Әкімшілік құқық бұзушылық туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы N 155 Кодексі

Жаңартылған

  1-бөлiм. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

   1-тарау. ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДАР

       1-бап. Қазақтан Республикасының әкiмшiлiк құқық
             бұзушылық туралы заңдары

      1. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдары Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы осы кодексiнен тұрады. Әкiмшiлiк жауаптылықты көздейтiн өзге заңдар осы Кодекске олар енгiзiлгеннен кейiн ғана қолданылуға тиiс. 
      2. Осы Кодекс Қазақстан Республикасының  Конституциясына , халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптерi мен нормаларына негiзделедi. 
      3. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-деликттiк құқықтық қатынастарды реттейтiн халықаралық шарттық және өзге де мiндеттемелерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мен Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулылары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдардың құрамдас бөлiгi болып табылады. 
      4. Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар осы Кодекс алдында басымдыққа ие болады және халықаралық шартты қолдану үшiн заң шығару қажет болатын реттердi қоспағанда, тiкелей қолданылады. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарында көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 

       2-бап. Әкiмшiлiк жауаптылықтың негiзi

      Осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнде көзделген құқық бұзушылық құрамының барлық белгiлерi бар әрекет жасау әкiмшiлiк жауаптылықтың негiзi болып табылады. 

       3-бап. Бұзылғаны үшiн әкiмшiлiк жауаптылық көзделетiн
             ережелердi жергiлiктi өкiлдi органдардың
             белгiлеуi жөнiндегi өкiлеттiгi

      1. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың, қалалар мен аудандардың жергiлiктi өкiлдi органдары өз құзыреттерi шегiнде, бұзушылығы үшiн адамдардың осы Кодекстiң 362 және 363-баптарында көзделген әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуы мүмкiн ережелердi белгiлеуге құқылы. 
      2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың, қалалар мен аудандардың жергiлiктi өкiлдi органдары да бұзушылық үшiн осы Кодекстiң 300, 310, 311, 387-баптарымен әкiмшiлiк жауаптылық көзделетiн ережелердi белгiлей алады. 

       4-бап. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық
             бұзушылық үшiн жауаптылық туралы заңдарының
             кеңiстiк жағынан қолданылуы

      1. Қазақстан Республикасының аумағында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам осы Кодекс бойынша жауаптылыққа тартылуға тиiс. 
      2. Қазақстан Республикасының аумағында басталған немесе жалғасқан, не аяқталған әрекет Қазақстан Республикасының аумағында жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып танылады. Осы Кодекстiң күшi Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында және айрықша экономикалық аймағында жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылыққа да қолданылады. 
      3. Қазақстан Республикасының портына тiркелген және Қазақстан Республикасының шегiнен тыс ашық суда немесе әуе кеңiстiгiнде жүрген кемеде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартымен өзгеше көзделмесе, осы Кодекс бойынша әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс. Тұрған жерiне қарамастан, Қазақстан Республикасының әскери кемесiнде немесе әскери әуе кемесiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам да осы Кодекс бойынша әкiмшiлiк жауаптылықта болады. 
      4. Шет мемлекеттердiң дипломатиялық өкiлдерi және қорғанышты пайдаланатын өзге де шетел азаматтары Қазақстан Республикасының аумағында құқық бұзушылық жасаған жағдайда, осы адамдардың әкiмшiлiк жауаптылығы туралы мәселе халықаралық құқық нормаларына сәйкес шешiледi. 

       5-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылық
             туралы заңдардың уақыт жағынан қолданылуы

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам осы құқық бұзушылық жасалған уақытта қолданылған заңдардың негiзiнде жауаптылықта болуға тиiс. 
      2. Аталған әрекеттiң жүзеге асырылған уақыты, салдардың туындаған уақытына қарамастан, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған уақыт болып танылады.

       6-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңның керi күшi

      1. Заңның әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты жоятын немесе ықпал ету шарасын жұмсартатын керi күшi болады, яғни осы заң күшiне енгенге дейiн жасалған құқық бұзушылықтарға қолданылады.
      2. Заңның әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты белгiлейтiн немесе күшейтетiн немесе құқық бұзушылық жасаған адамның жағдайын өзге түрде нашарлататын керi күшi болмайды.

  2-тарау. ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ
ЗАҢДАРДЫҢ МIНДЕТТЕРI МЕН ПРИНЦИПТЕРI

       7-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдардың
             мiндеттерi

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдардың мiндеттерi - адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, халықтың денсаулығын, санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын, қоршаған ортаны, қоғамдық имандылықты, меншiктi, қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктi, мемлекеттiк билiктi жүзеге асырудың белгiленген тәртiбiн, ұйымдардың заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделерiн әкiмшiлiк құқық бұзушылықтан қорғау, сондай-ақ олардың жасалуының алдын алу. 
      2. Осы мiндеттi жүзеге асыру үшiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдар әкiмшiлiк жауаптылықтың негiздерi мен принциптерiн белгiлейдi, қандай әрекеттердiң әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып табылатынын және олардың жасалғаны үшiн қолданылатын жазалардың түрлерiн, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамға қай мемлекеттiк органның (лауазымды адамның) қандай әкiмшiлiк жаза және қандай тәртiппен қолдануы мүмкiн екенiн айқындайды. 

       8-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдар
             принциптерiнiң маңызы

      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдар принциптерiнiң маңызы мынада: оларды бұзу, оның сипаты мен мәнiне қарай, iс бойынша жүргiзiлген iстi жарамсыз деп тануға, осындай iс жүргiзудiң барысында шығарылған шешiмдердiң күшiн жоюға не бұл орайда жиналған материалдардың дәлелдiк күшi жоқ деп тануға әкеп соғады. 

       9-бап. Заңдылық

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық, оларды жасағаны үшiн қолданылатын ықпал ету шаралары тек осы Кодекспен белгiленедi. Осы Кодексте белгiленген негiздер мен тәртiптен басқа жағдайларда, ешкiм де әкiмшiлiк жазаға, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларына ұшыратылуға тиiс емес. 
      2. Сот, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органдар (лауазымды адамдар) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi жүргiзу кезiнде Қазақстан Республикасы  Конституциясының , осы Кодекстiң, осы Кодекстiң 1-бабында аталған өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын дәл сақтауға мiндеттi. Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заң күшi бар және Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында тiкелей қолданылады. Заңмен және Қазақстан Республикасы Конституциясымен белгiленген ережелер арасында қайшылықтар болған жағдайда Конституцияның ережелерi қолданылады. 
      3. Соттар адамның және азаматтың Конституциямен баянды етiлген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiретiн заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi қолдануға құқылы емес. Егер сот, қолданылуға жататын заң немесе өзге де нормативтiк құқықтық акт адамның және азаматтың Конституциямен баянды етiлген құқықтары мен бостандығына нұқсан келтiредi деп тапса, ол iс жүргiзудi тоқтата тұруға және осы актiнi конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгiнуге мiндеттi. Сот Конституциялық Кеңестiң шешiмiн алысымен iс жүргiзудi қайта бастайды. 
      4. Соттың, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органдардың (лауазымды адамдардың) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi жүргiзу кезiнде заңды бұзуына жол берiлмейдi және заңмен белгiленген жауаптылыққа, қабылданған актiлердiң жарамсыз деп танылуына және олардың күшiнiң жойылуына әкеп соғады. 

       10-бап. Сот құзыретiнiң ерекшелiгi

      1. Соттың құзыретi, оның юрисдикциясының шегi, оның әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi жүзеге асыру тәртiбi заңмен белгiленедi және өз бетiнше өзгертуге болмайды. Қандай атаумен болса да төтенше немесе арнайы соттарды құруға жол берiлмейдi. Төтенше соттардың, сондай-ақ заңсыз құрылған өзге де соттардың шешiмдерiнiң заңды күшi болмайды және орындалуға жатпайды. Кiмнiң болса да соттың билiктiк өкiлеттiгiн иемденуi заңмен көзделген жауаптылыққа әкеп соғады. 
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша, өзiнiң қарауына жатпайтын iс бойынша iс жүргiзудi жүзеге асырып, өз өкiлеттiгiн асыра пайдаланған немесе осы Кодексте көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы принциптердi өзгеше түрде бұзған соттың шешiмдерi заңсыз және күшi жойылуға тиiс. 
      3. Соттың әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер жөнiндегi шешiмдерi осы Кодексте көзделген тәртiппен тек тиiстi соттарда ғана тексерiлуi және қайта қаралуы мүмкiн. 

       11-бап. Азаматтардың заң алдында теңдiгi

      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамдар заң алдында тең және тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, нәсiлi мен ұлтына, сенiмiне, жынысына, тiлiне, дiнге көзқарасына және iстейтiн жұмысының сипатына, тұратын жерiне, қоғамдық бiрлестiктерге қатысына, сондай-ақ кез келген өзге де мән-жайларға қарамастан әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс. 

       12-бап. Кiнәсiздiк презумпциясы

      1. Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған жеке адам өз кiнәсi осы Кодексте көзделген тәртiппен дәлелденбейiнше және өз өкiлеттiгi шегiнде iстi қараған судьяның, органның (лауазымды адамның) заңды күшiне енген қаулысымен белгiленбейiнше, кiнәсiз деп есептеледi. 
      2. Ешкiм де өзiнiң кiнәсiздiгiн дәлелдеуге мiндеттi емес. 
      3. Кiнәлiлiкке келтiрiлген кез келген күдiктер өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған адамның пайдасына түсiндiрiледi. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарды қолдану кезiнде туындайтын күдiктер де оның пайдасына шешiлуге тиiс. 

       13-бап. Кiнә принципi

      1. Жеке адам тек кiнәсi анықталған құқық бұзушылықтары үшiн ғана әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс. Жеке адамның кiнәсiздiктен келтiрген залалы үшiн объективтi кiнә тағуға, яғни әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға жол берiлмейдi.
      2. Қасақана немесе абайсыз әрекет жасаған жеке адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауда кiнәлi деп танылады.

       14-бап. Қайтадан әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға жол
              берiлмеушiлiк

      Бiр құқық бұзушылық үшiн ешкiмдi де екi рет әкiмшiлiк жазаға тартуға болмайды.

       15-бап. Iзгiлiк принципi

      1. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдары адамның қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi.
      2. Құқық бұзушылық жасаған адамға әкiмшiлiк жаза қолданғанда адам жанын күйзелтудi немесе адамның қадiр-қасиетiн қорлауды жазалау мақсаты етiп қоюға болмайды. 

       16-бап. Жеке басқа қол сұқпаушылық

      1. Ешкiмдi де осы Кодексте белгiленген негiздер мен тәртiптен өзгеше ретте әкiмшiлiк ұстауға, iшкi iстер органына (полицияға) немесе басқа мемлекеттiк органдарға алып келуге, жеткiзуге, жеке басын және жеке адамның заттарын тексеруге болмайды. 
      2. Осы Кодексте белгiленген жағдайларда және тәртiппен тек судьяның қаулысы бойынша ғана әкiмшiлiк жазалау шарасы ретiнде қамауға алу қолданылуы мүмкiн. 
      3. Әрбiр ұсталған, iшкi iстер органына (полицияға) немесе басқа мемлекеттiк органға алып келiнген, жеткiзiлген адамға ұстаудың, алып келудiң, жеткiзудiң негiздерi, сондай-ақ оған тағылып отырған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың заңдық сипаты дереу хабарланады. 
      4. Мемлекеттiк орган (лауазымды адам) заңсыз ұсталған, алып келiнген, жеткiзiлген немесе судьяның қаулысында көзделген мерзiмнен артық қамауда отырған адамды дереу босатуға мiндеттi. 
      5. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iске қатысушылардың ешқайсысын зорлық-зомбылық, қатыгездiк немесе адамның қадiр-қасиетiн қорлайтын әрекетке ұшыратуға болмайды. 
      6. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу процесiнде адамның не оның заңды өкiлiнiң еркiне қарсы жеке басқа қол сұғылмаушылықты бұзатын iс-әрекеттер жасау тек осы Кодексте тiкелей көзделген жағдайларда және тәртiппен ғана мүмкiн болады. 
      7. Өзiне қатысты әкiмшiлiк жаза шарасы ретiнде қамауға алу таңдалған адамды, сондай-ақ әкiмшiлiк ұстауға ұшыраған адамды ұстау оның өмiрi мен денсаулығына қатер төнуiн болдырмайтын жағдайда жүзеге асырылуға тиiс. 
      8. Заңсыз қамауға алудың, өмiрi мен денсаулығына қатерлi жағдайларда ұстаудың, оған қатыгездiкпен қараудың салдарынан азаматқа келтiрiлген залал заңда көзделген тәртiппен өтелуге тиiс. 

       17-бап. Жеке бастың ар-ожданы мен қадiр-қасиетiн
              құрметтеу

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу кезiнде iске қатысушы адамның ар-ожданын қорлайтын немесе қадiр-қасиетiн кемiтетiн шешiмдер мен iс-әрекеттерге тыйым салынады, адамның жеке өмiрi туралы мәлiметтердi, сол сияқты ол құпия сақтауды қажет деп есептейтiн жеке сипаттағы мәлiметтердi осы Кодексте көзделмеген мақсаттар үшiн жинауға, пайдалануға және таратуға жол берiлмейдi. 
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу барысында соттың, басқа да мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз iс-әрекеттерiмен адамға келтiрiлген моральдық залал заңда белгiленген тәртiппен өтелуге тиiс. 

       18-бап. Жеке өмiрге қол сұқпаушылық. Хат жазысу,
              телефонмен сөйлесу, поштамен, телеграф арқылы
              және өзге де хабарламалар алысу құпиясы

      Азаматтардың жеке өмiрi, жеке басының және отбасының құпиясы заңның қорғауында болады. Әркiмнiң жеке салымдар мен жинақ ақша, хат жазысу, телефонмен сөйлесу, поштамен, телеграф арқылы және өзге хабарламалар алысу құпиясына құқығы бар. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу барысында осы құқықтарды шектеуге тек заңмен тiкелей белгiленген жағдайларда және тәртiппен жол берiледi. 

       19-бап. Меншiкке қол сұқпаушылық

      1. Меншiкке заңмен кепiлдiк берiледi. Ешкiмдi де сот шешiмiнсiз өз мүлкiнен айыруға болмайды. 
      2. Мүлiк пен құжаттарды алып қою; көлiк құралын, шағын кеменi басқарудан шеттету; көлiк құралын, шағын кеменi ұстау; көлiк құралдарын, шағын кемелердi тексеру; аумақтарды, үй-жайларды, көлiк құралдарын, тауарларды, өзге де мүлiктi, сондай-ақ тиiстi құжаттарды тексерiп қарау тек осы Кодексте көзделген жағдайларда және тәртiппен жүргiзiлуi мүмкiн. 

       20-бап. Судьялардың тәуелсiздiгi

      1. Судья сот төрелiгiн iске асыру кезiнде тәуелсiз және тек Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңға бағынады. 
      2. Судьялар мен соттар әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi өздерiне бөгде ықпал болмайтын жағдайларда шешедi. Соттардың сот төрелiгiн iске асыру жөнiндегi қызметiне қандай да болмасын араласушылыққа жол берiлмейдi және ол заң бойынша жауаптылыққа әкеп соғады. Нақты iстер бойынша судьялар есеп бермейдi. 
      3. Судья тәуелсiздiгiнiң кепiлдiктерi Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңмен белгiленген. 

       21-бап. Iс жүргiзу тiлi

      1. Қазақстан Республикасында әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзу мемлекеттiк тiлде жүргiзiледi, ал қажет болған жағдайда iс жүргiзуде орыс тiлi немесе басқа да тiлдер мемлекеттiк тiлмен тең қолданылады. 
      2. Судья, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органдар (лауазымды адамдар) өз қаулысымен қаралатын iс бойынша iс жүргiзу тiлiн белгiлейдi. Белгiлi бiр iс бойынша iс жүргiзу соттың, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) қаулысымен белгiленген тiлдердiң бiрiнде жүзеге асырылады. 
      3. Iс жүргiзiлiп жатқан тiлдi бiлмейтiн немесе жеткiлiктi дәрежеде бiлмейтiн iске қатысушы адамдарға ана тiлiнде немесе өзi бiлетiн тiлде мәлiмдеме жасау, түсiнiктер мен айғақтар беру, өтiнiштер жасау, шағым беру, iстiң материалдарымен танысу, оны қарау кезiнде сөз сөйлеу, аудармашының қызметiн тегiн пайдалану құқығы түсiндiрiледi және қамтамасыз етiледi. 
      4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзуге қатысушы адамдарға басқа тiлде жазылған заңға байланысты қажеттi iс материалдарын iс жүргiзiлетiн тiлге тегiн аударып беру қамтамасыз етiледi. 
      5. Құқық бұзушы мен жәбiрленушiге тапсырылуға тиiстi iс жүргiзу құжаттары олардың ана тiлiне немесе олар бiлетiн тiлге аударылып берiлуге тиiс. 
      6. Аударма жөнiндегi шығыстар және аудармашының көрсеткен қызметi мемлекеттiк бюджет есебiнен төленедi. 

       22-бап. Куә айғақтарын беру мiндетiнен босату

      1. Ешкiм өзiне-өзi, жұбайына (зайыбына) және заңмен белгiленген шектегi жақын туыстарына қарсы айғақ беруге мiндеттi емес.
      2. Дiни қызметшiлер өздерiне сенiп сырын ашқандарға қарсы куәгер болуға мiндеттi емес.
      3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген жағдайларда аталған адамдар айғақ беруден бас тартуға құқылы және олар бұл үшiн қандай да болмасын жауаптылыққа тартылуы мүмкiн емес.

       23-бап. Бiлiктi заң көмегiн алуға құқықтарды қамтамасыз
              ету

      1. Әркiмнiң әкiмшiлiк iс жүргiзу барысында заңға сәйкес бiлiктi заң көмегiн алуға құқығы бар.
      2. Заңмен көзделген жағдайларда заң көмегi тегiн көрсетiледi.

       24-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудiң
              жариялылығы 

      1. Сот, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органдар (лауазымды адамдар) осы iстердi жүргiзудi ашық түрде жүзеге асырады. 
      2. Заңға сәйкес мемлекеттiк құпиялар болып табылатын мәлiметтерi бар iстерге қатысты, сондай-ақ соттың, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) бала асырап алудың құпиясын қамтамасыз ету, жеке бастың, отбасылық, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны, азаматтар өмiрiнiң интимдiк жақтары туралы мәлiметтердi сақтау қажеттiлiгiне не ашық қарауға кедергi келтiретiн өзге де мән-жайларға сiлтеме жасаған iске қатысушы адамның өтiнiшiн қанағаттандыру кезiнде iс жүргiзу жабық түрде жүзеге асырылады. 
      3. Азаматтардың жеке хат жазысуы мен жеке телеграф хабарламалары тек осы хат жазысу мен телеграф хабарламаларын өзара алмасқан адамдардың келiсiмiмен ғана ашық iс жүргiзу барысында жария етiлуi мүмкiн. Керiсiнше жағдайда осы адамдардың жеке хат жазысуы мен жеке телеграф хабарламалары жабық iс жүргiзу тәртiбiнде жария етiледi және зерттеледi. Аталған ережелер жеке сипаттағы мәлiметтерi бар фото- және киноқұжаттарды, дыбыстық және бейнежазбаларды зерттеу кезiнде де қолданылады. 
      4. Iске қатысушы адамдар мен ашық iс жүргiзуге қатысып отыратын азаматтар iс жүргiзiлiп жатқан үй-жайдағы өздерi иеленген орыннан iс жүргiзудiң барысын жазбаша түрде немесе аудиожазуды пайдалана отырып жазып алуға құқылы. Iс жүргiзу барысында кино- және фотосуретке түсiруге, бейнежазбаға, тiкелей радио- және телехабарларды таратуға соттың, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) рұқсаты бойынша, iске қатысушы адамдардың пiкiрлерi ескерiле отырып жол берiледi. Бұл iс-әрекеттер iстiң қалыпты жүруiне кедергi жасамауға тиiс және оларға уақыт жағынан шектеу қойылуы мүмкiн.

       25-бап. Iс жүргiзу барысында қауiпсiздiктi қамтамасыз
              ету

      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу соттың, әкiмшiлiк құқық бұзушылықты қарауға уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) қалыпты жұмысын және iс жүргiзуге қатысушылардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жағдайда өтедi. Қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында судья, лауазымды адам iс жүргiзу кезiнде қатысып отыруға тiлек бiлдiрген адамдардың жеке бастарын куәландыратын құжаттарын тексерудi, өздерiн тексерiп қарауды және олар әкелген заттарды тексерiп қарауды қоса алғанда, оларды тексеру жөнiнде өкiм бере алады.

       26-бап. Iс жүргiзу iс-әрекеттерi мен шешiмдерiне
              шағымдану бостандығы

      1. Соттың, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) iс-әрекеттерi мен шешiмдерiне осы Кодексте белгiленген тәртiппен шағымдануға болады.
      2. Iске қатысушы адамның әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша қаулыларды осы Кодексте белгiленген тәртiппен қайта қаратуға құқығы бар.
      3. Шағымды шағым берген адамға зиян келетiндей етiп немесе шағым өз мүддесiне орай берiлген адамға зиян келетiндей етiп қарауға жол берiлмейдi.

       27-бап. Адамның құқықтарын, бостандықтарын және заңды
              мүдделерiн сот арқылы қорғау

      1. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға құқығы бар. Мүдделi адам құқықтары, бостандықтары немесе заңмен қорғалатын мүдделерi бұзылғанда немесе дауға түскенде, оны қорғау үшiн заңда белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы. 
      2. Прокурор өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру мақсатында және азаматтардың, ұйымдардың құқықтарын, қоғамдық және мемлекеттiк мүдделердi қорғау үшiн сотқа талап қойып (арыз жазып) жүгiнуге құқылы.
      3. Ешкiмге ол үшiн заңмен көзделген соттылығы оның келiсiмiнсiз өзгертiлуге тиiс емес.

  2-бөлiм. ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ
ӘКIМШIЛIК ЖАУАПТЫЛЫҚ

   ЖАЛПЫ БӨЛIМ

   3-тарау. ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ

       28-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық

      1. Жеке адамның осы Кодекс бойынша әкiмшiлiк жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кiнәлi (қасақана немесе абайсызда жасалған) iс-әрекетi не әрекетсiздiгi немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы iс-әрекетi не әрекетсiздiгi әкiмшiлiк құқық бұзушылық деп танылады. 
      2. Жеке адамға әкiмшiлiк жаза қолдану заңды тұлғаны осы құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жауаптылықтан босатпайды, сол сияқты заңды тұлғаның әкiмшiлiк жауапқа тартылуы да кiнәлi жеке адамды осы құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жауаптылықтан босатпайды. 
      3. Осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң баптарында көзделген құқық бұзушылықтар үшiн, егер бұл құқық бұзушылықтар өзiнiң сипаты бойынша қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпаса, әкiмшiлiк жауаптылық туындайды. 

       29-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты қасақана жасау

      Егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған жеке адам өзiнiң iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) құқыққа қарсы сипатын сезiнсе, оның залалды салдарын алдын ала бiлсе және осы салдардың туындауын қаласа немесе оған саналы түрде жол берсе не оларға немқұрайды қараса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық қасақана жасалған деп танылады.

       30-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты абайсызда жасау

      Егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған жеке адам өзiнiң iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) зиянды салдарының туындау мүмкiндiгiн алдын ала бiлсе, бiрақ жеткiлiктi негiзсiз оның алдын алуға болады деп ұшқары ойласа, не тиiстi назар салған және ескерген жағдайда оның алдын алуға болса да осындай салдардың туындау мүмкiндiгiн алдын ала бiлмесе, әкiмшiлiк құқық бұзушылық абайсызда жасалды деп танылады.

  4-тарау. ӘКIМШIЛIК ЖАУАПТЫЛЫҚ

       31-бап. Әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс тұлғалар

      Әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс тұлғалар:
      1) ақыл-есi дұрыс, осы Кодекс бойынша белгiленген жасқа жеткен жеке адам;
      2) заңды тұлға.

       32-бап. Жеке адамның әкiмшiлiк жауаптылығы туындайтын
              жасы

      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кезде он алты жасқа толған жеке адам әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс.

       33-бап. Ақыл-естiң кемдiгi

      Осы Кодексте көзделген құқыққа қарсы әрекет жасаған кезде ақыл-есi кем жағдайда болған, яғни өзiнiң iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) нақты сипаты мен қауiптiлiгiн түсiне алмаған немесе созылмалы психикалық сырқатының, уақытша психикасы бұзылуының, ақыл-ес кемдiгiнiң немесе психиканың өзге де сырқатты жай-күйiнiң салдарынан ақыл-есi кем жағдайда болған жеке адам әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылмайды. 

       34-бап. Басқару функцияларын орындайтын лауазымды және
              өзге де адамдар мен жеке кәсiпкерлердiң
              әкiмшiлiк жауаптылығы

      1. Лауазымды адам қызметтiк мiндеттерiн орындамауына немесе тиiстi дәрежеде орындамауына байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған жағдайда әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылады. Мұндай мән-жайлар болмаған кезде әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жасалуына кiнәлi лауазымды адам жалпы негiздерде жауаптылықта болуға тиiс. 
      2. Ұйымдық-билiк ету немесе әкiмшiлiк-шаруашылық мiндеттердi орындауға байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған, заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын азамат (бұдан әрi - жеке кәсiпкер), сондай-ақ мемлекеттiк органдар немесе жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары болып табылмайтын ұйымдардың жетекшiлерi, басқару функцияларын орындайтын басқа да қызметкерлерi лауазымды адамдар ретiнде әкiмшiлiк жауаптылықта болады. 
      3. Осы Кодекстiң баптарында заңды тұлғаның жауаптылығы көзделген жағдайларда жеке кәсiпкер әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 19-бабының 3-тармағында белгiленген ережелер ескерiле отырып, заңды тұлға ретiнде жауаптылықта болады. 

       Ескерту.  Осы Кодексте тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкiлеттiк бойынша билiк өкiлiнiң функцияларын жүзеге асыратын (яғни оларға қызмет жағынан тәуелдi емес адамдарға қатысты заңда белгiленген тәртiппен мемлекет атынан немесе оның органдарының атынан заңдық маңызы бар актiлер шығару құқығы немесе билiк ету өкiлеттiгi берiлген) не мемлекеттiк органдарда, жергiлiктi басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа әскерлерi мен әскери құралымдарында ұйымдық-билiк ету немесе әкiмшiлiк-шаруашылық функцияларды орындайтын адамдар лауазымды адамдар деп танылады. 

       35-бап. Тәртiптiк жарғылардың не арнайы ережелердiң
              күшi қолданылатын әскери қызметшiнiң,
              прокурордың және өзге де адамдардың әкiмшiлiк
              құқық бұзушылық жасағаны үшiн әкiмшiлiк
              жауаптылығы

      1. Әскери қызметшiлер мен әскери жиында жүрген азаматтар әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн тәртiптiк жарғылар бойынша жауаптылықта болады. Прокурорлар, iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдары, қаржы полициясы мен кеден органдарының қызметкерлерi әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн тиiстi органдарда қызмет өтеу тәртiбiн регламенттейтiн нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес жауаптылықта болады. 
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы режимiн, Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзу бекеттерiндегi режимдi, санитариялық заңдарды, өрт қауiпсiздiгiнiң талаптарын, жолда жүру ережелерiн, қызмет орындарынан тыс кеден ережелерiн, аң аулау, балық аулау ережелерiн, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен қорғаудың басқа да ережелерi мен нормаларын бұзғаны үшiн жалпы негiздер бойынша әкiмшiлiк жауаптылықта болады. Аталған адамдарға - атылатын және суық қаруды алып жүру мен сақтау құқығынан айыру және әкiмшiлiк қамауға алу түрiнде, ал шақыру бойынша әскери қызметiн өтеп жүрген әскери қызметшiлерге, әскери және арнаулы оқу орындарының курсанттарына (тыңдаушыларына) айыппұл түрiнде де әкiмшiлiк жаза қолдануға болмайды. 
      3. Қызмет туралы тәртiптiк жарғылардың немесе арнайы ережелердiң күшi қолданылатын, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталғандардан басқа адамдар осы актiлерде тiкелей көзделген жағдайларда - қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн тәртiптiк жауаптылықта, ал қалған жағдайларда жалпы негiздер бойынша әкiмшiлiк жауаптылықта болады. 
      4. Әкiмшiлiк жаза қолдану құқығы берiлген органдар (лауазымды адамдар) осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдарға әкiмшiлiк жаза қолданудың орнына, кiнәлi адамдарды тәртiптiк жауаптылыққа тарту туралы мәселенi шешу үшiн тиiстi органдарға құқық бұзушылық туралы материалдарды беруi мүмкiн.
      5. Тәртiп туралы жарғылардың күшi қолданылатын темiр жол, теңiз, өзен көлiгi мен азаматтық авиацияның қызметкерлерi қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде мынадай құқық бұзушылық жасағаны үшiн осы жарғыларға сәйкес:
      темiр жол көлiгiнiң қызметкерлерi - осы Кодекстiң 439, 440, 441-баптарында, 477-бабының бiрiншi бөлiгiнде, 479, 480-баптарында көзделген құқық бұзушылық үшiн;
      теңiз көлiгiнiң қызметкерлерi - осы Кодекстiң 441, 448, 449, 450-баптарында, 477-бабының екiншi бөлiгiнде, 479, 480-баптарында көзделген құқық бұзушылық үшiн;
      өзен көлiгiнiң қызметкерлерi - осы Кодекстiң 441, 450-453, 455-баптарында, 477-бабының екiншi бөлiгiнде, 479, 480-баптарында көзделген құқық бұзушылық үшiн;
      азаматтық авиация қызметкерлері - осы Кодекстің 443, 446-баптарында, 447-бабының бірінші бөлігінде, 477-бабының үшінші бөлігінде, 479, 480-баптарында көзделген құқық бұзушылық үшін тәртіптік жауаптылықта болады. <*>
       Ескерту. 35-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.07.12. N  240 , 2003.07.03. N  464 , 2003.12.05. N  506  Заңдарымен. 

       36-бап. Заңды тұлғалардың әкiмшiлiк жауаптылығы

      1. Осы бөлiмнiң Ерекше бөлiмiнде тiкелей көзделген жағдайларда заңды тұлға әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс. 
      2. Егер осы бөлiмнiң Ерекше бөлiмiнде көзделген әрекеттi заңды тұлғаны басқару функциясын жүзеге асыратын орган немесе адам жасаса, рұқсат берсе, мақұлдаса, заңды тұлға әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс. 
      3. Егер осы Кодекстiң нормаларында олар жеке адамға немесе заңды тұлғаға қолданылатын-қолданылмайтыны көрсетiлмесе, осы нормалардың мәнi бойынша олар тек жеке адамға қатысты және соған ғана қолданылуы мүмкiн жағдайларды қоспағанда, осы нормалар жеке адамға және заңды тұлғаға қатысты бiрдей дәрежеде қолданылады. 
      4. Дербес салық төлеушi болып табылатын және салық салу саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерi заңды тұлғалар ретiнде әкiмшiлiк жауаптылықта болады. 

       37-бап. Шетелдiктердiң, шетелдiк заңды тұлғалардың
              және азаматтығы жоқ адамдардың әкiмшiлiк
              жауаптылығы

      1. Қазақстан Республикасының аумағында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған шетелдiктер, шетелдiк заңды тұлғалар және азаматтығы жоқ адамдар жалпы негiздерде әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс.
      1-1. Шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес үкiметтiк емес бiрлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) Қазақстан Республикасының қоғамдық бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзғаны үшiн заңды тұлға ретiнде әкiмшілiк жауапқа тартылады. 
      2. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында Қазақстан Республикасының егемендiк құқықтарына қол сұғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн шетелдiктер, шетелдiк заңды тұлғалар, азаматтығы жоқ адамдар жалпы негiздерде әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс. 
      3. Шет мемлекеттердiң дипломатиялық өкiлдерi және қорғанышты пайдаланатын өзге де шетелдiктер Қазақстан Республикасының аумағында жасаған әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жауаптылық туралы мәселе халықаралық құқық нормаларына сәйкес шешiледi. 
       Ескерту. 37-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.02.23. N 33  Заңымен .

  5-тарау. ӘКIМШIЛIК ЖАУАПТЫЛЫҚТЫ БОЛДЫРМАЙТЫН МӘН-ЖАЙЛАР

       38-бап. Қажеттi қорғану

      1. Қажеттi қорғану жағдайында, яғни жеке басын, тұрғын үйiн, меншiгiн, жер учаскесiн және қорғанушының немесе өзге де адамдардың басқа да құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне қол сұғушыға зиян келтiру арқылы құқыққа қарсы қол сұғылудан қорғау кезiнде, егер бұл ретте қажеттi қорғану шегiнен шығып кетуге жол берiлмеген болса, осы Кодексте көзделген әрекеттi жасау әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып табылмайды. 
      2. Өздерiнiң кәсiби немесе өзге де арнаулы даярлықтарына және қызмет жағдайына қарамастан, барлық адамдар бiрдей дәрежеде қажеттi қорғаныс құқығына ие. Құқыққа қарсы қол сұғушылықтан аулақ болу не басқа адамдарға немесе мемлекеттiк органдарға көмек сұрап жүгiну мүмкiндiгi болғанына қарамастан, бұл құқық адамға тиесiлi болады. 
      3. Қол сұғу сипаты мен дәрежесiне қорғанудың айқын сәйкес келмеуi, осының нәтижесiнде қол сұғушыға жағдайдан туындамаған шектен тыс айқын зиян келтiру қажеттi қорғану шегiнен шығып кету деп танылады. Мұндай шектен шығушылық тек қасақана зиян келтiрiлген жағдайларда ғана әкiмшiлiк жауаптылыққа әкеп соғады. 
      4. Құқыққа қарсы қол сұғудан туындаған үрейдiң, қорқудың немесе сасқалақтап қалудың салдарынан қажеттi қорғаныс шегiнен асып кеткен адам әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс емес. 

       39-бап. Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау

      1. Құқыққа қарсы қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезiнде, бұл адамды мемлекеттiк органдарға жеткiзу және оның жаңа қол сұғушылықтар жасауын болдырмау үшiн, егер мұндай адамды басқаша құралдармен ұстау мүмкiн болмаса және бұл ретте осы үшiн қажеттi шараларды асыра қолдануға жол берiлмесе, осы Кодексте көзделген әрекеттi жасау әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып табылмайды. 
      2. Адамға қажеттiлiктен асып, шектен тыс, жағдайдан туындамаған айқын зиян келтiрген кезде, олардың ұсталған адам жасаған қол сұғушылықтың сипаты мен қауiп дәрежесiне және ұстаудың мән-жайына көрiнеу сәйкес келмеуi қол сұғушылық жасаған адамды ұстау үшiн қажеттi шараларды асыра қолданушылық деп танылады. Мұндай асыра қолдану тек қасақана зиян келтiру жағдайларында ғана әкiмшiлiк жауаптылыққа әкеп соғады. 
      3. Қол сұғушылықты жасаған адамды ұстау құқығына оған арнаулы уәкiлеттiгi бар адамдармен қатар жәбiрленушiлер мен басқа азаматтар да ие болады. 

       40-бап. Аса қажеттiлiк

      1. Аса қажеттiлiк жағдайында, яғни осы адамның немесе өзге де адамдардың өмiрiне, денсаулығына, құқықтары мен заңды мүдделерiне, қоғамның немесе мемлекеттiң мүдделерiне тiкелей қатер төндiретiн қауiптi жою үшiн осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтiру, егер бұл қауiптi өзге құралдармен жою мүмкiн болмаса және бұл орайда аса қажеттiлiк шегiнен асуға жол берiлмесе, әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып табылмайды. 
      2. Қатер төндiрген қауiптiң сипаты мен дәрежесiне және қауiп жойылған, құқық қорғау мүдделерiне тең немесе зиянды болдырмаудан айтарлықтай көбiрек зиян келтiрген, жағдайға анық сәйкес келмейтiн зиян келтiру аса қажеттiлiк шегiнен асып кету деп танылады. Мұндай асып кету тек қасақана зиян келтiрген жағдайда ғана жауаптылыққа әкеп соғады. 

       41-бап. Негiздi тәуекел

      1. Қоғамдық пайдалы мақсатқа жету үшiн негiздi тәуекел жасалған кезде осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтiру әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып табылмайды. 
      2. Егер тәуекелмен байланысты емес iс-әрекеттермен (әрекетсiздiкпен) аталған мақсатқа қол жеткiзу мүмкiн болмағанда және тәуекел жасаған адам осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келуiн болдырмау үшiн жеткiлiктi шаралар қолданса, тәуекел негiздi деп танылады. 
      3. Егер тәуекел адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiрумен, экологиялық апатпен, қоғамдық жұтау немесе өзге де аса ауыр зардаптармен көрiнеу ұштасса, тәуекел негiздi деп танылмайды. 

       42-бап. Күштеп немесе санаға әсер етiп мәжбүрлеу

      1. Егер мәжбүрлеу салдарынан адам өз iс-әрекеттерiн (әрекетсiздiгiн) басқара алмаса, күштеп немесе санаға әсер етiп мәжбүрлеу нәтижесiнде осы Кодексте көзделген әрекеттi жасау әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып табылмайды. 
      2. Санаға әсер етiп мәжбүрлеу нәтижесiнде, сондай-ақ күштеп мәжбүрлеу нәтижесiнде, адам соның салдарынан өз iс-әрекеттерiн басқару мүмкiндiгiн сақтаса, осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтiрiлгендiгi үшiн әкiмшiлiк жауаптылық туралы мәселе осы Кодекстiң 40-бабының ережелерi ескерiле отырып шешiледi. 

       43-бап. Бұйрықты немесе өкiмдi орындау

      1. Өзi үшiн мiндеттi бұйрықты немесе өкiмдi орындау үшiн әрекет еткен адамның осы Кодексте көзделген әрекеттi жасауы әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып табылмайды. Осындай әрекеттiң жасалуына заңсыз бұйрық немесе өкiм берген адам әкiмшiлiк жауаптылықта болады. 
      2. Көрiнеу заңсыз бұйрықты немесе өкiмдi орындау үшiн қасақана әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам жалпы негiздерде әкiмшiлiк жауаптылықта болады. Көрiнеу заңсыз бұйрықты немесе өкiмдi орындамау әкiмшiлiк жауаптылықты болдырмайды. 

  6-тарау. ӘКIМШIЛIК ЖАЗА ЖӘНЕ ӘКIМШIЛIК-ҚҰҚЫҚТЫҚ
ЫҚПАЛ ЕТУ ШАРАЛАРЫ

       44-бап. Әкiмшiлiк жаза ұғымы және мақсаттары

      1. Әкiмшiлiк жаза, осыған заңмен уәкiлеттiк берiлген судья, органдар (лауазымды адамдар) әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн қолданатын мемлекеттiк мәжбүрлеу шарасы болып табылады және осындай құқық бұзушылық жасаған адамның осы Кодексте көзделген құқықтары мен бостандықтарынан айыруға немесе оларды шектеуге саяды. 
      2. Әкiмшiлiк жаза әлеуметтiк әдiлеттiлiктi қалпына келтiру және құқық бұзушылықты жасаған адамды заңдар талаптарын сақтау және құқық тәртiбiн құрметтеу рухында тәрбиелеу, сондай-ақ құқық бұзушының өзiнiң де, сол сияқты басқа адамдардың да жаңа құқық бұзушылық жасауының алдын алу мақсатында қолданылады. 
      3. Әкiмшiлiк жаза әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамға тән азабын тарттыруды немесе оның адамгершiлiк қадiр-қасиетiн қорлауды, сондай-ақ заңды тұлғаның iскерлiк беделiне зиян тигiзудi мақсат тұтпайды.

       45-бап. Әкiмшiлiк жазалардың түрлерi

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн жеке адамға мынадай әкiмшiлiк жазалар қолданылуы мүмкiн:
      1) ескерту жасау;
      2) әкiмшiлiк айыппұл салу;
      3) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тiкелей объектiсi болған затты өтемiн төлеп алып қою;
      4) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тiкелей объектiсi болған затты, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кiрiстердi, ақшаны және бағалы қағаздарды тәркiлеу;
      5) арнаулы құқықтан айыру;
      6) лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiктен) айыру немесе қызметтiң белгiлi бiр түрiне не белгiлi бiр iс-әрекеттер жасауға оның қолданылуын тоқтата тұру; 
      7) жеке кәсiпкердiң қызметiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу; 
      8) өз бетiмен салынып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау; 
      9) әкiмшiлiк қамауға алу; 
      10) шетелдiктi немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен кетiру.
      Осы Кодекстiң 461-472, 476-баптарында көзделген жағдайларда қолданылған әкiмшiлiк жаза түрлерi туралы ақпарат уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен жүргiзушi куәлiгiнiң талонына енгiзiледi. <*> 
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн заңды тұлғаларға осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1)-6), 8) тармақшаларында аталған әкiмшiлiк жазалар, сондай-ақ заңды тұлғаның қызметiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу қолданылуы мүмкiн.
      Ескерту. 45-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан 
Республикасының 2004.12.09.  N 10  Заңымен.

       46-бап. Негiзгi және қосымша әкiмшiлiк жазалау шаралары

      1. Ескерту, әкiмшiлiк айыппұл салу және әкiмшiлiк қамауға алу тек негiзгi әкiмшiлiк жазалар ретiнде ғана қолданылуы мүмкiн. 
      2. Азаматқа немесе заңды тұлғаға берiлген арнаулы құқықтан айыру, лицензиядан (арнайы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiктен) айыру немесе оның қолданылуын тоқтата тұру, жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның қызметiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу, сондай-ақ шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды әкiмшiлiк жолмен кетiру негiзгi де, сол сияқты қосымша да әкiмшiлiк жазалар ретiнде қолданылуы мүмкiн. 
      3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралы немесе оның тiкелей объектiсi болған затты өтемiн төлеп алып қою, тәркiлеу, салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау тек қосымша әкiмшiлiк жаза ретiнде ғана қолданылуы мүмкiн. 

       47-бап. Ескерту

      Ескерту әкiмшiлiк жаза қолдануға уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) жасалған құқық бұзушылыққа ресми түрде терiс баға беруiнен және жеке немесе заңды тұлғаны құқыққа қарсы мiнез-құлыққа жол беруге болмайтындығы туралы сақтандырудан тұрады. Ескерту жазбаша түрде жасалады. 

       48-бап. Әкiмшiлiк айыппұл

      1. Әкiмшiлiк айыппұл (бұдан әрi - айыппұл) - әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн осы бөлiмнiң Ерекше бөлiмiнiң баптарында көзделген жағдайларда және шекте, әкiмшiлiк жаза қолдану кезiнде қолданылып жүрген заңдарға сәйкес белгiленетiн айлық есептiк көрсеткiштiң белгiлi бiр мөлшерiне сай келетiн дәрежеде салынатын ақшалай жаза. 
      Осы бөлiмнiң Ерекше бөлiмiнiң баптарында көзделген жағдайларда, айыппұл мөлшерi Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген салықтық мiндеттемелердiң орындалмаған немесе тиiстi дәрежеде орындалмаған сомасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңдарының нормалары бұзыла отырып жүргiзiлген операциялар сомасының процентiмен көрсетiледi. 
      2. Жеке адамға салынатын айыппұлдың мөлшерi айлық есептiк көрсеткiштiң оннан бiр бөлiгiнен, лауазымды адамға салынатын айыппұл - бес айлық есептiк көрсеткiштен, ал заңды тұлғаға салынатын айыппұл - жиырма айлық есептiк көрсеткiштен кем болмайды. 
      3. Жеке адамға салынатын айыппұлдың мөлшерiн екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен, лауазымды адамға - төрт жүз айлық есептiк көрсеткiштен, заңды тұлғаға - екi мың айлық есептiк көрсеткiштен асыруға болмайды. 
      4. Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген салықтық мiндеттемелердiң орындалмаған немесе тиiстi дәрежеде орындалмаған сомасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңдарының нормалары бұзыла отырып жүргiзiлген операция сомасының процентiмен көрсетiлген айыппұл осы баптың үшiншi бөлiгiнде аталған айыппұлдардың белгiленген мөлшерiнен асатын немесе одан кем мөлшерде белгiленуi мүмкiн. <*>
      5. Айыппұл заңдарда белгiленген тәртiппен мемлекеттiк бюджет кiрiсiне өндiрiп алынады. 
       Ескерту. 48-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.13.  N 11  (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

       49-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралы немесе
              оның тiкелей объектiсi болған затты өтемiн
              төлеп алып қою

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралы немесе оның тiкелей объектiсi болған затты өтемiн төлеп алып қою, оны мәжбүрлеп алып қоюдан және алынған затты өткiзу жөнiндегi шығыстарды шегерiп, түскен соманы бұрынғы меншiк иесiне бере отырып, ол затты өткiзуден тұрады. Өтемiн төлеп алып қоюды судья қолданады. 
      2. Аңшылық қаруды, атыс оқ-дәрiлерiн және аңшылықтың басқа да қаруларын өтемiн төлеп алып қоюды аң аулау өмiр сүруiнiң негiзгi заңды көзi болып табылатын адамдарға қолдануға болмайды. 
      3. Өтемiн төлеп алып қою осы бөлiмнiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабында әкiмшiлiк жаза ретiнде көзделген жағдайларда да, тек қасақана құқық бұзушылық үшiн ғана қолданылуы мүмкiн. 

       50-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралдары
              немесе оның тiкелей объектiлерi болған
              заттарды, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық
              жасау салдарынан алынған кiрiстi, ақшаны
              және бағалы қағаздарды тәркiлеу

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралдары немесе оның тiкелей объектiлерi болған заттарды тәркiлеу, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кiрiстердi (дивидендтердi), ақшаны және бағалы қағаздарды тәркiлеу, оларды заңдарда белгiленген тәртiппен мемлекет меншiгiне мәжбүрлеп тегiн аударудан тұрады. 
      2. Тәртiп бұзушының меншiгi болып табылатын зат қана тәркiленуi мүмкiн. 
      3. Аңшылық қаруды, атыс оқ-дәрiлерiн және басқа да рұқсат етiлген аң аулау және балық аулау құралдарын тәркiлеудi аң аулау (балық аулау) өмiр сүруiнiң негiзгi заңды көзi болып табылатын адамдарға қолдануға болмайды. 
      4. Тәркiлеудi судья қолданады және ол осы бөлiмнiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабында әкiмшiлiк жаза ретiнде көзделген жағдайларда тағайындалуы мүмкiн. 

       51-бап. Арнаулы құқықтан айыру

      1. Нақты адамға берiлген арнаулы құқықтан айыру осы құқықты пайдалану тәртiбiнiң өрескел немесе үнемi бұзылғаны үшiн қолданылады. 
      2. Арнаулы құқықтан айыруды судья қолданады. 
      3. Арнаулы құқықтан айыру мерзiмi бiр айдан кем болмауға және екi жылдан аспауға тиiс. 
      4. Көлiк құралын масаң күйде жүргiзу, масаң күйдi куәландырудан белгiленген тәртiппен өтуден жалтару, сондай-ақ аталған адамдардың белгiленген ережелердi бұза отырып, өздерi қатысушысы болған жол-көлiк оқиғалары болған жерден кетiп қалу жағдайларын қоспағанда, көлiк құралдарын жүргiзу құқығынан айыруды, бұл құралдарды мүгедектiгiне байланысты пайдаланатын адамдарға қолдануға болмайды. 
      5. Аң аулау қаруларын және балық аулау құралдарын сақтау мен алып жүру құқығынан айыруды, осы құқықты пайдалану тәртiбiн үнемi бұзушылықты қоспағанда, аң аулау (балық аулау) өмiр сүруiнiң негiзгi заңды көзi болып табылатын адамдарға қолдануға болмайды. 

       52-бап. Лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк
              аттестатынан (куәлiктен) айыру не белгiлi бiр
              қызмет түрiне не белгiлi бiр iс-әрекеттер
              жасауға оның қолданылуын (оны) тоқтата тұру

      1. Жеке кәсiпкерлердi немесе заңды тұлғаларды белгiлi бiр қызмет түрiне не белгiлi бiр iс-әрекеттер жасауға лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiктен) айыруды судья аталған адамдардың қызметтi жүзеге асыруы не лицензияда, арнаулы рұқсатта, бiлiктiлiк аттестатында (куәлiкте) көзделген белгiлi бiр iс-әрекеттердi жасауы кезiндегi әкiмшiлiк құқық бұзушылығы үшiн қолдануы мүмкiн. 
      2. Белгiлi бiр қызмет түрiне не белгiлi бiр iс-әрекеттер жасауға лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiктен) уақытша айыру алты айға дейiнгi мерзiмге белгiленедi. 
      3. Белгiлi бiр қызмет түрiне не белгiлi бiр iс-әрекеттер жасауға лицензиядан айыру лицензиялау туралы заңдарда белгiленген негiзде қолданылады. 

       53-бап. Жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның қызметiн
              тоқтата тұру не оған тыйым салу

      1. Жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның қызметiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) өтiнiшi бойынша тек сот тәртiбiмен ғана жүргiзiледi. 
      2. Жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның қызметiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы талап қою өтiнiшi Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен және негiздерде сотқа жiберiледi. Өтiнiштi сот он күн мерзiмде қарайды. 
      3. Жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның қызметiн тоқтата тұру түрiндегi әкiмшiлiк жазалау шарасы бұзушылықты жою үшiн сот белгiлеген мерзiмде қажеттi iс-әрекеттер (iс-шаралар) жүргiзу арқылы оны жоюға болатын жағдайларда қолданылады. 
      4. Жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның қызметiн тоқтата тұруға немесе оған тыйым салуға, сот шешiмiнсiз ерекше жағдайларда, талап қою өтiнiшiн сотқа белгiленген мерзiмде мiндеттi түрде табыс ету арқылы үш күннен аспайтын мерзiмге жол берiледi. Бұл орайда қызметке тыйым салу немесе оны тоқтата тұру актiсi сот шешiмi шығарылғанға дейiн қолданылады. 
      5. Қоғамдық бiрлестiктiң қызметi өздерiнiң жарғысына (ережесiне) немесе заңдарға қайшы келетiн жағдайларда сот олардың қызметiн тоқтата тұруы немесе оған тыйым салуы (тоқтатуы) мүмкiн. 

       54-бап. Өз бетiмен салып жатқан немесе салынған
              құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау

      Өз бетiмен салып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзуды, осы бөлiмнiң Ерекше бөлiмiнiң баптарында көзделген жағдайларда, судья тағайындайды. 

       55-бап. Әкiмшiлiк қамауға алу

      1. Әкiмшiлiк қамауға алу - он бес тәулiкке дейiнгi, жеке адамға қарсы құқық бұзушылық үшiн, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықпен әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны және (немесе) төтенше жағдай режимi талаптарын бұзғаны үшiн отыз тәулiкке дейiнгi мерзiмге белгiленедi. Әкiмшiлiк қамауға алуды судья қолданады. <*>
      2. Әкiмшiлiк қамауға алу тек әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жекелеген түрлерi үшiн айрықша жағдайларда ғана белгiленедi. 
      3. Жүктi әйелдерге және он төрт жасқа дейiнгi балалары бар әйелдерге, он сегiз жасқа толмаған адамдарға, I және II топтардағы мүгедектерге, сондай-ақ елу сегiз жастан асқан әйелдер мен алпыс үш жастан асқан еркектерге әкiмшiлiк қамауға алуды қолдануға болмайды. 
      4. Әкiмшiлiк ұстау мерзiмi әкiмшiлiк қамауға алу мерзiмiне қосылады.
       ЕСКЕРТУ. 55-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.09.25. N  484 , 2004.12.09.  N 10  Заңдарымен. 

       56-бап. Шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды
              Қазақстан Республикасы шегiнен әкiмшiлiк
              жолмен кетiру

      1. Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен кетiру әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған шетелдiктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қатысты әкiмшiлiк жазалау шарасы ретiнде қолданылады. 
      2. Әкiмшiлiк жолмен кетiрудi судья тағайындайды. 

       57-бап. Әкiмшiлiк-құқықтық ықпал ету шаралары

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамға әкiмшiлiк жаза қолданумен қатар осы адамның жаңадан құқық бұзушылық жасауының алдын алу мақсатында әкiмшiлiк-құқықтық ықпал етудiң мынадай шаралары қолданылуы мүмкiн: 
      1) жол жүрiсi ережелерiн бiлуiн тексеру; 
      2) медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары. 
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1) және 2) тармақшаларында аталған әкiмшiлiк құқықтық ықпал ету шаралары әкiмшiлiк жаза тағайындаумен қатар, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамды осы Кодекстiң 67, 68-баптарында көзделген негiздер бойынша әкiмшiлiк жауаптылықтан босату кезiнде соның орнына қолданылуы мүмкiн. 

       58-бап. Жол жүрiсi ережелерiн бiлудi тексеру

      Осы Кодекстiң 461-469, 476-баптарында көзделген құқық бұзушылықтарды жасаған көлiк құралдары жүргiзушiлерiнiң жол жүрiсi ережелерiн бiлуiн тексеру үшiн емтихан тапсыруға жiберiлуi мүмкiн. Iшкi iстер органдарының жол полициясы бөлiмшелерiнiң (бөлiмдерiнiң, басқармаларының, департаменттерiнiң) бастықтары мен олардың орынбасарлары жүргiзушiнi жол жүрiсi ережелерiн бiлуiн тексеруге жiберу туралы шешiм қабылдауға құқылы. 

       59-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған
              маскүнемдiкпен, нашақорлықпен немесе
              уытқұмарлықпен ауыратындарға медициналық
              сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану

      1. Созылмалы маскүнемдiкпен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауырады деп танылған және өз еркiмен емделуден жалтарған адам басқа азаматтардың құқықтарын не қоғамдық тәртiптi бұзатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған жағдайда, сот әкiмшiлiк жазамен қатар оған денсаулық сақтау органдарының мамандандырылған мекемесiнде мәжбүрлеп емдеу жазасын тағайындауы мүмкiн. 
      2. Мәжбүрлеп емдеу мерзiмi маман наркологтардың ұсыныстары ескерiле отырып белгiленедi, бiрақ ол екi жылдан аспауға тиiс. 
      3. Мәжбүрлеп емдеудi тоқтатуды сол адам емделiп жатқан емдеу мекемесi жүргiзедi. 

  7-тарау. ӘКIМШIЛIК ЖАЗА ҚОЛДАНУ

       60-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жаза қолданудың
              жалпы ережелерi

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жаза осы әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн осы бөлiмнiң Ерекше бөлiмiнiң бабында көзделген шекте, осы Кодекстiң ережелерiне дәл сәйкестiкте қолданылады. 
      2. Әкiмшiлiк жаза әдiл, құқық бұзушылықтың сипатына, оның жасалу мән-жайларына, құқық бұзушының жеке басына сай келетiн болуға тиiс. 
      3. Жеке адамға әкiмшiлiк жаза қолдану кезiнде жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың сипаты, кiнәлiнiң жеке басы, соның iшiнде оның құқық бұзушылық жасағанға дейiнгi және одан кейiнгi мiнез-құлқы, мүлiктiк жағдайы, жауаптылықты жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлар ескерiледi. 
      4. Заңды тұлғаға әкiмшiлiк жаза қолданған кезде әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың сипаты, мүлiктiк жағдайы, жауаптылықты жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлар ескерiледi.
      5. Әкiмшiлiк жаза қолдану адамды, орындалмағаны үшiн аталған жаза қолданылған мiндеттердi атқарудан, жол берiлген бұзушылықты жоюдан және зиянды өтеуден босатпайды.
      6. Бiр әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн бiр негiзгi не негiзгi және қосымша әкiмшiлiк жазалардың қолданылуы мүмкiн.

       61-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты
              жеңiлдететiн мән-жайлар

      1. Мыналар әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты жеңiлдететiн мән-жайлар болып танылады:
      1) кiнәлi адамның өкiнуi;
      2) кiнәлi адамның құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын болдырмауы, залалды өз еркiмен өтеуi немесе келтiрiлген зиянды жоюы; 
      3) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты күштi жан толқынысының әсерiмен не жеке басының немесе отбасының ауыр жағдайлары салдарынан жасау; 
      4) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты кәмелетке толмаған адамның жасауы; 
      5) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жүктi әйелдiң немесе үш жасқа дейiнгi баласы бар әйелдiң жасауы; 
      6) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты күш қолдану немесе психикалық мәжбүрлеу нәтижесiнде жасау; 
      7) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты қажеттi қорғанудың заңдылығы шарттарын бұзу, құқыққа қарсы қол сұғушылық жасаған адамды ұстау, бұйрықты немесе өкiмдi орындау кезiнде жасау. 
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарайтын судья, орган (лауазымды адам) осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталмаған мән-жайларды да жеңiлдететiн мән-жайлар деп тануы мүмкiн. 
      

       62-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты
              ауырлататын мән-жайлар

      Мыналар әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар деп танылады: 
      1) құқыққа қарсы мiнез-құлықты, прокурордың заңды түсiндiргенiне және (немесе) оны тоқтату туралы оған уәкiлеттi адамдардың талап етуiне қарамастан оны жалғастыра беру; 
      2) бұрын жасаған әкiмшiлiк құқық бұзушылығы үшiн әкiмшiлiк жазалауға ұшыратылған, ол бойынша осы Кодекстiң 66-бабында көзделген мерзiмi бiтпеген адамның бiртектi әкiмшiлiк құқық бұзушылықты бiр жыл iшiнде қайталап жасауы; 
      3) кәмелетке толмаған адамды әкiмшiлiк құқық бұзушылыққа тарту; 
      4) кiнәлi адамның бiле тұра ауыр психикалық аурумен ауыратын адамдарды, не әкiмшiлiк жауаптылығы туындайтын жасқа жетпеген адамдарды әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға тартуы; 
      5) ұлттық, нәсiлдiк және дiни жек көрушiлiк немесе жауласушылық себебi бойынша, басқа адамдардың заңды әрекетi үшiн кек алу, сондай-ақ басқа құқық бұзушылықты жасыру немесе оның жасалуын жеңiлдету мақсатында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау; 
      6) адамға немесе оның жақындарына қатысты белгiлi бiр адамның өзiнiң қызметтiк, кәсiптiк немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау; 
      7) кiнәлi адамның бiле тұра жүктi әйелдерге қатысты, сондай-ақ жас балаға, басқа да қорғансыз немесе дәрменсiз адамға не кiнәлiге тәуелдi адамға қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау; 
      8) адамдар тобының әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауы; 
      9) табиғи апат жағдайында немесе басқа да төтенше жағдайлар кезiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау; 
      10) маскүнемдiк, нашақорлық немесе уытқұмарлық масаю күйiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау. Әкiмшiлiк жаза қолданатын судья, орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың сипатына қарай оны жауаптылықты ауырлататын мән-жай деп танымауы мүмкiн. 
       ЕСКЕРТУ. 62-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.08.09. N 346  Заңымен

       63-бап. Бiрнеше әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған
              кезде әкiмшiлiк жазалар қолдану 

      1. Бiр адам екi немесе одан да көп әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кезде әрбiр құқық бұзушылық үшiн жеке-жеке әкiмшiлiк жаза қолданылады. 
      2. Егер адам бiрнеше әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасап, ол iстердi бiр судья, орган (лауазымды адам) қараса, бұл адамға белгiлi бiр түрдегi жазалар қолданылған жағдайда, жазаның түпкiлiктi мөлшерiн жазаның осы түрi үшiн осы Кодексте белгiленген үш еселенген ең жоғарғы шегiнен асыруға болмайды. Әкiмшiлiк қамауға алудың ең ұзақ мерзiмi мұндай жағдайларда - отыз тәулiктен, ал төтенше жағдай режимiнiң талаптарын бұзғаны үшiн қолданылатын әкiмшiлiк қамауға алу қырық бес тәулiктен аспауға тиiс.
      3. Егер әкiмшiлiк айыппұлдар заң актiлерiнде белгіленген салық мiндеттемелерiнiң орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған сомасының процентiмен көрсетiлген жағдайда, оларды бiрнеше әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн салған кезде, айыппұл әрбiр әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн бөлек өндiрiлiп алынады. <*>
       Ескерту. 63-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .  

       64-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықпен келтiрiлген
              мүлiктiк залалды өтеу

      1. Егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау нәтижесiнде азаматқа немесе ұйымға мүлiктiк залал келтiрiлсе, судья әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарай келiп, дау болмаған жағдайда жаза қолдану туралы мәселенi шешу кезiнде бiр мезгiлде мүлiктiк залалды өтеу туралы мәселенi шешуге құқылы. 
      2. Өзге уәкiлеттi органдар (лауазымды адамдар) қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша мүлiктiк залалды өтеу, залалды өз еркiмен өтеуден бас тартқан жағдайда, азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен шешiледi. <*>
       Ескерту. 64-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .  

       65-бап. Әкiмшiлiк жаза мерзiмдерiн есептеу

      Әкiмшiлiк қамауға алу мерзiмi тәулiктермен, ал жеке адамға немесе заңды тұлғаға берiлген арнаулы құқықтан айыру, сондай-ақ лицензиядан (арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiктен) айыру немесе оның қолданылуын қызметтiң белгiлi бiр түрiне не белгiлi бiр iс-әрекеттердi жасауға тоқтата тұру мерзiмi - жылдармен, айлармен немесе күнтiзбелiк күндермен есептеледi.

       66-бап. Адам әкiмшiлiк жазаға ұшырады деп есептелетiн
              мерзiм

      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жаза қолданылған адам әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталған күннен бастап бiр жылдың iшiнде осы жазаға ұшырады деп есептеледi.

  8-тарау. ӘКIМШIЛIК ЖАУАПТЫЛЫҚТАН ЖӘНЕ
ӘКIМШIЛIК ЖАЗАДАН БОСАТУ

       67-бап. Iс-әрекетiмен өкiнгендiгiн бiлдiруiне
              байланысты әкiмшiлiк жауаптылықтан босату

      Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты бiрiншi рет жасаған адамды, егер бұл адам құқық бұзушылық жасағаннан кейiн келтiрiлген залалды өз еркiмен өтесе немесе құқық бұзушылықпен келтiрiлген залалды өзге де жолмен ретке келтiрсе, судья, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк жауаптылықтан босатуы мүмкiн. 

       68-бап. Құқық бұзушылық елеусiз болған жағдайда
              әкiмшiлiк жауаптылықтан босату

      Әкiмшiлiк құқық бұзушылықпен келтiрiлген зиян елеусiз болған жағдайда судья, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамды, ауызша ескерту жасаумен шектелiп, әкiмшiлiк жауаптылықтан босата алады. 
      Ескерту. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың елеусiздiгi - бұл басқа мән-жайлармен қатар осы бөлiмнiң Ерекше бөлiмiнiң баптарында көзделген санкцияның әкiмшiлiк құқық бұзушылықпен келтiрiлген зиянның мөлшерiнен асып кететiндiгi ескерiлетiн жағдайлар. 

       69-бап. Ескiру мерзiмiнiң өтуiне байланысты әкiмшiлiк
              жауаптылықтан босату

      1. Адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған күннен бастап екi ай өткеннен кейiн, ал қоршаған ортаны қорғау саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн - оны жасаған күннен бастап алты ай өткеннен кейiн, осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға тиiс емес. 
      2. Жеке тұлға әкiмшiлiк сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, сондай-ақ салық салу саласында құқық бұзушылық жасағаны үшiн оны жасаған күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға тиiс емес, ал заңды тұлға (оның iшiнде жеке кәсiпкер) әкiмшiлiк сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн оны жасаған күннен бастап үш жыл өткеннен кейiн, ал салық салу саласында құқық бұзушылық жасағаны үшiн оны жасаған күннен бастап бес жыл өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға тиiс емес.<*>
      3. Созылып кеткен әкiмшiлiк құқық бұзушылық кезiнде, сондай-ақ қоғамның және мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне қол сұғатын қаржы мен бюджет саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған кезде адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық анықталған күннен бастап екi ай өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға тиiс емес. <*>
      4. Осы баптың бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнiң ережелерi әкiмшiлiк құқық бұзушылық қылмыстың жасалуына септiгiн тигiзген және бұл туралы қылмыстық iстi тергеу немесе сотта қарау барысында мәлiм болған жағдайларға қолданылмайды. Сот Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң  387-бабының  бiрiншi бөлiгiнде көзделген тәртiппен мұндай құқық бұзушылыққа кiнәлi адамға, егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған кезден бастап бiр жылдан аспайтын уақыт өткен болса, әкiмшiлiк жаза қолдануға құқылы. 
      4-1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жаза қолдану мерзiмiнiң барысы iстi сот инстанцияларына немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi мемлекеттiк органның лауазымды адамына жiберген кезден бастап тоқтатыла тұрады. 
      Бұл мерзімдерді есептеу әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғауға уәкiлеттi органға кемшiлiктердi жою үшiн іс қайтарылған жағдайларда қайтадан басталады. 
      5. Құқық бұзушының iс-әрекетiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерi болған кезде қылмыстық iс қозғаудан бас тартылған не қылмыстық iс қысқартылған жағдайда адам қылмыстық iс қозғаудан бас тартылған не оны қысқарту туралы шешiм қабылданған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуы мүмкiн. <*>
      6. Егер осы баптың бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнде аталған мерзiмдер аяқталғанға дейiн адам жаңадан әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жаза қолдану мерзiмiнiң өтуiне үзiлiс жасалады. Мұндай жағдайларда мерзiмдi есептеу жаңа әкiмшiлiк құқық бұзушылық анықталған кезден басталады. 
      7. Судьяның немесе уәкiлеттi органның әкiмшiлiк iс жүргiзудi тоқтату туралы қаулысы осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген мерзiмге қарамастан, ол заңды күшiне енген күнiнен бастап бiр жыл iшiнде прокурордың наразылығы бойынша қайта қаралуы мүмкiн.
      Ескерту. Осы бөлiмнiң Ерекше бөлiмiнiң бабында көзделген белгiлi бiр әрекеттiң бiрыңғай құрамының үздiксiз жүзеге асырылуымен сипатталатын және оны анықтаған кезде аяқталмаған құқық бұзушылық созылып кеткен құқық бұзушылық деп танылады. 
       ЕСКЕРТУ. 69-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.08.09. N 346  Заңымен , 2003.09.25. N 484  Заңымен , 2003.12.05. N  506 , 2004.12.09.  N 10 , 2004.12.13.  N 11  (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен. 

       70-бап. Әкiмшiлiк жауаптылықтан және әкiмшiлiк жазадан
              рақымшылық жасау актiсi негiзiнде босату

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам әкiмшiлiк жауаптылықтан немесе қолданылған әкiмшiлiк жазадан, не жазаның қосымша түрiнен рақымшылық жасау актiсi негiзiнде, егер ол әкiмшiлiк жаза қолдануды жоятын болса, босатылуы мүмкiн. 
      2. Рақымшылық жасау туралы актiнi Қазақстан Республикасының Парламентi жеке белгiлi емес адамдар тобына қатысты шығарады. 

       71-бап. Жағдайдың өзгеруiне, науқастануға байланысты
              әкiмшiлiк жауаптылықтан босату

      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерi бар әрекет жасаған адам жағдайдың өзгеруiне, сондай-ақ әкiмшiлiк жазаны орындауға кедергi келтiретiн науқасына байланысты әкiмшiлiк жауаптылықтан босатылуы мүмкiн. 

  9-тарау. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ӘКIМШIЛIК ЖАУАПТЫЛЫҒЫ

       72-бап. Кәмелетке толмағандардың әкiмшiлiк жауаптылығы

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған кезде он алты жасқа толған, бiрақ он сегiз жасқа толмаған адамдар осы тараудың күшi қолданылатын кәмелетке толмағандар деп танылады. 
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмағандарға әкiмшiлiк жаза тағайындалуы мүмкiн не оларға тәрбиелiк ықпал етудiң мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкiн. 

       73-бап. Кәмелетке толмағандарға әкiмшiлiк жазалар
              қолданудың ерекшелiктерi

      1. Айыппұл кәмелетке толмаған адамның өндiрiп алуға болатын дербес жалақысы немесе мүлкi болған кезде тағайындалады. Айыппұл мөлшерi он айлық есептiк көрсеткiштен аспауға тиiс. Кәмелетке толмағанның өндiрiп алуға болатын дербес жалақысы немесе мүлкi болмаған жағдайда айыппұл жалпы негiздерде ата-анасына немесе олардың орнындағы адамдарға салынады. 
      2. Арнаулы құқықтан айыру кәмелетке толмағандарға бiр жылдан аспайтын мерзiмге қолданылуы мүмкiн. 
      3. Әкiмшiлiк жазалардың басқа да түрлерi (әкiмшiлiк қамауға алуды қоспағанда), сондай-ақ осы Кодекстiң 45 және 57-баптарында аталған әкiмшiлiк-құқықтық ықпал ету шаралары әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауда кiнәлi кәмелетке толмағандарға жалпы негiздерде қолданылады. 

       74-бап. Кәмелетке толмаған адамға әкiмшiлiк жаза қолдану

      1. Осы Кодекстiң 61 және 62-баптарында көзделген мән-жайлардан басқа, кәмелетке толмаған адамға әкiмшiлiк жаза қолданған кезде оның өмiр сүру және тәрбиелену жағдайлары, психикалық даму деңгейi, жеке басының өзге де ерекшелiктерi, сондай-ақ оған жасы үлкен адамдардың әсер етуi ескерiледi. 
      2. Кәмелетке толмаған жас басқа да жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлармен жиынтықта жеңiлдететiн мән-жай ретiнде ескерiледi. 

       75-бап. Кәмелетке толмағандарды әкiмшiлiк жауаптылықтан
              және әкiмшiлiк жазадан босату

      Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты бiрiншi рет жасаған кәмелетке толмаған адамды әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi орган (лауазымды адам) оған заңдарда көзделген тәрбиелiк ықпал ету шараларын қолдана отырып, әкiмшiлiк жауаптылықтан немесе тағайындалған әкiмшiлiк жазаны орындаудан босатуы мүмкiн.

       76-бап. Тәрбиелiк ықпал ету шаралары

      1. Кәмелетке толмаған адамға тәрбиелiк ықпал етудiң мынадай шаралары тағайындалуы мүмкiн:
      1) заңды түсiндiру;
      2) ата-аналарының немесе олардың орнындағы  адамдардың, не мамандандырылған мемлекеттiк органның қадағалауына беру;
      3) келтiрген зиянды реттестiру мiндетiн жүктеу;
      4) бос уақытын шектеу және кәмелетке толмаған адамның мiнез-құлқына ерекше талаптар белгiлеу.
      2. Заңдарда тәрбиелiк ықпал етудiң өзге де шаралары көзделуi мүмкiн.
      3. Кәмелетке толмаған адамға бiр мезгiлде тәрбиелiк ықпал етудiң бiрнеше шаралары тағайындалуы мүмкiн.

       77-бап. Тәрбиелiк ықпал ету шараларының мазмұны

      1. Заңды түсiндiру кәмелетке толмаған адамға оның әрекетiмен келтiрiлген зиянды және осы Кодексте көзделген құқық бұзушылықтарды қайталап жасаудың заңдық салдарын түсiндiруден тұрады. 
      2. Қадағалауға беру ата-аналарға немесе олардың орнындағы адамдарға, не мамандандырылған мемлекеттiк органға кәмелетке толмаған адамға тәрбиелiк ықпал ету және оның мiнез-құлқына бақылау жасау жөнiндегi мiндеттердi жүктеуден тұрады. 
      3. Келтiрiлген зиянды жөнге келтiру мiндетi кәмелетке толмаған адамның мүлiктiк жағдайы мен тиiстi еңбек дағдыларының болуы ескерiле отырып жүктеледi. 
      4. Бос уақытын шектеу және кәмелетке толмаған адамның мiнез-құлқына ерекше талаптар белгiлеу белгiлi бiр орындарға баруға, бос уақытын өткiзудiң белгiлi бiр нысандарын, оның iшiнде көлiк құралдарын пайдалануға, тәулiктiң белгiлi бiр уақытынан кейiн үйден тыс жерлерде болуға, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияның рұқсатынсыз басқа жерлерге кетуге тыйым салуды көздеуi мүмкiн. Кәмелетке толмаған адамға оқуды аяқтау не кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөнiндегi комиссияның көмегiмен жұмысқа тұру талабы да қойылуы мүмкiн. Бұл тiзбе осымен шектелмейдi.

       78-бап. Ескiру мерзiмдерi

      Осы Кодекстiң 69-бабында көзделген ескiру мерзiмдерiнiң кәмелетке толмағандарды әкiмшiлiк жауаптылықтан немесе әкiмшiлiк жазаны орындаудан босату кезiнде жартысы қысқартылады.

       79-бап. Кәмелетке толмаған адам әкiмшiлiк жазаға
              ұшырады деп есептелетiн мерзiм

      Өзiне әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жаза қолданылған кәмелетке толмаған адам осындай жазаға әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталған күннен бастап алты айдың iшiнде ұшырады деп есептеледi.

       9-1-тарау. Жеке адамға қол сұғатын әкiмшiлiк құқық
                  бұзушылықтар 

       Ескерту. 9-1-тараумен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.09.  N 10  Заңымен. 

         79-1-бап. Ұрып-соғу

      Тән ауруына ұшырататын, бiрақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң  105-бабында  көзделген зардаптарға әкеп соқпаған ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерiн жасау, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiн қамауға әкеп соғады.

       79-2-бап. Денсаулыққа жан күйзелiсi жағдайында
                зиян келтiру

      Жәбiрленушiнiң тарапынан болған зорлықтан, қорлаудан немесе ауыр тiл тигiзуден не жәбiрленушiнiң өзге де құқыққа қарсы немесе моральға жат әрекеттерiнен (әрекетсiздiгiнен), сол сияқты жәбiрленушiнiң ұдайы құқыққа қарсы немесе моральға жат мiнез-құлқына байланысты туындаған ұзаққа созылған психикалық зақым келтiретiн жағдайдан болған қатты жан күйзелiсi (аффект) кенеттен туындаған кезде денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтiру, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiн қамауға әкеп соғады.

       79-3-бап. Денсаулыққа абайсызда орташа ауырлықтағы зиян
                келтiру

      Денсаулыққа абайсызда орташа ауырлықтағы зиян келтiру, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүз елуге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiн қамауға әкеп соғады.

       79-4-бап. Соз ауруын жұқтыру

      Өзiнде соз ауруы бар екендiгiн бiлген адамның басқа адамға осы ауруды жұқтыруы, егер бұл iс-әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiн қамауға әкеп соғады.

  ЕРЕКШЕ БӨЛIМ

   10-тарау. ЖЕКЕ АДАМНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫНА ҚОЛ
СҰҒАТЫН ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ

       80-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға
              кедергi келтiру

      Лауазымды адамның Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын адамның Қазақстан азаматтығын алуына кедергi келтiретiн заңсыз iс-әрекеттер жасауы, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң оннан отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       81-бап. Тiл туралы заңдарды бұзғаны үшiн жауаптылық

      Лауазымды адамның тiл бiлмеймiн деген сылтаумен құжаттарды, сауал салуды, өтiнiштердi немесе шағымдарды қабылдаудан бас тартуы, сондай-ақ оларды мәнi бойынша қарамауы, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       82-бап. Азаматтардың тiл таңдау құқықтарын шектеу

      Азаматтардың тiл таңдау құқықтарын шектеу, тiлге байланысты себептер бойынша кемсiту, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       83-бап. Еркiн жүрiп-тұру және тұрғылықты жер таңдау
              құқығын шектеу

      Азаматтардың еркiн жүрiп-тұру және тұрғылықты жер таңдау (Қазақстан Республикасының Үкiметi шек қоюы мүмкiн шекаралық өңiрлердi және жекелеген жерлердi қоспағанда) құқығын шектейтiн лауазымды адамдардың iс-әрекетi не әрекетсiздiгi, егер бұл қылмыс жасады деген айыптаумен байланысты болмаса, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       84-бап. Азаматқа ақпарат беруден бас тарту, сол сияқты
             ақпараттық ресурстарға қол жеткізу құқығын
             заңсыз шектеу <*>

      Қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi жоқ, белгiленген тәртiппен жиналған, азаматтың құқықтары мен бостандықтарын тiкелей қозғайтын құжаттарды, материалдарды беруден заңсыз бас тарту, не азаматқа толық емес немесе көрiнеу жалған ақпарат беру, сол сияқты жалпы жұрт қол жеткiзетiн ақпаратты шектеулi қол жеткiзiлетiн ақпаратқа заңсыз түрде жатқызу, - 
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ақпараттық ресурстарға қол жеткізу құқығын заңсыз шектеу -
      азаматтарға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - оннан елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға жиырмадан екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. <*>
      Лауазымды адамның осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi жасауы, егер бұл әрекеттер азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiне зиян келтiрсе, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. <*>
      Ескерту. 84-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.01.07. N 372   Заңымен , 2003.12.05. N  506 , 2004.12.09.  N 10  Заңдарымен. 

       85-бап. Медициналық қызмет көрсетудiң кепiлдiк берiлген
              көлемiн орындамау

      Медициналық қызметкердiң азаматқа заң актiлерiмен кепiлдiк берiлген медициналық көмек көлемiн көрсету жөнiндегi кәсiби мiндеттерiн орындамауы, егер мұндай iс-әрекет денсаулыққа орташа дәрежеде зиян келтiрмесе және ауыр зардаптарға әкеп соқпаса, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       86-бап. Қылмыс жасады деген кiнәлiлiк туралы
              мәлiметтердi тарату

      Iстi сот қарағанға дейiн немесе ақтау үкiмi болған кезде адамның қылмыс жасады деген кiнәлiлiгi туралы мәлiметтердi жұртшылыққа тарату, - 
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - оннан отызға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       87-бап. Еңбек туралы заңдарды бұзу

      1. Жұмыс берушiнiң немесе лауазымды адамның еңбек туралы заңдарды және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi бұзуы (жалақы төлеудi кiдiртуден басқа), - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Жұмыс берушiнiң немесе ұйымның лауазымды адамының кiнәсiнен жалақыны және өсiмпұлды ұжымдық және жеке еңбек шарттарында белгiленген толық көлемiнде мерзiмiнде төлемеуi, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi заңды тұлғаның жасауы, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      Ескерту. Осы Кодексте жұмыс берушi деп жетекшiсi (әкiмшiлiгi) өкiлдiк ететiн заңды тұлға, не қызметкер онымен еңбек қатынастарында тұратын жеке адам танылады. 
      Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде аталған лауазымды адамдар деп, егер олар басқаратын ұйымдар жалақыны төлеуге қаражат берудi (аударуды) кiдiртсе, атқарушы өкiмет органдарының, қаржы-кредит және өзге де ұйымдардың басшыларын түсiнген жөн.
       Ескерту. 87-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .  

       87-1-бап. Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы
                заңнаманы бұзу

      Лауазымды адамның және заңды тұлғаның, осы Кодекстiң 18-тарауында көзделген жағдайларды қоспағанда, мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы заңнаманы бұзуы, - лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
       Ескерту. 87-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2005.04.13. N 40  Заңымен  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

       88-бап. Қазақстан Республикасының зейнетақымен
              қамсыздандыру  туралы заңдарын бұзу

      1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген зейнетақы төлемдерiн, аударымдар мен алып қоюларды белгiленген мерзiмдерде уақтылы жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттерiн орындамауы, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Зейнетақы төлеу жөнiндегi орталықтың лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген зейнетақыны толық мөлшерде және белгiленген мерзiмдерде төлеу жөнiндегi мiндеттерiн орындамауы, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Жеке тұлғаның, жеке кәсiпкердiң, жеке нотариустың, адвокаттың, заңды тұлғаның немесе оның лауазымды адамдарының:
      салық органдарына мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша пайдасына берешек өндiрiп алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тiзiмдерiн табыс етпеуi;
      салық органдарына әрбiр жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша берешектердiң жалпы сомасын көрсете отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларының тiзiмдерiн табыс етпеуi;
      салық органдарына мiндеттi зейнетақы жарналарының есептелген, ұсталған (есептеп қосылған) және аударылған сомалары жөнiнде есептердi Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгiленген мерзiмдерде табыс етпеуi;
      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпке сәйкес әрбiр қызметкер бойынша есептелген, ұсталған (есептеп қосылған) және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарын бастапқы есепке алуды жүргiзбеуi;
      есептелген, ұсталған (есептеп қосылған) және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары туралы мәлiметтердi салымшыларға Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгiленген мерзiмдерде табыс етпеуi;
      жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын уақтылы және (немесе) толық есептемеуi, ұстамауы (есептеп қоспауы) және (немесе) төлемеуi (аудармауы) түрiнде жасаған Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген мiндеттердi орындамауы не тиiсiнше орындамауы, -
      жеке тұлғаға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға, лауазымды адамдарға - жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға бiр жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер, -
      жеке тұлғаға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға, лауазымды адамдарға - қырықтан сексенге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға екi жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 88-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.03.13. N  394 , 2004.12.13.  N 11  (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.  

       88-1-бап. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы
               Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу

      1. Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры мен Зейнетақы төлеу жөнiндегi орталықтың лауазымды адамдарының кiнәсiнен Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдарында белгiленген мерзiмдерде әлеуметтiк төлемдердiң төленбеуi, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Жеке кәсiпкердiң, жекеше нотариустың, адвокаттың, заңды тұлғаның немесе оның лауазымды адамдарының Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдарды аудару жөнiндегi мiндеттi орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлерге, жекеше нотариустарға, адвокаттарға немесе заңды тұлғаларға - аударылмаған (уақтылы аударылмаған) әлеуметтiк аударымдар сомасының елу процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
       Ескерту. 88-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.04.08. N 542   Заңымен .

       89-бап. Еңбектi қорғау ережелерiн бұзу

      1. Жұмыс берушiнiң немесе лауазымды адамның еңбектi қорғау туралы заңдарды не жазатайым жағдайға әкеп соқпаған еңбектi қорғау жөнiндегi ережелердi бұзуы, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Қауiпсiздiк техникасы, өнеркәсiптiк санитария немесе еңбек қорғаудың өзге де ережелерiн осы ережелердi сақтау жөнiнде мiндеттер жүктелген лауазымды адамның бұзуы, егер бұл абайсызда жеңiл дене жарақаты түрiнде адам денсаулығына зиян келтiруге әкеп соқса немесе өмiр мен денсаулық үшiн көрiнеу қауiп (өндiрiстiк жарақаттану) төндiрсе, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Заңды тұлғаның еңбек туралы заңдарды, еңбектi қорғау туралы заңдарды немесе еңбектi қорғау жөнiндегi ережелердi бұзуы, -
      заңды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       90-бап. Ұжымдық шарт, келiсiм жөнiндегi келiссөздерге
              қатысудан жалтару 

      Ұжымдық шартты, келiсiмдi жасасу, өзгерту немесе толықтыру жөнiндегi келiссөздерге қатысудан жалтару немесе аталған келiссөздердi жүргiзу мерзiмдерiн бұзу, тиiстi комиссияның жұмысын тараптар белгiлеген мерзiмде қамтамасыз етпеу, -
      келiссөздер жүргiзуге уәкiлеттi адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       91-бап. Ұжымдық шарт, келiсiм жасасудан негiзсiз бас
              тарту

      Ұжымдық шарт, келiсiм жасасудан негiзсiз бас тарту, -
      ұжымдық шарт, келiсiм жасасуға уәкiлеттi адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       92-бап. Ұжымдық шартты, келiсiмдi орындамау немесе бұзу

      Ұжымдық шарт, келiсiм бойынша мiндеттемелердi орындамау немесе бұзу, -
      ұжымдық шарт, келiсiм бойынша мiндеттемелердiң орындалмауына кiнәлi адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       93-бап. Ұжымдық келiссөздер жүргiзуге және ұжымдық
              шарттардың, келiсiмдердiң орындалуын бақылауды
              жүзеге асыруға қажеттi ақпарат бермеу

      Ұжымдық келiссөздер жүргiзуге және ұжымдық шарттардың, келiсiмдердiң орындалуын бақылауды жүзеге асыруға қажеттi ақпаратты бермеу, -
      ақпараттың берiлмеуiне кiнәлi адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       94-бап. Халықты жұмыспен қамту туралы заңдарды бұзу

      1. Жеке және заңды тұлғалардың халықты жұмыспен қамту туралы заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi бұзуы, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң сегiзден онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       95-бап. Мемлекеттiк қызметке қол жеткiзуге тең құқықты
              iске асыруға кедергi келтiру

      Мемлекеттiк қызметшi лауазымына кандидатқа заңдарда көзделмеген талаптарды және белгiленген тәртiппен бекiтiлмеген бiлiктiлiк талаптарын қою, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       96-бап. Азаматтың берген шағымын оған зиянды болатындай
              етiп бағыттау

      Негiздi шағым берген немесе мүддесiне орай шағым берiлген адамға сол шағымды оған зиянды болатындай етiп бағыттау, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       97-бап. Ереуiлге қатысуға немесе оған қатысудан бас
              тартуға мәжбүрлеу

      Мәжбүрленушiнiң тәуелдi жағдайын пайдалана отырып ереуiлге қатысуға немесе оған қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу, -
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

  11-тарау. АЗАМАТТАРДЫҢ САЙЛАУ ҚҰҚЫҚТАРЫНА
ҚОЛ СҰҒАТЫН ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ

       98-бап. Лауазымды адамдардың сайлау комиссиясына
              (референдум комиссиясына) қажеттi мәлiметтер
              мен материалдарды табыс етпеуi немесе
              комиссияның шешiмiн орындамауы

      Лауазымды адамдардың сайлау комиссиясына (референдум комиссиясына) оның жұмысы үшiн қажеттi мәлiметтер мен материалдарды табыс етпеуi немесе комиссия өз өкiлеттiгi шегiнде қабылдаған шешiмдi олардың орындамауы, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       99-бап. Үгiтке тыйым салынған кезеңде оны жүргiзу

      Қазақстан Республикасының заңдарымен сайлауға (республикалық референдумға) байланысты үгiтке тыйым салынған кезеңде оны жүргiзу, - 
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жиырма бестен отыз беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. <*>
       Ескерту. 99-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 583  Заңымен .

