2007 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы (Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 1220 Қаулысы (үзінді)

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет  кодексiне  сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Мыналардың:
       405 406-қосымшаларға  сәйкес Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу агенттiгiнiң 2007 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламаларының паспорттары бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң        
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1220 қаулысына    
405-ҚОСЫМША       

600 - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу агенттiгi
          Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшісi

2007 жылға арналған
"Алматы қаласындағы өңiрлiк қаржы орталығын реттеу жөнiндегi уәкiлеттi органның қызметiн қамтамасыз ету"
деген 001 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 444027 мың теңге (төрт жүз қырық төрт миллион жиырма жетi мың теңге).
       2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : "Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2198  Заңы ; "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегi N 2200  Заңы ; "Мемлекеттiк қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi  Заңы ; "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы N 370-II  Заңы ; "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы N 412-II  Заңы ; "Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 маусымдағы Заңы; "Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу Агенттiгi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2006 жылғы 1 ақпандағы N 55  Жарлығы ; "Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу Агенттiгінің мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2006 жылғы 28 тамыздағы N 166  Жарлығы ; Республикалық бюджетте "Шетелдiк iссапарлар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесi туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2002 жылғы 10 сәуірдегi N 410  қаулысы .
       3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттің қаражаты.
       4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : Бағалы қағаздар рыногын дамыту, оның халықаралық рынок капиталдарымен ықпалдасудың қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының экономикасына инвестицияларды тарту, қазақстандық капиталдың шетелдiк бағалы қағаздар рыногына шығуы.
       5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : Қаржылық орталығын әрi қарай дамуы, мемлекеттiк қызметкерлердің кәсiби деңгейiн көтеру.
       6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары :

N р/с

Бағдарлама коды

Кіші
бағ
дар
лама
коды

Бағдарламаның
(кіші бағдарламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

001

  

Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығын реттеу жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету

  

  

  

2

  

001

Орталық органның аппараты

Қаржы орталығы қатысушылары - заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу); қаржы орталығы, қатысушыларына олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру; қаржы орталығы қатысушыларының Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылау; қаржы орталығы қатысушыларының мемлекеттік тізімін жүргізу; қаржы орталығында қызметін жүзеге асырып жатқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларды есепке алу; қаржы орталығы қатысушыларына брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға жәрдемдесу.
Елімізде және шет елдерде халықаралық семинарларға, конференцияларға, презентацияларға қатысу және оларды ұйымдастыру;
Халықаралық Консультативтік Кеңестің қызметтерін өтеу;
аудиторлық тексерістерге жұмсалған шығындарды өтеу;
Өңірлік қаржы орталығының маркетингін жүргізу оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жарнамалық және хабарламалық науқан жүргізу, қаржы орталықтың оң беделін арттыруға бағытталған беделді арттыру өнімін шығару.
Кеңесшілердің және консалтинг компанияларының қызметтерін төлеу, соның ішінде шетелдіктер.

Жыл бойы

Қазақстан Республикасы Алматы қаласының Өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі

3

  

007

Мемлекетті қызметшілердің біліктілігін арттыру

Мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтерді сатып алу:
- электрондық Үкімет тақырыбы бойынша.
Мемлекеттік және ағылшын тілдерін үйрету.

Жыл бойы

Қазақстан Республикасы Алматы қаласының Өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі

4

  

017

Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету

Бағдарламалық өнімдерді және жергілікті міндеттерді сүйемелдеу.
Есептеуші және телекоммуникациялық жабдықтарға, желілерге, сервер жүйелеріне техникалық және жүйелік қызмет көрсету және оларды жөндеу. Жасақтаушы қосалқы бөлшектер мен шығыс материалдарын сатып алу. Интернет желісіне қосылу қызметтерін сатып алу.

Жыл бойы

Қазақстан Республикасы Алматы қаласының Өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі

       7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер : Тiкелей нәтиже:
Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) көлiгiн, статистикалық карточка, салық төлеушiнің көлiгiн беру; қаржы орталығымен өзара қарым-қатынас жасау мәселелерi бойынша шет ел мемлекеттерiнің қор биржаларымен келiсiм жасау; аудиторлық тексерiстердің шығынын өтеу. Өңiрлiк қаржы орталығының маркетингiн өткiзу. Халықаралық Консультативтiк Кеңестің қызметiне ақы төлеу. Елiмiзде және шет елдерде халықаралық семинарлар, конференциялар, презентациялар өткiзу және оларға қатысу. Кеңесшiлердің және консалтинг компанияларының қызметiне ақы төлеу.
Алматы қаласының өңiрлiк қаржылық орталығы қызметiн қамтамасыз ету, атап айтқанда, нормативтiк-құқықтық негіздердi қалыптастыру. Қолданыстағы қор нарығының инфрақұрылымын жетiлдiру, ақпараттық-жарнама науқандарын жүргізу және қор технологиялары саласына халықаралық тәжiрибенi енгiзу арқылы Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығын әрi қарай дамыту ушiн базалық алғышарттар құру.
Мемлекеттiк тілдi үйрету - 30 адам;
Ағылшын тiлiн үйрету - 6 адам;
Кәсiптiк деңгейдi көтеру - 6 адам.
Түпкi нәтиже: Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар рыногын одан әрi дамыту, халықаралық капитал рыноктарына ықпалдасу, Қазақстан Республикасының экономикасына инвестицияларды барынша тарту; қазақстандық капиталдық шетелдiк бағалы қағаздар рыногына шығуын қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
Бiр мемлекеттiк қызметкердің біліктілігін арттыруға жұмсалатын орташа шығын - 30,0 мың теңге;
Бір мемлекеттiк қызметкердiң мемлекеттiк тілдi оқытуға жұмсалатын орташа шығын - 28,9 мың теңге;
Бiр мемлекеттiк қызметкердiң ағылшын тiлiн оқытуға жұмсалатын орташа шығын - 18,2 мың теңге.
Уақытылығы: белгiленген графикке сәйкес шараларды дер кезiнде атқару.
Сапасы: қор нарығының инфрақұрылымын жетiлдіру және қор технологияларын қазақстандық және халықаралық бағалы қағаздар нарығы қатысушыларының талаптарына бейiмдеу.
Мемлекеттiк тiлдi оқыту нәтижесiнде мемлекеттік тiлде iс жүргiзуге көшкен мемлекеттiк қызметкерлердің үлесi - 6%;
Ағылшын тiлiн оқыту нәтижесiнде ағылшын тiлiнде iс жүргiзуге көшкен  мемлекеттік қызметкерлердің үлесі - 16%;
Бiлiктiлiгін арттырудан кейiн жоғары лауазымдарға тағайындалатын мемлекеттiк қызметкерлердің үлесi - 16%.

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң        
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1220 қаулысына    
406-ҚОСЫМША       

600 - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу агенттiгi
          Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшісi

2007 жылға арналған
"Алматы қаласындағы өңiрлiк қаржы орталығы" АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру"
деген 002 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 1500000 мың теңге (бiр миллиард бес жүз миллион теңге).
       2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : "Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 маусымдағы  Заңы ; "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шiлдедегi  Заңы ; "Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңiрлiк қаржы реттеу агенттiгi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2006 жылғы 1 ақпандағы N 55  Жарлығы , "Қазақстан Республикасы Алматы қаласындағы қаржы орталығының қызметiн реттеу агенттiгінің мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2006 жылғы 28 қаңтардағы N 166  Жарлығы .
       3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттің қаражаты.
       4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қор рыногын дамыту.
       5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының инфрақұрылымен жетiлдiру.
       6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N р/с

Бағдарлама
коды

Кіші
бағдарлама
коды

Бағдарламаның
(кіші бағдарламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

002

  

"Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығы" АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру

"Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы" АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру

Жыл бойы

Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі

       7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер : Тiкелей нәтиже: Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының сауда алаңын құру.
Қаржы-экономикалық нәтиже: Құрамы кемiнде 50 эмитенттен тұратын бастапқы клиенттiк базаны жасақтау.
Айналымның орташа жылдық көлемi кемiнде 160 млрд теңге.
Уақтылығы: белгiленген кестеге сәйкес iс шараларды уақтылы орындау.
Сапасы: халықаралық стандарт деңгейінде туынды қаржы құралдарына ықпалын тигізе алатын өңiрлік мағынадағы қор рыногын базалық инфрақұрылымын құру.