2007 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы (Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 1220 Қаулысы (үзінді)

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет  кодексiне  сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Мыналардың:
       405 406-қосымшаларға  сәйкес Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу агенттiгiнiң 2007 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламаларының паспорттары бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң        
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1220 қаулысына    
405-ҚОСЫМША       

600 - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу агенттiгi
          Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшісi

2007 жылға арналған
"Алматы қаласындағы өңiрлiк қаржы орталығын реттеу жөнiндегi уәкiлеттi органның қызметiн қамтамасыз ету"
деген 001 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 544 763 мың теңге (бес жүз қырық төрт миллион жеті жүз алпыс үш мың теңге).
       Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.07.13.  N 597  қаулысымен.
       2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : "Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2198  Заңы ; "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегi N 2200  Заңы ; "Мемлекеттiк қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi  Заңы ; "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы N 370-II  Заңы ; "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы N 412-II  Заңы ; "Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 маусымдағы Заңы; "Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу Агенттiгi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2006 жылғы 1 ақпандағы N 55  Жарлығы ; "Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу Агенттiгінің мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2006 жылғы 28 тамыздағы N 166  Жарлығы ; Республикалық бюджетте "Шетелдiк iссапарлар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесi туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2002 жылғы 10 сәуірдегi N 410  қаулысы .
       3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттің қаражаты.
       4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : Бағалы қағаздар рыногын дамыту, оның халықаралық рынок капиталдарымен ықпалдасудың қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының экономикасына инвестицияларды тарту, қазақстандық капиталдың шетелдiк бағалы қағаздар рыногына шығуы.
       5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : Қаржылық орталығын әрi қарай дамуы, мемлекеттiк қызметкерлердің кәсiби деңгейiн көтеру.
       6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары :

N р/с

Бағдарлама коды

Кіші
бағ
дар
лама
коды

Бағдарламаның
(кіші бағдарламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

001

  

Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығын реттеу жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету

  

  

  

2

  

001

Орталық органның аппараты

Қаржы орталығы қатысушылары - заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу); қаржы орталығы, қатысушыларына олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру; қаржы орталығы қатысушыларының Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылау; қаржы орталығы қатысушыларының мемлекеттік тізімін жүргізу; қаржы орталығында қызметін жүзеге асырып жатқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларды есепке алу; қаржы орталығы қатысушыларына брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға жәрдемдесу.
Елімізде және шет елдерде халықаралық семинарларға, конференцияларға, презентацияларға қатысу және оларды ұйымдастыру;
Халықаралық Консультативтік Кеңестің қызметтерін өтеу;
Өңірлік қаржы орталығының маркетингін жүргізу оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жарнамалық және хабарламалық науқан жүргізу, қаржы орталықтың оң беделін арттыруға бағытталған беделді арттыру өнімін шығару.
Кеңесшілердің және консалтинг компанияларының қызметтерін төлеу, соның ішінде шетелдіктер.

Жыл бойы

Қазақстан Республикасы Алматы қаласының Өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі

3

  

007

Мемлекетті қызметшілердің біліктілігін арттыру

Мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтерді сатып алу:
- электрондық Үкімет тақырыбы бойынша.
Мемлекеттік және ағылшын тілдерін үйрету.

Жыл бойы

Қазақстан Республикасы Алматы қаласының Өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі

4

  

017

Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету

Бағдарламалық өнімдерді және жергілікті міндеттерді сүйемелдеу.
Есептеуші және телекоммуникациялық жабдықтарға, желілерге, сервер жүйелеріне техникалық және жүйелік қызмет көрсету және оларды жөндеу. Жасақтаушы қосалқы бөлшектер мен шығыс материалдарын сатып алу. Интернет желісіне қосылу қызметтерін сатып алу.
Кредиторлық берешекті
өтеу.

Жыл бойы

Қазақстан Республикасы Алматы қаласының Өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі

       Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.07.13.  N 597  қаулысымен.
      7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер : Тiкелей нәтиже:
Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) көлiгiн, статистикалық карточка, салық төлеушiнің көлiгiн беру; қаржы орталығымен өзара қарым-қатынас жасау мәселелерi бойынша шет ел мемлекеттерiнің қор биржаларымен келiсiм жасау; аудиторлық тексерiстердің шығынын өтеу. Өңiрлiк қаржы орталығының маркетингiн өткiзу. Халықаралық Консультативтiк Кеңестің қызметiне ақы төлеу. Елiмiзде және шет елдерде халықаралық семинарлар, конференциялар, презентациялар өткiзу және оларға қатысу. Кеңесшiлердің және консалтинг компанияларының қызметiне ақы төлеу.
Алматы қаласының өңiрлiк қаржылық орталығы қызметiн қамтамасыз ету, атап айтқанда, нормативтiк-құқықтық негіздердi қалыптастыру. Қолданыстағы қор нарығының инфрақұрылымын жетiлдiру, ақпараттық-жарнама науқандарын жүргізу және қор технологиялары саласына халықаралық тәжiрибенi енгiзу арқылы Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығын әрi қарай дамыту ушiн базалық алғышарттар құру.
Мемлекеттiк тілдi үйрету - 30 адам;
Ағылшын тiлiн үйрету - 6 адам;
Кәсiптiк деңгейдi көтеру - 6 адам.
Түпкi нәтиже: Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар рыногын одан әрi дамыту, халықаралық капитал рыноктарына ықпалдасу, Қазақстан Республикасының экономикасына инвестицияларды барынша тарту; қазақстандық капиталдық шетелдiк бағалы қағаздар рыногына шығуын қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
Бiр мемлекеттiк қызметкердің біліктілігін арттыруға жұмсалатын орташа шығын - 30,0 мың теңге;
Бір мемлекеттiк қызметкердiң мемлекеттiк тілдi оқытуға жұмсалатын орташа шығын - 28,9 мың теңге;
Бiр мемлекеттiк қызметкердiң ағылшын тiлiн оқытуға жұмсалатын орташа шығын - 18,2 мың теңге.
Уақытылығы: белгiленген графикке сәйкес шараларды дер кезiнде атқару.
Сапасы: қор нарығының инфрақұрылымын жетiлдіру және қор технологияларын қазақстандық және халықаралық бағалы қағаздар нарығы қатысушыларының талаптарына бейiмдеу.
Мемлекеттiк тiлдi оқыту нәтижесiнде мемлекеттік тiлде iс жүргiзуге көшкен мемлекеттiк қызметкерлердің үлесi - 6%;
Ағылшын тiлiн оқыту нәтижесiнде ағылшын тiлiнде iс жүргiзуге көшкен  мемлекеттік қызметкерлердің үлесі - 16%;
Бiлiктiлiгін арттырудан кейiн жоғары лауазымдарға тағайындалатын мемлекеттiк қызметкерлердің үлесi - 16%.
       Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.07.13.  N 597  қаулысымен.

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң        
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1220 қаулысына    
406-ҚОСЫМША       

600 - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу агенттiгi
          Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшісi

2007 жылға арналған
"Алматы қаласындағы өңiрлiк қаржы орталығы" АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру"
деген 002 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 1500000 мың теңге (бiр миллиард бес жүз миллион теңге).
       2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : "Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 маусымдағы  Заңы ; "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шiлдедегi  Заңы ; "Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңiрлiк қаржы реттеу агенттiгi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2006 жылғы 1 ақпандағы N 55  Жарлығы , "Қазақстан Республикасы Алматы қаласындағы қаржы орталығының қызметiн реттеу агенттiгінің мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2006 жылғы 28 қаңтардағы N 166  Жарлығы .
       3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттің қаражаты.
       4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қор рыногын дамыту.
       5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының инфрақұрылымен жетiлдiру.
       6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N р/с

Бағдарлама
коды

Кіші
бағдарлама
коды

Бағдарламаның
(кіші бағдарламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

002

  

"Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығы" АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру

"Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы" АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру

Жыл бойы

Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі

       7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер : Тiкелей нәтиже: Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының сауда алаңын құру.
Қаржы-экономикалық нәтиже: Құрамы кемiнде 50 эмитенттен тұратын бастапқы клиенттiк базаны жасақтау.
Айналымның орташа жылдық көлемi кемiнде 160 млрд теңге.
Уақтылығы: белгiленген кестеге сәйкес iс шараларды уақтылы орындау.
Сапасы: халықаралық стандарт деңгейінде туынды қаржы құралдарына ықпалын тигізе алатын өңiрлік мағынадағы қор рыногын базалық инфрақұрылымын құру.

      Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1220 қаулысына     
406-1-қосымша      

       Ескерту. 406-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2007.05.29. N  438  қаулысымен.

601 - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

2007 жылға арналған
001 - "Ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету" республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

      1. Құны : 60 603 мың теңге (алпыс миллион алты жүз үш мың теңге).
      2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі : » "Мемлекеттік қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының  3 ,   21-24-баптары ; Қазақстан Республикасы Президентінің "2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту" 2005 жылғы 25 қаңтардағы N 1513  Жарлығы ; Қазақстан Республикасы Президентінің»"Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігін құру туралы" 2007 жылғы 27 наурыздағы N 302  Жарлығы ; "2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі N 352  қаулысы .
      3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері :   республикалық бюджеттің қаражаты.
      4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты : ғарыш қызметі саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету.
      5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері : ғарыш қызметі саласында мемлекеттік саясатты іске асыру; Қазақстан Республикасында ғарыш саласын құру және дамыту; Қазақстан Республикасында ғарыш қызметінің заңнамалық базасын құру; ғарыш қызметі саласында мемлекеттік техникалық қадағалауды және бақылауды жүзеге асыру; ғарыш қызметі саласында халықаралық ықпалдастықты жүзеге асыру.
      6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

N р/р

Бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағдарла-
малардың
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске асыру
мерзімі

Жауапты
орындау-
шылар

1

2

3

4

5

6

7

1

001

  

Ғарыш қыз-
меті сала-
сындағы
уәкілетті
органның
қызметін
қамтамасыз
ету

  

  

  

2

  

001

Орталық органның
аппараты

Ғарыш қызметі са-
ласында азаматтар-
дың конституциялық
құқығы мен бостан-
дығын сақтауды қамтамасыз ету; ғарыш қызметі са-
ласында бірыңғай мемлекеттік сая-
сатты іске асыру; ұлттық ғарыш бағ-
дарламаларын және жобаларын әзірлеу және іске асыру; мемлекетаралық ғарыш бағдарлама-
ларын және жобала-
рын іске асыруға қатысу; экономика,
қорғаныс және елдің ұлттық қау-
іпсіздігі салалары
мүддесінде ғарыш жобалары мен бағ-
дарламаларын іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіру;
ғарыш қызметі саласында жобалар-
дың салалық сарап-
тамасын ұйымдасты-
ру және жүзеге асыру; ғарыш қыз-
метін лицензиялау-
ды жүзеге асыру; ғарыш техникасын құру және пайдала-
ну кезінде қолдан-
ылатын стандарт-
тарды әзірлеуге, сондай-ақ азамат-
тық ғарыш техника-
сын өндіру, сынау және пайдалану қауіпсіздігін қам-
тамасыз ету жөнін-
дегі нормативтік құжаттарды әзір-
леуге қатысу.

Жыл ішінде

Қазақстан
Респуб-
ликасы
Ұлттық
ғарыш
агенттігі

        7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан   күтілетін нәтижелер :   Тікелей нәтиже:   ғарыш қызметі саласында бірыңғай мемлекеттік саясат қалыптастыру және оның негізгі бағыттарын іске асыру.
Соңғы нәтиже: Қазақстан Республикасында ғарыш саласын қалыптастыру және дамыту.
Қаржы-экономикалық тиімділік: бір қызметшіні ұстауға орташа шығын жылына 1 515,07 мың теңгені құрайды.
Уақытылы: жасасқан шарттарға және бекітілген қаржыландыру жоспарына сәйкес.
Сапалығы: кәсіби мемлекеттік қызмет талаптарына және қазіргі экономикалық жағдайларға сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1220 қаулысына     
406-2-қосымша      

       Ескерту. 406-2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2007.05.29. N  438  қаулысымен.

601 - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

2007 жылға арналған
003 - "Қазақстан Республикасының ғарышкерлерін даярлау"
деген республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

      1. Құны :   14032 мың теңге (он төрт миллион отыз екі мың теңге).
      2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:  "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Қазақстан Республикасының
ғарышкерлеріне кандидаттарды алдын ала іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 қаңтардағы N 27  қаулысы ; "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Федеральды ғарыш агенттігі арасындағы Қазақстан Республикасының сынаушы-ғарышкерлерінің Ю.А.Гагарин атындағы Ресей ғарышкерлер даярлау мемлекеттік ғылыми-зерттеу сынау орталығында топтағы арнайы дайындықтан өту тәртібі мен шарттары туралы хаттамаға қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 тамыздағы N 819  қаулысы ; "Ю.А.Гагарин атындағы Ресей ғарышкерлер даярлау мемлекеттік ғылыми-зерттеу сынау орталығында Қазақстан Республикасының ғарышкер-сынаушыларын даярлауға байланысты шығыстардың нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 қыркүйектегі N 919  қаулысы .
      3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері :
республикалық бюджеттің қаражаты.
      4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты : Халықаралық ғарыш   станциясына ұшу және ғарыштық зерттеулер   мен эксперименттер жасаудың
қазақстандық бағдарламасын орындау үшін Ю.А. Гагарин атындағы Ресей ғарышкерлер даярлау мемлекеттік ғылыми-зерттеу сынау орталығында (Мәскеу қаласы) Қазақстан Республикасының екі ғарышкер-сынаушысын топта даярлауға арнайы дайындық.
      5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері : екі ғарышкер-сынаушының Ю.А.Гагарин атындағы Ресей ғарышкерлер даярлау мемлекеттік ғылыми-зерттеу сынау орталығында (Мәскеу қаласы) болу және арнайы оқу үшін жағдайлармен қамтамасыз ету.
      6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

N п/п

Бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағдарла-
малардың
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске асыру
мерзімі

Жауапты
орындау-
шылар

1

2

3

4

5

6

7

1

003

  

Қазақстан
Республи-
касының
ғарышкер-
лерін
даярлау

Қазақстан Респуб-
ликасының екі
ғарышкер-сынаушыны
Ю.А. Гагарин
атындағы Ресей
ғарышкерлер даярлау
мемлекеттік ғылыми-
зерттеу сынау
орталығында арнайы
даярлықтан өткізу 
үшін, стипендия,
іссапар шығыстарын,
тұруға, арнайы
тамақтану және
жеке арнайы киім
мен аяқ киім сатып
алуға арналған
шығыстарды төлей
отырып, жағдай
жасау

жыл бойы

Қазақстан
Респуб-
ликасы
Ұлттық
ғарыш
агенттігі

      7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер : Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасының екі ғарышкер-сынаушысының топта Ю.А. Гагарин атындағы Ресей ғарышкерлер даярлау мемлекеттік ғылыми-зерттеу сынау орталығында арнайы даярлықтан өтуі.
      Соңғы нәтиже: ғарышкер-сынаушылардың оқу жоспары мен бағдарламаларды толық көлемде игеруі және олардың Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы N 1513 Жарлығымен бекітілген 2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес әзірленген Халықаралық ғарыш станциясына ұшу кезінде ғарыштық зерттеулер мен эксперименттердің қазақстандық бағдарламаларын орындауға дайындығы.
      Қаржы-экономикалық тиімділік: топтағы бір ғарышкер-сынаушы  арнайы дайындығының құны 7 016,0 мың теңгені құрайды.
      Уақытылығы: Ю.А.Гагарин атындағы Ресей ғарышкерлер даярлау мемлекеттік ғылыми-зерттеу сынау орталығымен жасасқан шартқа сәйкес.
      Сапа: Ю.А. Гагарин атындағы Ресей ғарышкерлер даярлау мемлекеттік ғылыми-зерттеу сынау орталығында Қазақстан Республикасының сынаушы-ғарышкерлерінің арнаулы дайындықтан өту тәртібі және жағдайы туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Ресей авиация-ғарыш агенттігі арасындағы хаттаманы іске асыру.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1220 қаулысына     
406-3-қосымша     

       Ескерту. 406-3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2007.05.29. N  438  қаулысымен.

601 - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

2007 жылға арналған
005 - "Қазғарыш" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту" деген республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

      1. Құны :   8 224 165 мың теңге (сегіз миллиард екі жүз жиырма төрт миллион бір жүз алпыс бес мың теңге).
      2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі :   Қазақстан Республикасы Президентінің "2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту туралы" 2005 жылғы 25 қаңтардағы N 1513  Жарлығы ; Қазақстан Республикасы Үкіметінің» "2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту" Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру Жоспарын бекіту туралы" 2005 жылғы 14 сәуірдегі N 352  қаулысы ;»"Қазғарыш" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамын құру туралы"»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 17 наурыздағы N 242  қаулысы .
      3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері : республикалық бюджеттің қаражаты.
      4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты :   Қазақстан Республикасының ғарыш қызметі саласында ағымдағы, ұзақ мерзімді
салааралық бағдарламаларды іске асыру үшін жағдайлар жасау, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық міндеттерін  шешуге бағытталған жоғары тиімді ақпараттық, ғарыштық технологиялар мен жүйелер жасау.
      5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері : "Байқоңыр" кешенінде "Қазғарыш" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросын құру.
      6. Бюджеттік бағдарламаны іске   асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

№N р/р

Бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағдарла-
малардың
атауы

Багдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындау
-шылар

1

2

3

4

5

6

7

1

005

  

"Қазғарыш"
ұлттық
компания-
сы" акцио-
нерлік
қоғамының
жарғылық
капиталын
ұлғайту

"Қазғарыш"»ұлттық
компаниясы"»акцио-
нерлік қоғамының
жарғылық капиталын:
Байқоңыр қаласында
ғарыш қызметі сала-
сындағы Қазақстан
Республикасының
әкімшілік қызметкер-
лері, ұйымдары үшін
ақпараттық есептеу
орталығы ғимаратына
жалғастыра салынған
жайды жаңғырту және
қызметтік үй ретінде
екі тұрғын үйді
жаңғырту жөніндегі
жұмыстарды аяқтау
үшін;
Қазақстан Респуб-
ликасында Жерді
қашықтықтан зондтау
ғарыштық жүйесін
құру жөніндегі
жұмыстарды жүргізу
үшін толықтыру.

қантар-
наурыз

Қазақстан Республикасы
Ұлттық ғарыш
агенттігі

        7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер :   Тікелей нәтиже: ғарыш қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдары үшін ақпараттық есептеу орталығы ғимаратына жалғастыра салынған жайды жаңғырту және қызметтік үй ретінде екі тұрғын үйді жаңғырту жөніндегі жұмыстарды аяқтау, Жерді қашықтықтан зондтау ғарыштық жүйесінің, жоғары шешімді спутниктің, орта шешімді спутниктің, жер үсті басқару кешенінің, жер үсті мақсатты кешеннің жұмыс құжаттарын әзірлеу.
      Соңғы нәтиже: ғарыш техникасын дамытудың негізгі бағыттарын негіздеу жөнінде жүйелік зерттеулер және оны құру жөнінде тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар, жүргізу үшін инфрақұрылымды дамыту, картография, пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру, төтенше жағдайлар зардаптарының мониторингі, алдын алу мен болдырмау, өнеркәсіп пен инфрақұрылым нысандарын салу мен іске қосу, қозғалмайтын мүлікке бақылау (есепке алу және салық салу үшін), жер мен орман пайдалану (есепке алу, жоспарлау және бақылау), ауылшаруашылығын жоспарлау, есепке алу мен бақылау, экологиялық мониторинг саласында Жер бетіндегі объектілер мен процестер туралы шұғыл ақпарат алу есебінен мемлекеттік басқару органдары мен коммерциялық ұйымдарда шешімдер қабылдаудың жылдамдығы мен тиімділігін арттыру, ғарыш қызметі саласындағы қызметкерлер үшін әлеуметтік жағдайлар жасау.
      Қаржы-экономикалық тиімділік: қосымша үстеме шығындар мен ғарыш түсірілімдерінің құнын 10-20%-ға төмендету, спутниктер пайдалана бастағаннан шығын орнының өтелу мерзімі - 4,2 жыл, Жерді қашықтықтан зондтау технологиясын экономиканың түрлі салаларына енгізудің жоғарғы экономикалық тиімділігі, елдің экспорттық әлеуетін арттыру және диверсификациялау, Қазақстан Республикасы ғарыш саласы мамандарының ғылыми әлеуетін арттыру.
      Уақытылығы: қызметтік ғимаратты жаңғырту, Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыштық жүйесін құру жөнінде жасаған шарттарға және жұмыс кестесіне сәйкес.
      Сапа: түсірілімдердің келесі түрлерін жүргізу мүмкіндігі: 1м. және 6,7 м. шешімдегі көрінетін диапазондағы панхроматикалық, 4 м. және 28 м. шешімдегі көрінетін диапазондағы көп аумақты, 30 м. шешімдегі орташа және алыс ИК диапазондағы инфрақызыл, 30 м. шешімдегі гиперспектралды; 24-тен 3-5 тәулікке дейін сүреттер алу шұғылдығын артады,»"2005 - 2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту" Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру кезінде әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешу.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1220 қаулысына     
406-4-қосымша      

       Ескерту. 406-4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2007.05.29. N  438  қаулысымен.

601 - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

2007 жылға арналған
006 - "Сенім артылған агенттер қызметіне ақы төлеу"
республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

      1. Құны :   275 мың теңге (екі жүз жетпіс бес мың теңге).
      2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі :   "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенін құру туралы Келісімді   бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 21 қазандағы  Заңы .
      3. Бюджеттік   бағдарламаны қаржыландыру көздері : республикалық бюджеттің қаражаты.
      4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты :   банк-агенттің бюджеттік несиелеу қызметін көрсету.
      5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері :   Банк-агентке бюджеттік несиелеуге қызмет   көрсеткені үшін комиссиялық
сыйақы төлеу.
      6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

№N р/р

Бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағдарла-
малардың
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындау-
шылар

1

2

3

4

5

6

7

1

006

  

Сенім
артылған
агенттер
қызметіне
ақы төлеу

"Байқоңыр"»ғарыш
айлағында«"Бәйтерек
"зымырандық-ғарыш-
тық кешенін құру"
республикалық
бюджеттік
инвестициялық
жобасына агенттік
қызмет көрсеткені
үшін Банк-агентке
комиссиялық сыйақы
төлеу

Қаңтар-
желтоқсан

Қазақстан
Респуб-
ликасы
Ұлттық
ғарыш
агенттігі
 

        7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер :   Тікелей нәтиже:»"Байқоңыр" ғарыш айлағында»"Бәйтерек" зымыран-ғарыш кешенін құру" республикалық бюджеттік инвестициялық жобасына агенттік қызмет көрсеткені үшін Банк-агентке комиссиялық сыйақы төлеу.
      Соңғы нәтиже:»"Байқоңыр" ғарыш айлағында»"Бәйтерек" зымыран-ғарыш кешенін құрумен байланысты іс-шаралардың орындалуы.
      Қаржы-экономикалық тиімділік: республикалық бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру сапасын арттыру.
      Уақытылығы: Банк-агент алдындағы міндеттерінің уақытылы орындалуы.
      Сапасы: несиелік шарт жағдайына сәйкес есептілікті және ақпаратты дұрыс, уақытында беру.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1220 қаулысына     
406-5-қосымша      

       Ескерту. 406-5-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2007.05.29. N  438  қаулысымен.

601 - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

2007 жылға арналған
007 - "Қазақстан Республикасының меншігі болып табылатын "Байқоңыр" кешені обьектілерін және кешенін түгендеу және қайта бағалау"
деген республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

      1. Құны :   1220000 мың теңге (бір миллиард екі жүз жиырма миллион теңге).
      2. Бюджеттік   бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі :   Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" кешенін   жалға алу шартын ратификациялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі N 2195  Жарлығы .
      3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері :   республикалық бюджеттің қаражаты.
      4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты :   "Байқоңыр" ғарыш айлағы объектілерін пайдалану   болашағын және "Байқоңыр" кешеніндегі қазақстандық меншіктің нарықтық құнын белгілеу.
      5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері :   "Байқоңыр" кешені объектілері мен мүлігінің техникалық жағдайын кешенді бағалаумен және пайдаланумен байланысты зерттеу жұмыстарын аяқтау және 2007 жылғы түгендеу барысында Қазақстан Республикасының меншігі болып табылатын "Байқоңыр" кешені объектілері мен мүлігін қайта бағалау жөнінде жұмыстар жүргізу.
      6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары :

 

№N р/р

Бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағдарла-
малардың
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындау-
шылар

1

2

3

4

5

6

7

1

007

  

Қазақстан
Республи-
касының
меншігі
болып
табылатын
"Байқоңыр"
кешені
объектіле-
рі мен
мүлкін
түгендеу
және қайта
бағалау

1. "Байқоңыр"
кешені объекті-
лерінің жалпы
техникалық
жағдайын функцио-
налдық мақсат
бойынша бағалау
2. Тұтас ғарыш
айлағының және оның
жекелеген элемент-
терінің даму бола-
шағын болжаулық
маркетингтік талдау
3. "Байқоңыр"
ғарыш айлағы
объектілерінің
инвестициялық
тартымдылығын
қаржылық талдау
4. "Байқоңыр" ғарыш
айлағын Қазақстан
Республикасының
қауіпсіздігі
тұрғысынан талдау
және оның саяси
мүдделерін қамтама-
сыз ету
5. "Байқоңыр" ғарыш
айлағындағы жалға
берілген мүлікті
түгендеу және баға-
лау бойынша кешенді
жұмыстар жүргізу.

жыл бойы

Қазақстан Респуб-
ликасы
Ұлттық
ғарыш
агенттігі

        7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан   күтілетін нәтижелер : Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасының мүддесінде "Байқоңыр" кешені объектілері мен мүлкінің техникалық жағдайын бағалау мен пайдаланылу болашағын анықтау; нарықтық экономика жағдайында Қазақстан Республикасының меншігі болып табылатын "Байқоңыр" кешенінің негізгі қаражатының құнын анықтау.
      Соңғы нәтиже:»"Байқоңыр" кешенінің ғылыми-техникалық әлеуетін бағалау және оның бұдан әрі дамуының техникалық саясатын әзірлеу; ұлттық заңнамаға және бухгалтерлік есеп саласындағы халықаралық  стандарттарға сәйкес "Байқоңыр" кешені активтерінің жүйелік есебі.
       Қаржы-экономикалық нәтиже: ғарыштық бағдарламаларды іске асыру барысында "Байқоңыр" кешенінің құрылымын және ғарыш айлағы объектілерін ұстауға арналған шығыстарды оңтайландыруға мүмкіндік береді; "Байқоңыр" кешенінің жалға берілген объектілерін пайдалану кезінде келтірілген залалды қалпына келтіру жөнінде ресей тарабының алдына мәселелерді негіздеп қоюға және "Байқоңыр" ғарыш айлағы инфрақұрылымын дамытуға инвестициялар тарту үшін қаржылық құралдар сатып алуға мүмкіндік береді.
      Уақытылығы: зерттеу жұмыстарының нәтижелері қазіргі уақытта әзірленіп жатқан "Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін 2020 жылға дейін дамыту" Мемлекеттік бағдарламасына негіз болады; "Байқоңыр" кешені объектілерін сақтау және пайдалану жағдайларын Қазақстан Республикасы жағынан бақылау тәртібі туралы 1995 жылғы 18 тамыздағы Келісімге сәйкес "Байқоңыр" кешенінің жалға берілген мүліктерін кезекті түгендеу 2007 жылы, ал кейінгісі тек 2011 жылы өтеді.
      Сапа: "Байқоңыр" ғарыш айлағы жер үсті инфрақұрылымын дамыту мәселелері бойынша басқару шешімдерін қабылдау және ғарыштық бағдарламаларды іске асыру үшін ақпараттық негіз алу.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1220 қаулысына     
406-6-қосымша      

       Ескерту. 406-6-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2007.05.29. N  438  қаулысымен.

601 - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

2007 жылға арналған
008 - "Байқоңыр" кешенінің жалға берілген мүлкінің есебі"
деген республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

      1. Құны :   12045 мың теңге (он екі миллион қырық бес мың теңге).
      2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:  "Одақтық бағыныстағы мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың Қазақ ССР-і Үкіметінің қарамағына көшуі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1991 жылғы 31 тамыздағы N 410  Жарлығы ; "Байқоңыр" ғарыш айлағын пайдаланудың негізгі принциптері мен шарттары туралы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы 1994 жылғы 14 шілдедегі Келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы 
Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы 14 шілдедегі қаулысы; "Заңды тұлғаларға бекітілмеген мемлекеттік мүлікті бекіту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 қаңтардағы N 61  қаулысы ; "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Аэроғарыш комитетінің "Байқоңырбаланс" мемлекеттік мекемесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы N 563  қаулысы .
      3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері :   республикалық бюджеттің қаражаты.
      4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты :   Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ресей Федерациясы жалға
алған "Байқоңыр" кешені мүлкінің сақталуын және есепке алынуын қамтамасыз ету.
      5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері :   Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ресей Федерациясы Үкіметі жалға алған "Байқоңыр" ғарыш айлағы объектілерінің мүлкін есепке алу және түгендеу, бухгалтерлік есеп жүргізу.
      6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары :

 

N п/п

Бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағдарла-
малардың
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

008

  

"Байқоңыр"
кешенінің
жалға
берілген
мүлкінің
есебі

Қазақстан Республи-
касының заңнамасына
сәйкес Ресей
Федерациясы жалға
алған "Байқоңыр"
кешені объектілері-
нің мүлкін есепке
алу және түгендеу,
бухгалтерлік есеп
жүргізуді жүзеге
асыру мақсатында
штат саны 15 адам
мемлекеттік мекемені ұстау.

жыл бойы

Қазақстан
Республикасы
Ұлттық ғарыш
агенттігі,
"Байқоңыр-
баланс"
мемлекеттік
мекеме

        7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер :   Тікелей нәтиже: Ресей Федерациясының Үкіметі жалға алған және Федералдық ғарыштық агенттіктің қарамағындағы "Байқоңыр" кешенінің мүлкін есепке алу және бухгалтерлік есеп жүргізу, жылжымалы мүлкінің есебі.
      Соңғы нәтиже: "Байқоңыр" кешені мүлкінің сақталуы.
      Қаржы-экономикалық тиімділік: мемлекеттік мекеменің бір қызметкерін қаржы-шаруашылық ұстау жылына 718,1 мың теңгені құрайды.
      Уақытылығы: "Байқоңырбаланс" мемлекеттік мекемені қаржыландырудың жеке жоспарына сәйкес.
      Сапа: бухгалтерлік есепті жетілдіру және "Байқоңыр" кешені мүлкін талан-таражға салудың алдын алу.