Қазақ ССР Әкімшілік право бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 28 маусым N 408-I

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 

      1. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Тiркеу қызметi комитетiнiң Ақмола облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын. 

      2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Тiркеу қызметi комитетi Кәсiпорынға қатысты уәкiлеттi мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асырушы орган болып белгiленсiн.

     3. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi түрi және жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң бiркелкiлiк, техникалық және құндылық сипаттарын, сондай-ақ Құқықтық кадастрды жүргiзуге байланысты өзге де қызметтердi жүзеге асыру болып белгiленсiн.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінiң 2007.01.29.   N 64   қаулысымен.

      4. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Тiркеу қызметi комитетi заңдарда белгiленген тәртiппен: 
      1) Кәсiпорынның жарғысын бекiтсiн және оны әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн; 
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 

      5. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
      1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      2) "Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 19 қарашадағы N 1181 қаулысына(Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1998 ж., N 44, 387-құжат): 
      1-тармақтағы "Жылжымайтын мүлiктi және заңды тұлғаларды тiркеу жөнiндегi агенттiгiнiң" деген сөздер "Тiркеу қызметi комитетiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N  1120 қаулысымен.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі