiң 378-бабының 1-тармағында және 385-бабының 1-тармағында көрсетiлген қызмет түрлерi бойынша арнаулы салық режимдерiн қолданатын салық агенттерi жеке табыс салығы бойынша есеп-қисапты осы Кодекстiң 384 және 390-баптарына сәйкес табыс етедi.
      Ескерту. 148-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен. (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді)

Параграф 1. Қызметкердiң төлем көзiнен салық салынатын
табысы

      149-бап. Қызметкердiң төлем көзiнен салық салынатын
               табысы

      1. Қызметкердің жұмыс берушi есептеген, осы Кодекстiң 152-бабында көзделген салық шегерiмдерi сомасына азайтылған табыстары төлем көзiнен салық салынатын табысы болып табылады.
      2. Жұмыс берушi материалдық, әлеуметтiк игiлiктер немесе өзге де материалдық пайда түрiнде берген табыстарды қоса алғанда, жұмыс берушi төлейтiн ақшалай немесе заттай нысандағы кез келген табыстар қызметкердiң табыстарына жатады.

      150-бап. Қызметкердiң заттай нысандағы табысы

      1. Қызметкердiң заттай нысанда алған табысына:
      1) заттай нысандағы еңбекақы;
      2) қызметкер алған тауарлар, қызметкердің мүддесiн көздеп орындалған жұмыстар, қызметкерге өтеусiз негiзде көрсетiлген қызметтер;
      3) қызметкердiң үшiншi тұлғалардан алған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) құнын жұмыс берушiнiң төлеуi кiредi.
      2. Қосылған құн салығы мен акциздердiң тиiстi сомасын қоса алғанда, заттай нысандағы тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) құны қызметкердің осындай нысандағы табысы болып табылады.

      151-бап. Қызметкердiң материалдық пайда түрiндегi
               табысы

      Қызметкердің материалдық пайда түрiнде алған табысы мыналарды да қамтиды:
      1) қызметкерге сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) құны мен осы тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) сатып алу бағасы немесе олардың өзiндiк құны арасындағы терiс айырма;
      2) жұмыс берушiнiң шешiмi бойынша қызметкердiң оның алдындағы қарызының немесе мiндеттемесiнiң сомасын есептен шығару;
      3) жұмыс берушiнің өз қызметкерлерiнің сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеуге жұмсаған шығыстары; <*>
      4) жұмыс берушiнің қызметкердің өз қызметiне байланысты емес шығындарының орнын толтыруға жұмсаған шығыстары.
      Ескерту. 151-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен. (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді)

      152-бап. Салық шегерiмдерi

      1. Қызметкердiң төлем көзiнен салық салынатын табысын анықтау кезiнде салық жылы iшiндегi әрбiр ай үшiн шегерiмге мыналар жатқызылады:
      1) Қазақстан Республикасының заң актiсiнде табысты есептеудiң тиiстi айға белгiленген бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiндегi сома;
      2) асырауындағы адам пайда болған айдан бастап қызметкердiң асырауындағы отбасының әрбiр мүшесiне айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiндегi сома. Аталған шегерiмдер бiр салық төлеушiнiң табысына - отбасы мүшесiне қолданылады.
      Бiрге тұратын және ортақ шаруашылық жүргiзетiн ерлi-зайыптылар, балалары мен ата-анасы (оның iшiнде уақытша болмағандар) отбасы деп танылады.
      Асырауындағы адам, салық төлеушiнiң табысы есебiнен өмiр сүретiн және айына бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен асатын жеке табыс көзi жоқ, салық төлеушiнің отбасы мүшесi;
      3) жинақтаушы зейнетақы қорларына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде төленетiн мiндеттi зейнетақы жарналары.
      4) Қазақстан Республикасының тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңында айлық есептiк көрсеткiштiң 10 еселенген сомасынан аспайтын мөлшерде өз пайдасына енгiзген ерiктi зейнетақы жарналары. <*>
      5) жинақтаушы зейнетақы қорларына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мөлшердегi ерiктi кәсiби зейнетақы жарналары.<*>
      6) жеке тұлғаның өмiрi мен денсаулығын жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша өз пайдасына енгiзетiн, тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық eceптік көрсеткіштің 5 еселенген шегiндегi сақтандыру сыйлықақылары. <*>
      1-1. Жарты айдан аз жұмыс iстеген қызметкердің төлем көзiнен салық салынатын табысын айқындау кезiнде, осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес, тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiндегi шегерiмдер жүргiзiлмейдi. <*>
      2. Салық төлеушiге осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларына сәйкес шегерiм жасау құқығы өзi берген өтiнiштің және салық төлеушi табыс еткен растаушы құжаттардың (асырауындағыларға) негiзiнде жұмыс берушiлердің бiрiнен алатын табыстары бойынша берiледi. <*>
      Ескерту. 152-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен. (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді)
      Ескерту. 152-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      153-бап. Салықты есептеу және ұстап қалу

      1. Қызметкердiң табысы бойынша жеке табыс салығының сомасы қызметкердiң салық жылы iшiнде төлем көзiнен салық салынатын табысына осы Кодекстiң 145-бабының 1-тармағында белгіленген ставкаларды қолдану жолымен есептеледi.
      2. Жеке табыс салығын есептеу және ұстап қалу уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен ұлғаю нәтижесiмен ай сайын жүргiзiледi.
      3. Салық жылы аяқталғанға дейiн қызметкердi жұмыстан шығару кезiнде салық агентi нақты жұмыс iстелген кезең үшiн алынған табысты негiзге ала отырып, жеке табыс салығын қайта есептеудi жүргiзуге және қызметкерге алынған табыс пен төленген салық туралы есеп-қисап беруге мiндеттi.
      Жұмыс орнын өзгерткен кезде жеке тұлға жаңа жұмыс орны бойынша салық агентiне жұмыс iстеген кезеңде алған табысы мен төленген салық туралы бұрынғы жұмыс орнынан есеп-қисап беруге тиiс.

      153-1-бап. Қазақстан Республикасының резиденттерi болып
                 табылатын шетелдiк азаматтар мен азаматтығы
                 жоқ адамдар табыстарының жекелеген
                 түрлерiнен жеке табыс салығын есептеу және
                 төлеу тәртiбi <*>

      1. Осы Кодекстің 178-бабының 14), 16) және 17) тармақшаларында көрсетілген Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылатын шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың табыстарынан жеке табыс салығын есептеудi, төлеудi, сондай-ақ салық есептілігiн берудi салық агентi осы Кодекстің 187-1-бабының 1-тармағында көзделген шарттар орындалған жағдайда, осы Кодекстiң 152-бабында белгiленген салық шегерiмдерiн ескере отырып, осы Кодекстің 187-1, 188-баптарына сәйкес жүргiзедi.
      2. Осы Кодекстiң 187-1-бабының 1-тармағында көзделген шарттар орындалмаған кезде осы баптың 1-тармағында көрсетiлген резидент жеке тұлғалардың табыстарынан жеке табыс салығын есептеудi, ұстауды және төлеудi салық агентi осы Кодекстiң 147 және 153-баптарына сәйкес жүргiзедi.
      3. Салық агентi осы баптың 1-тармағының ережелерiне қарамастан, осы Кодекстің 147 және 153-баптарына сәйкес резидент жеке тұлғалардың табыстарынан жеке табыс салығын есептеудi, ұстауды және төлеудi жүргiзуге құқылы.
      4. Жеке табыс салығын есептеудің және төлеудiң таңдап алынған тәртiбi салық кезеңiнiң iшiнде өзгермейтін болуға тиіс.
      Ескерту. 153-1--баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

Параграф 2. Төлем көзiнен салық салынатын бiржолғы төлемдерден түскен табыс

      154-бап. Бiржолғы төлемдерден түскен табыс

      Бiржолғы төлемдерден түскен табысқа, өздерiнiң қызметiне байланысты жеке кәсiпкердiң, жеке нотариус пен адвокаттың кiрiс бойынша төлемдерiн қоспағанда, салық төлеушiлердiң Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салық агенттерiмен жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табысы, сондай-ақ жеке тұлғалар төлейтiн басқа да бiржолғы төлемдер жатады. <*>
     Ескерту. 154-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен. (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді)

      155-бап. Салық сомасын есептеу

      Жеке табыс салығының сомасы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мөлшерде және жағдайларда жинақтаушы зейнетақы қорларына аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары сомасына азайтылған төлем көзiнен салық салынатын бiржолғы төлемдерден түскен табысқа 145-баптың 1-тармағында белгiленген ставкаларды қолдану жолымен есептеледi.

Параграф 3. Төлем көзiнен салық салынатын жинақтаушы
зейнетақы қорларынан төленетiн
зейнетақы төлемдерi

      156-бап. Төлем көзiнен салық салынатын зейнетақы
               төлемдерi

      Төлем көзiнен салық салынатын зейнетақы төлемдерiне салық төлеушiлердiң зейнетақы жинақтарынан жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын, табыс есептеудiң тиiстi айына Қазақстан Республикасының заң актiсiмен белгiленген айлық есептiк көрсеткiш сомасына азайтылған төлемдер жатады.

      157-бап. Салық сомасын есептеу

      Жеке табыс салығының сомасы осы Кодекстiң 153-бабына сәйкес белгiленген тәртiппен есептеледi.     

Параграф 4. Төлем көзiнен салық салынатын дивидендтер,
сыйақылар, ұтыстар түрiндегi табыс

      158-бап. Салық сомасын есептеу

      Жеке табыс салығының сомасы жеке тұлғаларға төленетiн дивидендтер, сыйақылар мен ұтыстар түрiндегi табыстарға 145-баптың 2-тармағында белгiленген ставканы қолдану жолымен есептеледi және осы Кодекстің 131-134-баптарына сәйкес ұсталады.

Параграф 5. Стипендиялар

      159-бап. Стипендиялар

      Осы Кодекстiң 144-бабының 28) тармақшасында көзделген сомаларды қоспағанда, бiлiм беру ұйымдарында оқып жүргендерге төлеуге арналған ақша сомасы, сондай-ақ мәдениет, ғылым қайраткерлерiне, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерiне және басқа жеке тұлғаларға төлеуге арналған ақша сомасы табыс көзiнен салық салынатын стипендия болып табылады.

      160-бап. Салық сомасын есептеу

      Жеке табыс салығының сомасы осы Кодекстiң 145-бабының 1-тармағында белгiленген ставкаларды төленетiн стипендия сомасына қолдану жолымен есептеледi.

Параграф 6. Төлем көзiнен салық салынатын, жинақтаушы
сақтандыру шарттары бойынша табыс

      161-бап. Жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыс

      1. Сақтандыру сыйлықақылары:
      жинақтаушы зейнетақы қорларындағы зейнетақы жинақтары есебiнен;
      жеке тұлғаның жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша өз пайдасына енгізетін сақтандыру сыйлықақылары есебінен төленген, сақтандыру ұйымдары жүзеге асыратын сақтандыру төлемдерi жеке тұлғаның жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табысы болып табылады. <*>
      1-1. Жеке тұлғаның жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыстарына осындай шарттар мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда төленетiн сатып алу сомасы жатады. <*>
      2. Жеке тұлғалардың жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табысына сақтандыру ұйымдары жүзеге асыратын сақтандыру төлемдерi сомасының сақтандыру сыйлықақыларының сомасынан асып кеткен сомасы да жатады.
      Ескерту. 161-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен. (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді)
      Ескерту. 161-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      162-бап. Салық сомасын есептеу

      Жеке табыс салығының сомасы осы Кодекстiң 145-бабының 1-тармағында белгiленген ставкаларды жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша төленетiн табыс сомасына қолдану жолымен есептеледi.

25-тарау. Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар

      163-бап. Төлем көзiнен салық салынбайтын табыстар

      Салық төлеушiнiң төлем көзiнен салық салынбайтын табыстарына, табыстардың мынадай түрлерi:
      1) мүлiктiк табыс;
      2) жеке кәсiпкердiң салық салынатын табысы;
      3) адвокаттар мен жеке нотариустардың табысы;
      4) осы Кодекстің 170-бабына сәйкес белгiленетiн өзге де табыстар жатады.

      164-бап. Төлем көзiнен салық салынбайтын табыстар
               бойынша жеке табыс салығын есептеу

      1. Осы Кодекстiң 168-бабына сәйкес есептелетiн адвокаттар мен жеке нотариустардың табыстарын қоспағанда, төлем көзiнен салық салынбайтын табыстар бойынша жеке табыс салығын есептеудi салық төлеушi 152-бапқа сәйкес белгiленген салықтық шегерiмдер сомасына азайтылған, төлем көзiнен салық салынбайтын табыс сомасына 145-баптың 1-тармағында белгiленген ставкаларды қолдану жолымен дербес жүргiзедi.
      2. Салық төлеушiде төлем көзiнен салық салынбайтын табыстардың бiрнеше түрi болған кезде, адвокаттар мен жеке нотариустардың табыстарын қоспағанда, салық төлеушi жеке табыс салығын есептеудi осы Кодекстiң 145-бабының 1-тармағында белгiленген ставкаларды төлем көзiнен салық салынбайтын барлық табыс түрлерiнің сомасына қолдану жолымен дербес жүргiзедi.
      3. Мынадай резидент жеке тұлғалар:
      1) арнайы салық режимдерiн қолданатындарды қоспағанда, жеке кәсiпкерлер;
      2)  резидент болып табылатын және табысты Қазақстан Республикасындағы төлем көзiнен жеке табыс салығы салынбайтын қызметтi жүзеге асырудан алатын шет мемлекеттердiң азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар жеке табыс салығын аванстық төлемдердi енгiзу арқылы төлейдi.
      Жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді есептеу мен төлеуді, сондай-ақ салық есептілігiн берудi осы тармақтың 1) тармақшасында айқындалған тұлға салық кезеңі iшiнде осы Кодекстiң 126 және 127-баптарына сәйкес жүргізеді. <*>
      Жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді eceптеу мен төлеуді, сондай-ақ салық есептілiгін беруді осы тармақтың 2) тармақшасында айқындалған тұлға салық кезеңі ішінде осы Кодекстің 191 және 192-баптарында белгіленген тәртіппен мерзімдерде жүргізеді.<*>
      Ескерту. 164-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен. (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді)
      Ескерту. 164-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      165-бап. Салық төлеу мерзiмдерi

      1. Салық төлеушi осы Кодексте белгiленген жағдайларда енгiзiлген аванстық төлемдердi есептей отырып, салық жылының қорытындысы бойынша жеке табыс салығын төлеудi жеке табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшiн белгiленген мерзiмнен кейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей дербес жүзеге асырады.
      2. Арнаулы салық режимдерiн қолданатын жеке кәсiпкерлер осы Кодекстiң 163-бабының 2) тармақшасында көрсетiлген табыс бойынша жеке табыс салығын 368-384, 391-397-баптарда белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде төлейдi.    

Параграф 1. Мүлiктiк табыс

      166-бап. Мүлiктiк табыс

      1. Салық төлеушiлердің мүлiктiк табысына:
      1) Қазақстан Pecпубликасының заңдарына сәйкес мемлекеттік қажеттіліктер үшiн сатып алынған мүлiкті қоспағанда, кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын:
      а) бiр жылдан аз уақыт меншiк құқығында болған жылжымайтын мүлiктi;
      б) бағалы қағаздарды, сондай-ақ заңды тұлғадағы қатысу үлесiн;
      в) қымбат бағалы тастар мен қымбат бағалы металдарды, олардан жасалған зергерлiк бұйымдарды және құрамында қымбат бағалы тастар мен қымбат бағалы металдар бар басқа да заттарды, сондай-ақ өнер туындылары мен антиквариаттарды сату кезiндегi олардың құнының өсiмi;
      2) осы Кодекстiң 154, 155-баптарына сәйкес төлем көзiнен салық салынатын табысты қоспағанда, мүлiктi жалға беруден алынған табыс жатады.
      2. Мүлiктi сату құны мен бағалау құны арасындағы, бiрақ оны сатып алу құнынан кем болмайтын оң айырма, мүлiктi сату кезiндегi құн өсiмiнен алынған, осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген табыс болып табылады.
      3. Бағалы қағаздарды сату кезiндегi құнның өсiмi осы Кодекстің 82-бабының 4-тармағына сәйкес белгiленедi.
      Ескерту. 166-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

Параграф 2. Адвокаттар мен жеке нотариустардың табысы

      167-бап. Адвокаттар мен жеке нотариустардың табысы

      Заң көмегiн, нотариаттық iс-әрекеттер ақысын қоса алғанда, адвокаттық және нотариаттық қызметтi жүзеге асырудан түскен табыстардың барлық түрлерi, сондай-ақ қорғау мен өкiлдiкке байланысты шығыстардың орнын толтырудан алынған сомалар адвокаттар мен жеке нотариустардың табысы болып табылады.

      168-бап. Салықты есептеу және төлеу

      1. Адвокаттар мен жеке нотариустардың табыстары бойынша жеке табыс салығының сомасы осы Кодекстiң 145-бабының 3-тармағында белгiленген ставканы алынған табыс сомасына қолдану жолымен ай сайын есептеледi.
      2. Есептi ай үшiн жеке табыс салығының сомасы есептi айдан кейiнгi айдың 5-iнен кешiктiрiлмей төленуге тиiс.     

Параграф 3. Жеке кәсiпкердің салық салынатын табысы

      169-бап. Жеке кәсiпкердiң салық салынатын табысы

      Жеке кәсiпкердiң салық салынатын табысы осы Кодекстiң 79-124,130-баптарына сәйкес есептеледi. <*>
      Ескерту. 169-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).   

Параграф 4. Басқа табыстар

      170-бап. Төлем көзiнен салық салынбайтын басқа табыстар

      Төлем көзiнен салық салынбайтын басқа табыстарға, осы Кодекстiң 149-162-баптарында көрсетiлмеген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлердегі көздерден алынған табыстар жатады. <*>
      Ескерту. 170-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).    

26-тарау. Жеке табыс салығы бойынша декларация

      171-бап. Жеке табыс салығы бойынша декларация <*>

      1. Жеке табыс салығы бойынша декларацияны мына резидент салық төлеушiлер:
      1) төлем көзiнен салық салынбайтын табыстары барлар;
      2) тұрғын үй салу мен осындай құрылыс үшін құрылыс материалдарын сатып алуды қоспағанда, салық жылында 2000 айлық есептiк көрсеткiштен жоғары сомаға бiржолғы iрi сатып алуды iске асырғандар;
      3) Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерден табыстар алатын жеке тұлғалар;
      4) Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлердегi шетел банктерiндегi шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар;
      5) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заң актiлерiне сәйкес декларация беру жөнiнде мiндеттеме жүктелген адамдар;
      6) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары, судьялар;
      7) осы Кодекстiң 144-бабы 1-тармағының 12) тармақшасында көрсетілген, табыстары олар үшiн белгіленген салық салынбайтын шектен асып кеткен жеке тұлғалар табыс етеді. <*>
      2. Осы Кодекстiң 144-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында көрсетiлген жеке тұлғалар жеке табыс салығы бойынша декларацияны уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен ұсынады. <*>     
      Ескерту. 171-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен. (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді)
      Ескерту. 171-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2003.07.04. N 475 Заңымен. (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
      Ескерту. 171-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).  

      172-бап. Жеке табыс салығы бойынша декларация табыс ету
               мерзiмдерi

      1. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке табыс салығы бойынша декларация есепке тiркелген орны бойынша салық органына салық жылынан кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрiлмей табыс етiледi. <*>
      2. Арнаулы салық режимiн қолданатын жеке кәсiпкерлер арнаулы салық режимi қолданылатын қызметiнен түскен табыстарынан жеке табыс салығы бойынша декларация табыс етпейдi.
      Ескерту. 172-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен. (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді)     

      173-бап. Шетел салығын есепке алу <*>

      Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасынан тыс жерле төленген жеке табыс салығының сомалары осы Кодекстің 129-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасында жеке табыс салығын төлеу кезiнде eceпке алынады.   
      Салықтан есепке алынатын сомасының мөлшерi осы Кодексте белгіленген жеке табыс салығының ставкасын қолдана отырып, осы табыстан Қазақстан Pеспубликасында есептелуi мүмкін салық сомасынан аспауға тиiс.
      Ескерту. 173-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      174-бап. Салық төлемiнің расталмауы

      171-баптың 2), 3), 5) және 6) тармақшаларына сәйкес жеке табыс салығы бойынша декларация тапсырушы салық төлеушiлер жеке табыс салығын төлегенiн растамаған жағдайларда, жеке табыс салығын есептеу жеке табыс салығы төленгенi расталмаған табыс сомасына осы Кодекстiң 145-бабының 1-тармағында белгiленген ставкаларды қолдану жолымен жүргiзiледi.

7-бөлім. Резидент еместердің табысына
салық салу ерекшеліктері

27-тарау. Жалпы ережелер

      175-бап. Жалпы ереже

      Осы бөлiм резидент емес жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын табыстарына корпорациялық және жеке табыс салығын салу ерекшелiктерiн ашады.

      176-бап. Резиденттер мен резидент еместер

      1. Қазақстан Республикасында тұрақты болатын немесе өмiрлiк мүдделерiнің орталығы Қазақстан Республикасында орныққан немесе осы баптың 4-тармағында аталған жеке тұлғалар осы Кодекстің мақсатында Қазақстан Республикасының резиденттерi деп танылады.
      2. Жеке тұлға ағымдағы салық кезеңiнде аяқталатын кез келген үздiксiз он екi айлық кезеңде кемiнде бiр жүз сексен үш күнтiзбелiк күн Қазақстан Республикасында болса, ол ағымдағы салық кезеңi үшiн Қазақстан Республикасында тұрақты болатын жеке тұлға деп танылады.
      Егер ағымдағы салық кезеңiнде және өткен екi салық кезеңiнде Қазақстан Республикасында болған күндердiң санына мынадай:
      ағымдағы салық кезеңiнде болған күндердiң санына - 1;
      өткен бiрiншi салық кезеңiнде болған күндердiң санына - 1/3;
      өткен екiншi салық кезеңiнде болған күндердiң санына - 1/6 коэффициенттерiн әрбiр салық кезеңiне қолдана отырып анықталған күндердiң саны кемiнде бiр жүз сексен үш күнтiзбелiк күн болған жеке тұлға да ағымдағы салық кезеңi үшiн Қазақстан Республикасында тұрақты болатын жеке тұлға деп танылады.
      Егер жеке тұлға ағымдағы салық кезеңiнде Қазақстан Республикасында отыз күнтiзбелiк күннен аз тұрған болса, онда мұндай жеке тұлға Қазақстан Республикасында тұрақты болатын адам деп танылмайды.
      Егер жеке тұлға Қазақстан Республикасында болуы аяқталатын жылдан кейiнгi жылда резидент болмаса, ол тұлға Қазақстан Республикасында болатын соңғы күнiнен кейiнгi кезең үшiн осы тармақтың мақсатында резидент емес ретiнде қаралады.
      3. Мынадай шарттар бiр мезгiлде орындалған жағдайда:
      1) жеке тұлға Қазақстан Республикасының азаматы болса немесе оның Қазақстан Республикасында тұруға рұқсаты (ықтиярхаты) болса;
      2) жеке тұлғаның отбасы және (немесе) жақын туыстары Қазақстан Республикасында тұрса;
      3) кез келген уақытта жеке тұлғаның тұруы және (немесе) оның отбасы мүшелерiнiң тұруы үшiн оған және (немесе) оның отбасы мүшелерiне жеке меншiк құқығындағы немесе өзге де негiздерде тиесiлi жылжымайтын мүлкi Қазақстан Республикасында бар болса, жеке тұлғаның өмiрлiк мүдделерiнiң орталығы Қазақстан Республикасында орныққан деп қарастырылады.
      4. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтiнiш немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдамай, Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат ету туралы өтiнiш берген мынадай жеке тұлғалар:
      мемлекеттiк билiк органдары шет елге iссапарға жiбергендер, оның iшiнде дипломатиялық, консулдық мекемелердiң, халықаралық ұйымдардың қызметкерлерi, сондай-ақ аталған жеке тұлғалардың отбасы мүшелерi;
      тұрақты халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына немесе азаматтарына тиесiлi көлiк құралдарының экипаж мүшелерi;
      Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде орналасқан әскери базалардың, әскери бөлiмдердiң, топтардың, контингенттердiң немесе құрамалардың әскери қызметшiлерi мен азаматтық қызметкерлерi;
      Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде орналасқан және Қазақстан Республикасының меншiгi немесе Қазақстан Республикасының субъектiлерi болып табылатын объектiлерде (оның iшiнде концессиялық шарттар негiзiнде) жұмыс iстейтiндер;
      оқу немесе практикадан өту мақсатымен Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде жүрген студенттер, стажерлар мен практиканттар оқу немесе практикадан өтудiң бүкiл кезеңiнде;
      сабақ беру, консультациялар беру немесе ғылыми жұмыстарды жүзеге асыру мақсатымен Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде жүрген оқытушылар мен ғылыми қызметкерлер сабақ берудiң немесе аталған жұмыстарды орындаудың бүкiл кезеңiнде Қазақстан Республикасында тұрған уақытына және осы бапта көзделген басқа да өлшемдерге қарамастан резидент жеке тұлғалар деп танылады.
      5. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған заңды тұлғалар және (немесе) өздерiнiң тиiмдi басқару орны (нақты басқару органдары) Қазақстан Республикасында орналасқан өзге заңды тұлғалар да осы Кодекстiң мақсатында резиденттер деп танылады.
      Негiзгi басқаруды жүзеге асыратын және заңды тұлғаның кәсiпкерлiк қызметiн жүргiзу үшiн қажет стратегиялық коммерциялық шешiмдердi қабылдайтын орын тиiмдi басқару орны (нақты басқару органы) деп танылады.
      6. Осы баптың ережелерiне сәйкес резидент болып табылмайтын жеке және заңды тұлғалар осы Кодекстiң мақсатында резидент еместер деп танылады.

      177-бап. Резидент еместiң тұрақты мекемесi

      1. Кәсiпкерлiк қызметтi, оның iшiнде уәкiлеттi тұлға арқылы жүзеге асырылатын қызметтi толық немесе iшiнара жүзеге асыратын тұрақты қызмет орны, атап айтқанда:
      1) қызметтi жүзеге асыру мерзiмдерiне қарамастан, тауарларды өндiрумен, ұқсатумен, жинақтаумен, орап-буумен, берумен, өткiзумен байланысты қызмет жүзеге асырылатын кез келген орын;
      2) қызметтi жүзеге асыру мерзiмдерiне қарамастан, резидент еместiң кез келген басқару орны, филиалы, бөлiмшесi, өкiлдiгi, бюросы, кеңсесi, офисi, кабинетi, агенттiгi, фабрикасы, шеберханасы, цехы, зертханасы, дүкенi, қоймасы;
      3) қызметтi жүзеге асыру мерзiмдерiне қарамастан, көмiрсутектерiн өндiру орындарын қоса алғанда, табиғи ресурстарды өндiрумен байланысты қызметтi жүзеге асыратын кез келген орын: шахта, кенiш, мұнай және (немесе) газ скважинасы, карьер, жер үстi немесе теңiз мұнаралары және (немесе) скважиналары;
      4) қызметтi жүзеге асыру мерзiмдерiне қарамастан, құбырмен, газ құбырымен, табиғи ресурстарды барлаумен және (немесе) игерумен, құрал-жабдықтарды орнатумен, монтаждаумен, құрастырумен, жөнге келтiрумен, iске қосумен және (немесе) қызмет көрсетумен байланысты қызметтi жүзеге асыратын (оның iшiнде бақылау және байқау қызметiн жүзеге асыратын) кез келген орын;
      5) қызмет көрсету мерзiмдерiне қарамастан, ойын автоматтарын (жалғамаларын қоса), компьютерлiк желiлер мен байланыс арналарын, аттракциондарды, көлiк немесе өзге де инфрақұрылымды пайдаланумен байланысты қызметтi жүзеге асыратын кез келген тұрақты орын резидент еместiң Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесi деп танылады.
      2. Құрылыс алаңы, монтаждау немесе құрастыру объектiсi, жобалау жұмыстарын жүргізу, жұмысты жүзеге асыру мерзiмдерiне қарамастан, тұрақты мекеме құрады.
      Бұл ретте, атап айтқанда, жылжымайтын мүлiк объектiлерiн тұрғызу және (немесе) қайта жаңарту жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру, оның iшiнде үйлер, ғимараттар салу және (немесе) монтаждау жұмыстарын жүргiзу, көпiрлер, жолдар, каналдар салу және (немесе) қайта жаңарту, құбырлар тарту, энергетикалық, технологиялық немесе өзге де жабдықтарды және (немесе) басқа да осыған ұқсас жұмыстарды жүзеге асыру орны құрылыс алаңы (объектiсi) деп түсiнiледi.
      Құрылыс алаңы (объект) пайдалануға берiлген объектiнi (орындалған жұмыстың көлемiн) қабылдау туралы актiге қол қойылған және құрылысқа толық ақы төленген күннен кейiнгi күннен бастап өзiнiң iс-әрекетiн тоқтатады.
      3. Резидент емес, сондай-ақ, егер:
      1) уәкiлетті тұлға арқылы Қазақстан Республикасында тәуекелді сақтандырушы немесе қайта сақтандыруды жүзеге асырса; <*>
      2) Қазақстан Республикасының аумағында қызметшiлер немесе осы мақсаттар үшiн жалданған қызметкер арқылы осы салық кезеңiнде аяқталатын кез келген үзiлiссiз он екi айлық кезеңде үздiксiз күнтiзбелiк тоқсан күннен астам қызмет көрсетсе;
      3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған және Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн жай серiктестікке (бiрлескен қызмет туралы шартқа) қатысушы болып табылса;
      4) Қазақстан Республикасында ақылы негiзде және (немесе) тауарлар сатуды iске асыратын көрме өткiзсе;
      5) резидентке немесе резидент емеске шарт қатынастары негiзiнде Қазақстан Республикасында оның мүддесiн бiлдiруге, iс-әрекет жүргiзуге немесе оның атынан келiсiм-шарт (шарт, келiсiм) жасасуға құқық берсе, Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрады.
      4. Осы бапта көрсетiлген қызметтi жүзеге асыру кезiндегi уақытша немесе маусымдық үзiлiстер тұрақты мекеменi таратуға әкеп соқпайды.
      5. Осы резидент еместiң атынан келiсiм-шартқа қол қоюға уәкiлеттiк берiлмеген тәуелсiз делдал (тапсырма, комиссия, консигнация шарты немесе басқа да осыған ұқсас шарт негiзiнде жұмыс iстейтiн брокер және (немесе) өзге де тәуелсiз агент) арқылы Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiк қызметiн жүзеге асыратын резидент емес тұрақты мекеме құрушы ретiнде қарастырылмайды.
      Өзінің әдеттегі (негiзгi) қызметi аясында әрекет ететiн және резидент еместен заң жағынан да, экономикалық жағынан да тәуелсiз болып табылатын тұлға тәуелсiз делдал деп түсiнiледi.
      6. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған резидент емес заңды тұлғаның еншiлес ұйымы, егер еншілес және негiзгi ұйымдардың арасында осы баптың 3-тармағы 5) тармақшасының ережелерiне сай келетiн қатынастар туындамаса, өзiнiң негiзгi ұйымының тұрақты мекемесi ретiнде қарастырылмайды.
      6-1. Өзге де заңды тұлғаға, оның ішінде тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын резидент емеске Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстеу үшiн шетелдiк персоналды ұсыну жөнінде қызметтер көрсететін резидент емес мынадай шарттарды бiр мезгілде орындаған кезде:
      eгep мұндай персонал тек өзiн ұсынған заңды тұлғаның атынан және оның мүдделерiн көздеп әрекет етсе;
      шетелдiк персоналды ұсыну жөнiнде қызмет көрсететiн резидент eмec осындай персоналдың Қазақстан Республикасында орындайтын жұмыс нәтижелеріне жауапты болмаса;
      шетелдiк персоналды ұсыну жөнiнде қызмет көрсетуден алынатын резидент еместiң табысы осындай персоналдың өзін ұсынған заңды тұлғаның атынан және оның мүдделерiн көздеп өз міндеттерін орындаған уақытын ecкepe отырып анықталса және резидент емес тұлғаның осындай персоналды ұсыну шығындары жалпы сомасының он процентінен аспауға тиіс болса, Қазақстан Республикасындағы осындай қызметтер бойынша тұрақты мекеме құрмайды.
      Шетелдiк персоналды ұсыну жөнiнде қызмет көрceтуге арналған шығындардың жалпы сомасын растау үшін резидент емес қызмет көрсетудi алушыға есеп құжаттамасының көшiрмелерін табыс етуi міндетті. <*>
      7. Резидент еместiң қызметi оның салық органында тiркеу есебiне тұруына немесе тұрмауына қарамастан, осы баптың ережелерiне сәйкес тұрақты мекеме құрады.
      Ескерту. 177-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      178-бап. Резидент еместердiң Қазақстан Республикасындағы
               көздерден алатын табыстары

      Табыстардың мынадай түрлерi:
      1) Қазақстан Республикасында тауарларды өткiзуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түскен табыстар;
      2) нақты қызмет көрсетiлген жерiне қарамастан, тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызмет атқаратын және осындай тұрақты мекемемен байланысты резиденттерге немесе резидент еместерге көрсетiлетiн басқару, қаржылық (сақтандыру және (немесе) тәуекелдердi қайта сақтандыру жөнiндегi қызмет көрсетулердi қоспағанда), консультациялық, аудиторлық, заңдық (адвокаттық қызмет көрсетулердi қоспағанда) қызмет, бағдарламалық өнiмдердi демеу және қолдау бойынша қызмет көрсетуден алынатын табыстар; <*>
      3) Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлiктi өткiзу;
      резиденттер шығарған бағалы қағаздарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасында орналасқан резидент-заңды тұлғаға, консорциумға
немесе мүлiкке қатысу үлесiн өткiзу нәтижесiнде алынған құн өсiмiнен түскен табыстар; <*>
      4) Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме арқылы қызметiне байланысты резиденттiң немесе резидент еместің борышты қайтаруды талап ету құқығын басқаға беруден түскен табыстар;
      5) резидент еместердiң Қазақстан Республикасындағы қызметi барысында туындаған мiндеттемелерiн, оның iшiнде жұмыстарды орындауға (қызмет көрсетуге) жасасқан келiсiм-шарттар (шарттар, келiсiмдер) бойынша және (немесе) тауарларды жеткiзуге сыртқы сауда келiсiм-шарттары бойынша мiндеттемелерiн резиденттер мен резидент еместердiң орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар, өсiмпұлдар);
      6) резидент заңды тұлғадан дивидендтер түрiнде түсетiн табыстар және осындай заңды тұлғаға қатысу үлесiнен түсетiн табыстар;
      7) мыналардан:
      резиденттерден;
      егер осы резидент еместердiң берешегi олардың тұрақты мекемесiне немесе мүлкiне қатысты болса, Қазақстан Республикасында орналасқан тұрақты мекемесi немесе мүлкi бар осы резидент еместерден алынған, борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақыларды қоспағанда, сыйақылар нысанындағы табыстар;
      8) мыналардан:
      резидент - эмитенттерден;
      егер осы резидент еместердiң берешегi олардың тұрақты мекемесiне немесе мүлкiне қатысты болса, Қазақстан Республикасында орналасқан тұрақты мекемесi немесе мүлкi бар резидент емес эмитенттерден алынатын борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақылар нысанындағы табыстар;
      9) тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметiне байланысты резиденттерден немесе резидент еместерден алынатын роялти түрiндегi табыстар;
      10) Қазақстан Республикасында орналасқан мүлiктi жалға беруден түскен табыстар;
      11) Қазақстан Республикасында орналасқан жылжымайтын мүлiктен алынатын табыстар;
      12) Қазақстан Республикасында туындайтын тәуекелдердi сақтандыру немесе қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары нысанындағы табыстар;
      13) тараптардың бiрi Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық тасымалдарда көлiк қызметiн көрсетуден түскен табыстар;
      14) Қазақстан Республикасында жеке еңбек шарты (келiсiм-шарт) бойынша немесе өзге де азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша қызметтен түскен табыстар;
      15) осындай тұлғаларға резидент заңды тұлғаға қатысты жүктелген басқару міндеттерiн орындауға байланысты басшылардың қаламақылары және (немесе) басқару органының директорлар кеңесінің, басқарманың немесе өзге де органының мүшелерi алатын өзге де төлемдер. Бұл peттe осындай тұлғалардың басқару мiндеттемелерін iс жүзінде орындаған жер маңызды емес; <*>
      16) Қазақстан Республикасында тұруға байланысты төленетiн үстемеақылар;
      17) материалдық, әлеуметтiк игiлiктер үшiн жұмыс берушi немесе жалдаушы шеккен шығыстардың өтем нысанындағы табыстары немесе Қазақстан Республикасында жұмыс iстейтiн резидент емес жеке тұлғалардың өзге де материалдық пайдалары, оның iшiнде тамақтандыруға, тұруға, оқу мекемелерiнде балалар оқытуға жұмсалған шығыстар, отбасы мүшелерiнiң демалысқа барып-келу шығыстарын қоса алғанда, демалысқа байланысты шығыстар;
      18) резидент жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын зейнетақы төлемдерi;
      19) кiмге төлем жүргiзiлетiнiне қарамастан, өнер қызметкерлерiне:
      театр, кино, радио, теледидар артистерiне, музыканттарға, суретшiлерге, спортшыларға Қазақстан Республикасындағы қызметтен төленетiн табыстар;
      20) резиденттер төлейтiн ұтыстар;
      21) Қазақстан Республикасында жеке (кәсiби) тәуелсiз қызмет көрсетуден алынған табыстар;
      22) Қазақстан Республикасында орналасқан мүлiктi тегiн алу нысанындағы табыстар, оның iшiнде осындай мүлiктен түсетiн табыстар;
      23) Қазақстан Республикасындағы қызмет негiзiнде туындайтын, алдыңғы тармақшаларда қамтылмаған табыстар резидент еместердiң Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстары деп танылады.
      Ескерту. 178-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен. (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді)
      Ескерту. 178-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2003.07.04. N 475 Заңымен. (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
      Ескерту. 178-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

28-тарау. Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме
құрмай қызметін жүзеге асыратын резидент емес
заңды тұлғалардың табыстарына салық салу тәртібі

      179-бап. Төлем көзiнен табыс салығын есептеу мен
               ұстаудың тәртiбi

      1. Резидент емес заңды тұлғаның осы Кодекстiң 178-бабында белгiленген, Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемемен байланысты емес табыстарына осы Кодекстің 180-бабында белгiленген ставкалар бойынша шегерiмдi жүргiзбестен төлем көзiнен табыс салығы салынуға тиiс.
      2. Қолма-қол және (нeмece) қолма-қол емес мысалдарда ақша, бағалы қағаздар, қатысу үлесiн, тауарлар, мүлiк беру, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету, табыс алушы peзидент еместiң борышты талап етуін есептен шығару немесе есепке алу табысты төлеу деп түсініледi. <*>
      3. Төлем көзiнен салық салуға мыналар:
      1) Қазақстан Республикасының аумағына сыртқы сауда операциялары бойынша тауарларды жеткiзумен байланысты төлемдер;
      2) резидент банктердің корреспонденттiк шоттарын ашуға және жүргiзуге, олар бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға, сондай-ақ халықаралық төлем карточкалары арқылы eceп айырысуды жүзеге асыруға байланысты қызмет көрсетуден түскен табыстар; <*>
      3) бағалы қағаздарды өткiзу кезiнде құн өсiмiнен түскен табыстар;
      4) мемлекеттiк бағалы қағаздармен және агенттiк облигацияларымен жүргiзiлген операциялардан түскен табыстар; <*>
      5) бiртұтас құбыр жүйесi бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тасымалданатын шикi мұнай сату құнының сапасы бойынша түзетуге байланысты төлемдер;
      6) сатып алушы-резиденттер борыштық бағалы қағаздар бойынша оларды сатып алу кезiнде резидент еместерге төлеген жинақталған (есептелген) сыйақылар сомасы; <*>
      7) Осы Кодекстiң 198-бабына сәйкес резидент еместiң шартты банк салымдары бойынша сыйақылары; <*>
      8) сыйақыларды қоспағанда, халықаралық қаржы лизинг шарттары бойынша қаржы лизингіне негізгі қаражатты беруден түскен табыстар жатпайды. <*>
      4. Резидент еместiң өз табыстарын үшiншi тұлғалардың және (немесе) басқа мемлекеттердегi өз бөлiмшелерiнiң пайдасына жұмсауына қарамастан, резидент еместiң табыстарына төлем көзiнен салық салынады.
      5. Осы Кодекстiң 178-бабының 8) тармақшасында белгiленген борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақылардан төлем көзiнен табыс салығын есептеу мен ұстаудың тәртiбiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.
      6. Мемлекеттiк бюджетке төлем көзiнен табыс салығын есептеу, ұстап қалу және төлеу бойынша мiндет пен жауапкершiлiк табыстарды төлеушi тұлғаға (соның iшiнде Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме арқылы қызметiн жүзеге асыратын резидент емес) жүктеледi. Осындай тұлға осы Кодекстiң 10-бабы 1-тармағына сәйкес салық агентi болып танылады.
      Егер резидент еместiң қызмет кезеңi тұрақты мекеме құру үшiн белгiленген мерзiмнен асып кетсе, ол Қазақстан Республикасында қызмет атқара бастаған кезден бастап салық агентi болып танылады.
      6-1. Депозитарлық қолхаттар бойынша табыстар төлеудiң көзi осындай депозитарлық қолхаттардың базалық активiнiң эмитентi болып табылады. <*>
      7. Төлем көзiнен табыс салығы табыс төлеудi жүзеге асырудың нысаны мен орнына қарамастан ұсталады.
      Ескерту. 179-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.
      Ескерту. 179-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      180-бап. Төлем көзiнен ұсталатын табыс салығының
               ставкалары

      Резидент еместердің Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемеге байланысты емес көздерден алатын табыстарының төлем көзiне мынадай ставкалар бойынша салық салынуға тиiс:
___________________________________________________________________
   1) дивидендтер, қатысу үлесiнен түскен          15 процент
   табыстар және сыйақылар
___________________________________________________________________
   2) тәуекелдердi сақтандыру шарттары
   бойынша төленетiн сақтандыру сыйлықақылары      10 процент
___________________________________________________________________
   3) тәуекелдердi қайта сақтандыру шарттары
   бойынша төленетiн сақтандыру сыйлықақылары      5 процент
___________________________________________________________________
   4) халықаралық тасымалдарда көлiк
   қызметтерiн көрсетуден түскен табыстар          5 процент
___________________________________________________________________
   5) осы баптың 1)-4) тармақшаларында
   аталған табыстарды қоспағанда, осы Кодекстiң
   178-бабында белгiленген табыстар                20 процент
___________________________________________________________________

      181-бап. Төлем көзiнен ұсталатын табыс салығын төлеу
               тәртiбi мен мерзiмдерi

      Резидент емес заңды тұлғаның табыстарынан ұсталатын төлем көзiнен табыс салығы мемлекеттiк бюджетке:
      1) табыстың төленген сомасы бойынша - төлем төленген ай аяқталғаннан кейiнгi бес жұмыс күнi iшiнде;
      2) есептелген, бiрақ шегерiмге жатқызылған кезде төленбеген табыс сомасы бойынша - корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшiн белгiленген мерзiмнен кейiнгi он жұмыс күнi iшiнде төленуге тиiс.
      Өтеу мерзiмдерi осы тармақшада белгiленген мерзiм аяқталған соң туындайтын борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақыларға осы тармақшаның ережелерi қолданылмайды.    

      182-бап. Салық есептiлiгiн табыс ету

      Салық агенттерi төлем көзiнен табыс салығын ұстап қалу жөнiнде мiндеттеме туындаған есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей, тiркелген жерi бойынша салық органдарына төлем көзiнен алынған табыс салығы жөнiнде тоқсан сайын есеп-қисапты табыс етуге мiндеттi.

      183-бап. Бағалы қағаздарды өткiзу кезiнде құн өсiмiнен
               түскен табыстарға салынатын салықты есептеу
               мен төлеу ерекшелiктерi

      1. Қор биржасының өткiзiлетiн күнгi "А" және "В" ресми тiзiмiндегi акциялар мен облигацияларды , сондай-ақ мемлекеттiк бағалы қағаздарды және агенттiк облигацияларды өткiзу кезiнде құн өсiмiнен түскен табыстарды қоспағанда, резидент еместiң резиденттер шығарған бағалы қағаздарды өткiзу кезiнде құн өсiмiнен түскен табыстарына осы Кодекстiң 180-бабында белгiленген ставка бойынша салық салынуға тиiс. <*>
      2. Корпорациялық табыс салығын резидент емес заңды тұлға өз бетiмен есептеп шығарады және салық осы Кодекстiң 127-бабының 4-тармағымен белгiленген мерзiмде, эмитент тiркелген жерi бойынша салық органына корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияны мiндеттi түрде табыс ете отырып, төленуге тиiс. <*>
      3. Осы баптың 1-тармағына сәйкес салық салуға жатпайтын кiрiстердi қоспағанда, резидент емес заңды тұлғаға бағалы қағаздарды сатудан түскен кiрiстер төлейтiн тұлға эмитент тiркелген жер бойынша салық органын төлем сомасы туралы кiрiс төленген кезден бастап он жұмыс күнi iшiнде хабардар етуге мiндеттi. <*>
      Ескерту. 183-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.
      Ескерту. 183-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

29-тарау. Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме
арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес
заңды тұлғалардың табыстарына салық салу тәртібі

      184-бап. Қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге
               асыратын резидент емес заңды тұлғаның
               салық салынатын табысын анықтау
               ерекшелiктерi

      1. Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметiн жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның салық салынатын табысын анықтау, корпорациялық табыс салығын есептеу мен төлеу тәртiбi осы баптың және осы Кодекстің 79-135-баптарының ережелерiне сәйкес жүргiзіледi.
      2. Резидент емес заңды тұлғаның табыстарына тұрақты мекеменiң қызметiне байланысты табыстардың барлық түрлерi жатады.
      3. Егер резидент емес заңды тұлға тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырылатын қызметiне ұқсас немесе сондай қызметтi Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын болса, осындай қызметтен түскен табыстар тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырылатын қызметтен түсетiн табыстарға жатады.
      4. Осы Кодекске сәйкес шегерiмге жатқызылмайтын шығыстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырылатын қызметтен табыстар алуға тiкелей байланысты шығыстар Қазақстан Республикасында немесе одан тыс жерлерде жасалғанына қарамастан шегерiмге жатады.
      5. Резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемеге:
      1) осы резидент емес заңды тұлғаның меншiгiн немесе санаткерлiк меншiгiн пайдаланғаны немесе пайдалану құқығын бергенi үшiн төленетiн роялти, қаламақылар, алымдар және басқа да төлемдер;
      2) қызмет көрсеткенi үшiн алынатын комиссиялық табыстар;
      3) осы резидент емес заңды тұлға берген заемдар бойынша сыйақылар;
      4) резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы қызметiнен табыстар алуымен байланысты емес шығыстар;
      5) құжатпен расталмаған шығыстар;
      6) резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде шеккен басқару және жалпыәкiмшiлiк шығыстары ретiнде ұсынылған соманы тұрақты мекемеден шегерiмге жатқызуға құқығы жоқ.

      185-бап. Резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекеме
               арқылы жүзеге асырған қызметiнен түскен таза
               табысына салық салу тәртiбi

      1. Резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырған қызметiнен алынған таза табысына 15 проценттiк ставка бойынша салық салынады.
      Есептелген корпорациялық табыс салығының сомасы алып тасталған салық салынатын табыс таза табыс деп танылады.
      2. Таза табысқа есептелген салық сомасы корпорациялық табыс салығы жөнiндегi декларацияда көрсетiледi.
      3. Резидент емес заңды тұлға тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырған қызметiнен түскен таза табысына корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшiн белгiленген мерзiмнен кейiнгi он жұмыс күнi iшiнде салық төлеуге мiндеттi.

      186-бап. Резидент емес заңды тұлғаның табыстарына
               жекелеген жағдайларда салық салу тәртібi <*>
      1. Салық органында тiркемеген резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырған қызметiнен алатын табыстарына төлем көзінен жиырма проценттік ставка бойынша шегерім жасалмай табыс салығы салынуға тиіс.
      Бұл ретте салық агентінің төлем көзінен ұстаған табыс салығы тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент еместің салық міндеттемелерін өтеу шотының eceбiнe жатқызылуға тиіс.
      2. Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент eмec салық төлеуші куәлігiнің нотариат куәландырған көшiрмесi резидент емес заңды тұлғаның салық органында тiркелуiн pacтaу болып табылады.
      Ескерту. 186-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

30-тарау. Резидент емес жеке тұлғалардың
табыстарына салық салу тәртібі

      187-бап. Төлем көзiнен табыс салығын есептеу, ұстау
               және төлеу тәртiбi

      1. Резидент емес заңды тұлғаның осы Кодекстiң 178-бабында белгiленген, осы тұлғаның тұрақты мекемесiне байланысты емес табыстарына, мыналарды:
      1) осы баптың 2-тармағында көзделген табыстарды;
      2) Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме арқылы жеке кәсiпкерлiк қызметтен түскен табыстарды;
      3) банк депозиттерi бойынша сыйақыларды;
      4) Қазақстан Республикасының аумағына сыртқы сауда операциялары бойынша тауарларды беруге байланысты төлемдердi;
      5) бағалы қағаздарды сату кезiнде құн өсiмiнен түскен табыстарды;
      6) мемлекеттiк бағалы қағаздармен және агенттiк облигацияларымен жүргiзілген операциялардан түскен табыстарды; <*>
      7) сатып алушы-резиденттер борыштық бағалы қағаздарды сатып алу кезiнде резидент еместерге төлеген, олар бойынша жинақталған (есептелген) сыйақылар сомасын қоспағанда, осы Кодекстiң 179-181-баптарында белгiленген тәртiпте және мерзiмде төлем көзiнен салық салынуға тиiс. <*>
      2. Резидент емес жеке тұлғаның осы Кодекстiң 149-151-баптарында белгiленген өзге де табыстарын қоса отырып, осы Кодекстiң 178-бабы 14)-18) тармақшаларында белгiленген табыстарына осы Кодекстiң 147, 153-баптарының ережелерiмен белгiленген тәртiпте және мерзiмде, бiрақ осындай табыстарға қатысты шегерiмдердi жүзеге асырмай, төлем көзiнен салық салынуға тиiс.
      3. Осы Кодекстiң 178-бабының 8) тармақшасында белгiленген борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақылардан төлем көзiнен табыс салығын есептеу мен ұстау тәртiбiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.
      4. Мемлекеттiк бюджетке төлем көзiнен табыс салығын есептеу, ұстап қалу және төлеу жөнiндегi мiндеттеме мен жауапкершiлiк табыстарды төлеушi тұлғаға (соның iшiнде Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметiн жүзеге асырушы резидент емеске) жүктеледi. Мұндай тұлға осы Кодекстiң 10-бабының 1-тармағына сәйкес салық агентi болып танылады.
      Егер резидент еместiң қызмет кезеңi тұрақты мекеме құру үшiн белгiленген мерзiмнен асып кетсе, ол Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асырған кезден бастап салық агентi болып танылады.
      4-1. Депозитарлық қолхаттар бойынша табыстар төлеудiң көзi осындай депозитарлық қолхаттардың базалық активiнiң эмитентi болып табылады. <*>
      5. Төлем көзiнен салықты, табыс төлемiн жүзеге асырудың нысаны мен орнына қарамастан, салық агентi ұстайды.
      Ескерту. 187-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.

      187-1-бап. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде
                Қазақстан Республикасындағы көздерден
                төленетін резидент емес жеке тұлғалар
                табыстарының жекелеген түрлерiнен жеке табыс
                салығын есептеу және төлеу тәртiбi <*>

      1. Осы Кодекстiң 178-бабының 14), 16) және 17) тармақшаларында көрсетілген резидент eмec жеке тұлғалар табыстарынан жеке табыс салығын есептеу және төлеу мынадай шарттар бiр мезгілде орындалған:
      1) ocы Кодекстің 10-бабына сәйкес салық агенті болып табылатын, Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме, филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға жұмыс беруші болып табылған;
      2) жеке еңбек шарты (келiсiм-шарт, келiсім) резидент емес жеке тұлға мен осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген салық агенті арасында жасалған;
      3) резидент eмec жеке тұлғaғa табыстарын төлеу Қазақстан Республикасынан тыс жерде жүргізілген кезде осы баптың ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
      2. Резидент емес жеке тұлғаның табыстарынан бiрiншi салық кезеңі үшін жеке табыс салығын есептеуді салық агентi осы Кодекстiң 145-бабының 1-тармағында белгіленген ставканы қолдана отырып, салық шегерімдерін eсепке алмай, жеке еңбек шартында (келісім-шартта, келiсiмде) көрсетілген резидент емес жеке тұлғаның табыс сомасынан жүргізедi.
      Бұдан кейінгі салық кезеңдерінде жеке табыс салығын салық агенті ағымдағы салық кезеңі үшiн жеке табыс салығының болжамды сомасын ecкepe отырып, өткен салық кезеңiнде шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың табыстарынан алынған жеке табыс салығының есебiнде көрсетілген резидент емес жеке тұлғаның іс жүзіндегі салық міндеттемесінің сомасын негізге ала отырып есептейді.
      3. Жеке табыс салығын төлеуді салық кезеңiнiң ішiнде ай сайын ағымдағы айдың 20-сынан кешiктірмей аванстық төлемдерді тең үлестермен енгізу арқылы салық агенті жүргізеді.
      Салық агентi салық кезеңiнiң ішінде төлеуге тиiсті жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдердiң сомалары шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың табыстарынан алынатын жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есебiнде көрсетіледі.
      Шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың табыстарынан алынатын жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есебiн салық агенті осы Кодекстiң 188-бабының 2-тармағында белгіленген мерзiмнен кешіктірмей, өзiнің тiркелген жері бойынша салық органына бередi.
      4. Резидент емес жеке тұлғалардың табыстарынан алынатын жеке табыс салығы бойынша салық кезеңiнiң iшiнде енгiзілген аванстық төлемдердің сомалары резидент емес жеке тұлғаның салық кезеңі үшін есептелген табысынан алынатын жеке табыс салығын төлеу есебiне есептеледі.
      5. Салық aгeнтi салық кезеңiнің қорытындылары бойынша шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың табыстарынан алынатын жеке табыс салығының есебiн тапсыру үшін белгiленген мерзімнен кейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей салық кезеңiнiң қорытындылары бойынша резидент eмec жeкe тұлғалардың табыстарынан алынатын жеке табыс салығының түпкілікті есебiн (төлеуді) жүзеге асырады.
      Салық кезеңiнiң қорытындылары бойынша шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың табыстарынан алынатын жeкe табыс салығының есебiн салық агенті осы Кодекстің 188-бабының 2-тармағында белгіленген мерзiмнен кешiктiрмей, өзiнің тiркелген жері бойынша салық органына табыс етеді.
      6. Салық агенті салық кезеңінің алдағы айларына шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың табыстарынан алынатын жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларының түзетілген есебiн салық органына салық кезеңiнiң iшiнде беруге құқылы. Резидент емес жеке тұлғаның табыстарынан алынатын жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдердiң сомаларын азайту жағына қарай түзету кезінде салық агенті салық органына жазбаша өтiнiш беруi қажет.
      7. Осы баптың 1-тармағында белгіленген шарттар орындалмаған кезде резидент емес жеке тұлғаның табыстарынан алынатын жеке табыс салығын есептеудi, ұстауды және төлеуді осы Кодекстiң 187-бабына сәйкес салық агенті жүргізеді.
      8. Осы баптың 1-тармағына қарамай, салық агенті осы Кодекстің 187-бабына сәйкес резидент емес жеке тұлғалардың табыстарынан алынатын жеке табыс салығын есептеудi, ұстауды және төлеуді жүргізуге құқылы.
      9. Жеке табыс салығын есептеудiң және төлеудің таңдап алынған тәртiбi салық кезеңінің ішiнде өзгермейтiн болуға тиіс.
      Ескерту. 187-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен .

      188-бап. Салық есептiлiгiн табыс ету <*>

      1. Салық агенттерi төлем көзiнен ұсталатын табыс салығы бойынша есепті тіркелген жepi бойынша салық органдарына ocы Кодекстiң 182-бабында белгіленген мерзімдерде табыс eтугe міндетті.
      2. Осы Кодекстiң 187-1-бабына сәйкес жеке табыс салығын есептеуді және төлеудi жүзеге асыратын салық агенттерi тiркелген жері бойынша салық органдарында шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың табыстарынан алынатын жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есебiн oлap Қазақстан Peспубликасына келген күннен бастап жиырма бес жұмыс күнінен кешiктірмей және келесі салық кезеңдерінде күнтiзбелiк жылдың 20 қаңтарынан кешiктірмей табыс етуге міндетті.
      Осы Кодекстің 187-1-бабына сәйкec салық кезеңінің қорытындылары бойынша шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың табыстарынан алынатын жеке табыс салығының есебiн салық агенті тіркелген жері бойынша салық органына есептi салық кезеңнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешіктiрмей табыс етеді.
      Ескерту. 188-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      189-бап. Қызметi тұрақты мекеме құруға алып келетiн
               резидент емес жеке тұлғадан табыс салығын
               алуды есептеу және төлеу тәртiбi

      1. Қазақстан Республикасында жеке кәсіпкерлiк қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес жеке тұлға, осы Кодекстiң ережелерiне және 184-бабының 5-тармағына сәйкес шегерiмге жатпайтын шығыстарды қоспағанда, тiкелей осындай табыстарға қатысты жасалған шегерiмдер сомасына азайтылған нақ сондай қызметпен байланысты табыс бойынша жеке табыс салығын төлеушi болып табылады.
      Резидент емес жеке тұлға көрсететiн тәуелдi жеке қызметтер (жалданатын жұмыс) осы жеке тұлғаның тұрақты мекемесiн құруға алып келмейдi.
      2. Салық салынатын табысты анықтау, жеке табыс салығын есептеу және төлеу тәртiбi осы баптың және осы Кодекстiң 163-170-баптарының ережелерiне сәйкес жүргiзiледi.
      3. Резидент емес жеке тұлға жеке табыс салығын осы Кодекстiң 191-бабында белгiленген тәртiппен және мерзiмде дербес төлейдi. <*>
      Ескерту. 189-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.

      190-бап. Резидент емес жеке тұлғаның табысына жекелеген
               жағдайларда салық салу тәртiбi

      1. Осы бапқа сәйкес резидент емес жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстарының мынадай түрлерiне:
      осы Кодекстің 191-бабына сәйкес салық салынуға жататын табыстарды қоспағанда, осы Кодекстiң 10-бабына сәйкес салық агенттерi болып табылмайтын тұлғалардан алынған табыстарға;
      сатылатын күні қор биржасының "А" және "В" ресми тізімдеріндегі акциялар мен облигацияларды, сондай-ақ мемлекеттік бағалы қағаздар мен агенттік облигацияларды қоспағанда, резиденттер шығарған бағалы қағаздарды сату кезіндегі құн өсімінен түскен табыстарға салық салынуға тиіс. <*>
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген резидент емес жеке тұлғалардың табыстарына осы Кодекстiң 180-бабында белгіленген ставкалар бойынша шегерімдерді жүзеге асырмай салық салынуға тиіс.<*>
      3. Резидент емес жеке тұлға жеке табыс салығын есептеу мен төлеудi осы Кодекстің 191-бабының 5-тармағында белгiленген мерзiмде дербес жүргiзедi.
      4. Осы баптың 2-тармағына сәйкес салық салуға жатпайтын кiрiстердi қоспағанда, резидент емес жеке тұлғаға бағалы қағаздарды сатудан түскен кiрiстер төлейтiн тұлға эмитент тiркелген жер бойынша салық органын төлем сомасы туралы кiрiс төленген кезден бастап он жұмыс күнi iшiнде хабардар етуге мiндеттi. <*>
      Ескерту. 190-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.
      Ескерту. 190-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      191-бап. Аванстық төлемдердi және жеке табыс салығын
              төлеу тәртiбi мен мерзiмдерi

      1. Мынадай резидент емес жеке тұлғалар:
      1) Осы Кодекске сәйкес арнайы салық режимдерiн қолданатын тұлғаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жеке кәсіпкерлiк қызметтен табыс түсiретiн резидент емес жеке тұлғалар; <*>
      2) төлем көзiнен табыс салығы салынатын табыстарды қоспағанда, осы Кодекстiң 149-151-баптарында көзделген өзге де табыстарды қоса отырып, осы Кодекстiң 178-бабының 14)-16) және 17)
тармақшаларында белгiленген табыстарды алатын резидент емес жеке тұлғалар жеке табыс салығын аванстық төлемдердi енгiзу жолымен төлейдi.
      1-1. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген резидент емес жеке тұлғаларға жеке табыс салығын есептеу шегерiмдi жүзеге асырмастан есептелген табыс сомасына осы Кодекстiң 145-бабының 1-тармағында белгiленген ставкаларды қолдану арқылы жүргiзiледi. <*>
      2. Осы баптың 1-тармағында аталған резидент емес жеке тұлға өз қызметiн жүзеге асырған кезең үшiн жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi осы Кодекстiң 126 және 127-баптарында белгiленген тәртiп пен мерзiмдерде төлейдi. <*>
      3. Резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыруы кезеңiнде тең үлеспен төленетiн жеке табыс салығы бойынша аванстық төлем сомалары жеке табыс салығының болжамды сомасы туралы мәлiмдемеде аталған салық сомасын негiзге ала отырып анықталады.
      Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында аталған резидент емес заңды тұлғалар жеке табыс салығының болжамды сомасы туралы мәлiмдемеге жеке еңбек шартын (келiсiм-шарт) немесе салық салынатын табыстың мәлiмделген сомасын растайтын азаматтық-құқықтық сипаттағы өзге де шартты қоса беруге мiндеттi.
      4. Аванстық төлемдердiң енгiзiлген сомалары ағымдағы салық кезеңi үшiн резидент емес жеке тұлғаға есептелген жеке табыс салығын төлеу есебiне жатқызылады.
      5. Түпкiліктi есеп айырысу және жеке табыс салығын төлеу салық кезеңi үшін жеке табыс салығы бойынша декларация тапсыру үшiн белгіленген мерзімнен кейiн он жұмыс күнiнен кешіктірілмей жүргізіледі. <*>
      Ескерту. 191-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.
      Ескерту. 191-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      192-бап. Жеке табыс салығының болжамды сомасы туралы
              мәлiмдеме және жеке табыс салығы жөнiндегі
              декларация <*>

      1. Осы Кодекстің 191-бабында көрсетілген резидент емес жеке тұлғалар осы Кодекстің 527-бабында белгіленген тіркелу күнінен бастап жиырма бес жұмыс күнінен кешіктірмей және келесі жылдары күнтiзбелiк жылдың 20 қаңтарынан кешiктiрмей қызметiн жүзеге асыру кезеңіндегі жеке табыс салығының болжамды сомасы туралы мәлiмдеменi тiркелген жері бойынша салық органдарына табыс етуге мiндетті.
      2. Мыналар:
      1) осы Кодекстiң 191-бабының 1-тармағында көрсетілген;
      2) осы Кодекстiң 190-бабының 1-тармағында белгіленген табыстарды алатын;
      3) Қазақстан Республикасында отыз күнтiзбелiк күннен астам уақыт кәсiпкерлiк қызметiн жүзеге асыратын және салық кезеңі iшiнде Қазақстан Республикасындағы көздерден тиiсті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 500 айлық есептік көрсеткiштен астам табыс алатын резидент емес жеке тұлғалар осы Кодекстің 172-бабында белгiленген мерзiмнен кешiктірмей тiркелген жерi бойынша салық органдарына жеке табыс салығы жөнiндегі декларацияны табыс етедi.
      Ескерту. 192-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.
      Ескерту. 192-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен .

31-тарау. Халықаралық шарттар бойынша арнаулы ережелер

      193-бап. Халықаралық шартты қолдану жағдайы

      1. Қазақстан Республикасы тараптардың бiрi болып табылатын, қосарланған салық салуды болдырмау және табысқа немесе мүлiкке (капиталға) салық салудан жалтарудың жолын кесу туралы халықаралық шарттың (бұдан әрi осы Кодекстiң 193-204-баптарының мақсатында - халықаралық шарт) ережелерi осындай шарт жасасқан мемлекеттердiң бiрiнiң немесе екеуiнiң де резидентi болып табылатын тұлғаларға қолданылады.
     2. Егер халықаралық шарт жасасқан мемлекеттiң резидентi халықаралық  шарттың ережелерiн халықаралық шарт жасасқан мемлекеттiң резидентi болып табылмайтын басқа тұлғаның мүддесiнде пайдаланса, ондай резидентке осы баптың 1-тармағының ережесi қолданылмайды.    

      194-бап. Халықаралық шарттар әкiмшiлiгiн жүргiзу тәртiбi

      Халықаралық шарттар әкiмшiлiгiн жүргiзу осы Кодекстiң 193-204-баптарының ережелерiне сәйкес уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгілеген тәртiппен жүзеге асырылады.

      195-бап. Қазақстан Республикасындағы көздерден табысқа
               салық салу мақсатында резидент емес заңды
               тұлғаның басқару және жалпыәкiмшiлiк
               шығыстарын шегерiмге жатқызу әдiстерi

      1. Егер Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның салық салынатын табысын анықтау кезiнде оның Қазақстан Республикасындағы, сондай-ақ одан тыс жерлердегi осындай салық салынатын табысты алу мақсатында шеккен басқару және жалпыәкiмшiлiк шығыстарын шегерiп тастауға халықаралық шарттың ережелерiмен жол берiлсе, онда мұндай шығыстардың сомасы мынадай әдiстердiң бiрi бойынша:
      1) шығыстарды барабар бөлу әдiсi;
      2) шығыстарды шегерiмге тура (тiкелей) жатқызу әдiсi бойынша анықталады.
      2. Резидент емес заңды тұлға басқару және жалпыәкiмшiлiк шығыстарын шегерiмге жатқызудың аталған әдiстерiнiң бiрiн дербес таңдайды.
      3. Басқару және жалпыәкiмшiлiк шығыстар шегерiмiн тұрақты мекемеге жатқызу әдiсi (шығыстарды барабар бөлудiң әдiсi кезiнде пайдаланылатын есептiк көрсеткiштi есептеп шығару тәртiбiн қоса) жыл сайын қолданылады және салық органымен келiсе отырып қана өзгертiлуi мүмкiн.

      196-бап. Шығыстарды барабар бөлу әдiсi

      1. Барабар бөлу әдiсiн пайдалану кезiнде осы Кодекстiң 195-бабында аталған, тұрақты мекеменiң шегерiмiне жатқызылған басқару және жалпыәкiмшiлiк шығыстар сомасы осындай шығыстар мен есептiк көрсеткiш сомаларының туындысы ретiнде анықталады.
      2. Есептiк көрсеткiш мына тәсiлдердің бiрi:
      1) резидент емес заңды тұлғаның салық кезеңiнде Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырудан түсiрген жылдық жиынтық табысы сомасының, резидент емес заңды тұлғаның тұтас алғанда аталған салық кезеңiндегi жылдық жиынтық табысының жалпы сомасына қатынасы;
      2) орташа мөлшерiн үш көрсеткiш бойынша анықтау:
      резидент емес заңды тұлғаның салық кезеңiнде Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметiн жүзеге асырудан түсiрген жылдық жиынтық табысы сомасының резидент емес заңды тұлғаның тұтас алғанда аталған салық кезеңiндегi жылдық жиынтық табысының жалпы сомасына қатынасы;
      Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеменiң салық кезеңiнiң соңындағы жай-күйi бойынша қаржылық есебiнде ескерiлген негiзгi құралдарының бастапқы (ағымдағы) құнының резидент емес заңды тұлғаның тұтас алғанда нақ сол салық кезеңiндегi негiзгi құралдарының бастапқы (ағымдағы) құнына қатынасы; <*>
      Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемеде жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң еңбегiне ақы төлеу жөнiндегi салық кезеңiнiң соңындағы жай-күйi бойынша шығыстар сомасының резидент емес заңды тұлға қызметкерлердiң тұтас алғанда осындай салық кезеңiнде еңбегiне ақы төлеу жөнiндегi шығыстардың жалпы сомасына қатынасы бойынша есептеп шығарылады. <*>
      Есептiк көрсеткiштi есептеп шығарудың жоғарыда аталған тәсiлдерiнiң бiрiн резидент емес заңды тұлға дербес анықтайды.
      3. Есептесу жолымен анықталған басқару және жалпыәкiмшiлiк шығыстарының сомасы растайтын құжаттар болған кезде ғана тұрақты мекеменiң шегерiмiне жатқызылады.
      4. Растайтын құжаттар мыналар:
      1) резидент емес заңды тұлғаның қаржы есептiлiгiнiң көшiрмесi, онда резидент емес заңды тұлға анықтаған есептiк көрсеткiшке байланысты:
      тұтас алғанда жылдық жиынтық табыстың жалпы сомасы;
      тұтас алғанда қызметкерлердiң еңбекақы бойынша шығыстарының жалпы сомасы; <*>
      тұтас алғанда негiзгi қаражаттың бастапқы және қалдық құны;
      әрбiр бап бойынша шығыстардың ажыратылған жазбасы, оның iшiнде басқару және жалпыәкiмшiлiк шығыстарының жалпы сомасының ажыратылған жазбасы көрсетiледi;
      2) резидент емес заңды тұлғаның (мұндай тұлғаның қаржылық есептілігiнiң аудитi жүзеге асырылған кезде) қаржылық есептілiгiнiң аудитi бойынша аудиторлық қорытындының көшiрмесi болып табылады.
      5. Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеменiң шегерiмiне жататын аталған шығыстар сомасының есебi Қазақстан Республикасының тиiстi салық органына тапсырылатын корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияға қоса тiркеледi.
      6. Барабар бөлуге жататын басқару және жалпыәкiмшiлiк шығыстар сомасы салық есептiлiгiнде көрiнiс таппаса, мұндай шығыстар тұрақты мекеменiң шегерiмiне қабылданбайды.
      Ескерту. 196-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.

      197-бап. Шығыстарды шегерiмге тiкелей (тура) жатқызу
               әдiсi

      1. Резидент еместiң басқару немесе жалпыәкiмшiлiк шығыстарын шегерiмге тiкелей (тура) жатқызу әдiсiн пайдалану кезiнде, егер мұндай шығыстар тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен табыс алу мақсаты үшін тура анықталса және тікелей келтiрiлген болса, онда Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеменiң шегерiмiне жатқызылады.
      Аталған шығыстар растайтын құжаттар болған кезде ғана тұрақты мекеменiң шегерiмiне жатады.
      2. Растайтын құжаттар мыналар:
      1) тұрақты мекеме арқылы қызметтен табыс алу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағындағы резидент емес заңды тұлға шеккен шығыстарды растайтын бухгалтерлiк құжаттар;
      2) тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен табыс алу мақсатында Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде резидент емес заңды тұлға шеккен шығыстарды растайтын бухгалтерлiк құжаттардың көшiрмелерi.

