Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiнің алдын алуға бағытталған ұлттық алдын алу тетiгiн жасау мәселелерi бойынша өзг

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 2 шілдедегі № 111-V Заңы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабы 10-тармағына және  43-1-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Ph.D. докторларын дайындауға арналған қаржылық нормативтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 25 сәуірдегі № 211 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4235 нөмірмен тіркелген) күші жойылсын.
      2. Қаржы және инвестициялық жобалар департаменті (Т.А. Нұрғожаева) заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі М.К. Орынхановқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                          Б.Жұмағұлов