Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 23 қарашадағы N 358 Заңы

       1-бап.  Қазақстан Республикасының мына заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Кодексiне  (Салық кодексiне) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжаттар) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) 10-баптың 1-тармағында:
      2) тармақшадағы "немесе сенiмгерлiк басқаруға", "депозиттер бойынша" деген сөздер тиiсiнше "Қазақстан Республикасының қаржы лизингiнiң мәселелерiн реттейтiн заң актiлерiне сәйкес сыйақы түрiнде", "салымдар (депозиттер) бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
      20) тармақшадағы "кәсiпкер" деген сөзден кейiн ", жеке нотариус, адвокат" деген сөздермен толықтырылсын;
      25) тармақшадағы "опциондар," деген сөзден кейiн "своптар," деген сөзбен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 27-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "27-1) валюта айырбастаудың нарықтық бағамы - қазақстандық қор биржасының негiзгі сессиясында қалыптасқан және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiмен бiрлесiп белгiлеген тәртiппен анықталған теңгенiң шетел валютасына орташа салыстырылған биржалық бағамы;
      теңгенiң қазақстандық қор биржасында сауда-саттық жүргiзiлмейтiн шетел валютасына бағамы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесiп белгiлейтiн тәртiппен кросс-бағамдар пайдаланыла отырып есептеледi;
      28) тармақшадағы "төлеудiң," деген сөзден кейiнгi үтiр алып тасталып, "және жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн ақы төлеудiң," деген сөздермен толықтырылсын;
      31) тармақшадағы "орталық атқарушы" деген сөздер "мемлекеттiк" деген сөзбен ауыстырылсын;
      33) және 34) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      33) салық төлеушiнiң электрондық құжаты - белгiленген электрондық форматта берiлген, ол қабылданып және бiрдейлiгi расталғаннан кейiн салық төлеушiнiң электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат;
      34) салық төлеушiнiң электрондық цифрлық қолтаңбасы - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарынан жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның салық төлеушiге тиесiлiгiн және мазмұнының өзгермейтiнiн растайтын электрондық цифрлық нышандардың реттiлiгi;

      2) 12-баптың 1-тармағында:
      4) тармақша "тәртiппен" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ Қазақстан Республикасының трансферттiк бағаларды қолдану кезiнде мемлекеттiк бақылау мәселелерiн реттейтiн заңдарында көзделген ақпарат пен құжаттарды" деген сөздермен толықтырылсын;
      5) тармақшадағы "жүргiзуге мiндеттi." деген сөздер "жүргiзуге" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      6) заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуына (қайта құрылу арқылы қайта ұйымдастырылуын қоспағанда) және (немесе) таратылуына байланысты құжаттық тексерудi жүргiзу туралы салық органына өтiнiш беруге мiндеттi.";

      3) 15-баптың 3-тармағындағы "Салық органдарына" деген сөздерден кейiн "аймақаралық салық комитеттерi," деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 16-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 10-1) және 12) тармақшалармен толықтырылып, 11) тармақшадағы "қоюға құқылы" деген сөздер "қоюға;" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "10-1) салық тексерулерiне басқа да мемлекеттiк органдардың мамандарын тартуға;";
      "12) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 49-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген негiздер бойынша заңды тұлғаны тарату туралы сотқа талап-арыз беруге құқылы.";

      5) 21-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Жергiлiктi атқарушы органдар бiржолғы талондардың берiлуiн ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.";

      6) 31-бапта:
      2-тармақта:
      2) тармақшадағы "aктici бойынша шешiм қабылданған" деген сөздер "актiсiн табыс еткен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақша алып тасталсын;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) мерзiмiнде орындалмаған салық мiндеттемесiнiң орындалуын қамтамасыз ету жөнiнде қолданылатын шаралар туралы, осы Кодекстiң 45-бабының 1) тармақшасында белгiленген жағдайды қоспағанда, - осы Кодекстiң 47-бабының 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында және 48-бабының 1-тармағында көрсетiлген мерзiмдер аяқталғаннан кейiн;";
      3-тармақтың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Хабарламада салық төлеушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты немесе толық атауы; салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi; хабардар етiлген күн; Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда салық мiндеттемесiнiң сомасы; салық мiндеттемесiн орындау туралы талап; хабарлама жiберу үшiн негiздеме; шағымдану тәртiбi көрсетiледi.";
      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      "4-1. Осы баптың 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген хабарламаны салық төлеушi өзiне хабарлама тапсырылған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде орындауға тиiс.".

      7) 32-бапта:
      2-тармақ "сомалары туралы" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық заңдарын бұзушылықтарды жою туралы" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Акционерлiк қоғамдардың бересiсiн жабу үшiн соттың шешiмiмен акциялардың қосымша эмиссиясын шығару жүргiзiлетiн бересi сомаларын төлеу жөнiндегi салық мiндеттемелерiн орындау мерзiмдерi акциялардың қосымша эмиссиясы туралы сот шешiмi күшiне енген кезден бастап және оларды орналастыру (өткiзу) аяқталғанға дейiн тоқтатыла тұрады.";

      8) 39-бапта:
      1-тармақ "Өткен салық кезеңдерiндегi салықтың осы түрi бойынша мiндеттемелер ескерiле отырып," деген сөздермен басталып, "Салық" деген сөз кiшi әрiппен жазылсын;
      2-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Бюджетке артық төленген салық сомасы салық төлеушiнiң өтiнiшi бойынша салық төлеушi өтiнiш берген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде мынадай тәртiппен салық берешегiн мiндеттi өтеу есебiне жатады:";
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Осы баптың 2-тармағында белгiленген мерзiм бұзылған жағдайда, есепке алу мерзiмi бұзылған әр күн үшiн, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 2 еселенген мөлшерiнде өсiмпұл есептеледi.";
      мемлекеттiк тiлдегi мәтiнде 4-тармақтағы "жатқызылуға" деген сөз "жатқызылмауға" деген сөзбен ауыстырылсын.

      9) 40-баптың 3-тармағындағы "1,5" деген цифр "2" деген цифрмен ауыстырылсын;

      10) 42-баптың 1-тармағындағы "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсе отырып" деген сөздер ", осы Кодекстiң 249-бабында белгiленген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 46-бапта:
      3-тармақтағы "1,5" деген цифр "2" деген цифрмен ауыстырылсын;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Салық және басқа да мiндеттi төлемдердiң, өсiмпұлдардың, айыппұлдардың сомаларын банк шоттарының есебiнен шығару кезектiлiгiн сақтамағаны үшiн, сондай-ақ салық төлеушiлердiң банк шоттары есебiнен шығарылған және банктердiң немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың кассаларының салық және басқа да мiндеттi төлемдердi, өсiмпұлдарды, айыппұлдарды төлеу шотына қабылданған қолма-қол ақшаны бюджетке аударуды (есептеудi) кешiктiргенi үшiн банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға өсiмпұл есептеледi.";
      5-тармақтағы "осындай шешiм күшiне енген күннен бастап," деген сөздер "не оңалту рәсiмiн қолдану туралы ұйғарым қабылданғанда, осындай шешiм немесе ұйғарым күшiне енген күннен бастап," деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
      "9. Салықтың артық төленген сомасы расталған жағдайда, осы Кодекстiң 39-бабының 2-тармағында белгiленген есепке алуды жүргiзу мерзiмi бұзылған ретте салық төлеушiнiң артық төленген салық сомасын есепке алуды жүргiзуге берген өтiнiшiнде көрсетiлген артық төленген салық сомасына барабар бересi сомасына өсiмпұл есептелмейдi.
      Аталған ереже осы Кодекспен белгiленген жағдайларға қолданылмайды.";

      12) 47-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Салық төлеушiнiң банк шоты жабылған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банк тиiстi салық органына салық төлеушiнiң банк шотының жабылғаны туралы хабарламамен бiрге шот бойынша шығыс операцияларының тоқтатыла тұратыны туралы өкiмдi қайтарады.";

      13) 49-баптағы "салық төлеушiге мерзiмiнде орындалмаған салық мiндеттемесiн орындауды қамтамасыз ету тәсiлдерiн қолданғаннан кейiн," деген сөздер алып тасталсын;

      14) 50-баптың 6 және 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Клиентке қойылған талаптардың бәрiн қанағаттандыру үшiн клиенттiң банктегi ақшасы жеткiлiктi болған жағдайда, салық берешегiн өндiрiп алуға инкассалық өкiмдi банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым бiрiншi кезекте және аталған өкiмдi алған күннен кейiнгi бiр операциялық күннен кешiктiрмей, банк шотында бар сомалар шегiнде орындайды.
      7. Салық төлеушiнiң банк шотында ақшасы жеткiлiксiз немесе жоқ болып, клиентке бiрнеше талаптар қойылған жағдайда, банк осы шотқа ақша түсуiне қарай мынадай кезектiлiкпен:
      1) бiрiншi кезекте өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянның орнын толтыру талаптарын, сондай-ақ алименттердi өндiрiп алу жөнiндегi талаптарды қанағаттандыруды көздейтiн атқарушылық құжаттар бойынша;
      2) екiншi кезекте еңбек келiсiмi бойынша, соның iшiнде келiсiм-шарт бойынша жұмыс iстеп жүрген адамдарға демалыс жәрдемақысы мен еңбегiне ақы төлеу жөнiнде, авторлық шарт бойынша сыйақы төлеу жөнiнде есеп айырысу үшiн aқшa алу көзделетiн атқарушылық құжаттар бойынша;
      3) үшiншi кезекте клиенттiң бюджет алдындағы мiндеттемелерi бойынша клиенттiң ақшасын алуды жүргiзедi.";

      15) 53-баптың 2-тармағындағы "заң актiлерiне" деген сөздер "заңдарына" деген сөзбен ауыстырылсын;

      16) 65-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Шетел валютасымен жасалатын операция салық салу мақсатында операция (төлем) жасалған күнгi валюта айырбастаудың рыноктық бағамы қолданыла отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгемен қайта есептеледi.";

      17) 68-бапта:
      1-тармақтағы "салық төлеушi" деген сөздерден кейiн ", салық агентi" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақта:
      бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Салық есептiлiгiне осы тармақта көрсетiлген мынадай құжаттар, сондай-ақ олардың қосымшалары мен қосымша нысандары кiредi:";
      мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
      "резидент емес жеке тұлғаға салынатын жеке табыс салығының болжанған сомасы туралы өтiнiш;";
      алтыншы абзацтағы "келiсiмдер" деген сөз "халықаралық шарттар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы жетiншi абзацпен толықтырылсын:
      "шот-фактуралар тiзiлiмi;";
      3-тармақтағы "декларациясы, есеп-қисабы" деген сөздер "есептiлiгi" деген сөзбен ауыстырылсын;

      18) 69-бапта:
      1-тармақтағы "не оның өкiлi, салық агентi" деген сөздер ", салық агентi не олардың өкiлдерi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтағы "Салық есептiлiгiне" деген сөздер "Қағазға түсiрiлген салық есептiлiгiне" деген сөздермен ауыстырылсын; "басшы мен бас бухгалтердiң электрондық қолтаңбасымен және заңды тұлғаның электрондық мөрiмен" деген сөздер "салық төлеушiнiң электрондық цифрлық қолтаңбасымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      10-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Егер салық есептiлiгiнде:
      1) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi көрсетiлмесе не дұрыс көрсетiлмесе;
      2) салық кезеңi көрсетiлмесе;
      3) осы баптың қолтаңба мен салық есептiлiгiн куәландыруға қатысты талаптары бұзылса, салық есептiлiгi салық органына берiлмеген болып есептеледi.";

      19) 74-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы "мерзiмi" деген сөзден кейiн ", мерзiмi үш жылдан кем болмауға тиiс ауыл шаруашылық техникасы жөнiндегi қаржы лизингiн қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      20) 76-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Салық агентi қызметкердiң толық жұмыс күні үшiн табысын Қазақстан Республикасының тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңында белгiленген жалақының ең төменгi мөлшерiнен төмен мөлшерде есептеген жағдайда, салық органдары әлеуметтiк салық салу объектiсiн ең төменгi жалақының аталған мөлшерiне қарай белгiлейдi.";

      21) 89-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Сақтандыру ұйымының сақтанушыға жинақтаушы емес сақтандыру шартының әрекетi аяқталғаннан кейiн немесе оны мерзiмiнен бұрын тоқтатқан жағдайда қайтаруға тиiс (қайтарылатын) және сақтанушы бұрын шегерiмге жатқызған сақтандыру сыйақыларының сомасы олар шегерiмге жатқызылған салық кезеңiнiң жылдық жиынтық табысына жатқызылады, сақтандырушы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiп пен нысанда өзiнiң тiркелген жерi бойынша салық органдарын кiрiстiң пайда болуы туралы мiндеттi түрде хабардар етедi.";

      22) 91-баптың 1-тармағында:
      3) тармақшадағы "тұрған" деген сөздiң алдынан "өткiзу күнiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) мемлекеттiк бағалы қағаздармен және агенттiк облигацияларымен жасалған операциялардан түскен табыстар;";

      23) 94-бапта:
      1-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
      2-тармақтың 1) тармақшасындағы ", сондай-ақ сенiмгерлiк басқаруға алынған мүлiк үшiн" деген сөздер алып тасталсын; "1,5" деген цифр "2" деген цифрмен ауыстырылсын;
      3-тармақта:
      "ресiмдеу" деген сөзден кейiн "(қайта ресiмдеу)" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Ұзақ мерзiмдi сипаттағы (бiр жылдан астам) шарттар бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi қолданатын қайта қаржыландыру ставкасы мен Лондон банкаралық рыногының ставкасы жыл сайын шарт жасалған күннен бастап қайта қаралып отырады.";