         99-1-бап. Сайлау алдындағы үгiт жүргiзу құқығына
                 кедергi келтiру

      Президенттiкке, депутаттыққа немесе өзге де сайланбалы қызметтерге кандидаттарға, олардың сенiм бiлдiрген адамдарына, саяси партияларға олардың сайлау алдындағы үгiт жүргiзу құқығын iске асыру процесiнде кедергi келтiру -
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - он бестен жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жиырма бестен отыз беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
       Ескерту. 99-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 583  Заңымен .

        100-бап. Кандидаттар, саяси партиялар туралы көрiнеу
               жалған мәлiметтер тарату

      Кандидаттар, саяси партиялар туралы көрiнеу жалған мәлiметтер тарату немесе сайлаудың нәтижесiне ықпал ету мақсатында олардың абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн өзге де iс-әрекеттер жасау -
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң он бестен жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырма бестен отыз беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - отыз бестен елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. <*>
       Ескерту. 100-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 583  Заңымен .

       101-бап. Сайлау комиссиясы (референдум комиссиясы)
               мүшесiнiң, сенiм бiлдiрiлген адамның және
               байқаушының құқықтарын бұзу

      Сайлау комиссиясы (референдум комиссиясы) мүшесiнiң, сайлаудағы кандидаттардың, саяси партиялардың сенiм бiлдiрiлген адамдарының және байқаушылардың құқықтарын бұзу, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң он бестен отыз беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. <*>
       Ескерту. 101-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 583  Заңымен .  

       102-бап. Азаматтардың сайлаушылар тiзiмiмен танысу
               құқығын бұзу

      Сайлау комиссиясы (референдум комиссиясы) мүшесiнiң азаматтардың сайлаушылар тiзiмiмен (таңдаушылардың республикалық референдумға қатысу құқығы бар адамдар тiзiмiмен) танысу құқығын бұзуы не сайлаушылар тiзiмiндегi қателiктер туралы өтiнiштi заңдарда белгiленген мерзiмде қарамауы, не сайлаушылар тiзiмiне (таңдаушылар, республикалық референдумға қатысуға құқығы бар адамдар тiзiмiне) түзетулер енгiзу туралы өтiнiштi қабылдамау себептерiн баяндай отырып азаматқа жазбаша түрде жауап қайтарудан бас тартуы, не сайлаушылар тiзiмiн (таңдаушылар, республикалық референдумға қатысуға құқығы бар адамдар тiзiмiн) түзету туралы сот шешiмiн белгiленген мерзiмде орындамауы, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       102-1-бап. Сайлаушылар туралы дәйектемесiз деректер,
                  сондай-ақ сайлаушылардың дәйектемесiз
                  тiзiмдерiн беру

      1. Лауазымды адамдардың жергiлiктi атқарушы органдарға сайлаушылардың тiзiмдерiн жасау үшiн сайлаушылар туралы дәйектемесiз деректер беруi -
      айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Жергiлiктi атқарушы органдар лауазымды адамдарының тиiстi сайлау комиссиясына сайлаушылардың дәйектемесiз тiзiмдерiн беруi -
      айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма бестен отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 102-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 583  Заңымен .  

      103-бап. Азаматтарға басқа адамдар үшiн дауыс беруге
              мүмкiндiк жасау мақсатында сайлау
              бюллетеньдерiн (дауыс беруге арналған
              бюллетеньдердi) беру

      Азаматтарға басқа адамдар үшiн дауыс беруге мүмкiндiк жасау мақсатында сайлау бюллетеньдерiн (дауыс беруге арналған бюллетеньдердi) сайлау комиссиясы (референдум комиссиясы) мүшесiнiң беруi, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң он бестен жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. <*>
       Ескерту. 103-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 583  Заңымен .  

       104-бап. Жұмыс берушiнiң сайлауға (республикалық
               референдумға) қатысу үшiн демалыс беруден
               бас тартуы

      Жұмыс берушiнiң депутаттыққа немесе өзге де сайланбалы қызметке тiркелген кандидатқа не сайлау комиссиясының мүшесiне мемлекеттiк өкiмет, басқару органдарына және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына (республикалық референдумға) сайлауды әзiрлеу мен өткiзуге қатысу үшiн заң актiлерiнде көзделген демалысты беруден бас тартуы, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       105-бап. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау
               алдында үгiт жүргiзу шарттарын бұзу

      Бас редактордың, журналистiң, бұқаралық ақпарат құралдары редакциясы лауазымды адамының сайлау заңдарында (республикалық референдум туралы заңдарда) көзделген сайлау алдындағы үгiт жүргiзу шарттарын бұзуы, - 
      азаматтар мен лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға отыздан алпыс беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.<*> 
       Ескерту. 105-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 583  Заңымен .  

       106-бап. Бүркеншiк үгiт материалдарын әзiрлеу немесе
               тарату

      Мемлекеттiк өкiмет органдарына және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайлауды (республикалық референдумды) әзiрлеу мен өткiзу кезеңiнде, басып шығарған ұйымдар, шығарылған жерi, таралымы туралы және шығарылуына жауапты адамдар туралы ақпараты жоқ үгiттiк баспасөз және электрондық материалдарды әзiрлеу немесе тарату, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       107-бап. Үгiт материалдарын қасақана жою, бүлдiру

      Депутаттыққа немесе өзге де сайланбалы қызметке кандидаттардың меншiк иесiнiң немесе осы объектiлердiң өзге иесiнiң келiсiмiмен ғимараттарға, құрылыстарға және өзге де объектiлерге iлiнген үгiттiк материалдарын қасақана жою, бүлдiру, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. <*>
       Ескерту. 107-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 583  Заңымен .

       108-бап. Сайлауды (республикалық референдумды) әзiрлеу
               мен өткiзуге қаражат жұмсау туралы есептердi
               бермеу немесе жарияламау

      Депутаттыққа немесе өзге де сайланбалы қызметке кандидаттың, сайланған адамның, не саяси партияның сайлау қорларына түскен түсiмдердiң (қайырмалдықтардың) мөлшерi туралы және сайлау қорларын құру көздерi туралы мәлiметтердi, сондай-ақ сайлау қорының қаражатын пайдалану туралы есептi бермеуi, -
      депутаттыққа немесе өзге де сайланбалы қызметке кандидатқа, сайланған адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға елу беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. <*>
       Ескерту. 108-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 583  Заңымен .

         108-1-бап. Сайлау қорларынан бөлек, сайлау науқанын
                 қаржыландыру немесе оған өзге де материалдық
                 көмек көрсету

      Кандидаттарға, партиялық тiзiмдер ұсынған саяси партияларға олардың сайлау қорларынан бөлек қаржылық немесе өзге де материалдық көмек көрсету -
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң он бестен жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
       Ескерту. 108-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 583  Заңымен .

       109-бап. Сайланбалы мемлекеттiк қызметке кандидаттың не
               саяси партияның шет мемлекеттерден,
               ұйымдардан, азаматтардан және азаматтығы жоқ
               адамдардан қайырмалдықтар алуы

      Депутаттыққа немесе өзге де сайланбалы мемлекеттiк қызметке кандидаттың не саяси партияның шет мемлекеттен, халықаралық ұйымнан немесе халықаралық қоғамдық бiрлестiктен, шет елдердiң мемлекеттiк органдарынан, шетелдiк заңды тұлғалардан және азаматтардан, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдардан кез келген нысанда қайырмалдықтар алуы, - 
      депутаттыққа немесе өзге де сайланбалы қызметке кандидатқа - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға, қайырмалдық заттарын тәркiлей отырып, елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       109-1-бап. Жеке және заңды тұлғалардың кандидаттарға,
                 саяси партияларға олардың жазбаша
                 келiсiмiнсiз қызмет көрсетуi

      Жеке және заңды тұлғалардың кандидаттарға, саяси партияларға олардың сайлау алдындағы қызметiне байланысты олардың жазбаша келiсiмiнсiз қызмет көрсетуi -
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 109-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 583  Заңымен .  

       110-бап. Дауыс беру қорытындылары туралы немесе сайлау
               нәтижелерi туралы мәлiметтердi табыс етпеу не
               жарияламау

      1. Учаскелiк сайлау комиссиясы төрағасының кандидаттың сенiм бiлдiрген адамына, бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлiне, байқаушыға Республиканың заңдарына сәйкес табыс етiлуге мiндеттi дауыс беру қорытындылары туралы мәлiметтердi табыс етпеуi, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, округтiк сайлау комиссиясының төрағасы жасаған әрекет, сондай-ақ оның сайлау (республикалық референдум) нәтижелерi туралы мәлiметтердi сайлау заңдарында (республикалық референдум туралы заңдарда) белгiленген жариялау мерзiмдерiн бұзуы не толық жарияламауы, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң он бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы жасаған әрекет, сондай-ақ оның сайлауда (республикалық референдумда) дауыс беру қорытындылары туралы мәлiметтердi сайлау заңдарында (республикалық референдум туралы заңдарда) белгiленген жариялау мерзiмдерiн бұзуы не толық жарияламауы,- 
      айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      4. Осы баптың бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы жасаған әрекеттер, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       110-1-бап. Сайлауға байланысты қоғамдық пiкiрге сұрау
                  салу iсiн жүргiзу шарттарын бұзу

      1. Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңдарында көзделген қоғамдық пiкiрге сұрау салу нәтижелерiн, сайлау нәтижелерi болжамдарын, сайлауға байланысты өзге де зерттеулердi жариялау тәртiбiн бұзу -
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Сайлау күнi дауыс беруге арналған үй-жайда немесе дауыс беруге арналған пунктте қоғамдық пiкiрге сұрау салу iсiн жүргiзу -
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
       Ескерту. 110-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 583  Заңымен .   

  12-тарау. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫНА ҚОЛ СҰҒАТЫН ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ

       111-бап. Ата-аналардың немесе олардың орнындағы
              адамдардың балаларды тәрбиелеу жөнiндегi
              мiндеттердi орындамауы

      1. Ата-аналардың немесе олардың орнындағы адамдардың кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және оқыту жөнiндегi мiндеттердi дәлелдi себептерсiз орындамауы, - 
      ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған, кәмелетке толмағандардың спирттiк iшiмдiктердi, есiрткi құралдарын және психотроптық заттарды ұдайы қолдануына әкеп соққан iс-әрекеттер, сол сияқты олардың қылмыс немесе қасақана әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерi бар әрекеттер жасауы, - 
      ата-аналарға немесе олардың орнындағы адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       112-бап. Кәмелетке толмаған адамды мас болу күйiне
              дейiн жеткiзу

      Ата-аналардың немесе өзге де адамдардың кәмелетке толмаған адамды мас болу күйiне дейiн жеткiзуi, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       113-бап. Кәмелетке толмағандарға алкоголь iшiмдiктерiн
               сату

      Он сегiз жасқа толмаған адамдарға алкоголь iшiмдiктерiн сату, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң екiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       114-бап. Кәмелетке толмағандарға темекiнi және темекi
               бұйымдарын сату

      1. Он сегiз жасқа толмаған адамдарға темекiнi және темекi бұйымдарын сату, -
      жеке адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкімшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол әрекет, -
      жеке адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
       Ескерту. 114-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .  

       115-бап. Кәмелетке толмағандарды эротикалық мазмұндағы
               өнiмдi әзiрлеуге тарту

      1. Кәмелетке толмағандарды эротикалық мазмұндағы өнiмдi әзiрлеуге, сондай-ақ эротикалық мазмұндағы өнiмдi таратуға, жарнамалауға және сатуға тарту, -
      аталған өнiмдi тәркiлей отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
      эротикалық мазмұндағы өнiмдi әзiрлеу құралдарын тәркiлей отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       116-бап. Асырап алуға, қорғаншылыққа (қамқоршылыққа),
               азаматтардың отбасына тәрбиелеуге берудi
               қажет ететiн кәмелетке толмағандар туралы
               мәлiметтердi табыс ету тәртiбi мен мерзiмдерiн
               бұзу

      Қарауында ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар бар ұйымдар басшыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының атқарушы органдары лауазымды адамдарының асырап алуға, қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), азаматтардың отбасына тәрбиелеуге берудi қажет ететiн кәмелетке толмағандар туралы мәлiметтердi табыс ету тәртiбiн не мерзiмдерiн бұзуы немесе көрiнеу жалған мәлiметтердi табыс ету, не асырап алуға, қамқоршылыққа (қорғаншылыққа), азаматтардың отбасына тәрбиелеуге беруден балаларды жасыруға бағытталған өзге де iс-әрекеттер, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       117-бап. Бала асырап алу жөнiндегi заңсыз қызмет

      Баланы (қызды) асырап алу, оны қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), патронаж тәрбиешiге беру жөнiндегi заңсыз iс-әрекеттер, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

  13-тарау. МЕНШIККЕ ҚОЛ СҰҒАТЫН ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ

       118-бап. Жерге меншiк құқығын бұзу

      Жер учаскелерiн өз бетiмен иелену және айырбастау не жерге меншiк құқығын тiкелей немесе жанама нысанда бұзатын басқа да мәмiлелер жасау, - 
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       119-бап. Жер учаскелерiн өз бетiмен иелену немесе
               уақытша иеленген жердi дер кезiнде қайтармау

      Жер учаскесiн өз бетiмен иелену немесе уақытша иеленген жердiң қайтарылу мерзiмiн бұзу, -
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - оннан отызға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       120-бап. Жерге орналастыру құжаттамасын бекiтудiң
               белгiленген тәртiбiн бұзу

      Жерге орналастыру құжаттамасын бекiтудiң белгiленген тәртiбiн бұзу, сол сияқты оған өз бетiмен өзгерiстер енгiзу, -
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден үшке дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       121-бап. Арнаулы белгiлердi жою

      1. Жер учаскелерi шекараларының межелiк белгiлерiн жою, - 
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң екiге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - бестен жетiге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Жер асты суларын байқаушы және режимдiк ұңғыларды, су объектiлерiндегi байқаушы режимдiк тұстамаларды, су қорғау немесе су шаруашылық белгiлерiн, орман қорындағы орман орналастыру немесе орман шаруашылық белгiлерiн, маркшейдерлiк, геодезиялық және нивелирлiк пункттер мен белгiлердi жою немесе бүлдiру, -
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
       Ескерту. 121-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       122-бап. Жер қойнауына мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу

      Жер қойнауын өз бетiмен пайдалану, жер қойнауына мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жасырын нысанда бұзатын мәмiлелер жасау, - 
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       123-бап. Кен орнының бай учаскелерiн iрiктеп өңдеу

      Қалған запастар сапасының нашарлауына, пайдалы қазбалардың жобадан тыс және нормативтен тыс негiзсiз ысырабына алып келетiндей етiп кен орны учаскелерiн iрiктеп өңдеу, - 
      лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға үш жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       124-бап. Суға мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу

      Су объектiлерiн өз бетiмен алып қою, суды өз бетiмен пайдалану, су пайдалану құқығын басқа бiреуге беру, лимиттердi бұза отырып су жинау, гидротехникалық жұмыстарды өз бетiмен жүргiзу, жер асты және су объектiлерiнен алынған немесе бөлiнген жер үстi суларын ысырапқорлықпен пайдалану, сондай-ақ мемлекеттiң суға меншiк құқығын тiкелей немесе жасырын нысанда бұзатын басқа да мәмiлелер жасау, - 
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырмаға дейiнгi, лауазымды адамдарға - оннан жиырма беске дейiнгi, заңды тұлғаларға екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       125-бап. Орманға мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу

      Орман қоры учаскелерiн сатып алу-сату, сыйға тарту, кепiлге салу, өз бетiмен иелену және айырбастау, сондай-ақ орманға мемлекеттiң меншiк құқығын бұзатын орман пайдалану құқығын өз бетiмен басқа бiреуге беру, - 
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырмаға дейiнгi, лауазымды адамдарға - оннан жиырма беске дейiнгi, заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       126-бап. Жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiне мемлекеттiк
               меншiк құқығын бұзу

      1. Жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалану құқығын өз бетiмен басқа бiреуге беру, сондай-ақ жануарлар дүниесiне мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жасырын нысанда бұзатын басқа да мәмiлелер жасасу, сол сияқты пайдалануға рұқсат алу талап етiлетiн қорықтар мен ерекше қорғалатын басқа да аумақтардағы жануарлар дүниесi объектiлерiн өз бетiмен пайдалану, - 
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Өсiмдiктер дүниесi объектiлерiн пайдалану құқығын өз бетiмен басқа бiреуге беру, сондай-ақ өсiмдiктер дүниесiне мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жасырын нысанда бұзатын басқа да мәмiлелер жасасу, сол сияқты пайдалануға рұқсат алу талап етiлетiн өсiмдiктер дүниесi объектiлерiн өз бетiмен пайдалану, - 
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       127-бап. Энергияны, газды немесе суды өз бетiмен
               пайдалану

      Электр не жылу энергиясын, газ не су құбырлары желiсiнен газды немесе суды өз бетiмен қосып, пайдакүнемдiк мақсатта пайдалану, сол сияқты канализация желiсiне өз бетiнше қосу, - 
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырма бестен жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       128-бап. Өнертабыстық және патенттiк құқықтарды бұзу

      Өнертабысты, пайдалы модельдi не өнеркәсiптiк үлгiнi заңсыз пайдалану, автордың немесе мәлiмдеушiнiң келiсiмiнсiз ғылыми жаңалықтың, өнертабыстың, пайдалы модельдiң не өнеркәсiптiк үлгiнiң мәнiн олар туралы мәлiметтердiң ресми жариялануына дейiн жария ету, сол сияқты авторлықты иелену немесе ортақ авторлыққа мәжбүрлеу, егер бұл iс-әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса,- 
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң он бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға үш жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       129-бап. Авторлық құқық пен сабақтас құқықтар
               объектiлерiн заңсыз пайдалану

      1. Авторлық құқық пен сабақтас құқықтар объектiлерiн сату, прокатқа беру немесе заңсыз өзгеше пайдалану, егер бұл iс-әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, - 
      шығармалар мен фонограммалардың даналарын тәркiлей отырып, азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, - 
      шығармалардың немесе фонограммалардың даналарын тәркiлей отырып, азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      Ескерту. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiне сәйкес шығармалар мен фонограммалардың тәркiленген даналары, авторлық немесе сабақтас құқықтар иесiне оның өтiнiшi бойынша берiлетiн жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстiң 628-бабында көзделген тәртiппен жойылуға тиiс. 

       130-бап. Тарих пен мәдениет ескерткiштерiнiң сақталуына
               қатер төндiретiн жобалау, iздестiру, құрылыс,
               мелиорация жұмыстарын және басқа да жұмыс
               түрлерiн жүргiзу

      Тарихи-мәдени мұраларды қорғау мен пайдалану жөнiндегi тиiстi мемлекеттiк органдардың келiсiмiнсiз және осы органдардың нұсқауы бойынша ескерткiштердiң паспорттандырылуы мен сақталуын анықтау жөнiндегi алдын ала шараларды жүзеге асырмай, тарих пен мәдениет ескерткiштерiнiң сақталуына қатер төндiретiн жобалау, iздестiру, құрылыс, мелиорация, жол жұмыстарын және басқа да жұмыс түрлерiн жүргiзу; ескерткiштердi қорғау өңiрлерiнде жер, құрылыс және басқа да жұмыстарды жүргiзу, сондай-ақ тиiстi мемлекеттiк ескерткiштердi қорғау органдарының рұқсатынсыз бұл өңiрлерде шаруашылық қызметпен айналысу, тарих пен мәдениет ескерткiштерiн қорғау мен пайдалануды мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын тиiстi органдардың ескерткiштердi қорғау жөнiндегi ережелердiң бұзылуын жою туралы нұсқамаларын орындамау, - 
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       131-бап. Егiстiктер мен екпелердi басып өту

      1. Автомобильмен не трактормен, комбайнмен немесе өзге де өздiгiнен жүретiн машинамен егiстiктердi немесе екпелердi басып өту,-
      айлық есептiк көрсеткiштiң үштен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Егiстiктердi немесе екпелердi күш көлiгiмен басып өту, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       132-бап. Егiстiктердi, шөмелелердi таптау, ауыл
               шаруашылық дақылдарының алқаптағы жиналған
               астығын ойрандау немесе жою, екпелердi бүлдiру

      1. Ауыл шаруашылық ұйымдарының, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, шаруа (фермер) қожалықтарының, жеке қосалқы шаруашылықтардың егiстiктерiн, шөмелелерiн мал немесе құс жайып таптау, ауыл шаруашылық дақылдарының алқаптағы жиналған астығын ойрандау немесе жою, екпелердi бүлдiру, - 
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, - 
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жетпiстен жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       133-бап. Өз бетiмен шөп шабу

      1. Ауыл шаруашылық ұйымдарының, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, шаруа (фермер) қожалықтарының, жеке қосалқы шаруашылықтардың жер учаскелерiнде өз бетiмен шөп шабуы, - 
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң үштен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға бестен он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Кәсiпшiлiк түрiнде не осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       134-бап. Бөтен бiреудiң жер учаскесiне заңсыз кiру

      Бөтен бiреудiң жер учаскесiне заңсыз кiру, егер бұл iс-әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       134-1-бап. Мемлекеттiк заттай гранттарды қайтару
                 мерзiмдерiн бұзу

       Мемлекеттiк заттай гранттардың  инвестициялар туралы заңдарда белгiленген қайтару мерзiмдерiн бұзу, -
       K030442 ( 36-бап  2-т.)
      заңды тұлғаларға бiр мыңнан екi мыңға дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
       Ескерту. 134-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 4 мамырдағы  N 48  Заңымен.

       135-бап. Бөтен бiреудiң мүлкiн жою немесе бүлдiру

      1. Бөтен бiреудiң мүлкiн қасақана жою немесе бүлдiру, егер бұл iс-әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса,- 
      айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Бөтен бiреудiң мүлкiн абайсызда жою немесе бүлдiру, егер бұл iс-әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса,- 
      ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден үшке дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       135-1-бап. Лауазымды адамның және ұйым басшысының өзiне
                сенiп тапсырылған объектiлердiң (мүлiктiң)
                қауiпсiздiгi мен сақталуын қамтамасыз ету
                жөнiндегi мiндеттерiн орындамауы және
                немесе) тиiсiнше орындамауы

      1. Лауазымды адамның, сол сияқты мемлекеттiк орган немесе жергiлiктi өзiн-өзi басқару органы болып табылмайтын ұйым басшысының өзiне сенiп тапсырылған Қазақстан Республикасының ерекше маңызды мемлекеттiк, стратегиялық объектiлерiнiң және тiршiлiктi қамтамасыз ету объектiлерiнiң қауiпсiздiгi мен сақталуының қажеттi деңгейiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттерiн орындамауы және (немесе) тиiсiнше орындамауы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол әрекеттер, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң оннан отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 135-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       136-бап. Бөтен бiреудiң мүлкiн ұсақ-түйектеп ұрлау

      1. Ұйымға меншiк құқығында тиесiлi немесе оның қарауындағы бөтен бiреудiң мүлкiн ұрлық, алаяқтық жасау, иеленiп кету, жұмсап қою жолымен ұсақ-түйектеп ұрлау, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, ал егер iстiң мән-жайлары бойынша бұл шараның қолданылуы жеткiлiксiз деп танылса, он тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады. 
      2. Ұсақ-түйектеп ұрлау: 
      1) бiр топ адамдар қатысып; 
      2) бiрнеше мәрте; 
      3) тұрғын үйге, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға не сақтау орнына заңсыз кiру арқылы жасалса, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
       Ескерту.
      1. Бөтен бiреудiң мүлкiн ұрлау, егер ұрланған мүлiктiң құны заңдарда белгiленген он еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспаса, ұсақ-түйектеп ұрлау деп танылады.
      2. Ұсақ-түйектеп ұрлау, егер бұған дейiн осы бапта көзделген бiр немесе одан да көп әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған, немесе егер ұсақ-түйектеп ұрлауды Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнiң  177-183 250 256  немесе  261-баптарында  көзделген қылмыстар жасағаны үшiн сотталған адам жасаған болса, бiрнеше мәрте ұсақ-түйектеп ұрлау деп танылады.

  14-тарау. КӘСIПКЕРЛIК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ

       137-бап. Тиiстi тiркеусiз немесе лицензиясыз, арнайы
               рұқсатсыз, бiлiктiлiк аттестатынсыз
               (куәлiгiнсiз) кәсiпкерлiк немесе өзге
               қызметпен айналысу, сондай-ақ iс-әрекеттердi
               (операцияларды) жүзеге асыру

      1. Тiркеусiз немесе лицензиясыз, арнайы рұқсатсыз, бiлiктiлiк аттестатынсыз (куәлiгiнсiз), мұндай рұқсат, лицензия, бiлiктiлiк аттестаты (куәлiгi) мiндеттi болған жағдайларда кәсiпкерлiк немесе өзге қызметпен айналысу, сондай-ақ iс-әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру, егер бұл әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, - 
      құқық бұзушылықтың тiкелей объектiлерi болып табылатын тауарлар тәркiленiп не онсыз, кәсiпкерлiк немесе өзге қызметпен лицензиясыз айналысқан жағдайда әкiмшiлiк құқық бұзушылық салдарынан алынған кiрiс (дивидендтер), ақша, бағалы қағаздар қосымша тәркiленiп, азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген жаза қолданылғаннан кейiн бiр жылдың iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, - 
      құқық бұзушылықтың тiкелей объектiлерi болып табылатын тауарлар тәркiленiп, кәсiпкерлiк немесе өзге қызметпен лицензиясыз айналысқан жағдайда әкiмшiлiк құқық бұзушылық салдарынан алынған кiрiс (дивидендтер), ақша, бағалы қағаздар қосымша тәркiленiп, азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жетi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
       Ескерту. 137-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       138-бап. Заңсыз банктiк қызмет

      Банк қызметiн тiркеусiз немесе арнайы рұқсатсыз, лицензиясыз немесе лицензиялау шарттарын бұзып жүзеге асыру, егер бұл әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, - 
      қызметтiң осы түрiне лицензиядан екi жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып не онсыз, азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       139-бап. Лицензиялау ережелерi мен нормаларын бұзу

       1. Заңдарда белгiленген лицензиялық ережелер мен нормаларды бұзу, соның iшiнде лицензияланатын қызмет түрлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеу, егер мұндай iс-әрекеттердiң құрамында қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
      белгiлi бiр қызмет түрiне лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрып, жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Лицензияның қолданысын тоқтата тұру мерзiмi өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартуға әкеп соққан лицензиялық ережелер мен нормаларды бұзушылықтарды жоймау, -
      белгiлi бiр қызмет түрiне берiлген лицензиядан айыра отырып, жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - екi жүзден бec жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
       Ескерту. 139-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N  506 , өзгеріс енгізілді - 2004.12.09.  N 10  Заңдарымен. 

       140-бап. Шикiзатты, азық-түлiк және өнеркәсiп
               тауарларын Қазақстан Республикасының шегiнен
               тысқары әкету немесе жiберу ережелерiн бұзу

      1. Шикiзаттарды, азық-түлiк және өнеркәсiп тауарларын Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары әкету мен жiберу ережелерiн бұзу, - 
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға - онға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
      шикiзатты немесе тауарларды тәркiлей отырып немесе онсыз, азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға - он беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға алпысқа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       141-бап. Шикiзатты, азық-түлiк және өнеркәсiп
               тауарларын Қазақстан Республикасының шегiнен
               тысқары жiберу үшiн қабылдау тәртiбiн бұзу

      Пошта ұйымдарының, темiр жол, автомобиль, өзен, теңiз және әуе көлiктерiнiң лауазымды адамдарының шикiзаттарды, азық-түлiк және өнеркәсiп тауарларын Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жiберу үшiн қабылдау ережелерiн бұзуы, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       142-бап. Қымбат бағалы металдар мен асыл тастарды
               немесе олар құрамында бар бұйымдарды алудың,
               жұмсаудың, есепке алудың, сақтаудың, сондай-ақ
               олардың сынықтары мен қалдықтарын жинаудың
               және мемлекеттiк қорға тапсырудың белгiленген
               ережелерiн бұзу

      Қымбат бағалы металдарды және асыл тастардың барлық түрлерiн және олар құрамында бар бұйымдарды қолданатын және пайдаланатын ұйымдардың лауазымды адамдарының қымбат бағалы металдарды және асыл тастарды немесе олар құрамында бар бұйымдарды алудың, жұмсаудың, есепке алудың, сақтаудың не олардың сынықтары мен қалдықтарын жинаудың және мемлекеттiк қорға тапсырудың Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген ережелерiн елеусiз мөлшерде бұзуы, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң алтыдан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
       Ескерту.  Егер қымбат бағалы металдардың және асыл тастардың құны бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен аспаса, осы бапта көзделген әрекеттер елеусiз мөлшерде жасалған деп танылады.

       143-бап. Кәсiпкерлiк қызметтiң тыйым салынған
               түрлерiмен айналысу

      Кәсiпкерлiк қызметтiң тыйым салынған, қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi жоқ түрлерiмен айналысу, -
      азаматтарға және лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       144-бап. Кино- және бейнешығармаларды көпшiлiкке
               көрсету ережелерiн бұзу

      Белгiленген көрсету уақытын және көрермендер санатын сақтамауда көрiнiс тапқан, кино- және бейнешығармаларды көпшiлiкке көрсету ережелерiн бұзу, -
      азаматтарға және лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       145-бап. Тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын,
               тауардың шыққан орнының атауын немесе фирмалық
               атауын заңсыз пайдалану

      Бөтен тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын немесе тауардың шыққан орнының атауын, немесе бiртектес тауарлар немесе қызметтер үшiн оларға ұқсас белгiлердi заңсыз пайдалану, сондай-ақ, бөтен фирмалық атауды заңсыз пайдалану, егер бұл әрекеттер iрi залал келтiрмесе, - 
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - он беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       146-бап. Кәсiпкерлiк қызмет туралы ақпаратты табыс
               етпеу немесе дер кезiнде табыс етпеу

      Мемлекеттiк органдарға салықтарды есептеу немесе статистика үшiн қажеттi, заңмен белгiленген кәсiпкерлiк қызмет туралы ақпаратты табыс етпеу немесе дер кезiнде табыс етпеу, - 
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң екiге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       147-бап. Монополияға қарсы заңдарды бұзу

      1. Бәсекенi шектеу, жосықсыз бәсеке, рыноктағы басым (монополистiк) жағдайды терiс пайдалану, сол сияқты монополияға қарсы заңдарды өзге де бұзушылық, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса және кiрiс алуға әкеп соқпаса, -
      азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсіпкерлер мен лауазымды адамдарға - жүзге дейінгі мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол әрекеттер, -
      азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға - жүзден төрт жүзге дейiнгi, заңды тұлғаларға - мыңнан екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, кiрiс алуға әкеп соққан әрекеттер, -
      әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кiрiстерi, ақшалары, бағалы қағаздары тәркiлене отырып, азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға - жүзден төрт жүзге дейiнгі мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - мыңнан екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 147-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .  

       148-бап. Заңды тұлғаны, филиалды, өкiлдiктi тиiсiнше
               қайта тiркемей кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге
               асыру

      Заңдарда көзделген жағдайларда заңды тұлғаны, филиалды, өкiлдiктi қайта тiркемей кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру, - 
      заңды тұлғаға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       149-бап. Кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға лицензия,
              арнайы рұқсат, бiлiктiлiк аттестатын (куәлiгiн)
              беру мерзiмiн бұзу

      Кәсiпкерлiк қызметтiң белгiлi бiр түрiмен айналысуға лицензия, арнайы рұқсат, бiлiктiлiк аттестатын (куәлiгiн) беру мерзiмiн бұзу,- 
      лауазымды адамға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       150-бап. Лицензияны, арнайы рұқсатты, бiлiктiлiк
               аттестатын (куәлiгiн) беру тәртiбiн бұзу

      1. Лицензияны, арнайы рұқсатты, бiлiктiлiк аттестатын (куәлiгiн) заңдарда белгiленген тәртiптi бұза отырып беру,- 
      лауазымды адамға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
      лауазымды адамға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       151-бап. Лауазымды адамдардың кәсiпкерлiк қызметке
               заңсыз араласуы

      Қадағалау және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың лауазымды адамдарының азаматтар (жеке кәсiпкерлер) және заңды тұлғалар қызметiне заңсыз араласуы, оның iшiнде олардың кәсiпкерлiк қызметiне кедергi келтiретiн заңсыз актiлер шығару және заңсыз тапсырмалар беру түрiнде араласуы, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       152-бап. Бақылау және қадағалау функцияларын заңсыз беру

      Мемлекеттiк органдар лауазымды адамдарының бақылау және қадағалау функцияларын уәкiлеттi емес ұйымдарға заңсыз беруi, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       153-бап. Тексеру жүргiзу тәртiбiн бұзу

      1. Тексеру жүргiзу тәртiбiн бұзу, сол сияқты тексерудi негiзсiз тағайындау, тексерудi арнайы акт шығармай және оны уәкiлеттi органда тiркемей жүргiзу, - 
      лауазымды адамға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Осы баптың бiрiншi тармағында көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, - 
      лауазымды адамға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       154-бап. Жалған кәсiпкерлiк

      Жалған кәсiпкерлiк, яғни кәсiпкерлiк немесе банк қызметiн жүзеге асыру ниетiнсiз, кредит алу, салық төлеуден босатылу, өзге де мүлiктiк пайда алу немесе тыйым салынған қызметтi жасыру мақсаты бар, азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi зиян келтiрмеген, коммерциялық ұйым құру, - 
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       155-бап. Банкроттық кезiндегi құқыққа қайшы әрекеттер

      1. Мүлiктi және мүлiктiк мiндеттемелердi, мүлiк, оның көлемi, мүлiктiң тұрған орны туралы мәлiметтердi не мүлiк туралы өзге де ақпаратты жасыру, мүлiктi өзге иелiкке беру, мүлiктi иелiктен шығару немесе жою, сол сияқты экономикалық қызметтi көрсететiн бухгалтерлiк және өзге де есептiк құжаттарды жасыру, жою, бұрмалау, егер бұл iс-әрекеттер банкроттық кезiнде немесе банкрот болатынын алдын ала бiлген кезде жасалса және қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, - 
      борышкер ұйымның лауазымды адамына немесе меншiк иесiне не жеке кәсiпкерге - айлық есептiк көрсеткiштiң жүзге дейiнгi мөлшерiнде, ал заңды тұлғаға бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Өзiнiң iс жүзiндегi дәрменсiздiгiн (банкроттығын) бiлетiн борышкер ұйымның лауазымды адамының, меншiк иесiнiң немесе жеке кәсiпкердiң басқа кредит берушiлерге залал келтiретiнiн бiле тұра жекелеген кредит берушiлердiң мүлiктiк талаптарын заңға қайшы қанағаттандыруы, сол сияқты кредит берушiнiң өзiне дәрменсiз борышкердiң өзге кредит берушiлерге залал келтiре отырып артықшылық жасауын қабылдауы, егер мұндай iс-әрекеттер iрi залал келтiрмесе, - 
      жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       156-бап. Әдейi банкрот болу

      Әдейi банкрот болу, яғни коммерциялық ұйымның лауазымды адамының немесе меншiк иесiнiң, сол сияқты жеке кәсiпкердiң жеке мүдделерi немесе өзге адамдардың мүдделерi үшiн, iрi залал келтiрмейтiндей немесе өзге де ауыр зардаптарға соқтырмайтындай етiп әдейi төлемсiздiк қабiлетiн туғызуы немесе ұлғайтуы, - 
      жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       157-бап. Жалған банкроттық

      Жалған банкроттық, яғни коммерциялық ұйым басшысының немесе меншiк иесiнiң, сол сияқты жеке кәсiпкердiң кредит берушiге тиесiлi төлемдердi кейiнге қалдыруды немесе ұзартуды немесе борыштардан шегерiм жасатқызу үшiн кредит берушiлердi адастыру мақсатында өзiнiң дәрменсiздiгi туралы көрiнеу жалған хабарлауы, сол сияқты борыштарын төлемеуi, егер бұл әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, - 
      жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       158-бап. Коммерциялық құпияны банк құпиясын, кредиттік
               бюроның кредиттік тарих деректері базасынан
               алынған кредиттік есептердің мәліметтерін
               немесе ақпаратты сақтау мiндеттерiн бұзу

      Коммерциялық құпия, банк құпиясы, не кредиттік бюроның кредиттік тарих деректері базасынан алынған кредиттік есептердің мәліметтері немесе ақпарат бар мәлiметтердi сақтау мiндеттерiн, ол кәсiптiк немесе қызметтiк мiндетiне байланысты өзiне мәлiм болған адамның олардың иелерiнiң келiсiмiнсiз бұзуы, егер онда қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
       Ескерту.
      1. Меншiк иесiне немесе заң актiлерiне сәйкес осындай мәлiметтердi алу құқығы бар адамдарға олардың заңды талабы бойынша коммерциялық құпия, банк құпиясы, не кредиттік бюроның кредиттік тарих деректері базасынан алынған кредиттік есептердің мәліметтері немесе ақпарат бар мәлiметтердi берген жағдайда тұлға жауапты болмайды. <*>
      2. Осы бапта көзделген әрекеттi жасағаны үшiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тарту, залал келтiрiлген ұйымның, меншiк иесiнiң немесе жеке кәсiпкердiң арызы бойынша жүзеге асырылады.
       Ескерту. 158-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен , 2004.07.06. N 572  Заңымен .   

        158-1-бап. Сақтандыру құпиясын сақтау мiндетiн бұзу <*>

      Сақтандыру құпиясы бар мәлiметтердi сақтау мiндетiн, олар өзiнiң кәсiби немесе қызметтiк мiндетiне байланысты белгiлi болған адамның олардың иесiнiң келiсiмiнсiз бұзуы, -
      елу айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      ЕСКЕРТУ. 158-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483  Заңымен  (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді)

  15-тарау. САУДА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ САЛАСЫНДАҒЫ
ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ

       159-бап. Тұтынушыларды алдау

      1. Сауда қызметiн және қызметтер көрсетудi жүзеге асыратын жеке кәсiпкерлердiң немесе ұйымдардың кем өлшеуi, таразыдан жеуi, кем есептеуi, тауардың (қызметтер көрсетудiң) тұтыну қасиеттерi немесе сапасына қатысты адастыруы немесе тұтынушыларды өзгедей алдауы, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
      азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлер мен лауазымды адамдарға - бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
      үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр қызмет түрiне берiлетiн лицензиядан айыру және қызметiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу арқылы азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi, жеке кәсiпкерлер мен лауазымды адамдарға - елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. <*>
       Ескерту. 159-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының  2004.12.09.  N 10  Заңымен.  

       160-бап. Қару-жарақ пен оқ-дәрi сату тәртiбiн бұзу

      1. Сауда ұйымдары қызметкерлерiнiң тиiстi рұқсаты жоқ азаматтарға, ұйымдарға қару-жарақ пен оның оқ-дәрiсiн сатуы, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Сауда ұйымдары қызметкерлерiнiң арнайы жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзу үшiн арнайы техникалық құралдарды және ақпаратты қорғаудың криптографикалық құралдарын, жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға уәкiлеттi мемлекеттiк органдарды қоспағанда, тиiстi рұқсаты жоқ азаматтарға, ұйымдарға сатуы, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       161-бап. Базарларда сауда жасау ережелерiн бұзу,
               сондай-ақ мемлекеттiк стандарттардың нормалары
               мен санитариялық ережелерге сәйкес келмейтiн
               тамақ өнiмдерiн өткiзу

      1. Базарларда сауда жасаудың белгiленген ережелерiн бұзу, -
      ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден үшке дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Базарларда, дүкендер мен басқа да сауда орындарында мемлекеттiк стандарттар нормаларына сәйкес келмейтiн, адамның денсаулығына қатер төндiретiн тамақ өнiмдерiн өткiзу, - 
      аталған тамақ өнiмдерiн басқа мақсаттарға пайдалану мүмкiн болмаған жағдайда оларды жоя отырып, азаматтарға - ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға - оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға бiр жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      3. Санитариялық нормалар мен ережелердi бұзып не тұтынушылардың өмiрi мен денсаулығына тауарлардың қауiпсiздiгiн куәландыратын сәйкестiк сертификатынсыз азық-түлiк және азық-түлiк емес тауарларды сату, - 
      тауарларды тәркiлей отырып не онсыз, жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға - ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға бiр жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       162-бап. Тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз
               сауда жасау

      Еркiн сауда жасауға заңдармен тыйым салынған немесе шектелген тауарлармен және өзге де заттармен заңсыз сауда жасау, - 
      аталған тауарларды немесе заттарды өтемiн төлеп алып қоя отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       163-бап. Этил спиртi немесе алкогольдi өнiмдер айналымы
               ережелерiн бұзу, сол сияқты белгiленген
               стандарттарға сәйкес келмейтiн этил спиртi
               мен алкоголь өнiмiн өндiру

      Этил спиртi немесе алкогольдi өнiмдер айналымы ережелерiн бұзу, сол сияқты стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес келмейтiн этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өткiзу мақсатында өндiру, - 
      құқық бұзушылықтың тiкелей объектiсi болып табылатын тауарлар және құқық бұзушылық жасау арқылы тапқан табыстар тәркiленiп, азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - бiр жүз елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға бес жүзден жетi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       163-1-бап. Темекi бұйымының маркасын пайдалану

       Темекi бұйымдарының өздерiн немесе темекi бұйымы сатылатын немесе тасымалданатын кез келген қорапты, қаптаманы қоспағанда, өзiнде темекi бұйымының маркасы бар кез келген тауарларды тарату, көрмеге қою, сату, -
      жеке тұлғаға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi, лауазымды адамға - жиырмаға дейiнгi, заңды тұлғаға - елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 163-1-баппен толықтырылды - Қазақстан
Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       164-бап. Тауарларды құжаттарсыз сату

      Тауарларды не өзге де заттарды жеке кәсiпкерлердiң және сауда қызметi мен қызмет көрсетудi жүзеге асыратын ұйымдардың жасалған елi туралы, дайындаушысы, жеткiзушiсi немесе сатушысы туралы не мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде мәлiметтерi не тауар (қызмет) туралы анық және жеткiлiктi ақпараты бар құжаттарсыз сатуы, - 
      жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       165-бап. Белгiленбеген орындарда сауда жасау

      Жергiлiктi атқарушы орган белгiлеген жерлерден тыс орындарда сауда жасау, -
      ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       166-бап. Бюджетке төленетiн салықтық емес төлемдердi
               толық мөлшерде және дер кезiнде төлемеу

      Бюджетке төленетiн салықтық емес төлемдердi толық мөлшерде және дер кезiнде төлемеу, -
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - онға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       167-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып
              алу туралы заңдарын бұзу

      1. Мемлекеттiк сатып алу туралы заңдарда көзделген мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру тәсiлiн негiзсiз қолдану, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Мемлекеттiк сатып алу тәсiлiн уәкiлеттi органмен келiсiп алмай, ондай келiсу заңдарда көзделген жағдайда, қолдану, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Жүргiзiлетiн мемлекеттiк сатып алу туралы конкурсты ұйымдастырушының ақпаратына заңдарда қойылған талаптарды бұзу, сол сияқты анық емес ақпарат беру, сондай-ақ мемлекеттiк сатып алу процесiнiң қатысушыларын - ықтимал өнiм берушiлердi тiркеу рәсiмдерiн бұзу, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Ашық және жабық конкурстарды, сондай-ақ екi кезеңдiк рәсiмдер пайдаланылатын конкурстарды өткiзу кезiнде бюджеттiк қаражатты қосымша жұмсауға әкеп соқпаған мемлекеттiк сатып алу рәсiмдерiн бұзу, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Осы баптың төртiншi бөлiгiнде көзделген бюджеттiк қаражатты қосымша жұмсауға әкеп соққан iс-әрекет (әрекетсiздiк), -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Осы баптың төртiншi бөлiгiнде көзделген бюджеттiк қаражатты iрi мөлшерде қосымша шығындауға әкеп соққан iс-әрекет (әрекетсiздiк), -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      7. Осы баптың бiрiншi - алтыншы бөлiктерiнде көзделген iс-әрекеттердi (әрекетсiздiктердi) әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасау, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту.
      1. Осы баптың бiрiншi, екiншi бөлiктерiнде аталған лауазымды адамдарды мемлекеттiк сатып алу рәсiмдерiн жүзеге асыруға жауапты конкурс ұйымдастырушысының басшысы және (немесе) оның орынбасары деп; осы баптың үшiншi бөлiгiнде аталған лауазымды адамдарды мемлекеттiк сатып алу рәсiмдерiн жүзеге асыруға жауапты конкурс ұйымдастырушысының басшысы және (немесе) оның орынбасары, сондай-ақ конкурс комиссиясының хатшысы деп түсiну керек; осы баптың төртiншi, бесiншi, алтыншы бөлiктерiнде аталған лауазымды адамдарды конкурс комиссиясының төрағасы, мүшелерi және хатшысы деп түсiну керек.
      2. Құқық бұзушылық жасау кезiндегi айлық есептiк көрсеткiштiң екi мың еселенген мөлшерiнен асатын сома осы баптың мақсаттары үшiн iрi мөлшер деп танылады.
       Ескерту. 167-бап жаңа редакцияда - Қазақстан 
Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

         167-1-бап. Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар
                және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы
                заңдарының талаптарын бұзу

      1. Кредиттік бюроның Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңдарын бұзуы -
      лауазымды адамға - айлық есептік көрсеткіштің бестен елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаға айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Ақпарат берушінің кредиттік тарихтың субъектісі туралы ақпаратты кредиттік тарихты қалыптастыру үшін кредиттік бюроларға беруі және (немесе) кредиттік есепті алушының ақпарат субъектісінің келісімінсіз кредиттік есепті беру туралы сауал беруі, сондай-ақ оны қате ресімдеу -
      лауазымды адамға - айлық есептік көрсеткіштің бестен елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаға айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Ақпарат берушінің кредиттік тарих субъектісінен алған ақпаратты бұрмалауы - 
      лауазымды адамға - айлық есептік көрсеткіштің бестен елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан екі жүзге дейінгі мөлшерінде, жеке кәсіпкерге айлық есептік көрсеткіштің бестен елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 167-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.07.06. N 572  Заңымен .

       168-бап. Қазақстан Республикасының валюта заңдарының
               талаптарын бұзу <*>

      1. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне Қазақстан Республикасының валюта заңдарына сәйкес талап етiлетiн мәлiметтердi табыс етпеуi, сол сияқты табыс етпеуi, сол сияқты әлденеше рет (қатарынан он екi күнтiзбелiк ай iшiнде екi және одан да көп рет) уақтылы табыс етпеуi немесе ондай мәлiметтерi жоқ ақпарат табыс етуi не дұрыс емес мәлiметтердi (ақпаратты) табыс етуi, -
      лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi өздерiне жүктеген мiндеттердi ықпал етудiң шектеулi шараларын қолдану арқылы орындамауы, -
      лауазымды адамға - алпыс айлық есептiк көрсеткiштiң алпыстан жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға тоғыз жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың валюталық бақылау агентiнiң функцияларын орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы, -
      заңды тұлғаға айлық есептiк көрсеткiштiң бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет (әрекетсiздiк), -
      заңды тұлғаға айлық есептiк көрсеткiштiң бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      ЕСКЕРТУ. 168-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483  Заңымен  (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), өзгеріс енгізілді - Қазақстан
Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       168-1-бап. Микрокредиттік ұйымдар туралы заңдардың
                талаптарын бұзу 

      1. Микрокредиттік ұйымдардың микрокредиттік ұйымдар туралы заңдарға сәйкес тыйым салынған не олардың құқық қабілеттілігі шегінен тыс операциялар мен мәмілелерді жүзеге асыруы,-
      лауазымды адамға - айлық есептік көрсеткіштің қырықтан жетпіске дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаға мәміле сомасының оннан бір процентіне дейінгі не операциялар бойынша алынған кіріс сомасының елу процентіне дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Микрокредиттік ұйымның бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күні шындыққа сәйкес келмейтін жарнаманы хабарлауы немесе жариялауы, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса,-
      заңды тұлғаға айлық есептік көрсеткіштің екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Микрокредиттік ұйым ретінде тіркелмеген заңды тұлғаның өз атауында, құжаттарында, хабарландырулары мен жарнамасында "микрокредиттік ұйым", "МКҰ" деген сөздерді немесе микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратындығын көздейтін олардан туындаған сөздерді пайдалануы,-
      заңды тұлғаға айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      ЕСКЕРТУ. 168-1-баппен толықтырылды- Қазақстан Республикасының 2003.03.28. N 398  Заңымен .

       168-2-бап. Қазақстан Республикасының банк заңдарының
                 талаптарын бұзу <*>

      1. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың уәкiлеттi мемлекеттiк органға Қазақстан Республикасының банк заңдарына сәйкес табыс етiлуi қажет мәлiметтердi табыс етпеуi, сол сияқты әлденеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) уақтылы табыс етпеуi немесе ондай мәлiметтерi жоқ ақпаратты табыс етуi не дұрыс емес мәлiметтердi (ақпаратты) табыс етуi, -
      лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың өздерiне уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүктеген мiндеттердi шектеулi ықпал ету шаралары арқылы орындамауы -
      лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде заңды тұлғаға төрт жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет (әрекетсiздiк), -
      лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң алпыстан жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға тоғыз жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген пруденциялық нормативтердi және (немесе) басқа да сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi әлденеше рет бұзуы, -
      заңды тұлғаға айлық есептiк көрсеткiштiң бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының банк заңдарына сәйкес тыйым салынған не Қазақстан Республикасының банк заңдарын бұза отырып, сол сияқты олардың құқық қабiлеттiлiгi шегiнен тыс операциялар мен мәмiлелердi жүзеге асыруы, -
      лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға мәмiле сомасының оннан бiр процентiне дейiнгi не операциялар бойынша алынған табыс сомасының елу процентiне дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Осы баптың бесiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер (әрекетсiздiк), -
      лауазымды адамға - айлық есептік көрсеткіштің алпыстан жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға мәмiле сомасының бiр процентiне дейiнгi не операциялар бойынша алынған табыс сомасының жүз процентiне дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      7. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың банк операцияларының нәтижелерiн бухгалтерлiк есепте тиiсiнше көрсетпей жүргiзуi, -
      заңды тұлғаға есепке алынбаған соманың жүз процентiне дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      8. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың бухгалтерлiк есепке алуды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есептiлiк жөнiндегi талаптарды бұза отырып жүргiзуi не ондағы көрсеткiштердiң, не пруденциялық нормативтердiң орындалуы туралы мәлiметтердiң және (немесе) Қазақстан Республикасының банк заңдарында белгiленген сақталуға мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердiң бұрмалануына әкеп соққан банктiк немесе өзге де есептiлiк жасауы, -
      лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға тиiсiнше есепке алынбаған соманың бес процентiне дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      9. Осы баптың сегiзiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет (әрекетсiздiк), -
      лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң алпыстан жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға тиiсiнше есепке алынбаған соманың он процентiне дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      10. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың клиенттердiң банк шоттарын ашу және жабу тәртiбiн бұзуы, -
      лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      11. Осы баптың оныншы бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет (әрекетсiздiк), -
      лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң алпыстан жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      ЕСКЕРТУ. 168-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483  Заңымен  (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді).

        169-бап. Клиенттерге, кредит берушiлерге және
               заемшыларға банк қызметiн көрсетуге байланысты
               талаптарды бұзу

      1. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың төлем немесе ақша аударымы жөнiндегi нұсқауларды не ақшаны қолма-қол алу жөнiндегi талаптарды дер кезiнде немесе дұрыс орындамауы, - 
      заңды тұлғаға төлем немесе ақша аударымы жөнiндегi нұсқаулар не ақшаны қолма-қол алу жөнiндегi талаптар сомасының бес процентке дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың шот иесiнiң банктегi шотына ақшаны дер кезiнде немесе дұрыс есептемеуi, - 
      заңды тұлғаға төлем немесе ақша аударымы жөнiндегi нұсқаудың дер кезiнде немесе дұрыс есептелмеген сомасының бес процентiне дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      3. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың клиенттердiң төлем құжаттарын жоғалтуы, -
      заңды тұлғаға - әрбiр төлем құжаты үшiн айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
       Ескерту. 169-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан
Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

         169-1-бап. Қазақстан Республикасының аумағында достық,
                  қола және қаржы вексельдерiн шығару
      Қазақстан Республикасының аумағында достық, қола және қаржы вексельдерiн шығару, -
      азаматтар мен лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде заңды тұлғаларға - екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 169-1-баппен толықтырылды - Қазақстан
Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

      170-бап. Банкке немесе банк холдингiне iрi қатысушы
              мәртебесiн заңсыз алуға байланысты құқық
              бұзушылық    

      1. Банкке iрi қатысушы мәртебесiн уәкiлеттi мемлекеттiк органның алдын ала келiсiмiнсiз иелену, - 
     азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң алдын ала келiсiмiнсiз банк холдингi мәртебесiн алу, -
      заңды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң бiр мыңнан екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      ЕСКЕРТУ. 170-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483  Заңымен  (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2003.12.05. N 506  Заңымен .

         170-1-бап. Банктердiң заңды тұлғалардың жарғылық
                  капиталдарына заңсыз қатысуына байланысты
                  бұзушылықтар
      1. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, банктiң Қазақстан Республикасының банк заңдарының талаптарын бұзып, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысуы, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - бес жүзден мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Банктiң Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң алдын ала рұқсатынсыз еншiлес ұйымды құруы не иемденiп алуы, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - бiр мыңнан екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 170-1-баппен толықтырылды - Қазақстан
Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       171-бап. Банк заңдарына сәйкес табыс етiлуi талап
               етiлетiн мәлiметтерi жоқ ақпаратты уәкiлеттi
               мемлекеттiк органға табыс етпеуге, сол сияқты
                 дер кезiнде табыс етпеуге немесе табыс етуге
               байланысты бұзушылық, не дұрыс емес
               мәлiметтердi (ақпарат) табыс ету

      Банк құрылтайшыларының (қатысушыларының) және олардың аффилиирленген тұлғаларының банк заңдарына сәйкес табыс етiлуi талап етiлетiн мәлiметтерi жоқ ақпаратты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне табыс етпеуi, сол сияқты дер кезiнде табыс етпеуi немесе табыс етуi, не дұрыс емес мәлiметтердi (ақпаратты) табыс етуi, - 
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      ЕСКЕРТУ. 171-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен  (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       172-бап. Мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорының
               зейнетақы активтерiн мақсатсыз пайдалану

      1. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның заңдарда белгiленген зейнетақы активтерiн инвестициялау тәртiбiн бұзуы, -
      лауазымды адамға айлық есептiк көрсеткiштiң төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. <*>
      2. Кастодиан-банктiң мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерiнiң мақсатты орналастырылуын бақылауды жүзеге асырмауы, - 
      кастодиан-банктiң лауазымды адамына айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      Ескерту. 172-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.03.13. N 394   Заңымен , 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       172-1-бап. Банктердi, сақтандыру (қайта сақтандыру)
                 ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын
                 таратуға байланысты талаптарды бұзу <*>

      1. Банктi, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, жинақтаушы зейнетақы қорын тарату комиссиясы төрағасының Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу жағдайларын жою туралы жазбаша нұсқамаларды уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген мерзiмде орындамауы, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Тарату комиссиясы төрағасының тарату комиссиясының қызметiне уәкiлеттi мемлекеттiк органның тексеру жүргiзуiнен жалтаруы не оны жүргiзуге кедергi келтiруi, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Тарату комиссиясы төрағасының уәкiлеттi мемлекеттiк органға Қазақстан Республикасының банк, сақтандыру заңдарында және Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарында белгiленген есептiлiк пен қосымша ақпаратты әлденеше рет (қатарынан күнтiзбелiк алты ай iшiнде екi және одан да көп рет) уақтылы табыс етпеуi, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      ЕСКЕРТУ. 172-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483  Заңымен  (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді).

       173-бап. Сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы
               заңдарда белгiленген талаптарды бұзу

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уәкiлеттi мемлекеттiк органға есеп-қисапты не сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңдарға сәйкес уәкiлеттi мемлекеттiк орган сұратқан өзге де ақпаратты дер кезiнде табыс етпеуi, табыс етпеуi не анық емес етiп табыс етуi, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. <*>
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокерiнiң сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңдарды бұзушылықты жою туралы жазбаша нұсқаманы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген мерзiмде орындамауы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының оны тiркеу үшiн бiрлескен қызмет туралы шартты уәкiлеттi мемлекеттiк органға табыс етпеуi не дер кезiнде табыс етпеуi, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң төрт жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген пруденциялық нормативтердi және (немесе) басқа да сақталуы мiндеттi нормалар мен лимиттердi әлденеше рет (үзiлiссiз күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi рет және одан да көп) бұзуы, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерiнiң, сақтандыру агентiнiң мәмiлелер мен операцияларды сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңдарды бұза отырып жүзеге асыруы, -
      мәмiле сомасының оннан бiр процентiне дейiнгi не операциялар бойынша алынған табыстың жүз процентiне дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      5. Сақтандыру ұйымының, сақтандыру брокерiнiң сақтанушы жағдайын сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңдардың талаптарымен салыстырғанда нашарлататын жағдайда мiндеттi сақтандыру шартын жасауы және ол бойынша мiндеттемелердi орындауы, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. <*>
      6. Сақтандыру ұйымының сақтанушыларды заңдарда белгiленген тәртiппен өзiнiң тұрақты жұмыс iстейтiн органының, оқшауландырылған құрылымының орналасқан орнының өзгеруi немесе атауының өзгеруi туралы дер кезiнде хабардар етпеуi, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңдарда белгiленген сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына тиiсiнше құжаттау, құжаттарды сақтау, лицензиялардың көшiрмесiн орналастыру жөнiндегi талаптарды бұзуы, сондай-ақ сақтандыру ұйымының, сақтандыру брокерi мен сақтандыру агентiнiң сақтандыру құжаттамасы бланкiлерiн есепке алудың және сақтаудың, қолма-қол ақшамен жұмыс iстеудiң заңдарда белгiленген ережелерiн бұзуы, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерiнiң, сондай-ақ оларға қатысушылардың (құрылтайшылардың), сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғаларының уәкiлеттi мемлекеттiк органға мәлiметтердi дер кезiнде табыс етпеуi немесе дұрыс емес мәлiметтердi табыс етуi, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      9. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерiнiң жарияланған күнгi шындыққа сәйкес келмейтiн жарнаманы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлауы немесе жариялауы, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерiнiң бухгалтерлiк есептi бухгалтерлiк есептiң белгiленген стандарттары мен әдiстерiн (принциптерiн) бұза отырып жүргiзуi, - 
      лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға есепке дұрыс алынбаған соманың бес процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      11. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының есептiлiк көрсеткiштерiнiң не пруденциялық нормативтердiң және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердiң сақталуы туралы мәлiметтердiң бұрмалануына әкеп соққан есеп-қисап жасауы, - 
      лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      12. Сақтандыру брокерiнiң сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілетсiздiгiнiң өзiне белгiлi болған фактiлерi туралы уәкiлеттi мемлекеттiк органға хабарламауы, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      13. Актуарийдiң сақтандыру резервтерiн қалыптастыру жөнiндегi заң талаптарын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтамауы жөнiнде өздерi анықтаған фактiлерi туралы уәкiлеттi мемлекеттiк органға хабарламауы, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      14. Аудиторлық ұйымның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына аудит жүргiзу нәтижесiнде өздерi анықтаған заң бұзушылықтар туралы уәкiлеттi мемлекеттiк органға хабарламауы, - 
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      15. Міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру ұйымы мәжбүрлеп таратылған кезде сақтанушыларға (сақтандырылған адамдарға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін қорға міндетті немесе төтенше жарналарды төлемеу, уақтылы төлемеу не толық көлемде төлемеу, -
      лауазымды адамға - елу, заңды тұлғаға екі жүз елу айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады. <*>
      16. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржы есептілігін және өзге де мәліметтерді Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау міндеттілігі туралы талаптарды бұзуы -
      жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады. <*>
       ЕСКЕРТУ. 173-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 маусымдағы N 424  Заңымен , өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  За
ңымен  (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       174-бап. Сақтандыру органдарының сақтандыру шарттарын
               жасасумен және орындаумен байланысты
               талаптарды бұзуы

      1. Сақтандыру полистерiн немесе сақтандырумен байланысты өзге де құжаттарды, не аударылған құжаттардың есепке алынбаған бланкiлерiн заңсыз өткiзудi жүзеге асыру, - 
      лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Сақтандыру төлемдерiн дер кезiнде жүзеге асырмау немесе сақтандыру туралы жасалған шарттың өзге де талаптарын дұрыс орындамау, - 
      заңды тұлғаға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      3. Сақтандыру шартын орындау үшiн клиент табыс еткен құжаттарды жоғалту, - 
      заңды тұлғаға әрбiр жоғалған құжат үшiн айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

  175-бап. Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңдарын бұзу

      1. Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген міндетті сақтандыру шартын жасасудан сақтандыру ұйымының жалтаруы, -
      лауазымды адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаға бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Міндетті сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заң актісіне сәйкес міндетті сақтандыру шартын жасасуға міндетті тұлғаның міндетті сақтандыру шартын жасасудан жалтаруы, -
      азаматтарға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, жеке кәсіпкерлерге, жекеше нотариустарға және лауазымды адамдарға - жүзге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      ЕСКЕРТУ. 175-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 маусымдағы N 428  Заңымен .

       176-бап. Кредиттi заңсыз алу не мақсатсыз пайдалану

      1. Жеке кәсiпкердiң немесе ұйымның лауазымды адамының банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға жеке кәсiпкердiң немесе ұйымның шаруашылық жағдайы, қаржылық жай-күйi немесе кепiлге салатын мүлкi туралы немесе кредит, кредит берудiң жеңiлдетiлген шарттарын алу үшiн елеулi маңызы бар өзге де мән-жайлар туралы көрiнеу жалған мәлiметтер табыс етуi арқылы кредит не кредит берудiң жеңiлдетiлген шарттарын алуы, сол сияқты кредит берудi доғаруға, жеңiлдiктердi алып тастауға не бөлiнген кредит мөлшерлерiн шектеуге алып келуi мүмкiн мән-жайлардың пайда болуы туралы ақпаратты банкке немесе өзге де кредит берушiге хабарламауы, егер бұл әрекеттер iрi залал келтiрмесе, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Мемлекеттiк нысаналы кредиттi не мемлекет кепiлдiгiмен берiлген кредиттi тiкелей арналған мақсатқа пайдаланбау, егер бұл әрекет азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi залал келтiрмесе, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       177-бап. Бюджет қаражатын дер кезiнде есептемеу немесе
               мақсатсыз пайдалану

      1. Мемлекеттiк бюджет кiрiсiне түскен қаражаттың немесе мемлекеттiк бюджеттен тиiстi банктiң немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның алушыларының шотына аударылған қаражаттың дер кезiнде есептелмеуi, - 
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Мемлекеттiк бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану және (немесе) бұл қаражатты бекiтiлген сметадан артық жұмсау туралы мiндеттемелер қабылдау, - 
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, - 
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       178-бап. Лауазымды адамның бухгалтерлiк есеп туралы
               заңдарды бұзуы

      1. Уәкілеттi лауазымды адамның бухгалтерлiк есеп жүргiзуден жалтаруы не бухгалтерлiк есептiң бекiтiлген стандарттарын және ұйымның қаржы-шаруашылық қызметiнiң бухгалтерлiк есебi шоттарының Бас жоспарын сақтамауы түрiнде, iрi залал келтiрмей, бухгалтерлiк есеп туралы заңдарды бұзуы, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Бұрмаланған қаржы есеп-қисабын жасау, бухгалтерлiк есепте көрсетiлуге тиiстi деректердi iрi залал келтiрмей жасыру, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      3. Қаржы және өзге де есеп құжаттарын iрi залал келтiрмей жойып жiберу, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       179-бап. Заңды тұлғаның бухгалтерлiк есеп туралы
               заңдарды бұзуы

      1. Заңды тұлғаның бухгалтерлiк есеп жүргiзуден жалтару немесе бухгалтерлiк есептiң бекiтiлген стандарттарын және ұйымның қаржы-шаруашылық қызметiнiң бухгалтерлiк есебi шоттарының Бас жоспарын сақтамауы түрiнде бухгалтерлiк есеп туралы заңдарды бұзуы, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, - 
      заңды тұлғаға айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Құрылтай құжаттарына сәйкес шаруашылық субъектiлерiнiң меншiк иелерiне, тiркеу орны бойынша мемлекеттiк статистика органдарына, бақылау және қадағалау органдарына олардың құзыретiне сәйкес қаржы есеп-қисабын табыс етуден бас тарту, белгiленген мерзiмдi бұза отырып табыс ету не оны дәлелдi себепсiз табыс етпеу, - 
      заңды тұлғаға айлық есептiк көрсеткiштiң үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Заңды тұлғалардың валюта операцияларын бухгалтерлiк есепте олардың нәтижелерiн тиiсiнше көрсетпей жүргiзуi, -
      есепке алынбаған соманың жүз процентiне дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Заңды тұлғалардың есепке алу мен есеп-қисаптың белгiленген нысандары тәртiбiн бұза отырып валюта операцияларының бухгалтерлiк есебiн жүргiзуi, -
      тиiстi дәрежеде есепке алынбаған соманың жүз процентiне дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

       180-бап. Валюта операциялары бойынша есеп-қисап табыс
               ету ережелерiн бұзу

      Азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының валюта заңдарына сәйкес талап етiлетiн валюта операциялары бойынша есеп-қисапты табыс етпеуi, дер кезiнде табыс етпеуi немесе дұрыс емес есеп-қисапты табыс етуi, - 
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       181-бап. Анықтама-сертификатты дұрыс жазбау

      Уәкiлеттi банктiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын уәкiлеттi ұйымның айырбастау пунктiнiң бухгалтерлiк құжаттарда осы операцияны жазып көрсетпей шетел валютасын қолма-қол сатып алу (сату) туралы анықтама-сертификатты жазып беруi, -
      заңды тұлғаға анықтама-сертификат жазылған соманың жүз процентiне дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

       182-бап. Валюта құндылықтарын пайдаланумен байланысты
               операциялар жасауға лицензия алу үшiн құжаттар
               беру мерзiмiн бұзу

      Азаматтар мен заңды тұлғалардың валюта құндылықтарын пайдалануға байланысты операциялар жасауға лицензия алу үшiн құжаттар беру мерзiмiн бұзуы, -
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       183-бап. Аудитордың немесе өзге адамның бухгалтерлiк
              есеп туралы заңдардың бұзылу фактiсiн аудит
              жүргiзуге тапсырыс берушiлерден жасыруы

      Аудитордың немесе есептiк-бухгалтерлiк ақпаратқа қол жеткiзе алатын өзге адамның заңдардың және бухгалтерлiк есептi жүргiзуде немесе тексеру жүргiзу кезiнде анықталған қаржылық есеп-қисап жасауға қойылатын белгiленген талаптардың бұзылу фактiсiн аудит жүргiзуге тапсырыс берушiден жасыруы, -
      аудиторлық қызметпен айналысу құқығына лицензиядан айыра отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       184-бап. Аудитордың (аудиторлық ұйымның) дұрыс емес
               қорытынды жасауы

      Аудитордың (аудиторлық ұйымның) көрiнеу дұрыс емес аудиторлық қорытынды жасауы, -
      аудиторлық қызметпен айналысу құқығына лицензиядан айыра отырып, аудиторға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, аудиторлық ұйымға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       185-бап. Аудиторға (аудиторлық ұйымға) дұрыс емес
              ақпарат табыс ету

      Аудиторға (аудиторлық ұйымға) тексерiлiп жатқан адамның аудит жүргiзiлу барысында дұрыс емес аудиторлық қорытынды жасауға әкеп соғатын дұрыс емес немесе толық емес ақпарат табыс етуi, -
      лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       186-бап. Мiндеттi аудит өткiзуден жалтару

      Мiндеттi аудит өткiзуден жалтару не оны жүргiзуге кедергi келтiру, -
      ұйым басшысына - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       187-бап. Ұлттық және шетелдiк валюта түрiндегi қаражатты
               шетелден қайтармау, сол сияқты импорттық
               мәмiлелер бойынша алынатын тауарды алмау не
               ақшаны қайтармау

       1. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының уәкiлеттi банктерiнiң шоттарына мiндеттi аударуға жататын ұлттық және шетелдiк валюта түрiндегi қаражатты шетелден қайтармау, қылмыстық жазалау әрекетiнiң белгiлерi болмаған жағдайда, -
      азаматтар мен лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - екi жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Валюта заңдарында белгiленген мерзiмде импорттық мәмiлелер бойынша оған төленген ақша сомасына баламалы тауарды алмау не ақшаны қайтармау, -
      лауазымды адамға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - екi жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
       Ескерту. 187-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының
2003.12.05. N 506  Заңымен .

       188-бап. Валюта заңдарының нормаларын бұза отырып,
               валюталық операциялар жүргiзу

      Қазақстан Республикасының валюта заңдарының нормаларын бұзатын валюталық операциялар жүргiзу, -
      азаматтарға және заңды тұлғаларға белгiленген тәртiптi бұза отырып жүргiзген операция сомасының жүз процентiне дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

       189-бап. Шетелдiк банктерде және өзге де қаржы
               институттарында Қазақстан Республикасы Ұлттық
               Банкiнiң лицензиясынсыз шоттар ашу

      Резиденттердiң шетелдiк банктерде және өздерiн тiркеген мемлекеттердiң заңдары бойынша тиiстi құқыққа ие өзге де қаржы институттарында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясынсыз шоттар ашуы, -
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       190-бап. Бағалы қағаздармен мәмiле жасалған кезде
               қызметтiк ақпаратты заңсыз пайдалану

      Қызметтiк пайдалануға арналған ақпаратқа қол жеткiзе алатын және бағалы қағаздар рыногының басқа субъектiлерi қол жеткiзе алмайтын ақпаратты пайдалана отырып бағалы қағаздармен операцияларды жүзеге асыратын адамдардың жеке өзi үшiн пайда алу мақсатындағы iс-әрекеттерi, сол сияқты қызметтiк пайдалануға арналған ақпаратты басқа адамдардың пайда алуы үшiн оларға табыс етуi, егер олар iрi залал келтiрмесе, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       191-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк
              тiркеуге арналған құжаттарды табыс ету мерзiмiн
              бұзу <*>

      Эмитенттiң Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеуге арналған құжаттарды табыс ету мерзiмiн бұзуы - 
      эмитенттiң лауазымды адамына айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
       Ескерту. 191-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416   Заңымен , өзгеріс енгізілді - 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       192-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы қызметтiң жосықсыз
               жарнамасы

      Бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiне жарнаманы жариялау кезiнде дұрыс емес мәлiметтер табыс ету және тарату жолымен жасалған бағалы қағаздар рыногындағы қызметтiң жосықсыз жарнамасы,- 
      жарнама берушiге айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
       Ескерту. 192-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       193-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы уәкiлеттi органға
               дұрыс емес мәлiметтер табыс ету

      1. Бағалы қағаздар рыногы субъектiсiнiң эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеу үшiн уәкiлеттi органға мәлiметтер табыс етпеуi не дұрыс емес мәлiметтер табыс етуi, эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептi бекiтуi, бағалы қағаздар рыногында қызметiн жүзеге асыруға лицензияны (рұқсатты), өзiнiң қызметi туралы есептiлiктi алуы, сол сияқты уәкiлеттi органның ұйғарымын орындамауы - 
      заңды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Бағалы қағаздар рыногы субъектiсiнiң уәкiлеттi органға бағалы қағаздармен операциялар туралы көрiнеу жалған, қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi жоқ, мәлiметтердi табыс етуi, -
      заңды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң елуден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
       Ескерту. 193-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416   Заңымен , 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       194-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылар құқықтарының
              бұзылуы  

      1. Акционерлiк қоғамның лауазымды адамдарының акционерлiк қоғам iстерiн акционерлердiң басқару құқықтарын, табыс бөлiгiн бөлу (дивидендтер төлеу) тәртiбiн, қоғамның қызметi туралы ақпарат алу құқықтарын бұзуы, сондай-ақ акционерлердiң жалпы жиналысын шақыру мен өткiзудiң заңдарда белгiленген тәртiбiн бұзуы, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Эмитенттiң лауазымды адамдарының облигациялар бойынша сыйақы төлеудiң және (немесе) оларды өтеудiң заңдарда белгiленген тәртiбiн бұзуы, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
       Ескерту. 194-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       195-бап. Бағалы қағаздармен мәмiлелер жасау тәртiбiн
               бұзу

      Бағалы қағаздармен мәмiлелер жасаудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiбiн бұзу, -
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - қырықтан үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       196-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмiн және
               бағалы қағаздар бойынша шоттар жүргiзу
               тәртiбiн бұзу

      Бағалы қағаздар рыногы кәсiби қатысушысының бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмiн және бағалы қағаздар бойынша шоттарды (жеке шоттарды, "депо" шоттарын) жүргiзу, бағалы қағаздармен мәмiлелердi тiркеу тәртiбiн бұзуы, сол сияқты бағалы қағаздарға, қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi жоқ, меншiк құқығы мен өзге де құқықтарды растау тәртiбiн бұзуы, - 
      заңды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
       Ескерту. 196-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416   Заңымен , 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       197-бап. Бағалы қағаздарды орналастыру және өтеу
               қорытындылары туралы есеп-қисапты табыс ету
               мерзiмiн бұзу

      Эмитенттiң бағалы қағаздарды орналастыру және өтеу
қорытындылары туралы есеп-қисапты табыс етудiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мерзiмiн бұзуы, - 
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
       Ескерту. 197-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416   Заңымен , 2003.12.05. N 506  Заңымен .  

       197-1-бап. Бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушының
                 және бағалы қағаздармен сауда
                 ұйымдастырушының олардың қызметiне заңдарда
                 белгiленген талаптарды бұзуы

       Бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушының және бағалы қағаздармен сауда ұйымдастырушының олардың қызметiне заңдарда белгiленген талаптарды әлденеше рет (қатарынан күнтiзбелiк айлар iшiнде екi және одан да көп) бұзуы, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 197-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       198-бап. Бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушының
               есеп-қисаптарды табыс ету мерзiмiн бұзуы

      Бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушының бағалы қағаздар рыногындағы уәкiлеттi органға өз қызметi туралы есеп-қисаптарды табыс етудiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мерзiмiн бұзуы, - 
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       199-бап. Эмитенттiң өз қызметi туралы толық емес немесе
               дұрыс емес ақпаратты жариялауы

      Эмитенттiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жариялануға тиiс бағалы қағаздар рыногындағы қызмет туралы толық емес немесе дұрыс емес ақпаратты баспа басылымдарында жариялауы, - 
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       200-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы ақпаратты ашу
               жөнiндегi мiндеттi бұзу

      Бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртiппен және жағдайларда ақпаратты ашу жөнiндегi мiндеттi орындамауы, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       201-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы
              активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге
              асыратын ұйымдардың   бағалы қағаздар рыногы
              туралы заңдарды бұзуы

      Жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшылардың (алушылардың) жеке шоттарындағы зейнетақы жиналымдарын есепке алу тәртiбiн бұзуы, сондай-ақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың кастодиан-банктермен және жинақтаушы зейнетақы қорларымен өзара қарым-қатынастардың бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарда белгiленген тәртiбiн iрi залал келтiрмей бұзуы, - 
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. <*>
      Ескерту. 201-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.03.13. N 394   Заңымен .

       202-бап. Бағалы қағаздар туралы ақпаратқа құқықтарды
               бұзу

      Бағалы қағаздар туралы коммерциялық құпия болып табылмайтын ақпаратты жасыру, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң оны алуына кедергi келтiру, егер бұл әрекет iрi залал келтiруге әкеп соқпаса, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       203-бап. Төлемдер жүргiзу бойынша Қазақстан
               Республикасының заң актiлерiнде белгiленген
               шектеулердi бұзу

      Заңды тұлғалардың азаматтық-құқықтық мәмiле бойынша басқа заңды тұлғаның пайдасына төрт мың айлық есептiк көрсеткiштен астам сомада қолма-қол тәртiппен төлемдi жүзеге асыруы, -
      төлемдi жүзеге асырушы заңды тұлғаға төлем сомасының бес процентiне дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

       204-бап. Мемлекеттiк мекеменiң және оралымды басқару
               құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның
               (қазыналық кәсiпорынның) лауазымды
               адамдарының мемлекеттiк бюджет қаражаты
               есебiнен ақшалай мiндеттемелердi қабылдау
               жөнiндегi заңсыз әрекеттерi

      1. Мемлекеттiк мекеменiң немесе оралымды басқару құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның (қазыналық кәсiпорынның) лауазымды адамдарының мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ақшалай мiндеттемелердi азаматтық-құқықтық мәмiлелердi заңдарда белгiленген тiркеусiз және (немесе) уәкiлеттi орган бекiткен сметалар сомасынан тыс қабылдау жөнiндегi, мемлекеттiк мекеменiң немесе оралымды басқару құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның (қазыналық кәсiпорынның) мiндеттемелерi бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе тиiстi жергiлiктi атқарушы органның жауаптылығына әкеп соққан заңсыз әрекеттерi, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

  16-тарау. САЛЫҚ САЛУ САЛАСЫНДАҒЫ ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ

       205-бап. Салық органында салық есебiне қою
               мерзiмiнiң бұзылуы

      1. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайды қоспағанда, салық органында тiркеу есебiне қою туралы өтiнiш берудiң Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген мерзiмiн бұзу, - 
      жеке адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Салық органында тiркеу есебiне қою туралы өтiнiш берудiң Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген мерзiмiн тоқсан күннен астам уақыт бұзу, - 
      жеке адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - оннан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға қырықтан жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      3. Салық төлеушiнiң қосылған құн салығын төлеушi ретiнде есепке қою туралы өтiнiш берудiң Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген мерзiмiн бұзуы, - 
      лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлерге және заңды тұлғаларға есепке тұрмаған әр айы үшiн салық салынатын айналым сомасының елу процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      4. Салық төлеушiнiң кәсiпкерлiк қызметтiң салық заңдарында белгiленген жекелеген түрлерiн жүзеге асырудың басталуын тiркеу есебiнiң орны бойынша салық органдарында тiркеудiң Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген мерзiмiн бұзуы, - 
      жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      5. Осы баптың төртiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер, - 
      жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      Ескерту. Осы тарауда пайдаланылатын салық заңдарының ұғымы мен терминдерi Қазақстан Республикасының салық заңдарында олар пайдаланылатын мағынада ғана қолданылады.

       205-1-бап. Арнаулы салық салу режимiн қолданған кезде
                  қызметтi заңсыз жүзеге асыру

       Арнаулы салық салу режимiн қолданған кезде қызметтi Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде осы режим үшiн көзделген шарттарды бұза отырып жүзеге асыру, -
      жеке тұлғаларға және жеке кәсiпкерлерге айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмада қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - қырықтан алпысқа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.<*>
      Ескерту. 205-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N  506 , өзгеріс енгізілді - 2004.12.13.  N 11  (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен. 

       206-бап. Салық есеп-қисабын, сондай-ақ салық төлеушiнiң
               мониторингiн жүргiзу үшiн қажеттi құжаттарды
               табыс етпеу

      1. Салық төлеушiнiң, осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген мерзiмде салық органына салық есептiлiгін табыс етпеуi, -
      жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға - қырықтан елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - алпыстан сексенге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Салық төлеушiнiң салық есептiлiгiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген табыс ету мерзiмiнен тоқсан күн өткенше мұндай салық есептiлiгiн салық органына табыс етпеуi, -
      жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға - елуден жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - сексеннен бiр жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Салық төлеушiлердiң мониторингiн жүргiзу үшiн қажеттi құжаттарды (оның iшiнде электронды түрдегi), сондай-ақ электронды мониторинг бойынша салық есептiлiгiн салық төлеушiнiң уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген мерзiмде табыс етпеуi не оны табыс етуден бас тартуы, -
      жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.<*>
      4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол әрекеттер, - 
      лауазымды адамдарға және жеке кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға бес жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
       Ескерту. 206-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N  506 , өзгеріс енгізілді - 2004.12.13.  N 11  (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.   

       207-бап. Салық салу объектiлерiн жасыру

      1. Салық төлеушiнiң салық салу объектiлерiн жасыруы, - 
      жеке адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлерге және заңды тұлғаларға жасырылған салық салу объектiлерi бойынша төленуге жататын салық және басқа да мiндеттi төлемдер сомасының жүз елу процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. <*>
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде жасалған нақ сол әрекеттер, - 
      жеке адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - елуден жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлерге және заңды тұлғаларға жасырылған салық салу объектiлерi бойынша төленуге жататын салық және басқа да мiндеттi төлемдер сомасының екi жүз процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. <*>
       Ескерту. 207-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының - 2004.12.13.  N 11  (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен. 

       208-бап. Кiрiстердi, шығыстарды және салық салу
               объектiлерiн есепке алу ережелерiн бұзу

      1. Салық төлеушiде кiрiстер, шығыстар және салық салу объектiлерi есебiнiң болмауы немесе осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, оның Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiптi бұза отырып жүргiзiлуi, - 
      лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлерге және заңды тұлғаларға есепке алынбаған тауарлар (жұмыстар, көрсетiлген қызметтер) құнының он процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде жасалған нақ сол әрекеттер, - 
      лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлерге және заңды тұлғаларға есепке алынбаған тауарлар (жұмыстар, көрсетiлген қызметтер) құнының жиырма процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      3. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлген қызметтердi) есепке алу және сату жөнiндегi операциялардың есеп құжаттамасында көрсетiлмеуi, - 
      жеке кәсiпкерлерге және заңды тұлғаларға есепке алынбаған тауарлар (жұмыстар, көрсетiлген қызметтер) құнының он процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      Ескерту. Бухгалтерлiк есептiң бастапқы құжаттарының және (немесе) шот-фактураларының, және (немесе) тiркелiмдерiнiң болмауы, бухгалтерлiк есептерде және қаржы есеп-қисабында салық төлеушiнiң активтерi мен мiндеттемелерiнiң дер кезiнде немесе дұрыс көрсетiлмеуi осы баптың мақсаты үшiн кiрiстердi, шығыстарды және салық салу объектiлерiн есепке алу ережелерiн бұзу деп түсiнiледi.
      

       208-1-бап. Салық және бюджетке төленетiн басқа да
                мiндеттi төлемдердiң есептелген (үстеп
                есептелген) сомасын төлеуден жалтару

       Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген берешектi төлеу мерзiмiнен тоқсан күннен асқан берешегi болған жағдайда, салық төлеушiнiң касса не үшiншi тұлғалардың банк шоты арқылы өзара есеп айырысуды жүзеге асыруы арқылы салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң есептелген (үстеп есептелген) сомасын төлеуден жалтару, егер бұл әрекетте қылмыстық жаза қолданатын әрекет белгiлерi болмаса, -
      жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғаларға - жүргiзiлген есеп айырысу сомасының елу процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 208-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .  

       209-бап. Салықтың және бюджетке төленетiн басқа да
               мiндеттi төлемдердiң сомасын кемiтiп көрсету

      1. Салықтың және басқа да мiндеттi төлемдердiң сомасын декларацияда кемiтiп көрсету, - 
      жеке адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - қырықтан елуге дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлерге және заңды тұлғаларға салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң үстеп есептелген
сомасының елу процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Корпоративтiк табыс салығын немесе жеке табыс салығын салу мақсатын көздеп, шеккен залал сомасын декларацияда өсiрiп көрсету, - 
      жеке кәсiпкерлерге және заңды тұлғаларға декларацияда өсiрiп көрсетiлген залал сомасынан есептелген корпоративтiк табыс салығы немесе жеке табыс салығы сомасының елу процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      3. Салық төлеушiнiң бюджетке төленетiн ағымдағы төлемдер сомасын кемiтiп көрсетуi, - 
      жеке кәсiпкерлерге және заңды тұлғаларға ағымдағы төлемдердiң кемiтiп көрсетiлген сомасының елу процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      4. Салық кезеңi үшiн iс жүзiнде есептелген корпорациялық  табыс салығы немесе жеке табыс салығы сомасының салық кезеңi iшiнде 
төленген аванстық төлемдер сомасынан он процент мөлшерде асып түсуi - ic жүзiндегi салықтың асып түскен сомасының жетпiс процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. <*>
      5. (алып тасталды)
      6. Бюджетпен патент негiзiнде есеп айырысуды жүргiзетiн ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi-заңды тұлғаның патент құнының есебiне кiретiн салық сомасын кемiтiп көрсетуi, -
      патент құнының есебi кезiнде азайтылмай, кемiтiп көрсетiлген салық сомасының елу процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.<*>
       Ескерту.  
      Осы баптың бiрiншi бөлiгiндегi мақсаттар үшiн қосымша құнға салынатын салық бойынша салық мөлшерiн декларацияда кемiтiп көрсету де есепке жатқызылған, қосымша құнға салынатын салық сомасын өсiрiп көрсетудi бiлдiредi. 
      Екiншi бөлiкте көзделген әкiмшiлiк жазаны қолдану кезiнде осы баптың мақсаттары үшiн өсiрiп көрсетiлген залал сомасынан есептеп шығарылған салық корпоративтiк табыс салығының ставкалары бойынша немесе жеке табыс салығының ең жоғары ставкалары бойынша айқындалатын болады. <*>
       Ескерту. 209-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500  Заңымен . (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді, 2-бапты қараңыз)
       Ескерту. 209-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N  506  Заңымен. 

       210-бап. Салық агентiнiң және өзге де уәкiлеттi
               органдардың (ұйымдардың) салықты және бюджетке
               төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi ұстап
               қалу және (немесе) аудару жөнiндегi
               мiндеттердi орындамауы

      1. Салық агенттерiнiң және өзге де уәкiлеттi органдардың (ұйымдардың) салық заңдарына сәйкес ұсталып қалуға және бюджетке аударылуға тиiстi салық және басқа да мiндеттi төлемдер сомасын ұстап қалмауы немесе толық ұстап қалмауы, - 
      жеке кәсiпкерлерге, лауазымды адамдарға және заңды тұлғаларға салықтың және басқа да мiндеттi төлемдердiң аударылмаған сомасының елу процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. <*> 
      2. Салық агенттерiнiң және салық заңдарында белгiленген өзге де уәкiлеттi органдардың (ұйымдардың) салық заңдарына сәйкес бюджетке аударылуға салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң ұсталып қалған сомасын аудармауы немесе толық аудармауы, - 
      жеке кәсiпкерлерге, лауазымды тұлғаларға және заңды тұлғаларға салықтың және басқа да мiндеттi төлемдердiң ұстап қалмаған сомасының елу процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. <*>
       Ескерту. 210-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .  

       211-бап. Жалған шот-фактура жазып беру

      Салық төлеушiнiң жалған шот-фактура жазып беруi, - 
      жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға шот-фактураға енгiзiлген, қосымша құн салығы сомасының екi жүз процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
       Ескерту.  Қосылған құн салығы бойынша есепте тұрмаған салық төлеушi, сол сияқты жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетудi, тауарлар жөнелтудi нақты жүргiзбеген тұлға жазған және қосылған құн салығы сомасын қамтитын шот-фактура жалған шот-фактура деп танылады. <*>
       Ескерту. 211-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       212-бап. Базар аумағына жiберу тәртiбiн бұзу

      1. Базар қызметкерлерiнiң адамдарды базар аумағында тауар сатуға, жұмыс iстеуге және қызмет көрсетуге Қазақстан Республикасы салық заңдарының талаптарын бұза отырып жiберуi, - 
      базар әкiмшiлiгiнiң лауазымды адамдарына айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол әрекеттер, - 
      базар әкiмшiлiгiнiң лауазымды адамдарына айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       213-бап. Акцизделетiн тауарларды әкелу, тасымалдау,
               өндiру, сақтау және өткiзу ережелерiн бұзу

      1. Акцизделетiн тауарларды әкелудiң, тасымалдаудың, өндiрудiң, сақтау мен өткiзудiң заңдарда белгiленген ережелерiн бұзу, - 
      акцизделетiн тауарлары тәркiлене отырып, жеке адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. <*>
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол әрекеттер, - 
      акцизделетiн тауарлары тәркiлене отырып, жеке адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға қырықтан жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - бес жүзден мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. <*>
       Ескерту. 213-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .  

       214-бап. Таңбалау тәртiбi мен ережелерiн бұзу

      Акцизделетiн тауарларды акциздiк маркалармен таңбалаудың заңдарда белгiленген тәртiбi мен ережелерiн бұзу, - 
      таңбалау тәртiбi мен ережелерi бұзылып таңбаланған тауарлары тәркiлене отырып, жеке адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. <*>
       Ескерту. 214-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500  Заңымен   (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді, 2 бапты қараңыз).

       215-бап. Фискалдық жады бар кассалық-бақылау
               машиналарын қолдану тәртiбiн бұзу

      1. Фискалдық жады бар кассалық-бақылау машиналарын қолданбай не жарамсыз, салық органдарында тiркелмеген кассалық-бақылау машиналарын қолдана отырып, не фискалдық емес режимдегi фискалдық жады бар кассалық-бақылау машиналарын қолдана отырып тауарларды сату немесе қызмет көрсету жолымен фискалдық жады бар кассалық-бақылау машиналарын қолдану тәртiбiн бұзу, - 
      жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Фискалдық жады бар кассалық-бақылау машиналарын қолданған кезде салық төлеушiнiң сатып алушыға кассалық чектi бермеуi не тауар, жұмыс (көрсетiлген қызмет) үшiн төленген сома азайтылып немесе көбейтiлiп көрсетiлген чектi беруi, - 
      жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiнгi бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, - 
      жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.       

       216-бап. Банктер және банк операцияларының жекелеген
               түрлерiн жүзеге асыратын басқа да ұйымдар,
               қор биржалары лауазымды адамдарының салық
               заңдарында көзделген мiндеттердi орындамауы 

      1. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын басқа да ұйымдар, қор биржалары лауазымды адамдарының салық заңдарында көзделген мiндеттердi: 
      салық төлеушiлердiң - заңды тұлғалардың (заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалардың) банк шоттарын ашқаны туралы салық қызметi органдарына хабарламау, салық төлеушiлердiң өздерiнiң банк шоттарынан салық сипатындағы мiндеттi төлемдер сомаларын, оларға салық органдары берген және оны есепке қою фактiсiн растайтын құжатты табыс етпей, республикалық және жергiлiктi бюджеттерге аударуға төлемдер тапсырмасын жүзеге асыру; 
      салық төлеушiлердiң өздерiнiң банк шоттарынан салық сипатындағы мiндеттi төлемдердiң Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген айыппұлдар мен өсiмпұлдар сомасын республикалық және жергiлiктi бюджеттерге аударуға (төлеуге) төлемдiк тапсырмаларды бiрiншi кезекте орындамау; 
      банкке немесе бюджет жүйесiнiң кассалық орындалуын жүзеге асыратын басқа ұйымға салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомасын салық төлеушiнiң банк шотынан ақшаны есептен шығару жөнiндегi операция жүргiзiлген күнi есептемеу (аудармау); 
      салық органдарының салық төлеушiлерден белгiленген мерзiмде енгiзiлмеген салықтар, айыппұлдар, өсiмпұлдар сомасын өндiрiп алу жөнiндегi инкассолық тапсырмаларын бiрiншi кезекте орындамау; 
      салық қызметi органдарының қызметкерлерiн банк шоттары бойынша, салық төлеушiлердiң - заңды тұлғалардың (заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалардың) осы шоттарда ақшасының бар-жоғы жөнiнде жасалған (жасалатын) операцияларды, сондай-ақ нақты жеке тұлғалардың операцияларын және шоттарда, салымдарда ақшасы бар-жоғын тексеруге жiберуден бас тарту немесе осы тексерулердi жүзеге асыруда өзгеше кедергi жасау; 
      салық органдарының заңды тұлғалардың банк шоттары бойынша барлық шығыс операцияларын тоқтата тұру жөнiндегi өкiмдерiн орындамау, салық заңдарын бұзушылықтың анықталған жағдайларын жою туралы талаптарды орындамау, салық қызметi органдарына және олардың лауазымды адамдарына бухгалтерлiк есеп-қисаптар мен баланстарды, есептер мен салықты және бюджетке төленетiн басқа да төлемдердi есептеумен және төлеумен, бағалар және тарифтер белгiлеумен және қолданумен байланысты басқа да құжаттарды тапсырмау немесе тапсырудан бас тарту; 
      салық органдарының сауал салулары бойынша белгiлi бiр кезеңде банк шоттары бойынша жасалған операциялар туралы, салық төлеушiлердiң осы шоттарда ақшасының бар-жоғы туралы мәлiметтердi табыс етпеу; 
      банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың, қор биржаларының лауазымды адамдарының салық қызметi органдарының сауал салулары бойынша салық төлеушiлердiң алдағы жыл iшiндегi қаржы операциялары туралы және уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан мен мерзiм бойынша есептелген сыйақы (мүдде) туралы мәлiметтердi табыс етпеу түрiнде орындамауы, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол әрекеттер, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       217-бап. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген
               түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың салық
               заңдарында белгiленген мiндеттердi орындамауы

      1. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың салық заңдарында белгiленген мiндеттердi: 
      салық төлеушiнiң (жеке тұлғалар - резидент еместерден басқа) банк шоттарын ашуы кезiнде оның тiркеу нөмiрiн есепке алмау; 
      салық төлеушiге - заңды тұлғаға немесе заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғаға банк шоттарының ашылғаны туралы салық органдарына үш жұмыс күнi iшiнде хабарламау; 
      клиенттер шоттары бойынша төлем құжаттарында (вексельдi қоспағанда) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн қоймай операциялар жүргiзу; <*>
      салық төлеушiлердiң - заңды тұлғалардың немесе заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалардың банк шоттары бойынша барлық шығыс операцияларын салық заңдарында көзделген жағдайларда салық органдарының шешiмi бойынша тоқтатпау; 
      банкке немесе бюджет жүйесiнiң кассалық орындалуын жүзеге асыратын басқа ұйымға салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомасын салық төлеушiнiң банк шотынан ақшаны есептен шығару жөнiндегi операция жасалған күнi есептемеу (аудармау); 
      салық заңдарында көзделген жағдайларда салық органдарының шешiмi бойынша тиiстi салықтарды сөзсiз аударуға қатысты нұсқауларды бiрiншi кезекте орындамау; 
      салық органдарының салықты және басқа да төлемдердi, өсiмпұлдар мен айыппұлдарды алу жөнiндегi инкассолық тапсырмаларын (өкiмдерiн) бiрiншi кезекте орындамау түрiнде жүзеге асырмауы, - 
      заңды тұлғаларға салық төлеушiлердiң банк шоттары бойынша жасалған шығыс операциялары сомасының бес процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың шартты банк салымы туралы шарттар бойынша орналастырылған салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң сомасын аудармауы немесе дер кезiнде аудармауы, - 
      заңды тұлғаларға шартты банк салымында орналастырылған, аударылмаған немесе дер кезiнде аударылмаған салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлем сомасының елу процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
       Ескерту. 217-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       218-бап. Банк операциялары туралы көрiнеу жалған
               мәлiметтер табыс ету 

      Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың заңды немесе жеке тұлғалардың банк шоттары бойынша операциялар туралы көрiнеу жалған мәлiметтер табыс етуi, сол сияқты осы банктiң iс жүзiндегi қаржылық жай-күйiмен көрiнеу қамтамасыз етiлмеген тапсырмалар, кепiлдiктер және өзге де мiндеттемелер беруi, егер бұл iс-әрекеттер жеке немесе заңды тұлғаға не мемлекетке iрi залал келтiрмесе, - 
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
       Ескерту.  Құқық бұзушылық жасалған кездегi бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен асатын сома - жеке тұлғаға келтiрiлген, екi мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен асатын сома заңды тұлғаға келтiрiлген залалдың iрi мөлшерi деп танылады. 

       219-бап. Салық қызметi органдары мен олардың лауазымды
               адамдарының заңды талаптарын орындамау

      1. Салық төлеушiнiң салық қызметi органдары мен олардың лауазымды адамдарының заңды талаптарын орындамауы, - 
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол әрекеттер, - 
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      3. Салық төлеушi кәсiпкерлiк қызмет үшiн пайдаланатын аумаққа немесе үй-жайға (тұрғын үй-жайдан басқа) салық тексеруiн жүргiзушi салық қызметi органы лауазымды адамының келiп кiруiне заңсыз кедергi келтiру, - 
      жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол әрекеттер, - 
      лауазымды адамдарға және жеке кәсiпкерлерге айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жетпiске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

  17-тарау. ӨНЕРКӘСIП, ЖЫЛУ, ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫН
ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ

       220-бап. Жарылғыш материалдарды, радиоактивтi және өзге
               де экологиялық жағынан қауiптi заттарды
               пайдалану ережелерiн бұзу 

      1. Жарылғыш материалдарды, пиротехникалық заттарды, радиоактивтi, бактериологиялық, химиялық және қадағалау органдарының бақылауындағы өнеркәсiп салалары мен объектiлердегi өзге де экологиялық қауiптi заттар мен қалдықтарды өндiру, сақтау, көму, жою, пайдалану, кәдеге асыру, тасымалдау немесе өзгедей айналысу ережелерiн бұзу, егер онда қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, - 
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Ядролық материалдарды, арнаулы ядролық емес материалдарды және ядролық қызметке қатысы бар қосарлы мақсаттағы бұйымдарды өндiрудiң, сақтаудың, көмудiң, пайдаланудың, кәдеге асырудың, тасымалдаудың немесе өзге де айналысудың белгiленген ережелерiн бұзу, - 
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       221-бап. Жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi
               ережелердi бұзу 

      Өнеркәсiп, тау-кен және құрылыс жұмыстары салаларында не төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитет органының және басқа да мемлекеттiк қадағалау органының бақылауындағы объектiлерде жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жөнiнде белгiленген ережелердi бұзу, егер бұл адам денсаулығына абайсыздықтан ауыр және орташа ауырлықта зиян келтiруге әкеп соқтырмаса, - 
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       222-бап. Ядролық және техникалық қауiпсiздiктiң
               белгiленген нормалары мен ережелерiн бұзу

      1. Атом энергиясын пайдалану кезiнде ядролық және техникалық қауiпсiздiктiң белгiленген нормалары мен ережелерiн бұзу; атом энергиясын пайдалану объектiлерiн орналастыру, осы объект жобасында көзделген барлық құрылыстарды iске қоспай тұрып атом энергиясын пайдалану объектiсiн iске қосуға қабылдаудың талаптарын сақтамау; атом энергиясын пайдалану жабдықтары мен объектiлерiн жеткiзу, монтаждау, сынақтан өткiзу, iске қосудың, сондай-ақ пайдаланудан алудың белгiленген талаптарын бұзу, егер бұл әрекеттер адам өлiмiне немесе қоршаған ортаны радиоактивтiк зақымдауға әкеп соқтырмаса, - 
      ескерту жасауға немесе лицензиясынан, атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметтiң белгiлi бiр түрiне арнайы рұқсаттан айыра отырып, азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Арнайы рұқсатсыз, лицензиясыз атом энергиясын пайдалану объектiлерiнде жұмыстар жүргiзу, сондай-ақ ядролық материалдармен және радиоактивтi заттармен айналысу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, - 
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       223-бап. Электр және жылу пайдаланатын қондырғыларды
               техникалық пайдалану мен қауiпсiз қызмет
               көрсету ережелерiн бұзу, сондай-ақ энергия
               тұтынудың белгiленген режимдерiн бұзу

      Авария қаупiне, қоршаған ортаның ластануына, өртке немесе қызмет көрсетушi адамның өмiрiне қауiптi жай-күйге әкеп соқтыратын, электр және жылу пайдаланатын қондырғыларды техникалық пайдалану мен қауiпсiз қызмет көрсетудiң белгiленген ережелерiн бұзу, не басқа да энергия тұтынушыларды шектеуге және одан ажыратуға әкеп соқтыратын энергия тұтынудың белгiленген режимiнiң бұзылуына жол беру, - 
      жеке кәсiпкерлер мен лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       224-бап. Электр желiлерiн бүлдiру

      Тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз етуде үзiлiс туғызған және залал келтiрген электр желiлерiн (әуе электр беру желiлерi, жер асты және су асты кабель желiлерi, трансформаторлық және өзгертушi қосалқы станциялар, бөлiп таратқыш құрылғылар мен ауыстырып қосқыш пункттер) бүлдiру, -
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң екiден онға дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлер мен лауазымды адамдарға - оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       225-бап. Жылу желiлерiн бүлдiру

      Жылу желiлерiн (құбырлар мен олардың конструкцияларын, арналарды, жылу камераларын, сорап станцияларын) бүлдiру, егер бұл әрекет адамдардың денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтiрудiң нақты қатерiне соқтырмаса, -
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң екiден онға дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлер мен лауазымды адамдарға - оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       225-1-бап. Электр желiлерi мен жылу желiлерiнiң күзет
                  аймақтарында жұмыстар жүргiзу

       Қарамағында электр және жылу желiлерi бар ұйымдардың келiсiмiнсiз электр және жылу желiлерiнiң күзет аймақтарында құрылыс, монтаж, жер қазу, тиеу-түсiру жұмыстарын, ұңғымалар мен шурфтарды салуға байланысты iздестiру жұмыстарын жүргiзу, алаңдарды, автомобиль көлiгiнiң тұрақтарын жайластыру, базарларды орналастыру, материалдарды қоймаға салу, қоршаулар мен дуалдар соғу, күйдiргiш коррозиялы заттар мен жанар-жағармай материалдарын шығарып тастау мен төгу, -
      азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң екiден онға дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлер мен лауазымды адамдарға - оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 225-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       226-бап. Газ пайдаланудың ережелерi мен нормаларын бұзу

      Газ шаруашылығы ұйымының рұқсатынсыз газ пайдалану қондырғыларына газ жiберу немесе газ тұтынудың белгiленген режимiн сақтамау, - 
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       227-бап. Газ пайдалану қондырғыларын газдың жұмсалуын
               есепке алмай пайдалану 

      Газ пайдалану қондырғыларын газдың жұмсалуын есепке алмай немесе газ қолдана отырып өндiрiлетiн жылу энергиясы мен өнiмдi есепке алмай пайдалану, не газ пайдалану қондырғысының жобасында көзделген газдың жану процестерiн автоматты түрде реттеу құралдарының немесе газдың ұтымды әрi тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз ететiн жылу-техникалық бақылау приборларының немесе жылуды пайдалануға жарататын жабдықтың болмауы (бұзылып қалуы), - 
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       228-бап. Резервтiк отын шаруашылығының дайындығын
               қамтамасыз етуге шаралар қолданбау 

      Газ тұтынушы ұйымдар үшiн көзделген резервтiк отын шаруашылығының жұмысқа дайындығын қамтамасыз ету шараларын қолданбау немесе газ пайдалану қондырғыларын резервке қойылған отын түрлерiмен жұмыс iстеуге дайын болмауы, - 
      ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       229-бап. Газ құбырлары мен олардың жабдықтарын бүлдiру

      1. Газ құбырлары мен олардың жабдықтарын бүлдiру немесе газ приборларын желiге өз бетiмен орнату, ауыстыру, iске қосу, сондай-ақ оларды пайдаланудың ережелерiн аварияға себеп болуы мүмкiн өзгедей бұзуы, - 
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң үштен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Газ құбырлары мен газ жабдықтарын пайдалану ережелерiнiң аварияға себеп болуы мүмкiн қайталап бұзылуы, -
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       230-бап. Құрылыс және жөндеу жұмыстарын жүргiзу
               кезiнде аумақтарды бүлдiру

      Тиiстi рұқсатсыз аулаларды, көшелер мен алаңдарды қазу, оларға құрылыс материалдарын үйiп тастау, қазылған жердi, сондай-ақ құрылыс алаңдарын құрылыс пен жөндеу аяқталғаннан кейiн тәртiпке келтiруге шаралар қолданбау, -
      ескерту жасауға немесе азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - он беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

  18-тарау. СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС ҚЫЗМЕТI САЛАСЫНДАҒЫ
  ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ

       231-бап. Сәулет-құрылыс қызметi саласында заңдар мен
               мемлекеттiк нормативтердiң талаптарын бұза
               отырып, жобалау алдындағы, iздестiру, жобалау,
               құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау, құрылыс
               материалдарын, бөлшектерi мен құрастырмаларын
               шығару мен қолдану

      1. Сәулет-құрылыс қызметi саласында заңдар мен мемлекеттiк нормативтердiң талаптарын бұза отырып, жобалау алдындағы, iздестiру, жобалау, құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау, құрылыс материалдарын, бөлшектерi мен құрастырмаларын қолдану, - 
      лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң он бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiнгi бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, - 
      қызметтiң тиiстi түрiне лицензиядан айыра отырып немесе онсыз, лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға бес жүзден жетi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       232-бап. Құрылыс-монтаж және жөндеу-қалпына келтiру
               жұмыстарын жүргiзу кезiнде бекiтiлген құрылыс
               нормаларының және жобалау құжаттарының
               талаптарын бұзу

      1. Құрылыс-монтаж және жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде ғимараттардың, құрылыстардың, олардың бөлiктерiнiң немесе жекелеген құрастырмалы элементтерiнiң пайдаланылу сапасын нашарлатуға, берiктiгiн, орнықтылығын төмендетуге әкеп соқтыратын бекiтiлген құрылыс нормаларының және жобалау құжаттарының талаптарын бұзу, - 
      лицензия күшiн тоқтата отырып немесе онсыз, лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң он бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Ғимараттардың, құрылыстардың, олардың бөлiктерiнiң немесе жекелеген құрастырмалы элементтерiнiң берiктiгiн, орнықтылығын жоғалтуға әкеп соқтыратын осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген iс-әрекеттердi жасау, - 
      қызметтiң тиiстi түрiне лицензиядан айырып, лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға бес жүзден сегiз жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       233-бап. Белгiленген тәртiпте бекiтiлмеген жобалау
               құжаттарынсыз объектiлердi тұрғызу және қайта
               жаңғырту кезiнде құрылыс, құрылыс-монтаж,
               жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу

      1. Белгiленген тәртiпте бекiтiлген жобалау құжаттарынсыз объектiлердi тұрғызу және қайта жаңғырту кезiнде құрылыс, құрылыс-монтаж, жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу, - 
      жүргiзiлiп жатқан жұмыстарын тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
      лицензиядан айырып не онсыз және жүргiзiлiп жатқан жұмыстарын тоқтата тұрып лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға бес жүзден сегiз жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       234-бап. Объектiлердi тұрғызу және қайта жаңғырту,
               құрылыс материалдарын, бұйымдар мен
               құрастырмалар дайындау бойынша құрылыс-монтаж,
               жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу
               кезiнде нормативтiк құжаттармен көзделген
               атқарушы техникалық құжаттамаларды ресiмдеу
               ережелерiн бұзу

      Объектiлердi тұрғызу және қайта жаңғырту, құрылыс материалдарын, бұйымдар мен құрастырмалар дайындау бойынша құрылыс-монтаж, жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде нормативтiк құжаттармен көзделген атқарушы техникалық құжаттамаларды ресiмдеу ережелерiн бұзу, -
      ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жетiге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       235-бап. Белгiленген тәртiпте сараптамадан өткiзiлмеген
               немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу құқығына
               рұқсатсыз объектiлер салу, қайта жаңғырту және
               күрделi жөндеу

      1. Заңдармен белгiленген тәртiпте мемлекеттiк сараптамадан өткiзiлмеген немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу құқығына рұқсатсыз объектiлер салу, қайта жаңғырту және күрделi жөндеу, - 
      лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң он бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға төрт жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
      қызметтiң белгiлi бiр түрiне лицензиядан айыра отырып немесе онсыз, лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға бес жүзден жетi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       236-бап. Объектiлер мен кешендердi пайдалануға берудiң
               белгiленген тәртiбiн бұзу

      Сәулет-құрылыс қызметi саласындағы мемлекеттiк нормативтер талаптарын бұза отырып, объектiлер мен кешендердi пайдалануға берудiң белгiленген тәртiбiн бұзу, -
      лауазымды адамдарға - мемлекеттiк қабылдау комиссиясының мүшелерiне - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       237-бап. Өз бетiмен құрылыс салу

      Белгiленген тәртiпте алынған лицензиясыз, рұқсатсыз өндiрiстiк, тұрғын-үй, шаруашылық, гидротехникалық (су шаруашылық) немесе тұрмыстық объектiлер құрылысын өз бетiмен салу, - 
      өз бетiмен тұрғызған немесе тұрғызылып жатқан құрылысын мәжбүрлеп құлата отырып немесе онсыз, азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - он бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       238-бап. Тұрғын үй-жайларды өз бетiмен қайта жабдықтау
               және қайта жоспарлау

      1. Тұрғын үйдегi адам тұратын және тұрмайтын үй-жайларды сәулет-құрылыс жобасынсыз, сәулет және қала құрылысы жөнiндегi уәкiлеттi органның рұқсатынсыз өз бетiмен қайта жабдықтау және қайта жоспарлау, - 
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - он бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүз елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Ғимарат берiктiгiнiң және орнықтылығының толық жойылуына (қирауына) әкеп соқтырған немесе әкеп соқтыруы мүмкiн нақ сол iс-әрекеттер, - 
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүз елуден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
       Ескертулер.  1. Ғимараттардың, құрылғылардың, құрылыстардың, олардың бөлiктерiнiң немесе жекелеген құрастырма элементтерi берiктiгiнiң, орнықтылығының, сенiмдiлiгiнiң кемiп кетуiне және жойылуына, тұрғызылатын объектiлердiң пайдалану сапасының нашарлауына, қоршаған ортаға керi әсер етуiне әкеп соғатын аумақтағы қала құрылысын салу кезiнде аумақты игеру, объектiлердi және кешендердi жобалау, салу, қайта жаңғырту, қалпына келтiру, жетiлдiру, күрделi жөндеу мен көркейту кезiнде мемлекеттiк стандарттардың, техникалық шарттардың, құрылыс нормалары мен ережелерiнiң, жобалардың, басқа да нормативтiк актiлердiң мiндеттi талаптарының сақталмауы, сондай-ақ объектiлер құрылысының және оларды пайдалануға қабылдаудың белгiленген ұйымдастыру-құқықтық тәртiбiн бұзатын iс-әрекеттер құрылыс саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық деп ұғынылады. 
      2. Ғимараттың және құрылыстың материалдарының, құрастырмаларының, бұйымдарының, олардың түйiскен тораптарының, негiзгi топырақ қабатының есептiк мәндегi салмақтың түсуiне және әсерлерге бүлiнбей төтеп беру қабiлетi берiктiлiк деп ұғынылады. 
      3. Ғимараттың, құрылыстың есептiк - әсерлер мен салмақтың түсу ықпалына орай орнықты тепе-теңдiк күйiн сақтап қалуы орнықтылық деп ұғынылады. 
      4. Ғимараттың, құрылыстың, оның инженерлiк жүйелерiнiң, салмақ көтерушi және бөлектеушi құрастырмаларының нормаланатын көрсеткiштер мәндерiмен айқындалған мiндеттердi атқару қабiлетi сенiмдiлiк деп ұғынылады. 
      5. Ғимараттар мен құрылыстар салуға, кеңейтуге, қайта жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, күрделi жөндеуге және жұмыстардың басқа да түрлерiне арналған жобалау алдындағы (құрылысқа инвестиция негiздемелерi, техникалық-экономикалық негiздемелер) және жобалау құжаттары (жоба, жұмыстық жоба және жобалардың басқа да түрлерi) бойынша жүргiзiлетiн жұмыстар жобалау жұмыстары деп ұғынылады. 

       239-бап. Белгiленген тәртiпте пайдалануға енгiзiлмеген
               объектiлер мен кешендердi пайдалану

      Құрылысы аяқталған, бiрақ белгiленген тәртiпте пайдалануға енгiзiлмеген объектiлердi, кешендердi немесе олардың жекелеген бөлiктерiн пайдалану (тұру, қызмет көрсету, кiрiстер алу мақсатында өнiмдер өндiру), -
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

  19-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ, ТАБИҒИ
РЕСУРСТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ ӘКIМШIЛIК
ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ

       240-бап. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi санитариялық-
               эпидемиологиялық және экологиялық талаптарды
               бұзу

       1. Қоршаған ортаны қорғау жөнiнде белгiленген стандарттарды, нормаларды, санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарды бұзу, -
      ескерту жасауға немесе азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Лауазымды адамдардың қоршаған ортаны қорғау жөнiнде белгiленген стандарттарды, нормаларды, санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарды арттыруға немесе төмендетуге нұсқау немесе рұқсат беруi, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
       Ескерту. 240-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       241-бап. Экологиялық ластану зардаптарын жою жөнiнде
               шаралар жүргiзуден жалтару

      Ластануға ұшыраған жерлерде залалсыздандыру немесе өзге де қалпына келтiру шараларын жүргiзу мiндетi жүктелген адамдардың осындай шараларды жүргiзуден жалтаруы немесе тиiсiнше жүргiзбеуi, егер бұл iс-әрекеттер адам немесе қоршаған орта үшiн ауыр зардаптарға әкеп соқтырмаса, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       242-бап. Ластаушы заттардың өндiрiстiк нормадан тыс
               тасталуы мен шығарылуы туралы хабарламау

      Қоршаған ортаны қорғауды және табиғат қорғау және санитариялық-эпидемиологиялық заңдарының орындалуын мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын органдарға ластаушы заттардың өндiрiстiк нормадан тыс тасталуы мен шығарылуы және қоршаған ортаға басқа да зиянды апаттық әсерi туралы хабарламау немесе бұрмаланған ақпарат беру, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. <*>
       Ескерту. 242-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       243-бап. Атмосфераға шығарындыларды, сарқынды суды
              ағызуды жол берiлетiн шектi нормативтерден
              асырып жiберу, не рұқсат алмай ластаушы
              заттарды шығару, сарқынды суды ағызу, өндiрiс
              қалдықтарын орналастыру және тұтыну <*>

       Шығарындыларды, ағындыны, зиянды физикалық әсердi жол берiлетiн шектi нормативтерден асырып жiберу, сондай-ақ осыған арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың рұқсатын алмай ластаушы заттарды атмосфераға шығару, сарқынды суды ағызу, өндiрiс қалдықтарын орналастыру және тұтыну, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
       Ескерту. 243-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       244-бап. Атмосфераға шығарылған қалдықтарды тазалауға
              арналған жабдықтарды пайдалану ережелерiн бұзу,
              сондай-ақ пайдаланбау

      Атмосфераға шығарылған қалдықтардан тазарту және оларды бақылау үшiн орнатылған құрылғыларды, жабдықтар мен аппаратураларды пайдалану ережелерiн бұзу, сондай-ақ пайдаланбау, -
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       245-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы мiндеттi
               түрде өткiзу туралы заңдар талаптарын орындамау

      Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы мiндеттi түрде өткiзу туралы заңдар талаптарын немесе мемлекеттiк экологиялық сараптаманың қорытындысында айтылған талаптарды орындамау, сол сияқты мемлекеттiк экологиялық сараптамадан өткiзiлмеген жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыру, -
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - оннан отызға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       246-бап. Шығарылған қалдықтарында ластаушы заттардың
               болуы нормативтерден асып кететiн көлiк және
               басқа да жылжымалы құралдарды пайдалануға
               шығару

      1. Шығарылған қалдықтарында ластаушы заттардың болуы, сондай-ақ олардың жұмыс iстеуi кезiнде туғызатын шуылдың деңгейi белгiленген нормативтерден асып кететiн автомобильдердi, ұшақтарды, кемелердi және басқа да жылжымалы құралдарды және қондырғыларды пайдалануға шығару, -
      лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. <*>
       Ескерту. 246-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       247-бап. Шығарылған қалдықтарында ластаушы заттардың
               болуы нормативтен асып кететiн
               автомотокөлiктер мен басқа да жылжымалы
               құралдарды пайдалану

      1. Шығарылған қалдықтарында ластаушы заттардың болуы, сондай-ақ олардың жұмыс iстеуi кезiнде туғызатын шуылдың деңгейi белгiленген нормативтерден асып кететiн автомотокөлiктердi және басқа да жылжымалы құралдар мен қондырғыларды азаматтардың пайдалануы, - 
      ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң екiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. <*>
       Ескерту. 247-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       248-бап. Атмосфералық ауаны қорғау жөнiндегi талаптарды
               сақтамай кәсiпорындарды пайдалануға беру

      Атмосфералық ауаны қорғау жөнiндегi талаптарды қанағаттандырмайтын жаңа және қайта жаңғыртылған кәсiпорындарды, ғимараттарды және басқа да объектiлердi пайдалануға беру, -
      лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       249-бап. Өндiрiстiк және тұрмыстық қалдықтарды жинау
               мен жағу кезiнде атмосфералық ауаны қорғау
               және өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарды
               сақтамау

      Өндiрiстiк және тұрмыстық қалдықтарды жинау ережелерiн бұзу, аталған қалдықтарды жағу кезiнде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарды сақтамау, - 
      ескерту жасауға немесе азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       250-бап. Жердi бүлдiру

      1. Сату немесе оны басқа адамдарға беру мақсатымен топырақтың құнарлы қабатын жою немесе өз бетiмен алу, бұлай алу топырақтың құнарлы қабатының бiржола жоғалуын болдырмау үшiн қажет болған жағдайларды қоспағанда, - 
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Сақтау, пайдалану немесе тасымалдау кезiнде улы химикаттармен, тыңайтқыштармен, өсiмдiктердiң өсуiн күшейтетiн дәрiлермен және өзге де қауiптi химиялық, биологиялық және радиоактивтi заттармен жұмыс iстеу ережелерiн бұзу салдарынан шаруашылық немесе өзге де қызметтiң зиянды өнiмдерiмен жердi уландыру, ластау немесе өзге де бүлдiру, сол сияқты бактериялық-паразиттiк немесе ерекше зиянды организмдермен, бiрақ адамның денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян тигiзуге әкеп соқпаған ластау, - 
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       251-бап. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жердi тиiмсiз
               пайдалану немесе пайдаланбау

      Топырақ құнарлылығының төмендеуiнен көрiнетiн ауыл шаруашылық мақсатындағы жердi тиiмсiз пайдалану немесе пайдаланбау, -
      ескерту жасауға немесе азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, 

заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       252-бап. Жердi пайдаланудың табиғат қорғау режимiнiң
               талаптарын орындамау

      1. Жердi пайдаланудың табиғат қорғау режимiнiң талаптарын орындамау, -
      ескерту жасауға немесе азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       253-бап. Жердi нысаналы мақсатында пайдаланбау

      Жердi нысаналы мақсатында пайдаланбау, -
      ескерту жасауға немесе азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       254-бап. Уақытша иеленген жердi қайтару мерзiмдерiн
               бұзу немесе оны мақсатына орай пайдалану үшiн
               жарамды күйге келтiру жөнiндегi мiндеттердi
               орындамау

      Уақытша иеленген жердi қайтару мерзiмдерiн бұзу немесе оны мақсатына орай пайдалану үшiн жарамды күйге келтiру жөнiндегi мiндеттердi орындамау, -
      ескерту жасауға немесе азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       255-бап. Iздестiру жұмыстарын жер учаскесiн
               пайдалануға рұқсатсыз жүргiзу

      Iздестiру жұмыстарын жер учаскесiн пайдалануға рұқсатсыз жүргiзу, -
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       256-бап. Жер учаскелерiн беру туралы өтiнiмдердi
               қараудың белгiленген мерзiмдерiн бұзу

      Азаматтардың және заңды тұлғалардың өздерiне жер учаскелерiн беру немесе меншiк немесе жер пайдалану құқығына құжаттарды қайта ресiмдеу туралы өтiнiмдерiн (өтiнiштерiн) қараудың белгiленген мерзiмдерiн бұзу, - 
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
       Ескерту. 256-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       257-бап. Тұрғын үй салу үшiн жер учаскелерi бар
               екендiгi туралы ақпаратты жасыру 

      Жеке тұрғын үй салу үшiн жер учаскелерi бар екендiгi туралы ақпаратты жасыру, оны бұрмалау, жер учаскелерiн бөлуден негiзсiз бас тарту, -
      жергiлiктi атқарушы органдардың лауазымды адамдарына айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       258-бап. Жердi мемлекеттiк тiркеу, есепке алу және
               бағалау мәлiметтерiн бұрмалау

      Жердi мемлекеттiк тiркеу, есепке алу және бағалау мәлiметтерiн қасақана бұрмалау, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       259-бап. Келiсiм-шарт жасаспай жер қойнауын геологиялық
               зерттеу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу

      Келiсiм-шарт жасаспай жер қойнауын геологиялық зерттеу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу, -
      лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       260-бап. Жер қойнауын геологиялық зерттеу құқығын бұзу

      Жер қойнауын геологиялық зерттеу құқығын беруге арналған конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдаудан негiзсiз бас тарту, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       261-бап. Өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын орналастыру,
               сарқынды суды ағызып жiберу ережелерiн бұзу

      Өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын орналастыру, сондай-ақ сарқынды суды ағызып жiберу ережелерiн бұзу, -
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       262-бап. Минералды шикiзатты өндiру және қайта
               өңдеу жөнiндегi ұйымдардың жобаларын әзiрлеу
               кезiнде ережелердi бұзу

      Минералды шикiзатты өндiру және қайта өңдеу жөнiндегi ұйымдардың жобаларын әзiрлеу кезiнде белгiленген ережелердi бұзу, -
      лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       263-бап. Минералды шикiзатты өндiру мен қайта өңдеу
               жөнiндегi ұйымдардың құрылысын салу және
               пайдалануға қосу кезiнде жер қойнауын қорғау
               ережелерiн қамтамасыз етпеу

      Минералды шикiзатты өндiру мен қайта өңдеу жөнiндегi ұйымдардың құрылысын салу және пайдалануға қосу кезiнде жер қойнауын қорғау ережелерiн қамтамасыз етпеу, -
      лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       264-бап. Минералды шикiзат өндiру мен қайта өңдеу
               жөнiндегi жобалық шешiмдердi сақтамау

      Минералды шикiзат өндiру мен қайта өңдеу жөнiндегi жобалық шешiмдердi пайдалы қазбаларды және компоненттердi алудың толықтығы мен пайдаланудың кешендiлiгi, өндiрiс қалдықтарын бөлек жинау және сақтау бөлiгiнде сақтамау, -
      лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      265-бап. Жер қойнауын пайдалану және минералды
              шикiзатты қайта өңдеу кезiнде экологиялық
              нормалар мен ережелердi бұзу

      Жер қойнауын пайдалану және минералды шикiзатты қайта өңдеу кезiнде экологиялық нормалар мен ережелердi бұзу, егер бұл әрекет елеулi залал келтiруге әкеп соқпаса, -
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       266-бап. Пайдалы қазбаларды ұтымды және кешендi
               пайдалану жөнiндегi ережелердi бұзу

      Пайдалы қазбаларды ұтымды және кешендi пайдалану жөнiндегi ережелердi бұзу, -
      лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       267-бап. Жер қойнауының жай-күйiн және пайдалы
               қазбалар қорларының бар екендiгiн есепке алу
               жөнiндегi ережелердi бұзу

      Жер қойнауының жай-күйiн және пайдалы қазбалар қорларының бар екендiгiн есепке алу жөнiндегi ережелердi бұзу, -
      Лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       268-бап. Минералды шикiзатты өндiру мен қайта өңдеудi
              есепке алу жөнiндегi бастапқы және мемлекеттiк
              есептеменi бұрмалау

      Минералды шикiзатты өндiру мен қайта өңдеудi есепке алу жөнiндегi бастапқы және мемлекеттiк есептеменi бұрмалау, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       269-бап. Өндiру және қайта өңдеу кезiнде пайдалы
               қазбалардың мөлшерi мен сапасын дұрыс анықтау
               ережелерiн бұзу

      Өндiру және қайта өңдеу кезiнде пайдалы қазбалардың мөлшерi мен сапасын дұрыс анықтау ережелерiн бұзу, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       270-бап. Өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын есепке алу,
               кәдеге асыру және залалсыздандыру ережелерiн
               бұзу

      Өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын есепке алу, кәдеге асыру және залалсыздандыру ережелерiн бұзу, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       271-бап. Кен орындары мен бұрғылау ұңғыларын олардың
               сақталуын және халықтың қауiпсiздiгiн
               қамтамасыз ететiндей жай-күйге келтiру
               ережелерiн бұзу

      Маркшейдерлiк құжаттаманы жоғалту, таратылған немесе уақытша тоқтатылған кен орындары мен бұрғылау ұңғыларын халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiндей жай-күйге келтiру жөнiндегi ережелердi, сондай-ақ уақытша тоқтатылған кезде кен орындары мен бұрғылау ұңғыларын сақтау жөнiндегi ережелердi бұзу, -
      лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       272-бап. Жер қойнауын пайдалану объектiлерiн
               тарату мен уақытша тоқтатып қою жөнiндегi
               ережелердi бұзу

      Жер қойнауын пайдалану объектiлерiн тарату мен уақытша тоқтатып қою жөнiндегi ережелердi бұзу, -
      лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       273-бап. Жер қойнауын қорғауды мемлекеттiк бақылау
               органдарына минералды шикiзатты пайдалану
               туралы ақпарат беруден бас тарту немесе
               жалтару

      Жер қойнауын қорғауды мемлекеттiк бақылау органдарына жер қойнауын пайдаланудың, өндiрiлген және қайта өңделген минералды шикiзаттың жай-күйi туралы уақтылы, толық және сенiмдi ақпарат беруден бас тарту немесе жалтару, -
      лауазымды адамдарға және заңды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       274-бап. Лауазымды адамдардың жер қойнауы және
               минералды шикiзатты қайта өңдеу туралы
               заңдардың бұзылуына әкеп соғатын нұсқаулар
               немесе рұқсаттар беруi

      Лауазымды адамдардың жер қойнауы және минералды шикiзатты қайта өңдеу туралы заңдардың бұзылуына әкеп соғатын нұсқаулар немесе рұқсаттар беруi, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       275-бап. Жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар
               жүргiзу ережелерiн бұзу

      Жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргiзу ережелерiн, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттардың талаптарын бұзу, -
      лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       276-бап. Су ресурстарын қорғау ережелерiн бұзу

      1. Жер үстi және жер асты суларын, ауыз сумен жабдықтау көздерiн ластау және былғау, сарқу, су жинайтын орындарда олардың ластануын, топырақтың су эрозиясын және басқа да зиянды құбылыстар тудыратын су қорғау режимiн бұзу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, - 
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Судың ластануын және былғануын немесе оның зиянды әсерiн болдырмайтын құрылыстар мен құрылғыларсыз кәсiпорындарды, коммуналдық және басқа да объектiлердi iске қосу, - 
      лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Суды ластанудан, былғанудан және сарқылудан қорғауды, сондай-ақ су режимi жай-күйiнiң жақсаруын қамтамасыз ететiн гидротехникалық, технологиялық, орман-мелиорациялық, санитариялық және басқа да iс-шараларды жүргiзбеу, -
      лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       277-бап. Су шаруашылығы құрылыстарын, құрылғыларын
               және сумен жабдықтаудың өртке қарсы жүйелерiн
               зақымдау, оларды пайдалану ережелерiн бұзу

      1. Су шаруашылығы құрылыстары мен құрылғыларын, сондай-ақ сумен жабдықтаудың өртке қарсы жүйелерiн зақымдау, -
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Су шаруашылығы құрылыстары мен құрылғыларын пайдалану ережелерiн бұзу, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       278-бап. Су қоймаларының жай-күйiне әсер ететiн өз
               бетiмен құрылыс салу

      1. Өзендердiң және басқа да су қоймаларының жай-күйiне әсер ететiн үйлердi, құрылыстарды және басқа да объектiлердi өз бетiмен салу, - 
      өз бетiмен салынған құрылысты мәжбүрлеп бұздыра отырып, азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Өз бетiмен суға арналған ұңғыма бұрғылау және жер асты суларын жинау орындарын салу, -
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       279-бап. Судың бастапқы есебiн жүргiзу және оны
               пайдалану ережелерiн бұзу

      Судың бастапқы есебiн жүргiзу және оны пайдалану ережелерiн бұзу, -
      лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       280-бап. Су ресурстарын есепке алу мен есеп-қисап
               деректерiн бұрмалау

      Су кадастрын есепке алу мен есеп-қисап деректерiн, су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғау схемаларын бұрмалау, - 
      лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       281-бап. Су ресурстарын реттеуге кедергi жасау 

      Су ресурстарын кешендi пайдалану, экология және су бөлу мүдделерiне орай оларды реттеуге кедергi жасау, - 
      ескерту жасауға немесе азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       282-бап. Орман қоры учаскелерiн заңсыз пайдалану 

      Тиiстi рұқсатсыз тамырымен жұлу, құрылыстар салу, сүректi қайта өңдеу, қоймалар тұрғызу және басқа мақсаттар үшiн орман қоры учаскелерiн заңсыз пайдалану, - 
      азаматтарға айлық - есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       283-бап. Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу
               және зақымдау

      1. Ағаштар мен бұталарды, сондай-ақ орман қорына кiрмейтiн және кесуге тыйым салынған ағаштар мен бұталарды, қылмыстық жазалау әрекетiнiң белгiлерi жоқ заңсыз кесу және зақымдау, -
      заңсыз кесiлген ағаштар мен бұталар, көлiк құралдары мен аталған құқық бұзушылықты жасау құралы болған өзге де заттары тәркiленiп немесе онсыз, азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Орман питомниктерi мен плантацияларындағы орман дақылдарын, себiндiлердi не көшеттердi, сондай-ақ көктеп шыққан табиғи өскiндердi, жас шыбықтарды, сондай-ақ орманды қалпына келтiруге арналған алаңдардағы өздiгiнен көктеген өскiндердi жою немесе зақымдау, -
      азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Қылмыстық жазалау әрекетiнiң белгiлерi жоқ, осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған iс-әрекеттер, -
      заңсыз кесiлген ағаштар мен бұталар, көлiк құралдары мен аталған құқық бұзушылықты жасау құралы болған өзге де заттары тәркiленiп нeмece онсыз, азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма бестен жүзге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - елуден төрт жүзге дейінгі мөлшерiнде,
      заңды тұлғаларға - екi жүзден екi мыңға дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      Ескерту. 283-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       284-бап. Орманда өрт қауiпсiздiгi талаптары мен
               санитариялық ережелердi бұзу

      1. Орманда өрт қауiпсiздiгi талаптары мен санитариялық ережелердi бұзу, -
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. <*>
      2. Өрттiң шығуына, адамның денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтiруге әкеп соққан, қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi жоқ нақ сол әрекет, - 
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi
мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. <*>
      3. Қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi жоқ, осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған iс-әрекеттер, -
      азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. <*>
       Ескерту. 284-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       285-бап. Кесiлетiн орман қорын пайдаланудың, сүректер
               дайындау мен әкетудiң, шайыр мен ағаш
               шырындарын, екiншi дәрежелi орман
               материалдарын алудың белгiленген тәртiбiн бұзу

       1. Кесiлетiн орман қорын пайдаланудың, сүректер дайындау мен әкетудiң, шайыр мен ағаш шырындарын, екiншi дәрежелi орман материалдарын алудың белгiленген тәртiбiн бұзу, -
      азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
      азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң үштен он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - алпысқа дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      Ескерту. 285-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       286-бап. Орман қорының және ерекше қорғалатын табиғи
                аумақтардың уақытша алынып отырған учаскелерiн
                қайтару мерзiмдерiн бұзу 

      1. Орман қорының уақытша иеленiп отырған учаскелерiн қайтару мерзiмдерiн бұзу немесе оларды мақсатты түрде пайдалану үшiн жарамды жай-күйге келтiру жөнiндегi мiндеттердi орындамау, -
      ескерту жасауға немесе азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - он беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
      азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң үштен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - елуден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. <*>
       Ескерту. 286-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       287-бап. Шабындықтар мен жайылымдық жерлердi бүлдiру,
               сондай-ақ орман қоры жерлерiнде өз бетiмен
               шөп шабу және мал жаю, дәрiлiк өсiмдiктердi
               және техникалық шикiзатты жинау

      1. Орман қоры жерлерiнде шабындықтар мен жайылымдық жерлердi бүлдiру, -
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң екiге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Орманда және орман қоры жерлерiнде өз бетiмен шөп шабу және мал жаю, -
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Дәрiлiк өсiмдiктердi және техникалық шикiзатты бұған тыйым салынған немесе орман билетi бойынша ғана жiберiлетiн учаскелерде өз бетiмен жинау, -
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың бiрiншi - үшiншi бөлiктерiнде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған iс-әрекеттер, -
      азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. <*>
       Ескерту. 287-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       288-бап. Ағашы кесiлген жерлерге және орманды қалпына
               келтiру мен орман өсiруге арналған орман
               қорының басқа да санаттағы жерлерiне ағаш
               егудiң тәртiбi мен мерзiмдерiн бұзу

      Ағашы кесiлген жерлерге және орманды қалпына келтiру мен орман өсiруге арналған орман қорының басқа да санаттағы жерлерiне ағаш егудiң тәртiбi мен мерзiмдерiн бұзу, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       289-бап. Орман үшiн пайдалы фаунаны құрту, сондай-ақ
               орманды қалдықтармен, химиялық заттармен
               бүлдiру, ластау және орман қоры жерлерiне
               өзге де залал келтiру

      1. Орман үшiн пайдалы фаунаны құрту,
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Оның қурап кетуiне немесе ауруға шалдығуына не орманның ластануына әкеп соқтыратын ағынды сулармен, химиялық заттармен, өнеркәсiптiк және тұрмыстық төгiндiлермен, қалдықтармен және тастандылармен орманды зақымдау, - 
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден үшке дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. <*>
      3. Орман қоры жерлерiндегi орман құрғату жыраларын, дренаж жүйесi мен жолдарды құрту немесе бүлдiру, - 
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      4. Осы баптың бiрiншi - үшiншi бөлiктерiнде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған iс-әрекеттер, -
      азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды aдaмдapғa - елуге дейiнгі мөлшерiнде, заңды тұлғаларға алты жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.<*>
       Ескерту. 289-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       290-бап. Орманды пайдалануды рұқсат құжаттарында
               көзделген мақсаттарға немесе талаптарға
               сәйкес келмейтiн ретпен жүзеге асыру

      1. Орманды пайдалануды рұқсат құжаттарында көзделген мақсаттарға немесе талаптарға сәйкес келмейтiн ретпен жүзеге асыру, - 
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
      азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.<*>
       Ескерту. 290-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       291-бап. Орманның жай-күйiне және оны ұдайы молайтуға
               зиянды ықпал етуге әкеп соғатын объектiлердi
               салу және пайдалану

      1. Орманның жай-күйiне және оны ұдайы молайтуға зиянды ықпал етуге әкеп соғатын объектiлердi салу және пайдалану, -
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, ал заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
      азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң отызға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. <*>
       Ескерту. 291-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       292-бап. Ағаш кесетiн жерлердi бөлiп беру мен бағасын
               шығарудың белгiленген тәртiбiн бұзу

      Ағаш кесетiн жерлердi бөлiп беру мен бағасын шығарудың белгiленген тәртiбiн бұзу, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       293-бап. Сүректi есептiк ағаш кесуден артық мөлшерде
               дайындауға жол беру 

      Сүректi есептiк ағаш кесуден артық мөлшерде дайындауға жол беру, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. <*>
       Ескерту. 293-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       294-бап. Өсiмдiк қорғау құралдары мен басқа да
               препараттарды тасымалдау, сақтау және
               қолдану ережелерiн бұзу 

      1. Өсiмдiк қорғау құралдарын, олардың өсуiн жылдамдататын заттарды, минералдық тыңайтқыштарды және қоршаған ортаны ластауға не жануарлар дүниесiне залал келтiруге соқтырған немесе соқтыруы мүмкiн басқа да препараттарды тасымалдау, сақтау және қолдану ережелерiн бұзу, - 
      ескерту жасауға немесе азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
      азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - алпысқа дейiнгi мөлшерінде, заңды тұлғаларға - үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.<*>
       Ескерту. 294-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       295-бап. Өсiмдiктер өсетiн жерлер мен жануарлардың
               тiршiлiк ортасын қорғау ережелерiн,
               зоологиялық коллекцияларды жасау, сақтау,
               есепке алу және пайдалану ережелерiн бұзу,
               сол сияқты жануарларды өз бетiмен қоныс
               аударту, жерсiндiру, керi жерсiндiру мен
               шағылыстыру

      1. Өсiмдiктер өсетiн жерлер мен жануарлардың тiршiлiк ортасын қорғау ережелерiн, жануарлардың өсiп-өну жағдайларын, орын ауыстыру жолдары мен шоғырланатын орындарын, зоологиялық және ботаникалық коллекцияларды жасау, сақтау, есепке алу мен пайдалану ережелерiн бұзу, сол сияқты жануарларды өз бетiмен қоныс аударту, жерсiндiру, керi жерсiндiру мен шағылыстыру, - 
      ескерту жасауға немесе азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң сегiзге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
      азаматтарға ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - алпысқа дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. <*>
       Ескерту. 295-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       296-бап. Елдi мекендердi, кәсiпорындарды және басқа да
               объектiлердi орналастыру, жобалау мен салу,
               өндiрiс процестерiн жүзеге асыру және көлiк
               құралдарын пайдалану, өсiмдiк қорғау
               құралдарын, минералдық тыңайтқыштарды және
               басқа да препараттарды қолдану кезiнде
               жануарлар мен өсiмдiктердi қорғау ережелерiн
               бұзу

      Елдi мекендердi, кәсiпорындарды және басқа да объектiлердi орналастыру, жобалау мен салу, өндiрiс процестерiн жүзеге асыру және көлiк құралдарын пайдалану, өсiмдiк қорғау құралдарын, минералдық тыңайтқыштарды және басқа да препараттарды қолдану кезiнде жануарлар мен өсiмдiктердi қорғау ережелерiн бұзу, - 
      ескерту жасауға немесе азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң сегiзге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - он беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жетпiс беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       297-бап. Селекциялық-тұқым шаруашылығы объектiлерiн
                зақымдау немесе жою

       Селекциялық-тұқым шаруашылығы объектiлерiн: географиялық дақылдарды, артықшылығы бар екпелердi, артықшылығы бар ағаштарды, артықшылығы бар ағаштардың сынақ дақылдарын, клондар мұрағатын, тұқымдық орман алқаптарын, тұқымдық орманның тұрақты учаскелерiн зақымдау немесе жою, -
      азаматтарға ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң бестен он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
       Ескерту. 297-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       298-бап. Заңсыз аң аулау, жануарлар дүниесiн пайдалану

      1. Қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi жоқ, аң аулау ережелерiн, сондай-ақ жануарлар дүниесiн пайдаланудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру ережелерiн бұзу және осы баптың екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген аң аулау ережелерiн бұзу, -
      азаматтарға ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң екiден онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - жиырмадан жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Жарылғыш құрылғыларды, авиа,- авто,- мотокөлiк құралдарын, оның iшiнде қарда жүретiн техниканы қолданып заңсыз аң аулау, сондай-ақ бiр жыл iшiнде аң аулау ережелерiн екi рет және одан да көп бұзу, -
      жануарларды аулау құралдары, көлiк құралдары және аталған құқық бұзушылықты жасау құралы болған өзге де заттары тәркiленiп немесе онысыз, азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жетпiс беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге аң аулау құқығынан айыруға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған iс-әрекеттер, -
      құқық бұзушылықты жасау құралы нeмece тiкелей құқық бұзушылық объектiсi болған заттары тәркiленiп немесе онысыз, азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң жүзге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге аң аулау құқығынан айыруға әкеп соғады.
       Ескерту. 298-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N  506 , өзгеріс енгізілді - 2004.12.09.  N 10  Заңдарымен.  

         298-1-бап. Балық аулау және балық қорларын қорғау
                ережелерiн бұзу

       1. Қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi жоқ, балық аулау ережелерiн, сондай-ақ су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру ережелерiн бұзу, -
      азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi жоқ, балық аулау ережелерiн (тыйым салынған мерзiмдерде тыйым салынған құралдармен немесе тәсiлдермен, тыйым салынған жерлерде балықты өнеркәсiптiк жолымен аулау және балық аулау), сондай-ақ су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру ережелерiн өрескел бұзу, -
      құқық бұзушылық жасау құралы немесе тікелей құқық бұзушылық объектiсi болған заттары тәркiленiп немесе онысыз, азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Балықты бас саға құрылыстарына түсiп кетуден қорғау үшiн арнайы қондырғылар салмай, балық шаруашылығы су қоймаларынан су алу, - азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 298-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       299-бап. Аң аулау алаптары мен балық шаруашылығы
               су қоймаларын бекiту, пайдалану мен қорғау
               тәртiбiн бұзу

      Аң аулау алаптары мен балық шаруашылығы су қоймаларын бекiту, пайдалану мен қорғау тәртiбiн бұзу, -
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       300-бап. Жасыл желектердi күтiп ұстау мен қорғау
               ережелерiн бұзу

      Жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген жасыл желектердi күтiп ұстау мен қорғау ережелерiн бұзу, -
      ескерту жасауға немесе азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       301-бап. Берiлген лицензияның шарттарын заңсыз өзгерту,
               сол сияқты теңiзде мұнай операцияларын
               жүргiзудiң бекiтiлген тәртiбiн бұзу

      Берiлген лицензияның шарттарын заңсыз өзгерту, сол сияқты теңiзде мұнай операцияларын жүргiзудiң бекiтiлген тәртiбiн бұзу, -
      лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       302-бап. Қазақстан Республикасының континенттiк
               қайраңында рұқсат етiлген қызметтi реттейтiн
               қолданыстағы стандарттарды (нормаларды,
               ережелердi) немесе лицензия шарттарын бұзу

      1. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында рұқсат етiлген қызметтi реттейтiн қолданыстағы стандарттарды (нормаларды, ережелердi) не лицензия шарттарын бұзу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, - 
      лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңындағы пайдалы қазбалар орындарының бүлiнуiне, адамдардың өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiруге әкеп соғуы мүмкiн, жанды ресурстарға, теңiз флорасы мен фаунасына залал келтiруi не қызметтiң басқа да заңды түрлерiне кедергi туғызуы мүмкiн су асты кабельдерiн немесе құбыр жолдарын Қазақстан Республикасының аумағына шығару ережелерiн бұзу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, - 
      лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, - 
      құқық бұзушылық жасалған кемесi мен құралдарды тәркiлене отырып не онысыз, лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       303-бап. Қазақстан Республикасының континенттiк
               қайраңында теңiз ғылыми зерттеулерiн жүргiзу
               ережелерiн бұзу

      1. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында қызметтiң заңды түрлерiне кедергi жасаған немесе жасауы мүмкiн, Қазақстан Республикасының рұқсатымен немесе халықаралық шарттарымен көзделген теңiз ғылыми зерттеулерiн жүргiзу ережелерiн бұзу, не Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында теңiз ғылыми зерттеулерiнiң бағдарламаларын өз бетiмен өзгерту, - 
      лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, - 
      құқық бұзушылық жасалған кемесi мен құралдары, сондай-ақ алынған зерттеулер нәтижелерi тәркiлене отырып не онсыз, лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       304-бап. Қазақстан Республикасының континенттiк
               қайраңында қалдықтар мен басқа да
               материалдарды көму ережелерiн, сондай-ақ
               уақытша тоқтата тұру және бөлшектеу 
               ережелерiн бұзу

      1. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында кемелердi және өзге де қалқымалы құралдарды, ұшатын аппараттарды, жасанды аралдарды, қондырғылар мен құрылыстарды, қалдықтар мен басқа да материалдарды көму ережелерiн, сондай-ақ пайдалы қазбалар орындарының бүлiнуiне, адамдардың өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiруге, жанды ресурстарға, теңiз флорасы мен фаунасына залал келтiруге немесе қызметтiң басқа да заңды түрлерiне кедергi туғызуға әкеп соғуы мүмкiн уақытша тоқтата тұру мен бөлшектеу ережелерiн бұзу, - 
      лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, - 
      құқық бұзушылық жасалған кемесi мен құралдары тәркiлене отырып немесе онсыз лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       305-бап. Қазақстан Республикасының континенттiк
               қайраңын қорғау органдары лауазымды
               адамдарының заңды талаптарын орындамау

      1. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңын қорғау органдары лауазымды адамдарының кеменi тоқтату туралы заңды талаптарын орындамау, сондай-ақ бұл лауазымды адамдардың өздерiне жүктелген өкiлеттiктердi жүзеге асыруына, соның iшiнде кеменi тексеруiне кедергi жасау, - 
      лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайта жасалған нақ сол iс-әрекеттер, - 
      құқық бұзушылық жасалған кемесi мен құралдары, сондай-ақ алынған зерттеу нәтижелерi тәркiлене отырып не онысыз, лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       306-бап. Қазақстан Республикасының континенттiк
               қайраңындағы минералдық және жанды ресурстарды
               заңсыз беру

      1. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңындағы минералдық және жанды ресурстарды шет мемлекеттердiң жеке немесе заңды тұлғаларына не шет мемлекеттерге заңсыз беру, - 
      лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, - 
      құқық бұзушылық жасалған кемесi мен құралдары, сондай-ақ алынған зерттеу нәтижелерi тәркiлене отырып не онысыз, лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

   20-тарау. КАРАНТИНДІК ЕРЕЖЕЛЕР, АСТЫҚ РЫНОГЫ
ЖӘНЕ АСТЫҚ САҚТАУ, ТҰҚЫМ ШАРУАШЫЛЫҒЫ  ЖӘНЕ
ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ САЛАСЫНДАҒЫ
ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ <*>

       Ескерту. Тарау тақырыбы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       307-бап. Карантиндiк зиянкестермен, өсiмдiк ауруларымен
               және арамшөптермен күрес жөнiндегi ережелердi
               бұзу

      Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден қорғау жөнiндегi ережелердi бұзу, - 
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       308-бап. Карантиндiк тексеруден және тиiстi өңдеуден
               өтпеген материалдарды әкелу мен әкету

      Карантиндiк тексеруден және тиiстi өңдеуден өтпеген импортталатын және экспортталатын өсiмдiк материалдарын өсiмдiк карантинi жөнiндегi шекаралық пункттерге әкелу және олардан әкету, осы жүктердi рұқсат етiлетiн карантин құжаттарынсыз тасымалдау, оларды өсiмдiк карантинi жөнiндегi мемлекеттiк фитосанитариялық қызмет мамандарының қатысуынсыз басқа мекен-жайға жiберу мен орналастыру, - 
      карантиндегi өнiмдердi тәркiлей отырып не онысыз азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       309-бап. Өсiмдiк зиянкестерiмен, ауруларымен және
               арамшөптермен күрес жөнiндегi ережелердi бұзу

      Өсiмдiк зиянкестерiмен, ауруларымен және арамшөптермен күрес жөнiндегi ережелердi ауыр зардаптарға соқтырмай бұзу немесе орындамау, -
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       309-1-бап. Астықты сақтау және өткiзу жөнiндегi қызметтi
                  жүзеге асыру кезiндегi құқық бұзушылық

      1. Заңдарда тыйым салынған не астық қабылдау кәсiпорнының құқық қабiлеттiлiгi шегiнен тысқары операциялар мен мәмiлелердi жүзеге асыру, -
      белгiлi бiр қызмет түрiне лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып не онысыз, лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң үш жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - бес жүзден мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Астық қабылдау кәсiпорнының өзi берген астық қолхаттарынан туындайтын мiндеттемелерiн орындамауы, сондай-ақ астықты сан-сапа жағынан есепке алу мен астықты сақтау жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi бұзуы, -
      заңды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң бес жүзден мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
      заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің мыңнан eкi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Астық қабылдау кәсiпорнының астық операциясы есебiнiң белгiленген тәртiбiн бұзуы, сол сияқты астықты иелерiнен сақтауға қабылдаған немесе иелерiне берген кездегi астық сапасының көрсеткiштерiн бұрмалауы, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң үш жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - бес жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Астық қабылдау кәсiпорындарының заңдарда белгiленген құжаттарды жасамауы, сол сияқты дер кезiнде жасамауы, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Экспорт және импорт кезiнде астықты iшкi рынокта тиiстi сапа сертификаттарынсыз өткiзу, -
      азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымы адамдарға - оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      7. Мемлекеттiк ресурстар астығын сақтаушы астық қабылдау кәсiпорындарының астықтың кез келген мөлшерiн тиеп жөнелтуi, сол сияқты оны көлiк ұйымдарының уәкiлеттi органмен алдын ала келiспей әкетуi, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      8. Осы баптың жетiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң бес жүзден жетi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      9. Уақытша басқару жөнiндегi комиссия немесе уақытша әкiмшiлiк мүшелерiнiң астық қабылдау кәсiпорнына уақытша басқаруды жүргiзу кезеңiнде заңдарды астық қабылдау кәсiпорнына материалдық залал келтiрiп бұзуы, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 309-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

         309-2-бап. Тұқым шаруашылығы саласындағы кәсiпкерлiк
                 қызметтi жүзеге асыру кезiндегi құқық
                 бұзушылық

       1. Егiске арналған тұқымды өндiру, өткiзу және пайдалану жөнiндегi қызметтi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiптi бұза отырып жүзеге асыру, -
      жеке тұлғаларға ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - жиырма бестен елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Тұқымдардың сорттық және егiстiк сапаларын айқындау жөнiнде қызмет көрсетушi аттестатталған жеке және заңды тұлғалардың тұқым сапасына сараптама жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын бұзуы, -
      жеке тұлғаларға ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - елуден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Аттестатталған жеке және заңды тұлғалардың тұқым шаруашылығы саласындағы қызметке қойылатын заңдарда белгiленген бiлiктiлiк талаптарын бұзуы, -
      жеке тұлғаларға ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер, -
      субъектiлердiң тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыру құқығын куәландыратын аттестаттау туралы куәлiгiнен айыруға әкеп соғады.
      Ескерту. 309-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       310-бап. Мал дәрiгерлiк туралы заңдарды бұзу

      Мал дәрiгерлiк туралы заңдарды:
      1) мiндеттi мал дәрiгерлiк - санитариялық iс-шараларды жүргiзуден бас тарту және оларды жүргiзудiң мерзiмдерiн бұзу;
      2) карантин мен шектейтiн iс-шаралардың шарттарын және талаптарын сақтамау;
      3) ауру жұқтыратын малдарды жою бойынша мал дәрiгерлiк-санитариялық iс-шараларды өз уақытында немесе толық өткiзбеу;
      4) ауру жұқтыратын малды тарату;
      5) малды өсiру кезiнде мал дәрiгерлiк-санитариялық ережелердi сақтамау;
      6) республика аумағын малдың жұқпалы ауруларын әкелуден қорғау жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын орындамау; 
      7) малды тасымалдау (айдап апару) кезiнде мал дәрiгерлiк-санитариялық ережелердi бұзу; 
      8) рыноктарда (сауда ұйымдарында), мал дәрiгерлiк бақылаудың қадағалауындағы жүктердi дайындау, сақтау, қайта өңдеу жөнiндегi кәсiпорындарда, қоймалық үй-жайларда, карантин базаларында, тиеу-түсiру алаңдарында және көлiк құралдарында мал дәрiгерлiк-санитариялық ережелер мен нормативтердiң талаптарын сақтамау; 
      9) мал дәрiгерлiк саласында iндеттiң немесе өзге де ауыр зардаптардың таралуына әкеп соқпаған басқа да нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ iндетке қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың шешiмдерiн бұзу түрiнде жасалған бұзушылық, - 
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       311-бап. Иттердi және мысықтарды күтiп-ұстау
               ережелерiн бұзу

      1. Қалаларда және басқа да елдi мекендерде иттердi күтiп-ұстаудың жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген ережелерiн бұзу, -
      ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Қалаларда және басқа да елдi мекендерде мысықтарды күтiп ұстаудың жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген ережелерiн бұзу, -
      ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң бiрге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Азаматтардың денсаулығына немесе мүлкiне залал келтiруге әкеп соққан нақ сол iс-әрекеттер, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

  21-тарау. ҚОҒАМДЫҚ ҚАУIПСIЗДIККЕ ЖӘНЕ
ХАЛЫҚТЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ҚОЛ СҰҒАТЫН ӘКIМШIЛIК
ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ

       312-бап. Өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзу немесе
               орындамау

      1. Ұйымдарда, қоғамдық орындарда, қоймалық үй-жайларда, жатақханаларда және тұрғын үйлерде өрт қауiпсiздiгi ережелерiмен, құрылыс нормаларымен және ғимараттар мен құрылыстарды жобалау, салу кезiндегi ережелермен, мемлекеттiк стандарттармен көзделген өртке қарсы талаптарды, сондай-ақ өрт техникасын, өртке қарсы құрал-саймандарды, жабдықтарды, өрттi табу мен өшiрудiң автоматтық құралдарын, өртке қарсы автоматиканы пайдалану мен күтiп-ұстау ережелерiн бұзу немесе орындамау, - 
      ескерту жасауға немесе азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - онға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Өрт қауiпсiздiгi ережелерiн сақтауға жауапты адамның оны бұзуы, егер ол адам денсаулығына зиян немесе елеулi залал келтiрген өрттiң шығуына әкеп соқтырса, қылмыс құрамы болмаған кезде, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
       Ескерту.  Осы бапқа қатысты қолданыста әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кездегi елу айлық есептiк көрсеткiштен асатын сома елеулi мөлшердегi залал деп танылады. <*>
       Ескерту. 312-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       313-бап. Өрт қауiпсiздiгi талаптарына жауап бермейтiн
               өнiмдердi шығару және өткiзу

      Жарылыс және өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi мемлекеттiк стандарттар талаптарына жауап бермейтiн өнiмдердi шығару және өткiзу не мемлекеттiк өрт қадағалау органдарының ұйымның, өндiрiстiк учаскенiң, агрегаттың жұмысын тоқтата тұру немесе тыйым салу жөнiндегi қаулысын орындамау, егер олар денсаулыққа зиян немесе iрi материалдық залал келтiрмесе, -
      лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. Осы Кодекстiң осы бабына қатысты қолданыста әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кездегi жүз айлық есептiк көрсеткiштен асатын сома iрi мөлшер болып табылады. <*>
       Ескерту. 313-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       314-бап. Су қоймаларында қауiпсiздiк ережелерiн
               бұзу немесе орындамау

      1. Су қоймаларында қауiпсiздiк ережелерiн бұзу немесе орындамау, -
      ескерту жасауға немесе азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Су қоймаларында қауiпсiздiк ережелерiнiң сақталуына жауапты лауазымды адамның немесе заңды тұлғаның оны бұзуы немесе орындамауы, егер бұл адам денсаулығына зиян немесе елеулi залал келтiрсе, қылмыс белгiлерi болмаған кезде, - 
      лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       315-бап. Атом энергиясын пайдалану кезiнде
               радиациялық қауiпсiздiк талаптарын бұзу

      Құзыреттi мемлекеттiк органдар белгiлеген деңгейден жоғары мөлшерде атмосфераға, сулы ортаға және жер қойнауына радиоактивтi заттарды негiзсiз немесе әдейi шығарса; сәулеленуге ұшыраған немесе радиоактивтiк заттары бар өнiмдер мен материалдарды халықтың пайдалануы мен тұтынуы мақсатында осыған құзыреттi мемлекеттiк органдардың рұқсатынсыз шаруашылық айналымына тарту; тиiстi дайындықтан өтпеген не олардың бiлiктiлiгiн көрсететiн құжаттары жоқ адамдарды, сондай-ақ он сегiз жасқа толмаған немесе медициналық жағынан рұқсат етiлмейтiн адамдарды атом энергиясын пайдалану объектiсiндегi жұмысқа жiберу; радиоактивтiк заттар мен иондалған сәулелендiру көздерiн есепке алуды және бақылау жасауды қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарды бұзу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, - 
      ескерту жасауға немесе азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, не атом энергиясын пайдалану саласында қызметтiң белгiлi бiр түрiне лицензиядан айыруға әкеп соғады. 

       316-бап. Ядролық қаруды таратпау режимiнiң
               талаптарын бұзу

      Ядролық экспорт пен импорттың белгiленген тәртiбiн бұзу, ядролық материалдарды, атом энергиясын пайдалану объектiлерiн физикалық қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарды бұзу; ядролық материалдарды есепке алу мен бақылауды қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарды бұзу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, - 
      ескерту жасауға немесе азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, не атом энергиясын пайдалану саласында қызметтiң белгiлi бiр түрiне лицензиядан айыруға әкеп соғады. 

       317-бап. Стандарттау, сертификаттау және өлшем
               бiрлiгi туралы заңдарды бұзу

      1. Стандарттау, сертификаттау және өлшем бiрлiгi туралы заңдарды: 
      1) стандарттар, техникалық шарттар мен үлгiлер (эталондар) талаптарына сәйкес келмейтiн тауарларды шығару (соның iшiнде жөндеуден) немесе жеткiзу (өткiзу); 
      2) стандарттар, техникалық шарттар талаптарына сәйкес келмейтiн өнiмдi бөлшек сауда ұйымдарында, рыноктарда сатуға шығару; 
      3) тиiстi нормативтiк құжаттарсыз өнiм шығару (соның iшiнде жөндеуден), жеткiзу (өткiзу) немесе пайдалану (жарату), жұмыстар мен қызмет көрсетулердi орындау; 
      4) өнiмнiң сапасы немесе технологиялық процестерге арналған стандарттар талаптары бойынша стандарттар талаптарына және техникалық шарттарға сәйкес келмейтiн конструкторлық, технологиялық және жобалау құжаттамаларын тапсырыс берушiге не өндiрiске беру; 
      5) өнiмдi тасымалдау, сақтау және пайдалану (жарату) кезiнде, сондай-ақ тауарларды буып-түю және буып-түйiлген тауарларды кез-келген орама түрiнде өткiзу кезiнде стандарттар мен техникалық шарттарды сақтамау, егер бұл өнiмнiң сапасының төмендеуiне, бұзылуына немесе нормативтен артық кемуiне әкелiп соқса; 
      6) мiндеттi түрде сертификаттауға жататын, сәйкестiк сертификаты жоқ, сондай-ақ оны қолдан жасаған, қолдану мерзiмi өткен немесе тоқтатылған жағдайда өнiмдi өткiзу; 
      7) сәйкестiк сертификатын негiзсiз беру немесе қолданылу күшiн растау; 
      8) тiркеуден өтпеген өнiмдi сертификаттау сынағынан өткiзу; 
      9) мемлекеттiк сынақтан немесе метрологиялық аттестаттаудан өтпеген, сондай-ақ тексерiлмеген немесе жөнделмеген өлшеу құралдарын және стандарттық үлгiлердi айналымға шығару; 
      10) тиiстi рұқсатсыз өлшеу құралдарын дайындау, тексеру, жөндеу, сату мен жалға беру, сондай-ақ стандарттық үлгiлердi шығару мен метрологиялық аттестаттау; 
      11) мемлекеттiк метрологиялық қадағалауға жататын және метрологиялық аттестаттаудан өтпеген өлшеудi орындау әдiстемелерiн қолдану; 
      12) өлшеу құралдарын пайдаланудың ережелерi мен нормаларын бұзу; 
      13) стандарттар мен техникалық ережелер талаптарын, сертификаттау ережелерi мен метрология ережелерiн сақтауға мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын органдардың нұсқауларын орындамау түрiнде жасалған бұзушылық, - 
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, - 
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жүзден жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       318-бап. Жабайы өскен сораны жоюға шара қолданбау

      Ауыл шаруашылығы дақылдары егiстiктерiнде, бақшаларда, жүзiмдiктерде, питомниктер мен саябақтарда, егiн алқабының, суландыру және ирригациялық-мелиоративтiк желiлердiң жиегiнде, тас және темiр жолдардың оқшау белдеулерiнде, ұйымдардың аумақтарында, қалалар, поселкелер мен басқа да елдi мекендер тұрғындарының жер учаскелерiнде, сондай-ақ мемлекеттiк орман және су қорлары, мемлекеттiк қор және ұйғарымнан кейiн ұйымдарға бекiтiлiп берiлген жерлерiнде жабайы өскен сораны жоюға шара қолданбау, - 
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       319-бап. Құрамында есiрткi бар өсiмдiктер өсетiн
               егiстiктi күзетудi қамтамасыз етуге
               шаралар қолданбау

      Құрамында есiрткi заттары бар сора, көкнәр немесе басқа өсiмдiктер егiстiктерiн, осы дақылдардың өнiмдерiн сақтау мен қайта өңдеу орындарын күзетудiң белгiленген режимiн қамтамасыз етуге шаралар қолданбау, сол сияқты құрамында есiрткi заттары бар бастырудан қалған егiстiктердi және өндiрiс қалдықтарын жоюға шаралар қолданбау, -
      лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       319-1-бап. Есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды
                 және прекурсорларды өткiзу мен тұтынудың
                 жолын кесуге шаралар қолданбау 

       1. Көңiл көтеру ұйымдары лауазымды адамының және (немесе) меншiк иесiнiң есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды өткiзу мен медициналық тұрғыдан тыс тұтынудың жолын кесуге шаралар қолданбауы, -
      қызметi тоқтатыла тұрып не онысыз, лауазымды адамдарға және (немесе) меншiк иелерiне айлық есептiк көрсеткiштiң елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - бес жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол әрекеттер, -
      лауазымды адамдарға және (немесе) меншiк иелерiне жеке кәсiпкерлiк қызметiне тыйым салынып не онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде заңды тұлғаларға - заңды тұлғаның қызметiне тыйым салынып не онысыз, бiр мыңнан екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 319-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       320-бап. Өткiзу мақсатынсыз есiрткi құралдарымен,
               психотроптық заттармен және прекурсорлармен
               заңсыз айналысу

      1. Қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi жоқ есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды өткiзу мақсатынсыз заңсыз түрде дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау немесе салып жiберу, - 
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. 16 жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген iс-әрекеттер, - 
      ата-аналарына немесе оларды алмастыратын адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң екiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      Ескерту. Өткiзудi мақсат етпей өзi дайындаған, қайта өңдеген, иемденiп алған, сақтаған, тасымалдаған немесе салып жiберген есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды немесе прекурсорларды өз еркiмен тапсырған адам жауаптылықтан босатылады. <*>
       Ескерту. 320-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       321-бап. Есiрткi құралдарын, психотроптық заттар
               мен прекурсорларды насихаттау және заңсыз
               жарнамалау

      1. Есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды насихаттау, яғни есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды өңдеу, дайындау және пайдалану тәсiлдерi, әдiстерi туралы мәлiметтердi таратуға бағытталған жеке немесе заңды тұлғалардың қызметi, сондай-ақ кiтап өнiмдерiн, бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмдерiн шығару және тарату, аталған мәлiметтердi компьютерлiк желiлерде тарату немесе осы мақсаттарда өзге де iс-әрекеттер жасау, - 
      азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Қазақстан Республикасының бақылауына жататын Есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тiзiмiне енгiзiлген есiрткi құралдары мен психотроптық заттарды медициналық және фармацевтiк қызметкерлерге арналған мамандандырылмаған баспасөз басылымдарында жарнамалау, сол сияқты құрамында есiрткi құралдары және психотроптық заттары бар дәрi-дәрмек препараттарының үлгiлерiн жарнамалау мақсатында тарату, - 
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       322-бап. Заңсыз емдеумен айналысу

      1. Қызметтiң осы түрiне лицензиясы, сертификаты жоқ адамның жекеше медициналық практикамен немесе жеке фармацевтiк қызметпен айналысуы, егер бұл iс-әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Емшiнiң тиiстi дипломынсыз немесе заңмен белгiленген тәртiппен берiлген арнайы рұқсатсыз халық медицинасымен (емшiлiкпен) айналысу, бұқаралық емдеу сеанстарын, соның iшiнде - бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып өткiзу, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       323-бап. Санитариялық-гигиеналық және
               санитариялық-эпидемияға қарсы ережелердi
               және нормаларды, сондай-ақ гигиеналық
               нормативтердi бұзу <*>

      Абайсызда жаппай ауруға немесе адамдардың улануына, немесе адам өлiмiне әкелiп соқтырмаған санитариялық-гигиеналық және санитариялық-эпидемияға қарсы ережелердi және нормаларды, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу, -
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға бiр жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
       Ескерту. 323-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       324-бап.   Фармацевтік қызмет, косметикалық заттардың,
              емдеу-профилактикалық тағамдар өнімдері мен
              тамақ қоспаларының өндірісі мен айналымы
              ережелерін бұзу

      1. Дәрілік заттарды және оларға теңестірілген заттарды, емдеу-профилактикалық тағамдар өнімдері мен тамақ қоспаларын, сондай-ақ косметикалық заттарды тіркеу және қайта тіркеу, өндіру, сынау, (зерттеу) сатып алу, тасымалдау, сақтау, таңбалау, өткізу, қолдану, жою, жарнамалау ережелерін бұзу, егер олар адамның денсаулығына зиян келтірмесе, -
      азаматтарға - айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға бір жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Тіркелмеген, жалған, қолдану рұқсат етілмеген дәрілік заттарды және оларға теңестірілген заттарды, емдеу-профилактикалық тағамдар өнімдері мен тамақ қоспаларын, сондай-ақ косметикалық заттарды өндіру, сатып алу, тасымалдау, сақтау, өткізу, жарнамалау, егер олар адамның денсаулығына зиян келтірмесе, -
      құқық бұзушылықтың тікелей объектілерін және әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістерді тәркілей отырып, қызметін тоқтата тұрып немесе оған тыйым салып, не онысыз, азаматтарға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, адамның денсаулығына зиян келтірген іс-әрекеттер, егер оларда қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -
      құқық бұзушылықтың тікелей объектілерін және әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістерді тәркілей отырып, азаматтарға - айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - бір жүзге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға, сондай-ақ оның қызметін тоқтата тұруға немесе оған тыйым салуға әкеп соғады.
       Ескерту. 324-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2004.05.06. N 551  Заңымен .

       325-бап. Медициналық қызмет көрсетудегi жалған жарнама

      Қызметтiң мұндай түрiне рұқсаты жоқ жарнама берушiнiң медициналық сипатта қызмет көрсетудi ұсынатын жарнамалар таратуы, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, - 
      жарнама берушi азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       326-бап. Қорғаныш тапшылығы вирусы инфекциясын
               жұқтырғандармен, ЖҚТБ-мен, соз ауруларымен,
               туберкулезбен ауыратындармен қатынаста болып
               жүрген, сондай-ақ дәрiгердiң тағайындауынсыз
               есiрткi құралдарын немесе психотроптық
               заттарды пайдаланушы адамдардың медициналық
               тексеруден және емделуден жалтаруы

      1. Денсаулық сақтау мекемесiнiң жазбаша түрде жасаған ескертуiнен кейiн де қорғаныш тапшылығы вирусы инфекциясын жұқтырғандармен, ЖҚТБ-мен, соз ауруларымен, туберкулезбен ауыратындармен қатынаста болуды жалғастырып жүрген адамдардың медициналық тексеруден және емделуден жалтаруы, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Дәрiгердiң тағайындауынсыз есiрткi құралдарын немесе психотроптық заттарды пайдаланып жүргенi туралы жеткiлiктi деректер бар адамдардың медициналық тексеруден және емделуден жалтаруы, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       327-бап. Айналасындағыларға қауiп төндiретiн аурулармен
               ауыратын адамдардың емделуден жалтаруы

      1. Айналасындағыларға қауiп төндiретiн, тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн аурулармен ауыратын адамдардың, сондай-ақ денсаулық сақтау мекемесiнiң жазбаша жасаған ескертуiнен кейiн де олармен қатынаста болып жүрген және профилактикалық емдеудi қажет ететiн адамдардың дәрi-дәрмек құралдарын қабылдаудан бас тартуы және емделуден өзге де жалтаруы, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың, айналасындағыларға қауiп төндiретiн, тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн аурулармен ауыратын кәмелетке толмаған балаларын емдетуден жалтаруы, -
      азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       328-бап. Айналасындағыларға қауiп төндiретiн
              аурулармен ауыратын адамдардың жұқтыру
              көзiн және өздерiмен қатынаста болған
              адамдарды жасыруы

      Айналасындағыларға қауiп төндiретiн аурулармен ауыратын адамдардың жұқтыру көзiн және осы ауруларды басқа адамдарға жұқтыру қаупiн туғызатын өздерiмен қатынаста болған адамдарды жасыруы, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       329-бап. Қауiпсiздiк талаптарына сәйкес келмейтiн
              тауарлар шығару немесе сату, жұмыстар орындау
              не қызмет көрсету

      1. Тұтынушының өмiрi немесе денсаулығы үшiн қауiпсiздiк талаптарына жауап бермейтiн тауарлар (соның iшiнде Қазақстан Республикасына әкелiнген) шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызмет көрсету, сол сияқты аталған тауарлардың, жұмыстардың немесе қызмет көрсетулердiң қауiпсiздiк талаптарына сәйкес келетiндiгiн куәландыратын ресми құжатты заңсыз беру немесе пайдалану, егер бұл әрекеттер адамның денсаулығына зиян келтiрмесе және iрi көлемде жасалмаса, - 
      лауазымды адамдар мен жеке кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жылдың iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
      адамға зиян келтiруi мүмкiн тауарлары тәркiлене отырып, лауазымды адамдар мен жеке кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
       Ескерту.  Осы баптың мақсаты үшiн iрi мөлшер деп бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен асатын сома танылады.

  22-тарау. ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТIПКЕ ЖӘНЕ ИМАНДЫЛЫҚҚА
ҚОЛ СҰҒАТЫН ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ

       330-бап. Ұсақ бұзақылық 

      1. Ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, азаматтарды қорлап тиiсу, тұрғын жайларды, ортақ пайдалану орындарын қорлау және қоғамдық тәртiптi және азаматтардың тыныштығын бұзатын, төңiрегiндегiлердi сыйламаушылықты бiлдiретiн басқа да осындай iс-әрекеттер, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады. 
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады. 

        331-бап. Кәмелетке толмағандар жасаған бұзақылық

      Он төрт жастан он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң  257-бабының  бiрiншi бөлiгiнде көзделген ұсақ бұзақылық немесе бұзақылық, - 
      ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден екiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       332-бап. Елдi мекендерде атыс қаруынан ату,
               пиротехникалық қондырғыларды жару

      1. Елдi мекендерде және бұл үшiн бөлiнбеген орындарда азаматтардың тыныштығын әрi белгiленген тәртiптi бұзатын атыс қаруы мен газды қарудан, сондай-ақ қолдан жасалған немесе соған бейiмделiп жасалған қарудан ату, - 
      қаруды тәркiлеп немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Елдi мекендерде және бұл үшiн бөлiнбеген орындарда азаматтардың тыныштығы мен белгiленген тәртiптi бұзатын және iрi материалдық залал келтiруге әкеп соқпаған арнайы және қолдан жасалған пиротехникалық қондырғыларды жару, - 
      пиротехникалық құралдар мен қондырғыларды тәркiлей отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      3. Он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған нақ сол iс-әрекеттер, - 
      пиротехникалық құралдарын тәркiлей отырып, ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға ескерту жасауға не айлық есептiк көрсеткiштiң екiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      4. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған, сол сияқты осы Кодекстiң 333-бабымен көзделген құқық бұзушылық үшiн бiр жыл iшiнде әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған адам қайталап жасаған нақ сол iс-әрекеттер, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе оннан он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады. 

