РҚАО-ның ескертуі. P031327 қаулысын қараңыз
"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. 369, 370, 371-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Көші-қон және демография жөнiндегi агенттігінің 2004 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламаларының паспорттары бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
N 1327 қаулысына
369-қосымша
Ескерту. 369-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.06.23. N 197K қаулысымен .
605 - Қазақстан Республикасының
Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгi
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Көшi-қон және демография саласындағы
уәкiлеттi органның қызметiн қамтамасыз ету"
деген 001 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
Паспорты
1. Құны: 104999 мың теңге (бір жүз төрт миллион тоғыз жүз тоқсан тоғыз мың теңге). <*>
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негізi: "Мемлекеттiк қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасы
Заңының 9,
21-25-баптары
; "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының
Заңы
; Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк аппарат жұмысын жақсарту, бюрократизммен күрес және құжат айналымын қысқарту жөнiндегi шаралар туралы" 2000 жылғы 31 шiлдедегi N 427
Жарлығы
; Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегі Агенттiгi мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 21 шiлдедегі N 1020
қаулысы
.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi Агенттiгiнiң аппаратының қызметiн қамтамасыз ету және оның аумақтық органдарының аппаратын ұстау; өздерiнiң лауазымдық мiндеттерiн тиiмдi орындау және кәсiби шеберлiгiн жетiлдiру үшiн қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес кәсiби қызмет саласында бiлiм беру бағдарламасы бойынша теориялық және практикалық бiлiмдердi, ұқсата бiлу мен дағдыны жаңғырту; Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi Агенттiктiң орталық аппаратының бухгалтерлiк есеп жүйесiн жетiлдiру.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi Агенттiгiнiң орталық аппаратына және оның аумақтық органдарына жүктелген функцияларды барынша тиiмдi орындалуына қол жеткiзу үшiн олардың қызметiн қамтамасыз ету; мемлекеттiк қызметшiлердің кәсiби бiлiктiлiгiн арттыру; бухгалтерлiк есеп үшiн программалық өнiмдердi сатып алу, Көшi-қон және демография жөнiндегi Агенттiктiң ақпараттық жүйесi мен жергiлiктi мiндеттерiн қамту.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары.
__________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi| Кiшi | Бағдарламаны іске | Іске | Жауапты
п/п|дар.|бағ.| бағдарлама. | асыру жөніндегі | асыру | орындау.
|лама|дар.| лардың | іс-шаралар |мерзімі| шылар
|коды|лама| атауы | | |
| |коды| | | |
__________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7
__________________________________________________________________
1 001 Көшi-қон
және
демография
саласындағы
уәкiлеттi
органның
қызметiн
қамтамасыз
ету
2 001 Орталық Қазақстан Жыл Қазақстан
органның Республикасының бойы Республи.
аппараты Көшi-қон және касының
демография Көшi-қон
жөнiндегi Агенттiгi және
орталық аппараттың демография
саны 24 бiрлiк деп жөнiндегi
бекiтiлген штаттық Агенттiгi
лимитi шегiнде
ұстау. Агенттiктiң
аумақтық
органдарымен
деректер алмасу,
сондай-ақ телефон
және факстiк
байланысқа
жұмсалатын
шығындарды
оңтайландыру үшiн
өзiнiң
WEB-серверiн және
Internet E-mail
электрондық почта
серверiн ұйымдастыру
және дepбec жүргiзу
мүмкiндiгiмен
Агенттiктiң орталық
офисiнiң жергiлiктi
желiсiнен Интернет
желiсiне қосуды
ұйымдастыру. Саны
2 бiрлiк деп
бекiтiлген лимит
негiзiнде қызметтiк
автомашиналарды
ұстау және жалдау
3 002 Аумақтық Қазақстан Жыл Қазақстан
органдардың Республикасының бойы Республи.
аппараттары Көші-қон және касының
демография Көшi-Қон
жөнiндегi және
Агенттігiнiң демография
аумақтық жөнiндегi
бөлiмшелерiнің саны Агенттiгi
120 бiрлiк деп
бекiтiлген штаттық
лимитi шегiнде
ұстау. Қызметтiк
16 жеңiл
автомашинаны ұстау.
Мемлекеттік қызмет-
шiлердiң бiлiктiлi-
гiн арттыруға арналған
iссапар шығыстары.
4 007 Мемлекеттiк Бiлiктiлiктi Жыл Қазақстан
қызметшi. арттырудың, бойы Республи.
лердiң соның iшiнде касының
бiлiктiлiгiн мемлекеттiк тiлдi Көшi-Қон
арттыру оқытудың бекiтiлген және
жоспарына сәйкес демография
мемлекеттiк жөнiндегi
қызметшiлердiң Агенттiгi
бiлiктiлiгiн
арттыру жөнiнде
көрсетiлетiн
қызметтi сатып
алу. Біліктiліктi
арттыру
курстарынан өтетiн
мемлекеттiк
қызметшiлердiң
жылдық орташа
саны 90.
5 009 Мемлекеттiк Қазақстан 2004 Қазақстан
органдарды Республикасының жылдың Республи.
материалдық- Көші-қон және қаңтары касының
техникалық демография Көшi-Қон
жарақтандыру жөнiндегi Агенттігi және
орталық аппаратының демография
бухгалтерлiк есеп жөнiндегi
жүйесi үшiн Агенттiгi
бағдарламалық
өнiмдер сатып
алу - 4 бiрлiк.
__________________________________________________________________
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi Агенттiгiне және оның аумақтық органдарына жүктелген функцияларды сапалы және дер кезiнде орындау; мемлекеттің экономикалық жағдайларына сәйкес мемлекеттiк қызметшiлердi кәсiби мемлекеттiк қызмет талаптарына сай мемлекеттiк қызметшiлердiң кәсiби деңгейiн арттыру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
N 1327 қаулысына
370-қосымша
Ескерту. 370-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.06.23. N 197K қаулысымен .
605 - Қазақстан Республикасының
Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгi
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Оралмандарды тарихи отанына
қоныстандыру және әлеуметтiк қорғау"
деген 002 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
Паспорты
1. Құны: 6973798 мың теңге (алты миллиард тоғыз жүз жетпiс үш миллион жетi жүз тоқсан сегіз мың теңге). <*>
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Халықтың көшi-қоны туралы" 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының
29-бабы
; "Республикалық бюджеттен оралмандар үшiн бөлiнген қаражаттарды нысаналы пайдалану туралы ереженi бекiту туралы" 1999 жылғы 18 тамыздағы N 1194 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
қаулысы
.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: 2004 жылға арналған оралмандардың көшiп келу квотасы бойынша өзiнiң тарихи отанына қайтып оралған этникалық қазақтарды жайластыру жолымен демографиялық ахуалды жақсарту және Қазақстан Республикасы халқының санын өсiру және 2003 жылға арналған оралмандардың көшiп келу квотасына енген 316 оралмандар отбасы үшiн тұрғын үй сатып алу. <*>
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: Оралмандарды қоныстандыруды ұйымдастыру және әлеуметтiк қорғау, сондай-ақ 2004 жылға арналған оралмандардың көшiп келу квотасы бойынша келген оралмандар отбасыларын тұрғын үймен қамтамасыз ету және 2003 жылға арналған оралмандардың көшiп келу квотасына енген 316 оралмандар отбасы үшін тұрғын үй сатып алу. <*>
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары.
__________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi| Кiшi | Бағдарламаны іске | Іске | Жауапты
п/п|дар.|бағ.| бағдарлама. | асыру жөніндегі | асыру | орындау.
|лама|дар.| лардың | іс-шаралар |мерзімі| шылар
|коды|лама| атауы | | |
| |коды| | | |
__________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7
__________________________________________________________________
1 002 Оралмандарды
тарихи
отанына
қоныстандыру
және
әлеуметтiк
қорғау
2 100 Оралмандарды 2004 жылға Жыл Қазақстан
уақытша арналған көшiп бойы Республи.
орналастыру келу квотасына касының
орталығы сәйкес Көшi-Қон
оралмандардың және
келген отбасын демография
бейiмделу кезеңiнде жөнiндегi
орналастыру. Агенттiгi
3 101 Оралмандардың Республикалық Жыл Қазақстан
көшiп келуi бюджеттен бойы Республи.
және оралмандар үшiн касының
әлеуметтiк бөлiнген қаражат: Көшi-Қон
қорғалуы 1) отбасының және
басшысына - 15 АЕК демография
мөлшерiнде және жөнiндегi
отбасы мүшелерiне Агенттiгi
- 10 АЕК мөлшерiнде
бiржолғы жәрдемақы
төлеуге;
2) 2004 жылға
арналған
оралмандардың
көшiп келу квотасы
бойынша шет
мемлекеттерден
оралмандардың 780
отбасын түпкiлiктi
тұрғылықты жерiне
дейiн ұйымдасқан
түрде көшiруге
және олардың мүлкiн
апаруға жұмсалады.
Иран Ислам
Республикасы -
2 рейс, Өтпелi
Ауғанстан Ислам
Мемлекетi
(Пәкстан Ислам
Республикасы) - 7
рейс, Монғолия -
62 рейс, Түрiк
Республикасы -
5 рейс;
3) Қазақстан
Республикасына
жақын шет елдерден
және Қазақстан
Республикасы
Президентiнiң 2003
жылғы 31 қазандағы
N 1216
Жарлығымен
бекiтiлген
оралмандардың
2004 жылға арналған
көшiп келу
квотасына сәйкес
ұйымдасқан түрде
көшiруден тыс
оралмандардың 9220
отбасының көлiк
шығындарының
(жолақысы және
мүлiктерiн әкелу)
орнын толтыру.
Әрбiр оралманның
жолақысына - 10
АЕК-тен аспайтын,
оралман отбасының
мүлкiн әкелуiне
жұмсалатын шығынын
50 AEK-тен аспайтын
мөлшерде төлеу;
4) Оралмандардың
әрбiр отбасын
тұрғылықты жерiне
дейiн баратын жолды
ұйымдасқан түрде
қоныс аудару
шеңберiнде
азық-түлiкпен және
дәрiлiк заттармен
0,5 AEK мөлшерiнде
3 тәулiкке
арналған есеппен
қамтамасыз ету;
5) оралмандарға
құжат берудi
AEK-тiң 20%-ы
мөлшерiнде
(Қазақстан
Республикасы
азаматының жеке
куәлiгi) төлеу.
4 102 Оралмандарды Оралмандардың Жыл Қазақстан
тұрғын үймен 10000 отбасын бойы Республи.
қамтамасыз Қазақстан касының
ету Республикасы Көшi-Қон
Yкiметiнiң шешiмiне және
сәйкес отбасының демография
бiр мүшесiне жүз жөнiндегi
еселенген айлық Агенттiгi
есептiк көрсеткiш
есебiнен тұрғын
үймен қамтамасыз
ету. 2003 жылға
арналған оралман-
дардың көшiп келу
квотасына енген 316
оралмандар отбасы
үшiн тұрғын үй сатып
алу, оның iшiнде об-
лыстар бойынша: Ақмола
- 9 отбасы, Алматы -
6 отбасы, Шығыс Қа-
зақстан - 6 отбасы,
Батыс Қазақстан - 2
отбасы, Қарағанды -
235 отбасы, Қостанай
- 1 отбасы, Солтүстiк
Қазақстан - 47 отбасы,
Алматы қаласы - 10
отбасы.
__________________________________________________________________
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: 2004 жылы келетiн оралмандар отбасы - 10000, оның iшiнде ұйымдасқан түрде келетіні - 780, өз бетінше келетіні - 9220; ұйымдасқан түрде қоныс аудару бойынша көлiк шығындарының орнын толтыру және өз бетiнше келгендердiң көлiк шығындарын өтеу; 2004 жылға арналған оралмандардың көшіп келу квотасы бойынша келген оралмандардың 10000 отбасына бiржолғы жәрдемақының дер кезiнде төлеудi қамтамасыз ету, сондай-ақ тұрғын үймен қамтамасыз етужәне 2003 жылға арналған оралмандардың көшiп келу квотасына енген 316 оралмандар отбасы үшiн тұрғын үй сатып алу. <*>
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
N 1327 қаулысына
371-қосымша
605 - Қазақстан Республикасының
Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгi
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Қазақстан Республикасы Көшi-қон және демография
жөнiндегi агенттiгiнiң ақпараттық жүйесiн құру
деген 003 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
Паспорты
1. Құны: 6354 мың теңге (алты миллион үш жүз елу төрт мың теңге).
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Ақпараттандыру туралы" 2003 жылғы 8 мамырдағы Қазақстан Республикасының
Заңы
; Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 16 наурыздағы N 573
Жарлығы
; "Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi Агенттiгi мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 21 шiлдедегi қаулысы N
1020
.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: "Оралман" Деректер Банкiн (Салық комитетiнiң "Салық төлеушiлер және салық салу объектiлерi тiзiлiмi (СТ және СО) жүйесiн енгiзу жөнiндегi талаптарын ескере отырып) дамыту және Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi Агенттiгiн материалдық-техникалық жарақтандыру.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi Агенттiгiнiң ақпараттық жүйесiн жетiлдiру және дамыту.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары.
__________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi| Кiшi | Бағдарламаны іске | Іске | Жауапты
п/п|дар.|бағ.| бағдарлама. | асыру жөніндегі | асыру | орындау.
|лама|дар.| лардың | іс-шаралар |мерзімі| шылар
|коды|лама| атауы | | |
| |коды| | | |
__________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7
__________________________________________________________________
1 003 Қазақстан Саны 16 қосымша Жыл Қазақстан
Республикасы лицензия сатып бойы Республи.
Көшi-қон алу және оларды касының
және "Оралман" Көшi-Қон
демография Дерекқорын дамыту және
жөнiндегi үшiн Агенттiктiң демография
агенттiгiнің аумақтық жөнiндегi
ақпараттық органдарында Агенттiгi
жүйесiн құру орнату, 26
компьютер, 23
принтер және 1
сканер сатып алу.
__________________________________________________________________
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:
- басқа мемлекеттiк органдарда әзiрленген дерекқорлармен қолда бар "Оралман" Дерекқорларын бiрiктiру;
- факстiк хабарламаларды беру телефонмен сөйлесу шығындарын азайту;
- берiлетiн деректердi қорғау және сақталу;
- Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi Агенттiгi жұмысының өнiмдiлiгiн арттыру.