      24) 96-баптың 4-тармағы алып тасталсын;

      25) 97-баптың 2-тармағында:
      "Банктер мен банк операцияларының" деген сөздердiң алдынан "Аффилиирленген тұлғалардың пайдасына не аффилиирленген тұлғалардың мiндеттемелерi бойынша үшiншi тұлғаларға берiлген (кредиттiк серiктестiктердiң активтерi мен шарттық мiндеттемелерiнен басқа) активтер мен шарттық мiндеттемелердi қоспағанда," деген сөздермен толықтырылып, "Банктер" деген сөз кiшi әрiппен жазылсын;
      мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Осы тармақтың мақсаттары үшiн:
      1) банктiң және (немесе) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның аффилиирленген тұлғасы;
      2) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлға;
      3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында аталған адамдардың жұбайы (зайыбы);
      4) осы тармақтың 1)-3) тармақшаларында аталған адамдар iрi қатысушы және (немесе) бiрiншi басшы болып табылатын заңды тұлға;
      5) iрi қатысушы және (немесе) бiрiншi басшы, осы тармақтың 1)-3) тармақшаларында аталған адамдардың жақын туысы, жұбайы (зайыбы) болып табылатын адам аффилиирленген тұлға болып танылады.";

      26) 100-баптағы "өтемiн" деген сөзден кейiн "және жинақтаушы зейнетақы қорларына ерiктi кәсiби зейнетақы жарналарын" деген сөздермен толықтырылсын;

      27) 110-бапта:
      1-тармақтың кестесi мынадай сөздермен толықтырылсын:
      "7 Басқалары                          7";
      2-тармақ "Салық төлеушi" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасының аумағында" деген сөздермен толықтырылсын;

      28) 113-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Жалдаушы жасаған және жалға берушi жалдау шартына сәйкес өтемеген негiзгi құралдарды жөндеуге арналған шығыстар жалдаушының негiзгi құралдарының тиiстi тобын жөндеуге арналған шығыстар құрамына қосылады және осы бапта белгiленген тәртiппен шегерiлуге жатады.
      Егер жалданатын негiзгi құралдарды жөндеуге жұмсалатын шығыстар осы тармаққа сәйкес шегеруге жатқызылмаса, мұндай шығыстар жалдаушыдағы топтың құндық балансын ұлғайтуға және шегеруге жатпайды.";

      29) 115-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Сақтанушылар мен қайта сақтанушылардан салық кезеңi iшiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша алуға жатқызылған (алынған) сақтандыру сыйақыларының қайта сақтандыру шарты бойынша төленген сақтандыру сыйақыларына азайтылған сомасы түрiндегi табысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына олардың сақтандыру және қайта сақтандыру қызметiн жүзеге асыратын бөлiгiнде корпорациялық табыс салығын салу объектiсi болып табылады.
      Сақтандыру қызметiнiң мынадай кiрiс түрлерi:
      1) қайта сақтандыру шарттары бойынша алуға жататын (алынған) комиссиялық сыйақылар;
      2) инвестициялық кiрiстер, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерiн депозиттерге, бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына орналастырудан алуға жататын (алынған) бағам айырмасы жөнiндегi кiрiстер;
      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) шартына байланысты дебиторлық және кредиторлық берешектердi қайта бағалау жөнiндегi бағам айырмасы;
      4) қайта сақтандыру шартына сәйкес сақтандыру жағдайын реттеу жөнiндегi сақтандыру төлемдерi мен шығыстарындағы қайта сақтандырушының үлесi;
      5) сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша үшiншi тұлғалардан суброгация (регресс) тәртiбiмен қойылатын талаптар бойынша кiрiстер;
      6) 2002 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданылған Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес шегерiмдерге жатқызылған сақтандыру резервтерiне аударымдар сомаларын қоспағанда, салық кезеңi iшiндегi сақтандыру резервтерiнiң мөлшерiн азайту;
      7) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтанушыларға берiлген заемдар бойынша кiрiстер;
      8) шығыстары 2002 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданылған Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес шегерiмге жатқызылған күмәндi мiндеттемелердi қоспағанда, сақтандыру қызметiнен күмәндi мiндеттемелер бойынша алынатын кiрiстер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының салық салу объектiсi болып табылмайды.
      2. Өзге қызметтен алуға жататын (алынған) жиынтық жылдық кiрiс пен осы тармақта белгiленген тәртiппен анықталатын шегерiмдер арасындағы айырма ретiнде есептелiп, салық салынатын кiрiс осы баптың 1-тармағында көрсетiлмеген өзге қызметтен алуға жататын (алынатын) кiрiстер бойынша корпорациялық табыс салығын салу объектiсi болып табылады.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзге қызмет бойынша шегерiмге жатқызуға жататын шығыстар сомасы, шығыстардың жалпы сомасында қайта сақтандыру шарттары бойынша төленген сақтандыру сыйақыларын қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жалпы кiрiстер сомасындағы өзге қызметтен алуға жататын (алынған) кiрiстерiнiң үлес салмағы негiзге алына отырып, барабар әдiспен белгiленедi.";

      30) 118-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Осы Кодекстiң 115-бабының 2-тармағында көрсетiлген кiрiстер бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары аванстық төлем сомаларының есеп-қисабын осы Кодекстiң 126-бабында белгiленген тәртiппен ұсынады.";

      31) 121-баптың 1-тармағының бiрiншi абзацындағы "қызметiнiң айрықша түрi" деген сөздер "жылдық жиынтық табысының кем дегенде 90 процентi, қызметтiң мынадай түрлерiнен:" деген сөздермен, 1) - 4) тармақшалардағы "көрсету" деген сөз "көрсетуден" деген сөзбен ауыстырылсын, 4) тармақшадағы "болып табылатын" деген сөздер "алынуға тиiс (алынған) кiрiс құрайтын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      32) 124-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Өткiзу күнiне қор биржасының "А" және "В" ресми тiзiмiндегi акциялар мен облигацияларды, мемлекеттiк бағалы қағаздар мен агенттiк облигацияларды өткiзуден шегетiн залалдарды қоспағанда, бағалы қағаздарды өткiзу кезiнде туындайтын залалдар өткiзу күнiне қор биржасының "А" және "В" ресми тiзiмiндегi акциялар мен облигацияларды, мемлекеттiк бағалы қағаздар мен агенттiк облигацияларды өткiзу кезiндегi құн өсiмiнен түскен табысты қоспағанда, басқа бағалы қағаздарды өткiзу кезiнде алынған құн өсiмiнен түскен табыс есебiнен өтеледi.
      Егер осы залалдар орын алған кезеңiнде өтеле алмайтын болса, олар алдағы уақытқа үш жылға дейiнгi мерзiмге ауыстырылып, өткiзу күнiне қор биржасының "А" және "В" ресми тiзiмiндегi акциялар мен облигацияларды, мемлекеттiк бағалы қағаздар мен агенттiк облигацияларды өткiзу кезiндегi құн өсiмiнен түскен табысты қоспағанда, басқа бағалы қағаздарды өткiзу кезiнде алынған құн өсiмiнен түскен табыс есебiнен өтелуге тиiс.";

      33) 126-бапта:
      3-тармақтағы "төленген" деген сөзден кейiн "(есептелген шекте және одан кем eмec)" деген сөздермен толықтырылсын;
      6-тармақтағы "күнi iшiнде" деген сөздерден кейiн ", бiрақ есептiк салық кезеңiнiң 20 сәуiрiнен кешiктiрмей" деген сөздермен толықтырылсын;
      8-тармағы "түзетiлген" деген сөздiң алдынан "салық кезеңiнiң алдағы айлары үшiн" деген сөздермен толықтырылсын;

      34) 127-баптың 1-тармағындағы "осы Кодекстiң 128-бабында" деген сөздер "осы Кодексте" деген сөздермен ауыстырылсын;

      35) 128-баптың 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Құрылымдық бөлiмшелерi бар салық төлеушiлер аванстық төлемдер мен корпорациялық табыс салығы бойынша декларация сомаларының есеп-қисабын тапсырған кезде өзiнiң тiркелген жерiндегi салық органына заңды тұлғалардың құрылымдық бөлiмшелерi бойынша салық кезеңiнiң қорытындысы бойынша аванстық төлемдер мен корпорациялық табыс салығы сомасының есеп-қисабын уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiп пен нысанда бiр мезгiлде табыс етуге мiндеттi.
      5. Құрылымдық бөлiмшелерi бар салық төлеушiлер салық кезеңiнiң қорытындысы бойынша құрылымдық бөлiмшелерi үшiн төленуге тиiс аванстық төлемдер мен корпорациялық табыс салығының сомалары туралы тиiстi салық органдарын салық төлеушiнiң тiркелген жерiндегi салық органы куәландырған, уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiп пен нысандағы есеп-қисапты табыс ету жолымен, осы баптың 4-тармағында көрсетiлген есеп-қисапты табыс ету үшiн белгiленген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде хабардар етуге мiндеттi.";

      36) 131-бапта:
      1-тармақта:
      бiрiншi абзацта "Төлем" деген сөз "Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, төлем" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) резидент банктер мен лизинг берушiлерге төленетiн сыйақыны қоспағанда, заңды тұлғаларға борыштық бағалы қағаздар бойынша төленетiн сыйақыдан басқа төленетiн сыйақы;";
      6) тармақшадағы "эмитент" деген сөздiң алдынан "резидент-банктерге төленетiн сыйақыны қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Мыналар:
      1) мемлекеттiк бағалы қағаздар бойынша сыйақылар;
      2) орналастырылған зейнетақы активтерi бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларына төленетiн инвестициялық кiрiстер төлем көзiнен салық салуға жатпайды.";
      2-тармақтағы "салық төлеушiнiң салық кезеңi iшiнде" деген сөздер "сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда, салық төлеушiнiң салық кезеңi iшiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      37) 132-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Депозитарлық қолхат бойынша кiрiстердi төлеу көзi осындай депозитарлық қолхаттың базалық активiнiң эмитентi болып табылады.";

      38) 133-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "133-бап. Төлем көзiнен салықты аудару тәртiбi
      1. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, салық агенттерi төлем жүзеге асырылған ай аяқталғаннан кейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей төлем көзiнен ұсталған салық сомаларын аударуға мiндеттi.
      2. Төлем көзiнен ұсталған салықтардың сомаларын аудару салық агентi орналасқан жер бойынша жүзеге асырылады.";

      39) 140-баптың 2-тармағындағы "заң актiлерiнде" деген сөздер "заңдарында" деген сөзбен ауыстырылсын;

      40) 144-баптың 1-тармағында:
      5) тармақшадағы "мемлекеттiк бағалы қағаздармен" деген сөздерден кейiн "және агенттiк облигациялармен" деген сөздермен толықтырылсын;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) әскери қызмет мiндеттерiн атқарған кезде әскери қызметшiлерге, белгiленген тәртiппен арнайы атақ берiлген, оны қызметтiк мiндеттерiн атқаруына байланысты алған iшкi iстер органдарының және мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң қызметкерлерiне берiлетiн төлемдердiң барлық түрі;";
      13) тармақшадағы "қор биржасының" деген сөздердiң алдынан "өткізілер күні" деген сөздермен толықтырылып, "тiзімiндегі" деген сөз "тiзiмiнде тұратын" деген сөздермен, "кезiнде" деген сөз "кезiндегi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      15) тармақшадағы "бiржолғы" деген сөз алып тасталсын;
      22) тармақша алып тасталсын;
      30) тармақшадағы "жеке тұлға" деген сөздердiң алдынан "өздерiнiң қызметiн жүзеге асыру мақсатында жеке кәсiпкер, жеке нотариус, адвокат алған мүлiктi қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 31-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "31-1) он алты жасқа толмаған балалар үшiн балалар лагерiне жолдамалардың құны;";

      41) 145-бапта:
      1-тармақтағы "2 және 3-тармақтарында" деген сөздер "1-1, 2 және 3-тармақтарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Қызметкерлердiң Қазақстан Республикасының тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңында белгiленген, жылына ең төменгi жалақының 12 еселенген мөлшерiнен аспайтын жалақысының төлем көздерiнен салық салынатын кiрiстерiне, қызметкерлердiң тоқсан iшiндегi орташа айлық кiрiсi ең төменгi жалақы мөлшерiнен аспайтын жағдайда "0" ставкасы бойынша салық салынуға тиiс.";

      42) 147-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Салық агенттерi, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, төленген кiрiстер бойынша салықты аударуды төлем төленетiн айдан кейiнгi айдың 5-iне дейiн өзiнiң орналасқан жерi бойынша жүзеге асырады.";
      мынадай мазмұндағы 2-1 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
      "2-1. Салық агенттерi тиiстi бюджеттерге құрылымдық бөлiмшелер бойынша салық төлеудi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.";
      "4. Депозитарлық қолхат бойынша кiрiстер төлеу көзi осындай депозитарлық қолхаттың базалық активiнiң эмитентi болып табылады.";

      43) 148-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Салық агенттерi жеке табыс салығы бойынша есеп-қисапты салық органына салық төленетiн жер бойынша есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-нен кешiктiрмей табыс етедi.
      Жеке табыс салығы бойынша есеп-қисапқа қосымшада, осы Кодекстiң 144-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында көрсетiлген кiрiстердi қоспағанда, жеке тұлғаның төленген кiрiстерi туралы мәлiметтер көрсетiледi.";

      44) 151-баптың 3) тармақшасындағы "мүлiктiк" деген сөз алып тасталсын;

      45) 152-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) Қазақстан Республикасының тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңында айлық есептiк көрсеткiштiң 10 еселенген сомасынан аспайтын мөлшерде өз пайдасына енгiзген ерiктi зейнетақы жарналары.";
      2-тармақта:
      "растаушы құжаттардың" деген сөздерден кейiн "(асырауындағыларға)" деген сөзбен толықтырылсын;
      "1) және 2) тармақшаларына" деген сөздер "1), 2) және 4) тармақшаларына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      46) 154-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "154-бап. Бiржолғы төлемдерден түскен табыс
      Бiржолғы төлемдерден түскен табысқа, өздерiнiң қызметiне байланысты жеке кәсiпкердiң, жеке нотариус пен адвокаттың кiрiс бойынша төлемдерiн қоспағанда, салық төлеушiлердiң Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салық агенттерiмен жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табысы, сондай-ақ жеке тұлғалар төлейтiн басқа да бiржолғы төлемдер жатады.";

      47) 161-баптың 1-тармағының үшiншi абзацы алып тасталсын;

      48) 164-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Мынадай резидент жеке тұлғалар:
      1) арнайы салық режимдерiн қолданатындарды қоспағанда, жеке кәсiпкерлер;
      2)  резидент болып табылатын және табысты Қазақстан Республикасындағы төлем көзiнен жеке табыс салығы салынбайтын қызметтi жүзеге асырудан алатын шет мемлекеттердiң азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар жеке табыс салығын аванстық төлемдердi енгiзу арқылы төлейдi.
      Жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi есептеу және төлеу, сондай-ақ салық есептерiн беру салық жылы iшiнде осы Кодекстiң 126 және 127-баптарына сәйкес жүргiзiледi.";

      49) 171-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "171-бап. Жеке табыс салығы бойынша декларация
      1. Жеке табыс салығы бойынша декларацияны мына резидент салық төлеушiлер:
      1) төлем көзiнен салық салынбайтын табыстары барлар;
      2) тұрғын үй салу мен осындай құрылыс үшін құрылыс материалдарын сатып алуды қоспағанда, салық жылында 2000 айлық есептiк көрсеткiштен жоғары сомаға бiржолғы iрi сатып алуды iске асырғандар;
      3) Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерден табыстар алатын жеке тұлғалар;
      4) Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлердегi шетел банктерiндегi шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар;
      5) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заң актiлерiне сәйкес декларация беру жөнiнде мiндеттеме жүктелген адамдар;
      6) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары, судьялар табыс етедi.
      2. Осы баптың 1-тармағы 5) тармақшасының ережелерi жеке тұлғаларға осы Кодекстiң 144-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында көрсетiлген кiрiс бойынша қолданылмайды.";

      50) 172-баптың 1-тармағындағы "Жеке" деген сөз "Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке" деген сөздермен ауыстырылсын;

      51) 178-баптың 2) тармақшасындағы "агенттiк, ақпараттық" деген сөздер, "заңдық" деген сөзден кейiнгi үтiр алып тасталсын;

      52) 179-бапта:
      3-тармақта:
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) мемлекеттiк бағалы қағаздармен және агенттiк облигацияларымен жүргiзiлген операциялардан түскен табыстар;";
      6) тармақшадағы "(эмитент еместер)" деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
      "6-1. Депозитарлық қолхаттар бойынша табыстар төлеудiң көзi осындай депозитарлық қолхаттардың базалық активiнiң эмитентi болып табылады.";

      53) 183-бапта:
      1-тармақта:
      "Қор биржасының", "облигацияларды" деген сөздерден кейiн тиiсiнше "өткiзiлетiн күнгi", ", сондай-ақ мемлекеттiк бағалы қағаздарды" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақтағы "табыс алынған кезден бастап он жұмыс күнi iшiнде" деген сөздер "осы Кодекстiң 127-бабының 4-тармағымен белгiленген мерзiмде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Осы баптың 1-тармағына сәйкес салық салуға жатпайтын кiрiстердi қоспағанда, резидент емес заңды тұлғаға бағалы қағаздарды сатудан түскен кiрiстер төлейтiн тұлға эмитент тiркелген жер бойынша салық органын төлем сомасы туралы кiрiс төленген кезден бастап он жұмыс күнi iшiнде хабардар етуге мiндеттi.";

      54) 187-бапта:
      1-тармақта:
      6) тармақша "қағаздармен" деген сөзден кейiн "және агенттiк облигацияларымен" деген сөздермен толықтырылсын;
      7) тармақшадағы "(эмитент еместер)" деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      "4-1. Депозитарлық қолхаттар бойынша табыстар төлеудiң көзi осындай депозитарлық қолхаттардың базалық активiнiң эмитентi болып табылады.";

      55) 189-баптың 3-тармағындағы "белгiленген" деген сөзден кейiн "тәртiппен және" деген сөздермен толықтырылсын;

      56) 190-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қор биржасының өткiзiлетiн күнгi "А" және "В" ресми тiзiмiндегi акциялар мен облигацияларды, сондай-ақ мемлекеттiк бағалы қағаздарды өткiзу кезiнде құн өсiмiнен түскен табыстарға салық салынбауға тиiс.";
      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Осы баптың 2-тармағына сәйкес салық салуға жатпайтын кiрiстердi қоспағанда, резидент емес жеке тұлғаға бағалы қағаздарды сатудан түскен кiрiстер төлейтiн тұлға эмитент тiркелген жер бойынша салық органын төлем сомасы туралы кiрiс төленген кезден бастап он жұмыс күнi iшiнде хабардар етуге мiндеттi.";

      57) 191-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1)-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген резидент емес жеке тұлғаларға жеке табыс салығын есептеу шегерiмдi жүзеге асырмастан есептелген табыс сомасына осы Кодекстiң 145-бабының 1-тармағында белгiленген ставкаларды қолдану арқылы жүргiзiледi.";
      2-тармақтағы "осы Кодексте" деген сөздер "осы Кодекстiң 126 және 127-баптарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      58) 192-баптың 1-тармағындағы "отыз" деген сөз "жиырма" деген сөзбен ауыстырылсын; "кешiктiрмей" деген сөзден кейiн "немесе күнтiзбелiк жылдың 20 қаңтарынан кешiктiрмей" деген сөздермен толықтырылсын;

      59) 196-бапта:
      2-тармақтың 2) тармақшасының үшiншi және төртiншi абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеменiң салық кезеңiнiң соңындағы жай-күйi бойынша қаржылық есебiнде ескерiлген негiзгi құралдарының бастапқы (ағымдағы) құнының резидент емес заңды тұлғаның тұтас алғанда нақ сол салық кезеңiндегi негiзгi құралдарының бастапқы (ағымдағы) құнына қатынасы;
      Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемеде жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң еңбегiне ақы төлеу жөнiндегi салық кезеңiнiң соңындағы жай-күйi бойынша шығыстар сомасының резидент емес заңды тұлға қызметкерлердiң тұтас алғанда осындай салық кезеңiнде еңбегiне ақы төлеу жөнiндегi шығыстардың жалпы сомасына қатынасы бойынша есептеп шығарылады.";
      4-тармақтың 1) тармақшасының үшiншi абзацындағы "еңбекақы қорының" деген сөздер "еңбекақы бойынша шығыстарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      60) 198-бапта:
      3-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Осы Кодекстiң 181-бабына сәйкес айқындалатын төлем көзiнен табыс салығын төлеу күнiне шартты банк салымы туралы шарты болмаған жағдайда, салық агентi төлем көзiнен табыс салығын мемлекеттiк бюджетке аударуға мiндеттi.";
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Салық агентi:
      1) шартты банк салымы туралы шартқа қол қойылған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде көшiрмесi аталған салық органына берiлетiн мұндай шартты өзiнiң тiркелген жерi бойынша салық органында тiркеуге;
      2) шартты банк салымына табыс салығы аударылған кезден бастап екi жұмыс күнi iшiнде өзiнiң тiркелген жерi бойынша салық органына төлем құжатының көшiрмесiн беруге мiндеттi.";
      12-тармақтың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "12. Банк инкассалық өкiмдi алған күннен кейiнгi бiр операциялық күннен кешiктiрмей шартты банк салымына орналастырылған табыс салығы сомаларын және есептелген банк сыйақыларын мемлекеттiк бюджетке аударуға мiндеттi.";
      13-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ресми бағамы бойынша" деген сөздер "валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
      15-тармақтағы "заң актiлерiне" деген сөздер "заңдарына" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:
      "16-1. Шоттарында шартты банк салымдары орналасқан банктер тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-iнeн кешiктiрмей салық агенттерiнiң тiркелген жерi бойынша салық органдарына уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша есеп беруге мiндеттi.";

      61) 199-бапта:
      1-тармақтың төртiншi бөлiгiндегi "заң актiлерiне" деген сөздер "заңдарына" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қазақстан Республикасы тараптардың бiрi болып табылатын, резидент еместiң тұрақты мекемесiмен байланысы жоқ халықаралық тасымалдарда көлiк құралдарын пайдаланудан түскен кiрiстi резидент емеске төлеу кезiнде салық агентi, егер мұндай резидент емес табысты түпкiлiктi алушы болса және халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға құқығы болса, резиденттiгiн растайтын құжат болған жағдайда тиiстi халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға құқылы.
      Салық агентi салық органына берiлетiн төлем көзiнен салынатын табыс салығы бойынша есепте халықаралық шарттардың ережелерiне сәйкес төленген (есептелген) кiрiстi және ұсталған (ұстаудан босатылған) салық сомасын, табыс салығының ставкасын және халықаралық шарттардың атауын көрсетуге мiндеттi.
      Мемлекеттiк бюджетке салықты төлемеуге немесе толық төлемеуге әкеп соққан халықаралық шарт ережелерiн заңсыз қолданған жағдайда салық агентi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершiлiкте болады.";

      62) 200-бапта:
      баптың тақырыбындағы және 1-тармағындағы "роялтиге", "роялти" деген сөздерден кейiн тиiсiнше ", сенiмгерлiк басқару және кастодиандық қызмет көрсету жөнiндегi комиссияларға", "сенiмгерлiк басқару және кастодиандық қызмет көрсету жөнiндегi комиссиялар" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақтағы "заң актiлерiне" деген сөздер "заңдарына" деген сөзбен ауыстырылсын;

      63) 201-баптың 3-тармағындағы "заң актiлерiне" деген сөздер "заңдарына" деген сөзбен ауыстырылсын;

      64) мынадай мазмұндағы 201-1-баппен толықтырылсын:
      "201-1-бап. Резидент емес жеке тұлғаның Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстарына салық салудан босатуға қатысты халықаралық шарттың ережелерiн қолдану тәртiбi
      1. Резидент емес жеке тұлғаның Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстарына Қазақстан Республикасында салық салудан босатуға қатысты халықаралық шарттың ережелерi осы Кодекстiң 198-202-баптарында белгiленген тәртiппен қолданылады.
      2. Қазақстан Республикасында төлем көзiнен салық салынбайтын көздерден табыс алатын резидент емес жеке тұлға халықаралық шартты қолдануға өтiнiш беру негiзiнде халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға құқылы.
      Халықаралық шартты қолдануға өтiнiш резидент емес жеке тұлғаның тiркелген жерi бойынша салық органына жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi төлегенге дейiн не резидент емес жеке тұлға халықаралық шартқа сәйкес жеке табыс салығын төлеуден босауға үмiттенген салық кезеңi аяқталғаннан кейiн талап-арыздың ескiру мерзiмi iшiнде берiледi.";

      65) 203-бапта:
      бiрiншi абзац 1-тармақтың бiрiншi абзацы болып есептелсiн және мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Осы Кодекстiң 198-бабын қолданған жағдайда, мемлекеттiк уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға өтiнiштi салық органы мынадай талаптар орындалған кезде:";
      1) тармақшада:
      үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "резидент емес заңды тұлғаның құрылтайшылары (қатысушылары) көрсетiле отырып, құжаттарының (құрылтай құжаттарының не сауда-саттық тiзiлiмi үзiндi жазбасының) көшiрмелерiн;";
      төртiншi абзацы алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
      "2. Осы Кодекстiң 202-бабын қолданған жағдайда, халықаралық шарттың ережелерiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша қолдануға өтiнiш осы баптың 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында белгiленген талаптар орындалған жағдайда, сондай-ақ көрсетiлген өтiнiшпен бiрге:
      жұмыстарды(қызмет көрсетудi) орындауға немесе өзге де мақсаттарға келiсiм-шарттардың (шарттардың, келiсiмдердiң) көшiрмелерiн;
      келiсiм-шарттардың (шарттардың, келiсiмдердiң) резидент емес заңды тұлғаның құрылтайшылары (қатысушылары) көрсетiле отырып, құжаттарының (құрылтай құжаттарының не сауда-саттық тiзiлiмi үзiндi жазбасының) көшiрмелерiн табыс еткен кезде салық органы қабылдайды.";

      66) 207-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      Мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда, осы Кодекстiң 208-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында қосылған құн салығы бойынша есепке тұрған тұлғалар қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылады.";

      67) 208-бапта:
      3-тармақтағы "10000" деген цифр "12000" деген цифрмен ауыстырылсын;
      5-тармақтағы "өтiнiш беруге мiндеттi болатын немесе ерiктi түрде" деген сөздер алып тасталсын;

      68) 209-бапта:
      2-тармақтың екiншi сөйлемi екiншi бөлiк болып есептелсiн;
      мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Қосылған құн салығын төлеушi - заңды тұлғаның атауы өзгерген жағдайда оның қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлiгi ауыстырылуға тиiс.";

      69) 210-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Қосылған құн салығын төлеушi - заңды тұлға, жаңадан пайда болған заңды тұлғалар қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылса, оның қайта ұйымдастырылуына байланысты қосылған құн салығы бойынша есептен шығарылған жағдайда осы тармақтың ережесi қолданылмайды.";

      70) 211-бапта:
      1-тармақтың 2) тармақшасындағы ", соның iшiнде қаржы лизингiне берудi" деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) мүлiктi қаржы лизингiне берудi;";
      3-тармақта:
      1) тармақша "аспайтын" деген сөзден кейiн ", салық жылы iшiнде жалпы сомасы 100 айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) тапсырысшының мердiгерге дайын өнiмдi мердiгердiң дайындауы, ұқсатуы, құрастыруы (монтаждауы, орнатуы), жөндеуi және (немесе) объектiлер салуы үшiн алыс-берiс тауарларын тиеп жөнелтуi. Аталған тауарлар Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде дайындалған, ұқсатылған, құрастырылған, жөнделген жағдайда, егер оларды әкету Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес "Тауарларды кеден аумағынан тыс жерлерде ұқсату" режимiмен жүзеге асырылса, аталған тауарлардың тиеп-жөнелтiлуi өткiзу бойынша айналым болып табылмайды;";

      71) 215-баптың 2-тармағы 4) тармақшасының бесiншi абзацындағы "көлiк ұйымдарының" деген сөздер алып тасталсын;

      72) 216-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Лизинг алушының негiзгi қаражат ретiнде алуына жататын мүлiктi қаржы лизингiне беру кезiнде мыналар өткiзу бойынша айналым жасалған күн болып табылады:
      1) осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында аталған жағдайларды қоспағанда, қаржы лизингiнiң шартында белгiленген мерзiмдiк лизингтiк төлемдi алу мерзiмiнiң басталу күнi;
      2) егер қаржы лизингiнiң шарты бойынша лизингтiк төлемдi алу мерзiмiнiң басталу күнi мүлiктi лизинг алушыға беру күнiне дейiн белгiленсе, онда мүлiктi қаржы лизингiне берген күн айналымды жасау күнi болып табылады;
      3) қаржы лизингiнiң шартында көзделген лизинг төлемдерiн лизинг алушы мерзiмiнен бұрын өтеген жағдайда, түбегейлi есеп айырысқан күн қаржы лизингiнiң осы шарты бойынша айналымды жасаған соңғы күн болып табылады.";

      73) 217-бапта:
      7-тармақтағы "235" деген цифр "236" деген цифрмен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 8 және 9-тармақтармен толықтырылсын:
      "8. Лизинг алушының негiзгi қаражат ретiнде алуына жататын мүлiктi қаржы лизингiне беру кезiнде салық салынатын айналым мөлшерi:
      1) қаржы лизингiнiң шартына сәйкес белгiленген лизингтiк төлем мөлшерi негiзiнде, оған сыйақы мен қосылған құн салығы сомасы енгiзiлместен, осы Кодекстiң 216-бабы 2-1-тармағының 1) тармақшасында аталған айналым жасау күнiне;
      2) барлық мерзiмдiк лизингтiк төлемдер сомасының негiзiнде, оларға алу мерзiмi басталатын күн қаржы лизингiнiң шартына сәйкес мүлiктi лизинг алушыға берген күнге дейiн белгiленген сыйақы мен қосылған құн салығы сомасы енгiзiлместен, осы Кодекстiң 216-бабы 2-1-тармағының 2) тармақшасында аталған айналым жасау күнiне;
      3) қаржы лизингi шарты бойынша алынуға жататын барлық лизингтiк төлемдердiң жалпы сомасы және оларға сыйақы мен қосылған құн салығы сомасы енгiзiлместен, осы шарт бойынша өткiзу жөнiндегi айналым жасаудың алдындағы күнiне келетiн салық салынатын айналымдар мөлшерiнiң сомасы ретiнде белгiленетiн салық салынатын айналым мөлшерi арасындағы айырма ретiнде, осы Кодекстiң 216-бабы 2-1-тармағының 3) тармақшасында аталған айналым жасау күнiне белгiленедi.
      9. Көлiк экспедициясының шарты бойынша қызмет көрсету кезiнде экспедитордағы салық салынатын айналым мөлшерi оның сыйақысы негiзiнде айқындалады.";

      74) 218-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы "жағдайларда жүргiзiледi" деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) осы Кодекстiң 211-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес өткiзу жөнiндегi айналымға енгiзiлген ыдыстарды қайтарған жағдайларда жүргiзiледi.";

      75) 221-баптың 3-тармағындағы "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң айналым жасалған күнi белгiленген бағамы" деген сөздер "айналым жасау күнi валюта алмастырудың нарықтық бағамы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      76) 224-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "224-бап. Халықаралық тасымалдарға салық салу 
      1. Халықаралық тасымалдар бойынша мынадай қызмет көрсетудi iске асыру жөнiндегi айналымға:
      1) Қазақстан Республикасының аумағынан экспортталатын және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды, соның iшiнде поштаны тасымалдауға;
      2) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзит жүктерiн тасымалдауға;
      3) халықаралық қатынаста жолаушылармен жолжүктерiн тасымалдауға нөлдiк ставкамен салық салынады.
      2. Егер тасымалдауды ресiмдеу бiрыңғай халықаралық тасымалдау құжаттарымен, ал экспортталатын тауарларды магистралдық құбыр желiсiнiң жүйесi бойынша тасымалдау - экспортталатын тауарларды сатып алушыға не аталған тауарларды экспорттың кедендiк режимiнде ресiмделген кедендiк жүк декларациясын табыс ете отырып, одан әрi жеткiзудi жүзеге асыратын басқа тұлғаларға берудi растайтын құжаттармен жүзеге асырылған жағдайда, осы баптың 1-тармағының мақсаты үшiн тасымалдау халықаралық тасымалдау деп есептеледi.
      Жолаушыларды, экспортталатын тауарларды Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасымалдауды бiрнеше көлiк ұйымдары жүзеге асыратын жағдайда, халықаралық тасымалдың басталуы деп тасымалдауды Қазақстан Республикасының шекарасына дейiн жүзеге асыратын көлiк ұйымының жолаушыларды, тауарларды (поштаны, жолжүктi) тасымалдауы басталатын жер танылады.
      Импортталатын тауарларды (поштаны, жолжүктi) тасымалдауды бiрнеше көлiк ұйымдары жүзеге асыратын жағдайда, Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнген жолаушыларды, тауарларды (поштаны, жолжүктi) көлiк ұйымының көлiгiмен тасымалдауды жүзеге асыратын тасымал халықаралық тасымалға жатады.";

      77) 225-бапта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) пошталық ақы төлеудiң мемлекеттiк белгiлерi;";
      мынадай мазмұндағы 12-1), 12-2) және 12-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      "12-1) Қазақстан Республикасының кеден аумағына "Қазақстан Республикасының кеден аумағында тауарларды ұқсату" кеден режимiнде әкелiнген тауарларды ұқсату және (немесе) жөндеу бойынша қызмет көрсетулер;
      12-2) осы Кодекстiң 224-бабына сәйкес халықаралық тасымалдар болып табылатын тасымалдарға байланысты жұмыстар мен қызмет көрсетулер, атап айтқанда: Қазақстан Республикасының аумағынан экспортталатын, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды, оның iшiнде почтаны, тиеу, түсiру, қайта тиеу (ағызу-құю), жөнелту бойынша жұмыстар, қызмет көрсетулер, сондай-ақ транзит жүктер; техникалық, аэронавигациялық, әуежай қызметiн көрсету; халықаралық рейстерге көрсетiлетiн қызметтер бойынша теңiз айлақтарында қызмет көрсету;
      12-3) тұрғын үй қорын басқару, ұстау мен пайдалану жөнiнде қызмет көрсету;";

      78) 226-баптың 2-тармағындағы "пайдалану" деген сөз "(немесе) пайдалану және (немесе) оған билiк ету" деген сөздермен ауыстырылсын;

      79) 227-баптың 2-тармағында:
      1) тармақшаның он алтыншы абзацы "қабылдап алу" деген сөздердiң алдынан "банкноттар мен монеталарды" деген сөздермен, "буып-түю" деген сөзден кейiн "және сақтау" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "5-1) ипотекалық тұрғын үй заемдары бойынша талап құқықтарын басқару жөнiнде қызмет көрсету;";

      80) 234-баптың 1-тармағында:
      9) тармақшадағы "ақша" деген сөздiң алдынан "қағаз" деген сөзбен толықтырылсын;
      10) тармақша алып тасталсын;

      81) 235-бапта:
      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) тауар берушi Қазақстан Республикасының аумағында өткiзiлген тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) шот-фактурасын немесе осы баптың 2-тармағына сәйкес берiлетiн басқа да құжат табыс еткен болса. Егер тауар берушi осы Кодекстiң 207-бабының 1-тармағына сәйкес қосылған құн салығының төлеушiсi болып табылмаса, осы баптың 2-тармағына сәйкес берiлетiн шот-фактура немесе басқа құжат "ҚҚС жоқ" белгiсiмен жазылады;";
      мынадай мазмұндағы 1-1 тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Лизинг берушiнiң қаржы лизингiне беруге жататын мүлiктi сатып алуымен байланысты шығыстары салық салынатын айналымның мақсаты үшiн шеккен шығыстар ретiнде қарастырылады.";
      2-тармақта:
      1) тармақша "қосылған" деген сөздiң алдынан "осы тармақтың 1-1) және 1-2) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "1-1) оларда қосылған құн салығымен бөлiп көрсетiле отырып ұсынылған шот-фактуралар бойынша жер қойнауын пайдаланушылар төлеуге жататын, бiрақ осы Кодекстiң 245-бабының 1-тармағында белгiленген ставкадан аспайтын салық сомасы;
      1-2) осы Кодекстiң 242-бабының 5-1-тармағына сәйкес жазылған шот-фактуралар бойынша төлеуге жататын, бiрақ осы Кодекстiң 217-бабының 8-тармағына сәйкес лизинг берушiнiң айналым жасау күнiне айқындалатын салық салынатын айналым мөлшерiне келетiн салық сомасынан аспауға тиiс салық сомасы;";
      4-тармақтың бiрiншi бөлiгiндегi "Қосылған құн салығы" деген сөздер "Егер осы баптың 4-1-тармағында өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      "4-1. Егер шот-фактураның жазбасы осы Кодекстiң 242-бабының 4-тармағында көрсетiлген тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткiзу бойынша айналым жасау күнiнен кейiн жүзеге асырылса, қосылған құн салығы шот-фактура жазу күнiнiң сол салық кезеңiнде есепке жатқызылады.";

      82) 237-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Негiзгi құралдар бүлiнген, жоғалған жағдайда, қосылған құн салығы негiзгi құралдардың теңгерiм құнына жататын құн бөлiгiнiң есебiнен алып тасталады;";

      83) 242-бапта:
      4-тармақта:
      "Шот-фактура" деген сөз "Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, шот-фактура" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Қосылған құн салығы салынатын электр энергиясын, су, газ сатуды, байланыс қызметтерiн, коммуналдық қызмет көрсетулердi, темiр жол тасымалдарын, көлiк-экспедиторлық қызмет көрсетудi, банк операцияларын жүзеге асыратын салық төлеушiлер салық кезеңiнiң қорытындысы бойынша шот-фактуралар жазып беруге құқылы.";
      мынадай мазмұндағы 5-1 және 5-2-тармақтармен толықтырылсын:
      "5-1. Лизинг берушi өзi беретiн лизинг нысанасына жазатын шот-фактурада салық салынатын айналым мөлшерi оған сыйақы және қосылған құн салығы сомалары енгiзiлместен қаржы лизингiнiң шартына сәйкес барлық лизинг төлемдерiнiң жалпы сомасы ескерiле отырып көрсетiледi.
      5-2. Жүктi жөнелтушiлер немесе алушылар үшiн жүктердi тасымалдауға шот-фактураның жазбасын, егер аталған тасымалдау көлiк экспедициясы шартына сәйкес жүргiзiлсе, экспедитор жүзеге асырады. Мұндай шот-фактураларда салық салынатын айналымның мөлшерi тасымалдаушылар және басқа да жеткiзушiлер көлiк экспедициясы шартының шеңберiнде орындаған және көрсеткен жұмыстар мен қызметтер құны ескерiле отырып көрсетiледi.
      Осы тармаққа сәйкес шот-фактуралардың жазбасы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.";

      84) 247-баптың 3-тармағындағы "оларда салық салынатын айналым 150000 теңгеден асатын" деген сөздер алып тасталсын;

      85) 249-бапта:
      4-тармақтың екiншi абзацындағы "өтiнiш" деген сөздiң алдынан "уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      "5-1. Өнеркәсiптiк ұқсатуға арналған импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзiмiн өзгерту туралы шешiмдi салық органдары салық төлеушiден өтiнiш пен осы бапта белгiленген растау құжаттары алынған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қабылдайды.";

      86) 250-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қосылған құн салығы осы бапта мынадай тауарлардың:
      1) жабдықтың;
      2) ауылшаруашылық техникасының;
      3) автомобиль көлiгiнiң жылжымалы жүк құрамының;
      4) өзiнiң өндiрiстiк мҰқтажы үшiн әкелiнетiн қосалқы бөлшектердiң импорты бойынша белгiленген тәртiппен есепке жатқызу әдiсiмен төленедi.
      Аталған тауарлар тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.";

      87) 252-бапта:
      1-тармақтың 2) тармақшасындағы ", ал халықаралық тасымалдауларға байланысты жұмыстарды, қызмет көрсетулердi өткiзген жағдайда - осы Кодекстiң 224-бабында көзделген құжаттар" деген сөздер алып тасталсын;
      2-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Осы тармаққа сәйкес қосылған құн салығын қайтару тәртiбiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.";
      4-тармақта:
      мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Осы бапқа сәйкес расталған, бiрақ белгiленген мерзiмдерде қайтарылмаған қосылған құн салығының сомасына бұзылған қайтару мерзiмiнiң әрбiр күнi үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландыру ставкасының 2 еселенген мөлшерiнде өсiмпұл  есептеледi.";
      1) тармақшаның екiншi бөлiгi "өнiм берушiлерге" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ электр және жылу энергиясын, суды, газды, байланыс қызметiн жеткiзушiлерге" деген сөздермен толықтырылсын;

      88) 265-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Көтере өткiзу саласына одан әрi өткiзу үшiн құрылымдық бөлiмшелерге бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын тиеп жөнелту де жатқызылады.";

      89) 271-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, акцизделетiн тауарларға акциз:
      1) салық кезеңiнiң алғашқы он күнi iшiнде жасалған операциялар бойынша айдың он үшiншi күнiнен;
      2) салық кезеңiнiң екiншi он күнi iшiнде жасалған операциялар бойынша айдың жиырма үшiншi күнiнен;
      3) салық кезеңiнiң қалған күндерiнде жасалған операциялар бойынша есептi айдан кейiнгi айдың үшiншi күнiнен кешiктiрiлмей бюджетке аударылуға тиiс.";
      4-тармақ алып тасталсын;

      90) 273-баптың 4-тармағындағы "- өзiнiң тiркелген жерi бойынша салық органына және есептердiң көшiрмелерiн" деген сөздер алып тасталсын;

      91) 278-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы "заң актiлерiне" деген сөздер "заңдарына" деген сөзбен ауыстырылсын;

      92) 314-баптың 7-тармағындағы "заң актiлерiне" деген сөздер "заңдарына" деген сөзбен ауыстырылсын;

      93) 315-баптың 1-тармағында:
      "бiрiншi абзацтағы (бұдан әрi - салық төлеушiлер)" деген сөздер алып тасталсын;
      1) тармақша ", шетелдiк заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерi" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) тармақша "жеке кәсiпкерлер" деген сөздердiң алдынан "қызметтiң жекелеген түрлерi үшiн арнаулы салық режимiнен басқа, арнаулы салық режимiн қолданатындарды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      94) 317-бапта:
      3-тармақ "қоспағанда," деген сөзден кейiн "қызметтiң жекелеген түрлерi үшiн арнаулы салық режимiнен басқа," деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақтағы "мүгедектер үшiн" деген сөздер алып тасталсын;

      95) 321-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Төлеушiлер құрылымдық бөлiмшелер үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тиiстi бюджеттерге әлеуметтiк салық төлеудi жүзеге асырады.";

      96) 322-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Құрылымдық бөлiмшелерi бар төлеушiлер әлеуметтiк салық бойынша декларацияны беру мерзiмiнен кешiктiрмей өзiнiң тiркелген жерiндегi салық органдарына құрылымдық бөлiмшелер бойынша әлеуметтiк салық есеп-қисабын тапсырады. Төлеушiнiң тiркелген жерiндегi салық органы растаған құрылымдық бөлiмшелер бойынша әлеуметтiк салық есеп-қисабының тиiстi қосымшалары есеп-қисапты беру үшiн белгiленген мерзiм күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен салық органдарына берiледi.";

      97) 324-баптың 3-тармағында:
      1) тармақша "шаруа (фермер) қожалықтарына арналған арнайы салық режимi қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелерi бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестiрiлген адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала кезiнен мүгедектiң ата-анасының бipeyi:
      тұрғын-үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелерi;
      үй маңындағы жер учаскелерi;
      жеке үй (қосалқы) шаруашылығын жүргiзу, бау-бақша шаруашылығы үшiн берiлген және құрылыс алып жатқан жерлердi қоса алғанда, саяжай құрылысына арналған жер учаскелерi;
      гаражға арналған жер учаскелерi бойынша;";

      98) 325-баптың 2-тармағындағы "Тұрақты жер пайдалану, бастапқы өтеусiз уақытша жер пайдалану меншiгi құқығын куәландыратын мемлекеттiк акт немесе жер учаскесiн уақытша пайдалану шарты" деген сөздер "жер учаскесiне құқықты куәландыратын құжаттар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      99) 340-бапта:
      3-тармақ "төленуге" деген сөздiң алдынан "тең үлестермен" деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Ағымдағы төлемдер мөлшерi салық кезеңiнiң басында болған салық төлеу объектiлерi бойынша салық базасына тиiстi салық ставкаларын қолдану жолымен белгiленеді.";
      5-тармақта:
      бiрiншi бөлiктегi "жыл iшiндегi" деген сөздер "салық кезеңiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшiншi бөлiк алып тасталсын;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Салық кезеңi iшiнде жер салығы бойынша мiндеттемелер өзгерген жағдайда, ағымдағы төлемдер салық мiндеттемелерiнiң өзгеру сомасына жер салығын төлеудiң алдағы мерзiмдерi бойынша тең үлестермен түзетiледi.";
      мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
      "10. Осы баптың ережелерi бюджеттен есеп айырысуды ауылшаруашылық өнiмдерiн өндiрушiлерге арналған арнайы салық режимiнде жүзеге асыратын заңды тұлғаларға, аталған арнайы салық режимi қолданылатын қызметке пайдаланылатын жер учаскелерi бойынша қолданылмайды.";

      100) 342-бапта:
      1 және 2-тармақтар "Жеке тұлғалар" деген сөздерден кейiн "(өз қызметiнде пайдаланатын жер учаскелерi бойынша жекелеген кәсiпкерлердi, жеке нотариустар мен адвокаттарды қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Жеке кәсiпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар өз қызметiнде пайдаланатын жер учаскелерi бойынша жер салығын осы Кодекстiң 340-бабында белгiленген тәртiппен есептейдi және төлейдi.";

      101) 56-тараудың тақырыбындағы "декларациясы" деген сөз "есептiлiгi" деген сөзбен ауыстырылсын;

      102) 344-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "344- бап. Салық есептiлiгi
      1. Заңды тұлғалар, жеке кәсiпкерлер, жеке нотариустар мен адвокаттар жер салығы бойынша декларацияны салық салу объектiлерi орналасқан жердегi салық органдарына есептiк салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей, сондай-ақ жер салығы бойынша ағымдағы төлемдер есеп-қисабын осы бапта белгiленген мерзiмде табыс етедi.
      2. Жер салығы бойынша ағымдағы төлемдер есеп-қисабы ағымдағы салық кезеңiнiң 15 ақпанынан кешiктiрiлмей табыс етiледi.
      3. Жаңадан құрылған салық төлеушiлер ағымдағы төлемдер есеп-қисабын салық төлеушi мемлекеттiк тiркеуден өткен айдан кейiнгi айдың 15-iнeн кешiктiрмей табыс етедi.
      4. Осы Кодекстiң 324-бабының 3-тармағының 2) және 4) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар пайдалануға немесе жалға берiлген салық салу объектiлерi бойынша ағымдағы төлемдер есеп-қисабын объектiлер пайдалануға немесе жалға берiлген айдан кейiнгi айдың 20-нан кешiктiрмей табыс етедi.
      5. Салық кезеңi iшiнде жер салығы бойынша салық мiндеттемелерi өзгерген кезде ағымдағы төлемдердiң есеп-қисабы салық кезеңiнiң 15 ақпанынан, 15 мамырынан, 15 тамызынан және 15 қарашасынан кешiктiрiлмей табыс етiледi.
      6. Осы баптың ережелерi бюджетпен есеп айырысуды ауылшаруашылық өнiмдерiн өндiрушiлерге арналған арнайы салық режимiнде жүзеге асыратын заңды тұлғаларға, аталған арнайы салық режимi қолданылатын қызметке пайдаланылатын жер учаскелерi бойынша қолданылмайды.";

      103) 347-бапта:
      1-тармақтағы кестенiң "Салық ставкасы (айлық есептiк көрсеткiш)" деген бағанындағы "10,0" деген цифр "12,0" деген цифрмен ауыстырылсын;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Мотоциклдер, мотороллерлер, мотошаналар, көлемi шағын
      кемелер (двигателiнiң қуаты 55 кВт-тан артық емес)     1,0
      Мотоциклдер (двигателiнiң қуаты 55 кВт-тан жоғары)    10,0";
      3-тармақта:
      бiрiншi абзацтағы "Салық төлеудiң" деген сөздер "Егер осы тармақпен өзгеше белгiленбесе, салық төлеудiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Пайдаланылу мерзiмi жиырма жылдан асқан ТМД елдерi шығаратын жеңiл автомобильдер мен мотоциклдер бойынша жеке тұлғалар үшiн түзету коэффициентi - 0.";
      7-тармақтың бiрiншi абзацындағы "Кеменiң" деген сөз "Осы баптың 1-тармағындағы кестенiң 6-тармағында көрсетiлген көлiк құралдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      104) 348-баптың 4-тармағы алып тасталсын;

      105) 351-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы "(соның iшiнде Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резидентi емес заңды тұлғалар)" деген сөздер алып тасталсын;

      106) 356-баптың 7-тармағы мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Салық кезеңiнiң iшiнде мүлiкке салынатын салықты есептеу мен төлеу жөнiндегi мiндеттемелер өзгерген кезде мүлiк салығының ағымдағы төлемдерi мүлiк салығы төленетiн алдағы мерзiмдер бойынша тең үлестермен салық мiндеттемелерiнiң өзгерген сомасына түзетiледi.";

      107) 359-баптың 3-тармағындағы "айдан" деген сөз "тоқсаннан" деген сөзбен ауыстырылсын;

      108) 360-бап алып тасталсын;

      109) 361-баптың 2-тармағы 2) тармақшасының бiрiншi абзацындағы "оларға теңестiрiлген адамдар; "Халық қаhарманы" атағын алған," деген сөздер "оларға теңестiрiлген адамдар, "Халық қаhарманы" атағын алған," деген сөздермен ауыстырылсын;

      110) 369-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Бұл ретте, рыноктарда өткiзу бойынша бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын тұлғаларға осы Кодекстiң 370, 371 және 379-баптарының ережелерi қолданылмайды.";

      111) 370-бапта:
      2-тармағының бiрiншi бөлiгiндегi "төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығын" деген сөздер "төлем көзiнен ұсталатын салықтарды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақтың екiншi бөлiгi "жеке кәсiпкердiң" деген сөздерден кейiн ", мүлiктi жалға беруден түскен табыстарды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      112) 371-баптың 4-тармағының 6) тармақшасы "қоспағанда, лицензияланатын қызмет түрлерiне қолданылмайды" деген сөздердiң алдынан мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "пошта байланысы және телекоммуникациялар саласындағы қызметтi, теледидарлық және дыбыстық (радио-хабарларын тарату) бағдарламаларды тарату жөнiндегi қызметтi жасау мен көрсетудi, жалпыреспубликалық магистральды, халықаралық байланыс желiлерiн жобалауды, салуды, iске қосуды және радиожиiлiк спектрiн пайдалануды;
      жолаушылар мен жүктi өзен көлiгiмен тасымалдауды;
      жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргiзу мен топографиялық-геодезиялық және картографиялық өнiмдер өткiзудi;
      өлшеу құралдарын тексерудi, жасауды және жөндеудi;
      тарих және мәдениет ескерткiштерiн археологиялық және жаңғырту жұмыстарын;
      жол қозғалысын реттеу құралдарын орнатуды, монтаждауды, жөндеудi және пайдалануды;
      iздестiру-құтқару, тау-кен құтқару, газдан құтқару, фонтан атқылауға қарсы жұмыстарды;
      пестицидтердi (улы химикаттарды) қолдану жөнiндегi қызметтi;
      жалпы бастауыш, негiзгi жалпы немесе жалпы орта; бастауыш кәсiптiк бiлiм, оның iшiнде кәсiптер бойынша; орта кәсiптiк, жоғары кәсiптiк, жоғары оқу орындарынан кейiнгi кәсiптiк, оның iшiнде мамандықтар бойынша бiлiм беретiн заңды тұлғалардың бiлiм беру қызметiн, сондай-ақ мектепке дейiнгi және мектептен тыс ұйымдардың қызметiн;
      жеке және заңды тұлғалардың күзет қызметiн жүзеге асыруын;
      оқулықтарды, оқу-әдiстемелiк жинақтарды, бiлiм берудi ұйымдастыру үшiн электрондық оқулықтар мен қосымша оқу әдебиеттерiн шығару қызметiн;
      аэропорттарда, азаматтық әуе кемелерiнде жолаушыларды, экипаждарды тамақтандыруды қамтамасыз етудi;
      электр және жылу энергиясын өндiрудi, берудi және таратуды;
      өнеркәсiптiк жарылыс-өрт қаупi бар және тау-кен өндiрiстерiн, электр станцияларын, электр желiлерi мен қосалқы станцияларды, гидротехникалық құрылыстарды, магистральды газ-мұнай өнiмдерi құбырларын, көтергiш құралдарды, сондай-ақ қысыммен жұмыс iстейтiн қазандықтар, ыдыстар мен құбырларды жобалауды, салуды және пайдалануды;
      химиялық, бұрғылау, мұнай-газ кәсiпшiлiгi, геологиялық барлау, кен-шахта, металлургия, энергетика жабдықтарын, жарылыстан қорғалған электротехникалық жабдықтарды, көтергiш құрылғыларды, сондай-ақ қысыммен жұмыс iстейтiн қазандықтарды, ыдыстар мен құбырларды бақылау, аварияға қарсы және дабыл беру аппаратуралары мен жүйелерiн жобалауды, жасауды, монтаждауды және жөндеудi;
      астық қабылдауды, өлшеудi, кептiрудi, тазалауды, сақтауды және тиеудi;
      аэродром, аэропорт, аэронавигация объектiлерiн ұстауды, жөндеудi және пайдалануды;
      жылжымалы темiр жол құрамын, қауiптi жүктердi тасымалдау үшiн қолданылатын арнаулы контейнерлердi жасау мен жөндеудi;
      шетелдiк валютамен қолма-қол бөлшек сауда жасауды және қызмет көрсетудi жүзеге асыруды;
      ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарын, ақпаратты өңдеудiң қорғалған техникалық құралдарын әзiрлеудi, дайындауды, монтаждауды, реттеудi, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi және оларға сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларын техникалық қорғау жөнiндегi қызметтiң барлық түрiн.";

