Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2002 жылғы 21 наурыз N 312-ІІ

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 25 қаңтардағы N 37 бұйрығымен .

------------Бұйрықтан үзінді--------

      Нормативтік құқықтық базаны қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналардың күші жойылсын деп танылсын:
      ...      
      4) "Білім және ғылым министрінің 2001 жылғы 11 наурыздағы 151 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2002 жылғы 21 наурыздағы N 200 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 26 сәуірде 1836 тіркелген, Нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде, 2002 жылғы, тамызда, N 30 жарияланған)...

      Министр

-------------------------------------  
      Кәсіптік жоғары білім беретін ұйымдардың қызметін регламенттеуді жетілдіру мақсатында бұйырамын: 
      1. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің "Жоғары оқу орындарының қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 11 наурыздағы N 151  V011474_  бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін: 
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары оқу орындарының қызметін ұйымдастыру Ережесінде:
      9 тараудың 195-тармағындағы "рұқсат етілмейді" деген сөздер "ерекше жағдай ретінде үздік диплом алуға талапкер бітіруші курс студенттеріне Жоғарғы оқу орны кеңесінің шешімімен рұқсат беріледі" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім департаменті (Б. Әбдірәсілов) осы бұйрықты белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуден өткізуге ұсынсын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Бірінші вице-министр Ғ.Мұтановқа жүктелсін.     

      Министр