      198-бап. Резидент еместердiң Қазақстан Республикасында
               тұрақты мекеме құруға алып келмейтiн
               қызметiнен түскен табыстарынан табыс салығын
               шартты банк салымдары арқылы төлеу тәртiбi <*>

      1. Осы бапта көзделген табыс салығын төлеу тәртiбi, егер осы Кодекстiң 199-202-баптарында өзгеше көзделмесе, осы баптарда аталған табыстарды қоспағанда, резидент еместің халықаралық шарттың ережелерiне сәйкес тұрақты мекеме құруға алып келмейтiн Қазақстан Республикасындағы қызметiнен түскен табысына қолданылады.
      2. Қазақстан Республикасындағы көздерден табыс алатын осы баптың 1-тармағында аталған резидент еместің осы бапта көзделген табыс салығын төлеу тәртiбiн қолдануға құқығы бар. Осы баптың ережелерiн қолданбаған жағдайда, салық агентi төлем көзiнен жеке табыс салығын ұстап қалып, мемлекеттiк бюджетке жалпы белгiленген тәртiппен аударуға мiндеттi.
      3. Табыс табатын резидент емес, салық агентi және салық агентi белгiлеген резидент-банк (бұдан әрi - банк) осы баптың ережелерiн ескере отырып, шартқа қатысушылармен келiскен нысан бойынша шартты банк салымы туралы шарт жасасады.
      Осы Кодекстiң 181-бабына сәйкес айқындалатын төлем көзiнен табыс салығын төлеу күнiне шартты банк салымы туралы шарты болмаған жағдайда, салық агентi төлем көзiнен табыс салығын мемлекеттiк бюджетке аударуға мiндеттi. <*>
      4. Салық агентi:
      1) шартты банк салымы туралы шартқа қол қойылған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде көшiрмесi аталған салық органына берiлетiн мұндай шартты өзiнiң тiркелген жерi бойынша салық органында тiркеуге;
      2) шартты банк салымына табыс салығы аударылған кезден бастап екi жұмыс күнi iшiнде өзiнiң тiркелген жерi бойынша салық органына төлем құжатының көшiрмесiн беруге мiндеттi. <*>
      5. Осы баптың ережелерi салық органында тiркелген шартты банк салымы туралы шарттарға ғана қолданылады. Бұл ретте талаптары осы баптың ережелерiне қайшы келмейтiн шартты банк салымы туралы шарттар тiркелуге тиiс.
      6. Резидент емеске табыс төлеу кезiнде салық агентi осы Кодекстің 180-бабында белгiленген ставка бойынша төлем көзiнен табыс салығын ұстап қалуды жүргiзуге және ұстап қалған салық сомасын резидент еместiң пайдасына банкке шартты банк салымына аударуға мiндеттi.
      7. Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) аяқталуына қарай және халықаралық шарт талаптарын орындау кезiнде резидент емес табыс салығының бұрын ұсталған сомасын қайтару мақсатымен салық органына уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiп пен нысан бойынша өтiнiш табыс етедi. <*>
      8. Салық органы уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген мерзiмнен кешіктiрмей аталған өтiнiштi және қажеттi құжаттарды қарайды, өтiнiш бойынша шешiм қабылдап, резидент емеске және банкке хабарлайды. <*>
      9. Ұсталған табыс салығын қайтаруға салық органы куәландырған өтiнiштi алған кезде, банк осындай өтiнiштi берген резидент емеске есептелген банк сыйақыларымен бiрге өтiнiште көрсетiлген шекте шартты банк салымындағы сомаға иелiк етуге құқық бередi.
      10. Салық органының терiс шешiмiмен келiспеген жағдайда резидент еместiң осындай шешiмдi алған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде не белгіленген мерзім өткен соң салық органының шешімі болмаған жағдайда оның шешiмiне шағымдану туралы бiр мезгiлде салық органына хабарлай отырып, халықаралық шарттың ережелерiн қолданудың дұрыстығына қатысты мәселенi қайта қарау туралы уәкiлеттi мемлекеттiк органға (қажет жағдайда, резиденттiк елдiң құзыреттi органын тарта отырып) өтiнiш жасауға құқығы бар. <*>
      11. Өтiнiш бойынша терiс шешiм қабылданған кезде және резидент еместен салық органының шешiмiне шағымдану туралы хабарламаны белгiленген мерзiм iшiнде алмаған жағдайда салық органы халықаралық шарттың ережелерiн қолданудан бас тарту туралы хабарламаны резидент емес алған күннен бастап он жұмыс күнi өткен соң, резидент еместiң табыстарын салық салудан босатудан бас тартуды куәландыратын құжатты қоса тiркеп, өтiнiште көрсетiлген және шартты банк салымына орналастырылған соманы есептелген банк сыйақыларымен бiрге мемлекеттiк бюджетке аудару туралы инкассолық өкiмдi банкке жiбередi.
      12. Банк инкассалық өкiмдi алған күннен кейiнгi бiр операциялық күннен кешiктiрмей шартты банк салымына орналастырылған табыс салығы сомаларын және есептелген банк сыйақыларын мемлекеттiк бюджетке аударуға мiндеттi. <*>
      Өндiрiп алынған салықтың осындай сомасы резидент еместің мемлекеттiк бюджет алдындағы мiндеттемесiн өтеу есебiне есепке жатқызылады.
      13. Шартты банк салымдары ұлттық немесе шетелдiк валютада ашылады. Шартты банк салымдары шетелдiк валютада ашылған жағдайда, табыс салығының және банк сыйақыларының сомасы бюджетке салық төлеген кездегi валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша есептелген ұлттық валютамен аударылады. <*>
      14. Резидент еместің және салық агентiнің салық органы қандай да бiр шешiм қабылдағанға дейiн шартты банк салымында орналасқан табыс салығы сомасына иелiк етуге құқығы жоқ.
      15. Шартты банк салымы туралы шарттың ережелерi бұзылған және табыс салығының ұстап қалған сомасы мемлекеттiк бюджетке банктiң кiнәсiнен уақытылы аударылмаған жағдайда, банк Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. <*>
      16. Шартты банк салымында орналастырылған табыс салығын мемлекеттiк бюджетке аудару жөнiндегi мiндеттемелердi банктiң орындауы мүмкiн болмаған жағдайда, төлем көзiнен табыс салығын, банк сыйақыларын және мемлекеттiк бюджетке салықты дер кезiнде аудармағаны үшiн айыппұл санкцияларын аудару жөнiндегi мiндеттемелер салық агентiне жүктеледi.
      16-1. Шоттарында шартты банк салымдары орналасқан банктер тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-iнeн кешiктiрмей салық агенттерiнiң тiркелген жерi бойынша салық органдарына уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша есеп беруге мiндеттi. <*>
      17. Салық органдары:
      1) шартты банк салымдарында орналастырылған;
      2) халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға құқығы бар резидент еместерге төленген;
      3) мемлекеттiк бюджетке аударылған табыс салығының сомасына есеп жүргiзiп отыруға мiндеттi.
      Ескерту. 198-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.
      Ескерту. 198-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      198-1-бап. Резидент еместiң Қазақстан Республикасындағы
                 көздерден алған табыстарынан төленген табыс
                 салығын мемлекеттiк бюджеттен қайтару
                 тәртiбi<*>

      1. Тиiсті халықаралық шартты қолдануға құқығы бар резидент еместің Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстарынан мемлекеттік бюджетке табыс салығы төленген жағдайда мұндай резидент еместің төленген табыс салығын осы Кодекстiң 38-бабында белгіленген талап қою мерзiмiнiң ішінде мемлекеттiк бюджетін қайтарып алуға құқығы бар.
      Бұл ретте Резидент емес салық органына уәкілетті мемлекеттiк орган белгілеген тәртіппен және нысанда халықаралық шартты қолдануға өтінiш бередi.
      2. Салық органы уәкілетті мемлекеттiк орган белгiлеген мерзiмнен кешiктірмей өтінiш қарайды және өтiнiште көрсетілген ақпарат дұрыс болған жағдайда резидент емеске осы Кодекстiң 40-бабында белгiленген тәртіппен мемлекеттік бюджеттен табыс салығы сомасын қайтаруды жүргiзедi.
      3. Халықаралық шарттың ережелерiн қолдану заңсыз болған жағдайда салық органы одан бас тартуын негiздеп, резидент eмескe жауап жiбередi.
      4. Салық органының бұл шешімiмен келіспеген жағдайда резидент еместiң мұндай шешiм алынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде не белгіленген мерзiм өткен соң салық органының шешімі болмаған жағдайда уәкілетті мемлекеттiк органға (қажет болған жағдайда резиденттік елдiң құзыретті органын тарта отырып) халықаралық шарттардың ережелерiн қолданудың заңдылығына қатысты мәселенi қайта қарау туралы өтініш жасауға құқығы бар.
      Ескерту. 198-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      199-бап. Халықаралық шартты халықаралық тасымалдарда
               көлiк қызметiн көрсетуден түскен табыстарға
               салық салуға қатысты қолдану тәртiбi

      1. Қазақстан Республикасы тараптардың бiрi болып табылатын халықаралық тасымалдардағы көлiк қызметiн көрсетуден түскен, халықаралық шарт ережелерiн қолдануға құқығы бар резидент емес заңды тұлға алатын табыстар, егер оның Қазақстан Республикасында осындай қызметпен байланысты тұрақты мекемесi болса, резиденттiгiн растайтын құжат негiзiнде халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға өтінiш бермей салық салудан босатылуға тиiс.
      Бұл ретте, резидент емес заңды тұлға халықаралық тасымалдардағы көлiк қызметiн көрсетуден түскен (халықаралық шартқа сәйкес салық салуға жатпайтын) және Қазақстан Республикасының аумағында көлiк қызметiн көрсетуден түскен (салық салуға жататын) табыстар сомасына бөлек есеп жүргiзуге, сондай-ақ аталған табыстарды корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияда көрсетуге мiндеттi.
      Корпорациялық табыс салығы бойынша декларациядағы салық салынатын табыстың жалпы сомасы бөлек есеп жүргiзу негiзiнде есептелген, халықаралық шартқа сәйкес салық салудан босатылуға тиiс салық салынатын табыстың сомасына азайтылады.
      Халықаралық шарттың ережелерiн дұрыс қолданбау салықты мемлекеттiк бюджетке төлемеуге немесе толық төлемеуге әкеп соққан жағдайда, салық төлеушi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. <*>
      2. Қазақстан Республикасы тараптардың бiрi болып табылатын, резидент еместiң тұрақты мекемесiмен байланысы жоқ халықаралық тасымалдарда көлiк құралдарын пайдаланудан түскен кiрiстi резидент емеске төлеу кезiнде салық агентi, егер мұндай резидент емес табысты түпкiлiктi алушы болса және халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға құқығы болса, резиденттiгiн растайтын құжат болған жағдайда тиiстi халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға құқылы.
      Салық агентi салық органына берiлетiн төлем көзiнен салынатын табыс салығы бойынша есепте халықаралық шарттардың ережелерiне сәйкес төленген (есептелген) кiрiстi және ұсталған (ұстаудан босатылған) салық сомасын, табыс салығының ставкасын және халықаралық шарттардың атауын көрсетуге мiндеттi.
      Мемлекеттiк бюджетке салықты төлемеуге немесе толық төлемеуге әкеп соққан халықаралық шарт ережелерiн заңсыз қолданған жағдайда салық агентi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершiлiкте болады. <*>
      Ескерту. 199-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.

      200-бап. Халықаралық шартты резидент еместің Қазақстан
              Республикасындағы көздерден алған табыстарының
              жекелеген түрлерiне салық салуға қатысты
              қолдану тәртiбi <*>

      1. Салық агентінің табыстарды резидент емеске төлеу кезінде, егер осындай резидент емес табыстарды түпкіліктi алушы болып табылса және халықаралық шартты қолдануға құқылы болса, оны қолдануға өтініш бермесе де, резидент eмec ұсынған резиденттіктi растаушы құжат негізiнде осындай халықаралық шартты қолдануға құқығы бар.
      Ocы бапта белгіленген халықаралық шарттардың қолдану тәртiбi резидент еместiң Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстарының мынадай түрлерiне:
      1) дивидендтерге;
      2) сыйақыларға (проценттерге);
      3) роялтиге;
      4) сенiмгерлік басқару мен кастодиандық қызмет көрсету үшін комиссияларға;
      5) осы Кодекстің 178-бабының 2) тармақшасында көрсетілген, ол бойынша Қазақстан Республикасының аумағында осы резидент емес жұмыстар орындайтын келiсiм-шарттарға (жобаларға) байланысты емес, тек қана Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде қызмет көрсетуден алынатын табыстарға;
      6) осы Кодексте халықаралық шарттарды қолдану жөнiндегi әкiмшiлiк рәсiмдер белгiленбеген, халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасында салық салудан босатуға жататын, Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған өзге де табыстарға салық салуға қатысты қолданылады. <*>
      2. Салық агентi салық органына ұсынатын төлем көзiнен алынатын табыс салығы бойынша есеп-қисапта халықаралық шарттардың ережелерiне сәйкес төленген (есептелген) табыстар мен ұсталған салықтардың сомасын, табыс салығының ставкасын және халықаралық шарттардың атауын көрсетуге мiндеттi.
      3. Салық агентiнiң халықаралық шарт ережелерiн дұрыс қолданбауы мемлекеттiк бюджетке салықты төлемеуге немесе толық төлемеуге әкеп соққан жағдайда ол Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. <*>
      Ескерту. 200-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.
      Ескерту. 200-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      201-бап. Халықаралық шартты тұрақты мекеме арқылы
               қызметтен түскен таза табысқа салық салуға
               қатысты қолдану тәртiбi

      1. Егер резидент емес тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен түскен таза табысты түбегейлi алушы болса және тиiстi халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға құқылы болса, мұндай резидент еместiң резиденттiктi растайтын құжат негiзiнде халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға өтiнiш бермей-ақ таза табысқа салық салуға қатысты халықаралық шарт ережелерiн қолдануға құқығы бар.
      2. Резидент емес заңды тұлға корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияда ставканы, таза табысқа салынатын салық сомасын және оның негiзiнде тиiстi салық ставкасы қолданылған халықаралық шарттың атауын көрсетуге мiндеттi.
      3. Халықаралық шарттың ережелерiн дұрыс қолданбауы мемлекеттiк бюджетке салықты төлемеуге немесе толық төлемеуге әкеп соққан жағдайда салық төлеушi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. <*>
       Ескерту. 201-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.

       201-1-бап. Халықаралық шартты резидент емес жеке
                 тұлғаның Қазақстан Республикасындағы
                 көздерден алған табыстарына салық салуға
                 қатысты қолдану тәртiбi <*>

      1. Салық агентінің Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстарды резидент емес жеке тұлғаға төлеу кезiнде, eгep осындай резидент емес жеке тұлға табыстардың түпкілiкті алушысы болып табылса және халықаралық шартты қолдануға құқығы болса, резидент емес жеке тұлға оны қолдануға өтініш бермесе де, резиденттіктi растайтын құжаттың негізінде тиісті халықаралық шартты қолдануға құқығы бар.
      Салық агенті салық органына берiлетiн төлем көзiнен табыс салығы жөніндегі есепте халықаралық шарттарға сәйкес төленген (есептелген) және салық төлеуден босатылған табыстардың сомаларын, табыс салығының ставкаларын және осындай халықаралық шарттардың атауларын көрсетуге мiндеттi.
      Халықаралық шартты мемлекеттік бюджетке салықты төлемеуге немесе толық төлемеуге әкеп соқтырған заңсыз қолдану кезiнде салық агенті Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
      2. Төлем көзінен салық салынбайтын, Қазақстан Республикасындағы көздерден табыстар алатын резидент eмec жеке тұлға халықаралық шарттың талаптарын орындау кезiнде осы шартты қолдануға құқылы.
      Бұл pетте резидент емес жеке тұлға осы Кодекстің 527-бабында белгіленген тiркеу күнiнен бастап жиырма бес жұмыс күнiнен кешіктiрмей тiркеу орны бойынша салық органына, не осы Кодекстiң 190-бабында көрсетiлген, халықаралық шартқа cәйкec Қазақстан Республикасында салық салудан босатылуға жататын табыстарды алған жағдайда осы Кодекстің 172-бабында белгіленген жеке табыс салығы бойынша декларация тапсыру мерзiмiнен кешіктірмей резиденттікті растайтын құжатты беруге мiндетті.
      Резидент емес жеке тұлға резиденттіктi растайтын құжатты осы тармақта көрсетілген мерзім ішінде бермеген кезде резидент емес жеке тұлғаның Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстарына осы Кодексте белгіленген тәртіппен салық салынуға тиіс.
      Бұл ретте тиісті халықаралық шартты қолдануға құқығы бар резидент емес жеке тұлға Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстардан мемлекеттік бюджетке табыс салығын төлеген жағдайда, мұндай резидент еместің төленген табыс салығын осы Кодекстiң 198-1-бабында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк бюджеттен қайтарып алуға құқығы бар.
      Ескерту. 201-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.
      Ескерту. 201-1-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      202-бап. <*>
     Ескерту. 202-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      203-бап. Халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға
               өтiнiш беру кезiнде қойылатын жалпы талаптар

      Осы Кодекстiң 198 және 198-1-баптарын қолданған жағдайда, мемлекеттiк уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға өтiнiштi салық органы мынадай талаптар орындалған кезде: 
      1) өтiнiшпен бiрге:
      жұмыстарды орындауға (қызметтер көрсетуге) немесе өзге де мақсаттарға жасалған келiсiм-шарттардың (шарттардың, келiсiмдердiң) көшiрмелерiн;
      резидент емес заңды тұлғаның құрылтайшылары (қатысушылары) көрсетiле отырып, құжаттарының (құрылтай құжаттарының не сауда-саттық тiзiлiмi үзiндi жазбасының) көшiрмелерiн; <*>
      резидент еместің әр түрлi жұмыстарды орындаған кезiнде - орындалған жұмыстардың актiсiн, құрылыс жұмыстарын орындаған кезiнде - объектiнi пайдалануға қабылдау актiсiн, көрсетiлген қызметтер үшiн табыс алғанын растайтын шотты немесе төлем құжатын табыс еткен;
      2) салық агентi есептелген және (немесе) төленген табыстар және ұстап қалған салықтар сомасын растайтын бухгалтерлiк құжаттарды табыс еткен;
      3) Қазақстан Республикасы халықаралық шарт жасасқан өтiнiш берушiнiң мемлекетiнің құзыреттi немесе уәкiлеттi органы өтiнiш берушiнiң резиденттiгiн растаған кезде (аталған өтiнiш бланкiсiнде немесе резиденттiктi растайтын құжатты қоса отырып). Бұл орайда осы баптың және осы Кодекстiң 193-202-баптарының мақсаттары үшiн тиiстi халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға құқығы бар резидент емес резиденттiк елiндегi өзiнiң тiркелу деректерi өзгерген жағдайда аталған баптарда белгiлеген тәртiппен өзгерген деректердi ескере отырып, резиденттiгiн растайтын құжат тапсыруға мiндеттi;
      4) Қазақстан Республикасының заңдарында немесе тараптарының бiрi Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық шартта белгiленген тәртiппен қойылған қол мен резидент еместің резиденттiгiн растаған органның мөрiн (резиденттiгiн растайтын құжатты) дипломатиялық немесе консулдық заңдастыруды жүзеге асырған кезде қабылдайды.
      2. <*>
      Ескерту. 203-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.
      Ескерту. 203-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).    

     204-бап. Қазақстан Республикасында салықтың ұсталған
              және төленген сомалары туралы анықтама

      Резидент еместің талап етуi бойынша салық органы Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұстап қалған салықтардың сомалары туралы анықтама бередi.

8-бөлім. Қосылған құн салығы

32-тарау. Жалпы ережелер

      205-бап. Қосылған құн салығы ұғымы

      Қосылған құн салығы тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өндiру және олардың айналысы процесiнде қосылған, оларды өткiзу бойынша салық салынатын айналым құнының бiр бөлiгiн бюджетке аударуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы тауарлар импорты кезiндегi аударымды бiлдiредi. Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиiстi қосылған құн салығы сатылған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн есептелген қосылған құн салығының сомасы мен алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн төленуге тиiстi қосылған құн салығының сомасы арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

      206-бап. Салық салу объектiлерi

      Мыналар:
      1) салық салынатын айналым;
      2) салық салынатын импорт қосылған құн салығын салу объектiлерi болып табылады.

      207-бап. Төлеушiлер

      1. Мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда, осы Кодекстiң 208-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында қосылған құн салығы бойынша есепке тұрған тұлғалар қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылады. <*>
      2. Тауарлар импорты кезiнде қосылған құн салығын төлеушiлер Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес осы тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына импорттайтын тұлғалар болып табылады.
      Ескерту. 207-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.

33-тарау. Қосылған құн салығы бойынша есепке қою

      208-бап. Қосылған құн салығы бойынша есепке
               қоюға қойылатын талаптар

      1. Кез келген (он екi айдан аспайтын) кезеңнiң қорытындысы бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткiзу бойынша айналымның мөлшерi осы баптың 3-тармағында белгіленген өткiзу бойынша ең төменгi айналымнан асатын болса, тұлға осы кезең аяқталған күннен бастап он бес күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы салық органына өтiнiш беруге мiндеттi.
      2. Өткiзу бойынша айналымды анықтау кезiнде осы Кодекстiң 225-бабына сәйкес салықтан босатылатын өткiзу бойынша айналым, сондай-ақ жеке тұлғаның жеке мүлкiн өткiзу бойынша айналым, егер ондай мүлiк кәсiпкерлiк қызмет мақсатында пайдаланылмаса, есепке алынбайды.
      Осы баптың 1-тармағының мақсаттары үшiн шаруа (фермер) қожалығына арналған арнаулы салық режимiнде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын салық төлеушi, өткiзу бойынша айналым мөлшерiн анықтау кезiнде осы арнаулы салық режимiне кiретiн қызметтi жүзеге асырудан түскен өткiзу бойынша айналымды есепке алмауына болады.
      Заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерi болған жағдайда, өткiзу бойынша айналым көлемi осы тұлғаның барлық құрылымдық бөлiмшелерiнің өткiзу бойынша айналымдары ескерiле отырып айқындалады.
      3. Өткiзу бойынша айналымның ең төмен деңгейi осы баптың 1-тармағында көрсетiлген кезеңнің соңғы айына белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 12000 еселенген шамасын құрайды. <*>
      4. Осы баптың 1-тармағына сәйкес қосылған құн салығы бойынша есепке қойылуға жатпайтын, бiрақ қосылған құн салығын салуға жататын тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткiзудi жүзеге асыратын немесе жүзеге асыруды жоспарлаған тұлға қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы өтiнiштi салық органына ерiктi түрде бере алады.
      5. Тұлға қосылған құн салығы бойынша ол есепке қою туралы  өтiнiш берген айдан кейiнгi айдың алғашқы күнiнен бастап қосылған құн салығын төлеушiге айналады. <*>
      Тұлға мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы салық органына өтiнiш берген жағдайда, мұндай тұлға өзiне салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi берiлген күннен бастап қосылған құн салығын төлеушiге айналады. <*>
      6. Егер осы Кодекстің 208-1-бабының 3-тармағында өзгеше көзделмесе, уәкілетті мемлекеттiк орган қосылған құн салығын төлеушiнiң өтiнiшi бойынша оның құрылымдық бөлiмшелерiн қосылған құн салығын дербес төлеушiлер ретiнде қарастыра алады.
      7. Осы баптың 6-тармағына сәйкес құрылымдық бөлiмшелерi қосылған құн салығын дербес төлеушiлер деп танылған қосылған құн салығын төлеушi құрылымдық бөлiмшелердің орналасқан жерi бойынша салық органдарына қосылған құн салығы бойынша оларды есепке қою туралы өтiнiш беруге (немесе өзiнiң құрылымдық бөлiмшелерiне тапсырма беруге) мiндеттi.
      8. Тұлғаны қосылған құн салығы бойынша есепке қойған кезде, оның осы Кодекстiң 235-бабына сәйкес есепке қойылған күнiндегi тауарлар (негiзгi құралдарды қоса алғанда) қалдығы бойынша қосылған құн салығы сомасын есепке жатқызуға құқығы бар.
      9. Салық органы осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайлар анықталған кезде, тұлғаның өтiнiшiнсiз, оны қосылған құн салығы бойынша есепке қоюға құқылы.
      Ескерту. 208-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2002.03.21. N 312 Заңымен.
      Ескерту. 208-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.
      Ескерту. 208-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2003.07.04. N 475 Заңымен. (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

      208-1-бап. Қосылған құн салығы бойынша есепке
                 қойылатын орын

      1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығы бойынша есепке қою салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеу орны бойынша жүзеге асырылады.
      2. Заңды тұлға арнайы экономикалық аймақтың аумағында объектілер салу жөніндегі қызметті жүзеге асырған жағдайда, ондай заңды тұлғаны не оның құрылымдық бөлімшесін қосылған құн салығы бойынша есепке қоюды арнайы экономикалық аймақ аумағындағы салық органы жүзеге асырады.
      3. Егер осы баптың 2-тармағында аталған заңды тұлға өзін қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы өтініш бермесе, оның арнайы экономикалық аймақтың аумағында объектілер салу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі аталған заңды тұлғаның өтінішінсіз қосылған құн салығын дербес төлеуші деп қарастырылады.
      Ескерту. 208-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2002.03.21. N 312 Заңымен.

      209-бап. Қосылған құн салығы бойынша есепке қою
               туралы куәлiк

      1. Қосылған құн салығы бойынша есепке қойған кезде салық органы тұлғаға оның қосылған құн салығын төлеушi ретiнде есепке қойылғаны туралы куәлiк беруге мiндеттi, онда:
      1) тұлғаның атауы және оның деректемелерi;
      2) осы Кодекстiң 523-бабына сәйкес салық төлеушiге берiлетiн салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
      3) тұлға осы Кодекстiң 208-бабының 5-тармағына сәйкес қосылған құн салығын төлеушi болған күн көрсетiледi.
      Қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлiктiң бланкiсi қатаң есеп беру бланкiсi болып табылады және салық төлеушiге ақша төлетпей берiледi.
      Қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлiктің нысаны мен оны беру тәртiбiн осы Кодекске сәйкес уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.
      2. Қосылған құн салығы бойынша есепке қойылғаны жөнiндегі куәлiк қосылған құн салығын төлеушiде сақталады.
      Қосылған құн салығы бойынша есептен шығарылған жағдайда куәлiк салық органына қайтарылуға тиiс. <*>
      Қосылған құн салығын төлеушiнiң атауы өзгерген жағдайда оның қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлiгi атауы өзгерген соң 10 жұмыс күнi ішінде уәкілеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен ауыстырылуға тиiс. <*>
      Ескерту. 209-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен. (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді)
      Ескерту. 209-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2003.07.04. N 475 Заңымен. (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
      Ескерту. 209-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      210-бап. Қосылған құн салығы бойынша есептен шығару

      1. Егер қосылған құн салығын төлеушiнiң соңғы он екi айлық кезеңдегi салық салынатын айналым мөлшерi салық салынатын ең төмен айналым мөлшерiнен аспаса, ол тiркелген жерiндегi салық органына өзiн қосылған құн салығы бойынша есептен шығару туралы өтiнiш беруге құқылы.
      Қосылған құн салығын төлеушi мұндай құқықты өзiн қосылған құн салығы бойынша есепке қойған кезден бастап, кем дегенде екi жыл өткеннен кейiн пайдалана алады.
      2. Егер қосылған құн салығын төлеушi болып табылатын тұлға салық салынатын айналымдарға байланысты қызметiн тоқтатқан жағдайда, мұндай тұлға қызметi тоқтатылған салық кезеңiнен кейiнгi алты айдың аяқталуынан кешiктiрмей, өзiн қосылған құн салығы бойынша есептен шығару туралы өтiнiш беруге мiндеттi.
      Салық органы қосылған құн салығын төлеушi болып табылатын және осы Кодексте белгіленген салық есептiлiгiн беру мерзiмiнен кейiн алты ай кезең iшiнде оны бермеген тұлғаны тапқан жағдайда, салық органы қосылған құн салығы бойынша есептен шығаруды қосылған құн салығын төлеушiнi хабардар етпестен, уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен жүргiзедi. <*>
      3. Қосылған құн салығын төлеушi болып табылатын заңды тұлға таратылған жағдайда, мұндай тұлға Салық төлеушiлердің мемлекеттiк тiзiлiмiнен алып тасталған күннен бастап қосылған құн салығы бойынша есептен шығарылуға тиiс.
      4. Тұлға осы баптың ережелерiне сәйкес келетiн, қосылған құн салығы бойынша өзiн есептен шығару туралы өтiнiш берген кезеңнен кейiнгi салық кезеңiнiң алғашқы күнiнен бастап қосылған құн салығын төлеушi болуын тоқтатады.
      5. Тұлғаны қосылған құн салығы бойынша есептен шығару кезiнде осы Кодекстің 235-бабына сәйкес олар бойынша қосылған құн салығы есепке алуға жатқызылған оның тауарларының (соның iшiнде негiзгi құралдардың) қалдығы салық салынатын айналым ретiнде қарастырылады.
      Қосылған құн салығын төлеушi - заңды тұлға, жаңадан пайда болған заңды тұлғалар қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылса, оның қайта ұйымдастырылуына байланысты қосылған құн салығы бойынша есептен шығарылған жағдайда осы тармақтың ережесi қолданылмайды. <*>
      Ескерту. 210-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.
      Ескерту. 210-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

34-тарау. Салық салынатын айналым және салық
салынатын импорт

      211-бап. Тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi)
               өткiзу бойынша айналым

      1. Тауарға қатысты өткiзу бойынша айналым:
      1) тауарға меншiк құқығын берудi, оның iшiнде:
      тауарды сатуды;
      тауарды тиеп жөнелтудi, оның iшiнде басқа тауарларға (жұмыстарға, қызмет көрсетулерге) алмастыруды;
      тауар экспортын;
      тауарды тегiн берудi;
      жарғылық капиталға жарна төлеудi;
      жұмыс берушiнiң жалдамалы қызметкерге жалақы есебiнен тауар беруiн;
      2) тауарды төлем мерзiмiн ұзарту шартымен тиеп жөнелтудi; <*>
      2-1) мүлiктi қаржы лизингiне берудi; <*>
      3) комиссия шарттары бойынша тауарды тиеп жөнелтудi;
      4) қарызды төлемеген жағдайда кепiл берушiнiң кепiлге қойылған мүлкiн (тауарын) беруiн; <*>
      5) кәсiпкерлiк қызмет мақсаты үшiн сатып алынған тауарды кәсiпкерлiк қызметке жатпайтын шараларды өткiзу үшiн, сондай-ақ қосылған құн салығын төлеушiнiң не оның жалдамалы қызметкерлерiнiң, қатысушылардың немесе басқа да тұлғалардың жеке тұтынуы үшiн пайдалануын;
      6) осы Кодекстiң 208-бабының 6-тармағына сәйкес бiр заңды тұлғаның қосылған құн салығын дербес төлеушiлерi болып табылатын бiр құрылымдық бөлiмшесiнiң екiншi құрылымдық бөлiмшесiне тауар жөнелтуiн бiлдiредi.
      2. Жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналым кез келген жұмыстар орындауды немесе қызмет көрсетудің, соның ішiнде олардың тегiн орындалуын, сондай-ақ тауарды өткiзуден өзге сыйақы үшiн кез келген қызметтi, оның iшiнде:
      1) мүлiктi уақытша иелiкке берудi және мүлiктi жалдау (жалгерлiк) шартымен пайдалануды;
      2) санаткерлiк меншiк объектiлерiне, соның iшiнде жарғылық капиталға салым ретiнде берiлетiн құқықтар беруді;
      3) жұмыс берушiнiң жалдамалы қызметкерге жалақы есебiнен жұмыстар орындауын, қызметтер көрсетуiн;
      4) осы Кодекстiң 208-бабының 6-тармағына сәйкес қосылған құн салығын дербес төлеушiлер болып табылатын бiр заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерi арасында жұмыстар орындауын, қызметтер көрсетуiн бiлдiредi.
      3. Мыналар:
      1) бiрлiгiнiң құны екi айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын,  тауарды жарнамалық мақсатта беру не сыйлау; <*>
      2) тапсырысшының мердiгерге дайын өнiмдi мердiгердiң дайындауы, ұқсатуы, құрастыруы (монтаждауы, орнатуы), жөндеуi және (немесе) объектiлер салуы үшiн алыс-берiс тауарларын тиеп жөнелтуi. Аталған тауарлар Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде дайындалған, ұқсатылған, құрастырылған, жөнделген жағдайда, егер оларды әкету Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес "Тауарларды кеден аумағынан тыс жерлерде ұқсату" режимiмен жүзеге асырылса, аталған тауарлардың тиеп-жөнелтiлуi өткiзу бойынша айналым болып табылмайды; <*>
      3) қайтарылатын ыдысты тиеп жөнелту. Құны онымен жiберiлетiн өнiмдi өткiзу құнына кiрмейтiн және осы өнiмдi беру жөнiндегi шартта (келiсiм-шартта) белгiленген талаптармен және мерзiмде, бiрақ ұзақтығы алты айдан аспайтын мерзiмде өнiм берушiге қайтарылуға тиiс ыдыс қайтарылатын ыдыс болып табылады. Егер ыдыс белгiленген мерзiмде қайтарылмаса, мұндай ыдыс өткiзу бойынша айналымға енгiзiледi;
      4) тауарды қайтару;
      5) шартта белгiленген талаптар мен мерзiмдерде қайта әкелуге жататын тауарларды көрмелер, басқа да мәдени және спорт шараларын өткiзу үшiн Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге әкету, егер бұл Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес "Тауарларды уақытша әкету" кеден режимiмен ресiмделсе, өткiзу бойынша айналым болып табылмайды.
      Ескерту. 211-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.
      Ескерту. 211-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2003.07.04. N 475 Заңымен. (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

      212-бап. Салық салынатын айналымды анықтау

      1. Қосылған құн салығын төлеушiнiң тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткiзу бойынша жасаған айналымы салық салынатын айналым болып табылады, оған:
      1) осы Кодекске сәйкес қосылған құн салығынан босатылған;
      2) өткiзу орны Қазақстан Республикасы болып табылмайтын айналым қосылмайды.
      Тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткiзу орны осы Кодекстiң 215-бабына сәйкес белгiленедi.
      2. Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтын резидент еместен жұмыстар, қызмет көрсетулер алынған жағдайда, аталған жұмыстар, қызмет көрсетулер осы Кодекстiң 221-бабында белгiленген тәртiппен алушының салық салынатын айналымына енгiзiледi.

      213-бап. Салық салынатын импорт

      Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес декларациялануға тиiстi, Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн немесе әкелiнген тауарлар (осы Кодекстің 234-бабына сәйкес қосылған құн салығынан босатылғандарын қоспағанда) салық салынатын импорт болып табылады.

      214-бап. Тапсырма шарттары бойынша жүзеге асырылатын
               өткiзу бойынша айналымдар

      1. Сенiм бiлдiрiлген адамның сенiм білдiрушiнiң атынан және соның есебiнен тауарды тиеп жөнелтуi, жұмыстарды орындауы немесе қызметтер көрсетуi сенiм бiлдiрілген адамның өткiзу бойынша айналымы болып табылмайды.
      2. Осы баптың 1-тармағының ережелерi:
      1) сенiм бiлдiрiлген адамның сенiм бiлдiрушiге орындаған (көрсеткен) жұмыстарына (қызметтерiне);
      2) Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтын резидент емес сенiм бiлдiрушiден алынған тауарға қатысты қолданылмайды. Мұндай жағдайда тауарды тиеп жөнелту сенiм бiлдiрiлген адамның өткiзу бойынша айналымы болып табылады.

      215-бап. Тауарды (жұмысты, қызмет көрсетудi) өткiзу орны

      1. Тауарды өткiзу орны болып:
      1) егер тауарды берушi, алушы немесе үшiншi тұлға тасымалдайтын (жiберетiн) болса, тауарды тасымалдау басталған орын;
      2) басқа жағдайларда - тауарды алушыға беру орны танылады.
      2. Жұмыстарды, қызметтердi өткiзу орны болып:
      1) егер жұмыстар, қызметтер жылжымайтын мүлiкпен тiкелей байланысты болса, осы мүлiктiң орналасқан жерi;
      2) егер олар жылжымалы мүлiкпен байланысты болса, жұмыстарды, қызметтердi нақты жүзеге асыратын орны;
      3) егер қызметтер мәдениет, өнер, бiлiм, дене тәрбиесi немесе спорт саласындағы қызметтерге қатысты болса, қызметтердiң нақты көрсетiлетiн орны;
      4) жұмыстарды, қызметтердi сатып алушының кәсiпкерлiк немесе кез келген басқа да қызмет орны танылады. Осы тармақша мынадай жұмыстарға, қызметтерге:
      санаткерлiк меншiк объектiлерiн пайдалануға құқық беру жөнiндегi;
      консультациялық, аудиторлық, инжинирингтiк, заңдық, бухгалтерлiк, адвокаттық, жарнамалық қызмет көрсетулерге, сондай-ақ ақпаратты өңдеу жөнiндегi қызмет көрсетулерге;
      қызметкерлердi беру жөнiндегi;
      жылжымалы мүлiктi (көлiк құралдарынан басқа) жалға беру жөнiндегi қызметке; <*>
      тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) сатып алу жөнiндегi, сондай-ақ осы тармақшада көзделген қызметтердi жүзеге асыру үшiн шартқа (келiсiм-шартқа) негiзгi қатысушының атынан тұлға тартатын агенттiң қызметтерiне;
      байланыс қызметiне;
      туризмдi ұйымдастыру жөнiндегi қызметтерге қатысты қолданылады;
      5) осы тармақтың 1)-4) тармақшаларында көзделмеген жұмыстар, қызмет көрсетулер болған жағдайда жұмыстарды орындайтын (қызметтер көрсететiн) тұлғаның кәсiпкерлiк немесе кез келген басқа да қызметтi жүзеге асыратын орны танылады.
      3. Егер тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткiзу басқа негiзгi тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткiзуге қатысты көмекшi сипатта болса, негiзгi тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) өткiзiлген жер осындай көмекшi өткiзу орны болып танылады.
      4. Осы баптың 2-тармағы 4) тармақшасының мақсаты үшiн, егер жұмыстарды, қызмет көрсетулердi алушының кәсiпкерлiк немесе кез келген басқа да қызмет орны бiреуден артық болса, осындай жұмыстар, қызмет көрсетулер пайдаланылатын орын олар өткiзiлген орын болып есептеледі.
      5. Осы баптың 2-тармағын қолдану кезiнде бiрнеше тармақшада аталған жұмыстарды орындайтын немесе қызметтер көрсететiн жер осы тармақшалардың ретi бойынша бiрiншi болып белгiленедi.
      Ескерту. 215-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.

      216-бап. Өткiзу бойынша айналым жасау күнi

      1. Егер осы баптың 2 және 2-1-тармақтарында өзгеше көзделмесе, тауарды тиеп жөнелту күнi тауар өткiзу бойынша айналым жасау күнi болып табылады. <*>
      Егер тауарды тиеп жөнелту жүзеге асырылмаған жағдайда, онда алушыға тауар меншiгiнiң құқығы берiлген күн өткiзу бойынша айналым жасау күнi болып табылады.
      2. Кепiл берушi кепiлге салынған мүлiктi (тауарды) берген кезде кепiл ұстаушы үшiн мына күндердiң бiрi:
      1) кепiл затына меншiк құқығы кепiл берушiден кепiлге салынған мүлiктi өндiрiп алу процесiнде жүргiзiлген сауда-саттықтың жеңiмпазына ауысқан күн;
      2) егер сауда-саттық өтпедi деп жарияланса, кепiл затына меншiк құқығы кепiл игерушiден кепiл ұстаушыға ауысқан күн сату бойынша айналым жасау күнi болып табылады. <*>
      211-баптың 1-тармағының 5) тармақшасында аталған жағдайларда тауар пайдалану кезiнде тауарды осындай пайдалануға берген күн өткiзу бойынша айналым жасау күнi болып табылады.
      210-баптың 5-тармағында аталған жағдайларда, қосылған құн салығын төлеушi есептен шығару туралы өтiнiш берген салық кезеңiнiң соңғы күнi өткiзу бойынша айналым жасау күнi болып табылады.
      2-1. Лизинг алушының негiзгi қаражат ретiнде алуына жататын мүлiктi қайтарымды лизинг шарты бойынша берудi қоспағанда, қаржы лизингiне беру кезiнде мыналар өткiзу бойынша айналым жасалған күн болып табылады:
      1) осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында аталған жағдайларды қоспағанда, қаржы лизингiнiң шартында белгiленген мерзiмдiк лизингтiк төлемдi алу мерзiмiнiң басталу күнi;
      2) егер қаржы лизингiнiң шарты бойынша лизингтiк төлемдi алу мерзiмiнiң басталу күнi мүлiктi лизинг алушыға беру күнiне дейiн белгiленсе, онда мүлiктi қаржы лизингiне берген күн айналымды жасау күнi болып табылады;
      3) қаржы лизингiнiң шартында көзделген лизинг төлемдерiн лизинг алушы мерзiмiнен бұрын өтеген жағдайда, түбегейлi есеп айырысқан күн қаржы лизингiнiң осы шарты бойынша айналымды жасаған соңғы күн болып табылады. <*>
      2-2. Лизинг алушы (сатушы) негiзгi құрал ретiнде алуға тиiстi мүлiктi қайтарымды лизинг шарты бойынша беру кезiнде мүлiктi қаржы лизингiне берген күн өткiзу бойынша айналым жасау күнi болып табылады. <*>
      2-2. Құрылыс, құрылыс-монтаж, жөндеу жұмыстарын орындау кезiнде:
      1) тапсырыс берушi орындалған жұмыстарды ақысын төлеуге қабылдаған күннiң;
      2) мемлекеттiк қабылдау комиссиясы салынып бiткен объектiнi пайдалануға қабылдау туралы актiге (ал мемлекеттiк нормативтерде белгiленген жағдайларда қабылдау комиссиясының aктici) қол қойған күннiң қайсысы алғаш орын алатын болса, сол күн өткiзу бойынша айналым жасау күнi болып табылады. <*>
      3. Жұмыстарды, қызмет көрсетулердi өткiзу бойынша салық салынатын айналым жасау күнi төменде аталған шарттардың бiрi бiрiншi болып орындалған:
      1) жұмыстарға, қызмет көрсетулерге қосылған құн салығымен бiрге шот-фактура жазылған;
      2) жұмыстар орындалған, қызмет көрсетулер көрсетiлген жағдайда басталады.
      4. Егер жұмыстар, қызметтер тұрақты (үзiлiссiз) негiзде өткiзiлетiн болса, онда:
      1) қосылған құн салығы көрсетiлiп, шот-фактура жазылған күннiң;
      2) әрбiр төлемдi (есеп айырысу нысанына қарамастан) алу күнiнiң қайсысы бiрiншi болса, сол күн өткiзу бойынша салық салынатын айналым жасау күнi болып табылады.
      Жұмысты (көрсетiлетiн қызметтi) алушы олардың нәтижелерiн өзiнiң өндiрiстiк қызметiне жұмыс орындалған, қызмет көрсетiлген күні пайдалана алатын жағдайда ұзақ мерзiмдi шарт негiзiнде жұмыстар орындау, қызметтер көрсету оларды тұрақты (үздiксiз) негiзде iске асыруды бiлдiретiн болады. <*>
      5. Қызметкерлерге жалақы есебiнен тауар берген, жұмыстар орындаған, қызметтер көрсеткен жағдайда қызметкерлерге тауарлар берiлген, жұмыстарды орындаған немесе қызметтер көрсетiлген күн өткiзу бойынша айналым жасау күнi болып табылады.
      6. Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтын резидент еместен жұмыстар, қызмет көрсетулер алған жағдайда аталған жұмыстарды, қызмет көрсетулердi алған күн айналым жасау күнi болып табылады.
       Ескерту. 216-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.
      Ескерту. 216-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2003.07.04. N 475 Заңымен. (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
      Ескерту. 216-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

35-тарау. Салық салынатын айналым мен салық
салынатын импорт мөлшерін анықтау

      217-бап. Салық салынатын айналым мөлшерi

      1. Егер осы бапта және трансферттiк бағаларды қолдану кезiндегi мемлекеттiк бақылау мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, салық салынатын айналым мөлшерi, оған қосылған құн салығын енгiзбей, мәмiле жасаған тараптар қолданатын бағалар мен тарифтердi негiзге ала отырып, өткiзiлетiн тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) құны негiзiнде анықталады.
      2. Тауарларды тегiн берiлген кезде, сондай-ақ осы Кодекстiң 210-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда, салық салынатын айналым мөлшерi, қосылған құн салығын енгiзбей, өткiзу бойынша айналым жасау күнi қалыптасқан бағалар деңгейi негiзге алына отырып анықталады, бiрақ бұл олардың баланстық құнынан кем болмауы керек.
      Аталған тауарларды өткiзу күнiне бухгалтерлiк есепте көрсетiлген тауарлардың құны осы тармақтың мақсаттары үшiн баланстық құн болып табылады.
      3. Кепiл берушi кепiлдiк мүлiктi (тауарды) берген кезде кепiл берушiдегi салық салынатын айналым мөлшерi, сатылатын кепiлдiктегi мүлiк (тауар) құны негiзге алынып, бiрақ қосылған құн салығы енгiзiлмей, осы мүлiктi (тауарды) кепiлге салудан алынған заем қаражаты сомасынан төмен емес мөлшерде айқындалады. <*>
      4. Тауарды бөлiп-бөлiп төлеу шарттарымен өткiзу кезiнде салық салынатын айналым мөлшерi шарт талаптарымен көзделген барлық тиесiлi төлемдер ескерiле отырып, осы баптың 1-тармағына сәйкес анықталады.
      5. Yшiншi тұлға үшiн төлеуге байланысты қызметтер көрсетiлген кезде салық салынатын айналымның мөлшерiне комиссиялық сыйақы қосылады.
      6. Салық салынатын айналым мөлшерiне акцизделетiн тауарлар мен қызмет түрлерi бойынша акциз сомалары енгiзiледi.
      7. Осы Кодекстiң 236-бабына сәйкес оларды сатып алған кезде қосылған құн салығы бойынша есепке жатқызу көзделмеген тауарларды өткiзу кезiнде салық салынатын айналым мөлшерi тауардың өткiзiлу құны мен осы баптың 2-тармағына сәйкес белгiленетiн баланстық құны арасындағы оң айырма ретiнде анықталады. <*>
      8. Лизинг алушының негiзгi қаражат ретiнде алуына жататын мүлiктi қайтарымды лизинг шарты бойынша берудi қоспағанда, қаржы лизингiне беру кезiнде салық салынатын айналым мөлшерi:
      1) қаржы лизингiнiң шартына сәйкес белгiленген лизингтiк төлем мөлшерi негiзiнде, оған сыйақы мен қосылған құн салығы сомасы енгiзiлместен, осы Кодекстiң 216-бабы 2-1-тармағының 1) тармақшасында аталған айналым жасау күнiне;
      2) барлық мерзiмдiк лизингтiк төлемдер сомасының негiзiнде, оларға алу мерзiмi басталатын күн қаржы лизингiнiң шартына сәйкес мүлiктi лизинг алушыға берген күнге дейiн белгiленген сыйақы мен қосылған құн салығы сомасы енгiзiлместен, осы Кодекстiң 216-бабы 2-1-тармағының 2) тармақшасында аталған айналым жасау күнiне;
      3) қаржы лизингi шарты бойынша алынуға жататын барлық лизингтiк төлемдердiң жалпы сомасы және оларға сыйақы мен қосылған құн салығы сомасы енгiзiлместен, осы шарт бойынша өткiзу жөнiндегi айналым жасаудың алдындағы күнiне келетiн салық салынатын айналымдар мөлшерiнiң сомасы ретiнде белгiленетiн салық салынатын айналым мөлшерi арасындағы айырма ретiнде, осы Кодекстiң 216-бабы 2-1-тармағының 3) тармақшасында аталған айналым жасау күнiне белгiленедi. <*>
      8-1. Лизинг алушы (сатушы) негiзгi құрал ретiнде алуға тиiстi мүлiктi қайтарымды лизинг шарты бойынша беру кезiнде өткiзу бойынша айналым мөлшерi осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалады. <*>
      9. Көлiк экспедициясының шарты бойынша қызмет көрсету кезiнде экспедитордағы салық салынатын айналым мөлшерi оның сыйақысы негiзiнде айқындалады. <*>
      Ескерту. 217-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен. (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді)
      Ескерту. 217-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2003.07.04. N 475 Заңымен. (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
      Ескерту. 217-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      218-бап. Салық салынатын айналым мөлшерiн түзету

      1. Өткiзiлген тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) құны қандай да бiр өзгерiске түскен жағдайда, салық салынатын айналым мөлшерi тиiстi түрде түзетiледi.
      2. Салық төлеушiнiң салық салынатын айналым мөлшерiн түзету:
      1) тауарлар толық немесе iшiнара қайтарылған;
      2) мәмiленiң шарттары өзгерген;
      3) өткiзiлген тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн баға, өтем өзгерген;
      4) өткiзiлген тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн теңгемен төлеу кезiнде құнының айырмасын алған;
      5) осы Кодекстiң 211-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес өткiзу жөнiндегi айналымға енгiзiлген ыдыстарды қайтарған жағдайларда жүргiзiледi. <*>
      3. Осы бапқа сәйкес салық салу айналымының мөлшерiн түзету қосымша шот-фактураның немесе осы баптың 2-тармағында аталған жағдайлардың болуын растайтын басқа да құжаттардың негiзiнде жүргiзіледi.
       Ескерту. 218-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.

      219-бап. Күмәндi талаптар бойынша салық салынатын
               айналым мөлшерiн түзету

      1. Егер өткiзiлген тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн төленетiн ақының бiр бөлiгі немесе бүкiл мөлшерi күмәндi талап болып табылса, қосылған құн салығын төлеушiнің мынадай жағдайларда:
      1) күмәндi талаптың туындауына байланысты қосылған құн салығы ескерілген салық кезеңi аяқталғаннан кейiн үш жыл өткен соң;
      2) банкрот деп танылған дебиторды заңды тұлғалардың мемлекеттiк тiзiлiмiнен шығару туралы әдiлет органдарының шешiмi шығарылған салық кезеңiнде бюджетке жарна ретiнде енгiзiлуге тиiс қосылған құн салығының сомасын азайтуға құқығы бар.
      2. Өткiзілген тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн ақыны қосылған құн салығын төлеушi осы баптың 1-тармағында өзiне берiлген құқығын пайдаланғаннан кейiн алған жағдайда салық салынатын айналым мөлшерi ақы алынған сол салық кезеңiнде аталған ақының құнына арттырылуға тиiс.
      3. Осы бапқа сәйкес салық салынатын айналым мөлшерiн түзету осы Кодекстiң 96-бабында аталған жағдайлар сақталған кезде жүргiзiледi.

      220-бап. Салық салынатын импорт мөлшерi

      Салық салынатын импорт мөлшерiне Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес белгiленетiн импортталатын тауарлардың кедендiк құны, сондай-ақ импортқа қосылған құн салығын қоспағанда, Қазақстан Республикасына тауарлар импорты кезiндегi салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомалары енгізiледi.<*>
      Ескерту. 220-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      221-бап. Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын
               төлеушi болып табылмайтын резидент еместен
               жұмыстар, қызмет көрсетулер алу кезiнде салық
               салынатын айналым
     
      1. Егер Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтын резидент емес ұсынған жұмыстарды, қызмет көрсетулердi өткiзу орны Қазақстан Республикасы болса, олар жұмыстарды, қызмет көрсетулердi алатын Қазақстан Республикасы салық төлеушiсiнiң айналымы болып табылады және оларға осы Кодекске сәйкес қосылған құн салығы салынуға тиiс.
      2. Жұмыстарды, қызмет көрсетулердi алушының салық салынатын айналымының мөлшерi осы баптың мақсаттары үшiн, оған Қазақстан Республикасындағы көздерден төленген табыстың төлем көзiнен ұсталуға тиiс салық сомасы ескерiле отырып, осы баптың 1-тармағында аталған резидент емеске төленуге тиiс сома негiзге алына отырып анықталады.
      3. Осы бапқа сәйкес төленуге тиiс қосылған құн салығының сомасы осы Кодекстiң 245-бабының 1-тармағында көзделген ставканы салық салынатын айналым мөлшерiне қолдану арқылы анықталады.
      Алынған жұмыстар, қызмет көрсетулер үшiн төленетiн төлем шетел валютасымен жүргiзiлген жағдайда салық салынатын айналым айналым жасау күнi валюта алмастырудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен есептеледi. <*>
      4. Осы баптың 3-тармағына сәйкес есептелген қосылған құн салығының сомасы осы Кодекстiң 247-бабында белгiленген қосылған құн салығы бойынша декларация табыс етiлетiн мерзiмнен кешiктiрілмей төленедi.
      5. Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығының төленгенiн растайтын төлем құжаты осы Кодекстiң 235-бабына сәйкес салық сомасын есепке жатқызуға құқық бередi.
      6. Егер берiлген жұмыстар, көрсетiлген қызметтер осы Кодекстiң 225-бабында аталған жұмыстар, көрсетiлген қызметтер болып табылса, осы баптың ережелерi қолданылмайды.
       Ескерту. 221-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.    

36-тарау. Нөлдік ставка бойынша салық салынатын
айналымдар

      222-бап. Тауарлар экспорты

      1. Түстi және қара металдар сынығының экспортын қоспағанда, экспортқа тауарлар өткiзу бойынша айналымға нөлдiк ставка бойынша салық салынады.
      Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тауарлар әкету тауарлар экспорты болып табылады.
      2. Осы Кодекстiң 223-бабына сәйкес тауарлар экспорты расталмаған жағдайда аталған тауарларды өткiзу бойынша айналымға осы Кодекстiң 245-бабының 1-тармағында көрсетiлген ставка бойынша қосылған құн салығы салынуға тиiс.

      223-бап. Тауарлар экспортын растау

      1. Мыналар:
      1) экспортталатын тауарларды беруге жасалған шарт (келiсiм-шарт);
      2) тауарлар шығаруды экспорт режимiнде жүзеге асыратын кеден органының белгiсi соғылған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден шекарасындағы бекетте орналасқан кеден органының белгiсi соғылған кедендiк жүк декларациясы тауарлар экспортын растайтын құжат болып табылады.
      Тауарларды магистральдық құбырлар жүйесi бойынша немесе электр тарату желiлерi бойынша не толық емес мерзiмдiк декларациялау рәсiмiн қолдана отырып экспорт режимiнде шығарған жағдайда кедендік ресiмдеудi жүргiзген кеден органының белгiсi бар толық кедендiк жүк декларациясы экспортты растаушы болып қызмет етедi; <*>
      3) тауардың ілеспе құжаттарының көшiрмелерi тауарлар экспортын растайтын құжаттар болып табылады.
      Тауарларды магистральдық құбырлар жүйесi бойынша немесе электр тарату желiлерi бойынша экспорт режимiнде шығарған жағдайда тауардың iлеспе құжаттары көшiрмелерiнiң орнына тауарларды қабылдау-өткiзу актiсi табыс етiледі; <*>
      4) зияткерлiк меншiк құқығын қорғау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның магнит жеткiзгiште тауардың және оған авторлық құқықтардың болуы туралы, сондай-ақ зияткерлік меншiк объектiсiн экспорттаған жағдайда оның құны туралы растамасы тауарлар экспортын растайтын құжаттар болып табылады.      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген құжаттар, сондай-ақ экспорт режимiнде Қазақстан Республикасының кеден аумағынан әкетiлген тауарлардың импорты елiнде ресiмделген кедендiк жүк декларациясының көшiрмесi Қазақстан Республикасымен шекаралас Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерге тауарлар экспортын растайтын құжаттар болып табылады. <*>
      3. Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерлерге бұдан бұрын кеден аумағынан тыс жерлерде ұқсату режимiнде әкетiлген тауарларды немесе оларды ұқсату өнiмдерiн одан әрi экспорттау жүзеге асырылған жағдайда экспортты растау осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес, сондай-ақ мынадай құжаттардың негiзiнде жүргiзiледi:
      1) ұқсату режимi экспорт режимiне өзгертiлетiн кедендiк жүк декларациясы;
      2) тауарларды кеден аумағынан тыс ұқсату режиммен ресiмделген кедендiк жүк декларациясы;
      3) тауарларды шет мемлекет аумағына әкелу кезiнде оларды кеден аумағында ұқсату (тауарларды кеден бақылауымен ұқсату) режимiнен ресiмделген, осындай ресiмдеудi жүзеге асырған кеден органы куәландырған кедендiк жүк декларациясының көшiрмесi;
      4) тауарларды немесе олардың ұқсатылған өнiмдерiн өңдеген мемлекеттiң аумағынан әкету кезiнде экспорт режимiнде ресiмделген және осындай ресiмдеудi жүзеге асырған кеден органы куәландырған кедендiк жүк декларациясының көшiрмесi.
      Ескерту. 223-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      224-бап. Халықаралық тасымалдарға салық салу <*>

      1. Халықаралық тасымалдар бойынша мынадай қызмет көрсетудi iске асыру жөнiндегi айналымға:
      1) Қазақстан Республикасының аумағынан экспортталатын және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды, соның iшiнде поштаны тасымалдауға;
      2) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзит жүктерiн тасымалдауға;
      3) халықаралық қатынаста жолаушылармен жолжүктерiн тасымалдауға нөлдiк ставкамен салық салынады.
      2. Егер тасымалдауды ресiмдеу бiрыңғай халықаралық тасымалдау құжаттарымен, ал экспортталатын тауарларды магистралдық құбыр желiсiнiң жүйесi бойынша тасымалдау - экспортталатын тауарларды сатып алушыға не аталған тауарларды экспорттың кедендiк режимiнде ресiмделген кедендiк жүк декларациясын табыс ете отырып, одан әрi жеткiзудi жүзеге асыратын басқа тұлғаларға берудi растайтын құжаттармен жүзеге асырылған жағдайда, осы баптың 1-тармағының мақсаты үшiн тасымалдау халықаралық тасымалдау деп есептеледi.
      Жолаушыларды, экспортталатын тауарларды Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасымалдауды бiрнеше көлiк ұйымдары жүзеге асыратын жағдайда, халықаралық тасымалдың басталуы деп тасымалдауды Қазақстан Республикасының шекарасына дейiн жүзеге асыратын көлiк ұйымының жолаушыларды, тауарларды (поштаны, жолжүктi) тасымалдауы басталатын жер танылады.
      Импортталатын тауарларды (поштаны, жолжүктi) тасымалдауды бiрнеше көлiк ұйымдары жүзеге асыратын жағдайда, Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнген жолаушыларды, тауарларды (поштаны, жолжүктi) көлiк ұйымының көлiгiмен тасымалдауды жүзеге асыратын тасымал халықаралық тасымалға жатады.
      Ескерту. 224-бабының күші 2003 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын - Қазақстан Республикасының 2001.06.12. N 210  Заңымен .
      Ескерту. 224-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.

37-тарау. Қосылған құн салығынан босатылған
айналымдар және импорт

      225-бап. Қосылған құн салығынан босатылған айналымдар

      Мынадай тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi):
      1) пошталық ақы төлеудiң мемлекеттiк белгiлерi; <*>
      2) акциздiк маркаларын (осы Кодекстiң 549-бабына сәйкес акцизделетiн тауарларды таңбалауға арналған есеп-бақылау маркалары);
      3) уәкiлеттi органдар жүзеге асыратын, соларға байланысты мемлекеттiк баж алынатын қызметтердi;
      4) адвокаттық қызметтi, нотариаттық iс-әрекеттердi жүзеге асыру бойынша көрсетiлетiн қызметтердi;
      5) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi өткiзетiн тауарлар (жұмыстар, қызметтерді);
      6) мемлекеттiк меншiктi жекешелендiру тәртiбiмен өткiзiлетiн мүлікті;
      6-1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк қажеттiлiктер үшiн сатып алынған мүлiк; <*>
      7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк мекемелердiң пайдасына өтеусiз негiзде негiзгi құралдарды беру, сондай-ақ мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк кәсiпорындар пайдасына өтеусiз негiзде негiзгi құралдарды берудi;
      8) жарғылық капиталға жарналарды;
      9) жарғылық капиталға жарна ретiнде алынған мүлiктi қайтарып алуды;
      10) жерлеу бюроларының әдет-ғұрыптық қызмет көрсетулерiн, зираттар мен крематорийлердің қызмет көрсетулерiн;
      11) оларды өткiзу жөнiндегi қызмет көрсетулердi қоспағанда, лотереялық билеттердi өткiзу бойынша айналымды;
      12) банк карталарымен операциялар бойынша есеп-қисаптарға қатысушыларға жинау, өңдеу және таратып беру жөнiндегi қызмет көрсетулердi қоса алғанда, есеп-қисаптарға қатысушылар арасында ақпараттық және технологиялық өзара iс-қимылды қамтамасыз ету жөнiнде көрсетiлетiн қызметтердi өткiзу бойынша айналымдар;
      12-1) Қазақстан Республикасының кеден аумағына "Қазақстан Республикасының кеден аумағында тауарларды ұқсату" кеден режимiнде әкелiнген тауарларды ұқсату және (немесе) жөндеу бойынша қызмет көрсетулер; <*>
      12-2) осы Кодекстiң 224-бабына сәйкес халықаралық тасымалдар болып табылатын тасымалдарға байланысты жұмыстар мен қызмет көрсетулер, атап айтқанда: Қазақстан Республикасының аумағынан экспортталатын, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды, оның iшiнде почтаны, тиеу, түсiру, қайта тиеу (ағызу-құю), жөнелту бойынша жұмыстар, қызмет көрсетулер, сондай-ақ транзит жүктер; техникалық, аэронавигациялық, әуежай қызметiн көрсету; халықаралық рейстерге көрсетiлетiн қызметтер бойынша теңiз айлақтарында қызмет көрсету; <*>
      12-3) тұрғын үй қорын басқару, ұстау мен пайдалану жөнiнде қызмет көрсету; <*>
      13) осы Кодекстiң 226-233-баптарында көрсетiлген өткiзу;
      14) ұлттық валюта;
      15) егер мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерi, сондай-ақ өндiрiстiк ұйымдары мына шарттарға сәйкес келсе:
      осындай өндiрiстiк ұйымдар қызметкерлерi жалпы санының кемiнде 51 процентi мүгедектер болса;
      мүгедектерге еңбекақы төлеу бойынша шығыстар еңбекақы төлеу бойынша жалпы шығыстардың кемiнде 51 процентi (есту, сөйлеу, көру қабiлетiнен айрылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдарда - кемiнде 35 процентi) болса, осындай бiрлестiктер мен ұйымдардың тауарлары (жұмыстары, қызмет көрсетулерi) бойынша айналымдар (сауда-делдалдық қызметтен түскен тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткiзу жөнiндегi айналымдардан және акцизделетiн тауарлар мен қызмет түрлерiн өндiру мен өткiзу бойынша айналымдардан басқа);
      16) экспортқа шығарылатын түстi және қара металдар сынығын өткiзу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.
      Ескерту. 225-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.
      Ескерту. 225-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      226-бап. Жерге және тұрғын үй қорындағы ғимараттарға
               байланысты айналымдар

      1. Тұрғын үй қорындағы ғимаратты (ғимараттың бiр бөлiгiн) өткiзу және (немесе) осындай ғимаратты (ғимараттың бiр бөлiгiн) жалға беру, оның iшiнде қосалқы жалға беру мыналарды:
       1) тұрғын үй қорының салынған ғимаратын (ғимаратының бiр бөлiгiн) бiрiншi рет өткiзудi;
       2) қонақүй қызметiн көрсету мақсатында пайдаланылатын ғимаратты (ғимараттың бiр бөлiгiн) өткiзудi немесе жалға берудi;
       3) қонақүйде тұру бойынша қызмет көрсетудi қоспағанда, қосылған құн салығынан босатылады.
       Ғимаратқа құны бастапқы құнының кемiнде 50 процентi болатын қайта жаңғырту (жөндеу) жасалып, егер осы ғимарат қайта жаңғыртудан кейiн тұрғын үй мақсатында пайдаланылатын болса, бұл ғимаратта тұрғын үй қорының салынған ғимаратына жатады.
       2. Жер учаскесiн иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оған билiк ету құқығын беру және (немесе) жер учаскесiн жалға, оның iшiнде қосалқы жалға беру, жер учаскесiн автомобильдердi, сондай-ақ өзге де көлiк құралдарын қою немесе сақтау үшiн беру ақысын қоспағанда, қосылған құн салығынан босатылады. <*>
       Ескерту. 226-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.

      227-бап. Қаржылық қызмет көрсетулер

      1. Егер қаржылық қызмет көрсетулер бойынша айналымдар осы баптың 2-тармағында көзделсе, ол қызмет көрсетулер қосылған құн салығынан босатылады.
      2. Қосылған құн салығынан босатылатын қаржылық қызмет көрсетулерге мыналар жатады:
      1) қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң банк операцияларын жүргiзуге берген лицензиялары негiзiнде жүзеге асырылатын мынадай банк операциялары:
      депозиттердi қабылдау, жеке және заңды тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргiзу;
      банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттiк шоттарын ашу және жүргiзу;
      осы тұлғаға тиесiлi тазартылған қымбат металдардың нақты саны көрсетiлетiн жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргiзу;
      аударым операциялары: жеке және заңды тұлғалардың ақшаны аудару жөнiндегi тапсырмаларын орындау;
      заем операциялары: ақшалай нысанда кредиттер беру;
      факторингтiк және форфейтингтiк операциялар;
      жеке және заңды тұлғалардың, оның iшiнде корреспондент банктердiң тапсырмасымен олардың банк шоттары бойынша есеп айырысуын жүзеге асыру;
      сенiмгерлiк (траст) операциялары: сенiм бiлдiрушiнiң мүддесi үшiн және тапсырмасы бойынша ақшаны, тазартылған қымбат металдар мен бағалы қағаздарды басқару;
      банкаралық клиринг: төлемдердi жинау, салыстырып тексеру, сұрыптау және растау, сондай-ақ оларды өзара есепке алуды жүргiзу және клирингке қатысушылардың - банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асырушы ұйымдардың таза позицияларын айқындау; <*>
      ломбард операциялары: депозиттелетiн тез сатылатын бағалы қағаздар мен өзге де жылжымалы мүлiктiң  кепiлi бойынша қысқа мерзiмдi кредиттер беру; <*>
      шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;
      төлем құжаттарын (вексельдерден басқа) инкассоға қабылдау ақшалай нысанда орындауды көздейтiн кепiлдiктер беру аккредитивтi ашу (шығарып қою) мен растау және ол бойынша мiндеттемелердi орындау;
      кассалық операциялар: банкноттар мен монеталарды қабылдап алу, беру, қайта санау, ұсақтау, айырбастау, сорттау, буып-түю және сақтау; <*>
      құжатсыз нысанда шығарылған бағалы қағаздарды сақтау;
      үшiншi тұлғалар үшiн ақшалай нысанда орындау көзделетiн банк кепiлдiктерiн және өзге де мiндеттемелер беру;
      2) бағалы қағаздармен жасалатын операциялар, бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушылардың қызметi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берiлген лицензия негiзiнде бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi жүзеге асыру жөнiндегi ұйымдардың қызметтерi;
      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) жөнiндегi операциялар, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасу және орындау жөнiнде сақтандыру брокерлерiнiң (сақтандыру агенттерiнің) қызмет көрсетуi;
      4) төлем карточкаларымен, чектермен, вексельдермен, депозиттiк сертификаттармен жасалатын операциялар;
      5) зейнетақы активтерiн, сондай-ақ Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорларының активтерiн басқару жөнiнде инвестициялық қызметтер көрсету; <*>
      5-1) ипотекалық тұрғын үй заемдары бойынша талап құқықтарын басқару жөнiнде қызмет көрсету; <*>
      6) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту жөнiнде зейнетақы активтерiнен алынған инвестициялық табысты бөлу мен есептеу жөнiнде көрсететiн қызметтерi;
      7) кәсiпорынның жарғылық капиталына қатысу үлесiн өткiзу.
      8) микрокредиттер беру жөнiндегi операциялар. <*>
      Ескерту. 227-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.
      Ескерту. 227-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2003.07.04. N 475 Заңымен. (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
      Ескерту. 227-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2003.07.10. N 483 Заңымен.
      Ескерту. 227-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      228-бап. Қаржы лизингiне берiлген мүлiк

      1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, мынадай талаптар сақталған жағдайда:
      1) мұндай беру осы Кодекстiң 74-бабында белгiленген талаптарға сай келсе;
      2) лизинг алушы мүлiктi негiзгi құрал ретiнде алса, мүлiктi қаржы лизингiне беру лизинг берушi алуға тиiс сыйақы сомасы бөлiгiнде қосылған құн салығынан босатылады.
      2. Мүлiктi қаржы лизингiне беру осы баптың 1-тармағында белгiленген талаптар сақталған кезде, сондай-ақ егер берілетiн мүлiктің импорты осы Кодекстiң 234-бабының 12) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығынан босатылған болса, қосылған құн салығын төлеуден босатылады.
      Ескерту. 228-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      229-бап. Коммерциялық емес ұйымдар көрсететiн қызметтер

      Осы Кодекстiң 120-бабының 1-тармағында аталған коммерциялық емес ұйымдар жүзеге асыратын қызметтердi көрсету бойынша айналымдар, егер олар:
      1) балаларды, қарттарды, соғыс және еңбек ардагерлерi мен мүгедектердi қорғау және әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiнде қызмет көрсетумен;
      2) дiни ұйымдардың әдет-ғұрыптар мен рәсiмдердi жүзеге асыруына және дiни қажеттiлiк заттарын өткiзуiне байланысты болса, қосылған құн салығынан босатылады.

      230-бап. Геологиялық барлау және геологиялық-iздестiру
               жұмыстары <*>

      Геологиялық барлау және геологиялық-iздестiру жұмыстарын iске асыру бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.
      Геологиялық барлау және геологиялық-iздестiру жұмыстары деп көмiрсутектi және минералдық шикiзат кен орындарын (кендерiн) iздестiрудi, барлауды, бағалау мен игеруге дайындауды қамтамасыз ететiн, өзара байланысты, белгiлi бiр кезекпен қолданылатын жұмыстардың жиынтығы ұғынылады.
      Мыналарға:
      1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жер қойнауын пайдалануға жасалған:
      жер қойнауы учаскелерiнде (геологиялық бөлiп берiлген жерде) барлау жөнiнде жұмыстарды жүргiзуге;
      барлау жүргiзу кезеңiнде жер қойнауы учаскелерiнде (геологиялық бөлiп берiлген жерде) бiрлескен барлау және өндiру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге арналған келiсiм-шарттың;
      2) жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерделеудi жүзеге асыру жөнiнде жұмыстарға мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың аясында салық төлеушi (мердiгер, қосалқы мердігер) жүзеге асыратын геологиялық барлау және геологиялық-iздестiру жұмыстарына қатысты босату қолданылады.
      Геологиялық барлау және геологиялық-iздестiру жұмыстары нақты түрлерiнiң, сондай-ақ геологиялық барлау және геологиялық-iздестiру жұмыстарының құрамдас бөлiгi болып табылатын арнайы жұмыстардың жекелеген түрлерiнiң тiзбесi, олардың көлемi және құны геологиялық объектiнi зерттеу мақсаты мен оның ерекшелiктерiн, ғылыми-техникалық мүмкiндiктердi, геологиялық барлау және геологиялық-іздестіру жұмыстарын жүргiзуге қойылатын геологиялық-әдiстемелiк талаптарды, жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi талаптарды ескере отырып, әрбір геологиялық (ғылыми-геологиялық) объектіге арналған жобалау-сметалық құжаттамада айқындалуға тиіс.
      Ескерту. 230-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      231-бап. Мәдениет, ғылым және бiлiм беру саласындағы
               қызмет көрсетулер, жұмыстар

      Мәдениет, ғылым және бiлiм беру саласындағы қызмет көрсетулер, жұмыстар, егер олар мынадай:
      1) шоу-бизнес саласындағы қызметтердi қоспағанда, театр-концерт қызметiн жүзеге асыру жөнiндегi;
      2) мектепке дейiнгi тәрбиелеу мен оқыту; бастауыш, негiзгi, орта, қосымша жалпы бiлiм беру; бастауыш, орта, жоғары және жоғары оқу орындарынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм беру; қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру салаларында қызметтiң осы түрлерiн жүргiзуге құқық беретiн тиiстi лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын бiлiм беру;
      3) мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде жүзеге асырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарына;
      4) кiтапхана қызметiн көрсету жөнiндегi;
      5) тарихи және мәдени мұраны, мұрағаттық құндылықтарды сақтау жөнiндегi қызмет көрсетулерге, жұмыстарға жататын болса, қосылған құн салығынан босатылады.

      232-бап. Медициналық және мал дәрiгерлiк қызмет
               саласындағы тауарлар мен қызмет көрсетулер

      1. Медициналық және мал дәрiгерлiк қызмет көрсетумен байланысты тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткiзу бойынша айналымдар:
      1) кез келген нысандағы дәрi-дәрмектiк заттарды, сондай-ақ оларды өндiру үшiн қажет материалдар мен жинақтаушы заттарды өткiзген;
      2) медициналық (мал дәрiгерлiк) мақсаттағы бұйымдарды, оның iшiнде протездiк-ортопедиялық бұйымдар мен медициналық (мал дәрiгерлiк) техниканы қоса алғанда, сондай-ақ оларды өндiру үшiн қажет материалдар мен жинақтаушы заттарды өткiзген;
      3) косметологиялық қызметтi қоспағанда, медициналық (мал дәрiгерлiк) қызмет көрсетiлген жағдайларда қосылған құн салығынан босатылады.
      2. Осы баптың 1-тармағында аталған тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтер тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

      233-бап. Кәсiпорынды сату

      1. Қосылған құн салығын төлеушiнiң бiреуi екiншi бiр қосылған құн салығын төлеушiге кәсiпорынды немесе кәсiпорынның дербес жұмыс iстеп тұрған бөлiгiн өткiзуi:
      1) берiлетiн активтерiн, оларды қалыптастыру көздерiн және (немесе) олар бойынша мiндеттемелердi көрсете отырып, кәсiпорынның тарату балансы және (немесе) бөлу мен беру балансы негiзiнде;
      2) осы тармақта көзделген, айналым жасалғаннан кейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей тиісті салық органдарына ұсынылған қосылған құн салығынан босатуды қолдану жөнiндегi операцияға қатысушылардың екеуi де қол қойған өтiнiш негiзiнде қосылған құн салығынан босатылады.
      2. Осы баптың 1-тармағының ережесi жер қойнауын пайдалануға жасалған келiсiм-шарт беретiн құқықтарды қайтадан басқа бiреуге берген жағдайда да қолданылады.

      234-бап. Қосылған құн салығынан босатылатын импорт

      1. Қосылған құн салығынан мынадай тауарлардың импорты босатылады:
      1) ұлттық валюта, шетел валютасы (нумизматикалық мақсатта пайдаланатыннан басқа), сондай-ақ бағалы қағаздар импорты;
      2) жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тауарларды бажсыз әкелу нормалары бойынша тауарлар импорты;
      3) акцизделетiн тауарларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен iзгiлiк көмек ретiнде әкелiнген тауарлар импорты;
      4) акцизделетiн тауарларды қоспағанда, мемлекет, мемлекеттердiң үкiметтерi, халықаралық ұйымдар желiлерi бойынша қайырымдылық көмек мақсатында әкелiнген тауарлар импорты, оның iшiнде техникалық жәрдем көрсету; <*>
      5) шет елдің дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктерiнің ресми пайдалануы үшiн, сондай-ақ солармен бiрге тұратын олардың отбасы мүшелерiн қоса алғанда, осы өкiлдiктердiң дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық қызметкерлерiнiң жеке пайдалануы үшiн әкелiнген және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес салықтан босатылған тауарлар импорты;
      6) салық төлеуден босатуды белгілейтiн кеден режимдерiнде Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес декларациялануға тиiстi тауарлар импорты;
      7) дәрi-дәрмектiк заттардың, оның iшiнде субстанция-дәрiлер; протездiк-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы және медициналық (мал дәрiгерлiк) техниканы қоса алғанда медициналық (мал дәрiгерлiк) мақсаттағы бұйымдар; протездiк-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (мал дәрiгерлiк) техниканы қоса алғанда, дәрi-дәрмек және диабет заттарын өндiруге арналған материалдар мен жинақтаушы заттар, медициналық (мал дәрiгерлiк) мақсаттағы бұйымдар импорты.
      Осы тармақшада аталған тауарлардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi;
      8) пошта маркаларының (коллекциялық маркалардан басқа) импорты;
      9) қағаз ақша белгілерi өндiрiсi үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және оның ұйымдары жүзеге асыратын шикiзат импорты; <*>
      10) <*>
      11) мемлекеттердiң, мемлекеттер үкiметтерi мен халықаралық ұйымдардың желiсi бойынша берiлген гранттар қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын тауарлар импорты;
      12) қаржы лизингi шарты бойынша қаржы лизингіне беру мақсатында лизинг беруші әкелген негізгі құралдар импорты.
      Осы тармақшада көрсетiлген негiзгi құралдар тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. <*>     
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      Ескерту. 234-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.
      Ескерту. 234-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2003.07.04. N 475 Заңымен. (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
      Ескерту. 234-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

38-тарау. Қосылған құн салығы бойынша есепке жатқызу

      235-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы

      1. Егер осы тарауда өзгеше көзделмесе, тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) алушының бюджет жарнасына жатқызылуға тиiс салық сомасын анықтау кезiнде, негiзгi құралдарды қоса алғанда, алынған тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетулер салық салынатын айналым мақсатында пайдаланылса немесе пайдаланылатын болса, сондай-ақ, егер мынадай шарттар орындалса:
      1) тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) алушы осы Кодекстiң 207-бабының 1-тармағына сәйкес қосылған құн салығын төлеушi болып табылса;
      2) тауар берушi Қазақстан Республикасының аумағында өткiзiлген тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) шот-фактурасын немесе осы баптың 2-тармағына сәйкес берiлетiн басқа да құжат табыс еткен болса. Егер тауар берушi осы Кодекстiң 207-бабының 1-тармағына сәйкес қосылған құн салығының төлеушiсi болып табылмаса, осы баптың 2-тармағына сәйкес берiлетiн шот-фактура немесе басқа құжат "ҚҚС жоқ" белгiсiмен жазылады; <*>
      3) тауарлар импорты жағдайында - қосылған құн салығы бюджетке төленген болса;
      4) осы Кодекстiң 221-бабында көзделген жағдайларда - қосылған құн салығы бюджетке төленген болса, олар үшiн төленуге тиiс қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызуға құқығы бар.
      1-1. Лизинг берушiнiң қаржы лизингiне беруге жататын мүлiктi сатып алуымен байланысты шығыстары салық салынатын айналымның мақсаты үшiн шеккен шығыстар ретiнде қарастырылады. <*>
      2. Мыналар:
      1) осы тармақтың 1-1), 1-2) және 1-3) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, қосылған құн салығы бөлiп көрсетiлген шот-фактуралар бойынша өнiм берушi төлеуге тиiс салық сомасы; <*>
      1-1) оларда қосылған құн салығымен бөлiп көрсетiле отырып ұсынылған шот-фактуралар бойынша жер қойнауын пайдаланушылар төлеуге жататын, бiрақ осы Кодекстiң 245-бабының 1-тармағында белгiленген ставкадан аспайтын салық сомасы; <*>
      1-2) осы Кодекстiң 242-бабының 5-1-тармағына сәйкес қаржы лизингi шарты бойынша (қайтарымды лизинг шартын қоспағанда)
жазылған шот-фактуралар бойынша төлеуге жататын, бiрақ осы Кодекстiң 217-бабының 8-тармағына сәйкес лизинг берушiнiң айналым жасау күнiне айқындалатын салық салынатын айналым мөлшерiне келетiн салық сомасынан аспауға тиiс салық сомасы; <*>
      1-3) қайтарымды лизинг шарттары бойынша осы Кодекстiң 242-бабының 5-1-тармағына сәйкес жазылған шот-фактуралар бойынша төленуге тиiс салық сомасы; <*>
      2) Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес ресiмделiп, кедендiк жүк декларациясында көрсетiлген және белгiленген тәртіппен Қазақстан Республикасының бюджетiне төленген және кеден режимiнiң шарттарына сәйкес қайтарылуға жатпайтын салық сомасы;
      3) осы Кодекстiң 221-бабына сәйкес қосылған құн салығының төленгенін растайтын төлем құжатында көрсетiлген салық сомасы;
      4) темiр жол немесе әуе көлiктерiнде берiлетiн жол жүру билеттерiнде көрсетiлген салық сомасы;
      5) есеп айырысулары банктер арқылы жүргiзiлетiн, коммуналдық қызметтер көрсетушi қолданатын құжаттарда көрсетiлген салық сомасы;
      6) осы Кодекстiң 208-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда, - осы баптың тиiстi тармақшаларына сәйкес расталған жағдайда, қосылған құн салығы бойынша есепке қойылған күнге жасалған тауарлардың қалдықтарын түгендеу тiзiмдемеде көрсетiлген салық сомасы;
      7) тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) қолма-қол есеп айырысу арқылы сатып алған жағдайда, бақылау-касса машинасының чегiнде көрсетiлген салық сомасы осы баптың 1-тармағына сәйкес есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы болып табылады.
      3. Халықаралық шартқа сәйкес оларға қатысты тауарлардың экспорты мен импортына салық салудың өзгеше тәртiбi қолданылатын, Қазақстан Республикасына импортталатын тауарларды берушiлерге төленуге тиiс қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен есепке жатқызылады.
      4. Егер осы баптың 4-1-тармағында өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығы осы баптың 2-тармағында белгiленген тәртiппен тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) алынған салық кезеңiнде есепке жатқызылады. <*>
      Қосылған құн салығы осы Кодекстiң 221-бабына сәйкес төленген жағдайда, төленген салық бюджетке салық нақты енгiзiлген салық кезеңiнде есепке жатқызылады.
      4-1. Егер шот-фактураның жазбасы осы Кодекстiң 242-бабының 4-тармағында көрсетiлген тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткiзу бойынша айналым жасау күнiнен кейiн жүзеге асырылса, қосылған құн салығы шот-фактура жазу күнiнiң сол салық кезеңiнде есепке жатқызылады. <*>
      5. Қосылған құн салығын төлеушiде салық салынатын және салық салынбайтын, оның iшiнде қосылған құн салығынан босатылған айналымдар болған кезде, қосылған құн салығы осы Кодекстің 239-бабында көзделген тәртiппен есепке жатқызылады.
      Ескерту. 235-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.
      Ескерту. 235-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен .

      236-бап. Есепке жатқызылмайтын қосылған құн салығы

      Қосылған құн салығы, егер:
      1) қосылған құн салығын төлеушiнiң кәсiпкерлiк қызметiне жатпайтын шаралар өткiзумен байланысты тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi);
      2) қонақүй ретiнде пайдаланылатын ғимараттарды қоспағанда, тұрғын үй қорындағы ғимараттарды (ғимараттың бiр бөлiгiн);
      3) негізгi құралдар ретiнде сатып алынған жеңiл автомобильдердi;
      4) жалдау шартына сәйкес жөндеу шығыстарын жалға берушi өтеген және жөндеудi жүзеге асырған жалға алушының салық салынатын айналымы болып табылатын жағдайларды қоспағанда, тұрғын үй қорындағы жалға алынған ғимараттарды жөндеуге пайдаланылған тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетудi); <*>
      5) өтеусiз алынған мүлiктi (тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi), осындай мүлiк Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден әкелiнген және осы мүлiктi алушы импорт кезiнде қосылған құн салығын төлеген жағдайларды қоспағанда, алумен байланысты төленуге тиiс болса, есепке жатқызылмайды.
      Ескерту. 236-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      237-бап. Есепке жатқызылатын қосылған
               құн салығының сомасын түзету

      1. Бұрын есепке жатқызылған қосылған құн салығы мынадай жағдайларда:
      1) салық салынатын айналым мақсаттарында пайдаланылмаған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша;
      2) негiзгi құралдарды қоса алғанда, тауарлар бүлiнген, жоғалған жағдайда (төтенше жағдайлар салдарынан туындаған реттердi қоспағанда), олар бойынша;
      Негiзгi құралдар бүлiнген, жоғалған жағдайда, қосылған құн салығы негiзгi құралдардың теңгерiм құнына жататын құн бөлiгiнiң есебiнен алып тасталады; <*>
      3) табиғи монополиялар субъектiсi нормативтен тыс шеккен шығыстар бойынша;
      4) осы Кодекстiң 242-бабында белгiленген ережелер сақталмаған жағдайда есептен шығарылып тасталуға тиiс.
      2. Осы баптың мақсаттары үшiн тауардың (мүлiктiң) барлық немесе жекелеген сапасының (өзiндiк қасиеттерiнiң) нашарлауы, соның салдарынан осы тауардың (мүлiктің) салық салынатын айналым мақсатында пайдалануға келмей қалуы тауардың (мүлiктiң) бүлiнуiн бiлдiредi.
      Салдары тауардың (мүлiктiң) жойылуына және (немесе) ысырап болуына әкеп соққан оқиға тауардың (мүлiктің) жоғалуы деп ұғынылады. Салық төлеушi табиғи залалдың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген нормалар шегiнде шеккен тауар (мүлiк) ысырабы жоғалту болып табылмайды.
      3. Осы Кодекстiң 218-бабының 2-тармағында аталған жағдайларда алынған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) құны өзгерген кезде, бұрын есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы тиiсiнше түзетiледi.
      4. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын түзету осы баптың 1 және 3-тармақтарында аталған жағдайлар туындаған нақ сол салық кезеңiнде жүргiзiледi.
      Ескерту. 237-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.

      238-бап. Күмәндi мiндеттемелер бойынша есепке
               жатқызылған қосылған құн салығының сомасын
               түзету

      1. Тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша күмәндi мiндеттеме сомасын табысқа енгiзген кезде осындай тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша бұрын есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы, ол есепке жатқызылған кезден бастап үш жыл өткен соң есептен шығарып тасталуға тиiс.
      Егер қосылған құн салығы шығарып тасталғаннан кейiн қосылған құн салығын төлеушi тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн ақы төлеген жағдайда, осы аталған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша салық сомасы сол ақы төленген салық кезеңiндегi есепте қалпына келтiрiлуге тиiс.
      2. Қосылған құн салығын өнiм берушi-төлеушi банкрот деп танылған жағдайда, бұрын есепке жатқызылған қосылған құн салығы сомаларын есептен шығарып тастау банкрот деп танылған қосылған құн салығын өнiм берушi-төлеушiнi заңды тұлғалардың мемлекеттiк тiзiлiмiнен алып тастау туралы әдiлет органдарының шешiмi шығарылған салық кезеңiнде жүргiзiледi.
      3. Күмәндi мiндеттемелер ұғымы осы Кодекстiң 84-бабына сәйкес анықталады.

      239-бап. Қосылған құн салығы салынбайтын өткiзу бойынша
               айналымдар болған кезде қосылған құн салығын
               есепке жатқызу тәртiбi

      1. Салық салынбайтын айналымдар мақсаттары үшiн пайдаланылатын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша өнiм берушiге төленуге тиiс және импорт бойынша қосылған құн салығы есепке жатқызылмайды.
      2. Салық салынатын және салық салынбайтын айналымдар болған кезде қосылған құн салығын төлеушiнiң таңдауы бойынша барабарлық немесе бөлек есептеу әдiсiмен анықталған қосылған құн салығының сомасы есепке жатқызылады.
      Есепке жатқызылған қосылған құн салығы сомасын анықтаудың таңдап алынған әдiсi күнтiзбелiк жыл iшiнде өзгертiлмеуге тиiс.
      3. Осы бапқа сәйкес есепке жатқызылмайтын қосылған құн салығы салық салынатын табысты анықтау кезiнде осы Кодексте белгiленген тәртіппен шегерiмге жатқызылады.
       Ескерту. 239-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2003.07.04. N 475 Заңымен. (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

      240-бап. Барабарлық әдiсi

      1. Есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы барабарлық әдiс бойынша салық салынатын айналымның жалпы айналым сомасындағы үлес салмағына қарай анықталады.
      2. Осы баптың 1-тармағының мақсаттары үшiн бағалы қағаздармен жүргiзiлетiн операцияларды жүзеге асыру кезiнде бағалы қағаздарды өткiзу кезiнде алынған өсiм өткiзу бойынша айналымға қосылады.

      241-бап. Бөлек есептеу әдiсi

      1. Бөлек есептеу әдiсi бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығы сомасын анықтау кезiнде, қосылған құн салығын төлеушi алған, салық салынатын және салық салынбайтын айналымдар мақсаттары үшiн пайдаланылатын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша шығыстар мен қосылған құн салығының сомалары бойынша бөлек есеп жүргiзедi.
      2. Есепке жатқызудың барабарлық әдiсiн пайдаланатын банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың және микрокредиттiк ұйымдардың кепiлдегi мүлiктi (тауарларды) алуға және өткiзуге байланысты айналымдар бойынша қосылған құн салығының сомаларын есепке алу бойынша бөлек есептеу әдiсiн қолдануға құқығы бар. <*>
      3. Қаржы лизингiне мүлiктi берген кезде есепке жатқызудың барабарлық әдiсiн пайдаланатын лизинг берушінің қаржы лизингiне мүлiктi беруге байланысты айналымдар бойынша қосылған құн салығының сомасын есепке алу бойынша бөлек есептеу әдiсiн қолдануға құқығы бар. <*>
      Ескерту. 241-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2003.07.04. N 475 Заңымен. (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
      Ескерту. 241-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

39-тарау. Шот-фактура

      242-бап. Шот-фактура

      1. Шот-фактура осы баптың 8-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, барлық қосылған құн салығын төлеушiлер үшiн мiндеттi құжат болып табылады.
      2. Қосылған құн салығы салынатын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) өткiзудi жүзеге асыратын қосылған құн салығын төлеушi аталған тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) алушы тұлғаға, осы баптың 8-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, қосылған құн салығы көрсетiлген шот-фактураны беруге мiндеттi.
      3. Осы Кодекстiң 235-бабына сәйкес қосылған құн салығын есепке жатқызу үшiн негiздеме болып табылатын шот-фактурада:
      1) шот-фактураның реттiк нөмiрi мен толтырылған күнi;
      2) тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) берушi мен алушының тегi, аты, әкесiнiң аты не толық атауы, мекен-жайы және тiркеу нөмiрi, сондай-ақ өнiм берушiнiң қосылған құн салығы бойынша есепке қойылғаны туралы куәлiктiң нөмiрi;
      3) өткiзiлетiн тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) атауы;
      4) салық салынатын айналымның мөлшерi;
      5) қосылған құн салығының ставкасы;
      6) қосылған құн салығының сомасы;
      7) қосылған құн салығы ескерiлген тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) құны көрсетiлуге тиiс.
      4. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, шот-фактура өткiзу бойынша айналым жасалған күннен кешiктiрiлмей жазылады және берушiнiң басшысы мен бас бухгалтерiнің, не осыған уәкiлеттi өзге де лауазымды адамдардың қолымен куәландырылады. <*>
      Қосылған құн салығы салынатын электр энергиясын, су, газ сатуды, байланыс қызметтерiн, коммуналдық қызмет көрсетулердi, темiр жол тасымалдарын, көлiк-экспедиторлық қызмет көрсетудi, банк операцияларын жүзеге асыратын салық төлеушiлер салық кезеңiнiң қорытындысы бойынша шот-фактуралар жазып беруге құқылы. <*>
      5. Егер осы тармақта өзгеше белгiленбесе, салық салынатын айналымның мөлшерi шот-фактурада тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) әрбiр атауы бойынша бөлек көрсетiледi.
      Егер мұндай шот-фактураға өткiзiлетiн тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) тiзбесi көрсетiлген құжат қоса тiркелген болса, айналымның жалпы мөлшерiн көрсетуге жол берiледi.
      Бұл ретте шот-фактурада құжаттың нөмiрi мен күнiне, сондай-ақ оның атауына сiлтеме болуға тиiс.
      5-1. Лизинг берушi өзi беретiн лизинг нысанасына жазатын шот-фактурада салық салынатын айналым мөлшерi оған сыйақы және қосылған құн салығы сомалары енгiзiлместен қаржы лизингiнiң шартына сәйкес барлық лизинг төлемдерiнiң жалпы сомасы ескерiле отырып көрсетiледi. <*>
      5-2. Жүктi жөнелтушiлер немесе алушылар үшiн жүктердi тасымалдауға шот-фактураның жазбасын, егер аталған тасымалдау көлiк экспедициясы шартына сәйкес жүргiзiлсе, экспедитор жүзеге асырады. Мұндай шот-фактураларда салық салынатын айналымның мөлшерi тасымалдаушылар және басқа да жеткiзушiлер көлiк экспедициясы шартының шеңберiнде орындаған және көрсеткен жұмыстар мен қызметтер құны ескерiле отырып көрсетiледi. <*>
      Осы тармаққа сәйкес шот-фактуралардың жазбасы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.  
      6. Ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимiн қолданатын қосылған құн салығын төлеушiлер уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен және нысан бойынша шот-фактуралар жазады.
      Осы тармақта көрсетiлген қосылған құн салығын төлеушiлер осы Кодекстiң 388-бабының 2-тармағына сәйкес табыс бойынша есептелген салық сомасынан аспайтын жалпы сомаға қосылған құн салығын қоса отырып шот-фактуралар жазады.
      7. Сыртқы сауда келiсiм-шарттары бойынша тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) өткiзу жағдайларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) құны және қосылған құн салығының сомасы шот-фактурада Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен көрсетiледi.
      8. Шот-фактураны ресiмдеу мынадай жағдайларда:
      1) бухгалтерлiк есеп жүргiзуде негiздеме болатын бастапқы құжаттарды қолдана отырып, банктер арқылы халыққа көрсетiлген коммуналдық қызметтер, байланыс қызметтерi үшiн есеп айырысуды жүзеге асырғанда;
      2) жолаушыларды тасымалдау жол билеттерiмен ресiмдегенде;
      3) қолма-қол есеп айырысу арқылы халыққа тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткiзген жағдайда, сатып алушыға бақылау-касса машинасының чегiн берген кезде;
      4) қосылған құн салығынан босатылатын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) табыс еткен кезде талап етiлмейдi.
      Ескерту. 242-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.

      243-бап. Салық салынатын айналым түзетiлген кезде
               шот-фактуралар жасау

      1. Салық салынатын айналым мөлшерiн түзету кезiнде қосымша шот-фактура жасалады, онда:
      1) қосымша шот-фактураның рет нөмiрi мен жасалған күнi;
      2) қосымша шот-фактурасы жасалатын шот-фактураның рет нөмiрi мен жасалған күнi;
      3) тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) берушi мен алушының атауы, мекен-жайы және тiркеу нөмiрi;
      4) қосылған құн салығын есепке алмай, салық салынатын айналымды түзету мөлшерi;
      5) қосылған құн салығының сомасы көрсетiледi.
      2. Қосымша шот-фактураны тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) берушi жасайды және аталған тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) алушы растайды.    

40-тарау. Салықты есептеу және төлеу тәртібі

      244-бап. Салық салынатын айналым бойынша бюджетке
               төленуге тиiс қосылған құн салығы

      Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиiс қосылған құн салығының сомасы осы Кодекстiң 245-бабына сәйкес салық салынатын айналым бойынша есептелген қосылған құн салығының сомасы мен осы Кодекстiң 235-бабына сәйкес есепке жатқызылған салық сомасы арасындағы айырма ретiнде анықталады.

      245-бап. Қосылған құн салығының ставкалары

      1. Қосылған құн салығының ставкасы 15 процентке тең болады және осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, салық салынатын айналым мөлшерiне қолданылады.
      2. Осы Кодекстiң 222-224-баптарында аталған тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткiзу бойынша айналымдарға қосылған құн салығы нөлдiк ставка бойынша салынады.
      3. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, салық салынатын импорт бойынша қосылған құн салығының ставкасы осы Кодекстiң 220-бабында белгiленген салық салынатын импорт мөлшерiнiң 15 процентiне тең болады.
      Жеке тұлғалар оңайлатылған тәртiппен өткiзетiн тауарлар импорты кезiнде қосылған құн салығын осы Кодекстiң 516-бабының 2-тармағына сәйкес жиынтық кедендiк төлем құрамында төлей алады, оның мөлшерi Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес айқындалады. <*>
      Ескерту. 245-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2003.07.04. N 475 Заңымен. (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

      246-бап. Салық кезеңi

      1. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, қосылған құн салығы бойынша салық кезеңi күнтiзбелiк ай болып табылады.
      2. Егер алдыңғы тоқсан үшiн бюджетке төленуге тиiс қосылған құн салығының орташа айлық сомасы 1000 айлық есептiк көрсеткiштен кем болса, онда салық кезеңi тоқсан болып табылады.
      3. Ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимiн қолданатын қосылған құн салығын төлеушiлер үшiн аталған арнаулы салық режимiнiң күшi қолданылатын қызметтi жүзеге асырудан бюджетке төленуге тиiс қосылған құн салығы бойынша салық кезеңi салық жылы болып табылады.
      Басқа да қызмет түрлерiн жүзеге асырудан бюджетке төленуге тиiс қосылған құн салығы бойынша салық кезеңi осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес анықталады.

      247-бап. Салық декларациясы

      1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығын төлеушi әрбiр салық кезеңi үшiн қосылған құн салығы бойынша декларацияны салық кезеңiнен кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей табыс етуге мiндеттi.
      2. Ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимiн қолданатын қосылған құн салығын төлеушiлер әр тоқсан үшiн қосылған құн салығы бойынша декларацияны есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей табыс етуге мiндеттi.
      3. Декларациямен бiрге салық кезеңi iшiнде (осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайда - есептi тоқсан iшiнде) сатып алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша шот-фактуралардың тiзiлiмi табыс етiледi. Шот-фактуралар тiзiлiмiнiң нысанын уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi. <*>
       Ескерту. 247-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.

      248-бап. Қосылған құн салығын төлеу мерзiмдерi

      1. Егер осы Кодекстің 389-бабында өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығын төлеушi қосылған құн салығы бойынша декларацияны тапсыру үшiн мерзiмi белгiленген күнге дейiн немесе сол күнi бюджетке әрбiр салық кезеңi үшiн салық төлеуге мiндеттi.
      2. Осы Кодекстің 250-бабында аталған жағдайларда салық төлеушi төлеуге тиiс қосылған құн салығын қоспағанда, импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығы кеден төлемдерiн төлеу үшiн Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгiленген күнi төленедi.
      3. Импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзiмi осы Кодекстiң 249-бабында белгiленген тәртiппен өзгертiлуi мүмкін.

      249-бап. Импортталатын тауарларға қосылған құн
               салығын төлеу мерзiмiн өзгерту

      1. Салық органдары егер:
      1) импортталатын тауарлар өнеркәсiптiк ұқсатуға арналған;
      2) су, газ, электр энергиясы импортталатын тауарлар болып табылған жағдайларда импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзiмiн өзгертедi.
      2. Осы баптың мақсаты үшiн, егер бұл орайда төменде аталған шарттардың ең болмаса бiреуi орындалатын болса:
      1) өндiрiстiк ұқсатудан кейiн алынған өнiмде (тауарда) пайдаланылған тауарлардан өзгеше алғашқы кез келген төрт белгi деңгейiнде сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының коды болса;
      2) өндiрiс процесiнде тауарларға қосымша еңбек пайдаланыла отырып, химиялық әсер жасалса, өндiрiс процесiнде тауарларды одан әрi пайдалану оларды өнеркәсiптiк ұқсату деп ұғылады.
      3. Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығын төлеу мерзiмiн өзгерту өсiмпұл есептелмей, кеден органы кедендiк жүк декларациясын қабылдаған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзiмге жасалады.
      4. Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығын төлеу мерзiмiн өзгерту мына құжаттар:
      уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша өтiнiш;<*>
      тауарларды беруге арналған шарттың (келiсiм-шарттың) көшiрмесi негiзiнде жасалады.
      Төлеу мерзiмiн өзгертуге құқығын растау үшiн салық органдары қосылған құн салығын төлеушiнiң өндiрiстiк қуаттарын және үй-жайларын тексерiп қарауға құқылы. <*>
      5. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган өнеркәсiптiк ұқсату үшiн үнемi импорт бойынша тауарларды алып тұратын қосылған құн салығын төлеушiлерге, қосылған құн салығын өзгертiлген мерзiмдер бойынша төлеткiзе отырып, тауарларды кедендiк ресiмдеудi жүзеге асыруы үшiн күнтiзбелiк жыл iшiнде қолданылатын рұқсат бередi.
      Осы тармақта көзделген рұқсат, қосылған құн салығын төлеу мерзiмiн кеден органы кедендiк жүк декларациясын қабылдаған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзiмге өзгерте отырып, тауарларды кедендiк ресiмдеуге негiздеме болып табылады.
      Рұқсат алу үшiн уәкiлеттi мемлекеттiк органға осы баптың 4-тармағында аталған құжаттар, сондай-ақ қосылған құн салығын төлеушiнің тiркелген жерi бойынша салық органының оның өндiрiстiк қуаттары мен үй-жайларының бар-жоғы жөнiндегi қорытындысы табыс етiледi.
      5-1. Салық органдары осы баптың 1-тармағында көрсетiлген импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзiмiн өзгерту туралы шешiмдi қосылған құн салығын төлеушiден өтiнiш пен осы бапта белгiленген растау құжаттарын алған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қабылдайды. <*>
      6. Төлеу мерзiмдерi осы бапқа сәйкес өзгертiлген салық сомаларын өтеудi үш айлық кезең iшiнде салық органдары өткiзiлген тауарларға (жұмыстарға, қызмет көрсетуге) қатысты қосылған құн салығы бойынша бюджетпен өзара есепке жатқызу әдiсiмен жүргiзедi.<*>
      Өтелмеген берешектiң сомасына аталған үш айлық кезең аяқталғаннан кейiнгi бiрiншi күннен бастап өсiмпұл есептеледi.
      7. Тауарларды өнеркәсiптiк ұқсатусыз өткiзген жағдайда, қосылған құн салығы осы Кодекстiң 244-бабына сәйкес белгiленген тәртiппен өсiмпұл салына отырып есептеледi.
      Ескерту. 249-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.
      Ескерту. 249-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2003.07.04. N 475 Заңымен. (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
      Ескерту. 249-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      250-бап. Импортталатын тауарларға арналған қосылған
               құн салығын есепке жатқызу әдiсiмен төлеу

      1. Қосылған құн салығы осы бапта мынадай тауарлардың:
      1) жабдықтың;
      2) ауылшаруашылық техникасының;
      3) автомобиль көлiгiнiң жылжымалы жүк құрамының;
      3-1) тiкұшақтар мен ұшақтардың; <*>
      3-2) темiр жол локомотивтерi мен вагондардың; <*>
      4) өзiнiң өндiрiстiк мҰқтажы үшiн әкелiнетiн қосалқы бөлшектердiң импорты бойынша белгiленген тәртiппен есепке жатқызу әдiсiмен төленедi.
      Аталған тауарлар тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. <*>
      2. Қосылған құн салығын төлеушi кеден органына қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлiктiң көшiрмесiн, сондай-ақ қосылған құн салығы бойынша декларацияда осы баптың 1-тармағында аталған тауарлардың импорты бойынша төленуге тиiс қосылған құн салығының сомасын көрсету жөнiндегi мiндеттеменi табыс етедi.
      Мiндеттеме уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысанда екi дана етiп толтырылады.
      Мiндеттеме негiзiнде тауарларды еркiн айналысқа шығару - белгiленген тәртiппен кеден төлемдерiн, ал акцизделетiн тауарлар бойынша акциздердi де төлеген жағдайда, қосылған құн салығы iс жүзiнде төленбей жүргiзiледi.
      3. Мiндеттемеде көрсетiлген қосылған құн салығының сомасы қосылған құн салығы жөнiндегi декларацияда осы Кодекстiң 235-бабына сәйкес бiр мезгiлде есепке жатқызыла отырып, салықтың есептелген сомасы ретiнде көрсетiледi.
      4. Осы баптың 1-тармағында аталған тауарларды одан әрi пайдалануға осы Кодекске сәйкес қосылған құн салығы салынуға тиiс.
      Ескерту. 250-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.
      Ескерту. 250-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2003.07.04. N 475 Заңымен. (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

41-тарау. Қосылған құн салығы бойынша
бюджетпен өзара қатынас

      251-бап. Есепке жатқызылған салық сомасы салық кезеңi
               iшiнде есептелген салық сомасынан асып кеткен
               жағдайларда бюджетпен өзара қатынас

      1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, есепке жатқызылған салық сомасының салық кезеңi iшiнде есептелген салық сомасынан асып кетуi қосылған құн салығы бойынша алдағы төлемдердiң есебiне жатқызылады.
      2. Нөлдiк ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша осы баптың 1-тармағында аталған асып кету сомасы, егер де мына шарттар орындалатын болса:
      1) қосылған құн салығын төлеушi нөлдiк ставка бойынша салық салынатын тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) тұрақты өткiзудi жүзеге асырып отырса;
      2) қайтарып алуға өтiнiш берген айдың алдындағы үш айдың әрқайсысы үшiн нөлдiк ставка бойынша салық салынатын өткiзу жөнiндегi айналым өткiзу бойынша жалпы салық салынатын айналымның кемiнде 70 процентi болса, қосылған құн салығын төлеушiге осы Кодекстің 252-бабында белгiленген тәртiппен қайтарылады. <*>
      3. Осы баптың 2-тармағында белгiленген шарттар орындалмаған жағдайда, асып кеткен сома қосылған құн салығын төлеушiге оның өткен салық кезеңдерi үшiн қосылған құн салығы бойынша мiндеттемелерiн есепке ала отырып, нөлдiк ставка бойынша салық салынатын айналымының мақсаттары үшiн пайдаланылған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша есепке жатқызылған салық сомасы бөлiгiнде қайтарылады.
      4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарына сәйкес қайтарылуға тиiс қосылған құн салығының сомасын анықтау кезiнде салық төлеушiнiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ашылған банк шоттарына валюталық түсiм түсiрген тауарлардың экспорты есепке алынады.
      5. Егер нөлдiк ставка бойынша салық салынатын айналымдары бар қосылған құн салығын төлеушi қосылған құн салығының сомасын қайтару туралы салық органына өтiнiш жасамаса, онда осы баптың 2-тармағында аталған асып кету сомасы есептi салық кезеңiнен кейiнгi салық кезеңiнде қосылған құн салығы бойынша алдағы төлемдер есебiне есепке жатқызылады.
      6. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында аталған жағдайлардан басқа мынадай жағдайларда:
      1) грант қаражаттары есебiнен алынатын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) берушiлерге осы Кодекстiң 253-бабында көзделген тәртiппен төленген;
      2) дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктер шетелдiк дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктерге ресми пайдалануға, сондай-ақ осы өкiлдiктердiң дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық қызметкерлерiне, олармен бiрге тұратын отбасыларының мүшелерiн қоса алғанда, жеке пайдалануға арналған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулердi) берушiлерге осы Кодекстiң 254-бабында көзделген жағдайларда төлеген қосылған құн салығы;
      3) бюджетке артық төленген қосылған құн салығының сомасы осы Кодекстің 39 және 40-баптарында белгiленген тәртiппен қайтарылуға тиiс.
      Ескерту. 251-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      252-бап. Нөлдiк ставка бойынша салық салынатын
               айналымдар бойынша қосылған құн салығын
               қайтару

      1. Нөлдiк ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша қосылған құн салығын қайтару салық органы қосылған құн салығын төлеушiнiң уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша салықты қайтару туралы өтiнiшiн алған кезден бастап алпыс жұмыс күнi iшiнде және:
      1) салық кезеңi iшiндегi қосылған құн салығы жөнiндегi декларация;
      2) осы Кодекстiң 223-бабына сәйкес тауарларды экспорттық растау үшiн қажет құжаттар; <*>
      3) салық органы жүргiзген салық тексеру актiсiне сәйкес қайтаруға ұсынылған салық сомасының дұрыстығын растау негiзiнде жүргiзiледi.
      2. Қосылған құн салығын қайтару:
      1) қосылған құн салығын осы салықты төлеушiнiң аталған салық пен салықтың басқа да түрлерi бойынша салық берешегiн өтеу есебiне есепке жатқызу; <*>
      2) тауарлардың импорты кезiнде төленуге тиiс қосылған құн салығының есебiне есепке жатқызу;
      3) осы Кодекстiң 221-бабына сәйкес төленуге тиiс қосылған құн салығының есебiне есепке жатқызу;
      4) қосылған құн салығын төлеушiнiң банк шотына ақша аудару арқылы жүргiзiледi.
      Осы тармаққа сәйкес қосылған құн салығын қайтару тәртiбiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi. <*>
      3. Қосылған құн салығын төлеушiнің банк шотына қосылған құн салығын қайтару оның салықтар бойынша мемлекеттiк бюджетке салық берешегi болмаған кезде жүргiзiледi. <*>
      Басқа салықтар бойынша салық берешегi болған жағдайда, бюджеттен қайтарылуға тиiстi салық сомасы осы берешектi өтеуге жатқызылады.
      4. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген мерзiм iшiнде қосылған құн салығын төлеушiнің берушiлерi қарсы салық тексеруiн өткiзу барысында анықталған бұзушылықтарды жоймаса, мұндай қосылған құн салығын төлеушiлерге салықты қайтару бұзушылықтар анықталмаған не бұзушылықтар жойылған сомалар шегiнде жасалады.
      Осы бапқа сәйкес расталған, бiрақ белгiленген мерзiмдерде қайтарылмаған қосылған құн салығының сомасына бұзылған қайтару мерзiмiнiң әрбiр күнi үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландыру ставкасының 2 еселенген мөлшерiнде өсiмпұл  есептеледi. <*>
      Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау үшiн берушiге тексеру тағайындау туралы шешiм уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен, мынадай жағдайлар:
      1) бұл салық төлеушiнің қосылған құн салығын қайтаруға өтiнiш беру кезiнiң алдындағы он екi ай кезеңi ішінде аталған салық төлеушiге айына кемінде бiр рет талаптар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) өткiзудi жүзеге асырған өнiм берушiлерге, сондай-ақ электр және жылу энергиясын, суды, газды, байланыс қызметiн жеткiзушiлерге қарсы тексеру жасалмайтыны; <*>
      2) қосылған құн салығы 1 миллион теңгеден астам сомаға көрсетiлiп шот-фактура жазған берушiлер (жоғарыда аталғандарды қоспағанда) мiндеттi тексеруге жататыны ескерiле отырып қабылданады.
      5. Осы бапта көзделген қосылған құн салығы:
      1) шағын бизнес субъектiлерi;
      2) шаруа (фермер) қожалықтары;
      3) ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi заңды тұлғалар үшiн белгiленген арнаулы салық режимiнде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын қосылған құн салығын төлеушiлерге қайтарылмайды.
      Ескерту. 252-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.
      Ескерту. 252-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

     253-бап. Грант қаражаттары есебiнен сатып алынатын
              тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша
              төленген қосылған құн салығын қайтару

      1. Грант қаражаттары есебiнен алынатын тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) берушiлерге төленген қосылған құн салығын, егер бiр мезгiлде мынадай шарттар сақталса:
      1) тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) алынатын грант қаражаттары мемлекеттер, мемлекеттер үкiметтерi, халықаралық ұйымдар желiсi бойынша берiлсе;
      2) тауарлар (жұмыстар, қызметтер) тек грант мақсаттарын iске асыру үшiн ғана алынса;
      3) тауарларды өткiзу, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету грант алушымен не грант мақсаттарын жүзеге асыру үшiн грант алушы тағайындаған орындаушымен жасалған шартқа (келiсiм-шартқа) сәйкес жүзеге асырылса, салық органдары отыз жұмыс күнi ішiнде қайтарады.
      2. Осы бапқа сәйкес грант алушыларға қосылған құн салығын қайтару осы Кодекстің 252-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген тәртiппен, қосылған құн салығы грант қаражаттары есебiнен төленгенiн растайтын құжаттар негiзiнде жүргiзiледi.
      Қосылған құн салығының грант қаражаттары есебiнен төленгенiн растайтын құжаттардың тiзбесiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.

      254-бап. Қосылған құн салығын Қазақстан Республикасында
               тiркелген дипломатиялық және оларға
               теңестiрiлген өкiлдiктерге қайтару

      1. Осы Кодекстің 251-бабы 6-тармағының 2) тармақшасында көзделген қосылған құн салығын қайтару Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда мұндай қайтару көзделген жағдайда жүргiзiледi.
      2. Қосылған құн салығы сомаларын Қазақстан Республикасында тiркелген дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктерге қайтару осы дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктер жасаған жиынтық ведомостардың (тiзiлiмдердiң) және қосылған құн салығының төленген фактiсiн растайтын құжаттардың (шот-фактуралардың, чектердiң және т.б.) көшiрмелерi негiзiнде жүзеге асырылады.
      Жиынтық ведомостар (тiзiлiмдер) уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысанда орындалып, дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктер жанама салықтар (қосылған құн салығы және акциз) бойынша жеңілдiктер беру кезiнде өзара түсiнiстiк принципiн сақтау жөнiндегi Ноталармен алмасуды растау үшiн Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне табыс етедi. Расталғаннан кейiн жиынтық ведомостар (тiзiлiмдер) уәкiлеттi мемлекеттiк орган қайтару жүргiзудi белгiлейтiн салық органына тапсырылуға тиiс.
      Егер жиынтық ведомостарға (тiзiлiмдерге) қоса тiркелетiн құжаттарда қосылған құн салығының сомалары жеке жолмен бөлiнiп көрсетiлмесе, салық бойынша қайтарымды алу құқығы тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) берушiлерден олардың қосылған құн салығын шот-фактураға енгiзуi туралы растауы алынған кезде ғана мүмкiн болады.
      3. Салық органдары дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктерге салықты қайтаруды Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнен жиынтық ведомостар (тiзiлiмдер) алғаннан кейiн отыз жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырады.
     Бюджеттен қайтарылуға тиiс салық сомалары дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктердiң және (немесе) осы өкiлдiктердiң дипломатиялық, әкiмшiлiк-техникалық қызметшiлерiнiң тиiстi шотына аударылады. <*>
      Ескерту. 254-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2003.07.04. N 475 Заңымен. (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

9-бөлім. Акциздер

42-тарау. Жалпы ережелер

      255-бап. Акциздердi қолдану

      Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға, сондай-ақ тiзбесi осы Кодекстiң 257-бабында анықталған қызмет түрлерiне акциз салынады.    

      256-бап. Төлеушiлер

      1. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетiн тауарлар шығаратын;
      2) акцизделген тауарларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына импорттайтын;
      3) Қазақстан Республикасының аумағында бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткiзудi жүзеге асыратын; <*>
      4) егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бұрын Қазақстан Республикасының аумағында аталған тауарлар бойынша акциз төленбесе, тәркiленген, иесi жоқ акцизделетiн тауарларды, сондай-ақ мұрагерлiк құқығы бойынша мемлекетке өткен және Қазақстан Республикасының аумағында мемлекет меншiгiне өтеусiз берiлген акцизделетiн тауарларды өткiзудi жүзеге асыратын;
      5) Қазақстан Республикасының аумағында қызметтiң акцизделетiн түрлерiн жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар акциз төлеушiлер болып табылады.
      2. Осы баптың 1-тармағының ережелерi ескерiле отырып, резидент емес заңды тұлғалар және олардың құрылымдық бөлiмшелерi де акциз төлеушiлер болып табылады.
      Ескерту. 256-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2003.07.04. N 475 Заңымен. (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

      257-бап. Акцизделетiн тауарлар мен қызмет түрлерiнiң
               тiзбесi

      1. Мыналар:
      1) спирттің барлық түрлерi;
      2) алкоголь өнiмi;
      3) темекi бұйымдары;
      4) құрамында темекi бар басқа бұйымдар;
      5) бекiре және қызыл балық уылдырығы;
      6) <*>
      7) бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отыны;
      8) жеңiл автомобильдер (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын автомобильдерден басқа);
      9) атыс және газ қарулары (мемлекеттiк билiк органдарының қажеттiлiктерi үшiн алынғандардан басқа);
      10) газ конденсатын қоса алғанда, шикi мұнай акцизделетiн тауарлар болып табылады.
      2. Қызметтің акцизделетiн түрлерi мыналар болып табылады:
      1) ойын бизнесi;
      2) лотереяны ұйымдастыру мен өткiзу.
      Ескерту. 257-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      258-бап. Акциз ставкалары

      1. Акциз ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi және тауар құнына процентпен (адвалорлық) және (немесе) заттай нысандағы өлшем бiрлiгiне абсолюттiк сомада (тұрлаулы) белгiленедi.
      2. Алкоголь өнiмiне акциздер ставкасы осы баптың 1-тармағына сәйкес не онда су араластырылмаған (жүз проценттiк) спирттiң болу көлемiне байланысты бекiтiледi.
      3. Спирттiң барлық түрлерiне акциз ставкалары спирттiң бұдан әрi пайдаланылу мақсаттарына қарай сараланады.
      Алкоголь өнiмдерiн өндiру үшiн өткiзілетiн спиртке акциз ставкасы алкоголь өнiмдерiн өндiру үшiн пайдаланбайтын адамдарға өткiзiлетiн спиртке белгiленетiн базалық ставкадан төмен белгiленуi мүмкiн.
      4. Ойын бизнесi объектілерiне акциздiң базалық ставкасының ең жоғары және ең төмен шектерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бiр жылға есептеп белгiлейдi.
      Жергiлiктi өкiлдi органдар ойын бизнесi объектiлерiне белгiленген базалық ставкалар шегiнде қызметiн бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушiлер үшiн бiрыңғай акциз ставкасын белгiлейдi.
      5. Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес жеке тұлғалар оңайлатылған тәртiппен өткiзетiн акцизделетiн тауарларға акциз ставкалары осы баптың 1-тармағына сәйкес белгiленедi және осы Кодекстiң 516-бабының 2-тармағына сәйкес жиынтық кедендiк төлем құрамына қосылуы мүмкiн, оның мөлшерi Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес айқындалады. <*>
      Ескерту. 258-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2003.07.04. N 475 Заңымен. (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

43-тарау. Қазақстан Республикасында өндірілетін,
өткізілетін акцизделетін тауарларға және
акцизделетін қызмет түрлеріне салық салу

      259-бап. Салық салу объектiсi

      1. Мыналар:
      1) акциз төлеушiнiң өзi жасап шығарған және (немесе) өндiрген және (немесе) ыдысқа құйылған акцизделетiн тауарлармен жүзеге асыратын мынадай операциялары:
      акцизделетiн тауарларды өткiзуi;
      акцизделетiн тауарларды алыс-берiс негiзiнде ұқсатуға беруi;
      алыс-берiс, оның iшiнде акцизделетiн шикiзат пен материалдарды ұқсату өнiмдерi болып табылатын акцизделетiн тауарларды беруi;
      жарғылық капиталға жарнасы;
      заттай ақы төлеген кезде акцизделетiн тауарларды пайдалануы;
      тауар өндiрушiнiң акцизделетiн тауарларды өзiнiң құрылымдық бөлiмшелерiне тиеп жөнелтуi;
      тауар өндiрушiлердің жасап шығарған және (немесе) өндiрген және (немесе) ыдысқа құйылған тауарларды өздерiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына пайдалануы;
      2) бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткiзуi;
      3) бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткiзуi;
      4) тәркiленген және (немесе) иесi жоқ, мұрагерлiк құқығы бойынша мемлекетке өткен және мемлекет меншiгiне өтеусiз берiлген акцизделген тауарларды өткiзуi;
      5) ойын бизнесi саласындағы қызметтi жүзеге асыруы;
      6) лотереяларды ұйымдастыруы және өткiзуi;
      7) акцизделетiн тауарлардың, акциз маркаларының бүлiнуi, жоғалуы акциз алынатын объект болып табылады.
      2. Мыналарға:
      1) егер осы Кодекстiң 268-бабында белгіленген талаптарға сай келсе, акцизделетiн тауарлардың экспортына;
      2) этил спиртiн өндiрудi және оның айналымын бақылау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейтiн квоталар шегiндегi этил спиртi:
      тауар өндiрушiде аталған өнiмдi өндiру құқығына Қазақстан Республикасының лицензиясы бар болған жағдайда емдiк және фармацевтiк дәрi-дәрмек әзiрлеу үшiн;
      мемлекеттiк медицина мекемелерiне босатылса;
      3) тұтынушының сыйымдылығы 0,1 литрден аспайтын ыдысына құйылған және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес дәрiлiк құрал ретiнде тiркелген, құрамында спиртi бар медициналық мақсаттағы (бальзамнан басқа) өнiмге акциз салынбауға тиiс.

      260-бап. Операция жасалған күн

      1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, барлық жағдайларда акцизделетiн тауарларды алушыға тиеп жөнелту (беру) күнi операция жасалған күн болып табылады. <*>
      2. Тауар өндiрушi өзi өндiрген акцизделетiн тауарларды өзiнiң құрылымдық бөлiмшелер желiсi арқылы өткiзген жағдайда тауарларды құрылымдық бөлiмшелерге тиеп жөнелткен күн операция жасалған күн болып табылады.
      3. Акцизделетiн алыс-берiс тауарларын беру кезiнде аталған тауарларды мердiгерге (ұқсатушыға) берген күн операция жасалған күн болып табылады.
      Алыс-берiс тауарларынан акцизделетiн тауарлар әзiрленген кезде әзiрленген акцизделетiн тауарларды тапсырыс берушiге немесе тапсырыс берушi көрсеткен тұлғаға берген күн операция жасалған күн болып табылады.
      4. Акцизделетiн тауарларды өздерiнiң өндiрiстiк қажеттерiне пайдаланған кезде аталған тауарларды осындай пайдалануға берген күн операция жасалған күн болып табылады.
      5. Лотерея ұйымдастырған және өткiзген жағдайда салық органында лотерея билеттерiн сатуға шығаруды тiркеген күн операция жасалған күн болып табылады.
      6. Акцизделетiн өнiм, акциз маркалары бүлiнген жағдайда бүлiнген акцизделетiн өнiмдi (акциз маркаларын) есептен шығару туралы акт жасалған күн немесе оны өндiрiстiк процесте одан әрi пайдалану туралы шешiм қабылданған күн операция жасалған күн болып табылады.
      Акцизделетiн тауарлар, акциз маркалары жоғалған жағдайда акцизделетiн тауарлар, акциз маркалары жоғалған күн операция жасалған күн болып табылады.
      Ескерту. 260-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2003.07.04. N 475 Заңымен. (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

      261-бап. Салық базасы

      1. Тұрлаулы акциз ставкасы белгiленген акцизделетiн тауарлар бойынша салық базасы өндiрiлген, өткiзiлген заттай нысандағы акцизделетiн тауарлар көлемi ретiнде белгiленедi.
      2. Адвалорлық акциз ставкалары белгiленген акцизделетiн тауарлар бойынша салық базасы өндiрушi осы тауарды акциздер мен қосылған құн салығын енгiзбей беретiн бағалар бойынша анықталатын өндiрiлген, өткiзiлген акцизделетiн тауарлар құны ретiнде белгiленедi.
      3. Лотереяларды ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру кезiндегi салық базасы лотереяны ұйымдастырушы салық органында лотерея билеттерiн сатуға шығаруды тiркеген кезде жүлде қорына жатқызылатын сома алып тасталған, оған акциз сомасы қосылмай мәлімделген түсім сомасы ретiнде анықталады және шығарылым тiркелгеннен кейiн ол өзгертiлмеуге тиiс.

      262-бап. Түрлi ставкалар белгiленген жағдайда спирттiң
               барлық түрiне салық салу ерекшелiктерi

      1. Осы Кодекстiң 258-бабының 3-тармағына сәйкес спирттiң барлық түрiне әртүрлi акциз ставкалары белгiленген жағдайда, салық базасы сол бiр ставкамен салық салынатын операциялар бойынша жеке-жеке анықталады.
      2. Алкоголь өнiмiн өндiрушiлер базалық ставкадан төмен акцизбен сатып алған спирттi алкоголь өнiмiн өндiруден басқа мақсатқа пайдаланған кезде осы спирт бойынша акциз сомасы алкоголь өнiмiн өндiрушiсi болып табылмайтын тұлғаларға сатылатын спирттiң барлық түрлерi үшiн белгiленген акциздiң базалық ставкасы бойынша қайта есептеліп, бюджетке төленуге тиiс. Қайта есептеу мен салық төлеудi спирттi алушы жүргiзедi.
      3. Осы баптың 2-тармағының ережелерi емдiк және фармацевтiк дәрi-дәрмек өндiру және медициналық қызмет көрсету үшiн алынған спирт мақсатқа сай пайдаланылмаған жағдайда да қолданылады. Осы спирт бойынша емдiк және фармацевтiк дәрi-дәрмек өндiрушiлер мен спирттi акцизсiз алған мемлекеттiк медициналық мекемелер акциз төлеушiлер болып табылады.

      263-бап. Акцизделетiн тауарлардың бүлiнуi, жоғалуы

      1. Төтенше оқиғалар салдарынан болған жағдайларды қоспағанда, өндiрiлген акцизделетiн тауарлар бүлiнген, жоғалған кезде акциз толық мөлшерде төленедi.
      Осы ереже одан әрi өткiзу үшiн сатып алынған бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отыны бүлiнген, жоғалған жағдайда да қолданылады.
      2. Осы баптың мақсаты үшiн акцизделетiн өнiмнiң бүлiнуi, жоғалуы болып осы Кодекстiң 237-бабының 2-тармағында сипатталған оқиғалар ұғылады.

      264-бап. Акциз маркаларының бүлiнуi, жоғалуы

      1. Осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, акциз маркалары жоғалған, бүлiнген кезде акциз мәлiмделген ассортимент мөлшерiнде төленедi.
      Осы Кодекстiң 549-бабына сәйкес алкоголь өнiмiн таңбалауға арналған бүлiнген немесе жоғалған (оның iшiнде ұрланған) акциз маркалары бойынша акциздi есептеу маркада көрсетiлген сауыттың (ыдыстың) көлемiне қолданылатын белгiленген ставка негiзге алынып жүргiзiледi.
      Маркада сауыттың (ыдыстың) көлемi белгiленбеген жағдайда бүлiнген немесе жоғалған акциздiк маркалары бойынша акциздi есептеу акциз маркалары бүлiнген, жоғалған кезеңнiң алдындағы салық кезеңi iшiнде өнiм құю (орау) жүргiзiлген сауыттың (ыдыстың) неғұрлым үлкен көлемi негiзге алынып жүргiзiледi.
      2. Акциз маркалары бүлiнген, жоғалған кезде мынадай жағдайларда:
      1) акциз маркалары төтенше жағдайлар салдарынан бүлiнсе, жоғалса;
      2) бүлiнген акциздiк маркаларын салық органдары жоюға жасалған есептен шығару актiсi негiзiнде қабылдаса, акциз төленбейдi.

      265-бап. Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге
               асырылатын бензин (авиациялық бензиндi
               қоспағанда) мен дизель отынын көтерме
               және бөлшек саудада өткiзуге жатқызу
               өлшемдерi

      1. Егер сатып алу-сату шарты бойынша сатып алушы аталған акцизделетiн тауарларды қабылдауға және оларды одан әрi өткiзу үшiн пайдалануға мiндеттенсе, осы сатып алу-сату (айырбастау) шарты бойынша: <*>
      1) бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын өндiрушi;
      2) бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын одан әрi өткiзу мақсатында сатып алуды не олардың импортын жүзеге асырған салық төлеушi өнiм берушiлер болып табылған жағдайда, бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынын өткiзу көтерме саудада өткiзу саласына жатқызылады.
       Көтере өткiзу саласына одан әрi өткiзу үшiн құрылымдық бөлiмшелерге бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын тиеп жөнелту де жатқызылады. <*>
      2. Бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын бөлшек саудада өткiзу саласына осы баптың 1-тармағында аталған берушiлер жүзеге асыратын мынадай:
      1) бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын заңды тұлғаларға (оның iшiнде шетелдiк заңды тұлғаларға) және жеке кәсiпкерлерге олардың өндiрiстiк қажеттерi үшiн өткiзу;
      2) бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын жеке тұлғаларға өткiзу;
      3) өндiрiлген немесе одан әрi өткiзу үшiн сатып алынған бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын өзiнiң өндiрiстiк қажеттерiне пайдалану операциялары жатады.
      Ескерту. 265-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.
      Ескерту. 265-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2003.07.04. N 475 Заңымен. (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

      266-бап. Ойын бизнесi саласындағы қызметке салық салу

      1. Ойын бизнесi (лотереяларды қоспағанда) саласындағы қызметтi жүзеге асыру кезiнде мыналар:
      1) ойын столы;
      2) ақшалай ұтысы бар ойын автоматы;
      3) тотализатор кассасы;
      4) букмекер кеңселерiнiң кассасы салық салу объектiсi болып табылады.
      2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген ұғымдар осы Кодекстiң 391-бабымен анықталады.

      267-бап. Лотереяларды ұйымдастыруға және өткiзуге
               салық салу

      1. Лотерея ұйымдастырушысының лотерея билеттерiн сатуға шығаруы лотерея бойынша салық салу объектiсi болып табылады.
      Осы баптың мақсаттары үшiн лотерея ұйымдастырушысы өткiзуге әзiрлеген лотерея билеттерiнiң саны сатуға шығару деп ұғылады.
      2. Лотерея билеттерiн сатуға шығарудың әрбiр шығарылымы және оның ақша түрiндегi көлемi лотерея билеттерiн өткiзу басталғанға дейiн он күнтiзбелiк күннен кешiктiрiлмей салық органдарында мiндеттi түрде тiркелуге тиiс.
      Лотерея билеттерiн сатуға шығаруды тiркеу тәртiбiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.

      268-бап. Акцизделетiн тауарлар экспортын растау

      1. Акцизделетiн тауарларды экспортқа өткiзу кезiнде осы Кодекстiң 259-бабының 2-тармағына сәйкес салық салудан босатудың негiздiлiгiн растау үшiн салық төлеушi тiркелген орны бойынша салық органына алпыс жұмыс күнiнің ішінде міндетті түрде мына құжаттарды:
      1) экспортталатын акцизделетiн тауарларды беруге шартты (келiсiм-шартты);
      2) акцизделетiн тауарларды экспорт режимiнде шығаруды жүзеге асырған кеден органының белгiлерi бар кедендiк жүк декларациясын немесе оның кеден органы куәландырған көшiрмесiн табыс етедi.
      Акцизделетiн тауарларды экспорт режимiнде магистральдық құбыр жүйесiмен не толық емес мерзiмдiк декларациялау рәсiмiн қолдана отырып әкеткен жағдайда кеден ресiмдеуiн жүргiзген кеден органының белгiлерi соғылған толық кедендiк жүк декларациясы экспортты куәландыру болып табылады; <*>
      3) Қазақстан Республикасының кеден шекарасындағы өткiзу пунктiнде орналасқан кеден органының белгiсi соғылған тауарға iлеспе құжаттардың көшiрмелерiн табыс етедi.
      Акцизделетiн тауарларды экспорт режимiнде магистральдық құбыр жүйесiмен әкеткен жағдайда тауарға iлеспе құжаттар көшiрмелерiнің орнына тауарларды қабылдау-тапсыру актiсi табыс етiледi; <*>
      4) салық төлеушiнің Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасында ашылған шоттарына акцизделетiн тауарлар өткізуден түскен нақты түсiмді растайтын төлем құжаттары мен банк көшiрмесiн табыс етедi.
      2. Қазақстан Республикасы акцизделетiн тауарлар экспортын акцизден босатуды көздейтiн халықаралық шарттар жасасқан Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерге акцизделетiн тауарлар экспортталған кезде Қазақстан Республикасының кеден аумағынан экспорт режимiнде әкетiлген акцизделетiн тауарларды импорттаған елде ресiмделген кедендiк жүк декларациясының көшiрмесi қосымша табыс етiледi.
      3. Акцизделетiн тауарларды экспортқа өткiзу осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес расталмаған жағдайда, мұндай өткiзуге Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетiн тауарларды өткiзу үшiн осы тарауда белгiленген тәртiппен акциз салынуға тиiс.
      Ескерту. 268-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2003.07.04. N 475 Заңымен. (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

      269-бап. Акциз сомасын есептеу

      1. Акциз сомасын есептеу белгiленген акциз ставкасын салық базасына қолдану арқылы жүргiзiледi.
      2. Ойын бизнесi бойынша акциз сомасын есептеу салық кезеңiне белгiленген акциз ставкасын салық салынатын объектiлердiң санына қолдану арқылы анықталады.
      Салық кезеңiнде салық салынатын объектiлердiң саны өзгерсе, енгiзiлген (шығып қалған) объектiге акциз сомасы толық көлемде төленедi.

      270-бап. Салықтан шегеру

      1. Салық төлеушiнiң осы Кодекстiң 269-бабына сәйкес белгiленген салық сомасын осы бапта белгiленген шегерiмдерге кемiтуге құқығы бар.
      2. Акцизделетiн тауарларды (спирттiң барлық түрiн және газ конденсатымен бiрге мұнайды қоспағанда) сатып алған немесе оны Қазақстан Республикасының кеден аумағына импорттаған кезде, егер аталған тауарлар бұдан әрi акцизделетiн тауарлар өндiру үшiн негiзгi шикiзат ретiнде пайдаланылған болса, Қазақстан Республикасының аумағында төленген акциз сомалары шегерiлуге тиiс.
      Осы тармаққа сәйкес салық кезеңiнде акцизделетiн тауарлар дайындауға нақты пайдаланылған акцизделетiн шикiзат көлемi негiзге алынып анықталған акциз сомасына шегерiм жасалады.
      Осы баптың ережелерi акцизделетiн алыс-берiс шикiзаты мен материалдарынан дайындалған акцизделетiн тауарларды беру кезiнде де, акцизделетiн алыс-берiс шикiзаты мен материалдарының меншiк иесi акциздiң төленгенiн растаған жағдайда қолданылады.

      271-бап. Акциз төлеу мерзiмдерi

      1.Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, акцизделетiн тауарларға акциз:
      1) салық кезеңiнiң алғашқы он күнi iшiнде жасалған операциялар бойынша айдың он үшiншi күнiнен;
      2) салық кезеңiнiң екiншi он күнi iшiнде жасалған операциялар бойынша айдың жиырма үшiншi күнiнен;
      3) салық кезеңiнiң қалған күндерiнде жасалған операциялар бойынша есептi айдан кейiнгi айдың үшiншi күнiнен кешiктiрiлмей бюджетке аударылуға тиiс. <*>
      2. Алыс-берiс шикiзаты мен материалдарынан өндiрiлген акцизделетiн тауарлар бойынша акциз тапсырыс берушiге немесе тапсырыс берушi көрсеткен тұлғаға өнiм берiлген күнi төленедi.
      3. Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген газ конденсатын қоса алғанда шикi мұнайды өнеркәсiптiк ұқсатуға берген кезде акциз ол берiлген күнi төленедi.
      4. <*>
      5. Өз өндiрiсiнің акциз салынуға тиiстi шикiзатынан акцизделетiн тауарлар өндiрген кезде осы шикiзатқа акцизделетiн дайын тауарлар бойынша акциз төлеуге белгiленген мерзiмде акциз төленедi.
      6. Ойын бизнесi бойынша акциз осы Кодекстiң 395-бабында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде төленедi.
      7. Лотерея ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асырудан түскен акциз осы Кодекстiң 267-бабына сәйкес жүзеге асырылатын лотерея билеттерiн сатуға шығару тiркелген күнге дейiн немесе тiркелген күнi төленедi.
      Ескерту. 271-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.

      272-бап. Акциз төленетiн жер

      1. Акциз төлеу осы баптың 2-тармағында аталған жағдайларды қоспағанда, акциз төлеушiнiң тiркелген жерi бойынша жүргiзiледi.
      2. Құрылымдық бөлiмшелерi бар акциз төлеушiлер, егер олар:
      1) осы Кодекстiң 257-бабы 1-тармағының 1)-2) тармақшаларында көрсетiлген акцизделетiн тауарларды өндiрудi және (немесе) оларды құюды;
      2) бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткiзудi жүзеге асыратын болса, осы Кодекстiң 273-бабында көзделген тәртiппен құрылымдық бөлiмшелердің орналасқан жерi бойынша акциз төлейдi.

      273-бап. Салық төлеушiлердiң құрылымдық бөлiмшелерi
               үшiн акциз есептеу мен төлеу тәртiбi

      1. Осы Кодекстiң 272-бабының 2-тармағында көрсетiлген және құрылымдық бөлiмшелерi бар акциз төлеушiлер құрылымдық бөлiмшелердi олардың орналасқан жерi бойынша салық органдарында тiркеу есебiне қоюға және өзiнің құрылымдық бөлiмшелерiн тiркеу есебiне қойғаны туралы өзi тiркелген жерi бойынша салық органына хабарлауға мiндеттi.
      2. Құрылымдық бөлiмше үшiн төленуге тиiс акциз сомасы әр құрылымдық бөлiмше бойынша жасалған құрылымдық бөлiмше жөнiндегi акциз есебi негiзiнде анықталады.
      3. Акциз есебiн құрылымдық бөлiмшелер бойынша жасаған кезде акциз салынған және салық кезеңi iшiнде құрылымдық бөлiмшелер жүргiзген операциялар ескерiледi.
      4. Акциз төлеушiлер құрылымдық бөлiмшелерi үшiн төлеуге тиiс акциз сомалары бойынша есептi құрылымдық бөлiмшенің тiркелген жерi бойынша салық органына осы Кодекстің 275-бабында белгiленген мерзiмдерде табыс етуге мiндеттi. <*>
      5. Ағымдағы төлемдердi қоса алғанда, құрылымдық бөлiмшелер үшiн акциз төлеудi акциз төлеушi заңды тұлға тiкелей өзiнiң есеп шотынан төлейдi немесе ол құрылымдық бөлiмшеге жүктеледi.
      6. Осы бапта белгiленген тәртiп осы Кодекстiң 272-бабының 2-тармағында аталған қызметтi өзi тiркелген орнынан тыс жерде жүзеге асыратын жеке кәсiпкер акциз төлеген жағдайда да қолданылады. Жеке кәсiпкер, ағымдағы төлемдердi қоса алғанда, акциз төлеудi өзi қызметiн жүзеге асыратын жерi бойынша жүргiзедi.
      Ескерту. 273-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.

      274-бап. Салық кезеңi

      Акцизге қатысты күнтiзбелiк ай салық кезеңi болып табылады.

      275-бап. Салық декларациясы

      1. Әрбiр салық кезеңi аяқталған соң, салық кезеңiнен кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей, салық төлеушi өзi тiркелген жерi бойынша салық органдарына акциз жөнiндегi декларация табыс етуге мiндеттi.
      2. Осы Кодекстің 272-бабының 2-тармағында аталған акциз төлеушiлер декларациямен бiр мезгiлде құрылымдық бөлiмшелер үшiн акциз бойынша есептi табыс етедi.
      3. Декларация мен құрылымдық бөлiмшелер үшiн акциз бойынша есеп-қисаптар салық органына салық кезеңiнен кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрiлмей табыс етiледi.

44-тарау. Акцизделетін тауарлардың импортына
салық салу

      276-бап. Импортталатын акцизделетiн тауарлардың салық
               базасы

      1. Тұрлаулы акциз ставкалары белгiленген акцизделетiн тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағына импорттау кезiнде салық базасы импортталатын акцизделетiн тауарлардың заттай түрдегi көлемi ретiнде белгiленедi.
      2. Адвалорлық акциз ставкалары белгiленген акцизделетiн тауарларды импорттау кезiнде салық салынатын база импортталатын акцизделетiн тауарлардың Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес айқындалатын кедендiк құны ретiнде анықталады.

      277-бап. Импортталатын акцизделетiн тауарларға
               акциз төлеу мерзiмдерi

      1. Импортталатын тауарларға акциздер, осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден заңдарында кеден төлемдерiн төлеу үшiн белгiленген күнi төленедi.
      2. Осы Кодекстің 549-бабына сәйкес таңбалануға тиiстi импортталатын акцизделетiн тауарларға акциздiк маркаларын алған күнге дейiн немесе алған күнi акциз төленедi.
      Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде аталған акцизделетiн тауарларды iс жүзiнде импорттауды жүзеге асыру кезiнде акциз сомасы нақтылануға тиiс.

      278-бап. Акцизден босатылған акцизделетiн тауарлардың
               импорты

      1. Жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен нормалар бойынша импорттайтын акцизделетiн тауарларына акциз төленбейдi.
      2. Төмендегi тiзiп көрсетiлген импортталатын тауарлар:
      1) жол бойы бағытында және аралық аялдама пункттерiнде халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын көлік құралдарын пайдалану үшiн қажеттi, сондай-ақ аварияны (сынып қалуды) жою үшiн шет елден сатып алынған акцизделетiн тауарлар;
      2) Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзгенге дейiн бүлiнуi салдарынан бұйым және материал ретiнде пайдалануға жарамсыз болып қалған тауарлар;
      3) шетелдiк дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкілдiктердiң ресми пайдалануы үшін, сондай-ақ осы өкілдiктердiң дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық қызметкерлерiнің, олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiн қоса алғанда, жеке пайдалануы үшiн әкелiнген және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес акцизден босатылатын тауарлар;
      4) Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн, "Еркiн айналыс үшiн тауарлар шығару" режимiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден заңдарымен белгiленген кеден режимi шеңберiнде акцизден босатылатын тауарлар;
      5) сыйымдылығы 0,1 литрден аспайтын тұтынушы ыдысына құйылған және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тiркелген, құрамында спиртi бар медициналық мақсаттағы өнiм (бальзамдардан басқа) акциз төлеуден босатылады. <*>
      Ескерту. 278-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.

10-бөлім. Жер қойнауын пайдаланушыларға
салық салу

45-тарау. Жалпы ережелер

      279-бап. Осы бөлiмде реттелетiн қатынастар

      1. Осы бөлiмде мұнай операцияларын қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргiзу жөнiндегi қызметке салық салудың ерекшелiктерi реттеледi және жер қойнауын пайдаланушылардың мынадай салықтары мен арнайы төлемдерiн:
      1) үстеме пайда салығын;
      2) экспортталатын шикi мұнайға рента салығын;
      3) жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдерiн:
      а) бонустарды (қол қойылатын, коммерциялық табу);
      б) роялтидi;
      в) өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесiн есептеу мен төлеу тәртiбi белгiленедi.
      Осы Кодексте "жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар", "мұнай операциялары", "мұнай" және "келiсiм-шарттық аумақ" ұғымдарының Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы және мұнай туралы заңдарында айқындалған маңызы бар.
      2. Мұнай операцияларын қоса алғанда жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргiзу жөнiндегi қызметке осы Кодексте белгiленген тәртiппен салық салынуға тиiс.
      Ескерту. 279-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).     

      280-бап. <*>
     Ескерту. 280-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      281-бап. Жер қойнауын пайдаланушыларға жер қойнауын
               пайдалануға келiсiм-шарттар жасалғанға дейiн
               салық салу

      Пайдалы қазбалар өндiрудi жер қойнауын пайдалануға келiсiм-шарт жасалғанға дейін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдаланғаны үшiн республикалық бюджеттің кiрiсiне Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн мөлшерде роялти түрiнде аударымдар жасайды.
      Бұл ретте салық салу объектiлерi мен осы аударымдарды төлеу мерзiмдерiн айқындау осы Кодексте роялти төлеу үшiн белгiленген тәртiппен жүргiзіледi.

      282-бап. Жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды
               жүргізу жөніндегі қызметке салық салу <*>
 
      1. Салық және бюджетке төленетiн басқа да міндеттi төлемдер бойынша салық мiндеттемелерiн есептеу оларды төлеу жөнiндегi міндеттемелер пайда болған кезде қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес жүргізіледi.
      2. Мiндетті салық сараптамасынан өткен, Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе құзыретті орган мен отандық немесе шетелдiк жер қойнауын пайдаланушылар арасындағы жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарда айқындалған салық салу шарттары олардың қолданылуының белгіленген бүкiл мерзiмi ішiнде сақталады және қолданылады әрі Қазақстан Республикасы салық заңдарының өзгеруіне байланысты тараптардың келісімі бойынша түзетiлуi мүмкiн.
      3. Осы Кодекстiң 283-бабында көрсетілген екiншi үлгі бойынша салық салу шарттары өнiмдi бөлу туралы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жасалған келісім-шартта ғана айқындалады.
      Өнiмдi бөлу туралы келiсім-шартта белгіленетiн салық салу шарттары келісім-шартқа қол қойылған (жасалған) күні қолданылатын жеке және заңды тұлғалардың салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуiн реттейтiн Қазақстан Республикасының салық заңдарының ережелерiне сәйкес болуға тиіс.
      Салық сараптамасы жүргізілген күн мен өнімді бөлу туралы келісім-шартқа қол қойылған күн аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасының салық заңдары өзгерген жағдайда қайтадан сараптама жүргізіле отырып, салық режимi осы өзгерістерге сәйкес келтірілуге тиiс.
      4. Өнімді бөлу туралы бiр келiсiм-шарт бойынша жер қойнауын пайдалануды бiрнеше салық төлеушi жүзеге асыратын жағдайда келісім-шартта белгіленген салық режимi олардың барлығы үшін ортақ болып табылады. Бұл ретте:
      1) осындай келiсім-шарт аясында жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық төлеушiлер салық салу мақсатында бірыңғай шоғырландырылған есеп жүргізуге және келісім-шартта белгіленген барлық салық пен төлемдерді төлеуге міндетті;
      2) бiр келісiм-шарт бойынша қызметті жүзеге асыратын резидент eмec жер қойнауын пайдаланушыларға келiсiм-шартта белгіленген салықтар бойынша осы Кодекстің 184-186-баптарына сәйкес салық салынуға тиіс.
      5. Жер қойнауын пайдаланушы келісiм-шарт аясында жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық міндеттемелерін eceптеу және осы келісiм-шарт аясынан тыс қызмет бойынша салық мiндеттемелерiн eceптeу үшін бөлек есеп жүргізуге міндетті.
      Осы ереже кең таралған пайдалы қазбаларды және (немесе жер асты суларын өндiру жөніндегі келісім-шарттарға қолданылмайды.
     Ескерту. 282-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

     283-бап. Жер қойнауын пайдалануға жасалған
               келiсiм-шарттардың салық режимiнiң үлгiлерi

      Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу келiсiм-шарттардың негiзгi түрлерiне қарай екi үлгiге бөлiнедi:
      1) бiрiншi үлгi, өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушының осы Кодексте көзделген салық пен басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуiн көздейдi;
      2) екiншi үлгі жер қойнауын пайдаланушының өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесiн төлеуiн (беруiн), сондай-ақ осы Кодексте көзделген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлерінің төленуін көздейді, оларға:
      экспортталатын шикi мұнайға салынатын рента салығы;
      газ конденсатын қоса алғанда, шикi мұнайға салынатын акциз;
      үстеме пайда салығы;
      жер салығы;
      мүлiк салығы қосылмайды. <*>
      2. - 4. (алып тасталды)
      Ескерту. 283-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      284-бап. Жер қойнауын пайдалануды жүзеге асыруға қатысы
               жоқ операциялар бойынша салық режимi

      Келiсiм-шарт шеңберiнде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық мiндеттемелерiн орындау жер қойнауын пайдаланушыны осындай мiндеттемелердiң пайда болған күнi қолданылып жүрген салық заңдарына сәйкес, келiсiм-шарт шеңберiнен тыс қызметтi жүзеге асырғаны үшiн осы Кодексте көзделген салық мiндеттемелерiн орындаудан босатпайды.

      285-бап. Салық заңдары өзгерген кезде өнiмдi бөлу
               туралы келiсiм-шарт бойынша салық салу
               шарттары

      1. Өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарттарда белгiленген салық салу шарттары тараптардың келiсiмi бойынша салық заңдарының өзгеруiне байланысты түзетiлуi мүмкiн.
      Салық заңдарындағы өзгерiстер нәтижесiнде жер қойнауын пайдаланушыға салық салу шарттары жақсарған жағдайда, өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарттарда Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерiн қалпына келтiру мақсатында салық салу шарттарына түзету жасалады. <*>
      2. Өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шартта көзделген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң жекелеген түрлерiнiң күшi жойылған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы осы баптың 1-тармағында айқындалған тәртiппен келiсiм-шартқа тиiстi өзгерiстер енгiзiлгенге дейiн келiсiм-шартта белгiленген тәртiппен және мөлшерде оларды бюджетке төлеудi жалғастыра бередi. <*>
      Ескерту. 285-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      286-бап. Салық сараптамасы

      1. Салық сараптамасы - құзыреттi орган жасаған өнiмдi бөлу туралы келісiм-шарт жобасына, оған толықтырулар мен өзгерiстерге талдау жасау мен баға берудi қамтитын, салық салу шарттарын анықтау, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерi мен салығын белгiлеу мақсатында өткiзiлетiн мiндеттi сараптама. <*>
      2. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi барлық келiсiм-шарттарға қол қойылғанға дейiн олар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен және мерзiмдерде мiндеттi салық сараптамасынан өткiзiлуге тиiс. Осы ереже бұрын жасалған келiсiм-шарттарға енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларға да қолданылады.
      3. Салық сараптамасының нәтижелерi бойынша белгiленген салық салу шарттары өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарттың түпкiлiктi мәтiнiне ешбiр өзгертулер мен түзетулерсiз мiндеттi түрде енгiзілуге тиіс. <*>
      Ескерту. 286-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

46-тарау. Бонустар

      287-бап. Бонустар туралы жалпы ережелер

      1. Бонустар жер қойнауын пайдаланушының тiркелген төлемдерi болып табылады. <*>
      2. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануды жүргiзудiң жеке жағдайларын негiзге ала отырып, бонустардың мынадай түрлерiн:
      1) қол қойылатын;
      2) коммерциялық табу бонусын төлейдi.
      Ескерту. 287-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

Параграф 1. Қол қойылатын бонус

      288-бап. Қол қойылатын бонусты белгiлеу тәртiбi

      1. Қол қойылатын бонус жер қойнауын пайдаланушының келiсiм-шарт жасалатын аумақта жер қойнауын пайдалану жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығы үшiн бiржолғы тiркелген төлемi болып табылады. <*>
      2. Қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшерлерiн пайдалы қазбалар көлемi мен кен орнының экономикалық құндылығы ескерiлген есеп негiзiнде Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.
      3. Қол қойылатын бонустың түпкiлiктi мөлшерiн жер қойнауын пайдалануға құқық алуға өткізiлген инвестициялық бағдарламалар конкурсының нәтижелерi бойынша комиссия белгiлейдi және ол жер қойнауын пайдалану үшiн берiлетiн кен орындарының (келiсiм-шарт аумақтарының) экономикалық құндылығы есепке алынып, келiсiм-шартта бекiтiледi, бiрақ бастапқы мөлшерлерден төмен болмауы керек. <*>
      Ескерту. 288-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      289-бап. Қол қойылатын бонусты төлеу мерзiмi

      Қол қойылатын бонус келiсiм-шарт күшiне енген күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрiлмей бюджетке төленедi. <*>
      Ескерту. 289-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      290-бап. Салық декларациясы

      Жер қойнауын пайдаланушы қол қойылатын бонус бойынша декларацияны тiркелген жерi бойынша салық органына төлеу мерзiмi басталған айдан кейiнгi айдың 15-iне дейiн табыс етедi.
    