      113) 374-бапта:
      1-тармақтың 3) тармақшасындағы "1,0" деген цифр "1,5" деген цифрмен ауыстырылсын;
      2-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Аталған өтiнiш патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға мүмкiндiк бермейтiн жағдайлар туындаған кезде берiледi.";

      114) 376-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгi "әртүрлi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде" деген сөздердiң алдынан "бiр елдi мекен шегiндегi" деген сөздермен толықтырылсын;

      115) 377-бапта:
      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Жеке кәсiпкердiң табысына мынадай ставкалар бойынша салық салынуға тиiс:
___________________________________________________________________
         Тоқсандық табысы           |         Ставкасы
___________________________________________________________________
1500,0 мың теңгеге дейiн қоса         Табыс сомасының 3 процентi
алғанда
1500,0 мың теңгеден жоғары - 3000,0   45,0 мың теңге + 1500,0 мың
мың теңгенi қоса алғанда              теңгеден асатын табыс
                                      сомасынан 5 процент
3000,0 мың теңгеден жоғары            120,0 мың теңге + 3000,0 мың
                                      теңгеден асатын табыс
                                      сомасынан 7 процент
___________________________________________________________________

      3. Заңды тұлғаның табысына мынадай ставкаларда салық салынуға тиiс:
___________________________________________________________________
         Тоқсандық табысы           |         Ставкасы
___________________________________________________________________
1500,0 мың теңгеге дейiн қоса         Табыс сомасының 4 процентi
алғанда
1500,0 мың теңгеден жоғары -          60,0 мың теңге + 1500,0 мың
4500,0 мың теңгенi қоса алғанда       теңгеден асатын табыс
                                      сомасынан 5 процент
4500,0 мың теңгеден жоғары -          210,0 мың + 4500,0 мың
6500,0 мың теңгенi қоса алғанда       теңгеден асатын табыс
                                      сомасынан 7 процент
6500,0 мың теңгеден жоғары            350,0 мың теңге + 6500,0 мың
                                      теңгеден асатын табыс
                                      сомасынан 9 процент
_______________________________________________________________";

      4-тармақтағы "кемiнде үш еселенген" деген сөздер "жеке кәсiпкерлердiң кемiнде 2 еселенген, заңды тұлғалардың кемiнде 2,5 еселенген" деген сөздермен ауыстырылсын;

      116) 379-бапта:
      1-тармақта:
      бiрiншi абзац "салықтардың" деген сөзден кейiн "және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) осы арнаулы салық режимi қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелерi бойынша жер салығын және (немесе) жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдi;";
      3-тармақтың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Шаруа (фермер) қожалықтары үшiн арнаулы салық режимi қолданылмайтын қызмет түрлерiн жүзеге асырған кезде бiрыңғай жер салығын төлеушiлер кiрiстер мен шығыстардың (жалақыны есептеудi қоса алғанда), мүлiктiң (соның iшiнде көлiк құралдарының) бөлек есебiн жүргiзуге және жалпы белгiленген тәртiппен және (немесе) шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимiнде қызметтiң осындай түрлерi бойынша тиiстi салық пен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеудi, салық есептiлiгiн тапсыру мен төлеудi жүргiзуге мiндеттi.";

      117) 382-баптың 2-тармағының 2) тармақшасында:
      бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) нотариат немесе селолық (поселкелiк) атқарушы органдар куәландырған жер пайдалануға құқық беретiн құжаттардың көшiрмелерi.";
      екiншi абзацтағы "Жер пайдалану құқығына aктici" деген сөздер "Жер учаскесiне құқық белгiлейтiн құжат" деген сөздермен ауыстырылсын;

      118) 337-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) уәкiлеттi органдар берген, нотариат немесе селолық (поселкелiк) атқарушы органдар куәландырған жер учаскесiне құқығын растайтын құжаттардың көшiрмелерiн;";

      119) 388-бапта:
      1-тармақтағы "жер салығы," деген сөздер "меншiк, жердi тұрақты пайдалану немесе бастапқы өтеусiз уақытша жер пайдалану құқығымен жер учаскесi болған кезде төлейтiн жер салығы, уақытша өтеулi жер пайдалану учаскесi болған кезде жер учаскесiн пайдаланғаны үшiн төлейтiн ақы," деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта:
      1) тармақшадағы "үш-бec" деген сөздер "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;
      3) тармақша "жер салығының," деген сөздерден кейiн "жеp учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлейтiн ақының" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақ "салық" деген сөзден кейiн "және жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлейтiн ақы" деген сөздермен толықтырылсын;
      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Осы арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушiлер, қосылған құн салығын қоспағанда, патент құны есебiне енгiзiлген салық есептiлiгiн тапсырудан және жер учаскесiн пайдаланғаны үшiн ақы төлеуден босатылады.
      5. Ағымдағы салық кезеңi iшiнде салық салу объектiлерi және (немесе) патенттiң құны есебiне енгiзiлген салық бойынша және жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төленген ақы бойынша салық базасы өзгерген жағдайда, салық төлеушiлер мұндай салық және жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн ақы сомаларына қайта есептеу жүргiзедi.";

      120) 389-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "389-бап. Салық және жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн ақы төлеудiң тәртiбi мен мерзiмдерi
      Патент құны есебiне енгiзiлген салық және жердi пайдаланғаны үшiн ақы сомаларын бюджетке төлеу 20 мамырдан және 20 қазаннан кешiктiрiлмей, патент құны есебiнде көрсетiлген салық және жердi пайдаланғаны үшiн ақы сомаларының тиiсiнше 1/6 және 1/2 мөлшерiнде және патент құны есебiне енгiзiлген салық және жердi пайдаланғаны үшiн ақы бойынша берiлген қайта есептеулердi ескере отырып, патент құнының қалған бөлiгi мөлшерiнде келесi салық кезеңiнiң 20 наурызында жүргiзiледi.";

      121) 428-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы "алым алынбайды" деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
      "6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз қызметiн жүзеге асыратын қор биржасындағы сауда-саттықта;
      7) бағалы қағаздарды сату бойынша аукциондардан алым алынбайды.";

      122) 78-тарау алып тасталсын;

      123) 447-бап "Бұл орайда" деген сөздерден кейiн ", осы Кодекстiң 338-бабының 2-тармағында көзделген ережелердi есептемегенде," деген сөздермен толықтырылсын;

      124) 450-баптың 4-тармағындағы "декларациямен бiрге" деген сөздер "ағымдағы төлемдер сомасының есебiмен бiрге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      125) 456-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Өнеркәсiп орындары өндiрiстiк қажеттер үшiн су шаруашылығы жүйелерiнен алатын суға, ол тiкелей су шаруашылығы жүйелерiнен, басқа өнеркәсiп орындарынан немесе тұрғын үй пайдалану және коммуналдық қызмет көрсету ұйымдарынан келетiнiне қарамастан, төлемақы төлейдi.";

      126) 463-баптың 3-тармағы "Бюджетке" деген сөздiң алдынан "Уәкiлеттi орган оларды мемлекеттiк тiркеуден өткiзген жер бойынша бюджетке төлемақы енгiзiлетiн ластанудың жылжымалы көздерiн қоспағанда," деген сөздермен толықтырылып, "Бюджетке" деген сөз кiшi әрiппен жазылсын;

      127) 470-баптың 3-тармағы "сомаларын төлеу" деген сөздерден кейiн "орман пайдалану орыны бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;

      128) 471-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) орман иелерi - ағашты түбiрiмен жөнелткенi үшiн:
      орманды күтiп-баптау кезiнде ағаш кесудi, санитариялық кесудi (iрiктеп және жаппай), құндылығы шамалы орман ағашы екпелерiн жаңғыртуға байланысты кесудi жүзеге асыру, орманды орман зиянкестерi мен ауруларынан қорғау жөнiндегi iс-шараларды орындау;
      өтпе жол салу, орман орналастыру және ормандарды өртке қарсы жайғастыру iс-шараларын жүргiзу кезiнде;";

      129) 472-баптағы "жерiнiң" деген сөз "учаскелерiнiң" деген сөзбен ауыстырылсын;

      130) 495-баптың 1-тармағында:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) сотқа берiлетiн талап арыздардан, ерекше жүргiзiлетiн iстер бойынша арыздардан (шағымдардан), апелляциялық шағымдардан, атқару парағының дубликатын беру туралы мәселе бойынша сот ұйғарымына жеке шағымдардан, сот бұйрығын шығару туралы өтiнiштерден, сондай-ақ соттың шетел соттары мен арбитраждарының шешiмдерi бойынша орындау парағын, құжаттардың көшiрмелерiн (дубликаттарын) бергенi үшін;";
      11) тармақшадағы "мемлекеттiк баж алынады" деген сөздер алып тасталсын, мынадай мазмұндағы 12 және 13) тармақшалармен толықтырылсын:
      "12) Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған, ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдардың апостиль қойғаны үшiн;
      13) жүргiзушi куәлiгiн, көлiк құралдарын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктi, мемлекеттiк нөмiр белгiлерiн бергенi үшiн мемлекеттiк баж алынады.";

      131) 496-баптың 1-тармағында:
      бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      Сотқа берiлетiн талап арыздардан, ерекше жүргiзiлетiн iстер бойынша арыздардан (шағымдардан), аппелляциялық шағымдардан, сот бұйрығын шығару туралы, аппелляциялық шағымға қосылу туралы өтiнiштерден, сондай-ақ соттың құжаттардың көшiрмелерiн (дубликаттарын) бергенi үшiн мынадай мөлшерде мемлекеттiк баж алынады:";
      9) тармақшада "кассациялық" деген сөз "апелляциялық" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "9-1) сот бұйрығын шығару туралы өтiнiштерден - осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген мемлекеттiк баж ставкасының 50 процентi;";
      10) тармақша "жеке шағымдардан" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ шетел соттары мен арбитраждарының шешiмдерi бойынша орындау парағын бергенi үшiн" деген сөздермен толықтырылсын;

      132) 497-бапта:
      1) тармақша мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
      "егер мәмiле жылжымайтын мүлiктi ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша алынған қаражат есебiнен сатып алу мақсатында жасалатын болса - 200 процент;";
      4) тармақша "қарыз" деген сөзден кейiн "(ипотекалық тұрғын үй заемын қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "4-1) ипотекалық тұрғын үй заемы шарттарын куәландырғаны үшiн - 200 процент;";
      20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "20) жылжымайтын мүлiктiң кепiл шарттарын, ипотекалық тұрғын үй заемдары бойынша талап етiлетiн құқықтарды және ипотекалық куәлiктердi куәландырғаны үшiн - 200 процент; өзге де кепiл шарттарын куәландырғаны үшiн - 700 процент;";

      133) 500-бапта:
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдар апостиль қойғаны үшiн - 20 процент;";
      мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      "8) мыналар үшiн:
      жүргiзушiнiң куәлiгiн бергенi үшiн - 125 процент;
      көлiк құралдарының мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiктi бергенi үшiн - 125 процент;
      автомобильге мемлекеттiк тiркеудiң нөмiр таңбасын бергенi үшiн - 280 процент;
      мотокөлiкке, автомобиль тiркемесiне мемлекеттiк тiркеудiң нөмiр таңбасын бергенi үшiн - 140 процент;
      көлiк құралын айдап әкелгенi үшiн мемлекеттiк тiркеудiң нөмiр (транзиттiк) таңбасын бергенi үшiн - 35 процент мөлшерiнде мемлекеттiк баж алынады.";

      134) 501-бапта:
      6) және 10) тармақшалардағы "кассациялық" деген сөз "апелляциялық" деген сөзбен ауыстырылсын;
      14) тармақшаның он бесiншi абзацындағы ", кассациялық" деген сөз алып тасталсын;

      135) 504-бапта:
      тақырыптағы "аумағынан кетуге мәжбүр болған адамдардың" деген сөздер алып тасталып, "қалпына келтiру" деген сөздерден кейiн "және алу" деген сөздермен толықтырылсын;
      бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мыналар:
      жаппай қуғын-сүргiндер, күштеп ұжымдастыру кезеңдерiнде, өзге де имандылыққа жат саяси акциялар салдарынан Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге мәжбүр болған адамдар және олардың ұрпақтары - Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiру туралы өздерi тiлек бiлдiрген жағдайда;
      оралмандар Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдаған кезде мемлекеттiк баж төлеуден босатылады.";

      136) 505-бапта:
      тақырыптағы "Қазақстан Республикасынан кету" деген сөздерден кейiн "және Қазақстан Республикасына келу" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасына келу жөнiндегi iстер бойынша оралмандар олардың паспорттарына немесе солардың орнына берiлетiн құжаттарына Қазақстан Республикасына келуге рұқсат берiлетiн виза берiлген кезде мемлекеттiк баж төлеуден босатылады.";

      137) 507-бапта:
      2-тармақта:
      1) тармақшадағы "кассациялық шағымдар" деген сөздер "апелляциялық шағымдар, сот бұйрығын шығару туралы өтiнiш" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақшадағы "уәкiлеттi органдардан нотариаттық маркаларды сатып алған" деген сөздер "жасалған нотариалдық iс-әрекеттi тiркеген" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 6-1) және 11) тармақшалармен толықтырылып, 10) тармақшадағы "төленедi" деген сөз алып тасталсын:
      "6-1) жүргiзушi куәлiктерiн, көлiк құралдарының мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiктерiн, мемлекеттiк тiркеудiң нөмiр таңбаларын бергенi үшiн - тиiстi құжаттарды және мемлекеттiк тiркеудiң нөмiр таңбаларын бергенге дейiн;";
      "11) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен нотариустарынан шығатын ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдар апостиль қою үшiн - апостиль қойғанға дейiн төленедi.";
      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Мемлекеттiк баж соған уәкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәнi бар iс-әрекеттер жасаған және (немесе) құжаттарды берген жерi бойынша есепке алынады.";

      138) 518-баптың 5-тармағындағы "заң актiлерiнде" деген сөздер "заңдарында" деген сөзбен ауыстырылсын;

      139) 520-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Тiркеу есебi - салық төлеушiнi салық органында есепке қою, соның нәтижесiнде салық төлеушiнiң тiркеу деректерi, оның iшiнде салық төлеушiнiң тұрған жерi, оған салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердiң тиесiлiлiгi; салық төлеушiнiң тiркеу деректерiнiң ағымдағы өзгерiстерiн тiркеу; есептен шығару белгiленедi. Салық төлеушiнiң тiркеу деректерi - салық төлеушiнi мемлекеттiк тiркеу (тiркеу есебiне алу) кезiнде оның салық органына берген мәлiметтерi.";

      140) 520-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "520-1-бап. Жалпы ережелер
      1. Салық төлеушiнi мемлекеттiк тiркеу және тiркеу есебiне алу тiркеу туралы (мемлекеттiк тiркеу туралы, тiркеу есебiне қою туралы, тiркеу деректерiнiң өзгеруi туралы) өтiнiш, есептен шығару туралы өтiнiш негiзiнде жүргiзiледi, олар:
      1) уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша жасалады;
      2) қол қойылады, куәландырылады және салық есептiлiгi үшiн осы Кодекстiң 69-бабында көзделген тәртiппен салық органына берiледi.
      2. Салық төлеушiлердi мемлекеттiк тiркеу және тiркеу есебiне алу тәртiбiн, сондай-ақ тiркеу және есептен шығару туралы өтiнiштерге қоса берiлетiн құжаттардың тiзбесiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.
      3. Салық салу объектiлерiнiң есебiн жүргiзу тәртiбiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.";

      141) 521-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қазақстан Республикасында мыналар:
      1) орналасқан жерi бойынша - тұрақты мекеме құру арқылы қызметiн Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлiмшелерi, оның iшiнде резидент еместер;
      2) қызметiн жүзеге асыратын жерi бойынша - тұрақты мекеме құрмай қызметiн Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар;
      3) қызметiн жүзеге асыратын жерi бойынша - қызметiн бiрлескен кәсiпкерлiк нысанында жүзеге асыратын жеке кәсiпкерлер;
      4) тұрғылықты жерi бойынша - салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеушiлер болып табылатын резидент жеке тұлғалар;
      5) Қазақстан Республикасында болатын жерi бойынша - осы Кодекстiң 191-бабының 1-тармағында көрсетiлген резидент емес жеке тұлғалар;
      6) салық салу объектiлерi орналасқан және (немесе) тiркелген жер бойынша - Қазақстан Республикасында салық салу объектiлерiн иеленетiн резидент еместер;
      7) резидент банк орналасқан жерi бойынша - осы Кодекстiң 521-бабы 1-тармағының 1) - 4) тармақшасында көзделген негiздер бойынша мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын, резидент банктерде ағымдық шоттарын ашатын резидент еместер салық төлеушiлер ретiнде мемлекеттiк тiркелуге тиiс.";
      4-тармақ алып тасталсын;

      142) 522-бапта:
      2-тармақтағы "құрылымдық бөлiмшелерi" деген сөздер "филиалдары мен өкiлдiктерi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
      "3. Өзге де оқшауландырылған құрылымдық бөлiмшелер мемлекеттiк тiркеуден өту және салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн алу үшiн өзге оқшауландырылған құрылымдық бөлiмше құрған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде салық органына жүгiнуге мiндеттi.
      4. Осы Кодекстiң 522-бабы 1 және 2-тармақтарының ережелерi мемлекеттiк тiркеуден өту мерзiмi осы Кодекстiң 527-бабымен белгiленген резидент еместерге қолданылмайды.";

      143) 524-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Бұл ретте салық төлеушiнi мемлекеттiк тiркеу салық төлеушiнi тiркеу есебiне алғаш рет қою болып табылады.";
      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) жеке тұлға, соның iшiнде жеке кәсiпкер үшiн:
      резидентке - тұрғылықты жерi бойынша;
      резидент емеске - келген орны бойынша;
      салық салу объектiлерiнiң, салық салуға байланысты объектiлердiң орналасқан және (немесе) тiркеу орны бойынша;
      кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру орны бойынша салық органдарында тiркеу есебiне тұруға мiндеттi.";
      4-тармақ алып тасталсын;
      6-11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Салық төлеушi салық органына тiркеу туралы өтiнiштi тiркеу есебiне қою орны бойынша:
      тiркеу есебiне қою үшiн - тiркеу есебiне қою туралы талаптар туындаған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде;
      тiркеу деректерiнiң өзгерiстерiн енгiзу үшiн - осындай өзгерiстер туындаған кезден бастап он жұмыс күнi iшiнде беруге мiндеттi.
      7. Тiркеуге алу есебi салық төлеушiге бұрын берiлген тiркеу нөмiрi өзгертiлмей жүргiзiледi.
      8. Салық органы тiркеуге алу есебiне қоюды салық төлеушiнiң өтiнiшi берiлген кезден бастап екi жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырады.
      9. Салық төлеушiнiң қалауы бойынша салық органы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша тiркеуге алу есебiне қойылғандық туралы растайды.
      10. Салық төлеушiнiң куәлiгiнде көрсетiлген тiркеу деректерi өзгерген жағдайда, салық органы осы Кодекстiң 521-524-баптарында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде, салық төлеушiнiң бұрынғы тiркеу нөмiрi сақталған және салық төлеушiнiң бұрын берiлген куәлiгi жойылған жағдайда, салық төлеушiнiң деректерi өзгертiлген куәлiгiн бepуді жүзеге асырады.
      11. Жеке кәсiпкер немесе заңды тұлға қызметiн жүзеге асыратын орнын немесе орналасқан жерiн өзгерткен жағдайда, салық төлеушi он жұмыс күнi iшiнде тiркеу есебiнен шығару туралы өтiнiштi өзi тiркеу есебiнде тұрған салық органына беруге және қызметiн жүзеге асыратын жаңа орны немесе орналасқан жерi бойынша тiркеу есебiне тұруға мiндеттi.";

      144) 525-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Қазақстан Республикасының салық төлеушiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiнен:
      1) осы Кодекстiң 521-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында аталған резидент еместердi шығару, Қазақстан Республикасында салық салу объектiлерiне және салық мiндеттемелерiн орындауға (меншiк, жердi пайдалану, шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығы) қатысты осы Кодексте белгiленген құқық тоқтатылғанда жүзеге асырылады;
      2) осы Кодекстiң 52 1-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында аталған резидент еместердi шығару, банктегi шоты жабылған жағдайда жүзеге асырылады;
      3) осы Кодекстiң 525-бабы 1-1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында аталғандардан басқа, осы Кодекстiң 521-бабы 1-тармағына сәйкес мемлекеттiк тiркелуге жататын резидент еместердi шығару, Қазақстан Республикасынан кеткен және осындай резидент емес Қазақстан Республикасындағы салық мiндеттемелерiн орындаған жағдайда жүзеге асырылады.";

      145) 526-бапта:
      1), 2) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) салық төлеушiге резидент еместердiң жинақ шоттарынан және (немесе) шетелдiк корреспондент-банктердiң корреспонденттiк шоттарынан басқа банк шоттарын ашу кезiнде, салық төлеушiнiң тіркелу нөмiрiн ескеру, салық төлеушi заңды тұлғаға және жеке кәсiпкерге аталған шоттардың ашылғандығы туралы салық органдарын үш жұмыс күнi iшiнде хабардар ету;
      2) вексельдi және банк соның негiзiнде қолма-қол ақшаны қабылдау мен беру жүргiзетiн төлем құжаттарын қоспағанда, төлем құжаттарында салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн қоймай, резидент еместердiң шоттарынан және (немесе) шетелдiк корреспондент-банктердiң корреспонденттiк шоттарынан басқа банк шоттары бойынша операцияларды жүргiзбеуге;";
      "4) клиентке қойылатын талаптардың бәрiн қанағаттандыру үшiн клиенттiң банктегi ақшасы жеткiлiктi болған жағдайда, салық төлеушiнiң банк шотынан салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуге арналған төлем тапсырмаларын бiрiншi кезектегi тәртiппен орындауға мiндеттi. Белгiленген мерзiмде енгiзiлмеген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомаларын, өсiмпұлдар мен айыппұлдарды алуға арналған салық органдарының инкассалық өкiмдерiн осындай тәртiппен салық органдары нұсқамаларын алған күннен бастап бiр операциялық күннен кешiктiрмей орындауға мiндеттi.
      Банктегi ақша клиентке қойылатын талаптардың бәрiн қанағаттандыру үшiн жеткiлiксiз болған жағдайда банк ақшаны алып қоюды мынадай кезектiлiкпен жүргiзедi:
      бiрiншi кезекте өмiрге және денсаулыққа келтiрiлген зиян туралы талаптарды, сондай-ақ алименттер бойынша талаптарды қанағаттандыруды көздейтiн атқарушылық құжаттар бойынша;
      екiншi кезекте жұмыстан босаған кездегi жәрдемақы және еңбек шарты бойынша, оның iшiнде келiсiм-шарт бойынша жұмыс iстейтiн адамдардың ақысын төлеу, авторлық шарт бойынша сыйақыны төлеу жөнiндегi есептеулер үшiн ақшаны алып қоюды көздейтiн атқарушы құжаттар бойынша;
      үшiншi кезекте клиенттiң бюджет алдындағы мiндеттемелерi бойынша жүргiзiледi.";
      8) тармақшадағы "мiндеттi" деген сөз алып тасталып, мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
      "9) уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша осы Кодекстiң 198-бабына сәйкес салық агенттерi тiркелген орын бойынша салық органдарына есеп беруге;
      10) осы Кодекстiң 16-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес салық органдарының жүргiзген жазбаша сауал салуы негiзiнде жеке кәсiпкерлердiң ағымдағы шоттарындағы, заңды тұлғалардың банк шоттарындағы ақшаның қалдығы және қозғалысы жөнiндегi мәлiметтердi салық органдарына ұсынуға мiндеттi.";

      146) 527-бапта:
      тақырып "органдарында" деген сөзден кейiн "мемлекеттiк" деген сөзбен толықтырылсын;
      1-тармақ алып тасталсын;
      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Осы Кодекстiң 191-бабының 1-тармағында аталған резидент емес жеке тұлғалар Қазақстан Республикасына келген немесе кәсiпкерлiк қызметтi бастаған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде салық органында мемлекеттiк тiркеуден өтуге мiндеттi.
      Қалған резидент емес жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының резиденттiгiн алған кезден бастап салық органында мемлекеттiк тiркеуден өтуге мiндеттi.
      3. Қазақстан Республикасындағы қызметiн тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасындағы қызметiн жүзеге асыруды бастаған күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде салық органында мемлекеттiк тiркеуден өтуге мiндеттi.";
      мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-тармақтармен толықтырылсын:
      "3-1. Қазақстан Республикасындағы қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырушы резидент емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында есептi тiркеуден өткен күннен бастап, бiрақ қызметiн жүзеге асыру басталғаннан бастап отыз жұмыс күнiнен кешiктiрмей, салық органында он жұмыс күні iшiнде мемлекеттік тiркеуден өтуге мiндеттi.
      3-2. Қазақстан Республикасында салық салынатын объектiлердi иеленушi резидент еместер Қазақстан Республикасында салық салынатын объектiнi алған кезден бастап отыз жұмыс күнi iшiнде салық органында мемлекеттiк тiркеуден өтуге мiндеттi.";
      6-тармақтағы "осы баптың" деген сөздер "осы Кодекстiң 521-бабының," деген сөздермен ауыстырылсын;