       333-бап. Тыныштықты бұзу

       Азаматтардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергi келтiретiн, түнгi уақыттағы (сағат 23-тен таңғы 6-ға дейiн) тыныштықты бұзу, соның iшiнде тұрғын үй-жайларда және олардың сыртында шұғыл қажеттiлiкпен байланыссыз шу шығаратын жұмыстарды жүргiзу, -
      азаматтарға ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң екiге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - жиырма айлық есептік көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
       Ескерту. 333-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       334-бап. Арнайы қызметтердi көрiнеу жалған шақыру

      1. Мемлекеттiк өртке қарсы қызметтi, полицияны, медициналық жедел жәрдемдi, авариялық қызметтердi көрiнеу жалған шақыру, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған не аварияларды, өрттердi, табиғи апат зардаптарын жою кезеңiнде жасалған нақ сол iс-әрекеттер, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      3. Он төрт жастан он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған, осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген iс-әрекеттер, - 
      ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       335-бап. Үйде жасалатын күштi спирт iшiмдiктерiн
               дайындау және сату

      Самогон, чача, тұт арағы, брага және басқа да күштi спирт iшiмдiктерiн сату мақсатымен заңсыз дайындау, сол сияқты аталған спирт iшiмдiктерiн сату, - 
      спирт iшiмдiктерiн, аппараттарды, оларды дайындауға арналған шикiзаттарды және жабдықтарды, сондай-ақ оларды сатудан түскен ақша мен өзге де құндылықтарды тәркiлей отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       336-бап. Спирт iшiмдiктерiн iшу немесе қоғамдық
               орындарға мас күйiнде келу

      1. Жергiлiктi атқарушы орган спирт iшiмдiктерiн құйып сатуға рұқсат еткен сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарынан басқа, көшелерде, стадиондарда, гүлзарларда, саябақтарда, қоғамдық көлiкте және басқа да қоғамдық орындарда спирт iшiмдiктерiн iшу немесе қоғамдық орындарға адамның қадiр-қасиетiне әрi қоғамдық имандылыққа нұқсан келтiретiндей мас күйiнде келу, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң бiрге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiнгi бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден екiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, спирт iшiмдiктерiн iшкенi немесе қоғамдық орынға мас күйiнде келгенi үшiн бiр жыл iшiнде екi рет әкiмшiлiк жаза қолданылған адамның жасаған iс-әрекеттерi, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң екiден беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, ал ерекше жағдайларда, егер iстiң мән-жайына орай және тәртiп бұзушының жеке басы ескерiле отырып, бұл шаралар жеткiлiксiз деп танылса, - он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады. 

       336-1-бап. Жекелеген қоғамдық орындарда темекi шегуге
                 тыйым салуды бұзу 
      1. Қазақстан Республикасының заңдарында темекi шегуге тыйым салу белгiленген жекелеген қоғамдық орындарда темекi шегу, -
      бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң екiден беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Жұмыс берушiнiң темекi шегу үшiн арнаулы орындар бөлудi көздейтiн Қазақстан Республикасының зияндарын бұзуы, сондай-ақ бұл үшiн арнаулы белгiленбеген орындарда темекi шегушiлерге шаралар қолданбауы, -
      лауазымды адамға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 336-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       337-бап. Кәмелетке толмағандардың қоғамдық орындарға
               мас күйiнде келуi

      Он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандардың қоғамдық орындарға мас күйiнде келуi, сол сияқты олардың спирт iшiмдiктерiн iшуi, - 
      ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң бiрге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       338-бап. Құмар ойындар

      1. Бұл үшiн бөлiнбеген орындарда құмар ойындарға (ақшаға, затқа және басқа құндылықтарға) қатысу, сол сияқты бұған арнайы рұқсаты жоқ адамдардың спорттық және өзге де жарыстарға ұтыс тiгуi, - 
      ойын құралдарын, ақшасын, заттары мен өзге де құндылықтарын тәркiлей отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң екiден беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
      2. Он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандарды ақша, зат және өзге де құндылықтар салып құмар ойындармен айналысуға тарту, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      339-бап. Эротикалық мазмұндағы өнiмдердi жарнамалау

     Осы мақсаттар үшiн бөлiнбеген орындарда эротикалық мазмұндағы өнiмдердi сату, тарату немесе жарнамалау, -
     аталған өнiмдердi тәркiлей отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       340-бап. Тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау
               мен пайдалану ережелерiн бұзу

      Мемлекет қорғайтын тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау мен пайдалану ережелерiн бұзу, -
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       341-бап. Тарих және мәдениет ескерткiштерiн немесе табиғи объектiнi қорлау

      1. Мемлекет қорғайтын тарих және мәдениет ескерткiштерiн немесе табиғи объектiлердi қорлау, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған нақ сол iс-әрекеттер, сондай-ақ адамдар жерленген орындарды қорлау, - 
      ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

  23-тарау. БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ АҚПАРАТ САЛАСЫНДАҒЫ
ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ

       342-бап. Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат
               құралдары туралы заңдарын бұзу

       1. Бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн, сондай-ақ ақпарат агенттiгiнiң хабарлары мен материалдарын есепке қоймай не олардың шығарылуын (эфирге шығуын) тоқтата тұру, тоқтату немесе есепке қою туралы куәлiктiң күшi жойылды деп тану туралы шешiм шыққаннан кейiн тарату, -
      бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмi тәркiлене отырып, лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, бұқаралық ақпарат құралдарының меншiк иелерiне, заңды тұлғаларға - жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Мемлекеттiк тiлдегi хабарларды уақыты жағынан телерадиохабарлар арналарында басқа тiлдердегi хабарлардың жиынтық көлемiнен аз тарату, -
      баспа немесе өзге де өнiм тәркiлене отырып, лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, бұқаралық ақпарат құралдарының меншiк иелерiне, заңды тұлғаларға - жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде, бұқаралық ақпарат құралдарының меншiк иелерiне, заңды тұлғаларға телевизиялық және дыбыстық (радиохабарлар) бағдарламаларды тарату құқығына берiлген лицензиядан айыра отырып, екi жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      Ескерту. 342-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       343-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарында ұлттық
               араздықты тұтандыруға бағытталған
               материалдарды жариялауға рұқсат беру

      Нәсiлдiк, ұлттық, әлеуметтiк және дiни араздықты тұтандыруға бағытталған, тектiк-таптық артықшылықты, соғысты насихаттайтын, республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге және аумақтық тұтастығын бұзуға шақыратын үндеуi бар мәлiметтер мен материалдарды баспасөзде және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға рұқсат беру, - 
      бұқаралық ақпарат құралдарының лауазымды адамдарына айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       344-бап. Бұқаралық ақпарат құралдары өнiмдерiн, сол
               сияқты өзге де өнiмдердi Қазақстан
               Республикасының аумағында даярлау, сақтау,
               әкелу, тасымалдау, тарату

       1. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездiктi, зорлық-зомбылықты және порнографияны насихаттауға немесе үгiттеуге бағытталған мәлiметтерi мен материалдары бар бұқаралық ақпарат құралдары өнiмдерiн Қазақстан Республикасының аумағында даярлау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату, -
      бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмдерi тәркiлене отырып, азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездiктi, зорлық-зомбылықты және порнографияны насихаттауға немесе үгiттеуге бағытталған мәлiметтерi мен материалдары бар бұқаралық ақпарат құралдарына жатпайтын өзге де өнiмдердi Қазақстан Республикасының аумағында даярлау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату, -
      өнiмдер тәркiлене отырып, азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген әкiмшілiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - телевизия бағдарламалары мен (немесе) радиохабарларын ұйымдастыру жөнiндегi қызметке берiлетiн лицензиядан айырып және заңды тұлғаның қызметiне тыйым сала отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң мыңнан екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
       Ескерту. 344-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен , өзгеріс енгізілді - 2005.02.23. N 33  Заңымен .  

       345-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарының
               мәлiметтердi терiске шығару және жауап
               жариялау құқығын бұзуы

      Азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтiретiн мәлiметтердi терiске шығаруды жариялаудан не мәлiметке жауапты жариялаудан бас тарту, сол сияқты терiске шығару мен жауапты жариялаудың белгiленген тәртiбi мен мерзiмiн бұзу, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       346-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарымен сотқа
               ықпал жасау

      Сот қарайтын қандай да болсын iс бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында сотта iс қарау нәтижелерiне алдын ала пайымдау жасау немесе сот актiсi күшiне енгенге дейiн сотқа ықпал ету, -
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       347-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарына көрiнеу
               жалған мәлiметтер және материалдар беру

      Бұқаралық ақпарат құралдарына көрiнеу жалған мәлiметтер және материалдар беру, -
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
       Ескерту. 347-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       348-бап. Мерзiмдi баспа басылымдарының мiндеттi тегiн
                даналарын берудiң, теле- және радиохабарлар
                материалдарын тiркеудiң, сақтаудың тәртiбiн
                бұзу 

      1. Мерзiмдi баспа басылымдарының мiндеттi тегiн даналарын берудiң, сондай-ақ теле- және радиохабарлар материалдарын тiркеу мен сақтаудың тәртiбiн бұзу, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға және бұқаралық ақпарат құралдарының шығуын (эфирге шығуын) үш айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұруға әкеп соғады. <*>
       Ескерту. 348-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       349-бап. Теле-, радиохабарлары мен жарнамалық
               роликтердi эфирге шығару тәртiбiн бұзу

      1. Темекi және алкоголь өнiмдерiн насихаттайтын теле-, радиохабарлары мен жарнамалық роликтердi эфирге шығару тәртiбiн бұзу, - 
      лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, - 
      теле- және радиохабарлардың, жарнамалық роликтердiң жекелеген шығарылымдарын тәркiлей отырып, лауазымды адамдарға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. <*>
      3. Заңдарда белгiленген тәртiптi бұза отырып, шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарының теле- және радиобағдарламаларын қайталап беру, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде, бұқаралық ақпарат құралдарының меншiк иелерiне, заңды тұлғаларға - жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.<*>
      4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жүзге дейiнгi мөлшерiнде, бұқаралық ақпарат құралдарының меншiк иелерiне, заңды тұлғаларға - телевизиялық және дыбыстық (радиохабар) бағдарламаларды тарату құқығына лицензиядан айыра отырып, екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. <*>
       Ескерту. 349-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

         349-1-бап. Темекi және темекi бұйымдарын жарнамалау

       1. Мерзiмдi баспа басылымдарында жарнаманы шығару тәртiбiн, оның iшiнде оларда темекi және темекi бұйымдарына жарнаманы бiрiншi және соңғы беттерiнде, мұқабаларында орналастыру жолымен бұзу, кәмелетке толмағандарға бағдарланған мерзiмдi баспа басылымдарында темекi бұйымдарын жарнамалау, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Темекi бұйымдарын жарнама мақсатында тегiн тарату, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Кәмелетке толмағандар арасында жарнама мақсатында темекi бұйымдарының үлгiлерiн тарату, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Мәдени-ойын-сауық және спорт шараларын өткiзу кезiнде темекiнi және темекi бұйымдарын жарнамалау, сол сияқты, кәмелеттiк жасқа толмағандарға арналған шараларға демеушi болып, егер бұл орайда мұнда темекi бұйымдарының атауы, бейнесi немесе тауар белгiсi (қызмет көрсету белгiсi) пайдаланылса, -
      айлық есептік көрсеткiштiң жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Темекi бұйымдарын көлiкте жарнамалау, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 349-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .      

       350-бап. Шығарылым деректерiн жариялау тәртiбiн бұзу

      1. Мерзiмдi баспа басылымдарын белгiленген шығарылым деректерiнсiз шығару, эфирде өз атауын хабарламай, сол сияқты анық емес не көрiнеу жалған шығарылым деректерiмен электрондық бұқаралық ақпарат құралдарының теле- және радиобағдарламаларының эфирге шығуы, -
      бұқаралық ақпарат құралдары өнiмдерiнiң таралымы тәркiлене отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, - 
      өнiм таралымы және бұқаралық ақпарат құралдары өнiмдерiн дайындау және тарату үшiн қолданылатын техникалық құралдар тәркiлене отырып немесе онсыз, айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не бұқаралық ақпарат құралын шығаруды (эфирге шығуын) үш айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұруға
әкеп соғады. <*>
       Ескерту. 350-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .  

       351-бап. Авторлық құпияны және ақпарат көзiн жария ету

      Бұқаралық ақпарат құралының лауазымды адамының авторлық құпияны және ақпарат көзiн жария етуi, егер ол оны жария етпеуге жазбаша түрде мiндеттенген болса,-
      айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
       Ескерту. 351-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       352-бап. Журналистiң заңды кәсiби қызметiне кедергi
               жасау

       1. Журналистiң заңды кәсiби қызметiн орындауына кедергi келтiретiн не оны бұл мүмкiндiктен толық айыратын жағдайлар туғызу, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Журналист сұратқан ақпаратты беруден негiзсiз бас тарту не заңдарда белгiленген мерзiмде табыс етпеу, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
       Ескерту. 352-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

  24-тарау. БАСҚАРУДЫҢ БЕЛГIЛЕНГЕН ТӘРТIБIНЕ
ҚОЛ СҰҒАТЫН ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ

       353-бап. Заңсыз нормативтiк құқықтық акт шығару
               және оны қолдану

      1. Мемлекеттiк органның лауазымды адамының Конституцияға не өзге де заң актiлерiне қайшы келетiн, азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және мiндеттерiн, шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен мемлекеттiң заңды мүдделерiн қозғайтын көрiнеу заңсыз нормативтiк құқықтық акт шығаруы, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Белгiленген тәртiппен күшi жойылған, сот күшi жоқ деп таныған не қолданылу күшiн уәкiлеттi органдар тоқтата тұрған, сондай-ақ әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуден өтпеген нормативтiк құқықтық актiлердi орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың лауазымды адамдарының көрiнеу заңсыз қолдануы, не белгiленген тәртiпте жарияламау, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       354-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк
               тiркеудiң ережелерiн бұзу

      1. Азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен мiндеттерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеудiң заңдармен белгiленген ережелерiн лауазымды адамдардың бұзуы, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жылдың iшiнде жасалған нақ сол iс-әрекеттер, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       354-1-бап. Мемлекеттiк нышандарды пайдалану тәртiбiн
                бұзу

       1. Жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нышандарын заңсыз пайдалануы, -
      ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Мемлекеттiк нышандарды пайдалану мiндеттi болып табылатын жағдайларда оларды пайдаланбау, -
      ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 354-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       355-бап. Прокуратура, iшкi iстер (полиция), ұлттық
               қауiпсiздiк органдарының, Қазақстан
               Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнiң,
               қаржы және әскери полициясының, кеден
               органының, шекара қызметiнiң төтенше жағдайлар
               саласындағы уәкiлеттi қызметкерiнiң
               нұсқауларын орындамау немесе заңды өкiмiне
               немесе талабына қасақана бағынбау

      1. Прокуратура, iшкi iстер (полиция), ұлттық қауiпсiздiк органдарының, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнiң, қаржы және әскери полицияның, кеден органының, шекара қызметiнiң төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi қызметкерiнiң нұсқауларын және басқа заңды талаптарын орындамау, - 
      лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Прокуратура, iшкi iстер (полиция), ұлттық қауiпсiздiк, қаржы және әскери полиция органдарының, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнiң, кеден органының, шекара қызметiнiң төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi қызметкерiнiң өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде заңды өкiмiне немесе талабына қасақана бағынбау, сол сияқты тiл тигiзу не зорлық iс-әрекет жасау қатерiн төндiру, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады. 
       Ескерту. 355-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.07.12. N 240  Заңымен , 2002.08.09. N 346  Заңымен

       356-бап. Мемлекеттiк инспекторға өзiнiң қызметтiк
               мiндеттерiн орындауына кедергi келтiру,
               қаулыларын, нұсқауларын және өзге де
               талаптарын орындамау

      1. Мемлекеттiк инспекциялар мен мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өз құзыретiне сәйкес қызметтiк мiндеттерiн орындауына қызмет туралы, кiрiстер туралы, сақтандыру жарналарын есептеу және төлеу туралы қажеттi құжаттарды, материалдарды, ақпаратты, атом энергиясын пайдалану туралы статистикалық және басқа мәлiметтердi беруден бас тарту арқылы, уәкiлеттi органның қаулысы бойынша ревизия, тексеру, түгендеу, сараптама және заңдармен көзделген басқа да әрекеттердi жүргiзуге жiберуден бас тарту арқылы кедергi келтiру немесе оларды жүзеге асыруға өзге де кедергiлер келтiру не жалған ақпарат беру, - 
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлер мен лауазымды адамдарға жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, - 
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жетiге дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлерге - отызға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      3. Осы Кодекстiң 130, 168, 173, 216, 219, 305, 313-баптарында, 317-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 13) тармақшасында, 362, 381, 474, 486, 522, 528-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк бақылау мен қадағалау органдары (лауазымды адамдар), мемлекеттiк инспекцияның лауазымды адамдары өз құзыретi шегiнде берген заңды талаптарын немесе нұсқауларды, қаулыларды орындамау немесе тиiсiнше орындамау, - 
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдар мен жеке кәсiпкерлерге он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      4. Осы Кодекстiң 481-бабының екiншi бөлiгiнде, 482-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкiлеттi органның лауазымды адамы салған мөрiн (пломбасын) жұлып тастау, - 
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
       Ескерту. 356-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N  506 , өзгеріс енгізілді - 2004.12.09.  N 10  Заңдарымен.  

       357-бап. Озбырлық

      Озбырлық, яғни бiр адамның заңдармен белгiленген тәртiпке қарамастан, өз бетiмен жасаған, заңдылығы екiншi бiр адам немесе ұйым тарапынан дау туғызатын iс-әрекетi, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
      ескерту жасауға немесе азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       358-бап. Жергiлiктi атқарушы органдар мен өзге де
               уәкiлеттi органдардың салық заңнамасында
               белгiленген мiндеттердi орындамауы

      1. Салық заңнамасына сәйкес осы бөлiкте көрсетiлген органдар бюджетке аударуға тиiс салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомаларын жергiлiктi атқарушы органдардың немесе уәкiлеттi органдардың аудармауы, уақтылы немесе толық аудармауы -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Салық заңнамасында салық қызметi органдарына табыс ету үшiн айқындалған мәлiметтердi жергiлiктi атқарушы органдардың және өзге де уәкiлеттi органдардың табыс етпеуi, уақтылы, дұрыс немесе толық ұсынбауы -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Жергiлiктi атқарушы органдардың немесе уәкiлеттi органдардың бiржолғы талондарды бермеуi және (немесе) белгiленген құннан аз беруi, сол сияқты салық заңнамасында бiржолғы талондарды беру жөнiндегi жұмысты ұйымдастыруға қойылатын талаптарды сақтамауы, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың бiрiншi, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол әрекеттер -
      айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жетпiске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
       Ескерту. 358-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2004.12.13.  N 11  (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен. 

       358-1-бап. Заң актiлерiнде көзделген жағдайларда
                 жекелеген негiздер бойынша мемлекет
                 меншiгiне түскен мүлiктi есепке алу мен одан
                 әрi пайдалану ережелерiн бұзу

       1. Заң актiлерiнде көзделген жағдайларда жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне түскен мүлiктi уәкiлеттi органға толық және (немесе) дер кезiнде тапсырмау, -
      жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - қырықтан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Заң актiлерiнде көзделген жағдайларда жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне түскен мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және сату тәртiбiн сақтамау, сондай-ақ осындай мүлiктi сатудан түскен соманы мемлекеттiк бюджетке дер кезiнде аудармау, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - қырықтан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 358-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       359-бап. Салық құпиясын құрайтын мәлiметтердi жария ету

      Салық қызметi, қаржы полициясы органдары лауазымды адамдарының кәсiптiк немесе қызметтiк қажеттiлiксiз салық құпиясын құрайтын мәлiметтердi жария етуi, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
       Ескерту. 359-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.07.12. N 240  Заңымен

       360-бап. Мемлекет уәкiлеттiк берген органдардың
              (ұйымдардың) салықты және басқа да мiндеттi
               төлемдердi бюджетке өндiрiп алмай, сондай-ақ
               мұндай төлемдi растайтын құжаттар алмай тұрып,
               белгiлi бiр iс-әрекеттердi жүзеге асыруы

      1. Мемлекет уәкiлеттiк берген органдардың (ұйымдардың) салықты және басқа да мiндеттi төлемдердi бюджетке өндiрiп алмай тұрып, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген заңдық мәнi бар iс-әрекеттердi жүзеге асыруы, - 
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Мемлекет уәкiлеттiк берген органдардың (ұйымдардың) растайтын құжатты алу заң актiлерiнде көзделген жағдайларда, салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң төленгенiн растайтын құжатты алмай тұрып, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген заңдық мәнi бар iс-әрекеттердi жүзеге асыруы, - 
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, - 
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       361-бап. Салық есебiне тұрудан бас тарту немесе
               салық есебiне тұру мерзiмiн бұзу

      1. Салық төлеушiнiң тiркелу есебiне немесе салық төлеушiнiң қосылған құнға салық төлеушi ретiнде есепке тұрудан бас тартуы, сол сияқты салық органы лауазымды адамының салық заңдарында белгiленген мұндай тiркеу (есеп) мерзiмiн бұзуы, - 
      салық органы басшысына айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, - 
      салық органының басшысына айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       362-бап. Төтенше жағдай режимiн бұзу

      Төтенше жағдайдың жариялануына байланысты мемлекеттiк орган белгiлеген режимдi бұзу немесе талаптарды мына бөлiктерiнде орындамау: 
      1) келу және кетудiң ерекше режимi; 
      2) белгiлi бiр азаматтар үшiн белгiленген мерзiмге белгiлi бiр жерден, өзiнiң пәтерiнен (үйiнен) кетуге тыйым салу, сондай-ақ сол жердiң тұрғындары болып табылмайтын қоғамдық тәртiптi бұзушыларды олардың есебiнен өздерi тұрақты тұратын жерлерiне немесе төтенше жағдай жарияланған жердiң аймағынан шығарып жiберу туралы нұсқау; 
      3) жиналыстар, митингiлер, шерулер мен демонстрациялар, сондай-ақ ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық iс-шараларды өткiзуге тыйым салу; 
      4) ереуiлдер өткiзуге тыйым салу; 
      5) қарумен, күштi әсер ететiн химиялық және улы заттармен, сондай-ақ спирттiк iшiмдiктермен және құрамында спиртi бар заттармен сауданы шектеу немесе тыйым салу; 
      6) карантин және басқа да мiндеттi санитариялық эпидемияға қарсы iс-шараларды өткiзу; 
      7) көбейту техникасын, сондай-ақ радио,- және теледидар хабарларын тарату аппаратурасын, дыбыс,- және бейне жазу техникасын пайдалануға шек қою немесе тыйым салу; дыбыс күшейткiш техникалық құралдарды алып қою туралы нұсқаулар; бұқаралық ақпарат құралдарына бақылауды қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар; 
      8) байланысты пайдаланудың айрықша ережелерi; 
      9) көлiк құралдарының қозғалысын шектеу және оларды тексеруден өткiзу; 
      10) коменданттық сағат уақытында азаматтардың жеке басын куәландыратын арнайы берiлген рұқсаттарсыз және құжаттарсыз көшелерде немесе өзге де қоғамдық орындарда жүруiне не жеке басын куәландыратын құжаттарсыз өз үйiнен тыс жерде болуына тыйым салу, - 
      ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады. 

       363-бап. Төтенше жағдай кезiнде құқық тәртiбiн
               бұзуға итермелейтiн iс-әрекеттер

      Төтенше жағдай жарияланған жерде жасалған құқық тәртiбiн бұзуға немесе ұлттық және дiни алауыздық туғызуға итермелейтiн iс-әрекеттер, азаматтардың және лауазымды адамдардың өздерiнiң заңды құқықтары мен мiндеттерiн жүзеге асыруына белсендi кедергi жасау, сонымен қатар қоғамдық тәртiптi қорғау бойынша қызметтiк мiндеттерiн немесе қоғамдық борышын орындаушы iшкi iстер, ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметкерiнiң, әскери қызметкердiң, билiк немесе жұртшылық өкiлдерiнiң заңды өкiмдерi мен талабына қасақана бағынбау, не қоғамдық тәртiптi және азаматтардың тыныштығын бұзатын iс-әрекеттер жасау, сондай-ақ әкiмшiлiк қадағалау туралы заңдарды бұзу, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе отыз тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады. 

       364-бап. Түрлi-түстi көшiру құралдарын есепке алу,
               сақтау немесе пайдалану ережелерiн бұзу,
               штемпельдi-гравюралық кәсiпорындар ашу
               ережелерiн бұзу

      1. Түрлi-түстi көшiру (жедел полиграфиясы, көшiру-көбейту техникасы, тамшылы-ағылмалы, лазерлi принтерлер және сканерлер) құралдарын есепке алу, сақтау немесе пайдалану ережелерiн бұзу, - 
      азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң - үштен беске дейiнгi мөлшерiнде, түрлi-түстi көшiру құралдарын есепке алу, сақтау және пайдалану ережелерiн сақтауға жауапты лауазымды адамдарға оннан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Заңды тұлғалардың және лауазымды адамдардың штемпельдi-гравюралық кәсiпорындар ашу ережелерiн бұзуы, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. <*>
       Ескерту. 364-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       365-бап. Құқық бұзушылық жасауға итермелеген себептер
               мен жағдайларды жою жөнiнде қолданылған
               шаралар туралы хабарламау

      Iстi қараған органдардың (лауазымды адамдардың) ұсынысы бойынша қылмысқа немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға итермелеген себептер мен жағдайларды жою жөнiнде қолданылған шаралар туралы ұйым басшысының және басқа лауазымды адамдардың хабарламауы, - 
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       366-бап. Әкiмшiлiк қадағалау туралы заңдарды бұзу

      1. Өзiне қатысты қадағалау белгiленген адамның әкiмшiлiк қадағалау туралы заңдарды бұзуы, -
      ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден екiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң екiден беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, ал егер iстiң мән-жайы бойынша және тәртiп бұзушының жеке басын ескере отырып бұл шаралардың қолданылуы жеткiлiксiз деп танылатын болса, -
      он бес тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.

       367-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде, тергеу
               изоляторларында отырған адамдарға тыйым
               салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру

      Қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде, тергеу изоляторларында отырған адамдарға алкогольдiк iшiмдiктер, дәрiлiк және мас қылатын әсерi бар басқа да заттарды, ақша, азық-түлiк тағамдарын, бұйымдарды және бұл мекемелерде сақтау мен пайдалануға тыйым салынған басқа да нәрселердi тексеруден жасырып беру немесе кез келген тәсiлдермен беруге әрекет ету, - 
      ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң екiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       368-бап. Азаматтық қаруларды сатып алу, сақтау, беру
               немесе сату тәртiбiн азаматтардың бұзуы

      1. Азаматтардың iшкi iстер органдарының рұқсатынсыз азаматтық қаруларды сатып алуы, сақтауы, басқа адамға беруi немесе сатуы, -
      қаруы тәркiлене отырып немесе онсыз айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. <*>
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
      қаруы тәркiлене отырып немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
       Ескерту. 368-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       369-бап. Азаматтық, қызметтiк қаруды, оған арналған
               патрондарды сақтау, пайдалану немесе
               тасымалдау ережелерiн бұзу

      1. Қару сақтауға iшкi iстер органдарының рұқсаты бар азаматтардың азаматтық, қаруды, оған арналған патрондарды сақтау, пайдалану немесе тасымалдау ережелерiн бұзуы, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Олардың сақталуына жауапты ұйым қызметкерлерiнiң қызметтiк қаруды, оған арналған патрондарды сақтау немесе тасымалдау ережелерiн бұзуы, сол сияқты олардың азаматтық, қызметтiк қаруды және оған арналған патрондарды өз мақсатында пайдаланбауы, -
      азаматтық қаруының өтемi төленiп алып қойылып немесе онсыз
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
       Ескерту. 369-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       370-бап. Газ қаруын заңсыз қолдану

      1. Газ қаруын заңсыз қолдану, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
      қаруы тәркiлене отырып немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       371-бап. Азаматтық қаруды тiркеу (қайта тiркеу)
               мерзiмдерiн не оны есепке қою ережелерiн бұзу

      1. Азаматтық қаруды тiркеудiң (қайта тiркеудiң) белгiленген мерзiмдерiн немесе тұратын мекен-жайлары өзгерген кезде iшкi iстер органдарында оны есепке қою ережелерiн бұзу, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден үшке дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
      қаруы тәркiлене отырып немесе онысыз айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       372-бап. Азаматтық қаруды, оған арналған патрондарды
               сату үшiн өткiзуден жалтару

      Азаматтық қаруды, оған арналған патрондарды сақтауға рұқсатты iшкi iстер органдары алып қойған азаматтардың оларды сату үшiн өткiзуден жалтаруы, -
      қарудың өтемiн төлеп алып қоя отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       373-бап. Бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер,
               тосқауылдар мен демонстрациялар ұйымдастыру
               мен өткiзудiң тәртiбi туралы заңдарды бұзу

      1. Жиналыстар, митингiлер, шерулер, тосқауылдар, демонстрациялар не өзге де көпшiлiк iс-шараларын ұйымдастыру немесе өткiзу тәртiбi туралы заңдарды бұзу не оларды ұйымдастыруға немесе өткiзуге кедергi жасау, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, - 
      ескерту жасауға және жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттердi, демонстрацияларды не өзге де көпшiлiкке арналған iс-шараларды ұйымдастырушылар мен лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Рұқсат етiлмеген жиналысқа, митингке, тосқауылға, демонстрацияға не өзге де көпшiлiк iс-шараларына қатысушыларға ұйымның басшыларының және басқа да лауазымды адамдарының үй-жай не өзге де мүлiктер (байланыс құралдарын, көбейту техникасын, жабдықтар, көлiк) беруi немесе осындай iс-шараларды ұйымдастыру мен өткiзу үшiн өзге де жағдайлар туғызуы, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      3. Әкiмшiлiк жаза шаралары қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде жиналысты, митингтi, шерудi, демонстрацияны ұйымдастырушы қайталап жасаған нақ сол iс-әрекеттер, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады. 

       374-бап. Қоғамдық бiрлестiктер туралы заңнаманы бұзу

      1. Қоғамдық бiрлестiк басшыларының, мүшелерiнiң не қоғамдық бiрлестiктiң осы қоғамдық бiрлестiктердiң жарғыларында белгiленген мақсаттары мен мiндеттерiнiң шегiнен тысқары iс-әрекеттер жасауы, -
      қоғамдық бiрлестiктiң басшыларына - ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, қоғамдық бiрлестiктiң мүшелерiне - айлық есептiк көрсеткіштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, қоғамдық бiрлестiкке айлық есептiк көрсеткіштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Қоғамдық бiрлестiк басшыларының, мүшелерiнiң не қоғамдық бiрлестiктiң Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын iс-әрекеттер жасауы, -
      қоғамдық бiрлестiк қызметiн үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұрып, қоғамдық бiрлестiктiң басшыларына - айлық есептік көрсеткiштiң жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, қоғамдық бiрлестiктiң мүшелерiне айлық есептік көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
      қоғамдық бiрлестiк қызметiн үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұрып, қоғамдық бiрлестiктiң басшыларына - айлық есептiк көрсеткіштің жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, қоғамдық бiрлестiктің мүшелерiне айлық есептiк көрсеткiштiң жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың екiншi бөлігiнде көзделген әкiмшілiк жаза қолданылғаннан кейiн бір жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, сол сияқты осы баптың үшiншi бөлігінде көзделген әкiмшілік жаза қолдануға әкеп соққан бұзушылықтарды жоймау, -
      қоғамдық бiрлестiктiң қызметiне тыйым сала отырып, қоғамдық бiрлестiктің басшыларына - айлық есептiк көрсеткiштің екi жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, қоғамдық бiрлестiктiң мүшелерiне айлық есептік көрсеткiштің жүзден екi жүзге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
       Ескерту. 374-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.02.23. N 33  Заңымен .  

       375-бап. Дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер
               туралы заңдарды бұзу

      1. Дiни бiрлестiктер басшыларының бiрлестiктi мемлекеттiк басқару органдарында тiркеуден жалтаруы, дiни бiрлестiктiң оның жарғысымен (ережесiмен) белгiленген өз мақсаттары мен мiндеттерiне қайшы келетiн қызметтi жүзеге асыруы, саяси партиялардың қызметiне қатысуы және оларға қаржылай қолдау көрсетуi, қайырымдылық қызметтi жүзеге асыруды, науқас адамдарды күтiп-бағуды, бас бостандығынан айыру орындарына баруды қоспағанда, дiни бiрлестiк орналасқан жерден басқа орында дiни iс-шаралар өткiзу ережелерiн бұзуы, дiнге табынушылар мен дiни бiрлестiктер мүшелерiнiң дiнге табынуға қатысы жоқ арнаулы балалар мен жасөспiрiмдер топтарын ұйымдастырып, жиындарын өткiзуi, азаматтарды дiни жоралғыларды орындауға немесе өзге де дiни қызметтерге қатысуға мәжбүр етуi, - 
      ескерту жасауға немесе дiни бiрлестiк басшыларына - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға қызметiн алты айға дейiн тоқтата тұрып немесе қызметiне тыйым сала отырып не онысыз, жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Заңға сәйкес жүзеге асырылатын дiни жоралғыларды, басқа дiни қызметтi атқаруға кедергi жасау, азаматтардың дiнге қатыстылығына қарай олардың құқықтарын бұзу, сол немесе басқа дiндi ұстанушылар қадiр тұтатын нәрселердi, құрылыстарды және орындарды аяқ асты ету, азаматтардың дiни сезiмдерiн қорлау, - 
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң сегiзге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
       Ескерту. 375-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       376-бап. Азаматтық хал актiлерiн жазу ережелерiн бұзу

      Некеге отыруға кедергi болатын мән-жайларды жасыру немесе азаматтық хал актiлерiн жазу органдарына жалған мәлiметтер беру, - 
      ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң екiден беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       377-бап. Төлқұжатсыз немесе жеке куәлiксiз тұру

      Азаматтардың төлқұжатсыз не жеке куәлiксiз немесе жарамсыз куәлiкпен тұруы, сондай-ақ тұрғылықты жерi бойынша тiркеуден өтпей тұруы немесе үш айдан астам мерзiмде уақытша тұруы, - 
      ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң бiрге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       378-бап. Төлқұжатсыз, жеке куәлiксiз немесе тiркеуден
               өтпей тұруға рұқсат беру

      1. Төлқұжат жүйесi ережелерiн сақтау үшiн жауапты адамдардың төлқұжатсыз немесе жеке куәлiксiз немесе жарамсыз төлқұжатпен және жеке куәлiкпен не тұрғылықты жерi бойынша тiркеуден өтпеген адамға тұруға рұқсат беруi, -
      ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       379-бап. Төлқұжаттарды, жеке куәлiгiн заңсыз алып қою
               немесе оларды кепiлге қабылдау, сондай-ақ
               Қазақстан Республикасы азаматының жеке
               куәлiгiн, төлқұжатын жоғалту немесе
               жарамсыздыққа жеткiзу

      1. Азаматтардың төлқұжаттарын, жеке куәлiктерiн заңсыз алып қою немесе оларды кепiлге қабылдау, - 
      ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жетiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгiн, төлқұжатын жоғалту немесе жарамсыздыққа жеткiзу, -
      ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден екiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң екiден беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       380-бап. Азаматтың куәлiк (төлқұжат) немесе жеке
               басын куәландыратын басқа құжаттарды алуы
               кезiнде көрiнеу жалған мәлiметтер беруi

      Азаматтың куәлiк (төлқұжат), соның iшiнде шетелдiк төлқұжат, не жеке басын немесе азаматтығын куәландыратын басқа да құжаттарды алуы кезiнде Қазақстан Республикасының атқарушы билiк органдарына көрiнеу жалған мәлiметтер немесе жалған құжаттар беруi, - 
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       381-бап. Мемлекеттiк статистикалық есеп-қисап және
               бақылау деректерiн беруден бас тарту, бермеу,
               уақытында бермеу, жасыру, қосып жазу және
               басқа да бұрмалаушылықтар

      Тиiстi статистикалық органдарға бухгалтерлiк баланстарды және есеп берулердi қоса алғанда, белгiленген мемлекеттiк статистикалық есеп-қисап және бақылау деректерiн беруден бас тарту, бермеу, оларды белгiленген мерзiмiн бұза отырып беру, жасыру, қосып жазу және мемлекеттiк статистикалық есеп-қисап деректерiн басқа да бұрмалау, сол сияқты статистикалық деректердi беруге немесе алуға қандай да бiр нысанда болсын кедергi жасау, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. <*>
       Ескерту. 381-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       382-бап. Мемлекеттiк статистикалық бақылаулар
               жүргiзуден бас тарту

      Лауазымды адамдардың өздерiне жүктелген статистикалық бақылаулар жүргiзу жөнiндегi мемлекеттiк мiндеттердi орындаудан бас тартуы немесе оларды уақытында орындамауы, - 
      ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       383-бап. Лауазымды адамның коммерциялық құпиясы бар
               статистикалық деректердi сатуы, беруi немесе
               өзге де жария етуi

      Лауазымды адамның коммерциялық құпия болып табылатын статистикалық деректердi олардың заңды иесiнiң келiсiмiнсiз кiмге де болса сатуы, беруi немесе өзге де жария етуi, егер иесiне iрi залал келтiрiлмесе, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       384-бап. Бекiтiлмеген нысандар бойынша статистикалық
               есеп-қисап жинау

      Заңмен белгiленген тәртiпте келiсiлмеген немесе бекiтiлмеген есеп-қисап нысандары бойынша ведомстволық немесе мемлекеттiк есеп-қисапты жинау, -
      ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       385-бап. Ақпарат құпиялылығы дәрежесiн анықтау мен
               белгiлеу ережесiн бұзу

      1. Ақпарат құпиялылығы дәрежесiн анықтау мен белгiлеу ережесiн бұзу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыс белгiлерi болмаса, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Заңдылықтың бұзылғандығын жасыру мақсатында жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       386-бап. Құпиялылық режимiн қамтамасыз ету жөнiнде
               белгiленген талаптарды бұзу

      1. Мемлекеттiк құпияларға рұқсат етудiң белгiленген тәртiбiн бұзу, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Құпия мәлiметтермен және олар сақталған көздермен жұмыс кезiнде лауазымды адамдардың құпиялық режимiн қамтамасыз ету жөнiнде белгiленген талаптарды бұзуы, eгep бұл әрекеттерде қылмыс белгiлерi болмаса, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Құпия мәлiметтердiң жария болуына немесе құпия мәлiметтердiң және олар сақталған көздердiң жоғалуына әкеп соққан бiрақ мемлекеттiк құпиясы жоқ, нақ сол iс-әрекеттер, -
      қызметтiң белгiлi бiр түрiне арнайы рұқсаттан айыра отырып немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
       Ескерту. 386-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       387-бап. Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын
               көрiктендiру ережелерiн бұзу, сондай-ақ
               қалалық инфрақұрылым объектiлерiн бұзу

      1. Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын көрiктендiру ережелерiн бұзу, сондай-ақ қалалық инфрақұрылым объектiлерiн бұзу, - 
      ескерту жасауға немесе азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
      азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - үш жүзден мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. <*>
       Ескерту. 387-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       388-бап. Күзетiлетiн объектiлерге заңсыз ену

      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Президенттiң Күзет қызметi, Республикалық ұлан, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Iшкi iстер министрлiгiнiң, Қорғаныс министрлiгiнiң органдары мен бөлiмшелерi күзететiн объектiге заңсыз ену, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.

  25-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТIК
ШЕКАРАСЫ РЕЖИМIНIҢ БЕЛГIЛЕНГЕН ТӘРТIБIНЕ ЖӘНЕ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҒЫНДА БОЛУ ТӘРТIБIНЕ
ҚОЛ СҰҒАТЫН ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ

       389-бап. Шекара аймағында шекара режимiн және
               жекелеген жерлерде болу тәртiбiн бұзу

      1. Шекара аймағына кiру (өту), уақытша болу немесе жүрiп-тұру ережелерiн бұзу, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның рұқсатынсыз не белгiленген тәртiптi бұза отырып шекара аймағында шаруашылық, кәсiпшiлiк немесе өзге де қызметтер жүргiзу, мал ұстау немесе бағу, бұқаралық қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де iс-шаралар өткiзу, -
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Жекелеген жерлерде болудың заңдармен белгiленген тәртiбiн бұзу, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       390-бап. Қазақстан Республикасының аумақтық және
               iшкi суларында шекара режимiн бұзу

      1. Қазақстан Республикасының аумақтық және iшкi суларында, шекара өзендерi, көлдерi және өзге де су қоймалары суларының қазақстандық бөлiгiнде шағын көлемдi өздiгiнен жүзетiн және өздiгiнен жүзбейтiн (су бетiндегi және су астындағы) қазақстандық кемелердi (құралдарды) есепке алудың, күтiп-ұстаудың, олардың негiзгi бекеттерден шығуының және негiзгi бекеттерге оралуының, суда болуының және кемелердiң (құралдардың) мұз арқылы қозғалуының белгiленген ережелерiн бұзу, - 
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның рұқсатынсыз Қазақстан Республикасының аумақтық және iшкi суларында шекара өзендерi, көлдерi мен өзге де су қоймалары суларының қазақстандық бөлiгiнде кәсiпшiлiк, зерттеу, iздестiру немесе өзге қызметтер жүргiзу, - 
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       391-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
               шекарасы арқылы өткiзу бекеттерiнде режимдi
               бұзу

      1. Қазақстан Республикасы азаматының Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу бекеттерiнде режимдi бұзу, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ адам жасаған нақ сол iс-әрекеттер, - 
      Қазақстан Республикасы аумағынан әкiмшiлiк жолмен шығарып жiбере отырып немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       391-1-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
                 шекарасы режимiн бұзу

       1. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген iс-әрекеттердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы режимiн бұзу, -
      азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - жиырмадан жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасында уәкiлеттi органның рұқсатынсыз кәсiпшiлiк, зерттеушiлiк, iздестiрушiлiк немесе өзге де қызметтердi жүргiзу, -
      азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - бес жүзден екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, шетелдiк немесе азаматтығы жоқ адам жасаған iс-әрекеттер, -
      он тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға алынып, Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберiлуiне әкеп соғады.
      Ескерту. 391-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       392-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
               шекарасы арқылы заңсыз алып өту

      1. Халықаралық тасымалды жүзеге асыратын көлiк ұйымының немесе өзге де ұйымның Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан бiр немесе бiрнеше тәртiп бұзушының заңсыз өтуiне немесе заңсыз өтуге әрекет жасауына әкеп соқтырған адамдардың көлiк құралына заңсыз кiруiн және оны Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан заңсыз өту үшiн пайдалануын болдырмау жөнiнде шараларды қолданбауы, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Халықаралық тасымалды жүзеге асыратын көлiк ұйымы немесе өзге де ұйым қызметкерiнiң өзiнiң қызметтiк мiндеттерiне кiретiн, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасынан заңсыз өтуге әкеп соқтырған адамдардың көлiк құралына заңсыз кiруiн және оны Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын заңсыз кесiп өту үшiн пайдалануын болдырмау жөнiнде шаралар қолданбауы, егер аталған әрекет бiр немесе бiрнеше тәртiп бұзушының Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан заңсыз өту қылмысына немесе заңсыз өтуге әрекет жасауына жәрдемдесу болып табылмаса, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Жеке шаруамен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан өтетiн адамның, бiр немесе бiрнеше тәртiп бұзушының Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан заңсыз өтуiне немесе заңсыз өтуге әрекет жасауына әкеп соққан, өзi басқаратын көлiк құралын басқа адамның Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан заңсыз өту үшiн пайдалануын болдырмау жөнiнде шаралар қолданбауы, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       393-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
               шекарасын күзету жөнiндегi өз мiндеттерiн
               атқарумен байланысты әскери қызметшiнiң заңды
               өкiмiне немесе талабына бағынбау

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын күзету жөнiндегi өз мiндеттерiн атқарумен байланысты әскери қызметшiнiң заңды өкiмiне немесе талабына бағынбау, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.

       394-бап. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның
              Қазақстан Республикасында болу ережелерiн бұзуы

       1. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның тiркелудiң не жүрiп-тұрудың немесе тұрғылықты жер таңдаудың белгiленген тәртiбiн сақтамауынан көрiнген Қазақстан Республикасында болу ережелерiн бұзуы, -
      ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасына заңсыз кiруден, белгiленген мерзiмде қайтып кетуден жалтаруынан, келу мақсатының визада көрсетiлген мақсаттарға сай болмауынан, сол сияқты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк өту ережелерiн сақтамауынан көрiнген Қазақстан Республикасында болу ережелерiн бұзуы, -
      он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алынып, Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберiлуiне әкеп соғады. 
       Ескерту. 394-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       395-бап. Лауазымды адамның Қазақстан Республикасы
               азаматының, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ
               адамның Қазақстан Республикасында
               шетелдiктердiң болу ережесiн бұзуы

      1. Меншiк нысанына қарамастан Қазақстан Республикасында шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды қабылдаушы, оларға қызмет көрсетудi қамтамасыз етушi немесе шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу және Қазақстан Республикасы аумағы арқылы транзиттiк өту шарттарын сақтаумен байланысты мiндеттерiн орындаушы ұйымның лауазымды адамының Қазақстан Республикасында оларды тiркеудiң, олардың келу, тұру, жүрiп-тұру, тұрған жерiн өзгерту және сырт жаққа кету құқығына құжаттар рәсiмдеудiң белгiленген тәртiбiн бұзуы, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Қазақстан Республикасына шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды жеке шаруамен шақырып, оған тұрғын үй-жай берген азаматтың, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның оларды белгiленген тәртiппен уақтылы тiркеуден өткiзудi және болудың белгiленген мерзiмi бiткеннен кейiн қайтып кетуiн қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолданбауы, - 
      ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      3. Қазақстан Республикасына, белгiленген тәртiптi немесе оның аумағы арқылы транзиттiк өту ережелерiн бұза отырып, келген шетелдiкке немесе азаматтығы жоқ адамға тұрғын үй-жай, көлiк құралын беру немесе өзге де қызмет көрсету, - 
      азаматтарға, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
       Ескерту. 395-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2002.02.22. N 296  Заңымен

       396-бап. Қазақстан Республикасында шетелдiк жұмыс
               күшiн тарту мен пайдалану ережелерiн бұзу

      1. Қазақстан Республикасы аумағына уәкiлеттi органның тиiстi рұқсатынсыз немесе оны алдау жолымен алып өз бетiмен келген шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды (жасырын иммигранттарды) жұмыс берушiнiң жұмысқа қабылдауы, сондай-ақ лауазымды адамдардың жасырын иммигранттарға қатысты нотариалдық немесе қандай да бiр өзге де заңдық (құқық туғызушылық) iс-әрекеттер жасауы, - 
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасында шетелдiк жұмыс күшiн тарту мен пайдалану ережелерiн бұзуы, - 
      Қазақстан Республикасының аумағынан әкiмшiлiк жолмен шығарып жiбере отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       397-бап. Көшiп келу (иммиграциялық) ережелерiн бұзу

      Көшiп келушiнiң көшiп келушiлердi бақылау бекетi жанындағы уақытша ұстау орнында тұрудан, көшiп келушiлердi уақытша орналастыру орталығынан, уақытша болу үшiн көшi-қон қызметiнiң аумақтық органы белгiлеген орында тұрудан жалтаруы, сол сияқты оның Қазақстан Республикасындағы құқықтық мәртебесiн анықтау кезiнде сонда тұру ережелерiн бұзуы, - 
      ескерту жасауға немесе Қазақстан Республикасының аумағынан әкiмшiлiк жолмен шығарып жiбере отырып немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       398-бап. Босқынның немесе мәжбүрлi қоныс
               аударушылардың тұру ережелерiн бұзуы

      Босқынның немесе мәжбүрлi қоныс аударушының келген мекенiн немесе тұрғылықты жерiн ауыстырған кезде, өзi бекiтiлген көшi-қон қызметiнiң аумақтық органында есептен шығу мiндетiн орындамауы, сол сияқты жаңа келген мекенi немесе тұрғылықты жерi бойынша көшi-қон қызметiнiң аумақтық органында уақтылы есепке тұру мiндетiн орындамауы, босқынның тиiстi көшi-қон органына тегiнiң, есiмiнiң, отбасы жағдайының, отбасы құрамының өзгерiстерi туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының немесе өзге мемлекеттiң азаматтығын алғандығы туралы хабарламауы, - 
      ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       399-бап. Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде
               еңбекке орналастыру жөнiндегi заңсыз қызмет

      Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде еңбекке орналастыру жөнiндегi қызметтi тиiстi лицензиясыз немесе лицензияда көзделген шарттарды бұза отырып жүзеге асыру, - 
      ескерту жасауға немесе азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

  26-тарау. КЕДЕН IСТЕРI САЛАСЫНДАҒЫ ӘКIМШIЛIК
ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ

       400-бап. Кеден бақылауы аймағының режимiн бұзу

      Кеден бақылауы аймағының шекарасы арқылы және оның шегiнде тауарлардың, көлiк құралдарының және мемлекеттiк органдардың (кеденнен басқа) лауазымды адамдарын қоса алғанда, адамдардың орын ауыстыруы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз осы аймақта кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру не кеден бақылауы аймағының режимiн бұзатын өзге де iс-әрекеттер жасау, қылмыс белгiлерi болмаған кезде, - 
      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. <*>
       Ескерту. 400-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       401-бап. Тауарлар және көлiк құралдарын әкелу кезiнде
               Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан
               өтетiнi туралы хабарламау

      Тауарлар және көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелген кезде Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан өтетiндiгi туралы Қазақстан Республикасының кеден органына хабарламау, - 
      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. <*>
       Ескерту. 401-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .  

       402-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан
               Республикасының кеден аумағынан тысқары
               жерге әкету ниетi туралы хабардар етпеу
               немесе анықталмаған хабар беру

      1. Тауарларды және көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерге әкету ниетi туралы Қазақстан Республикасының кеден органын хабардар етпеу, егер тауарлар мен көлiк құралдары кедендiк бақылау режимiнде тұрса не тауарларды және көлiк құралдарын әкету оларды осындай режимге қоюды ұйғарса, - 
      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Тауарларды және көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерге әкету ниетi туралы Қазақстан Республикасының кеден органына анықталмаған хабар беру, егер мұндай хабардар етпеудi Қазақстан Республикасының кеден органы белгiленген тәртiппен тiркеген болса, сол сияқты хабардар етуден кейiн тауарлар мен көлiк құралдарын көрсетiлген орынға және оны уақытында әкелмеу, - 
      жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. <*>
       Ескерту. 402-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       403-бап. Авария немесе жойқын күштер жағдайында
               шаралар қолданбау

      Қазақстан Республикасының кеден органы белгiлеген орынға жеткiзуге қабылдаған немесе транзитпен тасылатын тауарлардың және көлiк құралдарының аварияның немесе жойқын күштiң әсерi жағдайында сақталуын қамтамасыз ету үшiн шаралар қолданбау, олардың қандай да болсын рұқсатсыз пайдаланылуына жол беру, Қазақстан Республикасының жақын маңдағы кеден органына iстiң мән-жайы, осындай тауарлардың және көлiк құралдарының тұрған орны туралы хабарламау не оларды Қазақстан Республикасының жақын маңдағы кеден органына тасымалдауды немесе осы органның лауазымды адамдарын тауарлар мен көлiк құралдары тұрған орынға жеткiзудi қамтамасыз етпеу, -
      жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. <*>
       Ескерту. 403-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       404-бап. Тауарларды және көлiк құралдарын жеткiзу
               орнына бермеу

      Тауарларды және көлiк құралдарын жеткiзу орнына бермеу және олардың құжаттарын Қазақстан Республикасының кеден органына тапсырмау, -
      жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. <*>
       Ескерту. 404-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       405-бап. Тауарларды, көлiк құралдарын және олардың
               құжаттарын Қазақстан Республикасы кеден
               органының рұқсатынсыз беру, жоғалту немесе
               Қазақстан Республикасының кеден органына
               жеткiзбеу

      1. Кедендiк бақылауда тұрған тауарларды және көлiк құралдарын Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз беру, жоғалту немесе Қазақстан Республикасының кеден органы белгiлеген орынға жеткiзбеу, - 
      құқық бұзушылықтың тiкелей объектiлерi болып табылатын тауарларды және көлiк құралдарын тәркiлей отырып, лицензияның (арнайы рұқсат немесе бiлiктiлiк аттестатының (куәлiгiнiң) күшiн тоқтата тұрып немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Қазақстан Республикасының кеден органына тапсыруға қабылданған кедендiк бақылауда тұрған тауарлардың және көлiк құралдарының кедендiк немесе өзге де құжаттарын жоғалту немесе жеткiзбеу, - 
      ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      3. Тауарларды, көлiк құралдарын және олардың құжаттарын жеткiзудiң Қазақстан Республикасының кеден органы белгiлеген мерзiмiн сақтамау, -
      ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. <*>
       Ескерту. 405-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       406-бап. Көлiк құралын тоқтатпау

      Мұндай тоқтатпау көлiк құралының техникалық ақаулығынан немесе алапат күштiң әсерiмен болған жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтетiн көлiк құралын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауар ретiнде өткiзiлетiн көлiк құралын Қазақстан Республикасының кеден органы белгiлеген орындарда тоқтатпау, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       407-бап. Қазақстан Республикасы кеден органының
               рұқсатынсыз көлiк құралын жiберу

      Кедендiк бақылауда тұрған көлiк құралын не Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауар ретiнде өткiзiлетiн көлiк құралын оның тұрған орнынан Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз жiберу, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       408-бап. Кедендiк бақылауда тұрған кемеге және басқа
               жүзу құралдарына жанасып тоқтау

      Кедендiк бақылауда тұрған кемеге және басқа жүзу құралдарына Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз кемелердiң және өзге де жүзу құралдарының жанасып тоқтауы, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       409-бап. Декларация толтырушының кедендiк ресiмдеудi
               жүргiзу тәртiбiн бұзуы

      Кедендiк ресiмдеудi жүргiзу тәртiбiн бұзу, яғни кедендiк ресiмдеудiң басталуы мен аяқталуы, орны, уақыты және оны өткiзу рәсiмi туралы кеден заңдарымен белгiленген талаптарды сақтамау не кедендiк ресiмдеудiң жеңiлдетiлген тәртiбiн қолдануға заңсыз талап қою, сол сияқты осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, оны қолдану шарттарын сақтамау, - 
      кеден делдалы ретiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензияның немесе бiлiктiлiк аттестатының (куәлiгiнiң) күшiн тоқтата тұрып немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. <*>
       Ескерту. 409-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .  

       410-бап. Кедендiк ресiмдеу аяқталмаған тауарлармен
               және көлiк құралдарымен заңсыз операциялар
               жүргiзу, жай-күйiн өзгерту, пайдалану және
               билiк ету

      1. Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кеден заңдарымен белгiленген талаптар мен шарттарды бұза отырып, кедендiк ресiмдеу аяқталмаған тауарлармен және көлiк құралдарымен операциялар жүргiзу, жай-күйiн өзгерту, пайдалану және билiк ету, - 
      құқық бұзушылықтың тiкелей объектiсi болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, - 
      құқық бұзушылықтың тiкелей объектiсi болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       411-бап. Қазақстан Республикасы кеден органының
               рұқсатынсыз жүргiзiлетiн жүк және өзге де
               операциялар

      Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз кеден бақылауында тұрған тауарларды және көлiк құралдарын тасымалдау, тиеу, түсiру, қайта тиеу, зақымданған орамды жөндеу, буып-түю, қайта буып-түю немесе тасымалдауға қабылдау, мұндай тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн алу, көрсетiлген тауарлар мен көлiк құралдары болуы мүмкiн үй-жайларды, қораптарды және басқа да орындарды ашу, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. <*>
       Ескерту. 411-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .  

       412-бап. Ұқсастыру құралдарын өзгерту, алып тастау,
               жою, зақымдау не жоғалту

      Қазақстан Республикасының кеден органы қолданған ұқсастыру құралдарын өзгерту, алып тастау, жою, зақымдау не жоғалту, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       413-бап. Декларация берушiнiң тауарларды және көлiк
               құралдарын декларациялау тәртiбiн бұзуы

      Декларация берушiнiң тауарларды және көлiк құралдарын декларациялау тәртiбiн бұзуы, яғни осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, декларациялаудың нысаны мен орны, декларациялау кезiндегi уақытша, толық емес немесе мерзiмдiк кеден декларациясын пайдалануды қоса алғанда, оны жасау рәсiмi туралы кеден заңдарымен белгiленген талаптарды сақтамауы, - 
      лицензияның, арнайы рұқсаттың немесе бiлiктiлiк аттестатының (куәлiгiнiң) күшiн тоқтата тұрып, айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. <*>
       Ескерту. 413-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .  

       414-бап. Қазақстан Республикасының кеден органына
               кеден декларациясын, құжаттар мен қосымша
               мәлiметтер беру мерзiмдерiн бұзу

      Қазақстан Республикасының кеден органына олар белгiлеген мерзiмдерде тауарлар мен көлiк құралдарына кеден декларациясын, сол сияқты, осы тауардың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кедендiк мақсаттар үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi бермеу және қылмыс белгiлерi болмаған кезде, - 
      лицензияның, арнайы рұқсаттың немесе бiлiктiлiк аттестатының (куәлiгiнiң) күшiн тоқтата тұрып, айлық есептiк көрсеткiштiң бестен 
жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. <*> 
       Ескерту. 414-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       415-бап. Қазақстан Республикасының кеден органына
               есеп-қисапты бермеу және есеп жүргiзу
               тәртiбiн сақтамау

      Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлеген тәртiппен кедендiк бақылауда тұрған не еркiн кеден аймағы мен бос қоймалар аумағында тұрған әкелiнетiн, әкетiлетiн, келiп түсетiн, сақталатын, ұқсатылатын, дайындалатын, сатып алынатын және сатылатын тауарлар туралы белгiленген есеп-қисапты кеден органына бермеу, сол сияқты, осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мұндай тауарларға есеп жүргiзу тәртiбiн сақтамау және қылмыс белгiлерi болмаған кезде, - 
      лицензияның, арнайы рұқсаттың немесе бiлiктiлiк аттестатының (куәлiгiнiң) күшiн тоқтата тұрып, айлық есептiк көрсеткiштiң бестен 
жиырма беске  дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. <*>
       Ескерту. 415-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       416-бап. Уақытша сақтау мерзiмдерiн бұзу

      Иесiнiң уақытша сақтау орындарындағы сақталу мерзiмi сақтаудың белгiленген шектi мерзiмiнен асып кеткен тауарлар мен көлiк құралдарын кеден режимiне сәйкес шығаруды немесе билiгiне алуды қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолданбауы, - 
      құқық бұзушылықтың тiкелей объектiсi болып табылатын тауарларды және көлiк құралдарын тәркiлеуге әкеп соғады. 

       417-бап. Тауарларды сақтауға орналастыру тәртiбiн,
               оларды сақтау және олармен операциялар жасау
               тәртiбiн бұзу

      Заңдармен және нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленген тауарларды сақтауға орналастыру тәртiбiн және оларды сақтау тәртiбiн бұзу, сол сияқты осы Кодекстiң 405, 410-412, 416-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кеден қоймаларындағы, уақытша сақтау қоймаларындағы және бос қоймалардағы тауарлармен операциялар жүргiзу, - 
      лицензияның (арнайы рұқсаттың немесе бiлiктiлiк аттестатының (куәлiгiнiң) күшiн тоқтата тұрып немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. <*>
       Ескерту. 417-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       418-бап. Тауарларды қайта өңдеу тәртiбiн бұзу және
               қайта өңдеу өнiмдерiн ауыстыру

      1. Тауарларды қайта өңдеу тәртiбiн бұзу, яғни кеден заңдарымен белгiленген талаптарды, шектеулердi және тауарларды қайта өңдеу жағдайлары туралы мiндеттеме беру шарттарын, оларды қайта өңдеу тәртiбi мен мерзiмдерiн, қайта өңдеу өнiмдерiнiң шығу мөлшерiн сақтамау, осындай тауарларды қайта өңдеу бойынша операциялар жүргiзу, - 
      лицензия күшiн тоқтата тұрып, айлық есептiк көрсеткiштiң оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. <*>
      2. Қайта өңдеу өнiмдерiн басқа тауарлармен ауыстыру, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе лицензияның, тауарларды қайта өңдеуге арнайы рұқсаттың күшiн тоқтата тұруға әкеп соғады.
       Ескерту. 418-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       419-бап. Еркiн кеден аймақтарында және бос
               қоймаларда кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге
               асыру тәртiбiн бұзу

      Кеден заңдарымен белгiленген еркiн кеден аймақтарында және бос қоймаларда кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырудың тәртiбiн бұзу, -
      лицензияның, бос қойма жасауға арнайы рұқсаттың күшiн тоқтата тұрып, айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. <*>
       Ескерту. 419-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       420-бап. Еркiн кеден аймақтарында ғимараттар, үйлер
               мен құрылыстар тұрғызу тәртiбiн бұзу

      Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген қосымша талаптарды бұза отырып, еркiн кеден аймақтарында ғимараттар, үйлер мен құрылыстар тұрғызу, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. <*>
       Ескерту. 420-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       421-бап. Қазақстан Республикасының кеден аумағынан
               тысқары жерлерге тауарларды және көлiк
               құралдарын әкетпеу не осы аумаққа қайтармау

      1. Белгiленген мерзiмдерде, егер мұндай әкету мiндеттi болып табылса, бұрын әкелiнген тауарларды және көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерлерге әкетпеу, егер мұндай қайтару мiндеттi болып табылса, бұрын әкетiлген тауарларды және көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кеден аумағына қайтармау, қылмыс белгiлерi болмаған кезде, - 
      құқық бұзушылықтың тiкелей объектiлерi болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып немесе онсыз, жеке адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғаларға - жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. <*> 
      2. Қайта әкетудiң немесе әкелудiң дәлелi ретiнде Қазақстан Республикасының кеден органына жалған құжаттар, заңсыз жолмен алынған құжаттар не басқа тауарларға және көлiк құралдарына қатысты құжаттар беру, не аварияның немесе жойқын күштiң әсерi салдарынан, табиғи тозуы немесе азаюынан тауарлар мен көлiк құралдарының жойылуы немесе шығын болуы себебiнен бұған мүмкiндiктiң болмауы, не шет мемлекет органдарының және лауазымды адамдарының заңсыз әрекеттерiмен байланысты олардың иелiктен шығарылуы, қылмыс белгiлерi болмаған кезде, - 
      құқық бұзушылықтың тiкелей объектiсi болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғаларға - жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. <*>
       Ескерту. 421-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       422-бап. Тауарларды жою тәртiбiн бұзу

      Меншiк иесiнiң немесе мүдделi адамның тауарларды жою тәртiбiн бұзуы, яғни кеден заңдарымен белгiлеген тауарларды жою, жою нәтижесiнде пайда болған қалдықтарды тиiстi кедендiк режимде орналастыру талаптарын, шектеулердi және шарттарды сақтамауы, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       423-бап. Белгiлi бiр кедендiк режимде орналастырылған
               тауарлармен және көлiк құралдарымен заңсыз
               операциялар жасау, жай-күйiн өзгерту,
               пайдалану және билiк ету

      Тауарлармен және көлiк құралдарымен олардың кедендiк режимiне сай келмейтiн операциялар жасау, жай-күйiн өзгерту, пайдалану және билiк ету, сол сияқты осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, өзге де шектеулердi, талаптарды және кеден режимi шарттарын сақтамау, - 
      құқық бұзушылықтың тiкелей объектiсi болып табылатын тауарлар және көлiк құралдары тәркiлене отырып немесе онысыз, лицензияның, арнайы рұқсаттың немесе бiлiктiлiк аттестатының (куәлiгiнiң) күшi тоқтатыла тұрып, айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       424-бап. Қазақстан Республикасының кеден шекарасы
               арқылы тауарларды және көлiк құралдарын
               өткiзген кезде тарифтiк емес реттеу
               шараларын және басқа да шектеулердi
               қолдану тәртiбiн сақтамау

      1. Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, заңдармен және нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленетiн тарифтiк емес реттеу мен шектеу шараларын қолдану тәртiбiн бұза отырып, Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарларды және көлiк құралдарын өткiзу, қылмыс белгiлерi болмаған ретте, - 
      құқық бұзушылықтың тiкелей объектiлерi болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғаларға - жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. <*>
      2. (алынып тасталды) <*>
       Ескерту. 424-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       425-бап. Жеке тұлғалардың оңайлатылған, жеңiлдiк
               тәртiбiн бұза отырып Қазақстан Республикасының
               кеден шекарасы арқылы тауарларды өткiзуi

      Осы Кодекстiң 432-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын оңайлатылған немесе жеңiлдiк тәртiбiн бұза отырып, жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар өткiзуi, қылмыс белгiлерi болмаған ретте, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       426-бап. Кеден бақылауына соқпай Қазақстан
               Республикасының кеден шекарасы арқылы
               тауарларды және көлiк құралдарын өткiзу

      1. Кеден бақылауына соқпай, яғни Қазақстан Республикасының кеден органдары белгiлеген орындардан сыртқары немесе кедендiк ресiмдеу жүргiзудiң белгiленген уақытынан тыс, Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарларды және көлiк құралдарын өткiзу, қылмыс белгiлерi болмаған кезде, - 
      жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамға - оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға - орындалмаған салық мiндеттемесi сомасының екi жүз процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.<*>
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, - 
      құқық бұзушылықтың тiкелей объектiлерi болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамға - жиырма бестен елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға - орындалмаған салық мiндеттемесi сомасының үш жүз процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.<*>
       Ескерту. 426-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       427-бап. Қазақстан Республикасының кеден шекарасы
               арқылы өткiзiлетiн тауарларды кедендiк
               бақылаудан жасыру

      Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарларды кедендiк бақылаудан жасыру, соның iшiнде тауарларды табуды қиындататын құпия орындарды не басқа тәсiлдердi пайдалану немесе бiр тауарларға басқалардың түрiн беру, қылмыс белгiлерi болмаған кезде, - 
      құқық бұзушылықтың тiкелей объектiлерi болып табылатын тауарлар тәркiлене отырып немесе онысыз, сондай-ақ құқық бұзушылықтың тiкелей объектiлерi болып табылатын тауарлар мен заттарды жасырып, Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзу үшiн пайдаланылған арнайы әзiрленген құпия орындары бар тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       428-бап. Құжаттарды немесе ұқсастыру құралдарын
              алдап пайдаланып, Қазақстан Республикасының
              кеден шекарасы арқылы тауарларды және көлiк
              құралдарын өткiзу

      Қазақстан Республикасының кеден органына кедендiк мақсаттар үшiн қажеттi құжаттар ретiнде жалған құжаттар, заңсыз жолмен алынған құжаттар, дұрыс емес мәлiметтерi бар құжаттар не басқа тауарларға және көлiк құралдарына қатысты құжаттар беру арқылы Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарларды және көлiк құралдарын өткiзу, сондай-ақ сәйкестендiрудiң қолдан жасалған құралдарын не басқа тауарларға және көлiк құралдарына қатысты ұқсастыру құралдарын пайдалану, осы Кодекстiң 429 және 432-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, қылмыс белгiлерi болмаған кезде, - 
      құқық бұзушылықтың тiкелей объектiлерi болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       429-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын декларацияламау
               немесе жалған декларациялау

      1. Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарларды және көлiк құралдарын декларацияламау немесе жалған декларациялау, яғни тауарлар мен көлiк құралдары, олардың кедендiк режимi және кедендiк мақсаттар үшiн қажеттi басқа да мәлiметтер туралы белгiленген жазбаша, ауызша немесе өзге нысанда мәлiмдемеу немесе жалған мәлiмдеу, осы Кодекстiң 409, 413, 414, 424-428, 432-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, қылмыс белгiлерi болмаған кезде, - 
      лицензияның, арнаулы рұқсаттың немесе бiлiктiлiк аттестатының (куәлiгiнiң) қолданылуы тоқтатыла тұрып, орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған салық мiндеттемесi сомасының екi жүз процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. <*>
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, - 
      құқық бұзушылықтың тiкелей объектiсi болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып немесе онысыз, орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған салық мiндеттемесi сомасының үш жүз процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. <*>
       Ескерту. 429-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .  

       430-бап. Кеден ережелерiн бұза отырып, Қазақстан
               Республикасының кеден аумағына әкелiнген
               тауарларды және көлiк құралдарын тасымалдау,
               сақтау, иемденiп алу, пайдалану немесе билiк
               ету

      1. Қазақстан Республикасының кеден аумағына кеден бақылауына соқпай не осындай бақылаудан жасырын, не құжаттарды немесе сәйкестендiру құралдарын алдап пайдаланумен, әкелiнген, не декларацияланбаған немесе жалған декларацияланған тауарларды және көлiк құралдарын тасымалдау, сақтау, иемденiп алу, пайдалану немесе билiк ету, сол сияқты басқаларға қарағанда өзге мақсатпен оларға осындай жеңiлдiктер берiлуiмен байланысты Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз пайдаланылатын немесе иелiктен айырылатын, кеден төлемдерi мен салықтары бөлiгiнде оларға кеден жеңiлдiктерi берiлген тауарлар мен көлiк құралдарын тасымалдау, сақтау және иемденiп алу, - 
      лицензияның, арнайы рұқсаттың немесе бiлiктiлiк аттестатының (куәлiгiнiң) күшiн тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғаларға - жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. <*>
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, - 
      құқық бұзушылықтың тiкелей объектiсi болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. <*>
       Ескерту. 430-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .  

       431-бап. Кедендiк төлемдер мен салықтар бөлiгiнде
               оларға қатысты кедендiк жеңiлдiктер берiлiп,
               шартты түрде шығарылған тауарлар мен көлiк
               құралдарын пайдалану мен билiк ету тәртiбiн
               бұзу

      Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз басқаларға қарағанда өзге мақсатпен осындай жеңiлдiктер берiлуiмен байланысты кеден төлемдерi мен салықтары бөлiгiнде кеден жеңiлдiктерi берiлiп, шартты түрде шығарылған тауарлар мен көлiк құралдарын пайдалану және билiк ету, - 
      лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, ал заңды тұлғаларға бес жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       432-бап. Кедендiк төлемдер мен салықтардан заңсыз
               босатуға немесе оларды төмендетуге
               бағытталған iс-әрекеттер

      Кедендiк мақсаттар үшiн қажеттi кедендiк декларациялар мен өзге де құжаттарда кедендiк режим, кеден құны не тауарлар мен көлiк құралдарын шығарған ел туралы дұрыс емес мәлiметтер немесе кедендiк төлемдер мен салықтардан босату немесе олардың мөлшерiн азайту үшiн негiз болатын өзге де дұрыс емес мәлiметтер беру, осы Кодекстiң 425, 428, 429-баптарымен көзделген жағдайларды қоспағанда, қылмыс белгiлерi болмаған ретте, - 
      лицензияның, арнайы рұқсаттың немесе бiлiктiлiк аттестатының (куәлiгiнiң) күшiн тоқтата тұрып немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       433-бап. Төленген кедендiк төлемдер мен салықтарды
               тиiстi негiздерсiз қайтаруға, төлемдер мен
               өзге де өтемдер алуға не оларды қайтармауға
               бағытталған iс-әрекеттер

      Қазақстан Республикасының кеден органына - төленген кедендiк төлемдердi қайтаруға, төлемдер және өзге де өтемдер алуға немесе оларды қайтармауға не тиiстi негiздемесiз толық көлемiнде қайтаруға құқық беретiн дұрыс емес мәлiметтерi бар құжаттар беру, қылмыс белгiлерi болмаған кезде, - 
      лицензияның, арнайы рұқсаттың немесе бiлiктiлiк аттестатының (куәлiгiнiң) күшiн тоқтата тұрып немесе онысыз, лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       434-бап. Кеден төлемдерiн және салығын төлеу
               мерзiмдерiн бұзу

      Кеден төлемдерiн және салығын белгiленген мерзiм iшiнде төлемеу, -
      лицензияның, арнаулы рұқсаттың немесе бiлiктiлiк аттестатының (куәлiгiнiң) қолданылуы тоқтатыла тұрып немесе онсыз, жеке тұлғаға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамға - жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға - орындалмаған салық мiндеттемесi сомасының елу процентi мөлшерiнде, бiрақ екi жүз елу айлық есептiк көрсеткiштен кем емес мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады. <*>
       Ескерту. 434-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .  

       435-бап. Банктер мен банк операцияларының жекелеген
               түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан
               Республикасы кеден органдарының шешiмдерiн
               орындамауы

      Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың кiнәсiнен төлемшiнiң кедендiк төлем шоттары бойынша кеден төлемдерiн өндiрiп алу немесе шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы Қазақстан Республикасы кеден органдарының шешiмдерiн орындамауы, -
      лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       436-бап. Кедендiк делдал, маман ретiнде қызметтi
               заңсыз жүзеге асыру не осындай қызмет
               ережесiн бұзу

      1. Кеден делдалы ретiнде қызметтi жүзеге асыру, өзiнiң атауында, жарнамада "кеден делдалы" атауын немесе Қазақстан Республикасы орталық кеден органының лицензиясынсыз өзге де ақпараттарды пайдалану, егер мұндай лицензия керi қайтарылып алынса, не егер оның күшi тоқтатыла тұрған болса, не штатта бiлiктiлiк аттестаты (куәлiгi) бар кедендiк ресiмдеу жөнiндегi маманның болмауы, не бiлiктiлiк аттестаты (куәлiгi) жоқ не осындай аттестаттан (куәлiктен) айырылған, не бiлiктiлiк аттестаты (куәлiгi) керi қайтарылып алынған адамның кеден делдалы атынан кедендiк ресiмдеу бойынша iс-әрекеттер жасауы немесе, егер мұндай аттестаттың (куәлiктiң) әрекетi тоқтатыла тұрған болса, не Қазақстан Республикасының орталық кеден органына жалған мәлiметтерi бар құжаттар беру нәтижесiнде алынған лицензияны кеден делдалының пайдалануы, сол сияқты осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген әрекеттерден басқа осындай қызметтiң басқа да шарттарын бұзу, қылмыс белгiлерi болмаған кезде, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. <*>
      2. Кеден делдалының немесе оның қызметкерлерiнiң заңмен қорғалатын құпиясы немесе құпия ақпараты бар мәлiметтердi өз мақсатына пайдалануы, жариялауы, оған уәкiлеттi емес мемлекеттiк органдарды қоса алғанда, үшiншi адамдарға беруi, мұндай мәлiметтерде қылмыс белгiлерi болмаған кезде, - 
      лицензияны, арнайы рұқсатты немесе бiлiктiлiк аттестатын (куәлiгiн) тоқтата тұрып немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
       Ескерту. 436-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .   

       437-бап. Кеден тасымалдаушысы ретiнде қызметтi
               заңсыз жүзеге асыру не мұндай қызметтiң
               шарттарын бұзу

      1. Кеден тасымалдаушысы ретiнде қызметтi лицензиясыз жүзеге асыру, егер мұндай лицензия керi қайтарылып алынса немесе оның күшi тоқтатыла тұрған болса, не кеден тасымалдаушысы Қазақстан Республикасы орталық кеден органына жалған мәлiметтерi бар құжаттар беру нәтижесiнде алынған лицензияны пайдаланса, сол сияқты осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген әрекеттерден басқа осындай қызметтiң басқа да шарттарын бұзу, - 
      лицензияның күшiн тоқтата тұрып немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. <*>
      2. Кеден тасымалдаушысының немесе оның лауазымды адамдарының заңмен қорғалатын құпиядан немесе құпия ақпараттардан тұратын мәлiметтердi өз мақсаттарына пайдалануы, жариялауы, оған уәкiлеттi емес мемлекеттiк органдарды қоса алғанда, үшiншi адамдарға беруi, мұндай мәлiметтерде қылмыс белгiлерi болмаған кезде, - 
      лицензиядан айыра отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
       Ескерту. 437-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       438-бап. Лауазымды адамдардың және өзге де
               қызметкерлердiң кеден iсiнде қолданылатын
               талаптарды орындамауы

      Ұйымдардың лауазымды адамдарының және өзге де адамдардың кеден iсiнде қолданылатын талаптарды орындамауы, сол сияқты азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша заңды тұлға үшiн жұмыстар орындайтын өзге де жеке тұлғалардың осындай талаптарды орындамауы, кеден ережесiн бұзғаны үшiн аталған заңды тұлға жауапқа тартылған жағдайларда, кеден органының лауазымды адамын кедендiк бақылау жүргiзу үшiн аумаққа және үй-жайға кiруiне кедергi жасау, - 
      ескерту жасауға немесе оннан елуге дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

27-тарау. КӨЛIКТЕ, ЖОЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА ЖӘНЕ
БАЙЛАНЫСТА ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ

       439-бап. Темiр жол көлiгiнде қозғалыс қауiпсiздiгiн
               қамтамасыз ететiн ережелердi бұзу

      1. Темiр жол арқылы күш көлiгiмен өту, мал айдап өту, темiр жолдарға арнап оқшауланған жерлерде мал жаю ережелерiн бұзу, - 
      ескерту жасауға немесе азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң екiге дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Темiр жолды, отырғызылған қорғаныш ағаштарды, қар тоқтатқыш қоршауларды және басқа да жол объектiлерiн, сигнал беру және байланыс құрылыстары мен қондырғыларын бүлдiру, - 
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Жүктердi тиеу және түсiру кезiнде белгiленген көлемдердi сақтамау, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жетiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Темiр жолдарға поездар қозғалысын бұзуы мүмкiн заттар төсеу, лақтыру немесе қалдыру, -
      бес айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      5. Белгiленбеген жерлерде темiр жол арқылы өту, -
      ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң оннан бiрi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       440-бап. Темiр жол көлiгi құралдарын пайдалану
               ережелерiн бұзу

      1. Жүк поездарында өз бетiнше жүрiп-тұру, поезд жүрiп бара жатқанда отырғызу және түсiру, вагондардың тепкiшектерi мен төбесiнде жүрiп-тұру, қажетсiз ретте поезды өз бетiнше тоқтату, -
      бiр айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Поездар вагондарының терезелерi мен есiктерiнен қоқыстарды және өзге де заттарды тастау, поезд жүрiп бара жатқан кезде сыртқы есiктердi өз бетiнше ашу, -
      ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң бестен бiрiне дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       441-бап. Ортақ пайдаланыстағы көлiк құралдарын және
               олардың iшкi жабдықтарын бүлдiру

      Ортақ пайдаланыстағы көлiк құралдарын, атап айтқанда, темiр жол көлiгiнде жолаушылар вагондарын және локомотивтердi, теңiз және өзен көлiгiнде кемелердi, автобустарды, троллейбустарды, трамвайларды бүлдiру, сондай-ақ олардың iшкi жабдықтарын бүлдiру, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң үштен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       442-бап. Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн
               пайдалану тәртiбiн бұзу

      1. Әуе кемелерiнiң ұшуы, зымырандарды ұшыру, атыстың барлық түрлерiн өткiзу, жарылыс жасау жұмыстары кезiнде немесе Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде материалдық объектiлердi көтеруге, жылжытуға немесе түсiруге байланысты басқа да қызметтi жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану тәртiбiн бұзу, - 
      құқық бұзушылықты жасаудың құралы болған затты өтемiн төлеп алып қоя отырып немесе онысыз, азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден онға дейiнгi, лауазымды адамдарға оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жылдың iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, - 
      құқық бұзушылық жасаудың құралы болған затты тәркiлей отырып немесе онысыз, азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       443-бап. Ұшу қауiпсiздiгi ережелерiн бұзу

      1. Аэродром аумағында аэродромдарды ажырата бiлу үшiн қолданылған таңбалау белгiлерi мен қондырғыларына ұқсас қандай да бiр белгiлер мен қондырғыларды орналастыру немесе әуежай, аэродром әкiмшiлiгiнiң рұқсатынсыз пиротехникалық бұйымдарды жағу, немесе әуе кемелерiнiң ұшуы үшiн қауiптi құстардың жаппай жиналуына жағдай жасайтын объектiлер салу, - 
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Ғимараттар мен құрылыстарда түнгi және күндiзгi таңбалау белгiлерiн орналастыру туралы ережелердi орындамау, - 
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Аэродром жабдықтарын, аэродром белгiлерiн, әуе кемелерiн және олардың жабдықтарын бүлдiру, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Тиiстi рұқсатсыз әуежайлардың (аэровокзалдардан басқа), аэродромдардың, ұшуды радиомен және жарықпен қамтамасыз ету объектiлерiнiң аумағы арқылы жаяу жүрiп немесе көлiкпен өту, -
      бiр айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

       444-бап. Авиация қызметкерлерiн жұмысқа даярлау мен
               жiберу ережелерiн бұзу

      1. Авиация қызметкерлерiн жұмысқа даярлау мен жiберу ережелерiн бұзу, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Адамды мас күйiнде әуе кемесiн басқаруға жiберу, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       445-бап. Адамның мас күйiнде әуе кемесiн басқаруы

      1. Адамның алкогольмен, есiрткiмен немесе уытқұмарлықпен масаю күйiнде әуе кемесiн басқаруы, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң бестен он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе бiр жылға дейiнгi мерзiмге әуе кемесiн басқару құқығынан айыруға әкеп соғады. 
      2. Ұшу қауiпсiздiгiне қатер төндiрген нақ сол iс-әрекеттер, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе екi жылға дейiнгi мерзiмге әуе кемесiн басқару құқығынан айыруға әкеп соғады. 

       446-бап. Әуе кемесiндегi мiнез-құлық ережесiн бұзу

      1. Әуе кемесiндегi адамның кеме командирiнiң өкiмiн орындамауы, егер бұл адамның әрекетi ұшу қауiпсiздiгiне қатер төндiрмесе, -
      ескерту жасауға немесе екi айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Әуе кемесiнiң бортынан суретке түсiру, кино және бейнетүсiру ережелерiн бұзу, сондай-ақ радио байланысы құралдарын пайдалану, -
     ескерту жасауға немесе таспа мен кассеталарды, радио байланысы құралдарын тәркiлей отырып, не онысыз, бiр айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

       447-бап. Жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау
               ережелерін бұзу

      1. Автомобиль көлігімен тасымалдауды қоспағанда, жолаушыларды, багажды және жүктерді халықаралық тасымалдау ережелерін бұзу, -
      айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Жолаушыларды, багажды және жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдау ережелерін бұзу, -
      жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол іс-әрекеттер, -
      жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің жиырма бестен елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 447-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.07.03. N 464  Заңымен

        447-1-бап. Жолаушыларды, багажды немесе жүктерді
                 автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыру
                 кезінде жүргізушілердің еңбек және демалыс
                 режимінің бұзылуы <*>

      1. Жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін тіркейтін бақылау құрылғыларынсыз (тахографтарсыз) немесе ажыратылған осындай құрылғылармен, не толтырылмаған диаграммалық дискілермен, сол сияқты:
      1) қауіпті жүктерді автомобильмен тасымалдауды;
      2) жолаушыларды, багажды және жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды;
      3) жолаушыларды, багажды автомобильмен қалааралық, облысаралық тұрақты және тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асырған кезде жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін күнделікті тіркеу парақтарын жүргізбей автокөлік құралын басқаруы, -
      жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Автокөлік құралдарын жүргізушілердің жолаушыларды, багажды немесе жүктерді автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде еңбек және демалыс режимін бұзуы, -
      айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 447-1-баппен толықтырылды, баптың 1-тармағы 3) тармақшасының 1-абзацы 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі - Қазақстан Республикасының 2003.07.03. N 464  Заңымен .

       447-2-бап. Жолаушыларды, багажды немесе жүктерді
                автомобильмен халықаралық тасымалдауды
                рұқсатсыз немесе арнайы рұқсатсыз жүзеге 
                асыру 

      Шетелдік жеке және заңды тұлғаларға тиесілі автокөлік құралдарын жүргізушілердің, Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі туралы заңдарында көзделген жағдайларда, Қазақстан Республикасының аумағында автомобильмен халықаралық тасымалдауды рұқсатсыз немесе арнайы рұқсатсыз жүзеге асыруы, -
      айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
       Ескерту. 447-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.07.03. N 464  Заңымен .

       447-3-бап. Жолаушыларды және багажды автомобильмен
                тұрақты емес халықаралық тасымалдауды жүзеге
                асыру кезінде автокөлік құралдарын
                жүргізушілерде жолаушылар тізімінің болмауы

      Жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты емес халықаралық тасымалдауды жүзеге асыру кезінде автокөлік құралдарын жүргізушілерде жолаушылар тізімінің болмауы, -
      айлық есептік көрсеткіштің үштен беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
       Ескерту. 447-3-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.07.03. N 464  Заңымен .

       447-4-бап. Шет мемлекеттің аумағында тіркелген автокөлік
                құралдарымен Қазақстан Республикасының
                аумағында орналасқан пункттер арасында
                жолаушыларды, багажды немесе жүктерді
                автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыру 

      Шет мемлекеттің аумағында тіркелген, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінген, шет мемлекеттің тасымалдаушыларына тиесілі автокөлік құралдарымен Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан пункттер арасында жолаушыларды, багажды немесе жүктерді тасымалдау, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға жиырма бестен елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
       Ескерту. 447-4-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.07.03. N 464  Заңымен .

       448-бап. Теңiз көлiгiнде қозғалыс қауiпсiздiгiн
               қамтамасыз ету ережелерiн бұзу

      1. Теңiз көлiгiнде кемелердiң портқа кiру және одан шығу, порт суларында кемелердiң қозғалыс және тұру ережелерiн бұзуы, -
      жетi айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Порт суларында суға сүңгу жұмыстарын тиiстi рұқсаттарсыз жүргiзу немесе осы жұмыстар кезiнде сигнал беру ережелерiн сақтамау, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       449-бап. Теңiз көлiгiндегi сигнал беру және байланыс
               құрылғылары мен қондырғыларын бүлдiру

      Теңiз көлiгiндегi сигнал беру және байланыс құрылғылары мен қондырғыларын бүлдiру, -
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       450-бап. Теңiз және өзен көлiгi кемелерiнде, сондай-ақ
               шағын кемелерде жолаушылар қауiпсiздiгiн
               қамтамасыз ету ережелерiн бұзу

      Жолаушыларды теңiз және өзен көлiгi кемелерiне, сондай-ақ шағын кемелерге отырғызу кезiнде, жол үстiнде және оларды сол кемелерден түсiру кезiнде олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету ережелерiн бұзу, - 
      Азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң екiге дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
       Ескерту.  Осы Кодекстiң 450-453, 457-баптарында шағын кемелер деп басты двигателiнiң қуаты 75 ат күшiнен аз, өздiгiнен жүретiн кемелердi және жалпы сыйымдылығы 80 тiркеулiк тоннадан аз, өздiгiнен жүрмейтiн кемелердi, азаматтарға тиесiлi моторлы кемелердi (двигательдерiнiң қуаттылығына қарамастан), желкендi кемелердi, сондай-ақ өздiгiнен жүрмейтiн кемелердi (жүк көтерiмдiлiгi - 100 килограмм және одан ауыр ескектi қайықтарды, 150 килограмм және одан да ауыр байдаркаларды және 225 килограмм және одан да ауыр үрленген кемелердi) түсiну керек. 

       451-бап. Кеменi жүзуге шығару ережелерiн бұзу немесе
               тиiстi дипломы (куәлiгi, куәландыру қағазы)
               жоқ адамдарды кеме басқаруға жiберу

      1. Кеменiң кiмге тиесiлiгiн, оның жүзуге жарамдылығын куәландыратын құжаттарсыз, жасақталмаған экипажбен, кеменiң техникалық жағдайы қолдағы құжаттарға сәйкес келмеген кезде, жүк тиеудiң белгiленген ережелерiн, жолаушылар сыйымдылығы нормаларын, жүзу ауданы мен шарттары жөнiндегi шектеулердi бұза отырып, кеменi (шағын кемеден басқасын) жүзуге шығару (жiберу), сондай-ақ тиiстi дипломы (куәлiгi, куәландыру қағазы) жоқ адамдарды кеменi немесе оның механизмдерi мен жабдықтарын басқаруға жiберу, - 
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Белгiленген тәртiппен тiркелмеген немесе техникалық байқаудан (куәландырудан) өтпеген, немесе ақауы болғандықтан оны пайдалануға тыйым салынған, немесе жабдықтармен жарақтандырылмаған, немесе тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған шағын кемелердi жүзуге шығару, сондай-ақ шағын кемелердi басқару құқығы жоқ адамдарды осындай кемелердi басқаруға жiберу, - 
      шағын кемелердi пайдалануға жауапты лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       452-бап. Кемелердi пайдалану ережелерiн бұзу,
               сондай-ақ басқару құқығы жоқ адамның кеменi
               басқаруы

      1. Белгiленген тәртiппен тiркелмеген немесе техникалық байқаудан (куәландырудан) өтпеген, немесе бортында нөмiрлерi мен белгiлерi жоқ, немесе тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған, немесе ақауы болғандықтан оны пайдалануға тыйым салынған, немесе жүк тиеу ережелерiн, жолаушылар сыйымдылығы нормаларын, жүзу ауданы мен шарттары жөнiндегi шектеулердi бұза отырып кеменi (соның iшiнде шағын кеменi) басқару, - 
      ескерту жасауға немесе бес айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Кеме басқару құқығы жоқ адамның сол кеменi (соның iшiнде шағын кеменi) басқаруы, немесе басқару құқығы жоқ адамға сондай кеменi басқаруды беру, - 
      үш айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       453-бап. Кемелердiң жүзу, жүк тиеу және жүк түсiру
               ережелерiн бұзуы

      1. Кеме жүргiзушiлерiнiң кемелердiң (шағын кемелерден басқа) қозғалыс және дыбыс пен жарық сигналдарын беру, кеме жарықтары мен белгiлерiн алып жүру ережелерiн, кемелерге жүк тиеу және олардан жүк түсiру ережелерiн бұзуы, сондай-ақ порттағы және гидротехникалық құрылыстар мен жабдықтарды бүлдiруi, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Шағын кемелердiң кеме жүргiзушiлерiнiң белгiленген жылдамдықты арттырып жiберуi, навигациялық белгiлер талаптарын сақтамауы, тыйым салынған жерлерде кеменi әдейi тоқтатуы немесе тұрғызып қоюы, гидротехникалық құрылыстарды немесе техникалық құралдарды және кеме жүргiзу мен навигациялық жағдайдың белгiлерiн бүлдiруi, маневр жасау, дыбыс сигналдарын беру, борт жарықтары мен белгiлерiн алып жүру ережелерiн бұзу, - 
      ескерту жасауға немесе екi айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға немесе бiр жылға дейiнгi мерзiмге шағын кеменi басқару құқығынан айыруға әкеп соғады. 
      3. Шағын кемелердi жүргiзушiлердiң шағын кемелердi пайдаланудың өзге де ережелерiн бұзуы, - 
      ескерту жасауға немесе бiр айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       454-бап. Кеме жүргiзушiнiң немесе өзге де адамның
               мас күйiнде кеменi басқаруы

      1. Кеме жүргiзушiнiң кеменi алкогольмен, есiрткiмен немесе уытқұмарлықпен масаю күйiнде басқаруы, сондай-ақ осындай кеменi алкогольмен, есiрткiмен немесе уытқұмарлықпен масаю күйiндегi кеме жүргiзушiнiң басқаруына беру, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң бестен он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе бiр жылға дейiнгi мерзiмге кеме басқару құқығынан айыруға әкеп соғады. 
      2. Жолаушылардың қауiпсiздiгiне қатер төндiрген нақ сол iс-әрекеттер, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе екi жылға дейiнгi мерзiмге кеме басқару құқығынан айыруға әкеп соғады. 
      3. Кеме жүргiзушiлерiнiң белгiленген тәртiпке сәйкес алкогольмен, есiрткiмен немесе уытқұмарлықпен масаю күйiне куәландыру рәсiмiнен өтуден жалтаруы, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң үштен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе бiр жылға дейiнгi мерзiмге кеменi басқару құқығынан айыруға әкеп соғады. 
      4. Кеменi басқару құқығы жоқ немесе алкогольмен, есiрткiмен немесе уытқұмарлықпен масаю күйiндегi адамның iшкi су жолдарында сол кеменi басқаруы, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      5. Алкогольмен, есiрткiмен немесе уытқұмарлықпен масаю күйiндегi адамдарды кеменi басқаруға жiберу, - 
      кемелердi пайдалануға жауапты лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
       Ескерту. 454-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       455-бап. Кемелердi iшкi су жолдарында пайдалану
               қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету ережелерiн бұзу

      1. Тиiстi рұқсатсыз суға сүңгу жұмыстарын жүргiзу немесе осы жұмыстар кезiнде сигнал беру ережелерiн сақтамау, ағаш салдар тоқтайтын тосқауылдар мен айлақтар орнату мен құру тәртiбiн, тиiстi органдардың келiсiмiнсiз балық аулау мақсаты үшiн белгiленбеген орындарда балық аулауға бейiмделген шанышқы қондырғыларын және өзге де құралдар қою тәртiбiн бұзу, - 
      азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi, лауазымды адамдарға - онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Навигациялық жабдықтардың, байланыс пен сигнал берудiң жүзбелi және жағалаудағы құралдарын жою, бүлдiру, жұлу, өз бетiнше орнын ауыстыру, көпiрлердегi, бөгеттердегi және басқа гидротехникалық құрылыстардағы навигациялық құралдарды күтiп-ұстау, пайдалану ережелерiн және олардың белгiленген жұмыс режимiн бұзу, тиiстi рұқсатсыз (келiсiмсiз) навигациялық белгiлер мен сигналдарды танып-бiлуге кедергi келтiретiн белгiлер, құрылыстар, дыбыс және жарық сигналдарын беретiн көздер орнату, -
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Кеме бортының сыртына қоқыс және өзге де заттар тастау, -
      ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң үштен бiрiне дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       456-бап. Өзен порттары мен кемежайларда жүктердi тиеу,
               түсiру және қоймада ұстау ережелерiн бұзу

      Өзен айлақтары мен кемежайларда жүктердi тиеу, түсiру және қоймада ұстау ережелерiн бұзу, - 
      екi айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

       457-бап. Шағын кемелер тұруға арналған базаларды
              (құрылыстарды) пайдалану ережелерiн бұзу

      Тиiстi органдардың рұқсатынсыз шағын кемелер тұруға арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану немесе шағын кемелердiң базада тұру нормаларын, базаларды (құрылыстарды) қауiпсiз пайдалану шарттары мен техникалық талаптарын бұзу, сол сияқты аталған базаларда (құрылыстарды) белгiленген тәртiппен тiркелмеген шағын кемелердi күтiп-ұстау, -
      лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi, заңды тұлғаларға отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       458-бап. Кемелердi тiркеу мен есепке алу ережелерiн,
               сондай-ақ кемелердi жасау, техникалық
               пайдалану ережелерiн бұзу

      1. Кемелердi тiркеу мен есепке алу ережелерiн бұзу, -
      ескерту жасауға немесе азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң екiге дейiнгi, ал лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Кемелердi жасау, техникалық пайдалану ережелерiн бұзу, -
      лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi, заңды тұлғаларға отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       459-бап. Көлiкте белгiленбеген орындарда темекi шегу

      Жергiлiктi жерде және алысқа қатынайтын поездарда, әуе, теңiз және өзен көлiктерi кемелерiнде, сондай-ақ қалалық, қалааралық автобустар, маршруттық таксилер мен қалалық электр көлiгi салондарында белгiленбеген орындарда темекi шегу, - 
      ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң үштен бiрiне дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       460-бап. Көлiкте өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзу

      Көлiкте белгiленген өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзу, - 
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       461-бап. Жүргiзушiлердiң көлiк құралдарын пайдалану
               ережелерiн бұзуы

      1. Мемлекеттiк тiркеу белгiлерi оқылмайтын немесе стандарт талаптары бұзыла отырып орнатылған, тiркелген көлiк құралдарын басқару, - 
      жүргiзушiге ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң екiден бiрi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Мемлекеттiк тiркеу белгiлерi жоқ көлiк құралдарын басқару, - 
      жүргiзушiге айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден екiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      3. Көлiк құралына жасанды тiркеу белгiлерiн орнату немесе көлiк құралдарын пайдалануға тыйым салынғаннан кейiн оларды басқару, сол сияқты жасанды мемлекеттiк тiркеу белгiлерiмен тiркелген көлiк құралдарын басқару, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң екiден алтыға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге көлiк құралын жүргiзу құқығынан айыруға әкеп соғады. 
      4. Осы баптың бесiншi бөлiгiнде көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген ережелерiне сай келмейтiн көлiк құралдарын басқару, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң екiден бiр бөлiгiнен бiр айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Тежегiш жүйесiнiң, басқару рулiнiң, жетектi-iлiнiстi құрылғысының ақауы бар көлiк құралдарын басқару, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден екiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Мемлекеттiк техникалық байқаудан өтпеген не тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған көлiк құралын басқару, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жетiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
       Ескерту.  Кодекстiң осы тарауында көлiк құралдары деп автомобильдердiң, тракторлардың барлық түрлерiн және басқа да өздiгiнен жүретiн машиналарды, трамвайларды, троллейбустарды, сондай-ақ мотоциклдер мен өзге де механикалық көлiк құралдарын түсiну керек.
      6-1. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру кезінде рейс алдындағы техникалық тексеруден өтпеген автобусты, шағын автобусты басқару, -
      жеке кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі, лауазымды адамдарға оннан жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. <*>
      Ескерту. 461-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.07.03. N  464 , өзгеріс енгізілді - 2004.12.09.  N 10  Заңдарымен.  

       462-бап. Көлiк құралдары жүргiзушiлерiнiң қозғалыстың
               белгiленген жылдамдығын арттырып жiберуi

      1. Көлiк құралдары жүргiзушiлерiнiң қозғалыстың белгiленген жылдамдығын сағатына он километрден жиырма километрге дейiнгi шамаға арттырып жiберуi, - 
      ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден екiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. <*>
      2. Көлiк құралы қозғалысының белгiленген жылдамдығын сағатына жиырма километрден қырық километрге дейiнгi шамаға арттыру, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң екiден беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе төрт айдан алты айға дейiн көлiк құралдарын жүргiзу құқығынан айыруға әкеп соғады. <*> 
      3. Көлiк құралы қозғалысының белгiленген жылдамдығын сағатына қырық километрден астам шамаға арттыру, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе алты айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмге көлiк құралдарын жүргiзу құқығынан айыруға әкеп соғады. <*>
       Ескерту. 462-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.09.  N 10  Заңдарымен.   

       463-бап. Көлiк құралдарын жүргiзушiлердiң бағдаршам
               мен реттеушi көрсеткен сигналдардың, жол
               белгiлерiнiң, жол бетiндегi белгiлердiң
               талаптарын сақтамауы және жол қозғалысы
               ережелерiн басқадай өрескел бұзуы

      1. Көлiк құралдарын жүргiзушiлердiң бағдаршам мен реттеушi көрсеткен сигналдардың, басымдық беретiн жол белгiлерiнiң, тыйым салатын және нұсқау жасайтын жол белгiлерiнiң, жол бетiндегi белгiлердiң талаптарын сақтамауы, маневр жасау, көлiк құралдарын жүретiн бөлiкте орналастыру, басып озу және бiр-бiрiне қарама-қарсы жүрiп өту, тоқтау және аялдау, жол қиылыстарынан өту, жаяу адамдар өтетiн жерден және маршруттық көлiк құралдары аялдамаларынан өту, автомагистральдар бойымен, тұрғын аймақтарда қозғалу, жолаушылар мен жүктердi тасымалдау, көлiк құралдарын сүйретуге алу, тәулiктiң қараңғы уақытында немесе анық көрiнбейтiн ала-көлеңке кезде жарық беретiн құралдарды пайдалану ережелерiн бұзу, қозғалыс барысында басымдық құқығын пайдаланатын көлiк құралдарының кедергiсiз өтуiне жол бермеу, - 
      ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден екiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      1-1. Белгiленген талаптарды бұзып, қарама-қарсы бағыттағы жолға шығу -
      айлық есептiк көрсеткiштiң екiден беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге көлiк құралдарын жүргiзу құқығынан айыруға әкеп соғады. <*>
      2. Қауіпті жүктерді мамандандырылған автокөлік құралдарымен белгіленген ережелерді бұза отырып, сол сияқты арнайы рұқсатсыз тасымалдау, -
      жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға - жиырма бестен елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. <*>
      3. Ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты жүктерді автокөлік құралдарымен тасымалдау, сондай-ақ бөлінбейтін ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты жүктерді мамандандырылған автокөлік құралдарымен белгіленген ережелерді бұза отырып, сол сияқты арнайы рұқсатсыз тасымалдау, -
      жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға - жиырма бестен елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. <*>
      Ескерту. 463-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.07.03. N  464 , 2004.12.09.  N 10  Заңдарымен.    

       464-бап. Көлiк құралдарын жүргiзушiлердiң жүргiзiп
               үйренудi өткiзу, сыртқы жарық түсiру
               құралдарын және дыбыс сигналдарын пайдалану,
               авариялық сигнал берудi қолдану ережелерiн
               бұзуы

      1. Көлiк құралдарын жүргiзушiлердiң жүргiзiп үйренудi өткiзу, сыртқы жарық түсiру құралдарын және дыбыс сигналдарын пайдалану, авариялық сигнал беру мен авариялық аялдау белгiсiн қолдану ережелерiн бұзуы, - 
      ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң екiден бiр бөлiгiнен бiр айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Көлiк құралдарында тиiстi рұқсатсыз арнаулы дыбыс және жарық құрылғыларын орнату, -
      жеке тұлғаларға - осы құрылғыларды тәркiлей отырып немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi, лауазымды тұлғаларға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       465-бап. Жол қозғалысына қатысушының жол қозғалысы
              ережелерiн авариялық ахуал туғызуға әкеп
              соқтыратындай дәрежеде бұзуы

      Жол қозғалысына қатысушының авариялық ахуал туғызуға әкеп соқтыратындай дәрежеде, яғни өзiнен басқа қозғалысқа қатысушыларды қозғалыс жылдамдығын, бағытын күрт өзгертуге мәжбүр етiп жол қозғалысы ережелерiн бұзуы, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң екiден беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе үш айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмге (көлiк құралдарын жүргiзушiлердi) көлiк құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады. <*>
       Ескерту. 465-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.09.  N 10  Заңымен.    

       466-бап. Темiр жол өткелдерiнен өту ережелерiн бұзу

      Темiр жол өткелдерiнен өту ережелерiн бұзу, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң екiден беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе алты айға дейiнгi мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады. 

       467-бап. Жүргiзушiнiң мас күйiнде көлiк құралын
               басқаруы, сондай-ақ көлiк құралын басқаруды
               мас күйiндегi адамға беруi

      1. Жүргiзушiнiң алкогольмен, есiрткiмен, уытқұмарлықпен масаю күйiнде көлiк құралын басқаруы, не көлiк құралын басқаруды алкогольмен, есiрткiмен, уытқымен масаю күйiндегi адамға беру, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе алты айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады. <*>
      2. Авариялық ахуал туғызуға әкеп соқтырған нақ сол iс-әрекеттер, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады. <*> 
      3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зақым келтiруге немесе көлiк құралдарын, жүктердi, жол құрылыстары мен өзге де құрылыстарды немесе өзге мүлiктi бүлдiруге әкеп соқтырған әрекеттер жасау, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе екi жылға дейiнгi мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады. 
      4. Көлiк құралдарын басқару құқығы жоқ адамдардың осы баптың бiрiншi, екiншi, үшiншi бөлiктерiнде көзделген iс-әрекеттердi жасауы, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      5. Жүргiзушiнiң бiр жыл iшiнде бiрнеше рет алкогольмен, есiрткiмен, уытқұмарлықпен масаю күйiнде көлiк құралын басқаруы, не көлiк құралын алкогольмен, есiрткiмен, уытқұмарлықпен масайған күйдегi адамға басқаруға беру, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады. 
      6. Көлiк құралын басқару құқығы жоқ адамның осы баптың бiрiншi, екiншi, үшiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi бiр жыл iшiнде бiрнеше рет жасауы, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
       Ескерту.  Жүргiзушiнiң масаю (алкогольмен, есiрткiмен, уытқұмарлықпен) күйiнде болуы белгiленген тәртiппен өткiзiлетiн медициналық куәландыру арқылы анықталады.
       Ескерту. 467-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.09.  N 10  Заңымен.
 
       467-1-бап. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты
               тасымалдауды көрсетілген тасымалдау бағыттарына
               қызмет көрсету құқығын растайтын тиісті
               куәліксіз жүзеге асыру 

      1. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды көрсетілген тасымалдау бағыттарына қызмет көрсету құқығын растайтын тиісті куәліксіз жүзеге асыру, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үштен беске дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол іс-әрекеттер, -
      жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің жиырма бестен елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. Жаңа 467-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.07.03. N 464  Заңымен .

       468-бап. Көлiк құралдарын жүргiзушiлердiң жол қозғалысы
               қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген
               ережелерiн адамдардың денсаулығына зиян
               келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де
               мүлiктiң зақымдануына әкеп соқтыратындай
               дәрежеде бұзуы

      1. Көлiк құралдарын жүргiзушiлердiң жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген ережелерiн көлiк құралдарының, жүктердiң, жолдардың, жол құрылыстарының және басқа құрылыстардың немесе өзге де мүлiктiң бүлiнуiне әкеп соқтыратындай дәрежеде елеусiз материалдық залал келтiрiп бұзуы, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң үштен алтыға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зақым келтiрген нақ сол iс-әрекеттер, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе алты айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады. 
      3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген көлiк құралдарын жүргiзу құқығы жоқ адам жасаған iс-әрекеттер, сол сияқты жол жүрісi және көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн елеулi материалдық залал шектiрiп бұзу, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң бестен он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
       Ескерту.  Осы тараудың баптарында құқық бұзушылық жасалған кездегi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген айлық есептiк көрсеткiш сомасынан - жеке тұлғаға елу есе асатын залал, не заңды тұлғаға немесе мемлекетке екi жүз есе асатын залал елеулi залал деп танылады.
       Ескерту. 468-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N  506 , 2004.12.09.  N 10  Заңдарымен.

       469-бап. Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалу

      Көлiк құралын басқарған адамның, жол қозғалысының белгiленген ережелерiн бұзып, өзi қатысушысы болып табылатын жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы, қылмыстық жазалау әрекетiнiң белгiлерi болмаса, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе алты айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады. 
       Ескерту.  Зардап шегушiге медициналық көмек көрсетуге байланысты жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалған адам осы бап бойынша қылмыстық жауапкершiлiктен босатылады. 

       470-бап. Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ
               адамның көлiк құралдарын басқаруы

      1. Қолында жүргiзу құқығына жүргiзушiлiк куәлiгi немесе жүргiзушi куәлiгiнiң орнына берiлген куәлiгi және заңдарда белгіленген өзге де құжаттары жоқ жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы, - 
      ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден екiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. <*>
      2. Көлiк құралын басқару құқығы жоқ адамның (оқып-үйрену жүргiзуiнен басқа) оны басқаруы, сондай-ақ тиiстi санаттағы көлiктi басқару құқығы жоқ жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы, не басқару құқығы жоқ адамға көлiк құралын басқаруға беру (белгiленген ережелерге сәйкес жеке тәртiппен жүргiзудi үйрету жағдайларын қоспағанда), -
      айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. <*>
      3. Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі және (немесе) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисі болмаған адамның көлік құралын басқаруы, -
      бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      ЕСКЕРТУ. 470-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 маусымдағы N 428  Заңымен , өзгеріс енгізілді - 2003.12.05. N  506 , 2004.12.09.  N 10  Заңдарымен.

       471-бап. Iшкi iстер органдары (полиция) қызметкерiнiң
               көлiк құралын тоқтату туралы талаптарын
               орындамау, масаю күйiн куәландырудан өтуден
               жалтару

      1. Iшкi iстер органдары (полиция) қызметкерiнiң көлiк құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамау, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе алты айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады. 
      2. Iшкi iстер органдары (полиция) қызметкерiнiң белгiленген тәртiпке сәйкес алкогольмен, есiрткiмен, уытқұмарлықпен масаю күйiн куәландырудан өту туралы заңды талабын орындамау, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе бiр жылға дейiнгi мерзiмге көлiк құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады. 
       Ескерту.  Нысанды киiм киген iшкi iстер органдары (полиция) қызметкерлерiнiң көлiктi тоқтату туралы талабы қол қимылымен сигнал берiп немесе таяқшаны көтерумен бiр мезгiлде ысқырып сигнал берiп не дыбыс күшейткiш құрылғының көмегiмен бiлдiрiледi. Сигнал беру жүргiзушiге түсiнiктi болуға тиiс және оларды орындау авариялық ахуал туғызбайтындай болуы үшiн дер кезiнде берiлуге тиiс. 

       472-бап. Көлiк құралдарының қозғалысына кедергi жасау

      Көлiк құралдарының қозғалысына қасақана кедергiлер жасау, сондай-ақ көлiк қозғалысы ережелерiн сақтауға бақылау жасауды жүзеге асыратын уәкiлеттi лауазымды адамдардың мұндай кедергiлердi жою туралы талабын орындамау, - 
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       473-бап. Жаяу жүргiншiлердiң және жол қозғалысына
               өзге де қатысушылардың қозғалыс ережелерiн
               бұзуы

      1. Жаяу жүргiншiлердiң және жол қозғалысына өзге де қатысушылардың жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген ережелерiнiң талаптарын орындамауы, - 
      ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң бестен бiр бөлiгiнен екiден бiр бөлiгiне дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зақым келтiруге әкеп соқтырған не материалдық залал шектiрген нақ сол iс-әрекеттер, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң төрттен сегiзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
       Ескерту.  Жол қозғалысына өзге де қатысушылар деп бұл бапта мопедтердi, велосипедтер мен күш көлiгiн басқарушыларды, мал айдаушыларды, жолдың бойымен жүк тартатын, мiнiс малдарын немесе табынды айдаушыларды, сондай-ақ көлiк құралдары жолаушыларын түсiну керек. 
       Ескерту. 473-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       474-бап. Техникалық ақаулары бар көлiк құралдарын
               пайдалануға шығару және пайдаланудың өзге
               де ережелерiн бұзу

      1. Көлiк құралдарының техникалық жағдайына және пайдаланылуына жауапты лауазымды адамдардың, осы Кодекстiң 475-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген ережелерiнiң талаптарын орындамауы, - 
      лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi, заңды тұлғаларға қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зақым келтiруге немесе көлiк құралдарын, жүктердi, жол құрылыстарын немесе өзге де құрылыстарды не өзге де мүлiктi бүлдiруге әкеп соқтырған нақ сол iс-әрекеттер, сондай-ақ уәкiлеттi мемлекеттiк органның көлiк құралын техникалық немесе өзгедей пайдалануға немесе жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысты нұсқамасын орындамау, - 
      лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi, заңды тұлғаларға елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       475-бап. Мас күйiндегi жүргiзушiнi не басқару құқығы
               жоқ адамды көлiк құралын басқаруға жiберу

      1. Көлiк құралдарының техникалық жағдайы мен пайдаланылуына жауапты лауазымды адамның алкогольмен, есiрткiмен, уытқұмарлықпен масаю күйiндегi жүргiзушiнi не көлiк құралдарын басқару құқығы жоқ, сондай-ақ тиiстi санаты жоқ адамды көлiк құралын басқаруға жiберуi, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зақым келтiруге немесе көлiк құралдарының, жүктердiң, жол құрылыстарының немесе өзге де құрылыстардың не өзге де мүлiктiң бүлiнуiне әкеп соқтырған нақ сол iс-әрекеттер, - 
      лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi, заңды тұлғаларға бiр жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       476-бап. Жол қозғалысына қатысушыларға қойылатын
               өзге де талаптарды бұзу

      Кодекстiң осы тарауында тiзiп көрсетiлмеген, жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету ережелерiмен белгiленген жол қозғалысына қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзу, - 
      ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң екiден бiр бөлiгiне дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
       Ескерту.  Хаттама жасау кезiнде жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету ережелерiнiң нақты қандай нормасы бұзылғандығы көрсетiледi. 

       477-бап. Көлiкпен қауiптi заттарды немесе бұйымдарды
               тасымалдау ережелерiн бұзу

      1. Темiр жол көлiгiнде қауiптi заттарды немесе қол жүгi бұйымдарын тасымалдау ережелерiн бұзу, - 
      ескерту жасауға немесе бiр айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Теңiз және өзен көлiгiнде қауiптi заттарды немесе бұйымдарды тасымалдаудың ережелерiн бұзу, сондай-ақ лауазымды адамдардың тиiстi құжаттарда қауiптi заттармен немесе бұйымдармен жасалатын операцияларды тiркеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы, бұрыс жазулар енгiзуi немесе тиiстi лауазымды адамдарға осындай құжаттарды көрсетуден заңсыз бас тартуы, - 
      ескерту жасауға немесе азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бiрге дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      3. Әуе кемелерiнде қауiптi заттарды немесе бұйымдарды тасымалдау ережелерiн бұзу, - 
      аталған заттарды немесе бұйымдарды тәркiлей отырып немесе онысыз, азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бiрге дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      4. Автобуста, трамвайда, троллейбуста, маршрутты таксиде жарылыс қаупi бар заттарды немесе бұйымдарды алып жүру, сондай-ақ оларды автокөлiкте багажға немесе сақтау камерасына өткiзу, - 
      үш айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       478-бап. Қалалық және қала маңындағы қоғамдық
               көлiктi пайдалану ережелерiн бұзу

      Көлiк құралдарының тепкiшектерiнде және басқа да шығып тұрған бөлiктерiнде тұрып жол жүру, қозғалыс кезiнде кiру және шығу, есiктiң ашылуына және жабылуына кедергi жасау, кесiп кететiн заттарды тиiсiнше орамай алып жүру, сондай-ақ салонды және жолаушылардың киiмдерiн былғайтын бұйымдар мен заттарды тасымалдау түрiнде трамвайды, троллейбусты, қалалық және қала маңына қатынайтын автобусты немесе таксидi пайдалану ережелерiн бұзу, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң бестен бiр бөлiгiнен бiр айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

       479-бап. Жолаушылардың билетсiз жол жүруi және
               оларды билетсiз алып жүру

      1. Жолаушылардың билетсiз ұшуы және оларды билетсiз алып ұшу:
      1) халықаралық линиялардағы әуе кемелерiнде, -
      үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
      2) республикаiшiлiк линиялардағы әуе кемелерiнде, -
      екi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
      3) жергiлiктi линиялардағы әуе кемелерiнде, -
      бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
      2. Жолаушылардың билетсiз жол жүруi және оларды билетсiз алып жүру:
      1) алысқа қатынайтын поездарда, -
      бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
      2) жергiлiктi жерде қатынайтын поездарда, -
      бiр айлық есептiк көрсеткiштiң екiден бiр бөлiгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
      3) қала маңындағы поездарда, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң оннан бiр бөлiгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
      4) халықаралық линиялардағы теңiз кемелерiнде, -
      үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
      5) жергiлiктi линиялардағы теңiз кемелерiнде, -
      бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
      6) қала маңы линияларындағы теңiз кемелерiнде, -
      екi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
      7) халықаралық қатынастардағы өзен кемелерiнде, -
      үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
      8) қала маңында қатынайтын өзен кемелерiнде, -
      бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
      9) қалаiшiлiк қатынастағы өзен кемелерiнде, -
      бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
      10) қалалық және қала маңында қатынайтын трамвайда, троллейбуста, автобуста және маршрутты таксиде, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң үштен бiр бөлiгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
      11) қалааралық қатынастағы автобуста, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң екiден бiр бөлiгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Жетi жастан он бес жасқа дейiнгi балаларды билетсiз алып жүру:
      1) жергiлiктi және алысқа қатынайтын поездарда, халықаралық және жергiлiктi линиялардағы әуе, теңiз және өзен көлiктерi кемелерiнде, -
      бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
      2) қала маңындағы поездарда, теңiз көлiгiнiң қала маңы линияларындағы кемелерде, өзен көлiгiнiң қала маңы және қалаiшiлiк қатынастағы кемелерiнде, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң екiден бiр бөлiгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
      3) әуе көлiгiнiң республикаiшiлiк линиялардағы кемелерiнде, -
      бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
      4) қалалық және қала маңында қатынайтын трамвайда, троллейбуста, автобуста және маршрутты таксиде, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң бестен бiр бөлiгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
      5) халықаралық қатынастағы автобуста, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң екiден бiр бөлiгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Көлiк қызметкерлерiнiң жолаушылардың билетсiз жол жүруiне ымыраласуы, -
      он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

       480-бап. Ақысы төленбеген қол жүгін және теңдеме 
               жүктi алып жүру

      1. Темiр жол, теңiз және өзен көлiктерiнде ақысы төленбеген теңдеме жүктiң белгiленген нормаларынан тыс қол жүгiн алып жүру, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң екiден бiр бөлiгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Қол жүгi мен теңдеме жүктi өлшеуден жалтару, олардың салмағын жасыру, сондай-ақ әуе көлiгiнде белгiленген нормалардан артық қол жүгiн алып жүру, - 
      белгiленген нормадан тыс әрбiр килограмы үшiн айлық есептiк көрсеткiштiң оннан бiр бөлiгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      3. Қалалық және қала маңында қатынайтын трамвайда, троллейбуста, автобуста және маршруттық таксиде ақысы төленбеген теңдеме жүктi алып жүру, - 
      теңдеме жүктiң әрбiр орны үшiн айлық есептiк көрсеткiштiң оннан бiр бөлiгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      4. Қалааралық қатынастағы автобуста ақысы төленбеген теңдеме жүктi алып жүру, - 
      теңдеме жүктiң әрбiр орны үшiн айлық есептiк көрсеткiштiң бестен бiр бөлiгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Темiр жол, теңiз, өзен, әуе көлiктерiнде ақысы төленбеген теңдеме жүкті алып жүру, -
      жиырма айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады. <*>
       Ескерту. 480-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .  

       481-бап. Темiр жол, теңiз, өзен және автомобиль
               көлiгiнде жүктердiң сақталуын қамтамасыз
               ету ережелерiн бұзу

      1. Жүктердi тасымалдауға арналған жылжымалы составты, контейнерлердi, жүзу және басқа көлiк құралдарын, сондай-ақ тасымалдау жабдықтарын бүлдiру, - 
      бес айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Жүк вагондарының, автомобильдердiң, автомобиль тiркемелерiнiң, контейнерлердiң, трюмдердiң және жүзу құралдарының басқа да жүк салатын орындарының пломбалары мен бекiту құрылғыларын бүлдiру, олардың пломбаларын жұлып алу, жүк тасымалына байланысты операцияларды орындау үшiн пайдаланылатын жекелеген жүк орындары мен олардың бумаларын, пакеттердi, жүк аулаларының, темiр жол станцияларының, жүк автомобильдерi станцияларының, контейнер пункттерiнiң (алаңдарының), порттар (кемежайлар) мен қоймалардың қоршауларын бүлдiру, сондай-ақ жүк аулаларының, контейнер пункттерiнiң (алаңдарының), жүк аудандарының (учаскелерiнiң), порттардың (кемежайлардың), шлюздердiң және жоғарыда аталған қоймалардың аумағында тиiстi рұқсатсыз болу, - 
      он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       482-бап. Әуе көлiгiнде жүктердiң сақталуын қамтамасыз
               ету жөнiндегi ережелердi бұзу

      1. Контейнерлердiң пломбалары мен бекiту құрылғыларын бүлдiру, олардың пломбаларын жұлып алу, жекелеген жүк орындары мен олардың бумаларын, пакеттердi, сондай-ақ әуе көлiгiнде жүк тасымалдауға байланысты операцияларды орындау үшiн пайдаланылатын қоймалардың қоршауларын бүлдiру, -
      он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Әуе көлiгiнде жүк тасымалдауға арналған контейнерлер мен көлiк құралдарын бүлдiру, -
      он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

       483-бап. Тракторларды, басқа да өздiгiнен жүретiн
               машиналар мен жабдықтарды пайдалану
               ережелерiн бұзу

      Осы Кодекстiң 246, 247, 461, 468, 470, 474, 475-баптарында көзделген ережелердi қоспағанда, тракторларды, өзге де өздiгiнен жүретiн машиналар мен жабдықтарды пайдалану ережелерiн бұзу, -
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден үшке дейiнгi, тракторларды, өзге де өздiгiнен жүретiн машиналар мен жабдықтарды пайдалануға жауапты лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       484-бап. Көлiк құралдарын жүргiзушi азаматтардың
               пайдалану және жол жүрiсi ережелерiн үнемi
               бұзуы

      1. Көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн үнемi бұзу, яғни бiр жыл iшiнде осы Кодекстiң 246, 247, 461, 468, 470, 474, 475 және 483-баптарында көзделген бiрнеше құқық бұзушылықты жасау, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе азаматтарды үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге көлiк құралдарын жүргiзу құқығынан айыруға және көлiк құралдарын пайдалануға жауапты лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Көлiк құралдарын жүргiзушi азаматтардың жол жүрiсi ережелерiн үнемi бұзуы, яғни бiр жыл iшiнде осы Кодекстiң 461, 462, 463, 464, 465, 466, 468, 469, 470 және 471-баптарында көзделген бiрнеше құқық бұзушылықты жасауы, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе азаматтарды үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге көлiк құралдарын жүргiзу құқығынан айыруға әкеп соғады.
       Ескерту. 484-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2004.12.09.  N 10  Заңымен.

       485-бап. Жолдарды, темiр жол өткелдерiн және басқа
               жол құрылыстарын бүлдiру

      1. Жолдарды, темiр жол өткелдерiн және жол қозғалысын реттейтiн басқа да құрылғыларды немесе техникалық құралдарды бүлдiру, соның iшiнде жол төсемесiн ластау не арнайы бөлiнген жерлерден тыс жерлермен және төсемесi жетiлдiрiлген жолдармен мал айдап өту арқылы бүлдiру, сондай-ақ түрлi құрылғылар орнату немесе жасыл екпелер отырғызу немесе оларды уақытында бұтамау салдарынан жол қозғалысын реттеу құралдарының көрiнуiн шектеу, - 
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден екiге дейiнгi, лауазымды адамдарға - онға дейiнгi, заңды тұлғаларға отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, жол-көлiк оқиғасына әкеп соқтырып, жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зақым келтiрген, көлiк құралдарын, жүктердi немесе өзге мүлiктi бүлдiрген бұзушылықтар, - 
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - оннан елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       486-бап. Жолдарды, темiр жол өткелдерiн және басқа жол
               құрылыстарын күтiп-ұстау ережелерiн бұзу

      1. Жолдарда жұмыс жүргiзу, жолдарды, темiр жол өткелдерi мен жол құрылғыларын күтiп-ұстау жөнiндегi талаптарды, жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету ережелерiмен белгiленген өзге де талаптарды лауазымды адамдардың орындамауы, - 
      жолдардың, темiр жол өткелдерiнiң, жол қозғалысын реттейтiн техникалық құралдардың және басқа жол құрылғыларының жай-күйiне жауапты лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi, заңды тұлғаларға отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, жол-көлiк оқиғасына әкеп соқтырып, жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зақым келтiрген, көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстарын және басқа құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдiрген бұзушылық, сондай-ақ уәкiлеттi мемлекеттiк органның жол қозғалысын ұйымдастыруға немесе жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысты нұсқамасын орындамау, - 
      жолдардың, темiр жол өткелдерiнiң, жол қозғалысын реттейтiн техникалық құралдардың және басқа жол құрылыстарының жай-күйiне жауапты лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi, заңды тұлғаларға елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       487-бап. Жерасты коммуникацияларының байқау
               құдықтарын күтiп-ұстау ережелерiн жол
               қозғалысы қауiпсiздiгiне қатер төндiретiндей
               дәрежеде бұзу

      1. Жерасты коммуникацияларының жолдардың жүретiн бөлiктерiндегi байқау құдықтарын күтiп-ұстау ережелерiн бұзу, сондай-ақ жолдың үстiне судың, техникалық сұйықтардың, будың шығып кетуiне және соның салдарынан жол бетiнiң бұзылуына, жол үстiне мұз қатуына, көрiну жағдайының шектелуiне және басқа кедергiлерге әкеп соқтыратын жер асты коммуникацияларының ақауларын жоюға шаралар қолданбау, - 
      жерасты коммуникацияларының күтiп-ұсталуына жауапты лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi, заңды тұлғаларға отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Жол-көлiк оқиғасына әкеп соқтырып, адамдардың денсаулығына жеңiл зақым келтiрген, көлiк құралдарын, жүктердi және өзге де мүлiктi бүлдiрген нақ сол бұзушылық, - 
      жерасты коммуникацияларының күтiп-ұсталуына жауапты лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi, заңды тұлғаларға жетпiске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       488-бап. Автомобиль жолдарына бөлiнген белдеудi
               қорғау мен пайдалану ережелерiн бұзу

      1. Белгiленген тәртiппен келiсiп алмай автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуде жер резервтерiн жырту, екпелердi шабу, түбiрiмен қопару және бүлдiру, жердiң шымын және топырағын алу, материалдар мен жүк жинау, топографиялық және басқа жұмыстарды жүргiзу, жол қиылыстары мен кiрме жолдарды жабдықтау, ғимараттар, жер асты және жер үстi құрылыстары мен коммуникацияларын салу, жарнама және өзге ақпарат орнату, сондай-ақ бөлiнген белдеу шегiнде белгiленгеннен тыс жерде от жағу, мал жаю, қоқыс пен қар төгу, сауда жасау, жолдың су ағар жүйесiне канализациялық, өнеркәсiптiк, мелиорациялық және сарқынды суларды жiберу не жол жиегiн арық ретiнде пайдалану, - 
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден үшке дейiнгi, лауазымды адамдарға - онға дейiнгi, заңды тұлғаларға елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, жол-көлiк оқиғасына әкеп соқтырып, адамдарға жеңiл дене жарақатын түсiрген көлiк құралдарын немесе өзге де мүлiктi бүлдiрген, не осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған бұзушылық, - 
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - отызға дейiнгi, заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       489-бап. Жер пайдаланушылардың автомобиль жолдарын
               және жол құрылғыларын пайдалану мен қорғау
               ережелерiн бұзуы

      Жаяу жүретiн жолдар мен өткел (өтетiн) көпiршелердi, автомобиль жолдарын су басып кетуiне және автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуге iргелес жер пайдаланушыларға бекiтiлiп берiлген учаскелердегi бөлiнген белдеудiң батпақтануына жол беретiн суғару жүйелерiн орналастыру, жөндеу және ұдайы тазалап отыру жөнiндегi мiндеттердi, сондай-ақ осы пайдаланушыларға бекiтiлiп берiлген учаскелерден шығатын жолдарды немесе өткел көпiршелердi қоса алғанда, ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарына кiрме жолдарды техникалық жағынан жарамды қалпында және таза етiп күтiп-ұстау жөнiндегi мiндеттердi орындамау, - 
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден үшке дейiнгi, лауазымды адамдарға - онға дейiнгi, заңды тұлғаларға отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       490-бап. Магистральды құбырларды қорғау ережелерiн бұзу

      Магистральды құбырларды қорғау ережелерiн бұзу, - 
      азаматтарға - ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң бiрге дейiнгi, лауазымды адамдарға - онға дейiнгi, заңды тұлғаларға отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       491-бап. Радиотрансляциялық торапты өз бетiнше
               орнату немесе пайдалану

      1. Радиотрансляциялық торапты, оның қуатына қарамастан, арнайы рұқсат алмай орнату немесе пайдалану, - 
      лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, - 
      радиотрансляциялық торапты тәркiлей отырып немесе онсыз, лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi, заңды тұлғаларға үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       492-бап. Электр байланыс желiлерiне қосылатын
               құрылғыларды (жабдықтарды) өз бетiнше қосу

      1. Электр байланысы желiлерiне қосылатын құрылғыларды (жабдықтарды) өз бетiнше қосу, - 
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейiнгi, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, - 
      қосылатын құрылғыларды (жабдықтарды) тәркiлей отырып немесе онысыз, азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
       Ескерту.  Қосылатын құрылғылар (жабдықтар) деп желiлерге қосылатын және абоненттердiң пайдалануындағы абоненттер байланыс арналары арқылы жiберген ақпаратты беру және қабылдау үшiн электр және радио- байланысы дыбыстарын қалыптастыратын техникалық құралдар (радиотрансляциялық нүктелер, телефон аппараттары, телефакстер, деректердi беру құрылғылары, әртүрлi телематикалық қызметтердiң қосылатын құрылғылары, радиотелефондар және басқалар) түсiнiледi. <*>
       Ескерту. 492-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .  

       493-бап. Арнайы рұқсат алмай радиоэлектронды құралдарды
               немесе жоғары жиiлiктегi құрылғыларды жасау,
               шет елден әкелу, иемденiп алу, жобалау, құру,
               орнату, пайдалану, сондай-ақ сату не тұрақты
               немесе уақытша пайдалануға беру, радиожиiлiктi
               пайдалану

      1. Арнайы рұқсат алмай радиоэлектронды құралдарды немесе жоғары жиiлiктегi құрылғыларды жасау, шетелден әкелу, иемденiп алу, жобалау, құру, орнату, пайдалану, сондай-ақ сату не тұрақты немесе уақытша пайдалануға беру, радиожиiлiктi пайдалану, - 
      лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, - 
      радиоэлектронды құралдарды немесе жоғары жиiлiктегi құрылғыларды тәркiлей отырып немесе онысыз, лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi, заңды тұлғаларға үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
       Ескерту.  Осы Кодексте радиоэлектронды құралдар деп радиотолқындарын беруге және қабылдауға арналған бiр не бiрнеше радиоберушi не радиоқабылдағыш құрылғылардан немесе соларды бiрiктiруден және көмекшi жабдықтан тұратын техникалық құралдар түсiнiледi; жоғары жиiлiктегi құрылғылар деп электр байланысы саласында қолдануды қоспағанда, радиожиiлiк энергиясын өнеркәсiптiк, ғылыми, медициналық, тұрмыстық немесе сол сияқты мақсаттарда жинауға және жергiлiктi пайдалануға арналған жабдықтар немесе аспаптар түсiнiледi. 
      Радиоэлектронды құралдарды немесе жоғары жиiлiктегi құрылғыларды теле- және радиохабарлары бағдарламаларын жеке қабылдау үшiн пайдалану, сондай-ақ радиосәуле шашатын құрылғылары жоқ тұрмыстық электроника бұйымдарын пайдалану әкiмшiлiк жауаптылыққа әкеп соқпайды. 

       494-бап. Радиоэлектронды құралдарды немесе жоғары
               жиiлiктегi құрылғыларды тiркеу, жобалау,
               құру, орнату, пайдалану ережелерiн бұзу

      1. Радиоэлектронды құралдарды немесе жоғары жиiлiктегi құрылғыларды тiркеу, жобалау, құру, қондыру ережелерiн бұзу, - 
      лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Радиоэлектронды құралдарды немесе жоғары жиiлiктегi құрылғыларды пайдалану ережелерiн, радиоалмасу және радиожиiлiктерiн пайдалану ережелерiн бұзу, радиосәуле шашудың мемлекеттiк стандарттарын, нормалары мен рұқсат етiлген өлшемдерiн сақтамау, - 
      радиоэлектронды құралдарды немесе жоғары жиiлiктегi қондырғыларды тәркiлей отырып не онысыз, лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi, заңды тұлғаларға үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, - 
      лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң отыздан елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе радиоэлектронды құралдарды немесе жоғары жиiлiктегi құрылғыларды тәркiлей отырып немесе онысыз, радиоэлектронды құралдарды немесе жоғары жиiлiктегi құрылғыларды бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге пайдалану құқығынан айыруға әкеп соғады. 

       495-бап. Байланыс желiлерi мен байланыс құрылыстарын
               қорғау ережелерiн бұзу 

      1. Байланыс желiлерi мен байланыс құрылыстарын қорғау ережелерiн бұзу, егер бұл бұзу байланыстың тоқтауын туғызбаса, - 
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейiнгi, заңды тұлғаларға жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Байланыс желiлерi мен байланыс құрылыстарын қорғау ережелерiн бұзу, егер бұл бұзу байланыстың тоқтауын туғызса, - 
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi, лауазымды адамдарға - жиырмадан жиырма беске дейiнгi, заңды тұлғаларға жүзден екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       496-бап. Сертификаттанбаған байланыс құралдарын
               пайдалану және сертификаттанбаған байланыс
               қызметiн көрсету

      1. Байланыс желiлерiнде сертификаттанбаған байланыс құралдарын пайдалану немесе сертификаттанбаған байланыс қызметiн көрсету, егер мұндай қызметтер сертификаттауға жататын болса, - 
      лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, - 
      сертификаттанбаған байланыс құралдарын тәркiлей отырып немесе онысыз, лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң - жиырма беске дейiнгi, заңды тұлғаларға үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       497-бап. Электр және пошта байланысын пайдалану
               тәртiбiн реттейтiн нормативтiк құжаттар
               талаптарын сақтамау

      Электр және пошта байланысын пайдалану тәртiбiн реттейтiн стандарттар, нормалар, ережелер, нұсқаулықтар мен басқа да нормативтiк құжаттар талаптарын сақтамау, -
      лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       497-1-бап. Ақпараттық ресурстарды қорғау құралдарын
                 пайдалану жөніндегі талаптарды бұзу <*>

      Ақпараттық ресурстарды қорғау құралдарын пайдалану жөніндегі талаптарды бұзу - 
      азаматтарға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - оннан елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға жиырмадан екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
       Ескерту. 497-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.01.07. N 372   Заңымен

       497-2-бап. Қазақстан Республикасының электрондық
                құжаттар және электрондық цифрлық қолтаңба
                туралы заңдарын бұзу <*>

      1. Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заң актісінде көзделген міндеттерді куәландырушы орталықтың орындамауы,- 
      айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заң актісінде көзделген міндеттерді тіркеу куәлігі иесінің орындамауы,- 
      айлық есептік көрсеткіштің бестен елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Басқа тұлғаның жабық кілтін заңсыз алу және (немесе) электрондық цифрлық қолтаңбасын заңсыз пайдалану,-
      азаматтарға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - оннан елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға жиырмадан екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заң актісінде көзделген міндеттерді электрондық құжат айналымы жүйесіне қатысушылардың орындамауы,-
      азаматтарға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - оннан елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға жиырмадан екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 497-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.01.07. N 372   Заңымен .

       497-3-бап. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру
                туралы заңдарын бұзу <*>

      Жеке және заңды тұлғалар туралы жасырын мәліметтері бар ақпараттық ресурстарды оларға мүліктік және моральдық зиян келтіру, олардың Қазақстан Республикасының заң актілерінде кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтарын іске асыруын шектеу мақсатында пайдалану,-
      азаматтарға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - оннан елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға жиырмадан екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
       Ескерту. 497-3-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.01.07. N 372   Заңымен .

       498-бап. Мемлекеттiк стандарттарға немесе жол
               берiлетiн радиокедергi деңгейi нормаларына
               сәйкес келмейтiн техникалық құралдарды жасау,
               өткiзу немесе пайдалану

      1. Қолданылып жүрген мемлекеттiк стандарттарға немесе жол берiлетiн индустриялдық радиокедергi деңгейi нормаларына сәйкес келмейтiн техникалық құралдарды жасау, өткiзу немесе пайдалану, - 
      лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, - 
      техникалық құралдарын тәркiлей отырып немесе онысыз, лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi, заңды тұлғаларға үш жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
       Ескерту.  Теле- және радиоқабылдағышқа индустриялдық кедергi жасайтын техникалық құрал деп электротехника, радиотехника және (немесе) электроника заңдары негiзiнде жұмыс iстейтiн және құрамында электрондық бөлшектерi және (немесе) схемасы бар кез келген техникалық бұйымдар, жабдықтар, аппаратура және (немесе) олардың құрамдас бөлiктерi түсiнiледi.

       499-бап. Байланыс құрылыстарын өз бетiнше салу
               немесе пайдалану

      Байланыс құрылыстарын арнайы рұқсат алмай салу немесе пайдалану, -
      лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       500-бап. Телефон-автоматтарды бүлдiру

      1. Телефон-автоматтарды қасақана бүлдiру, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған нақ сол iс-әрекеттер, -
      ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

       501-бап. Пошта төлемiнiң жасанды мемлекеттiк
               белгiлерiн жасау немесе өткiзу

      Пошта төлемiнiң жасанды мемлекеттiк белгiлерiн өткiзу мақсатында жасау немесе өткiзу, -
      пошта төлемiнiң жасанды мемлекеттiк белгiлерiн, сондай-ақ оларды жасау құралдарын тәркiлей отырып, азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       502-бап. 

       Ескерту. 502-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2005.04.13. N 40  Заңымен  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

  28-тарау. ЖАЛПЫҒА БiРДЕЙ ӘСКЕРИ МIНДЕТТIЛIК,
ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТ ПЕН ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНДАҒЫ
ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР

       503-бап. Бастапқы әскери есепке алынуға не шақыру
               учаскелерiне тiркелуге тиiс азаматтардың
               тiзiмдерiн әскери комиссариатқа бермеу
               немесе уақтылы бермеу

      Бастапқы әскери есепке алынуға не шақыру учаскелерiне тiркелуге тиiс азаматтардың тiзiмдерiн әскери комиссариатқа бермеу немесе уақтылы бермеу, -
      меншiк нысанына қарамастан, ұйымдардың, оқу орындарының лауазымды адамдарына, сондай-ақ тұрғын үйлердi пайдалануды жүзеге асыратын ұйымдардың лауазымды адамдарына және үй иелерiне он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       504-бап. Азаматтардың, лауазымды адамдардың және
               заңды тұлғалардың азаматтық қорғаныс
               жөнiндегi мiндеттердi орындамауы

      Азаматтық қорғаныс саласындағы нормативтiк актiлердi орындамауға байланысты құқыққа қарсы әрекеттердi (әрекетсiздiктi) жүзеге асыру, -
      азаматтар мен лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

       505-бап. Әскери комиссариаттың шақыруы туралы
               азаматтарға хабарламау

      Меншiк нысанына қарамастан, ұйым басшысының немесе азаматтарды әскери есепке алу жұмысына жауапты басқа да лауазымды адамының әскери комиссариаттың шақыруы туралы азаматтарға хабарламауы, сондай-ақ әскери комиссариаттың шақыруы бойынша азаматтарға дер кезiнде келу мүмкiндiгiн қамтамасыз етпеуi, -
      он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

       506-бап. Әскери есепте тұрған немесе тұруға мiндеттi
               тұрғылықты азаматтар құрамындағы өзгерiстер
               туралы мәлiметтердi уақтылы бермеу

      Әскери есепте тұрған немесе тұруға мiндеттi тұрақты тұрып жатқан азаматтар құрамындағы өзгерiстер туралы мәлiметтердi әскери есеп жүргiзу жүктелген органдарға уақтылы бермеу, - 
      ұйымдардың басшыларына немесе ұйымдардағы әскери есепке алу жұмысына жауапты басқа да лауазымды адамдарға, сондай-ақ тұрғын үйлердi пайдалануды жүзеге асыратын ұйымдардың лауазымды адамдарына және үй иелерiне он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       507-бап. Әскери мiндеттiлер, шақырылушылар мен
               азаматтар туралы мәлiметтердi хабарламау

      1. Медициналық-әлеуметтiк сараптама комиссиясы лауазымды адамының әскери есепте тұрған немесе тұруға мiндеттi азаматтардың мүгедек деп танылуы туралы әскери комиссариатқа белгiленген мерзiмде хабарламауы, - 
      он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Азаматтық хал актiлерiн жазу органы лауазымды адамының әскери есепте тұрған немесе тұруға мiндеттi азаматтардың азаматтық хал актiлерiнiң жазбаларына өзгерiстер енгiзiлгендiгi туралы әскери комиссариатқа белгiленген мерзiмде хабарламауы, - 
      он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      3. Меншiк нысанына қарамастан, ұйым басшысының немесе басқа лауазымды адамының жұмысқа (оқуға) қабылданған, тұрғылықты жерi бойынша әскери есепке тұруға мiндеттi, бiрақ тұрмаған азаматтар туралы әскери есепке алуды жүзеге асыратын органға хабарламауы, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       508-бап. Азаматтардың әскери есепке алу жөнiндегi
               мiндеттерiн орындамауы

      Әскери есепте тұрған немесе тұруға мiндеттi азаматтың әскери комиссариаттың шақыруы бойынша белгiленген мерзiмде дәлелдi себепсiз келмеуi не әскери есептен шықпай басқа ауданға не қалаға (аудандарға бөлiнбейтiн) тұрақты немесе уақытша (үш айдан астам мерзiмге) тұрғылықты жерге (шетелге алты айдан астам мерзiмге) кетуi немесе әскери есепке тұрмай тұрақты немесе уақытша (үш айдан астам мерзiмге) тұрғылықты жерге (шетелден оралуы) келуi, сондай-ақ әскери есептi жүзеге асыратын органға өзiнiң отбасы жағдайының, аудан немесе қала (аудандарға бөлiнбейтiн) шегiнде тұрғылықты жерi, бiлiмi, жұмыс орны мен лауазымы өзгергендiгi туралы дер кезiнде хабарламауы, - 
      ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң екiден бiр бөлiгiнен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       509-бап. Медициналық тексеруден немесе жиындардан
               жалтару

      1. Азаматтарды әскери есепке алу жөнiндегi комиссияның немесе шақыру комиссиясының жолдамасы бойынша медициналық куәландырудан не тексеруден жалтару, -
      әскери мiндеттiлерге айлық есептiк көрсеткiштiң - екiден бiр бөлiгiнен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, ал шақырылушыларға ескерту жасауға не үш айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Әскери мiндеттiлердiң әскери жиындардан жалтаруы, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң екiден беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       510-бап. Әскери есепке алу құжаттарын қасақана
               бүлдiру немесе жоғалту

      Әскери билеттi немесе әскери қызметке шақырылуға тиiс азаматтың басқа да әскери есепке алу құжаттарын қасақана бүлдiруi немесе жоюы, сондай-ақ әскери билеттiң немесе әскери қызметке шақырылуға тиiс азаматтың басқа да әскери есепке алу құжаттарының иесiнiң кiнәсiнен жоғалуы, - 
      ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң екiден бiр бөлiгiнен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       511-бап. Әскери қызметке даярлықтан жалтару

      Шақырылушылардың әскери комиссариаттардың жолдамасымен әскери-техникалық мамандықтар бойынша әскери қызметке даярлықтан жалтаруы немесе дәлелдi себептерсiз оқу ұйымдарының сабақтарына қатыспауы, -
      ескерту жасауға немесе бiр айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

       512-бап. Азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке
               заңсыз шақыру, оларды шақыруды заңсыз
               кейiнге қалдыру

      Азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке заңсыз шақыру не оларды шақыруды заңсыз кейiнге қалдыру, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он жетiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

  29-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК БИЛIК ИНСТИТУТТАРЫНА
ҚОЛСҰҒАТЫН ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ

       513-бап. Сотқа құрметтемеушiлiк бiлдiру

      1. Куәнiң шақыру қағазы бойынша сотқа келуден дәлелдi себептерсiз жалтаруынан не процеске қатысушылардың және өзге де азаматтардың төрағалық етушiнiң өкiмiне бағынбауынан көрiнген сотты құрметтемеушiлiк немесе сот мәжiлiсi кезiнде тәртiп бұзу, - 
      ескерту жасауға немесе он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Куәнiң шақыру қағазы бойынша дәлелдi себептерсiз сотқа бiрнеше рет келмеуi, -
      жиырма айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не он тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға әкеп соғады.

       514-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша
               iс қарауға қатысушылардың жауапкершiлiгi

      Қаралатын iске қатысушының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарайтын органға (лауазымды адамға) келуден дәлелдi себепсiз бас тартуы не жалтаруы, яғни келмеуi, сөйтiп iс бойынша қарауды кейiнге қалдыруға себепшi болуы, -
      он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

       515-бап. Куәнiң айғақ беруден бас тартуы немесе жалтаруы

      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi орган (лауазымды адам) куә ретiнде жауап алуға тиiс адамның айғақ беруден дәлелдi себептерсiз бас тартуы не жалтаруы, -
      екi айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

       516-бап. Куәнiң, жәбiрленушiнiң, сарапшы қорытындысының
               көрiнеу жалған айғақтары немесе қате аударма

      Куәнiң, жәбiрленушiнiң, сарапшы қорытындысының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қараған кезде органға (лауазымды адамға) көрiнеу жалған айғақтар беруi, сондай-ақ осындай жағдайларда аудармашының көрiнеу қате аудармасы, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
       Ескерту.  Егер куә, жәбiрленушi, сарапшы немесе аудармашы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау барысында өз ерiктерiмен уәкiлеттi орган (лауазымды адам) iс бойынша шешiм шығарғанға дейiн өздерi берген айғақтардың, қорытындының жалғандығы, аударманың дұрыс еместiгi туралы мәлiмдесе, олар әкiмшiлiк жауаптылықтан босатылады.

       517-бап. Лауазымды адамның сараптама жүргiзу туралы
               қаулыны немесе тапсырманы не маманды шақыру
               туралы талапты орындаудан бас тартуы немесе
               жалтаруы

      Мемлекеттiк қадағалау және бақылау органының қаулысы немесе тапсырмасы жiберiлген лауазымды адамның сараптама жүргiзуден не бақылау жүргiзуге, құжаттар ресiмдеу iсiн жүргiзуге, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзуге немесе оны қарауға қатысу үшiн маманды шақыру туралы талабынан не оларды орындаудан дәлелсiз себептермен бас тартуы немесе жалтаруы, -
      жиырма айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

       518-бап. Айыпталушының (сезiктiнiң) келетiндiгi
               туралы жеке кепiлгерлiктi бұзу

      Айыпталушының (сезiктiнiң) анықтау iсiн жүргiзетiн адамға, тергеушiге немесе сотқа келетiндiгi туралы өздерi жазбаша кепiлгерлiк берген адамдардың оны бұзуы немесе орындамауы, айыпталушының (сезiктiнiң) тергеуден немесе соттан жалтаруына әкеп соқса, -
      үш айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

       519-бап. Кәмелетке толмаған айыпталушының
              (сезiктiнiң) келуiн қамтамасыз ету туралы
              мiндеттеменi бұзу

      Ата-ананың, қорғаншының, қамқоршының немесе арнаулы жабық балалар мекемесi әкiмшiлiгi өкiлiнiң қарамақтарына қарауға берiлген кәмелетке толмаған айыпталушының (сезiктiнiң) тергеушiге, анықтаушыға немесе сотқа келуiн қамтамасыз ету туралы өздерi жазбаша берген мiндеттемелерiн бұзуы, айыпталушының (сезiктiнiң) тергеуден және соттан жалтаруына әкеп соқса, -
      бiр айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

       520-бап. Соттың жеке ұйғарымы, қаулысы, прокурордың,
               тергеушiнiң немесе анықтаушының ұсынысы
               бойынша шара қолданбау

      Лауазымды адамның соттың жеке ұйғарымын, қаулысын, прокурордың, тергеушiнiң немесе анықтаушының ұсынысын қарамауы немесе оларда көрсетiлген заң бұзушылықты жоюға шара қолданбауы, сондай-ақ жекеше ұйғарымға, қаулыға немесе ұсынысқа дер кезiнде жауап қайтармауы, -
      сегiз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

       521-бап. Прокурорға, тергеушiге және анықтау
               органына, сот орындаушысына, сот приставына
                келуден жалтару

      Прокурордың, тергеушiнiң, анықтау органының шақыруы бойынша айғақтар беру үшiн сот орындаушысына, сот приставына соттардың және басқа органдардың қаулыларын орындау мәселесi бойынша түсiнiк беру үшiн келуден жалтару, сондай-ақ айғақ беруден бас тарту немесе көрiнеу жалған айғақтар беру, - 
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       521-1-бап. Прокурорға хабарламау немесе дер
                 кезiнде хабарламау

      Мемлекеттiк органның заң актiлерiне сәйкес хабарлау талап етiлетiн iс жүргiзу туралы прокурорға хабарламауы немесе дер кезiнде хабарламауы, - 
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
       ЕСКЕРТУ. 521-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2002.08.09. N 346  Заңымен

       522-бап. Прокурордың, тергеушiнiң, анықтаушының,
               сот приставының, сот орындаушысының заңды
               қызметiне кедергi жасау

      1. Прокурордың, тергеушiнiң, анықтаушының, сот приставының, сот орындаушысының заңды қызметiне, мемлекеттiк органның меншiк нысанына қарамастан, ұйымның ғимаратына, үй-жайына немесе аумағына қызметтiк куәлiгiн көрсетуi бойынша кедергiсiз кiргiзуден, сондай-ақ қажеттi құжаттарды, материалдарды, статистикалық және өзге де мәлiметтердi табыс етуден, тексерулер, ревизиялар мен сараптамалар жүргiзуден, мамандар бөлуден бас тарту әрекетiнен көрiнетiн кедергi жасау, - 
      ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға жиырма айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Прокурордың, тергеушiнiң, анықтаушының заңмен белгiленген негiзде және тәртiппен қойған талаптарын қасақана орындамау, - 
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден үшке дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, не он тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға әкеп соғады. 

       523-бап. Адвокаттың заңды қызметiне кедергi жасау

      Адвокаттың не адвокаттар алқасының, заң консультациясының, адвокат кеңсесiнiң заңды қызметiн жүзеге асыруға, олардың кәсiптiк мiндеттерiн атқару үшiн қажеттi құжаттарды, материалдарды немесе мәлiметтердi табыс етпеуден не жазбаша сауал салу бойынша заңдарда белгiленген мерзiмде табыс етуден бас тарту әрекетiнен көрiнген лауазымды адамның кедергi жасауы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазалануға тиiс iс-әрекет белгiлерi болмаса, - 
      жиырма айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       524-бап. Соттардың және әкiмшiлiк құқық бұзушылық
               туралы iстердi қарауға уәкiлеттi басқа да
               органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларын
               орындамау

      Соттардың және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi басқа да органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларының талаптарын орындаудан жалтару, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жазалануға тиiс әрекет белгiлерi болмаса,- 
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi, ал лауазымды адамдарға жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, не он тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға әкеп соғады. 

       525-бап. Сот орындаушысының, сот приставының
               талабын орындамау

      1. Лауазымды адамдар мен азаматтардың сот орындаушылары белгiлеген мерзiмде дәлелдi себептерсiз оларға борышкердiң жұмыс орны мен оның табыстары, соттың және басқа органдардың қаулысына сәйкес табысынан ұстап қалу iсiн жүргiзу және өндiрiп алынған соманы өндiрiп алушыға салып жiберу туралы, борышкердiң өзге жеке және заңды тұлғалардағы ақша сомасын және мүлкiн өндiрiп алу жөнiндегi сот орындаушыларының талаптарын орындамауы, не борышкердiң жұмыстан босатылғандығы, оның жаңа жұмыс орны немесе тұрғылықты жерi туралы мәлiметтердi, егер оған бұлар туралы белгiлi болса, хабарламауы, - 
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Сот орындаушысына борышкердiң табыстары мен мүлiктiк жағдайы туралы көрiнеу терiс мәлiметтер беру, - 
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi, ал лауазымды адамдарға жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      3. Сот приставының заңды талаптарын орындамау, - 
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       526-бап. Алимент өндiрiп алынатын адамның жұмыс орны
               мен тұрғылықты жерiнiң өзгергендiгi туралы
               сот орындаушысына хабарламау

      Сот қаулысы негiзiнде берiлген атқару құжаты бойынша балаларды, еңбекке жарамсыз ата-аналарды, жұбайын асырауға алимент ұстап қалу iсiн жүргiзетiн ұйымның лауазымды адамының дәлелсiз себептер бойынша бiр ай мерзiм iшiнде сот орындаушысына, алимент алушы адамға алимент төлейтiн адамның жұмыстан босатылғандығы туралы, сондай-ақ оның жаңа жұмыс орны мен тұрғылықты жерi туралы, егер бұл оған белгiлi болса, хабарламауы, -
      он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

       527-бап. Лауазымды адамның атқару құжатын
               жоғалтқандығы үшiн жауапкершiлiгi

      Ұйымның лауазымды адамының атқару үшiн өзiне берiлген атқару парағын немесе басқа атқару құжатын жоғалтуы, -
      отыз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

       528-бап. Сот орындаушысына, сот приставына соттар
               мен басқа да органдардың қаулыларын орындауда
               кедергi жасау

      Азаматтардың және меншiк нысанына қарамастан ұйымдардың лауазымды адамдарының сот орындаушысының, сот приставының мүлiктен өндiрiп алу жөнiндегi әрекеттерiн (тiзiмдеу, бағалау, тыйым салу, саудаға салу) орындауға кедергi жасауы немесе осыған байланысты оның талаптарын орындаудан бас тартуы, - 
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi, лауазымды адамдарға он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       529-бап. Лауазымды адамды қорлау, зорлық әрекеттер
               жасау қатерiн төндiру

      1. Мемлекеттiк органның лауазымды адамын өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде қорлау, сондай-ақ оған қатысты зорлық әрекеттер жасау қатерiн төндiру, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жазалануға тиiс әрекет белгiлерi болмаса, - 
      жиырма бес айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, - 
      елу айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға әкеп соғады. 

       530-бап. Мемлекеттiк наградаларды заңсыз тағып жүру

      1. Қазақстан Республикасының, Қазақ КСР-iнiң, КСРО-ның ордендерiн, медальдарын, құрметтi атақтың кеудеге тағатын белгiсiн, айырым белгiсiн немесе ордендiк ленталар мен планкадағы медальдар ленталарын бұған құқығы жоқ адамның тағып жүруi, - 
      ескерту жасауға немесе Қазақстан Республикасының, Қазақ КСР-iнiң, КСРО-ның ордендерi, медальдары, құрметтi атақтың кеудеге тағатын белгiсi, айырым белгiсi немесе орден ленталары мен планкадағы медальдар ленталары тәркiленiп, айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден үшке дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Қазақстан Республикасының, Қазақ КСР-iнiң, КСРО-ның ордендерiн, медальдарын, құрметтi атақтың кеудеге тағатын белгiсiн, айырым белгiсiн сатып алу, сату немесе өзге де өтемiн алып беру, - 
      белгiлер тәркiлене отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      3. Мемлекеттiк наградаларға атауы ұқсас немесе сырттай ұқсастығы бар белгiлердi тағайындау немесе жасау, - 
      белгiлер тәркiлене отырып, азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi, лауазымды адамдарға бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       531-бап. Айырым белгiлерi, мемлекеттiк
               әскерилендiрiлген ұйымдардың, құқық қорғау
               немесе бақылаушы органдардың рәмiздерi бар
               нысанды киiмдi заңсыз киiп жүру

      1. Айырым белгiлерi, мемлекеттiк әскерилендiрiлген ұйымдардың, құқық қорғау немесе бақылаушы органдардың рәмiздерi бар нысанды киiмдi заңсыз киiп жүру, - 
      нысанды киiм, айырым белгiлер, мемлекеттiк әскерилендiрiлген ұйымдардың, құқық қорғау немесе бақылаушы органдардың рәмiздерi тәркiленiп, айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әрекеттердi жекеше детективтiк қызметтi немесе күзет қызметiн жүзеге асыруға арнайы рұқсаты (лицензиясы) бар адамның осы қызметтi жүзеге асырумен байланысты жасауы, - 
      нысанды киiм, айырым белгiлер, мемлекеттiк әскерилендiрiлген ұйымдардың, құқық қорғау немесе бақылаушы органдардың рәмiздерi тәркiлене отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

  30-тарау. ӘКIМШIЛIК СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ

       532-бап. Қаржы бақылау шараларын бұзу

      1. Мемлекеттiк лауазымға не мемлекеттiк немесе соларға теңестiрiлген функцияларды орындаумен байланысты лауазымға кандидаттар болып табылатын адамдардың, сол сияқты аталған адамдардың жұбайының (зайыбының) кiрiстер, мүлiк туралы декларацияларды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарда көзделген басқа да мәлiметтердi бермеуi немесе толық емес, жалған мәлiметтер беруi, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Мемлекеттiк лауазымдағы, сондай-ақ келеңсiз себептермен мемлекеттiк қызметтен босатылған адамдардың, сол сияқты, аталған адамдардың жұбайының (зайыбының) кiрiстер, мүлiк туралы декларацияларды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарда көзделген басқа да мәлiметтердi бермеуi, дер кезiнде бермеуi мемлекеттiк қызметтен босатылғаннан кейiн үш жыл бойы жыл сайын берiп тұрмауы немесе толық емес, жалған мәлiметтер беруi, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      3. Осы баптың бiрiншi, екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi бiрнеше рет жасауы, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
       Ескерту. 532-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .  

       533-бап. Мемлекеттiк функцияларды атқаруға уәкiлеттi
               жеке тұлғаларға немесе оларға теңестiрiлген
               адамдарға заңсыз материалдық сыйақы беру

      Жеке тұлғалардың мемлекеттiк функцияларды атқаруға уәкiлеттi адамдарға немесе соларға теңестiрiлген адамдарға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңiлдiктер беруi немесе қызметтер көрсетуi, егер әрекеттерде қылмыстық жазалануға тиiс iс-әрекет белгiлерi болмаса, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма бестен елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

       534-бап. Заңды тұлғалардың заңсыз материалдық
               сыйақы беруi

      1. Заңды тұлғалардың мемлекеттiк функцияларды атқаруға уәкiлеттi тұлғаларға немесе соларға теңестiрiлген тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңiлдiктер беруi не қызметтер көрсетуi, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазалануға тиiс әрекет белгiлерi болмаса, - 
      айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген жаза қолданылғаннан кейiн жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, - 
      заңды тұлғаның қызметiн тоқтатуға әкеп соғады.
      Ескерту. Мемлекеттiк функцияларды атқаруға уәкiлеттi адамға немесе оған теңестiрiлген адамға заңсыз материалдық сыйақылар, сыйлықтар, өзге де материалдық игiлiктер берген, қызметтер көрсеткен, жеңiлдiктер мен артықшылық жасаған жеке, заңды тұлғалар, егер мемлекеттiк функцияларды атқаруға уәкiлеттi адамның немесе оған теңестiрiлген адамның тарапынан өздерiне қатысты бопсалау орын алған болса немесе осы жеке, заңды тұлғалар болған жағдай туралы құзiреттi органдарға он күн мерзiм iшiнде өз еркiмен мәлiмдесе, жауапты болмайды. <*>
       ЕСКЕРТУ. 534-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.09.25. N 484  Заңымен

       535-бап. Мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi
               басқару органдарының заңсыз кәсiпкерлiк
               қызметтi жүзеге асыруы және заңсыз кiрiстер
               алуы

      Мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының өздерiне заңдармен жүктелген функциялардан тыс кәсiпкерлiк қызметпен шұғылдануы не белгiленген қаржыландыру көздерiнен тыс материалдық игiлiктер мен артықшылықтар қабылдауы, -
      осы ұйымдардың басшыларына айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

       536-бап. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактiсi
               туралы көрiнеу жалған ақпарат беру

     Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзетiн органға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактiсi туралы көрiнеу жалған ақпарат беру, -
     айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе отыз тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға әкеп соғады. <*>
       ЕСКЕРТУ. 536-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.09.25. N 484  Заңымен .

       537-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi
               мемлекеттiк органдар басшыларының шара
               қолданбауы

      Мемлекеттiк органдар басшыларының сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға кiнәлi өздерiне бағынысты адамдарға қатысты өз өкiлеттiктерi шегiнде шара қолданбауы не аталған шараларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды бұза отырып қолдануы не кiнәлi адамдардың тұрғылықты жерi бойынша құқықтық статистика және ақпарат органдарына, салық органдарына тиiстi ақпарат бермеуi, - <*>
      айлық есептiк көрсеткiштiң отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
       ЕСКЕРТУ. 537-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.09.25. N 484  Заңымен .

  3-бөлiм. ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ IСТЕРДI ҚАРАУҒА УӘКIЛЕТТI ОРГАНДАР

   31-тарау. НЕГIЗГI ЕРЕЖЕЛЕР

       538-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi
               қарауға уәкiлеттi органдар (лауазымды адамдар)

      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi мыналар қарайды:
      1) мамандандырылған аудандық және соларға теңестiрiлген әкiмшiлiк соттардың судьялары; <*>
      2) кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнiндегi аудандық (қалалық), қалалардағы аудандық комиссиялар;
      3) iшкi iстер органдары, мемлекеттiк инспекциялар органдары және осы Кодекстiң 543-576-3-баптарымен осындай iстердi қарауға уәкiлеттiк берiлген басқа да мемлекеттiк қадағалау және бақылау органдары (олардың лауазымды адамдары). <*>
      ЕСКЕРТУ. 538-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 2 шілдедегі N 451  Заңымен , 2003.12.05. N 506  Заңымен

       539-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi
               қарауға уәкiлеттi органдар (лауазымды адамдар)
               құзыретiнiң ара жiгiн ажырату

      1. Судьялар мен кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссиялар осы Кодекспен өздерiнiң қарауына жатқызылған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды. 
      2. Осы Кодекстiң 538-бабының 3) тармақшасында көрсетiлген органдардың лауазымды адамдары, осы Кодекстiң 541-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген баптарды қоспағанда, осы Кодекспен өздерiнiң қарауына жатқызылған iстердi қарайды және әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн әкiмшiлiк жаза қолданады. 
      3. Әкiмшiлiк жаза түрлерiнiң бiрi ретiнде шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу, әкiмшiлiк қамауға алу, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралы немесе оның тiкелей объектiсi болған заттарды өтемiн төлеп алып қою, не осы заттарды тәркiлеу, сол сияқты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау арқылы алынған табыстарды (дивидендтердi), ақшаны және бағалы қағаздарды тәркiлеу, нақты тұлғаға берiлген арнайы құқықтан айыру (соның iшiнде көлiк құралдарын басқару құқығынан айыру), қызметтiң белгiлi бiр түрiне не белгiлi бiр әрекеттер жасауға лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiгiнен) айыру, өз бетiнше тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты ерiксiз бұзу, жеке кәсiпкердiң қызметiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi судья қарайды. <*> 
      4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көрсетiлген әкiмшiлiк жазалау шаралары мiндеттi түрде қолдануға жатпайтын жағдайларда, оларды қолдану қажеттiгi жоқ болған кезде, iстердi лауазымды адамдары осы Кодекстiң 636-бабының бiрiншi бөлiгiне сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға құқығы бар тиiстi орган осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген шараларды қолданбай қарауы мүмкiн. <*>
      5. Осы Кодекстiң 27-бабына сәйкес өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзiп жатқан адамның арызы бойынша осы Кодекстiң 2-бөлiмiнiң Ерекше бөлiгiнде көзделген кез келген құқық бұзушылық туралы iстi судья қарайды.
       Ескерту. 539-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       540-бап. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау
               жөнiндегi комиссияларды құру тәртiбi

      Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияларды жергiлiктi атқарушы органдар комиссияның төрағасы, төрағаның орынбасары, комиссияның мүшелерi және комиссияның жауапты хатшысы құрамында құрады. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияның төрағасы мен жауапты хатшысы тиiстi мемлекеттiк органдар аппараттарының штаттағы қызметiнде болады. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияны құру мен оның қызмет iстеу тәртiбi заңдарда белгiленедi.

  32-тарау. ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ
IСТЕРДIҢ ҚАЙДА ҚАРАУҒА ЖАТАТЫНДЫҒЫ,
ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАРДЫҢ IСТЕРДI ҚАРАУ ЖӘНЕ
ӘКIМШIЛIК ЖАЗАЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ЖӨНIНДЕГI ҚҰЗЫРЕТI

       541-бап. Cоттар

      1. Мамандандырылған аудандық және соларға теңестiрiлген әкiмшiлiк соттардың судьялары осы Кодекстiң 79-1, 79-2, 79-3, 79-4, 80-86, 95-112, 115, 117, 124, 127, 129, 135-138, 139 (екiншi бөлiгiнде) 140 (екiншi бөлiгiнде), 142, 143, 147 (үшiншi бөлiгiнде) 148-157, 158, 159 (екiншi бөлiгiнде), 161 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 162, 163, 167-1 (екінші және үшінші бөліктерінде), 168-1, 175 (екінші бөлігінде) (жекеше нотариустар, аудиторлар және аудиторлық ұйымдар жасаған құқық бұзушылық бөлігінде), 176 (бiрiншi бөлiгiнде), 179, 183, 184, 188, 190, 192, 194, 197, 199, 200, 202, 203, 213, 214, 222-229, 231 (екiншi бөлiгiнде), 232, 233, 235 (екiншi бөлiгiнде), 237, 278 (бiрiншi бөлiгiнде), 283 (бiрiншi, үшiншi бөлiктерiнде), 298 (екiншi, үшiншi бөлiктерiнде) 298-1 (екiншi бөлiгiнде), 302 (үшiншi бөлiгiнде), 303 (екiншi бөлiгiнде), 304 (екiншi бөлiгiнде), 305 (екiншi бөлiгiнде), 306 (екiншi бөлiгiнде), 308, 309-2 (төртiншi бөлiгiнде), 314, 315, 316, 318-322, 324 (екінші және үшінші бөліктерінде), 325-328 ,  329 (екiншi бөлiгiнде), 330-332, 335, 336 (үшiншi бөлiгiнде), 336-1 (үшiншi бөлiгiнде), 338 (бiрiншi бөлiгiнде), 339, 340, 342-357, 359, 361, 362, 363, 366, 368, 369 (екiншi бөлiгiнде), 370 (екiншi бөлiгiнде), 371 (екiншi бөлiгiнде), 372-376, 386 (үшiншi бөлiгiнде), 388, 391 (екiншi бөлiгiнде), 391-1 (үшiншi бөлiгiнде), 393, 394 (екiншi бөлiгiнде), 396 (екiншi бөлiгiнде), 397, 405 (бiрiншi бөлiгiнде), 409, 410, 413-419, 421, 423, 424, 426-430, 432-434, 436 (екiншi бөлiгiнде), 437, 442, 445, 446 (екiншi бөлiгiнде), 447 (екінші, үшінші бөліктерінде), 447-1, 447-2, 447-3, 447-4, 453 (екiншi бөлiгiнде), 454 (бiрiншi-үшiншi бөлiктерiнде), 461 (үшінші және 6-1 бөліктерінде), 462 (үшiншi бөлiгiнде),463 (екінші және үшінші бөліктерінде), 464 (екiншi бөлiгiнде), 465, 466, 467 (бiрiншi- үшiншi, бесiншi бөлiктерiнде), 467-1, 468 (екiншi бөлiгiнде), 469, 471, 477 (үшiншi бөлiгiнде), 484, 491 (екiншi бөлiгiнде), 492 (екiншi бөлiгiнде), 493 (екiншi бөлiгiнде), 494 (екiншi, үшiншi бөлiктерiнде), 496 (екiншi бөлiгiнде), 498 (екiншi бөлiгiнде), 501, 513-537-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды. <*> 
      2. Судьялар, iстiң қайда қаралуға жататындығына қарамастан, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлгендерден басқа, әкiмшiлiк жаза түрлерiнiң бiрi ретiнде шетелдiк азаматтарды не азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу, әкiмшiлiк қамауға алу, лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiгiнен), арнаулы құқығынан айыру, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралы немесе оның тiкелей объектiсi болған заттарды өтемiн төлеп алып қою не тәркiлеу, сондай-ақ құрылыстарды ерiксiз бұзу, белгiлi бiр қызметпен айналысуға тыйым салу көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
       Ескерту. 541-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.03.28. N 398  Заңымен , 2003 жылғы 3 маусымдағы N 428  Заңымен , 2003 жылғы 2 шілдедегі N 451  Заңымен , 2003.07.03. N 464  Заңымен , 2003.07.10. N 483  Заңымен  (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2003.12.05. N 506  Заңымен , 2004.05.06. N 551  Заңымен , 2004.07.06. N  572 , 2004.12.09.  N 10 , 2005.04.13.  N 40  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

       542-бап. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау
               жөнiндегi комиссиялар

      Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнiндегi аудандық, қалалық, қалалардағы аудандық комиссиялар кәмелетке толмағандар жасаған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

       543-бап. Iшкi iстер органдары (полиция)

      1. Iшкi iстер органдары осы Кодекстiң 113, 114, 116, 131-134, 139 (бiрiншi бөлiгiнде), 144, 159 (бiрiншi бөлiгiнде), 160, 163-1, 165, 175 (екінші бөлігінде) (көлік құралдарының иелері, автомобиль көлігімен және қалалық электр көлігімен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылық бөлігінде), 247, 277, 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 298-1 (бiрiншi бөлiгiнде), 300, 305 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде), 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 300, 311, 333, 334, 336 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 337, 338 (екiншi бөлiгiнде), 341, 364, 365, 367 (тергеу изоляторларында құқық бұзушылық жасағаны үшiн), 369 (бiрiншi бөлiгiнде), 370 (бiрiншi бөлiгiнде), 371 (бiрiншi бөлiгiнде), 377-380, 387, 389, 390, 391 (бiрiншi бөлiгiнде), 391-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 392, 394 (бiрiншi бөлiгiнде), 395, 396 (бiрiншi бөлiгiнде), 439 (бiрiншi, екiншi, төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 440, 441, 443 (төртiншi бөлiгiнде), 446 (бiрiншi бөлiгiнде), 459, 461 (бiрiншi, екiншi, төртiншi-алтыншы бөлiктерiнде), 462 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 463 (бiрiншi бөлiгiнде), 464 (бiрiншi бөлiгiнде), 467 (төртiншi, алтыншы бөлiктерiнде), 468 (бiрiншi, үшiншi бөлiктерiнде), 470, 472-476, 477 (бiрiншi, екiншi, төртiншi бөлiктерiнде), 478, 480, 481 (автомобиль көлiгiндегi бұзушылықтарды қоспағанда), 482, 485-487, 500-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды. <*>
      2. Iшкi iстер органдарының атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға мыналар құқылы: 
      1) осы Кодекстiң iшкi iстер органдарының қарауына жататын барлық баптары бойынша, - iшкi iстер органдарының бастықтары мен олардың орынбасарлары; 
      2) осы Кодекстiң 131, 132, 159 (бiрiншi бөлiгiнде), 160, 163-1, 165, 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 298-1 (бiрiншi бөлiгiнде), 300, 305 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде), 311, 333, 334, 336 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 338 (екiншi бөлiгiнде), 377, 389, 390, 391 (бiрiншi бөлiгiнде), 391-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 392, 396 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - iшкi iстер органдары қалалық, аудандық бөлiмшелерiнiң бастықтары; <*>
      3) осы Кодекстiң 159, 163-1, 165, 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 305 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде), 336 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 338 (екiншi бөлiгiнде), 389, 391 (бiрiншi бөлiгiнде), 391-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 392, 396 (бiрiншi бөлiгiнде), 439 (бiрiншi, екiншi, төртiншi, бесiншi бөлiктерiнде), 440, 441, 459, 477-(бiрiншi, екiншi, төртiншi бөлiктерiнде), 480, 485 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - iшкi iстер органдары жол бөлiмшелерiнiң, жол пункттерiнiң бастықтары; <*> 
      4) осы Кодекстiң 130-132, 159, 165, 298-1 (бiрiншi бөлiгiнде), 300, 311, 333 (бiрiншi бөлiгiнде), 336 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 338 (екiншi бөлiгiнде), 377, 387, 463 (бiрiншi бөлiгiнде), 470, 473, 476-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - iшкi iстер органдары полициясының учаскелiк инспекторлары; 
      5) осы Кодекстiң 333 (бiрiншi бөлiгiнде), 336 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 338 (екiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - iшкi iстер органдары патрульдiк учаскелерiнiң бастықтары; 
      6) осы Кодекстiң 461 (бiрiншi, екiншi, төртiншi-алтыншы бөлiктерiнде), 462 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 463 (бiрiншi бөлiгiнде), 464 (бiрiншi бөлiгiнде), 467 (төртiншi және алтыншы бөлiктерiнде), 468 (бiрiншi, үшiншi бөлiктерiнде), 470 (екiншi бөлiгiнде), 472-475, 485-487-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - iшкi iстер органдары жол полициясы департаментiнiң, басқармаларының, бөлiмдерiнiң, бөлiмшелерiнiң бастықтары мен олардың орынбасарлары; <*>
      7) осы Кодекстiң 175 (екінші бөлігінде) (көлік құралдарының иелері, автомобиль көлігімен және қалалық электр көлігімен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылық бөлігінде), 247, 461 (бiрiншi, екiншi, төртiншi-алтыншы бөлiктерiнде), 462 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 463 (бiрiншi бөлiгiнде), 464 (бiрiншi бөлiгiнде), 470 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 473 (бiрiншi бөлiгiнде), 476, 485 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында (азаматтарға қатысты) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - арнайы шендерi бар жол полициясының қызметкерлерi; <*>
      8) осы Кодекстiң 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 298-1 (бiрiншi бөлiгiнде, 300, 311, 387-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - iшкi iстер органдарының табиғат қорғау және мал дәрiгерлiк полициялары бөлiмшелерiнiң бастықтары мен олардың орынбасарлары; <*>
      9) осы Кодекстiң 113, 114, 116, 333 (екiншi бөлiгiнде), 334 (үшiншi бөлiгiнде), 336 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 338 (екiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - iшкi iстер органдарының кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi бөлiмшелерiнiң бастықтары мен олардың орынбасарлары.
      10) осы Кодекстiң 367-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн (iшкi iстер жүйесiнiң тергеу изоляторларында құқық бұзушылық жасағаны үшiн) - iшкi iстер органдары жүйесi тергеу изоляторларының бастықтары; <*>
      11) 298-1 (бiрiншi бөлiгiнде), 305 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн - iшкi iстер органдары полициясының балық қорларына қылмысты қол сұғушылыққа қарсы күрес жөнiндегi мамандандырылған бөлiмшелерiнiң бастықтары мен олардың орынбасарлары. <*>
      Ескерту. 543-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 маусымдағы N 428  Заңымен , өзгеріс енгізілді - 2003.12.05. N  506 , 2004.12.09.  N 10  Заңдарымен. 

       544-бап. Мемлекеттiк өрт сөндiру қызметi органдары

      1. Мемлекеттiк өрт сөндiру қызметi органдары осы Кодекстiң 249, 277, 284, 312, 313, 334, 460-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды. 
      2. Мемлекеттiк өрт сөндiру қызметi органдарының атынан iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға мыналар құқылы: 
      Қазақстан Республикасының өрт қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы және оның орынбасарлары азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға; <*>
      Қазақстан Республикасының өрт қадағалау жөнiндегi аға мемлекеттiк инспекторлары, облыстар мен Астана және Алматы қалаларының өрт қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары және олардың орынбасарлары азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейiнгi, заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға; 
      облыстардың, қалалар мен аудандардың өрт қадағалау жөнiндегi аға мемлекеттiк инспекторлары, мемлекеттiк инспекторлары
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға. 
       Ескерту. 544-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       545-бап. <*>

       Ескерту. 545-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       546-бап. <*>

       Ескерту. 546-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .  

       547-бап. Әуе кеңiстiгiн пайдалану саласындағы
               уәкiлеттi орган

      1. Әуе кеңiстiгiн пайдалану саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 175 (екінші бөлігінде) (әуе көлігімен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылық бөлігінде), 443 (осы баптың бiрiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде көзделген, азаматтық авиацияға жатпайтын аэродромдарда немесе осындай аэродромдар аумақтарында жасалған бұзушылық туралы iстердi қоспағанда), 444, 446 (бiрiншi бөлiгiнде), 447 (бірінші бөлігінде), 459, 460, 479 (әуе көлiгiнде бұзушылық жасағаны үшiн), 480 (екiншi бөлiгiнде), 482-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды. 
      2. Әуе кеңiстiгiн пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға мыналар құқылы: 
      соған уәкiлеттi лауазымды адамдар (411, 444, 446 (бiрiншi бөлiгi), 459, 460-баптар, азаматтық авиация қызметi саласында бұзушылық жасағаны үшiн).
      Ескерту. 547-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 маусымдағы N 428  Заңымен ,   өзгеріс енгізілді - 2003.07.03. N 464  Заңымен .

       548-бап. Көлiк бақылау органдары

       1. Көлiк бақылау органдары осы Кодекстiң 139 (бiрiншi бөлiгiнде), 246, 247, 439, 440, 441, 447, 448, 449, 450, 451, 452, 453 (бiрiншi, үшiншi бөлiктерiнде), 454 (төртiншi, бесiншi бөлiктерiнде), 455, 456, 457, 458, 459-460 (әуе кемелерiндегi, теңiз көлiгiндегi бұзушылықтарды қоспағанда), 463 (бұл бұзушылықтар жолаушылар мен жүктердi, оның iшiнде iрi көлемдi немесе қауiптi жүктердi тасымалдау ережелерiн бұзу болып табылатын кезде, сондай-ақ салмақ немесе көлем параметрлерi белгiленген нормативтерден асып түсетiн көлiк құралдары арнаулы рұқсатсыз жүрiп өткен жағдайларда), 477 (бiрiншi, екiншi, төртiншi бөлiктерiнде), 479-481 (әуе кемелерiндегi, теңiз көлiгiндегi бұзушылықтарды қоспағанда), 483, 486 (бiрiншi бөлiгiнде), 490-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.
      2. Көлiк бақылау органдарының атынан әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға:
      осы Кодекстiң барлық баптары бойынша көлiк бақылау органдарының ведомстволық бағыныстылығына жатқызылған - көлiк бақылау органының басшысы мен оның орынбасарлары аумақтық көлiк бақылау органдарының бастықтары мен олардың орынбасарлары;
      139 (бiрiншi бөлiгiнде), 440, 441, 447, 454 (төртiншi бөлiгiнде), 455, 456, 463 (екiншi бөлiгiнде), 477 (бiрiншi, екiншi, төртiншi бөлiктерiнде), 479, 480, 486 (бiрiншi бөлiгiнде), 490-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша - көлiк бақылау органдарының осыған уәкiлеттi лауазымды адамдары құқылы.
      3. Осы баптың екiншi бөлiгiнiң үшiншi абзацында аталған лауазымды адамдар салатын айыппұл мөлшерi он айлық есептiк көрсеткiштен аспауы керек. 
       Ескерту. 548-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .  

       549-бап. Көлiк және коммуникациялар саласындағы
               уәкiлеттi орган

      1. Көлiк және коммуникациялар саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 139 (бiрiншi бөлiгiнде), 175 (екінші бөлігінде) (темір жол көлігімен, теңіз және ішкі су көлігімен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылық бөлігінде), 441, 443, 444, 446 (бiрiншi бөлiгiнде), 450, 451 (екiншi бөлiгiнде), 452, 453 (бiрiншi бөлiгiнде), 454 (төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 455 (үшiншi бөлiгiнде), 457 (өздерiнiң қадағалауындағы шағын кемелер мен олардың тұруына арналған құрылыстар базалары бөлiгiнде), 459, 460, 479-481, 488-490, 491 (бiрiншi бөлiгiнде), 492 (бiрiншi бөлiгiнде), 493 (бiрiншi бөлiгiнде), 494 (бiрiншi бөлiгiнде), 495, 496 (бiрiншi бөлiгiнде), 497, 498 (бiрiншi бөлiгiнде), 497-1, 497-2, 497-3, 499, 500-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды. <*>
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға: 
      Көлiк және коммуникациялар саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары, Көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi органның, олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы. <*>
       Ескерту. 549-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.01.07. N 372   Заңымен ,   2003 жылғы 3 маусымдағы N 428  Заңымен , 2003.07.03. N 464  Заңымен , 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       550-бап. Мемлекеттiк еңбек инспекциясы органдары

      1. Мемлекеттiк еңбек инспекциясы органдары осы Кодекстiң 87, 87-1, 89-94, 396 (бiрiншi бөлiгiнде), 399-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды. 
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға: 
      облыстар, қалалар және аудандар бойынша мемлекеттiк еңбек инспекторлары - азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
      облыстар мен Астана және Алматы қалалары бойынша бас мемлекеттiк еңбек инспекторлары - азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - үш жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
      Қазақстан Республикасының еңбек жөнiндегi орталық атқарушы органының бас мемлекеттiк еңбек инспекторлары - азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;<*>
      Қазақстан Республикасының бас мемлекеттiк еңбек инспекторы азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы. 
       Ескерту. 550-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N  506 , 2005.04.13.  N 40  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

       551-бап. Авторлық құқықтар жөнiндегi органдар

      1. Авторлық және сабақтас құқықтар жөнiндегi органдар осы Кодекстiң 128, 145-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды. 
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк шаралар қолдануға Авторлық құқықтар жөнiндегi комитеттiң төрағасы мен оның орынбасарлары, әдiлет басқармаларының бастықтары мен олардың орынбасарлары құқылы. 

       552-бап. Көшi-қон және демография жөнiндегi органдар

      1. Көшi-қон және демография жөнiндегi органдар осы Кодекстiң 396 (бiрiншi бөлiгiнде), 398, 399 (өз құзыретi шегiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды. 
      2. Қазақстан Республикасының көшi-қон және демография жөнiндегi органының басшысы, облыстық, Астана және Алматы қалалық және соған теңестiрiлген көшi-қон және демография жөнiндегi органының бастығы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы. 

       553-бап. Қазақстан Республикасының төтенше
               жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы
               органының органдары

      1. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органының органдары осы Кодекстiң 89, 139 (бiрiншi бөлiгiнде), 220, 221, 270, 271, 272 (техникалық қауiпсiздiк бөлiгiнде), 504 - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды. 
      2. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi мемлекеттiк инспекцияға ведомстволық бағынысты, Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органының бақылауындағы өнеркәсiп салалары мен объектiлерде жұмыстың қауiпсiз жүргiзiлуi мен жарылғыш материалдарды сақтау, пайдалану және есепке алу жөнiндегi ережелердiң, нормалар мен нұсқаулықтардың бұзылуы жайындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және белгiленген әкiмшiлiк шаралар қолдануға: 
      Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органы аумақтық органдарының құрамына кiретiн облыстық, облысаралық, теңiз, Астана және Алматы қалаларының инспекцияларының бастықтары мен олардың орынбасарлары, салалық инспекциялардың бастықтары немесе олардың орнындағы адамдар азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейiнгi, заңды тұлғаларға жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға; 
      Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органының төтенше жағдайларды мемлекеттiк қадағалау, техникалық және кен қадағалау жөнiндегi департаментiнiң төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi бас мемлекеттiк инспектор болып табылатын директоры мен оның орынбасарлары азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға; 
      Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органының төрағасы мен оның орынбасарлары азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi, лауазымды адамдарға - жүзге дейiнгi, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы. 
      3. Азаматтық қорғаныс саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң орындалмауына байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
      Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органының бiрiншi басшысы мен оның орынбасарлары - азаматтарға және лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
      облыстардың, Астана және Алматы қалаларының төтенше жағдайлар жөнiндегi басқармаларының бiрiншi басшылары, олардың орынбасарлары - азаматтарға және лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы. <*>
       Ескерту. 553-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       554-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi
               орган   

      1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 139 (бiрiншi бөлiгiнде), 240-250, 261, 264-266, 270-272, 291, 294, 296, 301, 302 (бiрiншi бөлiгiнде), 303 (бiрiншi бөлiгiнде), 304 (бiрiншi бөлiгінде), 305 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды. <*> 
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға: 
      қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi аумақтық мемлекеттiк аға инспекторлар мен аумақтық мемлекеттiк инспекторлар азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейiнгi, заңды тұлғаларға жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға; 
      Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарды қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары, табиғи ресурстарды қорғау жөнiндегi аумақтық мемлекеттiк бас инспекторлардың орынбасарлары азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға; 
      Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарды қорғау жөнiндегi мемлекеттiк аға инспекторлары, табиғи ресурстарды қорғау жөнiндегi аумақтық мемлекеттiк бас инспекторлары азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - жүзге дейiнгi, заңды тұлғаларға бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға; 
      Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарды қорғау жөнiндегi мемлекеттiк Бас инспекторы мен оның орынбасарлары азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi, лауазымды адамдарға - жүз елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы; 
       Ескерту. 554-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

         554-1-бап. Жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi
                 уәкiлеттi орган

      1. Жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 122, 123, 259-275, 301, 302 (бiрiншi, екiншi бөлiктерiнде), 303 (бiрiншi бөлiгiнде), 304 (бiрiншi бөлiгiнде), 305 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
      жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi аумақтық аға мемлекеттiк инспекторлар мен аумақтық мемлекеттiк инспекторлар - азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi, лауазымды адамдарға - он беске дейiнгi, заңды тұлғаларға - жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
      Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары, жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi аумақтық бас мемлекеттiк инспекторлардың орынбасарлары - азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейiнгi, заңды тұлғаларға - екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
      Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi аға мемлекеттiк инспекторлары, жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi аумақтық мемлекеттiк бас инспекторлары - азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға - бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
      Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы мен оның орынбасарлары - азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi, лауазымды адамдарға - жүзге дейiнгi, заңды тұлғаларға - бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
      Ескерту. 554-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       555-бап. Кеден органдары

      1. Кеден органдары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы осы Кодекстiң 139 (бiрiншi бөлiгiнде), 140 (бiрiншi бөлiгiнде), 141, 187 (екiншi бөлiгiнде), 400-404, 405 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 406-408, 411, 412, 420, 422, 425, 431, 435, 436 (бiрiншi бөлiгiнде), 438-баптарында көзделген iстердi қарайды. <*>
      2. Кеден органдарының бастықтары немесе олардың орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
       Ескерту. 555-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       556-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс
               министрлiгiнiң органдары

      1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң органдары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы осы Кодекстiң 461 (бiрiншi, екiншi, төртiншi-алтыншы бөлiктерiнде), 462 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 463, 464 (бiрiншi бөлiгiнде), 467 (төртiншi, алтыншы бөлiктерiнде), 468 (бiрiншi, үшiншi бөлiктерiнде), 470, 472-476, 477 (бiрiншi, екiншi, төртiншi бөлiктерiнде), 503, 505-512-баптарында көзделген iстердi қарайды. <*>
      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң органдары атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және: 
      1) осы Кодекстiң 503, 505-512-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн - аудандық (қалалық) әскери комиссарлар; 
      2) осы Кодекстiң 461 (бiрiншi, екiншi, төртiншi-алтыншы бөлiктерiнде), 462 (бiрiншi, екiншi бөлiктерiнде), 463, 467 (төртiншi, алтыншы бөлiктерiнде), 470-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн - әскери автомобиль полициясының лауазымды адамдары: бастық немесе бастықтың орынбасары, әскери бiлiктiлiк комиссиясының төрағасы, аға инспектор, сондай-ақ белгiленген тәртiппен әскери автомобиль полициясының штаттан тыс инспекторлары болып тағайындаған офицерлер, прапорщиктер мен мичмандар - ескерту түрiнде әкiмшiлiк шаралар қолдануға құқылы.<*> 
      3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң көлiк құралдарын жүргiзушiлер - әскери қызметшiлер және жиынға шақырылған әскери мiндеттiлер жасаған әкiмшiлiк жазалау ретiнде айыппұл ғана көзделген тәртiп бұзушылық туралы материалдарды Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi белгiлеген тәртiппен әскери автомобиль инспекциясы кiнәлiлердi Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Тәртiптiк жарғысы бойынша жауапқа тарту үшiн тиiстi командирлерге (бастықтарға) бередi. 
      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң көлiк құралдарын жүргiзушiлер - әскери қызметшiлер мен жиынға шақырылған әскери мiндеттiлер жасаған көлiк құралын жүргiзу құқығынан айыру түрiнде әкiмшiлiк жаза қолданылуы мүмкiн тәртiп бұзушылық туралы хаттамаларды әскери автомобиль инспекциясы Қорғаныс министрлiгi Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiмен бiрлесiп белгiленген тәртiппен сотқа жiберу үшiн жол полициясы органдарына бередi. 
      Ескерту. 556-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .  

       557-бап. Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық
              қадағалауды жүзеге асыратын органдар

      1. Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын органдар осы Кодекстiң 89, 139 (бiрiншi бөлiгiнде), 140 (бiрiнші бөлiгiнде), 161 (бiрiншi бөлiгiнде), 164, 220, 221, 235 (бiрiншi бөлiгiнде), 236, 239, 240, 242, 244, 248, 249, 261, 270, 272, 275, 276, 277 (екiншi бөлiгiнде), 294, 304 (бiрiншi бөлiгiнде), 310, 323, 329 (бiрiншi бөлiгiнде), 333, 387, 477 (бiрiншi, екiншi бөлiктерiнде), 494 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды. <*>
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк бас санитариялық дәрiгерi мен оның орынбасарлары, облыстардың, қалалардың, аудандардың мемлекеттiк бас санитариялық дәрiгерлерi мен олардың орынбасарлары, темiр жол және әуе көлiгi объектiлерiндегi және басқа да объектiлердегi мемлекеттiк бас санитариялық дәрiгерлер мен олардың орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы. 
       Ескерту. 557-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

         557-1-бап. Дәрілік заттар айналымы саласындағы
                 мемлекеттік орган

      1. Дәрілік заттар айналымы саласындағы мемлекеттік орган және оның аумақтық бөлімшелері осы Кодекстің 324-бабының бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді өз құзыреті шегінде қарайды.
      2. Дәрілік заттар айналымы саласындағы мемлекеттік органның басшысы, оның орынбасарлары, аумақтық бөлімшелердің басшылары мен олардың орынбасарлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.
      Ескерту. 557-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.05.06. N 551  Заңымен .

       558-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс
               министрлiгiнiң, Iшкi iстер министрлiгi мен
               Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Әдiлет
               министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң
                 санитариялық қадағалауды жүзеге асыратын
               медициналық қызметтерi

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң, Iшкi iстер министрлiгiнiң және Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң санитариялық қадағалауды жүзеге асыратын медициналық қызметтерi Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң әскери қалалары мен оқу орталықтарының аумақтарында орналасқан объектiлерде және Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi мен Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне, Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiне бағынысты объектiлерде санитариялық-гигиеналық және санитариялық - эпидемияға қарсы ережелердi бұзу туралы осы Кодекстiң 323-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды. 
       Ескерту. 558-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.09.  N 10  Заңдарымен. 

       559-бап. Мал дәрiгерлiк қадағалау саласындағы
               уәкiлеттi орган

      1. Мал дәрiгерлiк қадағалау саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдары осы Кодекстiң 310-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды. 
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк шаралар қолдануға: 
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Бас мал дәрiгерлiк инспекторы мен оның орынбасарлары азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейiнгi, заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға; 
      Мемлекеттiк шекара мен көлiктегi мемлекеттiк бас мал дәрiгерлiк инспектор, облыстардың мемлекеттiк бас мал дәрiгерлiк инспекторлары мен олардың орынбасарлары, мал дәрiгерлiк саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның мал дәрiгерлiк инспекторлары азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - онға дейiнгi, заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға; 
      аудандардың, қалалардың мемлекеттiк бас мал дәрiгерлiк инспекторлары, селолық округтердiң мал дәрiгерлiк инспекторлары, жергiлiктi атқарушы органдардың мал дәрiгерлiк мекемелерi мен ведомстволық мал дәрiгерлiк қызметтiң мемлекеттiк мал дәрiгерлiк қадағалауды жүзеге асыруға өкiлеттiк берiлген мал дәрiгерлерi - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы. 
      3. Мемлекеттiк мал дәрiгерлiк қадағалау органдары лауазымды адамдарының: 
      1) өткiзу орындарында - мал (соның iшiнде құс, балық және ара), азық-түлiк және мал өнiмдерi шикiзатын сатудың мал дәрiгерлiк-санитариялық ережелерiн бұзғаны үшiн; 
      2) темiр жол, су жолы және әуе көлiгiнде, тас жолдар мен қара жолдарда, мал айдайтын жолдарда - малды (соның iшiнде құсты, балықты және араны), азық-түлiк пен мал өнiмдерi шикiзатын тасымалдаудың мал дәрiгерлiк-санитариялық ережелерiн, сондай-ақ мал айдау ережелерiн бұзғаны үшiн; 
      3) Мемлекеттiк шекарада - Қазақстан Республикасының аумағын шет мемлекеттерден малдың (соның iшiнде құстың, балықтың және араның) жұқпалы ауруларының әкелiнуiнен қорғау жөнiндегi мал дәрiгерлiк-санитариялық ережелердi бұзғаны үшiн айыппұлды сол жерде алуына болады. 

       560-бап. Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi уәкiлеттi орган

      1. Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi уәкiлеттi орган мен оның жергiлiктi жерлердегi органдары осы Кодекстiң 139 (бiрiншi бөлiгiнде), 307, 309-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды. <*>
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға: 
      өсiмдiктер карантинi жөнiндегi республиканың Бас мемлекеттiк инспекторы мен оның орынбасары азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейiнгi, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға; 
      өсiмдiктер карантинi жөнiндегi бac мемлекеттiк инспекторлар, өсiмдiк карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар облыстық және қалалық қызметтiң мемлекеттiк инспекторлары азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейiнгi, заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға; 
      өсiмдiктер карантинi жөнiндегi аудандық қызметтер, шекаралық пункттер мен посттардың мемлекеттiк инспекторлары азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң екiге дейiнгi, лауазымды адамдарға - онға дейiнгi, заңды тұлғаларға елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы. <*>
       Ескерту. 560-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

         560-1-бап. Тұқым шаруашылығы және астық рыногын
                  реттеу саласындағы уәкiлеттi орган

      1. Тұқым шаруашылығы және астық рыногын реттеу саласындағы уәкiлеттi орган мен оның аумақтық органдары осы Кодекстiң 139 (бiрiншi бөлiгiнде), 309-1, 309-2 (бiрiншi - үшiншi бөлiктерiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға аумақтық органдардың бастықтары мен олардың орынбасарлары құқылы.
       Ескерту. 560-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       560-2-бап. Өсiмдiк қорғау саласындағы уәкiлеттi орган

      1. Өсiмдiк қорғау саласындағы уәкiлеттi орган және оның жергiлiктi жерлердегi бөлiмшелерi осы Кодекстiң 139 (бiрiншi бөлiгiнде), 220, 294, 309-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
      Қазақстан Республикасының өсiмдiк қорғау жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторы - азаматтарға айлық есептік көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - алпысқа дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
      тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң өсiмдiк қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары - азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
      өсiмдiк қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар - азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - онға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
      Ескерту. 560-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       561-бап. Су ресурстары жөнiндегi органдар

      1. Су ресурстары жөнiндегi уәкiлеттi органдар осы Кодекстiң 121, 276, 277, 278 (екiншi бөлiгiнде), 279-281-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды. <*>
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға: 
      суды пайдалануды реттеу және суды қорғау жөнiндегi мемлекеттiк Бас инспектор мен оның орынбасарлары, суды пайдалануды реттеу және суды қорғау жөнiндегi мемлекеттiк бас бассейн (аумақтық) инспекторлары мен олардың орынбасарлары азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi, лауазымды адамдарға - жүзге дейiнгi, заңды тұлғаларға бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға; <*>
      суды пайдалануды реттеу және суды қорғау жөнiндегi аға мемлекеттiк инспекторлар; cу ресурстары жөнiндегi аумақтық өндiрiстiк геология бiрлестiктерiнiң бастықтары азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейiнгi, заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға; <*>
      суды пайдалануды реттеу және суды қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - он беске дейiнгi, заңды тұлғаларға елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
       Ескерту. 561-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .  

       562-бап. Орман, балық және аңшылық шаруашылығы
               саласындағы уәкiлеттi органдар

      1. Орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органдар осы Кодекстiң 121, 125, 126, 250, 252, 282, 283 (екiншi бөлiгiнде), 284-297, 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 298-1 (бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 299, 304 (бiрiншi бөлiгiнде), 305 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы органдардың атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
      1) осы Кодекстiң 121, 125, 126, 250, 252, 282, 283 (екiншi бөлiгiнде), 284-297, 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 298-1 (бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 299, 304 (бiрiншi бөлiгiнде), 305 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн - Қазақстан Республикасының орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органдары мен олардың аумақтық органдарының лауазымды адамдары;
      2) осы Кодекстiң 121, 250, 252, 282, 283 (екiншi бөлiгінде), 284-291, 294, 296, 297, 298 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн - орман шаруашылығын жүргiзетiн мемлекеттiк мекемелердiң басшылары, басшыларының орынбасарлары;
      3) осы Кодекстiң 121, 126, 250, 252, 283 (екiншi бөлiгiнде), 284 (үшiншi бөлiгiнде), 285 (екiншi бөлiгiнде), 286 (екiншi бөлiгiнде), 287 (төртiншi бөлiгiнде), 289 (төртiншi бөлiгiнде), 290 (екiншi бөлiгiнде), 291 (екiншi бөлiгiнде), 294 (екiншi бөлiгiнде), 297, 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 298-1 (бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн - мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған ерекше қорғалатын табиғи аумақтары күзет қызметiнiң басшылары, басшыларының орынбасарлары, бастықтары құқылы.
       Ескерту. 562-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .  

       563-бап. Жер ресурстарын басқару жөнiндегi
               уәкiлеттi орган

      1. Жер ресурстарын басқару жөнiндегi уәкiлеттi органдар осы Кодекстiң 118-121, 139 (бiрiншi бөлiгiнде), 250-258-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды. <*>
      2. Жер ресурстарын және жер инспекцияларын басқару жөнiндегi республикалық, облыстық және аудандық органдарының басшылары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы. 
       Ескерту. 563-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

      563-1-бап. Инвестициялар жөнiндегi уәкiлеттi орган

      1. Инвестициялар жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 134-1-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға инвестициялар жөнiндегi уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.
      Ескерту. 563-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 4 мамырдағы  N 48  Заңымен.

       564-бап. <*>

       Ескерту. 564-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       565-бап. Монополияға қарсы орган

      1. Монополияға қарсы орган осы Кодекстiң 147-бабында (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға монополияға қарсы органның басшысы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ монополияға қарсы органның аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
       Ескерту. 565-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .   

       566-бап. Стандарттау, метрология және сертификаттау
               жөнiндегi мемлекеттiк қадағалауды жүзеге
               асыратын органдар

      1. Стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын органдар осы Кодекстiң 139 (бiрiншi бөлiгiнде), 161 (бiрiншi бөлiгiнде), 164, 317, 329 (бiрiншi бөлiгiнде), 496 (бiрiншi бөлiгiнде), 498 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды. <*>
      2. Қазақстан Республикасының стандарттар мен өлшем құралдарын қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк Бас инспекторы мен оның орынбасарлары; облыстардың, Астана және Алматы қалаларының стандарттар мен өлшем құралдарын қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк бас инспекторлары мен олардың орынбасарлары әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
       Ескерту. 566-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .  

       567-бап. Ауылшаруашылық техникасын тiркеу жөнiндегi
               уәкiлеттi орган

      1. Ауылшаруашылық техникасын тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 461-бабының (бiрiншi, екiншi және төртiншi бөлiктерiнде) (тракторлар, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары жүргiзушiлерiнiң жасаған құқық бұзушылығы бөлiгiнде), ауылшаруашылық техникасын, тракторларды, өзге де өздiгiнен жүретiн машиналар мен жабдықтарды тiркеу жөнiндегi қадағалаушы уәкiлеттi органдарға қатысты бөлiгiнде 468 (бiрiншi бөлiгiнде), 470, 474, 475, 483-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды. 
      2. Ауылшаруашылық техникасын тiркеу жөнiндегi аудандық және облыстық уәкiлеттi органдардың инженер-инспекторлары ауылшаруашылық техникасын тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi органның атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.

        567-1-бап. Өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті
                  мемлекеттік орган 

      1. Өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган осы Кодекстің 175-бабында (екінші бөлігінде) (өсімдік шаруашылығы өнімін өндірушілер жасаған құқық бұзушылық бөлігінде) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
      2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның басшысы және оның орынбасарлары, аумақтық органдардың басшылары және олардың орынбасарлары құқылы. 
      Ескерту. 567-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 маусымдағы N 428  Заңымен.

       568-бап. Мемлекеттiк сәулет-құрылыс
               инспекциясы органдары 

      1. Мемлекеттiк сәулет-құрылыс инспекциясы органдары осы Кодекстiң 130, 139 (бiрiншi бөлiгiнде), 230, 231 (бiрiншi бөлiгiнде), 234, 235 (бiрiншi бөлiгiнде), 236, 238, 239, 278 (екiншi бөлiгiнде), 291, 387, 499-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк инспекторы, оның орынбасарлары, облыстар мен Астана және Алматы қалаларының бас мемлекеттiк құрылыс инспекторлары құқылы. 
      Ескерту. 568-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .   

       569-бап. Статистика органдары

      1. Статистика органдары осы Кодекстiң 381-384-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға облыстардың (Астана, Алматы қалаларының) статистика жөнiндегi басқармаларының басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
       Ескерту. 569-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .  

       570-бап. Салық қызметi органдары

      1. Салық органдары осы Кодекстiң 88 (үшiншi, төртiншi бөлiктерiнде), 88-1 (екiншi бөлiгiнде), 139 (бiрiншi бөлiгiнде), 146, 166, 205-212, 215-219, 358, 358-1, 360-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды. <*>
      2. Салық қызметiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
      Ескерту. 570-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.03.13. N 394   Заңымен , 2003.12.05. N 506  Заңымен , 2004.04.08. N  542  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2004.12.13.  N 11  (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен. 

       570-1-бап. Қаржы полициясы органдары

      1. Қаржы полициясы органдары осы Кодекстiң 140 (бiрiншi бөлiгiнде), 141, 145, 146, 159 (бiрiншi бөлiгiнде), 161 (бiрiншi бөлiгiнде), 164, 165, 166, 176 (бiрiншi бөлiгiнде), 205 (бiрiншi, екiншi, төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 207, 212, 215, 358-361-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға қаржы полициясы органының басшысы мен оның орынбасарлары, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, Қазақстан Республикасы астанасының, аймақаралық, аудандық, қалалық, қалалардағы аудандық қаржы полициясы органдарының және қаржы полициясының арнаулы бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы. <*>
       Ескерту. 570-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.07.12. N 240  Заңымен , өзгеріс енгізілді - 2003.12.05. N  506 , 2004.12.09.  N 10  Заңдарымен. 

       571-бап. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң
               органдары

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң органдары осы Кодекстiң 139 (бiрiншi бөлiгiнде), 176 (екiншi бөлiгiнде), 177, 178, 185-187, 204-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды. 
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға: 
      1) <*>
      2) осы Кодекстiң 139 (бiрiншi бөлiгiнде), 176 (екiншi бөлiгінде), 177, 178, 185-187, 204-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi мен оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржылық бақылау комитетiнiң төрағасы мен оның орынбасарлары, министрлiктiң аумақтық органдарының басшылары құқылы. <*>
      3) (алынып тасталды) <*>
       Ескерту. 571-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .  

       571-1-бап. Мемлекеттiк сатып алу процесiн реттеу
                  жөнiндегi уәкiлеттi орган

      1. Мемлекеттiк сатып алу процесiн реттеу жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 167-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға мемлекеттiк сатып алу процесiн реттеу жөнiндегi уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.
      Ескерту. 571-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       572-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң
               органдары

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң органдары осы Кодекстiң 139 (бiрiншi бөлiгiнде), 168, 168-2 (екiншi, бесiншi, жетiншi және сегiзiншi бөлiктер - валюталық бақылау мәселелерi бойынша, оныншы және он бiрiншi бөлiктер), 169, 180-182, 187, 189, 218 (валюталық бақылау мәселелерi бойынша) баптарында, сондай-ақ мемлекеттiк статистикалық есеп беру мен бақылаудың, жиналуы мен өңделуi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк органдарының құзыретiне кiретiн деректерi бөлiгiнде 381-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды. <*>
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Төрағасы, оның орынбасарлары, аумақтық филиалдардың басшылары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға құқылы. <*>
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi органдарының, сондай-ақ оның әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғандығы туралы хаттама жасауға құқығы бар қызметкерлерiнiң өкiлеттiктерi осы Кодекске сәйкес айқындалады.
       ЕСКЕРТУ. 572-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.03.28. N 398  Заңымен ,   2003.07.10. N 483  Заңымен  (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       573-бап. Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және
              қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган

      1. Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган осы Кодекстiң 88 (бiрiншi бөлiк), 158-1, 167-1 (бірінші бөлігі), 168-2 (бiрiншi - тоғызыншы бөлiктер), 170, 171, 172, 172-1, 173, 174, 175 (бiрiншi бөлiк), 191, 193, 195, 196, 198, 201, 218-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды. <*>
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк айыппұл салуға қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның бiрiншi басшысы және оның орынбасарлары құқылы. <*>
       ЕСКЕРТУ. 573-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 3 маусымдағы N 428  Заңымен , бап жаңа редакцияда - 2003.07.10. N 483  Заңымен  (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), өзгеріс енгізілді - 2004.07.06. N 572  Заңымен .

       574-бап. Қазақстан Республикасының халықты
               әлеуметтiк қорғау органдары

      1. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң органдары осы Кодекстiң 88 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 88-1 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды. <*>
      2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң орынбасарлары, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аумақтық органдарының басшылары, олардың орынбасарлары, аудандық халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмдерiнiң бастықтары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк айыппұл салуға құқылы. <*>
      Ескерту. 574-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.03.13. N 394   Заңымен , 2003.12.05. N 506  Заңымен , 2004.04.08. N 542   Заңымен  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді).  

       574-1-бап. <*>

       Ескерту. Жаңа 574-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.03.13. N 394   Заңымен.
      ЕСКЕРТУ. 574-1-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен. (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді)

       575-бап. Шекара қызметiнiң органдары

      1. Шекара қызметiнiң органдары осы Кодекстiң 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде), 389, 390, 391 (бiрiншi бөлiгiнде), 391-1 (бiрiншi және екiншi бөліктерiнде), 392, 396 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды. <*>
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және Қазақстан Республикасы шекара қызметi органдарының атынан әкiмшiлiк жаза қолдануға: 
      шекара қызметiнiң басшысы мен оның орынбасарлары, аймақтық басқармалардың, бiрлестiктердiң басшылары және олардың орынбасарлары азаматтарға - ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға; <*>
      шекара отрядтарының бастықтары, шекаралық бақылаудың әскери бөлiмдерiнiң, әскери теңiз бөлiмдерiнiң командирлерi мен олардың орынбасарлары азаматтарға - ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi, лауазымды адамдарға жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға; 
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын күзету жөнiнде қызмет атқаратын шекара корабльдерiнiң (катерлерiнiң) командирлерi азаматтарға ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы. 
      3. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға: 
      1) Қазақстан Республикасы континенттiк қайраңының минералдық немесе жанды ресурстарын шет мемлекеттердiң жеке немесе заңды тұлғаларына не шет мемлекеттерге заңсыз бергенi үшiн; 
      Қазақстан Республикасы шекара қызметiнiң басшысы мен оның орынбасарлары, аймақтық басқармалардың, бiрлестiктердiң басшылары мен олардың орынбасарлары - айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға; 
      шекара отрядтарының бастықтары, шекаралық бақылаудың әскери бөлiмдерiнiң, әскери теңiз бөлiмдерiнiң командирлерi - айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға; 
      Мемлекеттiк шекараны күзету жөнiндегi мiндеттердi атқаратын шекара корабльдердiң (катерлерiнiң) командирлерi - айлық есептiк көрсеткiштiң бiр жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
      2) (алынып тасталды)       
       Ескерту. 575-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       576-бап. Мемлекеттiк құпияларды қорғау органдары

      1. Мемлекеттiк құпияларды қорғау органдары осы Кодекстiң 139 (бiрiншi бөлiгiнде), 385, 386 (бiрiншi, екiншi бөлiктерiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды. <*>
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және белгiленген әкiмшiлiк жазаларды қолдануға: 
      Мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органның
басқарма бастығы мен оның орынбасары, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң департаментi бастығы мен оның орынбасары лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға; 
      Мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Төрағасы мен оның орынбасарлары лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi, жеке тұлғаларға жиырмаға дейiнгi, заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы. 
       Ескерту. 576-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

         576-1-бап. Акцизделетiн өнiм өндiрудi және олардың
                айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi
                органдар

      1. Акцизделетiн өнiм өндiрудi және олардың айналымына мемлекеттiк бақылау жөнiндегi органдар 139-бапта (бiрiншi бөлiгiнде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға акцизделетiн өнiм өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi органның басшылары (орынбасарлары) құқылы.
       Ескерту. 576-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       576-2-бап. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi
                 қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдары

       1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдары осы Кодекстiң 367-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға облыстар бойынша қылмыстық-атқару жүйесi аумақтық органдарының бастықтары мен олардың орынбасарлары, түзеу мекемелерiнiң бастықтары құқылы.
      Ескерту. 576-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .  

       576-3-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк
                 органдары
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк органдары осы Кодекстiң 367-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi (ұлттық қауiпсiздiк органдары жүйесінің тергеу изоляторында құқық бұзушылықтар жасағаны үшін) қарайды.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға ұлттық қауіпсiздiк органдары тергеу изоляторларының бастықтары құқылы.
      Ескерту. 576-3-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

  4-бөлiм. ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ
ТУРАЛЫ IС ЖҮРГIЗУ

   33-тарау. НЕГIЗГI ЕРЕЖЕЛЕР

       577-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс
               жүргiзудiң мiндеттерi 

      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудiң мiндеттерi әрбiр iстiң мән-жайын дер кезiнде, жан-жақты, толық және объективтi анықтау, оны осы Кодекске сәйкес шешу, шығарылған қаулының орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жасалуына ықпал ететiн себептер мен жағдайларды анықтау болып табылады. 

       578-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс
               жүргiзудiң тәртiбi

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi судьялар мен органдардың (лауазымды адамдардың) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу тәртiбi осы Кодекспен айқындалады. 
      2. Қылмыстық немесе азаматтық iстердi қарау процесiнде соттың әкiмшiлiк жазалар қолдану тәртiбi осы Кодекстiң ережелерiмен және Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу  кодексi  мен Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу  кодексiне  сәйкес айқындалады.

       579-бап. Өтiнiш жасау

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзуге қатысушы адамдардың, сол iстi жүргiзiп жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) мiндеттi түрде қарауына жататын өтiнiш мәлiмдеуге құқығы бар.
      2. Өтiнiш жазбаша түрде мәлiмденедi және дереу қаралуға тиiс.
      3. Өтiнiштi қанағаттандыру туралы не оны қанағаттандырудан бас тарту туралы шешiм ұйғарым түрiнде шығарылады.

       580-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс
               жүргiзудi болдырмайтын мән-жайлар

      1. Төмендегi мән-жайлардың ең болмағанда бiреуi болған жағдайда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi бастауға болмайды, ал басталған iс қысқартылуға жатады: 
      1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық оқиғаларының болмауы; 
      2) әкiмшiлiк құқық бұзушылық құрамының болмауы, соның iшiнде әкiмшiлiк жауапқа тарту үшiн жеке адамның құқық бұзушылық жасаған кезде осы Кодексте көзделген жасқа толмауы немесе құқыққа қарсы әрекет жасаған жеке адамның ақыл-есiнiң дұрыс болмауы; 
      3) әкiмшiлiк жауаптылықты белгiлейтiн заңның немесе оның жекелеген ережелерiнiң күшi жойылуы; 
      4) Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi әкiмшiлiк жауаптылықты белгiлейтiн заңды немесе оның кейбiр ережелерiн Қазақстан Республикасының  Конституциясына  сәйкес келмейдi деп тануы салдарынан олардың күшi жойылуы; 
      5) әкiмшiлiк жауапқа тарту мерзiмiнiң өтуi; 
      6) әкiмшiлiк жауапқа тартылатын адам жөнiнде сол факт бойынша әкiмшiлiк жаза қолдану туралы судьяның, органның (лауазымды адамның) қаулысының не әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстiң қысқартылуы туралы күшi жойылмаған қаулының болуы, сондай-ақ нақ сол факт бойынша қылмыстық iс қозғау туралы қаулының болуы; 
      7) iсi жүргiзiлiп отырған жеке адамның қайтыс болуы. 
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 2) тармақшасында көзделген негiз бойынша және зиян келтiру заңды болып табылғанда немесе осы Кодекстiң 5-тарауына сәйкес әкiмшiлiк жауаптылық жоққа шығарылатын мән-жайларда жасалған ретте қысқартылады. 

       581-бап. Әкiмшiлiк жауапқа тартпауға мүмкiндiк
               беретiн мән-жайлар

      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу осы Кодексте көзделген тәртiппен, 67, 68-баптарда көзделген жағдайларда, сондай-ақ әрекетте қылмыстық заңдарда көзделген қылмыс құрамының белгiлерi болуына байланысты материал прокурорға, алдын ала тергеу немесе анықтау органына берiлген жағдайда қысқартылуы мүмкiн. 

       582-бап. Прокурорлық қадағалау

      Қазақстан Республикасы  Конституциясының  83-бабына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу процесiнде заңдардың дәл және бiркелкi қолданылуын жоғары дәрежеде қадағалауды мемлекет атынан тiкелей де, өзiне бағынысты прокурорлар арқылы да Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры жүзеге асырады. 

       583-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс
               жүргiзуде прокурордың заңдылықты қамтамасыз
               ету жөнiндегi өкiлеттiгi

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi тексеру нәтижелерi бойынша прокурор: 
      1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға сотқа, өзге де уәкiлеттi органға немесе оның лауазымды адамына наразылық келтiруге; 
      2) уәкiлеттi лауазымды адамдар мен органдарға (соттан басқа) қосымша тексеру жүргiзу туралы жазбаша нұсқау беруге; 
      3) уәкiлеттi органдардан өздерiнiң бақылауындағы немесе өзiне бағынысты ұйымдарда тексеру жүргiзудi талап етуге; 
      4) заңда белгiленген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қысқартуға; 
      5) әкiмшiлiк жаза туралы қаулының орындалуын тоқтата тұруға; 
      6) әкiмшiлiк ұстауға заңсыз таратылған адамды босату туралы қаулы шығаруға; 
      7) өкiлеттi мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары өздерiнiң мiндеттерiн орындауға байланысты жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзатын жағдайларда қолданған тыйым салу немесе шектеу сипатындағы кез келген шаралардың алып тасталуы туралы қаулы шығаруға немесе талап қоюға; 
      8) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қозғау туралы қаулы шығаруға құқылы. 
      2. Прокурордың осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 6) және 7) тармақшаларында аталған актiлерi дереу орындалуға тиiс. Прокурордың аталған актiлерiнiң орындалуын кiдiртуге кiнәлi лауазымды адамдар заңда белгiленгендей жауапты болады. 

34-тарау. ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ IС ЖҮРГIЗУГЕ
ҚАТЫСУШЫЛАР, ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI

       584-бап. Өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық
               туралы iс жүргiзiлiп жатқан адам

      1. Өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адам хаттамамен және iстiң басқа да материалдарымен танысуға, түсiнiктеме беруге, хаттаманың мазмұны мен ресiмделуi жөнiнде ескертулер жасауға, дәлелдемелер табыс етуге, өтiнiш және қарсылық мәлiмдеуге, қорғаушының заң көмегiн пайдалануға, iс қаралғанда ана тiлiнде немесе өзi бiлетiн тiлде сөйлеуге, егер iс жүргiзiлiп отырған тiлдi бiлмесе, аудармашының қызметiн пайдалануға; iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларының қолданылуына, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға және iс жөнiндегi қаулыға шағымдануға, сондай-ақ өзiне осы Кодексте берiлген өзге де iс жүргiзу құқықтарын пайдалануға құқылы. 
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамның қатысуымен қаралады. Аталған адамға iстiң қаралатын орны мен уақыты тиiстi түрде хабарланғаны туралы деректер болған және одан iстi қарауды кейiнге қалдыру туралы өтiнiш түспеген ретте ғана iс оның өзi болмаған жағдайда қаралуы мүмкiн. 
      3. Он сегiз жасқа толмаған адам жасаған не жасалуы әкiмшiлiк қамауға алу, тәркiлеу не әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралы немесе тiкелей объектiсi болған затты өтемiн төлеп алып қою не әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кiрiстердi (дивидендтердi), ақшаны және бағалы қағаздарды тәркiлеу, сондай-ақ шетелдiк азаматты не азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасынан шығарып жiберу немесе адамды өзiне берiлген арнайы құқықтардан айыру түрiндегi әкiмшiлiк жазаға әкеп соқтыратын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде әкiмшiлiк жауапқа тартылып отырған адамның қатысуы мiндеттi. 
      4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде аталған адамдар әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзушi судьяның, органның (лауазымды адамның) шақыруы бойынша келуден жалтарған жағдайда судьяның, органның (лауазымды адамның) ұйғарымы негiзiнде iшкi iстер органының (полицияның) алып келуiне болады. 
      5. Өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан кәмелетке толмаған адам, талқылануы оған терiс әсер етуi мүмкiн iстiң мән-жайын қарау кезiнде уақытша шығарыла тұруы мүмкiн. 

       585-бап. Жәбiрленушi

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтан тән жарақатын алған, мүлiктiк немесе моральдық жағынан зақым келтiрiлген жеке немесе заңды тұлға жәбiрленушi болып табылады. 
      2. Жәбiрленушi iстiң барлық материалдарымен танысуға, түсiнiктеме беруге, дәлелдемелер табыс етуге, өтiнiш және қарсылық мәлiмдеуге, өкiл ұстауға, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымдануға, өзiне осы Кодекспен берiлген өзге де iс жүргiзу құқықтарын пайдалануға құқылы. 
      3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жәбiрленушiнiң қатысуымен қаралады. Ол адамға iстiң қаралатын орны мен уақыты тиiстi түрде хабарланғаны туралы деректер болған және одан iстi қарауды кейiнге қалдыру туралы өтiнiш түспеген ретте ғана iс оның өзi болмағанда қаралуы мүмкiн. 
      4. Жәбiрленушiден осы Кодекстiң 594-бабында көзделген тәртiппен куә ретiнде жауап алынуы мүмкiн. Егер жәбiрленушi заңды тұлға болса, оның заңды өкiлiнен куә ретiнде жауап алынуы мүмкiн. 

       586-бап. Жеке адамның заңды өкiлдерi

      1. Өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан жеке адамның немесе кәмелетке толмаған не тән саулығына немесе психикалық жай-күйiне байланысты өз құқықтарын өз бетiнше жүзеге асыру мүмкiндiгiнен айрылған жәбiрленушiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды олардың заңды өкiлдерi жүзеге асырады. 
      2. Жеке адамның ата-анасы, асырап алушылары, қорғаншылары, қамқоршылары және қорғаншысы немесе асыраушысы болып отырған өзге де адамдар оның заңды өкiлдерi болып табылады. 
      3. Жеке адамның заңды өкiлдерi болып табылатын адамдардың туысқандық байланыстары немесе тиiстi өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген құжаттармен куәландырылады. 
      4. Өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан жеке адамның заңды өкiлi әкiмшiлiк жауапқа тартылушы адамды әкiмшiлiк ұстау кезiнен немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған кезден бастап iске қатысуға жiберiледi. 
      5. Өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан жеке адамның және жәбiрленушiнiң заңды өкiлдерiнiң өздерi өкiл болып отырған адамдарға қатысты осы Кодексте көзделген құқықтары болады және сондай мiндеттердi өз мойнына алады. 
      6. Он сегiз жасқа толмаған адам жасаған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қаралған кезде оның заңды өкiлiнiң қатысуы мiндеттi. Кәмелетке толмаған адамның заңды өкiлi келуден жалтарған жағдайда оған iшкi iстер органының (полицияның) алып келуi қолданылуы мүмкiн. 

       587-бап. Заңды тұлғаның заңды өкiлдерi

      1. Өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан немесе жәбiрленушi болып табылатын заңды тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды оның заңды өкiлдерi жүзеге асырады. 
      2. Заңды тұлғаның басшысы, сондай-ақ заңға немесе құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның органы болып табылатын өзге де адам оның заңды өкiлдерi болып табылады. Өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан заңды тұлғаның және жәбiрленушiнiң заңды өкiлдерiнiң өздерi өкiл болып отырған тұлғалар жөнiнде осы Кодексте көзделген құқықтары болады және сондай мiндеттердi өз мойнына алады. 
      3. Заңды тұлғаның заңды өкiлiнiң өкiлеттiгi оның қызметтiк жағдайын куәландыратын құжаттармен расталады. 
      4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан заңды тұлғаның заңды өкiлiнiң немесе қорғаушысының қатысуымен қаралады. Аталған адамдарға iстiң қаралатын орны мен уақыты тиiстi түрде хабарланғаны туралы деректер болған және олардан iстi қарауды кейiнге қалдыру туралы өтiнiш түспеген ретте ғана iс оның өзi болмаған жағдайда қаралуы мүмкiн. 
      5. Жасалуы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың құралы немесе тiкелей объектiсi болған затты тәркiлеу немесе ақысын төлеп алып қою не әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кiрiстердi (дивидендтердi), ақшаны және бағалы қағаздарды тәркiлеу түрiндегi әкiмшiлiк жазаға әкеп соқтыратын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде әкiмшiлiк жауапқа тартылатын заңды тұлғаның заңды өкiлiнiң немесе қорғаушысының қатысуы мiндеттi. 
      6. Заңды тұлғаның заңды өкiлi iстi жүргiзiп жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) шақыруы бойынша келуден жалтарған жағдайда аталған адамға судьяның, органның (лауазымды адамның) ұйғарымы негiзiнде iшкi iстер органының (полицияның) алып келуi қолданылуы мүмкiн. 

       588-бап. Қорғаушы

      1. Қорғаушы - әкiмшiлiк жауапқа тартылушы адамның құқықтары мен мүдделерiн заңда белгiленген тәртiппен қорғауды жүзеге асыратын және оған заң көмегiн көрсететiн адам. 
      2. Қорғаушы ретiнде адвокаттар, әкiмшiлiк жауапқа тартылушы адамның жұбайы (зайыбы), жақын туыстары немесе заңды өкiлдерi, кәсiподақтардың және қоғамдық бiрлестiк мүшелерiнiң iстерi бойынша осы бiрлестiктердiң өкiлдерi жiберiледi. Егер заңда белгiленген тәртiппен өзара қатынас негiзiнде Қазақстан Республикасының тиiстi мемлекетпен халықаралық шартында көзделсе, шетелдiк адвокаттар iске қорғаушы ретiнде қатысуға жiберiледi. 
      3. Қорғаушы әкiмшiлiк жауапқа тартылушы адамды әкiмшiлiк ұстау кезiнен немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған кезден бастап iске қатысуға араластырылады. 
      4. Егер бiрiнiң мүдделерi екiншiсiнiң мүдделерiне қайшы келсе, әкiмшiлiк жауапқа тартылатын екi адамға бiр адамды қорғаушы етуге болмайды. 
      5. Адвокаттың әкiмшiлiк жауапқа тартылушы адамды өз мойнына алған қорғаудан бас тартуға құқығы жоқ. 

       589-бап. Қорғаушының мiндеттi түрде қатысуы

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзуге мынадай жағдайларда, егер: 
      1) әкiмшiлiк жауапқа тартылушы адам бұл жөнiнде өтiнiш жасаса; 
      2) әкiмшiлiк жауапқа тартылушы адам дене немесе психикалық кемiстiктерi салдарынан өзiн қорғау құқығын өз бетiнше жүзеге асыра алмайтын болса; 
      3) әкiмшiлiк жауапқа тартылушы адам iс жүргiзiлiп отырған тiлдi бiлмесе; 
      4) iстiң материалдарында әкiмшiлiк жауапқа тартылушы адамға медициналық сипатта мәжбүрлеу шаралары белгiленуi мүмкiн деп пайымдайтын деректер болса;
      5) әкiмшiлiк жауапқа тартылушы адам кәмелетке толмаған болса, қорғаушының қатысуы мiндеттi. <*>
      2. Егер осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген мән-жайлар болған жағдайда әкiмшiлiк жауапқа тартылушы адамның өзi, оның заңды өкiлдерi, сондай-ақ оның тапсыруымен басқа да адамдар қорғаушы шақырмаса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi судья, орган (лауазымды адам) iс жүргiзудiң тиiстi сатысында қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге мiндеттi, бұл туралы олар кәсiби адвокаттар ұйымына мiндеттi қаулы шығарады. 
       Ескерту. 589-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       590-бап. Қорғаушыны шақыру, тағайындау, ауыстыру,
               оның еңбегiне ақы төлеу

      1. Қорғаушыны, өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адам, оның заңды өкiлдерi, сондай-ақ өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамның тапсыруымен немесе келiсуiмен басқа да адамдар шақырады. Өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адам қорғау үшiн бiрнеше қорғаушы шақыруға құқылы. 
      2. Өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамның өтiнуi бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi судья, орган (лауазымды адам) қорғаушының қатысуын қамтамасыз етедi. 
      3. Таңдалған немесе тағайындалған қорғаушының қатысуы мүмкiн болмаған жағдайларда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi судья, орган (лауазымды адам) өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамға жиырма төрт сағат iшiнде басқа қорғаушы шақыруды ұсынуға немесе адвокаттар алқасы немесе оның құрылымдық бөлiмшелерi арқылы қорғаушы тағайындауға шаралар қолдануға құқылы. Өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамға әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi судьяның, органның (лауазымды адамның) қорғаушы ретiнде белгiлi бiр адамды шақыруға ұсыныс айтуға құқығы жоқ. 
      4. Әкiмшiлiк ұстау жағдайында, егер өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адам таңдаған қорғаушының үш сағат iшiнде келуi мүмкiн болмаса, өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамға әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi судья, орган (лауазымды адам) басқа қорғаушы шақыруды ұсынады, ал одан бас тартылған жағдайда адвокаттар алқасы немесе оның құрылымдық бөлiмшелерi арқылы қорғаушыны тағайындауға шаралар қолданады. 
      5. Адвокаттың еңбегiне ақы заңдарға сәйкес төленедi. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi судья, орган (лауазымды адам) негiз болған жағдайда өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамды заң көмегiне ақы төлеуден толық немесе iшiнара босатуға құқылы. Бұл жағдайда еңбекке ақы мемлекет есебiнен төленедi. 
      6. Адвокат клиентпен iс жүргiзуге келiсiм жасаспай, тағайындау арқылы қатысқанда, осы Кодекстiң 589-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайда да адвокат еңбегiне ақы төлеу шығыны мемлекет есебiне жатқызылуы мүмкiн. 
      7. Қорғаушы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi судьяға, органға (лауазымды адамға) өз жағдайын растау үшiн жеке басын куәландыратын құжаттарды және тиiстi жағдайларда: адвокатураға жататындығын растайтын құжатты және адвокаттың осы iске қатысу құқығына заң консультациясы берген ордерiн немесе маңызы жөнiнен соған теңестiрiлген құжатын; қоғамдық бiрлестiктiң немесе оның басшы органының қорғаушы тағайындау туралы шешiмiн, сезiктiмен немесе айыпталушымен туыстық қатынастарын растайтын құжатты тапсырады. 

       591-бап. Қорғаушыдан бас тарту

      1. Өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адам iс жүргiзудiң кез келген кезiнде қорғаушыдан бас тартуға құқылы, бұл оның өзiн қорғауды өз бетiнше жүзеге асыру ниетiн бiлдiредi. Заң көмегiне ақы төлеуге қаражаты жоқтығын сылтау етiп қорғаушыдан бас тарту қабылданбайды. Бас тарту жазбаша түрде ресiмделедi. 
      2. Өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамның қорғаушыдан бас тартуы оны бұдан былай қорғаушыны iске қатысуға жiберу туралы өтiнiш жасау құқығынан айырмайды. Қорғаушының iске кiрiсуi сол уақытқа дейiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау барысында жасалған әрекеттердi қайталауға әкеп соқпайды. 

       592-бап. Қорғаушының өкiлеттiгi

      1. Қорғаушы iстiң барлық материалдарымен танысуға; iстi қарауға қатысуға; дәлелдемелер табыс етуге, өтiнiш мәлiмдеуге және қарсылық бiлдiруге; iстердi қарауға уәкiлеттi судьяның, органның (лауазымды адамның) рұқсатымен iстiң қаралу процесiнде жауап берушiге сұрақтар қоюға; iс жүргiзудi қамтамасыз етуге қолданылатын шаралар және iс бойынша қаулы жөнiнде шағымдануға; өзiне заңмен берiлген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы. 
      2. Қорғаушының: қорғалушының мүдделерiне қарсы қандай да болсын iс-әрекеттер жасауға және оның өз құқықтарын жүзеге асыруына кедергi келтiруге; қорғалушының көзқарасына қарамастан, оның әкiмшiлiк құқық бұзушылыққа қатыстылығын және оны жасауға кiнәлiлiгiн тануға, қорғалушының жәбiрленушiмен татуласқандығы туралы мәлiмдеуге; қорғалушының берген шағымы мен өтiнiшiн қайтарып алуға; заң көмегiн сұрау мен оның жүзеге асырылуына байланысты өзiне белгiлi болған мәлiметтердi жария етуге құқы жоқ. 

       593-бап. Жәбiрленушiнiң өкiлi

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзу кезiнде заң жүзiнде құқығы бар адвокаттар мен өзге де адамдар жәбiрленушiнiң заңды мүдделерiн бiлдiретiн өкiл бола алады. 
      2. Жәбiрленушi өкiлдерiнiң өздерi өкiл болып отырған жеке және заңды тұлғалармен осы Кодексте көзделген шекте iс жүргiзу құқықтары бiрдей болады. 
      3. Өкiлдiң өзi өкiлi болып отырған адамның мүдделерiне қайшы қандай да бiр iс-әрекеттер жасауға құқығы жоқ. 
      4. Жәбiрленушiнiң iсiне жеке қатысы оны осы iс бойынша өкiл алу құқығынан айырмайды. 

       594-бап. Куә

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша куә ретiнде, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, осы iс үшiн маңызы бар мән-жайлардан хабардар болуы мүмкiн кез келген адам шақырылуы мүмкiн. 
      2. Куә: өзiне, жұбайына (зайыбына) немесе жақын туыстарына қарсы айғақ беруден бас тартуға, өз айғақтарының тиiстi хаттамаға енгiзiлуiнiң дұрыстығы жөнiнде мәлiмдеме және ескерту жасауға; iстi қарау кезiнде ана тiлiнде сөйлеуге; аудармашының көмегiн тегiн пайдалануға құқылы. 
      3. Куә әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiп жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) шақыртуы бойынша келуге, өзiне iс бойынша белгiлi мән-жайдың бәрiн шынайы түрде хабарлауға және қойылған сұрақтарға жауап қайтаруға, өзi берген айғақтардың тиiстi хаттамаға енгiзiлуiнiң дұрыстығын өзi қол қойып куәландыруға мiндеттi. 
      4. Куәға әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi органға (лауазымды адамға) айғақтар беруден жалтарғаны немесе одан бас тартқаны, көрiнеу жалған айғақтар бергенi үшiн әкiмшiлiк жауапкершiлiгi туралы және сотта осы әрекеттердi жасағаны үшiн қылмыстық жауаптылығы туралы ескертiледi. 
      5. Куә әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзiп жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) шақыртуы бойынша келуден жалтарған жағдайда судьяның, органның (лауазымды адамның) ұйғарымы негiзiнде оны iшкi iстер органдары (полиция) алып келуi мүмкiн. 
      6. Он төрт жасқа дейiнгi кәмелетке толмаған куәға сауал қою кезiнде педагогтiң немесе психологтың қатысуы мiндеттi. Қажет болған жағдайда сауал қою осындай куәның заңды өкiлiнiң қатысуымен жүргiзiледi.
       Ескерту. 594-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.28.  N 24  (қолданысқа енгiзiлу тәртібін   2 баптан  қараңыз) Заңымен.  

       595-бап. Куәгер

      1. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, iстiң қорытындысына мүдделi емес, өзi қатысып тұрған кездегi iс-әрекеттердi толық және дұрыс ұғынуға қабiлеттi кәмелетке толған адам куәгер ретiнде тартылады. 
      2. Куәгердiң әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзуге қатысуы жеке адамды тексерiп қарау, көлiк құралын, заттарды тексерiп қарау, жеке адамда болған құжаттар мен заттарды алып қою, заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарды, үй-жайлар мен мүлiктi қарап шығу, заңды тұлғаға тиесiлi құжаттар мен мүлiктi алып қою туралы хаттамаларда көрсетiледi. 
      3. Куәгер әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзiп жатқан лауазымды адамның шақыруы бойынша келуге, осы iстiң жүргiзiлуiне қатысуға және өзiнiң қатысуымен жасалған iс-әрекеттердiң жүзеге асырылу фактiлерiн, олардың мазмұны мен нәтижелерiн тиiстi хаттамаға өзi қол қойып куәландыруға мiндеттi. 
      4. Куәгердiң жасалған iс-әрекеттер жөнiнде хаттамаға енгiзiлуге тиiстi мәлiмдемелер мен ескертпелер жасауға құқығы бар. 
      5. Қажет болған жағдайда куәгерден осы Кодекстiң 594-бабында көзделген тәртiппен куә ретiнде жауап алынуы мүмкiн. 

       596-бап. Маман

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзуге маман ретiнде қатысуға дәлелдемелердi жинауға, зерттеуге және бағалауға, сондай-ақ техникалық құралдарды пайдалануға жәрдем көрсету үшiн қажеттi арнаулы бiлiмi бар және машықтанған, iстiң қорытындысына мүдделi емес кез келген кәмелетке толған адамды тағайындауға болады. 
      2. Маман: өзiнiң шақырылу мақсатын бiлуге; егер тиiсiнше арнаулы бiлiмi мен машығы болмаса, iс жүргiзуге қатысудан бас тартуға; өзiнiң қатысуымен жасалатын, iс жүргiзу әрекетiне қатысты iстiң материалдарымен танысуға; әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзiп жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) рұқсатымен iс жүргiзу әрекеттерiне қатысушыларға сұрақтар қоюға; iс жүргiзу әрекеттерi шеңберiнде iс жүргiзу әрекеттерi хаттамасының бiр бөлiгi болып табылатын хаттамада не ресми құжатта iстiң барысы мен нәтижелерi көрсетiлген iс материалдарына зерттеу жүргiзуге; өзi қатысқан iс жүргiзу әрекетiнiң хаттамасымен танысуға және өзiнiң қатысуымен жүргiзiлген әрекеттiң барысы мен нәтижелерi көрсетiлуiнiң толық және дұрыс екендiгi жөнiнде хаттамаға енгiзiлуi қажеттi мәлiмдемелер мен ескертпелер жасауға құқылы. 
      3. Маман: әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзiп жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) шақыруы бойынша келуге; арнаулы бiлiмiн, машығын және ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып, iс жүргiзу әрекеттерiне қатысуға; өзi жасаған әрекеттер бойынша түсiнiк беруге; аталған әрекеттердiң жасалу фактiсiн, олардың мазмұны мен нәтижелерiн өзi қол қойып куәландыруға мiндеттi.

       597-бап. Сарапшы

      1. Арнаулы ғылыми бiлiмi бар, iске мүдделi емес адам сарапшы ретiнде шақырылуы мүмкiн. Сот сараптамасын жүргізу:
      1) сот сараптамасы органдарының қызметкерлеріне;
      2) лицензия негізінде сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын адамдарға;
      3) заң талаптарына сәйкес бір жолғы тәртіппен өзге де адамдарға тапсырылуы мүмкін.
      2. Сарапшы: өзiнiң арнаулы бiлiмi шегiнен тыс мәселелер бойынша, сондай-ақ табыс етiлген материалдар қорытынды беру үшiн жеткiлiксiз болса, қорытынды беруден бас тартуға; iстiң сараптама мәнiне қатысты материалдарымен танысуға және өзiне қорытынды беруге қажеттi қосымша материалдарды табыс ету туралы өтiнiш жасауға; әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзiп жатқан судьяның (лауазымды адамның) рұқсатымен iс жүргiзу әрекеттерiне қатысуға және оларға қатысушыларға сараптаманың мәнiне қатысты сұрақтар қоюға; қорытындыда өзiнiң бастамасымен сараптама жүргiзу кезiнде белгiлi болған, iс үшiн маңызы бар мән-жайларды көрсетуге құқылы. 
      3. Сарапшы: әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзiп жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) шақыруы бойынша келуге; өзiнiң алдына қойылған мәселелер бойынша объективтi және негiзделген қорытынды, сондай-ақ жүргiзiлген зерттеулер мен берiлген қорытындыға байланысты мәселелер бойынша айғақтар беруге мiндеттi. 
      4. Сарапшы сотта көрiнеу жалған қорытынды бергенi үшiн қылмыстық жауапты болады. 
      5. Сот сараптамасы органының қызметкерi болып табылатын сарапшы өз қызметiнiң ретi бойынша өзiнiң құқықтарымен және мiндеттерiмен таныстырылған және сотта көрiнеу жалған қорытынды бергенi үшiн қылмыстық жауапты болатыны туралы ескертiлген болып есептеледi. 
       ЕСКЕРТУ. 597-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасы 2001.11.06. N 251-II  Заңымен

       598-бап. Аудармашы

      1. Бiлiмi әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзу кезiнде қажет болатын тiлдердi бiлетiн (мылқаудың немесе саңыраудың ыммен көрсететiн белгiлерiн түсiнетiн), iстiң қорытындысына мүдделi емес кез келген кәмелетке толған адам аудармашы болып тағайындалады. 
      2. Аудармашыны әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзiп жатқан судья, орган (лауазымды адам) тағайындайды. 
      3. Аудармашы: егер өзiнiң аударма үшiн қажеттi бiлiмi болмаса, iс жүргiзуге қатысудан бас тартуға; аударма жасау кезiнде қатысушы адамдарға аударманы нақтылау үшiн сұрақтар қоюға; өзi жүргiзiлуiне қатысқан iс жүргiзу әрекетiнiң хаттамасымен танысуға және аударманың хатқа түсiрiлуiнiң толық және дұрыс екендiгi жөнiнде хаттамаға енгiзiлуi керек болатын ескертпелер жасауға құқылы. 
      4. Аудармашы: әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзiп жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) шақыруы бойынша келуге және өзiне тапсырылған аударманы толық және дәл жасауға; тиiстi хаттамада аударманың дұрыстығын өзi қол қойып куәландыруға мiндеттi. 
      5. Аудармашыға әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде көрiнеу жалған аударма жасағаны үшiн әкiмшiлiк жауапты болатынын және сотта осы әрекеттi жасағаны үшiн қылмыстық жауапты болатынын ескертедi. 
      6. Осы баптың ережелерi мылқаудың немесе саңыраудың ыммен көрсететiн белгiлерiн түсiнетiн, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iске қатысуға тартылған адамға қолданылады. 

       599-бап. Прокурор

      1. Прокурор осы Кодекстiң 583-бабында көзделген өз өкiлеттiктерiн iске асыру мақсатында әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзуге қатысуға құқылы. Бұл орайда прокурор дәлелдемелер табыс етедi және оларды тексеруге қатысады; iстi қарап жатқан сотқа, органға (лауазымды адамға) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп отырған адамға қатысты, оның кiнәлiлiгi туралы, сондай-ақ iстiң қаралу процесiнде туындайтын басқа да мәселелер жөнiнде өз пiкiрiн баяндайды; iстi қарап жатқан сотқа, органға (лауазымды адамға) заңның ережелерiн қолдану және әкiмшiлiк жаза қолдану не одан босату туралы ұсыныс айтады. 
      2. Прокурор кәмелетке толмаған адам жасаған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстiң қаралатын орны мен уақыты, сондай-ақ әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғатын құқық бұзушылық туралы хабардар етiледi. Ол болмаған кезде, мұндай iс тек iстiң қаралатын орны мен уақыты туралы прокурорға дер кезiнде хабарланғандығы туралы деректер болған және одан iстi қарауды кейiнге қалдыру туралы өтiнiш түспеген жағдайда ғана қаралуы мүмкiн. 

       600-бап. Iс жүргiзу мiндеттерiн орындамағаны үшiн
               жауаптылық

      1. Куәнiң, маманның, сарапшының және аудармашының осы Кодекстiң 594, 596, 597, 598-баптарында көзделген iс жүргiзу мiндеттерiн орындамауы осы Кодекстiң 515, 516, 517-баптарында белгiленген әкiмшiлiк жауаптылыққа әкеп соғады. 
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған iс-әрекеттер жасалған жағдайда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi, iс бойынша қаулыға шағымды немесе наразылықты қарау кезiнде iс бойынша қаулыға шағымды немесе наразылықты қарау хаттамасына тиiстi жазба енгiзiледi. 
      3. Айыппұл салу туралы қаулы шығарылады. 

       601-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс
               жүргiзуге қатысу мүмкiндiгiн болдырмайтын
               мән-жайлар

      1. Адамдар белгiлi бiр iстi қозғау үшiн негiз болған бұзушылыққа орай ережелердiң сақталуын қадағалайтын және бақылайтын мемлекеттiк органдардың қызметкерлерi болып табылса немесе олар бұған дейiн осы iстi қарауға өзге қатысушылар ретiнде әрекет етсе, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзуге қорғаушы және өкiл ретiнде қатысуға жiберiлмейдi. 
      2. Сарапшы мен аудармашы, егер олар әкiмшiлiк жауапқа тартылып жатқан адаммен, жәбiрленушiмен, олардың заңды өкiлдерiмен, қорғаушысымен, өкiлiмен, осы iстi жүргiзiп жатқан прокурормен, судьямен, алқалы органның мүшесiмен немесе лауазымды адаммен туыстық қатынастарда болса, не олар бұған дейiн осы iстi жүргiзуге өзге қатысушылар ретiнде әрекет етсе, сондай-ақ бұл адамдарды осы iске жеке өз басы, тiкелей немесе жанама түрде мүдделi деп есептеуге негiз болса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзуге қатысуға жiберiлмейдi. 

       602-бап. Iс жүргiзуге қатысуына жол берiлмейтiн
               адамдарды қатыстырудан бас тарту

      1. Қорғаушының, өкiлдiң, прокурордың, сарапшының және аудармашының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзуге қатысу мүмкiндiгiн болдырмайтын, осы Кодекстiң 601-бабында көзделген мән-жайлар болған кезде аталған адамдарды қатыстырудан бас тартылуға тиiс. 
      2. Өздiгiнен бас тарту немесе бас тарту туралы арыз әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзiп жатқан судьяға, органға (лауазымды адамға) берiледi. 
      3. Өздiгiнен бас тарту немесе бас тарту туралы арыз берiлген күнiнен бастап үш күн мерзiмде қаралады. 
      4. Судья, орган (лауазымды адам) өздiгiнен бас тарту немесе бас тарту туралы арызды қарап, арызды қанағаттандыру не оны қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарады. 

       603-бап. Жәбiрленушi, куә, сарапшы, маман, аудармашы
               немесе куәгер шығындарының орнын толтыру

      1. Жәбiрленушiнiң, куәнiң, сарапшының, маманның және аудармашының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзiп жатқан сотқа, органға (лауазымды адамға) келуiне байланысты шеккен шығындарының, соның iшiнде: аталған адамдардың тұрған немесе болып жатқан жерiне бару және керi қайту жолының жүрiп-тұру құнының, ал бұл басқа жерлерде болумен байланысты жағдайларда - тұрғын үй-жайды жалдау, сондай-ақ тәулiктiк шығын құнының орны азаматтық iс жүргiзу заңдарында белгiленген тәртiппен толтырылады. 
      2. Жәбiрленушi, куә, сарапшы, маман және аудармашы ретiнде шақырылатын адамның әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзiп жатқан және қарап жатқан сотқа, органға (лауазымды адамға) келуiне байланысты олардың жұмыс орындарында болмаған кездегi орташа табысы белгiленген тәртiппен сақталады. 
      3. Сарапшының, маман мен аудармашының еңбегiне заңдарда белгiленген тәртiппен ақы төленедi. 

  35-тарау. ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕР ЖӘНЕ ДӘЛЕЛДЕУ

       604-бап. Дәлелдемелер

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзiп жатқан судья немесе орган (лауазымды адам) осы Кодексте белгiленген тәртiппен әкiмшiлiк құқық бұзушылық оқиғасының болғанын немесе болмағанын, әкiмшiлiк жауапқа тартылатын жеке адамның кiнәлiлiгiн анықтайтын кез келген нақты деректер, сондай-ақ iстiң дұрыс шешiлуi үшiн мәнi бар өзге де мән-жайлар әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша дәлелдемелер болып табылады. 
      2. Бұл деректер: әкiмшiлiк жауапқа тартылып жатқан адамның түсiнiктемелерiмен; жәбiрленушiнiң, куәнiң айғақтарымен; сарапшының қорытындыларымен; заттай дәлелдемелермен; өзге де құжаттармен; әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалармен және осы Кодексте көзделген хаттамалармен; заттай дәлелдемелермен анықталады. 
      3. Егер нақты деректер процеске қатысушылардың заңмен кепiлдiк берiлген құқықтарынан айыру немесе қысым жасау жолымен алынса немесе процестiң өзге де ережелерiн бұза отырып алынған нақты деректердiң дұрыстығына ықпал етiп немесе ықпал етуi мүмкiн болып, соның iшiнде: 
      1) зорлық жасап, қорқытып, алдап, сондай-ақ өзге де заңсыз әрекеттер қолданып; 
      2) процеске қатысушы адамға өз құқықтары мен мiндеттерiне қатысты түсiндiрмеу, толық емес немесе қате түсiндiру салдарынан оны шатастыруды пайдаланып; 
      3) осы iстi жүргiзудi жүзеге асыруға құқы жоқ адамның iс жүргiзу iс-әрекетiн жасауына байланысты; 
      4) қарсылық бiлдiрiлген адамның iс жүргiзу iс-әрекетiне қатысуына байланысты; 
      5) iс жүргiзу iс-әрекетiнiң тәртiбiн бұзып; 
      6) белгiсiз көзден; 
      7) дәлелдеу барысында осы заманғы ғылыми бiлiмдерге қайшы келетiн әдiстердi қолданып, осы Кодекстiң талаптарын бұза отырып алынса, дәлелдемелер ретiнде жол беруге болмайды деп танылуға тиiс. 
      3. Нақты деректердi дәлелдемелер ретiнде пайдалануға жол беруге болмайтындығын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзiп жатқан сот немесе орган (лауазымды адам) өз бастамашылығымен немесе процеске қатысушылардың өтiнiштерi бойынша анықтайды.
      4. Заңды бұза отырып алынған дәлелдемелердiң заңды күшi жоқ деп танылады және тиiстi бұзушылық пен оған жол берген адамдардың кiнәлiлiгi фактiсiн қоспағанда оларды iс бойынша шешiмнiң негiзiне алуға, сондай-ақ iс бойынша кез келген мән-жайды дәлелдеу кезiнде пайдалануға болмайды.

       605-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс
               бойынша дәлелденуге тиiс мән-жайлар

      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша мыналар дәлелденуге тиiс:
      1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық оқиғасының болуы;
      2) құқыққа қайшы әрекет жасаған, сол үшiн осы Кодексте әкiмшiлiк жауаптылық көзделген адам;
      3) жеке адамның әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға кiнәлiлiгi;
      4) әкiмшiлiк жауаптылықты жұмсартатын немесе ауырлататын мән-жайлар;
      5) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтан келген залалдың сипаты мен мөлшерi;
      6) әкiмшiлiк жауаптылықтан босатуға алып келетiн мән-жайлар;
      7) әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайлар, сондай-ақ iстiң дұрыс шешiлуi үшiн маңызы бар өзге де мән-жайлар.

       606-бап. Әкiмшiлiк жауапқа тартылатын адамның
               түсiнiктемесi, жәбiрленушiнiң және куәнiң
               жауаптары

      1. Өзiне қатысты iс жүргiзiлiп жатқан адамның түсiнiктемесi, жәбiрленушiнiң және куәнiң айғақтары аталған адамдардың ауызша немесе жазбаша нысанда хабарлаған, iске қатысы бар мәлiметтерi болып табылады.
      2. Өзiне қатысты iс жүргiзiлiп жатқан адамның түсiнiктемесi, жәбiрленушiнiң және куәнiң айғақтары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы немесе iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларын қолдану туралы хаттамада жазылады, қажет болған жағдайда - жауап алу хаттамасымен ресiмделiп, iске тiгiледi.

       607-бап. Дәлелдеу мiндетi және дәлелдемелер табыс ету

      1. Процеске қатысушылар дәлелдемелер табыс етедi.
      2. Дәлелдемелердi тараптар және әкiмшiлiк iс жүргiзуге басқа да қатысушылар табыс ете алады.
      3. Егер табыс етiлген дәлелдемелер жеткiлiксiз болса, iстi қарап жатқан сот немесе орган процеске қатысушыларға қосымша дәлелдемелер табыс етуге не оларды өз бастамашылығымен жинауға ұсыныс жасауы мүмкiн. <*>
       Ескерту. 607-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       608-бап. Дәлелдеуден босатудың негiздерi

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты қарауға уәкiлеттi сот, орган (лауазымды адам) жалпыға бiрдей белгiлi деп таныған мән-жайлар дәлелдеудi қажет етпейдi. 
      2. Азаматтық iс бойынша соттың күшiне енген шешiмiмен немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы өзге iс бойынша соттың қаулысымен анықталған мән-жайлар, нақ сол адамдар қатысқан, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы басқа iстердi қараған кезде дәлелдеудi қажет етпейдi. 
      3. Егер тиiстi құқықтық рәсiм шеңберiнде керiсiнше жағдайлар анықталмаса, мына мән-жайлар дәлелдемелерсiз анықталған болып есептеледi: 
      1) осы заманғы ғылымда, техникада, өнерде, қолөнерiнде жалпыға бiрдей қабылданған зерттеу әдiстерiнiң дұрыстығы; 
      2) адамның заңды бiлуi; 
      3) адамның өзiнiң қызметтiк және кәсiби мiндеттерiн бiлуi; 
      4) олардың болуын растайтын құжатын табыс етпеген және арнаулы даярлықтан өткен немесе бiлiм алған оқу орнын немесе басқа мекеменi көрсетпеген адамның арнаулы даярлығының немесе бiлiмiнiң жоқтығы. 

       609-бап. Дәлелдемелермен қамтамасыз ету

      1. Өздерiне қажеттi дәлелдемелердi табыс ету мүмкiн болмайды деп немесе қиынға түседi деп қауiптенуге негiзi бар тараптар әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарап жатқан судьяға, органға (лауазымды адамға) осы дәлелдемелермен қамтамасыз ету туралы өтiнiш жасай алады. 
      2. Дәлелдемелермен қамтамасыз ету ұйымдардан, олардың iске қатысуына қарамастан, құжаттар, мәлiметтер және қорытындылар табыс етудi, сараптама жүргiзудi, болған жердi тексерiп, қарауды талап ету жолымен және өзге де әдiстермен жүргiзiледi. 

       610-бап. Дәлелдемелермен қамтамасыз ету туралы арыз

      1. Дәлелдемелермен қамтамасыз ету туралы арызда қамтамасыз етiлуi қажет дәлелдемелер; растау үшiн бұл дәлелдемелердi қажет ететiн мән-жайлар; арыз берушiнi қамтамасыз ету туралы өтiнiш жасауға итермелеген себептер, сондай-ақ бұл дәлелдемелердi қажет етiп отырған iс көрсетiлуге тиiс. 
      2. Арыз әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарап жатқан сотқа, органға (лауазымды адамға) берiледi. 

       611-бап. Сараптама тағайындау және жүргiзу

      1. Iс үшiн маңызы бар мән-жайлар сарапшының арнаулы ғылыми бiлiм негiзiнде жүргiзетiн iс материалдарын зерттеуi нәтижесiнде алынуы мүмкiн болған кезде, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзiп жатқан судья, орган (лауазымды адам) сот сараптамасын тағайындайды. 
      2. Iсте ведомстволық инспекциялардың түгендеу, тексеру актiлерiнiң, қорытындыларының, сондай-ақ мамандардың iс жүргiзу әрекеттерi барысында атқарған зерттеулерiнiң нәтижелерi бойынша жасалған ресми құжаттарының болуы нақ сол мәселелер бойынша сараптама жүргiзу мүмкiндiктерiн жоққа шығармайды. 
      3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзiп жатқан судья, орган (лауазымды адам) тараптардың өтiнiшi бойынша немесе өз бастамашылығымен сараптама тағайындай алады. 
      4. Сараптама жүргiзу сараптама органдарының қызметкерлерiне не осы Кодекстiң 597-бабының талаптарын қанағаттандыратын өзге адамдарға тапсырылуы мүмкiн. Сараптама жүргiзу тараптар ұсынған адамдардың арасынан бiреуiне тапсырылуы мүмкiн. Сараптама жүргiзу тапсырылған адамды шақыруы туралы судьяның, лауазымды адамның талабы аталған адам жұмыс iстейтiн ұйымның басшысы үшiн мiндеттi. 
      5. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзiп жатқан судья, орган (лауазымды адам) сараптама тағайындау туралы ұйғарым шығарады, онда мыналар көрсетiледi: 
      1) судьяның, лауазымды адамның аты-жөнi, соттың, органның атауы; 
      2) сараптаманың тағайындалған уақыты, орны; 
      3) сараптама тағайындаудың негiзi; 
      4) сарапшының аты-жөнi немесе сараптама жүргiзiлуге тиiс сараптама органының атауы; 
      5) сарапшының алдына қойылған мәселелер; 
      6) сарапшының билiгiне берiлетiн материалдардың тiзбесi. 
      6. Күрделi сараптамалық зерттеулер жүргiзу үшiн бiр мамандықтағы сарапшылар жүргiзетiн комиссиялық сараптама тағайындалуы мүмкiн. 
      7. Егер iс үшiн маңызы бар мән-жайларды анықтауға бiлiмнiң әртүрлi салалары негiзiнде зерттеулер жүргiзу қажет болса, әртүрлi мамандықтағы сарапшылар жүргiзетiн кешендi сараптама тағайындалады. 
      8. Сараптама тағайындау туралы ұйғарымды орындау үшiн жiбергенге дейiн судья, лауазымды адам өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамды және жәбiрленушiнi мұнымен таныстыруға, оларға: сарапшыдан бас тартуды мәлiмдеу; өздерi көрсеткен адамдарды сарапшы ретiнде тартуды сұрау; сарапшының алдына қосымша мәселелер қою туралы өтiнiш жасау; сарапшының қорытындысымен не судьяға, органға (лауазымды адамға) түскеннен кейiн қорытынды берудiң мүмкiн болмайтындығы туралы хабармен танысуға, өз ескертпелерiн табыс етуге, қосымша немесе қайта сараптама тағайындау, жаңа сараптамалар тағайындау туралы өтiнiш жасау құқығын түсiндiредi. 
      9. Сарапшы (сарапшылар) өздерiнiң атынан сараптама жүргiзу нәтижелерi бойынша осы Кодекстiң 612-бабының талаптарына сәйкес жасаған қорытындыны бередi және оны сараптама тағайындаған судьяға, органға (лауазымды адамға) жiбередi. 
      10. Қорытынды жеткiлiктi дәрежеде айқын немесе толымды болмаған, сондай-ақ бұрын зерттелген мән-жағдайларға қатысты жаңа мәселелер туындаған жағдайда қосымша сараптама тағайындалуы мүмкiн, оны жүргiзу нақ сол немесе өзге сарапшыға (сарапшыларға) тапсырылады. 
      11. Егер сарапшының қорытындысы жеткiлiктi дәрежеде негiзделмесе не оның дұрыстығына күмән туса, сол объектiлердi зерттеу және сол мәселелердi шешу үшiн қайтадан сараптама тағайындалуы мүмкiн, оны жүргiзу сарапшылар комиссиясына тапсырылады, оған осының алдындағы сараптаманы жүргiзген сарапшы (сарапшылар) кiрмейдi. 
      12. Судьяның, органның (лауазымды адамның) қосымша және қайтадан сараптама тағайындау туралы ұйғарымы дәлелдi болуға тиiс. Сарапшыға (сарапшыларға) қосымша және қайтадан сараптама жүргiзу тапсырылған кезде осының алдындағы сараптамалардың нәтижелерi бойынша жасалған қорытындылар табыс етiлуге тиiс. 
      13. Егер сарапшы зерттеу жүргiзгенге дейiн өзiнiң алдына қойылған мәселелер өзiнiң арнаулы бiлiмiнiң шегiнен шығып кететiнiне не өзiне табыс етiлген материалдардың қорытынды беру үшiн жарамсыз немесе жеткiлiксiз екендiгiне, оны толықтыру мүмкiн болмайтынына, не ғылымның және сараптама практикасының жай-күйi қойылған мәселелерге жауап қайтаруға мүмкiндiк бермейтiнiне көзi жетсе, ол қорытынды берудiң мүмкiн еместiгi туралы дәлелдi хабарлама жасайды және оны судьяға, органға (лауазымды адамға) жiбередi.

       612-бап. Сарапшы қорытындысы

      1. Сарапшы қорытындысы - оның алдына әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзiп жатқан судья, орган (лауазымды адам) қойған мәселелер бойынша iстiң материалдарын зерттеу нәтижелерiне, оның iшiнде арнаулы ғылыми бiлiмдердi пайдалану арқылы жүргiзiлген заттай дәлелдемелер мен үлгiлерге негiзделген жазбаша нысанда табыс етiлген тұжырымдар. Қорытындыда сарапшының зерттеу кезiнде қолданған әдiстерi, қойылған сұрақтарға жауаптардың негiздемесi және сарапшының өз бастамашылығымен анықталған, iс үшiн мәнi бар мән-жайлар көрсетiледi. 
      2. Қорытындыны сарапшы (сарапшылар) зерттеу жүргiзгеннен кейiн оның нәтижелерiн ескере отырып, өз атынан жасайды, оған ол (олар) қолын қойып, жеке мөрiмен куәландырады. Сараптаманы сараптама органы жүргiзген жағдайда сарапшының қолы аталған органның мөрiмен расталады. 
      3. Сарапшының қорытындысы судья, орган (лауазымды адам) үшiн мiндеттi болып табылмайды, алайда сарапшының қорытындысымен келiспеушiлiк дәлелдi болуға тиiс. 

       613-бап. Заттай дәлелдемелер

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша заттай дәлелдемелер құқық бұзушылықтың құралы немесе тiкелей объектiсi болған, не өзiнде оның iздерi қалған заттар болып табылады. 
      2. Қажет болған жағдайларда заттай дәлелдемелер суретке түсiрiледi немесе өзге тәсiлмен тiркеледi және iске тiгiледi, ол жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға немесе осы Кодекспен көзделген өзге хаттамаға жазба жазылады. 
      3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзiп жатқан судья, орган (лауазымды адам) iс мәнi бойынша шешiлгенге дейiн заттай дәлелдемелердiң сақталуын қамтамасыз етуге қажеттi шаралар қолдануға, сондай-ақ iстi қарау аяқталысымен олар туралы шешiм қабылдауға мiндеттi. 

       614-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама

      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша дәлелдемелер әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы осы Кодекстiң ережелерiне сәйкес жасалған хаттамаларда жазылған, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзiп жатқан судья, орган (лауазымды адам) тiкелей қабылдаған мән-жайларды куәландыратын нақты деректер болып табылады. 

       615-бап. Құжаттар

      1. Егер ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар баяндаған немесе куәландырған мәлiметтердiң әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс үшiн маңызы болса, құжаттар iс бойынша дәлелдемелер деп танылады. 
      2. Құжаттар жазбаша да, өзге түрде де тiркелген мәлiметтерден тұруы мүмкiн. Құжаттарға соның iшiнде осы Кодексте көзделген тәртiппен алынған, талап етiп алынған немесе табыс етiлген компьютерлiк ақпараттан, фото- және кино түсiрiлiмдерден, дыбыс- және бейне жазылымдарынан тұратын материалдар жатуы мүмкiн. 
      3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзiп жатқан судья, орган (лауазымды адам) iс мәнi бойынша шешiлгенге дейiн құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге қажеттi шаралар қолдануға, сондай-ақ iстi қарау аяқталысымен олар туралы шешiм қабылдауға мiндеттi. 
      4. Құжаттарда осы Кодекстiң 613-бабында аталған белгiлер болған жағдайларда олар заттай дәлелдемелер болып табылады. 

       616-бап. Қосымша мәлiметтер талап ету

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзiп жатқан судья, орган (лауазымды адам) ұйымдардан, қоғамдық бiрлестiктерден iстiң шешiлуiне қажеттi қосымша мәлiметтер талап етiп алу туралы ұйғарым шығаруға құқылы. 
      2. Судьяның, органның (лауазымды адамның) қосымша мәлiметтер талап етiп алу туралы ұйғарымында қаралып жатқан iстiң мәнi қысқаша баяндалып, анықтауға жататын мән-жайлар көрсетiледi. Осы ұйғарым жiберiлiп отырған сот үшiн мiндеттi болып табылады және белгiленген мерзiмде орындалуға тиiс. 
      3. Талап етiп алынатын мәлiметтер талап алынған күнiнен бастап үш күн мерзiмде, ал әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғатын құқық бұзушылық жасалған жағдайда кiдiрiссiз жiберiлуге тиiс. 
      4. Аталған мәлiметтердi табыс ету мүмкiн болмаған жағдайда ұйым, қоғамдық бiрлестiк ұйғарым шығарған судьяны, органды (лауазымды адамды) бұл туралы үш күн мерзiмде хабардар етуге мiндеттi. 

       617-бап. Дәлелдемелердi бағалау

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзудi жүзеге асыратын судья, алқалы органның мүшесi, лауазымды адам дәлелдемелердi заң мен ар-намысты басшылыққа ала отырып, дәлелдемелердi өз жиынтығында жан-жақты толық және объективтi қарауға негiзделген өзiнiң iшкi сезiмi бойынша бағалайды. Ешбiр дәлелдеменiң алдын ала белгiленген күшi болмайды. 
      2. Әрбiр дәлелдеме тиесiлiлiгi, жол берiлетiндiгi, дұрыстығы, ал барлық жиналған дәлелдемелер өз жиынтығында iстiң шешiлуi үшiн жеткiлiктiлiгi тұрғысынан бағалануға тиiс. 
      3. Егер дәлелдеме iс үшiн маңызы бар мән-жайлардың болуы туралы тұжырымды растайтын, жоққа шығаратын немесе оған күмән келтiретiн нақты деректер болса, дәлелдеме iске қатысты деп танылады. 
      4. Егер дәлелдеме Кодексте көзделген тәртiппен алынса, ол жол беруге болатын дәлелдеме деп танылады.
      5. Егер тексеру нәтижесiнде дәлелдеменiң шындыққа сәйкес екендiгi анықталса, ол дұрыс дәлелдеме деп танылады.
      6. Егер дәлелденуге тиiс мән-жайлардың барлығы және әрқайсысы туралы ақиқатты даусыз анықтайтын, iске қатысты жол берiлетiн және дұрыс дәлелдемелердiң бәрi жиналса, дәлелдемелердiң жиынтығы iстiң шешiлуi үшiн жеткiлiктi деп танылады.

  36-тарау. ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ
IС ЖҮРГIЗУДI ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ШАРАЛАРЫН ҚОЛДАНУ

       618-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс
               жүргiзудi қамтамасыз ету шаралары

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жолын кесу, оны жасауға сезiктiнiң жеке басын анықтау, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде жасау мүмкiн болмағанда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасау, iстiң уақытылы және дұрыс қаралуы мен iс жөнiнде қабылданған қаулының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында уәкiлеттi лауазымды адам өз өкiлеттiгi шегiнде жеке адамға қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ететiн мынадай шараларды қолдануға құқылы: 
      1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалатын жерге жеткiзу; 
      2) жеке адамды әкiмшiлiк түрде ұстау; 
      3) алып келу; 
      4) жеке тексерiп шығу және көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi және заттарды тексерiп шығу; 
      5) құжаттар мен заттарды алып қою; 
      6) көлiк құралын немесе шағын көлемдi кеменi жүргiзуден шеттету және оның алкогольмен, есiрткiмен, уытқұмарлықпен масаю күйiн куәландыру; 
      7) көлiк құралын немесе шағын көлемдi кеменi ұстау, жеткiзу және пайдалануға тыйым салу; <*>
      8) тексеру;
      9) жеке адамның алкогольмен, есiрткiмен немесе уытқұмарлықпен масаю күйiн медициналық куәландыру. <*>
      2. Заңды тұлғаға қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ететiн мынадай шаралар қолданылуы мүмкiн: 
      1) заңды тұлғаға тиесiлi үй-жайларды, аумақтарды, сондағы тауарларды, көлiк құралдарын және өзге де мүлiктi, сондай-ақ тиiстi құжаттарды қарап шығу; 
      2) заңды тұлғаға тиесiлi құжаттарды алып қою; 
      3) заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу. 
      3. Лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларын заңсыз қолданудан келтiрген зиян үшiн жауап бередi. 
      4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларын қолдануға осы Кодекстiң 633-бабының ережелерi бойынша шағым жасалуы мүмкiн. 
       Ескерту. 618-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.09.  N 10  Заңымен.

       619-бап. Жеткiзу

      1. Құқық бұзушылықтың жолын кесу, құқық бұзушының жеке басын анықтау, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманың жасалуы мiндеттi болып, оны сол болған жерiнде жасау мүмкiн болмаса, хаттама жасау мақсатында жеке адамды, заңды тұлғаның заңды өкiлiн мына жағдайларда: 
      1) көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн, жүрiс тәртiбi мен қауiпсiздiгiн қорғау жөнiндегi ережелердi, көлiкте жүктiң сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған ережелердi, өрт қауiпсiздiгi ережелерiн, көлiкте санитариялық-гигиеналық және санитариялық эпидемиологияға қарсы ережелердi бұзғанда, егер оның жеке басын куәландыратын құжаттары және ол туралы қажеттi деректер хабарлауы мүмкiн куәгерлер жоқ болса, сондай-ақ оның көлiк құралына деген қажеттi құжаттары болмаса, уәкiлдiк берiлген адам iшкi iстер органына (полицияға); 
      2) орман бұзылғанда немесе аң аулау ережелерi, балық аулау және балық қорын қорғау ережелерi бұзылғанда және жануарлар дүниесiн қорғау мен пайдалану туралы заңдар басқаша түрде бұзылғанда - орман және аң шаруашылығы мемлекеттiк және ведомстволық күзетiнiң қызметкерлерi аң аулау ережелерiнiң сақталуына мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын органдардың, уәкiлдiк берiлген балық қорғау органдарының уәкiлеттi лауазымды адамдары, жануарлар дүниесiнiң қорғалуы мен пайдаланылуына мемлекеттiк және ведомстволық бақылауды жүзеге асыратын басқа органдардың лауазымды адамдары, қорықтардың және басқа да айрықша қорғалатын табиғи аумақтардың лауазымды адамдары, сондай-ақ iшкi iстер органдарының (полицияның) қызметкерлерi iшкi iстер органдарына (полицияға) немесе жергiлiктi басқару органына; 
      3) қорғалатын объектiлерге, басқа да бөтен мүлiкке қол сұғушылықпен байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғанда - әскерилендiрiлген күзет қызметкерлерi әскерилендiрiлген күзеттiң қызметтiк үй-жайына немесе iшкi iстер органына (полицияға); 
      4) Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк шекарасының режимi, кеден режимi, Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өту бекеттерiндегi режим бұзылғанда, Қазақстан Республикасы шекара қызметi органдары әскери қызметшiсiнiң, өзге әскерлер, әскери құрамалар әскери қызметшiлерiнiң, iшкi iстер органдары (полиция) қызметкерiнiң заңды өкiмiне немесе талабына қасақана бағынбағанда - әскери қызметшi, iшкi iстер органдарының (полицияның) қызметкерi немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын қорғау жөнiндегi мiндеттi атқарушы басқа азамат бөлiмшеге, әскери бөлiмге, Қазақстан Республикасы шекара қызметi органына, iшкi iстер органына (полицияға), жергiлiктi басқару органына; 
      5) кеден iсi саласында құқық бұзушылық жасалғанда - кеден органының, iшкi iстер органының (полицияның) қызметкерлерi кеден органының, iшкi iстер органының қызметтiк үй-жайына (полицияға); 
      5-1) кәсiпкерлiк қызмет, сауда және қаржы, салық салу саласында белгiленген басқару тәртiбiне және мемлекеттiк билiк институттарына қол сұғатын құқық бұзушылық жасалғанда, сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық жасалғанда - қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi; 
      6) өзге де әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғанда прокурордың тиiстi тапсырмалары немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыруға уәкiлеттi лауазымды адамдар тарапынан тиiстi өтiнiш болған жағдайда - iшкi iстер органдары қызметкерлерi iшкi iстер органына (полицияға) немесе өзге де мемлекеттiк органға жеткiзудi, яғни мәжбүрлеп келтiрудi жүзеге асырады. 
      2. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында құқық бұзушылық жасалған жағдайда кiм екенi жергiлiктi жерде анықталуы мүмкiн емес тәртiп бұзушы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында заңсыз әрекеттi жүзеге асыру үшiн пайдаланылатын, тексеру кезiнде кiмдiкi екенi анықталуы мүмкiн емес кемелер мен әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралдары құқық бұзушылықтың жолын кесу үшiн, сондай-ақ тәртiп бұзушының кiм екенiн және ұсталған кемелердiң, құқық бұзушылық жасау құралдарының кiмдiкi екенiн анықтау және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасау үшiн Қазақстан Республикасының портына (шетел кемелерi - шетел кемелерiнiң келiп кiруiне ашық Қазақстан Республикасы порттарының бiрiне) жеткiзiлуге тиiс. 
      3. Жеткiзу мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде жүзеге асырылуға тиiс. 
      4. Жеткiзу туралы хаттама жасалады не әкiмшiлiк құқық бұзушылық немесе әкiмшiлiк ұстау туралы хаттамаға тиiстi жазба жазылады. 
       Ескерту. 5-1)-тармақшамен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.07.12. N 240  Заңымен , өзгеріс енгізілді -  2002.08.09. N 346  Заңымен , 2003.12.05. N 506  Заңымен .  

       620-бап. Әкiмшiлiк ұстау

      Әкiмшiлiк ұстауды, яғни жеке адамды жеке бас бостандығынан, атап айтқанда, оның құқыққа қарсы әрекеттерiн тыю мақсатында белгiлi бiр уақыт iшiнде арнаулы орында мәжбүрлеп ұстай отырып, iс-әрекет және жүрiп-тұру бостандығынан уақытша айыруды: 
      1) ұсақ бұзақылық жасалған, iшкi iстер органдарының (полицияның) қызметкерi, әскери қызметшi қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi өз мiндеттерiн орындау кезiнде олардың заңды өкiмiне немесе талабына қасақана бағынбаған, сондай-ақ сотты сыйламаушылық танытқан, шетел валютасымен және төлем құжаттарымен заңсыз операциялар жасаған, тауарларды немесе өзге де заттарды заңсыз сатқан, еркiн сатылуына тыйым салынған немесе шек қойылған тауарлармен заңсыз сауда жасаған, шығармалардың даналарын немесе фонограммаларды сатқан, жалға берген және өзге де жолмен заңсыз пайдаланған, тiркелмей немесе лицензия алмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырған, қоғамдық орындарда спирттiк iшiмдiктер iшiп немесе қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетi мен қоғамдық әдептi қорлайтын мас күйде жүрген кезде iшкi iстер органдары (полиция) қызметкерiне немесе өзге де уәкiлеттi лауазымды адамға бағынбаған, өрт қауiпсiздiгi мен жол қозғалысы ережелерi, аң аулау, балық аулау және балық қорларын қорғау ережелерi бұзылған және жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiн қорғау және пайдалану туралы заңдар басқаша бұзылған, жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi бұзылған, қызметiне тыйым салынған бiрлестiктер құру жөнiнде iс-әрекеттер жасалған және оларға белсендi қатысқан, төтенше жағдай кезiнде режим бұзылған және құқықтық тәртiптi бұзуға арандататын iс-әрекеттер жасалған, қаруды алып жүру мен сақтау ережелерi бұзылған, нысанды киiм мен айырым белгiлерi заңсыз киiлiп, тағылған, бөлiмнен өз бетiмен кеткен жағдайда, сондай-ақ шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу тәртiбiн бұзған кезiнде - iшкi iстер органдары (полиция); <*>
      2) төтенше жағдай режимi бұзылған жағдайда және төтенше жағдай кезiнде құқықтық тәртiптi бұзуға арандататын iс-әрекеттер жасалғанда - төтенше жағдай жарияланған жердiң комендатурасы мен әскери сақшылар; 
      3) Мемлекеттiк шекара режимi бұзылған, шекара қызметi органдары әскери қызметшiсiнiң, өзге де әскерлердiң, әскери құрамалардың әскери қызметшiсiнiң, iшкi iстер органдарының қызметкерiнiң заңды өкiмiне немесе талабына қасақана бағынбаған жағдайда - шекара режимi бұзылған жағдайда - шекара қызметiнiң органдары; 
      4) күзетiлетiн объектiлерге, басқа да бөтен мүлiкке қол сұғушылыққа байланысты құқық бұзушылық жасалған жағдайда - күзетiлетiн объект орналасқан жердегi аға әскери қызметшi, iшкi iстер органдарының қызметкерi, әскерилендiрiлген күзеттiң лауазымды адамы; 
      5) балық қорғау органдары, аң аулау ережелерiнiң сақталуына мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын органдар мен орман және аң шаруашылығы органдары сақталуын бақылауды жүзеге асыратын ережелер бұзылған жағдайда - осы органдар; 
      6) көлік бақылау органдары сақталуын бақылауды жүзеге асыратын ережелер бұзылған жағдайда - осы органдар; <*>
      7) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларының көлiк құралдарын жүргiзетiн жүргiзушiлер мен басқа да адамдар жол қозғалысы ережелерiн бұзған жағдайда - әскери автомобиль полициясының лауазымды адамдары; 
      8) табиғат қорғау заңдары бұзылған жағдайда - қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды, қорықтар мен басқа да ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылау органдары; 
      9) салықтық құқық бұзушылық жағдайында - салық қызметi органдарының лауазымды адамдары; <*>
      9-1) белгіленген басқару тәртiбiне және мемлекеттiк билiк институттарына қол сұғатын кәсiпкерлiк қызмет, сауда және қаржы, салық салу салаларындағы құқық бұзушылықтарды, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасаған кезде әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердiң ведомстволық бағыныстылығына сәйкес - қаржы полициясы органдарының лауазымды адамдары; <*>
      10) Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында қолданыстағы стандарттардың (нормалардың, ережелердiң) немесе континенттiк қайраңында рұқсат етiлген қызметтi регламенттейтiн лицензия шарттарының бұзылуына байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасалған, ресурстық немесе теңiз ғылыми зерттеулерiн жүргiзу ережелерi бұзылған, қалдықтар мен басқа да материалдарды көму ережелерi бұзылған, Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңын қорғау органдары лауазымды адамдарының кемелердi тоқтату жөнiндегi заңды талаптары орындалмаған немесе оның жүзеге асырылуына кедергi жасалған жағдайда - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тау-кен қадағалау органдарының, шекара қызметi органдарының, геология және жер қойнауын пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның, қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды қорғау жөнiндегi органдардың, балық аулау жөнiндегi республикалық органның лауазымды адамдары; <*>
      11) кеден заңдары бұзылған жағдайда - кеден органдарының лауазымды адамдары жүзеге асыра алады. 
       Ескерту. 620-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.07.12. N 240  Заңымен , 2003.07.03. N 464  Заңымен , 2003.12.05. N  506 , 2004.12.09.  N 10  Заңдарымен. 

       621-бап. Әкiмшiлiк ұстаудың тәртiбi

      1. Әкiмшiлiк ұстау жөнiнде хаттама жасалады, онда жасалған күнi, уақыты және орны; хаттама жасаған адамның лауазымы, аты-жөнi; ұсталған адамның кiм екенi туралы мәлiметтер; ұсталған уақыты, орны және негiзi көрсетiледi. Хаттамаға оны жасаған лауазымды адам мен ұсталған адам қол қояды. Ұсталған адам хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда бұл туралы хаттамада жазылады. 
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн ұсталған адамның өтiнiшi бойынша оның қайда екендiгi туралы туыстары, жұмыс немесе оқу орнының әкiмшiлiгi, сондай-ақ қорғаушысы хабардар етiледi. Кәмелетке толмаған адамның ұсталуы туралы оның ата-анасына немесе олардың орнындағы адамдарға мiндеттi түрде хабарланады. 

       622-бап. Әкiмшiлiк ұстау мерзiмдерi

      1. Әкiмшiлiк ұстау осы Кодекстiң 618-бабында көрсетiлген мақсаттарға қол жеткiзу үшiн қажеттi уақыт iшiнде жүзеге асырылады және үш сағаттан ұзақ болмауы керек. 
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк шекарасының режимiн, кеден режимiн немесе Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өту бекетiндегi режимдi бұзғаны туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған адам - қажет болған жағдайларда жеке басын анықтау үшiн және құқық бұзушылықтың мән-жайын анықтау үшiн бұл туралы ұсталған кезден бастап жиырма төрт сағат iшiнде прокурорға жазбаша хабарланып, қырық сегiз сағатқа дейiн ұсталуы мүмкiн. Төтенше жағдай жарияланған жерде коменданттық сағат енгiзiлуiне байланысты белгiленген тәртiптi бұзуға жол берген адамдарды iшкi iстер органдарының қызметкерлерi (полиция) немесе әскери сақшылар коменданттық сағат аяқталғанға дейiн, ал қолдарында құжаттары жоқтарды - олардың кiм екенiн анықтағанға дейiн, бiрақ қырық сегiз сағаттан аспайтын уақытқа ұстай алады. 
      3. Әкiмшiлiк айып шараларының бiрi ретiнде әкiмшiлiк қамауға алынатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу қозғалған адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қаралғанға дейiн, бiрақ қырық сегiз сағаттан аспайтын уақытқа әкiмшiлiк ұстауға тартылуы мүмкiн. 
      4. Әкiмшiлiк ұстау мерзiмi осы Кодекстiң 619-бабына сәйкес жеке адам жеткiзiлген кезден, ал мас адамға, - медицина қызметкерi оны айықты деп куәландырған уақыттан бастап есептеледi. 

       623-бап. Мерзiмдi есептеу

      1. Осы Кодексте белгiленген мерзiмдер сағатпен, тәулiкпен, айлармен және жылдармен есептеледi. 
      2. Мерзiмдi есептеу кезiнде мерзiм басталатын сағат пен тәулiк есепке алынбайды. Бұл ереженiң ұстау кезiндегi мерзiмдi есептеуге қатысы жоқ. 
      3. Мерзiмдi есептеу кезiнде оған жұмыстан тыс уақыт та қосылады. 
      4. Мерзiм тәулiкпен есептелген кезде мерзiм алғашқы тәулiктiң нөл сағатынан кейiн есептелiп, мерзiмнiң соңғы тәулiгiнiң жиырма төрт сағатында аяқталады. 
      5. Мерзiм айлармен немесе жылдармен есептелген кезде мерзiм соңғы айдың тиiстi күнiнде аяқталады, ал егер бұл айда тиiстi күн жоқ болса, мерзiм осы айдың соңғы күнi аяқталады. Әкiмшiлiк ұстау мен әкiмшiлiк қамауға алу кезiнде мерзiмдi есептеу жағдайларын қоспағанда, егер мерзiмнiң аяқталуы жұмыс iстемейтiн (демалыс, мереке) күнге тура келсе, онда одан кейiнгi бiрiншi жұмыс күнi мерзiмнiң соңғы күнi болып есептеледi. 

       624-бап. Әкiмшiлiк ұстауға тартылған адамдарды
               ұстау орны мен тәртiбi

      1. Әкiмшiлiк ұстауға тартылған адамдар арнайы осыған бөлiнген, санитария талаптарына сәйкес келетiн және оларды өз еркiмен тастап кету мүмкiндiгiн болдырмайтын үй-жайларда ұсталады. 
      2. Әкiмшiлiк ұстауға тартылған адамдарды ұстаудың талаптарын, ондай адамдарды тамақтандыру нормасы мен оларға медициналық қызмет көрсету тәртiбiн атқарушы билiк органдары белгiлейдi. 
      3. Өздерiне қатысты әкiмшiлiк ұстау қолданылған кәмелетке толмағандар ересек адамдардан бөлек ұсталады. 

       625-бап. Алып келу

      1. Осы Кодекстiң 618-бабында көзделген жағдайларда, өздерiне қатысты әкiмшiлiк iс жүргiзiлiп жатқан жеке адамды не заңды тұлғаның заңды өкiлiн, әкiмшiлiк жауапқа тартылушы кәмелетке толмаған адамның заңды өкiлiн алып келу жүргiзiледi. 
      2. Алып келудi қаржы полициясы органдары қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша тиiсiнше Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi мен Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қарсы күрес жөнiндегi агенттiгi (қаржы полициясы) белгiлеген тәртiппен әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарап жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) ұйғарымы негiзiнде iшкi iстер және қаржы полициясы органдары жүргiзедi. <*>
       Ескерту. 625-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.09.  N 10  Заңымен.  

       626-бап. Адамның жеке басын тексеру және оның
               қолындағы заттарды тексеру

      1. Адамның жеке басын тексеру, оның қолындағы заттарды тексеру қажет болған жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралдарын не оның тiкелей объектiлерiн табу мақсатында жүргiзiледi. 
      2. Жеке басын тексерудi осы Кодекстiң 620-бабында тiзiп келтiрiлген лауазымды адамдар жүргiзедi. 
      3. Жеке басын тексерудi тексерiлушiмен бiр жыныстағы адам және осы жыныстас екi куәгердiң қатысуымен жүргiзе алады. 
      4. Жеке адамның қолындағы заттарды (қол жүгiн, теңдеме жүктi, аң және балық аулау құралдарын, олжалаған өнiмi мен өзге де заттарды) тексерiп қарауды, яғни олардың құрылғылық тұтастығын бұзбай жүзеге асырылатын тексерудi осы Кодекстiң 620-бабында тiзiп келтiрiлген, оған уәкiлеттi лауазымды адамдар осы заттарды меншiктенушi немесе иеленушi адамның қатысуымен және екi куәгердiң қатысуымен жүргiзедi. 
      5. Жеке адамның қолында айналасындағылардың өмiрi мен денсаулығына зиян келтiру үшiн пайдаланылуы мүмкiн қару немесе өзге заттар бар деуге негiз болған ерекше жағдайларда жеке басын тексеру, заттарын тексеру бұл туралы жиырма төрт сағат iшiнде прокурорға хабарланып, куәларсыз жүргiзiлуi мүмкiн. 
      6. Қажет болған жағдайларда фотоға және киноға түсiру, бейнежазба жүргiзiледi, заттай дәлелдемелердi көрсетудiң белгiленген өзге де әдiстерi қолданылады. 
      7. Адамның жеке басын тексеру, оның қолындағы заттарды тексеру жөнiнде хаттама жасалады. Адамның жеке басын тексеру жөнiндегi хаттаманың көшiрмесi өзiне қатысты iс жүргiзiлiп жатқан адамға, оның заңды өкiлiне тапсырылады. Хаттамада оның жасалған күнi мен орны, хаттаманы жасаған адамның лауазымы, аты-жөнi, жеке басы тексерiлген адам, заттардың түрi, саны, өзге де тақылеттестiк белгiлерi туралы, соның iшiнде қарудың тұрпаты, маркасы, үлгiсi, калибрi, сериясы, нөмiрi, белгiлерi, оқ-дәрiлер саны және түрi, арнайы жедел iздестiру шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдар және ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдары туралы мәлiметтер көрсетiледi. 
      8. Тексеру хаттамасында фото- және кино түсiрiлiмiнiң, бейнежазбаның, құжаттарды көрсетудiң өзге де әдiстерiнiң қолданылғаны туралы жазба жасалады. Фото- және кино түсiрiлiмдерiн, бейнежазбаны, заттай дәлелдемелердi көрсетудiң өзге де белгiленген құралдарын қолданып, тексеру жүргiзу кезiнде алынған материалдар тиiстi хаттамаға қоса тiркеледi. 
      9. Адамның жеке басын тексеру, заттарды тексеру хаттамасына оны жасаған лауазымды адам, жеке басы тексерiлген адам, тексерiлген заттар иесi, куәгерлер қол қояды. Жеке басы тексерiлген адам, тексерiлген заттар иесi хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, хаттамаға тиiстi жазба жасалады. 

       627-бап. Көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi
               тексеру

      1. Көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi тексеру әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралдарын не оның тiкелей объектiлерiн табу мақсатында жүргiзiледi. 
      2. Көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi тексерудi, яғни құрылғылық тұтастығын бұзбай жүзеге асырылатын тексерудi екi куәгердiң қатысуымен уәкiлдiк берiлген осы Кодекстiң 620-бабында тiзiп келтiрiлген лауазымды адамдар жүргiзедi. 
      3. Көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi тексеру оларды иеленушi адамдардың не оның өкiлiнiң немесе заңды негiзде көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi жүргiзетiн адамның қатысуымен жүргiзiледi. Кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларда, оларға аталған адамдардың қатысуынсыз-ақ тексеру жүргiзiлуi мүмкiн. <*>
      4. Қажет болған жағдайларда көлiк құралдары мен шағын көлемдi кемелердi тексеру кезiнде анықталған заттарды көрсету мақсатында фотоға, киноға түсiрiлiп, бейнежазба жасалады. 
      5. Көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi тексеру туралы хаттама жасалады. Бұл хаттаманың көшiрмесi тексерiлген көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi иеленушi адамға, не оның заңды өкiлiне немесе заңды негiзде көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi жүргiзетiн адамға тапсырылады. <*>
      6. Көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi тексеру хаттамасында оның жасалған күнi мен орны, хаттама жасаған адамның лауазымы, аты-жөнi, тексерiлген көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi иеленушi адамның жеке басы туралы мәлiметтер, көлiк құралының, шағын көлемдi кеменiң тұрпаты, маркасы, үлгiсi, мемлекеттiк тiркеу нөмiрi, өзге де тақылеттестiк белгiлерi туралы мәлiметтер көрсетiледi. 
      7. Тексеру хаттамасында фото- және кино түсiрiлiмдерi, бейнежазба, құжаттарды көрсетудiң белгiленген өзге де әдiстерi қолданылғаны туралы жазба жасалады. Фото- және кино түсiрiлiмдерiн, бейнежазба, заттай дәлелдемелердi көрсетудiң белгiленген өзге де құралдарын қолданып, тексеру жүргiзу кезiнде алынған материалдар тиiстi хаттамаға қоса тiркеледi. 
      8. Көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi тексеру хаттамасына оны жасаған лауазымды адам, өзiне қатысты iс жүргiзiлiп жатқан адам, тексеру жүргiзiлген көлiк құралының, шағын көлемдi кеменiң иесi не оның өкiлi қол қояды. Өзiне қатысты iс жүргiзiлiп жатқан адам, тексеру жүргiзiлген көлiк құралының, шағын көлемдi кеменiң иесi, оның өкiлi хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда хаттамаға тиiстi жазба жасалады. <*>
       Ескерту. 627-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .  

       627-1-бап. Тексеру

      Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың iздерiн, өзге де материалдық объектiлердi, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтыру үшiн маңызы бар мән-жайларды анықтау мақсатында уәкiлеттi лауазымды адам өз өкiлеттiктерi шегiнде сол жердi, заттарды, құжаттарды, тiрi адамдарды тексеруге құқылы.
       Ескерту. 627-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.09.  N 10  Заңымен.  

       627-2-бап. Тексеру жүргiзудiң жалпы ережелерi

      1. Тексеру, әдетте, қажеттiлiк туындаған жағдайда дереу жүргiзiледi. Тексеру жүргiзiлгенi туралы хаттама толтырылады.
      2. Тексеру куәгерлердiң қатысуымен жүргiзiледi. Айрықша жағдайларда (жету қиындық тудыратын жерлерде, тиiстi байланыс құралдары болмаған кезде немесе басқа объективтi себептерге байланысты азаматтарды куәгерлер ретiнде тартуға мүмкiндiк болмағанда) тексеру куәгерлердiң қатысуынсыз, бiрақ бұл ретте оның барысы мен нәтижелерiн айғақтап көрсететiн техникалық құралдар қолданыла отырып жүргiзiледi.
      3. Қажет болған жағдайда тексеру құқық бұзушының, жәбiрленушiнiң, куәлердiң, сондай-ақ маманның қатысуымен жүргiзiледi.
      4. Табылған iздер мен өзге де материалдық объектiлердi тексеру әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде жүзеге асырылады. Егер тексеру үшiн қосымша уақыт қажет болса немесе табылған затты сол жерде тексеруге елеулi қиындықтар туындайтын болса, объектiлер алып қойылуы және буып-түйiлген, мөр басылған күйiнде, зақым келтiрiлмей, тексеруге қолайлы жерге жеткiзiлуi мүмкiн.
      5. Тексеру кезiнде барлық табылған және алып қойылған заттар куәгерлерге, басқа да тексеруге қатысушыларға көрсетiлуге тиiс, ол жөнiнде хаттамаға белгi қойылады.
      6. Тек қана iске қатысы бар объектiлер алып қойылуға тиiс. Алып қойылған объектiлер буып-түйiлiп, мөр басылады және уәкiлеттi лауазымды адам мен куәгерлердiң қол қоюы арқылы расталады.
      7. Тексеруге қатысушы адамдар өз пiкiрлерiнше iстiң мән-жайын анықтауға септiгiн тигiзуi мүмкiн дегеннiң бәрiне уәкiлеттi лауазымды адамның назарын аударуға құқылы.
      8. Қажет болған жағдайларда тексеру кезiнде тексерiлетiн объектiлер өлшенедi, олардың жоспарлары мен сызбалары жасалады, сондай-ақ суретке түсiрiледi және өзге де құралдармен түсiрiлiп алынады, ол туралы хаттамаға белгi жасалып, оған аталған материалдар қоса тiркеледi.
      Ескерту. 627-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.09.  N 10  Заңымен.  

       628-бап. Жеке адамның қолындағы заттар мен құжаттарды
               алып қою

      1. Құқық бұзушылық жасалған жерде не осы Кодекстiң 618-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларын қолдану кезiнде табылған құқық бұзушылық құралы немесе объектiлерi болып табылатын құжаттар мен заттарды алып қоюды iс жүргiзудi қамтамасыз етудiң тиiстi шараларын қолдануға уәкiлеттi лауазымды адамдар екi куәгердiң қатысуымен жүзеге асырады. 
      2. Заттар мен құжаттарды алып қою туралы хаттама жасалып, оның көшiрмесi өзiне қатысты iс жүргiзiлiп жатқан адамға немесе оның заңды өкiлiне тапсырылады, не әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға тиiстi жазба жасалады. 
      3. Құжаттар мен заттарды алып қою туралы хаттамада (әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамада) алып қойылған құжаттардың түрi мен реквизиттерi, алып қойылған заттардың түрi, саны, өзге де тақылеттестiк белгiлерi туралы, соның iшiнде алып қойылған қарудың тұрпаты, маркасы, үлгiсi, калибрi, сериясы, нөмiрi, өзге де тақылеттестiк белгiлерi, оқ-дәрiлердiң саны мен түрi, арнаулы жедел iздестiру шараларын өткiзуге арналған арнаулы техникалық құралдар және ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдары туралы мәлiметтер болады. 
      4. Хаттамаға оны жасаған лауазымды адам, тиiстi құжаттары мен заттары алып қойылған адам, куәгерлер қол қояды. Өзiнен тиiстi құжаттары мен заттары алып қойылған адам хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда хаттамаға тиiстi жазба жасалады. 
      5. Алып қойылған заттар мен құжаттар әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қаралғанға дейiн алып қоюды жүргiзген лауазымды адам белгiлейтiн орындарда тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк орган
белгiлейтiн тәртiппен сақталады. <*>
      6. Алып қойылған атыс қаруы мен өзге де қару, сондай-ақ оқ-дәрiлер, арнаулы жедел iздестiру шараларын өткiзуге арналған арнайы техникалық құралдар және ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдары Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi белгiлейтiн тәртiппен сақталады. 
      7. Iс қаралғаннан кейiн шығарылған қаулыға сәйкес алып қойылған құжаттар мен заттар олардың иесiне қайтарылады немесе тәркiленедi, немесе сатылады, немесе сақталады, немесе белгiленген тәртiппен жойылады. 
      8. Алып қойылған орден, медаль, Қазақстан Республикасының, Қазақ КСР-iнiң, КСРО-ның және басқа да мемлекеттердiң құрметтi атағының омырауға тағатын белгiсi олардың заңды иесiне қайтарылады, ал егер ол белгiсiз болса, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жiберiледi. 
       Ескерту. 628-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       629-бап. Көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi
               жүргiзуден шеттету және мас күйiн куәландыру

      1. Көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi жүргiзетiн жүргiзушi, кеме жүргiзушi, ол мас күйде деуге жеткiлiктi негiздер болса, көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi жүргiзуден шеттетiлiп, мас күйiн куәландыруға жатады. 
      2. Көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi жүргiзуден шеттетудi, мас күйiн куәландыруды және медициналық куәландыруға жiберудi, тиiсiнше, жол полициясы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң және көлiк бақылау органдарының көлiк құралын жүргiзушi адам құқық бұзушылық жасаған жағдайда - әскери автомобиль полициясының лауазымды адамдары жүргiзедi. Жол полициясының лауазымды адамдарымен қатар мас күйде деуге жеткiлiктi негiздер бар жүргiзушiнi көлiк құралын жүргiзуден шеттетуге полицияның учаскелiк инспекторларының, одан басқа бұл жағдайда тәртiп бұзушылық фактiсiн құжатпен бекiтуге және жүргiзушi мен көлiк құралын таяу жердегi iшкi iстер органына жеткiзу жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi iшкi iстер органдарының басқа да қызметкерлерiнiң құқығы бар. <*>
      3. Мас күйiн куәландыруға жiберу, мас күйiн куәландыру және оның нәтижелерiн ресiмдеу Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүргiзiледi. Жүргiзушi, кеме жүргiзушi куәландыру нәтижелерiмен келiспеген жағдайда ол медициналық куәландыруға медициналық мекемеге жiберiледi. 
      4. Көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi жүргiзуден шеттету туралы, сондай-ақ мас күйiн куәландыруға жiберу туралы әкiмшiлiк құқық бұзушылық хаттамасында белгi жасалады. 
      5. Көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi жүргiзуден шеттету, мас күйiн медициналық куәландыруға жiберу туралы хаттамада жүргiзуден шеттету, куәландыруға жiберу күнi, уақыты, орны, негiздерi, хаттама жасаған адамның лауазымы, аты-жөнi, көлiк құралының, шағын көлемдi кеменiң тұрпаты, маркасы, үлгiсi, мемлекеттiк тiркеу нөмiрi, өзге де тақылеттестiк белгiлерi, жүргiзуден шеттетiлген, куәландыруға жiберiлген жүргiзушiнiң, кеме жүргiзушiнiң жеке басы туралы мәлiметтер көрсетiледi. 
      6. Көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi жүргiзуден шеттету, мас күйiн куәландыруға жiберу туралы хаттамаға оны жасаған лауазымды адам, сондай-ақ жүргiзуден шеттетiлген, куәландыруға жiберiлген жүргiзушi, кеме жүргiзушi қол қояды. Жүргiзушi, кеме жүргiзушi хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда хаттамаға тиiстi жазба жасалады. 
      7. Мас күйiн куәландыру актiсi тиiстi хаттамаға қоса тiркеледi. 
      Ескерту. 629-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .  

       630-бап. Көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi ұстау,
               жеткiзу және пайдалануға тыйым салу

      1. Осы Кодекстiң 283-285, 287, 289, 297, 298, 298-1, 302-306, 447, 447-1, 447-2, 447-3, 447-4, 451, 453, 457, 460, 461, 463 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 467-471-баптарында көрсетiлген бұзушылық жасалған кезде осы баптың екiншi бөлiгiнде көрсетiлген уәкiлеттi лауазымды адам көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi ұстау себептерi жойылғанға дейiн оларды ұстауға, уақытша сақтау үшiн арнаулы алаңдарға немесе тұрақтарға, оның iшiнде басқа көлiк құралын (эвакуаторды), шағын көлемдi кеменi пайдалана отырып жеткiзу немесе мемлекеттiк тiркеу нөмiрлiк белгiлерiн алып қою арқылы көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi жеткiзуге және пайдалануға тыйым салуға құқылы.
      Көлiк құралын уақытша сақтау үшiн арнаулы алаңдарға немесе тұрақтарға жеткiзу (эвакуациялау) көлiк құралдарын жүргiзушiлер тоқтау немесе тоқтап тұру ережелерiн бұзған және өздерi сол жерде болмаған жағдайларда, сондай-ақ жүргiзушiлердiң қайда екенiн анықтау мүмкiн болмаса, олар жолда қараусыз қалдырған көлiк құралдарына қатысты да қолданылуы мүмкiн.
      2. Көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi ұстауды, жеткiзудi және пайдалануға тыйым салуды жол полициясының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң көлiк құралын жүргiзушi адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған жағдайда әскери автомобиль полициясының, өз өкiлеттiктерi шегiнде көлiк бақылау органдарының, орман және аңшылық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, балық қорғау органдарының (орман, балық, аңшылық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдарды бұзған кезде) лауазымды адамдары жүргiзедi.
      3. Көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi ұстау, жеткiзу және пайдалануға тыйым салу туралы белгіленген нысандағы акт жасалып, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға қоса тiркеледi.
      Пайдалануға тыйым салынатын ақауы бар немесе тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған немесе белгiленген тәртiппен тiркелмеген немесе мемлекеттiк техникалық тексеруден өтпеген, сол сияқты мемлекеттiк тiркеу нөмiрлiк белгiлерi жоқ не жасырын, қолдан жасалған немесе мемлекеттiк стандартқа сай емес нөмiрлiк белгiлерi бар көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi пайдалануға тыйым салынады.
      4. Ұсталған көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi сақтау жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша құрылатын және коммуналдық меншiк болып табылатын арнаулы алаңдарда немесе тұрақтарда жүзеге асырылады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 630-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 3 маусымдағы N 428  Заңымен ,   2003.07.03. N 464  Заңымен , 2003.12.05. N  506 , 2004.12.09.  N 10  Заңдарымен.

       631-бап. Заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарды, үй-жайларды,
               тауарларды, өзге де мүлiктi, сондай-ақ тиiстi
               құжаттарды тексеру

      1. Заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарды, үй-жайларды, тауарларды, өзге де мүлiктi, сондай-ақ тиiстi құжаттарды тексерудi осы Кодекстiң 636-бабына сәйкес заңды тұлғалардың әкiмшiлiк құқық бұзушылығы туралы хаттамалар жасауға уәкiлеттi лауазымды адамдар жүргiзедi. 
      2. Тексеру заңды тұлға өкiлiнiң және екi куәгердiң қатысуымен жүргiзiледi. 
      3. Тексеру жүргiзiлгенi туралы хаттама жасалады. Хаттаманың көшiрмесi өзiне қатысты iс жүргiзiлiп жатқан заңды тұлғаның өкiлiне тапсырылады. 
      4. Заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарды, үй-жайларды, тауарларды, өзге де мүлiктi, сондай-ақ тиiстi құжаттарды тексеру хаттамасында оның жасалған күнi мен орны, хаттама жасаған адамның лауазымы, аты-жөнi, тиiстi заңды тұлға туралы, сондай-ақ оның заңды өкiлi не өзге қызметкерi туралы мәлiметтер, тексерiлген аумақтар мен үй-жайлар, тауарлар мен басқа да заттардың түрлерi, саны, өзге де тақылеттестiк белгiлерi, құжаттардың түрлерi мен реквизиттерi туралы мәлiметтер көрсетiледi. 
      5. Тексеру хаттамасында оны жүргiзу барысында фото- және кино түсiрiлiмдерi, бейнежазбалар, құжаттарды көрсетудiң өзге де белгiленген әдiстерi қолданылғаны туралы жазба жасалады. Фото-, кино түсiрiлiмдерiнiң, бейнежазбаларды, заттай дәлелдемелердi көрсетудiң өзге де белгiленген құралдарын қолдану нәтижесiнде алынған материалдар тиiстi хаттамаға қоса тiркеледi. 
      6. Заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарды, үй-жайларды, тауарларды, өзге де мүлiктi, сондай-ақ тиiстi құжаттарды тексеру хаттамасына оны жасаған лауазымды адам, тиiстi заңды тұлға болып табылатын ұйымның заңды өкiлi, кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларда ұйымның өзге қызметкерi, сондай-ақ куәгерлер қол қояды. Аталған заңды тұлғаның заңды өкiлi немесе өзге қызметкерi хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда хаттамаға тиiстi жазба жасалады. 

       632-бап. Заңды тұлғаға тиесiлi құжаттар мен мүлiктi
               алып қою

      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде не заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарға, үй-жайларға, көлiк құралдарына, тауарларға, өзге де мүлiкке тексеру жүргiзу кезiнде табылған әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралы немесе оның тiкелей объектiсi болған, заңды тұлғаға тиесiлi құжаттарды, тауарларды, өзге де мүлiктi, заттарды алып қоюды осы Кодекстiң 620-бабында аталған лауазымды адамдар жүзеге асырады. Заңды тұлғаға тиесiлi құжаттарды, тауарларды, өзге де мүлiктi алып қоюды, сондай-ақ оларды сақтауды ресiмдеу осы Кодекстiң 628-бабында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. 

       632-1-бап. Заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк
                 құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу
      1. Заңды тұлғаға тиесілі әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралдары немесе оның тiкелей объектiсi болған тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы, оларға билiк етуге (ал қажет болған жағдайларда пайдалануға да) тыйым салынғаны туралы iс жүргiзудi қамтамасыз етудiң осы шарасы қолданылған заңды тұлғаның заңды өкiлiне хабарлана отырып, аталған тауарлардың, көлiк құралдарының және өзге де мүлiктiң тiзiмдемесi болып табылады және егер осы тауарларды, көлiк құралдарын және өзге де мүлiктi алып қою мүмкiн болмаған және (немесе) олардың сақталуын алып қоймай қамтамасыз ету мүмкiн болатын жағдайда қолданылады. Тыйым салынған тауарлар, көлiк құралдары және өзге де мүлiк тыйым салған лауазымды адам тағайындаған басқа да адамдардың жауапкершiлiкпен сақтауына берiлуi мүмкiн.
      2. Заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлік құралдарына және өзге де мүлікке тыйым салуды, тауар, көлік құралы және өзге де мүлік иесi мен екі куәгердiң қатысуымен осы Кодекстiң 620-бабында, 636-бабының бiрiншi бөлiгiнде аталған уәкiлеттiк берiлген лауазымды адамдар жүзеге асырады.
      Кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларда, тауарларға, көлік құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу олардың иесiнiң қатысуынсыз жүзеге асырылуы мүмкiн.
      3. Қажет болған жағдайларда фотоға және киноға түсiру, бейнежазба қолданылады.
      4. Заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу туралы хаттама жасалады. Заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу туралы хаттамада оның жасалған күнi мен орны, хаттама жасаған адамның лауазымы, аты-жөнi, өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс жүргiзудi қамтамасыз етудiң осы шарасы қолданылған заңды тұлға туралы және иелiгiнде тыйым салынған тауарлар, көлiк құралдары және өзге де мүлкi бар адам туралы мәлiметтер, олардың тiзiмдемесi және бiрдейлендiру белгiлерi көрсетiледi, сондай-ақ фотоға және киноға түсiру, бейнежазба қолданылғаны туралы жазба жасалады. Фотоға және киноға түсiру, бейнежазба қолданып тыйым салуды жүзеге асыру кезiнде алынған материалдар хаттамаға қоса тiркеледi.
      5. Тыйым салынған тауарлар, көлiк құралдары және өзге де мүлiк қажет болған жағдайларда буып-түйiледi және (немесе) оларға сүргiш салынады.
      6. Заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу туралы хаттаманың көшiрмесi өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз етудiң осы шарасы қолданылған заңды тұлғаның заңды өкiлiне тапсырылады.
      7. Заңды тұлғаға тиесiлi тыйым салынған тауарларды, көлiк құралдарын және өзге де мүлiктi өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз етудiң осы шарасы қолданылған заңды тұлғаның не тыйым салынған мүлiктi сақтауды жүзеге асыратын адамның иелiктен айыруы немесе жасырып қалуы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
      Ескерту. 632-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       633-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi
               қамтамасыз ету шараларына шағым беру

      1. Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шаралары қолданылған адам аталған шаралар қолданылғаннан бастап он күн iшiнде жоғары тұрған органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) немесе сотқа шағым бере алады. 
      2. Өзiне қатысты iс жүргiзудi қамтамасыз ету шаралары қолданылған адамның құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету үшiн қажеттi тиiстi хаттамалар мен материалдардың көшiрмелерi жеке адамның немесе заңды тұлғаның заңды өкiлiнiң талабы бойынша оған дереу тапсырылады. 
      3. Шағым жазбаша нысанда берiледi және бес күн мерзiмде қаралуға тиiс. 
      4. Шағым қарау нәтижелерi бойынша шағымды қанағаттандыру туралы не оны қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым қабылданады. 
      5. Жоғары тұрған органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларын қолдануға шағым беру аталған шараларды қолдануға сотқа қайталап шағым беру үшiн кедергi болмайды.
      6. Ұйғарымның көшiрмесi жеке адамға немесе заңды тұлғаның заңды өкiлiне дереу тапсырылады, ал бұл адамдар болмаған жағдайда оларға ұйғарым шығарылған күннен бастап бiр тәулiк iшiнде жiберiледi.
      7. Лауазымды адамдардың заңсыз iс-әрекеттерiнен келтiрiлген зиянның заңдарда белгiленген ережелерге сәйкес орны толтырылуға тиiс.

  37-тарау. ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ IС ҚОЗҒАУ

       634-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғаудың
               дәлелдерi мен негiздемесi

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғауға:
      1) уәкiлеттi лауазымды адамның әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсiн тiкелей анықтауы;
      2) құқық қорғау органдарынан, сондай-ақ басқа да мемлекеттiк органдардан, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарынан түскен материалдар; 
      3) жеке және заңды тұлғалардың хабарламалары немесе мәлiмдемелерi, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламалар себеп болады. 
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерiн көрсететiн жеткiлiктi деректердiң болуы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау үшiн негiздеме болады. 
      3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғаны туралы хаттама жасалған немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау туралы прокурор қаулы шығарған кезден бастап әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған болып саналады. 

       635-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама

      1. Осы Кодекстiң 639-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғаны туралы хаттаманы оған уәкiлеттi лауазымды адам жасайды. 
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамада оның жасалған күнi мен орны, хаттаманы жасаған адамның лауазымы, аты-жөнi; iс қозғалған адам туралы мәлiметтер; әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жасалған орны, уақыты мен мәнi; осы Кодекстiң ерекше бөлiмiнiң аталған құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жауаптылық көзделетiн бабы; егер олар бар болса, куәлардың және жәбiрленушiлердiң аты-жөнi, мекен-жайы; өзiне қатысты iс қозғалған жеке адамның не заңды тұлғаның заңды өкiлiнiң түсiнiктемесi; егер ол әкiмшiлiк құқық бұзушылықты анықтау және көрсету кезiнде пайдаланылса, метрологиялық тексерудiң атауы, нөмiрi, күнi, техникалық құралдың айғақтары; iстi шешу үшiн қажеттi өзге де мәлiметтер көрсетiледi. 
      3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған кезде өздерiне қатысты iс қозғалған жеке адамға немесе заңды тұлғаның заңды өкiлiне, сондай-ақ iс жүргiзудiң басқа да қатысушыларына олардың осы Кодексте көзделген құқықтары мен мiндеттерi түсiндiрiлiп, бұл туралы хаттамада белгi жасалады. 
      4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға оны жасаған адам және әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам қол қояды. Жәбiрленушiлер мен куәлар болған кезде, сондай-ақ куәгерлер қатысқан жағдайда хаттамаға сол адамдар да қол қояды. 
      5. Өздерiне қатысты iс қозғалған жеке адамға немесе заңды тұлғаның заңды өкiлiне әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамамен танысуға мүмкiндiк берiлуге тиiс. Аталған адамдар хаттаманың мазмұны бойынша түсiнiктеме беруге және ескерту жасауға, сондай-ақ оған қол қоюдан өзiнiң бас тарту себебiн баяндауға құқылы, олар осы хаттамаға қоса тiркеледi. Бұл адамдар әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда хаттамаға тиiстi жазба жасалады. 
      6. Өздерiне қатысты iс қозғалған жеке адамға, заңды тұлғаның заңды өкiлiне, сондай-ақ жәбiрленушiге оның өтiнiшi бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалғаннан кейiн оның көшiрмесi алған қолы қойылып, дереу тапсырылады. 

       636-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама
               жасауға құқығы бар лауазымды адамдар

      1. Соттар қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша мыналардың құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға құқығы бар: 
      1) iшкi iстер органдарының (79-1, 79-2, 79-3, 79-4, 86, 96, 111, 112, 115, 135, 135-1, 136, 143, 159 (екiншi бөлiгi), 162, 163, 203, 283 (бiрiншi бөлiгi), 298 (екiншi бөлiгi), 298-1 (екiншi бөлiгi), 314, 318-321, 330-332, 335, 336 (үшiншi бөлiгi), 336-1 (үшiншi бөлiгi), 338 (бiрiншi бөлiгi), 339, 340, 344, 354-1, 355-357, 362, 363, 366, 368, 369 (екiншi бөлiгi), 370 (екiншi бөлiгi), 371 (екiншi бөлiгi), 372-374, 388, 394 (екiншi бөлiгi), 446 (екiншi бөлiгi), 461 (үшiншi бөлiгi), 462 (үшiншi бөлiгi), 464 (екiншi бөлiгi), 465, 466, 467 (бiрiншi-үшiншi, бесiншi бөлiктерi), 468 (екiншi бөлiгi), 469, 471, 477 (үшiншi бөлiгi), 484, 501, 518, 521, 531-баптар); <*>
      төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы орган органдарының (314, 356-баптар); <*>
      жекелеген жерлер комендатураларының (362, 363-баптар); 
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi органдарының: әскери автомобиль полициясының (жиынға шақырылған әскери қызметшiлер мен әскери мiндеттiлер жасаған құқық бұзушылық туралы, (388, 461 (үшiншi бөлiгi), 462 (үшiншi бөлiгi), 464 (екiншi бөлiгi), 465, 466, 467 (бiрiншi-үшiншi, бесiншi бөлiктерi), 468 (екiншi бөлiгi), 469, 471, 477 (үшiншi бөлiгi)-баптар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң көлiк құралдарын жүргiзушi (жиынға шақырылған әскери қызметшiлер мен әскери мiндеттiлерден басқа) адамдар жасаған барлық жол қозғалысы ережелерiн бұзушылық туралы; 
      су ресурстары жөнiндегi органдардың (124, 278 (бiрiншi бөлiгi), 356-баптар); 
      орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы органдардың (283 (бiрiншi, үшiншi бөлiктерi), 298 (екiншi және үшiншi бөлiктерi), 298-1 (екiншi бөлiгi), 304 (екiншi бөлiгi), 305 (екiншi бөлiгi), 306 (екiншi бөлiгi), 356-баптар); <*>
      қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылау органдарының (283 (бiрiншi бөлiгi) (бұл құқық бұзушылықтар орман қорына кiрмейтiн аумақтарда жасалған кезде), 304 (екiншi бөлiгi), 305 (екiншi бөлiгi), 306 (екiншi бөлiгi), 356-баптар); <*>
      жер қойнауын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылау органдарының (124 (бұл құқық бұзушылықтар санитариялық-гигиеналық ережелер мен нормаларды, сондай-ақ атмосфералық ауаны қорғау жөнiндегi талаптарды бұзу болмаған кезде), 356-баптар); <*>
      денсаулық сақтау органдарының (85, 322, 324 (екінші және үшінші бөліктері) 325-328, 329 (екiншi бөлiгi)-баптар); <*>
      мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм саласындағы уәкiлеттi органның (81, 82, 342-344 (бiрiншi бөлiгi), 345-352-баптар); <*>
      көшi-қон және демография жөнiндегi органдардың (396 (екiншi бөлiгi), 397-баптар); 
      өсiмдiктер карантинi және оларды қорғау жөнiндегi органдардың (308-бап); <*>
      тұқым шаруашылығы және астық рыногын реттеу саласындағы органдардың (139 (екiншi бөлiгi), 309-2 (төртiншi бөлiгi)-баптар);<*>
      энергетика, және минералды ресурстар саласындағы уәкiлеттi органның (127, 223, 224-баптар); <*>
      мемлекеттiк сәулет-құрылыс инспекциясы органдарының (231 (екiншi бөлiгi), 232, 233, 235 (екiншi бөлiгi), 237, 278 (бiрiншi бөлiгi)-баптар); <*> 
      төтенше жағдайлар жөнiндегi органдардың (225-1, 229-баптар); 
      санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының (85, 140 (екiншi бөлiгi), 161 (үшiншi бөлiгi), 163, 222 (бiрiншi бөлiгi), 231, 233, 235 (екiншi бөлiгі), 278 (бiрiншi бөлiгi), 304 (екiншi бөлiгi), 315, 324, 326-328, 329 (екiншi бөлiгi), 356, 362, 494 (екiншi, үшiншi бөлiктерi)-баптар; <*> 
      байланыс саласындағы уәкiлеттi органның (356, 491 (екiншi бөлiгi), 492 (екiншi бөлiгi), 493 (екiншi бөлiгi), 494 (екiншi, үшiншi бөлiктерi), 496 (екiншi бөлiгі), 498 (екiншi бөлiгi), 501-баптар); <*> 
      көлiк және коммуникациялар саласындағы уәкiлеттi көлiк бақылау органының (137, 356, 442, 445, 447, 447-1, 447-2, 447-3, 447-4, 461 (6-1 бөлігі), 463 (екінші және үшінші бөліктері), 467-1, 477 (үшiншi бөлiгi), 491 (екiншi бөлiгi), 493 (екiншi бөлiгi), 496 (екiншi бөлiгi), 498 (екiншi бөлiгi) баптар); 
      көлiк бақылау органдарының (329 (екiншi бөлiгі), 329-1 (екiншi бөлiгi), 356, 453 (екiншi бөлiгі), 454 (бiрiншi-үшiншi бөлiктерi), 477 (үшiншi бөлiгi), 484-баптар); <*>
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi органдарының (177, 179, 183, 184-баптар); <*>
      бухгалтерлiк есеп және аудит жөнiндегi уәкiлеттi органының (175 (екінші бөлігі) (осы бұзушылықтарды аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар жасаған кезде), 179, 183, 184-баптар);
      қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның (138, 158, 167-1 (екінші және үшінші бөліктері), 190, 192, 194, 197, 199, 200, 202-баптар);
      акцизделетiн өнiм өндiрудi және оның айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi органдардың (163, 213, 214-баптар); <*>
      қаржы полициясы органдарының (137, 138, 139, 140 (екiншi бөлiгi), 142, 143, 148-158, 159 (екiншi бөлiгi), 161 (екiншi және үшiншi бөлiктерi), 162, 163, 176 (бiрiншi бөлiгi), 179, 195, 200, 203, 211, 213, 214, 217, 355, 514-519, 521, 522, 529, 532-535-баптар);
      салық органдарының (137, 138, 154-157, 213, 214, 359, 361, 532-535-баптар); <*>
      кеден органдарының (140 (екiншi бөлiгi), 188, 405 (бiрiншi бөлiгi), 409, 410, 413-419, 421, 423, 424, 426-430, 432-434, 436 (екiншi бөлiгi), 437-баптар); <*>
      әдiлет органдарының (129, 137, 148, 175 (екінші бөлігі) (осы бұзушылықтарды жекеше нотариустар жасаған кезде), 353, 354, 356, 376-баптар); <*>
      заңдарға сәйкес лицензиарлар болып табылатын органдардың
(137, 138, 139 (екiншi бөлiгi), 140 (екiншi бөлiгi), 149, 150, 152, 184, 192, 193, 196, 231 (екiншi бөлiгi), 232, 233, 235 (екiншi бөлiгi), 237, 302 (үшiншi бөлiгi), 342 (екiншi бөлiгi), 343 (бiрiншi бөлiгi), 348 (үшiншi бөлiгi), 356, 396 (екiншi бөлiгi), 436 (екiншi бөлiгi), 437, 477 (үшiншi бөлiгi), 493 (екiншi бөлiгi)-баптар); <*>
      монополияға қарсы органның (147 (үшiншi бөлiгi), 149, 150, 153, 356-баптар); <*>
      шағын бизнестi қолдау жөнiндегi органдардың (149, 150, 153, 356-баптар); <*>
      стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi органдар мен оның аумақтық органдарының (142, 161 (екiншi және үшiншi бөлiктерi), 356, 496 (екiншi бөлiгi), 501-баптар); <*>
      авторлық және сабақтас құқықтар жөнiндегi органдардың (129, 356-баптар); 
      мемлекеттiк энергетикалық қадағалау органдарының (127-1, 223-225-баптар); <*>
      қарамағында газ құбыры бар ұйымдардың (127, 226-229-баптар);<*> 
      атом энергетикасы жөнiндегi органдардың (139, 222, 315, 316-баптар); 
      шекара қызметi органдарының (298 (екiншi және үшiншi бөлiктерi), 298-1 (екiншi бөлiгi), 303 (екiншi бөлiгi), 304 (екiншi бөлiгi), 305 (екiншi бөлiгi), 306 (екiншi бөлiгi), 391 (екiншi бөлiгi), 391-1 (үшiншi бөлiгi), 393-баптар; <*> 
      мемлекеттiк құпияларды қорғау органдарының (386 (үшiншi бөлiгi)-бап); 
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң күзет қызметiнiң, Республикалық Ұланның, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң (388-бап) соған уәкiлеттi лауазымды адамдары;
      Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң және мәслихаттардың тексеру комиссияларының (177, 356-баптар); 
      сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi жөнiндегi уәкiлеттi органның (184-бап); <*>
      мемлекеттiк еңбек инспекциясы органдарының (356, 396 (екiншi бөлiгi) баптар; <*>
      2) сот төрағасы немесе сот отырысында төрағалық етушi уәкiлдiк берген сот орындаушылары және соттардың басқа да қызметкерлерi (513-531-баптар); 
      3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң валюталық операциялар жүргiзуге бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi қызметкерлерi (137, 138, 158, 179, 183, 184, 188-баптар). <*>
      2. Осы Кодекстiң 543-576-3-баптарында көрсетiлген органдардың қарауына жатқызылған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша құқық бұзушылық туралы хаттамаларды жасауға осы органдардың оған уәкiлдiк берiлген лауазымды адамдарының құқығы бар. Одан басқа, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаларды жасауға: 
      көлiк және коммуникациялар саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдарының (175-баптың екінші бөлігі (осы бұзушылықтарды жолаушыларды тасымалдаушылар жасаған кезде), 451-баптың екiншi бөлiгi, 452-бап, 453-баптың екiншi және үшiншi бөлiктерi, 454-бап, 455-баптың үшiншi бөлiгi, 457-бап), 477-баптың төртінші бөлігі, 478, 479-баптар, 480-баптың үшінші және төртінші бөліктері, 481-бап (автомобиль көлігінде және электр көлігінде құқық бұзушылық жасағаны үшін); 
      тиiстi сайлау комиссиясы мүшесiнiң (98-101-баптар); 
      кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссия мүшесiнiң (111-117-баптар);
      түзеу мекемелерiндегi немесе тергеу изоляторларындағы бақылаушының (367-бап); <*>
      орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органдардың мамандандырылған ұйымдарының лауазымды адамдарының (121, 125, 126, 250, 252, 282 - 298-1, 299, 302 (екiншi және үшiншi бөлiктерi), 304 (бiрiншi және екiншi бөлiктерi), 305 (бiрiншi және екiншi бөлiктерi), 306 (бiрiншi және екiншi бөлiктерi) - баптар);<*>
      жануарлар дүниесiн қорғау мәселелерiмен айналысатын аңшылық және балық аулау шаруашылығы қорықшыларының, директорларының (298, 298-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерi) - баптар) құқығы бap.<*>
       Ескерту. 636-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.07.12. N 240  Заңымен , 2003.03.28. N 398  Заңымен , 2003 жылғы 3 маусымдағы N 428  Заңымен , 2003.07.03. N 464  Заңымен , 2003.07.10. N 483  Заңымен , 2003.12.05. N 506  Заңымен ,  2004.05.06. N 551  Заңымен , 2004.07.06. N  572 , 2004.12.09.  N 10 , 2005.04.13.  N 40  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

       637-бап. Прокурордың әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
              iс қозғауы

      1. Прокурор осы Кодекстiң 80-87, 89-110-1, 150, 151, 152, 342-352, 353, 366, 375, 513, 521-1, 531, 536, 537-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау жөнiнде қаулы шығарады. <*>
      2. Прокурор өзге де әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау жөнiнде қаулы шығаруға құқылы. 
      3. Прокурордың әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау жөнiндегi қаулысында осы Кодекстiң 635-бабында көзделген мәлiметтер болуы тиiс. 
       ЕСКЕРТУ. 637-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.08.09. N 346 Заңымен, 2003.03.13. N 394   Заңымен , 2003.12.05. N 506  Заңымен , 2004.07.09. N 583  Заңымен .

       638-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама
               жасау мерзiмдерi

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалу фактiсi анықталғаннан кейiн дереу, ал салық салу не бюджет қаражатын пайдалану саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық бойынша - тиiстi тексеру аяқталғаннан кейiн жасалады. <*>
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың мән-жайларын, өзiне қатысты iс қозғалған жеке адамның өз басын немесе заңды тұлға туралы мәлiметтердi және заңды тұлғаның заңды өкiлiнiң жеке басын қосымша анықтау талап етiлген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама құқық бұзушылық анықталған кезден бастап үш тәулiк iшiнде жасалады.
      3. Сараптама жүргiзу талап етiлетiн жағдайда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама сараптама қорытындысы алынған сәттен бастап бiр тәулiк iшiнде жасалады. <*>
      4. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көрсетiлген талаптар жеке адамның анықталмауына байланысты атқарылмауы мүмкiн жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама осы бапта белгiленген мерзiмдерде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсi бойынша жасалады. <*>
       Ескерту. 638-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.07.12. N  240 , 2004.12.09.  N 10  Заңдарымен.

       639-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама
               жасалмайтын жағдайлар

      1. Ескерту немесе бiр айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшерде айыппұл салу түрiнде әкiмшiлiк жаза қолдануға әкеп соғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жағдайда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалмайды, қайта осыған уәкiлдiк берiлген лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде ескертудi ресiмдейдi немесе айыппұл салады. Айыппұл алынған жағдайда бұзушыға қатаң қаржылық есеп-қисап құжаты болып табылатын белгiленген үлгiдегi түбiртек берiледi. 
      2. Азаматтар бұзылған құқықтарын қалпына келтiру туралы арыз жазған жағдайда осы Кодекстiң 80-113-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi сот құқық бұзушылық туралы хаттама жасамай-ақ қарайды. Хаттама әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу прокурор қаулысымен қозғалған жағдайларда да жасалмайды. 
      3. Егер адам осы баптың бiрiншi бөлiгiнде белгiленген тәртiппен өзiне қолданылған жазаға дауласса, осы Кодекстiң 635-бабына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалады. 

       640-бап. Хаттаманы (прокурордың қаулысын) iстi қарау
               үшiн жiберу

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама (прокурордың қаулысы) қарау үшiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлдiк берiлген судьяға, органға (лауазымды адамға) жасалған кезден бастап үш тәулiк iшiнде жiберiледi. <*> 
      2. Жасағаны үшiн жауаптылығы әкiмшiлiк қамауға алуды қолдануға әкеп соғуы мүмкiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама (прокурордың қаулысы) ол жасалғаннан кейiн дереу судьяға жiберiледi. 
      3. Хаттаманы құқығы жоқ адам жасаған, хаттама дұрыс жасалмаған және iстiң басқа материалдары дұрыс ресiмделмеген жағдайларда, сондай-ақ осы Кодекстiң 646-бабының 4) тармақшасында көзделген өзге де жағдайларда хаттаманың және басқа материалдардың кемшiлiктерi оларды әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қараушы судья, орган (лауазымды адам) алған күннен бастап үш тәулiктен аспайтын мерзiмде жойылады. Түзетiлген хаттама және iстiң басқа материалдары оларға енгiзiлген өзгерiстерiмен қоса әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қараушы судьяға, органға (лауазымды адамға) кемшiлiктерi жойылған күннен бастап бiр тәулiк iшiнде қайта жiберiледi.
       Ескерту. 640-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       641-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi
               iстi қарауға бергенге дейiн қысқарту

     Осы Кодекстiң 580, 581-баптарында көзделген мән-жайлардың тым болмаса бiреуi болған жағдайда iстi жүргiзiп жатқан лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қысқарту жөнiнде қаулы шығарады.

  38-тарау. ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ
IСТЕРДI ҚАРАУ

       642-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi
               қарайтын орын

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс оның жасалған жерi бойынша қаралады.
      2. Осы Кодекстiң 246, 247, 461-487-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер көлiк құралдары, кемелер, соның iшiнде шағын көлемдi кемелер есепке алынған жер бойынша немесе өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамның тұрғылықты жерi бойынша да қаралуы мүмкiн. 
      3. Осы Кодекстiң 295, 296, 298, 298-1, 335 және 336-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер олар жасалған жер бойынша немесе өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамның тұрғылықты жерi бойынша қаралуы мүмкiн. 
      4. Кәмелетке толмағандардың, олардың ата-аналарының немесе ата-аналарын ауыстыратын адамдардың әкiмшiлiк құқық бұзушылығы туралы iстер өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамның тұрғылықты жерi бойынша қаралады. 
       Ескерту. 642-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       643-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi
               қарауға әзiрлеу

      Судья, алқалы орган мүшесi, лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға әзiрлеу кезiнде мына мәселелердi:
      1) бұл iстi қарау өзiнiң құзыретiне жататынын;
      2) бұл iстi судьяның, алқалы орган мүшесiнiң, лауазымды адамның қарау мүмкiндiгiн болдырмайтын мән-жайлардың болуын;
      3) осы Кодексте көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама мен басқа хаттамалардың дұрыс жасалғанын, сондай-ақ iстiң өзге де материалдарының дұрыс ресiмделгенiн;
      4) iс жүргiзудi болдырмайтын мән-жайлардың, сондай-ақ адамды әкiмшiлiк жауапқа тартпауға мүмкiндiк беретiн мән-жайлардың болуын;
      5) өтiнiштердiң және бас тартудың болуын;
      6) осы Кодекстiң 584-588-баптарында аталған адамдарға iс қаралатын орын мен уақыт туралы хабарланғанын анықтайды.

       644-бап. Судьяның, алқалы орган мүшесiнiң, лауазымды
               адамның әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi
               қарау мүмкiндiгiн болдырмайтын мән-жайлар

      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қарауға берiлген судья, алқалы органның мүшесi, лауазымды адам, егер ол адам:
      1) жауапқа тартылып отырған адамның немесе жәбiрленушiнiң, олардың заңды өкiлдерiнiң, қорғаушысының немесе өкiлiнiң туысы болса; 
      2) iстiң шешiлуiне жеке басы, тiкелей немесе жанама түрде мүдделi болса, бұл iстi қарай алмайды. 

       645-бап. Судьяның, алқалы орган мүшесiнiң, лауазымды
               адамның өздiгiнен бас тартуы және олардан
               бас тарту

      1. Осы Кодекстiң 644-бабында көзделген мән-жайлар болған кезде судья, алқалы органның мүшесi, лауазымды адам өзiнiң бас тартатыны туралы мәлiмдеуге мiндеттi. 
      2. Осы Кодекстiң 644-бабында көзделген мән-жайлар болған кезде өзi жөнiнде iс жүргiзiлiп жатқан адам, жәбiрленушi, жеке және заңды тұлғаның заңды өкiлдерi, қорғаушысы мен өкiлi, прокурор судьядан, алқалы органның мүшесiнен, лауазымды адамнан бас тартатындығын мәлiмдеуге құқылы. 
      3. Өздiгiнен бас тарту, олардан бас тарту туралы мәлiмдеме тиiстi соттың төрағасына, алқалы органның басшысына, жоғары тұрған лауазымды адамға берiледi. 
      4. Өздiгiнен бас тарту, олардан бас тарту туралы мәлiмдеменi соттың төрағасы, алқалы орган, жоғары тұрған лауазымды адам ол түскен күннен бастап бiр тәулiк iшiнде қарайды. 
      5. Өздiгiнен бас тарту, олардан бас тарту туралы мәлiмдеменi қарау нәтижелерi бойынша мәлiмдеменi қанағаттандыру туралы не оны қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарылады. 

       646-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi
               қарауға әзiрлеу кезiнде судья, орган
               (лауазымды адам) қабылдайтын шешiм

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға әзiрлеу кезiнде судья, орган (лауазымды адам) мынадай шешiм қабылдайды: 
      1) iстi қарайтын уақыт пен орын тағайындау туралы; 
      2) iс бойынша адамдарды шақыру, қажеттi қосымша материалдарды сұрап алдыру туралы. Қажет болған жағдайда судья сараптама тағайындауға да құқылы; 
      3) iстi қарауды кейiнге қалдыру туралы; 
      4) құқығы жоқ адамдар хаттама жасаған және iстiң басқа материалдарын ресiмдеген, хаттама дұрыс жасалмаған және iстiң басқа материалдары дұрыс ресiмделмеген не тапсырылған материалдар толық болмаған, iстi қарау кезiнде оны толықтыру мүмкiн емес жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы және iстiң басқа материалдарын хаттама жасаған органға (лауазымды адамға) керi қайтару туралы; 
      5) егер бұл iстi қарау өзiнiң құзыретiне жатпаса не судьядан, лауазымды адамнан бас тарту туралы ұйғарым шығарылса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы және iстiң басқа материалдарын ведомстволық бағыныстылық бойынша қарауға беру туралы; 
      6) осы Кодекстiң 642-бабына сәйкес iстi мәнi бойынша қарауға беру туралы; 
      7) осы Кодекстiң 580-581-баптарында көзделген мән-жайлар болған кезде iс жүргiзудi қысқарту туралы. 
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1)-6) тармақшаларында көзделген шешiмдер ұйғарым түрiнде шығарылады. 
      3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 7) тармақшасында көзделген шешiм қаулы түрiнде шығарылады. 
      4. Жауапқа тартылушы адамның, оның заңды өкiлiнiң, куәнiң дәлелсiз себептермен келмей қалуына байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қайта қарауға әзiрлеу кезiнде осы Кодекстiң 584-бабының төртiншi бөлiгiнде, 586-бабының алтыншы бөлiгiнде және 594-бабының бесiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда iстi қараушы судья, орган (лауазымды адам) аталған адамдарды алып келу туралы ұйғарым шығаруға құқылы. 

       647-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi
               қарау мерзiмдерi

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер iстi қарауға құқықты судья, орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы және iстiң басқа материалдарын алған күннен бастап он бес күн мерзiмде қаралады. 
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзуге қатысушылардан өтiнiштер түскен жағдайда не iстiң мән-жайларын қосымша анықтау қажет болған кезде iстiң қаралу мерзiмiн iстi қараушы судья, орган (лауазымды адам) ұзартуы мүмкiн, бiрақ ол бiр айдан аспайтын, ал, салық мiндеттемесiн орындауға байланысты iстер бойынша, шағым беру мерзiмiнiң кезеңiне ұзартуы мүмкiн. <*> 
      3. Жасалуы әкiмшiлiк қамауға, Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберуге әкелiп соғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама мен iстiң басқа материалдары алынған күнi, ал әкiмшiлiк ұстауға ұшыраған адам жөнiнде - ол ұсталған кезден бастап қырық сегiз сағаттан кешiктiрiлмей қаралады. <*>
       Ескерту. 647-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N  506 , 2004.12.13.  N 11  (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.    

       648-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi
               қарау тәртiбi

      1. Алқалы орган отырысында төрағалық етушi судья немесе лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға кiрiскенде: 
      1) iстi кiм қарайтынын, қандай iс қаралғалы жатқанын, кiм және осы Кодекстiң қай бабы негiзiнде жауапқа тартылып отырғанын хабарлайды; 
      2) әкiмшiлiк жауапқа тартылып отырған жеке адамның немесе заңды тұлғаның заңды өкiлiнiң, сондай-ақ iстi қарауға қатысушы өзге де адамдардың келгенiне көз жеткiзедi; 
      3) iс жүргiзуге қатысушылардың жеке басын анықтайды және жеке адамның немесе заңды тұлғаның заңды өкiлдерiнiң, қорғаушысының және уәкiлеттi өкiлiнiң өкiлеттiктерiн анықтайды; 
      4) iс жүргiзуге қатысушылардың келмей қалу себептерiн анықтайды және аталған адамдар жоқта iс қарау туралы не iс қарауды кейiнге қалдыру туралы шешiм қабылдайды; 
      5) қажет болған жағдайларда iс қарау кезiнде қатысуы мiндеттi адамды алып келу туралы ұйғарым шығарады, аудармашы тағайындайды; 
      6) iс қарауға қатысушы адамдарға олардың құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiредi; 
      7) мәлiмделген бас тартуларды және өтiнiш жасауларды шешедi; 
      8) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы, ал қажет болған жағдайда - өзге де материалдарды оқып бередi; 
      9) iс қарауды кейiнге қалдыру туралы: егер iс қараушы судьяның не лауазымды адамның, сондай-ақ алқалы орган мүшесiнiң өздiгiнен бас тартуы немесе одан бас тарту iстi мәнi бойынша қарауға кедергi келтiрсе, бас тарту мәлiмделуiне; егер қорғаушыдан, уәкiлеттi өкiлден, сарапшыдан немесе аудармашыдан бас тарту iстi мәнi бойынша қарауға кедергi келтiрсе, аталған бас тартуға; iстi қарауға қатысушы адамдардың келуi немесе iс бойынша қосымша материалдар сұрап алу қажеттiгiне байланысты ұйғарым шығарады. Қажет болған жағдайда судья (лауазымды адам) сараптама тағайындау туралы ұйғарым шығарады. 
      10) осы Кодекстiң 646-бабында көзделген жағдайларда iстi мәнi бойынша қарауға беру туралы ұйғарым шығарады. 
      2. Алқалы органның отырысында төрағалық етушi судья немесе лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға кiрiсiп, iс бойынша өздерi жөнiнде iс жүргiзiлiп жатқан жеке адамның немесе заңды тұлғаның заңды өкiлiнiң түсiнiктемелерiн, iс жүргiзуге қатысушы басқа адамдардың айғақтарын, маманның түсiндiрмесiн және сарапшының қорытындысын тыңдайды, өзге де дәлелдер зерттеледi, ал iстi қарауға прокурор қатысқан жағдайда оның қорытындысы тыңдалады. 
      3. Қажет болған жағдайларда осы Кодексте көзделген басқа да iс жүргiзу iс-әрекеттерi жүзеге асырылады. 

       649-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау
               кезiнде анықтауға жататын мән-жайлар

      Судья, орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғанын, осы адамның соны жасауға кiнәлiлiгiн, оның ол әкiмшiлiк жауаптылыққа жататынын, жауаптылықты жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлардың болуын, мүлiктiк залал келтiрiлгенiн анықтауға, сондай-ақ iстi дұрыс шешу үшiн маңызы бар басқа да мән-жайларды анықтауға мiндеттi.

       650-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау
               нәтижелерi бойынша шешiмдердiң түрлерi

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарап, судья, орган (лауазымды адам) мына қаулылардың бiрiн шығарады:
      1) әкiмшiлiк жаза қолдану туралы;
      2) iс жүргiзудi қысқарту туралы;
      3) iстi осы әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн өзге түрде немесе мөлшерде жаза қолдануға құқылы судьяның, органның (лауазымды адамның) қарауына беру туралы, сондай-ақ осы Кодекстiң 642-бабында көзделген жағдайларда iстi көлiк құралы (кеме, соның iшiнде шағын көлемдi кеме) есепте тұрған жер бойынша қарауға беру туралы; 
      4) айыппұл салу жөнiндегi қаулыны мәжбүрлеп орындату туралы. 
      2. Iс жүргiзудi қысқарту туралы қаулы: 
      1) осы Кодекстiң 580-бабында көзделген iс жүргiзудi болдырмайтын мән-жайлар болған;
      2) осы Кодекстiң 581-бабында көзделген әкiмшiлiк жауапқа тартпауға мүмкiндiк беретiн мән-жайлар болған;
      3) осы Кодекстiң 35-бабына сәйкес адамды тәртiптiк жауапқа тарту туралы мәселенi шешу үшiн iс материалдарын тиiстi органдарға беретiн жағдайларда шығарылады.     

       651-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс
               жөнiндегi қаулы

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөнiндегi қаулыда:
      1) қаулыны шығарған судьяның, лауазымды адамның лауазымы, аты-жөнi, алқалы органның атауы мен құрамы;
      2) iстiң қаралған күнi мен орны;
      3) өзiне қатысты iс қаралған адам туралы мәлiметтер;
      4) осы Кодекстiң әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылық көзделетiн бабы;
      5) iстi қарау кезiнде анықталған мән-жайлар;
      6) iс бойынша шешiм;
      7) қаулыға шағым беру тәртiбi мен мерзiмi көрсетiлуге тиiс.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөнiндегi қаулы дәлелдi болуы тиiс.
      Егер судья әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жаза қолдану туралы мәселенi шешу кезiнде кiнәлiнiң мүлiктiк залалды өтеуi туралы мәселенi бiр мезгiлде шешсе, қаулыда өтеуге жататын залалдың мөлшерi, оны өтеу мерзiмi мен тәртiбi көрсетiледi. 
      3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөнiндегi қаулыда жеке адамда болған алынып қойылған заттар мен құжаттар туралы, заңды тұлғаға тиесiлi құжаттар мен мүлiк туралы мәселелер шешiлуге тиiс, бұл кезде: 
      1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралдары немесе тiкелей объектiлерi болған және әкiмшiлiк жауапқа тартылған жеке адамға немесе заңды тұлғаға тиесiлi заттар осы Кодекстiң 2-бөлiмiнiң Ерекше бөлiмi нормаларының санкцияларында көзделген жағдайларда тәркiленедi не тиiстi мекемелерге берiледi немесе жойылады, қалған жағдайларда тиесiлi адамына қайтарылады; 
      2) айналысына тыйым салынған заттар тиiстi мекемелерге берiледi немесе жойылады; 
      3) құнды емес және пайдаланыла алмайтын заттар жойылуға жатады, ал мүдделi адамдар өтiнiш жасаған жағдайларда оларға берiлуi мүмкiн; 
      4) заттай дәлелдемелер болып табылатын құжаттар iсте оның бүкiл сақталу мерзiмi iшiнде қалады не мүдделi адамдарға берiледi. 
      4. Алқалы органның қаулысы отырысқа қатысқан алқалы орган мүшелерiнiң жай көпшiлiк даусымен қабылданады. Дауыстар тең түскен жағдайда төрағалық етушiнiң дауысы шешушi дауыс болады. 
      5. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөнiндегi қаулыға қаулы шығарған судья, алқалы органның отырысында төрағалық еткен лауазымды адам қол қояды. 
       Ескерту. 651-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       652-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс
               жөнiндегi қаулыны хабарлау және қаулының
               көшiрмесiн тапсыру

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөнiндегi қаулы iс қаралып бiткен соң дереу хабарланады. 
      2. Қаулының көшiрмесi өзi арнап шығарылған жеке адамға, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғаған уәкiлеттi органға (лауазымды адамға) немесе заңды тұлғаның заңды өкiлiне, сондай-ақ олардың сұрауы бойынша жәбiрленушiге, жеке адамның заңды өкiлiне дереу тапсырылады. Аталған адамдар болмаған жағдайда қаулының көшiрмесi ол шығарылған күннен бастап үш күн iшiнде жiберiледi. Әкiмшiлiк қамауға алу туралы қаулы шығарылған жағдайда қаулының көшiрмесi дереу прокурорға жiберiледi. <*>
      3. Ұйым атыс қаруын, сондай-ақ оқ-дәрiнi қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты сенiп берген немесе уақытша пайдалануға берген адам жөнiнде осы Кодекстiң 332 және 369-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулының көшiрмесi тиiстi ұйымға жiберiледi. 
       Ескерту. 652-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       653-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша
               ұйғарым

      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша ұйғарымда, шағым беру мерзiмi мен тәртiбiн қоспағанда, осы Кодекстiң 651-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген мәлiметтер көрсетiлуге тиiс.

       654-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға ықпал
               еткен себептер мен жағдайларды жою туралы
               ұсыныс

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтаған кезде судья жеке қаулы шығарады, ал орган (лауазымды адам) тиiстi ұйымға және лауазымды адамдарға оларды жою жөнiнде шаралар қолдану туралы ұсыныс енгiзедi. <*>
      2. Ұйымдардың басшылары мен басқа да лауазымды адамдар жеке қаулыны және ұсынысты оны алған күннен бастап бiр ай iшiнде қарауға және ұсыныс енгiзген судьяға, органға (лауазымды адамға) қолданылған шаралар туралы хабарлауға мiндеттi. <*>
       Ескерту. 654-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

39-тарау. ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ
IСТЕР БОЙЫНША ЗАҢДЫ КҮШIНЕ ЕНБЕГЕН
ҚАУЛЫЛАРДЫ ҚАЙТА ҚАРАУ

       655-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс
               бойынша қаулыға шағым беру, наразылық
               келтiру құқығы

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға осы Кодекстiң 584-588-баптарында аталған адамдар шағым бере алады, сондай-ақ прокурор наразылық келтiре алады. 
      2. Мамандандырылған аудандық және оған теңестiрiлген әкiмшiлiк сот судьяларының әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулысына жоғары тұрған сотқа шағым берiлуi, наразылық бiлдiрiлуi мүмкiн. <*>
      3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша орган (лауазымды адам) шығарған қаулыға жоғары тұрған органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) немесе орган (лауазымды адам) тұрған жер бойынша мамандандырылған аудандық және оған теңестiрiлген әкiмшiлiк сотқа шағым берiлiп, наразылық келтiрiлуi мүмкiн. 
       ЕСКЕРТУ. 655-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.08.09. N 346  Заңымен , 2003 жылғы 2 шілдедегі N 451  Заңымен .

       656-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс
               бойынша қаулыға шағым беру, наразылық
               келтiру тәртiбi

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым iс бойынша қаулы шығарған судьяға, органға (лауазымды адамға) жiберiледi, олар шағым, наразылық түскен күннен бастап үш күн мерзiм iшiнде оларды iстiң бүкiл материалдарымен тиiстi сотқа, жоғары тұрған органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) жiберуге мiндеттi. 
      2. Шағымды, наразылықты қарауға уәкiлеттi сотқа, жоғары тұрған органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) шағым берiлуi, наразылық келтiрiлуi мүмкiн. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша орган (лауазымды адам) шығарған қаулыға тiкелей сотқа шағым беру тәртiбi азаматтық iс жүргiзу  заңдарымен  белгiленедi. 
      3. Судьяның әкiмшiлiк қамауға алу түрiнде жаза қолдану туралы қаулысына шағым, наразылық жоғары тұрған сотқа шағым, наразылық алынған күнi жолдануға тиiс. 
      4. Егер шағымды, наразылықты қарау әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым берiлген, наразылық келтiрiлген судьяның құзыретiне жатпайтын болса, шағым, наразылық ведомстволық бағыныстылық бойынша жiберiледi. 

       657-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс
               бойынша қаулыға шағым беру, наразылық
               келтiру мерзiмi

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым, наразылық қаулы көшiрмесi тапсырылған күннен бастап он күн iшiнде, ал егер осы Кодекстiң 584-588-баптарында аталған адамдар iстi қарауға қатыспаса, оны алған күннен бастап берiлуi мүмкiн. 
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген мерзiмдi дәлелдi себептермен өткiзiп алған жағдайда, өзi жөнiнде қаулы шығарылған адамның арызы бойынша шағымды қарауға құқылы сот, орган (лауазымды адам) бұл мерзiмдi қалпына келтiруi мүмкiн. 

       658-бап. Шағымның (наразылықтың) мазмұны

      1. Шағым (наразылық) жазбаша түрде берiледi және онда: 
      1) шағым берiлiп отырған соттың, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) атауы; 
      2) шағым немесе наразылық берушiнiң аты-жөнi (заңды тұлғаның дәл атауы), тұрақты тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi (пошталық мекен-жайы); 
      3) құқықтық актiсiне немесе әрекетiне наразылық берiлiп отырған органның немесе мекеменiң атауы не лауазымды адамның тегi мен лауазымы; 
      4) шағым берiлiп немесе наразылық келтiрiлiп отырған құқықтық актiнiң немесе iс-әрекеттiң мазмұны, сондай-ақ шағым немесе наразылық берушi құқықтық акт немесе iс-әрекеттер өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын бұзды деп есептейтiн себептер; 
      5) шағым немесе наразылық берушi айқын тұжырымдаған өтiнiш көрсетiлуге тиiс. 
      2. Шағымға немесе наразылыққа берушi қол қояды. Заңды ұйым атынан берiлген шағымға оның заңды өкiлi немесе осыған уәкiлеттi басқа адам қол қояды. 
      3. Егер шағым немесе наразылық басқа адамның мүддесi үшiн берiлсе, онда мүддесiн көздеп шағым немесе наразылық берiлiп отырған адамның атын және тегiн, тұрақты тұрғылықты жерiн немесе орналасқан жерiн (пошталық мекен-жайын) көрсету қажет. Шағымға өкiлеттiктi растайтын құжат қоса тiркеледi. 
      4. Шағым немесе наразылық екi дана етiп берiлiп, орган, мекеме немесе лауазымды адам шығарған шағым берiлiп немесе наразылық келтiрiлiп отырған құқықтық акт, сондай-ақ шағымда немесе наразылықта негiздеуге дәлелге келтiрiлген өзге де құжаттар қоса тiркеледi. 

       659-бап. Шағым берiлуiне немесе наразылық келтiрiлуiне
               байланысты қаулының орындалуын тоқтата тұру

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде әкiмшiлiк жаза қолданылған жағдайларды қоспағанда, белгiленген мерзiмде шағым беру әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуын шағым қаралғанға дейiн тоқтата тұрады. 
      2. Прокурордың әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуын олардың заңдылығын тексеру кезiнде тоқтата тұруға, уәкiлеттi лауазымды адамдар мен органдарға (соттан басқа) қосымша тексеру жүргiзуге жазбаша нұсқау беруге құқығы бар. Тексеру нәтижелерi бойынша прокурор тиiстi органға қаулының күшiн жою немесе оны өзгерту туралы наразылық енгiзедi немесе қаулының орындалуын тоқтата тұрудың күшiн жояды. 
      3. Прокурордың наразылық келтiруi қаулының орындалуын наразылық қаралғанға дейiн тоқтата тұрады. 

       660-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша
               қаулыға шағымды, наразылықты қарау мерзiмдерi

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым, наразылық олар келiп түскен күннен бастап он күн мерзiмде қаралуға тиiс.
      2. Әкiмшiлiк қамауға алу туралы қаулыға берiлген шағым, наразылық, егер жауапқа тартылған адам әкiмшiлiк қамауға алуды өтеп жатса, шағым немесе наразылық берiлген кезден бастап бiр тәулiк iшiнде қаралуға тиiс.

       661-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс
               бойынша қаулыға шағымды, наразылықты
               судьяның жеке-дара қарауы

      Мамандандырылған аудандық және оған теңестiрiлген әкiмшiлiк сот судьясының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулысына шағымды, наразылықты жоғары тұрған соттың судьясы жеке-дара қарайды. <*>
      ЕСКЕРТУ. 661-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 2 шілдедегі N 451  Заңымен.

       662-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша
               қаулыға шағымды, наразылықты қарауға әзiрлеу

      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, наразылықты қарауға әзiрлеу кезiнде судья, жоғары тұрған орган, лауазымды адам:
      1) iс жүргiзудi болдырмайтын мән-жайлардың бар-жоғын анықтайды;
      2) өтiнiштердi шешедi, қосымша материалдарды сұрап алады, шағымды, наразылықты қарау үшiн қатысуы қажет деп танылған адамдарды шақырады; қажет болған жағдайда судья сараптама тағайындайды; 
      3) егер шағымды, наразылықты қарау өзiнiң құзыретiне жатпаса, оларды бүкiл материалдарымен қоса ведомстволық бағыныстылығы бойынша жiбередi. 

       663-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша
               қаулыға шағымды, наразылықты қарау

      1. Жоғары тұрған орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, наразылықты қарауға кiрiскенде: 
      1) шағымды, наразылықты кiм қарайтынын, қандай шағым, наразылық қаралуға тиiс екенiн, шағымды, наразылықты кiм бергенiн хабарлайды; 
      2) iс бойынша өзi жөнiнде қаулы шығарылған жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның заңды өкiлiнiң, сондай-ақ шағымды, наразылықты қарауға қатысу үшiн шақырылған адамдардың келгенiне көз жеткiзедi; 
      3) жеке немесе заңды тұлға өкiлдерiнiң, қорғаушының және өкiлдiң өкiлеттiгiн тексередi; 
      4) iс жүргiзуге қатысушылардың келмей қалу себептерiн анықтайды және олар жоқта шағымды, наразылықты қарау туралы не шағымды, наразылықты қарауды кейiнге қалдыру туралы шешiм қабылдайды; 
      5) шағымды, наразылықты қарауға қатысушы адамдарға олардың құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiредi; 
      6) мәлiмделген қарсылық бiлдiрулердi және өтiнiштердi шешедi; 
      7) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, наразылықты, ал қажет болған жағдайда өзге де материалдарды жариялайды. 
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, наразылықты қарау кезiнде iсте бар және қосымша табыс етiлген материалдар бойынша шығарылған қаулының заңдылығы мен негiздiлiгi тексерiледi. Жоғары тұрған орган (лауазымды адам) шағым, наразылық дәлелдерiмен байланып қалмайды және iстi толық көлемiнде тексередi, бұл орайда ол жаңа фактiлердi анықтауға және жаңа дәлелдемелердi зерттеуге құқылы. 
      3. Жоғары тұрған орган (лауазымды адам) шақырылған адамдардың келмей қалуына, iс бойынша қосымша материалдар сұратылуына, сараптама тағайындауға байланысты және бұл шағымды, наразылықты толық, жан-жақты әрi объективтi қарау үшiн қажет болған басқа жағдайларда шағымның, наразылықтың қаралуын кейiнге қалдыруға құқылы. 
      4. Осы баптың бiрiншi, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген ережелер әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша сот шығарған қаулыға шағымдарды, наразылықтарды жоғары тұрған соттың судьясы қараған жағдайда да қолданылады. Әкiмшiлiк жаза қолдануға уәкiлеттi орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша шығарған қаулыға шағымдарды, наразылықтарды соттың қарау тәртiбi азаматтық iс жүргiзу  заңдарымен  белгiленедi. 
      5. Егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым сотқа және жоғары тұрған лауазымды адамға бiр мезгiлде келiп түссе, шағымды сот қарайды. 

       664-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша
               қаулыға шағым, наразылық жөнiндегi шешiм

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, наразылықты қарап, жоғары тұрған соттың судьясы, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) мына шешiмдердiң бiрiн: 
      1) қаулыны өзгертпей, ал шағымды, наразылықты қанағаттандырмай қалдыру туралы; 
      2) қаулыны өзгерту туралы; 
      3) осы Кодекстiң 68 және 580, 581-баптарында көзделген мән-жайлар болған кезде, сондай-ақ қаулы шығарылғанда негiзге алынған мән-жайлар дәлелденбеген кезде қаулының күшiн жою және iстi қысқарту туралы; 
      4) iс бойынша қаулының күшiн жойып, жаңа қаулы шығару туралы; 
      5) егер шағымды, наразылықты қарау кезiнде қаулыны құқығы жоқ судья, орган (лауазымды адам) шығарғаны анықталса, қаулының күшiн жойып, iстi ведомстволық бағыныстылығы бойынша қарауға жiберу туралы шешiм қабылдайды. 
      2. Шағымды, наразылықты қарау нәтижелерi бойынша шешiм iс бойынша қаулыға шағым, наразылық жөнiнде ұйғарым түрiнде шығарылады. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 5) тармақшасында көзделген жағдайда iс бойынша шығарылған ұйғарымда, сондай-ақ қаулыда осы Кодекстiң 651-бабының бiрiншi бөлiгiнде аталған мәлiметтер болуға тиiс. 
      3. Жоғары тұрған сот судьясының, мамандандырылған аудандық және оған теңестiрiлген әкiмшiлiк сот судьясының, төрағасының қаулысына шағым, наразылық бойынша ұйғарымы, сондай-ақ судьяның осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 5) тармақшасында көзделген жағдайда шығарылған қаулысы түпкiлiктi болып табылады және осы Кодекстiң 40-тарауында көзделген тәртiппен наразылық келтiрiлуi мүмкiн. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым, наразылық жөнiнде жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) ұйғарымына азаматтық iс жүргiзу  заңдарында  белгiленген тәртiппен сотқа шағым берiлуi, наразылық келтiрiлуi мүмкiн. 
      ЕСКЕРТУ. 664-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 2 шілдедегі N 451  Заңымен.

       665-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс
               бойынша қаулының күшiн жою немесе оны
               өзгерту негiздерi

      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулының күшiн жоюға немесе өзгертуге және қаулы шығаруға:
      1) судьяның, органның (лауазымды адамның) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыда баяндалған iстiң нақты мән-жайлары туралы тұжырымдарының шағымды, наразылықты қарау кезiнде зерттелген дәлелдемелерге сай келмеуi;
      2) әкiмшiлiк жауаптылық туралы заңды дұрыс қолданбау;
      3) осы Кодекстiң iс жүргiзу нормаларының елеулi түрде бұзылуы;
      4) қаулымен қолданылған әкiмшiлiк жазаның жасалған құқық бұзушылық сипатына, кiнәлiнiң жеке басына немесе заңды тұлғаның мүлiктiк жағдайына сай келмеуi негiздемелер болып табылады.

       666-бап. Судьяның, органның (лауазымды адамның)
               әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша
               қаулыда баяндалған iстiң нақты мән-жайлары
               туралы тұжырымдарының шағымды, наразылықты
               қарау кезiнде зерттелген дәлелдемелерге сай
               келмеуi

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыда баяндалған iстiң нақты мән-жайлары туралы тұжырымдар шағымды, наразылықты қарау кезiнде зерттелген дәлелдемелерге сай келмейтiнiн анықтап, жоғары тұрған соттың судьясы, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) бұл қаулының күшiн толық немесе iшiнара жояды және шағымды, наразылықты қарау нәтижелерiне сәйкес жаңа қаулы шығарады. 
      2. Жоғары тұрған соттың судьясы, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) шағымды, наразылықты қарау процесiнде зерттелген дәлелдемелердi бағалай келiп, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулымен анықталмаған немесе қаулы шығарған судья, орган (лауазымды адам) назарға алмаған фактiлердi дәлелдендi деп тануға құқылы. 

       667-бап. Әкiмшiлiк жауаптылық туралы заңды дұрыс
               қолданбау

      1. Мыналар әкiмшiлiк жауаптылық туралы заңды дұрыс қолданбау болып табылады: 
      1) осы Кодекстiң 1-бөлiмiнiң және 2-бөлiмi Жалпы бөлiмiнiң талаптарын бұзу; 
      2) осы Кодекстiң 2-бөлiмi Ерекше бөлiмiнiң қолданылуға жататын бабынан немесе бабының бөлiгiнен басқасын қолдану; 
      3) осы Кодекстiң 2-бөлiмi Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабының санкциясында көзделгеннен неғұрлым қатаң әкiмшiлiк жаза қолдану. 
      2. Жасалған әрекетке шағымды, наразылықты қарау нәтижесiнде берiлген заңдық бағаны дұрыс емес деп танып, жоғары тұрған соттың судьясы, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) құқық бұзушылықтың жiктелуiн заңның онша қатаң емес әкiмшiлiк жаза көзделетiн бабына өзгертуге құқылы. 
      3. Жоғары тұрған соттың судьясы, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) шағымды, наразылықты қарау нәтижелерi бойынша неғұрлым қатаң әкiмшiлiк жаза көзделетiн заңды қолдануға немесе жәбiрленушi (прокурор) осы негiздер бойынша шағым (наразылық) берген жағдайда ғана неғұрлым қатаң әкiмшiлiк жаза қолдануға құқылы. 

       668-бап. Осы Кодекстiң iс жүргiзу нормаларының
               едәуiр бұзылуы

      1. Iс жүргiзу және оны қарау кезiнде осы Кодекс принциптерiнiң және iске қатысушы адамдардың заңмен кепiлдiк берiлген құқықтарынан айыру немесе оларды тарылту, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу рәсiмдерiн сақтамау немесе iстiң мән-жайын жан-жақты, толық және объективтi зерттеуге өзге жолмен кедергi келтiру арқылы заңды және негiзделген қаулы шығаруға ықпал еткен немесе ықпал етуi мүмкiн өзге де жалпы ережелерiнiң бұзылуы осы Кодекстiң iс жүргiзу нормаларының едәуiр бұзылуы деп танылады. 
      2. Iс жүргiзудiң бiржақтылығы немесе толық еместiгi iс үшiн маңызы болуы мүмкiн жол берiлетiн дәлелдемелердi зерттеуден қате шығарып тастаудың немесе дәлелдемелердi зерттеуден негiзсiз бас тартудың; мiндеттi түрде зерттеуге жататын дәлелдемелердi зерттемеудiң нәтижесi болған кезде қаулының күшi жойылуға тиiс. 
      3. Егер: 
      1) осы Кодекстiң 577, 580, 581-баптарында көзделген негiздер болған жағдайда iс жүргiзу қысқартылмаған болса; 
      2) қаулыны әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi емес судья, орган (лауазымды адам) шығарса; 
      3) iс қатысуы заң бойынша мiндеттi болып табылатын қорғаушының қатысуынсыз қаралса немесе өзi жөнiнде iс жүргiзiлiп жатқан адамның қорғаушы алу құқығы өзге де жолмен бұзылса; 
      4) өзi жөнiнде iс жүргiзiлiп жатқан адамның ана тiлiн немесе өзi бiлетiн тiлдi және аудармашы қызметiн пайдалану құқығы бұзылса; 
      5) өзi жөнiнде iс жүргiзiлiп жатқан адамға iстiң мән-жайлары туралы түсiнiктеме беру құқығы берiлмесе; 
      6) қаулыға осы Кодекстiң 651-бабының бесiншi бөлiгiнде аталған адамдардан қайсы бiреуiнiң қолы қойылмаса, қаулының барлық жағдайда күшi жойылуға тиiс. <*>
      4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде осы баптың үшiншi бөлiгiнiң 1) тармақшасында көрсетiлген iс жүргiзу нормаларының бұзылуына жол берiлгендiгiн анықтаған соң жоғары тұрған соттың судьясы, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) iс бойынша қаулының күшiн жояды және iс жүргiзудi қысқартады. 
      5. Егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде iс жүргiзу нормаларының қандай да болсын өзгеше едәуiр бұзылуына жол берiлген болса, жоғары тұрған соттың судьясы, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) iс қарауды жүргiзе отырып, бұл орайда жол берiлген құқық бұзушылықты жоюға шаралар қолданады, сонан соң тиiстi мамандандырылған аудандық және оған теңестiрiлген әкiмшiлiк сот судьясының, төмен тұрған органның (лауазымды адамның) қаулысының күшiн жояды және iс қараудың нәтижелерiн ескере отырып, жаңа қаулы шығарады. 
       ЕСКЕРТУ. 668-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 2 шілдедегі N 451  Заңымен , 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       669-бап. Қаулымен қолданылған әкiмшiлiк жазаның
               жасалған құқық бұзушылық сипатына, кiнәлiнiң
               жеке басына немесе заңды тұлғаның мүлiктiк
               қаржы жағдайына сай келмеуi

      1. Қаулымен қолданылған әкiмшiлiк жазаны оның тым қатаңдығы салдарынан әдiл емес, жасалған құқық бұзушылық сипатына, кiнәлiнiң жеке басына немесе заңды тұлғаның мүлiктiк жағдайына сай келмейдi деп танып, жоғары тұрған соттың судьясы, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк жаза қолданудың жалпы ережелерiн басшылыққа ала отырып, жазаны жұмсартады.
      2. Жоғары тұрған соттың судьясы, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) кiнәлiге (заңды тұлғаға) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулымен белгiленген неғұрлым қатаң жаза қолдануы мүмкiн, бiрақ оны осы негiз бойынша прокурор наразылық келтiрген немесе жәбiрленушi шағым берген жағдайда қолданады.

       670-бап. Iс жүргiзудi қысқарту туралы қаулының күшiн
               жою немесе оны өзгерту

      1. Жоғары тұрған соттың судьясы, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) iс жүргiзудi қысқартудың негiзсiздiгiне жәбiрленушiнiң шағымы бойынша не прокурордың наразылығы бойынша әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы шығара отырып, iс жүргiзудi қысқарту туралы қаулының күшiн жоюы мүмкiн.
      2. Iс жүргiзудi қысқарту туралы қаулы өзi жөнiнде iс жүргiзу қысқартылған адамның шағымы бойынша қысқарту негiздемесi бөлiгiнде өзгертiлуi мүмкiн.

       671-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша
               қаулыға шағым, наразылық жөнiндегi ұйғарымды
               жария ету

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым, наразылық жөнiндегi ұйғарым ол шығарылғаннан кейiн дереу жария етiледi. 
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым, наразылық жөнiндегi ұйғарымның көшiрмесi ол шығарылғаннан кейiн үш тәулiкке дейiнгi мерзiмде өзi жөнiндегi iс бойынша қаулы шығарылған жеке адамға немесе заңды тұлғаның заңды өкiлiне, өзi шағым берген жағдайда немесе оның өтiнiшi бойынша жәбiрленушiге, наразылық келтiрген прокурорға тапсырылады немесе салып жiберiледi. 
      3. Әкiмшiлiк қамауға алу туралы iс бойынша қаулыға шағым, наразылық жөнiндегi ұйғарым қаулыны орындаушы органның (лауазымды адамның), сондай-ақ өзi жөнiнде қаулы шығарылған адамның назарына ұйғарым шығарылған күнi жеткiзiледi. 

  40-тарау. ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ IСТЕР БОЙЫНША ЗАҢДЫ КҮШIНЕ ЕНГЕН ҚАУЛЫЛАРДЫ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ШАҒЫМДАРДЫ, НАРАЗЫЛЫҚТАРДЫ ҚАРАУ НӘТИЖЕЛЕРI ЖӨНIНДЕГI ҰЙҒАРЫМДАРДЫ ҚАЙТА ҚАРАУ

       672-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша
               заңды күшiне енген қаулыларды және оларға
               шағымдарды, наразылықтарды қарау нәтижелерi
               жөнiндегi ұйғарымдарды қайта қараудың ерекше
               тәртiбi

      Осы Кодекстiң 674-бабының бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде аталған адамдардың наразылығы бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша күшiне енген мамандандырылған аудандық және оған теңестiрiлген әкiмшiлiк соттың судьясы шығарған қаулылардың, мамандандырылған аудандық және оған теңестiрiлген әкiмшiлiк соттардың төрағалары, жоғары тұрған соттың судьясы ұйғарымдарының, аудандық және оған теңестiрiлген соттар судьяларының, мамандандырылған аудандық және оған теңестiрiлген әкiмшiлiк соттар төрағаларының қаулысына шағым, наразылық бойынша, сондай-ақ осы Кодекстiң 664-бабының бiрiншi бөлiгiнiң 5) тармақшасында көзделген жағдайда судьялар (мамандандырылған аудандық және оған теңестiрiлген әкiмшiлiк соттардың төрағалары) шығарған қаулылар сот тәртiбiмен қайта қаралуы мүмкiн. Соттың әкiмшiлiк жауапқа тартылған адамның не өзi жөнiнде әкiмшiлiк iс жүргiзу тоқтатылған адамның жағдайын нашарлататын жағына қарай қайта қарауына соттың немесе уәкiлеттi мемлекеттiк органның қаулысы заңды күшiне енген күннен бастап бiр жыл iшiнде жол берiледi.
       ЕСКЕРТУ. 672-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.08.09. N 346  Заңымен , 2003 жылғы 2 шілдедегі N 451  Заңымен .

       673-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер
               бойынша қаулыларды және оларға шағымдарды,
               наразылықтарды қарау нәтижелерi жөнiндегi
               ұйғарымдарды қайта қарауға құқықты соттар

      Осы Кодекстiң 672-бабында аталған заңды күшiне енген қаулыларды және ұйғарымдарды облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың алқалары қайта қарауға құқылы.

       674-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша қаулыларға және оларға шағымдарды, наразылықтарды қарау нәтижелерi жөнiндегi ұйғарымдарға наразылық келтiру

      1. Осы Кодекстiң 672-бабында аталған заңды күшiне енген қаулыларға және ұйғарымдарға наразылық келтiру құқығы Бас Прокурорға, оның орынбасарларына, облыстардың прокурорларына және оларға теңестiрiлген прокурорлар мен олардың орынбасарларына берiлген. 
      2. Осы Кодекстiң 672-бабында аталған заңды күшiне енген қаулыларды және ұйғарымдарды қайта қарау туралы өтiнiштер жасауға әкiмшiлiк жауапқа тартылған адамның, жәбiрленушiнiң, аталған адамдардың қорғаушыларының, заңды өкiлдерi мен өкiлдерiнiң құқығы бар.
       ЕСКЕРТУ. 674-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.08.09. N 346  Заңымен

       675-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының
               орындалуын тоқтата тұру

      1. Осы Кодекстiң 674-бабының бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдардың осы Кодекстiң 674-бабында аталған, заңды күшiне енген қаулыларға және ұйғарымдарға наразылық келтiруi бұл қаулылардың, ұйғарымдардың орындалуын тоқтата тұрады.
      2. Осы Кодекстiң 674-бабының бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдардың судья шығарған әкiмшiлiк қамауға алу туралы қаулыға наразылық келтiруi бұл қаулының орындалуын тоқтата тұрмайды.

       676-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер
               бойынша заңды күшiне енген қаулыларды
               Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында
               қайта қарау

      Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының және оның орынбасарларының наразылығы бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Алқасы заңды күшiне енген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кез келген iс бойынша қаулының, сол сияқты қаулыға шағымды, наразылықты қарау нәтижелерi жөнiндегi ұйғарымның (қаулының) заңдылығы мен негiздiлiгiн тексеруге және қабылданған шешiмдi қайта қарауға құқылы.
       ЕСКЕРТУ. 676-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.08.09. N 346  Заңымен

41-тарау. АҚТАУ. ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ
ТУРАЛЫ IСТI ҚАРАУҒА УӘКIЛЕТТI ОРГАННЫҢ
(ЛАУАЗЫМДЫ АДАМНЫҢ) ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТТЕРIМЕН
КЕЛТIРIЛГЕН ЗИЯНДЫ ӨТЕУ

       677-бап. Әкiмшiлiк жауапқа тартылған адамның
               кiнәсiздiгiн тану жолымен ақтау

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi судья, орган (лауазымды адам) ол жөнiнде осы Кодекстiң 580-бабының бiрiншi бөлiгiнiң 1)-7) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша iстi қысқарту туралы қаулы шығарған адам кiнәсiз деп есептеледi және олардың Қазақстан Республикасының  Конституциясымен  және заңдарымен кепiлдiк берiлген құқықтары мен бостандықтарына қандай да болсын шектеу қоюға болмайды. 
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi судья, орган (лауазымды адам) осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған адамды ақтау және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi судьяның, органның (лауазымды адамның) заңсыз әрекеттерi нәтижесiнде оған келтiрiлген зиянды өтеу жөнiнде заңда көзделген шаралардың бәрiн қолдануға тиiс. 

       678-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға
               органның (лауазымды адамның) заңсыз әрекеттерi
               нәтижесiнде келтiрiлген зиянды өтеттiруге
               құқығы бар адамдар

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi судьяның, органның (лауазымды адамның) кiнәсiне қарамастан, заңсыз әкiмшiлiк ұстау, әкiмшiлiк қамау, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану нәтижесiнде адамға келтiрiлген зиян республикалық бюджеттен толық көлемiнде өтеледi. 
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қарауға уәкiлеттi судьяның, органның (лауазымды адамның) заңсыз әрекеттерi нәтижесiнде келтiрiлген зиянды өтетуге: 
      1) осы Кодекстiң 584-бабының бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдардың; 
      2) егер iс жүргiзу әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс жүргiзудi болдырмайтын мән-жайлар болуына қарамастан басталса немесе олар анықталған кезден бастап қысқартылса, iс бойынша олар жөнiнде iс жүргiзу басталмауы тиiс, ал басталғаны осы Кодекстiң 580-бабының бiрiншi бөлiгiнiң 1)-7) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша қысқартуға жататын адамдардың құқығы бар. 
      3. Азамат қайтыс болған жағдайда зиянды өтеттiру құқығы оның мұрагерлерiне көшедi. 
      4. Егер iс жүргiзу барысында адамның ерiктi түрде өзiне-өзi айып тағу жолымен шындықты анықтауға кедергi келтiргенi, сөйтiп осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған зардаптардың тууына ықпал еткенi дәлелденсе, оның зияны өтеуге жатпайды. 
      5. Осы баптың ережелерi нақ бұл баптың екiншi бөлiгiнiң 2) тармақшасында аталған мән-жайлар болмаған кезде адамға қолданылған әкiмшiлiк жазаның және басқа да әкiмшiлiк-құқықтық ықпал ету шараларының күшi жойылған немесе ескiру мерзiмiнiң өтуiне, әкiмшiлiк жауаптылықты жоятын немесе әкiмшiлiк жазаны жұмсартатын заңның қабылдануына байланысты өзгерген жағдайларға қолданылмайды. 

       679-бап. Өтеуге жататын зиян

      Осы Кодекстiң 678-бабында аталған адамдардың мүлiктiк зиянды толық көлемiнде өтетуге, моральдық зиян салдарын жойғызуға және барлық жоғалтқан немесе нұқсан келтiрiлген құқықтарын қалпына келтiртуге құқығы бар. 

       680-бап. Зиянды өтеттiру құқығын тану

      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi орган (лауазымды адам) адамды толық немесе iшiнара ақтау туралы шешiм қабылдап, олардың кейiн зиянды өтеттiру құқығын тануға тиiс. Iстi қысқарту туралы, өзге де заңсыз шешiмдердiң күшiн жою немесе оларды өзгерту туралы қаулының көшiрмесi мүдделi адамға тапсырылады не поштамен жiберiледi. Сонымен бiрге оған зиянды өтеу тәртiбi түсiндiрiлген хабарлама жiберiледi. Зиян өтемiне құқығы бар өлген адам мұрагерлерiнiң, туыстарының немесе асырауындағылардың тұрғылықты жерi туралы мәлiметтер болмаған жағдайда олар әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi органға (лауазымды адамға) жүгiнген күннен бастап бес күннен кешiктiрмей оларға хабарлама жiберiледi. 

       681-бап. Мүлiктiк зиянды өтеу

      1. Осы Кодекстiң 678-бабында аталған адамдарға келтiрiлген мүлiктiк зиян: 
      1) олар айырылған жалақының, зейнетақының, жәрдемақының, өзге де қаражаттар мен табыстардың; 
      2) судья қаулысының негiзiнде заңсыз тәркiленген немесе өтемсiз алып қойылған мүлiктiң; мүлiктi қайтару мүмкiн болмаған жағдайда оның құны қайтарылады; 
      3) iстi шешуге уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) заңсыз қаулысын орындау үшiн салынған айыппұлдардың; iс жүргiзу шығындары мен әрекеттерге байланысты төлеген өзге де сомаларының; 
      4) адамның заң көмегiн көрсету үшiн төлеген сомаларының; 
      5) әкiмшiлiк жауапқа заңсыз тарту нәтижесiнде келтiрiлген өзге де шығындарының өтелуiн қамтиды. 
      2. Iс жүргiзумен байланысты осы Кодекстiң 584-бабының бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдарды әкiмшiлiк қамауды атқару орындарында ұстауға жұмсалған сомаларды, iс жүргiзу шығындарын, сол сияқты осы адамдардың әкiмшiлiк қамауды атқару кезiнде қайсы бiр жұмыстарды орындағаны үшiн тапқан табысын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) заңсыз әрекеттерi нәтижесiнде келтiрiлген зиянның өтемiн төлеуге жататын сомадан шегерiп тастауға болмайды. 
      3. Осы Кодекстiң 678-бабының екiншi және үшiншi бөлiктерiнде аталған адамдар осы Кодекстiң 652-бабында аталған құжаттардың көшiрмесiн зиянын өтеу тәртiбi туралы хабарламамен бiрге алған кезде iстi қысқарту, өзге де заңсыз шешiмдердiң күшiн жою немесе оларды өзгерту туралы қаулы шығарған органға (лауазымды адамға) мүлiктiк зиянын өтеу туралы талап қойып жүгiнуге құқылы. Егер iстi жоғары тұрған орган (лауазымды адам) немесе сот қысқартса, зиянды өтеу туралы талап заңсыз қаулы шығарған органға (лауазымды адамға) жiберiледi. Егер судья қараған iстi жоғары тұрған сот қысқартса, зиянды өтеу туралы талап заңсыз қаулы шығарған судьяға жiберiледi. Кәмелетке толмаған адам ақталған жағдайда зиянды өтеу туралы талапты оның заңды өкiлi мәлiмдей алады. 
      4. Арыз түскен күннен бастап бiр айдан кешiктiрмей осы баптың үшiншi бөлiгiнде аталған орган (лауазымды адам) қажет болған жағдайларда қаржы органдарынан және әлеуметтiк қамсыздандыру органдарынан есебiн сұрап ала отырып, зиянның мөлшерiн анықтайды, сонан соң инфляцияны ескере отырып, осы зиянды өтеуге төлем жасау туралы қаулы шығарады. Егер iстi сот қысқартса, аталған iс-әрекеттi iстi қараған судья жүргiзедi. 
      5. Елтаңбалы мөрмен куәландырылған қаулының көшiрмесi төлем жасауға мiндеттi органдарға ұсыну үшiн адамға тапсырылады немесе жолданады. Төлем тәртiбi заңмен белгiленедi. 

       682-бап. Моральдық зиянның зардаптарын жою

      1. Адамды ақтау туралы шешiм қабылдаған орган (лауазымды адам) келтiрiлген зиян үшiн одан ресми кешiрiм сұрауға мiндеттi. 
      2. Келтiрiлген моральдық зиян үшiн ақшалай өтемақы туралы талап-арыздар азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен қойылады. 
      3. Егер адам әкiмшiлiк жауапқа заңсыз тартылса, ал бұл туралы мәлiметтер баспасөзде жарияланып, радио, теледидар немесе өзге де бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылған болса, осы адамның талап етуi бойынша, ал ол қайтыс болған жағдайда - оның туыстарының немесе прокурордың талап етуi бойынша тиiстi бұқаралық ақпарат құралдары бiр ай iшiнде бұл туралы қажеттi хабарлама жасауға мiндеттi. 
      4. Осы Кодекстiң 678-бабында аталған адамдардың талап етуi бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi орган (лауазымды адам) өздерiнiң заңсыз шешiмдерiнiң күшi жойылғаны туралы екi апта мерзiмде олардың жұмыс, оқу орнына, тұрғылықты жерiне жазбаша хабарлама жiберуге мiндеттi. 

       683-бап. Талаптар қою мерзiмдерi

      1. Мүлiктiк зиянды өтеуге ақшалай төлем жасау туралы талаптарды осы Кодекстiң 678-бабында аталған адамдар осындай төлемдер жасау туралы қаулыны алған кезден бастап бiр жыл iшiнде қоя алады. 
      2. Өзге құқықтарды қалпына келтiру туралы талаптар құқықтарды қалпына келтiру тәртiбi түсiндiрiлетiн хабарлама алынған күннен бастап алты ай iшiнде қойылуы мүмкiн.
      3. Дәлелдi себептермен бұл мерзiмдердi өткiзiп алған жағдайда оларды мүдделi адамдардың арызы бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi орган (лауазымды адам) қалпына келтiре алады.

       684-бап. Заңды тұлғалардың зиянын өтеу

     Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) заңсыз әрекеттерiмен заңды тұлғаларға келтiрiлген зиянды толық көлемiнде және осы тарауда белгiленген мерзiмде мемлекет өтейдi.

       685-бап. Құқықтарды талап-арыз тәртiбiмен қалпына
               келтiру

      Егер ақтау немесе зиянды өтеу туралы талап қанағаттандырылмаса не адам қабылданған шешiммен келiспесе, оның азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен сотқа жүгiнуге құқығы бар.

42-тарау. АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ӘКIМШIЛIК
ЖАУАПТЫЛЫҚТАН ҚОРҒАНЫШЫ БАР АДАМДАРДЫҢ
IСТЕРI БОЙЫНША IС ЖҮРГIЗУ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI

       686-бап. Қазақстан Республикасы Парламентi депутатының
               әкiмшiлiк жауаптылығы

      1. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутатын Қазақстан Республикасы Парламентi тиiстi Палатасының келiсiмiнсiз өз өкiлеттiгi мерзiмi iшiнде алып келуге, сот тәртiбiмен қолданатын әкiмшiлiк жаза шараларына тартуға болмайды. 
      2. Депутатты сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолдануға әкеп соғатын әкiмшiлiк жауапқа тартуға, алып келуге келiсiм алу үшiн Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенатына немесе Мәжiлiсiне тиiсiнше ұсыныс енгiзедi. Ұсыныс әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс сотқа жiберiлер алдында, сондай-ақ депутатты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi сотқа, органға (лауазымды адамға) мәжбүрлеп жеткiзу қажеттiгi туралы мәселенi шешер алдында енгiзiледi. 
      3. Егер Қазақстан Республикасы Парламентiнiң тиiстi Палатасы депутатты сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолдануға әкеп соғатын әкiмшiлiк жауапқа тартуға келiсiм берсе, iс бойынша одан әрi iс жүргiзу осы бапта көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып, осы Кодексте белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. 
      4. Егер Қазақстан Республикасы Парламентiнiң тиiстi Палатасы алып келуге келiсiм берсе, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз етудiң бұл шарасын депутатқа қолдану туралы мәселе осы Кодексте белгiленген тәртiппен шешiледi. 
      5. Егер Қазақстан Республикасы Парламентiнiң тиiстi Палатасы депутатты сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолдануға әкеп соғатын әкiмшiлiк жауапқа тартуға келiсiм бермесе, iс жүргiзу осы негiзбен қысқартылуға тиiс. 
      6. Егер Қазақстан Республикасы Парламентiнiң тиiстi Палатасы алып келуге келiсiм бермесе, депутатқа осы Кодексте белгiленген тәртiппен әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз етудiң өзге шаралары қолданылуы мүмкiн. 
      7. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутатына қатысты сот тәртiбiмен әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қараудың заңдылығын қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас прокуроры жүзеге асырады. 

       687-бап. Президенттiкке, Парламент депутаттығына
               кандидаттардың әкiмшiлiк жауаптылығы

      1. Президенттiкке, Парламент депутаттығына кандидаттарды олардың тiркелген күнiнен бастап, сайлау қорытындылары жарияланғанға дейiн Орталық сайлау комиссиясының келiсiмiнсiз алып келуге, оларға сот тәртiбiмен қолданылатын әкiмшiлiк жаза шараларына тартуға болмайды. 
      2. Президенттiкке, Парламент депутаттығына кандидаттарды әкiмшiлiк жауапқа тарту туралы ұсынысты Орталық сайлау комиссиясына әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс сотқа жiберiлер алдында Қазақстан Республикасының Бас прокуроры енгiзедi. 
      3. Бас прокурор Орталық сайлау комиссиясының шешiмiн алғаннан кейiн iстi одан әрi жүргiзу осы Кодекстiң 643-бабында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. 

       688-бап. Қазақстан Республикасы Конституциялық
               Кеңесi Төрағасының немесе мүшелерiнiң
               әкiмшiлiк жауаптылығы

      1. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасын немесе мүшелерiн өз өкiлеттiгi мерзiмi iшiнде Қазақстан Республикасы Парламентiнiң келiсiмiнсiз алып келуге, сот тәртiбiмен қолданатын әкiмшiлiк жаза шараларына тартуға болмайды. 
      2. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасын немесе мүшелерiн сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолдануға әкеп соғатын әкiмшiлiк жауапқа тартуға, алып келуге келiсiм алу үшiн Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Қазақстан Республикасының Парламентiне тиiстi ұсыныс енгiзедi. Ұсыныс әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс сотқа жiберiлер алдында, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасын немесе мүшелерiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi сотқа, органға (лауазымды адамға) мәжбүрлеп жеткiзу қажеттiгi туралы мәселенi шешер алдында енгiзiледi. 
      3. Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Қазақстан Республикасы Парламентiнiң шешiмiн алғаннан кейiн iстi одан әрi жүргiзу осы Кодекстiң 643-бабында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. 

       689-бап. Судьяның әкiмшiлiк жауаптылығы

      1. Судьяны Қазақстан Республикасы Президентiнiң Республика Жоғары Сот Кеңесiнiң қорытындысына негiзделген келiсiмiнсiз не Қазақстан Республикасы  Конституциясы  55-бабының 3) тармақшасында белгiленген жағдайда Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының келiсiмiнсiз қамауға алуға, тұтқындауға, алып келуге, сот тәртiбiмен қолданатын әкiмшiлiк жаза шараларына тартуға болмайды. 
      2. Судьяны сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолдануға әкеп соғатын әкiмшiлiк жауапқа тартуға, алып келуге келiсiм алу үшiн Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Қазақстан Республикасының Президентiне, ал Конституцияның 55-бабының 3) тармақшасында көзделген жағдайда Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенатына ұсыныс енгiзедi. Ұсыныс әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс сотқа жiберiлер алдында, судьяны әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi сотқа, органға (лауазымды адамға) мәжбүрлеп жеткiзу қажеттiгi туралы мәселенi шешер алдында енгiзiледi. 
      3. Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының шешiмiн алғаннан кейiн iстi одан әрi жүргiзу осы Кодекстiң 643-бабында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. 

       690-бап. Қазақстан Республикасы Бас прокурорының
               әкiмшiлiк жауаптылығы

      1. Қазақстан Республикасының Бас прокурорын өз өкiлеттiгi мерзiмi iшiнде Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының келiсiмiнсiз алып келуге, сот тәртiбiмен қолданатын әкiмшiлiк жаза шараларына тартуға болмайды. 
      2. Қазақстан Республикасының Бас прокурорын сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолдануға әкеп соғатын әкiмшiлiк жауапқа тартуға, алып келуге келiсiм алу үшiн Бас прокурордың бiрiншi орынбасары Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенатына ұсыныс енгiзедi. Ұсыныс әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс сотқа жiберiлер алдында, Бас прокурорды әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi сотқа, органға (лауазымды адамға) мәжбүрлеп жеткiзу қажеттiгi туралы мәселенi шешер алдында енгiзiледi. 
      3. Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бiрiншi орынбасары Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының шешiмiн алғаннан кейiн iстi одан әрi жүргiзу осы Кодекстiң 643-бабында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. 
      4. Қазақстан Республикасының Бас прокурорына қатысты сот тәртiбiмен әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қараудың заңдылығын қадағалауды оның бiрiншi орынбасары жүзеге асырады. 

       691-бап. Судьяның Қазақстан Республикасы Парламентiнiң
               депутаты не Қазақстан Республикасы
               Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасына немесе
               мүшелерiне, судьяға, Қазақстан Республикасының
               Бас прокурорына қатысты әкiмшiлiк құқық
               бұзушылық туралы iстi қарауы

      1. Iстi қарау әкiмшiлiк жауаптылықтан артықшылықтары мен қорғанышы бар адамдардың iстерiн жүргiзу ерекшелiктерiмен қоса, жалпы ережелер бойынша жүргiзiледi. 
      2. Егер iстi судья қарағанға дейiн Қазақстан Республикасы Конституциясы  52-бабының  4-тармағында,  71-бабының  5-тармағында,   79-бабының 2-тармағында,  83-бабының  3-тармағында аталған мемлекеттiк органдар алып келуге келiсiм беруден бас тартылған болса немесе мұндай келiсiм сұралмаса, судья осы Кодекстiң 686-бабының екiншi бөлiгiне сәйкес белгiленген тәртiппен алып келуге келiсiм беру туралы ұсыным жасап, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутатына, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасына немесе мүшелерiне, судьяға, Қазақстан Республикасының Бас прокурорына әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шарасы ретiнде алып келудi қолдануға құқылы. 

       692-бап. Әкiмшiлiк жауаптылықтан дипломатиялық
               қорғанышы бар адамдар

      1. Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жауаптылықтан қорғанышты Қазақстан Республикасында мына адамдар пайдаланады: 
      1) шет мемлекеттер дипломатиялық өкiлдiктерiнiң басшылары, осы өкiлдiктердiң дипломатиялық қызметкер мүшелерi және егер олар өздерiмен бiрге тұрып жатса және Қазақстан Республикасының азаматтары болмаса, олардың отбасы мүшелерi; 
      2) егер бұл қызметкерлер және олардың отбасы мүшелерi Қазақстан Республикасының азаматтары болмаса немесе Қазақстанда тұрақты тұрмаса, өзара келiсiм негiзiнде дипломатиялық өкiлдiктердiң қызмет көрсетушi қызметiнiң қызметкерлерi мен олардың өздерiмен бiрге тұратын отбасы мүшелерi, консулдықтардың басшылары және, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, олардың қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде жасаған әрекеттерiне қатысты консулдықтың басқа да лауазымды адамдары; 
      3) егер бұл қызметкерлер және олардың отбасы мүшелерi Қазақстан Республикасының азаматтары болмаса немесе Қазақстанда тұрақты тұрмаса, өзара келiсiм негiзiнде дипломатиялық өкiлдiктердiң әкiмшiлiк-техникалық қызмет қызметкерлерi және олардың өздерiмен бiрге тұратын отбасы мүшелерi; 
      4) дипломатиялық курьерлер; 
      5) шет мемлекеттердiң басшылары мен өкiлдерi, парламенттiк және үкiметтiк делегациялардың мүшелерi және, өзара келiсiм негiзiнде, - Қазақстанға халықаралық келiссөздерге, халықаралық конференцияларға және кеңестерге қатысуға немесе басқа да ресми тапсырмалармен келетiн шет мемлекеттер делегацияларының қызметкерлерi не осындай мақсаттармен Қазақстан Республикасы аумағы арқылы өтiп бара жатқандар және егер отбасы мүшелерi Қазақстан Республикасының азаматтары болмаса, аталған адамдарға ерiп жүрген отбасы мүшелерi; 
      6) Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан халықаралық ұйымдардағы шет мемлекеттер өкiлдiктерiнiң басшылары, мүшелерi және қызметкерлерi, осы ұйымдардың лауазымды адамдары халықаралық шарттар немесе жалпы танылған халықаралық ғұрыптар негiзiнде; 
      7) Қазақстан Республикасы аумағы арқылы өтiп бара жатқан үшiншi бiр елдегi шет мемлекеттер дипломатиялық өкiлдiктерiнiң басшылары, дипломатиялық өкiлдiктiң қызметкер мүшелерi және аталған адамдарға ерiп жүрген немесе оларға қосылу немесе өз елiне қайту үшiн бөлек бара жатқан отбасы мүшелерi; 
      8) Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес өзге де адамдар. 
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1), 4)-7) тармақшаларында аталған адамдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес өзге де адамдар шет мемлекет қорғаныш беруден бас тартқан жағдайда ғана сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жауапқа тартылуы мүмкiн. Мұндай бас тарту туралы мәселе Қазақстан Республикасы Бас прокурорының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi арқылы дипломатиялық жолмен шешiледi. Аталған адамдарға қорғаныш беруден тиiстi шет мемлекеттiң бас тартуы болмаған кезде оларға қатысты әкiмшiлiк iс жүргiзу қозғала алмайды, ал қозғалғаны қысқартылуға тиiс. 
      3. Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң ережелерi осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 2) және 3) тармақшаларында аталған адамдарға қолданылмайды, бұған сол адамдар жасаған құқық бұзушылық олардың өз қызмет мiндеттерiн атқарумен байланысты болған және Қазақстан Республикасының мүдделерiне қарсы бағытталмаған жағдайлар қосылмайды. 

       693-бап. Дипломатиялық қорғанышты пайдаланатын
               адамдарды тексеру, әкiмшiлiк ұстау және
               алып келу

      Осы Кодекстiң 692-бабының бiрiншi бөлiгiнiң 1), 4)-7) тармақшаларында тiзiп келтiрiлген адамдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес өзге де адамдар жеке басына ешкiм тиiспеушiлiктi пайдаланады. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн олардың жеке басын тексеруге, ұстауға немесе алып келуге болмайды. Олардың жанында болған заттарға да тексеру жүргiзуге болмайды. 

       694-бап. Айғақ беруден дипломатиялық қорғаныш

      1. Осы Кодекстің 692-бабының бiрiншi бөлiгiнiң 1), 3)-6) тармақшаларында тiзiп келтiрiлген адамдардың, сондай-ақ өзге де адамдардың Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес куә, жәбiрленушi ретiнде айғақ беруiне болмайды, ал мұндай айғақ беруге келiскен жағдайда бұл үшiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қараушы судьяға, органға (лауазымды адамға) келуге мiндеттi емес. Сұрау үшiн аталған адамдарға тапсырылған шақыруда олардың келмегенi үшiн мәжбүрлеу шараларымен қорқыту болмауға тиiс. 
      2. Егер бұл адамдар әкiмшiлiк iс жүргiзу барысында жәбiрленушiлер, куәлар ретiнде айғақ берiп, ал iстi қарауға келмей қалса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қараушы судья, орган (лауазымды адам) олардың айғақтарын оқып бере алады. 
      3. Осы Кодекстiң 692-бабының бiрiншi бөлiгiнiң 2) тармақшасында аталған адамдар өздерiнiң қызмет мiндеттерiн атқарумен байланысты мәселелерден басқа, куәлар және жәбiрленушiлер ретiнде айғақ беруден бас тарта алмайды. Консулдық лауазымды адамдар куәгерлiк айғақ беруден бас тартқан жағдайда оларға әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қамтамасыз ету шараларын қолдануға болмайды. 
      4. Дипломатиялық қорғанышты пайдаланатын адамдар әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қараушы судьяға, органға (лауазымды адамға) өздерiнiң қызмет мiндеттерiн атқаруға қатысты хат-хабарды және басқа да құжаттарды табыс етуге мiндеттi емес. 

       695-бап. Үй-жайлардың және құжаттардың дипломатиялық
               қорғанышы

      1. Дипломатиялық өкiлдiк басшысының резиденциясы, дипломатиялық өкiлдiк орналасқан үй-жай, дипломатиялық қызмет мүшелерiнiң және олардың отбасы мүшелерiнiң тұрғын үй-жайлары, олардағы мүлiк және жүрiс-тұрыс құралдары ешкiм тиiспейтiн болып табылады. Бұл үй-жайларға кiрудi, оларды қарауды, сондай-ақ жүрiс-тұрыс құралдарын тексерудi дипломатиялық өкiлдiк басшысының немесе оның орнындағы адамның келiсiмiмен ғана жүргiзуге болады. 
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген қорғаныш өзара келiсiм негiзiнде, егер бұл қызметкер мен олардың отбасы мүшелерi Қазақстан Республикасының азаматтары болмаса, дипломатиялық өкiлдiк қызметкерiне қызмет көрсетушi қызметкерлердiң және олардың өздерiмен бiрге тұратын отбасы мүшелерiнiң тұрғын үй-жайларына да қолданылады. 
      3. Консулдық орналасқан үй-жай және консулдық басшысының резиденциясы өзара келiсiм негiзiнде ешкiмнiң тиiспеушiлiгiн пайдаланады. Бұл үй-жайларға кiру, оларды қарау тек тиiстi шет мемлекеттiң консулдығы немесе дипломатиялық өкiлдiгi басшыларының өтiнiшiмен немесе олардың келiсуiмен ғана орын алуы мүмкiн. 
      4. Дипломатиялық өкiлдiктердiң және консулдықтардың мұрағаттары, ресми алысқан жазбалары және басқа да құжаттары ешкiм тиiспейтiн болып табылады. Оларды дипломатиялық өкiлдiк, консулдық басшысының келiсiмiнсiз қарауға және алып қоюға болмайды. Дипломатиялық пошта ашылмауға және кiдiртiлмеуге тиiс. 
      5. Осы баптың бiрiншi, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде аталған үй-жайларға кiруге, оларға тексеру жүргiзуге, сондай-ақ осы баптың төртiншi бөлiгiнде аталған құжаттарды тексеруге және алуға дипломатиялық өкiлдiктер мен консулдықтар басшыларының келiсiмiн прокурор Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi арқылы сұрайды. 
      6. Аталған жағдайларда тексеру прокурордың және Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi өкiлiнiң қатысуымен жүргiзiледi. 

  5-бөлiм. ӘКIМШIЛIК ЖАЗА ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ ҚАУЛЫЛАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ

   43-тарау. НЕГIЗГI ЕРЕЖЕЛЕР

       696-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша
               қаулының заңды күшiне енуi

      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулы: 
      1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулы, егер оған шағым берiлмесе немесе наразылық келтiрiлмесе, шағым беру үшiн белгiленген мерзiм бiткеннен кейiн; 
      2) шағым, наразылық бойынша ұйғарым шығарылғаннан кейiн дереу, сондай-ақ осы Кодекстiң 664-бабында көзделген жағдайда қаулы шығарылғаннан кейiн заңды күшiне енедi. 

       697-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының
               мiндеттiлiгi

      1. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы барлық мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, лауазымды адамдардың, азаматтардың және олардың бiрлестiктерiнiң, заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi. 
      2. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы ол заңды күшiне енген сәттен бастап орындалуға жатады. 
      3. Арнаулы құқықтан айыру және әкiмшiлiк қамау түрiнде әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулылар олар шығарылған сәттен бастап орындалуға жатады. 

       698-бап. Қаулыны орындауға жолдау

      Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны орындауға жолдау қаулыны шығарған судьяға, органға (лауазымды адамға) жүктеледi. Қаулы оны орындайтын уәкiлеттi органға (лауазымды адамға) ол заңды күшiне енген күннен бастап бiр тәулiк iшiнде жiберiледi. Арнаулы құқықтан айыру және әкiмшiлiк қамау түрiнде әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулылар оларды орындайтын уәкiлеттi органдарға олар шығарылғаннан кейiн дереу жiберiледi. 

       699-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны орындау

      1. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны осы Кодексте белгiленген тәртiппен уәкiлеттi органдар орындайды.
      2. Бiр адам жөнiнде әкiмшiлiк жаза қолдану туралы бiрнеше қаулы шығарылған жағдайда әр қаулы дербес орындалады.
      3. Адамның әкiмшiлiк жазадан жалтаруы ол жазаны заңдарға сәйкес мәжбүрлеу тәртiбiмен орындауға әкеп соғады.

       700-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны
               орындауға байланысты мәселелердi шешу

      1. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны шығарған органға (лауазымды адамға) осы қаулыны орындаумен байланысты мәселелердi шешу және оның орындалуын бақылау жүктеледi. 
      2. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуын кейiнге қалдыру, созу, тоқтата тұру немесе қысқарту, сондай-ақ кәмелетке толмаған адамға салынған айыппұлды оның ата-анасынан немесе олардың орнындағы адамдардан өндiрiп алу туралы мәселелердi қаулыны шығарған судья, орган (лауазымды адам) тиiстi мәселенi шешу үшiн негiз пайда болған күннен бастап үш күн мерзiмде қарайды. 
      3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде аталған мәселелердiң шешiлуiне мүдделi адамдарға олардың қаралатын орны мен уақыты хабарланады. Бұл орайда мүдделi адамдардың дәлелдi себептерсiз келмей қалуы тиiстi мәселелердi шешу үшiн кедергi болмайды. Әкiмшiлiк қамауды өтеуден жалтару туралы мәселенi қарау кезiнде әкiмшiлiк қамауға алынған адамның қатысуы мiндеттi болып табылады. 
      4. Осы баптың екiншi бөлiгiнде аталған мәселелер бойынша шешiм қаулы түрiнде қабылданады. 
      5. Жеке адамға немесе заңды тұлғаның заңды өкiлiне өздерi жөнiнде шығарылған қаулының көшiрмесi дереу, сондай-ақ жәбiрленушiге өтiнiшi бойынша оның қолхаты алып берiледi. Аталған адамдар болмаған жағдайда қаулының көшiрмесi ол шығарылғаннан кейiн үш күн iшiнде жiберiледi, бұл туралы iске тиiстi жазу жазылады.
      5-1. Осы Кодекстiң 461-472, 476-баптарында көзделген ескерту, айыппұл салу, арнаулы құқығынан айыру түрiндегi әкiмшiлiк жаза шығарылған кезде оны уәкiлеттiк берiлген лауазымды адам уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен ресiмдейдi және жүргiзушi куәлiгiнiң талонында белгiлейдi. <*>
       Ескерту. 700-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.09.  N 10  Заңымен.  

       701-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының
               орындалуын кейiнге қалдыру және созу

      Әкiмшiлiк қамау, арнаулы құқықтан айыру немесе айыппұл салу (әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде айыппұл өндiрiп алуды қоспағанда) әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулылардың орындалуын заңда белгiленген мерзiмде мүмкiн етпейтiн мән-жайлар болған кезде қаулыны шығарған судья, орган (лауазымды адам) өзi жөнiнде қаулы шығарылған адамның арызы бойынша қаулының орындалуын бiр айға дейiнгi мерзiмге кейiн қалдыра алады. Әкiмшiлiк жауапқа тартылған адамның материалдық жағдайын ескере отырып, қаулыны шығарған судья, орган (лауазымды адам) айыппұл төлеудi үш айға дейiнгi мерзiмге созуы мүмкiн. 

       702-бап. Әкiмшiлiк жазаның орындалуынан босату

      Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны шығарған судья, орган (лауазымды адам): 
      1) әкiмшiлiк жауаптылық белгiленетiн заңның немесе оның жекелеген ережелерiнiң күшi жойылған; 
      2) егер әкiмшiлiк жауаптылық белгiленетiн заңды немесе оның жекелеген ережелерiн Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi Қазақстан Республикасының  Конституциясына  сәйкес келмейдi деп тануы салдарынан олардың күшi жойылған; 
      3) әкiмшiлiк жауапқа тартылған адам қайтыс болған немесе ол заңда белгiленген тәртiппен өлдi деп хабарланған; 
      4) осы Кодекстiң 703-бабында белгiленген әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны орындаудың ескiру мерзiмi өткен жағдайларда әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуын қысқартып, әкiмшiлiк жазадан босатады. 

       703-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны
               орындаудың ескiруi

      1. Егер әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы заңды күшiне енген күннен бастап бiр жыл iшiнде, ал салық салу саласындағы құқық бұзушылықтар үшiн әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы бойынша - ол заңды күшiне енген күннен бастап бес жыл iшiнде орындалмаса, ол орындауға жатпайды. <*>
      2. Қаулының орындалуы осы Кодекстiң 659-бабына сәйкес тоқтатыла тұрған жағдайда ескiру мерзiмiнiң өтуi шағым немесе наразылық қаралғанға дейiн тоқтатыла тұрады. 
      3. Егер әкiмшiлiк жауапқа тартылған адам оны орындаудан жалтарса, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген ескiру мерзiмiнiң өтуi үзiледi. Бұл жағдайда ескiру мерзiмiн есептеу ол адам табылған күннен бастап қайта жалғастырылады. 
      4. Осы Кодекстiң 701-бабына сәйкес қаулының орындалуы кейiнге қалдырылған жағдайда ескiру мерзiмiнiң өтуi кейiнге қалдыру мерзiмi бiткенге дейiн тоқтатыла тұрады, ал қаулының орындалуы созылған кезде ескiру мерзiмiнiң өтуi ұзарту мерзiмiне ұзартылады. <*>
       Ескерту. 703-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N  506 , 2004.12.13.  N 11  (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

       704-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны орындау
               жөнiнде iс жүргiзудiң аяқталуы

      1. Қаулыны орындаған орган жаза толық жүргiзiлген әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны жүргiзiлген жаза туралы белгi соғып, қаулыны шығарған судьяға, органға (лауазымды адамға) қайтарады. 
      2. Қаулыны орындаған орган орындалмаған немесе толық орындалмаған әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны мынадай жағдайларда: 
      1) егер қаулыны шығарған судья, орган (лауазымды адам) көрсеткен мекен-жайда жауапқа тартылған жеке адам жұмыс iстемесе, тұрмаса немесе оқымаса, жауапқа тартылған заңды тұлға не аталған тұлғалардың өндiрiп алуға салатын мүлкi болмаса; 
      2) егер жауапқа тартылған адамның өндiрiп алуға салатын мүлкi немесе табысы болмаса және оның мүлкiн iздеп табу жөнiндегi шаралар нәтижесiз болып шықса; 
      3) егер осы Кодекстiң 703-бабында көзделген әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны орындаудың ескiру мерзiмi бiтсе, қаулыны шығарған судьяға, органға (лауазымды адамға) қайтарады. 
      3. Осы баптың екiншi бөлiгiнiң 1) және 2) тармақшаларында аталған жағдайларда қарауында атқарылатын қаулы жатқан лауазымды адам акт жасап, оны жоғары тұрған лауазымды адам бекiтедi. 
      4. Осы баптың екiншi бөлiгiнiң 1) және 2) тармақшаларында аталған негiздемелер бойынша әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны қайтару осы Кодекстiң 703-бабында көзделген мерзiм шегiнде осы қаулыны орындауға табыс етуге кедергi болмайды. 

       705-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны
               орындауға байланысты әрекеттерге шағым жасау

      1. Әкiмшiлiк жауапқа тартылған адам, әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны мәжбүрлеп орындату жөнiндегi әрекеттер жүзеге асырылатын күннен бастап он күн iшiнде қаулыны шығарған судьяға, органға (лауазымды адамға) шағым бере алады. 
      2. Шағым жазбаша түрде берiледi және бес күн мерзiмде қаралуға тиiс. 
      3. Шағым берген адамға оның қаралатын орны мен уақыты туралы хабарланады. Бұл орайда шағым берген адамның келмей қалуы оның қаралуына кедергi болмайды. 
      4. Шағымды қарау нәтижелерi бойынша шағымды қанағаттандыру туралы не оны қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарылады. 
      5. Ұйғарымның көшiрмесi әкiмшiлiк жауапқа тартылған жеке адамға немесе заңды тұлғаның заңды өкiлiне дереу тапсырылады, ал аталған адамдар болмаған жағдайларда оларға ұйғарым шығарылған күннен бастап үш күн мерзiмде жiберiледi. 
      6. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны мәжбүрлеп орындату жөнiндегi лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттерiмен келтiрiлген зиян Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодексi  мен Азаматтық iс жүргiзу  кодексiнде  белгiленген ережелерге сәйкес өтелуге тиiс. 

  44-тарау. ӘКIМШIЛIК ЖАЗАНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРIН
ОРЫНДАУ ТӘРТIБI

       706-бап. Ескерту жасау туралы қаулының орындалуы

      Ескерту түрiндегi әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны осы Кодекстiң 652-бабына сәйкес қаулының көшiрмесiн тапсыру немесе жiберу жолымен қаулыны шығарған судья, орган (лауазымды адам) орындайды. 

       707-бап. Айыппұл салу туралы қаулыны өз еркiмен орындау

      1. Әкiмшiлiк жауапқа тартылған адам айыппұл салу туралы қаулы шығарған судьяға, органға (лауазымды адамға) жазбаша нысанда кейiннен хабарлай отырып, айыппұлды әкiмшiлiк айыппұл салу туралы қаулының заңды күшiне енген күнiнен не осы Кодекстiң 701-бабында көзделген кейiнге қалдыру мерзiмi өткен күннен бастап отыз күннен кешiктiрмей төлеуге тиiс. 
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн салынған айыппұлды мемлекеттiк бюджетке белгiленген тәртiппен жеке адам енгiзедi немесе заңды тұлға аударады. 
       Ескерту. 707-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       708-бап. Жеке адамға айыппұл салу туралы қаулыны
               мәжбүрлеп орындату

      1. Осы Кодекстiң 707-бабында көзделген өз еркiмен орындау мерзiмi бiткеннен кейiн әкiмшiлiк жазаны қолданған орган (лауазымды адам) айыппұл салу туралы қаулыны осы Кодексте көзделген тәртiппен қарау үшiн сотқа жiбередi. 
      2. Айыппұлды мәжбүрлеп өндiрiп алу туралы қаулыны сот жауапқа тартылған адамның жалақысынан немесе өзге де табыстарынан айыппұл сомасын мәжбүрлеу тәртiбiмен ұстау үшiн оның жұмыс iстейтiн не сыйақы, зейнетақы, стипендия алатын ұйымның әкiмшiлiгiне жiбередi. Айыппұл алты айдан аспайтын мерзiмде ұсталады. Айыппұлды өндiрiп алу кезегi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген тәртiппен жүргiзiледi. 
      3. Жауапқа тартылған адам жұмыстан шығып кеткен не оның жалақысынан немесе өзге де табыстарынан айыппұл ұстау мүмкiн болмаған жағдайларда, ұйымның әкiмшiлiгi жұмыстан босаған немесе жазаны орындауға мүмкiндiк бермеуге әкеп соғатын оқиға болған күннен бастап он күн мерзiмде, жауапқа тартылған адамның жаңа жұмыс орнын (егер ол белгiлi болса), айыппұлды өндiрiп алудың мүмкiн еместiгi себептерiн көрсетiп, сондай-ақ ұстау жүргiзiлгенi (егер ол жүргiзiлсе) туралы белгi соғылған қаулыны айыппұл салу туралы қаулы шығарған сотқа қайтарады. 
      4. Егер айыппұл салынған жеке адам жұмыс iстемесе немесе басқа да себептер бойынша айыппұлды жалақысынан немесе өзге де табыстарынан өндiрiп алу мүмкiн болмаса, айыппұл салу туралы қаулыны оны шығарған сот заңдарда көзделген тәртiппен мәжбүрлеп орындату үшiн сот орындаушысына жiбередi. 

       709-бап. Заңды тұлғаға айыппұл салу туралы қаулыны
               мәжбүрлеп орындату

      1. Осы Кодекстiң 707-бабында көзделген өз еркiмен орындау мерзiмi бiткеннен кейiн әкiмшiлiк жаза қолданған орган (лауазымды адам) айыппұл салу туралы қаулыны осы Кодексте көзделген тәртiппен қарау үшiн сотқа жiбередi. 
      2. Айыппұлды мәжбүрлеп өндiрiп алу туралы қаулыны сот заңды тұлғадан осы тұлғаның шоттарынан акцептсiз есептеп шығару жолымен ақшасынан және кiрiстерiнен өндiрiп алу үшiн банкке немесе өзге де кредит мекемесiне жiбередi.
      Салық салу саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша айыппұлды мәжбүрлеп өндiрiп алу туралы қаулыны сот Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен айыппұл сомаларын өндiрiп алу үшiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасаған және (немесе) әкiмшiлiк жазаны қолданған салық қызметi органына жiбередi. <*> 
      3. Банк немесе өзге де кредит мекемесi айыппұл сомасын белгiленген тәртiппен мемлекеттiк бюджетке аударуға мiндеттi. 
      4. Заңды тұлғаның шоттарында ақша болмаған жағдайда айыппұл сомасын мәжбүрлеп өндiрiп алу туралы қаулы заңдарға сәйкес жазаны заңды тұлғаның мүлкiн өндiрiп алуға айналдыру үшiн сот орындаушысына жiберiледi.
       Ескерту. 709-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.13.  N 11  (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.  

       710-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде
               алынатын айыппұл салу туралы қаулыны орындау

      1. Жеке адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған жерде айыппұл алу үшiн оған қатаң қаржылық есеп беру құжаты болып табылатын, белгiленген үлгiдегi түбiртек берiледi. Түбiртекте берiлген күнi, жаза қолданған лауазымды адамның қызметi, аты-жөнi, әкiмшiлiк жауапқа тартылған адамның кiм екенi туралы мәлiметтер, осы Кодекстiң аталған құқық бұзушылық үшiн жауапкершiлiгi көзделетiн бабы, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған орын мен уақыт, салынған әкiмшiлiк айыппұлдың сомасы көрсетiледi. Түбiртекке жаза қолданған лауазымды адам, ал түбiршiкке жаза қолданған лауазымды адам мен әкiмшiлiк жауапқа тартылған адам қол қояды. 
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде айыппұл төленбеген жағдайда iс жүргiзу осы Кодексте көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.

       711-бап. Айыппұл салу туралы қаулының орындалуы бойынша
               iс жүргiзудiң аяқталуы

      Айыппұл салу туралы айыппұл жазасы толық жүргiзiлген қаулы оның орындалғаны туралы белгi қойылып, қаулыны шығарған органға (лауазымды адамға) қайтарылады.

       712-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың қаруы
               немесе тiкелей объектiсi болған затты өтемiн
               төлеп алу туралы қаулының орындалуы

      1. Судьяның әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың қаруы немесе тiкелей объектiсi болған затты өтемiн төлеп алып қою туралы қаулысын заңдарда көзделген тәртiппен сот орындаушысы, ал судьяның қару мен жауынгерлiк оқ-дәрiнi, арнаулы жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзуге арналған арнаулы техникалық құралдарды және ақпарат қорғаудың криптографиялық құралдарын өтемiн төлеп алып қою туралы қаулысын iшкi iстер органы орындайды. 
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың қаруы немесе тiкелей объектiсi болған өтемiн төлеп алынған затты сату заңдарда белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. 
      3. Өтемiн төлеп алынған затты сатудан түскен сома осы Кодекстiң 49-бабына сәйкес бұрынғы меншiк иесiне алып қойылған затты сату жөнiндегi шығындар шегерiлiп берiледi. 

       713-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасаудың қаруы
               немесе оның тiкелей объектiсi болған затты
               тәркiлеу туралы қаулының орындалуы

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың қаруы немесе тiкелей объектiсi болған затты, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасау салдарынан алынған кiрiстердi (дивидендтердi), ақша мен бағалы қағаздарды тәркiлеу туралы судьяның қаулысын заңдарда көзделген тәртiппен - сот орындаушысы, ал қаруды, жауынгерлiк оқ-дәрiнi, арнаулы жедел-iздестiру iс-шаралары мен ақпарат қорғаудың криптографиялық құралдарын және есiрткi заттарын тәркiлеудi iшкi iстер органы орындайды. 
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың қаруы немесе тiкелей объектiсi болған тәркiленген затты сату Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүргiзiледi. 

       714-бап. Арнаулы құқықтан айыру туралы қаулыны
               орындайтын органдар

      1. Тракторларды, өздiгiнен жүретiн машиналарды, техниканың басқа да түрлерiн қоспағанда, судьяның көлiк құралдарын жүргiзу құқығынан айыру туралы қаулыны iшкi iстер органдарының лауазымды адамдары орындайды. 
      2. Судьяның тракторды, өздiгiнен жүретiн машинаны немесе техниканың басқа да түрлерiн жүргiзу құқығынан айыру туралы қаулысын өздiгiнен жүретiн машиналар мен техниканың басқа да түрлерiнiң техникалық жай-күйiне мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдары орындайды. 
      3. Судьяның кемелердi, соның iшiнде шағын көлемдi кемелердi жүргiзу құқығынан айыру туралы қаулысын кемелердi, соның iшiнде шағын көлемдi кемелердi пайдалану ережелерiн сақтауға мемлекеттiк қадағалау жасауды жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдары орындайды. 
      4. Судьяның радиоэлектронды және жоғары жиiлiктегi құралдарды пайдалану құқығынан айыру туралы қаулысын байланысқа мемлекеттiк бақылау жасауды жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдары орындайды. 
      5. Судьяның аң аулау құқығынан айыру туралы қаулысын аң аулау ережелерiн сақтауға мемлекеттiк бақылау жасауды жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдары орындайды. 
      6. Соттың қаруды алып жүру және сақтау құқығынан айыру туралы қаулысын iшкi iстер органдарының лауазымды адамдары орындайды. 

       715-бап. Арнаулы құқықтан айыру туралы қаулыны
               орындау тәртiбi

      1. Көлiк құралдарын, кемелердi немесе техниканың өзге де түрлерiн жүргiзу құқығынан айыру туралы қаулыны орындау, егер жүргiзушi, кеме жүргiзушiсi немесе тракторшы-машинист (тракторшы) көлiк құралдарының, кемелердiң (соның iшiнде шағын көлемдi кемелердiң) және басқа да техниканың барлық түрлерiн жүргiзу құқығынан айырылған болса, тиiстi жүргiзушi куәлiгiн, кемелердi (соның iшiнде шағын көлемдi кемелердi) жүргiзуге құқық беретiн куәлiктi немесе тракторшы-машинист (тракторшы) куәлiгiн алып қою арқылы жүргiзiледi. 
      2. Егер жүргiзушi, кеме жүргiзушiсi немесе тракторшы-машинист (тракторшы) көлiк құралдарының, кемелердiң (соның iшiнде шағын көлемдi кемелердiң), немесе өзге де техниканың барлық түрлерiн жүргiзу құқығынан айырылмаған болса, жүргiзушi куәлiгiнде шағын көлемдi кеменi жүргiзу құқығына куәлiкте немесе тракторшы-машинист (тракторшы) куәлiгiнде оның көлiк құралдарының, шағын көлемдi кемелердiң, өздiгiнен жүретiн құрылғылардың қай түрлерiн жүргiзу құқығынан айырылғаны атап көрсетiледi. 
      3. Көлiк құралдарын немесе кеме жүргiзу құқығына куәлiктi алып қою тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi. 
      4. Көлiк құралдарын, кеменi жүргiзу құқығынан не тракторды немесе өзге де өздiгiнен жүретiн машинаны басқару құқығынан айырылған жүргiзушi (кеме жүргiзушiсi) немесе тракторшы-машинист (тракторшы) жүргiзушi куәлiгiн, кеме жүргiзу құқығына куәлiктi немесе тракторшы-машинист (тракторшы) куәлiгiн беруден жалтарған жағдайда iшкi iстер органдары, кемелердi, соның iшiнде шағын көлемдi кемелердi пайдалану ережелерiнiң сақталуына мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын органдар, сондай-ақ өздiгiнен жүретiн машиналар мен басқа да техниканың техникалық жай-күйiне мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын органдар белгiленген тәртiппен жүргiзушi куәлiгiн, кеме жүргiзу құқығына куәлiктi немесе тракторшы-машинист (тракторшы) куәлiгiн алып қояды.
      5. Әкiмшiлiк жазаның осы түрi қолданылған адамға арнаулы құқығынан айыру мерзiмi өткеннен кейiн алынған құжаттар белгiленген тәртiппен қайтарылады.

       716-бап. Аң аулау құқығынан айыру туралы қаулыны
               орындау тәртiбi

      1. Аң аулау құқығынан айыру туралы қаулы аң аулау билетiн алып қою арқылы орындалады.
      2. Аң аулау құқығынан айырылған адам аң аулау билетiн беруден жалтарған жағдайда аң аулау ережелерiн сақтауға мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын органдардың аң аулау билетiн алып қоюы белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.

       717-бап. Радиоэлектронды құралдарды немесе жоғары
               жиiлiктегi құрылғыларды пайдалану құқығынан
               айыру туралы қаулыны орындау тәртiбi

      1. Радиоэлектронды құралдарды немесе жоғары жиiлiктегi құрылғыларды пайдалану құқығынан айыру туралы қаулыны орындау радиоэлектронды құралдарды немесе жоғары жиiлiктегi құрылғыларды пайдалануға арнаулы рұқсатты алып қою арқылы жүргiзiледi. 
      2. Радиоэлектронды құралдарды немесе жоғары жиiлiктегi құрылғыларды пайдалану құқығынан айырылған адам радиоэлектронды құралдарды немесе жоғары жиiлiктегi құрылғыларды пайдалануға арнаулы рұқсатты тапсырудан жалтарған жағдайда тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiленген тәртiппен радиоэлектронды құралдарды немесе жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдалануға арнаулы рұқсатты алып қоюды жүзеге асырады. 
      3. Радиоэлектронды құралдарды немесе жоғары жиiлiктегi құрылғыларды пайдалануға арнаулы рұқсатты алу тәртiбiн байланыс және ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi. <*>
       Ескерту. 717-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506  Заңымен .

       718-бап. Қаруды алып жүру және сақтау құқығынан айыру
               туралы қаулыны орындау тәртiбi

      Қаруды алып жүру және сақтау құқығынан айыру туралы қаулының орындалуын iшкi iстер органдары заңдарда белгiленген тәртiппен тиiстi куәлiк пен қаруды алып қою арқылы жүзеге асырады.

       719-бап. Лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк
               аттестатынан (куәлiгiнен) айыру не олардың
               белгiлi бiр қызмет түрiне қолданылуын тоқтата
               тұру туралы қаулыны орындау

      Жеке кәсiпкердi немесе заңды тұлғаны лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiгiнен) айыру не белгiлi бiр қызмет түрiне оның қолданылуын тоқтата тұру туралы қаулы осы Кодексте және лицензиялау туралы  заңдарда  белгiленген тәртiппен орындалады.

       720-бап. Лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк
               аттестатынан (куәлiгiнен) айыру не белгiлi
               бiр қызмет түрiне олардың қолданылуын тоқтата
               тұру туралы қаулыны орындайтын органдар

      Жеке кәсiпкердi немесе заңды тұлғаны лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiгiнен) айыру не белгiлi бiр қызмет түрiне оның қолданылуын тоқтата тұру туралы қаулыны лицензия, арнаулы рұқсат, бiлiктiлiк аттестатын (куәлiгiн) берген органдардың лауазымды адамдары орындайды.

       721-бап. Лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк
               аттестатынан (куәлiгiнен) айыру не белгiлi
               бiр қызмет түрiне олардың қолданылуын тоқтата
               тұру туралы қаулыны орындау тәртiбi

      1. Жеке кәсiпкердi немесе заңды тұлғаны лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiгiнен) айыру туралы қаулы лицензияны, арнаулы рұқсатты, бiлiктiлiк аттестатын (куәлiгiн) алып қою арқылы орындалады. 
      2. Жеке кәсiпкер немесе заңды тұлға лицензияны, арнаулы рұқсатты, бiлiктiлiк аттестатын (куәлiгiн) тапсырудан жалтарған жағдайда лицензияны, арнаулы рұқсатты, бiлiктiлiк аттестатын (куәлiгiн) берген орган лицензияны, арнаулы рұқсатты, бiлiктiлiк аттестатын (куәлiгiн) алып қою немесе белгiлi бiр қызмет түрiне олардың қолданылуын тоқтата тұру жөнiнде заңдарда көзделген шараларды қолданады. 

       722-бап. Лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк
               аттестатынан (куәлiгiнен) айыру не белгiлi
               бiр қызмет түрiне олардың қолданылуын тоқтата
               тұру мерзiмдерiн есептеу

      1. Лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiгiнен) айыру не белгiлi бiр қызмет түрiне олардың қолданылуын тоқтата тұру мерзiмi лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiгiнен) айыру (қолданылуын тоқтата тұру) туралы қаулы заңды күшiне енген күннен бастап есептеледi. 
      2. Белгiлi бiр қызмет түрiмен айналысуға лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiгiнен) айыру мерзiмi бiткеннен кейiн сол әкiмшiлiк жазалау шарасы қолданылған адам заңдарда белгiленген тәртiппен лицензия алады. 
      Белгiлi бiр қызмет түрiмен айналысуға лицензияның, арнаулы рұқсаттың, бiлiктiлiк аттестатының (куәлiгiнiң) қолданылуын тоқтата тұру мерзiмi бiткеннен кейiн, сол әкiмшiлiк жазалау шарасы қолданылған адамға одан белгiленген тәртiппен алып қойылған лицензия, арнаулы рұқсат, бiлiктiлiк аттестаты (куәлiгi) қайтарылады. 
      3. Лицензияның, арнаулы рұқсаттың, бiлiктiлiк аттестатының (куәлiгiнiң) қолданылуы әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыда аталған күннен бастап және сонда көрсетiлген мерзiмге тоқтатыла тұрады. 

       723-бап. Жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның
              қызметiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу
              туралы қаулыны орындау

      1. Заңды тұлғаның немесе жеке кәсiпкердiң қызметiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу түрiнде әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны судья шығарады және оны шешiмнiң заңды күшiне енуi бойынша заңды тұлғаның құрылтайшысы немесе жеке кәсiпкер жедел орындауға тиiс. 
      2. Еңбек шарттары бойынша есеп айырысуды, өз қызметi нәтижесiнде келтiрiлген шығындардың орнын толтыруды және айыппұлдарды төлеудi қоспағанда, заңды тұлғаның және жеке кәсiпкердiң қызметiн тоқтата тұру кезеңiнде олардың банктiк салымдарды пайдалану құқығы тоқтатыла тұрады. Қоғамдық бiрлестiктiң қызметiн тоқтата тұру кезеңiнде оған бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалануға, үгiт және насихат жүргiзуге, митингiлер, демонстрациялар және басқа да көпшiлiкке арналған шараларды өткiзуге, сайлауға қатысуға тыйым салынады. Егер қызметiн тоқтата тұру белгiленген мерзiм iшiнде қоғамдық бiрлестiк тәртiп бұзушылықты жойса, қаулыда аталған мерзiм бiткеннен кейiн қоғамдық бiрлестiк өз қызметiн қайта жалғастырады. 
      3. Заңды тұлға құрылтайшысының (басқарушы органының, лауазымды адамының) немесе жеке кәсiпкердiң қызметiн тоқтата тұру не оған тыйым салу түрiндегi судья қолданған әкiмшiлiк жаза өз еркiмен орындалмаған жағдайда қаулы уәкiлеттi органның атқарушылық iс жүргiзу тәртiбiмен орындалады. 

       724-бап. Жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның
               қызметiн тоқтата тұру не оған тыйым салу
               туралы қаулыны орындау тәртiбi

      1. Уәкiлеттi лауазымды адам ұйымдардың, жекелеген өндiрiстердiң жұмысын iшiнара немесе толық тоқтата тұрады, үйлердi, ғимараттарды, жекелеген үй-жайларды, қоймаларды, электр желiлерiн, жылыту аспаптарын пайдалануға тыйым салады. 
      2. Заңды тұлғаларды тiркеудi жүзеге асыратын орган заңды тұлғаның қызметiне тыйым салу (оны тарату) туралы шешiмдi алған соң, заңдарда көзделген қызметке тыйым салу (оны тарату) тәртiбiнiң сақталуын тексередi және он күн iшiнде заңды тұлға қызметiнiң тоқтатылғанын тiркейдi, бұл туралы мемлекеттiк статистика органына хабарланады. 

       725-бап. Құрылысты мәжбүрлеп бұзу туралы қаулыны орындау

      1. Соттың салынып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзу туралы қаулысын өзi жөнiнде осы әкiмшiлiк жаза шығарылған адам орындайды.
      2. Салынып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзу түрiнде сот қолданған әкiмшiлiк жаза өз еркiмен орындалмаған жағдайда қаулыны уәкiлеттi орган атқарушылық iс жүргiзу тәртiбiмен орындайды.

       726-бап. Құрылысты мәжбүрлеп бұзу туралы қаулыны
               орындау жөнiндегi шығындар

      Салынып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзу заң бұзушының есебiнен жүзеге асырылады.

       727-бап. Әкiмшiлiк қамауға алу туралы қаулыны орындау

      1. Судьяның қамауға алу туралы қаулысын заңдарда белгiленген тәртiппен iшкi iстер органдары орындайды.
      2. Әкiмшiлiк қамауға алынған адамдар iшкi iстер органдары белгiлейтiн орындарда күзетпен ұсталады. Әкiмшiлiк қамауға алу туралы қаулыны орындау кезiнде қамауға алынушылар жеке тексеруден өткiзiледi. 
      3. Әкiмшiлiк ұстау мерзiмi әкiмшiлiк қамауға алу мерзiмiне есептеледi. 
      4. Әкiмшiлiк қамауға алу мерзiмiн өтеу заңдарда белгiленген ережелер бойынша жүзеге асырылады. 

       728-бап. Әкiмшiлiк қамауға алуды өтеуден жалтарудың
               зардаптары

      1. Егер әкiмшiлiк қамауға алынған адам әкiмшiлiк қамауға алу мерзiмi бiткенге дейiн оны өтейтiн орынды өз бетiмен тастап кетсе, судьяның қаулысымен қамауда болған мерзiмi қамауға алу мерзiмiне толық немесе iшiнара есептелмеуi мүмкiн. Бұл орайда судья әкiмшiлiк қамауға алудың өтелу  мерзiмiнiң басталуын қайта белгiлейдi.
      2. Әкiмшiлiк қамауға алудың жалпы мерзiмiн отыз тәулiктен асыруға болмайды.

       729-бап. Қаулының мүлiктiк зиянды өтеу бөлiгiнде
               орындалуы

      Осы Кодекстiң 64-бабына сәйкес өндiрiлiп алынуға тиiстi мүлiктiк зиянды өтеу бөлiгiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулы заңдарда белгiленген тәртiппен орындалады.

       730-бап. Қазақстан Республикасынан шетелдiктер мен
               азаматтығы жоқ адамдарды әкiмшiлiк жолмен
               шығарып жiберу туралы қаулыны жүзеге асыратын
               органдар

      Қазақстан Республикасынан шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу туралы қаулыны:
      1) осы Кодекстiң 391-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген құқық бұзушылық жасалған кезде шекара қызметi органдары;
      2) осы Кодекстiң 394, 396 (екiншi бөлiгi) және 397-баптарында көзделген құқық бұзушылықтар жасалған кезде iшкi iстер органдары орындайды.

       731-бап. Қазақстан Республикасынан шетелдiктер мен
               азаматтығы жоқ адамдарды әкiмшiлiк жолмен
               шығарып жiберу туралы қаулыны орындау

      1. Қазақстан Республикасынан шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу туралы қаулыны орындау шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды аумағына аталған адам шығарып жiберiлетiн шет мемлекет өкiметiнiң өкiлiне ресми беру не Қазақстан Республикасынан шығарып жiберiлетiн адамға бақылау жасалына отырып, өз бетiмен кетуi арқылы жүргiзiледi. 
      2. Егер шығарып жiберiлетiн адамды шет мемлекет өкiлiне беру Қазақстан Республикасының аталған мемлекетпен шартында көзделмеген болса, шығарып жiберу шекара қызметi органдары белгiлейтiн орында жүзеге асырылады. 
      3. Егер шығарып жiберу Қазақстан Республикасының аталған мемлекетпен шартында көзделсе, шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу бекетiнен шығарып жiберу туралы аумағына (аумағы арқылы) аталған адам шығарып жiберiлетiн шет мемлекеттiң өкiметi хабардар етiледi. 
      4. Әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу туралы қаулыны орындау екiжақты немесе бiржақты акт түрiнде ресiмделедi.

       732-бап. Жол жүрiсi ережелерiн бiлудi тексеру туралы
               қаулыны орындау

     Жол жүрiсi ережелерiн бiлудi тексеру туралы қаулыны заңдарда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi жол полициясының органдары орындайды.

       733-бап. Қаулыны медициналық сипаттағы мәжбүрлеу
               шараларын қолдану бөлiгiнде орындау тәртiбi

     Қаулыны медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану бөлiгiнде денсаулық сақтау органдарының мамандандырылған мекемелерi заңдарда белгiленген тәртiппен орындайды.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi