Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын шектеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 308-V ҚРЗ

      Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 19.01.2016 № 410 шешімімен.
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 387-бабы 1-1-тармағына, 444 бабы 1-тармағына сәйкес Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемесі он есеге жоғарылатылсын.
      2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының бірыңғай салық мөлшерлемесі он есеге жоғарылатылсын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессияның төрағасы А. Испергенов
      Жітіқара аудандық
мәслихатының хатшысы
М. Кененбаева