Параграф 2. Коммерциялық табу бонусы

      291-бап. Коммерциялық табу бонусын төлеу тәртiбi

      1. Коммерциялық табу - келiсiм-шарт аумағы шегiнде ашылған, өндiру үшiн экономикалық жағынан тиiмдi пайдалы қазбалардың белгiлi бiр түрiнiң запастары.
      2. Осы баптың 3-тармағында аталған жағдайларды қоспағанда, коммерциялық табу бонусы келiсiм-шарт аумағындағы әрбiр коммерциялық табу үшiн, оның iшiнде кен орындарына қосымша барлау жүргiзу барысында, бастапқы анықталған алынатын қорды арттыруға жеткiзетiн пайдалы қазбалардың табылғаны үшiн төленедi. <*>
      3. Пайдалы қазбалардың кен орындарына оларды кейiннен өндiрудi көздемейтiн барлау жүргiзуге жасалған келiсiм-шарттар бойынша коммерциялық табу бонусы төленбейдi. <*>
      Қол қойылатын бонус келiсiм-шарт күшiне енген күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрiлмей бюджетке төленедi. <*>
      Ескерту. 291-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      292-бап. Коммерциялық табу бонусының мөлшерi

      Коммерциялық табу бонусының мөлшерi салық салу объектiсi, есептеу базасы мен ставка негiзге алына отырып белгiленедi.
      Коммерциялық табу бонусының мөлшерiн есептеу үшiн:
      1) кен орнынан алынатын пайдалы қазбалар қорының уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен осы мақсаттағы көлемi салық салу объектiсi болып табылады;
      2) алынатын пайдалы қазбалар қорының бекiтiлген көлемiнiң құны төлемдi есептеу базасы болып табылады. Алынатын қордың құны осы пайдалы қазбаның төлем жүзеге асырылған күнгi Халықаралық (Лондон) биржада белгiленген биржалық баға бойынша есептеледi. Пайдалы қазбаларға биржалық баға белгiленбеген жағдайда шығарылатын қордың құны құзыреттi орган бекiткен жұмыс бағдарламасында көрсетiлген өндiруге жұмсалатын жоспарлы шығындардың жоспарлы рентабельдiлiк мөлшерiне түзетiлген сомасынан айқындалады; <*>
      3) коммерциялық табу бонусы есептеу базасының 0,1 проценті ставкасы бойынша бөлінедi. <*>
      Ескерту. 292-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен  (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      293-бап. Коммерциялық табу бонусын төлеу мерзiмi

      Коммерциялық табу бонусы осы мақсаттар үшiн уәкілеттік берiлген мемлекеттік орган кен орнындағы пайдалы қазбалар қорының шығарылатын көлемiн бекiткен күннен бастап 90 күннен кешiктiрiлмей төленедi. <*>
      Ескерту. 293-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      294-бап. Салық декларациясы

      Коммерциялық табу бонусы жөнiндегi декларацияны жер қойнауын пайдаланушы тiркелген жерi бойынша салық органына төлеу мерзiмi басталған айдан кейiнгi айдың 15-iне дейiн табыс етедi.

47-тарау. Роялти

      295-бап. Роялти туралы жалпы ережелер

      1. Жер қойнауын пайдаланушы роялтидi Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлетiн пайдалы қазбалардың әр түрi бойынша, оның сатып алушыларға өткiзiлгенiне (тиеп жөнелтiлгенiне) немесе өз қажетiне пайдаланылғанына қарамастан, жеке төлейдi.
      2. Жер қойнауын пайдалануға жасалған келiсiм-шартта белгiленген роялти, осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ақшалай нысанда төленедi.
      3. Келiсiм-шарт бойынша қызметтi жүзеге асыру барысында роялтидi ақшалай төлеу нысаны Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмiмен құзыреттi органмен қосымша келiсiмде белгiленген тәртiппен заттай нысанмен ауыстырылуы мүмкiн.

      296-бап. Төлеушiлер

      Техногендiк минералды құралымдардан пайдалы қазбалар алуды қоса алғанда, пайдалы қазбалар өндiрудi жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар, есептi кезеңде олардың өткiзiлген-өткiзiлмегенiне қарамастан, роялти төлеушiлер болып табылады.

      297-бап. Роялти төлеу тәртiбi <*>

      1. Роялти мөлшерi салық салу объектісi, eceптeу базасы мен ставка негізге алына отырып айқындалады.
      2. Пайдалы қазбалардың өндіріліп алынған көлемi немесе нақты өндiрiлген пайдалы қазбалардан алынған алғашқы тауарлы өнiмнің көлемi салық салу объектiсi болып табылады.
      Мыналар:
      1) пайдалы қазбалардың өзi:
      мұнай, табиғи газ және газ конденсаты;
      көмiр және жанғыш тақтатастар;
      тауарлы кендер;
      жер асты сулары, оның ішінде бастапқы өңдеуден өткен сулар;
      слюда, керіш, құрылыс материалдары өндiрісіне арналған шикізат;
      металлургияға арналған кен емес шикізат;
      2) қымбат бағалы металдар, құмда, кенде, концентратта болатын металдар;
      3) қара, түсті, сирек кездесетiн және радиоактивті металдардың, кен-химия шикізатының концентраттары;
      4) қымбат бағалы тастар, бастапқы өңдеуден өткен жарқырауық тас және пьезооптикалық шикізат;
      5) басқа пайдалы қазбалар бойынша - бастапқы өңдеуден өткен минералдық шикізат алғашқы тауарлы өнiм болуы мүмкiн.
      3. Осы Кодекстің 299-бабына сәйкес айқындалатын пайдалы қазбалардың құны роялтиді есептеу үшiн салық базасы болып табылады.
      4. Осы баптың 5-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, пайдалы қазбалардың барлық түрлерi бойынша роялти:
      1) мұнай бойынша - қызметтің әрбiр күнтізбелiк жылы үшiн мұнайдың жинақталған өндiрілімінің көлемiне байланысты айқындалған процент ретiнде жылжымалы шкала бойынша және мынадай:
      2000 000 тоннаға дейiн - 2 процент;
      2000 000-нан 3000 000 тоннаға дейiн - 3 процент;
      3000 000-нан 4000 000 тоннаға дейiн - 4 процент;
      4000 000-нан 5000 000 тоннаға дейiн - 5 процент;
      5000 000 тоннадан жоғары - 6 процент ставка бойынша төленеді.
      Егер газ тәріздес көмiрсутектердi сұйық көмiрсутектермен бiрге жер бетiне шығару көзделген жағдайда, роялтидi есептеу мақсатында осындай газ тәрiздес көмiрсутектер мынадай арақатынас арқылы шикi мұнайға ауыстырылады: газ тәрiздес көмiрсутектердің 1 мың текше метрi шикi мұнайдың 0,857 тоннасына сәйкес келедi;
      2) алтынды, күмісті, платинаны, басқа да қымбат бағалы металдар мен қымбат бағалы тастарды қоса алғанда, қатты пайдалы қазбалар бойынша - Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын ставкалар бойынша төленеді.
      5. Кең таралған пайдалы қазбалар мен жер асты сулары бойынша роялти осы Кодекстің 300-бабында белгіленген ставкалар бойынша төленеді.
      Ескерту. 297-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      298-бап. <*>
     Ескерту. 298-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).


      299-бап. Пайдалы қазбалардың құнын айқындау тәртiбi <*>

      1. Роялтидi есептеу мақсатында, алтынды, күмісті және платинаны қоспағанда, өндірiлген мұнайдың, жер асты сулары мен пайдалы қазбалардың құны өндiрiлген пайдалы қазбалардан алынған алғашқы тауарлы өнiмнің салық кезеңiндегi орташа өлшемдi өткiзу бағасы негiзге алына отырып, жанама салықтар мен оларды сату (тиеп жөнелту) пунктiне дейiн тасымалдауға кеткен iс жүзiндегi шығыстар сомасы есепке алынбай айқындалады.
      2. Жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңiнде өндiрген алтынның, күмiстiң және платинаның құны Халықаралық (Лондон) биржада салық кезеңi ішінде қалыптасқан осы металдардың орташа құны негiзге алына отырып есептеледi.
      3. Алғашқы тауарлы өнiм сатылмаған жағдайда, алтынды, күмiстi, платинаны және кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, өндiрiлген мұнайдың, жер асты сулары мен пайдалы қазбалардың құны осындай сату орын алған соңғы салық кезеңiндегi алғашқы тауарлы өнiмiнiң орташа өлшемдi өткiзу бағасы негiзге алынa отырып айқындалады.
      4. Алғашқы тауарлы өнiм мүлде сатылмаған кезде алтынды, күмiстi, платинаны және кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, өндiрiлген мұнайдың, жер асты сулары мен пайдалы қазбалардың құны мұнайды, жер асты суларын өндiруге және көрсетілген пайдалы қазбаларды өндiруге салық кезеңiнде iс жүзiнде қалыптасқан шығындар негiзге алына отырып айқындалады.
      Келесi сату жағдайында жер қойнауын пайдаланушы алғашқы тауарлар өнiмнің iс жүзiнде сатылған бағасын негiзге ала отырып, алғашқы caту орын алған салық кезеңiнде есептелген роялти сомаларына түзету жүргiзуге мiндеттi.
      5. Кең таралған пайдалы қазбалардан алынған алғашқы тауарлы өнiм сатылмаған кезде немесе оларды толығымен өз қажеттерi үшiн пайдаланған жағдайда, кең таралған пайдалы қазбалардың құны жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңiнде iс жүзiнде қалыптасқан рентабельділiк нормасына ұлғайтылған, өндiру мен бастапқы өңдеуде iс жүзiнде қалыптасқан шығындар сомасы негiзге алына отырып айқындалады.
      Газ тәрiздес көмiрсутектерiн одан әрi өңдеу үшiн өтеусiз берген жағдайда, осындай көмiрсутектерiнің құны Қазақстан Pecпубликасының Үкiметi айқындайтын тәртіппен салық кезеңiнде iс жүзiнде қалыптасқан рентабельдiлік нормасына ұлғайтылған, оларды өндіру мен бастапқы өңдеуге iс жүзінде қалыптасқан шығындар негiзге алына отырып айқындалады. Бұл ретте, газ тәрiздес көмiрсутектерi бойынша роялти ставкаларын айқындау үшiн осы Кодекcтiң 297-бабында айқындалған ауыспалы коэффициент пайдаланылады.
      Жер асты суларын шығарылатын өнiмдердің және (немесе) көрсетiлетiн қызметтердiң негiзгi компонентi ретiнде пайдаланған жағдайда, өндiрiлетiн жер асты суларының құны салық кезеңінде iс жүзiнде қалыптасқан рентабельділік нормасына ұлғайтылған, оларды өндiру мен бастапқы өңдеуде iс жүзiнде қалыптасқан шығындар негiзге алына отырып айқындалады.
      Ескерту. 299-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      300-бап. Кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты
               сулары бойынша роялтидiң ставкалары

      1. Кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты сулары бойынша роялтиді жер қойнауын пайдаланушылар, оның iшiнде пайдалы қазбалардың басқа түрлерiн өндiруге жасалған келiсiм-шарттар бойынша қызметтi жүзеге асыратындар мынадай тiркелген ставкалар бойынша төлейдi:
___________________________________________________________________
Р/с                                                       Роялти
N                Пайдалы қазбаның атауы                  ставкасы,
                                                              %
___________________________________________________________________
1    Металлургияға арналған руда емес шикiзат                  1
2    Қалыпқа салынатын құм, глиноземдi жыныс (далалық шпат,    1
     пегматит), әк, доломит, әк-доломит жыныстары
3    Тамақ өнеркәсiбiне арналған әк                            1
4    Басқа руда емес шикiзат                                  3,5
5    Отқа берiк саз балшықтар, каолин, вермикулит             3,5
6    Ас тұзы                                                  3,5
7    Жергілікті құрылыс материалдары                          4,5
8    Ауа кіретін кеуек жыныстар, құрамында суы бар            4,5
     ауа кіретін шынылар мен шыны тектес жыныстар (перлит,
     обсидиан), малта тас пен қиыршық тас, қиыршық
     тас-құм қоспасы, гипс, гипстік тас, ангидрит, гажа, саз
     балшық және саз балшықты жыныстар (баяу балқитын және
     тез балқитын саз балшық, құмды саз балшық, аргиллиттер,
     алевролиттер, сазбалшықты тақтатастар), бор, мергель
     мергельдi-борлы жыныстар, кремнийлі жыныстар (трепел,
     опока, диатомит), кварцты-далалық шпаты жыныстар, шой тас,
     шөгiндi, атқылаудан кейiнгi және метаморфозалық
     жыныстар (гранит, базальт, диабаз, мәрмәр), қалыпқа
     салынатыннан басқа құм (құрылыстық, кварцты, кварцты-далалық
     шпатты), құм тас, табиғи пигменттер, ұлутас.
___________________________________________________________________
9    Жерасты сулары                                            10
___________________________________________________________________

      2. Жер қойнауын пайдаланушы кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты сулары бойынша роялтидi, осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардың тұтынушыларға сатылғанына немесе өз қажеттерiне пайдаланылғанына қарамастан төлейдi.
      3. Роялтидi:
      1) жеке тұлғалар өзiнiң жеке меншiк құқығындағы жер учаскелерiнде өндiретiн жерасты сулары бойынша, осы сулар сыртқа сатылмайтын және кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру кезiнде өндiрiс пен технологиялық қажеттерге жұмсалмаған жағдайда;
      2) жерасты суларын өзiнiң шаруашылық қажеттерi үшiн өндiрудi жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер;
      3) жер қойнауын пайдаланушылар iлеспе өндiрiлген жерасты суларын жер қабатының қысымын қалпында ұстау үшiн керi айдағанда төлемейдi.
      Ескерту. 300-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен  (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      301-бап. Төлеу мерзiмдерi

      Пайдалы қазбалардың барлық түрлерi бойынша роялти салық кезеңiнен кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрiлмей төленедi.

      302-бап. Салық кезеңi

      1. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, күнтiзбелiк ай роялти төлеу жөнiндегі салық кезеңi болып табылады.
      2. Егер алдыңғы тоқсандағы роялти бойынша орташа айлық төлемдер 1000 айлық есептiк көрсеткiштен кем болса, онда салық кезеңi тоқсан болып табылады.

      303-бап. <*>
      Ескерту. 303-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      304-бап. Салық декларациясы

      Жер қойнауын пайдаланушы роялти жөнiндегi декларацияны тiркелген жерiндегi салық органына салық кезеңiнен кейiнгi айдың 10-ынан кешiктiрмей табыс етедi.

      47-1-тарау. Экспортталатын шикi мұнайға салынатын
                 рента салығы

     

      304-1-бап. Төлеушiлер

      Шикi мұнайды экспортқа өткiзетiн жеке және заңды тұлғалар, өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарттар жасасқан жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, экспортталатын шикi мұнайға салынатын рента салығының төлеушiлерi болып табылады.

      304-2-бап. Салық салу объектiсi

      Экспортқа өткiзiлетiн шикi мұнайдың көлемi экспортталатын шикi мұнайға рента салығын салу объектiсi болып табылады.

      304-3-бап. Есептеу тәртiбi

      1. Экспортқа iс жүзiнде өткiзiлетiн шикi мұнай көлемі және шикі мұнайды тасымалдауға кететін шығыстарды шегергеннен кейiнгі оның сапалық сипаттамалары ескерілген нарықтық бағасы негізге алынатын, экспортталатын шикі мұнай құны экспортталатын шикі мұнайға рента салығын есептеу базасы болып табылады.
      2. Сатылатын шикі мұнайдың нарықтық бағасы халықаралық мұнай саудасында сатылатын шикі мұнайдың ұқсас сорттарының тiзбесiне қатысты есепті кезеңде (күн сайын) рынокта сату кезінде басым болған бағалардың орта есеппен алынған бағасы ретінде қалыптасады.
      3. Егер жер қойнауын пайдаланушының шикі мұнайы сапасының көрсеткіштерi магистральдық құбыр арқылы тасымалданатын шикі мұнай қоспалары көрсеткіштерінен төмен болса, шикі мұнай сапасына арзандату белгiленедi. Егер жер қойнауын пайдаланушының шикі мұнайы сапасының көрсеткіштері магистральдық құбыр арқылы тасымалданатын шикі мұнай қоспалары көрсеткіштерінен жоғары болса, шикі мұнай сапасына үстеме баға қойылады.
      4. Шикі мұнайдың ұқсас сорттарының тізбесін Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайды.
      Шикі мұнай бағамын белгілеудің күн сайынғы орташа бағасы биржаны ашу және жабу кезіндегі бағалардың арасындағы орташа арифметикалық баға ретінде айқындалады.

      304-4-бап. Экспортталатын шикі мұнайға рента
                салығы ставкалары

      Экспортталатын шикі мұнайға рента салығы мынадай мөлшерлерде белгіленеді:
______________________________________________________________
     Биржалық баға деңгейіндегі       |     Ставкасы
          нарықтық баға               |
______________________________________________________________
бiр баррель үшін 19 АҚШ доллары            1 процент
бiр баррель үшін 20 АҚШ доллары            4 процент
бiр баррель үшін 21 АҚШ доллары            7 процент
бiр баррель үшін 22 АҚШ доллары            10 процент
бiр баррель үшін 23 АҚШ доллары            12 процент
бiр баррель үшін 24 АҚШ доллары            14 процент
бiр баррель үшін 25 АҚШ доллары            16 процент
бiр баррель үшін 26 АҚШ доллары            17 процент
бiр баррель үшін 27 АҚШ доллары            19 процент
бiр баррель үшін 28 АҚШ доллары            21 процент
бiр баррель үшін 29 АҚШ доллары            22 процент
бiр баррель үшін 30 АҚШ доллары            23 процент
бiр баррель үшін 31 АҚШ доллары            25 процент
бiр баррель үшін 32-33 АҚШ доллары         26 процент
бiр баррель үшін 34-35 АҚШ доллары         28 процент
бiр баррель үшін 36 АҚШ доллары            29 процент
бiр баррель үшін 37 АҚШ доллары            30 процент
бiр баррель үшін 38-39 АҚШ доллары         31 процент
бiр баррель үшін 40 АҚШ доллары            33 процент
және одан жоғары
______________________________________________________________

      304-5-бап. Салық кезеңі

      Экспортталатын шикі мұнайға рента салығын төлеу бойынша салық кезеңі күнтізбелік ай болып табылады.

      304-6-бап. Төлеу мерзімдері

      Жер қойнауын пайдаланушы бюджетке салықтың есептелген сомасын салық кезеңінен кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей төлеуге міндетті.

      304-7-бап. Салық декларациясы

      Экспортталатын шикі мұнайға рента салығы бойынша декларация тіркеу орны бойынша салық органына салық кезеңінен кейінгі айдың 10-ынан кешіктірілмей беріледі.

48-тарау. Үстеме пайда салығы

      305-бап. Төлеушiлер

      Өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарттар, кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты суларын өндіруге, сондай-ақ барлау мен өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және пайдалануға жасалған келiсiм-шарттар бойынша қызметтi жүзеге асыратындарды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушылар осы келiсiм-шарттар пайдалы қазбалардың басқа түрлерiн өндiрудi көздемеген жағдайда, үстеме пайдаға салық төлеушiлер болып табылады.<*>
      Ескерту. 305-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      306-бап. Салық салу объектiсi

      Жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңiндегi әрбiр жекелеген келiсiм-шарт бойынша таза табысының бір бөлiгi үстеме табысқа салық салу объектiсi болып табылады. <*>
      Ескерту. 306-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      306-1-бап. Салық базасы <*>

      Жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңiндегi әрбiр жекелеген келісім-шарт бойынша таза табысының салық кезеңiнiң аяғына осы Кодекстiң 92-103, 105-114-баптарында көзделген шегерiмдер сомасының 20 процентінен асатын бөлiгi салық базасы болып табылады.
      Үстеме пайда салығының сомасы қазақстандық кадрларды оқытуға жұмсалған iс жүзiндегі шығындардың және (немесе) тiркелген активтер өсiмiнiң сомасына түзетiледi, бiрақ ол салық салынатын соманың он процентiнен аспауға тиiс.
      Ескерту. 306-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      307-бап. Есептеу тәртiбi <*>

      Салық кезеңi ішінде үстеме пайда салығын есептеу осы Кодекстің 306-1-бабына сәйкес айқындалатын салық базасына осы Кодекстің 308-бабында белгiленген ставканы түзетулер ескеріле отырып қолдану арқылы жүргiзiледi.
      Ескерту. 307-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      308-бап. Үстеме пайда салығы ставкалары <*>

      Үстеме пайда салығы ставкалары салық төлеушінiң таза табысының шегерiмге қатынасының жиырма процентiнен асатын мөлшерге процент есебiмен мынадай мөлшерде белгiленедi:
_________________________________________________________
   Таза табыстың шегерiмге қатынасы     |   Ставкасы
     20 проценттен асатын мөлшер        |
_________________________________________________________
    5 процентке дейiн                    15 процент
    5 проценттен 15 процентке дейiн      30 процент
    15 проценттен 30 процентке дейін     45 процент
    30 процент және одан жоғары          60 процент
_________________________________________________________
      Ескерту. 308-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      309-бап. Салық кезеңі

      Үстеме пайда салығы үшін осы Кодекстің 136-бабында белгіленген салық кезеңі қолданылады.

      310-бап. Салық төлеу мерзімі

      Үстеме пайда салығы салық кезеңінен кейінгі жылдың 15 сәуірінен кешіктірілмей төленеді.

      311-бап. Салық декларациясы

      Yстеме пайда салығы жөнiндегi декларацияны жер қойнауын пайдаланушы тiркелген жерi бойынша салық органына салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 10 сәуiрiнен кешiктiрмей табыс етедi.

49-тарау. Өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан
   Республикасының үлесi

     Ескерту. 49-тараудың тақырыбы өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      312-бап. Өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шартаясында
              жүзеге асырылатын қызметке салық салу
              ерекшелiктерi

      1. Өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт соған сәйкес Қазақстан Республикасы белгілi бір мерзiмге жер қойнауын пайдаланушыға ақылы негiзде, келiсiм-шарт аумағындағы мұнай операцияларын қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргізу және оның есебiнен осыған байланысты жұмыстарды жүргiзу құқығын беретiн шарт болып табылады.
      2. Өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт мынадай негiзгi талаптарды:
      1) өлшеу орнынан өткен өндiрiлген өнiмнің жалпы көлемiн және оның құнын айқындауды;
      2) роялти төлегеннен кейiн келісiм-шарт бойынша жұмыстарды орындауға арналған шығындарды өтеу үшiн жер қойнауын пайдаланушының, меншiгiне берілетiн өндiрілген өнiм бөлiгiн (өтемдік өнiм) айқындауды;
      3) роялти мен өтемдiк өнiм шегерiп тасталғаннан кейiн бөлуге жататын өндiрілген өнiм бөлігін (пайда түсiретiн өнім) айқындауды;
      4) Қазақстан Республикасы мен жер қойнауын пайдаланушының арасындағы бөлiс үлесін (процент);
      5) Осы Кодексте белгiленген тәртіппен Қазақстан Республикасының пайда түсiретiн өнімдегі үлесiн айқындау тәртiбiн қамтуға тиiс.
      Ескерту. 312-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      312-1-бап. Өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан
                 Республикасының үлесiн айқындау

      Ескерту. 312-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      1. Өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретiн өнiмдегі үлесі шегеріліп, Қазақстан Республикасы мен жер қойнауын пайдаланушы арасында бөліске түсетiн пайда түсіретін өнімнің жиынтық құны ретінде айқындалады.
      2. Пайда түсіретiн өнімнің құны осы Кодекстiң 304-3-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалатын нарықтық бағаның негізінде белгiленедi.
      3. Жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнімдегі үлес төмендегі үш триггерге:
      1) R-фактор (табыс көрсеткіші) - жер қойнауын пайдаланушының жинақтаған табысының жоба бойынша жинақталған шығыстарға қатынасына;
      2) мердігер рентабельдiгінiң iшкi нормасы (PIH) - нақты таза дисконтталған табыс өзiнің нөлдік белгісiне жететін дисконтталған ставкасына;
      3) Р-фактор (баға коэффициентi) - жер қойнауын пайдаланушы табысының есепті кезеңдегі өндiру көлеміне қатынасына сәйкес келетін проценттiк мәндерінiң ең төменгiсi ретінде айқындалады.
      Жоғарыда аталған триггерлер осы баптың 4-6-тармақтарында көрсетiлген әдiстемеге сәйкес айқындалады. Жер қойнауын пайдаланушыға беруге жататын пайда түсіретін өнімдегі үлестің проценттік мәнін айқындау үшін әрбiр триггерден алынған нәтиже осы бапта көрсетiлген төменгi мәндермен салыстырылады.
      4. R-фактордың (табыс көрсеткiшiнiң) есепті кезеңдегi мәнi (Rn) жер қойнауын пайдаланушының жинақталған табысының жоба бойынша жинақталған шығыстарға қатынасы ретiнде айқындалады.
      Жоба бойынша жинақталған табыс өтемдік өнімнiң нақты жиынтық құны мен жер қойнауын пайдаланушының бюджетке төленген нақты жиынтық табыс салығы шегерiлген пайда түсіретін өнiм үлесінiң нақты жиынтық құнының сомасы ретiнде есептеледi.
      Жоба бойынша жинақталған шығыстар нақты жиынтық өтелетiн пайдалану шығыстарының, барлауға және бағалауға жұмсалатын нақты жиынтық өтелетiн шығыстардың және жep қойнауын пайдаланушының басқа да нақты жиынтық өтелетiн шығыстарының сомасы ретiнде есептеледі.
      Жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретiн өнiмдегі үлесін айқындау үшiн қажеттi төменгі мәндер:
______________________________________________________
    R-Фактордың (кiрiс      |     Жер қойнауын
    көрсеткiшiнiң) мәнi     | пайдаланушының пайда
                            |  түсіретін өнiмдегi
                            |үлесiнiң проценттік мәнi
______________________________________________________
1,2-пен аз немесе соған тең       70 процент
1,5-тен аз немесе соған тең       10 процент
______________________________________________________

      R-фактордың (табыс көрсеткішiнiң) алынған мәнi 1,2-ден көп және 1,5-тен аз болса, жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнiмдегі үлесi мынадай формула бойынша есептеледі:
      жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретiн өнiмдегі үлесі = (70% - (2,068* (Х - 1,2)* 100 %), мұнда X - жобаның iске асырылуы кезеңiндегі R-фактордың (табыс көрсеткiшiнiң) ic жүзінде алынған мәні.
      R-фактордың (табыс көрсеткiшiнiң) мәні үтірден кейінгі екінші белгіге дейін дәлдікпен айқындалады.
      5. Рентабельдiлiктiң iшкi нормасы (РIН) жер қойнауын пайдаланушының өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт күшiне енген кезден бастап әр есептi кезеңдегi және осындай есептi кезеңдi қоса алғанда, жер қойнауын пайдаланушының нақты қолма-қол таза ақша ағынының мәнi бойынша есептелген таза ағымдағы құны нөлге тең болатын дисконттың жылдық ставкасы ретiнде (процентпен) айқындалады.
      Таза ағымдағы құнды есептеу мынадай формула бойынша жүргiзiледi:
      Таза ағымдағы құн = ДЧДП 0  + ДЧДП 1 /(1 + СД 1 ) 1  + ДЧДП 2 /(1+СД 2 ) 2 +...+ ДЧП n  /(1+СДn) n ;
      ДЧДП n  - eceпті кезеңдегi қолма-қол ақшаның нақты таза ағыны;
      СД n  - есептi кезеңдегi дисконт ставкасы (процентпен көрсетілген);
      n - есептi кезең.
      Есептi кезеңдегi нақты таза қолма-қол ақша ағыны мынадай формула бойынша айқындалады:
      ДЧДП n  = (ДСКП n  + ДСДПП n ) - (ДВЭР n  + ДВРРО n  + ДВРО n  + СДН n  + ДБКО n  +ДПБ n );
      ДСКП n  - жер қойнауын пайдаланушының есептi кезеңде алған өтемдi өнiмiнің нақты құны;
      ДСДПП n  - жер қойнауын пайдаланушының есептi кезең iшiнде алған пайда түсiретiн өнiм үлесiнің нақты құны;
      ДВЭР n  - есептi кезең iшiнде төленген өтелетiн пайдалану шығыстарының нақты құны;
      ДВРРО n  - есептi кезең iшiнде төленген, барлауға және бағалауға жұмсалатын өтелетiн шығыстардың нақты құны;
      ДВРО n  - есептi кезең iшiнде төленген, игеруге жұмсалатын өтелетiн шығыстардың нақты құны;
      СДН n  - пайда түсiретiн өнiмдегi Қазақстан Республикасының үлесiн қоспағанда, есептi кезең iшiнде төленген салықтардың нақты құны;
      ДБКО n  - осындай есептi кезең iшiнде әрбiр жағдайда төленген коммерциялық табу бонусының нақты құны;
      ДПБ n  - осы игеру учаскесiне жатқызылған және есептi кезеңде төленген қол қойылатын бонус бөлiгiнiң нақты құны.
      Жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретiн өнiмдегi үлесiн айқындау үшiн қажетті төменгi мәндер:
___________________________________________________________
   Рентабелділiктiң iшкi   | Жер қойнауын пайдаланушының
   нормасының (РIН) мәнi   |  пайда түсiретiн өнiмдегi
                           |  үлесінің проценттік мәнi
___________________________________________________________
   12 проценттен кем
   немесе соған тең                   70 процент
   20 проценттен кем
   немесе соған тең                   10 процент
___________________________________________________________

      Егер рентабельділiктiң iшкi нормасының (РIН) алынған мәнi он екi проценттен астам және жиырма проценттен кем болған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретiн өнiмдегi үлесi мынадай формула бойынша есептеледi:
      жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретiн өнiмдегі үлесi = (70% - 7,51* (X-12%)), мұнда X - жобаның iске асырылуы кезеңiнде рентабельдiлiктiң iшкi нормасының (РIН) iс жүзiнде алынған мәнi.
      Рентабельділіктiң iшкi нормасының (РIН) мәнi үтірден кейiн екiншi белгiге дейінгi дәлдiкпен айқындалады.
      6. Р-фактор (баға коэффициентi) есептi кезеңдегi өтемдiк өнiмнiң нақты құны мен жер қойнауын пайдаланушының есептi кезеңдегi пайда түсiретiн өнiм үлесiнiң нақты құны сомасының есептi кезеңдегі мұнай өндiру көлемiне қатынасы ретiнде айқындалады. Жер қойнауын пайдаланушының өтемдiк өнiм құнының және оның пайда түсiретiн өнімдегi үлесiнің есебi өткiзу жөнiндегi шығыстардың есебiнсiз жүргiзiледi.
      Жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретiн өнiмдегi үлесiн айқындау үшiн қажеттi төменгi мәндер:
______________________________________________________
   Р-фактордың (баға     |Жер қойнауын пайдаланушының
 коэффициентiнің) мәнi   | пайда түсiретiн өнiмдегi
                         |  үлесiнің проценттiк мәнi
______________________________________________________
  1 баррель үшін 12 АҚШ
  долларынан кем немесе
  соған тең                    70 процент
  1 баррель үшін 27 АҚШ
  долларынан астам немесе
  соған тең                    10 процент
______________________________________________________

      Егер Р-факторының (баға коэффициентiнiң) алынған мәнi 1 баррель үшiн 12 АҚШ долларынан астам және 27 АҚШ долларынан кем болған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретiн өнімдегі үлесi мынадай формула бойынша есептеледі:
      жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретін өнiмдегi үлесі = (70%-0,04*(X-12)*100%),
      мұнда Х - жобаны iске асыру кезеңiнде Р-фактордың (баға коэффициентiнің) нақты алынған мәнi.
      Р-фактордың (баға коэффициентiнің) мәнi үтірден кейiнгi екiншi белгiге дейiнгi дәлдiкпен айқындалады.
      7. Осы баптың мақсаттары үшiн "нақты" терминi жобаны iске асырудың есептi кезеңiндегi жағдай бойынша инфляцияның орташа жылдық индексi ескерiле отырып есептелген соманы бiлдiредi.
      8. Өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шартты iске асыру жағдайлары нашарлаған кезде өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесi, жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретін өнiмдi айқындаған кезде мұндай ең жоғары мәнге Р-фактор (баға коэффициентi) триггерi есебiнен қол жеткiзілген жағдайды қоспағанда, жағдай нашарлаған кезге дейiн тiркелген өзiнің ең жоғары мәнiнен төмендемеуге тиiс.
      9. Өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесi болып табылатын сома, жер қойнауын пайдаланушының салықтары және бюджетке төлейтiн басқа да мiндеттi төлемдерi, қандай да бiр салық кезеңiнде өндiрудiң басталған кезiнен салынған инвестицияларды қайтару кезiне дейiн өндiрiлген өнiмнің жалпы көлемiнiң жиырма процентiнен кем болмауы және келесi кезеңде өндiрiлген өнiмнiң жалпы мөлшерiнiң алпыс процентiнен кем болмауға тиiс.
      Егер қандай да бiр салық кезеңiнде осы сома жоғарыда көрсетiлген мәндерден кем болса, жер қойнауын пайдаланушы тиiстi айырманы өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасы үлесiнің есебiне бюджетке төлейдi.

      313-бап. Өтелетiн шығындар

      1. Өтелетiн шығындар - осы Кодекстiң 313-1-бабында көрсетiлген шығындарды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушының жұмыстар бағдарламасына және бюджеттерге сәйкес өнiмдi бөлу туралы жасалған келiсiм-шарт шеңберiнде жұмыстарды орындаған кезде iс жүзiнде жұмсаған, негiзделген және құжатпен расталған шығындары.
      2. Өтелетiн шығындардың құрамына мынадай шығындар:
      1) жер қойнауын пайдаланушы келісім-шарт күшіне енгенге дейiн жұмсаған, оның iшiнде:
      келiсiм-шарт жасасу алдындағы сатыда техникалық-экономикалық негiздемені дайындауға және әзiрлеуге арналған;
      келiсiм-шарт бойынша алғашқы жұмыс жылы жер қойнауын пайдаланушының шығындар сметасында көрсетілуге тиiс, келiсiм-шарт күшіне енгенге дейiн және оның орындалуымен тiкелей байланысты жүргiзiлген бағалауға және барлауға арналған;
      2) 313-1-бапта көрсетiлген шығындарды қоспағанда, келiсiм-шарт күшіне енген күннен бастап және ол қолданылатын барлық кезең ішінде іс жүзінде жұмсалған шығындар енеді.
      Құрамына жер қойнауын пайдаланушы офистерінің, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде орналасқан офистерінің жалға алу ақысын төлеуге, оларды күтіп-ұстауға арналған, ақпараттық және консультациялық қызмет көрсетуге арналған шығыстар, өкілдік шығыстар, жарнамаға арналған шығыстар кіретін, келісім-шартты орындауға байланысты әкімшілік шығыстар және келісім-шарт талаптары бойынша басқа да әкімшілік шығыстар келісім-шартта белгіленген, бірақ есепті кезеңде жер қойнауын пайдаланушыға өтелетін шығыстардың жалпы сомасының бір процентінен аспайтын норматив мөлшерінде өтеледі.
      3. Жер қойнауын пайдаланушы өтейтін шығындар:
      келісім-шарт бойынша жасалған не сатып алынған мүлікті жалға бергені үшін жалдау ақысын алуға байланысты операциялық табыстар сомасына, оларды алуға байланысты шығындар шегеріле отырып;
      келісім-шарт шеңберіндегі қызметтен алынған басқа да табыстар (тұрақсыздық төлемдері (айыппұлдар, өсімпұлдар) және басқалар) сомасына азайтылады.
      4. Егер жер қойнауын пайдаланушы мен Қазақстан Республикасы арасында жер қойнауын пайдаланушының өз өнiмдерiмен қоса өнімдi бөлу туралы келiсiм-шарт бойынша мемлекеттiң үлесiн өткiзу мүмкiндiгi көзделетiн болса, онда осындай өткiзуге байланысты шығындар және жер қойнауын пайдаланушы мен құзыреттi орган арасындағы қосымша келiсiмге сәйкес, жер қойнауын пайдаланушының iс жүзiндегi шеккен шығындары өтелуге тиiс.
      Ескерту. 313-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      313-1. Өтелмейтiн шығындардың құрамы

      Өтемдiк өнiм есебiнен өтелмейтiн шығындарға мынадай шығын түрлерi:
      1) өнiмдi бөлу шарттарына орай жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған инвестициялық бағдарламалар конкурсына қатысуға жарна төлеу бойынша;
      2) геологиялық ақпаратты сатып алу бойынша;
      3) келiсiмде шектеулер, оның iшiнде әкiмшiлiк шығыстар белгiленген шығындарды арттыру бөлiгiндегi баптар бойынша;
      4) қоршаған ортаны белгiленген лимиттерден артық ластағаны үшiн ақы төлеу бойынша;
      5) жер қойнауын пайдаланушыға тиесілі өтемдiк өнiм мен пайда түсiретiн өнiмдер үлесiн жеткiзіп беру (бөлу) пунктінен өткiзу пунктiне дейiн жеткiзуге арналған шығындарды, тасымалдау кезiндегi шығындарды, өнiмдi межелi жерге дейiн тасымалдау кезiнде сақтандыруға арналған шығындарды, комиссиялық және өзге де шығындарды қоса алғанда, осы өнiмдi өткiзуге байланысты;
      6) акционерлердің (құрылтайшылардың) талабы бойынша жүзеге асырылған қаржы-шаруашылық қызметтi тексеруге (аудитке) байланысты;
      7) жер қойнауын пайдаланушының келiсiм-шартта белгiленген өз мiндеттемелерiн, соның iшiнде Қазақстаннан қамтылуға тиiс мiндеттемелерiн орындамауына немесе тиiсiнше орындамауына байланысты туындаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарын бұзғандықтан шеккен шығындары жатады. Қазақстаннан қамтылуға тиiс деп мiндеттi түрде келiсім-шартқа енгізiлуге тиiстi және құзыреттi органмен бiрлесе отырып тиiстi мемлекеттiк органдар растайтын әдiстемелер бойынша есептелетін, жылдар бойынша көлемдерi қайта бөлінуі мүмкiн:
      қазақстандық кадрлардың міндеттi оқу бағдарламаларын iске асыру және бiлiктiлiгiн арттыру жағдайына қарай жыл сайын саны азаюға тиiс, әр санат бойынша шетелдiк персоналмен арақатысының жеке проценттiк ұмтылу құрамы көрсетiле отырып, персонал санаттары бойынша бөлiнетiн келiсiм-шартты орындау кезiнде жұмыс iстеген қазақстандық кадрлардың;
      тiкелей сондай-ақ қосалқы мердiгерлiк шарттар жасасу арқылы сатып алынатын, Қазақстаннан шыққан тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң проценттiк қамтылуы түсінiледi.
      Бұл ретте Қазақстанда шығарылған деп тауарларды, жұмыстарды, қызметтер көрсетудi тікелей Қазақстан Республикасының аумағында өндiру (орындау) танылады;
      8) экскурсиялар мен саяхаттарға арналған жолдамалардың құнына ақы төлеуге байланысты;
      9) кредит (заем) және заем қаражаттарын пайдалану үшін сыйақыларды төлеу, сондай-ақ заем қаражатын тартуға және пайдалануға байланысты комиссиялық төлемдер және басқа да шығыстар;
      10) технологиялар мен техника қауiпсіздігінің сақталмауы нәтижесінде жер қойнауын пайдаланушының кінәсінен жол берiлген авариялар салдарынан келтірілген залалдар;
      11) әлеуметтік жобалар бойынша шығындар;
      12) қызметкерлердi epiкті сақтандыру бойынша шығыстар;
      13) coт талқылауларына байланысты шеккен шығындар;
      14) жер қойнауын пайдаланушыдан мемлекеттік органдар алатын айыппұлдар мен өсімпұлдар;
      15) қызметкерлердің Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген жеке тұтынуына арналған шығыстарды төлеуге байланысты шығындар;
      16) жер қойнауын пайдаланғаны үшін тіркелген бiржолғы төлемдеp немece коммерциялық табу бонустары;
      17) төленген салықтар және бюджетке төленетін міндетті төлемдер;
      18) келесі салық кезеңіне қалдырылатын, проценттері (аплифт) есептелмейтiн, өтелмейтiн шығындардың қалдығы;
      19) келісім-шарт бойынша қызметке тікелей қатысы жоқ басқа да шығындар жатады.

      313-2-бап. Жер қойнауын пайдаланушының шығындарын
                өтеу тәртiбi

      Ескерту. 313-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      1. Жер қойнауын пайдаланушының шығындарын өтеу өнiмде бөлу туралы келісiм-шартта белгіленген ерекшелiктер ескеріле отырып, осы бапта айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
      2. Жер қойнауын пайдаланушыға шығындарды өтеу пайдалы қазбаларды сынамалық пайдалану және (нeмece) коммерциялық мақсатта өндiру (бұдан әрi - коммерциялық өндiру) басталған кезден бастап өтемдiк өнiмнің шекті үлесiнен аспайтын мөлшерде жүзеге асырылады. Бұл peттe өз қажеттерi үшін өндіруге жатпайтын пайдалы қазбалар өндіру коммерциялық өндіру болып табылады.
      3. Өтемдік өнімнiң шектi үлесі қазылатын кен орнының экономикалық құндылығы ескеріле отырып, өнімді бөлу туралы әрбір келісім-шарт бойынша жеке белгіленедi және олар:
      жобаның өзін-өзi өтеуіне жеткенге дейінгі кезеңде - салық кезеңi ішінде жер қойнауын  пайдаланушы өндірген пайдалы қазбалардың жалпы көлемiнiң жетпiс бес процентiнен аспауға;
      кейінгі кезеңдерде - елу процентiнен аспауға тиіс.
      4. Әрбiр кен орны бойынша шығындарды өтеу келісім-шарт аумағында өндірілген барлық өтемдік өнiм есебiнен жүзеге асырылады.
      5. Салық кезеңiнің аяғында өтелмеген, өтелетiн шығындардың қалдығы:
      салық кезеңiнің басында жер қойнауын пайдаланушыға өтелмеген, өтелетін шығындар,
      қосу
      салық кезеңі ішінде жер қойнауын пайдаланушы жүргізген өтелетiн шығындар,
      алу
      салық кезеңінде жер қойнауын пайдаланушыға өтелген, өтелетін шығындар ретінде айқындалады.
      6. Егер салық кезеңінiң басында өтелетін шығындардың және көрсетілген салық кезеңінде шеккен өтелетін шығындардың қалдықтары сомасына тең өтемдік өнімнің мөлшері өнімді бөлу туралы келісім-шартта белгiленген өтемдік өнімнің тиісті шекті үлесінен аз болса, онда көрсетілген кезеңде өтелетін шығындардың қалдығы толық көлемде өтеледі.

      314-бап. <*>
      Ескерту. 31-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      314-1-бап. Салық кезеңi

      Өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасы үлесiнiң төлемдерi бойынша салық кезеңi күнтiзбелiк ай болып табылады.
      Ескерту. 314-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен  (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      314-2-бап. Өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан
                Pecпубликасының үлесiн төлеу мерзiмi

      Өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесi салық кезеңiнен кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрiлмей төленедi.
      Ескерту. 314-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      314-3-бап. Салық декларациясы

      Өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесi жөнiндегi декларацияны жер қойнауын пайдаланушы тiркелген жерi бойынша салық органына салық кезеңiнен кейiнгi айдың 10-ынан кешiктiрмей табыс етедi.
      Ескерту. 314-3-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).    

11-бөлім. Әлеуметтік салық

50-тарау. Жалпы ережелер

      315-бап. Төлеушiлер

      1. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын резидент еместер, шетелдiк заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерi; <*>
      2) қызметтiң жекелеген түрлерi үшiн арнаулы салық режимiнен басқа, арнаулы салық режимiн қолданатындарды қоспағанда, жеке кәсiпкерлер; <*>
      3) жеке нотариустар, адвокаттар әлеуметтiк салық төлеушiлер болып табылады. <*>
      2. Заңды тұлғаның шешiмi бойынша оның құрылымдық бөлiмшелерi әлеуметтiк салық төлеушiлер ретiнде қарастырылуы мүмкiн.
      Ескерту. 315-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.

      316-бап. Салық салу объектiсi

      1. 315-баптың 1-тармағының 1) тармақшасында және 2-тармағында көрсетiлген төлеушiлер үшiн салық салу объектiсi жұмыс берушiнің осы Кодекстiң 149-бабының 2-тармағында, 153-1-бабында анықталған табыстар түрiнде резидент қызметкерлерге, осы Кодекстiң 178-бабының 14)-17) тармақшаларында анықталған табыстар түрiнде резидент емес қызметкерлерге төленетiн шығыстары, сондай-ақ осы Кодекстiң 177-бабының 6-1-тармағында көрсетiлген шетелдiк персоналдың табыстары және осы Кодекстiң 144-бабының 1), 3), 6), 8), 10), 11), 14)-17), 23), 25)-29), 31)-34) тармақшаларында белгiленген төлемдердi қоспағанда, өтемдi қызмет көрсету шарттары бойынша жеке тұлғаларға (жеке кәсiпкерлерге, жекеше нотариустар мен адвокаттарға төленетiн төлемдердi қоспағанда) төленетiн төлемдер, сондай-ақ мыналар қосылмайды:
      1) мемлекеттер, мемлекеттердiң үкiметтерi және халықаралық ұйымдар желiлерi арқылы берiлетiн гранттар қаражаты есебiнен жасалатын төлемдер;
      2) Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн мемлекеттiк сыйлықақылар, стипендиялар;
      3) спорт жарыстарында, байқауларда, конкурстарда жүлделi орындар үшiн белгiленетiн ақшалай наградалар;
      4) ұйым таратылған немесе жұмыс берушiнiң қызметi тоқтатылған, қызметкерлердiң штат саны қысқартылған немесе қызметкер әскери қызметке шақырылған жағдайларда жеке еңбек шарты бұзылған кезде Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген мөлшерлерде төленетiн өтемдер;
      5) пайдаланылмаған еңбек демалысы үшiн жұмыс берушiнiң қызметкерлерге төлейтiн өтемдерi;
      6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларына қызметкерлердiң мiндеттi зейнетақы жарналары.
      7) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған мөлшерде жинақтаушы зейнетақы қорларына берiлетiн ерiктi кәсiби зейнетақы жарналары. <*>
      2. Осы Кодекстiң 315-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында аталған төлеушiлер үшiн, төлеушiлердiң өздерiн қоса алғанда, қызметкерлер саны әлеуметтiк салық салу объектiсi болып табылады.
      3. Егер төлемдер грант алушымен не грант мақсаттарын (мiндеттерiн) жүзеге асыру үшiн грант алушы тағайындаған орындаушымен жасалған шартқа (келiсiм-шартқа) сәйкес жүргiзiлсе, осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасының ережелерi қолданылады. <*>
      Ескерту. 316-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2003.07.04. N 475 Заңымен. (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
      Ескерту. 316-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      317-бап. Салық ставкалары

      1. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ қызметiн Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместер, шетелдiк заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерi мынадай cтaвкa бойынша әлеуметтiк салық төлейдi:
___________________________________________________________________
   Қызметкердiң салық салынатын  |           Ставкасы
              табысы             |
___________________________________________________________________
15 еселенген жылдық есептiк         салық салынатын табыс
көрсеткiшке дейiн                   сомасынан 20 процент

15-тен 40 еселенген жылдық          15 еселенген жылдық есептiк
есептiк көрсеткiшке дейiн           көрсеткiштен салық сомасы +
                                    одан асатын сомадан 15 процент

40-тан 200 еселенген жылдық         40 еселенген жылдық есептiк
есептiк көрсеткiшке дейiн           көрсеткiштен салық сомасы +
                                    одан асатын сомадан 12 процент

200-ден 600 еселенген жылдық        200 еселенген жылдық есептiк
есептiк көрсеткiшке дейiн           көрсеткiштен салық сомасы +
                                    одан асатын сомадан 9 процент

600 еселенген жылдық есептiк        600 еселенген жылдық есептiк
көрсеткiштен бастап және одан       көрсеткiштен салық сомасы +
жоғары                              одан асатын сомадан 7 процент
___________________________________________________________________

      2. Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ қызметiн Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместер, шетелдiк заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерi әкiмшiлiк-басқарушы, инженер-техник қызметкерлердiң шетелдiк мамандары үшiн мынадай cтaвкa бойынша әлеуметтiк салық төлейдi:
___________________________________________________________________
   Қызметкердiң салық салынатын  |           Ставкасы
              табысы             |
___________________________________________________________________
40 еселенген жылдық есептiк        салық салынатын табыс
көрсеткiшке дейiн                  сомасынан 11 процент

40-тан 200 еселенген жылдық        40 еселенген жылдық есептiк
есептiк көрсеткiшке дейiн          көрсеткiштен салық сомасы +
                                   одан асатын сомадан 9 процент

200-ден 600 еселенген жылдық       200 еселенген жылдық есептiк
есептiк көрсеткiшке дейiн          көрсеткiштен салық сомасы +
                                   одан асатын сомадан 7 процент

600 еселенген жылдық есептiк       600 еселенген жылдық есептiк
көрсеткiштен бастап және одан      көрсеткiштен салық сомасы +
жоғары                             одан асатын сомадан 5 процент
___________________________________________________________________
     Қазақстан Республикасының Үкiметi шетелдiк азаматтарды тартуға белгiлейтiн квoтa шегiнде жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкілеттi орган берген шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсатқа сәйкес Қазақстан Республикасына тартылған, жұмыс берушi еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн жалдаған шетелдiк азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ:
      шетелдiк заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң бiрiншi басшылары;
      Қазақстан Республикасының Үкiметiмен ақшалай баламада елу миллион АҚШ долларынан жоғары инвестициялар сомасына келiсiм-шарттар жасасқан ұйымдардың бiрiншi басшылары және бас менеджерлерi;
      қызметтiң басым түрлерiнде инвестициялық қызметтi жүзеге асыратын және инвестициялар жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiм-шарт жасасқан Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының бiрiншi басшылары;
      қаржы ұйымдарының бiрiншi басшылары және бас менеджерлерi болып iстейтiн шетелдiк азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар әкiмшілік-басқару, инженер-техник қызметкерлердің шетелдiк мамандары болып табылады. <*>
     3. Жеке кәсiпкерлер, арнаулы салық режимiн қолданатындарды қоспағанда, қызметтiң жекелеген түрлерi үшiн арнаулы салық режимiнен басқа, жеке нотариустар, адвокаттар өзi үшiн үш айлық есептiк көрсеткiш және әрбiр қызметкер үшiн екi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде әлеуметтiк салық төлейдi. <*>
      4. Тiрек-қимыл мүшесi бұзылған, есту сөйлеу көру қабiлетiнен айрылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдар осы Кодекстiң 121-бабы 2-тармағының ережелерiне сәйкес 6,5 процент ставка бойынша әлеуметтiк салық төлейдi. <*>
      5. Арнаулы салық режимдерiн қолданатын жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар үшiн әлеуметтiк салық ставкалары осы Кодекстiң 374-384-баптарында белгiленген.
      Ескерту. 317-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.
      Ескерту. 317-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2003.07.04. N 475 Заңымен. (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
      Ескерту. 317-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен  (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

     

51-тарау. Салықты есептеу және төлеу тәртібі

      318-бап. Әлеуметтiк салықты есептеу тәртiбi

      1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, әлеуметтiк салықты есептеу осы Кодекстiң 316-бабына сәйкес белгiленген әлеуметтiк салық салу объектiсiне осы Кодекстiң 317-бабында белгiленген ставкаларды қолдану арқылы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен ай сайын жүргiзiлiп отырады. <*>
      2. Арнаулы салық режимдерiн қолданушы заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлер әлеуметтiк салықты есептеудi осы Кодекстiң 374-390-баптарында белгiленген тәртiппен жүргiзедi.
      Ескерту. 318-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2003.07.04. N 475 Заңымен. (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

      319-бап. Әлеуметтiк салықты төлеу

      1. Егер осы Кодексте өзгеше белгiленбесе, әлеуметтiк салықты төлеу салық төлеушiнiң тiркеу есебiне алынған жерi бойынша есептi айдан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
      2. Құрылымдық бөлiмшелерi бар әлеуметтiк салық төлеушiлер әлеуметтiк салық төлеудi осы Кодекстiң 321-бабында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.
      3. Арнаулы салық режимдерiн қолданушы заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлер әлеуметтiк салық төлеудi осы Кодекстiң 374-390-баптарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.

      320-бап. Мемлекеттiк мекемелердiң әлеуметтiк
               салықты төлеу ерекшелiктерi
     

      1. Мемлекеттiк мекемелердiң есептi айға есептелген әлеуметтiк салық сомасы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, жүктiлiгi мен босануына, жұмысқа уақытша жарамсыздығына байланысты берiлетiн әлеуметтiк жәрдемақылар, ұл бала немесе қыз бала асырап алған әйелдерге (еркектерге) төленген әлеуметтiк жәрдемақылар сомасына кемiтiледi.
      2. Осы баптың 1-тармағында аталған әлеуметтiк жәрдемақылардың төленген сомасы есептi айда есептелген әлеуметтiк салық сомасынан асып кеткен жағдайда, асып кеткен сома келесi айға ауыстырылады.

     321-бап. Құрылымдық бөлiмшелер бойынша салықты
              есептеу және төлеу тәртiбi

      1. Құрылымдық бөлiмшелер бойынша төленуге тиiс әлеуметтiк салық сомасы осы құрылымдық бөлiмше қызметкерлерiнiң табыстары бойынша есептелген әлеуметтiк салық негiзге алына отырып есептеледi.
      2. Төлеушiлер құрылымдық бөлiмшелер үшiн өздерiнiң орналасқан жерi бойынша тиiстi бюджеттерге әлеуметтiк салық төлеудi жүзеге асырады. <*>
      Ескерту. 321-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.
      Ескерту. 321-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

52-тарау. Салық декларациясы

      322-бап. Әлеуметтiк салық жөнiндегi декларация және
               құрылымдық бөлiмшелер бойынша әлеуметтiк
               салық есеп-қисабы

      1. Әлеуметтiк салық жөнiндегi декларация салық органдарына есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрiлмей тоқсан сайын тапсырылып отырады.
      2. Арнаулы салық режимiн қолданатын заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлер әлеуметтiк салық жөнiндегi декларацияны осы Кодекстiң 374-390-баптарында белгiленген тәртiппен тапсырады.
      3. Құрылымдық бөлiмшелерi бар төлеушiлер әлеуметтiк салық бойынша декларацияны беру мерзiмiнен кешiктiрмей өзiнiң тiркелген жерiндегi салық органдарына құрылымдық бөлiмшелер бойынша әлеуметтiк салық есеп-қисабын тапсырады. Құрылымдық бөлiмшелер бойынша әлеуметтiк салық есеп-қисабының тиiстi қосымшалары есеп-қисапты беру үшiн белгiленген мерзiм күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен салық органдарына берiледi. <*>
      Ескерту. 322-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен. (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді)
      Ескерту. 322-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2003.07.04. N 475 Заңымен. (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

12-бөлім. Жер салығы

53-тарау. Жалпы ережелер

      323-бап. Жалпы ережелер

      1. Салық салу мақсатында барлық жерлер олардың арналған нысанасы мен тиесiлiлiгiне қарай мынадай санаттарға:
      1) ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге;
      2) елдi мекендер жерлерiне;
      3) өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлерге (бұдан әрi - өнеркәсiп жерлерi);
      4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерiне, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлерге (бұдан әрi - ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерi);
      5) орман қорының жерлерiне;
      6) су қорының жерлерiне;
      7) запастағы жерлерге жатқызылуына қарай қарастырылады.
      2. Жердің белгiлi бiр немесе өзге санатқа жататындығы Қазақстан Республикасының жер туралы заң актiлерiмен белгiленедi. Елдi мекендер жерлерi салық салу мақсаты үшiн мынадай екi топқа бөлiнген:
      1) тұрғын үй қоры, соның iшiнде олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлердi қоспағанда елдi мекендер жерлерi;
      2) тұрғын үй қоры, соның iшiнде олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлер.
      3. Жердің мынадай санаттары:
      1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi;
      2) орман қорының жерлерi;
      3) су қорының жерлерi;
      4) запастағы жерлер салық салуға жатпайды.
      Аталған жерлер (запастағы жерлердi қоспағанда) тұрақты жер пайдалануға немесе бастапқы өтеусiз уақытша жер пайдалануға берiлген жағдайда, оларға осы Кодекстiң 336-бабында белгiленген тәртiппен салық салынуға тиiс.
      4. Жер салығының мөлшерi жер иеленушiлер мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметiнiң нәтижелерiне байланысты болмайды.
      5. Жер салығы:
      1) меншiк құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын, өтеусiз уақытша жер пайдалану құқығын куәландыратын құжаттар;
      2) жер ресурстарын басқару жөнiндегi уәкiлеттi орган әр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша берген жерлердiң мемлекеттiк сандық және сапалық есебiнің деректерi негiзiнде есептеледi.

      324-бап. Төлеушiлер

      1. Мынадай:
      1) жеке меншiк құқығындағы;
      2) тұрақты жер пайдалану құқығындағы;
      3) бастапқы өтеусiз уақытша жер пайдалану құқығындағы салық салу объектiлерi бар жеке және заңды тұлғалар жер салығын төлеушiлер болып табылады.
      2. Заңды тұлғалардың осы баптың 1-тармағында белгiленген құқықтарда салық салынатын объектiлерi бар құрылымдық бөлiмшелерi (бұдан әрi - заңды тұлғалар) жер салығын төлеушiлер деп танылады.
      3. Мыналар:
      1) бiрыңғай жер салығын төлеушiлер шаруа (фермер) қожалықтарына арналған арнайы салық режимi қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелерi бойынша; <*>
      2) мемлекеттік мекемелер; <*>
      3) осы Кодекстiң 283-бабында белгiленген салық режимiнiң екiншi үлгiсi бойынша салық салу жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдаланушылар;
      4) уәкiлеттi органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерiнiң мемлекеттiк кәсiпорындары;
      5) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестiрiлген адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала кезiнен мүгедектiң ата-анасының бipeyi:
      тұрғын-үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелерi;
      үй маңындағы жер учаскелерi;
      жеке үй (қосалқы) шаруашылығын жүргiзу, бау-бақша шаруашылығы үшiн берiлген және құрылыс алып жатқан жерлердi қоса алғанда, саяжай құрылысына арналған жер учаскелерi;
      гаражға арналған жер учаскелерi бойынша; <*>
      6) тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелерi және үй маңындағы жер учаскелерi бойынша - "Ардақты ана" атағына ие болған, "Алтын алқа" алқасымен наградталған көп балалы аналар;
      7) дiни бiрлестiктер жер салығын төлеушiлер болып табылмайды.
      4. Осы баптың 3-тармағының 4)-7) тармақшаларында аталған салық төлеушiлер пайдалануға немесе жалға берiлген жер учаскелерi бойынша салық төлеуден босатылмайды.
      Ескерту. 324-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.
      Ескерту. 324-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      325-бап. Жекелеген жағдайларда төлеушiнi анықтау

      1. Егер жер учаскелерiн иелену немесе пайдалану құқығын растайтын құжаттарда немесе тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, бiрнеше тұлғаның ортақ меншiгiндегi (пайдалануындағы) жер учаскесi бойынша осы тұлғалардың әрқайсысы жер салығын төлеушi болып табылады.
      2. жер учаскесiне құқықты куәландыратын құжаттар болмаған жағдайда, пайдаланушыны жер учаскесiне қатысты жер салығын төлеушi ретiнде тану үшiн осындай учаскенi оның нақты иеленуi және пайдалануы негiз болып табылады. <*>
      Ескерту. 325-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.

      326-бап. Салық салу объектiсi

      1. Жер учаскесi (жер учаскесiне ортақ үлестiк меншiк кезiнде - жер үлесi) салық салу объектiсi болып табылады.
      2. Мыналар салық салу объектiсi болып табылмайды:
      1) елдi мекендердiң ортақ пайдалануындағы жер учаскелерi.
      Алаңдар, көшелер, өткелдер, жолдар, жағалаулар, парктер, скверлер, бульварлар, су қоймалары, жағажайлар, зираттар және халықтың мұқтаждарын қанағаттандыруға арналған өзге де объектiлер (су құбырлары, жылу құбырлары, тазарту құрылғылары және басқа да ортақ пайдаланылатын инженерлiк жүйелер) алып жатқан және соларға арналған жерлер елдi мекендердiң ортақ пайдалануындағы жерлерге жатады.
      2) ортақ пайдаланудағы мемлекеттiк автомобиль жолдары желiсi алып жатқан жер учаскелерi.
      Ортақ пайдаланудағы кесiп берiлген белдеудегi мемлекеттiк автомобиль жолдары желiсi алып жатқан жерлерге жер алаптары, көлiк жүрiп өтетiн тарамдар, жол салымдары, жасанды құрылыстар, жол бойындағы резервтер мен өзге де жол қызметiн көрсету жөнiндегi құрылыстар, жол қызметiнің қызметтiк және тұрғын үй-жайлары, қардан қорғау екпелерi мен жасыл желектер орналасқан жерлер жатады.
      3) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешімi бойынша консервацияланған объектiлер орналасқан жер учаскелерi.
      4) осы Кодекстiң 138-140-баптарында белгiленген тәртiппен инвестициялық жобаны iске асыру үшiн иемденiп алынған және пайдаланылатын жер учаскелерi.
      Ескерту. 326-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2003.01.08. N 375 Заңымен.

      327-бап. Жекелеген жағдайларда салық салу объектiсiн
               анықтау

      1. Темiр жолдар, оқшаулау белдеулерi, темiр жол станциялары, вокзалдар орналасқан жер учаскелерiн қоса алғанда, заңдарда белгiленген тәртiппен темiр жол көлiгi ұйымдарының объектiлерiне берiлген жер учаскелерi темiр жол көлiгi ұйымдары үшiн салық салу объектiсi болып табылады.
      2. Электр беру желiлерi мен кiшi станциялар тiректерi алып жатқан жер учаскелерiн қоса алғанда, балансында электр беру желiлерi бар энергетика және электрлендiру жүйесi ұйымдары үшiн осы ұйымдарға заңдарда белгiленген тәртiппен берiлген жер учаскелерi салық салу объектiсi болып табылады.
      3. Мұнай құбырлары, газ құбырлары алып жатқан жер учаскелерiн қоса алғанда, балансында мұнай құбырлары, газ құбырлары бар, мұнай мен газ өндiрудi, тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдар үшiн осы ұйымдарға заңдарда белгiленген тәртiппен берілген жер учаскелерi салық салу объектiсi болып табылады.
      4. Байланыс желiлерiнiң тiректерi алып жатқан жер учаскелерiн қоса алғанда, балансында радиорелелiк, әуе, кабельдiк байланыс желілерi бар байланыс ұйымдары үшiн осы ұйымдарға заңдарда белгiленген тәртiппен берiлген жер учаскелерi салық салу объектiсi болып табылады.

      328-бап. Салық базасы

      Жер салығын анықтау үшiн жер учаскесiнiң алаңы салық базасы болып табылады.

54-тарау. Салық ставкалары

Параграф 1. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге
салынатын салық ставкалары

      329-бап. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге
               салынатын базалық салық ставкалары

      1. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге салынатын жер салығының базалық ставкалары 1 гектарға есептеліп белгіленеді және топырақтың сапасы бойынша сараланады.
      2. Жазық аумақтардың далалық және қуаң далалық аймақтарының кәдімгі және оңтүстік қара топырақты, күңгірт-сарғылт және сарғылт топырақты, сондай-ақ тау бөктеріндегі аумақтардың күңгірт сұр (сұр-қоңыр), сарғылт (қоңыр) топырақты және тау бөктерінің қара топырақты жерлеріне бонитет балына барабар түрде төмендегідей жер салығының базалық салық ставкалары белгіленеді:
___________________________________________________________________
Бонитет балы    Базалық салық     Бонитет балы      Базалық салық
                ставкасы (теңге)                   ставкасы (теңге)
___________________________________________________________________
     1                  2                3                   4
___________________________________________________________________
     1                 0,48              51                 43,42
     2                 0,67              52                 44,49
     3                 0,87              53                 45,55
     4                 1,06              54                 46,65
     5                 1,25              55                 47,71
     6                 1,45              56                 48,77
     7                 1,68              57                 49,83
     8                 1,93              58                 50,95
     9                 2,16              59                 52,01
     10                2,41              60                 53,07
___________________________________________________________________
     11                2,89              61                 57,90
     12                3,09              62                 60,63
     13                3,28              63                 63,26
     14                3,47              64                 65,95
     15                3,67              65                 68,61
     16                3,86              66                 71,31
     17                4,09              67                 73,96
     18                4,34              68                 76,66
     19                4,57              69                 79,32
     20                4,82              70                 82,02
___________________________________________________________________
     21                5,31              71                 86,85
     22                5,79              72                 89,55
     23                6,27              73                 92,19
     24                6,75              74                 94,89
     25                7,24              75                 97,56
     26                7,72              76                 100,26
     27                8,20              77                 102,91
     28                8,68              78                 105,61
     29                9,17              79                 108,27
     30                9,65              80                 110,97
___________________________________________________________________
     31                14,47             81                 115,80
     32                15,54             82                 119,02
     33                16,59             83                 122,21
     34                18,08             84                 125,45
     35                18,76             85                 128,67
     36                19,82             86                 131,86
     37                20,88             87                 135,10
     38                22,00             88                 138,32
     39                23,06             89                 141,51
     40                24,12             90                 144,75
___________________________________________________________________
     41                28,95             91                 149,57
     42                30,01             92                 154,40
     43                31,07             93                 159,22
     44                32,17             94                 164,05
     45                33,23             95                 168,87
     46                34,29             96                 173,70
     47                35,36             97                 178,52
     48                36,48             98                 183,35
     49                37,54             99                 188,17
     50                38,60             100                193,00
___________________________________________________________________
                                         100-ден жоғары     202,65
___________________________________________________________________

      3. Шөлейттi, шөлдi және тау бөктеріндегi шөлдi аумақтардың ашық-сарғылт, құба, сұр-құба, ашық және кәдiмгi сұр топырақты, сондай-ақ таулы аумақтардың таулы-далалық, таулы-шалғынды-далалық және таулы альпілiк және субальпiлiк топырақты жерлерiне бонитет балына барабар түрде жер салығының төмендегiдей базалық салық ставкалары белгiленедi:
___________________________________________________________________
Бонитет балы     Базалық салық     Бонитет балы     Базалық салық
                ставкасы (теңге)                   ставкасы (теңге)
___________________________________________________________________
     1                   2               3                   4
___________________________________________________________________
     1                 0,48              51                 19,78
     2                 0,54              52                 20,26
     3                 0,58              53                 20,75
     4                 0,62              54                 21,23
     5                 0,67              55                 21,71
     6                 0,73              56                 22,19
     7                 0,77              57                 22,68
     8                 0,81              58                 23,16
     9                 0,87              59                 23,64
     10                0,96              60                 24,12
___________________________________________________________________
     11                1,45              61                 24,61
     12                1,83              62                 25,28
     13                2,22              63                 25,82
     14                2,55              64                 26,44
     15                2,93              65                 27,02
     16                3,32              66                 27,64
     17                3,71              67                 28,22
     18                4,05              68                 28,85
     19                4,44              69                 29,49
     20                4,82              70                 30,07
___________________________________________________________________
     21                5,31              71                 30,69
     22                5,79              72                 31,27
     23                6,27              73                 31,88
     24                6,75              74                 32,46
     25                7,24              75                 33,09
     26                7,72              76                 33,68
     27                8,20              77                 34,31
     28                8,68              78                 34,93
     29                9,17              79                 35,51
     30                9,65              80                 36,15
___________________________________________________________________
     31                10,13             81                 36,71
     32                10,61             82                 37,34
     33                11,09             83                 37,92
     34                11,58             84                 38,56
     35                12,06             85                 39,18
     36                12,54             86                 39,76
     37                13,03             87                 40,38
     38                13,51             88                 40,95
     39                13,99             89                 41,59
     40                14,47             90                 42,17
___________________________________________________________________
     41                14,96             91                 42,18
     42                15,44             92                 43,39
     43                15,92             93                 44,00
     44                16,40             94                 44,62
     45                16,89             95                 45,20
     46                17,37             96                 45,84
     47                17,85             97                 46,38
     48                18,33             98                 47,03
     49                18,82             99                 47,61
     50                19,30             100                48,25
___________________________________________________________________
                                         100-ден жоғары     50,18
___________________________________________________________________

      330-бап. Жеке тұлғаларға берiлген ауыл шаруашылық
               мақсатындағы жерлерге салынатын базалық
               салық ставкалары

      Жеке тұлғаларға өзiндiк (қосалқы) үй шаруашылығын, бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшiн қора-қопсы салынған жердi қоса алғанда, берiлген ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге, базалық салық ставкалары мынадай мөлшерлерде белгiленедi:
     көлемi 0,50 гектарға дейiн қоса алғанда - 0,01 гектар үшiн 20 теңге;
     көлемi 0,50 гектардан асатын алаңға - 0,01 гектар үшiн 100 теңге.

      331-бап. Ауыл шаруашылық мақсаттары үшiн пайдаланылатын
               ауыл шаруашылық мақсаттарына арналмаған
               жерлерге салынатын салық ставкалары

      Елдi мекендердiң, өнеркәсiптің, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың орман және су қорларының құрамына кiретiн, ауыл шаруашылық мақсаттарына пайдаланылатын жер учаскелерiне осы кодекстiң 338-бабының 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, 329-бабында белгiленген базалық ставкалар бойынша салық салынады.

Параграф 2. Елдi мекендердiң жерлерiне салынатын салық ставкалары

      332-бап. Елдi мекендердiң жерлерiне (үй iргесiндегi
               жер учаскелерiн қоспағанда) салынатын базалық
               салық ставкалары

      Елдi мекендердiң (үй iргесiндегi жер учаскелерiн қоспағанда) жерлерiне салынатын базалық салық ставкалары алаңның бiр шаршы метрiне шаққанда мынадай мөлшерлерде белгiленедi:
___________________________________________________________________
     Елді      Тұрғын үй қоры, соның ішінде     Тұрғын үй қоры,
   мекеннің     оның іргесіндегі құрылыстар    соның ішінде оның
     түрі       мен ғимараттар алып жатқан     іргесіндегі құрылыс.
                  жерді қоспағанда, елді        тар мен ғимараттар
                  мекендердің жерлеріне        алып жатқан жерлерге
                 салынатын салықтың базалық     салынатын салықтың
                  ставкалары (теңге)            базалық ставкалары
                                                     (теңге)
___________________________________________________________________
       1                         2                            3
___________________________________________________________________
Қалалар:
Алматы                         28,95                         0,96
Астана                         19,30                         0,96
Ақтау                          9,65                          0,58
Ақтөбе                         6,75                          0,58
Атырау                         8,20                          0,58
Тараз                          9,17                          0,58
Қарағанды                      9,65                          0,58
Қызылорда                      8,68                          0,58
Көкшетау                       5,79                          0,58
Қостанай                       6,27                          0,58
Павлодар                       9,65                          0,58
Петропавл                      5,79                          0,58
Орал                           5,79                          0,58
Өскемен                        9,65                          0,58
Шымкент                        9,17                          0,58
Алматы облысы:
Облыстық бағыныстағы
басқа қалалар                  6,75                          0,39
Аудандық бағыныстағы
басқа қалалар                  5,79                          0,39
Ақмола облысы:
Облыстық бағыныстағы
қалалар                        5,79                          0,39
Аудандық бағыныстағы
қалалар                        5,02                          0,39
Облыстық маңызы бар      Облыс орталығы үшін белгіленген     0,2
басқа қалалар                ставканың 85 проценті
Аудандық маңызы бар       Облыс орталығы үшін белгіленген    0,19
басқа қалалар                  ставканың 75 проценті
Поселкелер                     0,96                          0,13
Селолар (ауылдар)              0,48                          0,09
___________________________________________________________________

      333-бап. Үй iргесiндегi жер учаскелерiне салынатын
               базалық салық ставкалары

      Елдi мекендердiң тұрғын үйге қызмет көрсетуге арналған және тұрғын үй қоры, оның iшiнде ондағы құрылыстар мен ғимараттар орналаспаған жерлерiне жататын жер учаскесiнiң бiр бөлiгi үй iргесiндегi жер учаскесi деп есептеледi.
      Үй іргесiндегi жер учаскелерiне мынадай базалық салық ставкалары бойынша салық салынуға тиiс:
      1) Астана, Алматы қалалары және облыстық маңызы бар қалалар үшін:
      көлемi 1000 шаршы метрге дейiн қоса алғанда - 1 шаршы метрi үшiн 0,20 теңге;
      көлемi 1000 шаршы метрден асатын алаңға - 1 шаршы метрi үшiн 6,00 теңге.
      Жергілiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша 1000 шаршы метрден асатын жер учаскелерiне салық ставкалары 1 шаршы метрi үшiн 6,0 теңгеден 0,20 теңгеге дейiн төмендетiлуi мүмкiн.
      2) басқа елдi мекендер үшiн:
      көлемi 5000 шаршы метрге дейiн қоса алғанда - 1 шаршы метрi үшiн 0,20 теңге;
      көлемi 5000 шаршы метрден асатын алаңға - 1 шаршы метрi үшiн 1,00 теңге.
      Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша 5000 шаршы метрден асатын жер учаскелерiне салық ставкалары 1 шаршы метрi үшiн 1,00 теңгеден 0,20 теңгеге дейiн төмендетiлуi мүмкiн.

Параграф 3. Өнеркәсiп жерiне салынатын салық ставкалары

      334-бап. Елдi мекендерден тыс орналасқан өнеркәсiп
               жерлерiне салынатын базалық салық ставкалары

      1. Елдi мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлерiне салынатын базалық салық ставкалары бiр гектарға шаққанда бонитет балына барабар мынадай мөлшерлерде белгiленедi:
___________________________________________________________________
Бонитет балы      Базалық салық    Бонитет балы     Базалық салық
                   ставкасы                           ставкасы
                   (теңге)                             (теңге)
___________________________________________________________________
      1                  2                  3                 4
___________________________________________________________________
      0                48,25
      1                91,67               51               2634,45
      2                135,10              52               2690,23
      3                178,52              53               2745,95
      4                221,95              54               2801,72
      5                265,37              55               2857,46
      6                308,80              56               2913,24
      7                352,22              57               2968,96
      8                395,65              58               3024,73
      9                439,07              59               3080,47
      10               482,50              60               3136,25
___________________________________________________________________
      11               530,75              61               3188,36
      12               592,41              62               3247,75
      13               654,08              63               3325,49
      14               715,68              64               3364,61
      15               777,35              65               3423,05
      16               839,01              66               3489,25
      17               900,67              67               3539,95
      18               962,29              68               3598,39
      19               1023,96             69               3656,81
      20               1084,66             70               3715,25
___________________________________________________________________
      21               1138,70             71               3769,29
      22               1189,07             72               3829,64
      23               1239,35             73               3890,53
      24               1287,73             74               3951,67
      25               1340,29             75               4012,79
      26               1390,66             76               4073,88
      27               1441,07             77               4135,02
      28               1491,45             78               4196,15
      29               1541,88             79               4257,23
      30               1592,25             80               4319,34
___________________________________________________________________
      31               1646,29             81               4371,45
      32               1693,03             82               4432,57
      33               1740,76             83               4493,66
      34               1788,47             84               4554,80
      35               1836,20             85               4615,92
      36               1883,87             86               4677,01
      37               1931,58             87               4738,15
      38               1979,31             88               4799,27
      39               2027,02             89               4860,36
      40               2074,75             90               4921,50
___________________________________________________________________
      41               2126,86             91               4975,54
      42               2178,19             92               5054,48
      43               2228,61             93               5134,32
      44               2278,98             94               5214,22
      45               2329,41             95               5294,09
      46               2379,79             96               5373,99
      47               2340,22             97               5453,83
      48               2480,57             98               5533,73
      49               2531,00             99               5613,59
      50               2582,34             100              5693,50
___________________________________________________________________
                                          100-ден жоғары    5790,00
___________________________________________________________________

      2. Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес басқа жер пайдаланушылар уақытша пайдаланатын жердi қоспағанда, қорғаныс мұқтажы үшiн берiлген жерлерге осы баптың 1-тармағында белгiленген ставкалар бойынша салық салынуға тиiс.
      3. Қорғаныс мұқтажы үшiн берiлген, қорғаныс мұқтажы үшiн уақытша пайдаланылмайтын және ауыл шаруашылығы мақсаттары үшiн басқа жер пайдаланушыларға берiлген жерлерге осы Кодекстiң 338-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, 329-бапта белгiленген ставкалар бойынша салық салынуға тиiс.
      4. Магистралды темiр жолдарды бойлай қорғаныштық екпе ағаштар орналасқан темiр жол көлiгi кәсiпорындарының жерлерiне осы Кодекстiң 338-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, 329-бапта белгіленген ставкалар бойынша салық салынады.

      335-бап. Елдi мекендер шегiнде орналасқан өнеркәсiп
               жерлерiне салынатын салық ставкалары

      1. Елдi мекендер шегiнде (осы баптың 3-тармағында аталған жерлердi қоспағанда) орналасқан өнеркәсiп жерлерiне (шахталарды, карьерлердi қоса алғанда) және олардың санитариялық-қорғаныш, техникалық және өзге де өңiрлерiне осы Кодекстің 338-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, 332-бабында белгiленген базалық ставкалар бойынша салық салынады.
      2. Елдi мекендер шегiнде, бiрақ селитебтi аумақтан тыс (осы баптың 3-тармағында аталған жерлердi қоспағанда) орналасқан өнеркәсiп жерлерiне (шахталарды, карьерлердi қоса алғанда) және олардың санитариялық-қорғаныш, техникалық және өзге де өңiрлерiне базалық ставкалар жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерiмен төмендетiлуi мүмкiн. Осы Кодекстiң 338-бабының 1-тармағында белгіленген төмендетуді ескере отырып, аталған жерлерге салық ставкасын жалпы төмендету базалық ставканың 30 процентiнен аспауы тиiс.
      3. Елдi мекендер шегiнде орналасқан, аэродромдар алып жатқан өнеркәсiп жерлерiне осы Кодекстiң 338-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, 334-бабында белгiленген базалық ставкалар бойынша салық салынады.
      Елдi мекендер шегiнде орналасқан өнеркәсiп жерлерiне, аэродромдар алып жатқан жердi қоспағанда, әуежайлар алып жатқан жерлерге осы Кодекстiң 338-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, 332-бапта белгiленген базалық ставкалар бойынша салық салынады.
      Осы Кодекстiң мақсаттары үшiн әуе кемелерiнiң ұшуын, қонуын, бұрылуын, тұрағын қамтамасыз ету және оларға қызмет көрсету үшiн арнайы дайындалып, жабдықталған жер учаскесi аэродром деп ұғылады.

Параграф 4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың,
орман қоры мен су қорының жерлерiне салынатын
салық ставкалары

      336-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман
               қоры мен су қорының жерлерiне салынатын салық
               ставкалары

      1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының ауыл шаруашылық мақсаттарында пайдаланылатын жерлерiне осы Кодекстiң 338-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, 329-бабында белгiленген базалық ставкалар бойынша жер салығы салынады.
      2. Жеке және заңды тұлғаларға ауыл шаруашылық мақсаттарынан өзге мақсаттарға пайдалануға берiлген ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының жерлерiне осы Кодекстiң 338-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, 334-бабында белгiленген ставкалар бойынша салық салынуға тиiс.

Параграф 5. Автотұрақтар, автомобильге май құю
станциялары және базарлар орналасқан жер
учаскелерiне салынатын салық ставкалары

      337-бап. Автотұрақтар, автомобильге май құю станциялары
               және базарлар орналасқан жер учаскелерiне
               салынатын салық ставкалары

      1. Елдi мекендердiң автотұрақтар мен автомобильге май құю станциялары орналасқан жерлерiне, тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жердi қоспағанда, осы Кодекстiң 332-бабында елдi мекендер жерлерiне белгiленген базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салынуға тиiс.
      Автотұрақтар мен автомобильге май құю станциялары орналасқан басқа санаттағы жерлерге, тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жердi қоспағанда, таяу орналасқан елдi мекендер жерлерi үшiн осы Кодекстің 332-бабында белгiленген базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салынуға тиiс.
      Жерлерiне базалық ставкалар салықты есептеу кезiнде қолданылатын елдi мекендi жергiлiктi өкiлдi орган белгiлейдi.
      Жергілікті өкілді органның шешiмi бойынша салық ставкасы кемiтiлуi мүмкiн, бiрақ ол осы Кодекстiң 332-бабында белгiленгеннен кем болмауға тиiс.
      2. Жергiлiктi атқарушы орган белгiлеген сауда орындары тiкелей орналасқан елдi мекендердiң базарлар аумағына бөлiнген жерлерiне, тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жердi қоспағанда, осы Кодекстiң 332-бабында елдi мекендер жерлерiне белгiленген базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салынуға тиiс. Базарларға қызмет көрсету өңiрлерi алып жатқан өзге де базар аумағына осы Кодекстiң 332-бабына сәйкес белгiленген ставкалар бойынша салық салынады.
      Жергiлiктi атқарушы орган белгiлеген сауда орындары тiкелей орналастырылған базарлар аумағына бөлiнген басқа санаттағы жерлерге, тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның қасындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жердi қоспағанда, осы Кодекстiң 332-бабында таяу орналасқан елдi мекендер жерлерi үшiн белгiленген базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салынуға тиiс. Базарларға қызмет көрсету өңiрлерi алып жатқан өзге де базар аумағына осы Кодекстiң 332-бабына сәйкес белгiленген ставкалар бойынша салық салынады.
      Жерлерiне базалық ставкалар салықты есептеу кезiнде қолданылатын елдi мекендi жергiлiктi өкiлдi орган белгiлейдi.
      Жергiлiктi өкiлдi органның шешiмi бойынша салық ставкасы кемiтiлуi мүмкiн, бiрақ ол осы Кодекстiң 332-бабында белгiленгеннен кем болмауға тиiс.
      Осы тармақтың ережесi мал сату жөнiндегi базарларға қолданылмайды, оларға жер салығы осы Кодекстiң 332-бабында белгiленген ставкалар бойынша салынады.
      3. Осы бапта аталған коэффициенттер жерлердi автотұрақтар, автомобильге май құю станциялары және базарлар үшiн iс жүзiнде пайдаланған кезден бастап қолданылады.

Параграф 6. Салық ставкаларын түзету

      338-бап. Базалық салық ставкаларын түзету

      1. Жергілiктi өкiлдi органдар Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жүргiзiлетiн жерлердi өңiрлерге бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде жер салығының ставкаларын осы Кодекстiң 329, 330, 332, 334-баптарында белгiленген жер салығының базалық ставкаларынан елу проценттен аспайтындай етiп төмендетуге немесе жоғарылатуға құқығы бар.
      Бұл ретте жекелеген салық төлеушiлер үшiн жер салығының ставкасын жеке-дара төмендетуге немесе жоғарылатуға тыйым салынады.
      2. Мынадай төлеушiлер салықты есептеген кезде тиiстi ставкаларға 0,1 коэффициенттi қолданады:
      1) балалардың сауықтыру мекемелерi, мемлекеттiк табиғи қорықтар (биосфералық қорықтарды қоса алғанда), мемлекеттiк табиғи резерваттар, мемлекеттiк ұлттық табиғат парктерi, мемлекеттiк табиғат парктерi, мемлекеттiк зоологиялық парктер, мемлекеттiк ботаникалық бақтар, мемлекеттiк дендрологиялық парктер;
      2) дiни бiрлестiктердi қоспағанда, осы Кодекстiң 120-бабында белгiленген заңды тұлғалар;
      3) осы Кодекстiң 121-бабында белгiленген заңды тұлғалар;
      4) қызметiнiң негiзгi түрi ормандардың өртке қарсы құрылғысы, өртке қарсы, орман зиянкестерi мен ауруларына қарсы күрес, табиғи биологиялық ресурстарды ұдайы молайту және ормандардың экологиялық әлеуетiн арттыру жөнiндегi жұмыстарды орындау болып табылатын мемлекеттiк кәсiпорындар;
      5) балықты ұдайы молайту мақсатындағы мемлекеттiк кәсiпорындар;
      6) ғылыми кадрларды мемлекеттiк аттестаттау саласындағы мiндеттердi жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорындар;
      7) психоневрологиялық және туберкулез мекемелерi жанындағы емдеу-өндiрiстiк кәсiпорындар.
      3. Осы баптың 2-тармағында аталған жер салығын төлеушiлер жер учаскесiн немесе оның бiр бөлiгiн (ондағы үйлермен, құрылыстармен, ғимараттармен бiрге не оларсыз) жалға, өзге де негiздерде пайдалануға беру немесе коммерциялық мақсаттарда пайдалану кезiнде салықты 0,1 коэффициенттi қолданбай, жалпы белгiленген тәртіппен есептейдi.
      4. Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдар жер салығын осы Кодекстiң 140-2-бабының 4-тармағында және 140-5-бабының 3-тармағында белгiленген ережелердi ескере отырып есептейдi. <*>
      Ескерту. 338-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2003.07.04. N 475 Заңымен. (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
      Ескерту. 338-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

55-тарау. Салықты есептеу тәртібі және төлеу
мерзімдері

      339-бап. Салықты есептеу мен төлеудiң жалпы тәртiбi

      1. Салықты есептеу әрбiр жер учаскесi бойынша жеке салық базасына тиiстi салық ставкасын қолдану арқылы жүргiзіледi.
      2. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, жер салығы салық төлеушiге жер учаскесi берiлген айдан кейiнгi айдан бастап есептеледi.
      3. Жер учаскесiн иелену құқығы немесе пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда жер салығы жер учаскесiн iс жүзiнде пайдалану кезеңi үшiн есептеледi.
      4. Бюджетке жер салығын төлеу жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша жүргiзiледi.
      5. Салық жылы iшiнде елдi мекендi қоныстың бiр санатынан басқа санатына ауыстыру кезiнде ағымдағы жылғы жер салығы салық төлеушілерден осы елдi мекендер үшiн бұрын белгiленген ставкалар бойынша, ал келесi жылы - қоныстардың жаңа санаты үшiн белгiленген ставкалар бойынша алынады.
      6. Елдi мекен таратылған және оның аумағы басқа елдi мекеннiң құрамына қосылған кезде, таратылған елдi мекеннiң аумағында жаңа ставка тарату iске асырылған жылдан кейiнгi жылдан бастап қолданылады.
      7. Салық төлеушiлер орналасқан жер учаскелерi бонитетiнiң балдарын анықтау мүмкiн болмаған жағдайда, жер салығының мөлшерi шектесiп орналасқан жерлердiң бонитет балы негiзге алына отырып анықталады.
      8. Ортақ үлестiк меншiктегi салық салу объектiлерi бойынша салық олардың осы жер учаскесiндегi үлесiне барабар есептеледi.
      9. Ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi заңды тұлғалар үшiн бюджетпен есеп айырысуды арнаулы салық режимiнде жүзеге асыратын заңды тұлғалардың жер салығын төлеу тәртiбi осы Кодекстiң 385-390-баптарында белгiленген.
      10. Қорғаныс қажетi үшiн берiлген жерлерге салынатын салықты алу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

      340-бап. Заңды тұлғалардың салықты есептеу
               тәртiбi мен төлеу мерзiмдерi

      1. Заңды тұлғалар жер салығы сомаларын салық базасына тиiстi салық ставкасын қолдану арқылы дербес есептейдi.
      2. Заңды тұлғалар салық кезеңi iшiнде жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердi есептеуге және төлеуге мiндеттi.
      3. Ағымдағы төлемдердің сомалары ағымдағы жылдың 20 ақпанынан, 20 мамырынан, 20 тамызынан, 20 қарашасынан кешіктірілмейтін мерзімдерде тең үлестермен төленуге тиіс.
      Жаңа құрылған салық төлеуші құрылған күннен кейінгі кезекті мерзім ағымдағы төлемдерді төлеудің бірінші мерзімі болып табылады.
      Ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін құрылған салық төлеушілер ағымдағы салық кезеңі үшін салық сомасын осы баптың 9-тармағында көзделген мерзімдерде төлейді. <*>
      4. Ағымдағы төлемдер мөлшерi салық кезеңiнiң басында болған салық төлеу объектiлерi бойынша салық базасына тиiстi салық ставкаларын қолдану жолымен белгiленеді. <*>
      5. Жер салығын төлеу бойынша салық мiндеттемелерi туындаған күннен кейiнгi, осы баптың 3-тармағында белгiленген кезектi мерзiм салық мiндеттемелерi туындаған кезде салық кезеңiнде салықтың ағымдағы сомаларын төлеудiң бiрiншi мерзiмi болып табылады. <*>
      Осы Кодекстiң 324-бабы 3-тармағының 4), 7) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар салық салу объектiлерiн пайдалануға немесе жалға берген кезде салық салу объектiлерiн пайдалануға немесе жалға беру күнiнен кейiнгi кезектi мерзiм салықтың ағымдағы сомаларын төлеудiң бiрiншi мерзiмi болып табылады.
      6. Ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін салық міндеттемелері туындаған кезде түпкілікті есеп айырысу және салық сомасын төлеу осы баптың 9-тармағында көзделген мерзімдерде жүргізіледі.
      Осы Кодекстің 324-бабының 3-тармағының 4) және 7) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғаларға пайдалануға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейінгі түпкілікті есеп айырысу мен салық сомасын төлеу осы баптың 9-бабында көзделген мерзімдерде жүргізіледі. <*>
      7. Салық кезеңi iшiнде жер салығы бойынша мiндеттемелер өзгерген жағдайда, ағымдағы төлемдер салық мiндеттемелерiнiң өзгеру сомасына жер салығын төлеудiң алдағы мерзiмдерi бойынша тең үлестермен түзетiледi. <*>
      8. Салық салу объектiлерiне құқықтар салық кезеңiнің iшiнде берiлген жағдайда салық сомасы жер учаскесiне құқықты iске асырудың нақты кезеңi үшiн есептеледi.
      Осы құқықтарды беретiн тұлғаның жер учаскесiне iс жүзiнде иелiк еткен кезеңi үшiн төлеуге жататын салық сомасы құқықтарды мемлекеттiк тiркеуге дейiн немесе тiркеген кезде бюджетке енгiзiлуi тиiс.
      Бұл ретте бастапқы төлеушiге ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап ол жер учаскесiн берген айдың басына дейiн есептелген салық сомасы көрсетiледi. Одан кейiнгi төлеушiге салық органдары жiберетiн жер салығының есептелген сомасы туралы хабарламада оның жер учаскесiне құқығы пайда болған кезеңдегi ай басынан есептелген салық сомасы көрсетiледi.
      Жер учаскесіне құқықтарды мемлекеттiк тiркеу кезде салықтың жылдық сомасын бюджетке тараптардың (келiсiм бойынша) бiрi енгiзуi мүмкiн. Жер учаскесiне құқықтарды мемлекеттiк тiркеу кезiнде төленген салық сомасы кейiннен қайта төленбейдi.
      9. Салық төлеушi салық кезеңiнде декларация табыс ету мерзiмi басталғаннан кейiн он жұмыс күнi мерзiмiнен кешiктiрмей бiржолата есеп айырысуды жүргiзiп, жер салығын төлейдi. <*>
      10. Осы баптың ережелерi бюджеттен есеп айырысуды ауылшаруашылық өнiмдерiн өндiрушiлерге арналған арнайы салық режимiнде жүзеге асыратын заңды тұлғаларға, аталған арнайы салық режимi қолданылатын қызметке пайдаланылатын жер учаскелерi бойынша қолданылмайды. <*>
      Ескерту. 340-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.
      Ескерту. 340-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2003.07.04. N 475 Заңымен. (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
      Ескерту. 340-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).   

      341-бап. Жекелеген жағдайларда салық есептеудiң
               ерекшелiктерi

      1. Бiрнеше салық төлеушiлердiң пайдалануындағы үйлер, құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелерiне жер салығы олардың бөлек пайдалануындағы үйлер мен құрылыстардың алаңына барабар әр салық төлеушi бойынша жеке есептеледi.
      2. Осы Кодекстiң 324-бабы 3-тармағының 4), 7) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар үйдiң, құрылыстың және ғимараттың бiр бөлiгiн жалға берген кезде жер салығы осы жер учаскесiнде орналасқан барлық үйлердiң, құрылыстар мен ғимараттардың жалпы алаңындағы жалға берiлген үй-жай алаңының үлес салмағына қарай есептелуге тиiс.
      3. Тұрғын үй қорының құрамындағы жылжымайтын мүлiктi заңды тұлға сатып алған жағдайда, жер салығы тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлердi қоспағанда, елдi мекендердiң жерлерiне салынатын салықтың осы Кодекстiң 332-бабында белгiленген базалық ставкалары бойынша есептелуге тиiс.
      Ескерту. 341-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      342-бап. Жеке тұлғалардың салықты есептеу тәртiбi және
               төлеу мерзiмдерi

      1. Жеке тұлғалар (өз қызметiнде пайдаланатын жер учаскелерi бойынша жекелеген кәсiпкерлердi, жеке нотариустар мен адвокаттарды қоспағанда) төлеуге жататын жер салығын есептеудi салық органдары тиiстi салық ставкалары мен салық базасын негiзге ала отырып, 1 тамыздан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде жүргiзедi. <*>
     Салық кезеңi iшiнде салық салу объектiлерiне құқықты берген жағдайда салық сомасы осы Кодекстің 340-бабы 3-тармағының ережелерi ескерiле отырып есептеледi.
      2. Жеке тұлғалар бюджетке жер салығын ағымдағы жылдың 1 қазанынан кешiктiрмей төлейдi.
      3. Жеке кәсiпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар өз қызметiнде пайдаланатын жер учаскелерi бойынша жер салығын осы Кодекстiң 340-бабында белгiленген тәртiппен есептейдi және төлейдi.<*>
      Ескерту. 342-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.

56-тарау. Салық кезегі және салық есептілігі

       Ескерту. Тарау тақырыбы өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.

      343-бап. Салық кезеңi

      Жер салығын есептеу мен төлеу үшiн салық кезеңi осы Кодекстiң 136-бабына сәйкес белгiленедi.

      344-бап. Салық есептілігі <*>

      1. Заңды тұлғалар (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), жеке кәсiпкерлер, жеке нотариустар мен адвокаттар жер салығы бойынша декларацияны салық салу объектiлерi орналасқан жердегi салық органдарына есептiк салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей, сондай-ақ ағымдағы төлемдер есеп-қисабын осы бапта белгiленген мерзiмде табыс етедi. <*>
      2. Жер салығы бойынша ағымдағы төлемдер есеп-қисабы ағымдағы салық кезеңiнiң 15 ақпанынан кешiктiрiлмей табыс етiледi.
      3. Ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін құрылған салық төлеушілерді қоспағанда, жаңадан құрылған салық төлеушiлер ағымдағы төлемдер есеп-қисабын салық төлеушi мемлекеттiк тiркеуден өткен айдан кейiнгi айдың 15-iнeн кешiктiрмей табыс етедi.
      4. Осы Кодекстің 324-бабы 3-тармағының 4) және 7) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалар пайдалануға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша ағымдағы төлемдердің есебін осы баптың 5-тармағында көзделген мерзімдерде табыс етеді. <*>
      5. Салық кезеңі ішінде жер салығы бойынша салық міндеттемелері өзгерген кезде ағымдағы төлемдердің есебі салық салу объектілері бойынша 1 ақпандағы, 1 мамырдағы, 1 тамыздағы және 1 қарашадағы жағдай бойынша тиісінше ағымдағы салық кезеңінің 15 ақпанынан, 15 мамырынан, 15 тамызынан және 15 қарашасынан кешіктірмей табыс етіледі.      6. Осы баптың ережелерi бюджетпен есеп айырысуды ауылшаруашылық өнiмдерiн өндiрушiлерге арналған арнайы салық режимiнде жүзеге асыратын заңды тұлғаларға, аталған арнайы салық режимi қолданылатын қызметке пайдаланылатын жер учаскелерi бойынша қолданылмайды. <*>
      Ескерту. 344-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.
      Ескерту. 344-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

13-бөлім. Көлік құралдары салығы

57-тарау. Жалпы ережелер

      345-бап. Салық төлеушiлер

      1. Меншiк құқығында салық салу объектiлерi бар жеке тұлғалар және меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектiлерi бар заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлiмшелерi (бұдан әрi - заңды тұлғалар) көлiк құралдары салығын төлеушiлер болып табылады.
      2. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін көлік құралдарына қажеттілік нормативтері шегінде бірыңғай жер салығын төлеушілер; <*>
      1-1) меншікті ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде пайдаланылатын мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникасы бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілерді қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер. Аталған мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникасының тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді;<*>
      2) мемлекеттік мекемелер; <*>
      3) салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша - Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестiрiлетiн адамдар;
      4) салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша - меншiгiнде мотоколяскалары мен автомобильдерi бар мүгедектер;
      5) салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша - Кеңес Одағының Батырлары мен Социалистiк Еңбек Ерлерi, "Халық қаhарманы" атағын алған, үш дәрежелi Даңқ орденiмен және "Отан" орденiмен наградталған адамдар, "Ардақты ана" атағын алған, "Алтын алқа", "Күмiс алқа" алқаларымен наградталған көп балалы аналар;
      6) ауыл шаруашылық құралымынан шығу нәтижесiнде пай ретiнде алынған, пайдаланған мерзiмi жетi жылдан асқан жүк автомобильдерi бойынша жеке тұлғалар көлiк құралдары салығын төлеушiлер болып табылмайды.
      Ескерту. 345-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      346-бап. Салық салу объектiлерi

      1. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiркеуге жататын және (немесе) есепте тұрған көлiк құралдары, тiркемелердi қоспағанда, салық салу объектiлерi болып табылады. <*>
      2. Мыналар:
      1) жүк көтергiштiгi 40 тонна және одан асатын карьерлiк автосамосвалдар;
      2) мамандандырылған медициналық көлiк құралдары салық салу объектiлерi болып табылмайды.
      Ескерту. 346-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2003.07.04. N 475 Заңымен. (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

58-тарау. Салық ставкалары

      347-бап. Салық ставкалары

      1. Салықты есептеу айлық есептік көрсеткіштермен белгіленген мынадай ставкалар бойынша жүргізіледі:
___________________________________________________________________
         Салық салу объектiсi                  Салық ставкасы
                                          (айлық есептік көрсеткіш)
___________________________________________________________________
     1. Двигатель көлемi мынадай жеңiл
     автомобильдер (текше см.):
     1100-ге дейiн қоса алғанда                            4,0
     1100-ден жоғары 1500-ді қоса                          6,0
     1500-ден жоғары 2000-ды қоса                          7,0
     2000-нан жоғары 2500-ді қоса                          12,0
     2500-ден жоғары 3000-ды қоса                          17,0
     3000-нан жоғары 4000-ды қоса                          22,0
        4000-нан жоғары                                    117,0
     2. Жүк көтергiштiгі мынадай жүк таситын
     арнаулы автомобильдер (тiркемелердi
     есептемегенде):
     1 тоннаға дейiн қоса алғанда                          6,0
     1 тоннадан жоғары - 1,5 тоннаны қоса                  9,0
     1,5 тоннадан жоғары - 5 тоннаны қоса                  12,0
     5 тоннадан жоғары                                     15,0
     3. Шынжыр табанды машиналар мен
механизмдердi қоспағанда, өздiгiнен жүретiн
машиналар мен пневматикалық жүрiстегi механизмдер          3,0
     4. Автобустар:
     12 отыратын орынға дейiн қоса алғанда                 90,
     12-ден жоғары - 25 отыратын орынды қоса               14,0
     25 отыратын орыннан жоғары                            20,0
     5. Мотоциклдер, мотороллерлер, мотошаналар, көлемi
шағын кемелер (двигателiнiң қуаты 55 кВт-тан артық емес)   1,0
     Мотоциклдер (двигателiнiң қуаты 55 кВт-тан жоғары)   10,0           6. Катерлер, кемелер, буксирлер, баржалар,
яхталар (двигательдiң қуаты мынадай ат күшiне тең):
     160-қа дейiн қоса алғанда                             6,0
     160-тан жоғары 500-ді қоса                            18,0
     500-ден жоғары 1000-ды қоса                           32,0
     1000-нан жоғары                                       55,0
     7. Ұшу аппараттары
                                            әрбір киловатт қуаттан
                                                     айлық есептiк
                                                      көрсеткiштiң
                                                      4,0 процентi
________________________________________________________________

      2. Жеңіл автомобильдердің жеті айлық есептік көрсеткіш ставкасы бойынша салық салынатын двигателінің көлемі 1500-ден жоғары - 2000 текше сантиметрді қоса, он екi айлық есептік көрсеткіш ставкасы бойынша салық салынатын 2000-нан жоғары - 2500 текше сантиметрді қоса, он жеті айлық есептік көрсеткіш ставкасы бойынша салық салынатын 2500-ден жоғары - 3000 текше сантиметрді қоса және жиырма екі айлық есептік көрсеткiш ставкасы бойынша салық салынатын двигателiнiң көлемi 3000-нан жоғары - 4000 текше сантиметрдi қоса алған көлемде болған кезде салық сомасы двигательдiң аталған көлемiнен асқан әрбiр бiрлiк үшiн 7 теңгеге ұлғайтылады. <*>
      3. Егер осы тармақпен өзгеше белгiленбесе, салық төлеудiң белгiленген мерзiмi аяқталғанға дейiн пайдаланылу мерзiмi алты жылдан асқан жеңiл автокөлiк құралдары бойынша мынадай түзету коэффициенттерi қолданылады: <*>
      ТМД елдерiнде шығарылған автокөлiк құралдары үшiн:
      6 жылдан - 15 жылға дейiн қоса алғанда - 0,3;
      15 жылдан жоғары - 25 жылды қоса - 0,2;
      25 жылдан жоғары - 0,1;
      двигатель көлемi мынадай басқа автокөлiк құралдары үшiн:
      3000 текше сантиметрге дейiн қоса алғанда - 0,5;
      3000-нан жоғары - 4000 текше сантиметрдi қоса - 0,7;
      4000-нан жоғары - 1,0.
      Пайдаланылу мерзiмi жиырма жылдан асқан ТМД елдерi шығаратын жеңiл автомобильдер мен мотоциклдер бойынша жеке тұлғалар үшiн түзету коэффициентi - 0. <*>
      4. Белгiленген салық төлеу мерзiмi аяқталғанға дейiн пайдаланылу мерзiмi жетi жылдан асқан ТМД елдерiнде шығарылған жүк таситын, арнаулы автокөлiк құралдары бойынша мынадай түзету коэффициенттерi қолданылады:
      7 жылдан - 14 жылға дейiн қоса алғанда - 0,5;
      14 жылдан жоғары - 20 жылды қоса - 0,3;
      20 жылдан жоғары - 0,1.
      5. Пайдаланылу мерзiмiне байланысты ұшу аппараттарының салық ставкаларына мынадай түзету коэффициенттерi қолданылады:
      1999 жылғы 1 сәуiрден кейiн Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден сатып алынған ұшу аппараттарына:
      пайдаланылу мерзiмi 5 жылға дейiн қоса алғанда - 1,0;
      пайдаланылу мерзiмi 5 жылдан жоғары - 15 жылды қоса - 2,0;
      пайдаланылу мерзiмi 15 жылдан жоғары - 3,0;
      1999 жылғы 1 сәуiрге дейiн сатып алынған, сондай-ақ 1999 жылғы 1 сәуiрден кейiн алынған және Қазақстан Республикасында 1999 жылғы 1 cәуipгe дейiн пайдалануда болған ұшу аппараттарына:
      пайдаланылу мерзiмi 5 жылға дейiн қоса алғанда - 1,0;
      пайдаланылу мерзiмi 5 жылдан жоғары - 15 жылды қоса - 0,5;
      пайдаланылу мерзiмi 15 жылдан жоғары - 0,3.
      6. Көлiк құралының пайдаланылу мерзiмi көлiк құралдарының паспортында (әуе кемесiн ұшуда пайдалану жөнiндегi нұсқамада) көрсетiлген көлiк құралы шығарылған жыл негiзге алына отырып есептеледi.
      7. Осы баптың 1-тармағындағы кестенiң 6-тармағында көрсетiлген көлiк құралдарының пайдаланылу мерзiмiне қарай салық ставкаларына мынадай түзету коэффициенттерi қолданылады: <*>
      5 жылға дейiн қоса алғанда - 1,0;
      5 жылдан жоғары - 10 жылды қоса алғанда - 0,5;
      10 жылдан жоғары - 20 жылды қоса алғанда - 0,3;
      20 жылдан жоғары - 30 жылды қоса алғанда - 0,2;
      30 жылдан жоғары - 0,1.
      Ескерту. 347-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен. (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді)
      Ескерту. 347-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2003.07.04. N 475 Заңымен. (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
      Ескерту. 347-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

59-тарау. Салықты есептеу тәртібі және төлеу
мерзімдері

      348-бап. Салықты есептеу тәртiбi <*>

      1. Салық төлеушiлер салық салу объектiлерiн, әрбiр көлiк құралы бойынша салық ставкасын және түзету коэффициенттерiн негiзге ала отырып, салық кезеңi үшiн салық сомасын дербес есептейдi.
      Көлiк құралы меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе оралымды басқару құқығында салық кезеңiнен аз уақыт болған жағдайда салық сомасы көлiк құралы меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе оралымды басқару құқығында болған кезең үшiн салықтың жылдық сомасын 12-гe бөлiп, оны көлiк құралы меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе оралымды басқару құқығында iс жүзiнде болған айлардың санына көбейту арқылы есептеледi.
      2. Салық кезеңi iшiнде жеке кәсiпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар өз қызметiнде пайдаланатын салық салу объектiлерiне меншiк құқығын, сондай-ақ заңды тұлғалар салық салу объектiлерiне меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығын берген кезде, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салық сомасы мынадай тәртiппен есептеледi:
      1) беретiн тарап үшiн:
      салық кезеңiнiң басында қолда бар көлiк құралдары бойынша салық сомасы салық кезеңiнiң басынан бастап көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе оралымды басқару құқығын берген айдың бiрiншi күнiне дейiнгi кезең үшiн есептеледi;
      салық кезеңiнiң iшiнде сатып алынған көлiк құралдары бойынша салық сомасы көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе оралымды басқару құқығын алған айдың бiрiншi күнiнен бастап көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе оралымды басқару құқығын берген айдың бiрiншi күнiне дейiнгi кезең үшiн есептеледi;
      2) алушы тарап үшiн - салық сомасы көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе оралымды басқару құқығын алған айдың бiрiншi күнiнен бастап, салық кезеңiнiң соңына дейiн немесе алушы тарап одан кейiн аталған көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе оралымды басқару құқығын берген айдың бiрiншi күнiне дейiнгi кезеңге есептеледi.
      3. Салық кезеңi iшiнде жеке кәсiпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар болып табылмайтын жеке тұлғалар салық салу объектiлерiне меншiк құқығын берген кезде салық сомасы мынадай тәртiппен есептеледi:
      1) көлiк құралына меншiк құқығын жеке кәсiпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар болып табылмайтын жеке тұлғаларға берген кезде жылдық салық сомасын тараптардың бipeуi (келiсiм бойынша) есептеп, бюджетке енгiзедi;
      2) көлiк құралына меншiк құқығын жеке кәсiпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға, заңды тұлғаларға берген кезде бюджетке төленуге тиiстi салық сомасын есептеу осы баптың 2-тармағында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
      4. Алу кезiнде Қазақстан Республикасында есепте тұрмаған көлiк құралын сатып алған кезде салық сомасы көлiк құралына меншiк құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе оралымды басқару құқығы туындаған айдың 1 күнiнен бастап салық кезеңiнiң соңына дейiнгi кезең үшiн есептеледi.
      Ескерту. 348-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.
      Ескерту. 348-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республиксының 2003.07.04. N 475 Заңымен. (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
      Ескерту. 348-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      348-1-бап. Салық төлеу мерзiмдерi <*>

      1. Егер меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе оралымды басқару құқығында 1 шiлдеге дейiн болған көлiк құралдары бойынша осы бапта өзгеше белгiленбесе, бюджетке салық төлеу салық салу объектiлерiнiң тiркелген жерi бойынша, ағымдағы төлемдердi енгiзу арқылы салық кезеңiнiң 5 шiлдесiнен кешiктiрiлмей жүргiзiледi. <*>
      2. Осы Кодекстiң 348-бабының 4-тармағында көрсетiлген көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе оралымды басқару құқығын салық кезеңiнiң 1 шiлдесiнен кейiн алған жағдайда, бюджетке салық төлеу көлiк құралын мемлекеттiк тiркеуге дейiн немесе тiркеу кезiнде жүргiзiледi.
      3. Алу кезiнде Қазақстан Республикасында есепте тұрған көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе оралымды басқару құқығын 1 шiлдеден кейiн алған жағдайда жеке кәсiпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар, заңды тұлғалар салық кезеңi үшiн декларацияны табыс ету мерзiмi басталғаннан кейiнгi он жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде көрсетiлген көлiк құралдары бойынша салық төлеудi жүргiзедi. <*>
      4. Бюджетпен есеп айырысуды ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлерге арналған арнаулы салық режимiнде жүргiзетiн заңды тұлғалардың көлiк құралдарына салық төлеуi осы Кодекстiң 389-бабында белгiленген мерзiмдерде жүзеге асырылады.
      5. Көлiк құралының меншiк иесi атынан меншiктi сенiмгерлiк басқару құқығымен көлiк құралын иеленушi тұлғаның көлiк құралдарына салық төлеуi көлiк құралы меншiк иесiнiң осы салық кезеңi үшiн салық мiндеттемесiн орындауы болып табылады.
      Ескерту. 348-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республиксының 2003.07.04. N 475 Заңымен. (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
      Ескерту. 348-1-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).     

60-тарау. Салық кезеңі және салық декларациясы

      349-бап. Салық кезеңi

      Көлiк құралдары салығын есептеу мен төлеу үшiн салық кезеңi осы Кодекстiң 136-бабына сәйкес белгiленедi.

      350-бап. Салық есептiлiгi <*>

      Салық төлеушiлер (жеке кәсiпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар болып табылмайтын жеке тұлғаларды және бюджетпен есеп айырысуды ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлерге арналған арнаулы салық режимiнде жүзеге асыратын заңды тұлғаларды қоспағанда) көлiк құралдары салығы бойынша ағымдағы төлемдер есебiн ағымдағы салық кезеңiнiң 5 шiлдесiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде, сондай-ақ  декларацияны есептi жылдан кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде салық салу объектiлерiнiң тiркелген жерi бойынша салық органдарына табыс етедi. <*>   
      Ескерту. 350-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республиксының 2003.07.04. N 475 Заңымен. (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
      Ескерту. 350-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

14-бөлім. Мүлік салығы

61-тарау. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге
салынатын мүлік салығы

      351-бап. Салық төлеушiлер

      1. Мыналар мүлiк салығын төлеушiлер болып табылады:
      1) Қазақстан Республикасының аумағында меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектiсi бар заңды тұлғалар; <*>
      2) Қазақстан Республикасының аумағында меншiк құқығында салық салу объектiсi бар жеке кәсiпкерлер.
      2. Заңды тұлғаның шешiмi бойынша оның құрылымдық бөлiмшелерi салық төлеушiлер ретiнде қарастырылады.
      Қазақстан Республикасының резидентi емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан салық салу объектiлерi бойынша салық төлеушiлер болып табылады.
      3. Осы баптың 2-тармағында аталған салық төлеушiлер мүлiкке салынатын салықты осы тарауда заңды тұлғалар үшiн белгiленген тәртiппен есептейдi және төлейдi.
      4. Мыналар мүлiкке салынатын салықты төлеушiлер болып табылмайды:
      1) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн қажеттiлiк нормативтерi шегiнде салық салу объектiлерi бойынша бiрыңғай жер салығын төлеушiлер.
      Салық салу объектiлерi бойынша бiрыңғай жер салығын белгiленген қажеттiлiк нормативтерiнен артық төлеушiлер мүлiкке салынатын салықты осы бөлiмде белгiленген тәртiппен төлейдi;
      2) салық салу осы Кодекстiң 283-бабында белгiленген салық режимiнiң екiншi үлгiсi бойынша жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдаланушылар;
      3) мемлекеттiк мекемелер; <*>
      4) <*>
      5) уәкiлеттi органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерiнiң мемлекеттiк кәсiпорындары;
      6) дiни бiрлестiктер.
      Осы тармақтың 5) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар пайдалануға немесе жалға берiлген салық салу объектiлерi бойынша салық төлеуден босатылмайды.
      Ескерту. 351-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.
      Ескерту. 351-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      352-бап. Жекелеген жағдайларда салық төлеушiнi анықтау

      1. Меншiк иесi салық салу объектiлерiн сенiмгерлiк басқаруға немесе жалға берген кезде меншiк иесiмен келiсiм бойынша салық төлеушi сенiмгер басқарушы немесе жалға алушы болуы мүмкiн.
      Бұл ретте сенiмгер басқарушының немесе жалға алушының салық төлеуi салық салу объектiлерi меншiк иесiнiң есептi кезең үшiн салық мiндеттемесiн орындауы болып табылады.
      2. Егер салық салу объектiсi бiрнеше тұлғаның ортақ үлестiк меншiгiнде болса, осы тұлғалардың әрқайсысы салық төлеушi деп танылады.
      3. Бiрлескен ортақ меншiктегi салық салу объектiлерi бойынша осы салық салу объектiлерiнің меншiк иелерiнің бiрi олардың арасындағы келiсiм бойынша салық төлеушi бола алады.
      4. Қаржылық лизингке берiлген объектiлер бойынша лизинг алушы салық төлеушi болып табылады.

      353-бап. Салық салу объектiсi

      1. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшiн негiзгi құралдар (оның iшiнде тұрғын үй қорының құрамында тұрған объектiлер) мен материалдық емес активтер салық салу объектiсi болып табылады.
      Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп жөнiндегi заңдарына сәйкес бухгалтерлiк есепте белгiленген материалдық емес объектiлер материалдық емес активтер болып табылады.
      2. Мыналар салық салу объектiлерi болып табылмайды:
      1) осы Кодекстiң 326 және 327-баптарына сәйкес жер салығын салу объектiсi болып табылатын жер;
      2) осы Кодекстiң 346-бабына сәйкес көлiк құралдарына салық салу объектiсi болып табылатын көлiк құралдары;
      3) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмi бойынша консервацияда тұрған негiзгi құралдар;
      4) жалпыға ортақ пайдаланылатын мемлекеттiк автомобиль жолдары мен оларға салынған жол құрылыстары:
      бұрылу белдеуi;
      жолдардың конструкциялық элементтерi;
      жол жағдайы мен оны абаттандыру;
      көпiрлер;
      өткерме жолдар;
      виадуктар;
      жол тарамдары;
      тоннельдер;
      қорғаныш галереялары;
      жол қозғалысы қауiпсiздiгiн арттыруға арналған құрылыстар мен  құрылғылар;
      суды бұрып жiберетiн және су өткiзгiш құрылыстар;
      жол бойындағы орман алаптары;
      желiлiк өндiрiстiк кешендер, үйлер мен ғимараттар, тұрғын үйлер;
      5) осы Кодекстiң 138-140-баптарында белгiленген тәртiппен инвестициялық жоба шеңберiнде пайдалануға жаңадан енгiзiлетiн негiзгi құралдар;
      6) қайта тұрғызылатын ғимараттар мен құрылыстар түрiндегi аяқталмаған құрылыс объектiлерi, сондай-ақ көрсетiлген объектiлерде монтаждауды талап ететiн жабдықтар. <*>
      Ескерту. 353-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      354-бап. Салық базасы

      1. Бухгалтерлiк есептiң деректерi бойынша анықталатын салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық қалдық құны заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлердiң салық салу объектiлерi бойынша салық базасы болып табылады.
      2. Салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық қалдық құны ағымдағы салық кезеңiнiң әр айының бiрiншi күнi мен есептi кезеңнен кейiнгi кезең айының бiрiншi күнiндегi салық салу объектiлерiнiң қалдық құнын қосу кезiнде алынған соманың он үштен бiрi ретiнде анықталады.
      3. Осы Кодекстiң 351-бабы 4-тармағының 3)-5) тармақшаларында аталған заңды тұлғалардың салық салу объектiлерi бойынша салық базасы пайдалануға немесе жалға берiлген осы салық салу объектiлерiнің үлесiн негізге ала отырып анықталады.

      355-бап. Салық ставкалары

      1. Заңды тұлғалар (осы баптың 2-тармағында аталғандарды қоспағанда) мен жеке кәсiпкерлер салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнына 1 процент ставка бойынша мүлiк салығын есептейдi.
      2. Төменде аталған заңды тұлғалар салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнына 0,1 процент ставка бойынша мүлiк салығын есептейдi:
      1) дiни бiрлестiктердi қоспағанда, осы Кодекстің 120-бабында белгiленген заңды тұлғалар;
      2) осы Кодекстiң 121-бабында белгiленген заңды тұлғалар;
      3) негiзгi қызмет түрi кiтапханалық қызмет көрсету саласындағы жұмыстарды орындау (қызмет көрсету) болып табылатын ұйымдар;
      4) ғылыми кадрларды мемлекеттiк аттестаттау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорындар;
      5) мемлекеттiк меншiкке жататын және мемлекеттiк бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын су қоймаларының, су тораптарының және табиғат қорғау мақсатындағы басқа да су шаруашылығы құрылыстарының объектiлерi бойынша заңды тұлғалар;
       6) ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер - заңды тұлғалардың жерін суару үшiн пайдаланылатын су мелиорациялық құрылыс объектiлерi бойынша заңды тұлғалар. <*>
      3. Осы баптың 2-тармағында аталған заңды тұлғалар пайдалануға немесе жалға берiлген салық салу объектiлерi бойынша мүлiк салығын осы баптың 1-тармағында белгiленген салық ставкасы бойынша есептейдi және төлейдi.
      4. Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдар мүлiк салығын осы Кодекстiң 140-2-бабының 4-тармағында және 140-5-бабының 3-тармағында белгiленген ережелердi ескере отырып есептейдi. <*>
      Ескерту. 355-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2003.07.04. N 475 Заңымен. (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
      Ескерту. 355-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      356-бап. Салықты есептеу мен төлеу тәртiбi

      1. Салық төлеушiлер салықты есептеудi салық базасына тиiстi салық ставкаларын қолдану арқылы дербес жүргiзедi.
      2. Ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғалар үшiн арнаулы салық режимiнде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың салық төлеу тәртiбi осы Кодекстің 385-390-баптарында белгiленген.
      3. Ортақ үлестiк меншiктегi салық салу объектiлерi бойынша мүлiк салығы әрбiр салық төлеушiнiң мүлiк құнындағы оның үлесiне барабар есептеледi.
      4. Салық төлеушiлер салық кезеңi iшiнде мүлiк салығы бойынша ағымдағы төлемдердi төлеуге мiндеттi, олар салық кезеңiнің басындағы бухгалтерлiк есеп деректерi бойынша белгiленген салық салу объектiлерiнiң қалдық құнына тиiстi салық ставкасын қолдану арқылы анықталады.
      5. Бюджетке салық төлеу салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша жүргiзiледi.
      6. Салықтың ағымдағы төлемдерiнiң сомаларын салық төлеушi салық кезеңiндегi 20 ақпаннан, 20 мамырдан, 20 тамыздан және 20 қарашадан кешiктiрмей тең үлестермен енгiзедi.
      Салық төлеушiнiң құрылу күнiнен (салық салу объектiлерiн пайдалануға немесе жалға беру күнiнен) кейiнгi кезектi мерзiм осы Кодекстiң 351-бабы 4-тармағының 5) тармақшаларында аталған жаңадан құрылған салық төлеушiлер мен заңды тұлғалар бойынша ағымдағы төлемдердi төлеудiң бiрiншi мерзiмi болып табылады.
      Ағымдағы төлемдердi төлеудiң соңғы мерзiмiнен кейiн құрылған салық төлеушiлер мен осы Кодекстiң 351-бабы 4-тармағының 5) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар ағымдағы төлемдердi төлеудiң соңғы мерзiмiнен кейiн салық салу объектiлерiн пайдалануға немесе жалға берген кезiнде салық сомасын ағымдағы салық кезеңi үшiн осы баптың 8-тармағында көзделген мерзiмдерде төлейдi. <*>
      7. Салық кезеңi iшiнде сатып алынған салық салу объектiлерi бойынша мүлiк салығының ағымдағы төлемдерi салық салу объектiсiн сатып алу кезiндегi салық базасына салық ставкасын қолдану арқылы анықталады. Ағымдағы төлемдер сомасы тең үлестермен осы баптың 6-тармағында белгiленген мерзiмдерде төленедi, бұл ретте салық салу объектiлерiн сатып алған күннен кейiнгi кезектi мерзiм ағымдағы төлемдердi төлеудiң бiрiншi мерзiмi болып табылады.
      Салық кезеңi iшiнде шығып қалған салық салу объектiлерi бойынша ағымдағы төлемдер шығып қалған салық салу объектiлерiнiң шығып қалған кездегi салық базасына салық ставкасын қолдану арқылы анықталатын салық сомасына азайтылады. Азайтылуға тиiс салық сомасы салық төлеудiң қалған мерзiмдерiне тең үлестермен бөлiнедi.
      Салық кезеңiнiң iшiнде мүлiкке салынатын салықты есептеу мен төлеу жөнiндегi мiндеттемелер өзгерген кезде мүлiк салығының ағымдағы төлемдерi мүлiк салығы төленетiн алдағы мерзiмдер бойынша тең үлестермен салық мiндеттемелерiнiң өзгерген сомасына түзетiледi. <*>
      8. Салық төлеушi салық кезеңi iшiнде декларацияны табыс ету мерзiмi басталғаннан кейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде түпкiлiктi есеп айырысуды жүргiзедi және мүлiк салығын төлейдi. <*>
      Ескерту. 356-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.
      Ескерту. 356-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2003.07.04. N 475 Заңымен. (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
      Ескерту. 356-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      357-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеу мен төлеу

      1. Жеке кәсiпкер тұрғын үй қоры құрамында тұрған үй-жайларда кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жағдайда, осы үй-жайлар бойынша салық осы Кодекстiң 361-367-баптарында көзделген ставкалар бойынша және тәртiппен есептеледi және төленедi.
      2. Жеке кәсiпкер кәсiпкерлiк қызметтi заңдарда белгiленген тәртiппен тұрғын үй қоры құрамынан шығарылған үй-жайларда жүзеге асыратын жағдайда, осы үй-жайлар бойынша салық осы тарауда белгiленген ставкалар бойынша және тәртiппен есептеледi және төленедi.

      358-бап. Салық кезеңi

      1. Мүлiк салығын есептеу мен төлеу үшiн салық кезеңi осы Кодекстiң 136-бабына сәйкес белгiленедi.
      2. Осы Кодекстің 351-бабы 4-тармағының 5) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар үшiн салық кезеңi салық салу объектiлерiн пайдалануға немесе жалға берген кезден бастап мұндай пайдаланудың аяқталу кезiне дейiн белгiленедi. <*>
      Ескерту. 358-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      359-бап. Салық есептілігi

      1. Салық төлеушiлер (ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрушiлер үшiн арнаулы салық режимiнде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды қоспағанда) салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын және декларация табыс етуге мiндеттi.
      Ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғалар үшiн арнаулы салық режимiнде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың мүлiк салығы бойынша салық есептiлiгiн табыс ету тәртiбi осы Кодекстiң 385-390-баптарында белгiленген.
      Осы Кодекстің 351-бабы 4-тармағының 5) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар пайдалануға немесе жалға берiлген салық салу объектiлерi бойынша салық есептiлiгiн жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен табыс етедi. <*>
      2. Мүлiк салығы бойынша ағымдағы төлемдер сомаларының есебi есептi салық кезеңiнiң 15 ақпанынан кешiктiрiлмей табыс етiледi.
      Жаңадан құрылған салық төлеушiлер ағымдағы төлемдер сомасының есебiн салық органдарына тiркеу есебiне қойылған айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей табыс етедi.
      Осы Кодекстiң 351-бабы 4-тармағының 3)-5)-тармақшаларында аталған заңды тұлғалар пайдалануға немесе жалға берiлген салық салу объектiлерi бойынша ағымдағы төлемдер сомасының есебiн объектiлердi пайдалануға немесе жалға берген айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей табыс етедi.
      3. Салық кезеңi iшiнде мүлiк салығы бойынша салық мiндеттемелерi өзгерген кезде ағымдағы төлемдердiң есебi салық салу объектiлерi бойынша 1 ақпандағы, 1 мамырдағы, 1 тамыздағы және 1 қарашадағы жағдай бойынша тиiсiнше ағымдағы салық кезеңiнiң 15 ақпанынан, 15 мамырынан, 15 тамызынан және 15 қарашасынан кешiктiрмей табыс етiледi. <*>
      4. Декларация есептi жылдан кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрілмей табыс етiледi. <*>
      Ескерту. 359-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.
      Ескерту. 359-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен  (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      360-бап. Құрылымдық бөлiмшелерi бар заңды тұлғалардың
               салық есептiлiгiн табыс ету ерекшелiктерi <*>

      Ескерту. 360-бап алып тасталды - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.

62-тарау. Жеке тұлғалардың мүлік салығы

      361-бап. Салық төлеушiлер

      1. Меншiк құқығында салық салу объектiлерi бар жеке тұлғалар жеке тұлғалардың мүлiк салығын төлеушiлер болып табылады.
      2. Мыналар жеке тұлғалардың мүлiк салығын төлеушiлер болып табылмайды:
      1) мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мерзiмдi қызметтен өту (оқу) кезеңiнде;
      2) меншiк құқығындағы барлық салық салу объектiлерінiң жалпы құнынан тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген бiр мың айлық есептік көрсеткiш шегiнде - Кеңес Одағының Батырлары, Социалистiк Еңбек Ерлерi, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестiрiлген адамдар, "Халық қаhарманы" атағын алған, үш дәрежелi Даңқ орденiмен және "Отан" орденiмен наградталған адамдар, "Ардақты ана" атағын алған, "Алтын алқа" алқасымен наградталған көп балалы аналар, І және ІI топтағы мүгедектер, жеке тұратын зейнеткерлер. <*>
      Осы тармақта аталған адамдар пайдалануға немесе жалға берiлген салық салу объектiлерi бойынша салықты осы тарауда белгiленген тәртiппен есептейдi және төлейдi.
      Ескерту. 361-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.
      Ескерту. 361-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      362-бап. Жекелеген жағдайларда салық төлеушiлердi
               анықтау

      1. Салық салу объектiлерiн меншiк иесi сенiмгерлiк басқаруға немесе жалға берген кезде салық салу объектiлерi меншiк иесiнiң келiсiмi бойынша сенiмгер басқарушы немесе жалгер берілген объектiлер бойынша салық төлеушi болуы мүмкiн.
      Бұл ретте сенiмгер басқарушының немесе жалгердің салық төлеуi салық салу объектiлерi меншiк иесiнiң осы салық кезеңi үшiн салық мiндеттемесiн орындауы болып табылады.
      2. Егер салық салу объектiсi бiрнеше тұлғаның ортақ үлестiк меншiгiнде болса, осы тұлғалардың әрқайсысы салық төлеушi деп танылады.
      3. Бiрлескен ортақ меншiктегi салық салу объектiлерi бойынша өздерiнiң арасындағы келiсiммен осы салық салу объектiсi меншiк иелерiнiң бiрi салық төлеушi бола алады.

      363-бап. Салық салу объектiсi

      Жеке тұлғаларға меншiк құқығымен тиесiлi және кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын мынадай объектiлер:
      1) Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрғын үй-жайлар, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар;
      2) Қазақстан Республикасының аумағындағы аяқталмаған құрылыс объектiлерi - қоныстану (пайдалану) кезiнен бастап жеке тұлғалардың мүлкiне салық салу объектiсi болып табылады.

      364-бап. Салық базасы

      1. Әрбiр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын уәкiлеттi орган белгiлейтiн салық салу объектiлерiнiң құны жеке тұлғалар үшiн салық базасы болып табылады.
      Жеке тұлғалардың салық салу объектiлерiнiң құнын анықтау тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      2. <*>
      3. Бірнеше салық салу объектілері бойынша салық төлеуші бір жеке тұлға болған жағдайда, салық базасы әр объект бойынша жеке есептеледі.
      Ескерту. 364-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      365-бап. Салық ставкалары

      Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық, салық салу объектілерінің құнына қарай мынадай ставкалар бойынша есептеледі:
___________________________________________________________________
1 000 000 теңгеге             салық салу объектілері құнының
дейін қоса алғанда             0,1  проценті;
___________________________________________________________________
1 000 000-нан теңгеден       1000 теңге + 1 000 000 теңгеден асатын
жоғары - 2 000 000 теңгеге    сомадан 0,15%;
дейін қоса алғанда
___________________________________________________________________
2 000 000 теңгеден жоғары -   2500 теңге + 2 000 000 теңгеден
3 000 000 теңгеге дейін       асатын сомадан 0,2%;
қоса алғанда
___________________________________________________________________
3 000 000 теңгеден жоғары -  4500 теңге + 3 000 000 теңгеден асатын
4 000 000 теңгеге дейін       сомадан 0,3%;
қоса алғанда
___________________________________________________________________
4 000 000 теңгеден жоғары -  7500 теңге + 4 000 000 теңгеден асатын
5 000 000 теңгеге дейін       сомадан 0,4%;
қоса алғанда
___________________________________________________________________
5 000 000 теңгеден жоғары - 11500 теңге + 5 000 000 теңгеден асатын
6 000 000 теңгеге дейін       сомадан 0,5%;
қоса алғанда
___________________________________________________________________
6 000 000 теңгеден жоғары - 16500 теңге + 6 000 000 теңгеден асатын
7 000 000 теңгеге дейін       сомадан 0,6%;
қоса алғанда
___________________________________________________________________
7 000 000 теңгеден жоғары - 22500 теңге + 7 000 000 теңгеден асатын
8 000 000 теңгеге дейін       сомадан 0,7%,
қоса алғанда
___________________________________________________________________
8 000 000 теңгеден жоғары - 29500 теңге + 8 000 000 теңгеден асатын
9 000 000 теңгеге дейін       сомадан 0,8%;
қоса алғанда
___________________________________________________________________
9 000 000 теңгеден жоғары - 37500 теңге + 9 000 000 теңгеден асатын
10 000 000 теңгеге дейін      сомадан 0,9%;
қоса алғанда
___________________________________________________________________
10 000 000 теңгеден        46500 теңге + 10 000 000 теңгеден асатын
      жоғары                   сомадан 1%.
___________________________________________________________________

      366-бап. Салықты есептеу мен төлеу тәртiбi

      1. Жеке тұлғалардың салық салу объектiлерi бойынша салықты есептеудi салық кезеңiнiң 1 тамызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде тиiстi салық ставкасын салық базасына қолдану арқылы салық төлеушiнiң тұрғылықты жерiне қарамастан салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдары жүргiзедi.
      1-1. Егер салық кезеңінің ұзақтығы он екі айдан аз болса, төлеуге жататын мүлік салығы осы баптың бір тармағына сәйкес анықталған салық сомасын он екіге бөлу және салық кезеңінде меншік құқығын іске асыру айларының санына көбейту жолымен есептеледі.<*>
      2. Бiрнеше жеке тұлғаның ортақ үлестiк меншiгiндегi салық салу объектiсi үшiн салық олардың осы мүлiктегi үлесiне барабар есептеледi.
      3. Бiрнеше салық салу объектiлерi бойынша салық төлеушi бiр жеке тұлға болған жағдайда, салықты есептеу әрбiр салық салу объектiсi бойынша бөлек жүргiзiледi.
      4. Жаңадан құрылған салық салу объектiлерi бойынша салықты есептеу олардың құрылу жылынан кейiнгi салық жылында жүргiзiледi.
      5. Салық салу объектiсi жойылған, қираған, бұзылған кезде жойылу, қирау, бұзылу фактiсiн растап уәкiлеттi орган беретiн құжаттар болған жағдайда салық сомасын қайта есептеу жүргiзiледi.
      6. Салық кезеңi iшiнде салық төлеушiнiң салық төлеуден босатылу құқығы туындаған кезде осы құқық туындаған айдан бастап салық сомасын қайта есептеу жүргiзiледi.
      7. Бюджетке салық төлеу салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша есептi салық кезеңiнiң 1 қазанынан кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
      8. Салық кезеңi iшiнде салық салу объектiлерiне меншiк құқықтары берiлген жағдайда салық сомасы мүлiкке меншiк құқықтарын iске асырудың нақты кезеңi үшiн есептеледi.
      Меншiк құқығын берген тұлға салық салу объектiсiн iс жүзiнде иелену кезеңi үшiн төленуге жататын салық сомасын меншiк құқықтарын мемлекеттiк тiркеу кезiне дейiн немесе тiркеу кезiнде бюджетке енгiзуге тиiс. Бұл орайда бастапқы төлеушiге ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап, ол меншiк құқығын берген айдың басына дейiн есептелген салық сомасы көрсетiледi. Одан кейiнгi төлеушiге мүлiк салығының есептелген сомасы туралы салық органдары жiберетiн хабарламада оның меншiк құқығы туындаған айдың басынан басталатын кезең iшiнде есептелген салық сомасы көрсетiледi.
      Салықтың жылдық сомасын салық салынатын объектiге меншiк құқығын мемлекеттiк тiркеу кезiнде тараптардың бiрi (келiсiм бойынша) бюджетке енгiзуi мүмкiн. Аталған салық сомалары кейiннен қайталап төленбейдi.
      9. Жылжымайтын мүлiкке құқықты және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу кезiнде (бастапқы тiркеудi қоспағанда) Қазақстан Республикасының Yкiметi уәкiлеттiк берген орган салық салу объектiлерiнiң құнын айқындамаған жағдайда, салық алдыңғы салық кезеңiнде есептелген салық сомасы негiзге алына отырып төленедi.
      Ескерту. 366-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      367-бап. Салық кезеңi

      1. Жеке тұлғалардың мүлкiне салынатын салықты есептеу мен төлеу үшiн салық кезеңi осы Кодекстiң 136-бабына сәйкес айқындалады.
      2. Жеке тұлғалардың салық салу объектiлерi жойылған, қираған, бұзылған кезде салық салу объектiлерiнiң жойылу, қирау, бұзылу фактiсi болған ай салық кезеңiнiң есебiне кiредi.

15-бөлім. Арнаулы салық режимдері

63-тарау. Жалпы ережелер

      368-бап. Жалпы ережелер

      1. Мыналарға:
      1) шағын бизнес субъектiлерiне;
      2) шаруа (фермер) қожалықтарына;
      3) ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғаларға;
      4) кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерiне қатысты арнаулы салық режимдерi көзделедi.
      2. Бiржолғы талон - арнаулы салық режимiн қолдану құқығын куәландыратын және төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығын қоспағанда, жеке табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу фактiсiн растайтын құжат.
      3. Патент - арнаулы салық режимiн қолдану құқығын куәландыратын және салық сомаларының бюджетке төленген фактiсiн растайтын құжат.
      4. Белгiлi бiр арнаулы салық режимiн қолдануға арналған патент нысанын уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.
      5. Патент жоғалған немесе бүлiнген жағдайда салық төлеушiнің өтiнiшi бойынша дубликат берiледi. Салық төлеушi бүлiнген патенттi салық органына тапсыруға тиiс.
      6. Берiлген патенттердi тiркеудi салық органдары патенттердi тiркеу (беру) журналында жүргiзедi.
      Тiркеу журналдарының нысандарын және оларды толтыру тәртiбiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.
      7. Жеке кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк, бiржолғы талон және патент бланкiлерi қатаң есептiлiк бланкiлерi болып табылады және ақша алынбай берiледi. Оларды басқа адамдарға беруге тыйым салынады.
      8. Арнайы салық режимдері қолданылатын тұлғаларға салық салу мақсатында салық төлеушінің өзге оқшауланған құрылымдық бөлімшесі болып оның функцияларының бір бөлігін орындайтын, орналасқан жері бойынша тұрақты жұмыс орындары жабдықталған аумақтық оқшауланған бөлімше танылады. Егер жұмыс орны бір айдан асатын мерзімге құрылса, ол тұрақты болып есептеледі. <*>
      Ескерту. 368-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      369-бап. Арнаулы салық режимдерiн қолдану ерекшелiктерi

      1. Осы Кодекстің 378 және 385-баптарында көзделмеген қызметтер бойынша ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрушi шаруа (фермер) қожалықтары мен заңды тұлғалар бюджетпен есеп айырысуды шағын бизнес субъектілерiне арналған арнаулы салық режимiнде жүзеге асыра алады.
      2. Базарларда тауар сату бойынша (жалдау шарттары бойынша базарлар аумағындағы киоскілерде, тұрақты үй-жайларда (тұрақты үлгі бөлімдерде) өткiзудi қоспағанда) бюджетпен есеп айырысу, осы Кодекстің 392-бабының 1-тармағында айқындалған тұлғалардан басқа, осы Кодекстiң 373-бабында белгiленген тәртiппен бiржолғы талон негiзiнде шағын бизнес субъектiлерiне арналған арнаулы салық режимi бойынша ғана жүргiзiледi. <*>
     Бұл ретте, рыноктарда өткiзу бойынша бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын тұлғаларға осы Кодекстiң 370, 371 және 379-баптарының ережелерi қолданылмайды. <*>
     3. 392-баптың 1-тармағында белгiленген тұлғалар бюджетпен есеп айырысуды осы Кодекстің 391-397-баптарында көзделген кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерiне арналған арнаулы салық режимiнде ғана жүзеге асырады.
     Ескерту. 369-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.
     Ескерту. 369-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

64-тарау. Шағын бизнес субъектілеріне арналған
арнаулы салық режимі

Параграф 1. Жалпы ережелер

      370-бап. Жалпы ережелер

      1. Осы Кодекстiң 371, 372, 374, 376-баптарында белгiленген талаптарға сай келетiн жеке кәсiпкерлер және заңды тұлғалар осы Кодекстiң мақсаттары үшiн шағын бизнес субъектiлерi деп танылады.
      2. Арнаулы салық режимi шағын бизнес субъектiлерi үшiн, төлем көзiнен ұсталатын салықтарды қоспағанда, әлеуметтiк салықты және корпорациялық немесе жеке табыс салығын есептеу мен төлеудiң оңайлатылған тәртiбiн белгiлейдi. Бұл орайда, осы Кодекстiң 146-162-баптарын қоспағанда, жоғарыда аталған салықтарды есептеу, төлеу және салық есептiлiгiн табыс ету тәртiбi 77-140, 315-322, сондай-ақ 141-174-баптарда белгiленген шағын бизнес субъектiлерiне қолданылмайды. <*>
      Осы тармақта аталмаған салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша есептеу, төлеу және салық есептiлiгiн табыс ету жалпыға бiрдей белгiленген тәртіппен жүргiзiледi.
      3. Осы баптың 2-тармағында аталған салықты есептеудiң оңайлатылған тәртiбi салық салу объектiсiне осы Кодекстiң 375, 377-баптарында белгiленген ставканы қолдану жолымен жүргiзiледi.
      4. Төлем көзiнен салық ұсталғанын растайтын құжаттар және (немесе) бiржолғы талон болған кезде, бұрын салық салынған табыстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегiнен тыс жерлерде алынған (алынуға тиiс) табыстардың барлық түрлерiнен тұратын салық кезеңi iшiндегi табыс салық салу объектiсi болып табылады.
      Осы Кодекстің 163-бабына сәйкес жеке кәсiпкердiң, мүлiктi жалға беруден түскен табыстарды қоспағанда, төлем көзiнен салық салынбайтын мүлiктiк табысы мен өзге де табыстары салық салу объектiсi болып табылмайды. <*>
      5. Бюджетпен есеп айырысуды патент негiзiнде жүзеге асыратын жеке кәсiпкер үшiн - күнтiзбелiк жыл, бюджетпен есеп айырысуды оңайлатылған декларация негiзiнде жүзеге асыратын шағын бизнес субъектiсi үшiн - тоқсан, салық кезеңi болып табылады.
      6. Арнаулы салық режимiн қолданатын шағын бизнес субъектiлерi кәсiпкерлiк қызметтiң бiрнеше түрiн жүзеге асырған жағдайда табыс қызметтiң барлық түрлерiн жүзеге асырудың жиынтығымен айқындалады.
      7. Арнаулы салық режимiн қолданатын және қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылатын шағын бизнес субъектiлерi үшiн салық кезеңi iшiнде қосылған құн салығының сомасы табысқа қосылмайды.
      Ескерту. 370-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.

      371-бап. Арнаулы салық режимiн қолдану талаптары

      1. Шағын бизнес субъектiлерi салықтарды есептеу мен төлеудiң, сондай-ақ олар бойынша салық есептiлiгiн тапсырудың төменде аталған тәртiптерiнің бiреуiн ғана дербес таңдауға құқылы:
      1) жалпыға бiрдей белгiленген тәртiп;
      2) бiржолғы талон негiзіндегi арнаулы салық режимi;
      3) патент негiзiндегi арнаулы салық режимi;
      4) оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимi.
      Бұл талап базарларда (жалдау шарттары бойынша базарлар аумағындағы тұрақты үй-жайларда сауда жасайтындарды қоспағанда) тауарлар өткiзетiн адамдарға қолданылмайды.
      2. Салықтарды есептеу мен төлеудiң жалпыға бiрдей белгiленген тәртiбiне ауысқан кезде жалпыға бiрдей белгiленген тәртiп екi жыл қолданылғаннан кейiн ғана арнаулы салық режимiне қайта ауысуға болады.
      3. Мыналардың:
      1) филиалдары, өкiлдiктерi бар заңды тұлғалардың;
      2) филиалдардың, өкiлдiктердiң;
      3) заңды тұлғалардың еншiлес ұйымдарының және тәуелдi акционерлiк  қоғамдардың;
      4) әртүрлi елдi мекендерде өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi бар салық төлеушiлердiң арнаулы салық режимiн қолдануға құқығы жоқ.
      4. Арнаулы салық режимi:
      1) акцизделетiн өнiмдi өндiретiн;
      2) консультациялық, қаржы, бухгалтерлiк қызмет көрсететiн;
      3) мұнай өнiмдерiн өткiзетiн;
      4) шыны ыдыстарды жинайтын және қабылдайтын;
      5) жер қойнауын пайдаланатын;
      6) мыналарды:
      медициналық, дәрiгерлiк және мал дәрiгерлiк қызметтi;
      тұрғын үй коммуналдық-тұрмыстық объектiлердi газбен жабдықтау жөнiндегi өндiру, жөндеу және құрылыс жұмыстарын;
      күзет, өрт сигналы мен өрт сөндіру автоматикасы құралдарын жобалауды, монтаждауды, жөнге келтiрудi және оларға техникалық қызмет көрсетудi;
      өртке қарсы қолданылатын техниканы, жабдықтарды және өрттен қорғау құралдарын өндiрудi және сатуды;
      жолаушылар лифтiлерiн монтаждауды, жөндеудi және оларға қызмет көрсетудi;
      дезинфекция, дезинсекция, дератизация құралдары мен препараттарын дайындауды, өндiрудi, ұқсатуды және көтерме саудада сатуды, сондай-ақ оларды пайдалануға байланысты жұмыстар мен қызметтер түрлерiн;
      автомобиль көлiгiмен халықаралық жолаушылар және жүк тасымалын;
      емдiк препараттар дайындау мен сатуды;
      жобалау-iздестiру, сараптау, құрылыс-монтаждау жұмыстарын, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндiру жөнiндегi жұмыстарын;
      алкоголь өнiмдерiн бөлшек саудада сатуды;
      пошта байланысы және телекоммуникациялар саласындағы қызметтi, теледидарлық және дыбыстық (радио-хабарларын тарату) бағдарламаларды тарату жөнiндегi қызметтi жасау мен көрсетудi, жалпыреспубликалық магистральды, халықаралық байланыс желiлерiн жобалауды, салуды, iске қосуды және радиожиiлiк спектрiн пайдалануды;
      жолаушылар мен жүктi өзен көлiгiмен тасымалдауды жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргiзу мен топографиялық-геодезиялық және картографиялық өнiмдер өткiзудi;
      өлшеу құралдарын тексерудi, жасауды және жөндеудi;
      тарих және мәдениет ескерткiштерiн археологиялық және жаңғырту жұмыстарын;
      жол қозғалысын реттеу құралдарын орнатуды, монтаждауды, жөндеудi және пайдалануды;
      iздестiру-құтқару, тау-кен құтқару, газдан құтқару, фонтан атқылауға қарсы жұмыстарды;
      пестицидтердi (улы химикаттарды) қолдану жөнiндегi қызметтi;
      жалпы бастауыш, негiзгi жалпы немесе жалпы орта; бастауыш кәсiптiк бiлiм, оның iшiнде кәсiптер бойынша; орта кәсiптiк, жоғары кәсiптiк, жоғары оқу орындарынан кейiнгi кәсiптiк, оның iшiнде мамандықтар бойынша бiлiм беретiн заңды тұлғалардың бiлiм беру қызметiн, сондай-ақ мектепке дейiнгi және мектептен тыс ұйымдардың қызметiн;
      жеке және заңды тұлғалардың күзет қызметiн жүзеге асыруын;
      оқулықтарды, оқу-әдiстемелiк жинақтарды, бiлiм берудi ұйымдастыру үшiн электрондық оқулықтар мен қосымша оқу әдебиеттерiн шығару қызметiн;
      аэропорттарда, азаматтық әуе кемелерiнде жолаушыларды, экипаждарды тамақтандыруды қамтамасыз етудi;
      электр және жылу энергиясын өндiрудi, берудi және таратуды;
      өнеркәсiптiк жарылыс-өрт қаупi бар және тау-кен өндiрiстерiн, электр станцияларын, электр желiлерi мен қосалқы станцияларды, гидротехникалық құрылыстарды, магистральды газ-мұнай өнiмдерi құбырларын, көтергiш құралдарды, сондай-ақ қысыммен жұмыс iстейтiн қазандықтар, ыдыстар мен құбырларды жобалауды, салуды және пайдалануды;
      химиялық, бұрғылау, мұнай-газ кәсiпшiлiгi, геологиялық барлау, кен-шахта, металлургия, энергетика жабдықтарын, жарылыстан қорғалған электротехникалық жабдықтарды, көтергiш құрылғыларды, сондай-ақ қысыммен жұмыс iстейтiн қазандықтарды, ыдыстар мен құбырларды бақылау, аварияға қарсы және дабыл беру аппаратуралары мен жүйелерiн жобалауды, жасауды, монтаждауды және жөндеудi;
      астық қабылдауды, өлшеудi, кептiрудi, тазалауды, сақтауды және тиеудi;
      аэродром, аэропорт, аэронавигация объектiлерiн ұстауды, жөндеудi және пайдалануды;
      жылжымалы темiр жол құрамын, қауiптi жүктердi тасымалдау үшiн қолданылатын арнаулы контейнерлердi жасау мен жөндеудi;
      шетелдiк валютамен қолма-қол бөлшек сауда жасауды және қызмет көрсетудi жүзеге асыруды;
      ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарын, ақпаратты өңдеудiң қорғалған техникалық құралдарын әзiрлеудi, дайындауды, монтаждауды, реттеудi, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi және оларға сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларын техникалық қорғау жөнiндегi қызметтiң барлық түрiн  қоспағанда, лицензияланатын қызмет түрлеріне қолданылмайды.<*>
      Ескерту. 371-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.

Параграф 2. Бiржолғы талон негiзiндегi арнаулы салық режимi

      372-бап. Жалпы ережелер

      1. Бiржолғы талон негiзiндегi арнаулы салық режимiн қызметi ара-тұра сипатта болатын жеке тұлғалар қолданады.
      2. Жылына бәрiн жинақтағанда тоқсан күннен аспайтын қызмет ара-тұра сипаттағы кәсiпкерлiк қызмет деп ұғынылады.

      373-бап. Бiржолғы талон негiзiнде бюджетпен есеп
               айырысу тәртiбi

      1. Қызмет түрлерiнiң тiзбесiн, бiржолғы талондардың нысаны мен берiлу тәртiбiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.
      2. Бiржолғы талондардың құны кiрiс алынатын объектiнiң орналасқан жерiн, түрiн, қызметтi жүзеге асыру жағдайларын, сапасы мен көлемiн, сондай-ақ қызметпен шұғылдану тиiмдiлiгiне ықпал ететiн басқа да факторларды ескере отырып, салық органы жүргiзген орташа күндiк хронометраждық қадағалау мен зерттеу деректерi негiзiнде жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмiмен белгiленедi.
      3. Жалдамалы еңбектi қолданбай бiржолғы талон негiзiнде ара-тұра сипаттағы қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалар әлеуметтiк салық төлеушiлер болып табылмайды және жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеуден босатылады.

Параграф 3. Патент негiзiндегі арнаулы салық режимi

      374-бап. Жалпы ережелер

      1. Патент негiзiндегi арнаулы салық режимiн мынадай талаптарға сай келетiн:
      1) жалдамалы қызметкерлердiң еңбегiн пайдаланбайтын;
      2) жеке кәсiпкерлiк нысанындағы қызметтi жүзеге асыратын;
      3) жыл iшiндегi табысы 2,0 миллион теңгеден аспайтын жеке кәсiпкерлер қолданады.
      2. Патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға мүмкiндiк бермейтiн жағдайлар туындаған ретте салық төлеушi оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiне не салықты есептеу мен төлеудiң жалпыға бiрдей белгiленген тәртiбiне өтiнiш негiзiнде ауысады.
      Аталған өтiнiш патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға мүмкiндiк бермейтiн жағдайлар туындаған кезде берiледi.<*> 
      3. Патент жеке кәсiпкерге бiр күнтiзбелiк жыл шегiнде кемiнде бiр ай мерзiмге берiледi.
      4. Жеке кәсiпкер патент алу үшiн кәсіпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жерi бойынша салық органына қызмет түрiн көрсете отырып, уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысанда өтiнiш және Жеке кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктi табыс етедi.
      Жеке кәсіпкер лицензиялауға жататын қызметтi жүзеге асырған жағдайда ол мұндай қызметтi жүзеге асыруға құқық беретiн лицензиясын көрсетуге мiндеттi. Бұл орайда патент лицензияның қолданылу мерзiмiнен аспайтын мерзiмге берiледi.
      Жеке кәсіпкер жолаушыларды және багажды автомобильмен тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асырған жағдайда, ол патент алуға берген өтінішінде тасымалдау түрін (жүйелі немесе жүйесіз тасымалдаулар) көрсетуге міндетті. Автомобильмен тасымалдаулар түрінің Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келуін бақылауды автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады. <*>
      5. Салық төлеушiнiң кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын орны бойынша салық органына, кәсiпкерлiк қызметтi уақытша тоқтата тұру туралы өтiнiш берiлген жағдайды қоспағанда, патент алуға өтiнiшiн бермеуi оның салықты жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен есептеуге және төлеуге келісiмi деп саналады.
      6. Салық органдары өтініш берілгеннен және бюджетке патенттің құны, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың төленгенін растайтын құжаттар көрсетілгеннен кейін бір күн ішінде патент беруді жүргізеді. <*>
      7. Жеке кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк көрсетiлмейiнше, патент жарамсыз болады.
      Ескерту. 374-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.
      Ескерту. 374-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2003.07.04. N 475 Заңымен. (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
      Ескерту. 374-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      375-бап. Патент негiзiнде бюджетпен есеп айырысу тәртiбi

      1. Патенттің құнын есептеудi жеке кәсiпкер мәлiмделген кiрiстiң 3 процентi мөлшерiндегi ставканы қолдану жолымен жүзеге асырады.
      2. Патенттiң құны жеке табыс салығы және әлеуметтiк салық түрiнде бiрдей үлеспен бюджетке төленуге тиiс.
      3. Жеке кәсiпкердi iс-әрекетке қабiлетсiз деп таныған жағдайды қоспағанда, патенттiң күшi жойылған мерзiмге дейiн кәсіпкерлiк қызмет тоқтатылған кезде салықтың енгiзiлген сомасы қайтарылуға және қайта есептеуге жатпайды.
      4. Нақты табыс патент алған кезде мәлiмделген табыстан асып кеткен жағдайда, салық төлеушi бес жұмыс күнi iшiнде асып кеткен соманы мәлiмдейдi және осы сомадан салық төлейдi. Салық төлеушiнiң өтiнiшi бойынша бұрын берiлген патенттiң орнына оған нақты табысы көрсетiлген жаңа патент берiледi.
      Нақты табыс патент алған кезде мәлiмделген табыстан төмен болған жағдайда, артық төленген патенттiң құны салық төлеушiнiң өтiнiшi бойынша салық органы жүргiзген хронометраждық зерттеуден кейiн қайтарылады.

Параграф 4. Оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимi

      376-бап. Жалпы ережелер

      1. Оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимiне салық кезеңi басталғанға дейiн көшу үшiн шағын бизнес субъектілерi өз қызметiн жүзеге асыратын жерi бойынша салық органына уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысанда өтiнiш бередi.
      Қызметiн бiр елдi мекен шегiндегi орналасқан бiрнеше объектiлерде жүзеге асырған кезде салық төлеушi оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға өтiнiш беру үшiн салық органын дербес анықтайды. <*>
      2. Мынадай талаптарға сай келетiн шағын бизнес субъектiлерi:
      1) жеке кәсіпкерлер үшiн:
      жеке кәсiпкердің өзiн қоса алғанда, қызметкерлердің шектi орташа тiзiмдiк саны салық кезеңi iшiнде он бес адам болса;
      салық кезеңi iшiнде шектi табысы 4500,0 мың теңге болса;
      2) заңды тұлғалар үшiн:
      қызметкерлердiң шектi орташа тiзiмдiк саны салық кезеңi iшiнде жиырма бес адам болса;
      салық кезеңi iшiнде шектi табысы 9000,0 мың теңге болса, оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимiн қолданады.
      3. Осы баптың 2-тармағында белгiленген талаптарға сай келмеген жағдайларда немесе арнаулы салық режимiнен өз еркiмен шыққан кезде шағын бизнес субъектiсi есептi тоқсаннан кейiнгi тоқсаннан бастап өтiнiш негiзiнде салықты есептеу мен төлеудiң жалпыға бiрдей белгiленген тәртiбiне көшедi.
      Жеке кәсiпкер осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында белгiленген талаптар өзгерген жағдайда (көрсеткiштер асып кетсе) ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген кездегі заңды тұлға ретінде оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға құқылы.
      4. Салықты есептеу мен төлеудiң жалпыға бiрдей белгiленген тәртiбiнен оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимiне көшкен кезде әлеуметтiк, корпорациялық салық немесе жеке табыс салығын төлеу және олар бойынша есептiлiктi тапсыру жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
      Ескерту. 376-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.

      377-бап. Оңайлатылған декларация негiзiнде бюджетпен
               есеп айырысу тәртiбi

      1. Салықты оңайлатылған декларация негiзiнде есептеудi шағын бизнес субъектiсi салық салу объектiсiне есептi салық кезеңiне тиiстi салық ставкасын қолдану арқылы дербес жүргiзедi.
      2. Жеке кәсiпкердiң табысына мынадай ставкалар бойынша салық салынуға тиiс:
___________________________________________________________________
         Тоқсандық табысы        |           Ставкасы
___________________________________________________________________
қоса алғанда 2000,0 мың              табыс сомасының 3 процентi
теңгеге дейiн

2000,0 мың теңгеден жоғары -         60,0 мың теңге + 2000,0 мың
3000,0 мың теңгенi қоса алғанда      теңгеден асатын табыс
                                     сомасынан 5 процент

3000,0 мың теңгеден жоғары           110,0 мың теңге + 3000,0 мың
                                     теңгеден асатын табыс
                                     сомасынан 7 процент
___________________________________________________________________

      3. Заңды тұлғаның табысына мынадай ставкалар бойынша салық салынуға тиiс:
___________________________________________________________________
         Тоқсандық табысы        |           Ставкасы
___________________________________________________________________
қоса алғанда 2000,0 мың           табыс сомасының 4 процентi
теңгеге дейiн

2000,0 мың теңгеден жоғары -      80,0 мың теңге + 2000,0 мың
4500,0 мың теңгенi қоса           теңгеден асатын табыс сомасынан
алғанда                           5 процент

4500,0 мың теңгеден жоғары -      205,0 мың теңге + 4500,0 мың
6500,0 мың теңгенi қоса           теңгеден асатын табыс сомасынан
алғанда                           7 процент

6500,0 мың теңгеден жоғары        345,0 мың теңге + 6500,0 мың
                                  теңгеден асатын табыс сомасынан
                                  9 процент
___________________________________________________________________
      4. Егер есептi кезеңнiң қорытындысы бойынша жалдамалы қызметкерлердiң орташа айлық жалақысы Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген ең төменгi айлық жалақының кемiнде жеке кәсiпкерлердiң кемiнде 2 еселенген, заңды тұлғалардың кемiнде 2,5 еселенген мөлшерiндей болса, онда осы баптың 2 немесе 3-тармағына сәйкес салық кезеңi iшiнде есептелген салық сомасы, қызметкерлердiң орташа тiзiмдiк санын негiзге ала отырып, әрбiр қызметкер үшiн салық сомасының 1,5 процентi мөлшерiндегi сомаға азайтылу жағына қарай түзетiлуге тиiс. <*>
      5. Табыстың шектi мөлшерi осы Кодекстiң 376-бабының 2-тармағында белгiленгеннен асып кеткен жағдайда, салық сомаларын есептеу табыстың шектi сомасынан және нақты алынған табыс сомасынан жеке-жеке жүргiзiледi. Салықтың осы сомаларының арасындағы айырма осы баптың 4-тармағында көзделген түзетусiз бюджетке төленуге тиiс.
      Осы баптың 4-тармағында көзделген түзетуге табыстың шектi сомасынан есептелген салық сомасы ғана жатады.
      6. Шектi орташа тiзiмдiк сан осы Кодекстiң 376-бабының 2-тармағында белгiленгеннен асып кеткен жағдайда, осы баптың 4-тармағында көзделген түзету осы Кодекстiң 376-бабының 2-тармағында белгiленген шектi орташа тiзiмдiк санға ғана жүргiзiледi.
      7. Оңайлатылған декларация тоқсан сайын, есептi салық кезеңiнен кейiнгi айдың 10-ынан кешiктiрiлмей, салық органына табыс етiледi.
      8. Оңайлатылған декларация бойынша есептелген салықты бюджетке төлеу жеке (корпорациялық) табыс салығы және әлеуметтiк салық түрiнде бiрдей үлеспен есептi салық кезеңiнен кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде жүргiзiледi.
      9. Оңайлатылған декларацияны табыс ету және салықтарды төлеу оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға өтiнiш берген жерi бойынша салық органында жүргiзiледi.
      Ескерту. 377-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.
      Ескерту. 377-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2003.07.04. N 475 Заңымен. (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

65-тарау. Шаруа (фермер) қожалықтарына арналған
арнаулы салық режимі

      378-бап. Жалпы ережелер

      1. Шаруа (фермер) қожалықтарына арналған арнаулы салық режимi бiрыңғай жер салығын төлеу негiзiнде бюджетпен есеп айырысудың айрықша тәртiбiн көздейдi және акцизделетiн өнiмдердi өндiру, ұқсату және сату жөнiндегi қызметтi қоспағанда, ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiру, өзi өндiрген ауыл шаруашылық өнiмдерiн ұқсату және оны өткiзу жөнiндегi шаруа (фермер) қожалықтары қызметiне қолданылады.
      2. Жеке меншiк құқығымен және (немесе) жер пайдалану құқығымен (кейiнгi жер пайдалану құқығын қоса алғанда) жер учаскелерi болған кезде шаруа (фермер) қожалықтарына арнаулы салық режимiн қолдану құқығы берiледi.
      3. Шаруа (фермер) қожалықтары осы арнаулы салық режимiн немесе салық салудың жалпыға бiрдей белгiленген тәртiбiн дербес таңдауға құқылы.
      4. Шаруа (фермер) қожалықтары арнаулы салық режимiн қолдану үшiн жыл сайын 20 ақпаннан кешiктiрмей жер учаскесi орналасқан жердегi салық органына уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша өтiнiш бередi.
      Салық төлеушiнiң аталған мерзiмде өтiнiш бермеуi оның бюджетпен есеп айырысуды жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен жүзеге асыруға келiсiмi деп есептеледi.
      20 ақпаннан кейiн құрылған шаруа (фермер) қожалықтары Жеке кәсіпкердi мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін алған күнi арнаулы салық режимiн қолдану құқығына өтiнiш бередi.
      5. Таңдап алынған салық салу режимi салық кезеңi iшiнде өзгертуге жатпайды.
      6. Күнтiзбелiк жыл бiрыңғай жер салығы бойынша салық кезеңi болып табылады.

      379-бап. Арнаулы салық режимiн қолдану ерекшелiктерi

      1. Бiрыңғай жер салығын төлеу негізiнде арнаулы салық режимiн қолданатын шаруа (фермер) қожалықтары (бұдан әрi - бiрыңғай жер салығын төлеушiлер) салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң мынадай түрлерiн: <*>
      1) осы арнаулы салық режимi қолданылатын қызметтен түскен шаруа (фермер) қожалықтарының табысынан жеке табыс салығын;
      2) осы арнаулы салық режимi қолданылатын қызметтi жүзеге асырудан түскен айналым бойынша қосылған құн салығын;
      3) осы арнаулы салық режимi қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелерi бойынша жер салығын және (немесе) жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдi; <*>
      4) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген қажеттiлiк нормативтерi шегiнде салық салу объектiлерi бойынша көлiк құралдарына салынатын салықты;
      5) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген қажеттiлiк нормативтерi шегiнде салық салу объектiлерi бойынша мүлiк салығын төлеушiлер болып табылмайды.
      2. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылмайтын бiрыңғай жер салығын төлеушiлер салық органына осы салық бойынша есепке қою туралы өз еркiмен өтiнiш беруге құқылы.
      3. Шаруа (фермер) қожалықтары үшiн арнаулы салық режимi қолданылмайтын қызмет түрлерiн жүзеге асырған кезде бiрыңғай жер салығын төлеушiлер кiрiстер мен шығыстардың (жалақыны есептеудi қоса алғанда), мүлiктiң (соның iшiнде көлiк құралдарының) бөлек есебiн жүргiзуге және жалпы белгiленген тәртiппен және (немесе) шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимiнде қызметтiң осындай түрлерi бойынша тиiстi салық пен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеудi, салық есептiлiгiн тапсыру мен төлеудi жүргiзуге мiндеттi. <*>
      Бұл тармақтың ережесi осы Кодекстiң 163-бабына сәйкес төлем көзiнен салық салынбайтын мүлiктiк табысты және басқа табыстарды алған кезде де қолданылады.
      Ескерту. 379-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.

      380-бап. Бiрыңғай жер салығын есептеу мен төлеу тәртiбi

      1. Жер учаскесiн бағалау құны бiрыңғай жер салығын есептеу үшiн негiз болып табылады.
      Жер учаскесiн (жер пайдалану құқығын) бағалау құнын айқындау Қазақстан Республикасының жер заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
      2. Бiрыңғай жер салығын есептеу жер учаскесiн бағалау құнына 0,1 процент ставканы қолдану жолымен жүргiзіледi.
      3. Бiрыңғай жер салығын төлеу жер учаскесi орналасқан жер бойынша тиiстi бюджетке екi мерзiмде:
      1) ағымдағы төлем ағымдағы салық кезеңiнің 20 қазанынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде төленедi;
      2) бiрыңғай жер салығы бойынша түпкiлiктi есеп айырысу есептi кезеңнен кейiнгi салық кезеңiнiң 20 наурызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде (салық жөнiндегi декларация есепке алына отырып) жүргiзiледi.
      Төлеудiң бiрiншi мерзiмiнде бiрыңғай жер салығын төлеушiлер ағымдағы төлемдi бұдан бұрынғы салық кезеңi үшiн бiрыңғай жер салығы бойынша декларацияда есептелген бiрыңғай жер салығы жалпы сомасының 1/2 бөлiгiнен кем емес мөлшерде төлейдi. 20 қазанға дейiн құрылған бiрыңғай жер салығын төлеушiлер, сондай-ақ жұмыс iстеп тұрған салық төлеушiлер - салық есептеудің базасы өзгерген кезде ағымдағы төлем төлеудi бiрыңғай жер салығы бойынша ағымдағы төлем есебiмен есептелген салық сомасының кемiнде 1/2 бөлiгi мөлшерiнде жүргiзедi. 20 қазаннан кейiн құрылған бiрыңғай жер салығын төлеушiлер есептi жылдан кейiнгi жылдың 20 наурызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде ағымдағы есептi кезең үшiн төлеуге тиiстi жалпы салық сомасын енгiзедi.
      4. Шаруа (фермер) қожалықтары жер пайдалану құқығындағы жер учаскесiн иеленудiң нақты кезеңi үшiн бiрыңғай жер салығын (салық салу объектiсiнiң өзгеруiн есепке ала отырып) есептейдi және төлейдi.

      381-бап. Жер учаскелерiн жалға берген (алған) кезде
               салық салу ерекшелiктерi

      1. Шаруа (фермер) қожалығы жер учаскесiн басқа шаруа (фермер) қожалығына жалға берген кезде тараптардың әрқайсысы осындай жер учаскесi бойынша бiрыңғай жер салығын жалға беру шартында көрсетiлген жер учаскесiнiң нақты пайдаланылу кезеңiн негiзге ала отырып есептейдi және төлейдi.
      Жалға алушының пайдалану кезеңi жер учаскесiн жалға алған айдан кейiнгi айдан бастап белгiленедi.
      Бұл орайда жер учаскесiн жалға беруден алынған (алынуға тиiс) табыс бойынша шаруа (фермер) қожалығы салықты жалпыға бiрдей белгіленген тәртiппен есептейдi және төлейдi.
      2. Шаруа (фермер) қожалығы бiрыңғай жер салығын төлеушi болып табылмайтын салық төлеушiге жер учаскесiн жалға берген кезде осындай жер учаскесi бойынша бiрыңғай жер салығын есептеу мен төлеу жөнiндегi мiндеттеме шаруа (фермер) қожалығында қалады.
      Жер учаскесiн жалға беруден алынған табыс бойынша шаруа (фермер) қожалығы салықты жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен есептейдi және төлейдi. Бұл орайда осындай жер учаскесi бойынша бiрыңғай жер салығының төленген сомасы (есептелген шекте) салық салынатын табыс айқындалған кезде шегерiлуге тиiс.

      382-бап. Бiрыңғай жер салығы бойынша салық есептiлiгi

      1. Бiрыңғай жер салығын төлеушiлер жыл сайын ағымдағы салық кезеңiнiң 15 наурызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде жер учаскелерi орналасқан жердегi салық органдарына өткен салық кезеңi үшiн бiрыңғай жер салығы бойынша декларация тапсырады.
      2. Бiрыңғай жер салығын төлеушi осы арнаулы салық режимiн қолданған бiрiншi жылдың 15 наурызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде (бiрiншi салық кезеңiнде) мынадай құжаттарды:
      1) ағымдағы салық кезеңi үшiн бiрыңғай жер салығы бойынша ағымдағы төлем есебiн;
      2) нотариат немесе селолық (поселкелiк) атқарушы органдар куәландырған жер пайдалануға құқық беретiн құжаттардың көшiрмелерi.<*>
      Жер учаскесiне құқық белгiлейтiн құжат актiсi болмаған жағдайда бiрыңғай жер салығын төлеушiлер жергiлiктi атқарушы органның жер пайдалану құқығын беру туралы шешiмiн табыс етедi. Кейiнгi жер пайдалану құқығына акт алған кезде салық төлеушi оны алған кезден бастап отыз күн iшiнде оның нотариат немесе селолық (поселкелiк) атқарушы органдар куәландырған көшiрмесiн салық комитетiне табыс етедi. <*>
      3) жер ресурстарын басқару жөнiндегi уәкiлеттi орган берген жер учаскесiн (жер пайдалану құқығын) бағалау құнын анықтайтын актiнiң нотариат немесе селолық (поселкелiк) атқарушы органдар куәландырған көшiрмесiн табыс етедi. Акт болмаған жағдайда жер учаскелерiн бағалау құны жер ресурстарын басқару жөнiндегi уәкiлеттi орган берген деректер бойынша 1 гектар жердiң аудан бойынша орташа бағалау құнын негiзге ала отырып анықталады;
      4) әлеуметтiк салық сомаларын есептеу үшiн қажеттi деректердi мiндеттi түрде көрсете отырып, қызметкерлердi алдағы салық кезеңiнде жалдау туралы мәлiметтер табыс етедi.
      Содан кейiнгi салық кезеңдерiнде бiрыңғай жер салығын төлеушi бiрыңғай жер салығы бойынша ағымдағы төлем есебiн және жоғарыда аталған құжаттарды олардағы деректер өзгерген жағдайда ғана табыс етедi.
      3. Осы арнаулы салық режимiн таңдап алған жаңадан құрылған салық төлеушiлер бiрыңғай жер салығы бойынша ағымдағы төлем есебi мен арнаулы салық режимiн қолдану құқығына өтiнiш бергеннен кейiн отыз күнтiзбелiк күн iшiнде осы баптың 2-тармағында аталған құжаттарды табыс етедi.
      4. Таратылған немесе қайта ұйымдастырылған кезде бiрыңғай жер салығын төлеушi қызметтi тоқтату немесе қайта ұйымдастыру туралы өтiнiштi салық органына бергеннен кейiн он бес күн мерзiмде өткен салық кезеңi үшiн декларация тапсыруға мiндеттi.
      Ескерту. 382-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.

      383-бап. Салықтың және бюджетке төленетiн басқа да
               мiндеттi төлемдердің жекелеген түрлерін
               есептеу мен төлеу ерекшелiктерi

      1. Бiрыңғай жер салығын төлеушiлер шаруа (фермер) қожалығының басшысын және мүшелерiн қоса алғанда, әрбiр қызметкер үшiн айлық есептiк көрсеткiштiң 20 проценттiк ставкасы бойынша әлеуметтiк салық сомасын ай сайын есептеп отырады.
      Төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығын есептеу осы Кодекстің 153, 155, 158, 160-баптарына сәйкес жүргiзiледi. Жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу Қазақстан Республикасының зейнетақы заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. Қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемақыны және жер бетiндегi көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақыны есептеу тиiсiнше 451-465-баптарда белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
      2. Төлем көзiнен ұсталатын әлеуметтiк салықтың, жеке табыс салығының, жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарының, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемнің және жер бетiндегi көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақының есептелген сомасын төлеу бiрыңғай жер салығын төлеу үшiн көзделген мерзiмдерде мынадай тәртiппен жүргiзiледi:
      1) ағымдағы салық кезеңiнiң 20 қазанынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде 1 қаңтардан 1 қазанға дейiнгi кезең үшiн есептелген сома төленедi;
      2) есептi кезеңнен кейiнгi салық кезеңiнiң 20 наурызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде 1 қазаннан бастап 31 желтоқсан аралығындағы кезең үшiн есептелген сома төленедi.
      Ескерту. 383-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      384-бап. Салықтың және бюджетке төленетiн басқа да
               мiндеттi төлемдердiң жекелеген түрлерi
               бойынша салық есептiлiгiн табыс ету

      Бiрыңғай жер салығын төлеушілер бiрыңғай жер салығы бойынша декларация табыс ету үшiн белгiленген мерзiмдерде:
      1) әлеуметтiк салық бойынша декларацияны;
      2) төлем көзiнде ұсталатын жеке табыс салығы бойынша есептi;
      3) жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу жөнiндегi есептiлiктi;
      4) жер бетiндегi көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы бойынша және қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемақы бойынша декларацияны;
      5) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар бойынша есепті табыс етеді. <*>
      Ескерту. 384-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

66-тарау. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды
тұлғаларға арналған арнаулы салық режимі

      385-бап. Жалпы ережелер

      1. Ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимi патент негiзiнде бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртiбiн көздейдi және заңды тұлғалардың:
      1) жердi пайдалана отырып, ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiру, өзi өндiрген осы өнiмдi ұқсату және өткiзу жөнiндегi;
      2) толық кезеңдi (төлдi өсiруден бастап) мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының (соның iшiнде асыл тұқымды), ара шаруашылығының ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiру жөнiндегi, сондай-ақ өзi өндiрген осы өнiмдердi ұқсату және өткiзу жөнiндегi қызметiне қолданылады.
      2. Мыналардың:
      1) еншiлес ұйымдары, филиалдары мен өкiлдiктерi бар заңды тұлғалардың;
      2) заңды тұлғалар филиалдарының, өкiлдiктерi мен өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерiнiң;
      3) осы арнаулы салық режимiн қолданатын басқа заңды тұлғалардың аффилиирлендiрiлген тұлғалары болып табылатын заңды тұлғалардың ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимiн (бұдан әрi - арнаулы салық режимi) қолдануға құқығы жоқ.
      Осы тармақтың мақсаттары үшін аффилиирленген тұлға болып шешімдерді тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) көрсетілген арнайы салық режимін қолданатын заңды тұлға қабылдайтын шешімге, оның ішінде шартқа және (немесе) өзге мәмілеге байланысты, ықпал етуге құқығы бар заңды тұлға, сондай-ақ көрсетілген арнайы салық режимін қолданатын заңды тұлғаға қатысты осындай құқығы бар тұлға танылады. <*>
      3. Арнаулы салық режимi салық төлеушiлердiң акцизделетiн өнiмдi өндiру, ұқсату және өткiзу жөнiндегi қызметiне қолданылмайды.
      4. Осы баптың 1-тармағында аталған қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғалар осы арнаулы салық режимiн немесе салық салудың жалпы белгiленген тәртiбiн дербес таңдауға құқылы.
      Таңдап алынған салық салу режимi салық кезеңi iшiнде өзгертiлмеуге тиiс.
      5. Салық төлеушiлер осы арнаулы салық режимi қолданылмайтын қызмет түрлерiн жүзеге асырған кезде кiрiстер мен шығыстардың (жалақыны есептеудi қоса алғанда), мүлiктiң (соның iшiнде көлiк құралдары мен жер учаскелерiнiң) есебiн бөлек жүргiзуге және қызметтiң мұндай түрлерi бойынша тиiстi салық пен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жалпы белгiленген тәртiппен және (немесе) шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимiнде есептеудi және төлеудi жүргiзуге мiндеттi. <*>
      Ескерту. 385-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2003.07.04. N 475 Заңымен. (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
      Ескерту. 385-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен .

      386-бап. Салық кезеңi

      Күнтiзбелiк жыл патент құны есебiне енгiзiлген салықты және жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемақыны есептеуге арналған салық кезеңi болып табылады. <*>
      Ескерту. 386-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2003.07.04. N 475 Заңымен.  (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

      387-бап. Патент беру тәртiбi

      1. Арнаулы салық режимiн қолдану үшiн салық төлеушi жыл сайын 20 ақпаннан кешiктiрмей жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша патент алуға өтiнiш бередi.
      Салық төлеушiнiң көрсетiлген мерзiмде өтiнiш бермеуi оның салықты және жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемақыны жалпы белгiленген тәртiппен есептеуге және төлеуге келiскенi болып есептеледi. <*>
      2. Салық төлеушi осы арнаулы салық режимiн қолданудың алғашқы салық кезеңiнде өтiнiшпен бiрге жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына мынадай құжаттарды:
      1) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң нотариат куәландырған көшiрмесiн;
      2) нотариат немесе селолық (поселкелiк) атқарушы органдар куәландырған жер учаскесiне құқығын растайтын құжаттардың көшiрмелерiн; <*>
      3) салық кезеңiнің басындағы жағдай бойынша қолда бар және көлiк құралдарына салынған салықты есептеу үшiн қажеттi көрсеткiштердi көрсете отырып, осы Кодекстiң 385-бабының 1-тармағында белгiленген қызметте пайдаланылатын автокөлiк құралдарының тiзбесiн;
      4) мүлiкке салық салу объектiлерi болып табылатын және сенiмгерлiк басқарудағы меншiк құқығындағы объектiлердi бөлiп алып, салық кезеңiнiң басындағы жағдай бойынша бухгалтерлiк есептегi олардың қалдық құнын көрсете отырып, осы Кодекстiң 385-бабының 1-тармағында белгiленген қызметте пайдаланылатын негiзгi құрал-жабдықтар мен материалдық активтердiң тiзбесiн;
      5) лицензиясын (қызметтiң лицензияланатын түрiн жүзеге асырған жағдайда);
      6) жұмыс берушiнiң (жаңадан құрылғандарын қоспағанда) мәлiмделген қызметкерлер санына табыс түрiнде төлейтiн шығындарын қоса алғанда, салық төлеушiнiң өткен бес жыл үшiн жылдық жиынтық табысы мен шығындарын растау үшiн қажеттi есептерiнiң көшiрмелерiн табыс етедi. Бұл орайда аталған табыстары осы Кодекстің 149-бабының 2-тармағына сәйкес анықталады; <*>
      7) салық төлеушiнiң уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан мен тәртiп бойынша толтырған патент құнының есебiн табыс етедi.
      3. Жоғарыда аталған құжаттардың бәрi болған жағдайда салық органы бес жұмыс күнi iшiнде патент бередi.
      Келесi салық кезеңдерiнде салық төлеушiлер салық органына патент алу жөнiнде өтiнiш берген кезде, осы баптың 2-тармағының 1)-5) тармақшаларында белгiленген құжаттарды олардағы деректер өзгерген кезде ғана табыс етедi.
      4. Жаңадан құрылған салық төлеушiлер тiркеу есебiне қойылған кезден бастап отыз күнтiзбелiк күн iшiнде осы арнаулы салық режимiн қолдану құқығына өтiнiш бередi.
      5. Патент беру әрбiр салық кезеңiне жүргiзiледi.
      Ескерту. 387-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.
      Ескерту. 387-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2003.07.04. N 475 Заңымен. (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

      388-бап. Патент құнының есебiне енгiзiлген салықты
              және жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлем
              ақыны есептеу тәртiбi <*>

      1. Патент құнының есебiне корпорациялық табыс салығы, әлеуметтiк салық, меншiк, жердi тұрақты пайдалану немесе бастапқы өтеусiз уақытша жер пайдалану құқығымен жер учаскесi болған кезде төлейтiн жер салығы, уақытша өтеулi жер пайдалану учаскесi болған кезде жер учаскесiн пайдаланғаны үшiн төлейтiн ақы, мүлiк салығы, көлiк құралдары салығы, қосылған құн салығы (салық төлеушi қосылған құн салығын төлеушi ретiнде есепте тұрған жағдайларда) енгiзiледi.<*>
      2. Салық кезеңiнiң басында патент құнының есебiне енгiзiлген салық сомаларын есептеу:
      1) корпорациялық табыс салығын және қосылған құн салығын белгiлеу кезiнде - өткен бес жыл iшiндегi шаруашылықтың табысы мен шығындарының көрсеткiштерi негiзiнде жүргiзiледi. Жаңадан құрылған салық төлеушiлер табыс пен шығындар көрсеткiштерiн осыған ұқсас шаруашылықтардың орташа көрсеткiштерi бойынша анықтайды. <*>
      Табыстар мен шығындар көрсеткiштерiн анықтау тәртiбiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгілейдi;
      2) әлеуметтiк салықты анықтау кезiнде - осы Кодекстің 316-бабының 1-тармағына сәйкес белгiленетiн табыстар түрiнде жұмыс берушiнiң қызметкерлерге төлейтiн шығыстарына осы Кодекстiң 317-бабында белгiленген ставканы қолдану арқылы жүргiзiледi.
      Бұл орайда жұмыс берушiнiң қызметкерлерге табыс түрінде төлейтiн шығындары осы шаруашылық бойынша өткен жыл iшiндегi орташа жалақыны ағымдағы жылда мәлiмделген қызметкер санына көбейту жолымен анықталады.
      Жаңадан құрылған кәсiпорындар үшiн мәлiмделген орташа жалақының мөлшерi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiнен төмен болмауға тиiс;
      3) жеp учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлейтiн ақының мүлiк салығы мен көлiк құралдары салығының сомасы - жалпы белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. <*>
      3. Патент құнын есептеу кезiнде бюджетке төленуге тиiстi және жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлейтiн ақы сомасы 80 процентке азайтылады. <*>
      4. Осы арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушiлер, қосылған құн салығын қоспағанда, патент құны есебiне енгiзiлген салық есептiлiгiн тапсырудан және жер учаскесiн пайдаланғаны үшiн ақы төлеуден босатылады. <*>
      5. Ағымдағы салық кезеңi iшiнде салық салу объектiлерi және (немесе) патенттiң құны есебiне енгiзiлген салық бойынша және жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төленген ақы бойынша салық базасы өзгерген жағдайда, салық төлеушiлер мұндай салық және жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн ақы сомаларына қайта есептеу жүргiзедi. <*>
      Ескерту. 388-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.
      Ескерту. 388-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2003.07.04. N 475 Заңымен. (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

      389-бап. Салық және жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн
              ақы төлеудiң тәртiбi мен мерзiмдерi

      Патент құны есебiне енгiзiлген салық және жердi пайдаланғаны үшiн ақы сомаларын бюджетке төлеу 20 мамырдан және 20 қазаннан кешiктiрiлмей, патент құны есебiнде көрсетiлген салық және жердi пайдаланғаны үшiн ақы сомаларының тиiсiнше 1/6 және 1/2 мөлшерiнде және патент құны есебiне енгiзiлген салық және жердi пайдаланғаны үшiн ақы бойынша берiлген қайта есептеулердi ескере отырып, патент құнының қалған бөлiгi мөлшерiнде келесi салық кезеңiнiң 20 наурызында жүргiзiледi.
      Ескерту. 389-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.

      390-бап. Патент құны есебiне кiрмеген салықтың және
               басқа да мiндеттi төлемдердiң жекелеген
               түрлерiн есептеу, төлеу ерекшелiктерi және
               олар бойынша салық есептiлiгiн табыс ету

      1. Төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығын есептеу осы Кодекстің 153, 155, 158, 160-баптарына сәйкес жүргiзiледi. Жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу Қазақстан Республикасының зейнетақы заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. Қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемақыны және жер бетiндегi көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақыны есептеу тиiсiнше 451-465-баптарда белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
      2. Төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығы, жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар сомаларын төлеудi, қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемақы мен жер бетiндегi көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақыны, бюджетпен есеп айырысуды патент негiзiнде жүзеге асыратын салық төлеушiлер мынадай тәртiппен жүргiзеді:
      1) ағымдағы салық кезеңiнiң 1 қаңтарынан 1 қазанына дейiнгi кезең үшiн есептелген сомалар 20 қазаннан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде төленедi;
      2) 1 қазан мен 31 желтоқсан аралығындағы кезең үшiн есептелген сомалар есептi кезеңнен кейiнгi салық кезеңiнiң 20 наурызынан кешiктiрiлмей төленедi.
      3. Арнаулы салық режимiн қолданатын ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғалар өткен салық кезеңi үшiн 15 наурыздан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде мынадай салық есептiлiгiн:
      1) жер бетiндегi көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы бойынша декларацияны;
      2) қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемақы бойынша декларацияны табыс етедi.
      4. Арнайы салық режимін қолданатын ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы бойынша есепті, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары бойынша есептілікті және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік аударымдар бойынша есепті мынадай мерзімдерде:
      1) ағымдағы салық кезеңiнің 1 қаңтарынан 1 қазанына дейiнгi кезең үшiн есептелген сома бойынша - 15 қазаннан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде;
      2) 1 қазан мен 31 желтоқсан аралығындағы кезең үшiн есептелген сома бойынша - есептi кезеңнен кейiнгi салық кезеңiнiң 15 наурызынан кешіктiрмей тапсырады.
      5. Осы арнаулы салық режимi қолданылатын қызмет түрлерi бойынша патент құны есебiне енгiзiлмеген және осы бапта көрсетiлмеген салық пен басқа да мiндеттi төлемдер бойынша есептеу төлеу және салық есептiлiгiн тапсыру жалпы белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
      Ескерту. 390-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

67-тарау. Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген
түрлеріне арналған арнаулы салық режимі

      391-бап. Осы тарауда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы тарауда қолданылатын ұғымдар мыналарды бiлдiредi:
      1) бильярд үстелi - торлары (жақтауларда саңылаулары) бар және оларсыз бильярд ойынына арналған арнаулы үстел; 
      2) ойын бизнесi - құмар ойындарды ұйымдастырып, өткiзуге және (немесе) табыс табу мақсатымен бәс тiгуге байланысты кәсiпкерлiк қызмет;
      3) ойын мекемесi - құмар ойындар өткiзiлетiн және (немесе) бәс тiгуге ставкалар қабылданатын орын: казино, тотализатор, букмекерлiк кеңсе, ақшалай ұтыстары бар ойын автоматтары залы және өзге де ойын үйлерi (орындары);
      4) ойын жолы - боулинг ойнауға арналған арнаулы жол (кегельбан);
      5) ойын үстелi - ойын мекемесiндегi кез келген ұтыс түрi бар құмар ойындар өткiзуге арналған арнаулы жабдық, ойын мекемесi ол ойындарға өз өкiлдерi арқылы тарап ретiнде немесе ұйымдастырушы және (немесе) байқаушы ретiнде қатысады;
      6) ойын автоматы - ойындар, соның iшiнде құмар ойындар өткiзу үшiн пайдаланылатын арнаулы жабдық (механикалық, электрлi, электронды және өзге де техникалық жабдық);
      7) карт - қорапсыз, дифференциалсыз және дөңгелектерiнде серпiндi аспа жоқ, жұмыс көлемi 250 текше сантиметрге және ең жоғары жылдамдығы сағатына 150 километрге дейiн жететiн екiтактiлi двигательдi, көлемi шағын жарыс автомобилi;
      8) касса - ойын мекемесiндегi (тотализатордағы немесе букмекерлiк кеңседегi) ставкалардың жалпы сомасы есепке алынатын және төленуге тиiстi ұтыс сомасы белгiленетiн арнайы жабдықталған орын;
      9) лото - фишкалармен жабылатын нөмiрлерi (суреттерi немесе басқа да белгiлерi) бар ерекше карталардағы ойын;
      10) бәс тiгу - тәуекелге негiзделген және екi немесе бiрнеше жеке, сондай-ақ заңды тұлғалар арасында жасалған, нәтижесi болуы немесе болмауы белгiсiз мән-жайға байланысты болатын ұтыс туралы келiсiм;
      11) салық салу объектiлерi есепке алынатын тiркеу карточкасы - салық органдарындағы нысанын уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтетiн салық салу объектiлерiнің тiркелгенiн куәландыратын құжат;
      12) тұрақты нүкте - боулинг (кегельбан), картинг, бильярд және лотоны ұйымдастыру бойынша ақшасыз ұтыс ойын автоматтарының қызмет көрсетуiмен байланысты кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын орын.

      392-бап. Жалпы ережелер

      1. Кәсіпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерiне арналған арнаулы салық режимi (бұдан әрi - арнаулы салық режимi):
      1) ойын бизнесi саласында;
      2) ақшасыз ұтыс ойын автоматтарына;
      3) боулинг (кегельбан) бойынша;
      4) картинг бойынша;
      5) бильярд бойынша;
      6) лото ойынын ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсететiн жеке кәсiпкерлердiң, заңды тұлғалардың, олардың филиалдарының, өкiлдiктерiнiң және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметiне қолданылады.
      2. Арнаулы салық режимi осы баптың 1-тармағында анықталған тұлғалар (бұдан әрi - салық төлеушiлер) үшiн:
      1) тiркелген жиынтық салық түрiнде корпорациялық немесе жеке табыс салығын және қосылған құн салығын есептеу мен төлеудiң;
      2) осы тармақтың 1) тармақшасында аталған салық және акциз бойынша бiрыңғай оңайлатылған декларация түрiнде салық декларациясын тапсырудың оңайлатылған тәртiбiн белгiлейдi.
      Бұл тәртiп төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығы мен мүлiктiк табыс жөнiндегi жеке табыс салығы және төлем көзiнен салық салынбайтын басқа да табыстар бойынша салық есептiлiгiн есептеуге, төлеуге және оны табыс етуге қолданылмайды.
      3. Корпорациялық (жеке) табыс салығы - тiркелген жиынтық салық мөлшерiнiң 30 процентiн, қосылған құн салығы - тiркелген жиынтық салық мөлшерiнiң 70 процентiн құрайды.
      4. Салық төлеушiлер тiркелген жиынтық салықты төлеумен бiрге акциз төлейдi, оның сомасы осы Кодекстiң 255-278-баптарында белгiленген тәртiппен анықталады.
      5. Осы баптың 1-тармағында аталмаған өзге де кәсiпкерлiк қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде салық төлеушiлер мұндай қызмет түрлерi бойынша кiрiс пен шығыстың бөлек есебiн жүргiзуге және корпорациялық немесе жеке табыс салығын, қосылған құн салығын және акциздi есептеу мен төлеудi жалпы белгiленген тәртiппен жүргiзуге мiндеттi.
      6. Осы баптың 2-4-тармақтарында аталмаған салық пен басқа да мiндеттi төлемдер бойынша салық есептiлiгiн есептеу, төлеу және оны табыс ету осы Кодексте белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде жүзеге асырылады.
      7. Ойын мекемесiнде (тұрақты орында) пайдаланылатын, осы Кодекстiң 393-бабында аталған салық салу объектiлерiнiң әрбiр түрiнiң жалпы саны, объектiлердiң жалпы санының өзгерiсi осы Кодекстiң 397-бабында белгiленген тәртiппен салық органдарында мiндеттi тiркелуге (қайта тiркелуге) тиiс.

      393-бап. Тiркелген жиынтық салық салу объектiсi

      Мыналар тiркелген жиынтық салық салу объектiсi болып табылады:
      1) ойын бизнесi саласындағы қызметтi жүзеге асыратын салық төлеушiлер үшiн:
      ойын мекемесi тарап ретiнде өз өкiлдерi арқылы қатысатын құмар ойындарды өткiзуге арналған ойын үстелi;
      ойын мекемесi өз өкiлдерi арқылы ұйымдастырушы және (немесе) байқаушы ретiнде қатысатын құмар ойындар өткiзуге арналған ойын үстелi;
      ақшалай ұтысы бар ойын автоматы;
      тотализатор кассасы;
      букмекерлiк кеңсе кассасы;
      2) ұтыс ақшасыз ойын автоматтары қызметiн көрсететiн салық төлеушiлер үшiн:
      ұтыс ақшасыз ойын автоматы;
      3) боулинг (кегельбан) бойынша қызмет көрсететiн салық төлеушiлер үшiн:
      ойын жолы;
      4) картинг бойынша қызмет көрсететiн салық төлеушiлер үшiн:
      карт;
      5) бильярд бойынша қызмет көрсететiн салық төлеушiлер үшiн:
      бильярд үстелi;
      6) лото ойынын ұйымдастырушы салық төлеушiлер үшiн:
      лото ұйымдастырушы.

      394-бап. Тiркелген жиынтық салық ставкалары

      Бiр салық салу объектiсiнен алынатын тiркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшерiн салық органдары берген деректер негiзiнде жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлейдi және ол бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында орналасқан салық төлеушiлер үшiн бiрыңғай болып табылады.

      395-бап. Тiркелген жиынтық салықты және акциздi
               есептеу мен төлеу тәртiбi

      1. Күнтiзбелiк бiр жылда төленуге тиiстi тiркелген жиынтық салық осы Кодекстiң 393-бабында белгiленген әрбiр салық салу объектiсiне тиiстi жылдың салық ставкасын қолдану арқылы анықталады. Осы Кодекстiң 396-бабында белгiленген есептi кезең үшiн төленуге тиiстi тiркелген жиынтық салық жыл бойынша есептелген соманы он екiге бөлу жолымен анықталады.
      2. Акциз және тiркелген жиынтық салық сомасы есептi айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрiлмей, ай сайын салық салу объектiлерiнің орналасқан жерi бойынша бюджетке төленуге тиiс.
      3. Салық төлеушiнiң облыста (қалада) бiрнеше ойын мекемелерi (тұрақты нүктелерi) болған кезде тiркелген жиынтық салық және акциз бiр аудан (қала ауданы) шегiнде орналасқан салық салу объектiлерi бойынша бөлек есептеледi.
      4. Салық салу объектiлерiн салық кезеңiнiң 15-iне дейiн пайдалануға енгiзу кезiнде тiркелген жиынтық салық толық салық кезеңi үшiн деп есептеледi де, 15-iнен кейiнгiсi кезеңнің жартысы үшiн деп есептеледi.
      Салық салу объектiлерi салық кезеңiнiң 15-iне дейiн шығып кеткен кезде тiркелген жиынтық салық - салық кезеңiнiң жартысы үшiн деп, ал 15-iнен кейiнгiсi толық кезең үшiн деп есептеледi.

      396-бап. Салық кезеңi және салық декларациясы

      1. Күнтiзбелiк ай тiркелген жиынтық салықты және акциздi есептеу мен төлеу үшiн салық кезеңi болып табылады.
      2. Салық төлеушiлер тiркелген жиынтық салық және акциз бойынша бiрыңғай оңайлатылған декларацияны есептi айдан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей, салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына табыс етуге мiндеттi.

      397-бап. Тiркелген жиынтық салық салу объектiлерiн
               тiркеу (қайта тiркеу) тәртiбi

      1. Тiркелген жиынтық салық салу объектiлерiн тiркеу (қайта тiркеу) салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына салық төлеушiнiң өтiнiшi негiзiнде жүргiзiледi.
      Салық төлеушiнiң бiр елдi мекен шегiнде орналасқан бiрнеше ойын мекемесi (тұрақты нүктесi) болған жағдайда салық салу объектiлерiн тiркеу салық төлеушiнің таңдауы бойынша бiр салық органында жүргiзiлуi мүмкiн.
      2. Салық органы өтiнiште көрсетiлген деректер негiзiнде объектiлер есепке алынған тiркеу карточкасын екi дана етiп толтырады, екi дананы да мөрмен және салық органы басшысының қолымен куәландырады.
      Объектiлердi есепке алуды тiркеу карточкасының бiреуi салық органында қалады, екiншi данасы салық төлеушiге берiледi.
      Объектiлер есепке алынған тiркеу карточкасы әрбiр ойын мекемесiне (тұрақты нүктеге), оларда пайдаланылатын салық салу объектiлерi есепке алына отырып, жеке берiледi.
      Ойын мекемелерiнде (тұрақты нүктелерде) салық салу объектiлерi есепке алынған тiркеу карточкасының түпнұсқасы болуға тиiс.
      3. Салық салу объектiлерiнiң әрбiр түрiнiң жалпы саны өзгерген жағдайда салық төлеушi салық салу объектiлерiн қайта тiркеу туралы салық органына өтiнiш беруге мiндеттi.
      Салық салу объектiлерiн қайта тiркеу объектілердi есепке алуды тiркеу карточкасына тиiстi өзгерiстер енгiзу арқылы жүргiзiледi.
      4. Салық салу объектiлерiн және салық салуға байланысты объектiлердi тiркеудi (қайта тiркеудi) өтiнiш берген күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде салық органы жүргiзедi және объектiлердi есепке алуды тiркеу (қайта тiркеу) журналына белгi қояды.
      5. Салық органдарында тiркелмеген салық салу объектiлерiнiң ойын мекемесi (тұрақты нүкте) аумағында болуына тыйым салынады.

16-бөлім. Басқа да міндетті төлемдер

68-тарау. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені
үшін алым

      398-бап. Жалпы ережелер

      1. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым (бұдан әрi - алым) заңды тұлғаларды және олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн құру мен қызметiн тоқтатуды мемлекеттік (есептiк) тiркеу, оларды қайта тiркеу, сондай-ақ олардың мемлекеттiк (есептiк) тiркеу (бұдан әрi - тiркеу) туралы куәлiктiң дубликатын алуы кезiнде алынады.
      2. Тiркеудi Қазақстан Республикасының заң актiсiнде белгiленген тәртiппен және жағдайларда уәкiлеттi орган (бұдан әрi - тiркеушi орган) жүзеге асырады.

     399-бап. Алым төлеушiлер

     Қазақстан Республикасының заң актiсiне сәйкес тiркелуге тиiс заңды тұлғалар, сондай-ақ олардың филиалдары мен өкiлдiктерi алым төлеушiлер болып табылады.

      400-бап. Алымды есептеу, төлеу және төленген
               сомаларды қайтару тәртiбi

      1. Алым сомасы Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген ставкалар бойынша есептеледi және тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн төленедi.
      2. Алым сомасы салық төлеушi ретiндегi алым төлеушiнiң мемлекеттiк тiркеу орны бойынша бюджетке енгiзiледi.
      3. Алымды төлеген тұлғалар тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн тiркеу жасаудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомасы қайтарылмайды.
      Бұл орайда алым сомасы тиiстi тiркеу органы берген, тiркеу iс-әрекеттерiн жасауға арналған құжаттарды аталған тұлғаның табыс етпегенiн растайтын құжатты төлеушi табыс еткеннен кейiн қайтарылады.

69-тарау. Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік
тіркегені үшін алым

      401-бап. Жалпы ережелер

      1. Жеке кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым (бұдан әрi - алым) жеке кәсiпкерлер ретiнде Қазақстан Республикасының аумағында заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу (бұдан әрi - тiркеу) кезiнде, сондай-ақ олар мемлекеттiк тiркеудi куәландыратын құжаттың дубликатын алған кезде алынады.
      2. Тiркеудi Қазақстан Республикасының заң актiсiнде белгiленген тәртiппен және жағдайларда салық органдары (бұдан әрi - тiркеушi орган) жүзеге асырады.

      402-бап. Алым төлеушiлер

      1. Қазақстан Республикасының заң актiсiне сәйкес тiркелуге тиiс жеке тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.
      2. Шаруа (фермер) қожалықтары, I, II және III топтағы мүгедектер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейiн заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын репатрианттар (оралмандар) алым төлеушiлер болып табылмайды.

      403-бап. Алымды есептеу, төлеу және төленген
               сомаларды қайтару тәртiбi

      1. Алым сомасы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген ставкалар бойынша есептеледi және тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн төленедi.
      2. Алым сомасы тiркеу жүзеге асырылған жер бойынша бюджетке енгiзiледi.
      3. Алымды төлеген тұлғалар тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн тiркеу жасаудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомасы қайтарылмайды.
      Бұл орайда алым сомасы тиiстi тiркеу органы берген, тiркеу iс-әрекеттерiн жасауға арналған құжаттарды аталған тұлғаның табыс етпегенiн растайтын құжатты төлеушi табыс еткеннен кейiн қайтарылады.

70-тарау. Жылжымайтын мүлікке және онымен
жасалатын мәмілелерге құқықтарды
мемлекеттік тіркегені үшін алым

      404-бап. Жалпы ережелер

      1. Жылжымайтын мүлiкке және онымен жасалатын мәмiлелерге құқықтарды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым (бұдан әрi - алым) жылжымайтын мүлiкке және онымен жасалатын мәмiлелерге құқықтарды мемлекеттiк тiркеу кезiнде, сондай-ақ мемлекеттiк тiркеудi (бұдан әрi - тiркеу) куәландыратын құжаттың дубликатын алған кезде алынады.
      2. Тiркеудi Қазақстан Республикасының заң актiсiнде белгiленген тәртiппен және жағдайларда уәкiлеттi орган (бұдан әрi - тiркеушi орган) жүзеге асырады.

      405-бап. Алым төлеушiлер

      1. Қазақстан Республикасының заң актiсiне сәйкес тiркелуге тиiс, жылжымайтын мүлікпен іс-қимылды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.
      2. Мыналар:
      1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар;
      2) I және ІІ топтағы мүгедектер;
      3) бөлек тұрып жатқан зейнеткерлер;
      4) Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейiн - репатрианттар (оралмандар) алым төлеушiлер болмайды;
      5) кадрларды даярлаумен және оқытумен шұғылданатын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi мемлекеттiк тiркелген кезден бастап үш жыл iшiнде жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркегенi үшiн төлемнен босатылады.

      406-бап. Алымды есептеу, төлеу және төленген сомаларды
               қайтару тәртiбi

      1. Алым сомасы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген ставкалар бойынша есептеледi және тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн төленедi.
      2. Алым сомасы тiркеу жүзеге асырылған жер бойынша бюджетке енгiзiледi.
      3. Алымды төлеген тұлғалар тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн тiркеу жасаудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомасы қайтарылмайды.
      Бұл орайда алым сомасы тиiстi тiркеу органы берген, тiркеу iс-әрекеттерiн жасауға арналған құжаттарды аталған тұлғаның табыс етпегенiн растайтын құжатты төлеушi табыс еткеннен кейiн қайтарылады.

71-тарау. Радиоэлектрондық құралдарды және
жоғары жиіліктегі құрылғыларды мемлекеттік
тіркегені үшін алым

       407-бап. Жалпы ережелер

       1. Радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиiлiктегi құрылғыларды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым (бұдан әрi - алым) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктегi құрылғыларды тiркеу кезiнде, сондай-ақ мемлекеттiк тiркеудi (бұдан әрi - тiркеу) куәландыратын құжаттың дубликатын алған кезде алынады.
      2. Тiркеудi Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен және жағдайларда байланыс саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - тiркеушi орган) жүзеге асырады.

      408-бап. Алым төлеушiлер

      1. Тiркеушi орган тiркеген кезде мүдделерi көзделетiн жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.
      2. Мемлекеттiк мекемелер алым төлеушiлер болмайды.

      409-бап. Алымды есептеу, төлеу және төленген
               сомаларды қайтару тәртiбi

      1. Алым сомасын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген ставкалар бойынша тiркеушi орган есептейдi.
      2. Алым сомасы тiркеу жүзеге асырылғанға дейiн тiркеу жүзеге асырылған жер бойынша бюджетке енгiзiледi.
      3. Алымды төлеген тұлғалар тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн тiркеу жасаудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомасы қайтарылмайды.
      Бұл орайда алым сомасы тиiстi тiркеу органы берген, тiркеу iс-әрекеттерiн жасауға арналған құжаттарды аталған тұлғаның табыс етпегенiн растайтын құжатты төлеушi табыс еткеннен кейiн қайтарылады.

72-тарау. Механикалық көлік құралдары мен
тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым

      410-бап. Жалпы ережелер

      1. Механикалық көлiк құралдары мен тiркемелердi мемлекеттiк тiркегенi (қайта тiркегенi) үшiн алым (бұдан әрi - алым) механикалық көлiк құралдары мен тiркемелердi мемлекеттiк тiркеу (бұдан әрi - тiркеу) кезiнде, сондай-ақ мемлекеттiк тiркеудi куәландыратын құжаттың дубликатын алған кезде алынады.
      2. Тiркеудi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіппен және жағдайларда уәкiлеттi орган (бұдан әрi - тiркеушi орган) жүзеге асырады.

      411-бап. Алым төлеушiлер

      Тiркеуге жататын механикалық көлiк құралдарымен тiркемелердi пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.

      412-бап. Алымды есептеу, төлеу және төленген
               сомаларды қайтару тәртiбi

      1. Алым сомасы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген ставкалар бойынша есептеледi және тиiстi құжаттарды тiркеушi органға бергенге дейiн төленедi.
      2. Алым сомасы тiркеу жүзеге асырылған жер бойынша бюджетке енгiзiледi.
      3. Алымды төлеген тұлғалар тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн тiркеу жасаудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомасы қайтарылмайды.
      Бұл орайда алым сомасы тиiстi тiркеу органы берген, тiркеу iс-әрекеттерiн жасауға арналған құжаттарды аталған тұлғаның табыс етпегенiн растайтын құжатты төлеушi табыс еткеннен кейiн қайтарылады.

73-тарау. Теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді
кемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым

      413-бап. Жалпы ережелер

      1. Теңiз, өзен кемелерi мен шағын көлемдi кемелердi мемлекеттiк тiркегенi (қайта тiркегенi) үшiн алым (бұдан әрi - алым) теңiз, өзен кемелерi мен шағын көлемдi кемелердi мемлекеттiк тiркеу (бұдан әрi - тiркеу) кезiнде, сондай-ақ мемлекеттiк тiркеудi куәландыратын құжаттың дубликатын алған кезде алынады.
      2. Тiркеудi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен және жағдайларда көлiк саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - тiркеушi орган) жүзеге асырады.

      414-бап. Алым төлеушiлер

      Тiркеуге жататын кемелерi бар заңды және жеке тұлғалар алым төлеушілер болып табылады.

      415-бап. Алымды есептеу, төлеу және төленген
               сомаларды қайтару тәртiбi

      1. Алым сомасы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген ставкалар бойынша есептеледi және тиiстi құжаттарды тiркеушi органға бергенге дейiн төленедi.
      2. Алым сомасы тiркеу жүзеге асырылған жер бойынша бюджетке енгiзiледi.
      3. Алымды төлеген тұлғалар тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн тiркеу жасаудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомасы қайтарылмайды.
      Бұл орайда алым сомасы тиiстi тiркеу органы берген, тiркеу iс-әрекеттерiн жасауға арналған құжаттарды аталған тұлғаның табыс етпегенiн растайтын құжатты төлеушi табыс еткеннен кейiн қайтарылады.

74-тарау. Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік
тіркегені үшін алым

      416-бап. Жалпы ережелер

      1. Азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттiк тiркегенi (қайта тiркегенi) үшiн алым (бұдан әрi - алым) азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттiк тiркеу (бұдан әрi - тiркеу) кезiнде, сондай-ақ мемлекеттiк тiркеудi куәландыратын құжаттың дубликатын алған кезде алынады.
      2. Тiркеудi Қазақстан Республикасының заң актiсiнде белгiленген тәртiппен және жағдайларда көлiк саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - тiркеушi орган) жүзеге асырады.

      417-бап. Алым төлеушiлер

      Тiркеуге жататын азаматтық әуе кемелерi бар жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.

      418-бап. Алымды есептеу, төлеу және төленген
               сомаларды қайтару тәртiбi

      1. Алым сомасы Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген ставкалар бойынша есептеледi және тиiстi құжаттарды тiркеу органына бергенге дейiн төленедi.
      2. Алым сомасы тiркеу жүзеге асырылған жер бойынша бюджетке енгiзiледi.
      3. Алымды төлеген тұлғалар тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн тiркеу жасаудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомасы қайтарылмайды.
      Бұл орайда алым сомасы тиiстi тiркеу органы берген, тiркеу iс-әрекеттерiн жасауға арналған құжаттарды аталған тұлғаның табыс етпегенiн растайтын құжатты төлеушi табыс еткеннен кейiн қайтарылады.

75-тарау. Дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік
тіркегені үшін алым

      419-бап. Жалпы ережелер

      1. Дәрi-дәрмек құралдарын мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым (бұдан әрi - алым) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етiлген дәрi-дәрмек құралдарын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) кезiнде, сондай-ақ мемлекеттiк тiркеудi (бұдан әрi - тiркеу) растайтын құжаттың дубликатын берген кезде алынады.
      2. Тiркеудi дәрi-дәрмек құралдарына бақылау жасау саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - тiркеушi орган) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен және жағдайларда жүзеге асырады.

      420-бап. Алым төлеушiлер

      Дәрi-дәрмек құралдарын тiркеушi органға тiркеуге ұсынған жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.

      421-бап. Алым ставкалары

      Алым ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

      422-бап. Алымды есептеу, төлеу және төленген сомаларды
               қайтару тәртiбi

      1. Алым сомасы белгiленген ставкалар бойынша есептеледi және тиiстi құжаттарды тiркеушi органға бергенге дейiн төленедi.
      2. Алым сомасы салық төлеушiнiң есепке тiркелген жерi бойынша бюджетке енгiзiледi.
      3. Алым төлеген тұлғалар тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн тiркеу жасаудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомасы қайтарылмайды.
      Бұл орайда алым сомасы тиiстi тiркеу органы берген, тiркеу iс-әрекеттерiн жасауға арналған құжаттарды аталған тұлғаның табыс етпегенiн растайтын құжатты төлеушi табыс еткеннен кейiн қайтарылады.

76-тарау. Автокөлік құралдарының Қазақстан
Республикасының аумағы бойынша жүргені
үшін алым

      423-бап. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүргенi үшiн алым (бұдан әрi - алым):
      1) халықаралық қатынастарда жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан кетуi;
      2) халықаралық қатынастарда жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын шетел автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасы аумағына келуi (кетуi), Қазақстан Республикасы аумағы бойынша транзитi;
      3) iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты отандық және шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүруi;
      4) отандық және шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдары бойынша жүруi үшiн өндiрiп алынады.
      2. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автомобиль құралдарының жүруi, егер ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдары бойынша жүру үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көлік саласындағы уәкiлеттi орган берген рұқсат құжаттары негiзiнде жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүру және рұқсат құжаттарын беру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

      424-бап. Алым төлеушiлер

      Осы Кодекстiң 419-бабының 1-тармағында белгiленген жағдайларда, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүруiн жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.

      425-бап. Алымды есептеу мен төлеу тәртiбi

      1. Алым сомасы Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген ставкалар бойынша есептеледi және рұқсат құжаттарын алғанға дейiн төленедi.
      Қазақстан Республикасының ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдарын пайдаланған кезде алым сомасы осындай автомобиль жолдарымен жүргенге дейiн төленедi.
      2. Алым банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы бюджетке аудару жолымен не көлiк саласындағы уәкiлеттi органның арнаулы пункттерiнде қатаң есеп бланкiлерi негiзiнде қолма-қол ақшамен төленедi.
      Қатаң есеп бланкiлерiнiң нысанын және қолма-қол ақшамен енгiзiлген алымдар сомасын бюджетке есептеудің тәртiбiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгілейдi. <*>
      3. Алым сомасы рұқсат құжаттары алынған жер бойынша немесе ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдарын пайдалану орны бойынша бюджетке енгiзiлуге тиiс.
      4. Алымдардың төленген сомалары қайтарылмайды.
      Ескерту. 425-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2003.07.04. N 475 Заңымен. (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

77-тарау. Аукциондардан алынатын алым

      426-бап. Жалпы ережелер

      Аукциондардан алынатын алым (бұдан әрi - алым) аукциондарда мүлiктi (оның iшiнде мүлiктiк құқықтарды) сату кезiнде алынады.

      427-бап. Алым төлеушiлер

      Аукциондарда мүлiктi (оның iшiнде мүлiктiк құқықтарды) сатуға шығаратын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.

      428-бап. Салық салу объектiсi

      1. Мүлiктi (мүлiктiк құқықтарды) сатудың аукцион өткiзу нәтижелерi бойынша белгiленген құны алым алу объектiсi болып табылады.
      2. Сатылатын мүлiк (мүлiктiк құқықтар) құнына:
      1) мемлекеттiк мүлiк және жекешелендіру бойынша уәкiлеттi мемлекеттiк орган, оның аумақтық органдары өткiзетiн аукциондардан;
      2) мемлекет пайдасына атқарушы құжаттарды мәжбүрлеп орындату бойынша атқарушы iс жүргiзу органдары өткiзетiн аукциондардан;
      3) мыналарды:
      салық органдары иелiк етудi шектеген мүлiктi;
      салық мiндеттемелерiн қамтамасыз ету мақсатында кепiлге салынған мүлiктi;
      соттың шешiмi бойынша мәжбүрлеп шығарылған жарияланған акцияларды орналастыруды сату бөлiгiнде мамандандырылған ашық аукциондардан; <*>
      4) мыналарды:
      соттардың атқарушы құжаттарының негiзiнде мемлекет кiрiсiне тәркiленген мүлiктi;
      белгiленген тәртiппен иесiз деп танылған мүлiктi;
      белгiленген тәртiппен мемлекетке өткен мүлiктi сату жөнiндегi аукциондардан;
      5) банкрот кәсiпорындардың конкурстық массасын сату жөнiндегi аукциондардан;
      6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз қызметiн жүзеге асыратын қор биржасындағы сауда-саттықта; <*>
      7) бағалы қағаздарды сату бойынша аукциондардан алым алынбайды. <*>
      Ескерту. 428-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.
      Ескерту. 428-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      429-бап. Алым ставкалары

      Алым ставкасы аукцион өткiзу нәтижелерi бойынша белгiленген мүлiктi (мүлiктiк құқықтарды) сату құнының 3 процентi мөлшерiнде белгiленедi.

      430-бап. Алымды есептеу мен төлеу тәртiбi

      1. Төлеушiлер алым сомасын салық салу объектiсiне ставка қолдану арқылы дербес есептейдi.
      2. Атқарушы құжаттар арқылы атқарушы iс жүргiзу органдары өткiзетiн аукциондар бойынша алым сомасын есептеу кезiнде бюджетке есептелетiн атқару санкциясының сомасына қарай салық салынатын объектiге түзету жүргiзiледi.
      3. Алымды төлеу аукцион өткiзгеннен кейiн он бес күнтiзбелiк күннен кешiктiрiлмей жүзеге асырылады.
      4. Төленген алым сомалары қайтарылмауға тиiс.

      431-бап. Салық декларациясы

      1. Алым төлеушiлер аукциондар өткiзгеннен кейiн он күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей салық төлеушi ретiнде мемлекеттiк тiркеу орны бойынша салық органдарына алым жөнiнде декларация тапсырады.
      2. Аукцион ұйымдастырушылар тоқсан iшiнде өткiзiлген аукциондар бойынша тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-не дейiнгi мерзiмде уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша ақпаратты салық төлеушi ретiнде мемлекеттiк тiркелген жерi бойынша салық органдарына табыс етуге мiндеттi.

78-тарау. <*>

      Ескерту. 78-тарау алып тасталды - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.

79-тарау. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу
құқығы үшін лицензиялық алым

      438-бап. Жалпы ережелер

      1. Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым (бұдан әрi - алым) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялануға тиiстi белгiлi бiр қызмет түрiмен айналысуға лицензия (лицензияның дубликатын) беру кезiнде алынады.
      2. Лицензия берудi Қазақстан Республикасының заң актiсiнде белгіленген тәртiппен және жағдайларда уәкiлетті орган (бұдан әрi - лицензиар) жүзеге асырады.

      439-бап. Алым төлеушiлер

      Лицензия алатын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.

      440-бап. Алымды есептеу, төлеу және төленген сомаларды
               қайтару тәртiбi

      1. Алым сомасы Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген ставкалар бойынша есептеледi және лицензиарға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн төленедi.
      2. Алым сомасы алым төлеушiнiң салық төлеушi ретiнде мемлекеттiк тiркелген жерi бойынша бюджетке енгiзiледi.
      3. Алым төлеген тұлғалар лицензиарға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн лицензия алудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомасы қайтарылмайды.
      Бұл орайда алым сомасы тиiстi лицензиар берген, лицензия алуға арналған құжаттарды аталған тұлғаның табыс етпегенiн растайтын құжатты төлеушi табыс еткеннен кейiн қайтарылады.

80-тарау. Телевизия және радио хабарларын тарату
ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға
рұқсат бергені үшін алым

      441-бап. Жалпы ережелер

      1. Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат бергенi үшiн алым (бұдан әрi - алым) байланыс саласындағы уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат (рұқсат дубликаты) (бұдан әрi - рұқсат) берген кезде алынады.
      Осы тараудың ережелерi бұқаралық ақпарат құралдары жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсе отырып байланыс саласындағы уәкiлеттi орган берген лицензия негiзiнде жұмыс iстейтiн Қазақстан Республикасының телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына қолданылады.
      2. Рұқсат беру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      3. Радиожиiлiк спектрiнiң белдеулерiн (номиналдарын) бөлу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес конкурстық негiзде жүргізілуі мүмкін.
      Радиожиiлiк спектрiнiң белдеулерiн (номиналдарын) конкурс өткізу арқылы бөлу кезiнде алынатын бiр жолғы сомалар осы тарауға сәйкес төленуге тиiстi алымның есебiне жатқызылмайды.
      4. Байланыс саласындағы уәкiлеттi орган тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей, салық төлеушiнi есепке алып, тiркеген жер бойынша салық органына уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысанда ақпарат табыс етедi.

      442-бап. Алым төлеушiлер

      Осы Кодекстiң 441-бабының 1-тармағында аталған телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдары алым төлеушiлер болып табылады.
      Өздерiне жүктелген негiзгi функционалдық мiндеттерiн орындау үшiн радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат алған мемлекеттiк мекемелер алым төлеушiлер болып табылмайды.

      443-бап. Алым ставкалары

      Алым ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

      444-бап. Алымды есептеу, төлеу және төленген
               сомаларды қайтару тәртiбi

      1. Алым сомасы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген ставкалар бойынша есептеледi және байланыс саласындағы уәкiлеттi органнан рұқсат алғанға дейiн бюджетке төленедi.
      2. Алым сомасы салық төлеушiнi есепке алып, тiркеген жер бойынша бюджетке енгізiледi.
      3. Алым төлеген тұлғалар байланыс саласындағы уәкiлеттi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн, рұқсат алудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомасы қайтарылмайды.
      Бұл орайда алым сомасы тиiстi уәкiлеттi орган берген, рұқсат алуға арналған құжаттарды аталған тұлғаның табыс етпегенiн растайтын құжатты салық төлеушi табыс еткеннен кейiн қайтарылады.

81-тарау. Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы

      445-бап. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттiң жер учаскелерiн өтемiн төлеп (жалға) уақытша жер пайдалануға бергенi үшiн жер учаскелерiн пайдалану төлемақысы (бұдан әрi - төлемақы) алынады.
      2. Жер учаскелерiн өтемiн төлеп уақытша жер пайдалануға беру тәртiбi Қазақстан Республикасының заң актiсiмен белгiленедi.
      3. Жер ресурстарын басқару жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша мәлiметтер табыс етедi.

      446-бап. Төлеушiлер

      Жер учаскесiн өтемiн төлеп уақытша жер пайдалануға алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.

      447-бап. Төлемақы ставкалары

      Төлемақы ставкалары Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес белгiленедi. Бұл орайда, осы Кодекстiң 338-бабының 2-тармағында көзделген ережелердi есептемегенде, төлемақы ставкалары жер салығы ставкаларының мөлшерiнен кем белгiленбейдi.<*>
      Ескерту. 447-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.

      448-бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi

      1. Төлемақы сомасы жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық уәкiлеттi органмен жасаған өтемiн төлеп уақытша жер пайдалану шартының негiзiнде есептеледi.
      Төлемақының жыл сайынғы сомалары жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық уәкiлеттi органдар жасаған есеп-қисаптарда белгiленедi.
      Шарт талаптары, сондай-ақ осы Кодексте белгiленген жер салығын есептеудің тәртiбi өзгерген жағдайларда жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық уәкiлеттi орган төлемақы сомаларының есеп-қисаптарын қайта қарайды.
      2. Салық кезеңiнде төленуге тиiс төлемақы мөлшерi есеп-қисаптарда көрсетiлген төлемақы ставкаларына және жер учаскесiн салық кезеңiнде пайдалану кезеңiне қарай белгiленедi.
      3. Төлемақы мөлшерi осы Кодекске сәйкес осы жер учаскесi бойынша есептелген жер салығының сомасынан кем болмайтындай мөлшерде белгiленедi.
      4. Төлемақы төлеушiлер төлемақының ағымдағы сомаларын ағымдағы жылдың 20 ақпанынан, 20 мамырынан, 20 тамызынан және 20 қарашасынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде тең үлестермен бюджетке төлейдi.
      5. Төлеудің белгiленген мерзiмдерiнен кейiн өтемi төленетiн уақытша жер пайдалануға мемлекет жер учаскелерiн берген жағдайларда, төлеудің келесi (кезектi) мерзiмi төлемақыны бюджетке енгiзудiң алғашқы мерзiмi болып табылады.
      6. Мемлекет өтемiн төлеп уақытша ақы төлеп жер пайдалануға жер учаскелерiн төлемнің соңғы мерзiмiнен кейiн берген жағдайларда, жер учаскесi берiлген айдан кейiнгi айдың 20-күнi бюджетке төлем төлеу мерзiмi деп есептеледi.
      7. Өтемiн төлеп уақытша жер пайдалану шартының мерзiмi бiткен немесе салық кезеңi басталғаннан кейiн ол бұзылған жағдайда, қалған мерзiм үшiн бюджетке енгiзiлуге тиiс төлемақы сомасы, шарттың қолданылу мерзiмi аяқталған күннен бастап он бес күннен кешiктiрілмей төленедi.
      8. Төлемақы сомасы жер учаскелерiнiң орналасқан жерi бойынша бюджетке енгiзiлуге тиiс.
      9. Артық төленген төлемақы сомасы осы төлемақы бойынша өсiмпұлдар мен айыппұлдарды өтеу есебiне есепке жатқызу жүргiзiлгеннен кейiн осы төлемақы бойынша алдағы төлемдердiң есебiне жатқызылуға немесе салық төлеушiнiң өтiнiшi бойынша оның банк шотына аударылуға тиiс.

      449-бап. Салық кезеңi

      Жер учаскелерiн пайдалану төлемiнiң сомаларын есептеу мен төлеу үшiн салық кезеңi осы Кодекстің 136-бабына сәйкес белгiленедi.

      450-бап. Салық есептiлiгi

      1. Арнайы салық режимi қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелерi бойынша ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiруші заңды тұлғалар үшін арнайы салық режимiн қолданатын салық төлеушілердi қоспағанда, ақы төлеушiлер, жер учаскелерiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына ағымдағы төлемдер ақысы сомасының есебi мен декларацияны табыс етедi. <*>
      2. Төлеушiлер ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын есептi салық кезеңiнiң 15 ақпанынан кешiктiрмей табыс етедi.
      Салық кезеңi басталғаннан кейiн өтемiн төлеп уақытша жер пайдалану туралы шарт жасасқан тұлғалар шарт жасалғаннан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын табыс етедi.
      3. Жер учаскелерiн пайдалану төлемақысы бойынша декларацияны төлемақы төлеушiлер есептi жылдан кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей табыс етедi.
      4. Бiрiншi салық кезеңiнде ағымдағы төлемдер сомасының есебiмен бiрге жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық уәкiлеттi органмен жасалған өтемiн төлеп уақытша жер пайдалану туралы шарттың нотариат арқылы куәландырылған көшiрмесi табыс етiледi. <*>
      Одан кейiнгi кезеңдерде шарттың нотариат куәландырған көшiрмесi төлем сомалары немесе шарттың талаптары өзгерген кезде ғана табыс етiледi.
      5. Уақытша жер пайдалану туралы шарттың қолданылу мерзiмi аяқталған немесе салық кезеңi басталғаннан кейiн жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық уәкiлеттi органмен оны бұзған кезде декларация шарттың қолданылу мерзiмi аяқталған (бұзылған) күннен бастап он күннен кешiктiрiлмей табыс етiледi.
      Ескерту. 450-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.
      Ескерту. 450-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

82-тарау. Жер үсті көздерінің су ресурстарын
пайдаланғаны үшін төлемақы

      451-бап. Жалпы ережелер

      1. Жер үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы (бұдан әрi - төлемақы) жер үстi көздерiнен суды ала отырып немесе оны алмай, арнаулы су пайдаланудың барлық түрлерi үшiн алынады.
      2. Арнаулы су пайдалану су ресурстарын басқару жөнiндегi уәкiлеттi орган беретiн рұқсат негiзiнде жүзеге асырылады.
      Су пайдаланудың арнаулы түрлерi Қазақстан Республикасының су заңдарымен белгiленедi.
      3. Су ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық уәкiлеттi органдар есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 1-iнен кешiктiрмей облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық комитеттерiне уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша мәлiметтер бередi.

      452-бап. Төлеушiлер

      Құрылыстарды, техникалық құралдарды немесе құрылғыларды қолдана отырып, жер үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдалануды жүзеге асырушы жеке және заңды тұлғалар төлемақыны төлеушілер болып табылады.

      453-бап. Салық салу объектiлерi

      1. Төлемақы салынатын объектiлер:
      1) жер үстi су көзiнен алынған судың көлемi;
      2) өндiрiлген электр энергиясының көлемi;
      3) су көлiгiмен тасымалдау көлемi;
      4) балық аулау көлемi және су пайдаланудың басқа да көлемдерi болып табылады.
      2. Су ресурстарын жекелеген азаматтарға бекiтiп бермей және судың жай-күйiне әсер ететiн құрылыстарды немесе техникалық құрылғыларды қолданбай жүзеге асырылатын кеме тiркемесiнсiз ағашты ағызуға, рекреацияға, жер қазатын техниканы қолдануға, батпақты құрғатуға, жалпы су пайдалануға төлемақы қолданылмайды.

      454-бап. Төлемақы ставкалары

      1. Төлемақы ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      2. Су жинаудың нақты көлемi су ресурстарын басқару жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген лимиттен асып кеткен жағдайда, осы баптың 1-тармағында белгiленген төлемақы ставкалары осындай асып кеткен бөлiгiнде үш есе ұлғайтылады.
      3. Су объектiлерiн тиiстi рұқсатсыз пайдаланған кезде осы баптың 1-тармағында белгiленген төлемақы ставкалары бес есе ұлғайтылады.

      455-бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi

      1. Төлем сомасын су пайдаланудың нақты көлемi мен белгiленген ставкаларды негiзге ала отырып төлеушi дербес айқындайды.
      2. Төлеушiлер (шаруа (фермер) қожалықтарына және ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимдерiнде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын салық төлеушiлерден басқа) нақты пайдаланылған су көлемi үшiн ағымдағы төлем сомаларын есептi айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей ай сайын бюджетке енгiзуге мiндеттi.
      3. <*>
      4. Төлем рұқсат құжаттарында аталған арнаулы су пайдаланылатын жер бойынша бюджетке төленедi.
      5. Артық төленген төлем сомасы осы төлем бойынша өсiмпұлдар мен айыппұлдарды өтеу есебiне жатқызу жүргiзiлгеннен кейiн осы төлем бойынша алдағы төлемдердiң есебiне жатқызылуға немесе салық төлеушiнiң өтiнiшi бойынша оның банк шотына аударылуға тиiс.
      Ескерту. 455-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2003.07.04. N 475 Заңымен. (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

      456-бап. Салық төлеушiлердiң жекелеген санаттарының
               төлемақыны есептеу мен төлеу ерекшелiктерi

      1. Шаруа (фермер) қожалықтары және ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимiнде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын салық төлеушiлер төлем сомаларын төлеудi мына тәртiппен жүргiзедi:
      1) ағымдағы салық кезеңiнiң 1 қаңтарынан 1 қазанына дейiнгi кезеңге есептелген ағымдағы төлемдер сомасы ағымдағы салық кезеңiнің 20 қазанынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде төленедi;
      2) 1 қазаннан 31 желтоқсанға дейiнгi кезеңге есептелген сома есептi кезеңнен кейiнгi салық кезеңiнiң 20 наурызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде төленедi.
      2. Өнеркәсiп орындары өндiрiстiк қажеттер үшiн су шаруашылығы жүйелерiнен алатын суға, ол тiкелей су шаруашылығы жүйелерiнен, басқа өнеркәсiп орындарынан немесе тұрғын үй пайдалану және коммуналдық қызмет көрсету ұйымдарынан келетiнiне қарамастан, төлемақы төлейдi. <*>
      3. Тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызмет көрсету ұйымдары өнеркәсiп орындарына берiлетiн судың көлемiн шегере отырып, жер үстi көздерiнен алынатын су үшiн бюджетке төлемақы төлейдi.
      4. Жеке және заңды тұлғалар суды қысыммен ағызатын және суды реттейтiн құрылыстары бар су көздерiнде жүк тасымалы үшiн төлемақы төлейдi.
      5. Жылу энергетикасы кәсiпорындары тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қажеттер үшiн жылу энергиясын өндiруге жұмсалатын су үшiн төлемақы мөлшерiн тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызмет көрсету ұйымдары үшiн көзделген ставкалар бойынша белгілейдi.
      6. Агрегаттарды суыту (суды қайталап тұтыну) үшiн технологиялық қажеттерге суды жинау лимитi шегiнде су алатын жылу энергетикасы кәсiпорындары төлемақы мөлшерiн тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызмет көрсету ұйымдары үшiн көзделген ставкалар бойынша белгiлейдi. Суды қайтарусыз тұтыну төлемақысының мөлшерi өнеркәсiп орындары үшiн белгiленген ставкалар бойынша айқындалады.
      Ескерту. 456-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен. (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді)

      457-бап. Салық кезеңi

      Жер үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн бюджетке төлемдi есептеу және енгiзу үшiн салық кезеңi осы Кодекстiң 136-бабына сәйкес белгiленедi.

      458-бап. Салық есептiлiгi

      1. Төлемақы төлеушiлер арнаулы су пайдалану орны бойынша салық органдарына ағымдағы ақы төлемдерi сомасының есеп-қисабы мен декларацияны табыс етедi.
      2. Төлемақы төлеушiлер ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын, осы баптың 4-тармағында аталған төлемдердi қоспағанда, тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей табыс етедi.
      3. Төлеушiлер су үшiн төлемақы жөнiндегi декларацияны, осы баптың 4-тармағында аталғандарды қоспағанда, есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей табыс етедi.
      4. Шаруа (фермер) қожалықтарына және ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимдерiн қолданатын салық төлеушiлер төлемақы сомалары бойынша декларацияны есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 15 наурызынан кешiктiрмей табыс етедi.
      5. Ағымдағы төлемдер сомасының есебi мен төлемақы сомалары жөнiндегi декларация салық органына табыс етiлгенге дейiн су ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық уәкiлеттi органда куәландырылады.

83-тарау. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы

      459-бап. Жалпы ережелер

      1. Қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемақы (бұдан әрi - төлемақы) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгіленген арнайы табиғат пайдалану тәртiбiмен Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асырғаны үшiн алынады.
      2. Арнайы табиғат пайдалану қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган беретiн рұқсат негiзiнде жүзеге асырылады.
      3. Қоршаған ортаны белгiленген тәртiппен ресiмделмеген рұқсат бойынша ластау белгiленген лимиттерден тыс ластау ретiнде қаралады.
      4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы аумақтық уәкiлеттi органдар тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 1-iнен кешiктiрмей өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша мәлiметтер бередi.

      460-бап. Төлеушілер

      Арнайы табиғат пайдалану тәртiбiмен Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.

      461-бап. Салық салу объектiсi

      Ластағыш заттарды белгiленген лимиттер шегiнде және (немесе) олардан тыс шығарудың, тастаудың (авариялық тастауды қоса алғанда), өндiрiс және тұтыну қалдықтарын орналастырудың нақты көлемi салық салу объектiсi болып табылады.

      462-бап. Төлемақы ставкалары

      Төлемақы ставкаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жасаған есептер негiзiнде жергiлiктi өкiлдi органдар жыл сайын белгiлеп отырады.
      Қоршаған ортаны белгiленген лимиттерден тыс ластағаны үшiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның келiсiмiмен жергiлiктi өкiлдi органдар бекiткен төлемақы ставкалары он есе ұлғайтылады.

      463-бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi

      1. Төлемақы сомасын салық төлеушілер қоршаған орта ластануының және белгiленген ставкалардың нақты көлемiн негiзге ала отырып дербес есептейдi.
      2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы аумақтық уәкiлеттi органдарға шағын көлемдi төлемдер төлейтiн ұйымдар үшiн (жылдық жиынтық көлемде 100 есептiк көрсеткiшке дейiнгi) төлемақыларды қоршаған ортаны ластауға лимиттi сатып алу нысанында жеткiзуiне рұқсат етiледi. Лимиттi сатып алу рұқсат ресiмделген жағдайда есептi жыл үшiн алдын ала толық төлеу арқылы жүргiзiледi.
      3. Уәкiлеттi орган оларды мемлекеттiк тiркеуден өткiзген жер бойынша бюджетке төлемақы енгiзiлетiн ластанудың жылжымалы көздерiн қоспағанда, бюджетке төлемақы енгiзу қоршаған ортаны ластау көзiнiң (объектiсiнің) рұқсат құжатта аталған орналасқан жерi бойынша жүргiзiледi. <*>
      4. Төлеушiлер қоршаған орта ластануының нақты көлемi үшiн төленетiн төлемақының ағымдағы сомаларын, осы баптың 2 және 6-тармақтарында аталған салық төлеушiлердi қоспағанда, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей төлейдi.
      5. <*>
      6. Шаруа (фермер) қожалықтарына және ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушiлердiң төлемақы сомаларын төлеуi мынадай тәртiппен жүргiзiледi:
      1) ағымдағы салық кезеңiнiң 1 қаңтарынан 1 қазанына дейiнгi кезең үшiн есептелген ағымдағы төлем сомасы ағымдағы салық кезеңiнің 20 қазанынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде төленедi;
      2) 1 қазаннан 31 желтоқсанға дейiнгi кезең үшiн есептелген сомалар есептi кезеңнен кейiнгi салық кезеңiнiң 20 наурызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде төленедi.
      7. Артық төленген төлемақы сомасы, осы төлем бойынша өсiмпұлдар мен айыппұлдарды өтеу есебiне есепке жатқызу жүргiзiлгеннен кейiн, осы төлем бойынша алдағы төлемдер есебiне есепке жатқызылуға немесе салық төлеушiнiң өтiнiшi бойынша оның банк шотына аударылуға тиiс.
      Ескерту. 463-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.
      Ескерту. 463-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2003.07.04. N 475 Заңымен. (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

      464-бап. Салық кезеңi

      Қоршаған ортаны ластанғаны үшiн төлемақыны бюджетке есептеу мен енгiзу үшiн салық кезеңi осы Кодекстiң 136-бабына сәйкес айқындалады.

      465-бап. Салық есептiлiгi

      1. Төлемақы төлеушiлер ластау объектiсiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына ағымдағы төленген төлемдер сомасының есеп-қисабы мен декларацияны табыс етедi.
      2. Ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабы төлем төлеушiлер, осы баптың 4-тармағында аталғандарды қоспағанда, тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей табыс етедi.
      3. Төлеушiлер қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемақы жөнiндегi декларацияны, осы баптың 4-тармағында аталғандарды қоспағанда, есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей табыс етедi.
      4. Шаруа (фермер) қожалықтарына және ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимдерiн қолданатын салық төлеушiлер төлемақы сомалары жөнiндегi декларацияны есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 15 наурызынан кешiктiрмей табыс етедi.
      5. Ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабы мен төлемақы сомалары жөнiндегi декларация салық органына табыс етiлгенге дейiн қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi аумақтық уәкiлеттi органда куәландырылады.

84-тарау. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін
төлемақы

      466-бап. Жалпы ережелер

      1. Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы (бұдан әрi - төлемақы) табиғи еркiн жағдайда мекендейтiн жануарларды табиғи ортадан айырғаны үшiн алынады.
      2. Жануарларды ен салу және сақина салу мақсаттары үшiн ұстап алып, кейiннен табиғи ортаға жiберген кезде төлемақы алынбайды.
      3. Жануарлар дүниесiнiң мынадай санаттары:
      аңшылық объектiлерi болып табылатын жануарлар түрлерi;
      балық аулау объектiлерi болып табылатын жануарлар түрлерi;
      сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген жануарлар түрлерi;
      өзге де шаруашылық мақсаттарда пайдаланылатын жануарлар түрлерi (аңшылықтан және балық аулаудан басқа) үшiн төлемақы белгiленедi.
      4. Аңшылық және балық аулау объектiлерi болып табылатын жануарлар түрлерiнiң санаттары үшiн төлемақы осы хайуанаттардың бағалы түрлерiне ғана белгiленедi.
      Аңшылық және балық аулау объектiлерi болып табылатын жануарлардың бағалы түрлерiнiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.
      5. Жануарлар дүниесiн пайдалану жануарлар дүниесiн басқару жөнiндегi уәкiлеттi орган беретiн рұқсат негiзiнде жүзеге асырылады.
      6. Сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiн пайдалану үшiн төлемдi әрбiр жекелеген жағдайда осы жануарларды табиғи ортадан аулауға рұқсат беру кезiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      Сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiнiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      7. Жануарлар дүниесiн басқару жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық комитеттерiне уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша мәлiметтер табыс етедi.

      467-бап. Төлеушiлер

      Жануарлар дүниесiн пайдаланушы жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.

      468-бап. Төлемақы ставкалары

      Төлемақы ставкаларын Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.

      469-бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi

      1. Төлемақы сомасы ставкалар мен жануарлардың саны (су жануарларының жеке түрлерi үшiн салмағы) негiзге алына отырып белгiленедi.
      2. Бюджетке төлемақы сомаларын төлеу банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асырушы ұйымдар арқылы аудару не жануарлар дүниесiн басқару жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнде ақшаны қолма-қол төлеу арқылы жүргiзiледi.
      3. Жануарлар дүниесiн басқару жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi төлемақы сомасын қабылдауды қатаң есеп бланкiлерi негiзiнде қолма-қол ақшамен жүзеге асырады.
      Қатаң есеп бланкiлерiнің нысанын және қолма-қол ақшамен енгiзiлген төлемақы сомаларын бюджетке енгiзу тәртiбiн уәкiлеттi мемлекеттiк органның келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгілейдi.
      4. Төлеушiлер төлемақы сомасын белгiленген ставкалар бойынша дербес есептейдi және жануарлар дүниесiн басқару жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнен рұқсат алғанға дейiн төлейдi.
      5. Бюджетке төлемақы енгізу жануарлар дүниесiн пайдалану орны бойынша жүргiзiледi.
      6. Төлемақының төленген сомалары қайтарылмауға тиiс.

85-тарау. Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы

      470-бап. Жалпы ережелер

      1. Орманды пайдаланғаны үшiн төлемақы (бұдан әрi - төлемақы) орманды пайдаланудың мынадай түрлерi:
      1) ағаш дайындағаны;
      2) шайыр және ағаш шырындарын дайындағаны;
      3) екiншi дәрежелi ағаш ресурстарын (қабықтарды, бұтақтарды, томарларды, тамырларды, жапырақтарды, ағаш бүршiктерi мен бұталарды) дайындағаны;
      4) орманды жанама пайдаланғаны (шөп шабу, мал жаю, марал шаруашылығы, аң шаруашылығы, ара ұялары мен омарталар орналастыру, бақша шаруашылығы және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiру, шипалы өсiмдiктер мен техникалық шикiзат, жабайы өсетiн жемiстер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер және басқа да тағамдық өнiмдер, мүк, орман төсенiштерi мен түскен жапырақтар, қамыс дайындау және жинау);
      5) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн мәдени-сауықтыру мақсатында, рекреациялық, туристiк және спорт мақсаттарында пайдаланғаны;
      6) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн аң шаруашылығы қажеттерi үшiн пайдаланғаны;
      7) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдаланғаны үшін алынады. <*>
      2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының орман заңдарында белгiленген тәртiппен берiлген ағаш кесуге рұқсат билетi мен орман пайдалануға орман билетiнiң негiзiнде берiледi. <*>
      3. Бюджетке төлемақы сомаларын төлеу орман пайдалану орыны бойынша банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асырушы ұйымдар арқылы аудару не қатаң есептiлiк бланкiлерi негiзiнде тиiстi органда ақшаны қолма-қол төлеу арқылы жүргiзiледi.<*> 
      Қатаң есептiлiк бланкiлерiнiң нысанын және қолма-қол ақшамен енгiзiлген төлемақы сомаларын бюджетке есептеу тәртiбiн уәкiлеттi мемлекеттiк органның келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлейдi.
      4. Мемлекеттiк орман иеленушiлер тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 1-iнен кешiктiрмей өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша мәлiметтер бередi. <*>
      Ескерту. 470-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.
      Ескерту. 470-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      471-бап. Төлеушiлер

      1. Қазақстан Республикасының заң актiсiнде белгiленген тәртiппен орман пайдалануды жүзеге асыру құқығын алған жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрi - орман пайдаланушылар) төлемақы төлеушiлер болып табылады.
      2. Мыналар:
      1) мемлекеттiк орман иелерi - ағашты түбiрiмен жөнелткенi үшiн:
      орманды күтiп-баптау кезiнде ағаш кесудi, санитариялық кесудi (iрiктеп және жаппай), құндылығы шамалы орман ағашы екпелерiн жаңғыртуға байланысты кесудi жүзеге асыру, орманды орман зиянкестерi мен ауруларынан қорғау жөнiндегi iс-шараларды орындау;
      өтпе жол салу, орман орналастыру және ормандарды өртке қарсы жайғастыру iс-шараларын жүргiзу кезiнде; <*>
      1-1) жекеше орман қоры учаскелерi меншiгiнде болатын жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғалар; <*>
      2) орман пайдаланушылар - ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу үшiн жүзеге асыратын ағаш ресурстарын, шайырды, қосымша орман материалдарын алу кезiнде төлемақы төлеушiлер болып табылмайды. Бұл орайда, алынған өнiм, оның ғылыми зерттеулердi орындау үшiн қажеттi бөлiгiн қоспағанда, орман қоры учаскелерi иелерiнің меншiгi болып табылады. Оның тiзбесi мен көлемi зерттеулердiң бағдарламаларын және әдiстемелерiн негiзге ала отырып белгiленедi және орман шаруашылығы басқармасының аумақтық органдарымен жасалған келiсiмде немесе шартта көрсетiледi.
      Ескерту. 471-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.
      Ескерту. 471-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      472-бап. Салық салу объектiсi

      Пайдалануға берiлетiн орман пайдаланудың көлемi және (немесе) орман қоры учаскелерiнiң аумағы төлемақы салу объектiсi болып табылады. <*>
      Ескерту. 472-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.

      473-бап. Төлемақы ставкалары

      1. Осы баптың 2-тармағында аталғандарды қоспағанда, төлемақы ставкаларын орман шаруашылығын басқару жөнiндегi уәкiлеттi орган жасаған есеп-қисаптар негiзiнде жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлейдi.
      2. Тамырымен жiберiлетiн ағаш төлемақысы жөнiндегi базалық ставкаларды Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілейдi. Бұл орайда жергiлiктi өкiлдi органдардың ставкалар мөлшерiн екi есеге дейiн арттыруға құқығы болады.

      474-бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi

      1. Төлемақыны есептеу тәртiбiн және бюджетке енгiзу мерзiмдерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      2. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң немесе орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз құзыретi шегiнде ормандардың қурауы немесе құрып кетуi қатерi төнген кезде орман ресурстарын пайдалануға тыйым салу туралы шешiм қабылдауын қоспағанда, төленген соманы қайтару жүргiзiлмейдi.
      Бұл ретте төлеушi орман шаруашылығы саласындағы уәкілеттi орган берген ағаш кесуге рұқсат билетiн, орман пайдалануға орман билетiн пайдаланбағанын растайтын құжатты бергеннен кейiн қайтару жүргiзiледi. <*>
      Ескерту. 474-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

86-тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды
пайдаланғаны үшін төлемақы

      475-бап. Жалпы ережелер

      1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн өтемақы (бұдан әрi - төлемақы) Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын ғылыми, мәдени-ағарту, оқыту, туристiк, декреациялық және шектеулi шаруашылық мақсаттарда пайдаланғаны үшiн алынады.
      2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақ әкiмшілiгi тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгілеген нысан бойынша мәлiметтер бередi.     

           476-бап. Төлеушiлер

      Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар төлеушiлер болып табылады.

      477-бап. Төлемақы ставкалары

      1. Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төлемақы ставкаларын Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.
      2. Жергілiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төлемақы ставкаларын жергiлiктi атқарушы органдардың ұсынуы бойынша жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлейдi.

      478-бап. Төлемақы төлеу тәртiбi және мерзiмдерi

      1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың орналасқан жерi бойынша бюджетке төлемақы сомаларын төлеу банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын мекемелер арқылы аудару не ерекше қорғалатын табиғи аумақтар әкiмшiлiктерi белгiлеген бақылау-өткiзу пункттерiнде не өзге де арнайы жабдықталған орындарда қатаң есептiлiк бланкiлерi негiзiнде ақшаны қолма-қол төлеу арқылы жүргiзiледi.
      Қатаң есептiлiк бланкiлерiнiң нысанын және қолма-қол ақшамен енгiзiлген төлемақы сомаларының бюджетке енгiзiлу тәртiбiн уәкiлеттi мемлекеттiк органның келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлейдi.
      2. Қолдарында төлем төлегенiн растайтын құжаттар болған кезде ғана ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды төлемақы төлеушiлердiң пайдалануына жол берiледi.
      3. Төленген төлемақы сомалары қайтарылмайды.

87-тарау. Радиожиілік спектрін пайдаланғаны
үшін төлемақы

      479-бап. Жалпы ережелер

      1. Радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төлемақы (бұдан әрi - төлемақы) байланыс саласындағы уәкiлеттi орган бөлген радиожиiлiк спектрiнiң номиналдары (белдеулерi, диапазондары) (бұдан әрi - радиожиiлiк спектрiнiң номиналдары) үшiн алынады.
      2. Радиожиiлiк спектрiн пайдалану құқығы байланыс саласындағы уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен берген рұқсат құжаттармен куәландырылады.
      3. Радиожиiлiк спектрiнiң номиналдарын бөлу конкурстық негiзде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiлуi мүмкiн.
      Бұл орайда, конкурс қорытындылары бойынша жеңiмпаз Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен және мөлшерде мемлекеттiк бюджетке бiр жолғы төлемақы енгiзедi.
      4. Бюджетке төленуге тиiс бiр жолғы төлемақы сомасы осы баптың 3-тармағына сәйкес төлем есебiне есептелмейдi.

      480-бап. Төлеушiлер

      1. Заң актiсiнде белгiленген тәртiппен радиожиiлiк спектрiн пайдалану құқығын алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.
      2. Мыналар:
      1) өздерiне жүктелген негiзгi функционалдық мiндеттерiн орындау кезiнде радиожиiлiк спектрiн пайдаланатын мемлекеттiк мекемелер;
      2) осы Кодекстің 442-бабында аталған салық төлеушілер төлемақы төлеушiлер болып табылмайды.

      481-бап. Төлемақы ставкалары

      Жылдық төлемақы ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

      482-бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi

      1. Төлемақыны есептеудi байланыс саласындағы уәкiлеттi орган рұқсат құжаттарында көрсетілген техникалық параметрлерге сәйкес, радио байланысының түрi мен радиожиiлiк спектрiн пайдалану аумағына қарай, жылдық ставкалар негiзiнде жүргiзедi.
      2. Есептi салық кезеңiндегi радиожиiлiк спектрiн пайдалану кезеңi бiр жылдан кем болған жағдайда төлемақы сомасы жыл бойына есептелген төлем сомасын он екiге бөлiп, оны радиожиiлiк спектрi пайдаланылған айлардың санына көбейту арқылы анықталады.
      3. Байланыс саласындағы уәкілетті органдар төлемақының жылдық сомасын көрсетiп хабарлама жазады және оны төлеушiлерге ағымдағы есептi кезеңнің 20 ақпанынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде жiбередi.
      4. Радиожиiлiк спектрiн пайдалану құқығын куәландыратын рұқсат құжатын осы баптың 3-тармағында белгiленген мерзiмнен кейiн алған жағдайда, байланыс саласындағы уәкiлеттi орган салық төлеушiге төлемақы сомасын көрсете отырып, салық төлеушi радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат алған айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей хабарлама жiбередi.
      5. Жылдық төлемақы сомасы салық төлеушінің тiркеу есебiнде тұрған жерi бойынша бюджетке ағымдағы жылдың 20 наурызынан, 20 маусымынан, 20 қыркүйегiнен және 20 желтоқсанынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмдерде тең үлеспен төленедi.
      6. Радиожиiлiк спектрiн пайдалану құқығын куәландыратын рұқсат құжатын осы баптың 3-тармағында белгiленген мерзiмнен кейiн алған жағдайда, рұқсат құжатын алған күннен кейiнгi кезектi мерзiм алғашқы төлеу мерзiмi болып табылады.
      7. <*>
      8. Артық төленген төлемақы сомасы осы төлемақы бойынша өсiмпұлдар мен айыппұлдарды ақы есебiне есепке жатқызу жүргiзiлгеннен кейiн осы төлемақы бойынша алдағы төлемдегі есебiне есепке жатқызылуға немесе салық төлеушiнiң өтiнiшi бойынша оның банк шотына аударылуға тиiс.
      Ескерту. 482-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      483-бап. Салық кезеңi

      Төлемақы бойынша салық кезеңi осы Кодекстiң 136-бабына сәйкес белгiленедi.

      484-бап. Салық есептiлiгi

      1. Салық төлеушiлер жыл сайын салық төлеушiнiң тiркеу есебiнде тұрған жерi бойынша салық органдарына ағымдағы төлемдер сомасының есебi мен радиожиiлiк спектрiн пайдалану төлемақысы бойынша декларация табыс етедi.
      2. Ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабы есептi салық кезеңiнiң 15 наурызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде табыс етiледi.
      Радиожиiлiк спектрiн пайдалану құқығын осы Кодекстің 482-бабының 3-тармағында белгiленген мерзiмнен кейiн алған жағдайда, салық төлеушi ағымдағы төлемдер сомасының есебiн байланыс саласындағы уәкiлеттi органның жазып беретiн хабарламасын алған айдан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей табыс етедi.
      3. Декларация есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрілмей табыс етiледi.

88-тарау. Кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны
үшін төлемақы

      485-бап. Жалпы ережелер

      1. Кеме жүзетiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы (бұдан әрi - төлемақы) Қазақстан Республикасының кеме жүзетiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн алынады.
      2. Қазақстан Республикасының кеме жүзетiн су жолдарын пайдалану құқығы көлiктiк бақылау мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган беретiн рұқсат құжатымен әрбiр күнтiзбелiк жылға берiледi.
      3. Тиiстi рұқсат құжаты болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының кеме жүзетiн су жолдарын нақты пайдалану төлемақы сомасын өндiрiп алу және бюджетке енгiзу үшiн негiз болып табылады.
      4. Көлiктiк бақылау мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган келесi айдың 15-нен кешiктiрмей ай сайын салық органдарына уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгілеген нысан бойынша Қазақстан Республикасының кеме жүзетiн су жолдарын пайдалануға рұқсат құжатын алған тұлғалар бойынша мәлiметтер берiп отырады.

      486-бап. Төлеушiлер

      1. Қазақстан Республикасының кеме жүзетiн су жолдарын пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.
      2. Мемлекеттiк мекемелер төлемақы төлеушiлер болып табылмайды.

      487-бап. Төлемақы ставкалары

      Төлемақы ставкаларын Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.

      488-бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi

      1. Кеме жүзетiн су жолдарын пайдаланушылардан алынатын төлемақы мөлшерi рұқсат беру құжатында белгiленген, бiрақ бiр күнтiзбелiк ай үшiн төлемақы мөлшерiнен кем емес төлемақы ставкалары мен кеме жүзетiн су жолдарын пайдаланудың нақты мерзiмi негiзге алына отырып анықталады.
      2. Ай сайынғы төлемақы мөлшерi көлiктiк бақылау мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган ағымдағы жылға белгiлейтiн навигация кезеңiне жыл бойынша есептелген төлемақы сомасын бөлу жолымен анықталады.
      3. Ағымдағы ай iшiнде бюджетке енгiзуге жататын төлемақы сомасы келесi айдың 20-сынан кешiктiрiлмей төленедi.
      4. Төлемақы төлеушiлер рұқсат құжатын алу кезiнде көлiктiк бақылау мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының кеме жүзетiн су жолдарын пайдаланудың бiрiншi айы үшiн бюджетке төлемақы сомасы енгiзiлгенiн растайтын құжатты табыс етедi.
      5. Кеменiң бiр жолғы кiруi кезiнде шетелдiк жеке және заңды тұлғалар үшiн бюджетке төлемақы рұқсат құжатын алғанға дейiн айлық ставка мөлшерiнде енгiзiледi. Қазақстан Республикасының кеме жүзетiн су жолдарында шетелдiк тұлғалар бiр айдан астам болған кезде бюджетке төлемақы осы бапта белгiленген тәртiппен енгiзiледi.
      6. Төлемақы сомалары бюджетке кеме жүзетiн су жолдарын пайдалану орны бойынша енгiзiлуге тиiс.
      7. Төленген сомалар қайтарылуға тиiс емес.

89-тарау. Сыртқы (көрнекі) жарнамалар орналастырғаны
үшін төлемақы

      489-бап. Жалпы ережелер

      1. Сыртқы (көрнекi) жарнамалар орналастырғаны үшiн төлемақы (бұдан әрi - төлемақы) жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде және Қазақстан Республикасы аумағындағы елдi мекендерде плакаттар, стендiлер, жарық түсiретiн табло, билбордтар, транспаранттар, афишалар түрiнде сыртқы (көрнекi) жарнамалар объектілерiн орналастыруға және басқа да тұрақты жарнамалар орналастыру объектiлерiне құқық үшiн алынады.
      2. Сыртқы (көрнекi) жарнама объектiсiн (бұдан әрi - жарнама объектiсi) орналастыру:
      1) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде жарнама объектiлерiн орналастыру кезiнде - Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен белгiлi бiр мерзiмге автомобиль жолдары мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - жол органы) беретiн құжат негiзiнде;
      2) елдi мекендерде жарнама объектiлерiн орналастыру кезiнде - жергiлiктi атқарушы органдардың елдi мекендерде сыртқы (көрнекi) жарнама орналастыру тәртiбi мен шарттары жөнiнде белгiлеген талаптарына сәйкес берiлетiн рұқсат негiзiнде жүргiзiледi.
      Тиiстi құжаттарсыз жарнама объектiлерiн орналастыруға тыйым салынады.
      3. Тиiстi рұқсат құжаттары болмаған кезде жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жарнама объектiлерiне бөлiнген белдеуiндегi жер учаскелерiн нақты пайдалану және (немесе) оларды елдi мекендерде орналастыру төлемақы сомаларын бюджетке өндiрiп алу және енгізу үшiн негiз болып табылады.
      4. Жол органдары және жергiлiктi атқарушы органдар ай сайын, айдың 15-iнен кешiктiрмей салық органдарына мемлекеттiк уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша рұқсат беру құжатын алған тұлғалар жөнiнде мәлiмет бередi.

      490-бап. Төлеушiлер

      1. Жарнама объектiлерiн орналастырушы жеке және заңды тұлғалар (соның iшiнде жеке кәсiпкерлер) төлемақы төлеушiлер болып табылады.
      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары олардың өз функцияларын iске асыруына байланысты орналастырылған сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерi бойынша төлемақы төлеушiлер болып табылмайды.

      491-бап. Төлемақы ставкалары

      Төлемақы ставкаларын жарнама объектiлерiнiң көлемiн негiзге ала отырып:
      1) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде орналастырылатын жарнама объектiлерi бойынша - Қазақстан Республикасының Yкiметi;
      2) жергіліктi маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде орналастырылатын және елдi мекендерде орналастырылатын жарнама объектiлерi бойынша - жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлейдi.

      492-бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi

      1. Алынатын төлемақы мөлшерi рұқсат құжатында белгiленген, бiрақ бiр күнтiзбелiк ай үшiн төлемақы мөлшерiнен кем емес төлемақы ставкасы және жарнама объектiлерiн орналастырудың нақты мерзiмi негiзге алына отырып анықталады.
      2. Бiр күнтiзбелiк ай үшiн бюджетке енгiзiлуге тиiстi төлемақы сомалары келесi айдың 20-сынан кешiктiрiлмей төленедi.
      3. Төлемақы төлеушiлер рұқсат құжатын алу кезiнде жол органына немесе жергiлiктi атқарушы органдарға жарнаманы орналастырудың бiрiншi айы үшiн төлемақы сомасын бюджетке енгiзгендiгiн растайтын құжатты табыс етедi.
      4. Төлемақы сомалары бюджетке сыртқы (көрнекi) жарнама объектiсiнiң орналасқан орны бойынша енгiзiлуге тиiс.
      5. Төленген төлемақы сомалары қайтарылуға тиiс емес.

90-тарау. Мемлекеттік баж

Параграф 1. Мемлекеттiк баж

      493-бап. Жалпы ережелер

      Мемлекеттiк баж - уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәнi бар iс-қимылдар жасағаны үшiн және (немесе) құжаттарды бергенi үшiн алынатын мiндеттi төлем.

      494-бап. Төлеушiлер

      Заңдық мәнi бар iс-қимылдар жасау және (немесе) құжаттар беру жөнiнде мемлекет уәкiлдiк берген органдарға немесе лауазымды адамдарға өтiнiш жасайтын жеке және заңды тұлғалар мемлекеттiк баж төлеушілер болып табылады.

      495-бап. Баж алу объектiлерi

      1. Мыналардан:
      1) сотқа берiлетiн талап арыздардан, ерекше жүргiзiлетiн iстер бойынша арыздардан (шағымдардан), апелляциялық шағымдардан, атқару парағының дубликатын беру туралы мәселе бойынша сот ұйғарымына жеке шағымдардан, сот бұйрығын шығару туралы өтiнiштерден, сондай-ақ соттың шетел соттары мен арбитраждарының шешiмдерi бойынша орындау парағын, құжаттардың көшiрмелерiн (дубликаттарын) бергенi үшін; <*>
      2) нотариаттық iс-қимылдар жасағаны үшiн, сондай-ақ нотариат куәландырған құжаттар көшiрмелерiн (дубликаттарын) бергенi үшiн;
      3) азаматтық хал актiлерiн тiркегенi үшiн, сондай-ақ азаматтарға азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы куәлiктердi және азаматтық хал актiлерi жазбаларын өзгертуге, толықтыруға және қалпына келтiруге байланысты куәлiктердi қайтадан бергенi үшiн;
      4) шетелге баруға және Қазақстан Республикасына басқа мемлекеттерден адамдарды шақыруға құқық беретiн құжаттарды ресiмдегенi үшiн, сондай-ақ осы құжаттарға өзгерiстер енгiзгенi үшiн;
      5) шетелдiктердiң паспорттарына немесе оларды ауыстыратын құжаттарына Қазақстан Республикасынан кету және Қазақстан Республикасына келу құқығына виза бергенi үшiн;
      6) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiру және Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату туралы құжаттарды ресiмдегенi үшін;
      7) тұрғылықты жерiн тiркегенi үшiн;
      8) аңшылық құқығына рұқсат бергенi үшiн;
      9) жеке басты куәландыратын құжаттарды бергені үшін; <*>
      10) қаруды және оның оқтарын сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға, Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге рұқсат бергенi үшiн;
      11) азаматтық қаруды (аңшылық суық қаруды, пневматикалық қаруды және аэрозольдық газды құрылғыларды қоспағанда) тiркегенi және қайта тiркегенi үшiн;
      12) Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған, ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдардың апостиль қойғаны үшiн; <*>
      13) жүргiзушi куәлiгiн, көлiк құралдарын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктi, мемлекеттiк нөмiр белгiлерiн бергенi үшiн мемлекеттiк баж алынады. <*>
      2. Мемлекеттiк баждың тiркелген проценттiк ставкалары, егер осы Кодексте өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының заң актiсiмен мемлекеттiк баж төлеу күнiне белгiленген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерi негiзге алына отырып есептеледi.
      Ескерту. 495-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен. (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді)
      Ескерту. 495-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      496-бап. Мемлекеттiк баждың соттардағы ставкалары

      1. Сотқа берiлетiн талап арыздардан, ерекше жүргiзiлетiн iстер бойынша арыздардан (шағымдардан), аппелляциялық шағымдардан, сот бұйрығын шығару туралы, аппелляциялық шағымға қосылу туралы өтiнiштерден, сондай-ақ соттың құжаттардың көшiрмелерiн (дубликаттарын) бергенi үшiн мынадай мөлшерде мемлекеттiк баж алынады: <*>
      1) мүлiктiк сипаттағы талап арыздардан:
      жеке тұлғалар үшiн - талап қою сомасының 1 процентi;
      заңды тұлғалар үшiн - талап қою сомасының 3 процентi;
      2) мемлекеттiк органдардың және олардың лауазымды адамдарының жеке тұлғалардың құқықтарына нұқсан келтiретiн заңсыз iс-әрекетiне шағымдардан - 30 процент;
      3) мемлекеттiк органдардың және олардың лауазымды адамдарының заңды тұлғалардың құқықтарына нұқсан келтiретiн заңсыз iс-әрекетiне шағымдардан - 500 процент;
      4) салық тексеруi актiлерi бойынша хабарламаларға дауласу туралы талап арыздардан:
      жеке кәсiпкерлер мен шаруа (фермер) қожалықтары үшiн - есептелген салық пен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер (өсiмпұлдарды қоса) сомасының және хабарламада көрсетiлген айыппұлдардың 0,1 процентi;
      заңды тұлғалар үшiн - есептелген салық пен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер (өсiмпұлдарды қоса) сомасының және хабарламада көрсетiлген айыппұлдардың 1 процентi;
      5) некенi бұзу туралы талап арыздардан - 30 процент.
      Неке бұзу кезiнде мүлiктi бөлген жағдайларда баж осы баптың 1) тармақшасына сәйкес талап қою бағасына қарай белгiленедi;
      6) белгiленген тәртіппен хабар-ошарсыз кеттi деп немесе жүйке ауруы немесе ақыл-есiнiң кемдiгi салдарынан iс-әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамдармен, не үш жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен неке бұзу кезiнде мүлiктi бөлу туралы талап арыздардан осы баптың 1) тармақшасына сәйкес;
      7) тұрғын үй-жайларды жалға алу туралы шартты өзгерткенi немесе бұзғаны туралы, мұраға қабылдау мерзiмiн ұзарту туралы, тыйым салынған мүлiктi босату туралы талап арыздардан және мүлiктiк емес сипаттағы немесе бағалауға жатпайтын басқа да талап арыздардан - 50 процент;
      8) ерекше жүргiзiлетiн iстер бойынша арыздардан (шағымдардан) - 50 процент;
      9) сот шешiмiне жасалған апелляциялық шағымдардан - мүлiктiк емес сипаттағы талап арызды берген кездегi алынатын мемлекеттiк баж мөлшерiнен - 50 процент, ал мүлiктiк сипаттағы даулар бойынша - арыз берушi дауға салып отырған сома негiзге алына отырып есептелген мемлекеттiк баж мөлшерiнен; <*>
      9-1) сот бұйрығын шығару туралы өтiнiштерден - осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген мемлекеттiк баж ставкасының 50 процентi; <*>
      10) атқару парағының дубликатын беру туралы мәселе бойынша сот ұйғарымына жеке шағымдардан, сондай-ақ шетел соттары мен арбитраждарының шешiмдерi бойынша орындау парағын бергенi үшiн - 500 процент; <*>
      11) сот шешiмдерiнен, үкiмдерiнен, ұйғарымдарынан, соттың өзге де қаулыларынан көшiрмелердi (дубликаттарды), сондай-ақ iске қатысатын тараптар мен басқа да адамдардың өтiнiшi бойынша соттар берген iстiң басқа да құжаттарының көшiрмелерiн қайталап бергенi үшiн - әрбiр құжат үшiн 10 процент және, одан басқа, әрбiр дайындалған бет үшiн 3 процент;
      12) заңды тұлғаларды банкрот деп тану туралы арыздардан - 500 процент.
      2. Мүлiктiк сипаттағы және мүлiктiк емес сипаттағы талаптар қоса көрсетiлген талап арыздар үшiн мүлiктiк сипаттағы талап арыздар мен мүлiктiк емес сипаттағы талап арыздарға белгiленген мемлекеттiк баж бiр мезгiлде алынады.
      Ескерту. 496-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.

      497-бап. Нотариаттық iс-әрекеттер жасағаны үшiн алынатын
               мемлекеттiк баж ставкалары

      Нотариаттық iс-әрекеттер жасағаны үшiн, сондай-ақ құжаттардың нотариатта куәландырылған көшiрмелерiн бергенi үшiн мемлекеттiк баж мынадай мөлшерлерде алынады:
      1) қалалық жерлердегi жылжымайтын мүлiктi (жер учаскелерiн, тұрғын үйлердi, пәтерлердi, саяжайларды, гараждарды, құрылыстар мен өзге де жылжымайтын мүлiктi) иелiктен айыру туралы шарттарды куәландырғаны үшiн:
      егер тараптардың бiрi заңды тұлға болса - 1000 процент;
      құны 30 айлық есептiк көрсеткiшке дейiн:
      балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-iнiлерi, апа-қарындастары мен сiңлiлерiне, немерелерiне - 100 процент; <*>
      басқа адамдарға - 300 процент; <*>
      құны 30 айлық есептiк көрсеткiштен жоғары:
      балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-iнiлерi, апа-қарындастары мен сiңлiлерiне, немерелерiне - 500 процент;
      басқа адамдарға - 700 процент;
      егер мәмiле жылжымайтын мүлiктi ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша алынған қаражат есебiнен сатып алу мақсатында жасалатын болса - 200 процент; <*>
      2) ауылдық жерлердегi жылжымайтын мүлiктi (жер учаскелерiн, тұрғын үйлердi, пәтерлердi, саяжайларды, гараждарды, ғимараттар мен өзге де жылжымайтын мүлiктi) иелiктен айыру туралы шарттарды куәландырғаны үшiн:
      егер тараптардың бiрi заңды тұлға болса - 100 процент;
      балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-iнілерi, апа-қарындастары мен сiңлiлерiне, немерелерiне - 50 процент;
      басқа адамдарға - 70 процент;
      3) автомотокөлiк құралдарын иелiктен айыру туралы шарттарды куәландырғаны үшiн:
      егер тараптардың бiрi заңды тұлға болса - 700 процент;
      балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-iнiлерi, апа-қарындастары мен сiңлiлерiне, немерелерiне - 200 процент;
      басқа адамдарға - 500 процент;
      4) жалға беру, қарыз, (ипотекалық тұрғын үй заемын қоспағанда)кепiлақы, лизинг, мердiгерлiк, неке келiсiм-шарттары, ортақ меншiктегi мүлiк бөлiсi, мұрагерлiк мүлiктi бөлу, алименттердi төлеу жөнiндегi келiсiмдердi, құрылтай шарттарын куәландырғаны үшiн - 500 процент; <*>
      4-1) ипотекалық тұрғын үй заемы шарттарын куәландырғаны үшiн - 200 процент; <*> 
      5) өсиетхаттарды куәландырғаны үшiн - 100 процент;
      6) мұрагерлiкке құқық туралы куәлiктi беру үшiн - берiлген әр куәлiкке 100 процент;
      7) ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiндегi үлеске және бiрлескен ортақ меншiк құқығындағы мүлкi бар өзге адамдардың меншiк құқығы туралы куәлiктi беру үшiн - 100 процент;
      8) мүлiктi пайдалану мен иелену құқығы туралы сенiмхаттарды куәландырғаны үшiн - 50 процент;
      9) сату құқығынсыз автокөлiк құралдарын пайдалану және басқару құқығына сенiмхаттарды куәландырғаны үшiн - 100 процент;
      10) автокөлiк құралдарын сатуға, сыйға тартуға айырбастауға сенiмхаттарды куәландырғаны үшiн - 200 процент;
      11) өзге сенiмхаттарды куәландырғаны үшiн:
      жеке тұлғаларға - 10 процент;
      заңды тұлғаларға - 50 процент;
      12) мұраға қалдырылған мүлiктi қорғау жөнiнде шаралар қолданғаны үшiн - 100 процент;
      13) теңiздiк наразылық бiлдiргенi үшiн - 50 процент;
      14) құжаттардың көшiрмесi мен құжаттардың үзiндi көшiрмесiнің растығын куәландырғаны үшiн (әр бетiне):
      жеке тұлғаларға - 5 процент;
      заңды тұлғаларға - 10 процент;
      15) құжаттардағы қойылған қолдың, сондай-ақ құжаттардың бiр тiлден басқа тiлге аудармасының дұрыстығын куәландырғаны үшiн (әр құжат үшiн):
      жеке тұлғаларға - 3 процент;
      заңды тұлғаларға - 10 процент;
      16) жеке және заңды тұлғалардың басқа жеке және заңды тұлғаларға өтiнiштерiн бергенi үшiн - 20 процент;
      17) құжаттардың нотариат куәландырған көшiрмелерiн бергенi үшiн - 20 процент;
      18) дубликаттарды бергенi үшiн - 100 процент;
      19) банктерде шоттар ашқан кезде қойылған қолдың растығын куәландырғаны үшiн (әр құжат үшiн):
      жеке тұлғаларға - 10 процент;
      заңды тұлғаларға - 50 процент;
      20) жылжымайтын мүлiктiң кепiл шарттарын, ипотекалық тұрғын үй заемдары бойынша талап етiлетiн құқықтарды және ипотекалық куәлiктердi куәландырғаны үшiн - 200 процент; өзге де кепiл шарттарын куәландырғаны үшiн - 700 процент; <*>
      21) вексель наразылығын жасағаны үшiн және чектiң төленбегенiн куәландырғаны үшiн - 50 процент;
      22) құжаттарды және бағалы қағаздарды сақтағаны үшiн - әр айға 10 процент;
      23) кепiлгерлiк пен кепiлдiк шарттарын куәландырғаны үшiн - 50 процент;
      24) Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде көзделген басқа нотариаттық әрекеттердi жасағаны үшiн - 20 процент.
      Ескерту. 497-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.
      Ескерту. 497-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      498-бап. Азаматтық хал актiлерiн тiркегенi үшiн
               мемлекеттiк баж ставкалары

      1. Азаматтық хал актiлерiн тiркегенi үшiн, азаматтарға азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы куәлiктердi, сондай-ақ туу, неке, некенi бұзу, өлiм туралы актiлердiң жазбаларын өзгертуге, толықтыруға, түзету мен қалпына келтiруге байланысты куәлiктердi қайталап бергенi үшiн мемлекеттiк баж мынадай мөлшерлерде алынады:
      1) тууды тiркегенi, әкелiктi анықтағаны, Қазақстан Республикасы азаматтарының ұл бала асырап (қыз бала асырап) алғанын тiркегенi үшiн - 100 процент;
      2) некеге тұруды тiркегенi үшiн - 30 процент;
      3) некенi бұзуды тiркегенi үшiн:
      кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлi-зайыптылардың өзара келiсiмi бойынша - 200 процент;
      сот шешiмi негiзiнде - 150 процент (ерлi-зайыптылардың бiреуiнен немесе екеуiнен);
      белгіленген тәртiппен хабар-ошарсыз кеттi деп немесе жүйке ауруы немесе ақыл-есiнің кемдiгi салдарынан әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамдармен не қылмыс жасағаны үшiн үш жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен сот шешiмi негiзiнде - 10 процент;
      4) тегiн, атын немесе әкесiнiң атын, ұлтын және жынысын өзгерткенiн тiркегенi үшiн - 10 процент;
      осы негiзде берiлген жұбайының, балаларының әрбiр құжаты үшiн - 10 процент;
      5) туу, неке, некенi бұзу, қайтыс болу туралы актiлер жазбаларын өзгертуге, толықтыруға, түзету мен қалпына келтiруге байланысты куәлiктердi бергенi үшiн - 10 процент;
      6) азаматтық хал актiлерiн тiркегенi туралы куәлiктердi қайталап бергенi үшiн - 100 процент;
      7) шетел азаматтарының ұл бала асырап (қыз бала асырап) алғанын тiркегенi үшiн - 200 процент.
      2. Қайтыс болуды тiркеу, сондай-ақ азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiнде жiберiлген қателерге байланысты куәлiктер беру мемлекеттiк баж алынбай жүргiзiледi.
      ЕСКЕРТУ. 498-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2002.03.21. N 310 Заңымен . (бұл өзгеріс 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      499-бап. Шетелге шығуды, Қазақстан Республикасының
               азаматтығын алуды, Қазақстан Республикасының
               азаматтығын қалпына келтiрудi немесе Қазақстан
               Республикасының азаматтығын тоқтатуды ресiмдеу
               кезiндегi мемлекеттiк баж ставкалары

      Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiруге немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасына келуге немесе шетелге шығуға байланысты iс-әрекеттер жасағаны үшiн мынадай мөлшерде:
      1) шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға мыналарға құқық беретiн виза бергенi немесе ұзартқаны үшiн:
      Қазақстан Республикасынан кетуге - 50 процент;
      Қазақстан Республикасына келуге және Қазақстан Республикасынан кетуге - 100 процент;
      2) шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға шекараны көп мәрте кесiп өту құқығына виза бергенi үшiн - 200 процент;
      3) Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасынан кетуге және Қазақстан Республикасына келуге құқық беретiн құжаттарына өзгерiстер енгiзгенi үшiн - 100 процент;
      4) Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға шетелден шақыру келгенi туралы құжаттар бергенi үшiн - әрбiр шақырылған адам үшiн 50 процент;
      5) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiру, Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату туралы құжаттарды ресiмдегенi үшiн - 100 процент;
      6) Қазақстан Республикасына шақыру туралы жоғалған не бүлiнген құжаттарды ауыстырып бергенi үшiн - осы баптың тиiсiнше 1), 2), 4) тармақшаларында көрсетілген мөлшерде мемлекеттiк баж алынады.

      500-бап. Басқа да iс-әрекеттер жасағаны үшiн
               мемлекеттiк баж ставкалары

      Басқа да iс-әрекеттер жасағаны үшiн:
      1) тұрғылықты жерiн тiркегенi үшiн - 10 процент;
      2) аң аулау құқығына рұқсат бергенi үшiн - 10 процент;
      3) мыналарды бергенi үшiн:
      Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі - 400 процент; <*>
      Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігi, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат, уақытша жеке куәлігі - 20 процент; <*>
      4) мыналарды бергенi үшiн:
      қаруды және оның патрондарын әкелуге рұқсат - 200 процент;
      қаруды және оның патрондарын әкетуге рұқсат - 200 процент;
      қаруды және оның патрондарын сатып алуға рұқсат - 50 процент;
      қаруды және оның патрондарын сақтауға рұқсат - 50 процент;
      қаруды және оның патрондарын сақтау мен алып жүруге рұқсат - 100 процент;
      қаруды және оның патрондарын тасымалдауға рұқсат - 200 процент;
      қаруды және оның патрондарын қайта тiркеуге рұқсат - 100 процент;
      қаруды және оның патрондарын комиссиялық сатуға рұқсат - 100 процент;
      5) азаматтық қаруды (аңшылық суық қаруды, пневматикалық және газды аэрозольдi құрылғыларды қоспағанда) тiркегенi және қайта тiркегенi үшiн - 10 процент;
      6) жеке басты куәландыратын құжаттарға өзгерiстер енгiзгенi үшiн - 10 процент;
      7) Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдар апостиль қойғаны үшiн - 20 процент; <*>
      8) мыналар үшiн:
      жүргiзушiнiң куәлiгiн бергенi үшiн - 125 процент;
      көлiк құралдарының мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiктi бергенi үшiн - 125 процент;
      автомобильге мемлекеттiк тiркеудiң нөмiр таңбасын бергенi үшiн - 280 процент;
      мотокөлiкке, автомобиль тiркемесiне мемлекеттiк тiркеудiң нөмiр таңбасын бергенi үшiн - 140 процент;
      көлiк құралын айдап әкелгенi үшiн мемлекеттiк тiркеудiң нөмiр (транзиттiк) таңбасын бергенi үшiн - 35 процент мөлшерiнде мемлекеттiк баж алынады. <*>
      Ескерту. 500-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.
      Ескерту. 500-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      501-бап. Соттарда мемлекеттiк баж төлеуден босату

      Соттарда:
      1) талапкерлер - еңбекке ақы төлеу сомаларын өндiрiп алу туралы талап қоюлар және еңбек қызметiне байланысты басқа да талаптар бойынша;
      2) талапкерлер - авторлық құқықтан, сондай-ақ жаңалық ашуға, өнертабысқа, рационализаторлық ұсынысқа және өнеркәсiптiк үлгiлерге құқықтардан туындайтын талап қоюлар бойынша;
      3) талапкерлер - алименттердi өндiрiп алу туралы талап қоюлар бойынша;
      4) талапкерлер - мертiгуге немесе денсаулығына зақым келтiрiлуге, сондай-ақ асыраушысының қайтыс болуына байланысты келтiрiлген зиянның орнын толтыру туралы талап қоюлар бойынша;
      5) талапкерлер - қылмыспен келтiрiлген материалдық залалдың орнын толтыру туралы талап қоюлар бойынша;
      6) жеке адамдар - некенi бұзу туралы iстер бойынша апелляциялық шағымдардан; <*>
      7) iске қатысы жоқ адамдардан басқа жеке және заңды тұлғалар - оларға қылмыстық iстерге және алимент бойынша iстерге байланысты құжаттар бергенi үшiн;
      8) талапкерлер - Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңдарын бұзу арқылы мемлекетке келтiрiлген залалды өтеу қаражатын мемлекет кiрiсiне өндiрiп алу туралы талап қоюлар бойынша;
      9) бiлiктi еңбек қызметкерлерiн және бiлiктiлiгi көтерiңкi деңгейдегi жұмысшы кадрларын дайындауды қамтамасыз ететiн кәсiптiк мектептер мен кәсiптiк лицейлер - оқу орындарын өз бетiмен тастап кеткен немесе олардан шығарылған оқушыларды күтіп-қарауға мемлекет шығарған шығындарды өндiрiп алу жөнiндегi талап қоюлар бойынша;
      10) жеке тұлғалар - қылмыспен келтiрiлген материалдық залалды өндiрiп алудың дұрыстығына дау айтылатын қылмыстық iстер бойынша апелляциялық шағымдардан; <*>
      11) заңдарда көзделген жағдайларда басқа тұлғалардың немесе мемлекеттiң құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғауға сотқа арыз жазып жүгiнген жеке және заңды тұлғалар;
      12) талапкерлер - Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар, I және II топтағы мүгедектер - барлық iстер мен құжаттар бойынша;
      13) талапкерлер - оралмандар (репатрианттар) Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға байланысты барлық iстер мен құжаттар бойынша;
      14) жеке және заңды тұлғалар - сотқа мынадай арыздарды бергенi үшін:
      іс жүргiзудi қысқарту туралы сот ұйғарымының күшiн жою немесе соттың iс жүргiзудi қысқарту туралы мәлiмдемесiн қарамай қалдыру немесе арызды қарамай қалдыру туралы;
      шешiмнiң орындалуын кейiнге қалдыру немесе мерзiмiн ұзарту туралы;
      шешiмдi орындаудың әдiсi мен тәртiбiн өзгерту туралы;
      талап қоюларды қамтамасыз ету немесе қамтамасыз етудiң бiр түрiн басқаларымен ауыстыру туралы;
      жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша соттың шешiмдерiн, ұйғарымдарын немесе қаулыларын қайта қарау туралы;
      сот ұйғарымдарымен салынған айыппұлдарды қосу немесе азайту туралы;
      өткiзiп алған мерзiмдi қалпына келтiру туралы сот шешiмдерiнің орындалуын керi бұрып атқару туралы;
      апелляциялық шағымға қосылу туралы; <*>
      сондай-ақ:
      сот орындаушыларының iс-әрекеттерiне;
      соттардың айыппұлдарды қосудан немесе азайтудан бас тарту туралы ұйғарымдарына жеке шағымдар;
      сот ұйғарымдарына басқа да жеке шағымдар;
      әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша қаулыларға шағымдар;
      соттың сырттай шешiмiнiң күшiн жою туралы;
      15) прокуратура органдары - барлық талап қоюлар бойынша;
      16) мемлекеттiк мекемелер - үшiншi тұлғалардың мүдделерiн қорғайтын жағдайларды қоспағанда, өздерiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша талап қойған және сот шешiмiне шағым жасаған кезде;
      17) мүгедектердiң қоғамдық ұйымдары - өздерiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша талап қоюларды берген кезiнде;
      18) сақтандырушылар мен сақтанушылар - мiндеттi сақтандыру шарттарынан туындайтын талап қоюлар бойынша;
      19) талапкерлер мен жауапкерлер - азаматқа заңсыз сотталу, бұлтартпау шарасы ретiнде күзетпен қамауға алуға заңсыз тарту не тұтқынға алу немесе түзеу жұмыстары түрiнде заңсыз әкiмшiлiк жазаға тарту арқылы келтiрiлген залалды өтеуге байланысты даулар бойынша;
      20) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi, оның филиалдары мен өкiлдiктерi - өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша талап қоюларды берген кезде;
      20-1) қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган - өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша талап-арыздар берген кезде; <*>
      21) ерiксiз таратылатын банктердің тарату комиссиялары - қарыз берешегiн өндiрiп алу туралы және таратылатын банктердің борышкерлерiн банкрот деп тану туралы талап қоюлар бойынша мемлекеттiк баж төлеуден босатылады.
      Ескерту. 501-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.
      Ескерту. 501-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2003.07.10. N 483 Заңымен.
      Ескерту. 501-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      502-бап. Нотариаттық iс-қимылдар жасаған кезде
               мемлекеттiк баж төлеуден босату

      Нотариаттық iс-қимылдар жасаған кезде мыналар:
      1) жеке тұлғалар - өздерiнің, мемлекет пайдасына мүлiктi сыйға тартатын өсиеттерiн, шарттарын куәландырғаны үшiн;
      2) мемлекеттiк мекемелер - оларға мемлекеттің мұраға құқығы туралы куәлiктердi (куәлiктердiң дубликаттарын) бергенi үшiн, сондай-ақ осы куәлiктердi (куәлiктердiң дубликаттарын) алу үшiн қажеттi барлық құжаттар үшiн;
      3) жеке адамдар - оларға мұраға құқық туралы куәлiктер берiлгенi үшін:
      Қазақстан Республикасын қорғау кезiнде, өзге де мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттердi орындауға байланысты не адам өмiрiн құтқарып қалу, мемлекеттiк меншiктi және құқықтық тәртiптi қорғау жөнiндегi Қазақстан Республикасы азаматының борышын орындауға байланысты қаза тапқан адамдардың мүлкi;
      егер мұрагер мұра қалдырушы қайтыс болған күнде мұра қалдырушымен кемiнде үш жыл тұрған болса және ол қайтыс болғаннан кейiн де осы үйде (пәтерде) тұруын жалғастырып жатса, тұрғын үйi (пәтерi) немесе тұрғын үй-құрылыс кооперативiндегi пайы;
      сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерi, мемлекеттiк заемдардың облигациялары, еңбекке төленетiн ақы, авторлық құқық сомалары, авторлық қаламақы және ашқан жаңалықтары, өнертабыстары мен өнеркәсiптiк үлгiлерi үшiн сыйақы сомалары;
      ақталған азаматтардың мүлкi;
      4) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестiрiлген адамдар, I және II топтардағы мүгедектер - барлық нотариаттық iс-әрекеттер бойынша;
      5) оралмандар (репатрианттар) - Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға байланысты барлық нотариаттық iс-әрекеттерi бойынша;
      6) Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi, оның филиалдары мен өкiлдiктерi - өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша нотариаттық iс-әрекеттер жасау үшiн өтiнiш берген кезiнде;
      6-1) қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган - өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша нотариаттық iс-әрекеттер жасауға өтiнiш жасаған кезде; <*>
      7) "Ардақты Ана" атағы берiлген, "Алтын алқа", "Күмiс алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналар - барлық нотариаттық iс-әрекеттер бойынша;
      8) заңдарда белгiленген тәртіппен қорғаншылық тағайындалған созылмалы жүйке ауруымен ауыратын жеке адамдар - өздерiнiң мүлiкке мұрагерлiгi туралы куәлiктер алғаны үшiн;
      9) "Қазақстан мүгедектерiнiң ерiктi қоғамы" одағы (ҚМЕҚ), Қазақ саңыраулар қоғамы (ҚСҚ), Қазақ зағиптар қоғамы (ҚЗҚ), сондай-ақ олардың өндiрiстiк кәсiпорындары барлық нотариалдық iс-әрекет бойынша мемлекеттiк баж төлеуден босатылады.
      Ескерту. 502-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2003.07.10. N 483 Заңымен.

      503-бап. Азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiнде
               мемлекеттiк баж төлеуден босату

      Азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiнде мыналар:
      1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар, барлық топтардағы мүгедектер, қорғаншылар (қамқоршылар), мемлекеттiк және қоғамдық ұйымдар - тууы туралы куәлiктер тiркелгенi және қайталап берілгенi үшін;
      2) жеке адамдар - азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiнде жiберiлген қателерге байланысты туу, қайтыс болу туралы, әкелiктi анықтау, ұл бала асырап алу (қыз бала асырап алу) туралы актiлер жазбалары өзгертілген, толықтырылған және түзетiлген кезде өздеріне куәлiктер бергенi үшiн;
      3) жеке адамдар - ақталған туыстарының қайтыс болуы туралы оларға бұрын берiлген куәлiктер қайталап немесе алмастырылып берiлгенi үшiн;
      4) жеке адамдар - бала асырап алу мен әкелiктi анықтауға байланысты актiлер жазбаларына өзгерiстер, толықтырулар енгiзiлгенi үшiн мемлекеттiк баж төлеуден босатылады.

      504-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына
               келтiру және алу кезiнде мемлекеттiк баж
               төлеуден босату <*>
 
      Мыналар:
      жаппай қуғын-сүргiндер, күштеп ұжымдастыру кезеңдерiнде, өзге де имандылыққа жат саяси акциялар салдарынан Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге мәжбүр болған адамдар және олардың ұрпақтары - Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiру туралы өздерi тiлек бiлдiрген жағдайда;
      оралмандар Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдаған кезде мемлекеттiк баж төлеуден босатылады. <*>
      Аталған мемлекеттiк баж төлеуден босату бiр рет берiледi.
      Ескерту. 504-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.

      505-бап. Қазақстан Республикасынан кету және Қазақстан
               Республикасына келу жөнiндегi iстер бойынша
               мемлекеттiк баж төлеуден босату <*>

      Қазақстан Республикасынан кету жөнiндегi iстер бойынша мыналар:
      1) Кеңес Одағының Батырлары мен Социалистiк Еңбек Ерлерi, Даңқ орденiнiң үш дәрежесiмен және Еңбек даңқы орденiнiң үш дәрежесiмен, "Алтын Қыран", "Халық қаhарманы", "Отан" ордендерiмен наградталған адамдар, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi және соларға теңестiрiлген басқа да мүгедектер, бала кезiнен мүгедектер, І топтағы мүгедек және оны ертiп жүретiн адам, сондай-ақ ІІ топтағы мүгедектер, Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар;
      2) азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шарттарға сәйкес басқа мемлекеттердiң соттарына азаматтық және қылмыстық iстер бойынша тараптар, куәлер және сарапшылар ретiнде шақырылған жеке адамдар - оларға шетелге кетуге құжаттар берiлгенi үшiн мемлекеттiк баж төлеуден босатылады.
      Қазақстан Республикасына келу жөнiндегi iстер бойынша оралмандар олардың паспорттарына немесе солардың орнына берiлетiн құжаттарына Қазақстан Республикасына келуге рұқсат берiлетiн виза берiлген кезде мемлекеттiк баж төлеуден босатылады. <*>
      Ескерту. 505-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.

      506-бап. Басқа да iс-әрекеттер жасаған кезде
               мемлекеттiк баж төлеуден босату

      1. Тұрғылықты жерiн тiркегенi үшiн мыналар:
      1) қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерде тұратын қарттар мен мүгедектер;
      2) мектеп-интернаттардың, кәсiптiк мектептер мен кәсiптiк лицейлердiң мемлекет толық қамсыздандыратын және жатақханаларда тұратын оқушылары;
      3) оралмандар (репатрианттар) - Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейiн;
      4) Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Даңқ және үш дәрежелі Еңбек Даңқы, "Алтын қыран", "Халық қаһарманы", "Отан" ордендерімен наградталған адамдар, "Ардақты ана" атағын алған, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған көп балалы аналар; <*>
      5) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оның мүгедектері және Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес, оларға теңестірілген адамдар; бала кезінен мүгедектер; І және ІІ топтағы мүгедектер; Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар мемлекеттік баж төлеуден босатылады. <*>
      2. Аң аулау құқығына рұқсат бергенi үшiн: аңшылық мамандары, қорықшылар мен штаттағы аңшылар - оларға аң аулау құқығына рұқсаттар берiлгенi немесе ұзартылғаны үшiн мемлекеттiк баж төлеуден босатылады.
      3. Мыналардан:
      1) <*>
      2) <*>
      3) қылмыстық iсте азаматтық талап қоюды табыс ету кезiнде;
      4) Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері арқылы апостильдеуге түсетін құжаттарға апостиль қою кезінде; <*>
      5) Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері арқылы өтініш жасаған азаматтарға азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайта куәліктер берілгені үшін мемлекеттік баж алынбайды. <*>
      4. Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктері, сондай-ақ, шет ел азаматының Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат берілгені үшін: Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Даңқ және үш дәрежелі Еңбек даңқы, "Алтын Қыран", "Халық қаһарманы", "Отан" ордендерімен наградталған адамдар, "Ардақты ана" атағын алған, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған көп балалы аналар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оның мүгедектері және Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес оларға теңестірілген адамдар, бала кезінен мүгедектер, І және ІІ топтағы мүгедектер, Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар мемлекеттік баж төлеуден босатылады. <*>
      Ескерту. 506-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      507-бап. Мемлекеттiк бажды төлеу тәртiбi

      1. Мемлекеттiк баж қолма-қол ақшамен, банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен төленедi.
      2. Мемлекеттiк баж:
      1) сот қарайтын iстер бойынша - тиiстi арыздар (шағымдар) немесе апелляциялық шағымдар, сот бұйрығын шығару туралы өтiнiш бергенге дейiн, сондай-ақ сот құжаттардың көшiрмелерiн берген кезде; <*>
      2) нотариаттық iс-әрекеттердi орындағаны үшiн, сондай-ақ құжаттардың көшiрмелерiн, дубликаттарын бергенi үшiн - жасалған нотариалдық iс-әрекеттi тiркеген кезде; <*>
      3) азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркегенi үшiн, тиiстi арыздар берген кезде азаматтық хал актiлерiнiң жазбаларына түзетулер мен өзгерістер енгiзгенi үшiн, сондай-ақ куәлiктер мен анықтамаларды қайтадан бергенi үшiн - оларды берген кезде;
      4) кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлi-зайыптылардың өзара келiсiмi бойынша некенi бұзуды мемлекеттiк тiркегенi үшiн - актiлердi тiркеген кезде;
      5) азаматтардың тұрғылықты жерiн тiркегенi үшiн - тиiстi құжаттарды бергенге дейiн;
      6) Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктерін, азаматтығы жоқ адамның куәліктерін, сондай-ақ шет ел азаматының Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат бергені үшін - тиісті құжаттарды бергенге дейін; <*>
      6-1) жүргiзушi куәлiктерiн, көлiк құралдарының мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiктерiн, мемлекеттiк тiркеудiң нөмiр таңбаларын бергенi үшiн - тиiстi құжаттарды және мемлекеттiк тiркеудiң нөмiр таңбаларын бергенге дейiн; <*> 
      7) аң аулау құқығына рұқсат бергенi үшiн - тиiстi құжаттарды бергенге дейiн;
      8) қаруды және оның патрондарын сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға, Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге рұқсаттар бергенi үшiн - тиiстi құжаттарды бергенге дейiн;
      9) азаматтық қаруды (аңшылық суық қаруды, пневматикалық және газды аэрозольдi құрылғыларды қоспағанда) тiркегенi және қайта тiркегенi үшiн - тиiстi құжаттарды бергенге дейiн;
      10) Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан кетуге және Қазақстан Республикасына келуге байланысты iстер бойынша - тиiстi құжаттарды алғанға дейiн төленедi.
      11) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен нотариустарынан шығатын ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдар апостиль қою үшiн - апостиль қойғанға дейiн төленедi. <*>
      3. Мемлекеттiк баж соған уәкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәнi бар iс-әрекеттер жасаған және (немесе) құжаттарды берген жерi бойынша есепке алынады. <*>
      Ескерту. 507-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.
      Ескерту. 507-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      508-бап. Мемлекеттiк бажды қайтару тәртiбi

      1. Төленген мемлекеттiк баж:
      1) баж талапкер өз талаптарын азайтатын жағдайларды қоспағанда, осы Кодекс бойынша талап етiлгеннен көбiрек мөлшерде енгiзiлген;
      2) арыздар (шағымдар) қайтарылған немесе оны қабылдаудан бас тартылған, сондай-ақ нотариустар немесе осыған уәкiлеттi адамдар нотариаттық iс-әрекеттердi жасаудан бас тартқан;
      3) iс жүргiзу тоқтатылған немесе, егер iс соттың қарауына жатпайтын болса, сондай-ақ талапкер осы iстер санаты үшiн белгiленген дауды алдын ала шешудiң тәртiбiн сақтамаған не талап қоюды әрекетке қабiлетсiз адам табыс еткен жағдайда талап қою қараусыз қалдырылған;
      4) мемлекеттiк бажды төлеген адамдар заңдық маңызы бар iс-әрекеттердi жасаудан немесе осы заңдық маңызы бар iс-әрекеттердiң жасаған органға жүгiнгенге дейiн құжатты алудан бас тартқан;
      5) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген өзге де жағдайларда iшiнара немесе толық қайтарылуға тиiс.
      2. Салық органы мемлекеттiк бажды қайтару үшiн негiз болып табылатын тиiстi органның құжатын, сондай-ақ мемлекеттiк баждың төленгенiн растайтын құжатты салық төлеушiден алғаннан кейiн, егер аталған құжаттар салық органына мемлекеттiк баж сомасы бюджетке есептелген күннен бастап бiр жылдық мерзiм өткенге дейiн табыс етiлген болса, төленген мемлекеттiк бажды қайтару туралы өтiнiштi қарайды.
      Қайтару салық төлеушiнiң банк шотына жүргiзiледi.

Параграф 2. Консулдық алым

      509-бап. Жалпы ережелер

      Консулдық алым - Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi мен консулдық мекемелерiнiң консулдық iс-әрекеттер жасағаны және заңдық маңызы бар құжаттарды бергенi үшiн Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларынан, сондай-ақ шетел азаматтарынан және азаматтығы жоқ адамдардан, шетелдiк заңды тұлғалардан алатын мемлекеттiк баж түрi.

      510-бап. Консулдық алым төлеушiлер

      Өз мүдделерi үшiн консулдық iс-әрекеттер жасалып, заңдық маңызы бар құжаттар берiлетiн Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары, сондай-ақ шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар, шетелдiк заңды тұлғалар консулдық алым төлеушiлер болып табылады.

      511-бап. Консулдық алым ставкалары

      1. Консулдық алымдардың ең төменгi және барынша жоғары базалық мөлшерлерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi консулдық алымдардың базалық ставкалары шегiнде нақты ставка мөлшерiн белгiлеуге құқылы.

      512-бап. Жүзеге асырылғаны үшiн консулдық алым алынатын
               iс-әрекеттер

      1. Консулдық алым мынадай консулдық iс-әрекеттер жасау:
      1) қызметтiк паспортты, Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ресiмдеу және Қазақстан Республикасының визаларын беру;
      2) шетелде болу мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының өтiнiштерiн ресiмдеу;
      3) Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелерi жөнiндегi құжаттарды ресiмдеу;
      4) азаматтық хал актiлерiн тiркеу;
      5) құжаттарды талап ету;
      6) құжаттарды заңдастыру;
      7) нотариаттық iс-әрекеттер жасау;
      8) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген өзге де iс-әрекеттер үшiн алынады.

      513-бап. Жекелеген жағдайларда консулдық алым
               төлеуден босату

      Консулдық алым:
      1) осы Кодекстің 502-506-баптарында көзделген жағдайларда;
      2) консулдық алымдар алудан өзара бас тарту туралы Қазақстан Республикасымен келiсiмдерi бар елдердiң жеке және заңды тұлғаларынан;
      3) Қазақстан Республикасы құқықтық көмек туралы шарттар жасасқан елдердің өкiмет орындары мен жекелеген азаматтарының сұрау салуы бойынша отбасылық, азаматтық және қылмыстық iстер бойынша, алименттер туралы, мемлекеттiк жәрдемақылар мен зейнетақылар, бала асырап алу туралы құжаттар сұратып алдырғаны үшiн;
      4) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген өзге де жағдайларда алынбайды.

      514-бап. Консулдық алымды төлеу тәртiбi

      1. Консулдық алым консулдық iс-әрекеттер жасалғанға дейiн төленедi.
      2. Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi мен консулдық мекемелерi консулдық iс-әрекеттер төлеушi консулдық алымды төлегеннен кейiн жүзеге асырады.
      3. Консулдық алымды төлеу аумағында консулдық iс-әрекеттер жасалатын елдiң валютасымен немесе кез келген еркiн айналыстағы басқа да валютамен жүргiзіледi.
      4. Ставкасы АҚШ долларымен белгiленген консулдық алымдарды Қазақстан Республикасының аумағында төлеу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi алымды төлеу сәтiне белгілеген ресми бағам бойынша теңгемен жүргiзiледi.
      5. Консулдық алым:
      1) Қазақстан Республикасының аумағында - банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен консулдық iс-әрекеттер жүзеге асырылатын жердiң бюджетiне немесе қатаң есептiлiк бланкiлерi негiзiнде консулдық мекемелерде қолма-қол ақшамен;
      2) Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде шаруашылық пайдалану құқығынсыз дипломатиялық өкілдіктің немесе консулдық мекеменiң арнаулы (транзиттiк) банк шотына банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен немесе қатаң есептiлiк бланкiлерi негiзiнде консулдық мекемелерде қолма-қол ақшамен төленедi.
      6. Қатаң есептiлiк бланкiлерiнiң нысанын уәкiлеттi мемлекеттiк органның келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлейдi.
      7. Консулдық алымдар сомасын бюджетке есептеу тәртiбiн, сондай-ақ шетелде қолма-қол ақшамен төленген консулдық алымдарды дипломатиялық өкiлдiктiң немесе консулдық мекеменiң арнаулы (транзиттiк) банк шотына есепке алу тәртiбiн Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлейдi.
      8. Төленген консулдық алымдар сомасы қайтарылуға тиiс емес.

91-тарау. Кеден төлемдері

      515-бап. Жалпы ережелер

      1. Кеден iсiн жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының кеден органдары Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгiленген кеден төлемдерiн алады.
      2. Кеден төлемдерi бойынша төлеушiлер, есептеулердiң, төлеудiң, қайтарып берудiң және кеден төлемдерiн өндiрiп алудың тәртiбi, сондай-ақ жеңiлдiктер Қазақстан Республикасының кеден заңдарымен анықталады. <*>
      3. Кеден төлемдерiнiң ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      Ескерту. 515-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2003.07.04. N 475 Заңымен. (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

      516-бап. Кедендiк төлемдердiң түрлерi <*>

      1. Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар алып өткен кезде және Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгiленген басқа да жағдайларда кедендiк төлемдердiң мынадай түрлерi төленедi:
      1) кедендiк баж;
      2) кедендiк ресiмдеу үшiн кедендiк алым;
      3) тауарларды сақтау үшiн кедендiк алым;
      4) кедендiк iлесiп алып жүру үшiн кедендiк алым;
      5) Қазақстан Республикасы кеден органдарының лицензия бергенi үшiн алым;
      6) кедендiк ресiмдеу жөнiндегi маманның бiлiктiлiк аттестатын бергенi үшiн алым;
      7) алдын ала шешiм үшiн төлемақы.
      2. Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгiленген оңайлатылған тәртiппен тауарлар алып өткен кезде, осы баптың 1-тармағында көрсетiлген кедендiк төлемдер және салықтар жиынтық кедендік төлем түрінде төленуі мүмкін.
      Ескерту. 516-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2003.07.04. N 475 Заңымен. (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

3. Салық әкімшілігін жүргізу

17-бөлім. Жалпы ережелер

92-тарау. Негізгі ережелер

      517-бап. Салық бақылауы

      1. Салық бақылауы - салық қызметi органдарының салық заңдарының орындалуын, жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарының және Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдардың толық және уақтылы аударылуын бақылауы. <*>
      2. Салық бақылауы:
      1) салық төлеушiлердi тiркеу есебi;
      2) салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердi есепке алу;
      3) бюджетке түсiмдердi есепке алу;
      4) қосылған құн салығын төлеушiлердi есепке алу;
      5) салық тексерiстерi;
      6) камералдық бақылау;
      7) салық төлеушiлердiң қаржы-шаруашылық қызметi мониторингi;
      8) фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолдану ережелерi;
      9) акцизделетiн тауарлардың кейбiр түрлерiн таңбалау және акциздiк постыларды белгiлеу;
      10) мемлекет меншiгiне айналдырылған мүлiктi есепке алу, бағалау және сату тәртiбiн сақтауды, сондай-ақ мемлекет меншiгiне айналдырылған мүлiктiң толық және уақтылы берiлуiн тексеру; <*>
      11) уәкiлеттi органдарға бақылау жасау нысандарында жүзеге асырылады.
      3. Кеден органдары өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлардың өтуiмен байланысты төленуге тиiс салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi алу жөнiндегi салық бақылауын осы Кодекске және Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес жүзеге асырады.
      Ескерту. 517-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      518-бап. Салық құпиясы

      1. Мыналардан:
      1) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi туралы;
      2) жеке тұлғаларды қоспағанда, салық жылында бюджетке салық төлеушi (салық агентi) төлеген салық және басқа да мiндеттi төлемдер сомалары туралы;
      3) салық құқығын бұзушылықтар мен қылмыстарды жасайтын тұлғаларды заң бойынша қудалау мақсатында құқық қорғау органдарына; салық төлеушiнiң салық мiндеттемелерiн айқындау туралы iстердi және салықтық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар үшiн жауапкершiлiктi қарау барысында соттарға берiлетiн;
      4) Қазақстан Республикасы тараптардың бiрi болып табылатын салық немесе құқық қорғау органдарының арасында өзара ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарға (келiсiмдерге), сондай-ақ Қазақстан Республикасы халықаралық ұйымдармен жасасқан шарттарға сәйкес басқа мемлекеттердiң салық және құқық қорғау органдарына, халықаралық ұйымдарға ұсынылатын мәлiметтерден басқа, салық төлеушi туралы салық қызметi органдары алған кез келген мәлiметтер салық құпиясы болып табылады.
      2. Салық төлеушiге қатысты ақпаратты салық төлеушiнiң жазбаша рұқсатынсыз басқа тұлғаға беруге болмайды.
      3. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, салық қызметi органдары, олардың лауазымды адамдары салық құпиясын жарияламауға тиiс.
      4. Салық қызметi органдарының лауазымды адамдарының салық қызметi органдарындағы қызметi кезеңiнде де, өзi жұмыстан босағаннан кейiн де салық құпиясы болып табылатын деректердi жария етуге құқығы жоқ.
      5. Салық құпиясы болып табылатын мәлiметтерi бар құжаттарды жоғалту не осындай мәлiметтердi жариялау Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады. <*>
      Ескерту. 518-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.

      519-бап. Бюджетке түсiмдердi есепке алу

      1. Бюджетке түсiмдердi есепке алуды салық органдары салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, сондай-ақ өсiмпұлдар мен айыппұлдардың есептелген және түскен сомалары бойынша салық мiндеттемелерiнiң орындалуын салық төлеушiнiң жеке шотында көрсету жолымен жүзеге асырады.
      2. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiн есептеу бiрыңғай бюджет сыныптамасына сәйкес жүргiзiледi.
      3. Жеке шоттарды жүргiзу тәртiбiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.

93-тарау. Салық төлеушілерді тіркеу

      520-бап. Осы тарауда қолданылатын терминдер мен
               анықтамалар

      1. Қазақстан Республикасы салық төлеушiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмi - салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң дұрыс есептелуi мен уақтылы төленуiн бақылауды жүзеге асыру мақсатымен уәкiлетті мемлекеттiк орган жүргізетін салық төлеушілердi есепке алудың мемлекеттiк деректер базасының жүйесi.
      2. Салық төлеушiлердi мемлекеттiк тiркеу - салық төлеушi туралы мәлiметтердi Қазақстан Республикасы Салық төлеушiлерінiң мемлекеттік тiзiлiмiне енгiзу.
      3. Салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi - салық төлеушi ретiнде оны мемлекеттiк тiркеу және Қазақстан Республикасы салық төлеушiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне ол туралы мәлiметтердi енгiзу кезiнде салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң барлық түрлерi бойынша салық төлеушiге берiлетiн бiрыңғай нөмiр.
      4. Тiркеу есебi - салық төлеушiнi салық органында есепке қою, соның нәтижесiнде салық төлеушiнiң тiркеу деректерi, оның iшiнде салық төлеушiнiң тұрған жерi, оған салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердiң тиесiлiлiгi; салық төлеушiнiң тiркеу деректерiнiң ағымдағы өзгерiстерiн тiркеу; есептен шығару белгiленедi. Салық төлеушiнiң тiркеу деректерi - салық төлеушiнi мемлекеттiк тiркеу (тiркеу есебiне алу) кезiнде оның салық органына берген мәлiметтерi. <*>
      5. Салық төлеушiнiң куәлiгi - қатаң есептiлiк бланкiсi болып табылатын және салық төлеушiге оны Қазақстан Республикасы Салық төлеушілерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiнде тiркеу кезiнде тiркеу нөмiрi берiлгенi туралы құжат.
      Ескерту. 520-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.

      520-1-бап. Жалпы ережелер

      1. Салық төлеушiнi мемлекеттiк тiркеу және тiркеу есебiне алу тiркеу туралы (мемлекеттiк тiркеу туралы, тiркеу есебiне қою туралы, тiркеу деректерiнiң өзгеруi туралы) өтiнiш, есептен шығару туралы өтiнiш негiзiнде жүргiзiледi, олар:
      1) уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша жасалады;
      2) қол қойылады, куәландырылады және салық есептiлiгi үшiн осы Кодекстiң 69-бабында көзделген тәртiппен салық органына берiледi.
      2. Салық төлеушiлердi мемлекеттiк тiркеу және тiркеу есебiне алу тәртiбiн, сондай-ақ тiркеу және есептен шығару туралы өтiнiштерге қоса берiлетiн құжаттардың тiзбесiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.
      3. Салық салу объектiлерiнiң есебiн жүргiзу тәртiбiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.
       Ескерту. 520-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.     

      521-бап. Салық төлеушiлердi мемлекеттiк тiркеу

      1. Қазақстан Республикасында мыналар:
      1) орналасқан жерi бойынша - тұрақты мекеме құру арқылы қызметiн Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлiмшелерi, оның iшiнде резидент еместер;
      2) қызметiн жүзеге асыратын жерi бойынша - тұрақты мекеме құрмай қызметiн Қазақстан Республикасында жүзеге асыра бастаған күннен бастап отыз жұмыс күнiнен астам кез келген он екi айлық кезеңнiң шегiнде қызметiн Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар; <*>
      3) Қазақстан Республикасының жеке кәсiпкерлiк туралы заңдарында айқындалған уәкiлеттi тұлғаның тұрғылықты жерi бойынша - бiрлескен жеке кәсiпкерлiк; <*>
      4) тұрғылықты жерi бойынша - салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеушiлер болып табылатын резидент жеке тұлғалар;
      5) Қазақстан Республикасында болатын жерi бойынша - осы Кодекстiң 191-бабының 1-тармағында көрсетiлген резидент емес жеке тұлғалар;
      6) салық салу объектiлерi орналасқан және (немесе) тiркелген жер бойынша - Қазақстан Республикасында салық салу объектiлерiн иеленетiн резидент еместер;
      7) резидент банк орналасқан жерi бойынша - осы Кодекстiң 521-бабы 1-тармағының 1)-3), 5) және 6) тармақшасында көзделген негiздер бойынша мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын, резидент банктерде ағымдық шоттарын ашатын резидент еместер салық төлеушiлер ретiнде мемлекеттiк тiркелуге тиiс. <*>
      2. Салық төлеушiлердің мемлекеттiк тiзiлiмiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүргiзедi.
      3. Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жасау және жүргiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.
      4. <*>
      Ескерту. 521-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.
      Ескерту. 521-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      522-бап. Салық төлеушiлердің мемлекеттiк тiркеуден
               өту мерзiмдерi

      1. Жеке тұлғалар осы Кодексте көзделген салық мiндеттемелерi туындаған кезден бастап он жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк тiркеуден өту және салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн алу үшiн салық органына өтiнiш жасауға мiндеттi.
      2. Заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында олар мемлекеттiк (есептiк) тiркеуден өткен күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк тiркеуден өту және салық төлеушiнiң мемлекеттiк тiркеу нөмiрiн алу үшiн салық органына өтiнiш жасауға мiндеттi. <*>
      3.  <*>
      4. Осы Кодекстiң 522-бабы 1 және 2-тармақтарының ережелерi мемлекеттiк тiркеуден өту мерзiмi осы Кодекстiң 527-бабымен белгiленген резидент еместерге қолданылмайды. <*>
      Ескерту. 522-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.
      Ескерту. 522-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      523-бап. Салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi

      1. Салық төлеушiлердi мемлекеттiк тiркеудi уәкiлеттi мемлекеттiк орган салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн берiп және салық төлеушi салық органына мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiш бергеннен кейiнгi екi жұмыс күнi iшiнде оған салық төлеушiнiң куәлiгiн бере отырып жүзеге асырады.
      2. Салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi салық төлеушi ұсынатын салық есеп-қисабы құжаттарында, сондай-ақ салық мiндеттемелерiнiң орындалуына байланысты өзге де құжаттарда көрсетiлуге тиiс.
      3. Салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн салық органы оның салық мiндеттемелерiне қатысты жiберiлетiн салық төлеушiнің барлық құжаттарында көрсетуге тиiс.
      4. Салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн беру, өзгерту және оны жарамсыз деп тану тәртiбiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган айқындайды.

      524-бап. Салық төлеушiлердi тiркеу есебi

      1. Салық төлеушiлердi тiркеу есебi салық төлеушi салық органдарында салық төлеушiлердi мемлекеттiк тiркеу рәсiмiнен өткеннен кейiн жүзеге асырылады.
      Бұл ретте салық төлеушiнi мемлекеттiк тiркеу салық төлеушiнi тiркеу есебiне алғаш рет қою болып табылады. <*>
      2. Салық төлеушi:
      1) заңды тұлға, оның құрылымдық бөлімшелерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын шетелдiк заңды тұлға үшiн:
      заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлiмшесiнiң орналасқан орны бойынша;
      қызметтi жүзеге асыру орны бойынша;
      салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердiң орналасқан және (немесе) тiркеу орны бойынша;
      2) жеке тұлға, соның iшiнде жеке кәсiпкер үшiн:
      резидентке - тұрғылықты жерi бойынша;
      резидент емеске - келген орны бойынша;
      салық салу объектiлерiнiң, салық салуға байланысты объектiлердiң орналасқан және (немесе) тiркеу орны бойынша;
      кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру орны бойынша салық органдарында тiркеу есебiне тұруға мiндеттi.<*>
      3. Салық органы жеке тұлғаларды салық салу объектiлерiнің орналасқан жерi бойынша тiркеу есебiн осы Кодекстің 530-бабына сәйкес салық салу объектiлерiн есепке алуды және (немесе) тiркеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органдар беретiн мәлiметтер негiзiнде жүргiзедi. Осы баптың мақсаты үшiн мыналар:
      1) жылжымайтын мүлiк (жер) үшiн - олардың нақты орналасқан жерi;
      2) көлiк құралдары үшiн - көлiк құралдарының мемлекеттiк тiркелген жерi, ал ондай жоқ болған жағдайда - мүлiк иесiнiң орналасқан (тұрғылықты) жерi салық салу объектiсiнiң орналасқан жерi болып танылады.
      4. <*>
      5. Құрылымдық бөлiмшенi тiркеу есебiне қою кезiнде есепке қою туралы өтiнiште осы құрылымдық бөлiмшенi құрған салық төлеушi заңды тұлғаның тiркеу нөмiрi көрсетiледi.
      6. Салық төлеушi салық органына тiркеу туралы өтiнiштi тiркеу есебiне қою орны бойынша:
      тiркеу есебiне қою үшiн - тiркеу есебiне қою туралы талаптар туындаған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде;
      тiркеу деректерiнiң өзгерiстерiн енгiзу үшiн - осындай өзгерiстер туындаған кезден бастап он жұмыс күнi iшiнде беруге мiндеттi.
      7. Тiркеуге алу есебi салық төлеушiге бұрын берiлген тiркеу нөмiрi өзгертiлмей жүргiзiледi.
      8. Салық органы тiркеуге алу есебiне қоюды салық төлеушiнiң өтiнiшi берiлген кезден бастап екi жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырады.
      9. Салық төлеушiнiң қалауы бойынша салық органы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша тiркеуге алу есебiне қойылғандық туралы растайды.
      10. Салық төлеушiнiң куәлiгiнде көрсетiлген тiркеу деректерi өзгерген жағдайда, салық органы осы Кодекстiң 521-524-баптарында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде, салық төлеушiнiң бұрынғы тiркеу нөмiрi сақталған және салық төлеушiнiң бұрын берiлген куәлiгi жойылған жағдайда, салық төлеушiнiң деректерi өзгертiлген куәлiгiн бepуді жүзеге асырады.
      11. Жеке кәсiпкер немесе заңды тұлға орналасқан жерiн, қызметiн жүзеге асыратын орнын, тұрғылықты жерiн, келген жерiн немесе салық салу объектiлерiнiң орналасқан және (немесе) тiркеу орнын өзгерткен жағдайда, салық төлеушi өзi тiркеу есебiнде тұрған салық органына он жұмыс күнi iшiнде есептен шығару туралы өтiнiш беруге және салық төлеушiнiң бұрын берiлген тiркеу нөмiрiн көрсете отырып, жаңадан орналасқан жерi, қызметiн жүзеге асыратын орны, тұрғылықты жерi, келген жерi немесе салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi және (немесе) тiркеу орны бойынша тiркеу есебiне тұруға мiндеттi. <*>
      12. Салық салу объектiлерiнiң есебiн жүргiзу тәртiбiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.
      Ескерту. 524-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.
      Ескерту. 524-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2003.07.04. N 475 Заңымен. (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

      525-бап. Салық төлеушiлердің мемлекеттiк
               тiзiлiмiнен шығарып тастау

      1. Салық төлеушiнi Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiнен шығарып тастау осы Кодекстiң 57, 58-баптары негiзiнде салық мiндеттемелерiнiң тоқтатылуына байланысты уәкiлеттi органдар беретiн мәлiметтер бойынша және (немесе) салық төлеушiнiң немесе оның өкiлiнiң есептен шығару туралы өтiнiшiмен жүзеге асырылады. <*>
      1-1. Қазақстан Республикасының салық төлеушiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiнен:
      1) осы Кодекстiң 521-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған резидент еместердi шығару, Қазақстан Республикасында салық салу объектiлерiне және салық мiндеттемелерiн орындауға (меншiк, жердi пайдалану, шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығы) қатысты осы Кодексте белгiленген құқық тоқтатылғанда жүзеге асырылады;
      2) осы Кодекстiң 52 1-бабы 1-тармағының 7) тармақшасында аталған резидент еместердi шығару, банктегi шоты жабылған жағдайда жүзеге асырылады;
      3) осы Кодекстiң 525-бабы 1-1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында аталғандардан басқа, осы Кодекстiң 521-бабы 1-тармағына сәйкес мемлекеттiк тiркелуге жататын резидент еместердi шығару, Қазақстан Республикасынан кеткен және осындай резидент емес Қазақстан Республикасындағы салық мiндеттемелерiн орындаған жағдайда жүзеге асырылады. <*>
      2. Салық төлеушiнi Қазақстан Республикасы Салық төлеушілерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiнен шартты түрде шығарып тастау салық төлеушi әрекетсiз заңды тұлға белгiлерiне сәйкес келген және салық берешегi болмаған жағдайда тiркеу нөмiрi сақтала отырып жүргiзiледi.
      Осы тармақтың мақсатында әрекетсiз заңды тұлға болып корпорациялық табыс салығы туралы декларацияны немесе жеңiлдетiлген декларацияны осы Кодексте белгiленген оларды беру мерзiмiнен бiр жыл өткеннен кейiн бермеген заңды тұлға танылады, бұған аталған декларацияларды беру жөнiндегi талаптар қолданылмайтын салық төлеушiлер қосылмайды. <*>
      Ескерту. 525-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен. (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді)
      Ескерту. 525-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2003.07.04. N 475 Заңымен. (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
      Ескерту. 525-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      526-бап. Банктердiң немесе банк операцияларының
               жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың
               мiндеттерi

      Банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар:
      1) салық төлеушiге резидент еместердiң жинақ шоттарынан және (немесе) шетелдiк корреспондент-банктердiң корреспонденттiк шоттарынан басқа банк шоттарын ашу кезiнде, салық төлеушiнiң тіркелу нөмiрiн ескеру, салық төлеушi заңды тұлғаға және жеке кәсiпкерге аталған шоттардың ашылғандығы туралы салық органдарын үш жұмыс күнi iшiнде хабардар ету; <*>
      2) вексельдi және банк соның негiзiнде қолма-қол ақшаны қабылдау мен беру жүргiзетiн төлем құжаттарын қоспағанда, төлем құжаттарында салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн қоймай, резидент еместердiң шоттарынан және (немесе) шетелдiк корреспондент-банктердiң корреспонденттiк шоттарынан басқа банк шоттары бойынша операцияларды жүргiзбеуге; <*>
      3) төлем құжаттарын өңдеу кезiнде салық төлеушінің тiркеу нөмiрiн тiркеу нөмiрiнiң құрылымына (қалыптастыру алгоритмiне)  сәйкес көрсетуiнiң дұрыстығын бақылауға; <*> 
      4) клиентке қойылатын талаптардың бәрiн қанағаттандыру үшiн клиенттiң банктегi ақшасы жеткiлiктi болған жағдайда, салық төлеушiнiң банк шотынан салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуге арналған төлем тапсырмаларын бiрiншi кезектегi тәртiппен орындауға мiндеттi. Белгiленген мерзiмде енгiзiлмеген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомаларын, өсiмпұлдар мен айыппұлдарды алуға арналған салық органдарының инкассалық өкiмдерiн осындай тәртiппен салық органдары нұсқамаларын алған күннен бастап бiр операциялық күннен кешiктiрмей орындауға мiндеттi.
      Банктегi ақша клиентке қойылатын талаптардың бәрiн қанағаттандыру үшiн жеткiлiксiз болған жағдайда банк ақшаны алып қоюды мынадай кезектiлiкпен жүргiзедi:
      бiрiншi кезекте өмiрге және денсаулыққа келтiрiлген зиян туралы талаптарды, сондай-ақ алименттер бойынша талаптарды қанағаттандыруды көздейтiн атқарушылық құжаттар бойынша;
      екiншi кезекте клиенттiң жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару жөнiндегi мiндеттемелерi бойынша, сондай-ақ жұмыстан босаған кездегi жәрдемақы және еңбек шарты бойынша, оның iшiнде келiсiм-шарт бойынша жұмыс iстейтiн адамдардың ақысын төлеу, авторлық шарт бойынша сыйақыны төлеу жөнiндегi есептеулер үшiн ақшаны алып қоюды көздейтiн атқарушы құжаттар бойынша; <*>
      үшiншi кезекте клиенттiң бюджет алдындағы мiндеттемелерi бойынша жүргiзiледi; <*>
      5) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомаларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылығының шотына салық төлеушiнің банк шотынан ақшаны есептен шығару бойынша операциялар жасалған күнi аударуға;
      6) нұсқамасы болған ретте, тексерiлетiн заңды тұлға мен жеке кәсiпкерлердiң банк шоттары бойынша жасалатын операцияларды, осы шоттарда ақша бар-жоқтығын тексеруге салық органдары қызметкерлерiн жiберуге;
      7) осы Кодексте көзделген жағдайларда салық органының шешiмi бойынша және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен салық төлеушi заңды тұлға мен жеке кәсіпкердiң банк шоттарындағы салық берешегiн өтеу жөнiндегi операциялардан басқа барлық шығыс операцияларын тоқтата тұруға; <*>
      8) банк қарыз алушының берешегiн есептен шығарған кезде салық төлеушiде мiндеттемелерiн есептен шығару нәтижесiнде кiрiс пайда болғаны туралы қарыз алушы-салық төлеушi тiркелген жер бойынша салық органын бiр ай iшiнде хабардар етуге;
      9) уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша осы Кодекстiң 198-бабына сәйкес салық агенттерi тiркелген орын бойынша салық органдарына есеп беруге; <*>
      10) осы Кодекстiң 16-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес салық органдарының жүргiзген жазбаша сауал салуы негiзiнде жеке кәсiпкерлердiң ағымдағы шоттарындағы, заңды тұлғалардың банк шоттарындағы ақшаның қалдығы және қозғалысы жөнiндегi мәлiметтердi салық органдарына ұсынуға мiндеттi. <*>
      Ескерту. 526-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.
      Ескерту. 526-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      527-бап. Резидент емес жеке және заңды тұлғаларды салық
               органдарында мемлекеттiк тiркеу
               ерекшелiктерi<*>

      1. <*>
      2. Осы Кодекстiң 191-бабының 1-тармағында аталған резидент емес жеке тұлғалар Қазақстан Республикасына келген немесе кәсiпкерлiк қызметтi бастаған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде салық органында мемлекеттiк тiркеуден өтуге мiндеттi.
      Қалған резидент емес жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының резиденттiгiн алған кезден бастап салық органында мемлекеттiк тiркеуден өтуге мiндеттi. <*>
      3. Қазақстан Республикасындағы қызметiн тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасындағы қызметiн жүзеге асыруды бастаған күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде салық органында мемлекеттiк тiркеуден өтуге мiндеттi. <*>
      3-1. Қазақстан Республикасындағы қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырушы резидент емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында есептi тiркеуден өткен күннен бастап, бiрақ қызметiн жүзеге асыру басталғаннан бастап отыз жұмыс күнiнен кешiктiрмей, салық органында он жұмыс күні iшiнде мемлекеттік тiркеуден өтуге мiндеттi. <*>
      3-2. Қазақстан Республикасында салық салынатын объектiлердi иеленушi резидент еместер Қазақстан Республикасында салық салынатын объектiнi алған кезден бастап отыз жұмыс күнi iшiнде салық органында мемлекеттiк тiркеуден өтуге мiндеттi. <*>
      4. Осы Кодекстiң 177-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес қызметi резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесi ретiнде қаралатын, соның iшiнде резидент емес жеке немесе заңды тұлға тиiстi келiсiмге (шартқа, келiсiм-шартқа) қол қойған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде тiркеу туралы немесе аталған келiсiм болмаған жағдайда осындай қызметi нақты басталған күннен бастап он жұмыс күні iшiнде салық төлеушi ретiнде мемлекеттiк тiркеуден өту мақсатында салық органына өтiнiш табыс етуге мiндеттi. <*>
      5. Қазақстан Республикасында резидент еместiң қызметiн жүзеге асыруын бастау күнi мына күндердiң бiрi:
      1) келісiм-шартты (шартты, келiсiмдi):
      Қазақстан Республикасындағы жұмысты (қызмет көрсетудi) орындауға;
      Қазақстан Республикасында оның атынан iс-әрекет жасауға өкiлеттiк беруге;
      өткiзу мақсатымен Қазақстан Республикасында тауарларды сатып алуға;
      Қазақстан Республикасында (жай серiктестiкке қатысуға) бiрлескен қызметтi жүзеге асыруға;
      Қазақстан Республикасында қызметтi жүзеге асыру мақсатында жұмысты (қызмет көрсетудi) сатып алуға жасасқан күнi;
      2) Қазақстан Республикасында жеке тұлғамен бiрiншi жеке еңбек шартын немесе азаматтық-құқықтық сипаттағы өзге де шарт жасасқан күн не осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген келiсiм-шарттың талаптарын орындау үшiн қызметкердiң Қазақстан Республикасына келу күнi болған кезде айқындалады. Бұл ретте Қазақстан Республикасында резидент еместің қызметiн жүзеге асыруды бастау күнi осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетiлген алғашқы күндердiң бiрiне қарағанда ерте болмауға тиiс. <*>
      3) <*>
      6. Қазақстан Республикасындағы табыс көздерiнен табыс алу мақсатымен Қазақстан Республикасына келетiн, осы Кодекстiң 521-бабының, 1-тармағында аталмаған резидент еместер қызметiнiң басталуы туралы өтiнiштi Қазақстан Республикасына келген күнiнен бастап он жұмыс күнi iшiнде салық органына табыс етуге мiндеттi. <*>
      Ескерту. 527-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.
      Ескерту. 527-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2003.07.04. N 475 Заңымен. (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
      Ескерту. 527-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      528-бап. Салық төлеушiнiң тiркеу есебiн жүзеге
               асыру кезiндегi жауапкершiлiгi

      Салық төлеушi Қазақстан Республикасының заң актілерiне сәйкес салық төлеушiнiң мемлекеттiк тiркеуден өту мерзiмiн бұзғаны үшiн; салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн беру мен тiркеу есебiне қою кезiнде табыс етiлетiн мәлiметтердiң растығы, сондай-ақ салық есептiлiгiнде салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн қоюдың дұрыстығы және Қазақстан Республикасының заңдарына белгiленген өзге де жағдайлар үшiн жауапты болады. <*>
      Ескерту. 528-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.

      529-бап. Уәкiлеттi органдардың салық төлеушiлердi
               тiркеудi жүзеге асыру кезiндегi өзара
               iс-әрекетi

      Салық төлеушілердi тiркеу есебiн жүзеге асыру кезiнде салық қызметi органдары мынадай:
      1) заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi, қайта тiркеудi және таратуды жүзеге асыратын;
      2) статистика жүргiзетiн;
      3) салық салумен байланысты объектiлердi және салық салу объектiлерiн есепке алуды және (немесе) тiркеудi жүзеге асыратын;
      4) лицензиялар, куәлiктер немесе рұқсат беру мен тiркеу сипатындағы өзге де құжаттарды беретiн;
      5) жеке тұлғаларды Қазақстан Республикасындағы тұрғылықты жерi бойынша тiркеудi жүргiзетiн;
      6) азаматтық хал актiлерiн тiркеудi жүзеге асыратын;
      7) нотариаттық iс-әрекеттер жасауды жүзеге асыратын;
      8) қорғаншылық пен қамқоршылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органдармен;
      9) Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн басқа да уәкiлеттi органдармен өзара iс-әрекет жасайды.

      530-бап. Салық қызметi органдары тiркеу есебiн жүзеге
               асыратын кездегi уәкілеттi органдардың
               мiндеттерi

      1. Осы Кодекстiң 529-бабында белгiленген уәкiлеттi органдар уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейтiн тәртiпке сәйкес тиiстi мәлiметтердi енгiзу кезiнен бастап он жұмыс күнi iшiнде салық салу объектілерi мен салық салумен байланысты объектiлерi бар салық төлеушiлер туралы мәлiметтердi өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық қызметi органдарына табыс етуге мiндеттi.
      2. Салық салу объектiлерiн, басқа да мiндеттi төлемдер алынатын объектiлердi есепке алуды және (немесе) тiркеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органдар салық төлеушiлер, сондай-ақ салық салу объектiлерi, басқа да мiндеттi төлемдер алынатын объектiлер туралы мәлiметтердi олардың есепке алынған және (немесе) тiркелген орны бойынша салық қызметi органдарына уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейтiн мерзiм мен нысанда табыс етуге мiндеттi.
      3. Лицензиялар, куәлiктер немесе рұқсат ету мен тiркеу сипатындағы өзге де құжаттарды беретiн уәкiлеттi органдар олардың берiлген (керi қайтарып алынған немесе тоқтатылған) кезiнен бастап он жұмыс күнi iшiнде лицензия, куәлiк немесе рұқсат ету мен тiркеу сипатындағы өзге де құжаттар берiлген (керi қайтарып алынған немесе тоқтатылған) салық төлеушiлер туралы мәлiметтердi өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық қызметi органдарына табыс етуге мiндеттi.
      4. Шетелдiк заңды тұлғалардың келуiн (кетуiн) тiркеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi орган олардың келуiн (кетуiн) тiркегеннен кейiн келудiң мақсатын, орнын және болу мерзiмiн көрсете отырып, келушi шетелдiк жеке тұлғалар туралы мәлiметтердi он жұмыс күнiнен кешiктiрмей салық қызметi органына табыс етуге мiндеттi.
      5. Бюджетке мiндеттi төлемдер жинауды, салық салу объектiлерiнiң және салық салуға байланысты объектiлердiң есебiн және (немесе) мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырушы уәкілеттi органдар берiлетiн мәлiметтерде салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн көрсетуге мiндеттi. <*>
      Ескерту. 530-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      531-бап. Қызметтiң жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын
               салық төлеушiлердi есепке алудың ерекшелiктерi

      1. Осы бапта көзделген қызметтi жүзеге асыру кезiнде салық төлеушi:
      1) бензинмен (авиациялықтан басқа), дизель отынымен көтерме және бөлшек сауда жасаудың;
      2) алкогольдi өнiм өндiру мен (немесе) көтерме сатудың; <*>
      3) шыны ыдыстар қабылдаудың;
      4) лотереялар ұйымдастырудың, өткiзудiң және лотерея билеттерiн сатудың;
      5) ойын бизнесiн;
      6) темекi өнiмдерiн өндiрудi, көтерме сатуды және импортқа шығаруды жүзеге асырудың басталуы мен тоқтатылуы туралы салық органына мәлімдеуге міндетті. <*>
      Егер қызметтiң осы түрi лицензиялауға жатса, қызметтi жүзеге асырудың басталуын тiркеу салық төлеушiнiң тиiстi лицензиясы болған жағдайда жүргiзiледi.
      2. Осы баптың 1-тармағында аталған қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi салық салу объектiлерiн және салық салумен байланысты объектiлердi кәсiпкерлiк қызметiнде пайдалануды бастағанға дейiн оларды өтiнiш беру арқылы салық органында тiркетуге мiндеттi.
      3. Салық органы өтiнiште аталған деректер негiзiнде объектілердi есепке алуды тiркеу карточкасын екi дана етiп толтырады, екi данасын да мөрмен және салық органы басшысының қолымен растайды.
      Объектiлердi есепке алуды тiркеу карточкасы - салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердiң салық органдарында тiркелгенiн куәландыратын құжат.
      Объектiлердi есепке алуды тiркеу карточкасының бiр данасы салық органында қалады, екiншi данасы салық төлеушiге берiледi.
      Объектiлердi есепке алуды тiркеу карточкасында көрсетiлген мәлiметтер өзгерген жағдайда салық төлеушi тиiстi салық органына салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердi қайта тiркеу туралы өтiнiш бередi.
      4. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, салық төлеушi салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектілердi тiркеу (қайта тiркеу) туралы өтiнiштi олардың орналасқан жерi бойынша бередi.
      Салық салу объектiлерi мен салық салумен байланысты объектiлердi тiркеудi (қайта тiркеудi) салық органы өтiнiш берiлген күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде жүргiзедi және ол объектiлердi есепке алуды тiркеу (қайта тiркеу) журналында белгiлейдi.
      5. Салық органдарында тiркелмеген салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердi пайдалану Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады. <*>
      6. Лотереялар ұйымдастыру, өткiзу және лотерея билеттерiн сату бойынша қызметтi жүзеге асыратын салық төлеушi оларды сату басталғанға дейiн он күнтiзбелiк күн бұрын лотерея билеттерiнiң әрбiр шығарылымын салық органында тiркетуге мiндеттi.
      7. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген қызметтiң жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушiлердi есепке алу тәртiбiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгілейдi.
      Ескерту. 531-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.
      Ескерту. 531-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      532-бап. Қосылған құн салығын төлеушiлердi есепке алу

      1. Қосылған құн салығы бойынша төлеушiлердi есепке қою талаптары осы Кодекстiң ерекше бөлiмiнде айқындалады.
      2. Қосылған құн салығы бойынша төлеушiнi есепке қою және оларды есептен шығару тәртiбiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.
      Ескерту. 532-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2003.07.04. N 475 Заңымен. (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

94-тарау. Салық тексерулері

      533-бап. Салық тексерулерi ұғымы мен түрлерi

      1. Салық тексеруi - салық қызметi органдары жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы салық заңдарының орындалуын тексеру. Ұйғарымда көрсетiлген салық қызметi органдарының лауазымды адамдары, осы Кодекске сәйкес тексерудi жүргiзуге тартылатын өзге де адамдар мен салық төлеушi салық тексерулерiне қатысушылар болып табылады. <*>
      1-1. Арнайы бiлiмдi және дағдыны талап ететiн мәселелердi зерттеу және консультация алу үшiн, қажет болған жағдайларда, салық қызметi органы салықтық тексеруге салықтық тексерудiң нәтижесiне мүдделi емес маманды тартуы мүмкiн.
      Алға қойылған мәселелер бойынша маман қорытынды жасайды, ол салықтық тексеру актiсiне қоса берiледi. <*>
      2. Салық тексерулерiн салық қызметi органдары ғана жүзеге асырады.
      3. Салық тексеруi мынадай түрлерге бөлiнедi:
      1) құжаттық тексеру;
      2) рейдтiк тексеру;
      3) хронометраждық зерттеу.
      4. Құжаттық тексеру мынадай түрлерге бөлiнедi:
      1) кешендi тексеру - салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң барлық түрлерi бойынша салық мiндеттемелерiнiң орындалуын тексеру;
      2) тақырыптық тексеру -
      салық міндеттемесінің салықтың жекелеген түрлері және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша орындалуын;
      міндетті зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорларына және әлеуметтік аударымдарды Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына толық және уақтылы ұстап қалуды және (немесе) есептеуді;
      банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың осы Кодексте белгіленген міндеттерді орындауын;
      трансферттік бағаларды қолдану кезінде мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша;
      акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша тексеру; <*>
      3) қарсы тексеру - егер салықты тексерудi жүргiзу кезiнде салық органында аталған тұлғаларға байланысты салық төлеушiлердiң жүргiзген операцияларының салық есебiнде дұрыс көрсетiлуi туралы қосымша ақпарат алу қажеттiгi туындаған жағдайда үшiншi бiр тұлғаларға қатысты жүргiзiлетiн тексеру.
      5. Рейдтiк тексерудi салық қызметi органдары жекелеген салық төлеушiлерге қатысты олардың Қазақстан Республикасы заңдарының жекелеген талаптарын, атап айтқанда:
      1) салық төлеушiлердiң салық органдарында тiркеу есебiне қойылуы;
      2) фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолданудың дұрыстығы;
      3) лицензияның, бiржолғы талонның және өзге де рұқсат ету құжаттарының болуы; <*>
      4) салық қызметі органдарының құзыретінде болатын акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін және қызмет түрлерін лицензиялау ережелерін және өндіру, сақтау мен өткізу шарттарын орындау мәселелері бойынша жүргізеді. <*>
      6. Хронометраждық зерттеудi салық органдары салық төлеушiнiң нақты кiрiсiн және кiрiс алуға байланысты нақты шығындарды анықтау мақсатымен жүргiзедi. Хронометраждық зерттеу уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен тәртіппен жүргiзiледi.
      7. Салық тексеруiн жүргiзу, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушiнің қызметiн тоқтатпауға тиiс.
      8. Салық органы заңды тұлғаның өзiне салық тексеруiнiң жүргiзiлуiне қарамастан заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерiн тексеруге құқылы.
      Ескерту. 533-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.
      Ескерту. 533-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2003.03.13. N 394 Заңымен.
      Ескерту. 533-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      534-бап. Салық тексерулерiн жүргiзудiң мерзiмдiлiгi

      1. Салық тексерулерi мынадай мерзiмдiлiкпен жүргiзiледi:
      1) кешендi - жылына бiр реттен жиi емес;
      2) тақырыптық - салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемнiң белгiлi бiр түрi бойынша, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың осы Koдексте белгiленген мiндеттемелердi орындау және трансферттiк бағалар қолдану кезiндегi мемлекеттiк бақылау мәселелерi бойынша жарты жылда бiр реттен жиi емес. <*>
      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген шектеулер мынадай жағдайларда қолданылмайды:
      1) заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруға немесе таратуға және жеке кәсiпкердiң қызметiн тоқтатуға байланысты жүзеге асырылатын құжаттық тексерудi жүргiзу кезiнде, сондай-ақ салық төлеушiнiң өтiнiшi негiзiнде қосылған құнға салынатын салық бойынша есептен алып тастаған жағдайда.
      Бұл орайда тексеру салық төлеушiнiң өтiнiшiн алғаннан кейiн отыз күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей жүргiзiлуге тиiс;
      2) жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттың қолданылу мерзiмi өтуiне байланысты жүзеге асырылатын құжаттық тексерудi жүргiзу кезiнде;
      3) қарсы тексерудi жүргiзу кезiнде;
      4) қайтарылуға қойылған қосылған құн салығы сомасының дұрыстығына салық төлеушiнiң өтiнiшi негізiнде тақырыптық тексеру жүргiзу кезiнде;
      5) салық тексеруi актiсi бойынша хабарламаға салық төлеушiнің шағымын қарайтын органның шешiмi негiзiнде жүргiзiлетiн қосымша тексерулер кезiнде;
      6) нақты салық төлеушiге қатысты уәкілеттi мемлекеттiк орган басшысының бұйрығына сәйкес жүргiзiлетiн кезектен тыс құжаттық тексеру кезiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қылмыстық iс жүргiзу заңдарында көзделген негiздер бойынша.
      Ескерту. 534-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.

      535-бап. Салық тексерулерiн жүргiзудiң мерзiмдерi

      1. Берiлетiн нұсқамаларда көрсетiлетiн салық тексерулерiн жүргiзудің мерзiмi, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, нұсқама тапсырылған кезден бастап отыз жұмыс күнiнен аспауға тиiс.
      1-1.  <*>
      2. Құрылымдық бөлiмшесi бар заңды тұлғаға салық тексеруiн жүргiзген кезде салық тексеруiн жүргiзудің мерзімін салық органы алпыс жұмыс күнiне дейiн ұзартуы мүмкiн.
      3. Ерекше күрделi мәселелердi тексеру кезiнде салық тексеруiн жүргiзудiң мерзiмiн салық қызметiнің жоғары тұрған органы құрылымдық бөлiмшесi жоқ заңды тұлға үшiн елу жұмыс күнiне дейiн, құрылымдық бөлiмшесi бар заңды тұлға үшiн сексен жұмыс күнiне дейiн арттыруы мүмкiн. Ерекше күрделi мәселелер салық қызметiнiң жоғары тұрған органының салық төлеушiге тапсыратын негiзделген жазбаша шешiмiмен расталады.
      4. Салық тексеруiн жүргiзу мерзiмi құжаттарды тапсыру туралы салық органының талаптарын салық төлеушiге беру кезi мен салық тексеруін жүргiзу кезінде сұралатын құжаттарды салық төлеушiні табыс етуi аралығындағы уақыт кезеңiнде, сондай-ақ салық органының мәлiметтер мен құжаттарды сұратып алу кезiнде тоқтатыла тұрады.
      Салықтық тексеру мерзiмiнiң iшiнде халықаралық келiсiмдерге сәйкес шет мемлекеттерге салық қызметi органдарының ақпарат беру және ол бойынша мәлiметтер алу туралы сұрау салған кездерiнiң арасындағы уақыт кезеңiнде де тоқтатыла тұрады. <*>
      5. Хронометраждық зерттеулер жүргiзудiң мерзiмi уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен хронометраждық зерттеулер жүргiзу тәртiбiне сәйкес белгiленедi.
      Ескерту. 535-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.
      Ескерту. 535-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

95-тарау. Салық тексерулерін жүргізу тәртібі

      536-бап. Салық тексеруiн жүргiзу негiздемесi

      1. Салық тексеруiн жүргiзу үшiн мынадай деректемелердi:
      1) нұсқаманың салық органында тiркелген күнi мен нөмiрiн;
      2) нұсқама шығарған салық органының атауын;
      3) салық төлеушiнің толық атауын;
      4) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн;
      5) тексеру түрiн;
      6) тексеретiн адамдардың, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес тексеру жүргiзуге тартылған өзге де адамдардың лауазымын, тегiн, атын, әкесiнің аты; <*>
      7) тексеру жүргiзiлетiн мерзiмiн;
      8) құжаттық тексерулер кезiндегi тексерiлетiн салық кезеңiн қамтитын нұсқама негiздеме болып табылады.
      2. Рейдтiк тексеру тағайындалған кездегi нұсқамада аумақтың тексерiлетiн учаскесi, тексеру барысында анықталуға жататын мәселелер, сондай-ақ осы баптың 3), 4) және 7) тармақшаларын қоспағанда, 1-тармағында көзделген мәлiметтер көрсетiлуге тиiс.
      3. Тақырыптық, қарсы тексерулер тағайындалған кезде нұсқамада салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң тексерiлетiн түрi, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың осы Кодексте белгiленген мiндеттемелердi орындау және трансферттiк бағалар қолдану кезiндегi мемлекеттiк бақылау мәселелерi көрсетiледi. <*>
      4. Нұсқамаға салық органының бiрiншi басшысы немесе оны ауыстыратын адам қол қоюға, ол салық органының елтаңбалы мөрiмен расталуға және уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiпке сәйкес арнаулы журналда тiркелуге тиiс.
      5. Осы Кодекстің 535-бабында көзделген тексеру мерзiмi ұзартылған және (немесе) тексеруді жүргізетін адамдардың саны өзгерген жағдайда қосымша нұсқама ресiмделiп, онда бұдан бұрынғы нұсқаманың нөмiрi мен тiркелген күнi, осы Кодекске сәйкес тексеру жүргiзуге тартылатын адамдардың тегі, аты, әкесiнiң аты көрсетіледi. <*>
      6. Бiр ұйғарым негiзiнде бiр ғана салық тексеруi жүргiзiлуi мүмкiн.
      Ескерту. 536-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.
      Ескерту. 536-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      537-бап. Салық тексеруiн жүргiзудiң басталуы

      1. Салық төлеушiге (салық агентiне) нұсқама берiлген кез салық тексеруiн жүргiзудiң басталуы болып есептеледi.
      2. Салық органының салық тексеруiн жүргiзушi лауазымды адамдары салық төлеушiге (салық агентiне) қызмет куәлiгiн көрсетуге мiндеттi.
      3. Салық органының салық тексеруiн жүргiзушi лауазымды адамы, рейдтiк тексеруді қоспағанда, салық төлеушiге нұсқаманың түпнұсқасын табыс етедi. Нұсқаманың көшiрмесiне салық төлеушi (салық агентi) нұсқамамен танысқаны және оны алғаны туралы белгi қояды.
      4. Рейдтiк тексеру жүргiзiлген кезде салық төлеушiге танысу үшiн нұсқаманың түпнұсқасы көрсетiледi және оның көшiрмесi табыс етiледi. Нұсқамамен таныстырылғаны және оның көшiрмесiн алғаны туралы түпнұсқаға белгi қойылады.
      5. Салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) нұсқаманы алудан бас тартуы салық тексеруiн жүргiзудің күшiн жоюға негiз болып табылмайды.
      6. Салық тексерулерiн жүзеге асыру кезеңiнде тексерiлетiн салық кезеңiндегi салық есептiлiгiне салық төлеушiнiң өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуiне жол берiлмейдi.

      538-бап. Салық қызметi органы лауазымды адамдарының
               тексерудi жүргiзу үшiн аумаққа немесе үй-жайға
               жiберiлуi

      1. Салық төлеушi салық қызметi органының салық тексеруiн жүргiзетiн лауазымды адамдарын табыстарды алу үшiн пайдаланылатын аумаққа немесе үй-жайға (тұрғын үй-жайлардан басқа) не салық салу объектiлерi мен салық салумен байланысты объектiлерге жiберуге мiндеттi.
      2. Салық қызметi органының салық тексеруiн жүргiзушi лауазымды адамдарының көрсетiлген аумақтарға немесе үй-жайларға (тұрғын үйлерден басқа) кiруiне бөгет жасалған жағдайда хаттама жасалады.
      3. Хаттамаға салық органының тексерудi жүргiзушi лауазымды адамдары және салық төлеушi (салық агентi) қол қояды. Аталған хаттамаға қол қоюдан бас тартқан кезде салық төлеушi (салық агентi) бас тартуының себептерi туралы жазбаша түсiнiктеме беруге мiндеттi.
      4. Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес салық төлеушінің аумағына немесе үй-жайына кіру үшін арнаулы рұқсат қажет болатын болса, салық қызметi органы лауазымды адамдарында ол болуға тиiс.
      5. Салық төлеушiнiң мынадай жағдайларда, егер:
      нұсқама белгiленген тәртiппен тапсырылмаса не ресiмделмеген болса;
      нұсқамада көрсетiлген тексеру мерзiмдерi әлi басталмаған немесе өтiп кеткен болса;
      бұл адамдар нұсқамада көрсетiлмеген болса;
      тексерiлетiн салық кезеңiне қатысы жоқ құжаттамалар сұратылса, салық органының лауазымды адамдарын салық тексеруiн жүргiзу үшiн аумаққа немесе үй-жайға жiбермеуге құқығы бар.

      539-бап. Құжаттарды алып қою

      Құжаттарды алып қою Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жүргiзiледi.

      540-бап. Салық тексеруiн аяқтау

      1. Салық тексеруi аяқталған соң салық қызметi органының лауазымды адамы мыналарды:
      1) салық тексеруiнің жүргiзілген орнын, актi жасалған күнiн;
      2) тексерудiң түрiн;
      3) салық қызметi органының салық тексеруiн жүргiзген лауазымды адамдарының қызметiн, тегiн, атын, әкесiнің атын;
      4) салық төлеушiнiң (салық агентiнің) тегiн, атын, әкесiнiң атын не толық атауын;
      5) салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) орналасқан жерiн, банктiк деректемелерiн, сондай-ақ оның тiркеу нөмiрiн;
      6) салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) салық есептiлiгi мен бухгалтерлiк есептiлiктi, салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуге тексеру жүргiзуге жауапты басшысы мен лауазымды адамдарының тегiн, атын, әкесiнiң атын;
      7) алдыңғы жүргiзiлген тексеру мен бұрын анықталған салық заңдарын бұзушылықтарды жою жөнiнде қолданылған шаралар туралы мәлiметтердi;
      8) тексерiлетiн салық кезеңiн және тексеру жүргiзу үшiн салық төлеушi (салық агентi) табыс еткен құжаттар туралы жалпы мәлiметтердi;
      9) Қазақстан Республикасының салық заңдарының тиiстi нормасына сiлтеме жасай отырып, салық бұзушылығының егжей-тегжейлi жазылған сипаттамасын;
      10) салық тексеруiнiң нәтижелерiн көрсете отырып, салық тексеруiнің актiсiн жасайды.
      2. Салық тексеруiнiң актiсi салық төлеушiге тапсырылған күн салық тексеруi мерзiмiнiң аяқталуы болып есептеледi.
      3. Салық тексеруiнiң аяқталуы бойынша салық заңдарының бұзылуы анықталмаған жағдайда, онда бұл туралы салық тексеруi актiсiне тиiстi белгi қойылады.
      4. Салық тексеруi актiсiне қажеттi құжаттардың көшiрмелерi, салық қызметi органының лауазымды адамы жүргiзген есеп-қисаптар және салық тексеруi барысында алынған басқа да материалдар қоса тiркеледi.
      5. Салық тексеруi актiсi кем дегенде екi дана етiп жасалады және оған салық тексеруiн жүргiзген салық қызметi органының лауазымды адамдары қол қояды.
      6. Салық тексеруi актiсi салық тексеруi актiлерi мен хабарламаларын тiркейтiн арнаулы журналда тiркеледi, ол нөмiрленуге, бау өткiзiлуге және салық қызметi органының мөрiмен куәландырылуға тиiс.
      7. Салық тексеруi актiсiнің бiр данасы салық төлеушiге (салық агентiне) тапсырылады. Салық төлеушi (салық агентi) салық тексеруi актiсiн алған кезде оны алғаны туралы белгi қоюға мiндеттi.

      541-бап. Салық тексеруi нәтижелерi бойынша шешiм

      1. Салық тексеруi актiсiнде көрсетiлген нәтижелер негiзiнде салық тексеруiн аяқтау бойынша салық қызметi органы осы Кодекстiң 31-бабына сәйкес белгiленген мерзiмде салық төлеушiге (салық агентiне) жiберiлетiн салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң есептелген сомалары, өсiмпұлдар мен айыппұлдар туралы хабарлама шығарады.
      2. Салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, өсiмпұлдар мен айыппұлдардың есептелген сомалары туралы хабарламаны және салық тексеруi актiсiн тiркеудi, осы баптың 5-тармағында белгiленген жағдайды қоспағанда, салық қызметi органы бiр нөмiрмен жүзеге асырады.
      3. Салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, өсiмпұлдар мен айыппұлдардың есептелген сомалары туралы хабарламада мынадай деректемелер мен мәлiметтер:
      1) хабарламаны және салық тексеруi актiсiн тiркеу күнi мен нөмiрi;
      2) салық төлеушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты не толық атауы;
      3) салық төлеушiнің тiркеу нөмiрi;
      4) салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, өсiмпұлдар мен айыппұлдардың есептелген сомасы;
      5) төлеу туралы талап және төлеу мерзiмi;
      6) тиiстi салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердің, өсiмпұлдар мен айыппұлдардың деректемелерi;
      7) шағым жасау мерзiмi мен орны болуға тиiс.
      4. Салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, өсімпұлдар мен айыппұлдардың есептелген сомалары туралы хабарламаны алған салық төлеушi, егер салық төлеушi салық тексеруi нәтижелерiне шағым жасамаса, оны хабарламада белгiленген мерзiмде орындауға мiндеттi.
      5. Егер салық тексеруiнiң аяқталуы бойынша салық заңдарын бұзу анықталмаған болса, салық тексеруi нәтижелерi бойынша хабарлама шығарылмайды.

96-тарау. Камералдық бақылау

      542-бап. Камералдық бақылау ұғымы

      1. Камералдық бақылау - салық төлеушiлер берген салық есептiлiгiн және басқа да құжаттарды зерделеу мен талдау негiзiнде тiкелей салық органы жүзеге асыратын бақылау.
      2. Камералдық бақылау тiкелей салық органының орналасқан жерi бойынша жүзеге асырылады.

      543-бап. Камералдық бақылау нәтижелерi

      Салық органы салық есептiлiгiн қателiктер тапқан, салық есептiлiгiнде келтiрiлген мәлiметтердiң арасынан қайшылық табылған, сондай-ақ шағын бизнес субъектiлерi үшiн көзделген шарттарды асыра пайдаланған кезде осы Кодекстiң 31-бабына сәйкес салық төлеушiге жiберiлген қателiктердi өз бетiнше жоюы үшiн, сондай-ақ салық салудың жалпыға бiрдей белгiленген тәртiбiне көшуi үшiн хабарлама жiберiледi.

97-тарау. Мониторинг

      544-бап. Салық төлеушiлер мониторингi ұғымы

      1. Салық төлеушiлер мониторингi салық төлеушiлердiң нақты салық салынатын базасын анықтау және тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) өзiндiк құнын қалыптастырудың негiздiлiгiне талдау жүргiзу, қаржы, валюта заңдарын, қолданылатын нарықтық бағаларды сақтау мақсатында салық төлеушілердiң қаржы-шаруашылық қызметiн байқау жүйесiн қолдану жолымен жүзеге асырылады.
      2. Электронды мониторинг - осы баптың 1-тармағында белгiленген, электрондық цифрлық қолтаңбамен расталып, электрондық құжат нысанында ақпарат беретiн мониторинг түрi.<*>
      3. Салық төлеушiлердiң мониторингi республикалық және аймақтық деңгейде жүзеге асырылады.
      Ескерту. 544-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен. (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді)

      545-бап. Мониторингке жататын салық төлеушiлер

      1. Республикалық мониторингке жататын салық төлеушiлердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.
      2. Аймақтық мониторингке жататын салық төлеушiлердiң тiзбесiн  уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.
      3. Мониторингке жататын салық төлеушiлер уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен тәртiппен салық есептiлiгiн тапсырады.

98-тарау. Фискальдық жады бар бақылау-касса
машиналарын қолдану

      546-бап. Фискальдық жады бар бақылау-касса
               машиналарын қолдану

      1. Қазақстан Республикасының аумағында сауда операцияларын жүзеге асыру кезiнде немесе қолма-қол ақша, банктiк төлем карточкалары, чектер арқылы қызмет көрсеткенде ақшалай есеп айырысу мiндеттi түрде фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолдану және бақылау чегiн беру арқылы жүргiзiледi. <*>
      Осы тармақтың ережесi:
      1) жеке кәсiпкерлердің (акцизделетiн тауарларды өткiзушiлерден басқа):
      қызметiн шағын бизнес субъектiлерiне арналған арнаулы салық режимi шеңберiнде бiр жолғы талон немесе патент негiзiнде жүзеге асыратындарының;
      егер салық төлеушi жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен кезден берi 6 ай өтпеген болса;
      қызметiн шаруа (фермер) қожалықтарына арналған арнаулы салық режимi шеңберiнде жүзеге асыратындарының;
      2) салық төлеушiлердiң:
      қызметiн осы Кодекстiң 391-397-баптарында белгiленген арнаулы салық режимi шеңберiнде жүзеге асыратындарының;
      квитанцияларды, билеттердi, талондарды, почта төлемi белгiлерiн немесе құзыреттi мемлекеттiк орган енгiзген қорытынды негiзiнде уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен нысандар бойынша чектерге теңестiрiлген басқа да қатаң есептiлiк құжаттарын бере отырып, халыққа қызмет көрсетуiне қатысты ақшалай есеп айырысуларына қолданылмайды. Құзыреттi мемлекеттiк орган қорытындысының нысаны мен оған қойылатын талаптарды уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi; <*>
      3) адвокаттардың ақшалай есеп айырысуларына қолданылмайды.
      2. Фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолдану мен пайдалану тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      3. Фискалдық жады бар бақылау-касса машиналары - тауарлар сату мен қызмет көрсету кезiнде ақшалай есеп айырысуды тiркеу үшiн пайдаланылатын, ақпараттың маусым сайын түзетiлмей тiркелуiн және энергияға тәуелсiз ұзақ уақыт сақталуын қамтамасыз ететiн, фискалдық жады блогы бар электронды құрылғылар және (немесе) банктiк компьютерлiк жүйелер. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етiлген Фискалдық жады бар бақылау-касса машиналарының мемлекеттiк тiзiлiмiн (бұдан әрi - Мемлекеттiк тiзiлiм) және оны қалыптастырудың ережесiн бекiтедi.
      Компьютерлiк жүйе Мемлекеттiк тiзiлiмге (тiзiлiмнен) байланыс және ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган беретiн қорытындының негiзiнде қосылады (ажыратылады).
      Қорытынды, компьютерлiк жүйенiң осы бапта белгiленген техникалық талаптарға сәйкестiгiн растайтын құжат болып табылады. Қорытындыны берудiң тәртiбiн уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша байланыс және ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi. <*>
      4. Фискальдық жады бар бақылау-касса машинасының техникалық ақауы болған немесе электр энергиясы болмаған жағдайда уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен нысан бойынша тауар чектерiн пайдалануға және беруге рұқсат етiледi. <*>
      Ескерту. 546-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.  
      Ескерту. 546-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2003.07.04. N 475 Заңымен. (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

      547-бап. Фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын
               қолдану жөнiндегi талаптар

      Фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолдану кезiнде мынадай талаптар қойылады:
      1) фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарының тiркеу карточкасын бере отырып, фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын тiркеу (есепке қою, тiркеу деректерiн өзгерту), сондай-ақ есептен шығару қызметiн жүзеге асыру орны бойынша салық органдарында жүргiзiледi. Фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын салық органында тiркеу қызмет басталғанға дейiн жүргiзiледi; <*>
      2) техникалық қызмет көрсетуге фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қою жүзеге асырылады;
      3) фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарының чегiн беру жүзеге асырылады;
      4) фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарына салық  органдарының енуi қамтамасыз етiледi.
      Ескерту. 547-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2003.07.04. N 475 Заңымен. (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

      548-бап. Бақылау-касса машиналарының қолданылу және
               пайдаланылу тәртiбiнiң сақталуына салық
               бақылауын жасау

      Салық органдары:
      1) фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарының қолданылу және пайдаланылу тәртiбiнiң сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
      2) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу бойынша салық төлеушiнің салық мiндеттемелерiн орындау жөнiндегi салық тексерулерiн жүргiзу кезiнде фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарының фискальдық блогындағы сақтаулы деректердi пайдаланады.

99-тарау. Акцизделетін тауарларға, мемлекеттің
меншігіне айналдырылған мүлікті есепке алу, сақтау,
бағалау және өткізу тәртібін сақтауға бақылау
жасау, уәкілетті органдарға бақылау жасау

      549-бап. Акцизделетiн тауарларға бақылау жасау

      1. Шарап материалдары мен сыраны қоспағанда, осы Кодекстiң 257-бабының 2)-4) тармақшаларында белгiленген тауарлар Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен және жағдайларда акциз алымы таңбаларымен және есептiк-бақылау таңбаларымен таңбалануға тиiс. <*>
      2. Осы баптың 1-тармағында аталған акциз алымы таңбаларымен және есептiк-бақылау таңбаларымен таңбалауға акцизделетiн тауарларды дайындаушылар мен импортерлер жауапты болып табылады.
      3. Салық органы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн таңбалаудың ережесiн акцизделетiн тауарларды дайындаушының сақтауына бақылау жасайды.
      4. Салық органы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен акцизделетiн тауарларды өндiрудi жүзеге асыратын салық төлеушінің аумағында акциздiк постылар белгiлейдi.
      Ескерту. 549-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      550-бап. Мемлекет меншiгiне айналдырылған мүлiктi
               есепке алу, сақтау, бағалау және өткiзу
               тәртiбiн сақтауға бақылау жасау

      1. Салық органы мемлекет меншiгiне айналдырылған мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және өткiзу тәртiбiн сақтауға және оны сатудан бюджетке ақша түсiмдерiнiң толық және уақтылы түсуiн бақылауды, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен мемлекет меншігіне айналдырылған мүлікті беруді жүзеге асырады. <*>
      2. Мемлекет меншiгiне айналдырылған мүлiкті есепке алу, сақтау, бағалау және өткiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.
      Ескерту. 550-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      551-бап. Уәкiлеттi органдарға бақылау жасау

      Салық қызметiнiң органдары бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеудiң дұрыстығы, оларды алудың толымдылығы мен уақтылы аударылуы жөнiндегi мәселелер бойынша уәкiлеттi органдарға бақылау жасауды жүзеге асырады.

18-бөлім. Салық тексеруі нәтижелеріне
және салық қызметі органдары лауазымды
адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне)
шағым жасау

100-тарау. Салық тексеруі нәтижелеріне шағым
жасау тәртібі

      552-бап. Салық төлеушiлердің салық тексеруi
               қорытындылары бойынша шағымдарын қарайтын
               органдар

      1. Осы Кодексте көзделген ережелерге сәйкес салық төлеушiнiң салық тексеруi актiсi бойынша хабарламаға шағымын қарауды салық қызметiнiң жоғары тұрған органы жүргізедi. <*>
      1-1. Салық төлеушiнiң уәкiлеттi мемлекеттiк органның лауазымды адамдары жүргiзген тексеру актiсi бойынша хабарламаға шағымын қарауды осы Кодекстiң 553-557-баптарында белгiленген тәртiппен тiкелей уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүргiзедi. <*>
      1-2. Салық төлеушiнiң сотқа шағым беруi салықтық тексеру актiсi бойынша шағым келтiрiлген хабарламаның орындалуын тоқтата тұрады. <*>
      2. Салық төлеушi салықтық тексеру актiсi бойынша хабарламаға салықтың, өсiмпұлдар мен айыппұлдардың есептелген сомасы бөлiгiнде, сондай-ақ салық қызметi органдары лауазымды адамдарының әрекетi (әрекетсiздiгi) бөлiгiнде сотқа шағымдануға құқылы. <*>
      Ескерту. 552-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.

      553-бап. Салық төлеушiнің шағым беру тәртiбi

      1. Салық төлеушiнің салық тексеруi актiсi бойынша хабарламаға шағымы хабарламаны салық төлеушiге тапсырған күннен бастап он бec жұмыс күнi iшiнде салық қызметiнiң жоғары тұрған органына берiледi. <*>
      1-1. Осы баптың 1-тармағында белгiленген мерзiмдi дәлелдi себеппен өткiзiп алған жағдайда салық төлеушiнiң өтiнiшi бойынша шағымды қараушы салық қызметiнiң жоғары тұрған органы бұл мерзiмдi қалпына келтiруi мүмкiн. <*>
      2. Шағымның көшiрмесiн салық төлеушi салық тексеруi жүргiзген салық органына жiберуге тиiс.
      3. Салық төлеушінің осы бапта белгіленген тәртіппен және осы Кодекстің 554-бабында айқындалған нысаны мен мазмұнын сақтай отырып берген шағымы салық органында ол келіп түскен күні міндетті түрде тіркелуге тиіс. <*>
      4. Cалық қызметiнiң жоғары тұрған органына шағым берген салық төлеушi осы шағым бойынша шешiм қабылданғанға дейiн оны өзiнiң жазбаша өтiнiшi негiзiнде керi қайтарып ала алады. Салық төлеушiнiң шағымды керi қайтарып алуы осы баптың 1-тармағында белгiленген мерзiм сақталған жағдайда оны қайтадан шағым беру құқығынан айырмайды. <*>
      Ескерту. 553-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.
      Ескерту. 553-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2003.07.04. N 475 Заңымен. (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
      Ескерту. 553-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      554-бап. Салық төлеушi шағымының нысаны мен мазмұны

      1. Салық төлеушiнiң шағымы жазбаша түрде берiледi.
      2. Шағымда:
      1) салық төлеушiнің шағым берген күнi, айы, жылы;
      2) шағым берiлген салық қызметiнiң жоғары тұрған органының атауы; <*>
      3) шағым берген адамның тегi, аты, әкесiнің аты не толық атауы, оның тұрғылықты жерi (орналасқан жерi) мен банктiк деректемелерi;
      4) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
      5) салық тексеруiн жүргiзген салық органының атауы;
      6) шағым берушi адам өз талаптарын негiздейтiн мән-жайлар және осы мән-жайларды растайтын дәлелдер;
      7) қоса тiркелген құжаттардың тiзбесi көрсетiлуге тиiс.
      3. Шағымда дауды шешу үшiн маңызы бар өзге де мәлiметтер көрсетiлуi мүмкiн.
      4. Шағымға өтiнiш берушi - салық төлеушi қол қояды.
      5. Шағымға:
      1) акт пен хабарламаның көшiрмесi;
      2) өтiнiш берушi өз талаптарын негiздейтiн мән-жайларды растайтын құжаттар;
      3) iске қатысы бар өзге де құжаттар қоса тiркеледi.

      555-бап. Салық төлеушiнiң шағымын қарау

      1. Салық төлеушiнiң шағымы бойынша салық органында шағым тiркелген кезден бастап отыз жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде дәлелдi шешiм шығарылады. <*>
      2. Салық тексеруi актiсi бойынша хабарламаға салық төлеушiнің шағымын қарау нәтижелерi бойынша салық қызметiнiң жоғары тұрған органы мынадай шешiмдердiң бiрiн шығарады: <*>
      1) салық тексеруi актiсi бойынша шағым жасалған хабарламаны өзгерiссiз, ал шағымды қанағаттандырусыз қалдыру;
      2) салық тексеруi актiсi бойынша шағым жасалған хабарламаның толық немесе бiр бөлiгiнде күшiн жою.
      Ескерту. 555-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.

      556-бап. Жоғары тұрған салық органы шешiмiнің мазмұны

      Шағымдарды қарау нәтижелерi бойынша жоғары тұрған салық органының шешiмiнде:
      1) шешiм қабылданған уақыт пен орын;
      2) салық төлеушiнiң шағымын қараған салық органының атауы;
      3) шағым берген салық төлеушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты не толық атауы;
      4) салық тексеруi актiсi бойынша шағым жасалған хабарламаның қысқаша мазмұны;
      5) шағымның мәнi;
      6) шағым бойынша шешiм шығару кезiнде басшылыққа алынған салық заңдарының ережелерiне сiлтеме жасалған негiздеме көрсетiлуге тиiс.

      557-бап. Cалық қызметiнiң жоғары тұрған органына
               шағым берудің салдары <*>

      1. Cалық қызметiнiң жоғары тұрған органына салық төлеушiнің шағым беруi салықтық тексеру актiсi бойынша шағым жасалған хабарламаның орындалуын тоқтата тұрады. <*>
      2. Салық тексеруi актiсi бойынша хабарламаның орындалуы салық қызметiнiң жоғары тұрған органының жазбаша шешiмi шығарылғанға және осы Кодекстiң 557-2-бабының 1-тармағында аталған кезең аяқталғанға дейiн тоқтатыла тұрады.
      3. Салық тексеруi актiсi бойынша хабарламаның күшi жойылған жағдайда салықтық тексеру актісiнiң де күші жойылады.
      Ескерту. 557-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2003.07.04. N 475 Заңымен. (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)     

     

100-1-тарау. Салық төлеушінің шағымын қараудың
нәтижелерi бойынша шешiмдi қайта қараудың тәртiбi <*>

      Ескерту. 100-1-тараумен толықтырылды - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен. (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді)

     557-1-бап. Шешiмдi уәкiлеттi мемлекеттiк органда
                 қайта қарау

     1. Осы Кодексте көзделген ережелерге сәйкес шағымды қараудың нәтижелерi бойынша шешiмдi қайта қарауды уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүргiзедi.
      2. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган шағымды қарау жөнiндегi өзiнiң өкiлеттiктерiн жүзеге асыру кезiнде оның қызметiне араласуға тыйым салынады.
      3. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның осы Кодексте белгiленген негiзде және тәртiппен шығарылған шешiмi салық органдары үшiн мiндеттi болып табылады.

      557-2-бап. Уәкiлеттi мемлекеттiк органға шағымданудың
                 тәртiбi мен мерзiмдерi

      1. Уәкiлеттi мемлекеттiк органға шағым салық төлеушi шағымды қарау нәтижелерi бойынша шешiмдi алған кезден бастап не осы Кодекстiң 555-бабының 1-тармағында аталған мерзiм аяқталған соң салық қызметiнiң жоғары тұрған органының шешiмi болмаған жағдайда он жұмыс күнi iшiнде берiледi.
      2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген мерзiмдi дәлелдi себеп бойынша өткiзiп алған жағдайда, шағым беретiн салық төлеушiнiң өтiнiш беруi бойынша уәкiлеттi мемлекеттiк орган бұл мерзiмдi қалпына келтiруi мүмкін.
      3. Уәкiлеттi мемлекеттiк органға шағым беру осы баптың ережелерi ескерiле отырып, осы Кодекстiң 553-бабында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
      4. Салық төлеушi шағымның көшiрмесiн салық төлеушiнiң шағымын қараған салық қызметiнiң жоғары тұрған органына да жiберуге тиiс.
      Ескерту. 557-2-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2003.07.04. N 475 Заңымен. (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

      557-3-бап. Уәкiлеттi мемлекеттiк органға жiберiлетiн
                 шағымның нысаны мен мазмұны

      1. Уәкiлеттi мемлекеттiк органға жiберiлетiн шағым нысаны мен мазмұны бойынша осы Кодекстiң 554-бабында белгiленген талаптарға сай болуға тиiс.
      2. Уәкiлеттi мемлекеттiк органға жiберiлетiн шағымға салық төлеушiнiң шағымын қараған салық қызметiнiң жоғары тұрған органы шешiмiнiң көшiрмесi қоса тiркелуге тиiс.

      557-4-бап. Уәкiлеттi мемлекеттiк органға жiберiлетiн
                 шағымды қарау тәртiбi

      1. Осы Кодексте белгiленген тәртiппен берiлген, уәкiлеттi мемлекеттiк органға жiберiлген шағымды, осы Кодекстiң 557-8-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, оның тiркелген күнiнен бастап отыз жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде уәкiлеттi мемлекеттiк орган қарайды. <*>
      2. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган iстi мәнi бойынша қарауды аяқтаған соң жазбаша нысанда дәлелдi шешiм шығарады және оны өтiнiш берушi - салық төлеушiге жiбередi немесе тапсырады және көшiрмесiн салық төлеушiнiң шағымын қараған салық органына жiбередi.
      Ескерту. 557-4-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      557-5-бап. Уәкiлеттi мемлекеттiк органға жiберiлген
                 шағым бойынша шешiм қабылдау

      Уәкiлеттi мемлекеттiк орган шағымды қараудың қорытындысы бойынша:
      1) шағымды қанағаттандырусыз қалдыруға;
      2) салық органының шағым жасалған шешiмiнiң күшiн жоюға;
      3) шешiмдi өзгертуге немесе жаңа шешiм шығаруға құқылы.

      557-6-бап. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган шешiмiнiң
                 мазмұны

      Уәкiлеттi мемлекеттiк органның шешiмiнде:
      1) шешiмнiң қабылданған уақыты мен орны;
      2) шағым берген салық төлеушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты не толық атауы;
      3) салық қызметiнiң жоғары тұрған органының шағым жасалып отырған шешiмiнiң қысқаша мазмұны;
      4) шағымның мәнi;
      5) Қазақстан Республикасының салық заңдарының нормаларына сiлтеме жасалған негiздеме мен қорытындылар көрсетiлуге тиiс.

      557-7-бап. Уәкiлеттi мемлекеттiк органға шағым
                 берудiң салдары

      1. Уәкiлеттi мемлекеттiк органға шағым беру жазбаша шешiм шығарылғанға дейiн салықтық тексеру актiсi бойынша шағым жасалған хабарламаның орындалуын тоқтата тұрады.
      2. Салықтық тексеру актiсi бойынша хабарламаның күшi жойылған жағдайда салықтық тексеру актiсiнiң де күшi жойылады.

      557-8-бап. Қосымша тексеру жүргiзудiң тәртiбi
                 мен мерзiмдерi
      1. Салық қызметi органы салық төлеушiнiң шағымын қараған кезде, қажет болған жағдайда, қосымша тексеру тағайындауға құқылы.
      2. Қосымша тексеру осы Кодексте белгiленген тәртiппен және мерзімдерде жүргізіледі.
      3. Шағымды қараудың мерзiмi қосымша тексерудi өткiзу кезеңiнде тоқтатыла тұрады.
      4. Айқындық жеткiлiктi болмаған немесе деректер толық болмаған, сондай-ақ қосымша тексерудiң барысында бұрын тексерiлген мән-жайлар мен құжаттарға қатысты жаңа мәселелер туындаған кезде шағымды тексерушi орган қайта тексерудi тағайындауға құқылы.
      5. Шағым бойынша шешiм қосымша тексерудiң нәтижелерiн ескере отырып шығарылады.

      558 - 565-баптар. <*>
      Ескерту. 558-565-баптар алып тасталды - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен.      

101-тарау. Салық қызметі органдары лауазымды
адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі

      566-бап. Шағымдану құқығы

      Әрбiр салық төлеушiнiң жоғары тұрған салық қызметi органына немесе сотқа салық қызметi органдарының лауазымды адамдарының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдануға құқығы бар.

      567-бап. Шағымдану тәртiбi

      Салық қызметi органдарының лауазымды адамдарының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген тәртiппен шағым жасалады.

      568-бап. Салық қызметi органдары лауазымды адамдарының
               салық заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылығы

      Салық қызметi органдарының салық заңдарының бұзылуына кiнәлi лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауапты болады. <*>
      Ескерту. 568-бап өзгерді - Қазақстан Республиксының 2002.11.23. N 358 Заңымен. (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді)          

      Қазақстан Республикасының
      Президенті