Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 306 бұйрығы.

Жаңартылған
      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ереже бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықтың "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      2) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Министр
Б. Сұлтанов

      

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2016 жылғы 14 маусымдағы № 306
бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) орталық атқару органының құзыреті шегінде кеден ісі саласындағы реттеуші, іске асыру және бақылау функцияларын, салықтардың, кедендік және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және уақтылы түсуін, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіби зейнетақы жарнасын есептеуді, ұстауды, аударуды, әлеуметтік аударымдарды есептеуді және төлеуді қамтамасыз ету, этил спирті мен алкоголь өнімдерінің, темекі бұйымдарының өндірісін, айналымын, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің және биоотынның айналымын мемлекеттік реттеу, оңалту және банкроттық саласындағы мемлекеттік реттеу және бақылау, салық саясатын және кеден ісі саласындағы саясатты іске асыруға қатысу, Қазақстан Республикасында Еуразиялық экономикалық одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізумен, оларды Еуразиялық экономикалық одағының бірыңғай кедендік аумағында кедендік бақылауда тасымалдаумен, уақытша сақтаумен, кедендік декларациялаумен, кедендік рәсімдерге сәйкес шығарумен және пайдаланумен, кедендік бақылау жүргізумен байланысты қатынастарды, мемлекеттік кірістер органдары мен көрсетілген тауарларды иелену, пайдалану және билік ету құқығын іске асыратын тұлғалар арасындағы билік қатынастарын кедендік реттеуді әзірлеуге және іске асыруға қатысу, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу функцияларын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ведомствосы болып табылады.
      2. Комитеттің Қазақстан Республикасы Үкіметі құрайтын және тарататын, мемлекеттік мекеме нысанында заңды тұлға болатын аумақтық органдары бар, оларға: облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттік кірірстер департаменттері, аудан, қалалар және қалалардағы аудандар және арнайы экономикалық аймақ аумақтарында басқармалар, сондай-ақ мамандандырылған кеден мекемелер жатады.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 28.11.2016 № 619 бұйрығымен.
       3. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, Комитеттің өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Комитет республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, қазақ тілде өз атауымен мөрі және мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары бар.
      5. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан әрекет етеді.
      6. Комитеттің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы бола алады.
      7. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Комитеттің актілерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. Комитеттің құрылымы мен штат саны лимитін Қазақстан Республиасының Қаржы министрімен келісілгеннен кейін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Жауапты хатшысы бекітеді.
      9. Комитеттің заңды мекенжайы: почта индексі 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 10.
      10. Мемлекеттік мекеменің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. Комитетке кәсіпкерлік субъектілермен Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуге рұқсат етілмейді.
      14. Егер Комитетке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осы қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттемелері

      15. Комитеттің міндеттері:
      1) өкілеттіктері шегінде мемлекетті ң экономикалық қауіпсіздігін, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің, қоғамның және мемлекеттің заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету;
      2) экономикалы қ қызмет саласындағы қылмыстарды анықтау және тергеу, сондай-ақ "көлеңкелі" экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететін стратегия мен бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
      3) салықтардың, кеден және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, сондай-ақ арнайы демпингке қарсы және өтемдік баждардың толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ету;
      4) Қазақстан Республикасының салық, кеден саясатын іске асыруға қатысу;
      5) Қазақстан Республикасы салық заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету;
      6) Қазақстан Республикасында кедендік реттеу және Қазақстан Республикасының кедендік және басқа заңнамаларын сақтауды, мемлекеттік кірістер органдарына жүктелген орындалуын бақылау қаматамсыз ету;
      7) Комитетті ң құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастық;
      8) Комитетті ң құзыретіне кіретін Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарды әзірлеуге қатысу;
      9) өз құзыреті шегінде Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігін, адам өмірі мен денсаулығын, жануарлар мен өсімдіктер әлемін, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттердің валюталарын, бағалы қағаздарды және (немесе) валюталық құндылықтарды, жол чектерін Еуразиялық экономикалық одағының кедендік шекарасы арқылы өткізуге бақылауды жүзеге асыру кезінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы
      іс-қимыл жөніндегі шараларды қамтамасыз ету;
      10) Еуразиялы қ экономикалық одағының кеден заңнамасының, Қазақстан Республикасының салық, кеден заңнамасының және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасының сақталуын және орындалуын қамтамасыз ету;
      11) мемлекеттік кірістер органдарыны ң материалдық-техникалық және әлеуметтік базасын дамытуға қатысу;
      12) өз құзыреті шегінде кедендік-тарифтік реттеу шараларының, Еуразиялық экономикалық одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету;
      13) Еуразиялы қ экономикалық одағының бірыңғай сауда саясатын іске асыруға жәрдемдесу;
      14) кедендік реттеу саласында тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етуді және Еуразиялық экономикалық одағының кедендік шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдету үшін жағдай жасау;
      15) кедендік декларациялауды, кедендік бақылауды жүзеге асыру және жетілдіру, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік операцияларды жүргізуді оңайлатуға және Еуразиялық экономикалық одағының кедендік шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдетуге ықпал ететін жағдайлар жасау;
      16) зертханалы қ сараптаманы қоспағанда, Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобильдік өткізу пункттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау жүргізу;
      17) Еуразиялы қ экономикалық одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде ветеринарлық-санитарлық бақылау және өсімдіктер карантині бойынша бақылау органдарының қызметтерін үйлестіру;
      18) Еуразиялық экономикалық одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде көліктік және санитарлық-карантиндік бақылау жүргізу;
      19) Еуразиялы қ экономикалық одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде радиациялық бақылау жүргізу;
      20) кедендік операциялар жасауды және кедендік бақылау жүргізуді, оның ішінде өзара әкімшілік көмек көрсету шеңберінде жүргізу;
      21) кедендік статистика жүргізу;
      22) тауарларды шығарғаннан кейін кедендік бақылауды жүзеге асыру;
      23) трансферттік баға қолдану кезінде бақылауды жүзеге асыру;
      24) этил спиртінің, алкоголь өнімінің, темекі өнімдерінің өндірісі мен айналымын, сондай-ақ мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің және биоотынның айналымын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;
      25) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстау мен аударудың, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды есептеудің және төлеудің толықтығы мен уақтылығын қамтамасыз ету;
      26) кеден ісі саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;
      27) оңалту және банкроттық саласындағы (банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтау зейнетақы қорларын қоспағанда) мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;
      28) әкімшіні есепке алу, о ңалтушы және конкурстық басқарушыларды тағайындау және шеттету тәртібін, сондай-ақ әкімшінің біліктілігін арттыру айқындауға қатысу;
      29) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу бойынша мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
      30) экономикалы қ және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға, оларды анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеу;
      31) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындау.
      16. Комитеттің функциялары:
      1) салықтардың, кеден және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, сондай-ақ арнайы демпингке қарсы және өтемдік баждардың толық және уақтылы түсуін көздейтін заңнаманың сақталуын бақылау;
      2) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінде (Салық кодексі), "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексінде және тиісті халықаралық шарттарда белгіленген тәртіпте халықаралық шарттардың ережелерін қолдану;
      3) басқа мемлекеттік органдармен Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимыл жасау;
      4) Комитет құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету;
      5) мемлекеттік кірістер органдарының қарамағына жатқызылған мәселелер бойынша шет мемлекеттердің тиісті органдарымен өзара іс-қимыл және өз өкілеттіктері шегінде халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысу;
      6) экономикалық және қаржылық қылмыстармен және құқық бұзушылықтармен күрес мәселелері бойынша шет мемлекеттердің тиісті органдарымен өзара іс-қимыл және өз өкілеттіктері шегінде халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысу;
      7) Еуразиялы қ экономикалық одағының кеден заңнамасының, Қазақстан Республикасының кеден, салық заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру бойынша орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
      8) бюджетке түсімдерді болжамдауға қатысу;
      9) Комитет құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың қызметіне бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      10) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің орындауға міндетті талаптарын белгілеу және бекіту;
      11) салықтық және кедендік әкімшілендіруді жүзеге асыру;
      12) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық бақылауды және Еуразиялық экономикалық одағының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік бақылауды (оның ішінде тауарлар шығарылғаннан кейін) жүзеге асыру;
      13) келіп түсетін кеден iсi саласындағы сұрау салулар мен ұсыныстардан туындайтын жауаптарды уақтылы қарау және беру немесе өзге де iс-қимылдарды қамтамасыз ету;
      14) салықтық және кедендік әкімшілендірудің бизнес-процесстерінің модельдеуін жүзеге асыру;
      15) "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, электрондық қызметтер көрсету;
      16) мемлекеттік қ ызмет көрсету стандарттарына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;
      17) мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын бақылау;
      18) мыналарды:
      сотқа дейінгі іс жүргізу барысында зерттеулерді ұйымдастыру бойынша, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қоса алғанда, ақпараттық жүйелерді;
      байланыс және деректерді беру жүйелерді;
      кедендік бақылаудың техникалық құралдарды;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қорғау құралдарын;
      және мемлекеттік кірістер органдарына жүктелген міндеттерді орындауды қамтамасыз ететін өзге де ақпараттық жүйелерді әзірлеу, құру, сатып алу, пайдалану және жаңғырту;
      19) тәуекелдерді бағалау және басқару бойынша қызметті жүзеге асыру, тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану;
      20) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіпте салықтық тексерулерді, Қазақстан Республикасының және Еуразиялық экономикалық одағының кеден заңнамасында көзделген тәртіпте кедендік тексерулерді, Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында көзделген тәртіпте трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша тексерулерді жүзеге асыру;
      21) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жоспардан тыс салықтық, кедендік тексерулер тағайындау туралы шешім қабылдау;
      22) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте салықтардың, кедендік баждардың, кедендік алымдардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің артық (қате) төленген немесе артық өндіріліп алынған сомаларын қайтаруды (есепке жатқызуды) жүзеге асыру;
      23) "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiнде белгіленген тәртіппен кедендiк төлемдер мен салықтардың, оның iшiнде белгiленген мерзiмде бюджетке төленбеген сомаларын, сондай-ақ олар бойынша өсiмақыны өндiрiп алу;
      24) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте ақпараттық жүйелер арқылы мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
      25) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кірістер органдарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпаратты интернет-ресурсқа орналастыру;
      26) салық төлеушілердің (салық агентінің, оператордың), декларанттың және кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын өзге де адамның салықтық, кедендік тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) жоғары тұрған мемлекеттік кірістер органының хабарламаға, жасалған шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымын Қазақстан Республикасының кеден және салық заңнамасында белгіленген тәртіпте және мерзімдерде қарау;
      27) салық берешегін, кедендік төлемдер мен салықтар, өсімпұлдар бойынша берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      28) мемлекет меншігіне айналдырылған тауарлар мен көлік құралдарының сақталуын қамтамасыз ету;
      29) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіпте заңды күшіне енген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыларды қайта қарау;
      30) Комитет қызметінің өзекті бағыттары бойынша ғылыми-зерттеулер мен әзірлемелер жүргізуді ұйымдастыру;
      31) есеп жүргізу тәртібі бұзылған жағдайда жанама әдістер негізінде салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді (активтерді, міндеттемелерді, айналымды, шығындарды, шығыстарды) айқындау;
      32) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіпте уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылау тағайындау туралы шешім қабылдау;
      33) салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасын қалыптастыру;
      34) мемлекеттік тізілімге (тізілімнен) бақылау-кассалық машиналарының модельдерін енгізу (шығару) жолымен бақылау-кассалық машиналарының мемлекеттік тізілімін жүргізу;
      35) салық міндеттемесінің туындауына, орындалуына және тоқтатылуына байланысты мәселелер бойынша түсіндірулерді жүзеге асыру;
      36) салықтық түсімдерді бақылау және талдау;
      37) бұрын жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды келісімшарттар жасасу сәтінде қолданыста болған Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасына сәйкестігі мәніне, сондай-ақ даулы мәселелерді анықтау және Қазақстан Республикасы мен жер қойнауын пайдаланушылардың экономикалық мүдделерінің бастапқы теңгерімін қалпына келтіру мақсатында Өнім бөлу туралы келісімге (бұдан әрі – ӨБК) өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі бойынша жер қойнауын пайдаланушылармен келіссөздер жүргізудің даулы мәселелерін анықтау мақсатында талдау жүргізу;
      38) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мәмілелер, тексерулер және өзге де рәсімдердің мониторингін өткізу арқылы бақылауды жүзеге асыру;
      39) салық салу мәселелері бойынша шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен өзара келісу рәсімдерін жүргізу;
      40) этил спирті мен алкоголь өнімдерінің өндірісі мен айналымына, темекі өнімдерінің өндірісіне лицензия беру;
      41) зерттеулер жүргізу арқылы субъектілердің этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуіне және айналымына, темекі өнімдерінің өндірісіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау;
      42) Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы жөнiндегi қызметтi лицензиялау;
      43) этил спиртінің, алкоголь өнімінің өндірісі мен айналымы саласында есепке алуды, есептілікті ұйымдастыру;
      44) темекі өнімдерінің өндірісі мен айналымы саласында есепке алуды, есептілікті ұйымдастыру;
      45) мұнай өнімдерін өндіру мен олардың айналымы жөнінде бірыңғай дерекқорды жүргізу;
      45-1) автожанармай құю станцияларында және мұнай өнімдері базасында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысанын және оны жүргізу қағидаларын әзірлеу;
      45-2) мұнай өнiмдерiн өндiру және олардың айналымы жөніндегі бірыңғай дерекқор жүргізу;
      45-3) мұнай өнімдерінің айналымына камералдық бақылау жүргізу;
      45-4) мұнай өнімдеріне дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын әзірлеу;
      45-5) мұнай өнімдерінің айналымы саласында бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның нысанын әзірлеу;
      46) мұнай өнiмдерiн өндiру және олардың айналымы жөніндегі бірыңғай дерекқор жүргізу және қалыптастыру ережесін әзірлеу;
      47) темекі өнімдерінің өндірісі мен айналымы бойынша мониторинг жүргізу;
      48) этил спиртінің, алкоголь өнімінің, темекі өнімдерінің өндірісі мен айналымын, сондай-ақ мұнай өнімдерінің және биоотынның айналымын бақылауды жүзеге асыру бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
      48-1) мұнай өнiмдерiн өндiру және олардың айналымы жөніндегі бірыңғай дерекқордан мұнай өнiмдерiн өндiру және олардың айналымы көлемі жөнінде ақпаратты мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы уәкілетті органға өз құызерті шегінде салыстыру үшін ұсыну;
      48-2) мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы уәкілетті орган ұсынған қайта өңдеу өнімдерінің тізбесін келісу;
      49) этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және олардың айналымы, темекі өнімдерін өндіру саласындағы Рұқсаттар және хабарламалар туралы Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтау бойынша бақылау жүргізу;
      50) темекі бұйымдарын өндіру және олардың айналымы көлемдерінің теңгерімін бақылауды, есепке алу мен талдауды жүргізу;
      51) этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндіруді және олардың айналымын бақылауды жүзеге асыру;
      52) мұнай өнімдерінің және биоотынның айналымын бақылауды жүзеге асыру;
      53) алкоголь өнімдері мен темекі өнімдерін сату кезінде ең төменгі бағалардың сақталуын бақылау;
      54) этил спиртінің, алкоголь өнімінің, темекі өнімдерінің өндірісі мен айналымы саласында, сондай-ақ мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің және биоотынның айналымы саласындағы бұзушылықтарға мемлекеттік бақылау және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ықпал ету шараларын қабылдау;
      55) этил спиртінің алкоголь өнімін өндірушілерге, фармацевтикалық кәсіпорындар мен мемлекеттік медициналық мекемелерге сатылуын, сондай-ақ этил спиртін техникалық мақсатта және алкогольді емес өнімдерді өндіру үшін пайдаланатын ұйымдарға бақылау;
      56) этил спирті мен алкоголь өнімінің белгіленген ең төменгі өндіру көлемін бақылау;
      57) өз құзыреті шегінде субъектілердің этил спиртінің, алкоголь өнімінің және темекі өнімдерінің, сондай-ақ мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің және биоотынның өндірісі мен айналымы саласында қолданылатын технологиялық үрдістің, сақтаудың және сатудың, техникалық регламенттер мен стандарттардың нормаларын, қағидаларын және нұсқаулықтарын сақтауын бақылау;
      58) акцизделетін тауарлардың өндіруін және импорттауын жүзеге асыратын ұйымдардағы акциз бекеттерінің қызметін бақылау;
      59) этил спиртін өндірудің технологиялық желілерінің және алкоголь өнімдерін құю желілерінің тиісті спирт өлшейтін аппараттармен және есептеуші бақылау аспаптарымен жарақтандырылуын, сондай-ақ мұнай өңдеу зауыттарында, мұнай өнімдерінің базаларында және жанармай құю станцияларында есептеуші бақылау аспаптарын, және олардың жұмыс істеуін бақылау;
      60) этил спирті мен алкоголь өнімінің, мұнай өнімдерінің айналымын ілеспе жүкқұжаттары және этил спирті мен алкоголь өнімінің, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің айналымы бойынша декларация арқылы бақылауды жүзеге асыру;
      61) оңалту рәсімдері мен банкроттық рәсімдердің өткізілуіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      62) жалған және қасақана банкроттықтың белгілерін анықтау;
      63) уақытша әкімші, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушы ретінде қызметін жүзеге асыруға үміткер тұлғалардың біліктілік емтихандарын өткізу тәртібін айқындауға қатысу;
      64) уақытша әкімші, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушы ретінде қызметін жүзеге асыруға үміткер тұлғалар үшін біліктілік емтихандарын өткізу;
      65) әкімшілерді есепке алу, оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды тағайындау және шеттету тәртібін, сондай-ақ әкімшінің біліктілігін арттыру тәртібін айқындауға қатысу;
      66) оңалтуды және банкроттықты басқарушының қорытынды есебінің нысандарын әзірлеуге қатысу;
      67) оңалту жоспарының тиімділігі (тиімсізділігі) туралы уақытша әкімші қорытындысының үлгілік нысандарын әзірлеуге қатысу;
      68) борышкердің қаржылық жағдайы туралы уақытша басқарушы қорытындысының үлгілік нысандарын әзірлеуге қатысу;
      69) уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушының қызметін жүзеге асыру құқығы бар адамдарды тіркеу және оларды тіркеуден шығару;
      70) кредиторлар жиналысы ұсынған кандидатураны оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы етіп тағайындау;
      71) "Оңалту және банкроттық туралы" 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңында реттелетін қатынастарда уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың электрондық тәсілмен қатысу тәртібін белгілеу жөнінде ұсыныстарды әзірлеу;
      72) табиғи монополия субъектілері немесе тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие болған нарық субъектілері болып табылатын не республика экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәні бар, азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға әсер ете алатын, оның ішінде акцияларының пакеттері (қатысу үлестері) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стратегиялық объектілерге жатқызылған ұйымдардың, сондай-ақ мемлекеттің бастамасымен банкрот деп танылған, оларға қатысты "Оңалту және банкроттық туралы" 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңында осындай тәртіп көзделген ұйымдардың банкроттығы кезінде ерекше шарттар белгілеу бойынша ұсыныстарды және мүліктік массаны өткізу тәртібін және мүліктік масса объектілерін сатып алушыларға қойылатын қосымша талаптарды әзірлеу;
      73) оңалтушы басқарушының оңалту рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы, уақытша басқарушының борышкердің қаржылық жай-күйі туралы мәліметтерді жинаудың және банкроттық рәсімнің жүзеге асырылу барысы туралы, банкроттық басқарушының банкроттық рәсімнің жүргізілу барысы туралы ағымдағы ақпараттарын қарау;
      74) кредиторлар талабының тізілімін интернет-ресурсқа орналастыру;
      75) банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген банкроттардың тізімін уәкілетті органның интернет-ресурсында жариялау;
      76) "Оңалту және банкроттық туралы" 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес интернет-ресурсқа орналасытру:
      кредиторлар жиналысын өткізу туралы хабарлама;
      банкроттық туралы iс қозғау және кредиторлар талабының мәлімдеуі тәртібін жариялау;
      борышкердi банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы жариялау;
      оңалту рәсімін қолдану және кредиторлардың талаптарды мәлімдеуі тәртібі туралы жариялау.
      77) уақытша басқарушының борышкерді банкрот деп тану туралы өтініште көрсетілген мекенжай бойынша борышкердің жоқ екені және оның есебінен банкроттық рәсімді жүзеге асыруға болатын мүліктің (активтердің) жоқ екені туралы қорытындысын ескере отырып, жоқ борышкерді банкрот деп тануды және банкроттық рәсім қозғамай оны таратуды келісу;
      78) сот шешімі бойынша:
      "Оңалту және банкроттық туралы" 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабының 4-тармағында көзделген жағдайда кредиторлардың алғашқы жиналысын;
      "Оңалту және банкроттық туралы" 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 118-бабында белгіленген тәртіпте банкроттық рәсімін қозғамай банкротты тарату жүргізу;
      79) борышкердің мүлкін (активтерін) сату бойынша электрондық аукцион өткізу тәртібінің сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
      80) "Оңалту және банкроттық туралы" 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес мән-жайларда жасалған мәмілелерді анықтау жөнінде шаралар қабылдау;
      81) санкцияға қатысушыдан растайтын құжаттарды сұратуды жүзеге асыру;
      82) "Оңалту және банкроттық туралы" 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңында көзделген жағдайда банкроттың мүлкін уақытша басқарушының сатуына келісу;
      83) уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың әрекеттеріне жасалған шағымдарды қарау;
      84) мемлекеттік органдардан, заңды тұлғалардан және олардың лауазымды адамдарынан төлемге қабілетсіз және дәрменсіз борышкерлер туралы ақпараттың сұратылуын және алуын жүзеге асыру;
      85) уақытша және банкроттықты басқарушыларға банкрот деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі бар тұлғаның банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдықтары мен қозғалысы туралы ақпаратты ұсыну;
      86) "Оңалту және банкроттық туралы" 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңын бұзушылықтар анықталған жағдайда уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың шешімдері мен әрекеттерін (әрекетсіздігін) сотта даулау;
      87) өз құзыреті шегінде оңалту және банкроттық рәсімдердің жүргізілуі, өткізілуі және тоқтатылуы бойынша түсіндірулер мен түсініктемелер беру;
      88) сотқа уақытша басқарушының, уақытша әкімшінің тіркеуден шығарылғаны туралы, сондай-ақ кредиторлар жиналысына оңалту не банкроттық басқарушының тіркеуден шығарылғаны туралы хабарлама жіберу;
      89) оңалтуды немесе банкроттықты басқарушыны шеттету;
      90) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын бекіту;
      91) Комитеттің өкілеттіктеріне жататын мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру;
      92) тауарлар мен көлік құралдарының Еуразиялық экономикалық одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілуіне Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген тәртіпте кедендік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      93) Еуразиялық экономикалық одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдаланумен кедендік декларациялауды және кедендік тазартуды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      94) қолма-қол ақша қаражаты мен ақша аспаптарына кедендік декларациялауды жүзеге асыру;
      95) жеке тұлғалардың жеке пайдалануы үшін тауарлар мен көлік құралдарын Еуразиялық экономикалық одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу тәртібін ұйымдастыру;
      96) халықаралық почта жөнелтілімдерімен жеке пайдалануы үшін жіберілетін тауарларды өткізу тәртібін ұйымдастыру;
      97) шетелдік тұлғалардың жекелеген санаттарының тауарларын Еуразиялық экономикалық одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу тәртібін ұйымдастыру;
      98) халықаралық тасымалдың көлік құралдарын өткізу тәртібін ұйымдастыру;
      99) кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға бақылауды жүзеге асыру;
      100) трансферттік баға белгілеуді қолдану бойынша келісім жасасуға мәміле қатысушысының өтінішін қарау;
      101) сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметке қатысушыларды Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына қатысты мәселелер және мемлекеттік кірістер органдарының құзыретіне кіретін өзге мәселелер бойынша, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одағының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасындағы өзгерістер мен толықтырулар туралы уақтылы хабардар етуді және кеңес беруді тұрақты негізде қамтамасыз ету;
      102) "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген тізілім жүргізу;
      103) Қазақстан Республикасының сыртқы саудасының кедендік статистикасын және арнаулы кедендік статистикасын жүргізу;
      104) Еуразиялық экономикалық одағының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес шартты шығарылған тауарларға кедендік бақылауды жүзеге асыру;
      105) кедендік декларациялауды, кедендік бақылауды жүзеге асыру және жетілдіру, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одағының кедендік шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдетуге ықпал ететін жағдайлар жасау;
      106) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының қорғауын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды ұлттық қауіпсіздік органдарымен және басқа да тиісті мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
      107) өз құзыреті шегінде Еуразиялық экономикалық одағының кедендік шекарасын қорғауды және кедендік бақылау аймағы режимін сақтауды қамтамасыз ету;
      108) тауарлардың шығарылған елін айқындаудың дұрыстығына бақылауды жүзеге асыру;
      109) тарифтік преференциялар берудің дұрыстығына бақылауды жүзеге асыру;
      110) Еуразиялық экономикалық одағының Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауарлардың сыныптауына (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) бақылауды жүзеге асыру;
      111) тауарлардың кедендік құнының дұрыс айқындалуына бақылауды жүзеге асыру;
      112) Еуразиялық экономикалық одағының мемлекеттік (кедендік) шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізу пункттерінде радиациялық бақылаудың жүргізілуін ұйымдастыру;
      113) кедендік сараптама жүргізу;
      114) Еуразиялық экономикалық одағы тауарларының мәртебесіне ие болмайтын тауарлар орналастырылған кезде кедендік рәсімдер шарттарының сақталуына кедендік бақылауды жүзеге асыру;
      115) тауарлар шығарылған ел туралы алдын ала шешім, ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес тауарларды сыныптауы мен Еуразиялық экономикалық одағының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес өзге де шешім қабылдау;
      116) кеден ісі саласындағы және уәкілетті экономикалық операторлардың қызметін жүзеге асыруға арналған тізілімге енгізу туралы шешім қабылдау;
      117) Еуразиялық экономикалық одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізген кезде зияткерлік меншік құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету;
      118) зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу туралы шешім қабылдау;
      119) Еуразиялық экономикалық одағының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған, олардың негізінде кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден босату берілетін құжаттарды қарау;
      120) Еуразиялық экономикалық одағының кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумақтан жүзеге асырылатын Еуразиялық экономикалық одағы кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумаққа әкелуді немесе әкетуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәдени құндылықтарды, қолма-қол валютаны, қаржы мониторингіне жататын, ұсынушыға арналған құжаттандырылған бағалы қағаздарды, вексельдерді, чектерді Қазақстан Республикасына әкелу немесе Қазақстан Республикасынан әкету жөнінде ақпарат жинауды жүзеге асыру;
      121) экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды жасауға дайындалу және жасағаны туралы статистикалық және жедел ақпаратты жинауды, жинақтауды және талдауды жүзеге асыру;
      122) мемлекеттік кірістер органдары қызметінің қауіпсіздігін, мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдарын және олардың отбасы мүшелерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңсыз іс-қимылдардан қорғауды қамтамасыз ету;
      123) Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында көзделген тәртіпте экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді (оңайлатылған сотқа дейінгі іс жүргізу), алдын ала тергеуді, тергеуді жүзеге асыру;
      124) жедел-iздестiру қызметiн Қазақстан Республикасының жедел-iздестiру қызметi туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асыру;
      125) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпаратты қорғау және ақпарттық қорғау құралдарын пайдалану жөніндегі талаптардың сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
      126) өз құзыретінің мәселелері бойынша жалпы республикалық, өңірлік және профилактикалық іс-шаралардың үйлестіруін жүзеге асыру және жүргізу, қолда бар күш пен құралдарды пайдалану жөнінде оңтайлы шешімдер әзірлеу, Комитеттің аумақтық органдарына және оқу орындарына практикалық және әдістемелік көмек көрсету, оң жұмыс тәжірибесін жинақтау мен тарату;
      127) сотқа дейінгі тергеу, тергеу қызметі, жедел-іздестіру практикасына талдауды және анықтауды жүзеге асыру, республикадағы жедел жағдайға болжам жасау, жедел ден қою шараларын қабылдау және экономикалық және қаржылық қылмыстарға және құқық бұзушылықтарға қарсы күрес нысандары мен әдістерін жетілдіру;
      128) Комитеттің қарамағына жатқызылған қылмыстық істер бойынша адамдарды, соттың қаулысы бойынша мемлекет мүддесіне орай қойылған талап-арыздар бойынша жауапкерлердің жүрген жері белгісіз болған кезде оларды іздестіруді жүзеге асыру;
      129) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес кеден ісі саласында құқық бұзушылық, қылмыс жасаған немесе құқық бұзушылық, қылмыс жасады деп күдік келтірілген тұлғаларды ұстау және Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер және өзге де органдарының қызметтік үй-жайларына жеткізу;
      130) экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға қарсы күрес саласында мемлекеттік кірістер органдары қызметінің тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру;
      131) Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында көзделген тәртіпте сотқа дейінгі өндірісті (оңайлатылған сотқа дейінгі өндіріс), контрабандамен, кедендік төлемдер мен алымдарды төлеуден жалтарумен байланысты қылмыстар туралы істер бойынша анықтауды жүзеге асыру;
      132) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгерістер мен толықтырулар енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 28.11.2016 № 619 бұйрығымен.
       17. Комитеттің құқықтары мен міндеттемелері.
      Құқықтары:
      1) құзыреті шегінде Комитеттің нормативтік құқықтық және құқықтық актілерін әзірлеу және бекіту;
      2) Қазақстан Республикасында қылмысқа қарсы күрес бағдарламаларын әзірлеу және іске асыруға қатысу;
      3) салықтық және кедендік бақылауды, оның ішінде салықтық және кедендік тексеруді өткізу жолымен жүзеге асыру;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте және халықаралық шарттарының ережелеріне сәйкес Комитеттің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыруға қажетті ақпаратты, құжаттарды, сондай-ақ өзге де мәліметтерді сұрату және алу;
      5) салықтық және кедендік бақылауды жүргізген кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте түрлі білім салаларының мамандарын тарту;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, оның ішінде кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын салық төлеушіні (салық агентін), декларантты және тұлғаны банкрот деп тану туралы, мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар салық төлеуші (салық агенті) акционерлік қоғамның жарияланған акцияларын мәжбүрлеп шығару туралы, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 49-бабы 2-тармағының 1), 2) тармақшаларында көзделген негіздемелер бойынша заңды тұлғаны тарату туралы соттарға талап-арыз беру;
      7) меншік нысанына қарамай ұйымдардың басшылары мен өзге де лауазымды тұлғалардан, сондай-ақ жеке тұлғалардан құжаттарды, оның ішінде коммерциялық, банктік және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді, ақпаратты талап етуге, тауарларды көрсетуді, түгендеу мен тексеруді талап етуге, сондай-ақ аталған тұлғалардан Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Комитеттің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өзге де әрекеттерді жасауды талап ету;
      8) мыналарды:
      сотқа дейінгі іс жүргізу барысында зерттеулерді ұйымдастыру бойынша, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қоса алғанда, ақпараттық жүйелерді;
      байланыс және деректерді беру жүйелерді;
      кедендік бақылаудың техникалық құралдарды;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қорғау құралдарын;
      және мемлекеттік кірістер органдарына жүктелген міндеттерді орындауды қамтамасыз ететін өзге де ақпараттық жүйелерді әзірлеу, құру, сатып алу, пайдалану және жаңғырту;
      9) мемлекеттік кірістер органдарының қарауына жатқызылған мәселелер бойынша шет мемлекеттердің тиісті органдарымен, халықаралық ұйымдармен ынтымақтасу;
      10) Қазақстан Республикасының заннамасында белгіленген тәртіпте ғылыми-зерттеу, оқыту, баспа қызметін жүзеге асыру;
      11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте өзара ақпарат алмасуды, оның ішінде электрондық тәсілмен қамтамасыз ете отырып, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасасу;
      12) Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін міндетті нұсқаулар беру;
      13) салық заңнамасының және Еуразиялық экономикалық одағы мен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының мәселелері бойынша қоғамның салық және кеден мәдениетін және хабардарлығын арттыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу;
      14) Комитет қызметкерлеріне даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды жүзеге асыру;
      15) Қазақстан Республикасында және шет мемлекеттерде салық және кеден заңнамасын қолдану практикасын талдау және қорыту, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одағының және Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
      16) салық салу және кеден ісі саласында халықаралық шарттар жасасу және оған қосылу бойынша ұсыныстар енгізу;
      17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кедендік декларациялауды және кедендік бақылауды жүзеге асыратын Комитеттің аумақтық органдарының жұмыс уақытын айқындау;
      18) Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдарының, бағыныстағы мекемелерінің жұмысын бақылау;
      19) бұрын жасалған Өнімді бөлу туралы келісімге (бұдан әрі – ӨБК) өзгерістер мен толықтыруларға талдау, сондай-ақ бұрын жасалған ӨБК-нің қаржылық-экономикалық модельдеріне өзгерістер мен толықтырулар бойынша технико-экономикалық есептер жүргізу;
      20) жер қойнауын пайдалануға келісім-шарттарды жасау кезінде қолданыста болған олардың бұрын жасалған келісім-шарттарының ережелері Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасына сәйкестігін, сондай-ақ ӨБК-ге өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері бойынша жер қойнауын пайдаланушылармен келіссөздер жүргізу және даулы мәселелерді анықтау мақсатында, оның ішінде Қазақстан Республикасының және жер қойнауын пайдаланушылардың экономикалық мүдделерінің бастапқы теңгерімдерін қалпына келтіру мақсатында талдау жүргізу;
      21) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалануға келісім-шарттардың және ӨБК ережелерін бірыңғай түсіндіруді қамтамасыз ету мақсатында, оның ішінде тиісті жұмыс топтарына қатысуға, қажетті нұсқамалық құжаттарды дайындауға әдістемелік жұмыстар жүргізу;
      22) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте салық салумен байланысты объектілерді және (немесе) салық салу объектілерін жанама әдіспен анықтау;
      23) оңалту рәсімдерін және банкроттық рәсімдерді жүргізуде әкімшілердің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауына тексеру жүргізу;
      24) әкімшілердің оңалту рәсімдерін және банкроттық рәсімдерді жүргізуге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауына тексеру өткізуге басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тарту;
      25) әкімшінің қызметіне камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы, сондай-ақ осы бұзушылықтар үшін босатылған бұның алдындағы әкімшінің қызметіне тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жіберу;
      26) әкімшінің қызметіне камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалғаны туралы есеп берілуін талап ету;
      27) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте банкроттық рәсімін қозғамай банкротты тарату;
      28) оңалту, банкроттық басқарушылардың кандидатурасын тағайындаудағы кредиторлардың жиналысына дәлілді бас тартуды не оңалту, банкроттық басқарушыларды тіркеуден алу туралы хабарламаны жолдау;
      29) этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын реттеу мәселелері бойынша басқа мемлекеттердің және Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларынан консультанттар мен сарапшыларды, басқа да мемлекеттік органдардың мамандарын тарту;
      30) алкоголь өнімдерін сақтау, бөлшек және көтерме сату бойынша қызметке лицензия беру кезінде қызмет объектісінің орналасқан жері бойынша Комитеттің аумақтық органдарының қызметшілерін тарту;
      31) этил спиртінің, алкоголь өнімдерінің, темекі өнімдерінің өндірісі және айналымы, сондай-ақ мұнай өнімдерінің жеке түрлерінің және биоотынның айналымы саласында қызмет ететін субъектілердің технологиялық үрдістердің, техникалық регламенттер мен стандарттарын сақтау және іске асырудың нормаларын, ережелерін және нұсқауларын сақтауын тексеру;
      32) этил спирті өндірісінің технологиялық желісін және алкоголь өнімдерінің құйылу желісін тиісті спирт өлшеуші аппараттармен және есепті бақылау құралдарымен жабдықталуына және олардың жұмыс істеуіне бақылауды жүзеге асыру;
      33) арақ пен ликер-арақ бұйымдарының, этил спиртін әзірлеудің ең төменгі көлемін, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген талаптардың сақталуы үшін оларды әзірлеу бойынша нақты көлемін тексеру;
      34) Еуразиялық экономикалық одағының кедендік аумағынан мемлекеттік кірістер органдарының рұқсатынсыз шығып кеткен көлік құралдарын тоқтату, сондай- ақ су және әуе кемелерін мәжбүрлеп қайтару;
      35) өз құзыреті шегінде темекі өнімдерінің өндірісі мен айналымына мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтер беру туралы темекі өнімдерін өндірушілерге сұрау салу жіберу;
      36) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуды жүзеге асыру;
      37) жолаушылар және тауар ағынының көлемін, жекелеген өңірлердің және (немесе) сыртқы экономикалық және өзге қызметке қатысушылардың сыртқы экономикалық байланыстарының даму қарқынын негізге ала отырып, Комитеттің кедендік декларациялауды және кедендік бақылауды жүзеге асыратын аумақтық органдарының орналасқан орнын айқындау;
      38) көшпелі кедендік тексерулер жүргізу кезінде алып қою актісін жасай отырып, тексерілетін тұлғадан құжаттарды не олардың көшірмелерін алып қою;
      39) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте көшпелі кедендік тексеру жүргізілетін тауарларды иеліктен айыруға не өзге тәсілмен билік етуге бағытталған іс-әрекеттердің жолын кесу үшін көшпелі кедендік тексеру жүргізу мерзіміне тауарларға тыйым салу немесе оларды алып қою;
      40) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда тауарлар орналасқан үй-жайларға сүргі салу;
      41) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шет мемлекеттерге кеден ісі мәселелері бойынша мемлекеттік кірістер органдарының ресми өкілдерін жіберу;
      42) қылмыстық-процестік заңнамасына және "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес құжаттарды, тауарларды, заттарды немесе өзге де мүлікті алып қоюға немесе арасынан алуды жүргізу;
      43) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес фактілер мен оқиғаларды құжаттау, бейне- және аудиожазба, кино- және фотоға түсіру жүргізу;
      44) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кірістер органдарына жүктелген функцияларды орындау үшін қаруды, арнайы техникалық және өзге де құралдарды қоса алғанда, сондай-ақ тауарлар, арнайы иттер сатып алу;
      45) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дене күшін, арнаулы құралдарды және атыс қаруын қолдану;
      46) "Жедел-іздестіру қызметі туралы" 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру;
      47) жеке және заңды тұлғаларға қылмыстар және өзге де құқық бұзушылықтар жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы орындалуға міндетті нұсқамалар мен ұсынымдар беру;
      48) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қару, оқ-дәрі, арнайы құралдар сақтауға, алып жүруге және қолдануға, сондай-ақ қажет болған кезде білек күшін, оның ішінде күрестің жауынгерлік тәсілдерін де қолдану;
      49) Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асыру;
      50) іс жүргізуде бар материалдар мен қылмыстық істер бойынша құжаттарға, материалдарға, статистикалық ақпаратқа және өзге мәліметтерге қол жеткізу, сондай-ақ ұйымдардың басшылары мен басқа да лауазымды адамдарынан, жеке тұлғалардан оларды беруді талап ету, олардың көшірмелерін түсіру, түсініктемелер алу;
      51) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте тиісті уақытша ұстау изоляторларын, тергеу изоляторларын пайдалану;
      52) іс жүргізуде бар қылмыстық істер бойынша шақыру бойынша келуден жалтарып жүрген адамдарды күштеп әкелу;
      53) ұсталғандарды және қамауға алынған өзге де адамдарды күзетпен алып жүру;
      54) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құзыреттер шегінде криминалистік зерттеулер жүргізу;
      55) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру құқығы бар.
      Міндеттемелері:
      56) декларанттардың және кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың, салық төлеушілердің (салық агенттерінің) заңды құқықтарын сақтау;
      57) мемлекет мүдделерін қорғау;
      58) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарымен және басқа да тиісті мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, Еуразиялық экономикалық одағының кедендік шекарасына қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
      59) Комитеттің құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету;
      60) салық, кеден және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, сондай-ақ арнайы, демпингке қарсы және өтемдік баждар түсімінің толықтығын, уақтылығын көздейтін заңнаманың сақталуына бақылауды қамтамасыз ету;
      61) салықтық және кедендік әкімшілендіруді жүзеге асыру;
      62) акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша субъектілерге тексеру жүргізу;
      63) уәкілетті және жергілікті атқарушы органдардың салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу дұрыстығы, алу толықтығы және аудару уақтылылығы мәселелері бойынша тексеру жүргізу;
      64) салық берешектерін, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектерін, кедендік төлемдер бойынша берешектерін, салықтарды және өсімпұлдарды мәжбүрлеп өндіру бойынша жұмыстарды жүзеге асыру;
      65) өз құзыреті шегінде артық (қате) төленген немесе артығымен өндіріліп алынған салық, кедендік баждар, кедендік алымдар, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер мен өсіппұлдар сомаларын есепке жатқызады және (немесе) қайтарады, айыппұлды, аванс төлемдерінің сомаларын және кедендік баждардың төлеуін қамтамасыз ету сомаларын қайтарады;
      66) мемлекеттік кірістер органдарының және оның лауазымды адамдарының шешіміне, іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте және мерзімде қарау;
      67) салықтық құпияны және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалатын өзге де құпияны сақтау;
      68) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттеріне және стандарттарына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;
      69) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді хаттамаға түсіру және қарау, әкімшілік ұстауды жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарында көзделген басқа да шараларды қолдану;
      70) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіпте заңды күшіне енбеген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыны қайта қарау;
      71) "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіпте әкімшілік жауапкершілікке тарту;
      72) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кірістер органдарының қызметіне, мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдарына және олардың отбасы мүшелеріне қатысты құқыққа қарсы іс-әрекеттерден қорғауды қамтамасыз ету;
      73) салық төлеушілерді, салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды, есептелген, есепке жазылған және төленген салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, есептелген, ұсталған және аударылған міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, есептелген және төленген әлеуметтік аударымдарды есепке алуды жүргізу;
      74) трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша салық міндеттемесінің туындауы, орындалуы және тоқтатылуы жөнінде, сондай-ақ оңалту және банкроттық рәсімдерді тоқтату және жүргізу, енгізу бойынша түсіндіруді жүзеге асыру және түсініктемелер беру;
      75) салық төлеушіге (салық агентіне) қолданыстағы салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы, Қазақстан Республикасының салық заңнамасындағы өзгерістер туралы ақпарат беру, салық нысандарын толтыру тәртібін түсіндіру;
      76) бұқаралық ақпарат құралдарында декларанттардың және кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың, салық төлеушілердің (салық агенттерінің) кедендік төлемдері және салық, өсімпұлдары бойынша берешегі бар салық төлеушілердің (салық агенттерінің), сондай-ақ әрекетсіз заңды тұлғалардың және заңды күшіне енген сот үкімінің не қаулысының негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте және жағдайда жалған кәсіпорындар болып танылған салық төлеушілердің тізімдерін жариялау;
      77) мемлекеттің меншігіне айналған мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуын, оның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті уәкілетті мемлекеттік органға берілуінің толықтығы мен уақтылығын, сондай-ақ ол өткізілген жағдайда бюджетке ақшаның түсуінің толықтығы мен уақтылығын бақылауды жүзеге асыру;
      78) мемлекет меншігіне айналдырылған тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету;
      79) уәкілетті мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу дұрыстығы, алу толықтығы және аудару уақтылылығы мәселелері жөніндегі қызметін бақылауды жүзеге асыру;
      80) Еуразиялық экономикалық одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік бақылауды жүзеге асыру;
      81) кеден ісі саласында ақпарат және консультация беруді өтеусіз жүзеге асыру;
      82) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте бекітілген салық төлеушіге (салық агентіне) мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын, салықтық өтініштердің белгіленген нысандарының бланкілерін және (немесе) электрондық түрде салық есептіліктері мен өтініштерін беру үшін қажетті бағдарламалық қамтамасыз етілімді тегін беру;
      83) Еуразиялық экономикалық одағының кедендік шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдетуге ықпал ететін жағдайлар жасау жолымен сыртқы сауданың дамуына жәрдемдесу;
      84) өз өкілеттігі шегінде декларанттарға және кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға өз құқықтарын іске асыруға жәрдемдесу;
      85) декларанттардың және кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың Еуразиялық экономикалық одағы және (немесе) Қазақстан Республикасы кеден заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген шарттарды сақтауы және міндеттерді орындауы бойынша олардың қызметіне бақылауды жүзеге асыру;
      86) өз құзыреті шегінде Еуразиялық экономикалық одағының кедендік шекарасының күзетуін қамтамасыз ету;
      87) кеден ісін жетілдіру және кедендік әкімшілендірудің тиімді әдістерін енгізу мақсатында сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылармен өзара іс-қимыл жасау;
      88) Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында, сондай-ақ "Жедел-іздестіру қызметі туралы" 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген міндеттемелерді орындау;
      89) Комитеттің құзыреті шегінде экономикалық, қаржылық қылмыстарды және құқық бұзушылықтарды алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу бойынша шаралар қабылдау;
      90) жасалған немесе жасалуға әзірленіп жатқан қылмыстар туралы өтініштер мен хабарларды қабылдауға, тіркеуге және қарауға, қылмыстардың жолын кесу, оларды ашу, сондай-ақ қылмыс жасаған адамдарды ұстау және қоғамға қауіпті салдарына жол бермеу жөнінде дер кезінде шаралар қолдану;
      91) қылмыстық және құқық бұзушылықтар келтірген мүліктік зиянның өтелуін қамтамасыз ету үшін құзыреті шегінде шаралар қабылдау;
      92) қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау жөніндегі заңнамалық актілерінде көзделген шараларды қабылдау;
      92-1) "Оңалту және активтерді басқару компаниясы" акционерлік қоғамының өзекті индикаторлар мен көрсеткіштерін Комитеттін құзыретіне жататын мәселелер боыйнша әзірлеу.";
      93) Қазақстан Республикасының заннамасымен көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
      Ескерту. 17-тармаққа өзгерістер мен толықтырулар енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 28.11.2016 № 619 бұйрығымен.

3-тарау. Қызметті ұйымдастыру

      18. Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Төраға Комитетке басшылықты жүзеге асырады.
      19. Комитет төрағасын Қазақстан Республикасының Қаржы министрі лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
      20. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын орынбасарлары болады.
      21. Шетелдегі кеден ісі мәселелері жөніндегі мемлекеттік кірістер органдарының ресми өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес Комитет төрағасының ұсынысы бойынша лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.
      22. Комитеттің төрағасы мынадай уәкілеттілікттерді іске асырады:
      1) Комитеттің құрылымдық бөлімдерінің басшыларының, өзінің орынбасарларының, облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттік кірістер департаменттердің басшыларының, мамандандырылған кеден мекеме басшыларының, ішкі қауіпсіздік құрылымдарының басшыларының уәкілеттілігін және міндеттерін анықтайды;
      2) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады:
      Комитеттің жұмыскерлері және қызметкерлерін;
      облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттік кірістер департаменттер басшыларының орынбасарларын;
      мамандандырылған кеден мекемелерінің басшыларын;
      облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің ішкі қауіпсіздік бөлімшелерінің қызметкерлерін және басшыларын;
      3) Қазақстан Республикасы заңнамасы бекіткен тәртіпте тәртіптік жауапкершілік шараларын қолданады;
      4) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері, оның аумақтық органдары және мамандандырылған кеден мекемелері туралы ережелерді бекітеді;
      5) Комитеттің штат саны лимитінің шегінде штаттық кестені бекітеді;
      6) Қазақстан Республикасы заңнамасы бекіткен тәртіпте іс сапар, еңбек демалысын ұсыну, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілікті арттыру, көтермелеу, Төрағаның орынбасарларына, Комитеттің жұмыскерлері және қызметкерлеріне, облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттік кірістер департаменттер басшыларына, мамандандырылған кеден мекемелер басшыларына сыйақы және үстемеақы төлеу мәселелерін шешеді;
      7) құзыреті шегінде Комитеттің құқықтық және нормативтік құқықтық актілеріне қол қояды;
      8) Комитеттің заң бөлімшесіне жетекшілік етеді;
      9) Комитетті барлық мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда білдіреді;
      10) Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
      11) Комитеттің Төрағасы жоқ болған уақытта оның міндеттерін Комитеттің Төрағасы анықтаған орынбасарларының бірі атқарады.
      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 28.11.2016 № 619 бұйрығымен.
       23. Комитет консультациялық-кеңесші органы болып табылатын және мемлекеттік кірістер органдары қызметінің мәселелерін қарайтын алқаны құрайды. Алқаның сандық және дербес құрамын Комитеттің төрағасы бекітеді.

4-тарау. Комитеттің мүлкі

      24. Комитеттің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
      Комитеттің мүлкі, оның меншігіне берілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздерден және меншіктік қызметтер нәтижесінде алынған мүліктер есебінен (ақша кірістерін қоса алғанда) құралады.
      25. Комитеттің өзіне бекітілген мүлік республика меншігіне жатады.
      26. Комитеттің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша берілген құралдар есебінен алынған мүлікті, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, өз бетінше иеліктен шығаруға немесе өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

      27. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.