Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 23 ақпандағы N 33 Заңы

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 2 наурыздағы N 235 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ішкі бақылау қызметтерін құруға рұқсат етілетін мемлекеттік органдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі N 931  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 33, 446-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Ішкі бақылау қызметтерін құруға рұқсат етілетін мемлекеттік органдардың тізбесі:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 12-1-жолмен толықтырылсын:
      "12-1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі