Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгі

Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 19 маусымдағы № 97-VIII ҚРЗ

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім):

      1) 718-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қарыз алушыларының құқықтарын қорғау Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен есептелетін жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлерін белгілеу арқылы қамтамасыз етіледі.

      Банктік қарыздар мен микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлері қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің бірлескен нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.";

      2) 728-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Тұтынушылық банктік қарыздың және тұтынушылық микрокредиттің ерекшеліктері Қазақстан Республикасының банк заңнамасында және Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызмет туралы заңнамасында айқындалады.";

      3) 740-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Азаматтардың және заңды тұлғалардың банктік шоттардағы ақшаcына тек қана сот актілері негізінде соттар және сот орындаушыларының прокурор санкциялаған қаулылары не аумақтық әділет органдарының атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған қаулылары негізінде сот орындаушылары Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік және азаматтық процестік заңнамасында және Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша тыйым салуы мүмкін.".

      2. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне:

      1) 53-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының жиырмасыншы абзацы алып тасталсын;

      2) 62-баптың 3-тармағының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Aппараты, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты, Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы, Қазақстан Рeспубликасының Aдам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығы, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ревизиялық комиссиялары, мәслихаттардың аппараттары және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлемейді.";

      3) 5-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-бөлім. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкін, оның ведомстволарын және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебінің және қаржылық есептілігінің жүйесі".

      3. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:

      169-1-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін, оның ведомстволарын және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды қоспағанда, мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер;".

      4. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      15-бапта:

      екінші бөлікте:

      мынадай мазмұндағы 48-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "48-1) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган әзірлейтін банктік қарыздар мен микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлерін айқындау туралы бірлескен нормативтік құқықтық актіні;";

      75) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "75) Қазақстан Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстанның Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидаларын;";

      үшінші бөлік мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "20-1) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қызметін қаржыландыру туралы шешім қабылдайды;".

      5. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 2-бап мынадай мазмұндағы 1-1) және 15) тармақшалармен толықтырылсын:

      "1-1) банк және микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңы – сауда-саттық өткізу үшін қатысушыларға инфрақұрылымды қамтамасыз ететін, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолданылатын интернет-ресурс;";

      "15) тұтынушылық банктік қарыз – ипотекалық тұрғын үй қарызы (ипотекалық қарыз) болып табылмайтын, жеке тұлғаға тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға және (немесе) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес өзге де мақсаттарға берілетін банктік қарыз.";

      2) 8-бапта:

      7-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-1. Банк банк және микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңында сауда-саттық өткізу арқылы мынадай мүлікті:

      бұрын банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету болып табылған, оған өндіріп алуды қолдану нәтижесінде банктің меншігіне өткен кепіл мүлкін;

      банктің банктік қарыз шарты бойынша міндеттемені орындаудың орнына бас тарту төлемін алуы нәтижесінде банктің меншігіне түскен мүлікті өткізуге міндетті.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген талап осы баптың 9-тармағының 14) тармақшасына сәйкес банк сатып алу шартымен жалға берген тұрғынжайға қолданылмайды.

      Банк:

      өткізу мерзімі Қазақстан Республикасының Жер кодексінде көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып айқындалатын жер учаскесін;

      осы баптың 9-тармағының 14) тармақшасына сәйкес банк сатып алу шартынсыз жалға берген, өткізу мерзімі жалдау мерзіміне мөлшерлес ұзартылатын тұрғынжайды қоспағанда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мүлікті банктің меншігіне өткен күнінен бастап үш жыл ішінде өткізуге тиіс.

      Осы тармақтың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде белгіленген талаптар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға және бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін банктердің еншілес ұйымдарына қолданылады.

      Осы тармақтың талаптары осы баптың 7-тармағында көзделген заңды тұлғалардың акциялары немесе жарғылық капиталдарына қатысу үлестері банктердің меншігіне өткен жағдайларға қолданылмайды.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мүлік сауда-саттық өтпеді деп танылған жағдайда уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде бекітілген банк және микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңында сауда-саттық өткізу қағидаларына сәйкес тікелей атаулы сату арқылы өткізілуі мүмкін.";

      9-тармақта:

      7) тармақша "мүліктi" деген сөзден кейін "және банктік қарыз шарты бойынша міндеттемені орындаудың орнына бас тарту төлемі түрінде алынған мүлікті" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 9-2) тармақшамен толықтырылсын:

      9-2) орталық депозитарийде депоненттің атына ашылған депонент шотын (шоттарын) басқару жөніндегі қызметтерді көрсетумен;";

      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) банктің меншігіне өткен тұрғынжайды мүліктік жалдау (жалға беру) шарты негізінде, оның ішінде сатып алу шартымен жалға берумен айналысуға құқылы.

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын, ипотекалық тұрғын үй қарызы (ипотекалық қарыз) шарты бойынша міндеттемелерді орындамауына немесе тиісінше орындамауына байланысты өндіріп алуды қолдану не ипотекалық тұрғын үй қарызы (ипотекалық қарыз) шарты бойынша кепіл ретінде болған тұрғынжай түрінде бас тарту төлемін беруі нәтижесінде тұрғынжайы банктің меншігіне өткен жеке тұлғалар ғана осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген тұрғынжайды жалға алушылар ретінде бола алады;";

      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "15) Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес синдикатталған қаржыландыруға қатысуға және (немесе) банк-агенттің және (немесе) кепілді басқарушының функцияларын орындауға құқылы.";

      3) 9-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банктік қарыз немесе салым бойынша сыйақы шамалары туралы ақпаратты қамтитын жарнаманы тарату және (немесе) орналастыру кезінде анық, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемесін көрсетуге міндетті.

      Банктік қарыз немесе салым бойынша сыйақы шамалары туралы ақпаратты қамтитын жарнаманы тарату, соның ішінде оны жариялау кезінде жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі қаріптері басқа сыйақы мөлшерлемелерімен бірдей көлемдегі және ресімдеу стиліндегі нысанда цифрлармен көрсетіледі. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін осы жарнамада өзге ақпаратты көрсету кезінде пайдаланылатын қаріптен кіші қаріппен көрсетуге жол берілмейді.";

      4) 17-1-бапта:

      5-тармақтың 4) тармақшасындағы "Бейрезидент-жеке тұлғалар мінсіз іскерлік беделін растау үшін өздері азаматы болып табылатын елдің, ал азаматтағы жоқ адамдар – өздері тұрақты тұратын елдің тиісті мемлекеттік органы берген алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының жоқ екенін растайтын құжатты ұсынады (көрсетілген құжатты беру күні өтініш берілген күннің алдындағы үш айдан аспауға тиіс);" деген сөздер "Өтініш берушінің Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатын басшы қызметкерлері бойынша, өтініш беруші уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген нысан бойынша олардың мінсіз іскерлік беделін растайтын мәліметтерді ұсынады;" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Осы баптың рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төменгі рейтингісінің және уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісімнің болуы жөніндегі талаптары өтініш берушінің-Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымының ұлттық басқарушы холдингтен Қазақстан Республикасының резидент-банкі акцияларының жүз пайызын сатып алуы жағдайларына қолданылмайды.";

      5) 20-бапта:

      3-тармақтың 2) тармақшасы алтыншы абзацындағы "саласында осы бапта белгіленген еңбек өтілі жоқ;" деген сөздер "саласында;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы жетінші және сегізінші абзацтармен толықтырылсын:

      "және (немесе) экономика, қаржы немесе мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарында;

      және (немесе) ұлттық басқарушы холдингте, Қазақстанның Даму Банкінде, жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнаулы қорында, тікелей инвестициялар нарығын дамытуды жүзеге асыратын ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымында осы баптың 5-1-тармағының 3-2) тармақшасында көзделген лауазымдарда осы бапта белгіленген еңбек өтілі жоқ;";

      5-1-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "3-1) экономика, қаржы немесе мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік саяси қызметшінің;

      3-2) ұлттық басқарушы холдингтің, Қазақстан Даму Банкінің, жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнаулы қорының, тікелей инвестициялар нарығын дамытуды жүзеге асыратын ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымының басқару органының басшысы мен мүшелерінің, атқарушы органы басшысының, оның орынбасарының және мүшелерінің;";

      6) 30-баптың 13-тармағында:

      екінші бөлік алып тасталсын;

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген шарттан басқа, жеке тұлғадан бір жүз жиырма мың АҚШ доллары баламасына тең сомадан төмен болмайтын салымды қабылдау Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген банк операцияларын жүргізу шарты болып табылады.";

      7) 34-бапта:

      3-тармақта:

      екінші бөліктің бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "банктік қарыз шарты бойынша төлемдерді кейінге қалдыру, оның ішінде мерзімді әскери қызмет өткеру мерзімін және ол аяқталғаннан кейінгі 60 күнді қамтитын кезеңге кейінге қалдыру және (немесе) ұзарту;";".

      төртінші бөлік "банктік қарыз шартында көзделген тәртіппен" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген сәйкестендіру құралдарын қолдану арқылы банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қарыз алушы-жеке тұлғаны сәйкестендіруді жүзеге асыру мүмкіндігін беретін ақпараттандыру объектілері (бұдан әрі – ақпараттандыру объектілері) арқылы" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның қарыз бойынша ай сайынғы төлемдерді ұлғайтпай, банктік қарыз шарты бойынша төлемдерді кейінге қалдыруды және (немесе) бөліп төлеуді ұсынуы қарыз алушының келісімі болған кезде жүзеге асырылады.";

      бесінші бөліктегі "банктік қарыз шартында көзделген тәртіппен" деген сөздер "банктік қарыз шартында көзделген тәртіппен, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылсын:

      "3-2. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банктік қарыз шарты бойынша уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қарыз бойынша сыйақыны есепке жазбай, мерзiмдi әскери қызметтегі әскери қызметшiлерге мерзімді әскери қызмет өткеру мерзімін және ол аяқталғаннан кейінгі 60 күнді қамтитын кезеңге негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемді кейінге қалдыруды ұсынуға міндетті.

      Мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілер, сондай-ақ оларды қызметтен шығару, оларда банктік қарыздың болуы не болмауы, ол бойынша төлемді кейінге қалдырудың ұсынылуы туралы мәліметтерді алмасу Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен келісу бойынша уәкілетті орган айқындаған тәртіппен мемлекеттік органдардың және банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.

      Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайларда дербес деректерді жинау, өңдеу және пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.";

      5-1-тармақта:

      "Адам" деген сөз "Жеке тұлға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы" деген сөздер "кредиттік бюрода не "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы тегін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5.2. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банктік қарыз беру туралы шешім қабылданғанға дейін алған жеке тұлғаның кредиттік есебінде оның банктік қарыз алудан ерікті түрде бас тартуын белгілегені туралы ақпарат болған кезде банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның оған банктік қарыздар беруіне тыйым салынады.

      Банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның жеке тұлғаға жұбайының (зайыбының) келісімінсіз банктік қарыздар беруіне тыйым салынады, келісімді алу тәртібі және келісім қажет болатын банктік қарыздың ең төмен мөлшері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

      Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым клиент-жеке тұлғаның кредиттік есебінде оның банктік қарыз алудан ерікті түрде бас тартуын белгілегені туралы ақпарат болған кезде, сондай-ақ жұбайының (зайыбының) келісімінсіз банктік қарыз берген жағдайда, банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым жеке тұлғадан осындай банктік қарыз бойынша міндеттемелерді орындауды талап етуге құқылы емес.

      Жеке тұлғаның банктік қарыз алудан ерікті түрде бас тартуын белгілегені туралы ақпарат болған кезде оған банктік қарыз беруге тыйым салу жеке тұлғаның банктік қарызы бойынша берешегін өтеу мақсатында немесе республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жетпіс бес еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде төлем картасы бойынша белгіленген кредиттік лимит шеңберінде банктік қарыз беру жағдайларына қолданылмайды.

      Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген, жеке тұлғаның кредиттік есебінде оның банктік қарыз алудан ерікті түрде бас тартуын белгілегені туралы ақпарат болған кезде, сондай-ақ жұбайының (зайыбының) келісімінсіз банктік қарыз беру фактісі анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, мынадай шараларды қабылдайды:

      клиенттің осындай банктік қарыз бойынша берешегін есептен шығару туралы шешім қабылдайды;

      клиенттің осындай банктік қарызы бойынша берешекті өндіріп алуды және талап-арыз жұмысын тоқтатады;

      осындай банктік қарыз бойынша ақпарат туралы жазбаларды жою арқылы клиенттің кредиттік бюролардағы кредиттік тарихына түзетулер енгізеді;

      осындай банктік қарыз бойынша сыйақының және (немесе) тұрақсыздық айыбының бұрын ұсталған (төленген) сомаларын клиентке қайтаруды жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы 5-3, 5-4, 5-5 және 15-тармақтармен толықтырылсын:

      "5-3. Банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның банктік қарыз және (немесе) микрокредит бойынша күнтізбелік тоқсан күннен астам мерзімі өткен берешегі бар жеке тұлғаға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қарыз беруіне тыйым салынады.

      Бұл тыйым жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қарызын және (немесе) микрокредитін өтеу мақсатында сыйақы мөлшерлемесін және (немесе) мерзімді төлемдер мөлшерін азайту жағына қарай өзгертуді және (немесе) тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) азайту жағына қарай өзгертуді немесе толық жоюды көздейтін жақсарту талаптарында банктік қарыз беру жағдайларына қолданылмайды.

      5-4. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым сомасы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сай келмейтін тұтынушылық банктік қарыз беруге құқылы емес.

      5-5. Банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның жеке тұлғаны биометриялық сәйкестендіруді жүргізбей онымен Интернет арқылы банктік қарыз шартын жасасуына тыйым салынады, оны жүргізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.";

      "15. Банк құпиясын құрайтын ақпаратқа құқыққа сыйымсыз қол жеткізілгені, оның құқыққа сыйымсыз өзгертілгені, үшінші тұлғалар тарапынан құқыққа сыйымсыз әрекеттердің не жеке тұлғалардың банктік қарыздарымен өзге де заңсыз (алаяқтық) әрекеттердің жүзеге асырылғаны анықталған кезден бастап банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым екі жұмыс күні ішінде осындай әрекеттердің себептері мен салдарын жою үшін шаралар қабылдайды, сондай-ақ бұл туралы клиентке және уәкілетті органға бір жұмыс күні ішінде хабар береді.

      Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне сәйкес құқық қорғау органдары енгізген (шығарған) қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөніндегі шараларды қабылдау туралы ұсынымның не қарыз алушы-жеке тұлғаны жәбірленуші деп тану туралы қаулының негізінде банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым күнтізбелік үш күннен кешіктірмей:

      клиенттің осындай банктік қарызы бойынша берешекті өндіріп алуды және талап-арыз жұмысын тоқтата тұрады;

      клиенттің осындай банктік қарызы бойынша сыйақы және (немесе) тұрақсыздық айыбын есепке жазуды тоқтата тұрады.

      Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым клиенттің қатысуынсыз алаяқтық тәсілмен банктік қарызды ресімдеу фактісі анықталған, заңды күшіне енген сот актісін алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, клиенттің банктік қарыз бойынша берешегін есептен шығару туралы шешімді, сондай-ақ осындай банктік қарыз бойынша бұрын ұсталған (төленген) сомаларды клиентке қайтару жөніндегі шараларды қабылдайды.";

      8) 34-1-бап мынадай мазмұндағы 11, 12, 13 және 14-тармақтармен толықтырылсын:

      "11. Тұрғынжай банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның меншігіне өткен және (немесе) тұрғынжай акт бойынша берілген және "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын кепіл беруші-жеке тұлғаның меншігінде өзге тұрғынжай болмаған жағдайларда, осындай тұрғынжай банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның меншігіне өткен күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға өзіне осы тұрғынжайды жалға беру, соның ішінде оны сатып алу шартымен жалға беру туралы өтінішпен жүгінуге құқылы.

      12. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым осы баптың 11-тармағында көзделген өтінішті алған күннен кейін күнтізбелік он бес күн ішінде оны қарайды және жеке тұлғаға мынадай шешімдердің бірі туралы:

      1) сатып алу шартымен немесе онсыз тұрғын үйді мүліктік жалдау (жалға алу) шартын жасасуға келісетіні туралы;

      2) осы Заңда белгіленген негіздер бойынша мүліктік жалдау (жалға алу) шартын жасасудан бас тарту себептерінің уәжді негіздемесін көрсете отырып, осындай шарт жасасудан бас тартатыны туралы хабарлайды.

      13. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым мынадай жағдайларда:

      1) өтініш беруші халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары санатына жататыны жөнінде анық емес мәліметтерді ұсынған;

      2) өтініш беруші кіріс көздерінің болмауына байланысты жалға алу ақысын төлей алмайтын;

      3) өтініш берушінің банкроттығы;

      4) өтініш берушінің меншік құқығында тұрғын үйі болған жағдайларда, осы баптың 11-тармағында көзделген өтініш бойынша мүліктік жалдау (жалға алу) шартын жасасудан бас тартуға құқылы.

      14. Мүліктік жалдау (жалға алу) шарты тұрғынжайды сатып алу шартымен жасалған жағдайда тұрғынжайға меншік құқығы жалға алушы жалға алу бойынша соңғы төлемді не тұрғынжайдың мүліктік жалдау (жалға алу) шартында айқындалған құнын толық мерзімінен бұрын өтеуді жүзеге асырғаннан кейін жалға алушыға ресімделеді.

      Жалға алушы мүліктік жалдау (жалға алу) шарты бойынша міндеттемелерді қатарынан күнтізбелік тоқсан күннен астам мерзімде орындамаған жағдайда мүліктік жалдау (жалға алу) шарты тоқтатылады, бұл ретте банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның мерзімі өткен төлемдерге тұрақсыздық айыбын (өсімпұлды) есепке жазуына және талап етуіне тыйым салынады.";

      9) 36-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігінде:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Банктік қарыз шарты бойынша міндеттемені орындаудың өткізіп алынған мерзімі болған кезде, бірақ ол басталған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей, банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) қарыз алушыны банктік қарыз шартында көзделген тәсілмен және мерзімдерде, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы:";

      1-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-1) банктік қарыз шарты бойынша қарыз алушы-жеке тұлғаның банкке (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға) осы баптың 1-1-тармағында көзделген өтінішпен жүгіну құқығы;";

      1-1-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) сатып алушыға банктік қарыз шарты бойынша міндеттемені бере отырып, ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті өткізуге байланысты өзгерістер енгізу туралы өтінішін негіздейтін банктік қарыз шарты бойынша міндеттемені орындау мерзімін өткізіп алудың туындау себептері, кірістер және басқа да расталған мән-жайлар (фактілер) туралы мәліметтерді қамтитын өтінішті жазбаша нысанда, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы не банктік қарыз шартында көзделген тәсілмен ұсынуға құқылы.";

      1-2 және 1-3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-2. Банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) осы баптың 1-1-тармағында көзделген өтінішті алған күннен кейін күнтізбелік он бес күн ішінде қарыз алушы-жеке тұлға ұсынған банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістерді уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен қарайды және қарыз алушы-жеке тұлғаға мынадай шешімдердің бірі туралы:

      1) банктік қарыз шартының талаптарына ұсынылған өзгерістермен келісетіні туралы;

      2) банктік қарыз шартының талаптарын өзгерту бойынша қарсы ұсыныс туралы;

      3) банктік қарыз шартының талаптарын өзгертуден бас тарту себептерінің уәжді негіздемесін көрсете отырып, осындай бас тарту туралы жазбаша нысанда, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы не банктік қарыз шартында көзделген тәсілмен хабарлайды.

      Қарыз алушы-жеке тұлғаның банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішін қарау кезеңінде банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) қарызды мерзімінен бұрын өтеуді талап етуге құқылы емес.

      Банктің (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның) осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген шешімі алынған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) және қарыз алушы-жеке тұлға арасында өзара қолайлы шешімге қол жеткізілмеуі банктік қарыз шартының талаптарын өзгертуден бас тарту болып есептеледі. Бұл мерзім екі тараптың да келісімі болған кезде ұзартылуы мүмкін.

      1-3. Қарыз алушы-жеке тұлға банктің (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның) осы баптың 1-2-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген шешімін алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде немесе осы баптың 1-2-тармағының үшінші бөлігінде көзделген мерзімде банктік қарыз шартының талаптарын өзгерту туралы өзара қолайлы шешімге қол жеткізбеген кезде бір мезгілде банкті (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымды) хабардар ете отырып, банк омбудсманына жүгінуге құқылы.

      Банк омбудсманы қарыз алушы-жеке тұлғаның жолданымын оның банкке (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға) жүгінуінің және банкпен (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен) банктік қарыз шартының талаптарын өзгерту туралы өзара қолайлы шешімге қол жеткізбеуінің дәлелдемелері ұсынылған кезде қарайды.

      Банк омбудсманының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын қарыз алушы-жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес ипотекалық тұрғын үй қарызы (ипотекалық қарызы) бойынша жолданымын қараған кезеңде кепілге қойылған мүлікке сотқа талап қоюды беру арқылы не соттан тыс тәртіппен өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.";

      2-тармақта:

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Төлем талабын қою арқылы банктік қарыз шарты бойынша қарыз алушы-жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу оның банктік шотындағы ақша сомасының және (немесе) кейіннен қарыз алушының банктік шотына заңды тұлғадан немесе дара кәсіпкерден түсетін әрбір ақша сомасының елу пайызы шегінде шектеледі және төлем талабын толық орындау үшін қажетті барлық соманың банктік шотқа түсуі күтілместен жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:

      "Жеке тұлғаның немесе егер жеке тұлға қызметін жеке кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкер ретінде тіркелген болса, дара кәсіпкердің ағымдағы шотында немесе жиынтығында бір банкте ашылған ағымдағы шоттарында сақталатын ақша сомасы төлем талабын орындау кезінде республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшерінен аз болмауға тиіс.

      Егер жеке тұлға қызметін жеке кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкер ретінде тіркелген болса, көрсетілген шектеу қарыз алушы-жеке тұлғаның немесе дара кәсіпкердің жинақ шотындағы ақшаға қолданылмайды.";

      2-1-тармақта:

      2) тармақша мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) берешекті сотқа дейін өндіріп алуға және берешекті реттеуге берген күні ол туралы коллекторлық агенттіктің атауын, тұрған жерін, коллекторлық агенттіктің борышкерлермен байланысуға арналған телефон нөмірлерін көрсете отырып, қарыз алушыны банктік қарыз шартында көзделген тәсілмен, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы хабардар етеді.";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) қарыз алушыда:

      жеке тұлғаның ипотекалық қарызы бойынша – қатарынан күнтізбелік бір жүз сексен күннен асатын;

      жеке тұлғаның өзге де банктік қарыз шарттары бойынша – қатарынан күнтізбелік тоқсан күннен асатын ақшалай міндеттемені орындау мерзімін өткізіп алу болған кезде осы Заңның 36-1-бабында белгіленген талаптарды сақтай отырып, банктік қарыз шарты бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беруге құқылы.

      Жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қарыз шарты бойынша құқықтарды (талаптарды) коллекторлық агенттікке беруге мерзімі өткен берешек туындаған кезден бастап жиырма төрт ай өткен соң және осы Заңның 34-бабының 3-тармағында және (немесе) осы баптың 1-1-тармағында көзделген және қарыз алушы қарыз бойынша берешегін өтей алатын, тараптар үшін өзара қолайлы жағдайларды қамтамасыз ететін берешекті реттеу бойынша рәсімдер жүргізілген кезде жол беріледі. Есепке жазылған және төленбеген тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың), банктік қарызға қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдердің толық күшін жою міндетті болып табылады.

      Осы тармақшаның ережелері қарыз алушы-Қазақстан Республикасының азаматына қатысты "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану жағдайларына қолданылмайды;";

      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Банкке (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға) берешекті сотқа дейін өндіріп алу және реттеу, сондай-ақ берешекке байланысты ақпарат жинау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді коллекторлық агенттік және (немесе) сервистік компания көрсететін жағдайларды қоспағанда, банктің (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның) мұндай қызметтерді үшінші тұлғалардан алуына тыйым салынады.";

      10) 36-1-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "36-1-бап. Банктік қарыз шарты бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беру тәртібі";

      1-тармақ алып тасталсын;

      4-тармақтың бірінші бөлігінің оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты банктік қарыз шарты бойынша, заңды тұлғаның банктік қарыз шарты бойынша құқықтарға (талаптарға) қатысты, егер көрсетілген қарыздар бойынша басқаға беру күніне халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес құнсыздану белгілері болса, өзге тұлғаға беруін қоспағанда, банктік қарыз шарты бойынша құқықтарды (талаптарды) үшінші тұлғаға беруді жүргізуіне тыйым салынады.";

      мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "4-1. Басқаға беру күніне халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес құнсыздану белгілері бар банктік қарыз шарты бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беруді банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым мынадай талаптарды сақтай отырып жүзеге асырады:

      1) мыналарды:

      осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің жетінші, сегізінші және (немесе) тоғызыншы абзацтарында көрсетілген тұлғаларды;

      осы Заңның 61-10, 61-11 және 61-12-баптарында көзделген іс-шаралар шеңберінде жүзеге асырылатын құқықтарды (талаптарды) басқаға беруді қоспағанда, пайдасына банктік қарыз шарты бойынша құқықтар (талаптар) берілетін тұлға банк және микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңында банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым жүргізетін, осы құқықтарға (талаптарға) қатысты сауда-саттық нәтижелері бойынша айқындалады;

      2) банктік қарыз шарты бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беру осы баптың 4-тармағында белгіленген шектеулер мен қағидалар сақтала отырып жүзеге асырылады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген талаптар бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктердің еншілес ұйымдарына қолданылады.

      4-2. Осы Заңның 36-бабы 2-1-тармағы 3) тармақшасының талаптарын сақтамай, жеке тұлғаның банктік қарыз шарты бойынша құқықтарды (талаптарды) коллекторлық агенттікке беруге тыйым салынады.";

      7-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) басқаға беру шарты жасалғанға дейін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қарыз шарты бойынша қарыз алушы-жеке тұлғаны банктік қарыз шартында көзделген тәсілмен, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы кредитордың көрсетілген банктік қарыз шарты бойынша құқықтарын (талаптарын) үшінші тұлғаға берудің жоспарланып отырғаны туралы, сондай-ақ осындай басқаға беруге байланысты қарыз алушының дербес деректерінің өңделетіні (берілетіні) туралы хабардар етуге;";

      2) тармақшадағы "не Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін тәсілмен," деген сөздер "тәсілмен, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) тармақшаның бірінші бөлігінің жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "қарыз алушы-заңды тұлғаның құрылтай құжаттарын, қарыз алушы-жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;";

      11) 39-баптың 7-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қарыздар бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бірлескен нормативтік құқықтық актісінде айқындалған шекті мөлшерден аспауға тиіс.";

      12) 40-1, 40-2, 40-3 және 40-4-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "40-1-бап. Банк омбудсманы, оның мәртебесі, оны сайлау тәртібі және өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату.

      Банк омбудсманының өкілдер кеңесі, оның құзыреті

      1. Жеке тұлғаның және банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қанағаттандыру туралы келісімге қол жеткізу мақсатында, сондай-ақ осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда жеке тұлға банкпен, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен жасасқан банктік қарыз шартынан туындайтын келіспеушіліктерді оның жолданымы бойынша реттеуді жүзеге асыратын, өз қызметінде тәуелсіз жеке тұлға банк омбудсманы болып табылады.

      Банк омбудсманы өз қызметінде мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:

      1) тараптардың тең құқықтылығы;

      2) бейтараптық;

      3) банктік және өзге де заңмен қорғалатын құпияны сақтау;

      4) тараптардың құқықтарын сақтау және заңмен қорғалатын мүдделерін құрметтеу;

      5) шешім қабылдау рәсімінің айқындылығы мен шешімнің негізділігі.

      2. Банк омбудсманы жеке тұлға болып табылатын қарыз алушы және осындай қарыз алушымен жасалған банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) берілген тұлға арасында туындайтын келіспеушіліктерді қарыз алушының жүгінуі негізінде реттеуді жүзеге асырады.

      Банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) берілген тұлға банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерін сатып алған қарыз алушы жүгінген кезде банк омбудсманымен өзара іс-қимыл жасасуға және банк омбудсманы қарызға байланысты сұратқан кез келген ақпарат пен мәліметтерді беруге міндетті.

      3. Өкілдер кеңесі осы Заңның 40-2-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан уәкілетті органмен келісілген кандидаттар қатарынан банк омбудсманын сайлауды жүзеге асырады. Өкілдер кеңесі:

      1) жеке тұлғаларға банктік қарыздар беретін әрбір банктен, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымнан;

      2) әділет органдарында тіркелген және қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын іске асыруға және қорғауға бағытталған қызметті жүзеге асыратын тұтынушылардың қоғамдық бірлестігінің қауымдастығы (одағы) және (немесе) тұтынушылардың республикалық қоғамдық бірлестігі болған жағдайда, олардан;

      3) әділет органдарында тіркелген және банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, коллекторлық агенттіктердің ортақ мүдделерін білдіруге және қорғауға бағытталған қызметті жүзеге асыратын қаржы ұйымдарының қауымдастығынан (одағынан);

      4) уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен бір-бір өкілден қалыптастырылады.

      Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банктік қарыз операциясын жүзеге асыру құқығына лицензия алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде банк омбудсманының өкілдер кеңесінің құрамына кіруге міндетті.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген қауымдастықтар (одақтар) әділет органдарында тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде банк омбудсманының өкілдер кеңесінің құрамына кіруге міндетті.

      4. Банк омбудсманы үш жыл мерзімге сайланады.

      Банк омбудсманын сайлау, оның қызметін мерзімінен бұрын тоқтату және жүзеге асыру тәртібі осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

      Бір адам банк омбудсманы болып қатарынан екі реттен көп сайлана алмайды.

      5. Өкілдер кеңесінің құзыреті:

      1) банк омбудсманы лауазымына сайлау үшін кандидатуралар ұсыну, дауыс беру тәртібін айқындау;

      2) құрылымы мен штатын (банк омбудсманының офисін) бекіту;

      3) банк омбудсманының қызметін қаржыландыру тәртібін айқындау;

      4) уәкілетті органмен келісу бойынша банк омбудсманының ішкі қағидаларын бекіту;

      5) уәкілетті орган жүргізген, банк омбудсманының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) қарыз алушы-жеке тұлғалардың шағымдарына талдау жасаудың және банк омбудсманының есептерін қараудың қорытындылары бойынша банк омбудсманына оның қызметін жетілдіру жөнінде ұсынымдар беру;

      6) өкілдер кеңесі мүшесінің (мүшелерінің) осы баптың 7-тармағында көзделген негіздер бойынша банк омбудсманының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтінішхатын қарау;

      7) банк омбудсманының шешімдерін есепке алу, қарау, қабылдау және орындау тәртібін уәкілетті органмен келісу бойынша бекіту;

      8) осы Заңға сәйкес банк омбудсманының қызметін жүзеге асыруға байланысты өзге де мәселелер.

      6. Егер өкілдер кеңесінің отырысына қатысқан өкілдер кеңесінің мүшелері жиынтығында жалпы дауыс санының елу және одан да көп пайызын иеленсе, осы отырыс – заңды, ал кворум талаптары сақталды деп танылады.

      Банк омбудсманы кеңестің отырысына қатысқан өкілдер кеңесі мүшелерінің көпшілік дауысымен сайланады. Өкілдер кеңесінің әрбір мүшесінің дауыс беру кезінде бір дауысы болады. Дауыстар тең болған кезде уәкілетті орган өкілінің дауысы шешуші болып табылады.

      Банк омбудсманын сайлау мәселесі бойынша дауыс беру жасырын тәсілмен жүзеге асырылады. Дауыс беруге арналған бюллетеньде мынадай ақпарат қамтылуға тиіс:

      1) банк омбудсманы лауазымына сайлау үшін ұсынылған кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);

      2) кандидаттың осы Заңның 40-2-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын ақпарат;

      3) кандидаттың банктерде, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда және (немесе) коллекторлық агенттіктерде, уәкілетті органда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде қызмет атқаруы туралы, банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға және (немесе) коллекторлық агенттіктерге үлестес болу белгілерінің бар-жоғы туралы, уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшысы немесе олардың орынбасарлары, сондай-ақ уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы лауазымында жұмыс істейтін жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары туралы мәліметтер;

      4) мәселе бойынша "жақтаймын" немесе "қарсымын" деген сөздермен білдірілген дауыс беру нұсқалары.

      7. Банк омбудсманының өкілдер кеңесі банк омбудсманының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуды мынадай негіздер бойынша жүзеге асырады:

      1) банк омбудсманының осы Заңның 40-2-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға сай келмеуінің анықталуы;

      2) банкте, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда және (немесе) коллекторлық агенттікте, уәкілетті органда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде кез келген қызметті атқару, банк омбудсманының банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға және (немесе) коллекторлық агенттіктерге үлестес болу белгілерінің болуы, банк омбудсманының жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) және (немесе) жекжаттарының уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшысы немесе олардың орынбасарлары, сондай-ақ уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы лауазымын атқаруы;

      3) осы Заңның және банк омбудсманының ішкі қағидаларының талаптарын бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) бұзу.

      Банк омбудсманының өкілеттігін өз бастамасы бойынша мерзімінен бұрын тоқтату өкілдер кеңесін жазбаша хабардар ету негізінде жүзеге асырылады.

      Өкілдер кеңесіне жазбаша хабарлама банк омбудсманының ішкі қағидаларында белгіленген тәртіппен өкілеттігі тоқтатылғанға дейін кемінде бір ай бұрын ұсынылады.

      40-2-бап. Банк омбудсманына қойылатын талаптар

      1. Мынадай:

      1) жоғары экономикалық және (немесе) заңгерлік білімі жоқ;

      2) мінсіз іскерлік беделі жоқ;

      3) қаржылық көрсетілетін қызметтерді ұсыну және (немесе) қаржылық көрсетілетін қызметтерді реттеу саласындағы жұмыс өтілі бес жылдан аз;

      4) уәкілетті орган банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу, банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының басшы қызметкері болған адам банк омбудсманы ретінде сайлау үшін ұсынылмайды. Осы талап уәкілетті орган банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу, банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін үш жыл бойы қолданылады;

      5) сот Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған;

      6) психикалық мінез-құлқының, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынудан туындаған бұзылушылығы (аурулары) бойынша психикалық денсаулық сақтау қызметі ұйымдарында динамикалық байқауда тұрған адам банк омбудсманы ретінде сайлау үшін ұсынылмайды.

      2. Банк омбудсманы банкте, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда және (немесе) коллекторлық агенттікте, уәкілетті органда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде кез келген қызметті атқаруға, банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және (немесе) коллекторлық агенттіктердің үлестес тұлғасы болуға, уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшысы немесе олардың орынбасарлары, сондай-ақ уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы лауазымында жұмыс істейтін жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) және (немесе) жекжаттарының болуына құқылы емес.

      40-3-бап. Банк омбудсманының шешімдер қабылдау тәртібі

      1. Банк омбудсманы шешімді жеке-дара қабылдайды және оны дауға қатысушы тараптардың назарына жазбаша нысанда жеткізеді.

      Банк омбудсманы шешімдер қабылдаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасын және жасалған шарттардың талаптарын басшылыққа алады.

      2. Банк омбудсманы мынадай:

      1) сот қарауға қабылдаған және (немесе) олар бойынша заңды күшіне енген сот актісі бар;

      2) жүгінуші адам банктік қарыз шарты шеңберінде туындаған жағдайды реттеу мақсатында өзінің банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға, банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаға жүгінуінің жазбаша дәлелдемесін ұсынбаған;

      3) істің жаңа мән-жайлары болмаған кезде қайтадан жіберілген жолданымдарды қарамайды.

      3. Банк омбудсманының шешімі жеке тұлға оны қабылдаған жағдайда банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, қарыз алушы-жеке тұлғамен жасалған банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) берілген тұлға үшін міндетті.

      Банк омбудсманы осы Заңның 40-1-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген жағдайларда жеке тұлғалардың өтініштерін қарауды және шешімдер қабылдауды өтеусіз жүзеге асырады.

      Өтінішті қарау нәтижелері банк омбудсманы қол қоятын хаттамамен ресімделіп, жеке тұлғаның және банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, қарыз алушымен жасалған банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаның назарына жеткізіледі.

      Хаттамада мыналар қамтылуға тиіс:

      1) қол қойылған күні мен орны;

      2) банк омбудсманының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);

      3) өтініш беруші-жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), байланыс телефонының нөмірі, банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, қарыз алушы-жеке тұлғамен жасалған банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаның атауы, олардың мекенжайлары мен деректемелері;

      4) даудың нысанасы немесе жеке тұлғаның мәлімделген талабы;

      5) банк омбудсманы анықтаған істің мән-жайлары;

      6) өтініш беруші-жеке тұлғаның өтінішін толық не ішінара қанағаттандыру немесе қанағаттандырудан бас тарту туралы банк омбудсманының шешімі;

      7) банк омбудсманының шешімін орындау мерзімі;

      8) банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, қарыз алушы-жеке тұлғамен жасалған банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаның шешімді орындау нәтижелері туралы хабар беру мерзімі.

      4. Қарыз алушы-жеке тұлғалардың банктік қарыз шарттары жөніндегі міндеттемелерді орындау талаптарын өзгертуге қатысты жолданымдары бойынша банк омбудсманы тараптардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуіне және банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындау талаптарын өзгерту жөнінде тараптар келіскен шешімнің қабылдануына жәрдемдеседі.

      Мүдделі тарап банк омбудсманының шешімімен келіспеген жағдайда сотқа жүгінуге құқылы.

      Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, қарыз алушымен жасалған банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) берілген тұлға банк омбудсманының шешімін ол белгілеген мерзімде орындамаған жағдайда, банк омбудсманы бұл туралы уәкілетті органға бес жұмыс күнінен кешіктірмей хабар беруге міндетті.

      Егер тараптардың келісімі бойынша өзге мерзім белгіленбесе, банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, қарыз алушымен жасалған банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаның банк омбудсманының шешімін орындау мерзімі күнтізбелік отыз күнді құрайды.

      40-4-бап. Банк омбудсманының қызметі

      1. Банк омбудсманының қызметі, оның ішінде дауларды шешу бойынша жолданымдарды қарау және шешімдер қабылдау тәртібі мен мерзімдері банк омбудсманының ішкі қағидалары негізінде жүзеге асырылады.

      2. Жүктелген функцияларды тиісінше орындау мақсатында банк омбудсманының қызметі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, қарыз алушымен жасалған банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) берілген коллекторлық агенттіктердің міндетті жарналары есебінен қаржыландырылады.

      Міндетті жарналар төленбеген, уақтылы төленбеген не толық көлемде төленбеген жағдайда, банк омбудсманы оларға міндетті жарналарды төлеу туралы хабарлама жіберілген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде уәкілетті органға банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, қарыз алушымен жасалған банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) берілген коллекторлық агенттіктің осы тармақта көзделген өз міндеттемелерін тиісінше орындамағаны туралы хабар береді.

      Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, қарыз алушымен жасалған банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) берілген коллекторлық агенттік банк омбудсманының офисіне міндетті жарналарды банк омбудсманының ішкі қағидаларында айқындалған мерзімдерде және тәртіппен төлеуге міндетті.

      3. Банк омбудсманы өкілдер кеңесімен келісу бойынша ұйымдық құрылымы мен штаты бар офис құрады.

      4. Банк омбудсманының ішкі қағидаларында:

      1) ревизиялық комиссияның және басқа да тұрақты жұмыс істейтін органдардың (бар болса) құрылымы, міндеттері және өкілеттіктері;

      2) банк омбудсманының құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі;

      3) дауларды шешу тәртібі;

      4) банк омбудсманының қызметін жүзеге асыруға байланысты өзге де мәселелер айқындалуға тиіс.

      5. Банк омбудсманы дауларды шешу барысында алынған ақпаратқа қатысты құпиялылықты сақтауға және оны үшінші тұлғаларға жария етпеуге міндетті.

      Банк омбудсманы өз қызметін жүзеге асыру барысында алынған мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

      Банк омбудсманы осы баптың 1-тармағында және осы тармақта көзделген талаптарды орындамаған жағдайда өкілдер кеңесі оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатады.

      6. Банк омбудсманының интернет-ресурсында мынадай ақпарат орналастырылады:

      1) офистің, оның ішінде бөлімшелер мен өкілдіктердің толық атауы, мекенжайы (тұрған жері), телефон нөмірлері, жұмыс режимі;

      2) банк омбудсманын сайлау туралы мәліметтер;

      3) банк омбудсманының өкілдер кеңесінің құрамына кіретін қаржы ұйымдарының, қауымдастықтардың (одақтардың) тізбесі;

      4) банк омбудсманы ұсынатын көрсетілетін қызмет түрлері туралы мәліметтер;

      5) банк омбудсманының шешімдерін есепке алу, қарау, қабылдау және орындау тәртібі;

      6) банк омбудсманы жұмысының қорытындылары туралы ай сайынғы ақпарат;

      7) банк омбудсманы қызметінің қорытындылары туралы жылдық есептер;

      8) ақпараттық және түсіндірме материалдары мен сот практикасының материалдары жарияланатын, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға арналған бөлім;

      9) қаржы нарығына қатысушылармен жасалған келісімдер мен меморандумдардың тізбесі;

      10) банк омбудсманының ішкі қағидаларына сәйкес өзге де ақпарат.

      7. Банк омбудсманы тұрған жері өзгерген жағдайда бұл туралы қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын екі мерзімді баспасөз басылымында қазақ және орыс тілдерінде бір ай мерзімнен кешіктірмей және банк омбудсманының интернет-ресурсында он жұмыс күні ішінде хабарландыру жариялау арқылы хабарлауға міндетті.

      8. Банк омбудсманы өкілдер кеңесінің шешімі бойынша:

      1) тұтынушылардың жолданымдарын есепке алуды автоматтандыру және өңдеу бойынша арнайы бағдарламалық қамтылымның қолданылуын;

      2) қарыз алушы-жеке тұлғаларға консультациялық қызметтер көрсету үшін банк омбудсманының офисінде колл-орталықтың не жедел желінің ендірілуін;

      3) шарт негізінде кредиттік бюроның ақпараттық базасынан қарыз алушы-жеке тұлғаның кредиттік тарихының жедел алынуын қамтамасыз етуге тиіс.

      Банк омбудсманы қарыз алушы-жеке тұлғалардың жолданымдарын талдау нәтижелері бойынша уәкілетті органға Қазақстан Республикасының банк заңнамасын, сондай-ақ банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, коллекторлық агенттіктердің қызметін жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды жіберуге құқылы.

      9. Уәкілетті орган:

      1) банк омбудсманының ішкі қағидаларын, оның шешімдерін есепке алу, қарау, қабылдау және орындау тәртібін келісуді жүзеге асырады;

      2) қарыз алушы-жеке тұлғалардың банк омбудсманының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдарын қарайды;

      3) өкілдер кеңесіне банк омбудсманының әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын бұзушылық анықталған жағдайларда банк омбудсманының қызметі туралы ұсынымдарды жібереді;

      4) осы Заңға сәйкес, банк омбудсманының қызметіне байланысты өзге де функцияларды жүзеге асырады.";

      13) 42-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі жетінші абзацындағы "лимиттерi енедi." деген сөздер "лимиттерi;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы сегізінші және тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:

      "қарыз алушының борыштық жүктемесінің коэффициенті;

      қарыз алушының кірісіне қатысты борыш коэффициенті енеді.";

      14) 50-бапта:

      4-тармақтың екінші бөлігінің 8-2) тармақшасындағы "берешекті өндіріп алу туралы шарт" деген сөздер "нысанасы берешекті сотқа дейін өндіріп алу және реттеу, сондай-ақ берешекке байланысты ақпарат жинау бойынша қызметтер көрсету болып табылатын шарт" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-тармақ мынадай мазмұндағы е) тармақшамен толықтырылсын:

      "е) аумақтық әділет органына "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген оңайлатылған іс жүргізу шеңберінде атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған және аумақтық әділет органы басшысының немесе оның орынбасарының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған қаулы негізінде.";

      7-тармақ мынадай мазмұндағы з-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "з-1) аумақтық әділет органына "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген оңайлатылған іс жүргізу шеңберінде атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған және аумақтық әділет органы басшысының немесе оның орынбасарының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған қаулы негізінде, борышкер-жеке тұлғаның банктік шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттарда өндіріп алынатын сома шегіндегі ақшаның бар-жоғы туралы, ал ақша жеткіліксіз болған жағдайда оңайлатылған іс жүргізу қозғалған кезден бастап осы шоттардағы ақша қозғалысы және сейф жәшіктерінің бар-жоғы туралы мәліметтер бөлігінде ғана;";

      15) 51-баптың 1-тармағында:

      бірінші бөліктің бірінші сөйлемі "қаулылары негізінде" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы алынған аумақтық әділет органдарының қаулылары негізінде" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:

      "Атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы алынған, оңайлатылған іс жүргізу шеңберіндегі аумақтық әділет органының қаулысы негізінде атқарушылық құжаттың орындалуын қамтамасыз ету үшін тыйым салу кезінде тыйым салынатын ақша сомасы мен мүлік құны атқарушылық құжатта көрсетілген сомадан аспауға тиіс.

      Атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы алынған, оңайлатылған іс жүргізу шеңберіндегі аумақтық әділет органының қаулысы прокурордың санкциялауына жатпайды.";

      жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жеке және заңды тұлғалардың ақшасына тыйым салу үшін соттар, анықтау және алдын ала тергеу органдары, сот орындаушылары, аумақтық әділет органдары Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға құжаттарды жібереді.".

      16) 69-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі "үшінші" деген сөз "екінші" деген сөзбен ауыстырылсын.

      6. "Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-бап. Осы Заңда пайдаланатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жылжымайтын мүлiк – жер учаскелерi, сондай-ақ үйлер, ғимараттар және жермен берiк байланыстағы өзге де мүлiктер, яғни олардың мақсатына шектен тыс нұқсан келтiрмей орнын ауыстыру мүмкiн болмайтын объектiлер;

      2) жылжымайтын мүлiк ипотекасы (ипотека) – кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiк немесе ондағы үлесi кепiл берушiнiң немесе үшiншi тұлғаның иелiгi мен пайдалануында қалатын кепiл түрi;

      3) ипотекалық қарыз – жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілген қарыз, оның ішінде банктік қарыз немесе синдикатталған қарыз;

      4) ипотекалық тұрғын үй қарызы – тұрғынжай салу не оны сатып алу және (немесе) жөндеу мақсатында берiлетiн ипотекалық банктік қарыз;

      5) ипотекалық ұйым – қызметінің айрықша түрі осы Заңда көзделген қызмет болып табылатын заңды тұлға;

      6) ипотекалық шарт – тараптардың негiзгi мiндеттеменi қамтамасыз етуде ипотеканы белгiлеу туралы келiсiмi;

      7) ипотеканы өткiзу – ипотеканың мәнi болып табылатын мүлiктi өткiзу;

      8) кепiл берушi – жылжымайтын мүлкi немесе ондағы үлесi ипотеканың мәнi болып табылатын тұлға;

      9) кепiл ұстаушы – негiзгi міндеттеме бойынша мүдделерi ипотекамен қамтамасыз етiлген тұлға;

      10) негiзгi мiндеттеме – ипотекамен толық немесе iшiнара қамтамасыз етiлген борыштық немесе өзге де мiндеттеме;

      11) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган – сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;

      12) сенiм бiлдiрiлген тұлға – соттан тыс тәртiппен ипотеканы өткiзудi жүргiзетiн тұлға;

      13) уәкілетті орган – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.";

      2) 5-2-бапта:

      1-тармақтағы "ипотекалық қарыз" деген сөздер "ипотекалық банктік қарыз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтың 1) тармақшасындағы "ипотекалық қарыздар" деген сөздер "ипотекалық банктік қарыздар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 9-1-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Негізгі міндеттеменің және (немесе) ипотека шартының талаптарын өзгерту, осы баптың екінші бөлігінде, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында, 34-бабы 3-2-тармағының бірінші бөлігінде, 61-4-бабының 3 және 10-тармақтарында, 61-11-бабы 5-тармағының 2) тармақшасында, "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағы 11-2) тармақшасының бірінші бөлігінде, "Коллекторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-1-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 51-3-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, кепіл беруші мен кепіл ұстаушының (негізгі міндеттеме туралы шартқа және ипотека шартына қол қойған өзге де адамдардың) негізгі міндеттеме туралы шартқа және ипотека шартына қосымша келісім жасасуы арқылы ресімделеді.";

      4) 20-баптың 1-1-тармағындағы "ипотекалық қарыз" деген сөздер "ипотекалық банктік қарыз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 26-баптың 7-2) тармақшасындағы "ипотекалық қарыз" деген сөздер "ипотекалық банктік қарыз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 32-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Синдикатталған қаржыландыру кезінде, егер тең кепіл ұстаушылар арасындағы шартта өзгеше белгіленбесе, кепілге қойылған мүлікті өз меншігіне айналдырудың бірінші кезектегі құқығы борышкердің неғұрлым көп сомадағы берешегі бар тең кепіл ұстаушыға тиесілі.

      Кепілге қойылған мүлікті өз меншігіне айналдырған тең кепіл ұстаушы бағалаушы жасаған бағалау туралы есеп негізінде сот шешімімен белгіленетін немесе сенім білдірілген тұлға белгілейтін бағалау құнын негізге ала отырып, қалған тең кепіл ұстаушыларға олардың кепілмен қамтамасыз етілген талаптарының мөлшеріне барабар ақша сомасын он жұмыс күні ішінде төлеуге міндетті.";

      7) 36-бапта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сенiм бiлдiрiлген тұлға сауда-саттықтан түскен түсiмдi мынадай басымдық ретiмен:";

      мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:

      "2. Синдикатталған қаржыландыру кезінде сенім білдірілген тұлға сауда-саттықтан түскен түсімді мынадай басымдық ретімен:

      1) сауда-саттықты өткізудің шығындары мен шығыстарын өтеуге;

      2) тең кепіл ұстаушылар алдында ипотекамен қамтамасыз етілген негізгі міндеттемені олардың талаптарына барабар мөлшерде төлеуге;

      3) қайталама кепілмен және қайта қойылған кепілмен қамтамасыз етілген, мерзімі өткен міндеттемелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген кезек ретімен өзге де жылжымайтын мүлік ауыртпалықтарын төлеуге;

      4) кепіл берушіге қалған соманы қайтаруға арнап бөледі.";

      8) 37-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы тармақтың бірінші бөлігінің нормалары кепілге қойылған мүлікті сот тәртібімен сату күніне борышкер-жеке тұлғада республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының екі еселенген ең төмен мөлшерінен асатын өндіріп алу қолданылуы мүмкін өзге мүлік немесе кіріс болмағанда, ипотекалық тұрғын үй қарызы шарты жасалған кезде жеке тұлғаға тиесілі және негізгі міндеттемені толығымен қамтамасыз еткен ипотекалық тұрғын үй қарызы шарты бойынша кепілге қойылған жылжымайтын мүлікті сот тәртібімен сату жағдайына қолданылады.".

      7. "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      29-баптың 3-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-1. Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтардың, сондай-ақ кәмелетке толмаған балалары бар және оларды тәрбиелеп отырған және (немесе) тұрғылықты жері бойынша тұрақты немесе уақытша тіркелген бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар тұратын отбасылардың Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайына меншік құқығы осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша мәжбүрлеп тоқтатылған кезде жылыту маусымында тұрғынжайдан шығаруға тыйым салынады.".

      8. "Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы" 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      16-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы баптың бірінші бөлігінің күші "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабы 3-2-тармағының бірінші бөлігінде, "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағы 11-2) тармақшасының бірінші бөлігінде, "Коллекторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-1-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларға қолданылмайды.".

      9. "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 2-баптың 3-тармағы алып тасталсын;

      2) 6-1-бапта:

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қаржыландырылатын республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.";

      мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:

      "Уәкілетті орган бес жылдық кезеңге арналған стратегиялық жоспарды әзірлейді, онда уәкілетті орган қызметінің стратегиялық бағыттарын, мақсаттары мен нысаналы индикаторларын айқындайды.

      Стратегиялық жоспарды уәкілетті органның төрағасы Қазақстан Республикасының Президентімен не оның уәкілеттік беруі бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысымен келісу бойынша бекітеді.";

      3) 6-5-бап мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "9-1) Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша уәкілетті орган жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесін бекітеді;";

      4) 9-баптың 1-тармағының 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) бұқаралық ақпарат құралдарында қаржы ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары, коллекторлық агенттіктер, кредиттік бюролар, банк және микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңдарының операторлары туралы мәлiметтердi (қызметтiк, коммерциялық, банктік немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi қоспағанда), оның iшiнде оларға қолданған шаралар туралы ақпаратты жариялайды;";

      5) 15-1-баптың 1-тармағының екінші бөлігі:

      "кредиттік бюролардың," деген сөздерден кейін "банк және микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңдары операторларының," деген сөздермен толықтырылсын;

      "венчурлік қорлар туралы заңнамасында" деген сөздерден кейін ", осы Заңда" деген сөздермен толықтырылсын;

      "автоматтандыру қағидаларында" деген сөздерден кейін ", банк және микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыруға және банк және микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңының жұмыс істеуіне байланысты қатынастарды реттейтін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде" деген сөздермен толықтырылсын;

      6) 15-6-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде коллекторлық агенттіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша құжаттарды қарау;";

      7) 15-7-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының банк заңнамасы, Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі, әлеуметтік қорғау, бағалы қағаздар нарығы, микроқаржылық қызмет, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік, пошта, Қазақстан Даму Банкі, инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заңнамасы талаптарының сақталуын бақылау және қадағалау;";

      8) 15-11-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Уәкілетті орган жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу уәкілетті орган жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесінің негізінде жүргізіледі.";

      9) 15-13-баптың 1-тармағының 7) тармақшасындағы "бюджет қаражаты есебінен" деген сөздер алып тасталсын;

      10) 15-16-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Уәкілетті органның жұмыскерлеріне қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстары уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша айқындайтын тәртіппен өтеледі.";

      11) мынадай мазмұндағы 2-3-тараумен толықтырылсын:

      "2-3-тарау. Банк және микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңы

      15-18-бап. Банк және микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңы

      1. Банк және микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңы (бұдан әрі – электрондық сауда алаңы) қатысушыларға:

      1) банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 7-1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктің еншілес ұйымының мүлкіне;

      2) "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 7-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген микроқаржы ұйымының мүлкіне;

      3) банктік қарыз шарты бойынша құқықтарға (талаптарға);

      4) микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарға (талаптарға) қатысты сауда-саттық өткізу үшін инфрақұрылымды қамтамасыз ететін интернет-ресурс болып табылады.

      2. Электрондық сауда алаңына қолжетімділікті және оның жұмыс істеуін электрондық сауда алаңының операторы (бұдан әрі – оператор) қамтамасыз етеді.

      3. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-1-бабында және "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабында белгіленген шектеулерді ескере отырып, банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктің еншілес ұйымдары, микроқаржы ұйымдары, сондай-ақ өзге де тұлғалар электрондық сауда алаңында өткізілетін сауда-саттыққа қатысушылар бола алады.

      4. Оператор электрондық сауда алаңындағы сауда-саттықты уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде бекітілген электрондық сауда алаңында сауда-саттық өткізу қағидаларына сәйкес әзірленген оператордың ішкі қағидалары негізінде өткізеді.

      Электрондық сауда алаңының ақпараттық қауіпсіздігін оператор уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен қамтамасыз етеді.

      5. Электрондық сауда алаңында өткізілген сауда-саттық нәтижелері бойынша жасалатын сатып алу-сату шартынан, құқықтарды (талаптарды) басқаға беру шартынан туындайтын тараптардың ақшалай міндеттемелерін сауда-саттыққа қатысушылар жасалған сатып алу-сату шартында, құқықтарды (талаптарды) басқаға беру шартында айқындалған тәртіппен және мерзімдерде орындайды.

      Оператор электрондық сауда алаңында өткізілген сауда-саттық нәтижелері бойынша жасалатын сатып алу-сату шартының, құқықтарды (талаптарды) басқаға беру шартының тарапы болып табылмайды.

      15-19-бап. Оператор

      1. Оператор ретінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес акционерлік қоғамның немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға бола алады.

      2. Оператор қызметін жүзеге асыру құқығына уәкілетті органның рұқсаты болған кезде оператор қызметті жүзеге асыруға құқылы. Оператор қызметін жүзеге асыру құқығына уәкілетті органның рұқсатын оператордың алған күні электрондық сауда алаңының жұмыс істей бастау күні болып табылады.

      3. Оператор электрондық сауда алаңының жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсаттары үшін:

      1) сауда-саттыққа қойылған мүлікке қатысты хабарландырулар жариялауды;

      2) сатушы мен әлеуетті сатып алушы арасында электрондық сауда алаңында өткізілетін банктік қарыз шарттары немесе микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтарға (талаптарға) қатысты ақпаратты жария етпеу туралы шарт жасасуды;

      3) сауда-саттыққа қатысушылардың сауда-саттыққа қойылған мүлікке қатысты ақпаратты уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен жария етуін;

      4) сауда-саттыққа қатысушылардың сауда-саттыққа қойылған мүлікке қатысты сатып алу-сату шартының жобасын келісуін және оған өзгерістер енгізуін;

      5) сауда-саттыққа қатысушылардың сауда-саттыққа қойылған, банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беру шартының жобасын келісуін және оған өзгерістер енгізуін;

      6) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіпке сәйкес сауда-саттықта өткізілген мүлікке қатысты сатып алу-сату шартын жасасуды;

      7) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіпке сәйкес, сауда-саттықта өткізілген, банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беру шартын жасасуды;

      8) өткізілген сауда-саттық туралы нәтижелерді жариялауды;

      9) электрондық сауда алаңында жүзеге асырылатын сауда-саттыққа қатысушылардың іс-әрекеттерін есепке алуды жүргізуді;

      10) Қазақстан Республикасының дербес деректерді, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау туралы заңнамасының талаптарын сақтауды;

      11) осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген басқа да талаптарды сақтауды қамтамасыз етуге міндетті.

      Өтініш берушінің электрондық сауда алаңының жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін операторға қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеруді уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес құрылатын комиссия жүзеге асырады.

      4. Оператор мынадай қызмет түрлерін:

      1) кредиттік бюро қызметінің негізгі және қосымша түрлерін (тиісті рұқсат болған кезде);

      2) электрондық сауда алаңында өткізілетін сауда-саттықты ұйымдастыруға қатысты арнаулы бағдарламалық қамтылымды ұсыну және оған қызмет көрсету бойынша қызметтер көрсетуді;

      3) маркетингтік және статистикалық зерттеулерді қоспағанда, оператор қызметін өзге де кәсіпкерлік қызметпен қоса атқаруға құқылы емес.

      5. Оператор қызметін жүзеге асыру құқығына уәкілетті органның рұқсатын беру шарттары мен тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

      6. Өтініш беруші рұқсатты алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:

      1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мәліметтерді қамтитын рұқсат беру туралы өтінішті;

      2) құрылтай құжаттары қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында болмаған немесе уәкілетті органның оларды "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы алу мүмкіндігі болмаған жағдайда олардың нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынады.

      Оператор қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру туралы өтініш уәкілетті орган айқындаған мерзімдерде, бірақ өтініш беруші осы тармақта көзделген құжаттарды ұсынған күннен бастап жетпіс жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қаралуға тиіс.

      7. Оператор қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беруден бас тартуды уәкілетті орган мынадай негіздердің кез келгені бойынша жүргізеді:

      1) өтініш берушінің осы Заңға сәйкес оператор үшін тыйым салынған қызмет түрін жүзеге асыруы;

      2) өтініш берушінің осы Заңның осы бабында, 15-18-бабында және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сай келмеуі;

      3) егер өтініш берушіге қатысты өтініш берушінің оператор қызметін жүзеге асыруына тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімі болса;

      4) ұсынылған құжаттар бойынша уәкілетті органның ескертулерін белгіленген мерзімде жоймау.

      8. Операторды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      15-20-бап. Операторлардың қызметін мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау ерекшеліктері

      Операторлардың қызметін мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау мақсатында уәкілетті орган:

      1) оператор қызметін реттеу және электрондық сауда алаңының жұмыс істеуі саласында операторлардың орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;

      2) оператор қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат береді не беруден бас тартады;

      3) осы Заңның талаптары мен уәкілетті органның оператор қызметін жүзеге асыруға және электрондық сауда алаңының жұмыс істеуіне байланысты қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілердің талаптарының анықталған бұзушылықтарын жою туралы, оның ішінде уәкілетті органға өзінің бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруы үшін қажетті ақпарат белгіленген мерзімдерде ұсынылмаған жағдайда жазбаша нұсқамалар жібереді;

      4) осы Заңда белгіленген тәртіппен және негіздерде операторларға санкциялар қолданады;

      5) оператор қызметі және электрондық сауда алаңының жұмыс істеуі мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      15-21-бап. Жазбаша нұсқама және санкциялар

      1. Осы Заңды және уәкілетті органның оператор қызметін жүзеге асыруға және электрондық сауда алаңының жұмыс істеуіне байланысты қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін бұзған жағдайда, уәкілетті орган операторға жазбаша нұсқама жіберуге құқылы.

      Анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды белгiленген мерзiмде жоюға бағытталған, орындалуы міндетті түзету шараларын қабылдау және (немесе) анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) белгiленген мерзiмде ұсыну қажеттілігі жөнінде операторға берілген нұсқау жазбаша нұсқама болып табылады.

      Жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімде ұсынылған іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралардың тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі.

      2. Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына шағымдану Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.

      Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына шағымдану оның орындалуын тоқтата тұрмайды.

      3. Оператор уәкілетті органды жазбаша нұсқамада көрсетілген шаралардың жазбаша нұсқамада көзделген мерзімдерде орындалғаны туралы хабардар етуге міндетті.

      Бұзушылықты іс-шаралар жоспарында не жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімдерде операторға байланысты емес себептер бойынша жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын не жазбаша нұсқаманы орындау мерзімін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен ұзартуы мүмкін.

      4. Уәкілетті орган осы бапта белгіленген негіздер бойынша оператор қызметін жүзеге асыру құқығына берілген рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру не оператор қызметін жүзеге асыру құқығына берілген рұқсаттан айыру түріндегі санкцияны операторға санкциялар ретінде қолдануға құқылы.

      5. Оператор қызметін жүзеге асыру құқығына берілген рұқсаттың қолданысын уәкілетті орган мынадай негіздердің бірі бойынша алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрады:

      1) осы Заңда және (немесе) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптардың сақталмауы;

      2) рұқсат беруге негіз болған құжаттардың шындыққа сәйкес келмейтіндігінің анықталуы;

      3) осы Заң талаптарының және (немесе) уәкілетті органның оператор қызметін жүзеге асыруға және электрондық сауда алаңының жұмыс істеуіне байланысты қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілері талаптарының бұзылуын жою туралы уәкілетті органның жазбаша нұсқамаларының жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) орындалмауы.

      6. Оператор қызметін жүзеге асыру құқығына берілген рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру оператор ретінде қызметті жүзеге асыруға тыйым салуға алып келеді.

      7. Оператор қызметін жүзеге асыру құқығына берілген рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру туралы шешімде рұқсаттың қолданысын тоқтата тұрудың негіздері мен мерзімі көрсетілуге тиіс. Көрсетілген рұқсаттың қолданысы уәкілетті органның тиісті шешімі оператордың атқарушы органының назарына жеткізілген күннен бастап тоқтатыла тұрған деп есептеледі.

      Оператор қызметін жүзеге асыру құқығына берілген рұқсатының қолданысы тоқтатыла тұрған оператор электрондық сауда алаңында бұрын жасалған шарттар бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындауға міндетті.

      8. Оператор қызметін жүзеге асыру құқығына берілген рұқсаттан айыруды уәкілетті орган мынадай негіздердің бірі бойынша жүргізеді:

      1) оператор қызметін жүзеге асыру құқығына берілген рұқсаттың қолданысын уәкілетті орган тоқтата тұрған себептің жойылмауы;

      2) оператор қызметін жүзеге асыру құқығына берілген рұқсаттың қолданысын соңғы он екі ай ішінде бірнеше рет (екі және одан да көп рет) тоқтата тұру;

      3) оператор қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат алған кезде оператордың көрінеу жалған ақпарат беруі;

      4) оператор қызметін жүзеге асыруға тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;

      5) операторды ерікті немесе мәжбүрлеп тарату туралы шешім.

      9. Оператор қызметін жүзеге асыру құқығына берілген рұқсаттың қолданысын тоқтату "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.

      10. Оператор қызметін жүзеге асыру құқығынан айырылған оператордың оператор қызметін жүзеге асыруға құқығы жоқ.".

      10. "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      4-баптың 2-тармағы 2) тармақшасындағы "байланысты қатынастарға қолданылмайды." деген сөздер "байланысты;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) банк және микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңы операторының қызметіне және банк және микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңының жұмыс істеуіне байланысты қатынастарға қолданылмайды.".

      11. "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-бапта:

      13) және 16-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) кредиттік тарих субъектісінің келісімі – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес ресімделетін, кредиттік тарих субъектісінің осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілерге өзі туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге арналған рұқсаты не кредиттік тарих субъектісінің кредиттік бюродан өзі туралы кредиттік есепті басқа тұлғаларға беруге арналған рұқсаты;";

      "16-1) нақты уақыт режимі – әрекет дереу немесе бір сағаттан аспайтын мерзімде жүзеге асырылуға тиіс уақыт кезеңі;";

      мынадай мазмұндағы 16-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "16-2) өтініш беруші – кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні (бұдан әрі – рұқсат) алу мақсатында уәкілетті органға құжаттар ұсынған заңды тұлға;";

      2) 3-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, кредиттік тарих субъектісінің осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілерге өзі туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келісімінің не кредиттік тарих субъектісінің кредиттік бюродан өзі туралы кредиттік есепті басқа тұлғаларға беруге келісімінің болуы;";

      3) 5-баптың бірінші бөлігінде:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) ақпарат берушiлердiң кредиттiк бюроларға ақпарат беру тәртiбiнiң шарттары мен ең төмен талаптары туралы (осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2), 3) және 3-1) тармақшаларында көрсетiлген ақпарат берушiлер үшiн);";

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) ақпарат берушілер кредиттік бюроларға беретін мәліметтердің тізбесі туралы (осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) және 1-1) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер үшін);";

      1-1) тармақшадағы "1) және 1-1)" деген сөздер "1), 1-1) және 3-3)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) кредиттік тарих субъектілерінің осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілерге өздері туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келісімін ресімдеу, кредиттік бюродан өзі туралы кредиттік есепті басқа тұлғаларға беруге келісімді ресімдеу тәртібі туралы;";

      "6) кредиттік бюролардың, осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) және 1-1) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілердің және осы Заңның 20-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген кредиттік есептерді алушылардың қызметін ұйымдастыру кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптар туралы, сондай-ақ кредиттік бюролардың осы Заңның 27-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына және 3-тармағының 9) тармақшасына сәйкес ақпаратты өзге берушілерге және кредиттік есептерді алушыларға қойылатын талаптар туралы нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды.";

      4) 7-бапта:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен, 5) тармақшадағы "зерттеулер жатады." деген сөздер "зерттеулер;" деген сөзбен ауыстырылып, 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:

      "4-1) банк және микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңы операторының қызметі (банк және микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңы операторы қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат болған кезде);";

      "7) кредиттік тарих субъектілерін кредиттік есепті сұратқан кредиттік есептерді алушылар, кредиттік тарих субъектісінің кредиттік тарихын нақты уақыт режимінде өзгерту туралы хабардар ету жөніндегі қызметтер;

      8) осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілерді жеке тұлғаның банктік қарыздарды, микрокредиттерді алудан ерікті түрде бас тартуын нақты уақыт режимінде белгілегені не алып тастағаны туралы хабардар ету жөніндегі қызметтер жатады.";

      2-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-2. Мемлекет қатысатын кредиттік бюро үшін кредиттік скорингті есептеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсыну негізгі қызмет түріне жатады және міндетті болып табылады. Осы баптың 2-тармағының 4-1) тармақшасында көзделген қызметті мемлекет қатысатын кредиттік бюроның жүзеге асыруына жол берілмейді.";

      5) 7-1-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Кредиттік скорингті кредиттік бюро немесе осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) және 1-1) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер өзі дербес есептейді.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) және 1-1) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер кредиттік бюроның кредиттік скорингін және (немесе) өзі дербес есептеген кредиттік скорингтерді пайдалана отырып, кредиттік тарих субъектісінің кредит өтеу қабілетін бағалауды жүргізеді.

      Кредиттік бюролар мен осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) және 1-1) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер кредиттік тарих субъектілеріне және өзге де үшінші тұлғаларға кредиттік скорингті есептеудің, кредиттік скорингтерді ескере отырып, тәуекелдерді бағалаудың өз әдістемелерін ашуға міндетті емес.";

      6) 16-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) мемлекет қатысатын кредиттік бюроны және (немесе) осы Заңның
25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілерден кредиттік тарих субъектісінің өзі туралы ақпаратты кредиттік бюроларға беруге келісімін алғаны туралы растауды ұсынуды, сондай-ақ кредиттік тарихты қалыптастыратын толық әрi анық ақпаратты талап етуге;";

      7) 17-баптың 1-тармағының 9) және 10-1) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) осы Заңның 19-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде және 24-бабы 5-тармағының 1-1) тармақшасында көзделген, тиісті субъектінің кредиттік тарихына нақты уақыт режимінде енгізілуге тиіс ақпаратты қоспағанда, ақпарат берушіден ақпаратты алғаннан кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей, тиісті субъектінің кредиттік тарихына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге;";

      "10-1) осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 2), 3-1) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілерден және осы Заңның 20-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3), 4-2), 4-4) және 4-5) тармақшаларында көрсетілген кредиттік есептерді алушылардан өздерінің қызметін ұйымдастыру кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды сақтауды талап етуге;";

      8) 18-баптың 1-тармағында:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;";

      мынадай мазмұндағы 1-1) және 3-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "1-1) коллекторлық агенттіктер, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-1-бабы 4-тармағының бірінші бөлігінде және (немесе) "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғамен жасалған банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты шеңберінде банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқаруды жүзеге асыратын сервистік компаниялар (бұдан әрі – сервистік компаниялар), "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-1-бабының 4-тармағы бірінші бөлігінің оныншы абзацында және "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 5-тармағы бірінші бөлігінің сегізінші абзацында көрсетілген тұлғалар, егер банктік қарыз шарты бойынша және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша алынған құқықтарды (талаптарды) осы тұлғалар сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына бермесе, сондай-ақ жеке тұлғалардың банктік қарыз шарттары, қарыз (кредит) шарттары және микрокредит беру туралы шарттары бойынша құқықтар (талаптар) берілген өзге де тұлғалар;";

      "3-3) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, жеке тұлғаларға қарыздар (кредиттер) және (немесе) микрокредиттер берген және солар бойынша құқықтары (талаптары) тоқтатылмаған ұйымдар;";

      9) 19-баптың 2-тармағында:

      бірінші бөлікте:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер:";

      8) тармақшаның екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) (кредиттік серіктестіктерді қоспағанда), 1-1) (коллекторлық агенттіктерді қоспағанда) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпаратты берушілер үшін – осы Заңның 24-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2) және 3-2) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген, кредиттік тарих субъектісі-жеке тұлға туралы бір жұмыс күні ішінде;

      осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1) (коллекторлық агенттіктерді қоспағанда) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер үшін – кредиттік тарих субъектісіне қатысты кез келген деректер өзгерген немесе алынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде;";

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілер (кредиттік серіктестіктерді және ломбардтарды қоспағанда) ақпарат беру туралы шартта айқындалған тәртіппен кредиттік бюроға нақты уақыт режимінде кредиттік тарих субъектісі-жеке тұлға туралы мынадай:

      жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірін, банктік қарыздың, микрокредиттің сомасы мен мақсатын көрсете отырып, банктік қарыз шартын, микрокредит беру туралы шартты жасасуға өтініш бергені туралы ақпаратты беруге міндетті.";

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) және 1-1) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер өздерінің қызметін ұйымдастыру кезінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды сақтайды.";

      10) 20-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 4-4) және 4-5) тармақшалармен толықтырылсын:

      "4-4) банк омбудсманы;

      4-5) микроқаржы омбудсманы;";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4-2), 4-4) және 4-5) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар кредиттік есептерді алу туралы шарт жасасқаннан кейін кредиттік есептерді алушылар ретінде кредиттік бюрода тіркелуге тиіс.";

      11) 21-бап мынадай мазмұндағы 2-2 және 4-тармақтармен толықтырылсын:

      "2-2. Осы Заңның 20-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 4-4) және 4-5) тармақшаларында көрсетілген кредиттік есепті алушылар кредиттік есептерді тегін алады.";

      "4. Осы Заңның 20-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 4-4) және 4-5) тармақшаларында көрсетілген кредиттік есепті алушылар:

      1) осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, кредиттік тарих субъектісі туралы кредиттік есепті алуға оның келісімін алғаны туралы растауды кредиттік бюроға ұсынуға;

      2) кредиттік есепті алушы ретінде тіркелу кезінде өзі ұсынған мәліметтердің өзгергені туралы хабарлауға;

      3) кредиттік есепке қатысты құпиялылықты сақтауға және ондағы ақпаратты үшінші тұлғаларға жария етпеуге;

      4) кредиттік есепте қамтылған ақпаратты "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 40-1-бабында және "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 29-1-бабында көзделген мақсаттар үшін ғана пайдалануға;

      5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де міндеттерді атқаруға міндетті.";

      12) 22-баптың 8) тармақшасында:

      "арқылы" деген сөзден кейін "тегін" деген сөзбен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:

      "Осы тармақшада көзделген құқық заңды тұлға болып табылатын кредиттік тарих субъектісіне қолданылмайды.";

      13) 23-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер мемлекет қатысатын кредиттік бюроға, сондай-ақ ақпарат беру туралы шарттар негізінде кредиттік тарих субъектісінің келісімі болған кезде өзге де кредиттік бюроларға ақпарат беруге міндетті.";

      14) 24-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігінде:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) және 3-3) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер кредиттік бюроларға беретін ақпаратта:";

      мынадай мазмұндағы 3-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-3) жасалған күндері көрсетіле отырып, банктік қарыз шартына және (немесе) микрокредит беру туралы шартқа қосымша келісімді не жаңа банктік қарыз шартын және (немесе) микрокредит беру туралы шартты жасасу арқылы берешекті реттеуді жүргізу туралы және (немесе) банктік қарыз шартының және (немесе) микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгертуден бас тарту туралы мәліметтер, сондай-ақ банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша берешекті өндіріп алу туралы мәліметтер;";

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған өзге де мәліметтер болуға тиіс.";

      1-1-тармақта:

      бірінші абзацтағы "кредиттік бюроларға беретін ақпаратта, егер банктік қарыз шарты бойынша және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша алынған құқықтарды (талаптарды) осы тұлғалар сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына бермесе" деген сөздер ", егер банктік қарыз шарты бойынша және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша алынған құқықтарды (талаптарды) осы тұлғалар сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына бермесе, сондай-ақ жеке тұлғалардың банктік қарыз шарттары, қарыз (кредит) шарттары және микрокредит беру туралы шарттары бойынша құқықтар (талаптар) берілген өзге де тұлғалар кредиттік бюроларға беретін ақпаратта" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) жасалған күндері көрсетіле отырып, банктік қарыз шартына және (немесе) микрокредит беру туралы шартқа қосымша келісім жасасу не банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша берешекті өндіріп алу туралы сот шешімін немесе нотариустың атқарушылық жазбасын орындау талаптары туралы келісім жасасу арқылы берешекті реттеуді жүргізу туралы және (немесе) банктік қарыз шартының және (немесе) микрокредит беру туралы шарттың талаптарын, банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша берешекті өндіріп алу туралы сот шешімін немесе нотариустың атқарушылық жазбасын орындау талаптарын өзгертуден бас тарту туралы мәліметтер, сондай-ақ банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша берешекті өндіріп алу туралы мәліметтер;";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған өзге де мәліметтер қамтылуға тиіс.";

      5-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Кредиттiк бюроларға "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы беретін ақпаратта мынадай мәлiметтер:";

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) жеке тұлғалар үшін – тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған күні, тұрғылықты жері, заңды мекенжайы, жеке басты куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері, жеке сәйкестендіру нөмірі, жеке тұлғаның банктік қарыздарды, микрокредиттерді алудан ерікті түрде бас тартуын белгілегені не алып тастағаны туралы мәліметтер;";

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы кредиттік бюроларға осы тармақтың бірінші бөлігінің 1-1) тармақшасында көзделген ақпаратты нақты уақыт режимінде береді.";

      6-тармақтағы "1, 2 және 5-тармақтарында" деген сөздер "2 және 5-тармақтарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15) 25-бапта:

      1 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілерге кредиттік тарих субъектісінің өзі туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келісімі және (немесе) кредиттік тарих субъектісінің кредиттік есепті алушыға кредиттік бюродан өзі туралы кредиттік есепті беруге келісімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделеді.";

      "3. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілерге кредиттік тарих субъектісінің өзі туралы ақпаратты кредиттік тарихты қалыптастыру үшін кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге және (немесе) кредиттік бюродан өзі туралы кредиттік есепті беруге келісімінің болмағаны үшін, сондай-ақ оны дұрыс ресімдемегені үшін ақпарат беруші, кредиттік есепті беру туралы сұрау салған кредиттік есепті алушы не олардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жауапты болады.";

      4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушінің осы Заңның 24-бабы 5-тармағы бірінші бөлігінің 1-1) тармақшасында көзделген ақпаратты кредиттік бюроларға беруіне және кредиттік бюролардың осындай ақпаратты осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілерге беруіне кредиттік тарих субъектісі-жеке тұлғаның келісімі талап етілмейді.";

      16) 27-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1) және 2) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер ақпарат беру жөніндегі өз міндеттемелерін орындау мақсатында мемлекет қатысатын кредиттік бюромен мемлекет қатысатын кредиттік бюро мемлекеттік тіркелген және (немесе) ақпарат берушілер осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1) және 2) тармақшаларында айқындалған белгілерге сәйкес келген күннен бастап күнтізбелік бір жүз сексен күн ішінде ақпарат беру туралы шарттар жасасуға міндетті. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер ақпарат беру туралы шартта айқындалған мерзімдерде өзге кредиттік бюролармен ақпарат беру туралы шарт жасасуға құқылы.";

      2-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) шарттың қолданылу мерзімі, оны өзгерту, тоқтату және біржақты тәртіппен, оның ішінде осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2), 3-1) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер өздерінің қызметін ұйымдастыру кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды сақтамаған жағдайда бұзу негіздері мен тәртібі, сондай-ақ шарт бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін айыппұлдардың мөлшері;

      3) мемлекет қатысатын кредиттік бюроны, сондай-ақ осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілердің кредиттік тарих субъектісінің өзі туралы ақпаратты кредиттік бюроларға беруге келісімін міндетті түрде алуы;";

      3-тармақтың 2) және 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) шарттың қолданылу мерзімі, оны өзгерту, тоқтату және біржақты тәртіппен, оның ішінде осы Заңның 20-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4-2), 4-4) және 4-5) тармақшаларында көрсетілген кредиттік есептерді алушылар өздерінің қызметін ұйымдастыру кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды сақтамаған жағдайда бұзу негіздері мен тәртібі, сондай-ақ шарт бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін айыппұлдардың мөлшері;";

      "9) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келетін, осы Заңның 20-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3), 4-2), 4-4) және 4-5) тармақшаларында көрсетілген кредиттік есептерді алушылардың қызметін ұйымдастыру кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптар қамтылуға тиіс.";

      17) 28-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы Заңның 20-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 4-4) және 4-5) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар кредиттік бюрода тіркелу үшін мынадай құжаттарды:

      1) кредиттік бюрода тіркеу туралы өтінішті;

      2) банк немесе микроқаржы омбудсманының өкілдер кеңесінің оны сайлау туралы отырысының хаттамасынан үзінді көшірмені;

      3) кредиттік бюроларға сұрау салуды жүзеге асыруға уәкілетті адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы туралы ақпаратты ұсынады. Қажет болған жағдайда көрсетілген ақпарат осындай адамдардың электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылады.".

      12. "Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы" 2006 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-бапта:

      10-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-1) кредиторлар синдикатына қатысушылар – екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму Банкі, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, "Астана" халықаралық қаржы орталығының банктері, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері, халықаралық қаржы ұйымдары;";

      мынадай мазмұндағы 15-2) және 22) тармақшалармен толықтырылсын:

      "15-2) синдикатталған қарызды ұйымдастырушы – синдикатталған қаржыландыруды ұйымдастыру туралы шартқа сәйкес кредиторлар синдикатына қатысушылардың құрамын қалыптастыру және қарыз алушымен синдикатталған қарыз шартын жасасу процесін ұйымдастыру жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын және синдикатталған қарыздың қатысушысы болып табылмайтын тұлға;";

      "22) шетелдік кәсіптік ұйым – уәкілетті орган бекіткен тізбеге кіретін, қаржы нарықтарында бірыңғай қағидаларды және (немесе) стандарттарды белгілейтін халықаралық ұйым, шетелдік заңды тұлға немесе заңды тұлға болып табылмайтын шетелдік ұйым.";

      2) 14-1-бап мынадай мазмұндағы 1-1, 2-1, 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:

      "1-1. Синдикатталған қарыз шарты қарыз алушы кредиторлар синдикатының бірнеше болашақ қатысушыларымен қарыз (банктік қарыз) шарттарын жасасқаннан кейін жасалуы мүмкін. Мұндай жағдайда синдикатталған қарыз шарты, егер бұрын туындаған міндеттемелерге қатысушылардың құрамы мен синдикатталған қарыз шартына қатысушылардың құрамы толығымен сәйкес келсе, аталған тұлғалардың бұрын туындаған міндеттемелерін өзгертеді, бұл ретте синдикатталған қарыз шарты кепіл шартын және (немесе) қарыз алушының міндеттемелеріне байланысты өзге де келісімді тоқтатуды немесе өзгертуді көздеуі мүмкін.";

      "2-1. Егер заңды тұлға мен осы Заңға сәйкес кредиторлар синдикатының қатысушысы (бастапқы кредитор) болуға құқылы өзге тұлға арасында екіжақты қарыз (банктік қарыз) шарты жасалса, аталған тұлғалардың қатысуымен синдикатталған қарыз шарты мынадай тәсілдердің бірімен:

      1) екіжақты қарыз (банктік қарыз) шарты тараптарының үшінші тұлғамен (үшінші тұлғалармен) келісім жасасуы арқылы жасалуы мүмкін, оған сәйкес үшінші тұлға (үшінші тұлғалар) бастапқы кредитормен келісе отырып, қарыз алушыға көрсетілген келісімде белгіленген мөлшерде және мерзімдерде ақша беру немесе беріп отыру міндетін қабылдайды және (немесе) кредитор тарапында бастапқы міндеттемеге кіріседі;

      2) егер бұл ретте бастапқы кредитор мен жаңа кредитор немесе жаңа кредиторлар арасында қарыз беруге, оған қызмет көрсетуге және қайтаруға байланысты барлық кредиторлардың қарыз алушыға және өзге де тұлғаларға қатысты шешімдер қабылдауының және олардың міндеттерді орындауының тәртібі туралы келісім жасалса және қарыз алушы өзі қатысатын қатынастарға қатысты осы Заңның ережелерін қолдануға кез келген уақытта келісім берсе, бастапқы кредитордың екіжақты қарыз шарты бойынша талап ету құқықтарын жаңа кредиторға немесе жаңа кредиторларға беруі арқылы жасалуы мүмкін.";

      "5. Егер синдикатталған қарыз шартын жасасу күніне "Астана" халықаралық қаржы орталығының банктері, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері және (немесе) халықаралық қаржы ұйымы қарыз алушыға синдикатталған қарыз шарты бойынша соманың кемінде үштен екісін беретін жағдайларда синдикатталған қарыз шарты шетелдік кәсіптік ұйым әзірлеген үлгілік талаптардағы синдикатталған қарыз шарты түрінде жасалуы мүмкін.

      Тараптар шетелдік кәсіптік ұйым әзірлеген үлгілік талаптарда жасалған синдикатталған қарыз шартына осы синдикатталған қарыз шартында айқындалған тәртіппен және талаптарда өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы.

      6. Кредиторлар синдикатына қатысушылардың бірі синдикатталған қарыз шартын бұзу туралы талапты мәлімдеген жағдайда осындай шарт кредиторлар синдикатының басқа қатысушыларының кемінде екеуі қалған кезде соларға қатысты өз қолданысын сақтайды.";

      3) 14-2-бапта:

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Синдикатталған қарыз шартын жасасқысы келетін тұлға осы Заңға сәйкес кредиторлар синдикатының қатысушылары болуға құқылы тұлғалардың бірімен немесе осындай бірнеше тұлғалармен синдикатталған қаржыландыруды ұйымдастыру туралы шарт жасасуға құқылы, ол бойынша синдикатталған қарызды ұйымдастырушы тапсырыс берушінің тапсырмасы бойынша әрекет ете отырып, оған белгілі бір талаптарда синдикатталған қарыз шартын жасасуға дайындалу жөніндегі қызметтер (синдикатталған қаржыландыруды ұйымдастыру жөніндегі қызметтер) көрсетуге міндеттенеді, ал тапсырыс беруші осы қызметтерді көрсеткені үшін сыйақы төлеуге міндеттенеді. Егер синдикатталған қаржыландыруды ұйымдастыру туралы шартта өзгеше көзделмесе, синдикатталған қаржыландыруды ұйымдастыру жөніндегі қызметтер синдикатталған қарыз шартын жасасу кезінде көрсетілген болып есептеледі.

      Синдикатталған қаржыландыруды ұйымдастыру туралы шарт жазбаша нысанда жасалуға тиіс. Синдикатталған қаржыландыруды ұйымдастыру туралы шарттың жазбаша нысанын сақтамау оның маңызсыз болуына алып келеді.";

      3-тармақта:

      бірінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Кредиторлар синдикатына қатысушылар арасындағы қатынастар және олардың бірлескен қызметін үйлестіру тәртібі кредиторлар синдикатына қатысушылар арасындағы келісіммен реттеледі.";

      "Кредиторлар синдикатына қатысушылардың біреуі немесе бірнеше қатысушысы синдикатталған қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындаудан біржақты бас тартқан жағдайда, кредиторлар синдикатына қатысушылардың жауапкершілігі мен осы Заңның 14-1-бабы 3-тармағының талаптарын ескере отырып, синдикатталған қарыз шартын орындаумен байланысты мәселелер, оның ішінде кредиторлар синдикатына қатысушының талап ету құқықтары мен өзге де құқықтарының басқа тұлғаға ауысуы мәселесі жөнінде шешімдер қабылдау тәртібі кредиторлар синдикатына қатысушылардың арасындағы келісімде айқындалады.";

      мынадай мазмұндағы алтыншы және жетінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Банк-агент кредиторлар синдикатының шешімдер қабылдауы кезінде, сондай-ақ банк-агенттің кредитор ретінде өз құқықтарын жүзеге асыруы кезінде және синдикатталған қарыз шартының талаптарына сәйкес кредитор ретінде заңдық мәні бар әрекеттер жасау кезінде кредиторлар синдикатының өзге де қатысушыларымен тең әрекет етеді.

      Егер осы бапта өзгеше көзделмесе немесе синдикатталған қарыз шарты бойынша міндеттемелердің мәнінен өзге туындамаса, банк-агенттің міндеттеріне тапсырма шарты туралы қағидалар қолданылады.";

      5-тармақ мынадай мазмұндағы жетінші және сегізінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Кредиторлар синдикатына қатысушының құқықтары (талаптары) басқа тұлғаға ауысқан кезде осындай тұлғаға қатысты банк-агент пен кепілді басқарушының синдикатталған қарыз шартына немесе кепілді басқару шартына сәйкес бұрын белгіленген өкілеттіктері өз күшін сақтайды.

      Синдикатталған қарыз шартының негізінде кредиторлар синдикатына қатысушыға тиесілі құқықтар (талаптар) мәміле бойынша немесе заң негізінде басқа тұлғаға осы Заңда және синдикатталған қарыз шартында көзделген құқықтар мен міндеттермен, оның ішінде кредиторлар синдикатына қатысушылардың шешімдерін қабылдауға қатысу құқығымен бірге ғана ауысады.".

      13. "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 15-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігінің көлемі, оны жасау нысандары мен тәртібі Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленеді.";

      2) 20-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органнан басқа, мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік реттеу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленеді.

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесін мемлекеттік реттеуді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Директорлар кеңесі жүзеге асырады.

      Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесін мемлекеттік реттеуді қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша:

      1) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда бухгалтерлік есепті жүргізу тәртібін;

      2) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгі жоспарын және қаржылық есептілік нысандарын әзірлеу және бекіту арқылы жүзеге асырады.".

      14. "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      48-баптың 5-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақшаның күші "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабы 3-2-тармағының бірінші бөлігінде, "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 2-тармағы 11-2) тармақшасының бірінші бөлігінде, "Коллекторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-1-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларға қолданылмайды;".

      15. "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-бапта:

      1-1) тармақшаның екінші бөлігі алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "5-1) оңайлатылған іс жүргізу – аумақтық орган атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асыратын атқарушылық құжаттардың автоматтандырылған орындалуы;

      5-2) оңайлатылған іс жүргізудегі қаулы – оңайлатылған іс жүргізу шеңберінде қабылданатын, аумақтық орган басшысының не оның орынбасарының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған процестік шешім тіркелетін аумақтық органның процестік құжаты;";

      2) мынадай мазмұндағы 1-1-тараумен толықтырылсын:

      "1-1-тарау. Оңайлатылған іс жүргізу

      10-1-бап. Оңайлатылған іс жүргізудің ерекшеліктері

      1. Оңайлатылған іс жүргізу шеңберінде осы Заңның 9-бабы 1-тармағының 5), 6), 11) және 13) тармақшаларында көзделген, жеке тұлғадан жиырма айлық есептік көрсеткішке дейінгі соманы өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар қабылданады.

      2. Атқарушылық құжат оңайлатылған іс жүргізу шеңберінде осы Заңда көзделген мерзімде орындалмаған жағдайда, осы Заңның 138-бабының 1-тармағына сәйкес орындалады.

      3. Оңайлатылған іс жүргізу шеңберінде борышкер атқарушылық құжаттың талаптарын оңайлатылған тәртіппен орындаудан бас тартуға құқылы.

      Бас тартылған жағдайда атқарушылық құжат сот орындаушысына орындауға беріледі.

      4. Оңайлатылған іс жүргізу бойынша шығарылған қаулы сот орындаушысының қаулысымен тепе-тең мәнде болады.

      5. Оңайлатылған іс жүргізуді жүзеге асыру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

      10-2-бап. Атқарушылық құжатты оңайлатылған іс жүргізуге қабылдау

      1. Электрондық нысанда келіп түскен атқарушылық құжаттың негізінде аумақтық орган осы Заңның 11-бабы 1-1-тармағының талаптарын сақтай отырып, атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы оңайлатылған іс жүргізуді дереу қозғайды, ол жөнінде қаулы шығарылады және борышкер тиісті түрде хабардар етіледі.

      2. Атқарушылық құжаттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі үшін атқарушылық құжатты берген орган жауапты болады.

      10-3-бап. Оңайлатылған іс жүргізудегі мәжбүрлеп орындату шаралары

      Оңайлатылған іс жүргізу шеңберінде осы Заңның 32-бабы 2-тармағының 1-1) және 3) тармақшаларында және 36-бабында көзделген атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қабылданады.

      Борышкердің банктердегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы ақшалай сомаларынан өндіріп алу атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған аумақтық органның инкассолық өкімі негізінде жүзеге асырылады.

      10-4-бап. Оңайлатылған іс жүргізудегі атқарушылық құжаттарды орындау мерзімдері

      Оңайлатылған іс жүргізудегі атқарушылық құжатты орындау оңайлатылған іс жүргізу қозғалған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей аяқталуға тиіс.

      Борышкердің оңайлатылған іс жүргізу шеңберінде атқарушылық құжаттың талаптарын орындамауы атқарушылық құжатты уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жеке сот орындаушысына беруге негіз болып табылады.

      10-5-бап. Оңайлатылған іс жүргізуді тоқтатудың негіздері мен салдары

      1. Оңайлатылған іс жүргізу, егер:

      1) атқарушылық құжаттың талабы толық көлемде орындалса;

      2) тиісті органның атқарушылық құжатты беруге негіз болған шешімінің күші жойылса, тоқтатылады.

      2. Оңайлатылған іс жүргізу тоқтатылған жағдайларда аумақтық орган атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде дереу қаулы шығарады.

      3. Тоқтатылған оңайлатылған іс жүргізуді оңайлатылған тәртіппен қайта бастауға болмайды.

      4. Оңайлатылған іс жүргізуді тоқтатумен бір мезгілде оңайлатылған іс жүргізудегі атқарушылық құжаттың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар автоматты түрде жойылады.

      5. Оңайлатылған іс жүргізу тоқтатылған жағдайда, орындалмаған инкассолық өкімдер атқарушылық іс жүргізудің автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде автоматты түрде кері қайтарып алынады.

      10-6-бап. Атқарушылық құжатты оңайлатылған іс жүргізуден жеке сот орындаушысына берудің негіздері мен салдары

      1. Егер:

      1) осы Заңның 10-4-бабында көзделген мерзім өтсе;

      2) борышкер оңайлатылған іс жүргізудегі атқарушылық құжаттың талаптарын орындаудан бас тартса, атқарушылық құжат оңайлатылған іс жүргізуден жеке сот орындаушысына беріледі.

      2. Берілген оңайлатылған іс жүргізуді оңайлатылған тәртіппен қайта бастауға болмайды.

      3. Атқарушылық құжат оңайлатылған іс жүргізуден жеке сот орындаушысына берілген жағдайда, оңайлатылған іс жүргізудегі атқарушылық құжаттың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі қабылданған шаралардың күші жойылуға жатпайды.

      4. Оңайлатылған іс жүргізу берілген жағдайда, шығарылған инкассолық өкімдер атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде автоматты түрде кері қайтарып алынады.

      10-7-бап. Оңайлатылған іс жүргізудегі шешімге шағымдану

      Өндіріп алушы немесе борышкер оңайлатылған іс жүргізудегі қаулыға Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен шағым жасай алады.";

      3) 32-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Оңайлатылған іс жүргізу шеңберінде осы баптың 2-тармағының 1-1) тармақшасы бойынша атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдау санкциясыз жүзеге асырылады.";

      4) 42-тармақтың бірінші бөлігінің 6-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-1) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтар, сондай-ақ кәмелетке толмаған балалары бар және оларды тәрбиелеп отырған және (немесе) тұрғылықты жері бойынша тұрақты немесе уақытша тіркелген бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар тұратын отбасылар Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайынан "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 3-1-тармағына сәйкес жылыту маусымы кезеңінде мәжбүрлеп шығарылған;";

      5) 47-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 5-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-2) соттан тыс банкроттық рәсімі аяқталса және борышкер "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 11) тармақшасында көрсетілген, олар туралы мәліметтер кредиттік бюролардың дерекқорында көрсетілген кредиторларға қатысты банкрот деп танылса;";

      6) 58-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Борышкердiң банктердегi немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы ақшалай сомаларынан өндiрiп алуды атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы аумақтық орган немесе сот орындаушысы инкассолық өкiм шығару арқылы жүзеге асырады. Инкассолық өкім қағаз жеткізгіште жіберілген кезде инкассолық өкiмге атқарушылық құжаттардың жеке сот орындаушысының не аумақтық бөлімнің мөрімен расталған көшiрмелерi қоса беріледі. Атқарушылық құжат көшiрмесінің анықтығы үшін жеке сот орындаушысы, аумақтық бөлімнің басшысы – аға сот орындаушысы жауапты болады.";

      7) 167-баптың 11) тармақшасы оныншы абзацындағы "тәртібін әзірлейді және бекітеді." деген сөздер "тәртібін;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы он бірінші абзацпен толықтырылсын:

      "оңайлатылған іс жүргізуді жүзеге асыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;".

      16. "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-баптың 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "19) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға бекітіліп берілген мүлікті қоспағанда, өз құзыреті шегінде республикалық мүлікті басқару, мемлекеттің республикалық мүлікке құқықтарын іске асыру, экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында меншікті және стратегиялық объектілерді жекешелендіру мен мемлекеттік мониторинг жүргізу саласындағы басшылықты өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;";

      2) 4-бап мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:

      "8-1. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган өз балансында тұрған, өзіне бекітіліп берілген мүлікке Қазақстан Республикасының атынан иелік ету, оны пайдалану және билік ету құқықтарын дербес жүзеге асырады, өзіне бекітіліп берілген мүлікке қатысты жеке-дара қолданылатын құқықтық актілерді қабылдайды.".

      17. "Микроқаржылық қызмет туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 1-1) және 7-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "1-1) банк және микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңы – сауда-саттық өткізу үшін қатысушыларға инфрақұрылымды қамтамасыз ететін, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолданылатын интернет-ресурс;";

      "7-2) тұтынушылық микрокредит – жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілген микрокредит болып табылмайтын, жеке тұлғаға тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға және (немесе) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес өзге де мақсаттарға берілетін микрокредит;";

      2) 3-бапта:

      1-2-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) заңды тұлғаларға ақшалай нысанда орындауды көздейтін кепілдіктерді, кепілгерліктерді және өзге де міндеттемелерді беру.";

      3-2-тармақта:

      "Адам" деген сөз "Жеке тұлға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы" деген сөздер "кредиттік бюрода не "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы тегін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-3. Микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы шешім қабылданғанға дейін алған жеке тұлғаның кредиттік есебінде оның микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тартуын белгілегені туралы ақпарат болған кезде микроқаржы ұйымының оған микрокредиттер беруіне тыйым салынады.

      Бұл тыйым ломбардтың микрокредит беруі жағдайларына қолданылмайды.

      Микроқаржы ұйымының жеке тұлғаға жұбайының (зайыбының) келісімінсіз микрокредиттер беруіне тыйым салынады, келісімді алу тәртібі және келісім қажет болатын микрокредиттің ең төмен мөлшері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

      Жеке тұлғаның микрокредит алудан ерікті түрде бас тартуын белгілегені туралы ақпарат болған кезде оған микрокредит беруге тыйым салу жеке тұлғаның микрокредиті бойынша берешегін өтеу мақсатында микрокредит беру жағдайларына қолданылмайды.

      Микроқаржы ұйымы клиент-жеке тұлғаның кредиттік есебінде оның микрокредит алудан ерікті түрде бас тартуын белгілегені туралы ақпарат болған кезде, сондай-ақ жұбайының (зайыбының) келісімінсіз микрокредит берген жағдайда, микроқаржы ұйымы жеке тұлғадан осындай микрокредит бойынша міндеттемелерді орындауды талап етуге құқылы емес.

      Микроқаржы ұйымы осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген, жеке тұлғаның кредиттік есебінде оның микрокредит алудан ерікті түрде бас тартуын белгілегені туралы ақпарат болған кезде, сондай-ақ жұбайының (зайыбының) келісімінсіз микрокредит беру фактісі анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей мынадай шараларды қабылдайды:

      клиенттің осындай микрокредит бойынша берешегін есептен шығару туралы шешім қабылдайды;

      клиенттің осындай микрокредит бойынша берешегін өндіріп алуды және талап-арыз жұмысын тоқтатады;

      осындай микрокредит бойынша ақпарат туралы жазбаларды жою арқылы клиенттің кредиттік бюролардағы кредиттік тарихына түзетулер енгізеді;

      осындай микрокредит бойынша сыйақының және (немесе) тұрақсыздық айыбының бұрын ұсталған (төленген) сомаларын клиентке қайтаруды жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы 3-4 және 3-5-тармақтармен толықтырылсын:

      "3-4. Микрокредит беру құпиясын құрайтын ақпаратқа құқыққа сыйымсыз қол жеткізілгені, оның құқыққа сыйымсыз өзгертілгені, үшінші тұлғалар тарапынан құқыққа сыйымсыз әрекеттердің не жеке тұлғалардың микрокредиттерімен өзге де заңсыз (алаяқтық) әрекеттердің жүзеге асырылғаны анықталған кезден бастап микроқаржы ұйымы екі жұмыс күні ішінде осындай әрекеттердің себептері мен салдарын жою үшін шаралар қабылдайды, сондай-ақ бұл туралы клиентке және уәкілетті органға бір жұмыс күні ішінде хабар береді.

      Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне сәйкес құқық қорғау органдары енгізген (шығарған) қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөніндегі шараларды қабылдау туралы ұсынымның не қарыз алушы-жеке тұлғаны жәбірленуші деп тану туралы қаулының негізінде микроқаржы ұйымы күнтізбелік үш күннен кешіктірмей:

      клиенттің осындай микрокредиті бойынша берешекті өндіріп алуды және талап-арыз жұмысын тоқтата тұрады;

      клиенттің осындай микрокредиті бойынша сыйақы және (немесе) тұрақсыздық айыбын есепке жазуды тоқтата тұрады.

      Микроқаржы ұйымы клиенттің қатысуынсыз алаяқтық тәсілмен микрокредитті ресімдеу фактісі анықталған заңды күшіне енген сот актісін алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, клиенттің микрокредит бойынша берешегін есептен шығару туралы шешімді, сондай-ақ осындай микрокредит бойынша бұрын ұсталған (төленген) сомаларды клиентке қайтару жөніндегі шараларды қабылдайды.

      3-5. Микроқаржы ұйымының жеке тұлғаны биометриялық сәйкестендіруді жүргізбей онымен интернет арқылы микрокредит беру туралы шарт жасасуына тыйым салынады, оны жүргізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.";

      6-тармақта:

      екінші бөлік үшінші абзацындағы "өзгерту қарыз алушы үшін микрокредит беру туралы шарттың талаптарын жақсарту деп түсініледі." деген сөздер "өзгерту;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:

      "микрокредит бойынша сыйақыны есепке жазбай, қарыз алушының мерзімді әскери қызмет өткеру мерзімін және ол аяқталғаннан кейінгі 60 күнді қамтитын кезеңге микрокредит беру туралы шарт бойынша негізгі борыш пен есепке жазылған сыйақы бойынша төлемдерді кейінге қалдыру қарыз алушы үшін микрокредит беру туралы шарттың талаптарын жақсарту деп түсініледі.";

      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қарыз алушы хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде, микроқаржы ұйымы қолданған жақсарту талаптарынан микрокредит беру туралы шартта көзделген тәртіппен бас тартуға құқылы.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Микроқаржы ұйымы банк және микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңында сауда-саттық өткізу арқылы мынадай мүлікті:

      бұрын микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету болып табылған, оған өндіріп алуды қолдану нәтижесінде микроқаржы ұйымының меншігіне өткен кепіл мүлкін;

      микроқаржы ұйымының микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындаудың орнына бас тарту төлемін алуы нәтижесінде микроқаржы ұйымының меншігіне түскен мүлікті өткізуге міндетті.

      Микроқаржы ұйымының меншігіндегі жер учаскесін қоспағанда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мүлікті микроқаржы ұйымы микроқаржы ұйымының меншігіне өткен күннен бастап үш жыл ішінде өткізуге тиіс. Жер учаскесін өткізу мерзімі Қазақстан Республикасының Жер кодексінде көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып айқындалады.

      Осы тармақта белгіленген талаптар ломбардтарға қолданылмайды.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мүлік сауда-саттық өтпеді деп танылған жағдайда уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде бекітілген, банк және микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңында сауда-саттық өткізу қағидаларына сәйкес тікелей атаулы сату арқылы өткізілуі мүмкін.";

      3) 4-бапта:

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Микроқаржы ұйымы сомасы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сай келмейтін тұтынушылық микрокредитті беруге құқылы емес.

      Осы тармақта белгіленген талаптар ломбард немесе кредиттік серіктестік жасасатын микрокредит беру туралы шарттарға қолданылмайды.";

      3-1-тармақ алып тасталсын;

      4) 5-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Микрокредит бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бірлескен нормативтік құқықтық актісінде айқындалған шекті мөлшерден аспауға тиіс.";

      5) 6-бапта:

      1-1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы тармақта белгіленген талаптар ломбард жасасатын микрокредит беру туралы шартқа қолданылмайды.";

      3-тармақтағы "Осы Заңның 4-бабы 3-1-тармағының талаптарымен жасалған шартты қоспағанда, жеке" деген сөздер "Жеке" деген сөзбен ауыстырылсын;

      6) 7-бапта:

      2-тармақта:

      4) тармақшаның үшінші бөлігі алып тасталсын;

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) қарыз алушыға (өтініш берушіге) микрокредит алуға байланысты оның құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелер орындалмаған жағдайда ықтимал салдары туралы ақпарат беруге;";

      мынадай мазмұндағы 11-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "11-2) мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерге микрокредит беру туралы шарт бойынша уәкілетті орган айқындаған тәртіппен микрокредит бойынша сыйақыны есепке жазбай, мерзімді әскери қызмет өткеру мерзімін және ол аяқталғаннан кейінгі 60 күнді қамтитын кезеңге негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемді кейінге қалдыруды ұсынуға міндетті.

      Мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілер, сондай-ақ оларды қызметтен шығару, оларда микрокредиттің болуы не болмауы, ол бойынша төлемді кейінге қалдырудың ұсынылуы туралы мәліметтерді алмасу Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен келісу бойынша уәкілетті орган айқындаған тәртіппен мемлекеттік органдар мен микроқаржы ұйымдарының ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.

      Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайларда дербес деректерді жинау, өңдеу және пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады;";

      3-тармақта:

      1-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-1) банктік қарыз және (немесе) микрокредит бойынша күнтізбелік тоқсан күннен астам мерзімі өткен берешегі бар жеке тұлғаға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес микрокредитті беруге құқылы емес.

      Осы тармақшада белгіленген талап жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қарызын және (немесе) микрокредитін өтеу мақсатында сыйақы мөлшерлемесін және (немесе) мерзімді төлемдер мөлшерін азайту жағына қарай өзгертуді және (немесе) тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) азайту жағына қарай өзгертуді немесе толық жоюды көздейтін жақсарту талаптарында берілетін микрокредиттерге, сондай-ақ ломбардтардың міндетті тіркелуге жатпайтын жылжымалы мүлікті кепілге қойып беретін микрокредиттеріне қолданылмайды;";

      5) тармақшадағы "талап етуге құқылы емес." деген сөздер "талап етуге;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6), 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:

      "6) микрокредит беру туралы шарт бойынша қарыз алушыдан борыш сомасын өндіріп алу үшін жеке сот орындаушыларымен ынтымақтастықты көздейтін шарттарды жасасуға, сондай-ақ "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабының 2-тармағына және (немесе) "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабының 1-тармағына сәйкес микроқаржы ұйымының үлестес тұлғасы болып табылатын жеке сот орындаушысымен атқарушылық құжатты орындау шарттары туралы келісім (шарт) жасасуға;

      7) "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабының 2-тармағына және (немесе) "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабының 1-тармағына сәйкес микроқаржы ұйымының үлестес тұлғасы болып табылатын нотариусқа нотариаттық әрекеттер жасау үшін жүгінуге;

      8) жеке тұлғамен жасалған микрокредит беру туралы шарттың қолданылу мерзімін оның келісімінсіз және микрокредит беру туралы шарттың талаптарын сақтауды не жақсартуды қамтамасыз етпейтін талаптармен ұлғайтуға құқылы емес.";

      7) 9-баптың 1-тармағының 4-1) тармақшасы алып тасталсын;

      8) 9-1-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-1-бап. Микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беру тәртібі";

      1, 2 және 3-тармақтар алып тасталсын;

      5-тармақтың бірінші бөлігінің сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "қарыз алушы-жеке тұлғаға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты микрокредит беру туралы шарт бойынша, қарыз алушы-заңды тұлғаға микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарға (талаптарға) қатысты, егер көрсетілген микрокредиттер бойынша басқаға беру күніне халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес құнсыздану белгілері болса, өзге тұлғаға беруді қоспағанда, микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талаптарды) үшінші тұлғаға беруді жүргізуіне тыйым салынады.";

      мынадай мазмұндағы 5-1 және 5-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "5-1. Басқаға беру күнінде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес құнсыздану белгілері бар микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беруді микроқаржы ұйымы мынадай талаптарды сақтай отырып жүзеге асырады:

      1) құқықтарды (талаптарды) осы баптың 5-тармағы бірінші бөлігінің бесінші, алтыншы және жетінші абзацтарында көрсетілген тұлғаларға беруді қоспағанда, пайдасына микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) берілетін тұлға банк және микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңында микроқаржы ұйымы өткізетін осы құқықтарға (талаптарға) қатысты сауда-саттық нәтижелері бойынша айқындалады;

      2) микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беру осы баптың 5-тармағында белгіленген шектеулер мен қағидалар сақтала отырып жүзеге асырылады.

      Осы тармақта белгіленген талаптар ломбардтарға қолданылмайды.

      5-2. Осы Заңның 9-2-бабы 5-тармағының 2-1) тармақшасының талаптарын сақтамай, жеке тұлғаның микрокредит беру туралы шарты бойынша құқықтарды (талаптарды) коллекторлық агенттікке беруге тыйым салынады.";

      8-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) басқаға беру шарты жасалғанға дейін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес микрокредит беру туралы шарт бойынша қарыз алушы-жеке тұлғаны микрокредитті беру туралы көрсетілген шарт бойынша кредитордың құқықтарын (талаптарын) үшінші тұлғаға берудің жоспарланып отырғаны, сондай-ақ осындай басқаға беруге байланысты қарыз алушының дербес деректерінің өңделетіні (берілетіні) туралы микрокредит беру туралы шартта көзделген тәсілмен, сондай-ақ микроқаржы ұйымына "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген сәйкестендіру құралдарын қолдану арқылы клиент-жеке тұлғаны сәйкестендіруді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ақпараттандыру объектілері (бұдан әрі – ақпараттандыру объектілері) арқылы хабардар етуге;";

      2) тармақшадағы "не Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін тәсілмен" деген сөздер "тәсілмен, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) тармақшаның бірінші бөлігінің жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "қарыз алушы-заңды тұлғаның құрылтай құжаттарын, қарыз алушы-жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;";

      9) 9-2-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігінде:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындаудың өткізіп алынған мерзімі болған кезде, бірақ ол басталған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы шартта көзделген тәсілмен және мерзімдерде, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы қарыз алушыны:";

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) микрокредит беру туралы шарт бойынша қарыз алушы-жеке тұлғаның осы баптың 2-тармағында көзделген өтінішпен микроқаржы ұйымына жүгіну құқығы;";

      2-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) сатып алушыға микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені бере отырып, ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті өткізуге байланысты өзгерістер енгізу туралы өтінішін негіздейтін, микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындау мерзімін өткізіп алудың туындау себептері, кірістер және басқа да расталған мән-жайлар (фактілер) туралы мәліметтерді қамтитын өтінішті жазбаша нысанда, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы не микрокредит беру туралы шартта көзделген тәсілмен ұсынуға құқылы.";

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қарыз алушы-жеке тұлғаның өтінішін алған күннен кейін күнтізбелік он бес күн ішінде микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы шарттың талаптарына ұсынылған өзгерістерді уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен қарайды және қарыз алушы-жеке тұлғаға мынадай шешімдердің бірі туралы:

      1) микрокредит беру туралы шарттың талаптарына ұсынылған өзгерістермен келісетіні туралы;

      2) микрокредит беру туралы шарт талаптарын өзгерту бойынша қарсы ұсыныс туралы;

      3) микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгертуден бас тарту себептерінің уәжді негіздемесін көрсете отырып, осындай бас тарту туралы жазбаша нысанда, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы не микрокредит беру туралы шартта көзделген тәсілмен хабарлайды.

      Қарыз алушы-жеке тұлғаның микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішін қарау кезеңінде микроқаржы ұйымы микрокредитті мерзімінен бұрын өтеуді талап етуге құқылы емес.

      Микроқаржы ұйымының осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген шешімі алынған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде микроқаржы ұйымы мен қарыз алушы-жеке тұлға арасында өзара қолайлы шешімге қол жеткізілмеуі микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгертуден бас тарту болып есептеледі. Бұл мерзім екі тараптың келісімі болған кезде ұзартылуы мүмкін.

      4. Қарыз алушы-жеке тұлға микроқаржы ұйымының осы баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген шешімін алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде немесе микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгерту туралы өзара қолайлы шешімге осы баптың 3-тармағының үшінші бөлігінде көзделген мерзімде қол жеткізбеген кезде бір мезгілде микроқаржы ұйымын хабардар ете отырып, микроқаржы омбудсманына жүгінуге құқылы.

      Микроқаржы омбудсманы қарыз алушы-жеке тұлғаның жолданымын оның микроқаржы ұйымына жүгінуінің және микроқаржы ұйымымен микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгерту туралы өзара қолайлы шешімге қол жеткізбеудің дәлелдері ұсынылған кезде қарайды.

      Микроқаржы омбудсманы "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын қарыз алушы-жеке тұлғаның тұрғынжай болып табылатын жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілген, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес микрокредитті беру туралы шарт бойынша жолданымын қараған кезеңде кепілге қойылған мүлікке сотқа талап қоюды беру арқылы не соттан тыс тәртіппен өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.";

      5-тармақта:

      2) тармақша мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Микроқаржы ұйымы берешекті сотқа дейін өндіріп алуға және берешекті реттеуге берген күні бұл туралы қарыз алушыны коллекторлық агенттіктің атауын, тұрған жерін, коллекторлық агенттіктің борышкерлермен байланысуға арналған телефон нөмірлерін көрсете отырып, микрокредит беру туралы шартта көзделген тәсілмен, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы хабардар етеді;";

      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) тұлғаға микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талаптарды) қарыз алушыда:

      жеке тұлғаның жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілген микрокредит беру туралы шарты бойынша – қатарынан күнтізбелік бір жүз сексен күннен асатын;

      жеке тұлғаның микрокредит беру туралы өзге де шарттары бойынша – қатарынан күнтізбелік тоқсан күннен асатын ақшалай міндеттемені орындау мерзімін өткізіп алу болған кезде осы Заңның 9-1-бабында белгіленген талаптарды сақтай отырып беруге құқылы.

      Қарыз алушы-жеке тұлғамен жасалған, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес микрокредитті беру туралы шарт бойынша құқықты (талап етуді) коллекторлық агенттікке беруге мерзімі өткен берешек пайда болған кезден бастап жиырма төрт ай өткен соң және осы Заңның 3-бабының 6-тармағында және (немесе) осы баптың 2-тармағында көзделген және қарыз алушы микрокредит бойынша берешегін өтей алатын, тараптар үшін өзара қолайлы жағдайларды қамтамасыз ететін берешекті реттеу жөніндегі рәсімдер жүргізілген кезде жол беріледі. Тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) толық күшін жою міндетті болып табылады.

      Осы тармақшаның ережелері қарыз алушы-Қазақстан Республикасының азаматына қатысты "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімдері қолданылған жағдайларға қолданылмайды;";

      мынадай мазмұндағы 6, 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын:

      "6. Берешекті сотқа дейін өндіріп алу және реттеу, сондай-ақ берешекке байланысты ақпарат жинау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді микроқаржы ұйымына коллекторлық агенттік және (немесе) сервистік компания көрсететін жағдайларды қоспағанда, микроқаржы ұйымының мұндай көрсетілетін қызметтерді үшінші тұлғалардан алуына тыйым салынады.

      7. Микроқаржы ұйымының коллекторлық агенттікпен берешегі тұрғынжай болып табылатын жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілген жеке тұлғаға қатысты берешекті сотқа дейін өндіріп алу және реттеу, сондай-ақ берешекке байланысты ақпарат жинау туралы шарт жасасуына жол берілмейді.

      8. Берешек коллекторлық агенттікте сотқа дейін өндіріп алуда және реттеуде болған кезеңде микроқаржы ұйымы:

      сотқа берешекті өндіріп алу туралы талап қойып жүгінуге;

      берешек коллекторлық агенттікте жұмыста болған кезең үшін сыйақы төлеуді талап етуге, сондай-ақ негізгі борышты және сыйақыны уақтылы өтемегені үшін көрсетілген кезеңге тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) есепке жазуға құқылы емес.";

      10) 14-1-бапта:

      2-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) филиал немесе өкілдік туралы ереженің нотариат куәландырған көшірмесін;";

      3) тармақшадағы "көшірмесін қоса бере отырып, жазбаша хабардар етуге міндетті." деген сөздер "көшірмесін;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) филиалдың үй-жайы орналасқан мекенжай көрсетілген филиалдың үй-жайлары туралы мәліметтерді (бар болса) қоса бере отырып, жазбаша хабардар етуге міндетті.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Уәкілетті орган осы баптың 2, 3, 4, 5 және 7-тармақтарының талаптары орындалмаған жағдайда микроқаржы ұйымының филиалын не үй-жайын немесе өкілдігін жабуды талап етеді.";

      11) 21-бапта:

      3 және 5-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Микрокредит беру құпиясы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берілген микрокредиттер бойынша қарыз алушыға, қарыз алушының жазбаша нысанда, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы берген келісімі негізінде үшінші тұлғаға, кредиттік бюроға, сондай-ақ осы баптың 4, 5, 5-1 және 6-тармақтарында көрсетiлген тұлғаларға ғана ашылуы мүмкiн.";

      "5-1. Микрокредит беру құпиясы микроқаржы омбудсманына өзінің қарауында жатқан, қарыз алушы-жеке тұлғалардың микрокредит беру туралы, оның ішінде құқықтар (талаптар) осы Заңның 9-1-бабының 4-тармағында және 5-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғаға берілген шарттан туындайтын келіспеушіліктерді реттеу жөніндегі жолданымдары бойынша ашылуы мүмкін.";

      6-тармақтың 3) тармақшасындағы "берешекті өндіріп алу туралы" деген сөздер ", нысанасы берешекті сотқа дейін өндіріп алу және реттеу, сондай-ақ қарыз алушының берешегіне байланысты ақпарат жинау жөніндегі қызметтерді көрсету болып табылатын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 26-бап 5) тармақшасындағы "коэффициенті кіреді." деген сөздер "коэффициенті;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:

      "6) қарыз алушының борыштық жүктемесінің коэффициенті;

      7) қарыз алушының кірісіне қатысты борыш коэффициенті кіреді.";

      13) мынадай мазмұндағы 4-1-тараумен толықтырылсын:

      "4-1-тарау. Микроқаржы омбудсманы

      29-1-бап. Микроқаржы омбудсманы, оның мәртебесі, оны сайлау тәртібі және өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату. Микроқаржы омбудсманының өкілдер кеңесі, оның құзыреті

      1. Жеке тұлғаның және микроқаржы ұйымының құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қанағаттандыру туралы келісімге қол жеткізу мақсатында, сондай-ақ осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда микроқаржы ұйымы мен жеке тұлға арасында жасалған микрокредит беру туралы шарттан туындайтын келіспеушіліктерді оның жүгінуі бойынша реттеуді жүзеге асыратын, өз қызметінде тәуелсіз жеке тұлға микроқаржы омбудсманы болып табылады.

      Микроқаржы омбудсманы өз қызметінде мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:

      1) тараптардың теңқұқықтылығы;

      2) бейтараптық;

      3) микрокредит беру құпиясын және өзге де заңмен қорғалатын құпияны сақтау;

      4) тараптардың құқықтарын сақтау және заңмен қорғалатын мүдделерін құрметтеу;

      5) шешім қабылдау рәсімінің айқындылығы мен шешімнің негізділігі.

      2. Микроқаржы омбудсманы жеке тұлға болып табылатын қарыз алушы және осындай қарыз алушымен жасалған микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлға арасында туындайтын келіспеушіліктерді қарыз алушының жүгінуі негізінде реттеуді жүзеге асырады.

      Микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлға өзі микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерін сатып алған қарыз алушы жүгінген кезде микроқаржы омбудсманымен өзара іс-қимыл жасасуға және микроқаржы омбудсманы микрокредитке байланысты сұратқан кез келген ақпарат пен мәліметтерді беруге міндетті.

      3. Өкілдер кеңесі осы Заңның 29-2-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан уәкілетті орган келіскен кандидаттар арасынан микроқаржы омбудсманын сайлауды жүзеге асырады.

      Өкілдер кеңесі:

      1) әділет органдарында тіркелген және қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын іске асыруға және қорғауға бағытталған қызметті жүзеге асыратын тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің қауымдастығы (одағы) және (немесе) тұтынушылардың республикалық қоғамдық бірлестігі болған жағдайда, олардан;

      2) әділет органдарында тіркелген және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, коллекторлық агенттіктердің ортақ мүдделерін білдіруге және қорғауға бағытталған қызметті жүзеге асыратын қаржы ұйымдарының қауымдастығынан (одағынан);

      3) уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен бір-бір өкілден қалыптастырылады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген қауымдастықтар (одақтар) әділет органдарында тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде микроқаржы омбудсманының өкілдер кеңесінің құрамына кіруге міндетті.

      4. Микроқаржы омбудсманы үш жыл мерзімге сайланады.

      Микроқаржы омбудсманын сайлау, оның қызметін мерзімінен бұрын тоқтату және жүзеге асыру тәртібі осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

      5. Өкілдер кеңесінің құзыреті:

      1) микроқаржы омбудсманы лауазымына сайлау үшін кандидатуралар ұсыну, дауыс беру тәртібін айқындау;

      2) құрылымы мен штатын (микроқаржы омбудсманының офисін) бекіту;

      3) микроқаржы омбудсманының қызметін қаржыландыру тәртібін айқындау;

      4) уәкілетті органмен келісу бойынша микроқаржы омбудсманының ішкі қағидаларын бекіту;

      5) уәкілетті орган жүргізген, микроқаржы омбудсманының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) қарыз алушы-жеке тұлғалардың шағымдарына талдау жасау және микроқаржы омбудсманының есептерін қарау қорытындылары бойынша микроқаржы омбудсманына оның қызметін жетілдіру жөнінде ұсынымдар беру;

      6) өкілдер кеңесі мүшесінің (мүшелерінің) осы баптың 7-тармағында көзделген негіздер бойынша микроқаржы омбудсманының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтінішхатын қарау;

      7) микроқаржы омбудсманының шешімдерін есепке алу, қарау, қабылдау және орындау тәртібін уәкілетті органмен келісу бойынша бекіту;

      8) осы Заңға сәйкес, микроқаржы омбудсманының қызметін жүзеге асыруға байланысты өзге де мәселелер.

      6. Егер өкілдер кеңесінің отырысына қатысқан өкілдер кеңесінің мүшелері жиынтығында жалпы дауыс санының елу және одан да көп пайызын иеленсе, осы отырыс – заңды, ал кворум талаптары сақталды деп танылады.

      Микроқаржы омбудсманы кеңес отырысына қатысқан өкілдер кеңесі мүшелерінің көпшілік дауысымен сайланады. Өкілдер кеңесінің әрбір мүшесінің дауыс беру кезінде бір дауысы болады. Дауыстар тең болған кезде уәкілетті орган өкілінің дауысы шешуші болып табылады.

      Микроқаржы омбудсманын сайлау мәселесі бойынша дауыс беру жасырын тәсілмен жүзеге асырылады. Дауыс беруге арналған бюллетеньде мынадай ақпарат қамтылуға тиіс:

      1) микроқаржы омбудсманы лауазымына сайлау үшін ұсынылған кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);

      2) кандидаттың осы Заңның 29-2-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын ақпарат;

      3) кандидаттың микроқаржы ұйымында және (немесе) коллекторлық агенттікте, уәкілетті органда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде қызмет атқаруы туралы, микроқаржы ұйымына және (немесе) коллекторлық агенттікке үлестес болу белгілерінің болуы-болмауы туралы, уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің басшысы немесе олардың орынбасарлары, сондай-ақ уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің құрылымдық бөлімшесінің басшысы лауазымында жұмыс істейтін жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары туралы мәліметтер;

      4) мәселе бойынша "жақтаймын" немесе "қарсымын" деген сөздермен білдірілген дауыс беру нұсқалары.

      7. Микроқаржы омбудсманының өкілдер кеңесі микроқаржы омбудсманының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуды мынадай негіздер бойынша жүзеге асырады:

      1) микроқаржы омбудсманының осы Заңның 29-2-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға сай келмеуінің анықталуы;

      2) микроқаржы ұйымында, коллекторлық агенттікте, уәкілетті органда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде кез келген қызметті атқару, микроқаржы омбудсманының микроқаржы ұйымымен және (немесе) коллекторлық агенттікпен үлестес болу белгілерінің болуы, жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) және (немесе) жекжаттарының уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің басшысы немесе олардың орынбасарлары, сондай-ақ уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің құрылымдық бөлімшесінің басшысы лауазымын атқаруы;

      3) осы Заңның және микроқаржы омбудсманының ішкі қағидаларының талаптарын бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) бұзу.

      Микроқаржы омбудсманының өкілеттігін өз бастамасы бойынша мерзімінен бұрын тоқтату өкілдер кеңесін жазбаша хабардар ету негізінде жүзеге асырылады.

      Өкілдер кеңесіне жазбаша хабарлама микроқаржы омбудсманының ішкі қағидаларында белгіленген тәртіппен өкілеттігі тоқтатылғанға дейін кемінде бір ай бұрын ұсынылады.

      29-2-бап. Микроқаржы омбудсманына қойылатын талаптар

      1. Мынадай:

      1) жоғары экономикалық және (немесе) заң білімі жоқ;

      2) мінсіз іскерлік беделі жоқ;

      3) қаржылық көрсетілетін қызметтерді ұсыну және (немесе) қаржылық көрсетілетін қызметтерді реттеу саласындағы жұмыс өтілі бес жылдан аз;

      4) уәкілетті орган банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу, банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының басшы қызметкері болған адам микроқаржы омбудсманы ретінде сайлау үшін ұсынылмайды. Осы талап уәкілетті орган банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу, банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін үш жыл бойы қолданылады;

      5) сот Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған;

      6) психикалық мінез-құлқының, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынудан туындаған бұзылушылығы (аурулары) бойынша психикалық денсаулық сақтау қызметі ұйымдарында динамикалық байқауда тұрған адам микроқаржы омбудсманы ретінде сайлау үшін ұсынылмайды.

      2. Микроқаржы омбудсманы микроқаржы ұйымында және (немесе) коллекторлық агенттікте кез келген лауазымды атқаруға, уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің басшысы немесе олардың орынбасарлары, сондай-ақ уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің құрылымдық бөлімшесінің басшысы лауазымында жұмыс істейтін жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) және (немесе) жекжаттарының болуына құқылы емес.

      29-3-бап. Микроқаржы омбудсманының шешімдер қабылдау тәртібі

      1. Микроқаржы омбудсманы шешімді жеке-дара қабылдайды және оны дауға қатысушы тараптардың назарына жазбаша нысанда жеткізеді.

      Микроқаржы омбудсманы шешімдер қабылдаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасын және жасалған шарттардың талаптарын басшылыққа алады.

      2. Микроқаржы омбудсманы мынадай:

      1) сот қарауға қабылдаған және (немесе) олар бойынша заңды күшіне енген сот актісі бар;

      2) жүгінуші адам микрокредит беру туралы шарт шеңберінде туындаған жағдайды реттеу мақсатында өзінің микроқаржы ұйымына, микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаға жүгінуінің жазбаша дәлелдемесін ұсынбаған;

      3) істің жаңа мән-жайлары болмаған кезде қайтадан жіберілген жолданымдарды қарамайды.

      3. Микроқаржы омбудсманының шешімін қарыз алушы-жеке тұлға қабылдаған жағдайда ол микроқаржы ұйымы, қарыз алушы-жеке тұлғамен жасалған микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлға үшін міндетті болады.

      Микроқаржы омбудсманы осы Заңның 29-1-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген жағдайларда жеке тұлғалардың жолданымдарын қарауды және шешімдер қабылдауды өтеусіз жүзеге асырады.

      Жолданымды қарау нәтижелері мүдделі тараптар немесе олардың өкілдері қол қоятын хаттамамен ресімделіп, жеке тұлғаның және микроқаржы ұйымының, қарыз алушымен жасалған микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаның назарына жеткізіледі.

      Хаттамада мыналар қамтылуға тиіс:

      1) қол қойылған күні мен орны;

      2) микроқаржы омбудсманының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);

      3) өтініш беруші-жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), байланыс телефонының нөмірі, микроқаржы ұйымының, қарыз алушы-жеке тұлғамен жасалған микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаның атауы, олардың мекенжайлары мен деректемелері;

      4) даудың нысанасы немесе жеке тұлғаның мәлімделген талабы;

      5) микроқаржы омбудсманы анықтаған істің мән-жайлары;

      6) микроқаржы омбудсманының өтініш беруші-жеке тұлғаның өтінішін толық не ішінара қанағаттандыру немесе қанағаттандырудан бас тарту туралы шешімі;

      7) микроқаржы омбудсманының шешімін орындау мерзімі;

      8) микроқаржы ұйымының, қарыз алушы-жеке тұлғамен жасалған микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаның шешімді орындау нәтижелері туралы хабар беру мерзімі.

      4. Қарыз алушы-жеке тұлғалардың микрокредит беру туралы шарттар жөніндегі міндеттемелерді орындау талаптарын өзгертуге қатысты жолданымдары бойынша микроқаржы омбудсманы тараптардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуіне және микрокредит беру туралы шарт жөніндегі міндеттемелерді орындау талаптарын өзгерту туралы тараптар келіскен шешімнің қабылдануына жәрдемдеседі.

      Микроқаржы омбудсманының шешімімен келіспеген жағдайда мүдделі тарап сотқа жүгінуге құқылы.

      5. Микроқаржы ұйымы, қарыз алушымен жасалған микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлға микроқаржы омбудсманының шешімін ол белгілеген мерзімде орындамаған жағдайда микроқаржы омбудсманы бұл туралы уәкілетті органға бес жұмыс күнінен кешіктірмей хабар беруге міндетті.

      Егер тараптардың келісімі бойынша өзге мерзім белгіленбесе, микроқаржы ұйымының, қарыз алушымен жасалған микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаның микроқаржы омбудсманының шешімін орындау мерзімі күнтізбелік отыз күнді құрайды.

      29-4-бап. Микроқаржы омбудсманының қызметі

      1. Микроқаржы омбудсманының қызметі, оның ішінде дауларды шешу бойынша жолданымдарды қарау және шешімдер қабылдау тәртібі мен мерзімдері микроқаржы омбудсманының ішкі қағидалары негізінде жүзеге асырылады.

      2. Жүктелген функцияларды тиісінше орындау мақсатында микроқаржы омбудсманының қызметі микроқаржы ұйымдарының, қарыз алушымен жасалған микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген коллекторлық агенттіктердің міндетті жарналары есебінен қаржыландырылады.

      Міндетті жарналар төленбеген, уақтылы төленбеген не толық көлемде төленбеген жағдайда микроқаржы омбудсманы жеті жұмыс күні ішінде уәкілетті органды микроқаржы ұйымының, қарыз алушымен жасалған микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген коллекторлық агенттіктің осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген өз міндеттемелерін тиісінше орындамағаны туралы хабардар етуге міндетті.

      3. Микроқаржы омбудсманы өкілдер кеңесімен келісу бойынша ұйымдық құрылымы мен штаты бар офис құрады.

      4. Микроқаржы омбудсманының ішкі қағидаларында:

      1) ревизиялық комиссияның және басқа да тұрақты жұмыс істейтін органдардың (бар болса) құрылымы, міндеттері мен өкілеттіктері;

      2) микроқаржы омбудсманының құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі;

      3) дауларды шешу тәртібі;

      4) микроқаржы омбудсманының қызметін жүзеге асыруға байланысты өзге де мәселелер айқындалуға тиіс.

      5. Микроқаржы омбудсманы дауларды шешу барысында алынған ақпаратқа қатысты құпиялылықты сақтауға және оны үшінші тұлғаларға жария етпеуге міндетті.

      Микроқаржы омбудсманы өз қызметін жүзеге асыру барысында алынған мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

      Микроқаржы омбудсманы осы баптың 1-тармағында және осы тармақта көзделген талаптарды орындамаған жағдайда өкілдер кеңесі оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатады.

      6. Микроқаржы омбудсманының интернет-ресурсында мынадай ақпарат орналастырылады:

      1) офистің, оның ішінде бөлімшелер мен өкілдіктердің толық атауы, мекенжайы (тұрған жері), телефон нөмірлері, жұмыс режимі;

      2) микроқаржы омбудсманын сайлау туралы мәліметтер;

      3) микроқаржы омбудсманының өкілдер кеңесінің құрамына кіретін қауымдастықтардың (одақтардың) тізбесі;

      4) микроқаржы омбудсманы ұсынатын көрсетілетін қызмет түрлері туралы мәліметтер;

      5) микроқаржы омбудсманының шешімдерін есепке алу, қарау, қабылдау және орындау тәртібі;

      6) микроқаржы омбудсманы жұмысының қорытындылары туралы ай сайынғы ақпарат;

      7) микроқаржы омбудсманы қызметінің қорытындылары туралы жылдық есептер;

      8) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға арналған, ақпараттық және түсіндірме материалдары мен сот практикасының материалдары жарияланатын бөлім;

      9) микроқаржы нарығына қатысушылармен жасалған келісімдер мен меморандумдардың тізбесі.

      7. Микроқаржы омбудсманы тұрған жері өзгерген жағдайда бұл туралы қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын екі мерзімді баспасөз басылымында қазақ және орыс тілдерінде бір ай мерзімнен кешіктірмей және микроқаржы омбудсманының интернет-ресурсында он жұмыс күні ішінде хабарландыру жариялау арқылы хабарлауға міндетті.

      8. Микроқаржы омбудсманы өкілдер кеңесінің шешімі бойынша:

      1) қарыз алушы-жеке тұлғалардың жолданымдарын есепке алуды автоматтандыру және өңдеу бойынша арнайы бағдарламалық қамтылымның қолданылуын;

      2) қарыз алушы-жеке тұлғаларға консультациялық қызметтер көрсету үшін микроқаржы омбудсманының офисінде колл-орталықтың не жедел желінің ендірілуін;

      3) келіспеушіліктерді реттеу мақсатында шарт негізінде кредиттік бюроның ақпараттық базасынан қарыз алушы-жеке тұлғаның кредиттік есебін жедел алуды қамтамасыз етуге тиіс.

      Микроқаржы омбудсманы қарыз алушы-жеке тұлғалардың жолданымдарына талдау жасау нәтижелері бойынша уәкілетті органға Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызмет туралы заңнамасын, сондай-ақ микроқаржы ұйымдарының және (немесе) коллекторлық агенттіктердің қызметін жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды жіберуге құқылы.

      9. Уәкілетті орган:

      1) микроқаржы омбудсманының ішкі қағидаларын келісуді жүзеге асырады;

      2) қарыз алушы-жеке тұлғалардың микроқаржы омбудсманының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарын қарайды;

      3) өкілдер кеңесіне микроқаржы омбудсманының әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын бұзушылық анықталған жағдайларда микроқаржы омбудсманының қызметі туралы ұсынымдарды жібереді;

      4) осы Заңға сәйкес микроқаржы омбудсманының қызметіне байланысты өзге де функцияларды жүзеге асырады.".

      18. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      2-қосымшаның 1-сыныбы мынадай мазмұндағы 87-16-жолмен толықтырылсын:

      "

87-16.

Банк және микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңының операторы қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру

Банк және микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңының операторы қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат

Иеліктен шығарылмайтын

  ".

      19. "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-баптың 8) және 8-1) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) мемлекеттік аудитор – мемлекеттік аудитті және (немесе) қаржылық бақылауды жүзеге асыратын, мемлекеттік аудитор сертификаты бар мемлекеттік қызметші;

      8-1) мемлекеттік аудитордың ассистенті – мемлекеттік аудитке қатысуға құқығы бар, бухгалтерлік есепке алу, қаржылық есептілік және аудиторлық қызмет саласында кәсіптік білімі бар мемлекеттік қызметші және мемлекеттік органның құзыреті шегінде өзге саладағы (қызмет аясындағы) маман;";

      2) 8-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ішкі аудит стандарттары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленеді және бекітіледі.

      Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органдағы ішкі аудит стандарттарын қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.";

      3) 10-бапта:

      1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның ішкі аудит қызметін қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ішкі аудит қызметтері;";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ішкі аудит қызметінің жұмысын ұйымдастыруды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі ішкі аудит Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органдағы ішкі аудит ішкі аудит стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады. Ішкі аудит қызметінің жұмысын ұйымдастыру Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.";

      4) 12-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жоғары аудиторлық палата республикалық бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне аудит, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды қоспағанда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігіне аудит жүргізеді.";

      5) 14-баптың 1) және 1-1) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды қоспағанда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржылық есептілігіне, оның ішінде шоғырландырылған қаржылық есептілігіне және мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігіне тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде жыл сайынғы аудит жүргізеді;

      1-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды қоспағанда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржылық есептілігіне, оның ішінде шоғырландырылған қаржылық есептілігіне және мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігіне жыл сайынғы аудит жүргізуге қатысу үшін орталық мемлекеттік органның бірінші басшысымен, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімімен келісу бойынша ішкі аудит қызметін тартады;";

      6) 15-баптың бірінші бөлігінде:

      2) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның ішкі аудит қызметін қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың ішкі аудит қызметтері үшін – мемлекеттік органда, оның ведомстволарында, аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында олардың қызметінің барлық бағыттары бойынша;";

      3) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның ішкі аудит қызметін қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың ішкі аудит қызметтері үшін – мемлекеттік органда, оның ведомстволарында, аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында;";

      5) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның ішкі аудит қызметін қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың ішкі аудит қызметтері үшін – мемлекеттік органда, оның ведомстволарында, аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында;";

      7) 18-бапта:

      2-тармақтың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның ішкі аудит қызметін қоспағанда, орталық мемлекеттік органдарда – ішкі аудит қызметі құрылған мемлекеттік органның басшысы;";

      9-тармақтың бірінші бөлігіндегі ", қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау материалдарын қоспағанда," деген сөздер алып тасталсын;

      8) 21-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды қоспағанда, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, құқық қорғау органдары, арнаулы мемлекеттік органдар мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына міндеттерін орындауға жәрдем көрсетеді, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құпиялылық режимін, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтай отырып, олардың сұрау салулары бойынша өздері жүргізген тексерулердің нәтижелері туралы ақпарат береді.";

      9) 35-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі ", қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау материалдарын қоспағанда," деген сөздер алып тасталсын;

      10) 39-1-баптың 3-тармағы алып тасталсын.

      20. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      53-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік қызметшілерін қоспағанда, мемлекеттiк қызметшiлердің еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесіне сәйкес жүзеге асырылады.".

      21. "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 4-баптың 2-тармағында:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен оның құрылымына кіретін ұйымдар, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерімен интеграцияланбайтын интернет-ресурстарды, ақпараттық жүйелерді құру немесе дамыту жөніндегі, деректерді басқару жөніндегі уәкілетті орган бекіткен деректерді басқару жөніндегі талаптарға сәйкес мемлекеттік органдардың функцияларды іске асыруы мақсатында деректерді талдауды жүзеге асыру үшін электрондық ақпараттық ресурстарды жинау, өңдеу, сақтау, беру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырған кезде, сондай-ақ ақпараттандыру саласында тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүргізген кезде туындайтын қатынастарға қолданылмайды.";

      3) тармақша алып тасталсын;

      2) 34-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру жөнiндегi қызметi, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруын қоспағанда, бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылады.".

      22. "Мемлекеттiк сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық басқарушы компаниялар, ұлттық компаниялар және олармен үлестес заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, оның ведомстволары, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымына кіретін ұйымдар және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалар, сондай-ақ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган сатып алатын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер;";

      2) 2-баптың 27) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін, оның ведомстволарын, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымына кіретін ұйымдарды және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғаларды, сондай-ақ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды;".

      23. "Төрелік туралы" 2016 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 4-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қазақстан Республикасында төреліктерді мемлекеттік органдар, мемлекеттік кәсіпорындар, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілері және тауарлар мен көрсетілетін қызметтер нарығында үстем жағдайға ие субъектілер, дауыс беретін акцияларының елу және одан да көп пайызы (жарғылық капиталға қатысу үлестері) тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар, олардың еншілес және тәуелді ұйымдары, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар құра алмайды.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары банктік қарыз шарттары немесе микрокредит беру туралы шарттар бойынша берілген құқықтар (талаптар) бойынша коллекторлық агенттіктерге қолданылады.";

      2) 8-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Кәмелетке толмаған адамдардың, заңда белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған адамдардың мүдделері қозғалатын даулар, екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар мен олардың қарыз алушы-жеке тұлғалары арасындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қарыз шарттары немесе микрокредит беру туралы шарттар бойынша, оңалту және банкроттық туралы, табиғи монополиялар субъектілері мен олардың тұтынушылары арасындағы, мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері арасындағы даулар төреліктің қарауына жатпайды.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары қарыз алушы-жеке тұлғалармен жасалған, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қарыз шарттары немесе микрокредит беру туралы шарттар бойынша берілген құқықтар (талаптар) бойынша коллекторлық агенттіктерге қолданылады.".

      24. "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 32-баптың 6-тармағында:

      екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы баптың 4-тармағында көзделген тәртіппен ақша жөнелтуші-жеке тұлғаның ағымдағы шотына қойылған төлем талабы оның ағымдағы шотын ондағы ақша сомасының және (немесе) ақша жөнелтуші-жеке тұлғаның банктік шотына заңды тұлғадан немесе дара кәсіпкерден түсетін әрбір ақша сомасының елу пайызы шегінде, төлем талабында көрсетілген барлық соманың түсуін күтпестен, тікелей дебеттеу арқылы орындалады.

      Бұл ретте ақша жөнелтушінің ағымдағы шотында немесе жиынтығында жеке тұлғаның немесе егер жеке тұлға қызметін жеке кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкер ретінде тіркелген болса, дара кәсіпкердің бір банкте ашылған ағымдағы шоттарында сақталатын ақша сомасы төлем талабын орындау кезінде республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшерінен аз болмауға тиіс.";

      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Көрсетілген шектеу қарыз алушы-жеке тұлғаның немесе егер жеке тұлға қызметін жеке кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкер ретінде тіркелген болса, дара кәсіпкердің жинақ шотындағы ақшасына қолданылмайды.";

      2) 35-бапта:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Инкассолық өкімді мемлекеттік кірістер органдары, сот орындаушылары, сондай-ақ аумақтық әділет органы атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы береді.";

      4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Аумақтық әділет органының атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған инкассолық өкімі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген нормалар негізінде өндіріп алуды растайтын атқарушылық құжаттар қоса беріліп, ақша жөнелтушінің банкіне электрондық нысанда жіберіледі.";

      5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Егер атқарушылық құжаттың мәтінінде өзгеше белгіленбесе, ақша жөнелтушінің банктік шотынан ақшаны оның келісімінсіз алып қоюдың негізділігін растайтын атқарушылық құжат банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға сот орындаушысының немесе аумақтық әділет органының атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған бір ғана инкассолық өкімін ұсынуға негіз болып табылады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Ақша жөнелтушінің банктік шотында ақша жеткіліксіз болған кезде мемлекеттік кірістер органдарының салық берешегін өндіріп алу туралы, атқарушылық құжаттар бойынша сот орындаушыларының және аумақтық әділет органының атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған инкассолық өкімін орындау осындай шотқа ақша түскен күннен кейінгі үш операциялық күннен кешіктірілмей оның түсуіне қарай жүргізіледі.";

      3) 50-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған не лицензиясынан айырылған жеке сот орындаушысының, аумақтық әділет органының атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған инкассолық өкімін кері қайтарып алу "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.";

      4) 9-тарау мынадай мазмұндағы 54-1-баппен толықтырылсын:

      "54-1-бап. Аумақтық әділет органының атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған қаулысын орындау

      1. Аумақтық әділет органының атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған, аумақтық әділет органы басшысының немесе оның орынбасарының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, банктік шоттарының нөмірлері және оларда ақшаның болуы туралы ақпаратты, банктердегі, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарындағы мүліктің сипаты мен құны және оларға тыйым салу туралы мәліметтерді талап ету туралы қаулысы банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы ұсынылады.

      2. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттың негізінде, көрсетілген құжатты алған күннен бастап үш операциялық күн ішінде "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес қажетті мәліметтерді атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне жіберуге міндетті.

      3. Аумақтық әділет органы банктерден, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан көрсетілген мәліметтерді алып, атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға атқарушылық құжат қоса берілген инкассолық өкімді жібереді.".

      25. "Коллекторлық қызмет туралы" 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 3-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Коллекторлық агенттік банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым жеке тұлғамен жасасқан банктік қарыз шарты бойынша құқықтарды (талаптарды) сатып алған жағдайда банк омбудсманының офисіне міндетті жарналарды төлеуге міндетті.

      Коллекторлық агенттік микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым жеке тұлғамен жасасқан микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талаптарды) сатып алған жағдайда микроқаржы омбудсманының офисіне міндетті жарналарды төлеуге міндетті.";

      2) 4-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Коллекторлық агенттіктің "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабының 2-тармағына сәйкес коллекторлық агенттіктің үлестес тұлғасы болып табылатын жеке сот орындаушысымен атқарушылық құжатты орындау шарттары туралы келісім (шарт) жасасуына тыйым салынады.

      Коллекторлық агенттіктің "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабының 2-тармағына сәйкес коллекторлық агенттіктің үлестес тұлғасы болып табылатын нотариусқа нотариаттық іс-әрекеттер жасау үшін жүгінуіне тыйым салынады.";

      3) 5-бапта:

      2-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) әрбір байланыс кезінде:

      коллекторлық агенттіктің атауы;

      коллекторлық агенттіктің тұрған жері;

      борышкермен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), лауазымы;

      кредитордың атауы туралы хабармен жүзеге асырылуға тиіс.

      Осы тармақшада көзделмеген және коммерциялық немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпия болып табылмайтын өзге де ақпарат борышкерге оның талап етуі бойынша хабарланады;";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Борышкердің және (немесе) оның өкілінің талап етуі бойынша коллекторлық агенттік борышкерді және (немесе) оның өкілін осы Заңның 16-бабында көзделген құқықтарымен және міндеттерімен таныстыруға міндетті.";

      5-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Коллекторлық агенттіктің коллекторлық қызметті жүзеге асыруы кезінде мынадай жосықсыз әрекеттерді жүзеге асыруына:";

      3), 4), 5), 6) және 6-1) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Коллекторлық агенттік жұмыскерінің борышкермен және (немесе) оның өкілімен, және (немесе) үшінші тұлғамен өзара іс-қимыл жасасуы кезінде мынадай жосықсыз әрекеттерді жүзеге асыруына:

      1) коллекторлық агенттік жұмыскері өзара іс-қимыл жасасатын тұлғаны берешектің мөлшеріне, сипатына және пайда болу негіздеріне қатысты жаңылыстыруына;

      2) коллекторлық агенттік жұмыскерінің анық емес тегін және (немесе) атын, және (немесе) әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), сондай-ақ жұмыс орны және (немесе) лауазымы туралы шындыққа сай келмейтін мәліметтерді хабарлауына;

      3) коллекторлық агенттік жұмыскері өзара іс-қимыл жасасатын тұлғаның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратуына не осы тұлғалардың мүдделеріне мүліктік зиян келтіруі мүмкін мәліметтерді жария етуіне;

      4) коллекторлық агенттік жұмыскері өзара іс-қимыл жасасатын тұлғаның құқықтары мен бостандықтарына қол сұғатын, олардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін, сондай-ақ осы тұлғаға мүліктік және өзге де зиян келтіруге алып келетін құқыққа қайшы әрекеттер жасауына;

      5) борышкерге және (немесе) оның өкіліне, және (немесе) үшінші тұлғаларға күш қолдану не олардың мүлкін жою немесе бүлдіру қатерін төндіру, қорлау, алаяқтық, жалған құжаттар жасау, бопсалау арқылы борышкерді банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындауға мәжбүрлейтін қысым көрсетуіне тыйым салынады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Осы баптың 1, 2, 4-тармақтарының, 5-тармағы 1) және 9) тармақшаларының, 5-1 және 6-тармақтарының талаптары коллекторлық агенттік банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықты (талап етуді) басқаға беру нәтижесінде туындаған өзінің кредитор құқықтарын іске асырған кезде оған және оның жұмыскерлеріне, сондай-ақ сервистік компанияларға қолданылады.";

      8-тармақ алып тасталсын;

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Осы баптың 1-тармағының, 2-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасы бірінші бөлігінің төртінші және бесінші абзацтарының, 2), 3), 4) және 6) тармақшаларының, 5-1-тармағының талаптары банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша кредитордың мүдделерін білдірген кезде коллекторлық агенттіктің жұмыскерлеріне қолданылады.";

      4) 6-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Бастапқы байланыс кезінде коллекторлық агенттік борышкер-жеке тұлғаға және (немесе) оның өкіліне банктік қарыз шартының немесе микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгерту туралы жазбаша өтінішпен коллекторлық агенттікке олардың (оның) жүгіну құқығы туралы хабар береді.

      Борышкер-жеке тұлға және (немесе) оның өкілі өздеріне (өзіне) коллекторлық агенттік хабар берген күннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде коллекторлық агенттікке банктік қарыз шартының немесе микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгерту туралы жазбаша өтінішпен және (немесе) коллекторлық агенттікке "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген сәйкестендіру құралдарын қолдану арқылы клиент-жеке тұлғаны сәйкестендіруді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ақпараттандыру объектілері (бұдан әрі – ақпараттандыру объектілері) арқылы жүгінеді, онда берешектің пайда болу себептері мен мән-жайлары, кірістері мен шығыстары, отбасы құрамы (мүшелері), тұрғылықты жері, мүлкінің бар-жоғы туралы мәліметтер, борышкердің өтінішін қарау және оның банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерін орындауға өз қаражатының жеткілікті екендігін айқындау үшін кредиторға қажетті өзге де мәліметтер көрсетіледі.";

      3-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Кредитор борышкердің жазбаша өтінішін алған күннен кейін күнтізбелік он бес күн ішінде банктік қарыз шартын немесе микрокредит беру туралы шартты өзгертудің ұсынылған талаптарын қарайды және коллекторлық агенттік пен борышкерге және (немесе) оның өкіліне:";

      3) тармақша "жазбаша нысанда" деген сөздерден кейін "және (немесе) ақпараттандыру объектілері арқылы" деген сөздермен толықтырылсын;

      5) мынадай мазмұндағы 6-1-баппен толықтырылсын:

      "6-1-бап. Коллекторлық агенттік берешек құқығын (талапты) басқаға беру нәтижесінде туындаған өзінің кредитор құқықтарын іске асырған кезде оның берешекті реттеу ерекшеліктері

      1. Коллекторлық агенттік өзіне кредитор берешек бойынша, оның ішінде сот шешімі бойынша немесе нотариустың атқарушылық жазбасы негізінде өндіріп алынған берешек бойынша құқықты (талап етуді) берген кезде борышкер-жеке тұлғаға және (немесе) оның өкіліне банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындау талаптарын өзгерту туралы жазбаша өтінішпен және (немесе) ақпараттандыру объектілері арқылы коллекторлық агенттікке олардың (оның) жүгіну құқығы туралы хабар береді.

      Коллекторлық агенттік жеке тұлғаның берешегі бойынша құқықты (талап етуді) басқаға беру шарты жасалған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде борышкердің міндеттемесін есепке жазылған және төленбеген сыйақыны толық есептен шығару арқылы төмендетуді міндетті түрде қамтамасыз етеді.

      Борышкер-жеке тұлға және (немесе) оның өкілі берешек бойынша құқықты (талап етуді) басқаға беру туралы өздеріне (өзіне) хабар берілген күннен кейін кез келген мерзімде коллекторлық агенттікке банктік қарыз шарты бойынша немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындау талаптарын өзгерту туралы жазбаша өтінішпен және (немесе) ақпараттандыру объектілері арқылы жүгінуге құқылы, онда берешектің пайда болу себептері, кірістері мен шығыстары, отбасы құрамы (мүшелері), тұрғылықты жері, мүлкінің бар-жоғы туралы мәліметтер, оның коллекторлық агенттікке банктік қарыз шарты бойынша немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындау талаптарын өзгерту туралы жүгінуінің мән-жайларын (фактілерін) растайтын, оның ішінде:

      1) негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша төлемдерді кейінге қалдыруға немесе бөліп төлеуге;

      2) берешекті өтеу кезектілігін өзгертуге, оның ішінде негізгі борышты басым тәртіппен өтеуге;

      3) банктік қарыз немесе микрокредит мерзімін өзгертуге;

      4) тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) азайту жағына қарай өзгертуге немесе толық алып тастауға;

      5) комиссияларды және банктік қарызға қызмет көрсетуге байланысты өзге де төлемдерді өзгертуге немесе толық алып тастауға;

      6) негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша берешекті толық не ішінара кешіруге;

      7) ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті тараптардың келісімінде белгіленген мерзімдерде кепіл берушінің өзінің дербес өткізуіне;

      8) міндеттемені орындаудың орнына коллекторлық агенттікке кепілге қойылған мүлікті беру арқылы бас тарту төлемін ұсынуға;

      9) сатып алушыға міндеттемені бере отырып, ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті өткізуге байланысты өзге де мәліметтер көрсетіледі.

      2. Коллекторлық агенттік борышкердің өтінішін алған күннен кейін күнтізбелік он бес күн ішінде банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындау талаптарына ұсынылған өзгерістерді қарайды және борышкерге және (немесе) оның өкіліне жазбаша нысанда және (немесе) ақпараттандыру объектілері арқылы:

      1) банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындау талаптарына ұсынылған өзгерістермен келісетіні;

      2) банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындау талаптарын өзгерту бойынша қарсы ұсыныстар;

      3) банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындау талаптарын өзгертуден бас тарту себептерінің уәжді негіздемесін көрсете отырып, осындай бас тарту туралы хабарлайды.

      Коллекторлық агенттік мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерге банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қарыз бойынша сыйақыны есепке жазбай, мерзімді әскери қызмет өткеру мерзімін және ол аяқталғаннан кейінге 60 күнді қамтитын кезеңге негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемді кейінге қалдыруды ұсынуға міндетті.

      Мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілер, сондай-ақ олардың қызметтен шығарылуы, банктік қарызының және (немесе) микрокредитінің болуы не болмауы, ол бойынша төлемді кейінге қалдырудың ұсынылуы туралы мәліметтер Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен келісу бойынша уәкілетті орган айқындаған тәртіппен мемлекеттік органдар мен коллекторлық агенттіктердің ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету арқылы беріледі.

      Осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген жағдайларда дербес деректерді жинау, өңдеу және пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Коллекторлық агенттіктің осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген шешімі алынған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде коллекторлық агенттік пен қарыз алушы-жеке тұлға арасында өзара қолайлы шешімге қол жеткізілмеуі банктік қарыз шарты бойынша немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындау талаптарын өзгертуден бас тарту болып есептеледі.

      3. Борышкер-жеке тұлға коллекторлық агенттіктің осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген шешімін алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде немесе банктік қарыз шарты бойынша немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындау талаптарын өзгерту туралы өзара қолайлы шешімге осы баптың 2-тармағының бесінші бөлігінде көзделген мерзімде қол жеткізілмеген кезде бір мезгілде коллекторлық агенттікті хабардар ете отырып, банк және (немесе) микроқаржы омбудсманына жүгінуге құқылы.

      Банк және (немесе) микроқаржы омбудсмандары борышкер-жеке тұлғаның коллекторлық агенттікке жүгінуінің және коллекторлық агенттікпен банктік қарыз шартының немесе микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгерту туралы өзара қолайлы шешімге қол жеткізбеудің дәлелдерін ұсынған кезде оның жолданымын қарайды.

      Банк және (немесе) микроқаржы омбудсмандары "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын борышкер-жеке тұлғаның тұрғынжай болып табылатын жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілген, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес ипотекалық тұрғын үй қарызы (ипотекалық қарыз) шарты бойынша немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша жолданымын қараған кезеңде кепілге қойылған мүлікке сотқа талап қоюды беру арқылы немесе соттан тыс тәртіппен өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.";

      6) 7-бапта:

      2-тармақ алып тасталсын;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлға есептік тіркеуден өту үшін уәкілетті орган бекіткен нормативтік құқықтық актіде көзделген құжаттарды уәкілетті органға ұсынады.";

      7) 8-бапта:

      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) уәкілетті орган бекіткен нормативтік құқықтық актіде көзделген құжаттарда көрсетілуге жататын анық емес мәліметтер мен ақпарат берілген;";

      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша есептік тіркеуден бас тартылған жағдайда коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлға есептік тіркеуден бас тартуды алған күннен кейін отыз жұмыс күні ішінде осы Заңның 7-бабының 3-тармағына сәйкес құжаттарды қайтадан ұсынуға құқылы не өзінің атауынан "коллекторлық агенттік" деген сөздерді, олардан туындайтын, оның коллекторлық қызметті жүзеге асыратынын болжайтын сөздерді алып тастау арқылы қайта тіркеу рәсімін жүргізуге міндетті.";

      8) 9-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) коллекторлық агенттік және (немесе) оның борышкерлермен өзара іс-қимыл жасайтын жұмыскерлері осы Заңның 5-бабы 5-тармағының 7) және 8) тармақшаларында, 5-1-тармағында көзделген жосықсыз әрекеттердің біреуін қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет жасаған;";

      9) 11-баптың 5-тармағының екінші бөлігіндегі "банк омбудсманына" деген сөздер "банк және (немесе) микроқаржы омбудсмандарына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 14-баптың 5) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) кредитор "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабы 2-1-тармағының 3) тармақшасында және "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-2-бабы 5-тармағының 2-1) тармақшасында көзделген талаптарды сақтаған жағдайда жеке тұлғаның банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарты бойынша кредитормен талап ету құқығын басқаға беру шартын жасасуға;";

      "7) борышкермен жасалған банктік қарыз шартында (микрокредит беру туралы шартта) осындай талап болған кезде борышкердің тұрған жері және (немесе) байланыс деректері туралы ақпаратты үшінші тұлғалардан сұратуға;";

      11) 15-баптың 1-тармағында:

      мынадай мазмұндағы 3-1) және 4-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "3-1) кредитор банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға берген кезде коллекторлық агенттіктердің жеке тұлғалардың берешегін реттеуі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес борышкер-жеке тұлғаның берешегін реттеу жөніндегі шараларды қабылдауға;";

      "4-1) құқықты (талап етуді) коллекторлық агенттік сатып алған банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша берешек толық өтелгеннен кейін ұсынылған борышкердің немесе оның өкілінің жазбаша өтініші бойынша өтінішті алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде өтеусіз негізде берешектің жоқ екендігі туралы анықтаманы жазбаша нысанда бір рет беруге;";

      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) коллекторлық агенттіктің құрылтайшылары (қатысушылары), басшы қызметкерлері, борышкерлермен және (немесе) олардың өкілдерімен және (немесе) кредитормен банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберіндегі міндеттемелерге байланысты үшінші тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайтын жұмыскерлері туралы, сондай-ақ филиалдары және (немесе) өкілдіктері туралы мәліметтер өзгерген жағдайларда уәкілетті органды осындай өзгерістер болған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде хабардар етуге;";

      мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "16-1) борышкер-жеке тұлғаның және (немесе) оның өкілінің талап етуі бойынша оларды (оны) осы Заңның 16-бабында көзделген құқықтарымен және міндеттерімен таныстыруға;";

      12) 16-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) берешекті осы Заңның 6 және 6-1-баптарында көзделген тәртіппен реттеуге;".

      26. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару, екінші деңгейдегі банктердің кепілдік саясатын, бағалау қызметін реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      2-бапта:

      1-тармақтың алтыншы абзацындағы "және 2022 жылғы 1 шілдеден бастап жасалған шарттарға қолданылатын" деген сөздер алып тасталсын;

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) қарыз алушы-жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қарыз шарттары және микрокредит беру туралы шарттары бойынша осы Заңның 7-бабы 1) тармақшасының екінші абзацы және 19-тармағының төртінші абзацы қолданысқа енгізілгенге дейін төленген сыйақы, тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар, өсімпұл), комиссиялар және өзге де төлемдер қайта есептелуге жатпайды.

      Қарыз алушы-жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қарыз шарттары және микрокредит беру туралы шарттары бойынша осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін есепке жазылған және төленбеген сыйақы, тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар, өсімпұл), комиссиялар және өзге де төлемдер осы Заңның 1-бабының 7-тармағы 1) тармақшасының екінші абзацына және 19-тармағының төртінші абзацына сәйкес қайта есептелуге жатады.".

      27. "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" 2022 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-баптың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) соттан тыс банкроттық рәсімі – екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың немесе коллекторлық агенттіктердің алдындағы міндеттемелерді тоқтату мақсатында борышкерге қатысты соттан тыс тәртіппен жүзеге асырылатын рәсім.

      Осы тармақшада көрсетілген міндеттемелерге қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган барлық банк операцияларын жүргізуге, микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиялардан айырған не микроқаржы ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің тізілімдерінен шығарылған, оның ішінде таратылған, таратылу сатысындағы екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін, микроқаржылық қызметті жүзеге асырған ұйымдардың немесе коллекторлық агенттіктердің, сондай-ақ жеке тұлғалардың банктік қарыз шарттары, қарыз (кредит) шарттары және микрокредит беру туралы шарттары бойынша талап ету құқығы тиесілі өзге де ұйымдардың алдындағы міндеттемелер де жатады;";

      2) 5-баптың 1-тармағында:

      2) тармақша мынадай мазмұндағы екінші, үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және төлем күнінде қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің бір еселенген мөлшерінен асатын сомадағы төлем өтеу болып есептеледі.

      Өтеудің болмау мерзімі әрбір банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша соңғы төлем күнінен бастап есептеледі.

      Егер коллекторлық агенттік төлемнің болмауының өзге мерзімін растамаған жағдайларды қоспағанда, құқықты (талапты) басқаға беру шарты бойынша коллекторлық агенттікке берілген банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша өтеудің болмау мерзімі соңғы төлем күнінен бастап құқық (талап ету) коллекторлық агенттікке берілгенге дейін есептеледі;";

      3) тармақшада:

      бірінші бөліктегі "борышкерге қатысты", "рәсімдердің жүргізілуі" деген сөздер тиісінше "кредитор мен борышкердің", "рәсімдерді жүргізуі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктегі "он сегіз" деген сөздер "он екі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақшаның талаптары осы Заңның 1-бабы 11) тармақшасының екінші бөлігінде көзделген міндеттемелерге қолданылмайды;";

      3) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-бап. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы арыз беру негіздері

      1. Борышкерге тиесілі мүлік құнының оның барлық міндеттемелерінің (оның ішінде орындалу мерзімі басталмаған) мөлшерінен асып кету фактісі және (немесе) тұрақты кірісінің болуы сотқа төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану туралы арыз беруге негіздер болып табылады.

      2. Мыналар сотқа сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы арыз беруге негіздер болып табылады:

      1) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осы Заңның 1-бабының 11) тармақшасында көзделген кредиторлар алдындағы міндеттемелер бойынша арыз берілген күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1600 еселенген мөлшерінен асатын міндеттемелердің болуы.

      Егер борышкер осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген шартқа сай келмесе, осы тармақшаның міндеттемелер мөлшері бөлігіндегі ережесі қолданылмайды;

      2) өзге кредиторлар алдында міндеттемелердің болуы;

      3) осындай арыз берілген күні қатарынан он екі ай ішінде кредиторлар алдындағы міндеттемелерді өтеудің болмауы.

      Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және төлем күнінде қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің бір еселенген мөлшерінен асатын сомадағы төлем өтеу болып есептеледі;

      4) арыз берілген күні жеті жыл бойы соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану фактісінің болмауы;

      5) борышкерге қатысты "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" және "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша орындалмаған міндеттемелерді реттеу және (немесе) өндіріп алу жөніндегі рәсімнің жүргізілуі.

      Осы тармақшада көрсетілген, берешекті реттеуді және (немесе) өндіріп алуды жүргізу жөніндегі шараларды мерзімі өткен берешек пайда болған кезден бастап он екі айдан аспайтын мерзімдерде жүргізу қажет.

      Осы тармақшаның талаптары осы Заңның 1-бабы 11) тармақшасының екінші бөлігінде көзделген міндеттемелерге қолданылмайды.";

      4) 7-баптың 2-тармағының 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс қозғау туралы ұйғарым шығарылған күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, кредиторды төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы арызбен жүгінгені туралы хабардар етуге;

      2) егер соттан тыс банкроттық рәсімін жүргізу кезеңінде өзінің меншігіне кредиторлар алдындағы өз міндеттемелерін толық немесе отыз пайыздан асырып орындауына мүмкіндік беретін мүлік түскен немесе өзінің мүліктік жағдайы өзгеше түрде өзгерген не кредитормен кредитордың алдындағы берешекті реттеу туралы келісім жасасқан жағдайда уәкілетті органға "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы, "электрондық үкiмет" веб-порталы және (немесе) арнаулы мобильдік қосымша арқылы мұндай рәсімді тоқтату туралы арызбен жүгінуге;";

      5) 9-бапта:

      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) кредиторлар талаптары тізілімінің нысанын бекітеді;";

      13) тармақша "борышкердің" деген сөзден кейін "және банкроттың" деген сөздермен толықтырылсын;

      14) тармақша "тағайындайды" деген сөзден кейін "және қызметтен шеттетеді" деген сөздермен толықтырылсын;

      6) 11-баптың 3-тармағының үшінші бөлігі 2) тармақшасының үшінші абзацындағы "интернет-ресурсының веб-қосымшасына және (немесе) арнаулы мобильдік қосымшаға" деген сөздер "интернет-ресурсы және (немесе) арнаулы мобильдік қосымша арқылы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 13-баптың екінші бөлігіндегі "интернет-ресурсының веб-қосымшасын" деген сөздер "интернет-ресурсын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 15-бап мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

      "7-1. Уәкілетті орган осы баптың 6-тармағында белгіленген мән-жайларды анықтаған кезде қаржы басқарушысы өкілеттіктерін орындаудан бас тартқан жағдайда оны белгілі бір борышкерге қатысты өз өкілеттіктерін орындаудан шеттетеді.

      Осы тармаққа сәйкес қаржы басқарушысын шеттету оны өкілеттіктерін жүзеге асырудан шеттетуге алып келмейді және қаржы басқарушысына басқа борышкерлерге қатысты өкілеттіктер беруге кедергі келтірмейді.";

      9) 16-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Борышкер соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы арызды "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы, "электрондық үкiмет" веб-порталы және (немесе) арнаулы мобильдік қосымша арқылы белгіленген нысан бойынша береді.";

      2-тармақ алып тасталсын;

      3-тармақ "сәйкес келген" деген сөздерден кейін "және жұбайының (зайыбының) (бар болған жағдайда) келісімі болған" деген сөздермен толықтырылсын;

      4-тармақта:

      "сәйкес келмеген" деген сөздерден кейін "және жұбайының (зайыбының) (бар болған жағдайда) келісімі болмаған" деген сөздермен толықтырылсын;

      "береді" деген сөз "жібереді" деген сөзбен ауыстырылсын;

      10) 17-баптың 2-тармағында:

      1), 2), 3) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) борышкердің осы Заңның 1-бабының 11) тармақшасында көрсетілген, олар туралы мәліметтер кредиттік бюролардың дерекқорында көрсетілген кредиторлар алдындағы борыштық міндеттемелерінің мерзімдері өткен болып есептеледі;

      2) осы Заңның 1-бабының 11) тармақшасында көрсетілген, олар туралы мәліметтер кредиттік бюролардың дерекқорында көрсетілген кредиторлардың борышкерден міндеттемелерді орындауды талап етуіне тыйым салынады;

      3) борышкердің осы Заңның 1-бабының 11) тармақшасында көрсетілген, олар туралы мәліметтер кредиттік бюролардың дерекқорында көрсетілген кредиторлар алдындағы берешегінің барлық түрі бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімпұлды, айыппұлдарды) және сыйақыны есепке жазу тоқтатылады;";

      "7) осы Заңның 1-бабының 11) тармақшасында көрсетілген, олар туралы мәліметтер кредиттік бюролардың дерекқорында көрсетілген кредиторлар алдындағы борышты өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындау тоқтатыла тұрады;";

      мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) кредитордың "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Микроқаржылық қызмет туралы" және "Коллекторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген реттеу және (немесе) өндіріп алу шараларын қолдануына тыйым салынады.";

      11) 18-баптың 1-тармағында:

      1) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) борышкер өзінің меншігіне кредиторлар алдындағы өз міндеттемелерін толық немесе отыз пайыздан асырып орындауына мүмкіндік беретінін мүліктің түсуіне немесе өзінің қаржылық және (немесе) мүліктік жағдайының өзгеруіне не кредитормен кредитордың алдындағы берешекті реттеу туралы келісім жасасуына байланысты уәкілетті органға соттан тыс банкроттық рәсімін тоқтату туралы арызды "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы, "электрондық үкiмет" веб-порталы және (немесе) арнаулы мобильдік қосымша арқылы берсе;";

      "4) борышкердің осы Заңның 5-бабында көрсетілген негіздерге сәйкес келмеу фактілері, оның ішінде кредитордың өтініші бойынша анықталса, тоқтатылады.";

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың бірінші бөлігі 1), 2) және 4) тармақшаларының талаптары осы Заңның 5-бабы 3-тармағының негізінде соттан тыс банкроттық рәсімін қолданған борышкерлерге қатысты болмайды.";

      12) 19-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Заңның 18-бабына сәйкес соттан тыс банкроттық рәсімін тоқтату үшін негіздер болмаған кезде "электрондық үкімет" веб-порталында борышкер туралы мәліметтер орналастырылған күннен бастап алты ай өткен соң уәкілетті орган соттан тыс банкроттық рәсімін аяқтау және борышкерді банкрот деп тану туралы шешім шығарады. Шешім уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша шығарылады және "электрондық үкімет" веб-порталында орналастырылуға тиіс.

      2. Борышкердің осы Заңның 1-бабының 11) тармақшасында көрсетілген, олар туралы мәліметтер кредиттік бюролардың дерекқорында көрсетілген кредиторлар алдындағы міндеттемелері соттан тыс банкроттық рәсімін аяқтау және борышкерді банкрот деп тану туралы хабарландыру "электрондық үкімет" веб-порталында орналастырылған күннен бастап тоқтатылады.";

      13) 20-баптың 3-тармағының 4) тармақшасы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Мерзімі өткен берешек пайда болған кезден бастап он екі айдан асқан жағдайда осы тармақшада көзделген құжатты ұсыну талап етілмейді.";

      14) 22-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде:

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) борышкердің мүлкіне қатысты атқарушылық құжаттардың орындалуы тоқтатыла тұрады;";

      мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:

      "11) кредитордың "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Микроқаржылық қызмет туралы" және "Коллекторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген реттеу және (немесе) өндіріп алу шараларын қолдануына тыйым салынады.";

      15) 23-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі "қаржы басқарушысы" деген сөздерден кейін "банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға мемлекеттік кірістер органының сұрау салуы негізінде банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның осы шот бойынша ақша қозғалысы туралы мәліметтерді беруіне келісім бере отырып," деген сөздермен толықтырылсын;

      16) 27-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігіндегі "интернет-ресурста" деген сөздер "уәкілетті органның интернет-ресурсында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қаржы басқарушысы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және тәртіппен қалыптастырылған кредиторлар талаптарының тізілімін уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін уәкілетті органға жібереді.";

      үшінші бөліктегі "енгізбегеніне" деген сөз "енгізгеніне (енгізбегеніне)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Кредитор (кредиторлар) талаптарды мәлімдемеген жағдайда кредиторлар талаптарының тізілімі борышкер ұсынған деректерден, оның ішінде кредиттік бюролардың дерекқорында көрсетілген мәліметтер ескеріле отырып қалыптастырылады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Кредиторлар талаптарының қалыптастырылған тізіліміне өзгерістер және (немесе) толықтырулар осы баптың 4 және 5-тармақтарында көзделген жағдайларда енгізілуі мүмкін.";

      17) 30-баптың 3-тармағы 2) тармақшасындағы "мерзімдері туралы нұсқаулар қамтылуға тиіс." деген сөздер "мерзімдері;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) осы Заңның 22-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көзделген салдардың тоқтатылғаны туралы нұсқаулар қамтылуға тиіс.";

      18) 31-бап мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) қаржы басқарушысының өкілеттігі тоқтатылады.";

      19) 38-баптың 4-тармағы алып тасталсын;

      20) 42-баптың 3-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын;

      21) 44-бапта:

      6-тармақта:

      8) тармақшадағы "борышкерді банкрот деп тану туралы хабарландыру орналастыруды тапсыру туралы нұсқаулар қамтылады." деген сөздер "борышкердің міндеттемелерін тоқтатудан бас тарту туралы хабарландыру орналастыруды тапсыру;" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

      "9) банкроттың Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығуына салынған тыйымды алып тастау туралы нұсқаулар қамтылады.";

      7-тармақ 6) тармақшасындағы "төлеу туралы нұсқаулар қамтылады." деген сөздер "төлеу;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) банкроттың Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығуына салынған тыйымды алып тастау туралы нұсқаулар қамтылады.";

      22) 46-бапта:

      4) тармақшадағы "төлемдер төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот арқылы банкроттық рәсімдері аяқталғаннан кейін банкроттың тоқтатылуға жатпайтын міндеттемелері болып табылады." деген сөздер "түсімдер;" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және (немесе) сот арқылы банкроттық рәсімін жүргізген қаржы басқарушысының толық көлемде немесе оның бір бөлігінде төлемі болмаған жағдайда оның сыйақысы банкроттың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот арқылы банкроттық рәсімдері аяқталғаннан кейін тоқтатылуға жатпайтын міндеттемелері болып табылады.";

      23) 48-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Осы бапта көрсетілген қаржылық жағдайға мониторинг осы Заңның 5-бабының 3-тармағында көзделген негіздер бойынша соттан тыс банкроттық рәсімін қолданған Қазақстан Республикасының азаматтарына қатысты жүргізілмейді.".

      2-бап.

      1. Осы Заң:

      1) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5-тармағының 4) тармақшасын;

      2) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5-тармағы 2) тармақшасының он бесінші – жиырмасыншы абзацтарын, 5), 6) тармақшаларын, 7) тармақшасының жиырма жетінші, жиырма сегізінші абзацтарын, 8) тармақшасын, 10) тармақшасының он төртінші абзацын, 16) тармақшасын, 6-тармағының 1), 2), 4)7) тармақшаларын, 7, 12-тармақтарын, 15-тармағының 4) тармақшасын, 17-тармағы 6) тармақшасының он бірінші – он үшінші, он бесінші – он жетінші абзацтарын, 8) тармақшасының он екінші абзацын, 23-тармағын, 25-тармағының 2) тармақшасын;

      3) 2024 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2 және 3-тармақтарын, 4-тармағының алтыншы – тоғызыншы абзацтарын, 9-тармағының 1), 2), 3), 8), 9) және 10) тармақшаларын, 13, 16, 19, 20, 21 және 22-тармақтарын;

      4) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 6-тармағының 8) тармақшасын;

      5) 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5-тармағы 7) тармақшасының он үшінші – жиырма бесінші абзацтарын, 11-тармағының 12) тармақшасын, 17-тармағы 2) тармақшасының төртінші – он жетінші абзацтарын;

      6) 2024 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5-тармағы 7) тармақшасының бесінші, сегізінші абзацтарын, 9) тармақшасының екінші – он үшінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші абзацтарын, 10) тармақшасының он бесінші – он сегізінші абзацтарын, 11-тармағы 1) тармақшасының төртінші – алтыншы абзацтарын, 4) тармақшасының төртінші, бесінші абзацтарын, 7) тармақшасының екінші абзацын, 9) тармақшасының сегізінші – оныншы абзацтарын, 14) тармақшасының жиырмасыншы және жиырма бірінші абзацтарын, 17-тармағы 8) тармақшасының он төртінші – он алтыншы абзацтарын, 9) тармақшасының екінші – он үшінші, жиырмасыншы, жиырма бірінші абзацтарын, 11) тармақшасының үшінші абзацын, 25-тармағы 4) тармақшасының төртінші, алтыншы, жетінші абзацтарын, 5) тармақшасының үшінші, бесінші – он сегізінші және жиырма екінші абзацтарын;

      7) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5-тармағы 9) тармақшасының он алтыншы – он сегізінші абзацтарын, 12) тармақшасын, 11-тармағы 7) тармақшасының үшінші абзацын, 10), 11) тармақшаларын, 16) тармақшасының жетінші – тоғызыншы абзацтарын, 17) тармақшасын, 17-тармағының 7) тармақшасын, 9) тармақшасының он алтыншы – он сегізінші абзацтарын, 11) тармақшасының төртінші абзацын, 13) тармақшасын, 25-тармағының 1) тармақшасын, 5) тармақшасының жиырма үшінші – жиырма бесінші абзацтарын, 9) тармақшасын;

      8) 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 11-тармағы 3) тармақшасының алтыншы абзацын, 8) тармақшасының алтыншы абзацын, 14) тармақшасының үшінші, төртінші абзацтарын;

      9) 2026 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5-тармағы 9) тармақшасының отыз екінші абзацын, 17-тармағы 9) тармақшасының жиырма алтыншы абзацын, 25-тармағы 5) тармақшасының төртінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      2. Мыналардың:

      1) осы Заңның 1-бабы 11-тармағының 8) тармақшасы бесінші абзацының қолданысы 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "1-1) коллекторлық агенттіктер, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-1-бабы 4-тармағының бірінші бөлігінде және (немесе) "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғамен жасалған банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты шеңберінде банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқаруды жүзеге асыратын сервистік компаниялар (бұдан әрі – сервистік компаниялар), "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-1-бабының 4-тармағы бірінші бөлігінің оныншы абзацында және "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 5-тармағы бірінші бөлігінің сегізінші абзацында көрсетілген тұлғалар, егер банктік қарыз шарты бойынша және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша алынған құқықтарды (талаптарды) осы тұлғалар сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына бермесе;";

      2) 2026 жылғы 1 мамырға дейін осы Заңның 1-бабы 5-тармағының 10) тармақшасы он төртінші абзацының және 17-тармағының 8) тармақшасы он екінші абзацының қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзацтар мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "4-2. Банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қарыз шарты бойынша құқықтарды (талаптарды) коллекторлық агенттікке беруді жүргізуіне тыйым салынады.";

      "5-2. Микроқаржы ұйымының жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес микрокредитті беру туралы шарты бойынша құқықтарды (талаптарды) коллекторлық агенттікке беруді жүргізуіне тыйым салынады.".

      3. Мыналардың:

      1) осы Заңның 1-бабы 5-тармағының 7) тармақшасы төртінші, оныншы, он бірінші, он екінші абзацтарының, 17-тармағының 2) тармақшасы жиырма жетінші абзацының, 6) тармақшасы жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтарының, 25-тармағының 5) тармақшасы он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші абзацтарының күші бұрын жасалған шарттардан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады;

      2) осы Заңның 1-бабы 5-тармағының 7) тармақшасы отыз бірінші – отыз бесінші абзацтарының және 17-тармағының 2) тармақшасы он тоғызыншы – жиырма үшінші абзацтарының күші осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін сот актілері заңды күшіне енген құқықтық қатынастарға қолданылады;

      3) осы Заңның 1-бабы 5-тармағының 9) тармақшасы отыз екінші абзацының және 17-тармағының 9) тармақшасы жиырма алтыншы абзацының күші бұрын жасалған шарттардан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады деп белгіленсін.

      2026 жылғы 1 мамырға дейін қарыз алушы-жеке тұлғамен жасалған, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талаптарды) коллекторлық агенттікке беру мақсаттары үшін жиырма төрт айлық мерзімді есептеу кезінде мерзімі өткен берешектің мерзімі және 2026 жылғы 1 мамырға дейін жүргізілген берешекті реттеу рәсімдері ескеріледі;

      4) осы Заңның 1-бабының 6-тармағы 8) тармақшасының күші орындалмаған ақшалай міндеттемелер бойынша бұрын жасалған ипотекалық тұрғын үй қарызы шарттарынан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады деп белгіленсін.

      Мүлік өткізіліп қойылған ипотекалық тұрғын үй қарызы шарттарынан туындайтын міндеттемелер бойынша кірістердің немесе мүліктің болмауы осы Заңның 1-бабы 6-тармағының 8) тармақшасы қолданысқа енгізілетін күнге айқындалады;

      5) осы Заңның 1-бабы 25-тармағының 5) тармақшасы үшінші, бесінші – он сегізінші, жиырма екінші – жиырма бесінші абзацтарының күші олар қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған құқықты (талап етуді) басқаға беру шарттары бойынша коллекторлық агенттіктер сатып алған жеке тұлғалардың берешегіне қолданылады деп белгіленсін. Коллекторлық агенттіктер 2024 жылғы 1 қазанға дейін сатып алынған жеке тұлғалардың берешегі бойынша осы Заңның 1-бабының 25-тармағы 5) тармақшасының үшінші, бесінші – он сегізінші және жиырма екінші абзацтары қолданысқа енгізілген күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде борышкер-жеке тұлғаларға және (немесе) олардың өкілдеріне банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындау талаптарын өзгерту туралы өтінішпен олардың коллекторлық агенттікке жүгіну құқықтары туралы хабар беруге міндетті;

      6) осы Заңның 1-бабы 25-тармағының 5) тармақшасы төртінші абзацының күші 2026 жылғы 1 мамырдан кейін жасалған құқықты (талап етуді) басқаға беру шарттары бойынша коллекторлық агенттіктер сатып алған жеке тұлғалардың берешегіне қолданылады деп белгіленсін.

      Қазақстан Республикасының
Президенті      Қ. ТОҚАЕВ