      147) 528-баптағы "заң актiлерiне" деген сөздер "заңдарына" деген сөзбен ауыстырылсын;

      148) 531-бапта:
      1-тармақтың 2) тармақшасы "өндiру мен" деген сөздерден кейiн "(немесе) көтерме" деген сөздермен толықтырылсын;
      5-тармақтағы "заң актiсiне" деген сөздер "заңына" деген сөзбен ауыстырылсын;

      149) 533-бапта:
      1-тармақ "лауазымды адамдары" деген сөздерден кейiн ", осы Кодекске сәйкес тексерудi жүргiзуге тартылатын өзге де адамдар" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Арнайы бiлiмдi және дағдыны талап ететiн мәселелердi зерттеу және консультация алу үшiн, қажет болған жағдайларда, салық қызметi органы салықтық тексеруге салықтық тексерудiң нәтижесiне мүдделi емес маманды тартуы мүмкiн.
      Алға қойылған мәселелер бойынша маман қорытынды жасайды, ол салықтық тексеру актiсiне қоса берiледi.";
      4-тармақтың 2) тармақшасы "мiндеттемелерiнiң" деген сөзден кейiн ", банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың осы Кодексте белгiленген мiндеттемелердi орындауын, сондай-ақ трансферттiк бағалар қолданғанда мемлекеттiк бақылау мәселелерi бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
      5-тармақтың 3) тармақшасы "лицензияның" деген сөзден кейiн ", бiржолғы талонның" деген сөздермен толықтырылсын;

      150) 534-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы "бip түрi бойынша" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың осы Koдексте белгiленген мiндеттемелердi орындау және трансферттiк бағалар қолдану кезiндегi мемлекеттiк бақылау мәселелерi бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;

      151) 535-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, трансферттiк бағалар қолдану кезiнде мемлекеттiк бақылау мәселесi бойынша тексеру жүргiзу мерзiмi нұсқама тапсырылған кезден бастап жүз сексен жұмыс күнiнен аспауға тиiс.";
      4-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Салықтық тексеру мерзiмiнiң iшiнде халықаралық келiсiмдерге сәйкес шет мемлекеттерге салық қызметi органдарының ақпарат беру және ол бойынша мәлiметтер алу туралы сұрау салған кездерiнiң арасындағы уақыт кезеңiнде де тоқтатыла тұрады.";

      152) 536-бапта:
      1-тармақтың 6) тармақшасы "адамдардың" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ осы Кодекске сәйкес тексеру жүргiзуге тартылған өзге де адамдардың" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақ "түрi" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың осы Кодексте белгiленген мiндеттемелердi орындау және трансферттiк бағалар қолдану кезiндегi мемлекеттiк бақылау мәселелерi" деген сөздермен толықтырылсын;
      5-тармақ "тiркелген күнi" деген сөздерден кейiн ", осы Кодекске сәйкес тексеру жүргiзуге тартылатын адамдардың тегі, аты, әкесiнiң аты" деген сөздермен толықтырылсын;

      153) 544-баптың 2-тармағындағы "электронды қол қоюмен" деген сөздер "электрондық цифрлық қолтаңбамен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      154) 546-бапта:
      1-тармақтың 2) тармақшасының үшiншi абзацындағы "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi" деген сөздер "құзыреттi мемлекеттiк орган енгiзген қорытынды негiзiнде уәкiлеттi мемлекеттiк орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Фискалдық жады бар бақылау-касса машиналары - тауарлар сату мен қызмет көрсету кезiнде тұтынушылармен ақшалай есеп айырысуды тiркеу үшiн пайдаланылатын, ақпараттың маусым сайын түзетiлмей тiркелуiн және энергияға тәуелсiз ұзақ уақыт сақталуын қамтамасыз ететiн, фискалдық жады блогы бар электронды құрылғылар және (немесе) банктiк компьютерлiк жүйелер. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етiлген Фискалдық жады бар бақылау-касса машиналарының мемлекеттiк тiзiлiмiн (бұдан әрi - Мемлекеттiк тiзiлiм) және оны қалыптастырудың ережесiн бекiтедi.
      Компьютерлiк жүйе Мемлекеттiк тiзiлiмге (тiзiлiмнен) байланыс және ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган беретiн қорытындының негiзiнде қосылады (ажыратылады).
      Қорытынды, компьютерлiк жүйенiң осы бапта белгiленген техникалық талаптарға сәйкестiгiн растайтын құжат болып табылады. Қорытындыны берудiң тәртiбiн байланыс және ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.";
      4-тармақтағы "осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген тәртiппен тауар чектерiн" деген сөздер "уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен нысан бойынша тауар чектерiн" деген сөздермен ауыстырылсын;

      155) 100-тараудың бүкiл мәтiнi бойынша "жоғары тұрған салық органы", "жоғары тұрған салық органына", "жоғары тұрған салық органының" деген сөздер тиiсiнше "салық қызметiнiң жоғары тұрған органы", "салық қызметiнiң жоғары тұрған органына", "салық қызметiнiң жоғары тұрған органының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      156) 552-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын:
      "1-1. Салық төлеушiнiң уәкiлеттi мемлекеттiк органның лауазымды адамдары жүргiзген тексеру актiсi бойынша хабарламаға шағымын қарауды осы Кодекстiң 553-557-баптарында белгiленген тәртiппен тiкелей уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүргiзедi.
      1-2. Салық төлеушiнiң сотқа шағым беруi салықтық тексеру актiсi бойынша шағым келтiрiлген хабарламаның орындалуын тоқтата тұрады.";
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Салық төлеушi салықтық тексеру актiсi бойынша хабарламаға салықтың, өсiмпұлдар мен айыппұлдардың есептелген сомасы бөлiгiнде, сондай-ақ салық қызметi органдары лауазымды адамдарының әрекетi (әрекетсiздiгi) бөлiгiнде сотқа шағымдануға құқылы.";

      157). 553-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Осы баптың 1-тармағында белгiленген мерзiмдi дәлелдi себеппен өткiзiп алған жағдайда салық төлеушiнiң өтiнiшi бойынша шағымды қараушы салық қызметiнiң жоғары тұрған органы бұл мерзiмдi қалпына келтiруi мүмкiн.";

      158) 555-баптың 1-тармағындағы "он бес" деген сөздер "отыз" деген сөзбен ауыстырылсын;

      159) 558-565-баптар алып тасталсын;

      160) 18-бөлiм мынадай мазмұндағы 100-1-тараумен толықтырылсын:
      "100-1-тарау. Салық төлеушiнiң шағымын қараудың нәтижелерi бойынша шешiмдi қайта қараудың тәртiбi

      557-1-бап. Шешiмдi уәкiлеттi мемлекеттiк органда қайта қарау
      1. Осы Кодексте көзделген ережелерге сәйкес шағымды қараудың нәтижелерi бойынша шешiмдi қайта қарауды уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүргiзедi.
      2. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган шағымды қарау жөнiндегi өзiнiң өкiлеттiктерiн жүзеге асыру кезiнде оның қызметiне араласуға тыйым салынады.
      3. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның осы Кодексте белгiленген негiзде және тәртiппен шығарылған шешiмi салық органдары үшiн мiндеттi болып табылады.

      557-2-бап. Уәкiлеттi мемлекеттiк органға шағымданудың тәртiбi мен мерзiмдерi
      1. Уәкiлеттi мемлекеттiк органға шағым салық төлеушi шағымды қарау нәтижелерi бойынша шешiмдi алған кезден бастап не осы Кодекстiң 555-бабының 1-тармағында аталған мерзiм аяқталған соң салық қызметiнiң жоғары тұрған органының шешiмi болмаған жағдайда бес жұмыс күнi iшiнде берiледi.
      2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген мерзiмдi дәлелдi себеп бойынша өткiзiп алған жағдайда, шағым беретiн салық төлеушiнiң өтiнiш беруi бойынша уәкiлеттi мемлекеттiк орган бұл мерзiмдi қалпына келтiруi мүмкін.
      3. Уәкiлеттi мемлекеттiк органға шағым беру осы баптың ережелерi ескерiле отырып, осы Кодекстiң 553-бабында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
      4. Салық төлеушi шағымның көшiрмесiн салық төлеушiнiң шағымын қараған салық қызметiнiң жоғары тұрған органына да жiберуге тиiс.

      557-3-бап. Уәкiлеттi мемлекеттiк органға жiберiлетiн шағымның нысаны мен мазмұны
      1. Уәкiлеттi мемлекеттiк органға жiберiлетiн шағым нысаны мен мазмұны бойынша осы Кодекстiң 554-бабында белгiленген талаптарға сай болуға тиiс.
      2. Уәкiлеттi мемлекеттiк органға жiберiлетiн шағымға салық төлеушiнiң шағымын қараған салық қызметiнiң жоғары тұрған органы шешiмiнiң көшiрмесi қоса тiркелуге тиiс.

      557-4-бап. Уәкiлеттi мемлекеттiк органға жiберiлетiн шағымды қарау тәртiбi
      1. Осы Кодексте белгiленген тәртiппен берiлген, уәкiлеттi мемлекеттiк органға жiберiлген шағымды, осы Кодекстiң 557-8-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, оның тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде уәкiлеттi мемлекеттiк орган қарайды.
      2. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган iстi мәнi бойынша қарауды аяқтаған соң жазбаша нысанда дәлелдi шешiм шығарады және оны өтiнiш берушi - салық төлеушiге жiбередi немесе тапсырады және көшiрмесiн салық төлеушiнiң шағымын қараған салық органына жiбередi.

      557-5-бап. Уәкiлеттi мемлекеттiк органға жiберiлген шағым бойынша шешiм қабылдау
      Уәкiлеттi мемлекеттiк орган шағымды қараудың қорытындысы бойынша:
      1) шағымды қанағаттандырусыз қалдыруға;
      2) салық органының шағым жасалған шешiмiнiң күшiн жоюға;
      3) шешiмдi өзгертуге немесе жаңа шешiм шығаруға құқылы.

      557-6-бап. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган шешiмiнiң мазмұны
      Уәкiлеттi мемлекеттiк органның шешiмiнде:
      1) шешiмнiң қабылданған уақыты мен орны;
      2) шағым берген салық төлеушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты не толық атауы;
      3) салық қызметiнiң жоғары тұрған органының шағым жасалып отырған шешiмiнiң қысқаша мазмұны;
      4) шағымның мәнi;
      5) Қазақстан Республикасының салық заңдарының нормаларына сiлтеме жасалған негiздеме мен қорытындылар көрсетiлуге тиiс.

      557-7-бап. Уәкiлеттi мемлекеттiк органға шағым берудiң салдары
      1. Уәкiлеттi мемлекеттiк органға шағым беру жазбаша шешiм шығарылғанға дейiн салықтық тексеру актiсi бойынша шағым жасалған хабарламаның орындалуын тоқтата тұрады.
      2. Салықтық тексеру актiсi бойынша хабарламаның күшi жойылған жағдайда салықтық тексеру актiсiнiң де күшi жойылады.

      557-8-бап. Қосымша тексеру жүргiзудiң тәртiбi мен мерзiмдерi
      1. Салық қызметi органы салық төлеушiнiң шағымын қараған кезде, қажет болған жағдайда, қосымша тексеру тағайындауға құқылы.
      2. Қосымша тексеру осы Кодексте белгiленген тәртiппен және мерзімдерде жүргізіледі.
      3. Шағымды қараудың мерзiмi қосымша тексерудi өткiзу кезеңiнде тоқтатыла тұрады.
      4. Айқындық жеткiлiктi болмаған немесе деректер толық болмаған, сондай-ақ қосымша тексерудiң барысында бұрын тексерiлген мән-жайлар мен құжаттарға қатысты жаңа мәселелер туындаған кезде шағымды тексерушi орган қайта тексерудi тағайындауға құқылы.
      5. Шағым бойынша шешiм қосымша тексерудiң нәтижелерiн ескере отырып шығарылады.";

      161) 568-баптағы "заң, актiлерiнде" деген сөздер "заңдарында" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiн (Салық кодексiн) қолданысқа енгiзу туралы" 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 169-құжат; N 15-16, 224-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 1, 2-құжат; N 6, 73-құжат):
      2-баптың 1-тармағында:
      екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiн жоятын 5-бабының 23) тармақшасы, 57-бабының 1-тармағының 11), 16), 22) тармақшалары, 59-бабы, 71-1-бабының 2-тармағы, 179-бабының 9-тармағы;";
      мынадай мазмұндағы оныншы және он екiншi абзацтармен толықтырылсын:
      "2006 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiн жоятын 57-бабының 1-тармағының 19) тармақшасы;";
      "2008 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiн жоятын 179-бабының 10-тармағы. Бұл ретте 2000 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi жағдай бойынша құралған салық және айыппұл санкциясы жөнiндегi және 2003 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi жағдай бойынша өтелмеген берешек сомасы бес жылдың iшiнде тең үлеспен төленуге тиiс.".

       2-бап.  Осы Заң 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
      Осы Заңның 1-бабы 1-тармағының 72) тармақшасы және 73) тармақшасының төртiншi, бесiншi, алтыншы, жетiншi абзацтары 2003 жылдың 1 қаңтарына дейiн жасалған қаржы лизингi шарттарына, аталған күнге дейiн мүлiк қаржы лизингiне берiлмеген шарттарды қоспағанда, қолданылмайтын болып белгiленсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті