Қазақстан Республикасы Президентінің "Лицензиялау туралы" заң күші бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 1998 жылғы 30 желтоқсан N 343-I

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі N 2200 Z952200_ заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 37-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 93-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 236-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 7, 80-құжат; N 11, 144, 149-құжаттар; N 12, 184-құжат; N 13-14, 195, 205-құжаттар; N 22, 333-құжат; 1998 жылғы 8 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (Алматы қаласының мәртебесі туралы мәселелер жөнінде)" 1998 жылғы 1 шілдедегі Z980259_ Қазақстан Республикасының Заңы; 1998 жылғы 15 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Бағалы металдарға байланысты қатынастарды реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Z980277_ Қазақстан Республикасының Заңы; 1998 жылғы 17 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентінің "Лицензиялау туралы" заң күші бар Жарлығына толықтырулар енгізу туралы" 1998 жылғы 10 шілдедегі Z980280_ Қазақстан Республикасының Заңы; 1998 жылғы 28 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Акционерлік қоғамдардың мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1998 жылғы 10 шілдедегі Z980282_ Қазақстан Республикасының Заңы; 1998 жылы 28 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1998 жылғы 10 шілдедегі Z980283_ Қазақстан Республикасының Заңы) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      9-баптың 1-тармағының 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "14) азаматтық және қызметтік атыс қаруы мен оның патрондарын, суық қаруды, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданатын бұйымдарды, сондай-ақ химиялық өзін-өзі қорғау құралдарын жасау, өндіру, жөндеу, сату, сатып алу, коллекциялау, экспонаттау;";
      15-бап мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
      "Азаматтық және қызметтік атыс қаруы мен оның патрондарын, суық қаруды, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданатын бұйымдарды, сондай-ақ химиялық өзін-өзі қорғау құралдарын жасау, өндіру, жөндеу, сату, сатып алу, коллекциялау, экспонаттау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру үшін қажетті шарттар жекелеген қару түрлерінің айналымына бақылау жасау туралы заңдармен белгіленеді.";
      19-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау саласындағы заңдармен азаматтық және қызметтік атыс қаруы мен оның патрондарын, суық қаруды, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданатын бұйымдарды, сондай-ақ химиялық өзін-өзі қорғау құралдарын жасауға, өндіруге, жөндеуге, сатуға, сатып алуға, коллекциялауға, экспонаттауға лицензия беруден бас тарту үшін өзге де негіздер белгіленуі мүмкін.".

      Қазақстан Республикасының
      Президенті