Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 3 маусымдағы N 428-II Заңы

      2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) 175-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "175-бап. Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңдарын бұзу

      1. Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген міндетті сақтандыру шартын жасасудан сақтандыру ұйымының жалтаруы, -
      лауазымды адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаға бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Міндетті сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заң актісіне сәйкес міндетті сақтандыру шартын жасасуға міндетті тұлғаның міндетті сақтандыру шартын жасасудан жалтаруы, -
      азаматтарға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, жеке кәсіпкерлерге, жекеше нотариустарға және лауазымды адамдарға - жүзге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      2) 470-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "3. Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі және (немесе) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисі болмаған адамның көлік құралын басқаруы, -
      бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      3) 541-баптың бірінші бөлігі "172," деген цифрдан кейін "175 (екінші бөлігінде) (жекеше нотариустар, аудиторлар және аудиторлық ұйымдар жасаған құқық бұзушылық бөлігінде)," деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 543-бапта:
      бірінші бөлік "165," деген цифрдан кейін "175 (екінші бөлігінде) (көлік құралдарының иелері, автомобиль көлігімен және қалалық электр көлігімен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылық бөлігінде)," деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші бөліктің 7) тармақшасында:
      "осы Кодекстің" деген сөздерден кейін "175 (екінші бөлігінде) (көлік құралдарының иелері, автомобиль көлігімен және қалалық электр көлігімен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылық бөлігінде)," деген сөздермен толықтырылсын;
      "470 (бірінші бөлігінде)" деген сөздер "470 (бірінші және үшінші бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 547-баптың бірінші бөлігі "осы Кодекстің" деген сөздерден кейін "175 (екінші бөлігінде) (әуе көлігімен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылық бөлігінде)," деген сөздермен  толықтырылсын;

      6) 549-баптың бірінші бөлігі "осы Кодекстің" деген сөздерден кейін "175 (екінші бөлігінде) (темір жол көлігімен, теңіз және ішкі су көлігімен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылық бөлігінде)," деген сөздермен толықтырылсын;

      7) мынадай мазмұндағы 567-1-баппен толықтырылсын:
      "567-1-бап. Өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті
                  мемлекеттік орган

      1. Өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган осы Кодекстің 175-бабында (екінші бөлігінде) (өсімдік шаруашылығы өнімін өндірушілер жасаған құқық бұзушылық бөлігінде) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
      2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның басшысы және оның орынбасарлары, аумақтық органдардың басшылары және олардың орынбасарлары құқылы.";

      8) 573-бапта:
      бірінші бөліктегі "173-175-баптарда" деген сөздер "173, 174, 175 (бірінші бөлігінде)-баптарда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "3. Әкімшілік құқық бұзушылық жасалғаны туралы хаттама жасауға құқығы бар, сақтандыру қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамдарының құзыреті осы Кодекске сәйкес айқындалады.";

      9) 630-баптың бірінші бөлігі "466-469" деген цифрлардан кейін ", 470 (үшінші бөлігінде)" деген сөздермен толықтырылсын;

      10) 636-бапта:
      бірінші бөліктің 1) тармақшасында:
      жиырма екінші абзац "179" деген цифрдың алдынан "175 (екінші бөлігі) (осы бұзушылықтарды аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар жасаған кезде)," деген сөздермен толықтырылсын;

      жиырма сегізінші абзац "148," деген цифрдан кейін "175 (екінші бөлігі) (осы бұзушылықтарды жекеше нотариустар жасаған кезде)," деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөліктің екінші абзацындағы "451-баптың" деген сөздің алдынан "175-баптың екінші бөлігі (осы бұзушылықтарды жолаушыларды тасымалдаушылар жасаған кезде)," деген сөздермен толықтырылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті