Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау туралы келісімді ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 23 ақпандағы N 139-IV Заңы. Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 115-VI Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық Одақтың Кеден кодексі туралы шарттың күшіне енуіне байланысты қолданысын тоқтатты (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз)

      Ескерту. ҚР 13.12.2017 № 115-VI Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық Одақтың Кеден кодексі туралы шарттың күшіне енуіне байланысты қолданысын тоқтатты (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз).
      Мәскеуде 2008 жылғы 25 қаңтарда қол қойылған Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау туралы келісім ратификациялансын.

Қазақстан Республикасының
 
Президенті
Н. Назарбаев

     

Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін
тауарлардың кедендік құнын айқындау туралы
келісім

      Ескерту. Келісімнің бүкіл мәтіні бойынша:
      а) "тауарларды декларациялаушы тұлға", "Тауарларды
      декларациялаушы тұлға", "тауарларды декларациялайтын тұлға",
      "тауарларды декларациялаушы тұлғаның", "Тауарларды декларациялаушы
      тұлғаның", "тауарларды декларациялаушы тұлғаға", "тауарларды
      декларациялаушы тұлғада" деген сөздер тиісінше "декларант (кеден өкілі)", "Декларант (кеден өкілі)", "декларанттың (кеден өкілінің)", "Декларанттың (кеден өкілінің)", "декларантқа (кеден өкіліне)", "декларантта (кеден өкілінде)" деген сөздермен ауыстырылды";
      б) "Тарап мемлекетінің", "Тараптар мемлекеттерінің" және "тиісті Тарап мемлекеті", "тиісті Тарап мемлекетінің", "тиісті Тарап мемлекетінде" деген сөздер тиісінше "Кеден одағына мүше мемлекеттің", "Кеден одағына мүше мемлекеттердің", "Кеден одағына мүше мемлекет", "Кеден одағына мүше мемлекетте" деген сөздермен ауыстырылды";
      в) "коммерциялық және басқарушылық шығыстар", "Коммерциялық
      және басқарушылық шығыстар", "коммерциялық және басқарушылық
      шығыстардың" және "жалпы шығыстар", "жалпы шығыстардың" деген
      сөздер тиісінше "жалпы шығыстар (коммерциялық және басқарушылық
      шығыстар)", "Жалпы шығыстар (коммерциялық және басқарушылық
      шығыстар), "жалпы шығыстардың (коммерциялық және басқарушылық
      шығыстардың) деген сөздермен ауыстырылды";
      г) осы Хаттаманың 1-бабы 2-тармағының "б" тармақшасын қоспағанда, "кеден одағының бірыңғай кеден аумағында", "кеден одағының бірыңғай кеден аумағына", "бірыңғай кеден одағының кедендік аумағына", "кеден одағының бірыңғай кеден аумағын", "кеден одағының бірыңғай кеден аумағынан" деген сөздер тиісінше "Кеден одағының кеден аумағында", "Кеден одағының кеден аумағына", "Кеден одағының кеден аумағын", "Кеден одағының кеден аумағынан" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 21.06.2013 № 109-V Заңымен.
      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ресей Федерациясының Үкіметі,
      халықаралық саудадағы жалпы қабылданған нормалар мен ережелерді басшылыққа ала отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап. Жалпы ережелер

      1. Кеден одағына мүше мемлекеттің кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құны осы мемлекеттің аумағынан әкету кезінде осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес айқындалады.
      2. Осы Келісім Кеден одағының бірыңғай кеден тарифін қолдану, сондай-ақ кеден одағының тауар айналымын реттеу үшін енгізілетін (енгізілуі мүмкін) кедендік-тарифтік реттеуден бөлек өзге де шараларды қолдану мақсатында тауарлардың кедендік құнын айқындаудың бірыңғай ережелерін белгілейді. Егер тауарлар Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына (бұдан әрі - Кеден одағының кеден аумағы) әкелу кезінде іс жүзінде Кеден одағының кедендік шекарасынан алып өткізілген немесе егер тауарлар алдын ала декларациялауды қолдану кезінде әкелуге мәлімделген және осындай тауарларға қатысты кедендік шекарадан өткеннен кейін немесе алдын ала декларациялау кезінде бірінші рет кедендік рәсім мәлімделген жағдайда осы Келісімнің ережелері қолданылады. Өзге жағдайларда Осы Келісімнің ережелері, егер бұл тиісті Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында тікелей белгіленсе, қолданылуы мүмкін.
      3. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құны 1994 жылғы Тарифтер және сауда жөніндегі бас келісімнің (ТСБК 1994) VII бабында және 1994 жылғы Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісімнің VII бабын қолдану жөніндегі келісімде белгіленген қағидаттар мен жалпы қағидаларға негізделген осы Келісімге сәйкес айқындалады.
      Кеден одағының комиссиясы 1994 жылғы Тарифтер және сауда жөніндегі бас келісімнің VII бабын қолдану жөніндегі келісімнің тиісті ережелерін, оған түсіндірме ескертулерді қоса алғанда, сондай-ақ Дүниежүзілік кеден ұйымының Кедендік бағалау жөніндегі техникалық комитеті әзірлеген тауарлардың кедендік құны жөніндегі құжаттарды негізге ала отырып, осы Келісімде белгіленген әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша шешімдер қабылдайды.
      Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.06.2013 № 109-V Заңымен.

2-бап. Тауарлардың кедендік құнын айқындау жүйесі

      1. Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау негізі осы Келісімнің 4-бабында белгіленген мәнде осы тауарлармен мәміленің құны барынша мүмкін дәрежеде болуы қажет.
      Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын оның мәміле құны бойынша айқындау мүмкін болмайтын жағдайда, тауарлардың кедендік құны осы Келісімнің 6 және 7-баптарында белгіленген, жүйелі түрде қолданылатын ережелерге сәйкес айқындалады. Бұл ретте осы Келісімнің 6 немесе 7-баптарына жауап беретін әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін құндық негізді негізделген түрде таңдау мақсатында кеден органы мен декларант (кеден өкілі) арасында консультациялар жүргізілуі мүмкін. Консультациялар процесінде кеден органы мен декларант (кеден өкілі) Кеден одағына мүше мемлекеттің коммерциялық құпия туралы заңнамасы сақталу шарты кезінде оларда бар ақпаратпен алмаса алады.
      Консультациялар Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында бекітілген тәртіппен жүргізіледі.
      Осы Келісімнің 6 және 7-баптарына сәйкес әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау мүмкін болмайтын кезде осындай құнды айқындау үшін негіз ретінде әкелінетін, бірдей немесе біртектес тауарлар Кеден одағының кеден аумағында сатылған баға (осы Келісімнің 8-бабы), не осы Келісімнің 9-бабына сәйкес айқындалатын тауарлардың есептік құны пайдаланылуы мүмкін. Декларанттың (кеден өкілінің) әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау кезінде көрсетілген баптарды қолдану кезектілігін таңдау құқығы бар.
      Егер әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін көрсетілген баптардың біреуін де пайдалануға мүмкіндік болмаған жағдайда, тауарлардың кедендік құнын айқындау осы Келісімнің 10-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Заңдылықты, бірыңғайлылықты және әділдікті қамтамасыз ету мақсатында кеден мақсаттары үшін тауарларды бағалау жүйесі тауарлардың еркін немесе жалған кедендік құнын пайдалануға негізделмеу тиіс.
      3. Тауарлардың кедендік құны және оны айқындауға жататын мәліметтер дұрыс, мөлшері айқындалатын және құжатпен расталған ақпаратқа негізделу тиіс. Тауарлардың кедендік құнын айқындау рәсімі жалпыға бірдей қолданатын, яғни тауарларды жеткізу көздеріне (шығарылған елі, тауарлардың түрі, мәмілеге қатысушылар және басқалар) қарамастан айырмашылық болмауы қажет.
      4. Тараптар әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау рәсімдерін демпингке қарсы шаралар ретінде пайдаланбауға тиіс.
      5. Осы Келісімнің ережелері Кеден одағына мүше мемлекет кеден органдарының осы мемлекеттің кеден заңнамасында көзделген тәртіппен тауарлардың кедендік құнын және онда қамтылған мәліметтердің дұрыстығын айқындау мақсатында декларант (кеден өкілі) ұсынған құжаттардың түпнұсқалылығын тексеру бойынша уәкілеттіктерін шектейтін ретінде қарастырылуы мүмкін емес.
      Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.06.2013 № 109-V Заңымен.

3-бап. Келісімде пайдаланылатын ұғымдар

      1. Осы Келісімнің мақсаттары үшін пайдаланылатын ұғымдар мынадай мәнге ие:
      "әкелінетін тауарлар" - Кеден одағының кеден аумағына әкелу мақсатында кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар;
      "өзара байланысты тұлғалар" - мынадай шарттардың ең болмағанда біреуіне сай келетін тұлғалар:
      а) бір-бірінің кәсіпорындарының қызметкерлері немесе директорлары (басшылары) болып табылады;
      б) заңды түрде танылған әріптестер болып табылады, яғни шарттық қатынастармен байланысты болады, пайда табу мақсатында әрекет етеді және бірлескен қызметті жүзеге асыруға байланысты шығыстар мен залалдарды бірлесіп көтереді;
      в) жұмыс беруші және қызметкер, қызметші болып табылады;
      г) қандай да бір тұлға екеуінің де айналысқа шығарылған дауыс беруші акцияларының бес немесе одан да көп пайызын тікелей немесе жанама иеленеді, бақылайды немесе ұстаушысы болып табылады;
      д) екеуінің біреуі екіншісін тікелей немесе жанама түрде бақылайды;
      е) олардың екеуі де үшінші тұлғаның тікелей немесе жанама бақылауында болады;
      ж) олар бірлесіп үшінші тұлғаны тікелей немесе жанама түрде бақылайды;
      з) туыстар немесе бір отбасының мүшелері болып табылады.
      Бірлескен кәсіпкерлік немесе өзге де қызметте әріптес болып табылатын тұлғалар және бұл ретте олардың бірі басқасының айрықша (жалғыз) агенті, айрықша дистрибьютері немесе айрықша концессионері болып табылған, қалай болғанда да, егер осы тұлғалар көрсетілген шарттардың ең болмағанда біреуіне сәйкес келгенде, осы Келісімнің мақсаттары үшін өзара байланысты болып есептелу тиіс;
      "бірдей тауарлар" - барлық қатынастарда да, оның ішінде физикалық сипаттамалары, сапасы және беделі бойынша бірдей тауарлар. Егер осы тауарлар қалған жағдайларда осы абзацтың талаптарына сәйкес болса, сыртқы түріндегі елеусіз айырмашылықтар тауарларды бірдей деп танымау үшін негіз болып табылмайды. Тауарлар, егер олар бағаланатын (әкелінетін) тауарлар шығарылған елде шығарылмаса немесе егер, осы тауарларға қатысты жобалау, әзірленім, инженерлік, конструкторлық жұмыс, көркемдік безендіру, дизайн, нобайлар және сызбалар мен өзге де ұқсас жұмыстар Кеден одағының кеден аумағында орындалған болса бірдей деп саналмайды. "Шығарылған" ("шығарылды") ұғымы "алынған", "өсірілген", "дайындалған (оның ішінде тауарларды монтаждау, жинау немесе бөлшектеу жолымен)" деген мәндерді қамтиды. Бағаланатын ("әкелінетін") тауарларды өндірушіден өзге тұлға шығарған бірдей тауарлар сол шығарушының бірдей тауарлары анықталмаған, не қолда бар ақпарат пайдалану үшін қолайлы деп саналмаған жағдайда ғана назарға алынады;
      "біртектес тауарлар" - барлық қатынастарда бірдей болып табылмайтын, бірақ ұқсас сипаттары бар және бағаланатын (әкелінетін) тауарлар атқаратын функцияларды орындауға және олармен коммерциялық өзара алмасушылықта болуға мүмкіндік беретін сондай материалдардан шығарылған ұқсас құрамдас бөліктерден тұратын тауарлар. Тауарлар біртектес болып табылатындығын айқындау кезінде сапасы, беделі және тауарлық белгісінің болуы сияқты сипаттамалар ескеріледі. Тауарлар, егер олар бағаланатын (әкелінетін) тауарлар шығарылған елде шығарылмаса немесе егер, осы тауарларға қатысты жобалау, әзірленім, инженерлік конструкторлық жұмыс, көркемдік безендіру, дизайн, нобайлар және сызбалар мен өзге де ұқсас жұмыстар Кеден одағының кеден аумағында орындалған болса біртектес болып саналмайды. "Шығарылған" ("шығарылды") ұғымы "алынған", "өсірілген", "дайындалған (оның ішінде тауарларды монтаждау, жинау немесе бөлшектеу жолымен)" деген мәндерді қамтиды. Бағаланатын ("әкелінетін") тауарларды өндірушіден өзге тұлға шығарған біртектес тауарлар сол шығарушының біртектес тауарлары анықталмаған, не қолда бар ақпарат пайдалану үшін қолайлы деп саналмаған жағдайда ғана қарастырылады;
      "нақ сол санаттағы немесе түрдегі тауарлар" - бірдей және біртектес тауарларды қоса алғанда, оларды дайындау экономикалық қызметтің тиісті түріне жататын тауарлардың бір тобына немесе қатарына жататын тауарлар;
      "тауарлардың Кеден одағының кеден аумағына келетін орны" — Кеден одағына мүше мемлекеттердің мемлекеттік (кедендік) шекарасы арқылы өткізу пункті не тауарлар Кеден одағына мүше мемлекеттің мемлекеттік (кедендік) шекарасынан іс жүзінде өткізілгеннен кейін тауарлар жеткізілуге тиіс Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалған өзге де орындар. Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау мақсатында көліктің саналуан түрлері үшін "тауарлардың Кеден одағының кеден аумағына келетін орны" ұғымының нақтылануын ескере отырып, тауарларды тасу (тасымалдау) бойынша шығыстарды әкелінетін тауарлардың кедендік құнына енгізу тәртібі Кеден одағы Комиссиясының шешімімен белгіленеді;
      "бухгалтерлік есептің жалпы қабылданған принциптері" - тиісті уақыт кезеңінде тиісті мемлекетте белгіленген тәртіппен қолданылатын бухгалтерлік есеп ережелерінің жүйесі;
      "үшінші елдер" - 2007 жылғы 6 қазандағы Бірыңғай кеден аумағын құру және кедендік одақты қалыптастыру туралы шарттың қатысушылары болып табылмайтын мемлекеттер.
      2. Егер тұлға осы тұлғаға қатысты шектеулерді немесе нұсқамаларды заңды немесе тәжірибелік тұрғыдан қолданса, ол басқа тұлғаны бақылайтын болып саналады.
      Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.06.2013 № 109-V Заңымен.

4-бап. Әкелінетін тауарлармен жасалатын мәміленің құны бойынша әдіс (1-әдіс)

      1. Олармен жасалған мәміленің құны, яғни Кеден одағының кеден аумағына әкету үшін оларды сату кезінде осы тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төлеуге жататын және:
      1) мынадай:
      - кеден одағы органдарының бірлескен шешімімен белгіленген;
      - тауарлар қайта сатылуы мүмкін географиялық өңірді шектейтін;
      - тауардың құнына елеулі әсер етпейтін шектеулерді қоспағанда, сатып алушының тауарларды пайдалану немесе иелік ету құқығына қатысты шектеулердің болмауы;
      2) тауарларды сату немесе олардың бағасы тауарлардың бағасына ықпалы санмен айқындала алмайтын қандай да бір шарттар немесе міндеттерге тәуелді болмауы;
      3) сатып алушының тауарларды кейіннен сатуынан, өзге де тәсілмен иелік етуінен немесе пайдалануынан болған кірістің немесе түсімнің ешқандай бөлігі осы Келісімнің 5-бабына сәйкес қосымша есептеулер жүргізілуі мүмкін жағдайларды қоспағанда, сатушыға тікелей немесе жанама есептелмеуі;
      4) сатып алушы мен сатушы өзара байланысты адамдар болып табылмауы немесе сатушы мен сатып алушы әкелінетін тауарлармен мәміле құны осы баптың 4-тармағына сәйкес кеден мақсаттары үшін қолайлы болатын түрде өзара байланысты адамдар болып табылуы сияқты жағдайлар орындалған кезде осы Келісімнің 5-бабының ережелеріне сәйкес толықтырылған баға, Кеден одағының кеден аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құны болып табылады.
      2. Әкелінетін тауарлар үшін сатып алушы тікелей сатушыға немесе өзге тұлғаға сатушының пайдасына жүзеге асырған немесе жүзеге асыруға жататын барлық төлемдердің жалпы сомасы осы тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төлеуге жататын баға болып табылады. Бұл ретте, төлемдер Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында тыйым салынбаған кез келген нысанда тікелей немесе жанама түрде жүзеге асырылуы мүмкін.
      Егер декларацияланатын тауарлар бір мәміленің шеңберінде сатып алынған дәл осындай тауарлардың Кеден одағының кеден аумағына әкелінетін көп мөлшерінің бір бөлігі болып табылса, декларацияланатын тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын баға декларацияланатын тауарлардың саны мен сатып алынған тауарлардың жалпы санының арақатынасындай арақатынаста (пропорцияда) айқындалады.
      3. Сатушы мен сатып алушының арасындағы өзара байланыс фактісі жеке түрде тауарлардың кедендік құнын айқындау мақсаттары үшін қолайсыз мәміленің құнын тану үшін негіз болмауға тиіс. Бұл жағдайда сатуға жанама мән-жайлар талдануға тиіс. Егер көрсетілген өзара байланыс іс жүзінде төленген немесе төлеуге жататын бағаға ықпал етпесе, мәміленің құны тауарлардың кедендік құнын айқындау мақсаттары үшін қолайлы деп танылуға тиіс.
      4. Егер сатушы мен сатып алушы өзара байланысты тұлғалар болып табылса және бұл ретте декларант (кеден өкілі) ұсынған немесе кеден органы өзге тәсілмен алған ақпарат негізінде кеден органы сатушы мен сатып алушының өзара байланысы іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға ықпал ету белгілерін анықтаса, онда кеден органы осы белгілер туралы декларантқа (кеден өкіліне) жазбаша нысанда хабарлайды. Бұл жағдайда кеден органы оның ішінде сатуға жанама мән-жайларды талдау мақсатында қосымша тексеру жүргізу туралы шешім қабылдайды. Декларанттың (кеден өкілінің) сатушы мен сатып алушының өзара байланысының іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға ықпалының жоқ екенін дәлелдеуге құқығы бар.
      Әкелінетін тауарлармен жасалатын мәміленің құны бойынша әдіс (осы баптың 1-тармағы) бойынша тауарлардың кедендік құнын айқындау мақсатында сатушы мен сатып алушының өзара байланысының іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға ықпалының жоқ екенін дәлелдеу не осы баптың 4.1-тармағында көрсетілген тәсілмен не осы баптың 4.2-тармағында көрсетілген тәсілмен жүзеге асырылады.
      4.1. Сатушы мен сатып алушының арасындағы өзара байланыстың іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға ықпалының жоқ екенін дәлелдеу үшін декларант (кеден өкілі) қосымша құжаттар мен мәліметтерді, оның ішінде кеден органы қосымша сұратқан сатуға жанама мән-жайларды сипаттайтын (көрсететін) қосымша құжаттар мен мәліметтерді ұсынуға тиіс. Сатушы мен сатып алушының арасындағы өзара байланыстың іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға ықпалын айқындау мақсатында кеден органы сатуға жанама мән-жайларға талдау жүргізу кезінде сатып алушы мен сатушы өздерінің коммерциялық қатынастарын ұйымдастыратын тәсілді қоса алғанда, мәміленің барлық шарттарын және қарастырылып отырған баға қалай белгіленгенін қарауға тиіс. Егер жүргізілген талдау нәтижесінде кеден органы сатып алушы мен сатушы өзара байланысты тұлғалар бола тұра, тауарларды өзара байланысты тұлғалар болмағандай шарттарда, оның ішінде салыстырмалы баға бойынша (яғни сондай деңгейдегі баға бойынша) өзара сататынын және сатып алатынын анықтаған жағдайда, онда бұл факт сатушы мен сатып алушының арасындағы өзара байланыс іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға ықпал етпегенінің дәлелі болып табылады.
      4.2. Сатушы мен сатып алушының арасындағы өзара байланыстың іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға ықпалының жоқ екенін дәлелдеу үшін декларант (кеден өкілі) әкелінетін тауарлармен жасалатын мәміленің құны әкелінетін тауарлар Кеден одағының кедендік шекарасынан алып өткізілген немесе оған сәйкес келетін уақыт кезеңінде орын алған мынадай тексеру шамаларының біріне:
      1) Кеден одағының кеден аумағына әкету үшін тұлғалар мұндай тауарларды сатушымен өзара байланысты болып табылмайтын сатып алушыларға сатқан кезде ұқсас немесе біртектес тауарлармен жасалған мәміле құнына;
      2) осы Келісімнің 8-бабына сәйкес айқындалған ұқсас немесе біртектес тауарлардың кедендік құнына;
      3) осы Келісімнің 9-бабына сәйкес айқындалған ұқсас немесе біртектес тауарлардың кедендік құнына жақын екенін растайтын құжаттар мен мәліметтерді ұсынуға тиіс.
      Егер кеден органында осы тармақта белгіленген тексеру шамаларының бірі мәміле құнына жақын екені туралы жеткілікті ақпарат болса, онда ол декларанттан (кеден өкілінен) осы шарттардың сақталуын (яғни, мәміленің құны осы тексеру шамасына жақын екенін) растайтын қосымша ақпаратты сұратпауға тиіс.
      5. Осы баптың 4, 4.1 және 4.2-тармақтарына сәйкес салыстыру жүргізу кезінде декларант (кеден өкілі) ұсынған сатудың коммерциялық деңгейлеріндегі, тауарлардың мөлшеріндегі, осы Келісімнің 5-бабында көрсетілген қосымша есептеулердегі айырмашылықтар туралы, сондай-ақ егер, сатушы мен сатып алушы өзара байланысты тұлғалар болып табылғанда сатушы сату кезінде көтеретін шығыстармен салыстырғанда сатушы мен сатып алушы өзара байланысты тұлғалар болып табылмағанда сатушы әдетте сату кезінде көтеретін шығыстардың айырмашылықтары туралы мәліметтер ескеріледі.
      6. Осы баптың 4.2-тармағында көрсетілген тексеру шамалар декларанттың (кеден өкілінің) бастамасы бойынша тек салыстыру мақсатында пайдаланылады және тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін негіз ретінде пайдаланыла алмайды.
      7. Әкелінген тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төлеуге жататын баға, кеден одағының кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты болады, осыған байланысты егер олар әкелінетін тауарлармен байланысты болмаған жағдайда, сатып алушының сатушыға дивиденттерді немесе өзге де осындай төлемдерді аударуы кеден құнының бөлігі болып табылмайды.
      Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.06.2013 № 109-V Заңымен.

5-бап. Тауарларға іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға қосымша есептеулер

      1. Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын олармен мәміленің құны бойынша айқындау кезінде осы тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға:
      1) сатып алушы жүзеге асырған немесе жүзеге асыруға жататын, бірақ әкелінетін тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төлеуге жататын бағаға қосылмаған мөлшердегі мынадай шығыстар:
      а) бағаланатын (әкелінетін) тауарларды сатып алуға байланысты оны шет елде ұсыну бойынша қызметтерді көрсеткені үшін сатып алушы өз агентіне (делдалға) төлейтін сатып алу үшін сыйақыны қоспағанда делдалдарға (агенттерге) сыйақылар және брокерлерге сыйақылар;
      б) егер, ол кеден мақсаттары үшін әкелінетін тауарлармен біртұтас ретінде қарастырылатын болса, ыдысқа арналған шығыстар;
      в) орама материалдарының және орау жөніндегі жұмыстардың құнын қоса алғанда, орау бойынша шығыстар;
      2) әкелінетін тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға қосылмаған мөлшерде, сатып алушы сатушыға бағаланатын (әкелінетін) тауарларды Кеден одағының кеден аумағына әкету үшін өндіруге және сатуға байланысты пайдалану үшін тегін немесе төмендетілген баға бойынша тікелей немесе жанама ұсынылған мынадай тауарлар мен қызмет көрсетулердің тиісті түрде бөлінген:
      а) әкелінетін тауарлар олардан тұратын шикізаттардың, материалдардың, бөлшектердің, жартылай фабрикаттардың және ұқсас заттардың құны;
      б) әкелінетін тауарларды өндіру кезінде пайдаланылған аспаптар, мөртаңбалар, нысандар және басқа да ұқсас заттар;
      в) әкелінетін тауарларды өндіру кезінде шығындалған материалдар;
      г) Кеден одағының кеден аумағынан тыс жерлерде орындалған және әкелінетін тауарларды өндіру үшін қажетті жобалау, әзірленім, инженерлік, конструкторлық жұмыс, көркемдік безендіру, дизайн, эскиздер мен сызбалар;
      3) әкелінетін тауарларды кейіннен сатудың, өзге де тәсілмен иелік етудің немесе пайдаланудың нәтижесінде алынған, сатушыға тікелей немесе жанама түрде тиесілі кірістің немесе түсімнің бөлігі;
      4) тауарларды әуежайға, теңіз портына немесе тауарлардың Кеден одағының кеден аумағына баратын өзге орынға дейін өткізу (тасымалдау) жөніндегі шығыстар;
      5) тауарларды тиеу, түсіру немесе қайта тиеу және оларды әуежайға, теңіз портына немесе тауарлардың Кеден одағының кеден аумағына баратын өзге орнына дейін өткізуге (тасымалдауға) байланысты өзге де операцияларды жүргізу жөніндегі шығыстар;
      6) осы тармақтың 4 және 5-тармақшаларында көрсетілген операцияларға байланысты сақтандыруға арналған шығыстар қосылмауы тиіс;
      7) осы тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төлеуге жататын бағаға қосылмаған мөлшерде, бағаланатын (әкелінетін) тауарларға жататын және бағаланатын тауарларды сату шарты ретінде сатып алушы тікелей немесе жанама жүргізген немесе жүргізуге тиіс зияткерлік меншік объектілерін пайдаланғаны үшін лицензиялық және өзге де ұқсас төлемдер (патенттер, тауар белгілері, авторлық құқықтар үшін төлемдерді қоса алғанда) қосылады.
      Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау кезінде іс жүзінде төленген немесе төлеуге жататын бағаға:
      а) әкелінетін тауарларды Кеден одағының кеден аумағына қайта өндіру (көбейту) құқығы үшін төлемдер;
      б) егер, осындай төлемдер әкелінетін тауарларды Кеден одағының кеден аумағына әкету үшін сату шарты болып табылмаса, әкелінетін тауарларды бөлу немесе сату құқығы үшін төлемдер қосылмау тиіс.
      2. Бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың кедендік құнына олар іс жүзінде төленген немесе төлеуге жататын бағалардан бөлінген, декларант (кеден өкілі) мәлімдеген және ол құжатпен расталған шартымен, төменде санамаланған шығыстарды қамтымау тиіс:
      - Кеден одағының кеден аумағына тауарлар келгеннен кейін жүргізілген құрылысқа, салуға, жинақтауға, монтаждауға, өнеркәсіптік қондырғылар, машиналар немесе құрал-жабдықтар сияқты бағаланатын (әкелінетін) тауарларға қатысты қызмет көрсетуге немесе техникалық көмек көрсетуге арналған шығыстар;
      - олар Кеден одағының кеден аумағына келгеннен кейін жүзеге асырылатын тауарларды өткізу (тасымалдау) бойынша шығыстар;
      - бағаланатын (әкелінетін) тауарларды әкелуге немесе сатуға байланысты Кеден одағының кеден аумағында төленетін баждар, салықтар мен алымдар.
      3. Осы баптың 1-тармағында көзделген әкелінетін тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға қосулар (қосымша есептеулер) дұрыс, сандық айқындалған және құжатпен расталған ақпараттың негізінде жүргізіледі. Осындай қосымша есептеулер үшін қажетті ақпарат болмаған кезде әкелінетін тауарлармен мәміленің құны бойынша әдіс қолданылмайды.
      4. Осы баптың 1-тармағында көрсетілгендерден басқа, әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау кезінде іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға қосулар жүргізілмейді.
      5. Іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға қосуларды жүзеге асырған кезінде:
      а) осы баптың 1-тармағының 2 "б" тармақшасында көрсетілген, бағаланатын тауарларды өндіру кезінде пайдаланылған заттардың құнын бөлу барлық осы құнды тауарлардың бірінші легінің кедендік құнына немесе декларацияланатын тауарлардың мөлшерінен кем болмайтын декларант (кеден өкілі) айқындаған өзге де тауарлар мөлшерінің кедендік құнына жатқызу жолымен жүзеге асырылуы мүмкін. Осындай бөлу декларантта (кеден өкілінде) бар құжаттарға тәуелді және бухгалтерлік есептің жалпы қабылданған принциптерге сәйкес нақты жағдайларға қолданылатын ақылға қонымды тәсілмен жүргізілуге тиіс.
      Бұл ретте, егер сатып алушы заттарды сатып алушымен өзара байланысты тұлға болып табылмайтын сатушыдан сатып алса, оларды сатып алу жөніндегі шығыстар, не егер заттарды сатып алушы өндірсе, оларды дайындау жөніндегі шығыстар көрсетілген заттардың құны деп танылады. Сатып алушы көрсетілген заттарды сатып алғандығына немесе өндіргендігіне қарамастан бұрын оларды пайдаланған жағдайда, сатып алу немесе өндірістің бастапқы бағасы оларды пайдалануды есепке ала отырып осы заттардың құнын алу (айқындау) үшін төмендетуге жатады;
      б) сатып алушы ұсынған және сатып алушы сатып алған немесе жалға алған осы баптың 1-тармағының 2 "г" тармақшасында көрсетілген тауарлар мен қызмет көрсетулерге қатысты элементтерге қатысты қосулар егер сатып алушы қоғамдық иеліктегі, яғни мемлекеттік немесе муниципалды меншікте тұрған тауарлар мен қызмет көрсетулерді ұсынса осындай тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатып алуға немесе жалға алуға арналған шығыстар бөлігінде жүргізіледі, қосымша есептеулер олардың көшірмесін алуға арналған құнның (шығындардың) бөлігінде жүргізіледі.
      Осы баптың 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес қосымша есептеулер жүргізілген кезде тауарлардың (заттардың) тікелей құнынан басқа, оларды сатушыға (қайтаруды қоса алғанда, егер мұндай көзделген болса) ұсынуға (жеткізуге) байланысты барлық шығыстар ескеріледі.
      Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.06.2013 № 109-V Заңымен.

6-бап. Ұқсас тауарлармен жасалатын мәміленің құны бойынша әдіс (2-әдіс)

      1. Егер Кеден одағының кеден аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құны осы Келісімнің 4-бабына сәйкес айқындала алмайтын жағдайда, Кеден одағының кеден аумағына әкету үшін сатылған және бағаланатын (әкелінетін) тауарлар әкелінетін уақытта немесе оған сәйкес кезеңде немесе бағаланатын (әкелінетін) тауарлар әкелінгенге дейін 90 күнтізбелік күннен бұрын емес, Кеден одағының кеден аумағына әкелінген бірдей тауарлармен мәміленің құны, осындай тауарлардың кедендік құны болып табылады.
      Осы Келісімнің 4-бабына сәйкес кеден органы қабылдаған осы тауарлардың кедендік құны ұқсас тауарлармен жасалатын мәміле құны болып табылады.
      Бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін осы баптың негізінде бағаланатын (әкелінетін) тауарлар сияқты коммерциялық деңгейде және мәні бойынша сол мөлшерде сатылған бірдей тауарлармен мәміле құны пайдаланылуға тиіс. Егер мұндай сату анықталмаса, сол коммерциялық деңгейде бірақ өзге мөлшерде сатылған бірдей тауарлармен мәміле құны пайдаланылады. Егер осындай сатулар анықталмаған жағдайда, өзге коммерциялық деңгейде, бірақ сол мөлшерде сатылған бірдей тауарлармен мәміле құны пайдаланылады. Егер осындай сатулар анықталмаса, өзге коммерциялық деңгейде және өзге мөлшерде сатылған бірдей тауарлармен мәміле құны пайдаланылады. Осы абзацта көрсетілген ақпарат сатудың коммерциялық деңгейіндегі және (немесе) тауарлар мөлшеріндегі айырмашылықтарды ескере отырып, құнды тиісті түзетуді жүргізумен қолданылады.
      Осындай түзету бірдей тауарлармен мәміле құнын өсіруге немесе азайтуға әкелетіндігіне қарамастан түзетудің негізділігі мен дәлдігі құжатпен расталған мәліметтердің негізінде жүргізіледі. Осындай мәліметтер болмаған кезде бірдей тауарлармен мәміле құны жөніндегі әдіс кедендік құнды айқындау мақсаттары үшін пайдаланылмайды.
      2. Бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың кедендік құнын осы бапқа сәйкес айқындау кезінде қажет болған кезде бағаланатын және бірдей тауарларға қатысты осы Келісімнің 5-бабы 1-тармағының 4-6 тармақшаларында көрсетілген, оларды өткізу (тасымалдау) қашықтықтарындағы және көлік түрлеріндегі айырмашылықтарға байланысты шығыстардағы елеулі айырмашылықты есептеу үшін бірдей тауарлармен мәміле құнына түзету жүргізіледі.
      3. Егер бірдей тауарлармен бірден артық мәміле құны анықталған жағдайда (осы баптың 1-2-тармақтарына сәйкес тиісті түзетулерді ескере отырып), бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін олардың ішіндегі ең төменгісі қолданылады.
      Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.06.2013 № 109-V Заңымен.

7-бап. Біртектес тауарлармен жасалатын мәміленің құны бойынша әдіс (3-әдіс)

      1. Егер Кеден одағының кеден аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құны осы Келісімнің 4 және 6-баптарына сәйкес айқындала алмайтын жағдайда, Кеден одағының кеден аумағына әкету үшін сатылған және әкелінетін тауарлар әкелінетін уақытта немесе оған сәйкес кезеңде, бағаланатын (әкелінетін) тауарлар әкелінгенге дейін 90 күнтізбелік күннен бұрын емес Кеден одағының кеден аумағына әкелінген біртектес тауарлармен мәміленің құны, осындай тауарлардың кедендік құны болып табылады.
      Осы Келісімнің 4-бабына сәйкес кеден органы қабылдаған осы тауарлардың кедендік құны біртектес тауарлармен жасалатын мәміле құны болып табылады.
      Осы бапқа сәйкес бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін бағаланатын (әкелінетін) тауарлар сияқты коммерциялық деңгейде және мәні бойынша сол мөлшерде сатылған біртектес тауарлармен мәміле құны пайдаланылу тиіс. Егер осындай сатулар анықталған жағдайда, сол коммерциялық деңгейде, бірақ өзге мөлшерде сатылған біртектес тауарлармен мәміле құны пайдаланылады. Егер осындай сатулар анықталған жағдайда, өзге коммерциялық деңгейде, бірақ сол мөлшерде сатылған біртектес тауарлармен мәміле құны пайдаланылады. Егер осындай сатулар анықталған жағдайда, өзге коммерциялық деңгейде және өзге мөлшерде сатылған біртектес тауарлармен мәміле құны пайдаланылады. Осы абзацта көрсетілген ақпарат сатудың коммерциялық деңгейіндегі және (немесе) тауарлар мөлшеріндегі айырмашылықтарды ескере отырып, құнға тиісті түзету жүргізумен қолданылады.
      Осындай түзету ол біртектес тауарлармен мәміле құнын өсіруге немесе азайтуға әкелетіндігіне қарамастан, түзетудің негізділігі мен дәлдігін құжатпен расталған мәліметтердің негізінде жүргізіледі. Осындай мәліметтер болмаған кезде біртектес тауарлармен мәміле құны жөніндегі әдіс кедендік құнды айқындау мақсаттары үшін пайдаланылмайды.
      2. Бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың кедендік құнын осы бапқа сәйкес айқындау кезінде қажет болған кезде бағаланатын және біртектес тауарларға қатысты осы Келісімнің 5-бабы 1-тармағының 4-6 тармақшаларында көрсетілген, оларды өткізу (тасымалдау) қашықтықтарындағы және көлік түрлеріндегі айырмашылықтарға байланысты шығыстардағы елеулі айырмашылықты есептеу үшін біртектес тауарлармен мәміле құнына түзету жүргізіледі.
      3. Егер біртектес тауарлармен бірден артық мәміле құны анықталған жағдайда (осы баптың 2-3 тармақтарына сәйкес тиісті түзетулерді ескере отырып), онда бағаланатын тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін олардың ішіндегі ең төменгісі қолданылады.
      Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.06.2013 № 109-V Заңымен.

8-бап. Шегеру әдісі (4-әдіс)

      1. Егер бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың кедендік құны осы Келісімнің 4, 6 және 7-баптарына сәйкес айқындала алмаса, декларанттың (кеден өкілінің) өтініші бойынша осы Келісімнің осы бабын және 9-бабын қолдану тәртібі кері болған жағдайларды қоспағанда, олардың кедендік құны осы бапқа сәйкес айқындалады.
      2. Бағаланатын (әкелінетін) тауарлар, не олармен бірдей немесе біртіктес тауарлар олар Кеден одағының кеден аумағына әкелінген жай-күйде Кеден одағының кеден аумағында сатылған жағдайда, бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін негіз ретінде бағаланатын (әкелінетін) не бірдей немесе біртектес тауарлардың ең үлкен жиынтық мөлшері бағаланатын (әкелінетін) тауарлар кеден одағының кеден шекарасынан өтетін Кеден одағының кеден аумағында сол немесе соған сәйкес уақыт кезеңінде осындай сатуды жүзеге асыратын тұлғалармен өзара байланыста болмайтын тұлғаларға сатылатын тауар бірлігінің бағасы, мынадай сомаларды есептемеу шартымен әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін негіз ретінде қолданылады:
      1) әдетте төленетін немесе төленуге жататын делдалға (агентке) сыйақылар, не пайда табу және әдетте Кеден одағының кеден аумағында сол санаттың немесе түрдің тауарларын сатуға байланысты орын алатын мөлшердегі жалпы шығыстарды (коммерциялық және басқарушылық шығыстарды) жабу үшін бағаға үстемеақы;
      2) Кеден одағының кеден аумағында жүзеге асырылған өткізуге (тасымалдауға), сақтандыруға арналған әдеттегі шығыстар және осындай операциялармен байланысты өзге де шығыстар;
      3) Кеден одағына мүше мемлекеттің ұлттық заңнамасына сәйкес қолданылатын кеден баждары, салықтары, алымдары, осы Кеден одағына мүше мемлекет субъектілерінің салықтары мен алымдарын және жергілікті салықтар мен алымдарды қоса алғанда осы Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағында тауарларды әкелуге және (немесе) сатуға байланысты төлеуге жататын өзге де салықтар.
      3. Егер, бағаланатын (әкелінетін) да, бірдей де, біртектес те тауарлар бағаланатын тауарлар осы кеден одағының кедендік шекарасын кесіп өткен немесе оған тиісті уақыт кезеңде Кеден одағының кеден аумағында сатылмаса, мұндай тауарлардың кедендік құны ол бойынша бағаланатын (әкелінетін) немесе бағаланатындармен (әкелінетіндермен) бірдей немесе бағаланатындармен (әкелінетіндермен) біртектес тауарлар Кеден одағының кеден аумағында мұндай тауардың бірлігі үшін баға белгілеу үшін жеткілікті мөлшерде, бағаланатын (әкелінетін) тауарлар Кеден одағының кеден аумағында келген күнге қатынасы бойынша олар әкелінген ең бірінші күндегі, бірақ осы күннен кейін 90 күн өткеннен кешіктірмей олар әкелінген кездегі жағдайда сатылатын тауар бірлігі бағасының негізінде айқындалады.
      4. Егер, бағаланатын (әкелінетін) да, бірдей де, біртектес те тауарлар бағаланатын тауарлар осы Кеден одағының кеден аумағына әкелінген жай-күйде Кеден одағының кеден аумағында сатылмаған жағдайда, декларанттың (кеден өкілінің) өтініші бойынша бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың кедендік құны олардың ең көп жиынтық мөлшері қайта өңдеуден (өңдеуден) кейін олар осы тауарларды сатып алатын адамдармен өзара байланысты болып табылмайтын адамдарға Кеден одағының кеден аумағында сатылатын баға негізінде, қайта өңдеу (өңдеу) нәтижесінде қосылған құнды және осы баптың 2-тармағының 1-3 тармақшаларында көзделген сомаларды алып тастау шарты орындалған кезде айқындалады.
      Қайта өңдеу (өңдеу) нәтижесінде қосылған құнды шегеру қайта өңдеу (өңдеу) құнына жататын, дұрыс, санды айқындалатын және құжатпен расталған мәліметтердің негізінде жүргізіледі.
      5. Егер:
      тауарлар өзінің жеке белгілерін жоғалтқандығына қарамастан қайта өңдеуге (өңдеуге) байланысты құнның шамасы нақты айқындала алатын жағдайларды қоспағанда, бағаланатын (әкелінетін) тауарлар кейіннен қайта өңдеу (өңдеу) нәтижесінде қосылған өзінің жеке белгілерін жоғалтса;
      бағаланатын (әкелінетін) тауарлар өзінің жеке белгілерін жоғалтпайды, бірақ Кеден одағының кеден аумағында сатылатын бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың құны сатылатын тауарлардың құнына елеулі ықпал көрсетпейтін тауарлардың елеусіз бөлігін құраса кедендік құнды айқындау үшін осы баптың 4-тармағының ережелері пайдаланылмайды.
      Осы баптың 4-тармағын қолдану мүмкіндігі әрбір жеке жағдайда нақты жай-күйлерге байланысты айқындалады.
      6. Бағаланатын (әкелінетін), не бірдей немесе біртектес тауарлардың Кеден одағының кеден аумағына сатылуын қарастырған кезде бағаланатын (әкелінетін) тауарларды Кеден одағының кеден аумағына әкету үшін өндіруге және жеткізуге байланысты тікелей немесе жанама түрде, тегін немесе төмендетілген баға бойынша осы Келісімнің 5-бабы 1-тармағының 2-тармақшасында көрсетілген тауарлар мен қызмет көрсетулерді пайдалану үшін ұсынатын тұлғаға сату есепке алынбауға тиіс.
      7. Осы баптың мақсаттары үшін пайда мен жалпы шығыстар (коммерциялық және басқарушылық шығыстар) (тауарларды сату бойынша тікелей және жанама шығыстар) сомасы осы шығыстарды жабатын, сондай-ақ сол санаттың немесе түрдің бағаланған (әкелінген) тауарларын сатуға байланысты пайда алуды қамтамасыз ететін тауардың бағасына үстемеақы ретінде қаралады.
      Пайда мен жалпы шығыстар (коммерциялық және басқарушылық шығыстар) сомасы тұтастай ескеріледі және ол ұсынған деректер Кеден одағына мүше мемлекетте сатулар кезінде орын алатын сол санаттағы және түрдегі тауарлар деректерімен салыстырылатын болса декларантта (кеден өкілінде) бар ақпарат негізінде айқындалады. Егер осы мәліметтер кеден органының иелігінде бар қарапайым түсім және жалпы шығыстар (коммерциялық және басқарушылық шығыстар) туралы мәліметтерге сәйкес келмеген жағдайда, сол санаттағы немесе түрдегі тауарларды сату кезінде Кеден одағының кеден аумағына шығару үшін кеден органы қарапайым түсім мен жалпы шығыстардың (коммерциялық және басқарушылық шығыстардың) сомасын онда бар мәліметтердің негізінде айқындай алады.
      Егер кеден органы пайда мен жалпы шығыстардың (коммерциялық және басқарушылық шығыстардың) сомасын өзінде бар деректердің негізінде айқындаған жағдайда, ол осындай деректердің көзін, сондай-ақ олардың негізінде жүргізілген есептерді жазбаша түрде көрсетуге міндетті.
      8. Осы баптың мақсаттары үшін бағаланатын (әкелінетін) тауарлар сияқты сол елден әкелінген сол санаттың немесе түрдің тауарларын сату туралы, сондай-ақ басқа елдерден шығарылған тауарлар туралы мәліметтер пайдаланылуы мүмкін. Бағаланатын (әкелінетін) тауарлар және олармен салыстырылатын тауарлар сол санаттағы немесе түрдегі тауарлар болып табылатындығы туралы мәселе тиісті мән-жайларды есептей отырып, әр нақты жағдайда жеке шешілу тиіс. Бұл ретте Кеден одағының кеден аумағына әкелінген одан әрі жіңішке топтың немесе сол санаттағы немесе түрдегі тауарлардың қатарын, оларға қатысты ақпараттар ұсынылатын тауарларды қосқанда бағаланатын (әкелінетін) сатулар қарастырылады.
      Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.06.2013 № 109-V Заңымен.

9-бап. Қосу әдісі (5-әдіс)

      1. Тауарлардың кедендік құнын осы бапқа сәйкес айқындау кезінде негіз ретінде:
      1) материалдарды дайындау немесе сатып алу бойынша шығыстарды және өндіріске арналған, сондай-ақ бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың өндірісіне байланысты өзге де операцияларға арналған шығыстарды;
      2) Кеден одағының кеден аумағына әкету үшін экспорт елінде шығарылатын бағаланатын (әкелінетін) тауарлар сияқты санаттың немесе түрдің тауарларын сату кезінде әдетте ескерілетін мөлшерге баламалы пайда және жалпы шығыстардың (коммерциялық және басқарушылық шығыстардың) сомасын;
      3) осы Келісімнің 5-бабы 1-тармағының 4-6 тармақшаларында көрсетілген шығыстарды қосу жолымен айқындалатын тауарлардың есептік құны қолданылады.
      2. Осы баптың 1-тармағының 1-тармақшасында көрсетілген шығыстар өндіруші немесе оның атынан ұсынылған және өндірушінің коммерциялық құжаттарымен расталған, осындай құжаттар тауарлар өндірілген елде қолданылатын бухгалтерлік есептің жалпы қабылданған принциптеріне сәйкес келген жағдайда бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың өндірісі туралы мәліметтердің негізінде айқындалады.
      3. Осы баптың 1-тармағының 1-тармақшасында көрсетілген шығыстар осы Келісімнің 5-бабы 1-тармағының 1 "б" және 1 "в" тармақшаларында көрсетілген шығыстарды және осы Келісімнің 5-бабының 5-тармағына сәйкес бөлінген әкелінетін тауарлардың өндірісіне байланысты пайдалану үшін сатып алушы тікелей немесе жанама түрде ұсынған осы Келісімнің 5-бабы 1-тармағының 2-тармақшасында көрсетілген әр заттың құнын қамтуы тиіс. Осы Келісімнің 5-бабы 1-тармағының 2 "г" тармақшасында көрсетілген, Кеден одағының кеден аумағында өндірілген заттардың құны осы тауарлар мен қызмет көрсетулерге өндіруші төлеген дәрежеде ғана қосылу тиіс. Бұл ретте, есептік құнды айқындау кезінде шығыстар қайта ескерілмеуі тиіс.
      Жалпы шығыстар (коммерциялық және басқарушылық шығыстар) ретінде осы баптың 1-тармағының 1-тармақшасында көрсетілмеген өндірістің және тауарларды Кеден одағының кеден аумағына әкету үшін сатудың тікелей және жанама шығындары ескерілуі тиіс.
      4. Пайда мен жалпы шығыстар (коммерциялық және басқарушылық шығыстар) сомасы жалпы ескеріледі және өндіруші немесе оның атынан ұсынған мәліметердің негізінде айқындалады. Егер бұл мәліметтер Кеден одағының кеден аумағына әкету үшін сол санаттың және түрдің тауарларын сату кезіндегі әдеттегі пайда, жалпы шығыстар (коммерциялық және басқарушылық шығыстар) туралы мәліметтер кеден органының иелігіндегі мәліметтерге сәйкес келмесе, кеден органы әдеттегі пайда және жалпы шығыстар (коммерциялық және басқарушылық шығыстар) сомасын өзінде бар мәліметтердің негізінде айқындай алады. Егер кеден органы пайда, жалпы шығыстардың (коммерциялық және басқарушылық шығыстардың) сомасын өзінде бар деректердің негізінде айқындайтын жағдайда, ол осындай деректердің көзін, сондай-ақ олардың негізінде жүргізілген есептерді жазбаша түрде көрсетуге міндетті.
      5. Осы баптың мақсаттары үшін бағаланатын (әкелінетін) тауарлар сол мемлекетте шығарылған сол санаттың немесе түрдің тауарларын сату туралы мәліметтер пайдаланылады. Бағаланатын (әкелінетін) тауарлар және олармен салыстырылатын тауарлар сол санаттағы немесе түрдегі тауарлар болып табылатындығы туралы мәселе тиісті мән-жайларды есептегенде, әр нақты жағдайда жеке шешілу тиіс. Бұл ретте Кеден одағының кеден аумағына әкету үшін одан әрі жіңішке топтың немесе сол санаттағы немесе түрдегі тауарлардың қатарын, оларға қатысты ақпараттар ұсынылатын бағаланатын (әкелінетін) тауарларды қосқанда сатулар қарастырылады.
      6. Егер Кеден одағының заңнамасында немесе Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында өзгеше көзделмесе, Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдары Кеден одағына мүше мемлекеттің резиденті болып табылмайтын қандай да бір тұлғадан тауарлардың есептік құнын айқындау мақсаттары үшін құжаттар мен мәліметтерді ұсынуды талап етуге құқылы емес.
      Тауарлардың есептік құнын айқындау мақсаттары үшін шетелдік тауар өндіруші ұсынған құжаттар мен мәліметтерді шетелдік тауар өндірушінің келісімімен және тауарларды өндіруші елдің уәкілетті органын алдын ала хабардар еткен және оның осындай тексеруді жүргізуге қарсылықтары болмаған жағдайда Кеден одағына мүше мемлекеттің уәкілетті органдары тауарларды өндіруші елде тексеруі мүмкін. Шетелдік тауар өндіруші ұсынған немесе оның атынан ұсынылған құжаттар мен мәліметтерді тексеруді осы мемлекет қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес Кеден одағына мүше мемлекеттің уәкілетті органдары жүргізеді.
      Ескерту. 9-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.06.2013 № 109-V Заңымен.

10-бап. Резервтік әдіс (6-әдіс)

      1. Егер тауарлардың кедендік құнын осы Келісімнің 4, 6-9-баптарына сәйкес айқындау мүмкін болмаған жағдайда, бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың кедендік құны Кеден одағының кеден аумағында бар деректердің негізінде, осы Келісімнің принциптері мен ережелерімен үйлесімді әдістерді пайдалану жолымен айқындалады.
      2. Осы бапқа сәйкес пайдаланылатын кедендік құнды айқындау әдістері осы Келісімнің 4, 6-9-баптарында көзделгендермен бірдей болып табылады, алайда, осы бапқа сәйкес кедендік құнды айқындау кезінде оларды қолдану кезінде икемділікке жол беріледі. Атап айтқанда, мыналарға жол беріледі:
      бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін негіз ретінде бағаланатын (әкелінетін) тауарлар өндірілген елден өзге елде өндірілген бірдей немесе біртектес тауарлармен мәміленің құны қабылдануы мүмкін;
      бірдей немесе біртектес тауарлармен мәміленің құны негізінде бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың кедендік құнын айқындау кезінде бірдей немесе біртектес тауарларды Кеден одағының кеден аумағына әкету үшін және бағаланатын (әкелінетін) тауарлар Кеден одағының кеден аумағына әкелінетін бір кезеңде, бірақ бағаланатын (әкелінетін) тауарлар әкелінгенге дейін 90 күннен бұрын емес сатылуы тиіс деген осы Келісімнің 6 немесе 7-баптарында белгіленген талаптардан ақылға қонымды ауытқушылықтарға жол беріледі;
      бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін негіз ретінде осы Келісімнің 8 және 9-баптарына сәйкес айқындалған олармен бірдей немесе біртектес тауарлардың кедендік құны қабылдануы мүмкін;
      бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың кедендік құнын осы Келісімнің 8-бабына сәйкес әдістің негізінде айқындау кезінде осы Келісімнің 8-бабының 3-тармағында белгіленген 90 күн мерзімінен ауытқуға жол беріледі.
      3. Осы баптың ережелеріне сәйкес айқындалған бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың кедендік құны барынша мүмкін дәрежеде бұрын айқындалған кедендік құндарға негізделуі тиіс.
      4. Тауарлардың кедендік құны осы бапқа сәйкес мыналардың негізінде айқындалмау тиіс:
      1) Кеден одағының кеден аумағында өндірілген кеден одағының ішкі рыногындағы тауарлар бағасы;
      2) кедендік мақсаттар үшін неғұрлым екі балама құннан жоғарғысын қабылдауды көздейтін жүйе;
      3) әкету елінің ішкі рыногындағы тауарлар бағасы;
      4) осы Келісімнің 9-бабына сәйкес бірдей немесе біртектес тауарлар үшін айқындалған есептік құнға қосылған шығыстардан өзге де шығыстар;
      5) оларды үшінші елге әкетуші елден жеткізілетін тауарлардың бағалары;
      6) ең аз кедендік құн;
      7) еркін немесе жасанды құн.
      Осы бапты кеден органы қолданған жағдайда, онда кеден органы пайдаланған деректер көзін, сондай-ақ олардың негізінде жүргізілген егжей-тегжейлі есепті жазбаша көрсетуге міндетті.
      Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.06.2013 № 109-V Заңымен.

11-бап. Тауарлардың кедендік құнын кейінге қалдырып айқындау рәсімі

      Егер бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың кедендік құнын айқындау кезінде сыртқы сауда шартының талаптарына сәйкес тауарларға арналған декларация тіркелген күнге тауарлардың кедендік құнын есептеу үшін қажетті дәл мәліметтерді растайтын құжаттардың болмауына байланысты декларанттың (кеден өкілінің) осы кедендік құнды айқындауын (түпкілікті айқындауын) аяқтауды кейінге қалдыру қажеттігі туындаған жағдайда, декларанттың (кеден өкілінің) бағаланатын (әкелінетін) тауарларды Кеден одағының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен алуға құқығы бар.
      Тауарлардың кедендік құнын кейінге қалдырып айқындау рәсімін қолдану жағдайларын белгілейтін тауарлардың кедендік құнын кейінге қалдырып айқындау рәсімін пайдалану тәртібі, тауарлардың кедендік құнын кейінге қалдырып айқындау рәсімін қолдану кезінде әкелінетін тауарлармен жасалатын мәміленің құны бойынша әдісті қолдану ерекшеліктері, сондай-ақ тауарлардың кедендік құнын декларациялау мен бақылау тәртібі, осындай жағдайлар үшін кедендік баждарды, салықтарды есептеу мен төлеу ерекшеліктері Кеден одағы Комиссиясының шешімімен бекітіледі.
      Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - ҚР 21.06.2013 № 109-V Заңымен.

12-бап. Ұғымдарды қолдану

      Тараптар өз мемлекеттерінің заңнамасында осы Келісімде пайдаланылатын ұғымдарға синонимдес ұғымдарды қолдануға құқылы.
      Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.06.2013 № 109-V Заңымен.

13-бап. Дауларды шешу және өзгерістер енгізу тәртібі

      Осы Келісімнің ережелерін қолдануға немесе түсіндіруге байланысты даулар Тараптар арасындағы консультациялар мен келіссөздер жолымен шешіледі, ал келісімге қол жеткізілмеген жағдайда Еуразия экономикалық қоғамдастығы Сотының қарауына беріледі.
      Осы Келісімге Тараптардың келісімі бойынша жекелеген хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
      Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.06.2013 № 109-V Заңымен.

14-бап. Күшіне ену, қосылу және шығу тәртібі

      Осы Келісімнің күшіне ену, оған қосылу және одан шығу тәртібі 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталған халықаралық шарттардың күшіне ену, олардан шығу және оларға қосылу туралы хаттамамен ресімделеді.
      Мәскеу қаласында 2008 жылғы 25 қаңтарда орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды.
      Осы Келісімнің түпнұсқа данасы Еуразия экономикалық қоғамдастығының Интеграциялық комитетінде сақталады, ол осы Келісімнің депозитарийі ретінде, әрбір Тарапқа оның расталған көшірмесін жібереді.
      Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.06.2013 № 109-V Заңымен.

Беларусь
Қазақстан
Ресей
Республикасының
Республикасының
Федерациясының
Үкіметі үшін
Үкіметі үшін
Үкіметі үшін

     
      Кеден одағының кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау жөніндегі келісімнің қазақ тіліндегі мәтіні орыс тіліндегі мәтініне сәйкес келеді.

Төрағаның орынбасары
С. Айсағалиева