РҚАО-ның ескертуі. P031327 қаулысын қараңыз
"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. 369, 370, 371-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Көші-қон және демография жөнiндегi агенттігінің 2004 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламаларының паспорттары бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
N 1327 қаулысына
369-қосымша
605 - Қазақстан Республикасының
Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгi
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Көшi-қон және демография саласындағы
уәкiлеттi органның қызметiн қамтамасыз ету"
деген 001 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
Паспорты
1. Құны: 103329 мың теңге (бip жүз үш миллион үш жүз жиырма тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негізi: "Мемлекеттiк қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасы
Заңының 9,
21-25-баптары
; "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының
Заңы
; Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк аппарат жұмысын жақсарту, бюрократизммен күрес және құжат айналымын қысқарту жөнiндегi шаралар туралы" 2000 жылғы 31 шiлдедегi N 427
Жарлығы
; Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегі Агенттiгi мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 21 шiлдедегі N 1020
қаулысы
.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi Агенттiгiнiң аппаратының қызметiн қамтамасыз ету және оның аумақтық органдарының аппаратын ұстау; өздерiнiң лауазымдық мiндеттерiн тиiмдi орындау және кәсiби шеберлiгiн жетiлдiру үшiн қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес кәсiби қызмет саласында бiлiм беру бағдарламасы бойынша теориялық және практикалық бiлiмдердi, ұқсата бiлу мен дағдыны жаңғырту; Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi Агенттiктiң орталық аппаратының бухгалтерлiк есеп жүйесiн жетiлдiру.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi Агенттiгiнiң орталық аппаратына және оның аумақтық органдарына жүктелген функцияларды барынша тиiмдi орындалуына қол жеткiзу үшiн олардың қызметiн қамтамасыз ету; мемлекеттiк қызметшiлердің кәсiби бiлiктiлiгiн арттыру; бухгалтерлiк есеп үшiн программалық өнiмдердi сатып алу, Көшi-қон және демография жөнiндегi Агенттiктiң ақпараттық жүйесi мен жергiлiктi мiндеттерiн қамту.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары.
__________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi| Кiшi | Бағдарламаны іске | Іске | Жауапты
п/п|дар.|бағ.| бағдарлама. | асыру жөніндегі | асыру | орындау.
|лама|дар.| лардың | іс-шаралар |мерзімі| шылар
|коды|лама| атауы | | |
| |коды| | | |
__________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7
__________________________________________________________________
1 001 Көшi-қон
және
демография
саласындағы
уәкiлеттi
органның
қызметiн
қамтамасыз
ету
2 001 Орталық Қазақстан Жыл Қазақстан
органның Республикасының бойы Республи.
аппараты Көшi-қон және касының
демография Көшi-қон
жөнiндегi Агенттiгi және
орталық аппараттың демография
саны 24 бiрлiк деп жөнiндегi
бекiтiлген штаттық Агенттiгi
лимитi шегiнде
ұстау. Агенттiктiң
аумақтық
органдарымен
деректер алмасу,
сондай-ақ телефон
және факстiк
байланысқа
жұмсалатын
шығындарды
оңтайландыру үшiн
өзiнiң
WEB-серверiн және
Internet E-mail
электрондық почта
серверiн ұйымдастыру
және дepбec жүргiзу
мүмкiндiгiмен
Агенттiктiң орталық
офисiнiң жергiлiктi
желiсiнен Интернет
желiсiне қосуды
ұйымдастыру. Саны
2 бiрлiк деп
бекiтiлген лимит
негiзiнде қызметтiк
автомашиналарды
ұстау және жалдау
3 002 Аумақтық Қазақстан Жыл Қазақстан
органдардың Республикасының бойы Республи.
аппараттары Көші-қон және касының
демография Көшi-Қон
жөнiндегi және
Агенттігiнiң демография
аумақтық жөнiндегi
бөлiмшелерiнің саны Агенттiгi
120 бiрлiк деп
бекiтiлген штаттық
лимитi шегiнде
ұстау. Қызметтiк
16 жеңiл
автомашинаны ұстау.
4 007 Мемлекеттiк Бiлiктiлiктi Жыл Қазақстан
қызметшi. арттырудың, бойы Республи.
лердiң соның iшiнде касының
бiлiктiлiгiн мемлекеттiк тiлдi Көшi-Қон
арттыру оқытудың бекiтiлген және
жоспарына сәйкес демография
мемлекеттiк жөнiндегi
қызметшiлердiң Агенттiгi
бiлiктiлiгiн
арттыру жөнiнде
көрсетiлетiн
қызметтi сатып
алу. Біліктiліктi
арттыру
курстарынан өтетiн
мемлекеттiк
қызметшiлердiң
жылдық орташа
саны 90.
5 009 Мемлекеттiк Қазақстан 2004 Қазақстан
органдарды Республикасының жылдың Республи.
материалдық- Көші-қон және қаңтары касының
техникалық демография Көшi-Қон
жарақтандыру жөнiндегi Агенттігi және
орталық аппаратының демография
бухгалтерлiк есеп жөнiндегi
жүйесi үшiн Агенттiгi
бағдарламалық
өнiмдер сатып
алу - 4 бiрлiк.
__________________________________________________________________
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi Агенттiгiне және оның аумақтық органдарына жүктелген функцияларды сапалы және дер кезiнде орындау; мемлекеттің экономикалық жағдайларына сәйкес мемлекеттiк қызметшiлердi кәсiби мемлекеттiк қызмет талаптарына сай мемлекеттiк қызметшiлердiң кәсiби деңгейiн арттыру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
N 1327 қаулысына
370-қосымша
605 - Қазақстан Республикасының
Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгi
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Оралмандарды тарихи отанына
қоныстандыру және әлеуметтiк қорғау"
деген 002 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
Паспорты
1. Құны: 6203550 мың теңге (алты миллиард екi жүз үш миллион бес жүз елу мың теңге).
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Халықтың көшi-қоны туралы" 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының
29-бабы
; "Республикалық бюджеттен оралмандар үшiн бөлiнген қаражаттарды нысаналы пайдалану туралы ереженi бекiту туралы" 1999 жылғы 18 тамыздағы N 1194 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
қаулысы
.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: 2004 жылға арналған оралмандардың көшiп келу квотасы бойынша өзiнiң тарихи отанына қайтып оралған этникалық қазақтарды жайластыру жолымен демографиялық ахуалды жақсарту және Қазақстан Республикасы халқының санын өсiру.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: Оралмандарды қоныстандыруды ұйымдастыру және әлеуметтiк қорғау, сондай-ақ 2004 жылға арналған оралмандардың көшiп келу квотасы бойынша келген оралмандар отбасыларын тұрғын үймен қамтамасыз ету.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары.
__________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi| Кiшi | Бағдарламаны іске | Іске | Жауапты
п/п|дар.|бағ.| бағдарлама. | асыру жөніндегі | асыру | орындау.
|лама|дар.| лардың | іс-шаралар |мерзімі| шылар
|коды|лама| атауы | | |
| |коды| | | |
__________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7
__________________________________________________________________
1 002 Оралмандарды
тарихи
отанына
қоныстандыру
және
әлеуметтiк
қорғау
2 100 Оралмандарды 2004 жылға Жыл Қазақстан
уақытша арналған көшiп бойы Республи.
орналастыру келу квотасына касының
орталығы сәйкес Көшi-Қон
оралмандардың және
келген отбасын демография
бейiмделу кезеңiнде жөнiндегi
орналастыру. Агенттiгi
3 101 Оралмандардың Республикалық Жыл Қазақстан
көшiп келуi бюджеттен бойы Республи.
және оралмандар үшiн касының
әлеуметтiк бөлiнген қаражат: Көшi-Қон
қорғалуы 1) отбасының және
басшысына - 15 АЕК демография
мөлшерiнде және жөнiндегi
отбасы мүшелерiне Агенттiгi
- 10 АЕК мөлшерiнде
бiржолғы жәрдемақы
төлеуге;
2) 2004 жылға
арналған
оралмандардың
көшiп келу квотасы
бойынша шет
мемлекеттерден
оралмандардың 780
отбасын түпкiлiктi
тұрғылықты жерiне
дейiн ұйымдасқан
түрде көшiруге
және олардың мүлкiн
апаруға жұмсалады.
Иран Ислам
Республикасы -
2 рейс, Өтпелi
Ауғанстан Ислам
Мемлекетi
(Пәкстан Ислам
Республикасы) - 7
рейс, Монғолия -
62 рейс, Түрiк
Республикасы -
5 рейс;
3) Қазақстан
Республикасына
жақын шет елдерден
және Қазақстан
Республикасы
Президентiнiң 2003
жылғы 31 қазандағы
N 1216
Жарлығымен
бекiтiлген
оралмандардың
2004 жылға арналған
көшiп келу
квотасына сәйкес
ұйымдасқан түрде
көшiруден тыс
оралмандардың 9220
отбасының көлiк
шығындарының
(жолақысы және
мүлiктерiн әкелу)
орнын толтыру.
Әрбiр оралманның
жолақысына - 10
АЕК-тен аспайтын,
оралман отбасының
мүлкiн әкелуiне
жұмсалатын шығынын
50 AEK-тен аспайтын
мөлшерде төлеу;
4) Оралмандардың
әрбiр отбасын
тұрғылықты жерiне
дейiн баратын жолды
ұйымдасқан түрде
қоныс аудару
шеңберiнде
азық-түлiкпен және
дәрiлiк заттармен
0,5 AEK мөлшерiнде
3 тәулiкке
арналған есеппен
қамтамасыз ету;
5) оралмандарға
құжат берудi
AEK-тiң 20%-ы
мөлшерiнде
(Қазақстан
Республикасы
азаматының жеке
куәлiгi) төлеу.
4 102 Оралмандарды Оралмандардың Жыл Қазақстан
тұрғын үймен 10000 отбасын бойы Республи.
қамтамасыз Қазақстан касының
ету Республикасы Көшi-Қон
Yкiметiнiң шешiмiне және
сәйкес отбасының демография
бiр мүшесiне жүз жөнiндегi
еселенген айлық Агенттiгi
есептiк көрсеткiш
есебiнен тұрғын
үймен қамтамасыз
ету.
__________________________________________________________________
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: 2004 жылы келетiн оралмандар отбасы - 10000, оның iшiнде ұйымдасқан түрде келетіні - 780, өз бетінше келетіні - 9220; ұйымдасқан түрде қоныс аудару бойынша көлiк шығындарының орнын толтыру және өз бетiнше келгендердiң көлiк шығындарын өтеу; 2004 жылға арналған оралмандардың көшіп келу квотасы бойынша келген оралмандардың 10000 отбасына бiржолғы жәрдемақының дер кезiнде төлеудi қамтамасыз ету, сондай-ақ тұрғын үймен қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
N 1327 қаулысына
371-қосымша
605 - Қазақстан Республикасының
Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгi
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Қазақстан Республикасы Көшi-қон және демография
жөнiндегi агенттiгiнiң ақпараттық жүйесiн құру
деген 003 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
Паспорты
1. Құны: 6354 мың теңге (алты миллион үш жүз елу төрт мың теңге).
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Ақпараттандыру туралы" 2003 жылғы 8 мамырдағы Қазақстан Республикасының
Заңы
; Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 16 наурыздағы N 573
Жарлығы
; "Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi Агенттiгi мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 21 шiлдедегi қаулысы N
1020
.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: "Оралман" Деректер Банкiн (Салық комитетiнiң "Салық төлеушiлер және салық салу объектiлерi тiзiлiмi (СТ және СО) жүйесiн енгiзу жөнiндегi талаптарын ескере отырып) дамыту және Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi Агенттiгiн материалдық-техникалық жарақтандыру.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi Агенттiгiнiң ақпараттық жүйесiн жетiлдiру және дамыту.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары.
__________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi| Кiшi | Бағдарламаны іске | Іске | Жауапты
п/п|дар.|бағ.| бағдарлама. | асыру жөніндегі | асыру | орындау.
|лама|дар.| лардың | іс-шаралар |мерзімі| шылар
|коды|лама| атауы | | |
| |коды| | | |
__________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7
__________________________________________________________________
1 003 Қазақстан Саны 16 қосымша Жыл Қазақстан
Республикасы лицензия сатып бойы Республи.
Көшi-қон алу және оларды касының
және "Оралман" Көшi-Қон
демография Дерекқорын дамыту және
жөнiндегi үшiн Агенттiктiң демография
агенттiгiнің аумақтық жөнiндегi
ақпараттық органдарында Агенттiгi
жүйесiн құру орнату, 26
компьютер, 23
принтер және 1
сканер сатып алу.
__________________________________________________________________
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:
- басқа мемлекеттiк органдарда әзiрленген дерекқорлармен қолда бар "Оралман" Дерекқорларын бiрiктiру;
- факстiк хабарламаларды беру телефонмен сөйлесу шығындарын азайту;
- берiлетiн деректердi қорғау және сақталу;
- Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi Агенттiгi жұмысының өнiмдiлiгiн арттыру.